Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік
басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгін ажырату және
бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IІІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 136-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар," деген сөздер алып тасталсын;

3) 167-баптың 4-тармағындағы "аумақтық жергiлiктi басқару органдары" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 242-баптың 3-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 245-бапта:

2-тармақтағы және 3-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі: "милицияға,", "милицияның" деген сөздер тиiсiнше "iшкi iстер органдарына", "iшкi iстер органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "жергiлiктi атқару органына", "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппаратына", "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "милицияға" деген сөз "iшкi iстер органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 246-бапта:

1-тармақта:

бірiншi бөлiктегi "милицияға" деген сөз "iшкi iстер органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "жергiлiктi атқару органына" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiктегi "жергіліктi атқару органы" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi атқару органы" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "ІV - VІІ" деген цифрлар тиiсiнше "4 - 7" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1071-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 1083-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІІI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылауы

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өздерiнiң аумағында орналасқан түзеу мекемелерiнiң, қамау үйлерiнiң қызметiне бақылау жасауды осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өздерiнiң аумағында орналасқан қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.";

3) 30-бапта:

1-тармақта "жергiлiктi атқару органдары немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары" деген сөздер "облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарында қоғамдық жұмыстардың объектілерін сұратып алады;";

4) 43-баптың 2-тармағындағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 77-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

"6-1. Түзеу мекемесiне iргелес аумақтың шекарасын оның әкiмшiлiгi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша белгiлейдi.";

6) 82-баптың 4-тармағындағы "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 92-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 158-баптың 3-тармағындағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 176-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар мен сотталушының таңдап алуы бойынша" деген сөздер "сотталушы таңдап алған тұрғылықты жерi бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "жұмыспен қамту қызметiне" деген сөздер алып тасталсын;

10) 178-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"178-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа

орналасуда және тұрмысын жайластыруда, әлеуметтiк

көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдесу

Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, сондай-ақ әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдеседi.".

4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат):

1) 16-баптың 2-тармағында "заң актілерімен" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"21-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

1. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiкке, көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:

1) есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;

2) салық төлеушiге - жеке тұлғаға салық сомаларын төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;

3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған банктiк күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомаларын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткізудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елдi мекенде ақша өткізу үш банктiк күнде бір рет жүзеге асырылады;

4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;

5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға өткізу туралы есептердi берудi қамтамасыз етедi.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тәртiппен біржолғы талондарды берудi ұйымдастырады және біржолғы талондарды өткізуден түскен соманың толық жиналуын қамтамасыз етедi.";

3) 454-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Yкіметі" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 462-бапта:

бірiншi бөлiгіндегі "есептер негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "есептерден кем болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiгi "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 473-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 477-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың", "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

5. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат):

1) 11-баптағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 12-бапта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;";

14) тармақша алып тасталсын;

3) 13-бапта:

1-тармақта:

3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзiнiң функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi;";

"8) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебiн, бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың бірыңғай мемлекеттік мониторингi мен орман орналастыруды жүргiзедi;";

16) тармақша алып тасталсын;

2-тармақта:

2) тармақшадағы "құзырындағы мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда" деген сөздер "қарауындағы ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша "құқығын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын

күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен

орман өсiру саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;

2) аумақтық органдармен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды.";

5) 15-бапта:

тақырыбындағы "Облыстық атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:";

7) тармақша "қалдықтарын өртеуiне" деген сөздерден кейiн ", қау шөбiн өртеуiне" деген сөздермен толықтырылсын;

12) тармақшада "беру үшiн" деген сөздерден кейiн "өздерiнiң функционалдық қарауындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

15) тармақша алып тасталсын;

6) 16 және 17-баптар алып тасталсын;

7) 18-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;

8) 63-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "Облыстық атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 69-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "енгізуге;" деген сөз "енгізуге мiндеттi." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;

10) 109-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) бюджет қаражаты;";

2) тармақша алып тасталсын;

11) 110-бапта:

тақырыбындағы және бірiншi абзацындағы "республикалық бюджет қаражатынан", "Республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер тиiсiнше "бюджет қаражатынан", "Бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшаның бірiншi абзацы "уәкiлеттi органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзырындағы" деген сөздер "уәкiлеттi органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың функционалдық қарауындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 111-бап алып тасталсын.

6. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат):

1) 14-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

2) 17-баптың 4-тармағындағы және 22-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 23-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 33-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 36-баптың 10) және 13) тармақшалары алып тасталсын;

6) 37-баптың 1-тармағында:

10) және 19) тармақшалар алып тасталсын;

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;";

мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

"24) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердiң суармалы жерлердiң мониторингi мен мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады.";

7) 38-бапта:

тақырыбындағы "Жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:";

2) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді.";

8) 39-бапта:

тақырыбындағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:";

5) тармақшадағы "қаржыландыру мен" деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақшадағы "бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге және iске асыруға үлес қосып қатысуды" деген сөздер "бағдарламаларды iске асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді.";

9) 40-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.";

2-тармақта:

7) тармақшаның екiншi абзацындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

20) тармақшадағы "жергiлiктi атқарушы органдармен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

22-тармақша алып тасталсын;

10) 42-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 43-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 45-баптың 3-тармағындағы және 46-баптың 4-тармағындағы "республикалық бюджеттiң" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 47-баптың 2-тармағындағы "республикалық бюджеттiң есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;

14) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.";

15) 51-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "беруге;" деген сөз "беруге құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақшасы алып тасталсын;

16) 52-баптың 4) тармақшасындағы "көрсетуге;" деген сөз "көрсетуге мiндеттi." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

17) 61-баптың 2 және 6-тармақтары алып тасталсын;

18) 65-баптың 4-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 66-баптың 1-тармағындағы "тұрмыстық" деген сөз "коммуналдық-тұрмыстық" деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 67-баптың 2-тармағындағы "жергіліктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 68-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 72-баптың 16) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 76-бапта:

2-тармақта:

1) тармақшада "қажеттерi" деген сөз "ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттepi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) қайталама су пайдаланушыға беру үшiн жер үстi су объектілерінен су алу.";

24) 78-баптың бірiншi абзацындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 86-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 90-бапта:

6-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

"7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.";

27) 91-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 92-бапта:

1-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдардың", "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 93-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

30) 94-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

31) 95-баптың 7-тармағындағы "республикалық бюджеттiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

32) 103-баптың 5 және 6-тармақтарындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

33) 105-баптың 4-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

34) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.";

35) 107-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшiн (соның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерi балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен балық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.";

36) 108-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 111-баптың 2-тармағы "жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 112-баптың 4-тармағындағы "және жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

39) 116-баптың 2-тармағындағы және 117-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

40) 122-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Шағын су объектілерінiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектілерін кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.";

41) 125-баптың 1-тармағындағы, 126-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 128-баптың 3) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдармен", "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

42) 131-баптың 1-тармағының бірiншi абзацындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

43) 135-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;

44) 137-баптың 2-тармағындағы "жергіліктi атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

7. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат):

1) 14-баптың 3-тармағындағы ", негiзгi капиталды," деген сөздерден кейiн "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

2) 17-бапта:

3-тармағында:

"және басқа мемлекеттердiң" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.";

4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн.";

3) 23-бапта:

5-тармақтағы "республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентiнде нақтыламай-ақ" деген сөздер "республикалық бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы "жергiлiктi бюджеттi атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 38-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Осы Кодекстi қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде, оның есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.

Шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бір деңгейiнен екiншi деңгейiне беру осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады.";

5) 50-баптың 1-тармағында:

1) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргізуді ұйымдастыру;";

2) тармақшада:

тоғызыншы абзац "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

оныншы - он төртiншi абзацтар алып тасталсын;

он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;";

4) тармақшаның жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шет елдердiң мектептерiнде оқып жүрген отандастарымызды оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету;";

5) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;";

8) тармақшада:

мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:

"судың мемлекеттік есебiн, мемлекеттік су кадастрын жүргiзу;";

он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткізу;";

он тоғызыншы абзац "трансшекаралық" деген сөздiң алдынан "стратегиялық," деген сөзбен толықтырылсын;

9) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық маңызы бар мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу;";

6) 51-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшада:

екiншi және жетiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;";

"облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберіндегі iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;";

мынадай мазмұндағы сегiзiнші - он екiншi абзацтармен толықтырылсын:

"iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;

азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;

уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелеттiк жасқа толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, питомниктердiң, арнаулы панажайлардың жұмыс iстеуi және әкiмшiлiк жазамен қамалған адамдарды ұстау;

мемлекеттік нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерi мен көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу куәлiгiнiң бланкiлерiн даярлау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;

жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарының электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу бойынша шығындар;";

4) тармақшаның үшiншi абзацындағы "халықтың" деген сөздiң алдынан "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақшада:

бесiншi абзацтағы "мен су шаруашылығы құрылыстарының" деген сөздер алып тасталсын;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткізу;";

7) 52-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшада:

екiншi, үшiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысының дайындығы және аумақтық қорғанысы;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттердi атқару шеңберіндегі iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;";

"уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелеттiк жасқа толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, питомниктердiң, арнаулы панажайлардың жұмыс iстeуi және әкiмшiлік жазамен қамалған адамдарды ұстау;";

мынадай мазмұндағы оныншы - он үшiншi абзацтармен толықтырылсын:

"iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;

азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;

мемлекеттік нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерi мен көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу куәлiгiнiң бланкiлерiн даярлауды қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;

жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, қызмет үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ электронды почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу бойынша шығындары;";

3) тармақшаның үшiншi абзацындағы "интернат үлгiсiндегі ұйым" деген сөздер "интернаттық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;";

мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

"республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;";

8) тармақшаның сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткізу;";

4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

8) 53-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшада:

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттердi атқару шеңберіндегі iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;";

төртiншi және бесiншi абзацтар алып тасталсын;

3) тармақшаның үшiншi абзацындағы "интернат үлгiсіндегі ұйым" деген сөздер "интернаттық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшаның бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;";

4-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

"15) елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;";

9) 55-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"9) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

10) 56-баптың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке жүктелген" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 58-бапта:

12) тармақшадағы "тәртібін, мемлекеттік және" деген сөздер "тәртібін, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және" деген сөздермен ауыстырылсын;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"28) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

12) 60-бапта:

3) тармақша "гранттарды" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

4) тармақша "бюджеттік инвестициялар мен" деген сөздерден кейiн "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

13) 62-баптың 2) тармақшасы "гранттардың" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

14) 72-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "гранттар" деген сөз "өтеусiз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 74-бапта:

4-тармақта:

6) тармақшасы "гранттар сомасын" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

"6-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;";

16) 76-бапта:

4-тармақта:

4) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;";

17) 77-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;";

18) 78-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;";

19) 81-бапта:

2-тармақтағы "негiзделiп жасалған" деген сөздер "тиiстi" деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "қосымша түсiмдердiң нақты көздерi" деген сөздер "түсiмдердiң қосымша көздерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 82-баптың 3-тармағының үшiншi және төртiншi бөлiктерi алып тасталсын;

21) 88-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "және басқа да шоттарды" деген сөздер алып тасталсын;

22) 90-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасы "грант туралы келісімде" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын; "үкiметтік сыртқы қарыздың немесе" деген сөздерден кейiн "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын; "грант туралы келісімге" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

2-тармақ "Қазақстан Республикасының, банк заңдарында белгiленген" деген сөздердiң алдынан "Үкiмет белгiлеген және" деген сөздермен толықтырылсын;

23) 101-бапта:

7-тармақта:

бірiншi бөлiктегi "әзiрлеудi және" деген сөздер алып тасталсын;

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттік мекемелер әзiрлейдi және оларды бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бекiткеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етiледi.";

8-тармақтың екіншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) ағымдағы қаржы жылында бюджетке түсетiн түсiмдердiң күтілетiн көлемiн ескере отырып, бюджеттiң теңдестiрiлуiн сақтау.";

24) 102-баптың 3-тармағы "гранттар" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

25) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Рұқсаттарды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органдар бередi.";

26) 104-баптың 1-тармағы "қаржыландыру" деген сөздiң алдынан "мiндеттемелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

27) 105-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Шоттарды ресiмдеу, ұсыну және төлемге пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.";

5-тармақтағы "мемлекеттік мекеменiң бюджеттік шотынан" деген сөздер "бірыңғай қазынашылық шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақ "туралы" деген сөзден кейiн ", бюджеттiң атқарылуы жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

28) 123-баптың 3-тармағы "республикалық бюджеттi" деген сөздерден кейiн ", тiркелген мiндеттемелердi, орындалмаған мiндеттемелердi" деген сөздермен толықтырылсын;

29) 131-бап "гранттарын" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

30) 132-бапта:

4) тармақша "бюджеттік қаражатты," деген сөздерден кейiн "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

6) тармақшасы "гранттарын" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

8) тармақшасы "гранттарының" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

31) 133-баптың 3) тармақшасы "ақшаны" деген сөзден кейiн ", байланысты гранттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

32) 138-баптың 3-тармағында:

10) тармақшасы "гранттарының" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

22) тармақшасы "гранттарды" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

33) 140-бапта:

11) тармақшасы "гранттары" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

18) тармақшасы "гранттарын" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

34) 156-баптың 5) тармақшасы "грант" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

35) 157-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.";

36) 158-бапта:

тақырыбындағы "Гранттарды" деген сөз "Байланысты гранттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтағы "Гранттарды жоспарлау", "гранттар тартуға" деген сөздер тиiсiнше "Байланысты гранттарды жоспарлау", "байланысты гранттар тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармағының бірiншi абзацындағы "Гранттарды жоспарлаудың" деген сөздер "Байланысты гранттарды жоспарлаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлардың ұсыныстары негiзiнде байланысты гранттар тартуға арналған өтiнiмдердi түзудi орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi орталық мемлекеттік органдар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.";

5-тармақта:

бірiншi абзацтағы "гранттарды тартуға" деген сөздер "Байланысты гранттарды тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша "грантты тартуға" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

2) тармақша "грантты тартуға" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын; "гранттарды" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

6-тармағы "Гранттарды тартуға" деген сөздер "Байланысты гранттарды тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 35-тараудың тақырыбындағы "Гранттарды тарту" деген сөздер "Байланысты гранттарды тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 159-бапта:

тақырыбындағы "Гранттарды тарту" деген сөздер "Байланысты гранттарды тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағы "Гранттарды тартуға", "гранттар беруге" деген сөздер тиiсiнше "Байланысты гранттарды тартуға", "байланысты гранттар беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың бірiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Байланысты грант беруге арналған өтiнiмдердi донорларға жiберу донорлар белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады, оны экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұратуы негiзiнде тиiстi орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдар толтырады.";

3 және 6-тармақтар алып тасталсын;

39) 160-бапта:

тақырыбындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; "грант туралы келісімге" деген сөздер "байланысты грант туралы келісімге" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзац "гранттарды алушылар" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

1) тармақша "грант туралы келісімде" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

2) тармақша "гранттардың" деген сөздiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

3) тармақша "гранттардың есебiнен" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және өтiнiмi бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның бірiншi басшысы қол қойған байланысты грантты пайдаланудың аяқталуы туралы түпкiлiктi есептi табыс етедi.";

40) 36-тараудың тақырыбындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

41) 161-бапта:

тақырыбындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi:

1) орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуiн;

2) орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептердi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етуiн көздейдi.";

2-тармағындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

42) 162-бапта:

тақырыбындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; "гранттарды тарту" деген сөздер "байланысты гранттарды тарту" деген сөздермен ауыстырылсын; "гранттарды пайдалану" деген сөздер "байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармағындағы "Гранттарды пайдалану" деген сөздер "Байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; "гранттарды тартудың" деген сөздер "байланысты гранттарды тартудың" деген сөздермен, "гранттарды пайдалану" деген сөздер "байланысты гранттарды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау үшiн экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға деректердi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда өтiнiмдерi бойынша байланысты гранттар беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар табыс етедi.

4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардан осы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауға қажеттi ақпаратты табыс ету туралы сұратуға құқылы.";

5-тармақ "гранттарды пайдалану" деген сөздердiң алдынан "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

43) 176-баптың 4-тармағының бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына, қаржы агенттiктерiне, мемлекеттік білім беру кредиттерiне және студенттiк кредиттерге бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың тиiстi түрлерi бойынша табыстылықтың орта өлшемдi ставкасынан төмен емес шамада белгiленедi.";

44) 178-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "қайтаруды" деген сөз "өтеудi" деген сөзбен ауыстырылсын;

45) 203-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сүйене отырып белгiлейді.";

46) 212-баптың бірiншi бөлiгіндегі "өздерi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

47) 223-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Осы Кодекстi орындау үшiн қабылданған, 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.".

8. "Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - XI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 11" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 5-баптың 13-абзацындағы "арқылы қамтамасыз етiледi" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:

"ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу кәсiпорындарына арналған жабдықтар лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарына олардың айналымдық қаражаттарын толықтыруға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақылар (мүдде) ставкаларын және ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыру жөніндегі iс-шараларды бюджет қаражаты есебiнен субсидиялау арқылы қамтамасыз етiледi.".

9. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат):

1) 31-бапта:

тақырыбындағы "дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық" деген сөздер "шетелдегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiктiң бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:";

екiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 33-бапта "дипломатиялық өкiлдiгi, консулдық мекемесi немесе өкiлеттi өкiлдiгi" деген сөздер "шетелдегi мекемесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 34-баптың бірiншi бөлiгіндегі "дипломатиялық өкiлдiктерi, консулдық мекемелерi не өкiлеттi өкiлдiктерi" деген сөздер "шетелдегi мекемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi

жөніндегі шешiмдердi орындаушы органдар

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөніндегі шешiмдердiң орындалуы құжаттандыру және паспорттар мен жеке бас куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi органға, басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жүктеледi.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктердi беру жөніндегі уәкiлеттi орган, не шетелдегi мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа қатыстылығы туралы жазба жасалады.

Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы тоқтатылған адамдарға iшкi iстер органдары азаматтығы жоқтығы туралы куәлiк бередi.".

10. "Дiни сенім бостандығы және дiни бірлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-баптың бірiншi бөлiгiнде "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 2-бапта:

"соған сәйкес қабылдаған өзге де заң актілерінен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";

4) 4-бап мынадай мазмұндағы төртiншi-алтыншы бөлiктермен толықтырылсын:

"Мемлекет Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша дiнтану сараптамасын жүргiзуге құқылы.

Дiнтану сараптамасы дiни ұйымдар, қоғамдық бірлестiктер, мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен жүргiзiледi.

Дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Қазақстан Республикасының дiни бірлестiктермен

байланыстар жөніндегі уәкiлеттi органы

Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президентi құрады.";

6) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

"6-1-бап. Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi

мемлекеттік органның құзыретi

Уәкiлеттi мемлекеттік орган:

1) азаматтардың дiни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бірлестiктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бірлестiктердiң және дiни-ағарту қызметi арқылы қандай да бір дiни iлiмдi уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдiктердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi;

3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;

4) азаматтардың дiни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

5) азаматтардың дiни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

6) дiни бірлестiктермен қарым-қатынасты реттеу саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

7) дiни ұйымдар, қоғамдық бірлестiктер, мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және адамның ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен дiнтану сараптамалары жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;

8) дiни сенім бостандығы және дiни бірлестiктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа қатысты мәселелердi қарайды;

9) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оларды қолдайды;

10) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде дiни бірлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар жасайды;

11) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер бередi.

6-2-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар

қалалардың) дiни бірлестiктермен қарым-қатынастарды

реттеу саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) дiни бірлестiктермен қарым-қатынастарды реттеу саласындағы жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өңiрдегi дiни жағдайға зерттеу және талдау жүргiзедi;

2) дiни-ағарту қызметi арқылы қандай да бір дiни iлiмдi уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдiктердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың есепке тiркелуiн жүргiзедi;

3) дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi органға азаматтардың дiни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлiк деңгейде ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады.";

7) 7-баптың бесiншi бөлiгi алып тасталсын;

8) 11-баптағы "азаматтық заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 13-баптың бесiншi бөлiгіндегі "баспасөз туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 17-баптың екiншi бөлiгіндегі "Халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi мен мемлекеттік органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 22-бапта "өкiмшi және" деген сөздер алып тасталсын;

12) 23-бапта орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

13) 24-бап алып тасталсын.

11. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 11-бапта:

тақырыбындағы және бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "мерзiмнен тыс қызметтегi" деген сөздер "келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 12-баптың екiншi бөлiгіндегі "министрлiктерi, ведомостволары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 22-баптың бірiншi бөлiгiнiң 10) тармақшасындағы "және өзге де төтенше жағдайлар туралы халыққа хабарлау үшiн" деген сөздер "туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 28-баптың үшiншi бөлiгіндегі "мерзiмiнен тыс қызметтегi" деген сөздер "келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 32-бапта:

бірiншi бөлiктегi "мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiн," деген сөздер алып тасталсын;

үшiншi бөлiктегi "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 33-бапта:

бірiншi бөлiктегi "мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге," деген сөздер алып тасталсын; "жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары," деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

"министрлiктер, ведомстволар" деген сөздер "мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiктегi "мерзiмiнен тыс қызметтегi", "және ведомстволық тұрғын үй" деген сөздер тиiсiнше "келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген", "тұрғын үй" деген сөздермен ауыстырылсын;

бесiншi бөлiк алып тасталсын;

алтыншы бөлiктегi "мерзiмiнен тыс қызметтегi", "жергiлiктi атқарушы және өкiмшi органдарға" деген сөздер тиiсiнше "келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 34-баптағы "тиiстi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 35-бап алып тасталсын;

10) 37-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

11) 38-баптағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 39-бапта:

үшiншi бөлiктегi "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жергiлiктi әкiмшiлiктер" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi бөлiктегі "бюджеттік қаражаттың, iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы бөлiктегi ", спорт және өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

13) 40-бап алып тасталсын.

12. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - ІХ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау

және пайдалану туралы заңдары

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";

3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) тарихи-мәдени мұра - мемлекеттік маңызы бар және осыған орай өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз тек қана Қазақстан Республикасына тиесiлi болатын тарихи-мәдени құндылықтар жиынтығы;

2) тарихи-мәдени мұра объектiлерi - кескiн, мүсiн туындыларымен байланысты, соның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен байланысты жылжымайтын мүлiк объектiлерi; сәндiк-қолданбалы өнер объектiлерi; ғылым мен техника объектiлерi және материалдық мәдениеттiң тарихи оқиғалар нәтижесiнде туындаған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, этнология немесе антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысында құндылығы бар өзге де заттары; тарихи-сәулет, көркемдiк, ғылыми және мемориалдық жағынан құнды, елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн ерекше маңызы бар объектiлер. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi осы Заңға сәйкес мынадай түрлерге бөлiнедi: қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi; археология ескерткiштерi;

3) археология ескерткiштерi - қала орындары, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң орындары, арналардың, жолдардың сiлемдерi, ежелгi көму орындары, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, көне заттар, ежелгi елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi;

4) қала құрылысы мен архитектура ескерткiштерi - сәулет ансамбльдерi мен кешендерi, тарихи орталықтар, махаллалар, алаңдар, көшелер, ежелгi жобалар мен қалалар құрылыстарының және басқа да елдi мекендердiң орындары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсiп, әскери, ғибадат ету сәулетiнiң, халық сәулетшiлiгінiң құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтiк сәндiк, қолданбалы және саяжай-бақ өнерiнiң туындылары, табиғи ландшафтар;

5) тарих және мәдениет ескерткiштерi - аталған құрылыстармен, үйлермен және ғимараттармен тарихи орныққан аумақтары бар жекелеген құрылыстар, үйлер мен ғимараттар, тарихи, ғылыми, көркем және өзге де мәдени құндылық болып табылатын мемориалдық үйлер, махаллалар, мазарлар, кесенелер мен жекелеген жерлеу орындары, монументтiк өнер туындылары, Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң Мемлекеттік тiзiмiне енгiзiлген және реставрациялаудың әлеуеттi объектiлерi болып табылатын тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, археология ескерткiштерi, ғылым мен техника объектiлерi, антропология, этнография, фольклор, нумизматика, эпиграфика, фотосурет материалдары, кинофильмдер, әдебиет пен өнер туындылары, мұрағат, қолжазба құжаттары, манускрипт кiтаптар, көне құнды және сирек кездесетiн басылымдар, жәдiгерлер мен мемориалдық сипаттағы заттар;

6) алдын ала есепке алу тiзiмi - оларға тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн беру мақсатында айқындалған тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiнiң тiзiмi.";

4) 4-бапта:

тақырыбы мен бірiншi бөлiктiң бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және

пайдалану

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану:";

бірiншi бөлiктiң төртiншi - жетiншi абзацтарында "ескерткiштердi" деген сөз алып тасталсын;

екiншi бөлiкте "ескерткiштер деп танылған" деген сөздер алып тасталсын;

5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерінiң құқықтық мәртебесi

Тарихи-мәдени мұра объектiлерi ескерткiштер мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi ескерткiш деп танылған кезден бастап иеленедi.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгізу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ұсынылады.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнде бекіту арқылы баянды етiледi. Археологиялық ескерткiштердiң барлық түрi тарихи-мәдени және ғылыми жағынан құнды және олардың тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесi болады.

Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды құқықтық мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады.

Тарих және мәдениет ескерткiшiн құқықтық мәртебесiнен айыруға, оны тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен шығарып тастауға тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша, ғылыми сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен ерекше жағдайларда (дүлей зiлзала салдарынан қираған кезде) ғана жол берiледi.

Алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзiлген жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерi олардың мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бірдей қорғалуы тиiс.";

6) 6-бап алып тасталсын;

7) 8-баптың бірiншi сөйлеміндегі "Қазақ КСР-індегі меншiк туралы Заңмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 11-бапта:

бірiншi бөлiктегi "танылған" деген сөзден кейiн "археологиялық ескерткiштердiң барлық түрлерi, халық өмiріндегі маңызды тарихи оқиғалармен байланысты естелiк орындар, қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi," деген сөздермен толықтырылсын; "ескерткiштер" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; "ескерткiштерге" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын; "тиiсiнше жергiлiктi өкiмет органдары" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 12-баптың үшiншi бөлiгіндегі "30 жыл мерзiмге дейiн" деген сөздер "елу жыл мерзiмге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"13-бап. Меншiк иелерiнiң мiндеттерi

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады және:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

2) тарих және мәдениеттiң жылжымайтын ескерткiштерiн - сол ескерткiштердiң орналасқан жерi бойынша немесе тарихтың және мәдениеттiң жылжымалы ескерткiштерiн меншiк иесiнiң тұрғылықты жерi бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органда тiркетуге;

3) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органды меншiк құқықтарының пайымдалып отырған немесе болған өзгерістерi туралы хабардар етуге;

4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органды тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орналасқан жерлерiнiң пайымдалып отырған немесе болған өзгерістерi туралы хабардар етуге, олармен тарих және мәдениет ескерткiштерiн күту және пайдалану жағдайларының өзгерiсiн келiсуге;

5) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, консервациялау және қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды келiсуге;

6) арнайы шарттарда белгiленген тәртiп пен шекте тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Тарих және мәдениет ескерткiштерi меншiк иелерiнiң және оларды пайдаланушылардың мiндеттемелерi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы беретiн, меншiк иесi немесе пайдаланушы қол қоятын және санамалап көрсетiлген жалпы мiндеттемелермен қатар тарих және мәдениеттiң нақты ескерткiштерiне қатысты арнайы мiндеттемелер қамтылған тарих және мәдениеттiң жылжымайтын ескерткiштерiн қорғау туралы құжатта тiркеледi.

Осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген мiндеттемелер тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерiне және пайдаланушыларына тең дәрежеде қатысты.

14-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк

құқықтарынан мәжбүрлеп айыру

Меншiк иесiнiң кiнәсiнен жойылып кету немесе бүлiну қаупiне ұшыраған тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқықтарынан мәжбүрлеп айыру сот шешiмi негiзiнде ғана жүзеге асырылады.

Меншiк иесi өзiне осы Заңның 13-бабымен көзделген тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі мiндеттемелердi алудан бас тартқан жағдайда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының талап-арызы бойынша сот шешiм қабылдайды.

Меншiк иесiн жеке меншiгіндегі, оның тұрғын үйi немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнен мәжбүрлеп айыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен оған өзге тұрғын жай және шарт бойынша тиiстi өтем ақы берiлмей жүзеге асырылмайды. Бұл ретте, тарих және мәдениет ескерткiштерi тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi бойынша шартпен белгiленген, ал дау туған жағдайда - сот белгiлеген мөлшерде бұрынғы меншiк иесiне өтемақы төлене отырып, мемлекет меншiгiне берiледi.";

11) 16-бапта:

үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;";

төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасындағы тарих-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы" деген сөздер "тарих-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

бесiншi абзацта "архивтерiн" деген сөзден кейiн "және құжаттамаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

12) 17-бапта:

екiншi абзацтағы "мемлекеттік саясатты қалыптастырып, жүзеге асырады" деген сөздер "мемлекеттiң саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "мемлекеттік органдар мен құрылымдар" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бесiншi - жетiншi абзацтармен толықтырылсын:

"тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және сақтау ережелерiн белгiлейдi;

тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау және есепке алу тәртібі туралы ережелерiн бекiтедi;

тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережелерiн белгiлейдi.";

13) 18 - 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"18-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар

қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтауды, есепке алуды, қорғауды, қалпына келтiрудi және пайдалануды қамтамасыз етедi;

2) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар ескерткiштердi есепке алуды, қорғауды және қалпына келтiрудi ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды көздейдi;

4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын, мемлекет меншiгіндегі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi;

5) мемлекет меншiгiндегі тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының ставкаларын белгiлейдi;

6) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекіту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, тарихи-құрылыс тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған лауазымды адамдарды, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестiктердi жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

10) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;

11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:

1) азаматтар мен ұйымдардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;

5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн, оларды бұзуды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) табиғи және өзге де экологиялық, тарихи, мәдени және ғылыми құндылығы бар объектiлердi қорғалатын табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi.

19-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану

жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың бағдарламаларын әзiрлейдi және оны қалыптастыру мен iске асыруға қатысады;

2) тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiне және оларды күтiп ұстау тәртібіне, сондай-ақ оларды жөндеу, реставрациялау, және консервациялау жөніндегі жұмыстардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, реставрациялау және пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және келiседi;

3) Қазақстан Республикасы аумағындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау мен пайдалану ережелерiн ұстануды қамтамасыз етедi;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерiне зерттеулер, жобалық және реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат құжаттарын және (немесе) лицензиялар бередi;

5) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қауiп төндiретiн қызметтi тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады;

6) Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарды әкелу және әкету тәртібі туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестiктердi жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш бередi;

8) тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланушыларға олардың осы Заңды бұзғандығына байланысты нұсқамалар бередi;

9) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды осы мәртебеден айыру туралы қорытындылар дайындау жөнiндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

10) мемлекет меншiгіндегі және тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру туралы мәселенi келiседi;

11) осы Заңды бұзған - ескерткiштердi пайдаланушыларға, азаматтарға, лауазымды адамдарға, ұйымдарға, қоғамдық бірлестiктерге нұсқамалар жiбередi;

12) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiн салуға бақылауды жүзеге асырады.

20-бап. Қазақстан Республикасының архивтердi және

құжаттаманы мемлекеттік басқару органының

тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану

саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының архивтердi және құжаттаманы мемлекеттік басқару органы:

1) тарихи-мәдени мұраға қатысты тарих және мәдениеттiң деректi ескерткiштерiнiң, сирек қолжазбалардың қорларын қалыптастыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерiнiң тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларын, деректi ескерткiштерiн анықтау мен жинау, оларды есепке алу, қорғау, реставрациялау, пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмысына басшылық етедi;

3) мемлекеттік архивтерде тұрмаған тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларының, деректi ескерткiштердiң сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;

4) мамандардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, ғалымдардың және басқа да зерттеушiлердiң мемлекеттік архивтердегi тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларын, деректi ескерткiштерiн зерттеуiне қол жеткізудi қамтамасыз етедi.";

14) 21-бап алып тасталсын;

15) 22-бапта:

бірiншi бөлiктегi "ескерткiштердi" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттік органдарға" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестiктер оларға қамқорлық белгiлеуге құқылы.";

16) 23-бапта "мемлекеттік органдармен" деген сөздер "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 24-баптың үшiншi абзацы алып тасталсын;

18) 25-бап алып тасталсын;

19) 26 - 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"26-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн халықаралық,

республикалық және жергiлiктi маңызы бар

ескерткiштер санаттарына жатқызу

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды және қорғауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерi;

2) бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi;

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.

27-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн

бекіту тәртібі

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгізу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органның келiсуiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

28-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану

жөніндегі уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясын

құрудың тәртібі және оның құрамы

Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi комиссиялар құрады, олардың құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бірлестiктердiң өкiлдерi енеді.";

20) 29-бапта:

екiншi бөлiк алып тасталсын;

үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Қала құрылысы және сәулет ескерткiштерiн, қалалар мен басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн оларды қорғау аймағы жобаларында айқындалады.";

21) 30-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын үйлер, ғимараттар тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен алдын ала келісім бойынша, олар аумақтарында орналасқан облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша пайдалануға берiледі.";

22) 31-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

23) 32-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның санатына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi негiзiнде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.";

24) 33-бапта "қозғалмайтын" деген сөз алып тасталсын;

25) 34-бап мынадай редакция жазылсын:

"34-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу,

реставрациялау, консервациялау

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау ескерткiштердi қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келiскеннен кейiн және соның бақылауымен ғана жүзеге асырылады. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебiнен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иелерi мен пайдаланушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау жөніндегі жұмыстарды тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн, осы қызметпен айналысуға құқық беретiн лицензиялар және (немесе) арнайы рұқсат негiзiнде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргiзедi.

Ғылыми-реставрациялық және басқа ұйымдар мен азаматтарды тиiстi жұмыстар жүргiзуге шарттар негiзiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi немесе пайдаланушылар тартады.";

26) 35-бапта:

тақырыбындағы "ескерткiштердi қорғау органдарымен" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

мәтіндегі "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттік органдармен, жергiлiктi өкiмет органдарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясымен" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

27) 36-бапта:

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.";

үшiншi бөлiктегi "ескерткiштердi қорғайтын тиiстi органдардың" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

бесiншi бөлiктегi "жергiлiктi өкiмет органының" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 38-баптың үшiншi бөлiгіндегі "тиiстi мемлекеттік орган ескерткiштердi" деген сөздер "уәкiлеттi орган тарих және мәдениет ескерткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 39-баптың екiншi бөлiгіндегі "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

30) 40-бапта:

бірiншi бөлiктегi "рұқсат (ашық парақ)" деген сөздер "рұқсат құжаттары және (немесе) лицензиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң археологиялық және реставрациялау жұмыстарына рұқсат құжаттарын және (немесе) лицензияны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган береді.";

31) 42-бапта:

бірiншi бөлiгіндегі "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген азаматтар, ұйымдар және қоғамдық бірлестiктер тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның бақылауымен жүзеге асырылады.";

32) 43-бапта:

екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;

тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган;";

төртiншi абзацтағы "архивтерiн" деген сөзден кейiн "және деректемелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

33) IX-бөлiм алып тасталсын.

13. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 19-20, 147-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 11-баптың 1-тармағындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын.

14. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат):

1) тақырыбында орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

2) 19-бапта:

бірiншi бөлiктегi "адамдардың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi бөлiк "Шетелдiктер" деген сөзден кейiн "мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 21-бапта:

екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Карантин тәртібін енгiзе отырып карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдердi:

1) екi немесе одан да көп облыстар аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында облыстың жергiлiктi атқарушы органы қабылдайды.";

мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Карантин белдеуiнiң ветеринарлық тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.";

4) 6-тараудың тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы, сондай-ақ" деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 23-бапта:

тақырыбындағы ", Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақ алып тасталсын;

6) 24-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасы "шетелдiктер" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының азаматтарына," деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) Қазақстанда үнемi тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кiруге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;";

4) тармақшада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiндегі іс-шаралар жүргiзуде," деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақшада "адамдардың баруын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың баруын" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"34-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын

қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық

қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.".

15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат):

1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтуға көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырылады.";

2) 6-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

16. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 12-баптың үшiншi бөлiгіндегі "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 14-баптың он бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi.".

17. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 6-баптағы "республикалық бюджет қаржылары" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 7-баптағы "жанынан Ономастика комиссиясы құрылады" деген сөздер "және облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар жанынан ономастикалық комиссиялар құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктердi есепке алу мен тiркеу,

оларды есептi деректерден шығару

Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады.

Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады.

Қалалардың, кенттердiң немесе ауылдардың (селолардың) құрамына енгiзiлген және олардың бір бөлiгіне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктер мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады.";

5) 10-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

6) 11-бапта:

бірiншi бөлiкте:

3) тармақшадағы "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын; "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын; ауылдық (селолық) округтердi, поселкелердi, ауылдарды (селоларды)" деген сөздер "кенттердi, ауылдарды (селоларды), ауылдық (селолық) округтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) тиiстi аумақтағы халықтың пiкiрiн есепке ала отырып және аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдарының ұсыныстары бойынша кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң атаулары және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту мәселелерiн шешеді.";

екiншi бөлiктегi "және қалалық" деген сөздер "(облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 12-бапта:

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елді мекендердi есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.";

8) 13-бапта:

2) тармақшадағы "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.".

18. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 7" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 20-бапта "республикалық және жергiлiктi бюджеттерден" деген сөздер алып тасталсын, "бөлiнетiн қаржы" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық

қамтамасыз ету

Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.".

19. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 2-баптың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";

3) 3-бапта:

бірiншi және екiншi бөлiктер алып тасталсын;

төртiншi бөлiктегi "үшiншi" деген сөз "бірiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;

бесiншi бөлiк алып тасталсын;

4) 6-бапта:

бірiншi бөлiктегi "Көлiктi" деген сөзден кейiн "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;

екiншi бөлiкте:

үшiншi абзацтағы "мемлекетаралық және" деген сөздер алып тасталсын;

бесiншi абзацтағы "мемлекеттік ұлттық" және ", сондай-ақ кадрлар даярлау" деген сөздер алып тасталсын;

сегiзiншi абзацтағы "республиканың мемлекеттік мұқтажының" деген сөздер "мемлекеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "және оларды уақтылы сапалы қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;

5) 8-баптың бірiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; "заң және қалыптық құжаттарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 9-баптың төртiншi бөлiгіндегі "басқару органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 20-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

8) 21-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;

9) 23-баптың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсаты бойынша жол берiледi.";

10) 24-бап алып тасталсын;

11) 25-бапта:

тақырыбындағы "жұмысын" деген сөз "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiктегi "Өздерiнiң тиiстілігі мен меншiк нысандарына қарамастан, тасымалдаушылардың көлiк құралдарын пайдалану кезiнде көлiк заңдарын" деген сөздер "Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдарының" деген сөздермен, "талаптарын орындауды" деген сөздер "талаптарының сақталуын" деген сөздермен ауыстырылсын; "көлiк саласын мемлекеттік басқару органы" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 26-бапта:

баптың тақырыбындағы "мемлекетаралық" деген сөз "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiктегi "Көлiк саласын мемлекеттік басқару органы" деген сөздер "Уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi бөлiк алып тасталсын.

20. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жасырын тексеру - адамның жеке басын анықтамай, АҚТҚ жұқтыруын медициналық тексеру;

2) АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы;

3) АҚТҚ инфекциясы - АҚТҚ-дан туындаған ауру;

4) АҚТҚ инфекциясын жұқтырушы - АҚТҚ жұқтырған адам;

5) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асыратын ұйымдар негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсету болып табылатын медициналық ұйымдар;

6) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөніндегі iс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыратын органдар - өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі мемлекеттік, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары;

7) ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi - адамның қорғаныш жүйесiнiң АҚТҚ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АҚТҚ инфекциясының соңғы сатысы;

8) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

2) 2-бап алып тасталсын;

3) мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:

"2-1-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң АҚТҚ

инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен

емдеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды;

2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;

3) орталық атқарушы органдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады.

2-2-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикада ЖҚТБ iндетi таралуынан сақтандыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi;

3) ЖҚТБ ауруының алдын алу саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және бекiтедi;

4) ЖҚТБ ауруының алдын алу мен емдеу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;

5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;

6) АҚТҚ инфекциясын тiркеу, ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша есепке алудың, есептіліктiң тәртібін және құжаттама нысандарын айқындайды;

7) ЖҚТБ-ға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады;

8) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

9) AҚTҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу мен емдеу iс-шараларының мониторингiн жүзеге асырады;

10) АҚТҚ-ның жұғуын құпия медициналық куәландыру тәртібін айқындайды.

2-3-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы

органдарының құзыретi

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;

2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы жұмыстың жай-күйi туралы жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың ақпаратын тыңдайды.

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

2) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

3) өңiрде ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

4) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады;

5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.";

"3-1-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі республикалық орталықтың құзыретi

ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық:

1) республикада АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу iс-шараларын жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi, есепке алу мен есептілік нысандарын әзiрлеуге қатысады;

3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

4) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;

5) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтарға, республикалық медициналық ұйымдарға ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi ұйымдастыруға қатысты өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

6) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi;

7) АҚТҚ инфекциясын зертханалық зерттеулердiң сапасын тексерудi жүзеге асырады;

8) дәрiгерлердi, орта медицина қызметкерлерiн мамандандыру мен олардың біліктілігiн арттыруды жүзеге асыруға қатысады;

9) АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ-ға ұқсас инфекцияларды зертханалық зерттеулердi жүзеге асырады.

3-2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі өңiрлiк орталықтардың құзыретi

ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтар:

1) халықтың түрлi топтары үшiн алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi;

2) АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға, халықтың түрлi топтарына медициналық, консультациялық көмек көрсетедi;

3) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

4) АҚТҚ инфекциясын диагноз қоюды, иммунологиялық, басқа да зертханалық зерттеу түрлерiн жүзеге асырады;

5) ЖҚТБ iндетiнiң алдын алу жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;

6) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн жүргiзедi;

7) өңiрде АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

8) халық арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргiзудi жүзеге асырады.";

4) 4-бапта "республикалық және жергiлiктi бюджеттер," деген сөздер "бюджет қаражаты, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын.

21. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 209-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 2-баптың бірiншi бөлiгінде "осы Заңның 4-бабындағы 4-шi бөлiгiнде аталған шектеулер ескерiле отырып," деген сөздер "Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 3-баптың бірiншi бөлiгiнде "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 4-бапта:

екiншi бөлiкте "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi және төртiншi бөлiктер алып тасталсын;

бесiншi бөлiкте:

бірiншi сөйлемде "жергілiктi атқарушы органға өтiнiшi" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi сөйлем алып тасталсын;

5) 5-баптың бірiншi бөлiгiнде "жергiлiктi атқарушы органдардан" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 6-баптың төртiншi бөлiгінде "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 8-бапта:

тақырыбында "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiкте:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:";

төртiншi абзацта "жергiлiктi" деген сөздер "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) II бөлiмнiң тақырыбында "салық және" деген сөздер алып тасталсын;

9) 9-бапта ", республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары" деген сөздер алып тасталсын;

10) 10-бапта:

тақырыбында "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

бірiншi бөлiк "шарттармен" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

екiншi - төртiншi бөлiктер алып тасталсын;

11) 11-баптың бірiншi бөлiгiнде "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң," деген сөздер "бюджет қаражаты," деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 16-бапта:

бірiншi бөлiкте "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi және төртiншi бөлiктер алып тасталсын.

22. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 1-2, 19-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы Заң Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгiлейдi.";

3) мәтiнде "Жарлықты", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңмен", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын; мәтiнде "жергiлiктi атқарушы органға", "жергiлiктi атқарушы органда", "Жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органында", "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

23. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138-139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 13" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 8-баптың ф) тармақшасындағы "заңдарына сәйкес" деген сөз "заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 15-баптың e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"e) қызметiнiң бірден-бір түрi қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкiлеттi ұйымдарға шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлетiн лицензияны қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензияны қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;".

24. Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, № 11, 143-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) кiрiспе алып тасталсын;

3) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлық" деген сөздер тиiсінше "Заңды", "Заңның", "Заңға", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiне" деген сөздер тиiсiнше "Үкіметі", "Үкіметіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 14-баптың 2-тармағының бірiншi абзацында "Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия" деген сөздер "тауар биржалары жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Биржалық сауданың үлгi ережелерiн тауар биржалары жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтеді.";

6) 23-бапта "республикалық комиссия" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 24-бапта:

тақырыбында "республикалық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Тауар биржалары жөніндегі уәкiлеттi органның функциялары:";

8) 25-бапта:

тақырыбында "республикалық комиссияның өкiлеттiгi" деген сөздер "уәкiлеттi органның құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1 және 2-тармақтарда "республикалық комиссия", "Республикалық комиссияға" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "Тауар биржалары жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 26-баптың алтыншы және жетiншi абзацтарында "республикалық комиссияға", "республикалық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

25. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) кiрiспе алып тасталсын;

3) мәтiнде "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер "Заңды", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 3-бапта:

бірiншi бөлiкте "денсаулық сақтау мекемелерi" деген сөздер "мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi бөлiкте "денсаулық сақтау органына" деген сөздер "денсаулық сақтау саласын басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 4-баптың бірiншi бөлiгiнде "денсаулық сақтау органдары" деген сөздер "мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 6-бап "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 8-баптың бірiншi бөлiгiнде "осы мекемелерден" деген сөздер "мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнен

шыққан адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру

Мамандандырылған емдеу-алдын-алу мекемелерiнен шыққан адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру тұрғылықты жерi бойынша жүзеге асырылады және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледі";

9) 10-баптағы "Прокуратурасы" деген сөз "прокуратура органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

26. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы Заң Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға әлеуметтiк кепiлдiктер берудiң ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындайды.";

3) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Жарлықты", "Жарлықтан", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңнан", "Заңның", "Заң", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 17-баптың бірiншi бөлiгіндегi "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 20-бапта "әкiмдер" деген сөз "өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

27. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2004 жылғы 11 желтоқсанда және "Казахстанская правда" газетiнде 2004 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) - 10) тармақшалармен толықтырылсын:

"8) әрбір жер қойнауын пайдаланушының бірдей қол жеткізу принциптерiне сүйенiп, магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалануды бекiтедi.

Бұл ретте өздерiнiң ресурстарын тасымалдау үшiн балама техникалық мүмкiндiгi жоқ (автокөлiктен басқа) жер қойнауын пайдаланушылар нақты үлгiдегi (түрдегi) көлiк жүйесiне кiрудiң басым құқығын пайдаланады;

9) жер қойнауын пайдаланушылар үшiн техникалық-экономикалық негiздемеде қабылданған мұнай өткізудiң есептеу бағалары шегiнде, келісім-шартқа қол қою кезіндегі техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының iшкi нарығына қайта өңдеу үшiн шикi мұнай жеткізу көлемiн анықтайды;

10) осындай қажеттілік болған жағдайда iшкi нарықтың жанар-жағар май материалдарына мұқтаждығын жабуға қажеттi көлемде, Қазақстан Республикасының iшкi нарығында қайта өңдеуге арналған мұнайдың көлемiн графиктермен (жылдық және ай сайынғы) белгiлейдi.";

2) 7-бапта:

тақырыбы мен бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) атқарушы органдардың құзыретi

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:";

3) 8-2-баптың 3-тармағында: "Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға" деген сөздер "Теңiз түбiн онда мұнай операцияларын жүргiзу үшiн пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын; "тиiстi мемлекеттік" деген сөздер "жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 30-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органы жүргiзетiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 30-2-баптың 2-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкiлеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 43-баптың 3-тармағында "жергiлiктi өкiлдi және" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

28. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат):

1) 1-баптың екiншi бөлiгіндегі "банктерде" деген сөз алып тасталсын;

2) 19-баптың алтыншы бөлiгіндегі "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

3) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"21-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет

қызметiнiң жұмысын қаржыландыру

Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.".

29. "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат):

1) 1-бапта:

екiншi бөлiктегi "банктерде" деген сөз алып тасталсын;

үшiншi бөлiк алып тасталсын;

2) 11-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "құқығы берiледi" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі мен нормаларын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу құқығы берiледi.";

3) 18-баптың 3-тармағында "кепiлдiктерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеуi мүмкiн" деген сөздер "кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"19-бап. Республикалық ұланды материалдық-техникалық

қамтамасыз ету

Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";

5) 22-бап алып тасталсын.

30. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) кiрiспе алып тасталсын;

3) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 15" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Жарлықты", "Жарлықта", "Жарлықпен", "Жарлық", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңда", "Заңмен", "Заң", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын; "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органдар", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органның", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi орган", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органға" деген сөздер тиісінше "аэронавигациялық ұйымдар", "аэронавигациялық ұйымның", "аэронавигациялық ұйым", "аэронавигациялық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 1-бапта:

он бесiншi бөлiк алып тасталсын;

он алтыншы бөлiкте:

бірiншi абзацта орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

а) тармақшасындағы "екi" деген сөзден кейiн "немесе одан да көп" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы он жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететiн ұйым.";

отыз екiншi бөлiкте орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

5) 4-бапта:

бірiншi бөлiктегi "заң актілерімен, осы Жарлықпен белгiленген құзыретi шегiнде мемлекеттік басқару органдары шығарған нормативтiк құқықтық актiлермен" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";

6) 5-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап. Осы Заңның қолданылу саласы";

бірiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Жарлығы" деген сөздер "Осы Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік

басқару мен бақылау

Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн міндетті азаматтық авиация саласындағы ережелерді, нұсқауларды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады, олардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік органдармен бірлесiп, олардың құзыретiне сәйкес авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң өзара iс-қимылын аталған мемлекеттік органдардың шешiмiмен құрылған Ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.";

8) 12-бапта "орыс тілінде" деген сөздер "мемлекеттік тiлде және (немесе) орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 13-баптың к) тармақшасы алып тасталсын;

10) 14-баптың бірiншi бөлiгiнде "әуе кеңiстiгін пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 15-баптың бірiншi бөлiгiнде "әуe кеңiстiгін пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөніндегі мемлекеттік органмен" деген сөздер "аэронавигациялық ұйыммен" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 16-баптың үшiншi бөлiгiнде "органдар" деген сөз "уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретiне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 17-баптың бірiншi бөлiгiнде "әуe кеңiстiгiн пайдалану тәртібінiң сақталуына бақылау жасайтын органдардың" деген сөздер "уәкiлеттi органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 18-баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде "әуе кеңiстiгiн пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөніндегі мемлекеттік" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

15) 25-бап "жағдайда" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi орган оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын; "танылады" деген сөз "таниды" деген сөзбен ауыстырылсын;

16) 26-баптың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Азаматтық және мемлекеттік әуе кемелерi мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге жатады. Азаматтық әуе кемелерiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне тiркейдi. Мемлекеттік әуе кемелерiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерiнiң тiзiлiмiне тiркейдi.";

17) 30-баптың жетiншi бөлiгiнде "сертификаты немесе соларға ұқсас құжаттар танылады" деген сөздер "сертификатын немесе соларға ұқсас құжаттарды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен таниды" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 31-2-баптың екiншi бөлiгiнде "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

19) 43-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"43-бап. Әуе кемесiнiң аэронавигациялық ұйыммен

радиобайланысы";

екiншi бөлiкте "оның ұшуына диспетчерлiк қызмет көрсетушi орган" деген сөздер "аэронавигациялық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 44-баптың екiншi сөйлеміндегі ", ал адамдар өмiрiн сақтап қалу үшiн ұшып өту қажет болғанда және өзге де ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша" деген сөздер "немесе адамдар өмiрiн сақтап қалу үшiн ұшып өту қажет болғанда, ал өзге де ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 52-баптың екiншi бөлiгiнде "министрлiктiң, мемлекеттік комитеттiң" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 58-бапта:

екiншi бөлiк алып тасталсын;

үшiншi бөлiкте "министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, ұйымдар" деген сөздер "өз құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ авиакомпаниялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 96-баптың төртiншi бөлiгiнде "уәкiлеттi" деген сөз алып тасталсын;

24) 100-баптың екiншi бөлiгiнде "Мемлекеттік авиация органдарының" деген сөздер "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 101-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер тиiсiнше "осы Заңға", "осы Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын.

31. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 223, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 4-баптың төртiншi бөлiгiнде "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын iшкi" деген сөздер "Iшкi" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 4-2-бапта:

бірiншi бөлiкте "өзге де мiндеттердi" деген сөздер "лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi бөлiк алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

"5-1-бап. Iшкi iстер министрлiгінiң және оның аумақтық

органдарының құзыретi

1. Iшкi iстер министрлігі:

1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы және iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери-тергеу органдарының, әскери, арнаулы полицияның және көлiктегi iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;

3) қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

4) iшкi iстер органдары жүйесiнде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатының iске асырылуын қамтамасыз етедi;

5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;

6) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;

7) Iшкi iстер министрлігінiң қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарын әзiрлейдi және бекiтедi;

8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;

9) iшкi iстер органдарында iс жүргiзудiң бірыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi;

11) криминалдық, әкiмшiлiк полициясының және полицияның өзге де қызметтерiнiң, сондай-ақ iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының, арнаулы полицияның, көлiктегi iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;

12) iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;

13) iшкi iстер органдарының жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;

14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;

15) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) полиция органдары бөлiмшелерiнiң режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердегi қызметiн қамтамасыз етедi;

17) авариялардың, өрттiң, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

18) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады;

19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмiрiнiң, денсаулығының, абыройы мен беделiнiң және мүлкiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асырады;

20) жергiлiктi iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер басшыларының және ұйымдар басшыларының кәсiби біліктілігiне аттестаттау жүргiзедi;

21) лауазымдар санаттары бойынша үлгiлiк біліктілік талаптарын, iшкi iстер органдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi, лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасын, iшкi iстер органдарының құрылымын, үлгi штаты мен штаттық нормативтерiн, жүктелiм көлемiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi және iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен қызметшiлерiнiң деңгейiн айқындайды;

22) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн кадрларды даярлау мен оқытуды ұйымдастырады;

23) ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етедi және қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;

24) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

25) iшкi iстер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

26) iшкi iстер органдары жүйесiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

27) iздестiру, тергеу және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де iс жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiлердiң, алдын ала жауап алушылардың жазбаша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

28) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiреді, көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттік тiркеу мен есепке алу, оларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргiзу, оларды пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, емтихан қабылдау және жүргiзу құқығына арналған куәлiктер беру тәртібін айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол қозғалысына қатысуға жiбередi және оларды жүргiзуге құқық бередi;

29) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қарауына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

30) режимдiк, ерекше қорғалатын объектiлердi және мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi қамтамасыз етедi;

31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;

32) iшкi iстер органдары жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

33) соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда министрлiктiң мүддесiн қорғауды және жергiлiктi жерлерде осы жұмысты үйлестiрудi қамтамасыз етедi;

34) сол министрлiктiң iшкi әскерлерiнiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетуiн және айдап алып жүруiн бақылауды жүзеге асырады;

35) iшкi iстер органдары арнаулы мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыруды және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүрудi жүзеге асырады;

36) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады;

37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;

38) күзет қызметi саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жеке және Заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көлiктегi iшкi iстер органдары:

1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;

3) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы мен iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң қызметiн бақылауды, сондай-ақ iшкi әскерлер бөлiмдерiн, бөлiмшелерiн жедел басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiнде шаралар қолданады және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;

7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;

8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;

11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;

12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;

13) мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;

14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;

15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;

17) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бірлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

19) жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердiң сақталуын, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiнiң мемлекеттік техникалық тексеруден өтуiн бақылауды жүзеге асырады, оларды мемлекеттік тiркеу және есепке алу арқылы жол қозғалысына қатысуға жiбередi, көлiктердi пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есепке алады, емтихан қабылдайды және көлiк құралдарын басқару құқығына арналған куәлiктер бередi, жол қозғалысын реттейдi;

20) iшкi iстер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып жүрудi қамтамасыз етедi;

21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;

22) медициналық айықтырғыштарда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;

23) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

24) халықаралық шарттар негiзiнде iшкi iстер органдарының қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

25) заңсыз көшi-қонның алдын алу, азаматтық, көшiп кету, көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерiн қарау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi iстер органдары:

1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi, ашады және тергейдi, iшкi iстер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) қоғамдық тәртiптi сақтауды, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен жолын кесудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк iс жүргiзудi, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесудi, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасауды, шетелдiктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу, шетелге тұрғылықты тұру үшiн кету туралы өтiнiш берген адамдармен жұмысты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешедi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;

4) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) қылмыс жасады деп сезiк туғызған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

6) ұсталғандарды және қамалғандарды айдап апаруды жүзеге асырады;

7) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орындарының, медициналық айықтырғыштардың, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

8) медициналық айықтырғыштарда ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;

9) кадрларды iрiктеудi, орналастыруды жүзеге асырады, аттестаттау жүргiзедi, көтермелейдi, жазалайды, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс ic-шараларын орындайды;

10) мемлекеттік күзетке жататын объектiлердi күзетудi жүзеге асырады.";

5) 6-баптың 2-тармағында:

2) тармақшадағы ", ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат санын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен сан нормативтерiнен төмен емес мөлшерде белгiлейдi" деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақшадағы ", бұл орайда жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып жүзеге асырылады" деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақша алып тасталсын;

6) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

"6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

өкiлеттiктерi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

3) облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның қосымша штат санын ұстауды қамтамасыз етеді;

4) аумақтық iшкi iстер органдарының қызметтiк үй-жайларын, көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi, сондай-ақ, аумақтық iшкi iстер органдары аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, байланыс қызметiне ақы төлеудi қамтамасыз етедi;

5) полицияның учаскелiк инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етеді.";

7) 10-баптың 1-тармағы 30-1) тармақшасындағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 30-2) - 30-8) тармақшалармен толықтырылсын:

"30-2) азаматтық материалдарын ресiмдеудi қамтамасыз етуге;

30-3) заңды тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тарту, шетелдiктердiң елде болуына рұқсат беру ережелерiн сақтауына қатысты қызметiн бақылауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың шет елге шығуын және шетелдiктердi тұрғылықты тұруға қалдыруды шектеу туралы шешiм қабылдауға;

30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде әкiмшiлiк қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау оқшаулау бөлмелерi болуға;

30-5) құқық тәртібін қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және алдын алу ықпалы жасалуға тиiс адамдарды, қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құруға және пайдалануға; есепте тұратын адамдардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;

30-6) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемесiне жiберiлген кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен ұстауға және уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстауға;

30-7) кәмелетке толмаған қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi жасөспiрiмдердi уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстауға, кейiннен қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беруге;

30-8) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде жүрген не айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн адамдарды, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бірге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медициналық мекемелерге не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткізуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға мiндеттi.";

8) 33-бап алып тасталсын;

9) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық

қамтамасыз ету

Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";

10) 35-бап алып тасталсын.

32. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат):

1) 11-баптың 12) тармақшасында "заңмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 29-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 56-бапта "республикалық" деген сөз алып тасталсын.

33. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 8-баптың 1-тармағында:

2) тармақшада "Президентi белгiлейтiн" деген сөздер "заңдарында белгiленетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшада "банктерде" деген сөз алып тасталсын;

3) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында, 9-баптың 2-тармағында "банктерде" деген сөз алып тасталсын;

4) 23-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету";

1-тармақта "республикалық бюджеттiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 26-бап алып тасталсын.

34. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат):

1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

2) мәтiнде "Жарлықта", "Жарлықтан", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықты", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заңда", "Заңнан", "Заң", "Заңның", "Заңды", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде "салаларының (секторларының)" деген сөздер "салалары (секторлары) объектілерінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 14-3-бапта:

1-тармақ "Үкіметінiң" деген сөзден кейiн "немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органның" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ "бекітуге" деген сөзден кейiн "немесе әкiмдiк тиiстi мәслихатқа бекітуге" деген сөздермен толықтырылсын;

5) 16-баптың 3-тармағы "органның" деген сөздерден кейiн "немесе тиiстi әкiмдiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "сатушы әзiрлеген және" деген сөздер алып тасталсын;

7) 20-бапта:

1-тармақтың бірiншi бөлiгiнде "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

2-тармақта "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын.

35. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж, № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат):

1) 9-бапта:

тақырыбында "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiкте "Облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақша "мөлшерде" деген сөзден кейiн "және мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 13-баптың 2-тармағында "облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 18-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

4) 53-баптың 2-тармағында "тау-кен бақылауы жөніндегі уәкiлдi" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кендi қадағалау жөніндегі уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 54-баптың 3-тармағында "арнаулы уәкiлдi атқарушы орган" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалауы жөніндегі уәкiлеттi орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 56-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

7) 57-баптың 5-тармағында "арнаулы уәкiлдi атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

36. "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 240-құжат; 2000 ж., № 20, 377-құжат; 2003 ж., № 18, 143-құжат):

1) 1-бапта:

он жетiншi абзацта "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

он тоғызыншы абзацта "мемлекеттік органдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттік органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жиырма бірiншi абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттік органдары - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикiзат түрлерiнiң, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары.";

2) 5-баптың екiншi абзацында "бірыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi" деген сөздер "мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-1 бапта:

бесiншi абзацта "уәкiлеттi органдар арқылы" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:

"осы Заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсат бередi.";

4) 7-бапта:

бесiншi бөлiкте "өкiлеттi" деген сөз алып тасталсын; "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "экспорттық бақылау жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы бөлiкте "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

жетiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 8-1-баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде "сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға", "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(өтiнiм берушiлерге)", "(өтiнiм берушiлер)" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 8-2 баптағы "мемлекеттік органдары" деген сөздер "экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 11-баптың бірiншi бөлiгiнде "Республикасының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға өкiлеттi" деген сөздер "Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "мен лауазымды адамдары" деген сөздер алып тасталсын; "сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан" деген сөздерден кейiн "(өтiнiм берушiлерден)" деген сөздермен толықтырылсын.

37. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат, 2004 ж., № 11-12, 67-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 11" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) III тараудың тақырыбында "және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;

3) 10-бапта:

үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады;

орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;";

он екiншi абзацта "республикалық бюджет есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:

"авариялық-құтқару қызметтерiн (соның iшiнде аэроұтқыр жасақтарды) құрады.";

4) 11-баптың екiншi бөлiгiнде:

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi;";

сегiзiншi абзацта "бөлiнген қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын;

он екiншi абзацта "министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге және Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы он жетiншi және он сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:

"табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бағдарламаларды әзiрлейдi;

авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэроұтқыр жасақтардың) iс-қимылын қамтамасыз етедi.";

5) 12-бапта:

тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Орталық мемлекеттік органдардың табиғи және

техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар

саласындағы өкiлеттiгi

Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:";

6) 13-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi";

екiншi бөлiктiң бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты) аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:";

үшiншi бөлiкте:

бірiншi абзацта "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзац "төтенше" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi ауқымдағы" деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын құрады және пайдаланады;";

мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Судан құтқару қызметтерiн ұйымдастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ерекше қарауына жатады.";

7) 21-бапта "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, Үкiмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

"24-1-бап. Материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық

және басқа ресурстар қорларын жасау, табиғи және

техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде

көлiк құралдарымен қамтамасыз ету

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргiзу объектілерінiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшiн алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резервi жасалады.

Төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстары және көлiк құралдары жұмылдырылады, ал шұғыл медициналық жәрдемнiң және авариялық-құтқару қызметтерінің күштерi мен құралдары төтенше жағдайлар аймақтарына алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес бірiншi кезекте жеткiзiлiп, керi қайтарылады.";

9) VII тарау алып тасталсын;

10) 31-бапта "арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар және жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 32-бапта "министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

38. "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 3-баптың алтыншы абзацы алып тасталсын;

3) 5-бапта:

екiншi абзацтағы "Үкiметтiң, министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң," деген сөздермен ауыстырылсын; "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

4) 6-бапта:

бесiншi абзацтағы "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

жетiншi абзац алып тасталсын;

5) 7-бапта:

тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі

орталық атқарушы органның өкiлеттiктерi

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның өкiлеттiктерiне мыналар жатады:";

үшiншi абзацта "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

бесiншi абзац алып тасталсын;

жетiншi абзацта ", сондай-ақ мамандар даярлау" деген сөздер алып тасталсын;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiне жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатысты бақылау жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";

оныншы абзацта "мен сертификаттауды" деген сөздер алып тасталсын;

он бірiншi абзац "республикалық" деген сөздiң алдынан "халықаралық және" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 8-бапта:

тақырыбында және 1-тармақтың бірiншi абзацында "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың", "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының", "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацта "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi абзац алып тасталсын;

бесiншi абзацта "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың" деген сөздер алып тасталсын, "қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі" деген сөздер "қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

сегiзiншi және он бірiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгізу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектілерін жайғастыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;";

"жол жүрiсiн қамтамасыз ету саласында мамандар даярлау.";

7) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептілік жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.";

8) 11-бапта:

1-тармақта "мемлекеттік" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта "мемлекеттік" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын; "тиiстi бюджеттер" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 15-бапта:

3-тармақта "азаматтарға" деген сөз "адамдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақта "Азаматтарды", "азаматтың" деген сөздер "Адамдарды", "адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 17-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi үйлестiрудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртібін және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

11) 18-бапта:

3-тармақта:

үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, бұған қоса олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдер, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер";

төртiншi бөлiктiң 4) тармақшасы "мотоциклдер мен мотороллерлер" деген сөздерден кейiн ", автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер." деген сөздермен толықтырылсын;

12) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткізу қабiлетiн арттыру мақсатында автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.".

39. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат):

1) мәтіндегі "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органына", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органымен", "өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздер тиiсiнше "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның", "Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бапта:

төртiншi абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

бесiншi абзацтағы ", уәкiлеттi мемлекеттік органның нормативтiк актілерімен" деген сөздер алып тасталсын;

оныншы абзацтағы "өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы он екiншi - он төртiншi абзацтармен толықтырылсын:

"қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi;

өртке қарсы ерiктi құралымдар - азаматтардың елдi мекендерде және ұйымдарда өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға қатысу нысаны;

ерiктi өрт сөндiрушi - өрттiң алдын алу және (немесе) сөндiру жөніндегі қызметке ерiктi негiзде (жеке еңбек шартын жасаспай) тiкелей қатысатын азамат;";

3) 4-баптың екiншi бөлiгіндегі "Мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

4) 2-тараудың тақырыбындағы "органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару" деген сөздер алып тасталсын;

5) 5-бапта:

төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кiрмейтiн министрлiктер, және орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

жетiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитiн белгiлейдi;

қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;";

оныншы абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

6) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi

органның өкiлеттiктерi

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган өрт қауiпсiздiгi саласындағы атқарушы, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады және оның аумақтық органдары, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерi болады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган:

1) бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi, салааралық үйлестiру мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi;

3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өрт қадағалауын жүзеге асырады;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, білімдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;

5) өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

7) меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;

8) Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi;

9) өз құзыретi шегiнде өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады.";

7) 7 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Орталық мемлекеттік органдардың өрт қауiпсiздiгi

саласындағы өкiлеттiктерi

Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:

1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға бередi;

2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;

3) мемлекеттік органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi.

8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi

атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы

өкiлеттiктерi

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету;

2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.";

8) 9-бапта:

тақырыбындағы "түрлерi мен" деген сөздер алып тасталсын;

бірiншi бөлiк алып тасталсын;

9) мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3 және 9-4-баптармен толықтырылсын:

"9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдары

Өртке қарсы қызмет органдары қоныстану аумақтарында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердi өрттен қорғауға арналған, осы аумақтарда және аса маңызды объектiлерде мемлекеттік өрт сөндiрудi қадағалауды жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық консулдық мекемелерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Қоныстану аумақтарында, мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлерде өрт сөндiрудi облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерi жүзеге асырады.

Басқа объектiлерде өрт сөндiрудi меншiк нысанына қарамастан салалық өртке қарсы қызметтер немесе ерiктi өртке қарсы құралымдар жүзеге асырады.

Өртке қарсы қызмет органдары бірыңғай дербес жедел қызмет ретiнде Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.

Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына:

1) өртке қарсы қызмет органдары:

өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган;

облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары;

2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерi, өрт сөндiру-техникалық оқу орындары кiредi.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның, облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң және өрт сөндiру-техникалық оқу орындарының тулары болады. Өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

9-2-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның,

аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының

өкiлеттiктерi

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның, аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

1) мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

2) барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтар, ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiс өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн және өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту;

3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргiзуге және қызмет көрсетулерге лицензиялар беру;

4) өрттер және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс жүргiзудiң жүзеге асырылуын бақылау;

6) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта жаңартуға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүргiзуге қатысу;

7) нормалары мен ережелерi белгiленбеген объектiлердi салуға арналған өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалардың және ережелердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен келiсу;

8) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жұмылдыру дайындығы және оларды жұмылдыру, бейбiт уақытта және соғыс жағдайы кезеңiнде төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды әзiрлеу, мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз ету;

9) ұйымдарда, кәсiпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

10) азаматтарға, кәсiпорын басшыларына анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою және өрттi болдырмау жөніндегі iс-шараларды жүргiзу туралы ұйғарымдар беру;

11) заңда белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру;

12) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан елдi мекендерде және объектiлерде өртке қарсы күресуге дайындығын бақылау;

13) жер учаскелерiн таңдау және ұйымдарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;

14) халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмысына жәрдемдесу;

15) өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгi талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту приборларын пайдалануға және субъектiлердiң өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуiне тыйым салуды сот жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша жүргiзедi.

Субъектiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы талап-арызды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.

Айрықша жағдайларда, адамдардың өмiрi мен денсаулығына айқын қатер төндiретiн, өртке қарсы нормалар мен ережелер бұзылған кезде жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, субъектiнiң қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салуға немесе тоқтата тұруға көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз ұсыну арқылы жол берiледi. Бұл ретте өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының жұмысына тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.

Хабарлама алғаннан кейiн прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз жүргiзiлген жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.

9-3-бап. Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы,

астанадағы) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерi

Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерi:

1) меншiк нысанына қарамастан елдi мекендердiң қоныстану аумақтарында және объектiлерде өрт сөндiрудi;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердi өрттен қорғау жөніндегі қызметтi;

3) өрт сөндiруге өртке қарсы қызметтердiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуды;

4) өрттi сөндiру мен жою жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде цехтар және объектiлер жұмысын тоқтата тұруды жүзеге асырады, қажет болғанда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiмдер бередi;

5) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттың үй-жайларына кiруiн шектеудi немесе уақытша тыйым салуды;

6) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiн болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қолдану үшiн азаматтардың ұйымдарға, тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға бөгетсiз кiрудi;

7) адамдарды құтқару және өрттi сөндiру үшiн қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашуды;

8) адамдарды құтқару үшiн және мәжбүрлiк қажеттілік жағдайда өрттi сөндiру мен жою кезiнде ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi олардың меншiк нысанына қарамастан, нұқсан келтiрiлген жағдайда иелерiне шығынды өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен пайдалануды жүзеге асырады.

9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне білім беру және олардың біліктілігiн арттыру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк білімi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:

1) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен жетiлуiне жағдай жасау;

2) өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;

3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгізу болып табылады.";

10) 10-бап алып тасталсын;

11) 10-1-бапта:

мәтіндегі "Мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі қолданылады.";

үшiншi бөлiктегi "iшкi iстер" деген сөздер "өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 10-2 - 10-9-баптардағы "Мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

13) 10-10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"10-10-бап. Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру

Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiретiн ұйымдар мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң өрттен қорғау және өрт сөндiру жөнiнде көрсететiн қызметтерi үшiн бюджетке ақы төлейдi.

Мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң мемлекеттік меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiрмейтiн және мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын объектiлерде өрт сөндiруi ақылы негiзде жүзеге асырылады. Ақы бюджетке аударылады.

Өрттен қорғау және өрт сөндiру бойынша осы бапта көзделген қызмет көрсетулерге ақы төлеу есебiнiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

14) 10-11-баптағы "Мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

15) 11-бап алып тасталсын;

16) 12-баптың бірiншi бөлiгiнде "Мемлекеттік органдар, меншiк" деген сөздер "Меншiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

17) 13-баптың тақырыбындағы және мәтiніндегі "Қоғамдық өрттен қорғау бірлестiгi", "Қоғамдық өрттен қорғау бірлестiктерi" деген сөздер "Қоғамдық бірлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 14-бапта:

бірiншi бөлiк алып тасталсын;

екiншi бөлiктегi "уәкiлеттi мемлекеттік органдардың" деген сөздер "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 15-баптың бесiншi бөлiгіндегі ", жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары" деген сөздер алып тасталсын;

20) 16-бапта:

мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi бөлiктермен толықтырылсын:

"Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының, мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының басшылары меншiк нысанына қарамастан, тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң, салалық өртке қарсы қызметтiң және өртке қарсы ерiктi құралымдардың басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.";

сегiзiншi бөлiктегi "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

тоғызыншы бөлiктегi "Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 18-баптың бірiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:

мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын ұйымдарды өрттен қорғау;";

22) 19-баптың бірiншi бөлiгіндегі "арнайы уәкiлеттiгі бар мемлекеттік органдар" деген сөздер "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 20-баптың екiншi бөлiгінде "өзiн-өзi" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 21-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.";

25) 22-бапта:

бірiншi бөлiктегi "мекемелерi, сондай-ақ тиiстi" деген сөздер "ұйымдары және" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiктегi "республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, ұйымдардың қаражаты есебiнен, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен" деген сөздер "бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

40. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат, № 17-18, 240-құжат, № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат):

1) 16-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

2) 102-бап алып тасталсын.

41. "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 6, 67-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат):

1) мәтіндегі "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдары", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктермен толықтырылсын:

"Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым мен энергетика, аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс саласындағы қызметпен байланысты сараптама объектiсi.

Трансшекаралық объект - iске асырылуы адамдар денсаулығына және екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi ықтимал сараптама объектiсi.";

3) 7-бапта:

1) тармақшада "кез келген" деген сөз "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге тартатын орталық мемлекеттік органдар;";

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) субъектiлерiне мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу бөлiгiнде - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы;";

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргiзуге тартқан, тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар).";

4) 10-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық сараптама саласында шет мемлекеттер аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын объектiлер мен кешендерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда сол мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасасу мәселелерiн шешедi.";

2-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:";

1) тармақшада "орындалуын қамтамасыз етедi және ұйымдастырады" деген сөздер "қамтамасыз етiлуiне және орындалуына қатысады" деген сөздермен ауыстырылсын, "мемлекеттік" деген сөз "өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша алып тасталсын;

5) 11-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы барлық экологиялық-сарапшылық қызметтi үйлестiрудi орындайды.";

2-тармақта:

1) тармақша "мемлекеттік" деген сөздiң алдынан "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң" деген сөздермен толықтырылып, "сараптаманы" деген сөз "сараптамасын" деген сөзбен ауыстырылсын;

4) тармақшада "шаруашылық және өзге де қызметтi" деген сөздер "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"10) сарапшылық комиссиялардың құрамын белгiлейдi, экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) ретiнде орталық және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, қоғамдық бірлестiктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкiлдерiн тартады;";

11) тармақша "заңды тұлғалардан" деген сөздерден кейiн "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге" деген сөздермен толықтырылсын; "министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

12) тармақшада "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң," деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 13) - 15) тармақшалармен толықтырылсын:

"13) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу мен күшiн жою құқығымен мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

14) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының экологиялық сараптама саласындағы қызметiн бақылауды жүзеге асыру ережелерiн бекiтедi;

15) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бланкiсiнiң үлгiсiн бекiтедi.";

6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

экологиялық сараптама саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;

3) экологиялық сараптама саласындағы құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына жiбередi;

4) сарапшылық жұмыстарды жүргiзу үшiн экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тартады.";

7) 13-бапта:

1-тармақтағы "органы мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "органының, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң және өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ "атқарушы органының" деген сөздерден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 14-баптың 9) тармақшасы "жатады." деген сөзбен толықтырылып, 10) тармақшасы алып тасталсын;

9) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi сараптама бөлiмшесi мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратуға құқылы.";

10) 16-баптың 2-тармағы "жүргiзiледi" деген сөздiң алдынан "не өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

11) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган сараптама бөлiмшелерiнiң және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары болып табылады.

Жергiлiктi атқарушы органның сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының орынбасарлары болып табылады.";

12) 20-бапта:

1-тармақтағы "сарапшылық орган" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ "Экологиялық" деген сөз "Штаттан тыс сарапшылардың сараптама жұмыстарын жүргiзуi мен оларға ақы төлеуге байланысты қатынастарды қоспағанда, экологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 22-бапта:

1-тармақтағы "бөлiмшелерi" деген сөзден кейiн "мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың құрамдарын тиiсiнше Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi әзiрлеп, бекiтедi.";

14) 25-бапта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның сарапшылық қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып құратын сарапшылық комиссиялары;";

15) 27-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оны қабылдағаннан кейiн барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.";

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

"5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына сарапшылық бөлiмшелердiң басшылары белгiленген үлгiдегi бланкiде қол қояды.";

16) 33-бапта:

1-тармақтағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс экологиялық сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) жүргiзетiн сарапшылық жұмыстарға шаруашылық қызметтiң бастамашысы (тапсырысшы) ақы төлейді";

17) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен тапсырысшылар арасында туындаған, хаттамамен ресiмделген келiспеушiлiктердi қорытынды берген органның, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қарайды.".

42. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-баптың екiншi абзацындағы "авариялық-құтқару құрамалары" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде аэроұтқыр отрядтар" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.";

4) 5-баптың үшiншi абзацындағы ", жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер алып тасталып, "даярлау мен жарақтандыруға" деген сөздер "даярлауға" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 6-баптағы "газдан құтқару," деген сөздерден кейiн "суда құтқару," деген сөздермен толықтырылсын;

6) 7-баптың 2-тармағында:

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық;";

үшiншi абзац алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Кәсiби суда құтқару қызметтерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары құрады.";

7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының құрамы

Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының құрамы мен құрылымын - Қазақстан Республикасының Үкіметі, суда құтқару қызметтерiнiң құрамы мен құрылымын - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.";

8) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын белгiленген тәртiппен тiркеудi (есепке алуды) - төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган, суда құтқару қызметтерiн - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.";

9) 11-баптың 3-тармағындағы ", мемлекеттік қадағалау органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер алып тасталсын;

10) 13-бапта:

1-тармақтағы "Орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған" деген сөздер алып тасталып, "авариялық құтқару" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

3-тармақтағы "барлық" деген сөз алып тасталсын;

11) 14-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:

1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) кәсiби суда құтқару қызметтерiне қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;

3) объектілік кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның келісімi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды.";

3-тармақтағы "осы Заңның 13-бабына сәйкес аталған құрамалардың жұмысын үйлестіру қызметi жүктелген органдарға" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 16-баптың 1-тармағында:

бесiншi абзацтағы "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Суда құтқару қызметтерiн төтенше жағдайларды жоюға тартуды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аталған төтенше жағдайларды жою өкiлеттiгiне жатқызылған орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою жөніндегі органдар басшыларының сұрау салуы негiзiнде жүзеге асырылады.";

13) 29-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

43. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат):

1) мәтіндегі "өкiлеттi мемлекеттік органдардың", "өкiлеттi мемлекеттік органдармен", "өкiлеттi мемлекеттік органды", "өкiлеттi мемлекеттік органдар", "өкiлеттi мемлекеттік орган", "атом энергиясын пайдалану жөніндегі мемлекеттік өкiлеттi органдар" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:

"атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты, ядролық қаруды таратпау мен Қазақстан Республикасында атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеудi iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атом энергиясын

пайдалану саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеу, атом энергиясын пайдаланатын, қызметкерлер мен халыққа радиациялық әсерi бар қызмет түрлерiн қадағалауды, бақылауды және лицензиялауды;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық сараптаманы;

3) атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн басқаруды және дамытуды айқындайды.";

4) 8-бапта:

тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:";

5) 9-баптың бірiншi бөлiгіндегі "(басшылары, басшыларының орынбасарлары)" деген сөздер алып тасталсын;

6) 18-баптың 3-тармағының алтыншы абзацындағы "сақтандыруды" деген сөзден кейiн "қамтамасыз етедi." деген сөзбен толықтырылып, жетiншi абзац алып тасталсын.

44. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат, № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат):

1) мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 4-баптың 3-тармағының бірiншi бөлiгiнде "арнаулы уәкiлеттi орган немесе адам" деген сөздер "сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 44-баптың 3-тармағындағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 71-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi атқарушы органда" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 74-баптың 2-тармағындағы "Жергiлiктi атқарушы органдар", "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер тиiсiнше "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары", "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 97-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi бюджеттер" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын; "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 109-бапта:

2-тармақтағы "тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi" деген сөздер "тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

45. "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 86-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:

"3-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның

құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзудi және психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз етедi;

2) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және салааралық өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

3) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi;

4) Қазақстан Республикасының аумағында психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады.

3-2-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) психиатриялық жәрдем көрсетудi ұйымдастырудағы қатынастарды реттейтiн, оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктердi айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;

3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте психиатриялық жәрдем көрсететiн мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне бақылау жасауды үйлестiредi және қамтамасыз етедi;

5) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы өңiраралық өзара iс-қимылды жүзеге асырады.";

3) 16-бапта:

2-тармақта:

2) тармақшадағы ", сондай-ақ ересектер үшiн кәсiптiк қайта оқытуды" деген сөздер алып тасталсын;

4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

4-тармақ алып тасталсын;

4) 18-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

5) 43-баптың 1-тармағында:

4) тармақшадағы "психиатриялық және өзге де медициналық сараптама" деген сөздер "психиатр-дәрiгерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақшадағы "мерзiмдi" деген сөзден кейiнгi "және өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

6) 44-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкiлеттi органдары," деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.

46. "Мемлекеттік статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат):

1) 9-1-баптың екiншi бөлiгіндегі "Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкімі" деген сөздер "Ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;

2) 10-баптың жетiншi абзацындағы "жүзеге асыруға" деген сөздерден кейiн "құқылы." деген сөзбен толықтырылып, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;

3) 14-бап алып тасталсын.

47. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат):

1) 5-бапта:

екiншi бөлiкте:

"орталық және" деген сөздер алып тасталсын;

бесiншi абзац алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою жөніндегі күш-құралдарды құруды, дайындауды және олардың қолдануға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi, зардап шеккендерге көмек көрсетедi.";

2) 6-баптың 3-тармағының бірiншi абзацы "басшылары" деген сөзден кейiн "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 12-баптың бірiншi бөлiгіндегі "республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтарынан, өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлiмшелерiнен" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 14-бапта:

3-тармақта:

бірiншi бөлiктегi "Республикалық жедел-құтқару" деген сөздер "Жедел-құтқару" деген сөздермен ауыстырылсын; "қатынас қиын аудандарда, аса күрделi объектiлерде" деген сөздер алып тасталсын;

екiншi бөлiктегi "Республикалық жедел-құтқару" деген сөздер "Жедел-құтқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ алып тасталсын;

5) 16-баптың 1-тармағының үшiншi абзацындағы "орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 17-баптың 2-тармағындағы ", қалалар, аудандар" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 22-бапта:

тақырыбындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi бөлiктегі "Жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiктiң бірiншi абзацындағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтағы "авариялық-құтқару" деген сөздер "суда құтқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

сегiзiншi абзац алып тасталсын;

8) 28-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру бюджет қаражаты және ұйымдардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";

3-тармақ алып тасталсын;

9) 29-бап алып тасталсын.

48. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

"1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі орталық атқарушы орган.

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

3. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.

4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi.";

3) 2-баптағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

4) 3-баптың 2 - 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн құжаттар қоса тiркеледi.

3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.

4. Жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды қарау өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен аспауға тиiс.

Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп, өтiнiш берушiге құжаттарын қайтаруға мiндеттi.

5. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.";

5) 4-бапта:

мәтіндегі "халықты әлеуметтiк қорғау органына" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Жәрдемақының бір түрiнен екiншiсiне ауыстыру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау тәртібі, сондай-ақ осындай жәрдемақыны төлеу осы Заңның 3-бабының 2 - 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.";

6) 5-баптың 4-тармағындағы "Халықты әлеуметтiк қорғау органының" деген сөздер "Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 6-баптың 3-тармағындағы "тағайындайтын және төлейтiн органның" деген сөздер "тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 8-баптың 3-тармағындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" деген сөздер "Орталық" деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 9-баптың екiншi бөлiгіндегі "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 10-бапта:

1-тармақтағы "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың бірiншi және екiншi бөлiктеріндегі "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiне", "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздер тиiсiнше "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға" және "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 12-баптың 5-тармағындағы, 16-баптың 5-тармағындағы және 17-баптағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан" деген сөздер тиiсiнше "Орталықтан" және "Орталық" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 20-баптың 1-тармағындағы "тиiстi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын.

49. "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 7-бапта:

2) тармақшадағы "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

14) тармақшадағы "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 8-бапта:

тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы

органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру

саласындағы өкiлеттiктерi

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары бірiншi басшыларының атынан Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде:";

4) 9-бапта:

тақырыбындағы және 1-тармақтың бірiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасының" деген сөздер тиiсiнше "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы және 3-тармақтың бірiншi абзацындағы "Жергiлiктi өкiлдi органдар", "Жергiлiктi атқарушы органдар бірiншi басшылар атынан" деген сөздер тиiсiнше "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бірiншi басшыларының атынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 6) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 13-баптың мәтiніндегі "жергiлiктi атқарушы органдар", "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 15-бапта:

1-тармақтағы "республикалық бюджеттен, жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаржылар" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

7) 17-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 18-баптың 4-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

50. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 19-20, 147-құжат):

1) 5-баптың екiншi және үшiншi абзацтары алып тасталсын;

2) 6-бапта:

1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;

2-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 7-бапта:

1-тармақта:

бесiншi және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын;

"шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында осы қызметтi қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.";

2-тармақта:

1) тармақшада:

бірiншi абзацтағы "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi және бесiншi абзацтар алып тасталсын;

2) тармақшада:

бірiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацтағы "оларды қаржымен қамтамасыз етудi" деген сөздер алып тасталсын;

төртiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"технопарктер желісін, лизингтiк орталықтарды, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі iс-шараларды әзiрлейдi;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiстiк үй-жайларды және коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiктi жеңiлдiкпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi;";

3-тармақтағы "салалық" деген сөз алып тасталсын;

4) 9-бапта:

1 және 2-тармақтар алып тасталсын;

4 және 8-тармақтардағы "жергiлiктi атқарушы органдарға", "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер тиiсiнше "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 12 - 14-баптар алып тасталсын;

6) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары шағын кәсiпкерлiктi дамыту, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн ұжымдасып қорғау мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бірлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.".

51. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат):

1) 1-баптың 20-тармақшасы алып тасталсын;

2) 6-баптың 1-тармақшасындағы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен," деген сөздер алып тасталсын;

3) 18-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

4) 64-баптың 1-тармағындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

5) 65-бапта:

1 және 2-тармақтардағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

3-тармақтағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттер" және "тиiстi бюджеттiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 67-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

52. "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат):

11-баптағы "республикалық бюджет қаражатының" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

53. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы жетiншi - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

"терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тілінiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;

ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;

уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.";

3) 23-баптың төртiншi бөлiгіндегі "терминология, ономастика жөніндегі тиiстi мемлекеттік" деген сөздер "терминологиялық және ономастикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) тiлдердi дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;

3) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзеді;

5) тiлдердi дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;

6) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiредi.";

5) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-баптармен толықтырылсын:

"25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыретi

1. Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстардың, аудандар мен қалалардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар енгізу;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз құзыретi шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар енгізу мақсатында құрады.

2. Облыстық ономастикалық комиссияларды облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;

2) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау мен енгізу мақсатында құрады.

3. Қалалық ономастикалық комиссияларды:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгізу мақсатында құрады;

2) облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгізу мақсатында құрады.

25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) тiлдердi қолдану мен дамытудың өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеп, бекiтедi және оның орындалуын қамтамасыз етедi;

2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;

4) мемлекеттік тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;

5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.

25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi

атқарушы органының құзыретi

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттік тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi.";

6) 26-бап алып тасталсын.

54. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-бап; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - II" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 8-бапта:

тақырыбындағы "Нотариус лицензиясы" деген сөздер "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы "жекеше нотариустар лицензияларының" деген сөздер "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 13-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

5) 23-баптың тақырыбындағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 30-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 31-бапта:

1-тармақтағы "мемлекеттік нотариустың" деген сөздерден кейiн "және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтағы "Нотариустың салық туралы заңдарды" деген сөздер "Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының салық заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 32-бапта:

4) тармақшадағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;";

"9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;";

мынадай мазмұндағы 10) - 16) тармақшалармен толықтырылсын:

"10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;

11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын керi қайтарып алу туралы талаптарға бастамашылық етедi;

12) нотариаттық iс-әрекеттердi, нотариаттық куәлiктер мен қаулыларды, мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларын тiркеу тiзiлiмдерiнiң нысанын белгiлейдi;

13) жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртібін бекiтедi;

14) Республикалық нотариаттық палатаның келісімi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртібін бекiтедi;

15) кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ереженi бекiтедi;

16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады.";

9) 33-бапта:

1-тармақта:

3) тармақшадағы "жергiлiктi атқару органдарының" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын";

4) тармақшадағы "мемлекеттік нотариустар" деген сөздерден кейiн "және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары" деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабарлап отырады;";

мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;

11) осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады.";

2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

"10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөніндегі, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.";

10) 35-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 46-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын.

55. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат):

1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XIX" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 19" деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы отыз жетiншi - қырқыншы абзацтармен толықтырылсын:

"стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектiсi;

трансшекаралық объект - iске асырылуы екi немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi ықтимал сараптама объектici;

экологиялық қауiптi объект - iске асырылуы ауқымы әрi ұзақтығы бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал және халықтың өмiрi мен денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн сараптама объектiсi;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi.";

3) 7-бапта:

екiншi абзацтағы "және тактикалық" деген сөздер алып тасталсын;

сегiзiншi және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын (келісім-шарттарын) жасасады;

табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды тоқтата тұру және күшiн жою тәртібін бекiтедi;";

оныншы абзац "жүргiзу тәртібін" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

он бесiншi абзацтағы "арнаулы уәкiлеттi органдардың тiзбесiн" деген сөздер "арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдар туралы ереженi" деген сөздермен; "бұл салада" деген сөздер "бұл салалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;";

мынадай мазмұндағы он тоғызыншы - жиырма бірiншi абзацтармен толықтырылсын:

"табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртібін белгiлейдi;

облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн қоршаған ортаны ластауға лимиттер мен квоталар белгiлейдi;

iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу ережесін бекiтедi.";

4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы

уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

2) қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;

3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке, табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемнiң есептiк ставкаларын айқындайды;

5) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн қоршаған ортаны ластауға лимиттер мен квоталар әзiрлейдi;

6) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай жүйесiне басшылық жасайды, өндiрiстiк мониторинг жүргiзудiң үлгi тәртібін бекiтедi;

7) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

8) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

9) өзiнiң аумақтық органдары арқылы су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге, су объектiлерi мониторингiн жүргiзуге, өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келісімдердi әзiрлеуге және олардың жүзеге асырылуын бақылауға, су объектілерін пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ережелер әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;

10) өз құзыретi шегiнде жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

11) жергiлiктi маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;

12) мемлекеттік табиғи қорық қорының табиғи ресурстары мен объектілерін қорғау, молықтыру әрi пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

13) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

14) мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілеріне жалпы басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;

15) табиғи ресурстарды мемлекеттік есепке алуды және олардың мемлекеттік кадастрларын жүргiзедi;

16) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi.";

5) 9-баптағы "өзге де орталық атқарушы органдарының" деген сөздер "арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 10-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы

органдарының құзыретi";

1-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:";

екiншi абзацтағы "бағдарламаларды" деген сөзден кейiн "және iс-шаралар тiзбесiн" деген сөздермен толықтырылсын; "тиiстi" деген сөздiң алдынан "экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

үшiншi және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

төртiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

жетiншi абзацтағы "белгiлейдi" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын; "есептеулер негiзiнде" деген сөздер "есептеулерден кем болмайтындай етiп" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:

"қоршаған ортаны ластауға лимиттер (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) белгiлейдi.";

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) табиғат пайдалануды:

табиғат қорғау объектілерін салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;

шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау әрi жою;

атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;

қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;

жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;

жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;

ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк, тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;

шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуан түрлiлiкке қатер төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;

атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;

жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша реттейдi;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі iс-шаралар көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекітуiне енгізудi ұйымдастырады;

3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қабылдайды;

4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектілерін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;

5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, шаруашылық қызмет объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;

6) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;

7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен кәсiпорындардың табиғат пайдалануын басқаруды жүзеге асырады;

9) қоршаған ортаны ластауға белгiленген лимиттер шегiнде квоталар (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) белгiлейдi.";

7) 14-бапта:

үшiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары" деген сөздер алып тасталсын;

8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"15-бап. Қоршаған ортаны ластауға және табиғи ресурстарды

алуға лимиттер мен квоталар

Қоршаған ортаны ластауға лимиттер мен квоталарды Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн белгiлеген лимиттер мен квоталар шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, ал табиғи ресурстарды алуға - қолданылып жүрген нормативтерге, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптарға сәйкес осы ресурстарды пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органдар белгiлейдi.";

9) 16-баптағы "жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;

10) 17-баптағы "ұлттық (мемлекеттік) бағдарламаларға сәйкес бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;

11) 20-баптың 1-тармағында: бесiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;";

"шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;";

12) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды

пайдалану саласында лицензиялануға тиiстi қызмет

түрлерi

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:

1) шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;

2) экологиялық аудиторлық қызмет;

3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.";

13) 22-баптың бірiншi бөлiгіндегі ", олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi" деген сөздер алып тасталсын;

14) 24-баптың 1-тармағының бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:";

15) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептілік - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде берiледi.";

4-тармақ "орталық атқарушы органға" деген сөздерден кейiн "және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздермен толықтырылсын;

16) 26-баптың сегiзiншi абзацындағы "құру болып табылады" деген сөздер "құру;" деген сөздермен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

"қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау және өтеу болып табылады.";

17) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) экологиялық сақтандыру қаражаты;

3) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;

4) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.";

18) 29-баптың үшiншi бөлiгіндегі бірiншi сөйлем алып тасталсын;

19) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктер мен преференциялар беру және ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.";

20) 51-баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

21) 54-баптың бірiншi бөлiгіндегі "қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерiнiң және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 58-баптың екiншi бөлiгіндегi "саласында арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың" деген сөздер "саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 60-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 64-баптың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.";

25) 75-баптың екiншi бөлiгіндегі "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 77-бапта:

1-тармақтағы "мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өздерi қызметкерлерi болып табылатын органдардың құзыретi шегiнде:";

оныншы абзац "залал" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде құндық" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық азаматтар, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалар орындауға мiндеттi, оларға бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.";

үшiншi бөлiктегi "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

27) мынадай мазмұндағы 77-1 және 77-2-баптармен толықтырылсын:

"77-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік

бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;

2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;

3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтардың орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;

4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;

5) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;

6) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;

7) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жатады.

2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бас мемлекеттік инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланктер болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға, бас мемлекеттік инспектордың орынбасарына және аға мемлекеттік инспекторлар мен мемлекеттік инспекторларға белгiленген тәртiппен бірыңғай үлгiдегi мөр, куәлiктер мен нысанды киім берiледi.

77-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге

асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар

қаланың, астананың) лауазымды адамдары

Қоршаған ортаны қорғау саласында қызметiн жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарына облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерiнiң тиiстi бөлiмшелерiнiң қызметшiлерi жатады.";

28) 79-баптың бірiншi бөлiгіндегі "орталық атқарушы органның" деген сөздер "орталық атқарушы органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 80-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киімдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.";

30) 86-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "белгiленген тәртiппен нұқсанды есептеудiң бекітілген кесiмдi бағасы мен әдiстемесiне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша" деген сөздер "қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.

56. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат):

1) 8-бапта:

үшiншi абзац алып тасталсын;

төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын қамтамасыз етедi;";

он үшiншi абзац алып тасталсын;

2) 11-бапта:

тақырыбындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергілiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацтағы "ерекше" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi маңызы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

үшiншi абзац алып тасталсын;

алтыншы абзацта "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацтағы "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орналасқан" деген сөздер "жергiлiктi маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы абзацтағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"17-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы

шешiмдер қабылдау

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiм қабылдау үшiн табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары болуы қажет.";

4) 35-баптың 2-тармағындағы "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 37-баптың бірiншi абзацындағы "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 46-1-баптағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 73-бапта:

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"бюджет қаражатының;";

үшiншi және төртiншi абзацтар алып тасталсын;

8) 74 және 75-баптар алып тасталсын;

9) 81-бапта:

1-тармақта:

бірiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;";

үшiншi абзац "жергiлiктi" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау туралы" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

57. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат):

1) 20-бап алып тасталсын;

2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"22-бап. Сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру

Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргiзудi қаржыландыру, Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Сот сараптамасы органдарында сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген, соттың дәлелденген анықтамасымен расталған негiздер болған жағдайларды қоспағанда, азаматтық iстер бойынша - тараптар есебiнен жүзеге асырылады.

Азаматтық iстер бойынша сараптамаларды және мамандандырылған зерттеулердi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламаларға енбейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу кезiнде сот сараптамасы органы шеккен шығыстарды өтеу бөлiгiнде сот сараптамасы органы алған сомалар сот сараптамасы органдарының шоттарына сот сарапшыларын кәсiптiк даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiруге аударылады.";

3) 23-бап алып тасталсын;

4) 24-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

58. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат):

1) 5-баптың 2-тармағындағы "республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер "бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 9-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегі "Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тiзiлiмi" деген сөздер "Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын.

59. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат):

1) 29-бап алып тасталсын;

2) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

"4-1-тарау. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар

және атаулы көмектiң басқа да түрлерi

29-2-бап. Орталық мемлекеттік басқару органдары

Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттік органдар оралмандарға:

1) халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:

Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;

"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеудi;

азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;

2) білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:

орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде квота бөлудi;

3) Сыртқы iстер министрлігі:

Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;

4) Қорғаныс министрлігі:

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.

29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:

1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;

жұмысқа орналасуда, біліктілігiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;

мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;

мемлекеттік тiлдi және орыс тілін оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.

2. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.

3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

29-4-бап. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға

қосымша жеңiлдiктер

Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға жоғарыда аталған жеңiлдiктер мен өтемақылардан басқа мемлекет атынан:

1) кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:

шекарадан кеден төлемдерiн және салықтар алмай өткізудi;

2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:

тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеудi;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлудi және біржолғы жәрдемақылар төлеудi қамтамасыз етедi.".

60. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат):

1) 6-баптың үшiншi, төртiншi, жетiншi және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;

2) 7-бапта:

үшiншi абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлейдi;";

мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

"энергия үнемдеудiң және жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелiк, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;

энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады.";

3) 8-бапта:

тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы

органдарының энергия үнемдеу саласындағы құзыретi

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын бекiтедi;

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуы туралы есептерiн қарайды.";

2-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:";

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"энергия үнемдеу бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi;";

үшiншi абзац алып тасталсын;

4) 9-баптағы "мемлекеттік" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 13-баптағы "мемлекеттік бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 18-бап алып тасталсын.

61. "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат):

1) 5-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртібін белгiлейді.";

2-тармақтың бірiншi абзацындағы "Атом энергиясы жөніндегі өкiлеттi орган" деген сөздер "Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауiпсiздiктi

қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады:

1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;

2) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу және бекіту, олардың сақталуын бақылау;

3) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;

4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;

5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;

7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады:

1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;

2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;

3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау.";

3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртібі әрбір ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісіледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.";

4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға

қойылатын талаптар

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттік органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi.

2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде:

1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;

2) радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;

3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;

4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;

5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;

6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.

3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган талдайды және бекiтедi.";

5) 16-баптың төртiншi абзацындағы "жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарымен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 17-баптың екiншi абзацындағы "жергiлiктi мемлекеттік басқару" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.

62. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 7-8, 79-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., № 6, 75-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат):

1) 3-бапта:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес бекiтедi.";

2) 4-тармақта:

бірiншi абзацтағы "атқарушы органдары" деген сөздер "атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы "заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге" деген сөздер "жер туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "Yкіметі бекiткен тәртiпке" деген сөздер "жер туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын.

63. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 9-10, 84-құжат; 2000 ж., № 21, 397-құжат):

1) 1-баптың сегiзiншi абзацындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық

атқарушы органның құзыретi";

1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган:

1) шекарасы бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен шығатын белгілi бір тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;

2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарау үшiн қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;

4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi республикалық бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактілік деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге;

6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге;

7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органынан қажеттi ақпаратты сұратуға және оның ұсынылатын мерзiмiн белгiлеуге құқылы.";

3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

"7-1-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық

(республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы

органның құзыретi

Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган:

1) осы бапта аталғандарды қоспағанда, шекарасы бір облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгiлi бір тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс-әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;

2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;

4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактілік деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге;

6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқылы.".

64. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат):

1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 14-баптың бірiншi абзацындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың", "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер тиiсiнше "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 25-баптағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

65. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат):

1) 3-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

2) 4-бапта:

1) тармақша алып тасталсын;

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"5) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi;";

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекітуге ұсынады.";

3) 5 және 6-баптар алып тасталсын.

66. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат):

1) кiрiспе мен 1-бапта орыс тілінде өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

2) 3-бапта:

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"23) уәкiлеттi орган - белгiленген құзыретi шегiнде табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;";

3) 4-бапта:

3-тармақтағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 7-бапта 16) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

"17) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келiсуге мiндеттi.";

5) 12 - 14 және 14-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Уәкiлеттi орган

Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

"13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган:

1) екi немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметiн жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiн, сондай-ақ кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табиғи монополиялар субъектiлерiн не табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес процентi облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;

2) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;

3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;

5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектiлерiн реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;

2) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;

3) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға тоқсан сайын табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi туралы есептi жiбередi.

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган өз құзыретi шегiнде:

1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

2) табиғи монополия аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;

3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;

5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;

6) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын олар бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;

8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;

9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

10) өз бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;

12) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде шығындары ескерiлетiн сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға;

13) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге;

15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;

16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;

17) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;

18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;

19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртібі мен шарттарын бекітуге;

20) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлігінiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін бекітуге;

21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы өз құзыретi шегiнде:

1) табиғи монополия аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;

2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға;

3) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;

4) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

5) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;

6) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;

7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

8) өз бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша арызы мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

9) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;

10) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде шығындары ескерiлетiн сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға;

11) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

12) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге;

13) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;

14) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;

15) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;

16) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге құқылы.

3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган:

1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;

2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;

3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;

5) мыналардың:

тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;

тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;

уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға мiндеттi.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;

2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;

3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;

5) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның талап етуi бойынша ол белгiлеген мерзiмде қажеттi ақпаратты ұсынуға;

6) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiткен табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн қолдануға мiндеттi.";

6) 15-1-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Уәкiлеттi орган" деген сөздер "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 18-1-бапта:

2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 18-4-баптың 5-тармағындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

67. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат):

1) 10-баптың 8) және 13) тармақшалары алып тасталсын;

2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

"10-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (аймақтық) бағдарламаларды әзiрлейдi;

2) асыл тұқымды мал шаруашылығын:

асыл тұқымды малды сатып алуға алынған кредиттердiң сыйақы ставкаларын;

құрылатын асыл тұқымды мал орталықтарында тұқымдық малды сатып алу мен ұстауға және асыл тұқымды өнiмдерiн (материалды) сақтауға арналған шығындарды;

дистрибьютерлiк орталықтар мен малды жасанды түрде ұрықтандыру пункттерi үшiн криогендi жабдық сатып алуды субсидиялау арқылы дамытуға жәрдемдеседi.";

3) 11-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

4) 15-бапта:

1-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақтағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 22-баптың үшiншi бөлiгіндегі "субъектiлер" деген сөзден кейiн "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын.

68. "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат):

1) 5-баптың 3-тармағында:

2) тармақша "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақшадағы "уәкiлеттi және өзге де органдармен бірлесе отырып," деген сөздер алып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;";

мынадай мазмұндағы 15) - 18) тармақшалармен толықтырылсын:

"15) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласына келiп түскен техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды бақылауды жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;

17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар бередi.";

2) 6-баптың 8) тармақшасындағы "енгізуге" деген сөз "енгізуге құқығы бap." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;

3) 10-баптың 1-тармағындағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 15-бапта:

2-тармақтағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi орталық атқарушы органы" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi орталық атқарушы органдары" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы" деген сөздер "Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 16-бапта:

1-тармақтағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "жасау Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi орталық атқарушы органдары белгiлеген тәртiпке сәйкес олардың арасындағы келiсу бойынша жүзеге асырылады" деген сөздер "жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 17-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары" деген сөздер "ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 37-бап бойынша орыс тіліне түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi.

69. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат):

1) Заңның мәтiніндегі "Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi", "Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерiнде", "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi", "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерiнде" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi", "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде", "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi", "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 74-бапта:

1-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 78-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 106-баптың 1-тармағында "Жергiлiктi" деген сөз "Аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 163-бап "органдарда" деген сөзден кейiн ", ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - тиiстi әкiм аппаратында" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 175-баптың екiншi сөйлемiнде "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 182-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгiнде "жергiлiктi атқарушы органдарда" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 209-баптың 3-тармағындағы "жеріндегі" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын.

70. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат):

1) тақырыбында орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

2) 1-бапта:

10) тармақша алып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"13) уәкiлеттi орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы;";

3) 5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiк кеңестерiнiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;

4) 6-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттік сараптау-тексеру комиссияларын құрады және олар туралы ережелердi бекiтеді.";

3-тармақтың бірiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздерi болып табылатын:

1) республикалық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келісімiнсiз;

2) коммуналдық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының келісімiнсiз жоюға рұқсат етiлмейді.";

5) 7-бапта:

2-тармақтың 2) тармақшасында "облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтағы "Уәкiлеттi органдарға" деген сөздер "Уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректер есебiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.";

7) 11-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 13-бапта:

1-1-тармақта "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "уәкiлеттi мемлекеттік" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 17-баптың 1-тармағындағы "Мемлекеттік" деген сөз алып тасталып, "бюджет" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

10) 18-бапта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын мұрағат iсiн мемлекеттік реттеу мәселелерiне мыналар жатады:";

3) тармақшадағы "тарихи" деген сөздiң алдынан "республикалық меншiктегi" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 12) - 16) тармақшалармен толықтырылсын:

"12) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды да толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бірыңғай ережелерi мен нормаларын белгiлеу;

13) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және үйлестiру;

14) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда iс жүргiзу және құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;

15) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың және басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн апостильдеу;

16) автоматтандырылған мұрағаттық технологиялар әзiрлеу және оларды енгізудi ұйымдастыру.";

мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

"2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы жүзеге асыратын мұрағат iсiндегі қатынастар мен оны басқаруды мемлекеттік реттеу мәселелерiне:

1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында мұрағат iсiнде және құжат құрауда бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;

2) коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

3) коммуналдық меншiктегі Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткiштердi қорғау, оларды сақтау және пайдалану;

5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында мұрағат iсiн дамыту және құжаттама жүргiзудiң аймақтық мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру;

6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

7) коммуналдық меншiктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша дерекқор қалыптастыру;

8) құжат құрау мәселелерi бойынша ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мемлекеттік ұйымдарында құжаттарды ведомстволық сақтаудың жай-күйiн бақылау;

9) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру жатады.";

11) 19-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Мұрағат iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.";

2-тармақтағы "мұрағат iсi мен құжаттама жүргізу мәселелерi жөніндегі" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

12) 20-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) уәкiлеттi орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары);";

13) 21-баптағы "жергiлiктi уәкiлеттi органдарды" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; "республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 22-баптың 1-тармағындағы "Қаржы полициясы агенттiгіне" деген сөздер "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiне (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.

71. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат):

1) 28-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

2) 29-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.

72. "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат):

1) мәтiнде "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-бапта:

1-тармақта:

4) тармақша алып тасталсын;

5) тармақшадағы "сондай-ақ баратын пунктiн" деген сөздер "баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндiк объектiлерден бос немесе олар аз таралған аймақтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақша алып тасталсын;

3) 8-баптың 1-1) тармақшасы "карантинге жатқызылған" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа елдер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 8-1-бапта:

2-тармақ "арналады" деген сөзден кейiн "және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

5) 9-1-бапта:

1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы "және қамтамасыз етедi" деген сөздер алып тасталсын;

6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"11-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды

жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтетуге құқығы бар.";

7) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) облыс, қала, аудан аумағында - облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган қабылдайды.";

8) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды

қаржыландыру";

9) 17-бап алып тасталсын;

10) 18-баптың тақырыбындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын, "карантинi" деген сөз "карантинiн" деп жазылып, одан кейiн "анықтау" деген сөзбен толықтырылсын.

73. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат):

1) 8-баптың 3-тармағындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

2) 9-бапта:

1-тармақтағы "жергілiктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

3) 11-баптың 2-тармағы "капитандары," деген сөзден кейiн "түзеу мекемелерiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;

4) 12-баптың 2-тармағы "прокурордың" деген сөзден кейiн ", судьяның" деген сөзбен толықтырылсын;

5) 15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде 18) тармақшадағы "беру" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "тәртібі белгiленедi" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

"19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;

20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртібі белгiленедi.".

74. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат):

1) 4-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

2) 6-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

3) 9-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

4) 12-баптың 3 және 9-тармақтары алып тасталсын;

5) 27-баптың 4-тармағындағы "республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 28-бап алып тасталсын;

7) 29-бапта:

3) тармақшадағы "республикалық бюджеттен қаражат алатын" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-8) тармақшалармен толықтырылсын:

"4-1) мемлекеттік білім беру гранты, мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк кредиттер туралы ережелердi бекiтедi;

4-2) білім берудiң жалпыға бірдей мiндеттi мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу, бекіту тәртібін және оның қолданылу мерзiмдерiн айқындайды;

4-3) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерiн бекiтедi;

4-4) біліктілік талаптарын және білім беру қызметiн лицензиялау тәртібін бекiтедi;

4-5) мемлекеттік үлгiдегi білім туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды берудiң тәртібін айқындайды;

4-6) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінiң кепiлдiк берiлген мемлекеттік нормативiн бекiтедi;

4-7) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын, сондай-ақ Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;

4-8) жеке адамның тәрбиесiне, білім алуына және кәсiби қалыптасуына зор үлес қосқан мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы шешiм қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгiзедi;";

5) тармақшадағы "республикалық бюджеттен қаражат алатын" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 30-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, олардың білім беру саласындағы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк игiлiктердiң минимумын алуын қамтамасыз етедi;";

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"1-1) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асырады, білім беру саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

1-2) ұсынылатын білім беру қызметiн көрсетудiң сапасына талдау жасайды және әдiстемелiк әрi әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;";

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) жалпыға бірдей мiндеттi білім берудiң мемлекеттік стандарттарын бекiтедi;";

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) аралық мемлекеттік бақылау өткізудiң ережесін бекiтедi;";

5) тармақшадағы "мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен бірлесiп" деген сөздер алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) білім беру қызметiн жүзеге асыру құқығына:

жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;

республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және кәсiптiк орта білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;

дiни білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);

халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға лицензия бередi;";

мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:

"9-3) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда), кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк орта білім беру және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады және жүргiзедi;";

10) тармақшадағы "оқу-ғылыми жабдықтарды әзiрлеу мен ендiрудi" деген сөздер "жалпы орта білім беретiн республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:

"10-1) жалпы орта білім беретiн республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;";

"11-1) мектептен тыс республикалық маңызы бар iс-шаралар өткізудi ұйымдастырады;";

12) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:

"14-3) осы Заңның 14-бабында көзделген нысандар бойынша оқыту ережелерiн бекiтедi;";

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"15) ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары мен кәсiпорындарының құрылтай құжаттарын бекiтедi;";

18) тармақшадағы "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

20), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

9) 31-бапта:

1-тармақта:

1) тармақшада "білім беру ұйымдарын" деген сөздер "білім берудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "жергiлiктi бюджеттер" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:

1) білім берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекітуiне енгiзедi;

2) азаматтарға кәсiптiк бастауыш білім берудi қамтамасыз етедi;

3) кәсiптiк орта білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi;

4) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім берудi - қамтамасыз етедi;

5) дарынды балаларға мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;

6) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта білім беретiн, арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жас өспiрiмдер мектептерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;

7) бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;

8) кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда), сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беретiн білім беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

9) мiндеттi жалпы орта білім беретiн ұйымдар үшiн, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткізудi ұйымдастырады;

10) облыс ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткізудi қамтамасыз етедi;

11) балаларға спорт бойынша қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;

12) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;

13) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

14) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;

15) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

17) кәсiптiк орта білім беретiн ұйымдардың бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;

18) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.";

мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:

"3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) білім берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекітуiне енгiзедi;

2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта білім алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;

3) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта білім берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

4) азаматтардың кәсiптiк бастауыш білім алуын қамтамасыз етедi;

5) азаматтардың кәсiптiк орта білім алуын қамтамасыз етедi;

6) мектеп жасына дейiнгi білім алу мен тәрбие берудi қамтамасыз етедi;

7) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн білім беру ұйымдарын, мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;

8) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта білім берудiң негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ оларды мемлекеттік аттестаттауды жүргiзудi ұйымдастырады;

9) кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;

10) білім алушылардың бірыңғай ұлттық тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;

11) мiндеттi жалпы орта білім беретiн мекемелер үшiн, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламаларын iске асыратын мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткізудi ұйымдастырады;

12) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;

13) мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда) қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

14) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;

15) дарынды балаларға мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;

16) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткізудi қамтамасыз етедi;

17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;

18) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;

19) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;

20) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

21) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

22) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

23) білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;

24) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) білім берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;

2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта білім берудi қамтамасыз етедi;

3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта білім алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;

4) арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім беру ұйымдарын құрады, қайта құрады және таратады;

5) арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім берудiң негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ оларды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады;

6) мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда) қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

7) мiндеттi жалпы орта білім беретiн мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткізудi қамтамасыз етедi;

8) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;

9) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізудi ұйымдастырады;

10) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

13) білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;

14) ауылдық жердегi білім беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

15) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.

5. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі мектепке дейiнгi тәрбие беретiн білім беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi.

Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі ауылдық (селолық) жерде білім алушыларды мектепке дейiн және керi тегiн жеткізудi ұйымдастырады.";

10) 32-бап алып тасталсын;

11) 33-баптың 3-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;

12) 35-баптың 4-тармағы, 7-тармағының төртiншi бөлiгi және 8-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

13) 37-баптың 6-тармағындағы ", ал бақылау жасау - тиiстi мемлекеттік органдарға" деген сөздер алып тасталсын;

14) 40-бапта:

1-тармақтың екiншi бөлiгіндегi "еңбек саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып" деген сөздер "еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтағы "экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн," деген сөздер алып тасталсын;

15) 41-бапта:

2-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;

4-тармақтың 2) тармақшасындағы "жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 43-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мемлекет жыл сайын білім беруге, оның басымдығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі.";

3-тармақ алып тасталсын;

17) 44-бапта:

1-тармақтағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Түзеу мекемелерiнде мiндеттi жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім беру үшiн үй-жайларды ұстауға және жарақтандыруға байланысты шығыстарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы жүзеге асырады.";

18) 45-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "білім беру мен өзге де ақылы" деген сөздер "білім беру қызметiн көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.

75. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;

1-2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;";

2) 2-баптағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-бапта:

2-тармақтағы "тағайындау жөніндегі" деген сөздер "тағайындау жөніндегі уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "орталық атқарушы орган" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.";

4) 6-баптың 2-тармағындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан" деген сөздер "Орталықтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 7-баптың бірiншi бөлiгіндегi "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" деген сөздер "Орталық" деген сөзбен ауыстырылсын.

76. "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат):

16 және 22-баптардағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын.

77. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат):

1) 4-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;

2) дәм айыру комиссиясы туралы ереженi бекiтедi;

3) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша өндiрiстiң паспортын бекіту үшiн қажеттi мәлiметтер тiзбесiн белгiлейдi;

4) этиль спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiнiң және айналымының декларациясын ұсыну тәртібін айқындайды;

5) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бір түрге жатқызады.";

3-тармақ алып тасталсын;

2) 6-баптың 4-тармағы, 7-баптың 3-тармағы және 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

3) 18-бапта:

2-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға және көтерме саудада өткізуге және алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) бөлшек саудада өткізуге лицензиялар алу үшiн тексеруге төленетiн ақының мөлшерi Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарына сәйкес айқындалады.".

78. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат):

1) 1-бапта:

7) тармақша "жаттықтырушылар мен" деген сөздер "жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және" деген сөздермен толықтырылсын;

16) тармақшадағы "нысаны" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 17)-19) тармақшалармен толықтырылсын:

"17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бір бөлiгi;

18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бір бөлiгi;

19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.";

2) 8-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті органдар" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 9-баптың 3-тармағындағы "жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 11-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға" деген сөздер "қалалардың, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың (селолардың), кенттердiң әкiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 12-бапта:

2-тармақтағы "өкiлдi және" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бірлестiктерiмен бірлесе отырып, республикалық жарыстар өткізудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бірлестiктерiмен бірлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейіндегі спорттық iс-шаралар өткізудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.";

6) 14-баптың тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

7) 16-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгіндегі ", жазбаша нысандағы келісім болып табылады және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс" деген сөздер алып тасталсын;

8) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

"22-1-бап. Спорттық сыныптама

1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген біліктілік талаптарына сәйкес бередi.

Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген біліктілік талаптарына сәйкес берiледi.

2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:

1) спорттық атақтар:

"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;

"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;

Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

2) спорттық разрядтар:

Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;

1-разрядты спортшы;

2-разрядты спортшы;

3-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

3. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай біліктілік санаттары берiледi:

біліктілігі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;

біліктілігi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер;

біліктілігі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;

біліктілігi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;

біліктілігi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;

біліктілігi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер;

біліктілігi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;

біліктілігi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;

біліктілігi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;

біліктілігi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы;

біліктілігi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі жаттықтырушыларға мынадай біліктілік санаттары берiледi:

біліктілігi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;

біліктілігi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы;

біліктілігi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;

біліктілігi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;

біліктілігi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;

біліктілігi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы;

біліктілігi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;

біліктілігi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

5. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегі төрешiлерге мынадай біліктілік санаттары берiледi:

жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;

ұлттық спорт төрешiсi;

бірiншi санатты спорт төрешiсi;

спорт төрешiсi.";

9) 23-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1 тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;";

6), 9), 14), 18) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

"9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;";

"14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:

"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;";

"18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;";

"20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртібін айқындайды.";

10) 23-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру

және спорт мәселелерi жөніндегі құзыретi

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;

3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;

5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;

6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;

7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктілігi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi;

9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;

12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етедi;

13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады.

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы орган:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;

3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;

5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;

6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бірiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктілігi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;

7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.

3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi.";

11) 25-бапта:

1-тармақтағы "тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-4-тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Қазақстан Республикасының Үкіметі спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету және республикалық спорттық iс-шараларға қатысушылар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеу нормативтерiн бекiтеді.";

12) 26-баптың 1-тармағындағы "Мемлекеттік бюджеттен" деген сөздер "Бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 29-баптағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен" деген сөздер "аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органның және" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 30-бапта:

1-тармақтағы "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары" деген сөздер "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "атқарушы өкiмет органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-1-тармақтағы "мемлекеттік қаражат" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ алып тасталсын;

15) 30-1-бапта:

2-тармақтың бірiншi абзацы "қамсыздандыру" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен төленедi және" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

16) 31-баптың екiншi бөлiгіндегі "мемлекеттік қаражат" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

79. "Өлшем бірлiгiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат):

1) 5-бапта:

2-тармақта:

1) тармақшадағы "қалыптастырады және iске асырады" деген сөздер "әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) мемлекеттік шама бірлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;";

мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:

"3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн халықаралық бірлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды;";

6) тармақшадағы "мен бекіту тәртібін белгiлейдi" деген сөздер "тәртібін белгiлейдi және бекiтедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

"16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртібін айқындайды.";

2) 8-баптың екiншi бөлiгi, 10-баптың үшiншi бөлiгi, 11-баптың екiншi бөлiгі алып тасталсын;

3) 31-баптың 1-тармағында:

бірiншi абзацтағы "Республикалық бюджеттiң қаражаты" деген сөздер "Бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын.

80. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат):

29-бапта:

бірiншi бөлiктегi "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

үшiншi бөлiктегi "шығындардың өтемiн қорғауды" деген сөздер "шығындарды өтеу қауiпсiздiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

81. "Күзет қызметi туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат):

9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Мемлекеттік күзетiлуге жататын объектiлердi айқындау тәртібін, сондай-ақ олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.".

82. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат):

1) 2-баптың 12) тармақшасындағы "уәкiлеттi органдар" және "мемлекеттік органдар" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган" және "мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-бапта:

2-1-тармақтағы "уәкiлеттi" деген сөз алып тасталсын; "ұйымдастыруды" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2-2. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi балалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiкке билiк етуге уәкiлеттiгi бар орган жүзеге асырады.";

ескерту "тапсырыс берушi" деген сөздерден кейiн "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын және "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 7-бапта:

2-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

3-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

4) 18-баптағы "мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 19-бапта:

тақырыбындағы "Уәкiлеттi органдардың" деген сөздер "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірiншi абзацтағы "органдар" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорыту;";

6) және 8) тармақшалар алып тасталсын.

83. "Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат):

1) 12-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға.";

2) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.";

3) 14-баптың 2-тармағындағы "Уәкiлеттi орган" деген сөздер "Білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 22-баптың 2-тармағындағы "уәкiлеттi білім беру органы" деген сөздер "білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

84. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат):

1) 4-баптың 6)-8) тармақшалары алып тасталып, 5) тармақша "арқылы" деген сөзбен толықтырылсын;

2) 5-бапта:

1) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

8) тармақша алып тасталсын;

3) 6-бапта:

2) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

6) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

4) 10-бапта:

3) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

7) тармақшадағы "селекция, тұқым шаруашылығы және" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

"10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;";

12) тармақшадағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген мөлшерде" деген сөздер алып тасталсын;

5) 11-баптың 6-тармағында:

бірiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 17-баптың 3) тармақшасы "арқылы жүзеге асырады." деген сөздермен толықтырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

7) 24-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "құқығы бар." деген сөздермен толықтырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын.

85. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат):

1) 6-баптың 2-тармағындағы "ұйымдарда" деген сөз "ұйымдарға" деген сөзбен, "өкiлдiктерiн ұстауға" деген сөздер "өкiлдерiн жiберуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 10-бап алып тасталсын.

86. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат):

1) 20-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

2) 27-бапта:

1-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектілерін салу мен пайдалануды ұйымдастырады;";

9) тармақшадағы "мемлекеттік бақылауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 31-бапта:

1-тармақта:

7) тармақшадағы "электр беру, байланыс желiлерiн" деген сөздер "жылу мен электр желiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;";

4) 35-баптың 1-тармағында:

7) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;";

"10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тiркеудi ұйымдастырады;";

18) тармақшадағы "және спорт" деген сөздер алып тасталсын;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;".

87. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат):

1) 13-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 20-баптың 2) және 3) тармақшаларындағы "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 22-баптағы ", республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 27-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдардың," деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының," деген сөздермен ауыстырылсын.

88. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат):

1) 10-баптың 1) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

2) 11-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзiрлейдi;";

4) тармақша алып тасталсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"10) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңдары мен нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;";

11) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

3) 12-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық,

астаналық) атқарушы органдардың құзыретi";

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"6) турагенттiк, туроператорлық қызметтi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялауды жүзеге асырады;";

9), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

4) 15-баптағы "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлетті органның" деген сөздер тиiсiнше "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган", "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган", "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; ", экскурсиялық" деген сөз алып тасталсын;

5) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Туристiк ұйымдардың қызметкерлерiн аттестаттау туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.";

6) 26-баптың 9-тармағындағы "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен ауыстырылсын.

89. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат):

4-бапта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге қойылатын талаптарды белгiлейдi;";

мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

"6) тiркеу тәртібін, тiркеу туралы куәлiктiң нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтердiң құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлейдi;

7) сенім бiлдiрiлген патенттi өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртібін айқындайды.".

90. "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат):

1) 1-бапта:

15) тармақшадағы "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы" деген сөздер алып тасталсын; "құратын" деген сөз "құрылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 3-баптың 2) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

3) 6-баптың 7-тармағының 6) тармақшасы "құқығы бар." деген сөздермен толықтырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;

4) 16-баптың 2-тармағындағы "органдар" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 17-бапта:

5) тармақшадағы "әзiрлейдi және" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) - 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

"7-1) Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереженi бекiтедi;

7-2) Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережелерiн бекiтедi;

7-3) ғылым кандидаттарына, ғылым докторларына, доценттер мен профессорларға берiлетiн мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың нысандарын бекiтедi;";

10) тармақша алып тасталсын;

6) 18-бапта:

1-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"4-1) мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын, осы ұйымдардың ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;

4-2) оның мүшелерiн сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультациялық-кеңесшi органы туралы үлгi ереженi бекіту;";

7) тармақша "құру" деген сөзден кейiн "және олардың қызметiн қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібін бекіту" деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 12)-18) тармақшалармен толықтырылсын:

"12) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында аталған объектiлерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

13) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды iзденушiлерге қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібін бекіту;

14) біліктілігi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттік аттестаттау жүргiзудi ұйымдастыру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту;

15) мемлекет атынан ғылым кандидаты мен ғылым докторының белгiленген мемлекеттік үлгiдегi дипломдарын, доцент және профессор аттестаттарын беру;

16) мемлекеттік мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнiмдерiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнiмдерiн басып шығарудың орындылығын айқындау;

17) бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бекіту және оларды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ету;

18) Қазақстан Республикасының Yкіметіне ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу жатады.";

2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

7) 19-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;

8) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

9) 21-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Ғылыми ұйымның басшысын қызметке тағайындау және қызметтен босату осы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.";

3-тармақтың екiншi бөлiгі алып тасталсын;

10) 22-бапта:

1-тармақта:

1) тармақшадағы "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақта "қаражатқа" қатысты орыс тілінде түзету енгізiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi; "мекемелердiң - бағдарламалар әкiмшiлерiнiң" деген сөздер алып тасталсын; "қызметiн" деген сөз "қызметтi" деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

12) 26-бапта:

2-тармақтағы "республикалық бюджеттен қаражат" деген сөздер "бюджет қаражатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақ алып тасталсын;

13) 27-баптың бірiншi бөлiгіндегі "заң актілерімен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

14) 30-баптың 2 - 5-тармақтары алып тасталсын;

15) 31-баптың 1-тармағындағы "уәкiлеттi мемлекеттік орган мен ғылыми ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын; "ынтымақтастықты" деген сөз "ынтымақтастық" деген сөзбен ауыстырылсын; "жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

91. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат):

1) 1-бапта:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

мынадай мазмұндағы 55-58-тармақтармен толықтырылсын:

"55. Инженерлiк инфрақұрылым - адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен қызмет айналымының тұрақты жұмыс iстеуi үшiн қалыпты жағдай туғызатын кәсiпорындардың (ұйымдардың), объектiлердiң (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң коммуникациялары мен желiлерiнiң жиынтығы.

56. Көлiк инфрақұрылымы - көпiр, тоннель және өзге де көлiктiк құрылыстардың, жол тарамдары мен белгi беру құрылғыларын, байланысты реттейтiн жол өткiзгiштерiнiң, көлiк жұмысын инженерлiк қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныс және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыт жолдарына және жылжымайтын мүлiк объектілерін қамтитын объектiлерге заңдарда бекітілген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темір) жолдар, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы.

57. Республикалық маңызы бар объект - жоспарлануы мен салынуы мемлекеттік мiндеттердi орындау үшiн қажеттi немесе облысаралық маңызы бар, күрделi халық шаруашылық маңызы бар бақылау объектiсi; "бірегей объект"; жеке-дара конструкторлық шешiмi бар, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объект.

58. Жергiлiктi маңызы бар объект - пайдаланылуының бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнде маңызы бар, республикалық бюджеттi қоспағанда, жоспарлануы мен құрылысы жергiлiктi бюджеттен және басқа көздерден қаржыландырылатын бақылау объектiсі.";

2) 6-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "басқа да" деген сөздер алып тасталсын;

3) 13-бапта:

2-тармақтағы "немесе орталық атқарушы органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақтың 3) тармақшасындағы "жергiлiктi сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 18-бапта:

3) тармақшадағы "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуге" деген сөздер және "ғана қатысатын" деген сөздер алып тасталсын;

4) тармақшадағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша алып тасталсын;

5) 19-бапта:

2) тармақшадағы "мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады" деген сөздер "бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "басқа да қалалардың," деген сөздер "қаланың" деген сөзбен ауыстырылсын; "халық саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталсын;

9) тармақшадағы "мемлекеттік бағдарламаларды" деген сөздер "бағдарламаларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

12) тармақша алып тасталсын;

6) 20-бапта:

2) тармақшадағы "мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу" деген сөздер "бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы "республикалық маңызы бар қалалардың, халық саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"10) өтiнiш берушiлердiң (лицензияға үмiткерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестiгiне сарапшылық баға беру үшiн жеке және заңды тұлғалардың тіркелуiн жүзеге асыру;";

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"12) Қазақстан Республикасының аумағында қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалау саласындағы қызметтi үйлестiру;";

14) тармақшадағы "облыстық және республикалық маңызы бар қалалық органдарының" деген сөздер "жергiлiктi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

"17) мына объектiлер:

стратегиялық; халық шаруашылығы үшiн маңызы бар трансшекаралық; "бірегей"; жеке-дара конструкторлық шешiмi бар объектiлер бойынша қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалау саласындағы қызметтi үйлестiру жатады.";

7) 21-бапта:

1) тармақшадағы "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

2) тармақшадағы "әкімі", "әкiмшiлiк" деген сөздер тиiсiнше "әкiмдiгi", "әкiмшiлiк-аумақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "қала үлгiсіндегі кенттердiң" деген сөздер "халқы жүз мың тұрғыннан аспайтын кенттердiң, аудандық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

8) 22-бапта:

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "қалалар" деген сөздер "қала, астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) қала құрылысы бас жоспарының жобасын бекіту туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;";

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне заң тәртібімен қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған жапсарлас аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) әкiмдiк ұсынған кешендi схемасын мақұлдау;";

2) және 3) тармақшалардағы "әкімі" деген сөз "әкiмдiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Халқы жүз мың тұрғыннан асатын" деген сөздер алып тасталып, "облыстық" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақшадағы "әкімі" деген сөз "әкiмдiгі" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақша "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

9) 23-бап алып тасталсын;

10) 24-бапта:

тақырыбындағы "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

1) тармақшадағы "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

4) тармақшадағы "облыстық бюджеттен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "облыстық маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

11) 25-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi

саласындағы құзыретi";

бірiншi абзацтағы "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "қорының" деген сөзден кейiн "қалалық маңызы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақша алып тасталсын;

12) тармақшадағы "қалалық бюджеттен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "қалалық маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

15) тармақша "жатады." деген сөзбен толықтырылып, 16) тармақша алып тасталсын;

12) 26-бапта:

тақырыбындағы және бірiншi абзацтағы "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) - 4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

7) тармақшадағы "аудан бюджетiнен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "аудандық маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

10) тармақшадағы ", мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін" деген сөздер алып тасталсын; "тұрғын үй қорын" деген сөздердiң алдынан "аудандық маңызы бар" деген сөздермен және "ұйымдастыру" деген сөзден кейiн "жатады." деген сөзбен толықтырылсын;

11) тармақша алып тасталсын;

13) 27-бапта:

тақырыбындағы "және қала құрылысы" деген сөздер ", қала құрылысы және құрылыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары (қызметтерi) қарамағындағы аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады.";

2-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының құзыретiне:";

2) тармақша алып тасталсын;

3) тармақшадағы "облыс" деген сөз "әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша алып тасталсын;

7) тармақшадағы "облыстық деңгейде" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейде" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9)-12) тармақшалармен толықтырылсын:

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру;

10) халқы жүз мыңнан асатын облыстық деңгейдегi қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;

11) жобалық құжаттаманың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық жасау;

12) тиiстi аумақта қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және жергiлiктi маңызы бар сәулет-құрылыс бақылау жүйесiне басшылық ету жатады.";

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақта "Облыстық және республикалық маңызы бар қалалық" деген сөздер "Жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;

5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

14) 32-баптың 2-тармағындағы "iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "жөніндегі жергiлiктi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 33-бапта:

2-тармақ алып тасталсын;

6-тармақтағы "сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының басшысы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады.";

16) 34-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

17) 35-баптың 1-тармағында:

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақшадағы "қалалардың" деген сөз "қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "iстерi" деген сөз алып тасталсын; "жергiлiктi басқару органдарының" деген сөздер "жергiлiктi органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 36-бапта:

1-тармақтағы "(не мемлекеттік инспекторлар)" деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақтағы "(не мемлекеттік инспекторлар)" деген сөздер алып тасталсын;

19) 37-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "қалалық" деген сөзден кейiн ", астаналық" деген сөзбен толықтырылсын;

20) 39-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тапсырысшылары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерi болып табылады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiктерiнiң уәкiлеттi мемлекеттік органы жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органы болып табылады.";

3-тармақ алып тасталсын;

21) 68-бапта:

2-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдардан" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақтың бірiншi сөйлеміндегі "уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздер "жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 75-баптың 3-тармағының екiншi абзацындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

92. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат):

1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары;";

2) 3-бапта:

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "және жергiлiктi" деген сөздер ", облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын; "аудандардың әкiмшiлiк орталықтарымен, ауылдық елдi мекендермен" деген сөздер "облыс және аудан орталықтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.";

4-тармақтағы "1), 2) және 3)" деген цифрлар "1)-4)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

7-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "Жергiлiктi" және "жергiлiктi" деген сөздер тиiсiнше "Облыстық және аудандық" және "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-баптың 1-тармағы "бақылауды" деген сөзден кейiн "автомобиль жолдары жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 6-бапта:

2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "және жергiлiктi" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:

"Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.

Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн жол органдарымен келiсе отырып облыстық атқарушы органдар бекiтедi.";

3-тармақтың бірiншi бөлiгiнiң бірiншi абзацындағы "және жергiлiктi" деген сөздер ", облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары пайдаланбайтын жер учаскелерiн автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеген, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтаған жағдайда, сервис объектiлерi мен жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға шарт негiзiнде уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.";

6) 10-баптың 1-тармағындағы "тиiстi мемлекеттік органдардың алдын ала келісімiмен" деген сөздер "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктер шегіндегі жергiлiктi атқарушы органдардың келісімi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 11-бапта:

тақырыбындағы "өкiлеттiгi" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы "халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн анықтау," деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақша "жатады." деген сөзбен толықтырылып, 7) тармақша алып тасталсын;

8) 12-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік

органның құзыретi";

1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Уәкiлеттi" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан "Автомобиль жолдары жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақша алып тасталсын;

4) тармақша "жол саласын" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақшадағы ", оларды қаржыландыру жөніндегі жоспарлардың жобаларын әзiрлеу, бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;

12) тармақша алып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";

15) тармақшадағы "заңдарды iске асыру, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын; "қамтамасыз ету" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

17) - 20) тармақшалар алып тасталсын;

21) тармақшадағы "кеңейту" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, "жатады" деген сөз алып тасталсын және бап мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

"22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару жатады.";

9) 13-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:

1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;

2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау жатады.";

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздерден кейiн "және аудандық (қалалық)" деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақшадағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын; "автомобиль жолдарын" деген сөздерден кейiн ", елдi мекендердегi көшелердi" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";

3) тармақшадағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын; "желісін" деген сөзден кейiн ", елдi мекендердiң көшелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшадағы "және оларды қаржыландыру жөніндегі жергiлiктi бюджет баптарын орындау" деген сөздер алып тасталып, "басқару" деген сөзден кейiн "жатады." деген сөзбен толықтырылсын;

5) тармақша алып тасталсын;

10) 14-бапта:

1-тармақтың екiншi сөйлемi "iсiн жоспарлауды" деген сөздерден кейiн "тиiстi" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ "жөндеу үшiн" деген сөздердiң алдынан "күрделi және орташа" деген сөздермен толықтырылсын;

11) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттік бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың, аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.";

12) 17-бапта:

1-тармақтағы "Халықаралық және республикалық маңызы бар" деген сөздер алып тасталып, "жалпыға" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

2 және 4-тармақтар алып тасталсын.

93. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақшадағы ", Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қалада, астанада)" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы;";

2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға, ал ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне табыс етедi.";

3) 4-бапта:

2-тармақ "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн ", ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтағы "әкiмдерден" деген сөздер "кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірiншi бөлiгі "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн ", ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтағы "уәкiлеттi органдарға" деген сөздер "жергілiктi атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 5-бапта:

1-тармақ "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн "ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер "жергілiктi мемлекеттік басқару органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалалық, астаналық) атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн "ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;

5) 7-бапта:

1-тармақтағы ", Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қалада, астанада)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "аудандық, қалалық" деген сөздер алып тасталсын; "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн ", ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 9-бап алып тасталсын.

94. "Темір жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат, 2004 ж., № 18, 110-құжат):

1) 12-баптың 2-тармағының екiншi сөйлеміндегі "және атқарушы" деген сөздер алып тасталсын;

2) 14-бапта:

2-тармақтың 5) және 11) тармақшалары алып тасталсын;

3-тармақтың бірiншi абзацындағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 17-баптың 2-тармағындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орындармен" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

95. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 320-құжат):

1) 1-баптың 17) тармақшасында "өз құзыретi шегiнде" деген сөздер алып тасталсын;

2) 4-бапта:

6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) азаматтық авиация ұйымдары ұсынатын сертификатталынатын жұмыс және қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн бекіту;";

15) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

"15-1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шетел авиакомпаниялары мен ұйымдарын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу тәртібі мен шарттарын айқындау;";

16) тармақша алып тасталсын;

3) 5-баптың 1-тармағында:

26) тармақшадағы "авиациялық қауiпсiздiк" деген сөздер "авиациялық персонал" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 26-1) - 26-10) тармақшалармен толықтырылсын:

"26-1) азаматтық авиация саласындағы сертификаттық талаптарды бекіту;

26-2) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегi радиосәулелендiру құралдарын мемлекеттік тiркеу ережелерiн бекіту және олардың жарамдылық куәлiктерiн беру;

26-3) азаматтық авиация саласындағы еңбек қауiпсiздiгiн және өндiрiс санитариясын қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет ету жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

26-4) өз құзыретi шегiнде әуежай қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

26-5) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

26-6) әуе кемелерiн есептен шығару ережелерiн қабылдау;

26-7) сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекіту;

26-8) ұшулардың қауiпсiздiгі мен авиация қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

26-9) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы саласында нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

26-10) азаматтық авиация саласында инспекциялық қарауды және инспекциялық тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларына, авиациялық персоналдың қолданылып жүрген куәлiктерi бар, ұшуларды техникалық жағынан қамтамасыз ететiн экипаж мүшелерiне, бортсерiктерге, инженерлiк техникалық құрамға және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісілгеннен кейiн әуе кемесiнiң ұшу кезіндегі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн персоналға халықаралық үлгiдегi сәйкестендiру карточкаларын беру;";

27) тармақша алып тасталсын;

29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"29) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу.";

4) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi - төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетел авиакомпаниялары, азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шетел ұйымдары, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге жатады.

Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеуден:

1) Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен жасасқан келісімдерiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда немесе осындай келісімдердiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға қатысты шарттарымен айқындалған өзге де негiздi;

2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеудiң тәртібі мен талаптары сақталмаған жағдайларда бас тартады.

Шетел авиакомпанияларын аккредиттеу мерзiмi аккредиттеу үшiн қажеттi барлық құжаттар ұсынылған күннен бастан отыз күннен аспайды.";

5) 8-баптың бірiншi бөлiгіндегі "куәлiгi" деген сөз "сертификаты" деген сөзбен ауыстырылсын.

96. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж, № 20, 116-құжат):

1) 1-баптың 51) тармақшасындағы "мемлекеттік басқару органы" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-бапта:

2-тармақтың 11) тармақшасы "бекіту" деген сөзден кейiн "жатады." деген сөзбен толықтырылып, 2) және 12) тармақшалары алып тасталсын;

3-тармақта:

2) тармақшадағы "сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеуге қатысу" деген сөздер "сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

"15) кемелердiң мемлекеттік тiзiлiміндегі кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру жатады.";

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

"3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектілерін салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.";

4-тармақтағы "шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 44-баптағы "шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"194-бап. Мемлекеттік органдардың құтқару операцияларына

қатысуы

Мемлекеттік органдар және құтқарушылар осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес құтқару операцияларына қатысады.".

97. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат):

1) мәтіндегі "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 32-бап алып тасталсын.

98. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 5, 54-құжат):

1) 5-баптағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-бапта:

1), 4)-8) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру;";

мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

"11) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн атмосфералық ауаның ластану лимиттерiн белгiлеу жатады.";

3) 7-бапта:

2) тармақшада "органдардың" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) атмосфералық ауаға зиянды (ластайтын) заттарды шығарудың аумақтық лимиттерiн айқындау әдiстемелерiн әзiрлеу және бекіту;";

6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;

8) тармақшадағы "жақсартудың мемлекеттік" деген сөздер "жақсарту" деген сөзбен ауыстырылсын;

9), 11), 12) және 14) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

"15) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу;

16) атмосфералық ауаны ластағаны үшiн базалық төлем ставкасын есептеу жатады.";

4) 8-бапта:

тақырыбындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Өздерiнiң құзыретi шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша "жөніндегі" деген сөзден кейiн "аймақтық" деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) атмосфералық ауаның ластанғаны үшiн (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) төлемдер ставкаларын, бірақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындаған есептiк ставкалардан төмен емес деңгейде, белгiлейдi;";

3) тармақшадағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Өздерiнiң құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) атмосфералық ауаны ластауды азайту, сондай-ақ шығарындылардың аумақтық лимиттерiн сақтау мақсатымен елдi мекендердегi көлiктер легiн реттейдi;";

2) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейiн "аймақтық" деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген лимиттер шегiнде атмосфералық ауаның ластану лимиттерiн белгiлейдi.";

5) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететiн, өздерi үшiн белгiленген шектi жол берiлетiн шығарындылардың нормативтерiнен асып кететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар шектi жол берiлетiн шығарындылар нормаларына қол жеткізу мақсатында оны қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен олардың құзыретi шегiнде бірлесiп әзiрлейдi, келiседi және жүзеге асырады.";

6) 11-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

7) 12-бап алып тасталсын;

8) 13-баптың 3-тармағындағы "заңдарында белгiленген" деген сөздер "Yкіметі белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 14-бапта:

3-тармақтағы "көлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады." деген сөздер "көлемiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды." деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақ "орналастыру" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен," деген сөздермен, "оның аумақтық бөлiмшелерiмен" деген сөздерден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

10) 15-бапта:

2-тармақ "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiнiң ұсынуы бойынша жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 16-баптың 3-тармағының мәтiніндегі "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 17-бапта:

1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi мен" деген сөздер алып тасталып, "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген cөздeр "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; "және атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық атқарушы органдардың" деген сөздер алып тасталсын;

13) 19-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік статистика органдарымен келiсе отырып" деген сөздер "мемлекеттік статистика органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 21-баптың 1-тармағындағы "жергіліктi атқарушы органдар атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингiн ұйымдастырады," деген сөздер "атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингiн ұйымдастырады," деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 22-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасындағы "қорғаудың мемлекеттік" деген сөздер "қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртiппен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 23-баптың 4-тармағы "бөлiмшелерiне" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

17) 24-бапта:

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "органы" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

15) тармақша "шығаруға" деген сөзден кейiн "құқығы бар." деген сөздермен толықтырылып, 16) тармақша алып тасталсын;

2-тармақтағы "органы" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

18) 25-баптың бірiншi абзацындағы "органының" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын, 26-баптың 3-тармағындағы "органы" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

19) 27-бапта:

4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен және атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) тармақшадағы "оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын, ", атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзушылықты жою туралы" деген сөздер алып тасталсын.

99. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат):

1) 6-баптың 1-тармағындағы "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 14-бапта:

2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "aca" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiтетiн" деген сөздермен толықтырылсын, ", республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын профилактика мен оларға қарсы күрес іс-шараларын" деген сөздер алып тасталсын;

9) тармақша "ұйымдастыруды" деген сөзден кейiн "жүзеге асырады." деген сөзбен толықтырылып, 10) тармақша алып тасталсын;

3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулармен күресу мақсатында ветеринарлық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.".

100. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат):

1) 20-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

"8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi жалпы орта және бастапқы кәсiби білім беру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету.";

2) 21-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын;

3) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары

1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;

2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;

3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;

4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізу;

5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;

6) қылмыстық жазаны атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету;

7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;

8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.

2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.".

101. "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат):

1) 6-баптың 3) тармақшасындағы "орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн" деген сөздер алып тасталсын;

2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн, соның iшiнде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, әзiрлеудi қамтамасыз етедi, аталған ережелердi бекiтедi немесе келiседi;";

3) 8-бап алып тасталсын;

4) 9-бапта:

1) тармақша алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) қауiптi өндiрiс объектiлеріндегі авариялардың алдын алу және жою жөніндегі шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабардар етедi.";

5) 11-бапта 14) тармақшадағы "мiндеттi." деген сөз алып тасталып, "сақтандыруға" деген сөзден кейiн ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

"15) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен халықты және ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы хабардар ету.".

102. "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту туралы" 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 10, 104-құжат):

1) 1-баптың 5) тармақшасы "сақтау" деген сөзден кейiн ", медициналық және фармацевтикалық білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 4-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасындағы "бірыңғай мемлекеттік саясатты" деген сөздер "мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi" деген сөз бас әрiппен басталып жазылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі қоғамдық бірлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;";

4) тармақша алып тасталсын;

3-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары:";

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі қоғамдық бірлестiктермен, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.";

3) 5-баптың екiншi бөлiгіндегі "азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;

4) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) бюджет қаражаты есебiнен;".

103. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат):

1) 4-баптың 3) тармақшасы "жергiлiктi" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 5-бапта:

1) тармақшадағы "саясатты әзiрлеу және iске асыру;" деген сөздер "саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша "ынтымақтастық" деген сөзден кейiн "енедi." деген сөзбен толықтырылып, 5) тармақша алып тасталсын;

3) 6-баптың 1-тармағында:

18) тармақшадағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

21) тармақша "қатысу" деген сөзден кейiн "енедi." деген сөзбен толықтырылып, 22) тармақша алып тасталсын;

4) 7-баптың 2-тармағында 4) тармақша "бақылау" деген сөзден кейiн "енедi." деген сөзбен толықтырылып, 5) тармақшасы, 3-тармағында 4) тармақша "бақылау" деген сөзден кейiн "енедi." деген сөзбен толықтырылып,

5) тармақшасы және 4-тармағында 3) тармақша "бақылау" деген сөзден кейiн "енеді." деген сөзбен толықтырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының

өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) құрылысын жүзеге асырады, оларды тиiстi жағдайда ұстайды және күтедi.";

6) 16-бапта:

2-тармақтағы "арналған" деген сөзден кейiн "және қалыптасқан фитосанитарлық ахуалды ескере отырып, фитосанитарлық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады." деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

7) 18-баптың 4-тармағындағы "олардың санын" деген сөздерден кейiн "облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 20-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі iс-шараларды

қаржыландыру көздерi";

1-тармақта:

бірiншi бөлiк алып тасталсын;

екiншi бөлiктегi "Республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "Бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы "қамтиды." деген сөз алып тасталып "нүктелi үтiр" қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.";

2-тармақ алып тасталсын.

104. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат):

1) 5-баптың 2) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) геодезияны және картографияны дамытудың салалық бағдарламасын әзiрлеу;";

3) 10-бапта:

1-тармақтағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "Тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары" деген сөздер "Бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 13-баптағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

105. "Инновациялық қызмет туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 142-құжат):

1) 1-баптың 9) тармақшасындағы ", сондай-ақ" деген сөз "арқылы" деген сөзбен ауыстырылсын, "өзге де қызметтер көрсету арқылы" деген сөздер алып тасталсын;

2) 5-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

3) 8-баптың 1-тармағының 6) және 8) тармақшалары, 2-тармағының 6) тармақшасы, 3-тармағының 3) тармақшасы, 4-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

4) 9-баптың 5-тармағындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

5) 10-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) бюджет қаражаты;".

106. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат):

1) 18-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 20-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгіндегі, 23-баптағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

107. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат):

1) 5-бапта:

2) тармақшадағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

3) тармақшадағы "ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

4) тармақшадағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша "ынтымақтастық" деген сөзден кейiн "кіредi." деген сөзбен толықтырылып, 7) тармақша алып тасталсын;

2) 7-баптың 2-тармағындағы "бір мезгiлде" деген сөздер алып тасталсын; "бола алады" деген сөздер "болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 8-бапта:

3) тармақшадағы "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшада "Республикасының" деген сөзден кейiнгi "ветеринария саласындағы" деген сөздер алып тасталсын, "әзiрлеу мен бекітудi ұйымдастыру;" деген сөздер "әзiрлеу мен бекіту;" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"10) ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;";

11) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөз "жүргiзу" деген сөзбен ауыстырылсын;

12) тармақшадағы "ұйымдастыру мен" деген сөздер алып тасталсын;

13) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"18) басқа елдердiң ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар ел аумағындағы салауаттылық деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, баламалылығын тану;";

мынадай мазмұндағы 19)-21) тармақшалармен толықтырылсын:

"19) экспорттаушы елдiң ғылыми негiздемесi жеткiлiксiз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиiстi ақпараттың негiзiнде уақытша ветеринариялық шараларды енгізу;

20) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн анықтау, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру, оның өкiлдерiнiң осы аумақтарда инспекция жүргiзуге қол жеткізуiн қамтамасыз ету;

21) жеткiлiктi ғылыми негiздемеге негiзделген және адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығына тигiзетiн салдарлары ескерiлген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетiн ветеринариялық нормативтердi әзiрлеу мен бекіту кiредi.";

4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап. Аудандардың (қаланың) өкiлдi және атқарушы

органдарының ветеринария саласындағы құзыретi

1. Ауданның (қаланың) өкiлдi органының құзыретiне:

1) елдi мекендерде жануарларды күтiп ұстау ережелерiн бекіту;

2) елдi мекендерде иттер мен мысықтарды серуендетудiң ережелерiн бекіту;

3) жануарларды күтiп ұстаудың санитарлық аймақтары шекараларын белгiлеу кiредi.

2. Ауданның (қаланың) атқарушы органының құзыретiне:

1) ауданның (қаланың) жергiлiктi өкiлдi органына елдi мекендерде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерiн, жануарлар ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмiндiлерiн (биотермиялық шұңқырлар) салуды ұйымдастыру және ветеринариялық нормативтерге сәйкес оларды күтiп ұстауды қамтамасыз ету кiредi.";

5) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

"10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село),

ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретi

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретiне:

1) елдi мекен жерлерiнде мал жаятын орындарды айқындау;

2) елдi мекен аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру кiреді.";

6) 11-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

7) 16-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасы "өкiлдiк ету" деген сөзден кейiн "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 1) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

2-тармақтың 4) тармақшасы "табыс ету" деген сөзден кейiн "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

3-тармақта:

бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:";

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";

2) тармақшадағы "(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақша "табыс ету" деген сөздерден кейiн "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

"3-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:

1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлер басып шығару;

3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттар беру;

4) ветеринариялық есеп пен есептілік жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсыну;

5) шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге аумақтағы ветеринария инспекторларын қызметтен шеттету туралы шешiм шығару кiредi.";

4-тармақтың 5) тармақшасы "табыс ету" деген сөзден кейiн "кiредi." деген сөзбен толықтырылып, 2) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

8) 21-баптың 3-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 24-баптың 5) тармағындағы "азаматтардың денсаулығын сақтау" деген сөздер "денсаулық сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 27-бапта:

1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бірлiктiң жергiлiктi атқарушы органы карантин режимiн және шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы шешiм қабылдайды.";

"3. Ветеринариялық iс-шаралар өткiзiлген жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бірлiктiң жергіліктi атқарушы органы шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiм қабылдайды.

4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган шектеу iс-шараларын белгiлеуi мүмкiн.";

11) 35-бапта:

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "республикалық бюджет" деген сөздер бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

2-тармақтың 6) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын.

108. "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат):

1) 6-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) мемлекеттік статистикалық есептілік негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен бірлесе отырып кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн жүргiзедi;";

8) тармақшадағы "әр түрлi ведомстволық бағыныстағы" деген сөздер алып тасталсын;

11) тармақша алып тасталсын;

2) 7-бапта:

1) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

6) тармақшадағы "әр түрлi ведомстволық бағыныстағы" деген сөздер алып тасталсын;

3) 8-бапта:

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы l-l) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) үйде оқыту бағдарламаларын қоса алғанда, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды бекiтедi;";

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"1) үйде оқыту бағдарламаларын қоса алғанда, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiнде бағдарлама әзiрлеп, оны мәслихаттардың бекітуiне ұсынады; кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ереже әзiрлейдi; үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;

2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;";

6) тармақша алып тасталсын;

3-тармақтағы "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен" деген сөздер "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң шешiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсе отырып білім беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.";

5) 13-баптағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 14-баптың 3-тармағындағы "және өзге де ұйымдарда" деген сөздер алып тасталсын.

109. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат):

7-бапта:

1-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру;";

6) тармақшада "бiлдiру жатады" деген сөздер "бiлдiру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүдделерiнде мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шаралар шеңберiн айқындау жатады.";

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтың 3) тармақшасындағы "белгiлеу жатады." деген сөздер "белгiлеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру жатады.".

110. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат):

1) мәтіндегі "мемлекеттік шекарадағы", "мемлекеттік шекарада" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттік шекарадағы", "Мемлекеттік шекарада" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;";

2-тармақта:

2) тармақшадағы "санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік ұйымдар" деген сөздер "сондай-ақ мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "ғылыми-зерттеу ұйымдары;" деген сөздердiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;

3) 5-бапта:

бірiншi абзац және 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;";

2 - 4-тармақтар алып тасталсын;

4) 6-бапта:

5) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

7) тармақша алып тасталсын;

5) 7-бапта:

12) тармақша алып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"14) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастырады және оларды жүргiзу тәртібін айқындайды;";

мынадай мазмұндағы 18)-31) тармақшалармен толықтырылсын:

"18) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу тәртібін бекiтедi;

19) тиiстi құжатты бере отырып, санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеу тәртібін белгiлейдi;

20) санитарлық паспорттар беру, есепке алу және жүргiзу тәртібін айқындайды;

21) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шаралар ұйымдастырады;

23) жұқпалы ауруларға қарсы халықты профилактикалық егудi ұйымдастыруды және бақылау жүргiзудi жүзеге асырады;

24) өз құзыретi шегiнде тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;

25) өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттік және мемлекетаралық сараптамасына қатысады;

26) өнiмге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге жобалау нормаларына мемлекеттік және халықаралық стандарттарды келiседi;

27) ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзедi;

28) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін айқындайды;

29) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

30) салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;

31) адам денсаулығына зиянды әсер ететiн жекелеген өнiм түрлерi мен заттарды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу бойынша сараптама комиссияларын құрады.";

6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

"7-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы

және көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның

аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:

1) Қазақстан Республикасының аумағында және Мемлекеттік шекарасында темір жол және әуе көлiгiнiң объектілерін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады;

3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады;

4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптілігi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, темір жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;

5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;

6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды iске асыруға қатысады;

7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;

8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;

9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;

10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;

11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;

12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;

13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.";

7) 8-бапта:

тақырыбы және бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) атқарушы органдарының халықтың

санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары:";

1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6) - 23) тармақшалармен толықтырылсын:

"6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

7) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастырады;

8) тиiстi аумақтарды жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырады;

9) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге өңiрлiк стандарттарды қарайды және келiседi, сондай-ақ өз құзыретi шегінде мiндеттi лицензиялануға жататын қызмет түрлерiне қорытындылар бередi;

10) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптілігi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда автомобиль және теңiз қатынастарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;

11) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесi құжаттарының жобаларын, нормативтiк құқықтық актiлер, есепке алу және есептілік нысандарын әзiрлеуге қатысады;

12) улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;

13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды iске асыруға қатысады;

14) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, тиiстi аумақта санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзеді;

15) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;

16) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзедi;

17) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiктiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлік құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;

18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;

19) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қатысады;

20) аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы тиiстi аумақтағы халықты уақтылы хабардар ету жөнiнде iс-шараларды жүзеге асырады;

21) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

23) жобалардың сараптамасына қатысады.";

мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Облыстардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы атқарушы органдарының аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) өкiлдерi болады.";

8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының

құзыретi

1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:

1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;

3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;

5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;

10) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;

12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым өз құзыретi шегiнде:

1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;

5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;

7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.

3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:

1) республиканың түрлi өңiрлеріндегі жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;

2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;

3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;

5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;

6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;

7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;

8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.

4. Обаға қарсы мемлекеттік мекемелер:

1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;

2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;

3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөніндегі iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;

4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;

5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.";

9) 10-бапта:

1-тармақтың бесiншi абзацындағы "атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "тиiстi аумақтарда" деген сөздер алып тасталсын;

10) 22-бапта:

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақтағы "мен ұйымдары" деген сөздер алып тасталсын;

11) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзеді.";

12) 26-баптың 1-тармағындағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 30-баптың 2-тармағындағы "жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; бесiншi жолдағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

111. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат):

1) 4-бапта:

1) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

5) тармақша алып тасталсын;

2) 5-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

3) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.";

4) 21-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.

112. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат):

1) 4-бапта:

6) тармақшадағы "сәйкес" деген сөзден кейiн "тұқым шаруашылығы және селекция саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақша "өткізудi," деген сөзден кейiн мынадай редакцияда жазылсын:

"тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттік қамтамасыз ету;";

12) тармақшадағы "төмендету;" деген сөз "төмендету арқылы жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақша алып тасталсын;

2) 5-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;";

4) тармақшадағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген және (немесе) перспективалы деп танылған бірегей тұқымдар өндiрiсiн субсидиялау және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн элиталық тұқым сорттарының құнын арзандату тәртібін айқындайды;";

мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

"9) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық сынағын өткізу тәртібін айқындайды;

10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша тұқымның, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу тәртібін айқындайды.";

3) 6-баптың 1-тармағында:

1) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

10) тармақша алып тасталсын;

20) тармақшадағы "қаражат" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; "республикалық бюджетте" деген сөздер алып тасталсын;

25) тармақша алып тасталсын;

4) 7-бап алып тасталсын;

5) 8-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "жүзеге асыруға;" деген сөз "жүзеге асыруға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;

6) 12-бап алып тасталсын.

113. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат):

1) 1-баптың 42) тармақшасындағы "мемлекеттік басқару органы" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-баптың 3-тармағының 14) тармақшасындағы "өткізу;" деген сөз "өткізу жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 15) тармақшасы алып тасталсын;

3) 8-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

2-тармақта:

6) тармақшадағы "почта" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

15) және 19) тармақшалар алып тасталсын;

3-тармақтың бірiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын.

114. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат):

1) 3-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

2) 23-баптың 7) тармақшасына орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi.

115. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат):

1) 1-баптың 5) тармақшасындағы "энергетика саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi;";

3) 4-бапта:

2) тармақшадағы "өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

4) 5-бап мынадай мазмұндағы 7)-12) тармақшалармен толықтырылсын:

"7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi;

8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi;

11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi.";

5) 6-бапта:

1-тармақтың бірiншi абзацындағы: "саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтағы "Сауда саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "Монополияға қарсы саясат саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақтағы "Көлiк саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ "органдар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 10-бапта:

1-тармақта:

1) тармақшадағы "энергетика саласындағы мемлекеттік" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "энергетика саласындағы мемлекеттік" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын.

116. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат):

11-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын.

117. "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 52-құжат):

1) 6-бапта:

2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

9) тармақша алып тасталсын;

2) 7-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.

118. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат):

1) 1-баптың 9) тармақшасы "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары," деген сөздердiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 6-бапта:

1) тармақшадағы "мемлекеттік саясатты айқындайды және iске асырады" деген сөздер "мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

3) 7-бапта:

3) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

11) тармақшадағы "республикалық бюджеттiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"13) республикалық маңызы, сондай-ақ қызметi бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана шегiнен тыс қолданылатын ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер бөлiгiнде медициналық және дәрiгерлiк қызметтi, және акушерлiк, гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;";

17) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

"21-1) екiншi және үшiншiден басқа, біліктілік санатын беруге емтихан өткiзедi;";

28) тармақша алып тасталсын;

4) 8-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi мемлекеттік органдарының құзыретi";

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша алып тасталсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"11-1) республикалық маңызы бар, сондай-ақ қызметi бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнен тыс қолданылатын ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтердi және акушерлiк, гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн қоспағанда, медициналық және дәрiгерлiк қызметтi;

дәрiлiк заттар өндiрiсiн, дайындауды, көтерме және бөлшек саудамен өткізудi және денсаулық сақтау жүйесiнде есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлерiн: өндiрудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, бөлудi, сатуды, пайдалануды, жоюды;

дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

11-2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.";

12) тармақша алып тасталсын;

5) 9-бапта:

тақырыбындағы және бірiншi абзацындағы "Денсаулық" деген сөз "Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асырушы мамандардың кәсiби біліктілігiне аттестаттау жүргiзедi;";

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

"11-1) жоғары және бірiншiден басқа, біліктілік санатын беруге емтихандар өткiзедi;";

12) тармақшадағы "қамтамасыз етедi" деген сөздерден кейiн "және оны ұйымдастырады" деген сөздермен толықтырылсын;

17) тармақша алып тасталсын;

6) 10-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi

лицензиялау";

мәтіндегі "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер алып тасталсын; "лицензиялауына" деген сөз "лицензиялауға" деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 21-баптың 4-тармағындағы, 23-баптың 3-тармағындағы "денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары" деген сөздердiң алдынан "облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 37-баптың 2-тармағындағы "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының" деген сөздердiң алдынан "облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

9) 44-баптың 1-тармағының төртiншi абзацы "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары;" деген сөздердiң алдынан "облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

10) 47-баптың 3-тармағындағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 51-бапта:

1-тармақтың төртiншi абзацындағы, 2-тармақтағы "мемлекеттік бюджеттiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;".

119. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат):

1) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

2) 5-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын.

120. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат):

1) 1-баптың 12) тармақшасындағы ", жергіліктi атқарушы орган" деген сөздер алып тасталсын;

2) 3-баптың 2-тармағының 23) тармақшасында орыс тілінде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

3) 106-баптың 4) тармақшасындағы "ақпаратты;" деген сөз "ақпаратты өзiнiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиiс." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын.

121. "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж. № 15, 134-құжат):

1) 12-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

2) 13-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;

3) 14-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы

органдарының құзыретi";

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша алып тасталсын;

2-тармақта:

бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша алып тасталсын;

4) 23-баптың 1-тармағының 3-тармақшасындағы "егер жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 26-баптың 5-тармағындағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

122. "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат):

1) 5-бапта:

1) тармақшадағы "мемлекеттік саясатты айқындайды және iске асырады" деген сөздер "мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

9) тармақша алып тасталсын;

2) 6-бапта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде дәрiлiк заттар өндiрiсiне байланысты қызметке және есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияларды бередi және қайтарып алады және лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады;";

13) тармақша алып тасталсын;

3) 7-баптың 11) және 17) тармақшалары алып тасталсын;

4) 8-бапта:

1-тармақта:

бірiншi абзацтағы "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы "заңдарында белгiленген" деген сөздер "Үкіметі белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша алып тасталсын;

2-тармақта:

бірiншi бөлiктегi "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

"4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарына ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдары үшiн:

негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттар, медициналық техника мен медицинаға арналған бұйымдар;

туберкулезге қарсы, диабетке қарсы дәрiлiк заттар, онкологиялық аурулар үшiн химиялық препараттар, бүйрегiнiң мүкiсi бар және бүйрегiн ауыстырғаннан кейiнгі аурулар үшiн дәрiлiк заттар, диализаторлар және жұмсайтын материалдар сатып алуды жүзеге асырады;

5) дәрiлiк заттар дайындауға, көтерме және бөлшек саудамен өткізуге лицензиялар бередi және қайтарып алады және лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады.".

2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев

Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 20-і, № 13-III ҚРЗ