Мұнай туралы
1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Заңымен күші жойылды
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының мұнай (5-7 баптар)
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық (8-1 - 8-3 баптар)
5-тарау. Контрактiлер (25 - 29 баптар)
6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу (30 - 36 баптар)
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай (36-1 - 39 баптар)
операцияларын жүргiзу
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi (40 - 41 баптар)
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi (42 - 45 баптар)
9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың (46 - 49 баптар)
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
10-тарау. Коммерциялық шарттар (50 - 52 баптар)
11-тарау. Құқықтық шарттар (53 - 59 баптар)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен кіріспе алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 07.04.03 ж. № 403-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншілес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізуге мердігер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесі бар ұйымдар;
2) барлау - мұнай іздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
геологиялық-геофизикалық зерттеулерді;
құрылымдық бұрғылауды;
іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
3) блок - мұнай операцияларын жүргізу үшін мердігерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретінде белгіленген жер қойнауының учаскесі;
4) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
5) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңіздері (көлдері) алабында іргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;
6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) келісім-шарт - мердігер мен құзыретті орган арасында мұнай операцияларын жүргізуге арналған шарт;
8) келісім-шарттық аумақ - мердігер келісім-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргізуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
9) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмірсутектерінің бір немесе бірнеше табиғи шоғырлары;
10) кен орындарын әзірлеудің оң тәжірибесі - мұнай операцияларын жүргізу кезінде ұтымды, қауіпсіз, тиімді және қажетті болып саналатын мұнай операцияларын жүргізудің жалпы қабылданған әлемдік практикасы;
11) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегі көмірсутектердің жағдайлары, ұңғымалардың өнімділігі туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөніндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларын сынау;
12) коммерциялық табу - келісім-шарт аумағында әзірлеу үшін рентабельді бір немесе бірнеше кен орнын табу;
13) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және мұнай операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік реттеумен, келісім-шарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;
14) магистральдық құбыр - мұнайды мердігердің құбырынан көліктің басқа түріне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейін тасымалдауға арналған желілік бөліктен және онымен іргелес жатқан жер үсті объектілерінен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлік құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
15) мердігер - құзыретті органмен мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
16) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикі мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектері;
17) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
18) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңізде және басқа да ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);
19) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;
20) мұнай мен газдың жер асты қоймалары мен резервуарларын салу және (немесе) пайдалану - жер асты мұнай және газ қоймалары мен резервуарларын салумен және (немесе) пайдаланумен байланысты кез келген жұмыстар;
21) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердің, көлдердің және басқа да ішкі су айдындарының шектерінде жүргізілетін барлау, өндіру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ теңіздегі мұнай операциялары;
22) мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Yкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционері болып табылатын, осы Заңда белгіленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
23) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша мердігерлер құратын немесе белгілейтін, келісім-шартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін мердігер мемлекет алдында мүліктік жауапкершілікте болады;
24) өндіру - мұнайды жер үстіне шығарумен байланысты кез келген операциялар және соның ішінде:
жер асты және жер үсті өнеркәсіптік жабдықтары мен құрылыстарын салу мен пайдалануды, оның ішінде мұнайды өндіру орнынан мердігердің құбырынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін;
мұнайды жер үстіне шығаруды, пайдалану ұңғымаларында жұмыс процесін ұйымдастыруды және демеп отыруды;
мұнайды өңдеуді және механикалық қоспалар мен қабаттағы судан тазартуды;
мұнайдан ілеспе құрамдарды алуды, сондай-ақ табиғи газды және ілеспе газды кәдеге жаратуды;
жер асты қабаттарында бұрғылау шөгіндісін кәдеге жаратуды қамтиды;
25) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
26) стратегиялық серіктес - мердігерді таңдау үшін, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісім-шарттар жөніндегі жобаларды іске асыру жөнінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негізінде ұлттық компания құзыретті органмен келісе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестіктері);
27) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмірсутектерін сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын, майлы газды, құрғақ газды, ілеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектері және сұйық немесе газ тектес көмірсутектерімен бірге алынған көмірсутекті емес газ;
28) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - табиғи және ілеспе газды технологиялық қажеттіктер үшін пайдалану және (немесе) оны тауарлы өнімге дейін дайындау мақсатында оны кен орнында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;
29) теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңіздерінің (көлдерінің) түбі;
30) теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең үздік тәжірибе - теңізде мұнай операцияларын жүргізуде теңізді ластаудың ең төменгі деңгейін жасайтын не теңізді ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика;
31) теңіздегі мұнай операциялары - теңізде жүзеге асырылатын барлау, өндіру;
32) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің биологиялық ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге қабілетті, теңізде немесе оның жағалауында жұмысты жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе зиян не залал келтіретін немесе келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістердің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің алуан үлгілерінің пайда болуы;
33) теңіз ғылыми зерттеулері - теңізде мұнай операцияларын жүргізуге және олардың салдарларын зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
34) теңіздік қорғау аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, адамдардың, теңіздің биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңіздегі басқа да қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында теңіз құрылыстарының айналасында белгіленетін аймақтар;
35) теңіздік құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелі жабдықтарды қоса алғанда, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;
36) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасы аумағының шектерінде немесе бір бөлігі, сондай-ақ басқа не іргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттің заңдық құзырындағы аумақта немесе теңізде орналасқан кен орны;
37) шикі мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгілі сұйық көмірсутектерін қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын кез келген көмірсутектері;
38) ішкі су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үсті су объектілері.
11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңды қолдану саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның iшiнде теңіздегi және ішкi су тоғандарындағы аумақта мұнай операцияларын жүргiзген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi , сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздіктің (бұдан әрі - қауіпсіздік) жалпы талаптарын белгілейді.
2. Осы Заң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен ұштастырылып қолданылады.
3. Осы Заң пен Қазақстан Республикасының басқа заң актілері арасында мұнай операцияларын реттеуге қатысты қайшылықтар болған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Заңда баяндалғаннан өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының соларға байланысты барлық актілері өз күшiн сақтайды.
5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы табиғи жайылған мұнайдың бәрi де тек қана Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
2. Жер бетiне шығарылған мұнайдың меншiк иесi контрактiмен айқындалады.
Жер бетiне шығарылған мұнайға иелiк ету құқығы, егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, меншiк иесiне берiледi.
3. Сақтау үшiн жер қойнауына қайтарылған мұнай жер бетiне шығарылған мұнай ретiнде қарастырылады және оның меншiк иесi Контарктiмен айқындалады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы
Мұнай операцияларын жүргiзуге және келісім-шарттың талаптарына қатысты ақпаратты беру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.
2-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының мұнай
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 07.04.03 ж. № 403-II (бұр. ред. қара); 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III ( бұр. ред. қара ) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыры
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мұнай ресурстарын пайдаланудың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi;
2) жер қойнауын пайдалану мен оны қорғау ережелерiн, мұнай мен газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi;
3) мұнай қорларының республикалық балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (блоктарының) зерттеуiне мемлекеттік есеп жүргiзудi ұйымдастырады;
4) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
5) ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны қорғауды, халықтың қауiпсiздiгiн және болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайдалануға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ кен орындарын игерудi тоқтатады;
6) баға саясатын белгiлейдi;
6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) жолымен реттейдi;
6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi;
6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады;
6-5) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртібін бекiтедi;
9) мұнай операциялары саласында Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
9-1) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10) конкурсқа, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен, қойылуға жататын блоктардың тiзбесiн бекiтедi;
11) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережелерiн бекiтеді.
12) мердігердің құқықтары мен міндеттерін мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт бойынша беруге рұқсат беру немесе одан бас тарту тәртiбін белгiлейдi.
13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерді бекітеді.
11.08.99 ж. № 467-1; 07.04.03 ж. № 403-II (бұр. ред. қара); 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III ( бұр. ред. қара ) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Құзырлы органның функциялары
1. Құзырлы органның функцияларына:
1) контрактiнiң шарттары туралы мердiгермен келiссөздер жүргiзу және мердiгермен бiрлесе отырып контрактiнiң жобасын әзiрлеу;
1-1) тiкелей келiссөздер негiзiнде мұнай операцияларын жүргiзу құқығын беру;
2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
3) келісім-шартқа қол қою және оны тiркеу;
3-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
4) ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
5) ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
6) контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру;
6-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне конкурсқа қойылатын, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен қойылатын блоктардың тiзбесi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруы бойынша контрактiнi орындау, мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайдалану, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу және келісімдер жасасу енедi.
7-1) Барлауға, өндiруге, бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, конкурсты әзiрлеу мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7-2) осы Заңға және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 және 15-баптарына сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;
7-3) мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарттар талаптарының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;
7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады.
8) әрбiр жер қойнауын пайдаланушының бiрдей қол жеткізу принциптерiне сүйенiп, магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалануды бекiтедi.
Бұл ретте өздерiнiң ресурстарын тасымалдау үшiн балама техникалық мүмкiндiгi жоқ (автокөлiктен басқа) жер қойнауын пайдаланушылар нақты үлгiдегi (түрдегi) көлiк жүйесiне кiрудiң басым құқығын пайдаланады;
9) жер қойнауын пайдаланушылар үшiн техникалық-экономикалық негiздемеде қабылданған мұнай өткізудiң есептеу бағалары шегiнде, келісім-шартқа қол қою кезіндегі техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының iшкi нарығына қайта өңдеу үшiн шикi мұнай жеткізу көлемiн анықтайды;
10) осындай қажеттiлiк болған жағдайда iшкi нарықтың жанар-жағар май материалдарына мұқтаждығын жабуға қажеттi көлемде, Қазақстан Республикасының iшкi нарығында қайта өңдеуге арналған мұнайдың көлемiн графиктермен (жылдық және ай сайынғы) белгiлейдi.
11) мұнай-газ саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту ;
12) мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге талдау жасау және оларды бағалау;
13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын техникалық регламенттерді әзірлеу;
14) техникалық регламенттерде белгіленген, мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру енеді.
2. Құзырлы орган:
1) Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге;
2) кен орындарының қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiп, өнеркәсiптiк санаттар қорларының бар екенi расталғаннан кейiн ғана өндiруге арналған конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi.
ҚР 2005.14.10 № 79-III Заңымен 6-1- баппен толықтырылды
6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті органның құзыреті
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның құзыретіне:
1) геологиялық және тау-кендік бөлуге дайындау және беру;
2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келісу;
3) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келiсу;
4) жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу кiредi.
ҚР 2005.14.10 № 79-III Заңымен 6-2- баппен толықтырылды
6-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi
органның құзыреті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретіне:
1) жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөнiндегі іс-шаралар бағдарламаларын келісу;
3) жер қойнауын пайдалану объектілерiн консервациялауды және жоюды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кiреді.
11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:
1) контракт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес мердiгерге жер бөлiгiн бередi;
2) өңiрдiң экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, өңiрдiң тиiстi аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуына қатысуға құқылы;
3) өздерiне заң актілерімен берiлген құзыры шегiнде мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, экологиялық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады;
4) халық әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi
Ұлттық компанияның мiндеттерi:
1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және келісім-шартта бекітілген өкiлеттiктер шегiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуын көздейтiн мердігерлермен жасалған келісім-шарттарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша келісім-шарттарда үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзу;
2-2) оларға тiкелей келісім негiзiнде ұсынылған блоктарда мұнай операцияларын жүргiзу;
2-3) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу;
4) Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;
5) Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөніндегі халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;
6) келісім-шарттардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайынғы есептерiн әзiрлеуге қатысу;
7) көмiрсутегiн барлау, әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ кәсiпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi жөніндегі корпоративтiк басқаруды және мониторингтi жүзеге асыру болып табылады.
Ұлттық компания мердiгер болып табылатын келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына қол қою бонусын төлеу, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, барлауды қаржыландыруды оның стратегиялық серiктесi жүргiзедi.
Құзыреттi орган жосықсыз мердiгермен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты бұзған кезде ұлттық компания келісім-шарттық аумақты өз қарамағына алады. Құзыреттi орган келісім-шартты бұзған кезде көрсетiлген аумақтағы бұрынғы мердiгердiң мүлкi, ғимараттары, жабдықтары белгiленген тәртiппен республиканың меншiгiне өтедi.
Ұлттық компания және құзыреттi орган бұрын қолданылған келісім-шартқа белгiленген тәртiппен қажеттi өзгерістер енгiзедi.
Ұлттық компания келісім-шарттарда мiндеттi үлестiк қатысумен мемлекеттік мүдделердi бiлдiру мақсатында операторды құру кезеңiнде оператордың жарғылық капиталының кем дегенде елу процентiн иеленуге тиiс.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2 бап. Ұлттық компанияның үлестiк қатысу арқылы мұнай операцияларын жүргiзуi
1. Ұлттық компанияның келісім-шарттарға үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзуi кезiнде ұлттық компания мұнай операцияларын жүргiзу құқықтарының бiрлескен иегерi ретiнде жүредi. Мұндай мердiгерлердiң өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады.
2. Ұлттық компания "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын еншiлес ұйымға беруге құқылы.
3-тарау. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
8-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
9-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
10-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
11-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
12-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
13-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
14-бап. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық
8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуы
1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық:
1) Осы Заңға сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
2) Осы Заңмен белгiленген шектерде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Заңмен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-2-бап өзгертілді
8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру
1. Барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі мұнай операцияларын жүргiзуге, жер асты мұнай қоймалары мен резервуарларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Теңiз түбiн онда мұнай операцияларын жүргiзу үшiн пайдалануға арналған құқық жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті органның рұқсаты арқылы берiледi.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңынмен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиiстi лицензиясы арқылы берiледi.
8-3-бап Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беру
1. Барлау, өндiру, бiрлесiп барлау жүргiзу мен өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге Контарктiге тиiстi өзгерістер енгізу арқылы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген тәртiпте жол берiледi.
2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi.
4-тарау. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
15. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
16. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
17. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
18. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
19. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
20. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
21. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
22. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
23. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
24. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Контрактiлердiң түрлерi
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн келісім-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:
1) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) концессия туралы;
3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келісім-шарт) туралы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялардың талаптарына және басқа мән-жайларына байланысты келісім-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
Келісім-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Нақты мұнай операцияларының шарттарына және басқа жағдайларға қарай контрактiлердiң құрастырылған және өзге де нысандарына рұқсат етiледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Контрактiнiң қолданылу шарты мен мерзiмi
1. Барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн контрактiде және жұмыс бағдарламасында айқындалған мiндеттемелердi мердiгер орындаған жағдайда ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi екi жылға дейiн ұзақтықпен екi рет ұзартылуы мүмкiн. Мұнай табылған жағдайда мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн коммерциялық табуды бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар. Егер мердiгер келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей құзыреттi органға өтiнiш жасаса, барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Кен орындарында қоры жүз миллион тоннадан асатын шикi мұнайды және (немесе) жүз миллиард текше метрден асатын табиғи газды алуға арналған өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалуы мүмкiн. Егер мердiгер мерзiмдi ұзартуға келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, мердiгер мен құзыреттi органның өзара келісімi бойынша өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
3. Бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт ұзартудың мүмкiн мерзiмдерi ескерiле отырып, барлау мен өндiру мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1 және 2-тармақтарымен белгiленген ережелер қолданылады.
4. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол құзыреттi органға келiп түскен күннен бастап 3 айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Құзыреттi орган оң шешiм қабылдаған жағдайда контрактiге тиiстi өзгерістер енгiзiледi.
5. Контракт шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуi тиiс. Келісім-шарт талаптарының конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi аз болуы мүмкiн емес.
6. Келісім-шарттың талаптары тараптардың өзара келісімiмен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
7. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 26-1-баппен толықтырылды ; ҚР 2005.14.10 № 79-III Заңымен (бұр. ред. қара) 26-1- бап өзгертілді
26-1-бап. Контрактiнiң қолданылуының аумақтық аясы
1. Қазақстан Республикасының аумағы, блоктардың шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасымен түйісетін жағдайларды қоспағанда, тiк бұрыш нысанындағы блоктарға бөлiнедi. Әрбiр блогының өзiнiң реттiк нөмiрi және географиялық координаттары бар блоктардың картасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Контракт аумағы өзiне бiр блокты немесе бiр-бiрiмен аралас, сондай-ақ бөлек-бөлек блоктар жүйесiн қамтиды. Контракт аумағы ретiнде бөлiнетiн блок (блоктар) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн). Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру кезiнде контракт аумағы оның шекараларының географиялық координаттары көрсетiле отырып, контрактiде көрсетiлген қызметке рұқсат етiлетiн шектердегi теңiз табанының алаңымен айқындалады.
3. Егер мұнай операцияларының процесiнде кен орындары жерлерiнiң географиялық шекаралары контракт аумағының шегiнен шығып кеткендiгi анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi құзыреттi орган қосымша шешуi тиiс.
4. Контракт аумағын қайтарудың тәртібі контрактiде айқындалады.
5. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару контракт аумағынан қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады. Аумақтарды қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық бөлудi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган дайындайды және бередi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 27-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
27-бап. Келісім-шартты жасасу, өзгерту мен тоқтату және мұнай операцияларын тоқтата тұру
Келісім-шартты жасасу, өзгерту және тоқтату, сондай-ақ мұнай операцияларын тоқтата тұру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
28. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алынып тасталды
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред. қара)
6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттары
1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердiгер мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ контрактiде айқындалған тәртiп пен шарттарда жүргiзуге мiндеттi. Көмiрсутегi шикiзатының кен орындарын барлау және әзiрлеу бекітілген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Барлау мен өндiрудi және бiрлескен барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгер барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды келісім-шарттарға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
3. Мердiгер барлау мен өндiрудi жүргiзу кезiнде кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесiн басшылыққа aлуғa мiндеттi.
4. Барлауды жүзеге асыратын мердiгер кен орындарын, егер ол келісім-шартта көзделсе, сынамалы пайдалануды жүргiзуге құқығы бар.
5. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ мұнайдың алыну деңгейi Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында мемлекеттік сараптауға және бекітуге жатады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-1- бап өзгертілді
30-1-бап. Жұмыс бағдарламасы және жылдық жұмыс бағдарламасы
1. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред. қара)
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред. қара)
3. Жұмыс бағдарламасы контрактiге қосымша болып табылады және контрактiнiң қолданылуының бүкiл кезеңi iшiнде барлау жүргiзудiң және (немесе) өндiрудiң шарттарын айқындайды.
4. Барлау мен өндiрудi жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасы контракт айқындайтын тәртiп пен мерзiмде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келісілуi тиiс. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, жылдық жұмыс жоспары әрбiр күнтiзбелiк жылдың контракт жасалған айынан кейiнгi айының 30-нан кешiктiрiлмей бекітілуi тиiс. Жылдық жұмыс жоспарына барлау мен өндiру бағдарламалары кiредi, жүргiзiлетiн iс-шаралар мен жұмыстарды барлау мен өндiру процесiнде мердiгер жүзеге асыратын осындай жұмыстарды орындау мен қажеттi жабдықты сатып алуға байланысты шығыстарды егжей-тегжейлi айқындайды, сондай-ақ осы жұмыс бағдарламасы бекітілетiн күнтiзбелiк жылдағы өндiрудiң ең төмен және ең жоғары деңгейлерiн белгiлейдi.
5. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган құзыреттi органға жылдық жұмыс бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн осындай бағдарламалар бекітілген күннен бастап екi апта мерзiмде бередi.
6. Құзыреттi орган мердiгерден өзiнiң бастамашылығы бойынша не жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысының негiзiнде, жылдық бағдарламасының жобасы кен орындарын игерудiң оң практикасына сәйкес келмейдi не жер қойнауын пайдалану принциптерiн бұзуға әкеп соғады не адамдардың өмiрi мен денсаулығы не орта үшiн қолайсыз зардаптардың тәуекелiн негiзсiз өсiруге байланысты деген талаппен жылдық жұмыс бағдарламасының жобасын өзгертудi талап етуге құқылы. Егер мердiгер құзыреттi органның талаптарымен келiспесе, ал құзыреттi орган өзiнiң талаптарын қайтарып алуға келiспесе, мердiгер дауды осы Заңның 58-бабына сәйкес шешудi талап етуге құқылы.
7. Жылдық жұмыс бағдарламасына мердiгер ұсынған кез келген өзгерiс жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келісілуi тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 30-2-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 30-2-бап өзгертілді
30-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі iс-шаралар
1. Мұнай операцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын мердігер кен орындарын игерудің оң практикасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргізу процесінде меншікті жоюға қатер төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау мақсатында қолданыстағы нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге және барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі iс-шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және оны жылдық жұмыс бағдарламасымен бiрге барлау жүргiзу мен өндiру кезiнде не жыл сайын, мұнайгаз құбырларының құрылысын Салу және оны пайдалану кезiнде, сондай-ақ мұнайдың жер асты сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуда және оны пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органда келiсуге мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-3-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-3- бап өзгертілді
30-3-бап. Кен орнын бағалау
1. Егер барлау жүргiзушi мердiгер кен орнын ашқан жағдайда осы мердiгер бұл туралы құзыреттi органға және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға хабарлауға, кен орнын бағалау жүргiзуге және контрактіде белгiленген тәртiп пен шарттарда оның коммерциялық немесе коммерциялық емес мәнi туралы қорытынды әзiрлеуге мiндеттi.
2. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, мердiгер құзыреттi орган мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға кен орнының ашылуы туралы осындай ашылу кезiнен бастап он күннiң iшiнде хабарлауға және кен орнын алдын ала бағалау жүргiзуге кiрiсуге мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 30-4-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 30-4-бап өзгертілді
30-4-бап. Табиғи газды барлау және өндiру
1. Табиғи газды коммерциялық табу жағдайында мердiгер кен орнына өндiрудiң басталуы қандай деңгейдi талап етсе, сондай шамада, контрактiде өзгеше белгiленбеген жағдайда барлауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Табылған кен орнынан табиғи газды беру бойынша мәмiле жасалғанға дейiн құзыреттi органның табиғи газды өндiрудi талап етуге құқығы жоқ, ал мердiгер бастауға мiндеттi емес. Бұл ретте контрактiнiң қолданылу мерзiмi табиғи газ табылған кен орнынан, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, табиғи газды беру бойынша тиiстi мәмiлелер жасау кезiне дейiн үзiледi.
3. Егер мердiгер табиғи газды беру бойынша бiр жыл iшiнде мәмiлелер жасамаған болса, құзыреттi орган үшiншi тұлғаның мердiгермен мәмiле жасауға келiсуi жағдайында мердiгерден ақылға сыйымды жағдайда үшiншi тұлғамен, оның iшiнде берiлетiн газды кейiн қайта сату мақсатында отандық не шетелдiк тұтынушыларға газды беру жөнiнде шарт жасауын талап етуге құқылы.
Егер мердiгер және құзыреттi орган белгiлеген мұндай үшiншi тұлға осы мәселе бойынша келісімге келе алмайтын болса, олар бұл дауды сот тәртібімен шешудi талап етуге құқылы.
4. Табиғи газды өндіру кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар мен нормалар орындалуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өлшеу жабдықтары мен құралдары қолданылуға тиіс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 30-5-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 30-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-5-бап өзгертілді
30-5-бап. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату, жағу
1. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратпайынша, мұнай-газ кен орындарын өнеркәсiптiк әзiрлеуге тыйым салынады.
2. Авариялық жағдайды және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетiн қауiптi қоспағанда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға тыйым салынады.
2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының күші 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлерге, егер ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламалар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) болса немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, оларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылмайды.
Бұл ретте ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске асырудың белгіленген мерзімдері орындалған жағдайда жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша не авариялық жағдайда және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төнген жағдайда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға жол беріледі.
3. Ұңғымаларды сынау кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды және кен орындарын сынамалы пайдалану кезiнде iлеспе газды үш жылдан аспайтындай жалпы мерзiммен жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
4. Ілеспе және (немесе) табиғи газ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімiнсiз жағылған жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес мердiгер жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға мұндай жағу туралы он күн ішінде жазбаша хабарлауға мiндетті. Мұндай хабарлама iлеспе және (немесе) табиғи газды жағудың себептерi мен жағылған газдың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-6-баппен толықтырылды
30-6-бап. Мердiгердiң барлау жүргiзу мен өндiру нәтижесiнде орын алған шығыстарын өтеу
1. Мердiгердiң барлау мен өндiру процесiнде шеккен шығындары контрактiде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтелуге тиiс.
2. Егер контрактпен өзгеше белгiленбесе, мердiгердiң барлау процесiнде шеккен шығындарын өтеу өндiру басталғаннан кейiн ғана мердiгерге меншiгiне шығындарды өтеу үшiн өндiрiлетiн мұнайдың үлесiн беру есебiнен жүргiзiледi.
3. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, мердiгер өндiрiлген мұнайдың 50 процентi құнынан аспайтын көлемде өзiнiң шығыстарын күнтiзбелiк жылда өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте шығындарды өтеуге бөлiнетiн мұнайдың құны салық заңдарымен белгiленген амортизациялық аударымдардың ставкасынан аспайды. Күнтiзбелiк жылда өтелмеген шығындар өтеу үшiн келесi күнтiзбелiк жылға ауыстырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-7-баппен толықтырылды ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 30-7- бап өзгертілді
30-7-бап. Мердiгердiң жабдық пен өзге мүлiкке меншiгi
1. Барлау жүргiзу мен өндiру үшiн мердiгер пайдаланған жабдық пен өзге мүлiкке, ақшаны, бағалы қағаздар мен басқа да өндiрiстiк емес мүлiктi қоспағанда меншiк құқығының көшу, сондай-ақ мұндай көшудiң өтем мәселелерi контрактiде белгiленедi.
2. Жабдық пен мүлiкке меншiк құқығының Қазақстан Республикасына көшуiне қарамастан, контракт аумағынан мұндай жабдық пен мүлiктi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның немесе құзыреттi органның талап етуi бойынша контрактiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде сондай-ақ мұндай жабдықтың немесе мүлiктiң басқа жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жағдайларын қоспағанда, құзыреттi органның нұсқауына сәйкес, не контрактiде өзгеше белгiленген кезде, контрактiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезден бастап бiр жылдың iшiнде мұндай мүлiк пен жабдықты контракт аумағында өзiнiң есебiнен бөлшектеу не әкету мiндеттiлiгi мердiгерде сақталады.
3. Мұндай жабдық пен мүлiктiң тиесiлiлiгiне қарамастан контракт аумағынан жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеу мен әкетудi мердiгер адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және құзыреттi органның нұсқауларына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-8-баппен толықтырылды
30-8-бап. Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен өндiрудiң ерекшелiгi
1. Егер жүргiзiлетiн барлаудың немесе өндiрудiң нәтижесiнде мердiгер кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда мұндай мердiгер бұл туралы құзыреттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Аумағында не құқықтық құзыретiнде осы шекара маңындағы кен орнының бiр бөлiгi бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық келісімдерi болмаған жағдайда, құзыреттi орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиiстi келісімге қол жеткiзгенге дейiн барлау мен өндiрудi тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте контракт құзыреттi орган жүргiзiлген барлау мен өндiрудi қайта бастауға рұқсат бергенге дейiн өзiнiң қолданылуын үзген болып есептеледi.
3. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңдарының нормалары шекара маңындағы кен орнында барлау мен өндiру жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 30-9-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 30-9-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
30-9-бап. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүргiзу
1. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер осы мұнай операцияларын теңiз суының деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң ластануын болдырмайтындай не барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер мұнай операцияларын жүргiзудің және теңiз суының деңгейi көтерiлуiнің нәтижесiнде теңiз ластанған жағдайда қоршаған ортаға не басқа жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
3. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiздiң ластануын болдырмау жөнiнде арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекітуге мiндеттi.
Мұндай бағдарламалар теңiз аясын қорғаудың тиiстi дәрежесiмен барлау және өндiру объектiлерiн жедел консервациялау бағдарламасын, су басқан аймақтан сақталған мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерiтiндiлерiн және қоршаған ортаға, теңiз бен өзге шаруашылық қызметiн дұрыс пайдалануға зиян келтiруге қабiлеттi өзге де заттарды әкетудi, сондай-ақ теңiз ластанған жағдайда суды бөгеу мен тазалау жөніндегі бағдарламаларды қамтуы тиiс.
4. Теңiз ластанған жағдайда осы бапқа сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер қолданған ластанудың алдын алу жөніндегі шараларына қарамастан, мұндай мердiгер өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң ластануының зардаптарын жою не қауiптiлiгiн төмендету үшiн барлық мүмкiн шараларды қолдануға мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 31-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 31- бап өзгертілді
31-бап. Кен орнында бiрыңғай объект ретiнде барлау және өндiру
1. Егер барлауды, өндiрудi немесе бiрлесiп барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгер контракт аумағындағы кен орнының, сондай-ақ контракт аумағының шегiнен тысқары аумаққа iргелес орналасқандығын анықтаса, бұл мердiгер құзыреттi органға одан әрi барлау жүргiзу және өндiру үшiн табылған кен орнының мүмкiн болатын шекараларының шектерiнде контракт аумағын кеңейту мақсатында дереу өтiнiш жасауға мiндеттi.
2. Келісім-шарттық аумақты өзгерту келісім-шартқа, оның iшiнде геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлуге, тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген кен орнының қандай да болсын бөлiгi басқа мердiгердiң контракт аумағының шегiнде болған жағдайда, осы мердiгерлер өздерiнiң таңдауы бойынша:
1) осы кен орнында барлау жүргiзу және (немесе) өндiру құқығына ие тек бiр ғана мердiгер немесе бiр контрактiнiң негiзiнде iшiнара құқыққа ие бiрнеше мердiгер қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып барлау жүргiзу және (немесе) өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
2) кен орнына, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде, бiрлесiп барлау жүргiзу мен өндiру туралы шарт жасасуға, мұндай шарт туралы құзыреттi органмен алдын ала келiсуге мiндеттi.
4. Мердiгерлер осы баптың 3-тармағын сақтамаған жағдайда, құзыреттi орган бiрыңғай объект ретiнде, кен орнында бiрлесiп барлау мен өндiру туралы мердiгерлердi шарт жасасуға сот тәртібімен мәжбүр етуге құқылы. Бiрлесiп барлау мен өндiру не өндiру туралы шартты жасау кезiнде бүкiл кен орны үшiн жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен мiндеттi түрде келiсуге жататын жұмыстардың бiрыңғай жұмыс және жылдық бағдарламаларын әзiрлейдi.
5. Бiрлесiп барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер өздерiне контрактпен, сондай-ақ жұмыс және жылдық жұмыс бағдарламаларымен жүктелген мiндеттердi орындау бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай
тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде қауіпсіздік белгіленген нормаларды сақтау, адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін орындау, жерүсті және жерасты құрылыстары мен жабдықтарын салу мен пайдаланудың қауіпсіз шарттарын жасау, сондай-ақ ықтимал аварияларды болғызбау арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Мұнай, сондай-ақ оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде мердігер пайдаланатын жабдық және өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Мұнайды төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
5. Мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін жеткізілетін мұнай осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге тиіс.
6. Мұнай тасымалдау әуе, теміржол, құбыр, теңіз, өзен және автомобиль көліктерінде қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға және мұнайдың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
32. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алып тасталды
33. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алып тасталды
34. ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен алып тасталды
2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-бап. Қазақстан Республикасының мұнай сатып алу құқығы
Қазақстан Республикасының мердігерден әлемдік нарық бағасынан аспайтын баға бойынша мұнай сатып алуға бірінші кезекте құқығы бар. Сатып алынатын мұнайдың шекті көлемі, баға белгілеу тәртібі мен төлем түрі мердігермен жасалатын жеке келісімде ескеріледі.
36-бап. Мұнайды уақытша алып қою және оның өтемi
1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге де реттерде Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi мұнайдың бiр бөлiгiн немесе бәрiн меншiк құқығымен немесе шаруашылық жүргiзу құқығымен уақытша алып қою құқығына ие болады. Уақытша алып қою сондай төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте уақытша алып қою олардың меншiк нысаны мен қай мемлекетке жататындығына қарамастан барлық жер қойнауын пайдаланушылардан нақты өндiрiлген мұнай деңгейiне қарай бiрдей тепе-теңдiкте жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы уақытша алынған мұнай үшiн шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналыстағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен уақытша алып қойған күнi қолданылған әлемдiк нарықтық баға бойынша заттай немесе оның құнын төлеу арқылы өтеуге кепiлдiк бередi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын
жүргiзу
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-1-бап. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары
1. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер осы операцияларды әдетте теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс. Бұл ретте теңiздi осындай заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын мердiгерлер өз кезегiнде теңiз қорғаныш аймағының немесе қауiпсiздiк аймағының режимiн сақтауға тиiс.
2. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең Таңдаулы практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.
3. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiзде жүргiзiлген мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшiн, мұндай тұлғаның кiнәсінің болу-болмауына қарамастан, жауапкершiлiкте болады.
4. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiздiң ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекітуге мiндеттi. Мұндай бағдарламаларда жүргiзілетiн мұнай операцияларына iшкi бақылау, қызметкерлердi оқыту, скважиналарды бақылауға алу жөніндегі iс-шаралар, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар пайда болған және теңiз ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етудi не сондай-ақ теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тартуды қамтуға тиiс.
5. Теңiз ластанған жағдайда теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай мердiгер бұл үшiн өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер өзiнiң есебiнен мұндай тұлғаның меншiгіндегі не пайдалануындағы теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттік органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды ұйымдастыруға мiндеттi. теңiз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.
7. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң мемлекеттік органның жазбаша рұқсатын алмай теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай мердiгер мемлекеттік органға теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған теңiз құрылысының не осындай теңiз құрылысын салу жөніндегі жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасқан жерi болуы тиiс. Мемлекеттік орган теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
7-1. Теңiздегi жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгiленген нормалар қолданылады.
8. Iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларына теңiздегi мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Заңның ережелерi қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 36-2- бап өзгертілді
36-2-бап. Теңiзде барлау жүргiзу мен өндiру шарттары
1. Теңiзде барлауды жүзеге асыратын мердiгер iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауға контракт аумағының барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана құқылы.
2. Мердiгердiң iздестiру, барлау, пайдалану скважиналарын немесе өзге де скважинаны бұрғылауды, бұрын бұрғыланған скважина бақылаудан алынған кезiнде, мұндай скважинаны бақылауға алуға өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан мән-жайларда тиiмсiз болып табылатын қысымды шығарып тастауға арналған тығындау скважинасын бұрғылауды қоспағанда, құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Бұл ретте мердiгер құзыреттi органға мұндай тығындау скважинасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау скважинасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты мән-жайлар мен себептердi көрсете отырып қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
3. Құзыреттi орган скважинаны бұрғылауға мердiгерде не оның тартқан қосалқы мердiгерiнде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, мердiгерге жылдық жұмыс бағдарламасы және авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарлама жүктелген жұмыстарды орындау фактiсiн белгiлейтiн теңiз құрылысы жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болғанда, мердiгердiң осы скважинаны бұрғылауы кезiнде пайда болатын тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндеттемелердi сақтау фактiсi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болғанда және мемлекеттік орган берген теңiз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсаты болған кезiнде рұқсат бередi. Өтiнiшке мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
4. Құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмаса iшкi қабаттық қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган мұндай рұқсатты iшкi қабаттық қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсiз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсiздiктiң жеткiлiктi деңгейiн иеленсе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
5. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгердiң теңiз құрылысында, не 30 минуттық қол жетерлiк шектерiнде теңiздi тазалау жөніндегі жұмыстар Жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдығы, материалдары мен заттары болуға мiндеттi. Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қол жетiмдiлiгiне нормативтер мен талаптарды өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар белгiлейдi.
6. Теңiздегі авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмаудың осы Заңға сәйкес бекітілетiн бағдарламалары барлау жүргiзу мен өндiру кезiнде теңiздiң ластануы салдарынан теңiздi дереу оқшаулау және тазалау жөніндегі шараларды қамтуға тиiс.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 36-3- бап өзгертілді
36-3-бап. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану
1. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуды және оны пайдалануды жүзеге асыратын мердiгер мұнайгаз құбырларының құрылысын, монтажын немесе оны төсеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 36-1-бабының 7-тармағымен белгiленген жалпы тәртiпте берiледi.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңынмен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуды және пайдалануды жүзеге асыратын мердiгердiң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның лицензиясы болмай бастауға құқығы жоқ. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган лицензия беру туралы шешiмдi осы тұлғаның өтiнiшiнiң негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап 30 күннен кешiктiрмей мұнайгаз құбыры жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болған, осы мердiгердің тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндетiн сақтау фактiсi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген мұнай-газ құбырында авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі бағдарламасы болған жағдайда қабылдайды.
3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жүргізілетін операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
36-4-бап. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын
Салу және оны пайдалану
1. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуға және оны пайдалануға тыйым салынды.
2. Мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен аспайтын) қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде теңiз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
36-5-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған орта мен биоресурстардың қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуде ерекше құқыққа ие.
2. Мұндай жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсiздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбiр нүктесiнен бастап 500 метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсiздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күзетiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы ескерту бойынша тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер олар шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, адамдардың қауiпсiздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн бөлшектелуге тиiс.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және iске қосу Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалану мен iске қосуға рұқсат берудiң тәртібі мен шарттары туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-6-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-6-бап. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастау мен көму
1. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастауға және теңiз түбiне көмуге тыйым салынады.
2. Теңiзге техникалық суларды ағызу мемлекеттік бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана оларды белгiленген нормативтерге дейiн тазалау жағдайында жүзеге асырылады.
36-7-бап. Теңiз ғылыми зерттеулерi
1. Теңiз ғылыми зерттеулерi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық та, сондай-ақ шетелдiк те заңды және жеке тұлғалар, шетелдiк мемлекеттік және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуы тиiс:
1) теңiз ғылыми зерттеулерi теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауы тиiс;
2) теңiз ғылыми зерттеулерi табиғат қорғау шараларын сақтай отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиісті түрде жүргiзіледі;
3) теңiз ғылыми зерттеулерi процесiнде жиналған барлық деректер олар өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдын ала рұқсатынсыз еркiн таратылмауға және жарияланбауға тиiс.
37-бап. Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылау
Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар (өздерiнiң құзыры шегiнде) жүзеге асырады. Бұл органдардың тексеру жүргiзетiн қызметкерлерi коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Мұнай өндiрудi бақылау
Егер мердiгер өндiрудi негiзсiз бастамай отырса немесе кен орнының геологиялық мүмкiндiгiн ескере отырып мұнайды жеткiлiксiз деңгейде өндiретiн болса, құзыреттi орган жазбаша хабарлар ету арқылы мердiгерге белгiлi бiр мерзiмде кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесiмен негiзделген мөлшерде өндiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қолдану қажеттiгiн атап көрсетуi мүмкiн. Хабарлама белгiленген мерзiмде орындалмаған ретте Лицензиялық орган осы Заңның 27-бабына сәйкес контрактiнi бұзуға құқылы.
39-бап. Өндiрiлген мұнайды өлшеу
1. Контрактi аумағында өндiрiлген мұнайды өлшеу мен салмақтауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен әдiске сәйкес мердiгер жүргiзедi.
2. Мердiгер белгiленген тәртiппен уақыттың белгiлi бiр кезеңi сайын құзырлы орган өкiлiнiң қатысуымен мұнайды салмақтау мен өлшеу үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарды жүйелi түрде сынақтан өткiзiп отырады.
3. Егер сынаған немесе тексерiп қараған кезде жабдықтар немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзiмiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақаулық мерзiмi бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейiнгi уақыттың жартысы ретiнде белгiленедi.
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Мердiгердiң құқықтары
Мердiгер:
1) егер мұның өзi контрактiде көзделсе, контрактi аумағында мұнай операцияларын айрықша негiзде жүргiзу;
2) контрактi аумағында жұмыстардың қалыпты жүргiзiлуiн жүзеге асыруға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға, сондай-ақ контрактi аумағында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де иелерiмен уағдаластық бойынша жалпы пайдаланымдағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалану;
3) мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн көбiне Қазақстан Республикасы ұйымдары арасынан қосалқы мердiгерлердi тарту;
4) осы Заңның 35 және 36-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де мұнайдың (өнiмдердiң) және ілеспе құрамдардың үлесiне, соның iшiнде жекелеген скважиналарды жүргiзу және сынақпен пайдалануға беру кезiнде алынған өзiне тиесiлi үлесiне иелiк ету;
5) контрактiнiң қолданылу мерзiмiн осы Заңның 26-бабында белгiленген мерзiмдерден әрi ұзарту туралы келiссөздердi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
6) өз құқықтарының бәрiнен немесе бiр бөлiгiнен бас тартуға және контрактiде белгiленген шарттармен контрактi аумағында да, сол сияқты республикада да өз қызметiн тоқтату құқығына ие болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41- бап өзгертілді
41-бап. Мердiгердiң мiндеттерi
Контрактiнi жүзеге асыру барысында мердiгер:
1) халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
2) контрактi аумағын контрактiде көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға;
3) мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге және мұнайдың өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды сақтауға;
4) басқа мердігерлердің контрактi аумағында еркiн жүруiне, жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануына немесе, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет мұнай операцияларын жүргiзуге бөгет жасамаса, жұмыстың кез келген түрiн, соның iшiнде, мұнайды қоспағанда, басқа табиғи ресурстарды барлауына, игеруi мен өндiруiне кедергi келтiрмеуге;
5) қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мұнай операцияларын жүргiзуге арналып белгiленген тәртiппен бекітілген технологиялық схемалар мен жобаларды ұстануға;
6) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда, мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшiн әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;
8) келісім-шартта айқындалған көлемде келісім-шарт бойынша тартылған қазақстандық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау бойынша оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
9) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпаратты бepугe;
10) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпаратты кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына жiберуге;
11) егер мұнай операцияларының мазмұны туралы ақпарат беру қажеттiгi туған жағдайда, егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, бұл ақпаратты тараптардың жалпы келісімiмен ғана үшiншi бiр адамға беруге;
12) контрактi аумағындағы қызметтiң нәтижесi бойынша геологиялық және геофизикалық ақпаратты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органға түсiруге;
13) салықтар мен өзге мiндеттi төлемдердi дер кезiнде төлеп тұруға;
14) контрактiге сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға қатысуға;
15) мәдени-тарихи маңызы бар объектiлер сақтауға;
16) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық және экономикалық түйiндерiне жасауға;
17) мұнай операцияларын жүргiзу салдарынан бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғи объектiлердi өз есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды күйiне жеткiзiп, қалпына келтiруге мiндеттi.
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi
42-бап. Арналы труба құбырына меншiк құқығы
1. Арналы труба құбыры бөлiнбейтiн технологиялық жүйе болып табылады және ол мемлекеттік меншiкте де, сондай-ақ өзге меншiкте де болуы мүмкiн.
2. Арналы труба құбырын басқаруды, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, оны меншiктенушi жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Арналы труба құбырын пайдалану
1. Арналы труба құбыры объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Арналы труба құбырын Техникалық пайдалану, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуы туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, жердi пайдаланушылар, лауазымды адамдар мен азаматтар Арналы труба құбыры иесiмен өзара iс-қимыл жасаған кезде аталған ережелер орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындардың Арналы труба құбыры иесiмен келiспей энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiнде режимдiк шаралар жүргiзуiне тыйым салынады.
3. Арналы труба құбырының иесi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың және басқа да мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың келiсуi бойынша Арналы труба құбыры объектiлерiн қауiпсiз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, мүмкiн болатын аварияларды, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрлескен шараларды әзiрлейдi.
4. Арналы труба құбырының иесi оны техникалық пайдалану, қауiпсiздiк және қорғау ережелерiн сақтауға жауапты болады.
5. Арналы труба құбырының күзетiлетiн аймағында оның иесiмен келiспей жұмыс пен iс-қимылдың кез келген түрiн атқаруына тыйым салынады.
6. Қауіпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленген ең жақын қашықтық шегiнде Арналы труба құбырына қатысы жоқ қандай да болсын объектiлердi салуға тыйым салынады.
44-бап. Арналы труба құбыры иесiнiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен және жүк жөнелтушiлермен өзара қарым-қатынасы
1. Мұнайды айдау, сақтау мен бөлу процестерiне байланысты Арналы труба құбырының жедел өндiрiстiк қызметiне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың араласуға құқық жоқ.
2. Арналы труба құбырының авариялық қызметiнiң қызметкерлерi, авариялық және арнайы техника басқа жұмыстарға тартыла алмайды.
3. Арналы труба құбырының өткізу қабiлетiнiң резервi болған жағдайда оның иесiнiң жүк жөнелтушiге мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүктi жөнелтушiлердiң бiркелкi тарифтер бойынша көлiк қызметiнiң көрсетiлуiне тең құқығы болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 45- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
45-бап. Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану
Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)
9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, халықтың
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
46-бап. Табиғатты қорғау шараларының мәртебесi
Табиғатты қорғау шараларын орындау және халық пен қызметкерлердiң денсаулығын сақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады әрi бүкiл мұнай операцияларын болжау (жоспарлау), жобалау және оларды жүргiзу жөніндегі шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт жасау үшiн қажеттi экологиялық негiздеме белгiленген қызметтiң қоршаған ортаға әсер етуiн (ҚОӘБ) мiндеттi түрде бағалай отырып нұсқалық негiзде орындалған, мұнай операцияларының экологиялық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттік экологиялық сараптама жасаудың оң қорытындысы болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
48-бап. Мониторинг
Қоршаған ортаға келеңсiз әсердi жою мен оны азайту жөніндегі шараларды қолдану және мұнай операцияларын экологиялық жағынан қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында мұнай операциялары басталғанға дейiн және олардың бүкiл кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы табиғатта болып жатқан өзгерістер мен жүргiзiлген шаруашылық қызметiнiң оған әсер ету сипаты туралы жедел кешендi ақпарат алу жүйесiн мониторинг құруға тиiс.
49-бап. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғаттың ерекше қорғалатын объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу
1. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы жалпы шешiмдi мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
2. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Кен орындарын пайдаланған кезде Теңiзде қорықтық бөлiгiнде мұнай тасымалдау табиғат қорғау туралы заңдарда белгiленген талаптар сақталған жағдайда труба құбырлары арқылы жүзеге асырылады.
10-тарау. Коммерциялық шарттар
50-бап. Валюталық операциялар
Мердiгер мен қосалқы мердiгердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-бап. Кедендік рәсім
Кедендік рәсім кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мердiгер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53- бап өзгертілді
53-бап. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi, акциялардың үлестерiн (пакеттерiн) беру
1. Мердiгердiң келісім-шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерінің барлығын немесе бiр бөлігін басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруі, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт бойынша мердігер болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетін) иелiктен айыруы құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкін. Құзыреттi орган мердiгерге келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен бас тартуға, сондай-ақ мердiгер болып табылатын тұлғаның жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен айыруына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша рұқсат бермеуге құқылы.
Аффилиирленген тұлғалармен мәмілелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес құқықтар мен мiндеттердi беруге байланысты жұмсалатын шығындар мердiгерге жүктеледi.
3. Мердiгер контрактiге қандай болса да қатысуын сақтап отырған кезде және құқықтары мен мiндеттерi берiлетiн адам контрактi бойынша бiрдей жауапкершiлiкте болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 53-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 53-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
53-1-бап. Қолданылатын құқық
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, сондай-ақ теңiздегi мұнай операцияларына тек қана Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2. Құзыреттi органмен жасалатын контрактiлерде шетелдiк құқықты қолдану туралы шарт белгiленбейдi.
3. Шекара маңындағы кен орындарында жүргiзiлетiн теңiздегi барлау және өндiру, бiрлесiп барлау және өндiру жөніндегі мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, егер ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тiкелей көзделген болса, Қазақстан Республикасына қарама-қарсы немесе шектес жатқан мемлекеттiң құқығы қолданылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа меншiк құқығы
Жер қойнауы туралы ақпаратты меншiктену құқығы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
ҚР 13.06.97 ж. № 122-I; 11.08.99 ж. № 467-1 Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Сақтандыру
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерге сәйкес:
1) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөніндегі шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;
2) үшiншi адамдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке байланысты жауапкершiлiк тәуекелдiгiн сақтандыруға мiндеттi.
2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi.
3. Сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 3-1-тармақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі
3-1. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
1) скважинаны бақылауға алу жөніндегі шығыстары;
2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
3) теңiздiң ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөніндегі шығыстары;
4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөніндегі шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-бап. Еңбектегi құқық қатынастары
Мердiгерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу шарттары, жұмыс iстеу мен тынығу режимi, әлеуметтiк қамсыздандырылуы мен әлеуметтiк сақтандырылуы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мердiгер құқықтарының кепiлдiктерi
Мердiгерге оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатынына кепiлдiк берiледi. Мердiгердiң жағдайын нашарлататын заңдардың өзгертулерi мен толықтырулары, ондай өзгертулер мен толықтыруларға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 58-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
58-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не дауларды шешудiң келісім-шартта бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты дауларды осы баптың 1-тармағына сәйкес шешу мүмкiн болмаса, онда тараптар дауды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
59-бап. Заңды күшiне енгізу тәртібі
Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
|
|
|
|
| Н. Назарбаев |