Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын
жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 тамыздағы
№ 467-I Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша)" 1999 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Жағалау сызығы - су қоймасының ең көп мөлшерде көтерілуі (судың толығуы) нәтижесінде пайда болған жағалау сызығы. Жағалау сызығының нақты орналасу орнын белгілеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2-1) Геологиялық бөлу - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының Учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын Контрактінің ажырамас бөлігі болып табылатын Барлауға, бірлескен Барлау мен Өндіруге жасалатын Контрактіге қосымша;
2-2) Тау-кендік бөлу - Жер қойнауын пайдаланушы Барлаумен және (немесе) Өндірумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндіру жүргізуге, жер асты құрылыстарын Салуға құқығы бар жер қойнауының Учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын Сервитут ресімделген жағдайда, Өндіруге арналған Контрактіге, бірлескен Барлаумен Өндіруге арналған Контрактіге, Барлаумен және (немесе) Өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға жасалатын Контрактіге, коммерциялық мақсатта Контрактінің ажырамас бөлігі не дербес құжат болып табылатын кең таралған пайдалы қазбаларды Өндіруге жасалатын Контрактіге қосымша;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндіру - Минералды шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, Жер қойнауынан жер бетіне, сондай-ақ мемлекеттің меншігіндегі Техногенді минералдық түзілімдерден Пайдалы қазбаларды алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені және технологиялық циклы;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтаждары үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейiн мәмiлелер жасау ниетiнсiз, жеке меншiктегi не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiру;
3-2) Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсаттарда өндiру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшiн Өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;
3-3) Теңiздi ластау - теңiз аясына материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң келiп түсуi, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңіздiң тірі ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
6) Контракт - Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында Барлау, Өндiру, бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге не Барлауға және (немесе) Өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға жасалатын шарт;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Контрактiнiң аумағы - Жер қойнауын пайдаланушы Контрактiге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операциялар жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;";
8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Жер қойнауын пайдаланушы - осы Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
15) тармақшадағы "жер бетінен және" деген сөздерден кейін "теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Мердігер - Құзыретті органмен (уәкілетті мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізуге Контракт жасаған жеке немесе заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) Сақтық аймағы - Теңіздің жағалау сызығынан Қазақстан Республикасының аумағында құрылық жағына қарай 5 километрге созылып жатқан аймақ;";
22) тармақша алып тасталсын;
25) тармақшадағы "Өндірумен байланысты емес" деген сөздің алдынан "Барлаумен және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
"25-1) Сервитут - жеке және заңды тұлғалардың басқа тұлғаларға осы Жарлықта көзделген жағдайларда Барлаумен және (немесе) Өндірумен байланысты емес Барлау, Өндіру, бірлескен Барлау жүргізу және Өндіру, не жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауы Учаскесінің бөлігін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы;";
Мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) Ұлттық компания - Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану операцияларын тiкелей, сондай-ақ Контрактiлерге үлестiк қатысу арқылы жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған, акцияларының жүз процентi мемлекетке тиесiлi жабық акционерлік қоғам;";
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзудiң жариялылығы
Барлық мүдделi тұлғалар Құзыреттi органда (уәкiлеттi мемлекеттік орган):
1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған Контрактiлер бойынша бағдарламалар конкурсы ережелерiнiң орындалуымен танысуға құқылы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арасында тараптар құпия деп таныған ақпаратты беру құпиялылық режимiн бұзу болып табылмайды. Құпияға жататын ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мақсаты қоршаған табиғи ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi отандық және халықаралық қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаға жүргізілген не жоспарланған жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операциялардың әсер етуіне қатысты толық және дұрыс ақпаратты алуға құқығы бар.
3. Мұндай ақпаратты берудiң тәртібі қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi.";
3) 7-бапта:
6) тармақшадағы "Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау және" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiтедi;";
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік органның) атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) Барлау, Өндiру және бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану Құқығын беру үшiн инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау және ұйымдастыру;
2) Контрактiнiң шарттары туралы Жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, Жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп Контрактiнiң жобасын дайындау;
3) контрактілік құжаттардың жобаларын келiсудi жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндiруге арналған Контрактiнi қоспағанда, Контрактiнi жасасу және тiркеу;
5) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен бiрлесiп, Контрактiлердi орындау шарттарын сақталудың мониторингi және оны бақылау;
6) Осы Жарлықтың 14-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беруге рұқсат беру, сондай-ақ осы Жарлықтың 15-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмiлелердi тiркеу;
7) Контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Контрактiнiң орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган):
1) Контрактiнi жасау және атқару жөніндегі өзiнiң қызметiнiң барысында Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) Кен орындарының қорларына мемлекеттік сараптамадан кейiн ғана Өндiруге Контракт жасасуға мiндеттi.";
5) 9-бапта:
1)тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсаттарда өндiруге Контракт жасасады, тiркейдi және оны атқарады;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.";
6) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "Өндiрумен байланысты емес" деген сөздердiң алдынан "Барлаумен және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын.
7) 11-бапта:
1-тармақта "субъектілері" деген сөзден кейін "қазақстандық және шетелдік" деген сөздер енгізілсін;
1-тармақтағы ", соның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын.
8) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
"11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген Учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
11-2-бап. Сервитуттар
1. Сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай Сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға ұрындыратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы Учаскесiнде Барлау және (немесе) Өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
3. Бұрын жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзу үшiн басқа тұлғаға берiлген жер қойнауы Учаскесiнiң бөлiгiн берудi осы тұлғамен және Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) келісім бойынша Тау-кендiк бөлуiн ресiмдеу жолымен жер қойнауын пайдалану және Қорғау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн.
5. Сервитутты жер қойнауы Учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай Сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне Сервитут беру үшiн негiз болады.";
9) 12-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
10) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Барлауға, Өндiруге, бiрлескен Барлау мен Өндiруге, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беру Контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.";
2-тармақтағы "органы беретiн лицензиялар" деген сөздер "органымен Контракт жасасу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Пайдалы қазбалардың қоры аз кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
3-тармақта "өкiлеттi" деген сөздiң орнына "мемлекеттік" деген сөз енгiзiлсiн;
"ведомостволық бағыныстағы ұйымдарға арналған әкiмшілiк актiсі немесе контракт негiзiнде" деген сөздердiң орнына "әкiмшiлiк актісі негiзiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сәйкес" деген сәздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану Құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай Жер қойнауын пайдаланушылардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) қатысты құқықтары мен мiндеттерi Контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану Құқығының бiрлескен иелерi Контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.";
11) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдалану Құқығын кепiлге берудi қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану Құқығын басқа тұлғаға ақылы не тегiн негiзде жүзеге асырылатын беруі, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна ретiнде беруін қоса алғанда, тек Құзыреттi органның /уәкiлеттi мемлекеттік орган/ рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.";
2-тармақта:
"Лицензиялық органның" деген сөздер "Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган)" деген сөздермен ауыстырылсын:
"Лицензияда немесе" деген сөздер алып тасталсын;
"немесе Құзыреттi органның келісімi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы баптың 1 және 9-1-тармақтарына сәйкес берiлетiн рұқсаттың болуынсыз, сондай-ақ 15-баптың 2-тармағын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалану Құқығын өзгеге беру жөніндегі мәмiле ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi";
8-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3 және 9-4-тармақтармен толықтырылсын;
"9-1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi мен оған қоса берiлген Жер қойнауын пайдаланушы пайдасына осындай берудi жүргiзуге ниеттенген жеке және заңды тұлға туралы ақпараттың негiзiнде жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге арналған рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге арналған рұқсатты беруден жер қойнауын пайдалану Құқығын беру көзделген тұлға Жер қойнауын пайдаланушыға Контрактiмен жүктелетiн мiндеттемелердi немесе мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану Құқығы iшiнара берiлетiн жағдайда) орындауға қабiлетсiз деп ұйғарылған не Жер қойнауын пайдаланушы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайда бас тартуға құқылы. Жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге рұқсат беруден негiзсiз бас тартуға қолданылып жүрген заңдар мен Контрактiнiң шарттарына сәйкес қарсылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган), егер Құзыретті органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) негiзгi ұйым Контракт бойынша мiндеттемелердi еншiлес заңды тұлғамен ортақтасып толық атқару кепiлдiгiн ұсынған кез келген жағдайда жер қойнауын пайдалану Құқығын еншiлес ұйымға беруден бас тартуға құқығы жоқ.
9-2. Жер қойнауын пайдалану Құқығын беру Контрактi қайта ресiмделген кезден бастап, оның iшiнде Контрактiге тиiстi өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ресiмдеу арқылы жасалған деп есептелiнедi. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Контрактiні қайта ресiмдеуден және тiркеуден жер қойнауын пайдалану Құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған жағдайда не Жер қойнауын пайдаланушы Құзыреттi органға (уәкiлетті мемлекеттік орган) соның негiзiнде жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге рұқсат берiлген жалған ақпарат ұсынуы фактiсi болған жағдайда не осы баптың 9-3 және 9-4-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
9-3. Жер қойнауын пайдалану Құқығын басқа адамға iшiнара берген жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға Контракт бойынша құқықтарды бiрлесiп жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келісімге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен мiндеттердi осындай шектеу туралы өзге де шарт Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) келісіледi және ол Контрактiнiң тараптары үшiн мiндеттi күшi бар Контрактiге қосымша болып табылады.
9-4. Иеленушiлерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану Құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану Құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келісімiмен ғана мүмкiн болады.";
11) 15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер қойнауын пайдалану Құқығын кепiлге беруге тек Контрактiмен белгiленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзу үшiн қаржы қаражатын тарту мақсатында ғана жол берiледi. Жер қойнауын пайдалану Құқығының кепілімен алынған кредит (заем) Контрактiде көзделген жер қойнауын пайдалану мақсатына ғана пайдаланылуы тиiс.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6 және 2-7-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру осы Жарлықтың 14-бабына сәйкес алдын ала рұқсат алмастан, сондай-ақ Контрактiнi Кепiл ұстаушыға қайта ресiмдеусiз жүзеге асырылады.
2-2. Кепiл шарты Құзыреттi органда (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мiндеттi түрде тiркелуге тиiс және егер осы Шартпен күшiне енуiнiң өзге неғұрлым кеш мерзiмi белгiленбеген болса, тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
2-3. Жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеу Жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi негiзiнде тiркеу туралы куәлiк берiле отырып жүзеге асырылады, оған қолданылып жүрген заңдарға сәйкес талап етiлетiн құжаттар берiлген кезден бастап 30 күннiң iшiнде заемды тартудың, пайдалану мен қайтарудың техникалық-экономикалық негiздемесi, заемды берудiң шарттары мен заемды беретiн ұйым туралы ақпарат қоса берiледi.
2-4. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган), егер жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленушi тұлғаға Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңының күшi қолданылса не жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң тиiстi жағдайларында отандық немесе халықаралық рынокта қолданылатын шарттармен салыстырғанда Жер қойнауын пайдаланушы үшiн жер қойнауын пайдалану Құқығы кепiлiнiң бара-бар шарттары болмаса не, егер кепiлге салынатын жер қойнауын пайдалану Құқығы басқа кепiл шартының нысаны болып табылса, жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеуден бас тартуға құқылы.
2-5. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өтiнiш берушiге мұндай бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеуден бас тартылғаны туралы 30 күн iшiнде жазбаша мәлiмдеуге мiндеттi.
2-6. Кепiл нысанасы ретiнде жер қойнауын пайдалану Құқығына өндiрiп алу қолданылған жағдайда, кепiл ұстаушы банк болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кепiл ұстаушыға Контрактiмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен жер қойнауын пайдалану Құқығының иесiне жүктелетiн барлық құқықтар мен мiндеттер ауысады.
2-7. Жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдiң нысанасы ретiнде өндiрiп алуды қолданудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлейдi.";
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi Жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) ауысады.";
14) 17-бапта:
1-тармақтағы "лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын.
15) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды, жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беру тәртібінiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі Контрактiмен айқындалады.
3. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Жарлықтың Өндiруге қатысты нормалары қолданылады.";
16) "Барлау мен өндiрудi лицензиялау" деген 4-тарау мен 21-41-баптар алып тасталсын.
17) Мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Барлауды, Өндiрудi және бірлескен Барлау мен Өндiрудi жүргiзуге құқық берудiң тәртібі
41-1-бап. Барлауды, Өндiрудi және бiрлескен Барлау мен Өндiрудi жүргiзуге құқық берудiң тәртібі
1. Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тiкелей келiссөздер негiзiнде Ұлттық компанияларға берiлетiн жер қойнауы Учаскелерiн (Блоктарды), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiруге ұсынылған жер қойнауы Учаскелерiн, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды қоспағанда, инвестициялық бағдарламалар конкурсына шығарылатын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi. Жер қойнауының осы Учаскелерiне Барлау, Өндiру және бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге құқық Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен, конкурс өткізу нәтижелерiнiң негiзiнде берiледi.
2. Жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурсқа шығаратын жер қойнауының Учаскелерi (Блоктары) бойынша геологиялық немесе тау-кендiк бөлудi Қазақстан Республикасының Үкіметі өзi айқындаған жер қойнауының Учаскелерiн конкурсқа шығару туралы шешiмi қабылданған және тау-кендiк бөлiнiсi жобасы ұсынылған күннен бастап 45 күннен кешiктiрмей әзiрлеуге мiндеттi.
3. Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар осы Жарлықтың нормаларына сәйкес конкурсқа қатысуға Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өтiнiм беруге құқылы.
4. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салу және (немесе) пайдалану үшiн жер қойнауының Учаскелерiн берудi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тiкелей келiссөздердiң негiзiнде жүргiзедi.
41-2-бап. Барлауға, Өндiруге не бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық, бағдарламалар конкурсын өткізудiң шарттары
1. Барлауға, Өндiруге не бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсы ашық және жабық болуы мүмкiн.
Ашық конкурсты өткізудiң шарттары жариялануға, ал жабығынікі - барлық ықтимал қатысушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсты өткізудiң тәртібіне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Конкурсты өткізу туралы хабарламаларда мыналар болуы тиіс:
1) оның өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер берудің мерзiмi;
2) конкурстың негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзу үшiн ұсынылу көзделген жер қойнауы Учаскелерiнiң (блоктарының) орналасқан жерiн көрсету және оның сипаттамасы.
Хабарламада сондай-ақ жазылым бонусының ең төменгi мөлшерi, геологиялық ақпарат пакетiнiң, кен орнын ашқаны үшiн төлемнiң, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) белгiлейтiн конкурсқа қатысу құқығына арналған жарнаның құны көрсетiледi.
41-3-бап. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға берiлетiн өтiнiм
Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:
1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттік тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
2) заңды тұлғалардың және өтiнiм берушiнiң атынан өкiлдiк ететiн тұлғалардың басшылары немесе иелерi туралы деректер;
3) өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер болуға тиiс.
41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Өтiнiм берушi конкурсқа қатысуға арналған жарнаны төлеген соң өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы Учаскесi (Блоктары) жөніндегі геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге Жұмыс бағдарламасын және Барлауды және (немесе) Өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге ақпарат көлемi болуға тиiс.
41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға конкурстық ұсыныс
1. Өтiнiм берушi конкурстың шарттарымен белгiленген мерзiмдерде бiрлескен Барлау мен Өндiруге немесе Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға 41-2-баптың 2-тармағына сәйкес мiндеттемелердің орындалуын ескере отырып конкурстық ұсыныс жасайды. Конкурсқа қатысуға өтiнiм берушiлердiң арасынан конкурстың жеңiмпазын анықтауды комиссия жүргiзедi. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
1) өтiнiм берушiнiң соңғы 5 жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, оның бұрынғы қызметi туралы ақпарат, өтiнiм берушiнiң қаржылық мүмкiншiлiктерi туралы банк анықтамасы;
2) жұмыс бағдарламасын және оны жүзеге асыруға кететін шығындарды қоса алғанда, өтiнiм берушiнiң Барлау жүргiзу шарттары туралы ниетi;
3) Контракт аумағы жерiн рекультивациялауды және қалпына келтiрудi қоса алғанда, өтiнiм берушiнiң қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниетi;
4) Барлауды қаржыландырудың көздерi (өзiнiң қаражаты немесе заемдық қаражаттар);
5) геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары;
6) өтiнiм берушiнiң жер қойнауын пайдалануға құқықтарды іске асыруда Ұлттық компаниялармен үлестiк ынтымақтастығы туралы ниеті болуға тиiс.
3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға конкурстық ұсыныста бұдан басқа:
1) өзi өндiрудi ұйғарып отырған Пайдалы қазбалардың көлемiн қоса алғанда, Кен орындарын игеру жоспары;
2) Өндiрудi бастаудың күтіліп отырған мерзiмi және оған қол жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкiн деңгейi;
3) Өндiруге байланысты шығыстар бойынша және Пайдалы қазбаларды iске асырудан түсетiн кiрiстер бойынша болжамдарды есептеу;
4) Қазақстан Республикасының көзделiп отырған ақша түсiмдерi мен Контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдары болуға тиiс.
4. Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге Құқық алуға конкурстық ұсыныс осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес қалыптасуға тиiс.
41-6-бап. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығынан бас тартылу
Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығынан бас тартылу мынадай жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1) осы Жарлықтың 41-3-бабының талаптарын бұза отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм беру немесе 41-5-бабының талаптарын бұза отырып конкурстық ұсыныс беру;
2) өтiнiм берушiнiң жалған мәлiметтердi ұсынуы;
3) өтiнiм берушiнің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнде және (немесе) конкурстық ұсыныста аталған Барлау мен (немесе) Өндiру үшiн қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, бас қарушылық және қаржылық мүмкiншiлiктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының өтiнiмде болмауы.
41-7-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңiмпазы мынадай басты өлшемдер жиынтығының негiзiнде анықталады:
1) Барлауды жүргiзудiң басталу және қарқындылық мерзiмі;
2) Өндiрудi бастаудың және оның экономикалық техникалық мүмкiн деңгейiне, сондай-ақ Пайдалы қазбаларды барынша жоғары коэффициентiне жету мерзiмi;
3) бюджетке бастапқы, сондай-ақ одан кейiнгi төлемдердің болжамды мөлшерi;
4) инвестициялардың мөлшерi, жобаны қаржыландырудың және Контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдар мерзiмдерi мен шарттары;
5) Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі талаптардың сақталуы.
2. Өтiнiм берушi әзiрлеген техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң конкурс шарттарына сәйкес келуiн бағалауды Құзыретті орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) құратын сараптама комиссиясы жүргiзедi және хаттамамен ресiмделедi.
41-8-бап. Геологиялық және Тау-кендiк бөлу
1. Барлауға, Өндiруге, бiрлескен Барлау мен Өндiруге, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленушi тиiсiнше Геологиялық немесе Тау-кендік бөлу айқындалған жер қойнауы Учаскесiнiң шектерiнде ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi Операцияларды жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленуші Тау-кендiк бөлумен айқындалған жер қойнауы Учаскесiнiң шектерінде, өзiнiң қалауы бойынша, Барлауға Контракт жасамай және Геологиялық бөлудi ресiмдемей Барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы.
3. Контракт аумағын қайтаруға байланысты ресімделетін Геологиялық бөлудi жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган бередi.";
18) 42-бапта:
1-тармақта:
"Барлау және Өндiру жөніндегі операцияларды" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Барлау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-2) бiрлескен Барлау және Өндiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-3) Өндiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-4) Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған Контракт.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Контрактiнiң шарттары Модельдi контрактiнiң ережелерiн ескере отырып, тараптардың өзара келісімi бойынша белгiленедi.
2-2. Контрактiнiң шарттары Қазақстан Республикасының Заңдарына сай келуге тиiс. Контракт жасалған кезде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн Контрактiнiң шарттары Контрактiге қол қойылған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
2-3. Жұмыс бағдарламасын қоса алғанда, бiрлескен Барлау мен Өндiруге жасалған Контракт бойынша Өндiрудi жүргiзудiң шарттары мен тәртібі Контрактiде белгiленген тәртiппен, жасалған Контрактiге қосымша ретiнде қосалқы рәсiмделуге тиiс.";
19) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi
1. Барлауға Контракт алты жыл мерзiмге жасалады. Мердiгер Контрактiде және тиiстi жұмыс бағдарламасында белгiленген мiндеттемелердi орындаған жағдайда Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi ұзақтығы екi жылға дейiн болып екi рет ұзартылуы мүмкiн. Егер Мердiгер мерзiмдi ұзарту үшiн Контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 12 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, Барлауға Контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Өндiруге арналған Контракт 25 жылға дейiнгi, ал пайдалы қазбалардың iрi және бiрегей қорлары бар кен орындарында - 45 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
3. Бiрлескен Барлау мен Өндiруге Контракт мүмкiн болатын ұзарту мерзiмдерi ескерiле отырып, Барлау мен Өндiрудiң мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қолданылады.
4. Пайдалы қазба табылған жағдайда Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Коммерциялық табуды бағалау үшiн Мердiгердiң қажет кезеңге ұзартуға құқығы бар.
5. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) келiп түскен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.";
20) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
"43-1-бап. Контрактiнің қолданылуының аумақтық аясы (Контрактілік аумақ)
1. Контрактілік аумақтың шегiнде жер қойнауының бiр-бiрiмен өзара аралас ретiнде де, бөлек те бiр Учаскесi немесе жер қойнауының бiрнеше Учаскесi болуы мүмкiн. Контрактілік аумақтың шегiнде бөлiнетiн жер қойнауы Учаскесi (жер қойнауы учаскелерi) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн).
2. Егер Барлау және (немесе) Өндiру жүргiзу кезiнде Пайдалы қазбалар табылатын болса, Кен орнының географиялық шекаралары көрсетiлген Геологиялық немесе Тау-кендiк бөлудегi Контракт аумағы шегiнен шығып кеткен болса, онда оны кеңейту туралы мәселе конкурс өткiзiлместен Контракт шарттарын өзгерту арқылы шешiлуге тиiс.
3. Контрактiнiң аумағын қайтарудың шарттары мен тәртібі Контрактiде айқындалады.
4. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару, Контракт аумағынан осы Жарлықтың 41-8-бабына сәйкес осындай Геологиялық бөлуден қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, Геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу арқылы жүзеге асырылады.";
21) 44-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Контракт оған қол қойылғанға дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiпке сәйкес тиiстi мемлекеттік органдармен, оның iшiнде салық салу мәселелерiмен айналысатындарымен мiндеттi түрде келісілуге тиiс. Келiсу мерзiмi контрактілік құжаттардың ұсынылған күнiнен бастап 30 күннен аспауға тиiс. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өзiнiң қалауы бойынша оған қол қойғанға дейiн Контрактiге тәуелсiз сараптама жүргiзу тағайындауға құқылы. Бұл ретте мұндай сараптама жүргiзудiң мерзiмi контрактілік құжаттарды берген кезден бастап 30 күннен аспауға тиiс.";
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк еткен орган Контрактiнi тiркейдi және ол тiркелген күннен бастап күшiне енедi" деген сөздер "Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiруге Контрактiнi қоспағанда, Контрактiнi тiркеу туралы сертификатты мiндеттi түрде бере отырып, Контрактiнi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тiркейдi және ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi" деген сөздермен ауыстырылсын.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Контрактiнi жасау жергiлiктi атқарушы органдардың жер учаскесiн дереу ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiк шекаралары жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану мерзiмдерiнiң шегiнде Жер қойнауын жердiң үстiңгi бетiн бұза отырып iс жүзiнде пайдаланылатын аумақпен шектеледi.
4-2. Құзыреттi орган Контрактiнiң көшiрмесiн оны тiркеген соң бiр апта мерзiмде мiндеттi түрде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға жiбередi.";
22) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Контрактiнi жарамсыз деп тану
1. Контракт мынадай жағдайларда:
1) сот тәртібімен Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) осы тұлғамен Контракт жасауға шешiм қабылдауға ықпал еткен көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсi анықталған жағдайда;
2) сот тәртібімен конкурсты жүргiзуге не жер қойнауын пайдалану құқығын алуды ұтып алған үмiткермен оған басқа үмiткерлердiң алдында заңсыз басымдықтар беру мақсатында Контракт жасасуға қатысушы лауазымды адамдардың арасында сөз байласу, бюджетке төленетiн төлемдердiң шарттарын ырықтандыру және олардың мөлшерiн азайту фактілері анықталған жағдайда;
3) қолданылуы Контракт жасасуға тiкелей ықпал еткен шарттың күшiн сот тәртібімен жою кезiнде жарамсыз деп табылады.
2. Контрактiнi жарамсыз деп тану үшiн соттың осы баптың 1-тармағында көрсетiлген фактiлердiң болғандығын растайтын шешiмiнiң немесе үкімінiң заңды күшiне енуi негiз болып табылады. Контракт ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
3. Сот тәртібімен оның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресiмдеу жүзеге асырылған шартты жою не бұзу Контрактiнiң өзiнiң емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай берумен байланысты қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкелiп соғады.";
23) мынадай мазмұндағы 45-1 және 45-2-баптармен толықтырылсын:
"45-1-бап. Контрактiнiң қолданылуын тоқтата тұру
1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердiгер:
1) Контрактiде көзделмеген қызметтi немесе оны Контрактiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
2) Контрактiде көзделмеген бағдарлама бойынша қызметтi жүзеге асырған;
3) өз қызметiн жүзеге асыру процесiнде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу бөлiгiнде заңдарды ұдайы бұзған жағдайларда Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
2. Барлау, Өндiру, бiрлескөн Барлау мен Өндiру не Барлау және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзу тоқтатыла тұрған жағдайда Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Жер қойнауын пайдаланушыға мұндай тоқтата тұрудың себептерi туралы жазбаша түрде хабарлайды және оларды жою үшiн қисынды мерзiм белгiлейдi.
3. Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұруды тудырған себептер жойылған кезде Құзыреттi орган (уәкілеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердiгерге Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi жалғастырудың мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабарлайды.
4. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) және (немесе) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган, егер жасалған Контрактiге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жалғастыру, Жер қойнауын пайдаланушыға тәуелсiз белгiлi бiр жағдайларға байланысты адамдардың өмiрiне қауiп немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн жағдайда, Барлауды, Өндiрудi немесе бiрлескен Барлау мен Өндiрудi жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) немесе жер қойнауын пайдалану және қорғау жәніндегі мемлекеттік орган Жер қойнауын пайдаланушыға осындай жағдайлардан туған қолайсыз зардаптардың тәуекелiн болдырмайтын не оны төмендететiн шаралар қолдану жөнiнде атқарылуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды тоқтата тұру үшiн негiз болатын мән-жайлардың туындағаны үшiн қандай да бiр жауапкершiлiктен босатылады.
45-2-бап. Контрактiнi өзгерту және тоқтату
1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Контрактiнi мынадай жағдайларда:
1) Мердiгер Барлау, Өндiру, бiрлескен Барлау мен Өндiру не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда, не осы себептер оларды жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде жойылмаған жағдайда;
2) Жер қойнауын пайдаланушылар осы Жарлықтың 70-бабында көзделген шараларды қолданбаған жағдайда;
3) Осы Жарлықтың 45-1-бабының 4-тармағына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмайтын жағдайда;
4) Мердiгер Контрактiмен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
5) Мердiгер осы Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдалану Құқығы кепiл нысанасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес банкрот деп танылған жағдайда бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Контрактiнi бұзу туралы тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн Мердiгерге хабарлама жiберу арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудi дереу тоқтатуды талап етуге құқылы, ал Мердiгер мұндай талапты дереу атқаруға мiндеттi.".
24) 46-бапта:
1-тармақтағы "Егер енгiзiлетiн өзгертулер Лицензия талаптарына қайшы келмесе" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы екiншi сөйлем алып тасталсын.
25) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
"48-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүргiзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі осы Операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң Ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүргiзiлген Операциялардың және мұндай Жер қойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң Ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.";
26) 49-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "кен Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
27) 53-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлдi органдардың" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
28) 57-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығына ие Мердiгер Өндiрудi Пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы.";
4-тармақтағы "Сондай-ақ Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Өндiруге байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 58-баптың 1-тармағындағы, 59-баптың 1-тармағындағы, 60-баптың 1-тармағындағы "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлдi орган" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
30) 62-бапта:
1) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
8) тармақшадағы ", Лицензияда және (немесе)" деген сөздер "және" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;
31) 63-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
3) тармақшада:
"Лицензия алған күннен бастап екi жыл iшiнде" деген сөздер "Контракт жасаған күннен бастап" деген сәздермен ауыстырылсын;
"Лицензияда" деген сөз "Контрактiде" деген сөзбен ауыстырылсын:
5-тармақшада "қызметкерлер" деген сөздiң алдынан "Жер қойнауын ұтымды пайдалануды," деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткізумен байланысты олар стандарттар мен басқа да талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде пайдалануға;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
8) егер бұл қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурстар өткізумен байланысты стандарттарға және басқа да талаптарға сай болса, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізу кезiнде жұмыс атқару мен қызмет көрсету үшiн қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарды мiндеттi түрде қатыстыруға.";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасында қайсыбiр қызмет түрi болмаған жағдайда мемлекеттік органның рұқсатымен шетелдiк ұйымдардың қызметiн пайдалану.";
12) тармақшадағы "Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшада "Салықтарды" деген сөзден кейiн ", Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды" деген сөздер енгiзiлсiн;
2-тармақтағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
32) 64-бапта:
1-тармақта:
"мiндеттi Жұмыс бағдарламасы" деген сөздер "жұмыстардың ең төменгi немесе жұмыс бағдарламасы, сондай-ақ жұмыстардың жылдық бағдарламасын бекiтудiң тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және Лицензияға" деген сөздер алып тасталсын;
тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзу процесiнде Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi. Барлауға Контрактiнiң негiзiнде Барлау жүргiзген және коммерциялық анықтау жасаған Мердiгердiң тiкелей келiссөздер негiзiнде Өндiру Құқығын алуға ерекше құқығы бар.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте негiзсiз артық сипаттағы немесе Кен орнын игерудiң Оң практикасымен сәйкес келмейтiн немесе жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу, Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуға байланысты Жер қойнауын пайдаланушы шеккен, не Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Контрактiмен жүктелген оның өзге де мiндеттердi бұзуына байланысты шеккен шығыстарды өтеуге жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5 және 3-6 тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Барлауды жүзеге асыратын Мердiгердiң Кен орнының қорларын байқау үшiн пайдалануды жүргiзуге бұл жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген жобада немесе жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3-2. Барлауды, Өндiрудi не бiрлескен барлау мен Өндiрудi жүргiзетiн Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесiмен, егер Контрактiде мұндай келiсу үшiн өзгеше мерзiм белгiленбесе, Контракт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей жұмыстардың жылдық бағдарламасын келiсуге мiндеттi.
3-3. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен келісім бойынша қайта қарауы мүмкiн.
3-4. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалатын шарттарда және тәртiпте жүргiзуi жөнiнде есептер табыс етуге мiндеттi.
3-5. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мұндай бағдарламалар мен есептер бекітілген кезден бастап екi апта мерзiмде кен орнының қорларын байқау үшiн пайдалану жөніндегі жобаларды қоса алғанда, жұмыстарының бекітілген жылдық бағдарламалары мен оларды орындау жөніндегі есебiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
3-6. Осы Жарлыққа сәйкес Контрактiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес Барлау немесе Өндiру объектiлерiн консервациялауды, жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеп-бұзуды және Контрактілік аумақтан әкетудi жүзеге асыруға мiндеттi".
33) 66-бапта:
2-тармақта:
"Өндiрудi тоқтатқанда немесе уақытша тоқтатқанда" деген сөздер "Барлауды және (немесе) Өндiрудi тоқтатқанда немесе Барлауды және (немесе) Өндiрудi тоқтата тұрғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
34) 69-баптың 2-тармағындағы "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 70-бапта:
баптың атауындағы "және лицензия" деген сөздер алып тасталсын;
бiрiншi бөлiгіндегі "Лицензиялық" деген сөз "Құзыреттi" деген сөзбен ауыстырылсын, "iс жүзiнде" деген сөздер "Оң практикаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiнде:
"Лицензиялық орган" деген сөздер "Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"40-бабына сәйкес Лицензияны қайтарып алуға құқылы" деген сөздер "45-2-бабына сәйкес Контрактыны бұзуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 71-бапта:
"Лицензия мен" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабілетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат):
1) 1-бапта:
сегiзiншi абзацта "алуды" деген сөзден кейiн үтiр қойылып, "сондай-ақ Табиғи және Мұнай газын кәдеге жарату мен сұйылтуды" деген сөздермен толықтырылсын;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Контракт аумағы" дегенiмiз - Мердiгер Контрактiге сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы Геологиялық және (немесе) Тау-кендiк бөлумен айқындалған аумақ.";
он үшiншi және он төртiншi абзацтар алып тасталсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Теңiз" дегенiмiз - судың бетi мен қалың қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiгiнiң шегіндегі Каспий мен Арал теңiздерiнiң табаны.".
он тоғызыншы абзац алып тасталсын;
жиырмасыншы абзацтағы "Шикi мұнай" деген сөздерден кейiн ", Газ конденсаты" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай операциялары" дегенiмiз - құрлықта өзендер, көлдер және өзге де iшкi су қоймаларының шектерiнде жүргізiлетiн Барлау, Өндiру, Мұнай жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу және оларды пайдалану Мұнай-газ құбырларын салу және оларды пайдалану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ Теңiздегi мұнай операциялары";
жиырма екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мердiгер" дегенiмiз - Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Мұнай операцияларын жүргiзуге Контракт жасасқан жеке немесе заңды тұлғалар.";
жиырма үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесi" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттілік ретiнде топтастырылатын Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы қабылданған әлемдiк практикасы";
жиырма алтыншы абзац алып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзацтағы "далалық" деген сөз алып тасталсын;
бап мынадай ұғымдармен толықтырылсын:
"Жағалау сызығы" - су айдынының ең көп мөлшерде көтерiлуi (судың толығуы) нәтижесiнде пайда болған жағалау сызығы. Нақты жағалаулық сызықты Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
"Теңiздiң ластануы" - теңiз аясына материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң келiп түсуi, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жанды ресурстарға және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi кедергiлер тудыратын сәулелер мен өрiстердiң түрлi үлгiлерiнiң пайда болуы.
"Теңiз құрылыстары" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, қозғалмайтын және жүзбелi жабдықты қоса алғанда, теңiздегi кез келген жасанды құрылыстар.
"Теңiз қорғаныштық аймақтары" немесе "қауiпсiздiк аймағы" дегенiмiз - адамдардың, теңiздiң жанды ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ кеме қатынасының, балық аулау шаруашылығының және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес теңiзде жүзеге асырылатын басқа да заңды қызметтің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерімен айқындалатын Теңiз құрылыстарының төңiрегiнде белгiленетiн аймақ.
"Теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең үздiк тәжiрибе" дегенiмiз - теңiздiң Ластануының барынша төмен деңгейiн жасайтын не теңiздiң Ластануын толық болдырмайтын, теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық практикасы.
"Мұнайгаз құбырлары" дегенiмiз - Мұнайды тасымалдауға арналған труба құбырлары, оның iшiнде Арналы труба құбырлары, жинау коллекторының режимiнде жұмыс iстейтiн труба құбырлары, сондай-ақ труба құбырлары жүйесi арқылы не оны бақылау жүйесiнiң жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазалау, айыру және сұйылту жөніндегі жабдық пен тетiктер, бақылау және оқшаулар жүйесi, электр химиялық қорғаныс жүйесi және осындай труба құбырларына қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдық.
"Теңiз мұнай операциялары" дегенiмiз - Барлау, Өндiру, сондай-ақ Теңiзде жүзеге асырылатын Мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану.
"Шекара маңындағы кен орны" дегенiмiз - Қазақстан Республикасы аумағының немесе бөлiгi басқа шектес немесе қарсы жатқан мемлекеттiң заңды құзыретіндегі аумақта орналасқан теңiздiң шектеріндегі кен орны.
"Сақтық аймағы" дегенiмiз - теңiздiң жағалау сызығынан Қазақстан Республикасының аумағындағы құрлық жағына қарай 5 километрге созылып жатқан аймақ.
"Мұнайгаз құбырларын салу және пайдалану" дегенiмiз - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және өзге де iшкi су тоғандарында Мұнайгаз құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыс (операция).
"Мұнайдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу және оларды пайдалану" дегенiмiз - мұнай мен газдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу мен пайдалануға байланысты кез келген жұмыс.
"Ұлттық компания" дегенiмiз - акцияларының жүз процентi мемлекетке тиесiлi, Қазақстан Республикасында тiкелей, сондай-ақ Контрактiлерге үлестiк қатысуы арқылы Мұнай операцияларын басқару үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған жабық акционерлік қоғам.";
2) 2-бапта:
2-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiмен және" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады.".
3) 5-бапта:
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) жыл сайын Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.".
4) 6-баптың 1-тармағында:
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады және Барлауға, Өндiруге, бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге келiссөздер жүргiзедi;
7-2) осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 14 және 15-баптарына сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;
7-3) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен және Ұлттық компаниямен бiрлесiп Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контракт шарттарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.";
5) 7-баптың 1) тармақшасындағы "Лицензия берiлгеннен" деген сөздер "Контракт жасалғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.
6) Мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi
Ұлттық компанияның мiндеттерi:
1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Контрактiде мiндеттi үлестiк қатысу арқылы мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлермен жасалған Контрактілерде мемлекеттік мүдденi бiлдiру;
3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, Мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу;
4) Мұнай операцияларымен байланысты жаңа жобаларды әзiрлеу және iске асыру болып табылады.";
7) "Мұнай операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсы" деген 3-тарау және 8-14-баптар алып тасталсын.
8) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық
8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуы
1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық:
1) Осы Жарлыққа сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
2) Осы Жарлықпен белгiленген шектерде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану Құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Жарлықпен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған кұқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады.
8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру
1. Мұнай операцияларын жүргiзу құқығы конкурссыз негiзде басым тәртiппен Ұлттық компанияға берiледi, ал өзге жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiппен Контракт жасасу жолымен конкурс өткізу нәтижелерi негiзiнде берiледi.
2. Жерасты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тiкелей келiссөздер жүргiзудiң негiзiнде берiледi.
3. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға арналған құқық тиiстi мемлекеттік органның рұқсаты арқылы берiледi.
4. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тиiстi рұқсаты арқылы берiледi.
8-3. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беру
1. Барлау, Өндiру, бiрлесiп Барлау жүргiзу мен Өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге Контарктiге тиiстi өзгерістер енгізу арқылы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiпте жол берiледi.
2. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi.";
9) "Барлау мен өндiрудi лицензиялау" деген 4-тарау және 15-24-баптар алып тасталсын.
10) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн Контрактiлердiң мынадай түрлерi:
1) Барлау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
2) Барлау және Өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
3) өнiмдi бөлу туралы Контракт;
4) Өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзу туралы Контракт;
5) жерасты қоймаларын және Мұнай резервуарларын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған Контракт қолданылады.";
11) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Контрактiнiң қолданылу шарты мен мерзiмi
1. Барлауға арналған Контракт алты жыл мерзiмге жасалады. Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Контрактiде және тиiстi жұмыс бағдарламаларында айқындалған мiндеттемелердi Мердiгер орындаған жағдайда ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi екi жылға дейiн ұзақтықпен екi рет ұзартылуы мүмкiн. Мұнай табылған жағдайда Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Коммерциялық табуды бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар.
2. Өндiруге арналған Контракт 25 жылға жасалады. Кен орындарында қоры 100 миллион тоннадан асатын Шикi мұнайды және (немесе) 100 миллиард текше метрден асатын Табиғи газды алуға арналған Өндiру Контрактiсi 40 жылға дейiн мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi, егер Мердiгер мерзiмдi ұзартуға Контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 12 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, Мердiгер мен Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өзара келісімi бойынша Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
3. Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған Контракт ұзартудың мүмкiн мерзiмдерi ескерiле отырып, Барлау мен Өндiру мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1-тармағымен белгiленген ережелер қолданылады.
4. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) келiп түскен күннен бастап 3 айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) оң шешiм қабылдаған жағдайда Контрактiге тиiстi өзгерістер енгiзiледi.
5. Контракт шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуi тиiс. Контракт жасау кезiнде Контрактiнiң қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн шарттары Контракт жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
6. Контракт шарттары тараптардың өзара келісімiмен Үлгiлiк контрактiнiң ережелерi ескерiле отырып айқындалады.
7. Контракт тараптарының арасында мiндеттi түрде келiсуге жататын Контракт шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
12) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Контрактiнiң қолданылуының аумақтық аясы
1. Қазақстан Республикасының аумағы, Блоктардың шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасымен түйісетін жағдайларды қоспағанда, тiк бұрыш нысанындағы Блоктарға бөлiнедi. Әрбiр блогының өзiнiң реттiк нөмiрi және географиялық координаттары бар Блоктардың картасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Контракт аумағы өзiне бiр Блокты немесе бiр-бiрiмен аралас, сондай-ақ бөлек-бөлек Блоктар жүйесiн қамтиды. Контракт аумағы ретiнде бөлiнетiн Блок (Блоктар) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн). Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру кезiнде Контракт аумағы оның шекараларының географиялық координаттары көрсетiле отырып, Контрактiде көрсетiлген қызметке рұқсат етiлетiн шектердегi теңiз табанының алаңымен айқындалады.
3. Егер Мұнай операцияларының процесiнде Кен орындары жерлерiнiң географиялық шекаралары Контракт аумағының шегiнен шығып кеткендiгi анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) қосымша шешуi тиiс.
4. Контракт аумағын қайтарудың тәртібі Контрактiде айқындалады.
5. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару Контракт аумағынан қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, Геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады. Аумақтарды қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық бөлудi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган дайындайды және бередi.".
13) 27-бапта:
1-тармақтағы "мен санитария" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
14) 28-бап алып тасталсын.
15) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
"28-1-бап. Мұнай операцияларын тоқтата тұру, Контрактiнi тоқтату және оны жарамсыз деп тану
Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контрактiлерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды тоқтата тұрудың, Контрактiнi тоқтатудың және жарамсыз деп танудың ережелерi мен тәртібі қолданылады.".
16) 29-бапта:
1-тармақта "Егер сол өзгертулер Лицензияның талаптарына сәйкес келсе," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "Лицензияны қайтарып алу Контрактiнi тоқтатуға апарып соғады." деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
17) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттары
1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы Мердiгер Мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ Контрактiде айқындалған тәртiп пен шарттарда жүргiзуге мiндеттi. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер мемлекеттік органдардың осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес олардың өз құзыретi шегiнде берген талаптарын сақтауға және атқаруға мiндеттi.
2. Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгер Барлау мен Өндiру жөніндегі операцияларды жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
3. Мердiгер Барлау мен Өндiру бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ жүргiзiлетiн Барлау мен Өндiру процесiнде Кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Барлауды жүзеге асыратын Мердiгердiң Кен орны қорларын байқау үшiн пайдалану жүргiзуге, егер ол жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген жобада немесе жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
5. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ Мұнайдың алыну деңгейi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органы жүргiзетiн мемлекеттік сараптауға және бекiтуге жатады.".
18) мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2, 30-3, 30-4, 30-5, 30-6, 30-7, 30-8 және 30-9-баптармен толықтырылсын:
"30-1-бап. Ең аз жұмыс бағдарламасы, жұмыс бағдарламасы және жылдық жұмыс бағдарламасы
1. Барлау жөніндегі ең аз жұмыс бағдарламасы Мердiгердiң Контракт аумағындағы бүкiл барлау кезеңi iшiнде Барлау жүргiзу жөніндегі мiндеттемелерiн айқындайды. Ең аз жұмыс бағдарламасы Мердiгердiң iздестiру және барлау скважиналарының белгiлi бiр ең аз санының бұрғылау жөніндегі мiндеттемелерiн, сондай-ақ бүкiл Контракт аумағы үшiн не алаңның бiрлiгiне белгiленетiн не жүргiзiлген Барлаудың нәтижесiнде жүзеге асырылатын Барлау бойынша ең аз шығыстарын қамтиды. Ең аз жұмыс бағдарламасы сондай-ақ Мердiгердiң Контракт аумағының шектерiнде геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзу жөніндегі мiндеттерiн айқындай алады.
2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Мердiгердi, егер Мердiгер, орындау, конкурста қабылданған жағдайларды қоспағанда, Мердiгерге қатысы жоқ белгiлi бiр мән-жайлардың болуына байланысты оның орындалуы ақылға сыйымды еместiгiн дәлелдеген жағдайда, ең аз жұмыс бағдарламасының кез келген бөлiгiн орындаудан босатуға құқылы.
3. Жұмыс бағдарламасы Контрактiге қосымша болып табылады және Контрактiнiң қолданылуының бүкiл кезеңi iшiнде Барлау жүргiзудiң және (немесе) Өндiрудiң шарттарын айқындайды.
4. Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасы Контракт айқындайтын тәртiп пен мерзiмде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен мiндеттi түрде келісілуi тиiс. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, жылдық жұмыс жоспары әрбiр күнтiзбелiк жылдың Контракт жасалған айынан кейiнгi айының 30-нан кешiктiрiлмей бекітілуi тиiс. Жылдық жұмыс жоспарына Барлау мен Өндiру бағдарламалары кiредi, жүргiзiлетiн iс-шаралар мен жұмыстарды Барлау мен Өндiру процесiнде Мердiгер жүзеге асыратын осындай жұмыстарды орындау мен қажеттi жабдықты сатып алуға байланысты шығыстарды егжей-тегжейлi айқындайды, сондай-ақ осы жұмыс бағдарламасы бекітілетiн күнтiзбелiк жылдағы Өндiрудiң ең төмен және ең жоғары деңгейлерiн белгiлейдi.
5. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Мердiгер табыс еткен бекітілген жылдық жұмыс бағдарламалары мен есептерiнiң көшiрмелерiн осындай бағдарламалар мен есептер бекітілген күннен бастап екi апта мерзiмде бередi.
6. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Мердiгерден өзiнiң бастамашылығы бойынша не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның қорытындысының негiзiнде, жылдық бағдарламасының жобасы Кен орындарын игерудiң Оң практикасына сәйкес келмейдi не Жер қойнауын пайдалану принциптерiн бұзуға әкеп соғады не адамдардың өмiрi мен денсаулығы не табиғи орта үшiн қолайсыз зардаптардың тәуекелiн негiзсiз өсiруге байланысты деген талаппен жылдық жұмыс бағдарламасының жобасын өзгертудi талап етуге құқылы. Егер Мердiгер Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) талаптарымен келiспесе, ал Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өзiнiң талаптарын қайтарып алуға келiспесе, Мердiгер дауды осы Жарлықтың 58-бабына сәйкес шешудi талап етуге құқылы.
7. Жылдық жұмыс бағдарламасына Мердiгер ұсынған кез келген өзгерiс жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен мiндеттi түрде келісілуi тиiс.
30-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі iс-шаралар
1. Мұнай операцияларын осы Жарлыққа сәйкес жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде Кен орындарын игерудiң Оң практикасын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа ала отырып адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ меншiктi жоюға қатер тудыратын авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі iс-шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және оны жылдық жұмыс бағдарламасымен бiрге Барлау жүргiзу мен Өндiру кезiнде не жыл сайын, Мұнайгаз құбырларының Құрылысын Салу және оны пайдалану кезiнде, сондай-ақ Мұнайдың жер асты сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуда және оны пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органда бекiтуге мiндеттi.
30-3-бап. Кен орнын бағалау
1. Егер Барлау жүргiзушi Мердiгер кен орнын ашқан жағдайда осы Мердiгер бұл туралы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға хабарлауға, Кен орнын бағалау жүргiзуге және Контрактіде белгiленген тәртiп пен шарттарда оның коммерциялық немесе коммерциялық емес мәнi туралы қорытынды әзiрлеуге мiндеттi.
2. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, Мердiгер Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға Кен орнының ашылуы туралы осындай ашылу кезiнен бастап 30 күннiң iшiнде хабарлауға және Кен орнын алдын ала бағалау жүргiзуге кiрiсуге мiндеттi.
30-4-бап. Табиғи газды Барлау және Өндiру
1. Табиғи газды Коммерциялық табу жағдайында Мердiгер кен орнына Өндiрудiң басталуы қандай деңгейдi талап етсе, сондай шамада, Контрактiде өзгеше белгiленбеген жағдайда, дереу Барлауға кiрiсуге және оны жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Табылған Кен орнынан табиғи газды беру бойынша мәмiле жасалғанға дейiн Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Табиғи газды Өндiрудi талап етуге құқығы жоқ, ал Мердiгер бастауға мiндеттi емес. Бұл ретте Контрактiнiң қолданылу мерзiмi Табиғи газ табылған кен орнынан, егер Контрактiде өзгеше көзделмесе, Табиғи газды беру бойынша тиiстi мәмiлелер жасау кезiне дейiн үзiледi.
3. Егер Мердiгер Табиғи газды беру бойынша бiр жыл iшiнде мәмiлелер жасамаған болса, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) үшiншi тұлғаның Мердiгермен мәмiле жасауға келiсуi жағдайында Мердiгерден ақылға сыйымды жағдайда үшiншi тұлғамен, оның iшiнде берiлетiн газды кейiн қайта сату мақсатында отандық не шетелдiк тұтынушыларға газды беру жөнiнде шарт жасауын талап етуге құқылы.
Егер Мердiгер және Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) белгiлеген мұндай үшiншi тұлға осы мәселе бойынша келісімге келе алмайтын болса, олар бұл дауды сот тәртібімен шешудi талап етуге құқылы.
30-5-бап. Барлау және Өндiру кезiнде iлеспе және (немесе) Табиғи газды жағу
1. Барлау мен Өндiрудi бастау үшiн, жабдықтардың монтажы үшiн не Барлау мен Өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгi мақсатымен осындай жағу жағдайларын қоспағанда, Iлеспе және (немесе) Табиғи газды алуда және өзге тәсiлмен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты болмайынша жағуға тыйым салынады.
2. Iлеспе немесе Табиғи газ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатынсыз жағылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес Мердiгер жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға мұндай жағу туралы 10 күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлама iлеспе немесе Табиғи газды жағудың себептерi және жағылған газдың көлемi жөнiнде мәлiметтердi қамтуға тиiс.
3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердiгердiң өтiнiшiнiң және тиiстi сараптау қорытындысының негiзiнде iлеспе немесе Табиғи газды осы баптың 1-тармағына сәйкес жағылатын көлемнен артық жағуға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органның тиiстi қорытындысы болған кезiнде, iлеспе немесе Табиғи газды кәдеге жарату не кейiн тасымалдау үшiн сұйылту мүмкiн болмайтын не экономикалық жағынан тиiмсiз болған жағдайда жазбаша рұқсат беруге құқылы.
4. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органның қорытындысы негiзiнде, егер мұндай жағу адамдардың өмiрi мен денсаулығы немесе қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын болса, iлеспе немесе Табиғи газды жағуға кез келген жағдайда рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
30-6-бап. Мердiгердiң Барлау жүргiзу мен Өндiру нәтижесiнде орын алған шығыстарын өтеу
1. Мердiгердiң Барлау мен Өндiру процесiнде шеккен шығындары Контрактiде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтелуге тиiс.
2. Егер Контрактпен өзгеше белгiленбесе, Мердiгердiң Барлау процесiнде шеккен шығындарын өтеу Өндiру басталғаннан кейiн ғана Мердiгерге меншiгiне шығындарды өтеу үшiн өндiрiлетiн Мұнайдың үлесiн беру есебiнен жүргiзiледi.
3. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, Мердiгер өндiрiлген Мұнайдың 50 процентi құнынан аспайтын көлемде өзiнiң шығыстарын күнтiзбелiк жылда өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте шығындарды өтеуге бөлiнетiн Мұнайдың құны салық заңдарымен белгiленген амортизациялық аударымдардың ставкасынан аспайды. Күнтiзбелiк жылда өтелмеген шығындар өтеу үшiн келесi күнтiзбелiк жылға ауыстырылады.
30-7-бап. Мердiгердiң жабдық пен өзге мүлiкке меншiгi
1. Барлау жүргiзу мен Өндiру үшiн Мердiгер пайдаланған жабдық пен өзге мүлiкке, ақшаны, бағалы қағаздар мен басқа да өндiрiстiк емес мүлiктi қоспағанда меншiк құқығының көшу, сондай-ақ мұндай көшудiң өтем мәселелерi Контрактiде белгiленедi.
2. Жабдық пен мүлiкке меншiк құқығының Қазақстан Республикасына көшуiне қарамастан, Контракт аумағынан мұндай жабдық пен мүлiктi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның немесе Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) талап етуi бойынша Контрактiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде сондай-ақ мұндай жабдықтың немесе мүлiктiң басқа жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жағдайларын қоспағанда, Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) нұсқауына сәйкес, не Контрактiде өзгеше белгiленген кезде, Контрактiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезден бастап бiр жылдың iшiнде мұндай мүлiк пен жабдықты Контракт аумағында өзiнiң есебiнен бөлшектеу не әкету мiндеттілігi Мердiгерде сақталады.
3. Мұндай жабдық пен мүлiктiң тиесiлiлiгiне қарамастан Контракт аумағынан жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеу мен әкетудi Мердiгер адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) нұсқауларына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
30-8-бап. Шекара маңындағы кен орындарында Барлау мен Өндiрудiң ерекшелiгi
1. Егер жүргiзiлетiн Барлаудың немесе Өндiрудiң нәтижесiнде Мердiгер Кен орны Шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда мұндай Мердiгер бұл туралы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Аумағында не құқықтық құзыретiнде осы Шекара маңындағы кен орнының бiр бөлiгi бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық келісімдерi болмаған жағдайда, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиiстi келісімге қол жеткiзгенге дейiн Барлау мен Өндiрудi тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте Контракт Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) жүргiзiлген Барлау мен Өндiрудi қайта бастауға рұқсат бергенге дейiн өзiнiң қолданылуын үзген болып есептеледi.
3. Осы Жарлықтың және Қазақстан Республикасының Жер қойнауы туралы заңдарының нормалары Шекара маңындағы кен орнында Барлау мен Өндiру жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
30-9-бап. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүргiзу
1. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер осы Мұнай операцияларын теңiз суының деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң Ластануын болдырмайтындай не барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзудің және теңiз суының деңгейi көтерiлуiнің нәтижесiнде теңiз Ластанған жағдайда қоршаған ортаға не басқа жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
3. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiздiң Ластануын болдырмау жөнiнде арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Жарлықтың 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi.
Мұндай бағдарламалар теңiз аясын қорғаудың тиiстi дәрежесiмен Барлау және Өндiру объектiлерiн жедел консервациялау бағдарламасын, су басқан аймақтан сақталған Мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерiтiндiлерiн және қоршаған ортаға, теңiз бен өзге шаруашылық қызметiн дұрыс пайдалануға зиян келтiруге қабiлеттi өзге де заттарды әкетудi, сондай-ақ теңiз Ластанған жағдайда суды бөгеу мен тазалау жөніндегі бағдарламаларды қамтуы тиiс.
4. Теңiз Ластанған жағдайда осы бапқа сәйкес Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай Мердiгер өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң Ластануының зардаптарын жою не қауiптілігiн төмендету үшiн барлық мүмкiн шараларды қолдануға мiндеттi.";
19) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Кен орнында бiрыңғай объект ретiнде Барлау және Өндiру
1. Егер Барлауды, Өндiрудi немесе бiрлесiп Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгер Контракт аумағындағы Кен орнының, сондай-ақ Контракт аумағының шегiнен тысқары аумаққа iргелес орналасқандығын анықтаса, бұл Мердiгер Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) одан әрi Барлау жүргiзу және Өндiру үшiн табылған Кен орнының мүмкiн болатын шекараларының шектерiнде Контракт аумағын кеңейту мақсатында дереу өтiнiш жасауға мiндеттi.
2. Контракт аумағын қайта қарау Геологиялық не, сондай-ақ Тау-кендiк белудi қайта ресiмдеу жолымен Контрактiге, сондай-ақ қажет болғанда жылдық жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген Кен орнының қандай да болсын бөлiгi басқа Мердiгердiң Контракт аумағының шегiнде болған жағдайда, осы Мердiгерлер өздерiнiң таңдауы бойынша:
1) осы Кен орнында Барлау жүргiзу және (немесе) Өндiру құқығына ие тек бiр ғана Мердiгер немесе бiр Контрактiнiң негiзiнде iшiнара Құқыққа ие бiрнеше Мердiгер қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану Құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып Барлау жүргiзу және (немесе) Өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
2) Кен орнына, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде, бiрлесiп Барлау жүргiзу мен Өндiру туралы шарт жасасуға, мұндай шарт туралы Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) алдын ала келiсуге мiндеттi.
4. Мердiгерлер осы баптың 3-тармағын сақтамаған жағдайда, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) бiрыңғай объект ретiнде, Кен орнында бiрлесiп Барлау мен Өндiру туралы Мердiгерлердi шарт жасасуға сот тәртібімен мәжбүр етуге құқылы. Бiрлесiп Барлау мен Өндiру не Өндiру туралы шартты жасау кезiнде бiрыңғай ең төмен, Барлау жүргiзу қажет болғанда, бүкiл Кен орны үшiн жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен мiндеттi түрде келiсуге жататын жұмыстардың жұмыс және жылдық бағдарламаларын әзiрлейдi.
5. Бiрлесiп Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгерлер өздерiне Контрактпен, сондай-ақ ең төмен, мiндеттi және жылдық жұмыс бағдарламасымен жүктелген мiндеттердi орындау бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.";
20) 32, 33 және 34-баптар алып тасталсын.
21) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай операцияларын жүргiзу
36-1-бап. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары
1. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер осы операцияларды әдетте теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс. Бұл ретте Теңiздi осындай заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын Мердiгерлер өз кезегiнде Теңiз қорғаныш аймағының немесе қауiпсiздiк аймағының режимiн сақтауға тиiс.
2. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлер теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең Таңдаулы практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.
3. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiзде жүргiзiлген Мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң Ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшiн, мұндай тұлғаның кiнәсінің болу-болмауына қарамастан, жауапкершiлiкте болады.
4. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiздiң Ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Жарлықтың 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi. Мұндай бағдарламаларда жүргiзілетiн Мүнай операцияларына iшкi бақылау, қызметкерлердi оқыту, скважиналарды бақылауға алу жөніндегі iс-шаралар, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар пайда болған және теңiз Ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етудi не сондай-ақ теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тартуды қамтуға тиiс.
5. Теңiз Ластанған жағдайда теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай Мердiгер бұл үшiн өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң Ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер өзiнiң есебiнен мұндай тұлғаның меншiгіндегі не пайдалануындағы Теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттік органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды ұйымдастыруға мiндеттi. Теңiз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.
7. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң мемлекеттік органның жазбаша рұқсатын алмай Теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай Мердiгер мемлекеттік органға Теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн 4 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған Теңiз құрылысының не осындай Теңiз құрылысын салу жөніндегі жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасқан жерi болуы тиiс. Мемлекеттік орган теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
8. Iшкi су қоймаларындағы Мұнай операцияларына теңiздегi Мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Жарлықтың ережелерi қолданылады.
36-2-бап. Теңiзде Барлау жүргiзу мен Өндiру шарттары
1. Теңiзде Барлауды жүзеге асыратын Мердiгер iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауға Контракт аумағының барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана құқылы.
2. Мердiгердiң iздестiру, барлау, пайдалану скважиналарын немесе өзге де скважинаны бұрғылауды, бұрын бұрғыланған скважина бақылаудан алынған кезiнде, мұндай скважинаны бақылауға алуға өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан мән-жайларда тиiмсiз болып табылатын қысымды шығарып тастауға арналған тығындау скважинасын бұрғылауды қоспағанда, Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Бұл ретте Мердiгер Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мұндай тығындау скважинасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау скважинасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты мән-жайлар мен себептердi көрсете отырып қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
3. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) скважинаны бұрғылауға Мердiгерде не оның тартқан қосалқы мердiгерiнде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, Мердiгерге жылдық жұмыс бағдарламасы және авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламалар жүктелген жұмыстарды орындау фактiсiн белгiлейтiн Теңiз құрылысы жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болғанда, Мердiгердiң осы скважинаны бұрғылауы кезiнде пайда болатын тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндеттемелердi сақтау фактiсi, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның мұндай скважинаны бұрғылаудың жобасы жөнiнде тиiстi қорытындысы болғанда және мемлекеттік орган берген Теңiз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсаты болған кезiнде рұқсат бередi. Өтiнiшке мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
4. Құзыреттi органның (уәкілеттi мемлекеттік орган) жазбаша рұқсаты болмаса iшкi қабаттық қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және Табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мұндай рұқсатты iшкi қабаттық қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсiз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсiздiктiң жеткiлiктi деңгейiн иеленсе, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
5. Теңiзде Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгердiң Теңiз құрылысында, не 30 минуттық қол жетерлiк шектерiнде Теңiздi тазалау жөніндегі жұмыстар Жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдығы, материалдары мен заттары болуға мiндеттi.
6. Теңiздегі авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмаудың осы Жарлыққа сәйкес бекітілетiн бағдарламалары Барлау жүргiзу мен Өндiру кезiнде теңiздiң Ластануы салдарынан Теңiздi дереу оқшаулау және тазалау жөніндегі шараларды қамтуға тиiс.
36-3-бап. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану
1. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуды және оны пайдалануды жүзеге асыратын мердiгер Мұнайгаз құбырларының құрылысын, монтажын немесе оны төсеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Жарлықтың 36-1-бабының 7-тармағымен белгiленген жалпы тәртiпте берiледi.
2. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуды және пайдалануды жүзеге асыратын Мердiгердiң Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттік орган) жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) рұқсат беру туралы шешiмдi осы тұлғаның өтiнiшiнiң негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап 30 күннен кешiктiрмей Мұнайгаз құбыры жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болған, осы Мердiгердің тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндетiн сақтау фактiсi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган бекiткен Мұнай немесе газ құбырында авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі бағдарламасы болған жағдайда қабылдайды.
36-4-бап. Теңiзде Мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын Салу және оны пайдалану
1. Теңiзде Мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуға және оны пайдалануға тыйым салынды.
2. Мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен аспайтын) қоспағанда, мұндай Мұнайды танкерлермен Теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде Теңiз құрылыстарында Мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
36-5-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған орта мен биоресурстардың қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуде ерекше құқыққа ие.
2. Мұндай жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсiздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбiр нүктесiнен бастап 500 метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсiздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күзетiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы ескерту бойынша тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер олар шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, адамдардың қауiпсiздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн бөлшектелуге тиiс.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және iске қосу Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалану мен iске қосуға рұқсат берудiң тәртібі мен шарттары туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
36-6-бап. Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты қалдықтарды тастау және көму
1. Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастау мен көмуге тыйым салынады.
2. Теңiзге техникалық суларды ағызу мемлекеттік бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана оларды белгiленген нормативтерге дейiн тазалау жағдайында жүзеге асырылады.
36-7-бап. Теңiз ғылыми зерттеулерi
1. Теңiз ғылыми зерттеулерi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық та, сондай-ақ шетелдiк те заңды және жеке тұлғалар, шетелдiк мемлекеттік және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуы тиiс:
1) теңiз ғылыми зерттеулерi Теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауы тиiс;
2) теңiз ғылыми зерттеулерi табиғат қорғау шараларын сақтай отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиісті түрде жүргiзіледі;
3) теңiз ғылыми зерттеулерi процесiнде жиналған барлық деректер олар өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдын ала рұқсатынсыз еркiн таратылмауға және жарияланбауға тиiс.;
22) 38-бапта:
"Лицензиялық орган" деген сөздер "Құзыреттi орган (уәкiлетті мемлекеттік орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.
"24-бабына сәйкес лицензияны қайтарып ала алады" деген сөздер "28-1-бабына сәйкес Контрактiнi бұзуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
23) 40-бапта:
1) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн көбiне Қазақстан Республикасы ұйымдары арасынан қосалқы мердiгерлердi тарту;";
5) тармақшадағы "19" деген цифр "26" деген цифрмен ауыстырылсын.;
24) 41-бапта:
2) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "Қолдану құқығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "адамдардың" деген сөздiң орнына "мердігерлердің деген сөз жазылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткізумен байланысты, олар стандарттар мен басқа да талаптарға сай болған жағдайда, Қазақстан Республикасында өндiрiлген материалдар мен дайын өнiмдi мiндеттi түрде пайдалануға;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) егер бұл қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында қонкурстар өткізумен байланысты стандарттарға және басқа да талаптарға сай болса, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыс атқару мен қызмет көрсету үшiн қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
12) тармақшадағы "Лицензиялық органға" деген сөздер "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын.;
25) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
"53-1-бап. Қолданылатын құқық
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын Мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, сондай-ақ теңiздегi Мұнай операцияларына Қазақстан Республикасының ерекше құқығы қолданылады.
2. Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттік орган) жасалатын Контрактiлерде шетелдiк құқықты қолдану туралы шарт белгiленбейдi.
3. Шекара маңындағы кен орындарында жүргiзiлетiн теңiздегi барлау және Өндiру, бiрлесiп Барлау және Өндiру жөніндегі Мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, егер ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тiкелей көзделген болса, Қазақстан Республикасына қарама-қарсы немесе шектес жатқан мемлекеттiң құқығы қолданылады.";
26) 54-бапта:
"Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату кодексiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығына" деген сөздермен ауыстырылсын.
27) 55-бапта:
1-тармақта "Мердiгерлер" деген сөздiң алдынан "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;.
Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Теңiзде Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
1) скважинаны бақылауға алу жөніндегі шығыстары;
2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
3) теңiздiң Ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөніндегі шығыстары;
4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөніндегі шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.".
28) 57-бапта:
"берiлген және", "Лицензиялар мен" деген сөздер алып тасталсын.
Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.";
29) 58-баптың 1-тармағындағы "Лицензия беруге, мерзiмiн ұзартудан бас тартуға, қолданылуын тоқтата тұруға және оны қайтарып алуға" деген сөздер алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж, № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат, № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж, № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат):
9-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы "құбырларды" деген сөзден кейiн "және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Өтпелi және қорытынды ережелер
1. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
2. 55-баптың 3-1-тармағы 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
3. Осы Заң күшiне енгiзiлген кезге дейiн берiлген жер қойнауын пайдалану жәніндегі барлық лицензиялар, ұзарту кезеңдерiн қоса алғанда, мұндай лицензияларды беру кезiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезге дейiн өз күшiн сақтайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензияларды тоқтата тұруға, қайтарып алуға, қолданылуын тоқтатуға, сондай-ақ оларды жарамсыз деп тануға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1999 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының нормалары осы Заңға сәйкес қабылданған өзгерістер мен толықтырулар ескерiлмей қолданыла бередi.
Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламардың конкурсына қатысуға өтініш беруші берілген Лицензияға сәйкес бұрын Барлау жүргізген жағдайда, мұндай өтініш беруші Барлауға арналған Лицензияның деректерін және, егер өтініш берушіде оны пайдаланудың нәтижелері бар болса, конкурстық ұсынысында оны көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
| Н. Назарбаев |