Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-ІV Заңымен күші жойылды
ҚР 01.12.04 ж. № 2-III Заңымен актiнiң нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын (7 - 9 баптар)
пайдалану саласындағы құзыретi
3-Тарау. жер қойнауын пайдалану құқығы (10 - 20 баптар)
4-1-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге (41-1 - 41-7 баптар)
арналған конкурс
5-Тарау. Барлау мен өндiруге контрактылар (42 - 46 баптар)
6-Тарау. жер қойнауын және айналадағы табиғи (47 - 43 баптар)
ортаны қорғау
7-Тарау. Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi (54 - бап)
8-Тарау. жер қойнауының мемлекеттік қоры (55 - 61 баптар)
9-Тарау. Құқықтық шарттар (62 - 71 баптар)
10-Тарау. Өтпелi және Қорытынды ережелер (72 - 76 баптар)
ҚР 01.12.04 ж. № 2-III Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшін жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және сарқынды суларды көму үшін жер асты инженерлік құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
3) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге жасалатын келісім-шартқа қосымша;
4) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
5) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;
6) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі;
7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
9) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
10) жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндіруге, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
11-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Үкімет шешімі бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
13) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берілген келісім-шарттық аумақ шегіндегі жер қойнауына иелік ету және оны пайдалану құқығы;
14) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарда осындай үлесті иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншік үлесін иеленуі;
15) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
16) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
17) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология ретінде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;
18) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, келісім-шарт күшінің толық мерзіміне арнаған жоспарларының жиынтығы;
18-1) жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі қазақстандық қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне, қызмет көрсетуге ақы төлеу қорындағы қазақстандық қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
19) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта көзделген қызмет үшін де ілеспе ретіндегі өзге де қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
20) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының күнтізбелік жылға арналған барлау, өндіру жөніндегі тау-кен жұмысының көлемі мен даму бағытын қамтитын іс-әрекеттерінің жоспары және қаржылық шығындары;
20-1) кадрлардағы қазақстандық қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісім-шартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;
21) келісім-шарт - құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт;
22) келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
23) келісім-шарттың шеңберінде құқықтарды шоғырландыру Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттағы консорциумға қатысушылардың бірінің осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлесінің шамасы;
24) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлігі;
25) кен орындарын игерудің оң іс-тәжірибесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тиімді деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық іс-тәжірибе;
26) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);
27) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндіру;
28) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасау ниетінсіз, жеке меншіктегі, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;
29) коммерциялық табу - келісім-шарттық аумақта өндіру үшін экономикалық жарамды бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
29-1) Қазақстанда шығарылатын тауар - Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, тауардың ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
30) қазақстандық жұмыс орындаушылар, қызмет көрсетушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері. Қазақстан Республикасының резиденттері деп Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын олардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары танылады;
31) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары;
32) 2009.29.12. № 233-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;
34) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
35) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажет қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
36) мердігер - құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
37) минералдық шикізат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикізаты және басқалар) жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі;
38) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сорттауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндіру жөніндегі жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық еріту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін түрі;
39) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;
40) модельдік келісім-шарт - келісім-шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін және келісім-шарттар жасау кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын типтік келісім-шарт;
41) өндіру - минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
42) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін (соның ішінде шипалы балшық) материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзілім;
43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалану - кен орнын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
44) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
45) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес барлау, өндіру, бірлескен барлау жүргізу және өндіру, не жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығы;
46) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
47) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;
48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдық, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;
48-1) тауардағы қазақстандық қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;
49) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемі және оларды иемденіп алудың тәсілдері мен мерзімдері;
50) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жасалатын келісім-шарттардың ажырамас бөлігі не сервитут ресімделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;
51) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге қабілетті, теңізде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе залал келтіретін не залал келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің алуан үлгілерінің пайда болуы;
52) техногендік минералдық түзілімдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;
53) техногендік су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша билік етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді өткізу үшін мүлде жойылуы қажет су;
53-1) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
54) іздестіру-бағалау жұмыстары - табылған объектінің жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
55) іздестіру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен кендік нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға беріп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
56) экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтары қорғалуының жай-күйі.
2-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың мiндеттерi
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жер қойнауын пайдалану саласында өнімнің, оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдар
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар осы Заңмен және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбір түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актілерімен айқындалады.
2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.
5. Осы Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актілерімен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға , техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.
2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келісім-шарт жасасуға мiндеттi.
4. Мемлекет меншiгіндегі техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады;
5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге , техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 6-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзудiң жариялылығы
1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келісім-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.
2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен алуға құқығы бар.
2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын
пайдалану саласындағы құзыретi
11.05.99 ж. № 381-1; 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2007.24.10 № 2-ІV (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттілігiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
3-1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кен орындарының) тізбесін бекітеді;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртібінiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс , кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;
13) келісім-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртібін айқындайды.
16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
17) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 8-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ; 2007.24.10 № 2-ІV (бұр. ред. қара); 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келісім-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты қоспағанда, келісім-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттар талаптарын орындауының мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру.
Келісім-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) келісім-шартты заңнамада көзделген тәртіппен және негіздер бойынша орындауды және бұзуды қамтамасыз ету, сондай-ақ келісім шартты орындаудан осы Заңға сәйкес біржақты бас тартуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне контрактiнiң орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгізу үшiн жер қойнауын пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.
10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекіту тәртібін айқындау;
11) техникалық регламенттерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту.
12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге талдау жүргізу және оларды бағалау.
14) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысанын және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлары, жұмыстары мен көрсетілген қызметтері туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерін орындауы туралы есептерінің нысандарын бекіту;
15) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілгені, жүргізіліп жатқаны және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланатыны туралы ақпаратты жинау және талдау;
16) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін әзірлеу;
17) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен ақпарат сұрату;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға беру;
19) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
1) контрактiнi жасау және атқару жөніндегі өзiнiң қызметiнiң барысында Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына мемлекеттік сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi расталғаннан кейiн ғана конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертілді
8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
4) осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторинг жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.
14) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
15) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындауының мониторингін және оны бақылауды жүзеге асырады.
2005.14.10 № 79-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды
8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
4) келісім-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.
2005.14.10. № 79-III ҚР Заңымен 8-3-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-3-бап өзгертiлдi
8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді;
6) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган:
1) кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізінде олардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.
11.05.99 ж. № 381-1 ҚР Заңымен;11.08.99 ж. № 467-I ҚР Заңымен; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:
1) жер туралы заңдарға сәйкес, контрактыда белгiленген мөлшерде және мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесiн бередi; қажет болған жағдайда көрсетiлген мақсаттар үшiн жер туралы заңдарда анықталған тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қояды;
2) өздерiне заң актілері берген құзырет шегiнде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк ережелерiн бұзбауына, археологиялық ескерткiштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзуге қатысады;
3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі арқылы келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу және жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын табыс етілетін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуді жүзеге асырады;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге келісім-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және орындайды;
5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.
6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актілерінде негiздерден өзге, ешкiм жер қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 11-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-2-бап. Сервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге қол жеткізуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге немесе сервитутты белгiлеу шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану Құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру, осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және көпірлерді салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарттар жасалады.
1-2. Келісім-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және (немесе) өндiруге арналған келісім-шарттардың жұмыс бағдарламаларына құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер асты суларын тәулiгiне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитiмен өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен өсу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
1-5. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау және өндіру құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беруі жолымен жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органымен контракт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2-1. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзуге шарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
4. Өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға берген кезде өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерілуі мүмкін.
4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай тұлғалардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулерi
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерінде ғана жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi барлау жөніндегі операцияларды тау-кендiк бөлумен белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерiнде жүргiзуге құқылы. Қорлар өсiп, оларды мемлекеттік сараптама растаған жағдайда келісім-шартқа тараптардың жазбаша келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзiлуге тиiс.
3. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңiмпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаның өтiнiш берген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде оларға геологиялық бөлудi бередi.
4. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру
1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не тегiн негiзде, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру жолымен басқа тұлғаға iшiнара немесе толықтай беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi (жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруды), сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген күннен бастап қырық бес күн iшiнде берiледi.
1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
1-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот қарауынан тыс мәжбүрлi түрде iске асыру кезiнде мемлекеттік органдардың кепiлге алынған мүлiктi сот қарауынан тыс өткізу рәсiмiн тоқтата тұруға және жер қойнауын пайдалану құқығына, соның iшiнде кепiлге алынған мүлiкке тыйым салу жолымен шара қолдануға құқығы жоқ.
2. Құзыреттi органның нақты тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты осындай әрбiр жағдайда жеке берiледi. контрактта жер қойнауын пайдаланушының қалауымен жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге жер қойнауын пайдаланушының жалпы рұқсатын белгiлеуге жол берiлмейдi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен контракттың негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге деген жер қойнауын пайдаланушының құқығын беру осы органның келісімiмен жүргiзiле алады.
4. Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең тараған пайдалы қазбалары немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берумен қатар жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға берген ретте, кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерiлуi мүмкiн.
Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына арналған жер қойнауын пайдалану құқығын астында олар жатқан жер учаскесiнсiз беруге жол берiлмейдi.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да негiздер бойынша, осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген ережелер сақтала отырып жүргiзiледi. Осы баптың 1 және 9-1-тармақтарына сәйкес берiлетiн рұқсаттың болуынсыз жасалған жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жөніндегі мәмiле ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі барлық шығыс, егер беру шартында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледi.
7. Жер қойнауын пайдаланушының контрактыға қандай болсын қатысы сақталып қалатын кезге дейiн ол және жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан тұлға контракт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесiн , тау-кендiк және (немесе) геологиялық бөлудi қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiне құқықты тiркеуге және заңдарға сәйкес онымен мәмiле жасасуға сөзсiз негiз болып табылады.
9-1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi мен оғАн қоса берiлген жер қойнауын пайдаланушы пайдасына осындай берудi жүргiзуге ниеттенген жеке және заңды тұлға туралы ақпараттың негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Құзыреттi орган:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шартпен жүктелетін мiндеттемелердi немесе міндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану құқығы iшiнара берiлген жағдайда) орындауға қабiлетсiз болған;
2) жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға көрiнеу жалған ақпарат берген;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкелiп соққан жағдайларда, оның ішiнде құқықтар келісім-шарт шеңберiнде шоғырландырылған және (немесе) құқықтар жер қойнауын пайдалану саласында операциялар жүргiзуге шоғырландырылған жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкiн.
9-2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шартқа тиiстi өзгерістер немесе толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледi. Құзыреттi орган контрактiні тiркеуден жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған жағдайда не Жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға соның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берiлген жалған ақпарат ұсынуы фактiсi болған жағдайда не осы баптың 9-3 және 9-4-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
9-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа адамға iшiнара берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға контракт бойынша құқықтарды бiрлесiп жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келісімге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен мiндеттердi осындай шектеу туралы өзге де шарт құзыреттi органмен келісіледi және ол контрактiнiң тараптары үшiн мiндеттi күшi бар контрактiге қосымша болып табылады.
9-4. Иеленушiлерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келісімiмен ғана мүмкiн болады.
10. Заңды тұлғаны тарату тәртібімен беру, кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығынан өндіріп алуды қолдану, сондай-ақ жер пайдалану құқығының мұраға берілу не заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәртібімен өтуі жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын келісімшарт күшіне енген кезден бастап екі жыл ішінде беруге болмайды.
Бұл шектеу ұлттық компания немесе оның еншілес ұйымы жер қойнауын пайдалану құқығын берген немесе иеленген жағдайларда қолданылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық иелiкке алу ретiнде ауысуы
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) ауысады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік меншiкке жататын әрi нақтылы мемлекеттік кәсiпорындарға бекiтіліп берiлмеген техногендiк минералдық түзiлiмдерден өндiру контрактқа сәйкес жалпы негiздерiнде жүргiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың
ерекшелiктерi
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргiзу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңiрлiк және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздестiру, iздестiру-бағалау, iздестiру-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен ағып шығатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жоюды және консервациялауды қамтуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебiнен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды, жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі контрактiмен айқындалады.
3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның өндiруге қатысты нормалары қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу
1. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу өндiруден кейiнгi тiкелей операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi лицензиялау осы Заңның ережелерiне бағынбайды және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 4-тарау мен 21-41-баптар алып тасталды және жаңа 4-1-тараумен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-1-тарау.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурс
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-1-бап. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен
өндiрудi жүргiзу құқығын беру тәртібі
1. Құзыреттi орган барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша, сондай-ақ конкурс талабы ұлттық компанияның үлестiк қатысуы болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша конкурс өткiзедi.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен құзыреттi орган жүргiзедi.
3. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу құқығын беру:
қазақстандық кадрларды, оның iшiнде олардың санаттарын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу деңгейiн ескере отырып тарту жөніндегі;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгерлiк жұмыстарға қазақстандық тауарларды өндірушілерді, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде тарту жөніндегі;
жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi әлеуеттi қатысушылар қабылдаған кезде жүзеге асырылады.
4. Өнiмдердi бөлу мәселелерi бойынша арнайы заңдарда жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң ерекше тәртібі белгiленуi мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара);2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 41-2-бап өзгертілді
41-2-бап. Барлауға, өндiруге не бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізудiң шарттары
1. Барлауға, өндiруге не бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс ашық және жабық болуы мүмкiн. (01.12.04 ж. өзгерістерін қара )
Ашық конкурсты өткізудiң шарттары жариялануға, ал жабығынікі - барлық ықтимал қатысушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсты өткізудiң тәртібіне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Конкурсты өткізу туралы хабарламаларда мыналар болуы тиіс:
1) оның өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер берудің мерзiмi;
2) конкурстың негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн ұсынылу көзделген жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету.
Хабарламада сондай-ақ жазылым бонусының ең төменгi мөлшерi, геологиялық ақпарат пакетiнiң, құзыреттi орган белгiлейтiн конкурсқа қатысу құқығына арналған жарнаның құны көрсетiледi. Құзыреттi орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісім-шарттық мiндеттемелерде қолданылатын тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша республика қажетiнiң ең төменгi проценттiк мөлшерiн айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
3. Конкурсқа қатысушыларға өтiнiм беру үшiн берiлетiн мерзiм бiр айдан кем болмауға, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күннен кем болмауға тиiс.
4. Конкурс шарттарының жарияланған күнi мен конкурс өткiзiлетiн (қорытындылар шығарыла бастайтын) күннiң арасындағы мерзiм үш айдан кем болмауға, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - бір айдан кем болмауға тиiс.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысқысы келетiн тұлғалар құзыреттi органдағы конкурсқа ұсынылған жер қойнауы учаскелерiнiң сипаттамасымен танысуға құқылы.
6. Конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат пакетінің құны қайтарылуға жатпайды.
2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-3-бап өзгертілді
41-3-бап. Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiм
Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:
1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттік тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
2) өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтер;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған жер қойнауы учаскесiнiң атауы;
4) өтiнiм берушiнiң конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаттың көшiрмесi болуға тиіс.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-4-бап өзгертілді
41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Өтiнiм берушi осы Заңның 41-3-бабының талаптарын сақтаған жағдайда өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күн мерзімде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге құзыреттi орган ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы учаскесi жөніндегі геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге жұмыс бағдарламасын және барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге де қолда бар ақпарат көлемі болуға тиiс. Өтiнiм берушiнiң алған геологиялық ақпаратты жария етуге немесе үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 41-5-бап өзгертілді
41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныс
1. Өтiнiм берушi конкурс талаптарымен белгiленген мерзiмде барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
1-1. Конкурстық ұсыныс берген конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстар беру аяқталған күннен бастап конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін оны кері қайтарып алуға құқығы жоқ.
2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
1) өтiнiм берушiнiң, соңғы бес жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, бұрынғы қызметi туралы ақпарат;
1-1) өтiнiм берушiнiң қаржылық , техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректер;
2) жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргiзу жөніндегі мiндеттемелер мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргiзудiң басталу мерзiмi мен қарқындылығы;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) келісім-шарт аумағының жерлерiн қайта қопсыту мен қалпына келтiру туралы шарттарды қоса алғанда, экологиялық талаптарды және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын сақтау жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
3-1) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;
4) барлау жүргiзудi өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыру мiндеттемелерi мен ниетi, сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердiң мөлшерi;
4-1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4-2) қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мiндеттемелер және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
4-3) жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен конкурстық негiзде сатып алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарларды, қазақстандық өндірушілердің жұмыстары мен көрсететін қызметтерін мiндеттi түрде тарту ниетi;
4-4) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi дамыту мен магистральды және өзге де құбырларды пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар;
4-5) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жобалау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаражатты игеру жөніндегі міндеттемелері;
5) 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-1) өтiнiм берушi ұсынған өзге де мiндеттемелерi мен ниетi болуға тиiс;
6) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныста, ақпараттан, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында жазылған, 2) тармақшасын қоспағанда, мiндеттемелер мен ниеттен басқа:
1) өзi өндiрудi ұйғарып отырған пайдалы қазбалардың көлемiн қоса алғанда, кен орындарын игеру жоспары;
2) өндiрудi бастаудың күтіліп отырған мерзiмi және оған қол жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкiн деңгейi;
3) өндiруге байланысты шығыстар бойынша және пайдалы қазбаларды iске асырудан түсетiн кiрiстер бойынша болжамдарды есептеу;
4) Қазақстан Республикасының бюджетке бастапқы, сондай-ақ кейiнгi төлемдердiң болжанған көлемi туралы ниетi мен контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдары болуға тиiс.
4. Бiрлесiп барлау мен өндiруге Құқық алуға конкурстық ұсыныс осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес қалыптасуға тиiс.
5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу барысында өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен ниет барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi, ал осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес ұсынылған мiндеттемелер мен ниет тиiсiнше өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-6-бап өзгертілді
41-6-бап. Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу мынадай жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1) осы Заңның 41-3-бабының талаптарын бұза отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм беру немесе 41-5-бабының талаптарын бұза отырып конкурстық ұсыныс беру;
2) өтiнiм берушiнiң жалған мәлiметтердi ұсынуы;
3) өтiнiм берушiнiң конкурстық ұсынысында көрсетiлген барлау мен (немесе) өндіру үшін қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының конкурстық ұсыныста болмауы.
4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкеп соқса, оның ішінде келісімшарт шеңберіндегі құқықтар шоғырландырылған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтар шоғырландырылған жағдайда.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 41-7-бап өзгертілді
41-7-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңiмпазы мынадай басты өлшемдер жиынтығының негiзiнде анықталады:
1) Барлауды жүргiзудiң басталу және қарқындылық мерзiмі;
2) өндiрудi бастаудың және оның экономикалық техникалық мүмкiн деңгейiне, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барынша жоғары коэффициентiне жету мерзiмi;
3) жазылым бонусының мөлшері;
4) инвестициялардың мөлшері, жобаны қаржыландыру мерзімдері мен шарттары;
4-1) өңірді әлеуметтік дамытуға қатысуы;
5) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі талаптардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуы;
6) жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі қабылданған мiндеттемелерi және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстары;
7) келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен сатып алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, қазақстандық өндірушілердің жұмыстары мен көрсететін қызметтері жөнiнде қабылданған мiндеттемелерi;
7-1) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жобалау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаражатты игеру жөніндегі қабылданған міндеттемелері;
8) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi, магистралъды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстары.
2. Конкурстық ұсыныстар жасаған өтiнiм берушiлер арасынан конкурс жеңiмпазын құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн конкурстық комиссия айқындайды, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзілген кезде комиссия құрамын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар айқындайды.
Конкурстың қорытындыларына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
3. Конкурс жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарау негiзiнде айқындалады.
4. Қорытындыларды шығару мерзiмi конкурс шарттарымен белгiленедi, бiрақ ол екi айдан, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он бес күннен аспауға тиiс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық комиссияның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
5. Бір ғана конкурстық өтінім не бір конкурстық ұсыныс түскен жағдайда осы объект бойынша конкурс өтпеген деп танылады. Конкурс өтпеген деп танылған кезде құзыретті орган қайтадан конкурс белгілеуі мүмкін. Қайтадан өткізілетін конкурсқа конкурстық ұсыныс берген бір ғана қатысушы қатысқан жағдайда, мұндай қатысушы конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер бір ғана конкурстық ұсыныстың түсуіне байланысты конкурс өтпеген деп танылса, қайтадан өткізілетін конкурс кезінде бұрын геологиялық ақпарат пакетін сатып алған қатысушыдан конкурсқа қатысу үшін жарна және геологиялық ақпараттар пакетінің құны өндіріп алынбайды.
5-1. Қандай да бір объект бойынша конкурстық ұсыныстардың мазмұны салыстырмалы түрде тең болған кезде конкурстық комиссия конкурстық ұсыныстары неғұрлым жақсы деп танылған конкурсқа қатысушылар енгізілетін «қысқа» тізім жасайды. Жеңімпазды анықтау мақсатында конкурстық комиссия «қысқа» тізімге енгізілген конкурсқа қатысушылар өздерінің конкурстық ұсыныстарын жақсартуға құқылы мерзімді белгілейді. Конкурстық ұсыныстарды жақсарту үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия «қысқа» тізімге енгізілген конкурсқа қатысушылардың арасынан жеңімпазды айқындайды.
6. Конкурстық комиссияның конкурс жеңiмпазын анықтау немесе конкурсты өткен жоқ деп тану жөніндегі шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
7. Конкурс нәтижелерi ресми баспа басылымында жариялануға тиiс.
8. Жер қойнауы учаскесiнде жұмыстарды жүзеге асыру үшiн конкурс жеңiмпазы құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарт жасасады. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек келісім-шарт тiркелген кезден бастап қана берiлген және туындаған деп есептеледi.
9. Конкурс жеңімпазы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың жобасын конкурс жеңімпазы деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап жеті ай ішінде табыс етпеген жағдайда, конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім берушіні конкурс жеңімпазы деп тану туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жояды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт осы объект бойынша конкурс жеңімпазы анықталған күннен бастап он сегіз ай ішінде жасалмаған жағдайда, конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындау туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жояды.
41-8-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 5-тараудың такырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзуге арналған келісім-шарттар
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Контрактылар түрлерi
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн келісім-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:
1) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) концессия туралы;
3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келісім-шарт) туралы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялар талаптарына және басқа да мән-жайларға байланысты келісім-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
Келісім-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-1. Келісім-шарт талаптары тараптардың өзара келісімiмен белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиiс.
2-2. Келісім-шарт талаптарының Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда аз болуы мүмкiн емес. Бұл ретте салық салу ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес белгiленедi. Келісім-шарт талаптарында жер қойнауын пайдаланушының қабылдаған мiндеттерiн орындамағаны үшiн, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсiмпұлдар) көлемi көрсетiлуге тиiс.
2-3. Жұмыс бағдарламасы келісім-шартқа мiндеттi қосымша болып табылады және ол жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен келісілуге тиiс.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жұмыс бағдарламасын келісу келісімшартты сараптамадан өткізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
2-4. Келісімшарттың талаптарында мердігердің тартылған шетелдік персоналға қатысты алғанда, қосалқы мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса, қазақстандық персонал үшін тең еңбек жағдайларын және еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері, сондай-ақ кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелері көзделуге тиіс.
3. Бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде тараптар барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге байланысты шарттарды келiсуi мүмкiн. Өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге байланысты талаптар не бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде не коммерциялық табу жасалғаннан кейiн келісілуi мүмкiн.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 43-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi
1. Барлауға контракт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Мердiгер контрактiде , жұмыс бағдарламасында және жылдық жұмыс бағдарламаларында белгiленген мiндеттемелердi орындаған жағдайда мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға құқығы бар. контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi ұзақтығы екi жылға дейiн болып екi рет ұзартылуы мүмкiн. Егер мердiгер мерзiмдi ұзарту үшiн контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, барлауға контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Өндiруге арналған келісім-шарт - жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал пайдалы қазбаларының қорлары мол және бiрегей кен орындары бойынша қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Өндiруге арналған келісім-шарттың мерзiмi, егер жер қойнауын пайдаланушы мерзiмдi ұзарту үшiн келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, ұзартылуы мүмкiн.
3. Бiрлескен барлау мен өндiруге контракт мүмкiн болатын ұзарту мерзiмдерi ескерiле отырып, барлау мен өндiрудiң мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер қолданылады.
4. пайдалы қазба табылған жағдайда контрактiнiң қолданылу мерзiмiн коммерциялық табуды бағалау үшiн мердiгердiң қажет кезеңге ұзартуға құқығы бар.
5. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол құзыреттi органға келiп түскен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 43-1-баппен толықтырылды 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 43-1- бап өзгертілді
43-1-бап. Контрактiнің қолданылуының аумақтық аясы (контрактілік аумақ)
1. Контрактілік аумақтың шегiнде жер қойнауының бiр-бiрiмен өзара аралас ретiнде де, бөлек те бiр учаскесi немесе жер қойнауының бiрнеше учаскесi болуы мүмкiн. Контрактілік аумақтың шегiнде бөлiнетiн жер қойнауы учаскесi (жер қойнауы учаскелерi) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн).
2. Егер барлауды және (немесе) өндiрудi жүргiзген кезде кен орны географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасқанына қарамастан) көрсетілген геологиялық немесе тау-кендiк бөлудегi келісім-шарттық аумақ шегінен шығып кеткенi байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыреттi орган конкурс өткiзбестен келісім-шарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.
3. Контрактiнiң аумағын қайтарудың шарттары мен тәртібі Контрактiде айқындалады.
4. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару, контракт аумағынан осындай геологиялық бөлуден қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 44-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44- бап өзгертілді
44-бап. Келісім-шарт жасасу және оны орындау
1. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт жобасын конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап жетi ай iшiнде ұсынады. Құзыреттi орган келісім-шарттың талаптарын жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер арқылы келiседi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тараптармен келісілген келісім-шарт жобасына оған қол қойылғанға дейiн бiр ай мерзiм iшiнде құқықтық, экологиялық, экономикалық және салықтық, денсаулық сақтау және санитария, жер қойнауын зерттеу және пайдалану, тау-кен қадағалау мәселелерi бойынша мiндеттi сараптамалар жасалуға тиiс.
Сараптама қорытындыларын тиiстi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бередi. Қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың түпкiлiктi талаптарын келiседi.
3. Келісім-шартты құзыреттi орган тiркеуге тиiс. Егер келісім-шарттың күшiне енуiнiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi келісім-шартта айтылмаса, тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
4. ҚР 2005.14.10 № 79-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Келісім-шартты жасау жер қойнауын пайдаланушы өтiнiш берген күннен бастап отыз күн iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың дереу ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiк шекаралары жер қойнауын пайдаланушы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану мерзiмдерiнiң шегiнде жердiң үстiңгi бетiн бұза отырып iс жүзiнде пайдаланатын аумақпен шектеледi.
Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ҚР 2005.14.10. № 79-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасасқан кездегi, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі мiндеттемелерiн орындамауы келісім-шартта белгiленген айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдануға әкеп соғады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-бап жаңа редакцияда
45-бап. Контрактiнi жарамсыз деп тану
1. Контракт мынадай жағдайларда:
1) сот тәртібімен құзыреттi органға осы тұлғамен контракт жасауға шешiм қабылдауға ықпал еткен көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсi анықталған жағдайда;
2) сот тәртібімен конкурсты жүргiзуге не жер қойнауын пайдалану құқығын алуды ұтып алған үмiткермен оған басқа үмiткерлердiң алдында заңсыз басымдықтар беру мақсатында контракт жасасуға қатысушы лауазымды адамдардың арасында сөз байласу, бюджетке төленетiн төлемдердiң шарттарын ырықтандыру және олардың мөлшерiн азайту фактілері анықталған жағдайда;
3) қолданылуы контракт жасасуға тiкелей ықпал еткен шарттың күшiн сот тәртібімен жою кезiнде жарамсыз деп табылады.
2. Контрактiнi жарамсыз деп тану үшiн соттың осы баптың 1-тармағында көрсетiлген фактiлердiң болғандығын растайтын шешiмiнiң немесе үкімінiң заңды күшiне енуi негiз болып табылады. контракт ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
3. Сот тәртібімен оның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресiмдеу жүзеге асырылған шартты жою не бұзу контрактiнiң өзiнiң емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай берумен байланысты қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкелiп соғады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 45-1- бап өзгертілді
45-1-бап. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 45-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 45-2- бап өзгертілді ; 2007.24.10 № 2-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 45-2-бап жаңа редакцияда
45-2-бап. Келісім-шартты өзгерту және тоқтату
1. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне (кен орындарына) қатысты жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндей елеулі түрде өзгертуге әкеп соқса, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісім-шарттардың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
2. Құзыретті орган келісім-шартты мынадай жағдайларда:
1) мердігер барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға әкеп соққан себептерді жоюдан бас тартқан кезде, не осы себептер оларды жою үшін жеткілікті мерзімде жойылмаған кезде;
2) жер қойнауын пайдаланушылар осы Заңның 70-бабында көзделген шараларды қолданбаған кезде;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою мүмкін болмаған кезде;
4) мердігер келісім-шартта не жұмыс бағдарламасында белгіленген міндеттемелерін елеулі түрде бұзған кезде;
5) жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңға сәйкес кепіл
нысанасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, мердігер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған кезде;
6) осы Заңның 71-бабының мемлекеттің басым құқығына қатысты үшінші бөлігі орындалмаған кезде;
7) егер жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағына сәйкес құзыретті органнан келісім-шарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде мұндай келіссөздер жүргізуге келісімін не оларды жүргізуден бас тартатынын жазбаша түрде табыс етпесе;
8) егер жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес келісім-шарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келісімге қол жеткізбесе;
9) егер Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөнінде келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес келісім-шарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға қол қоймаса, біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
3. Құзыретті орган келісім-шартты бұзу туралы тиісті шешім
қабылдағанға дейін мердігерге хабарлама жіберу арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді дереу тоқтатуды талап етуге құқылы, ал мердігер мұндай талапты дереу орындауға міндетті.
4. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және келісім-шартта көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана келісім-шарттың қолданысын тоқтатуы немесе талаптарын өзгертуі мүмкін.
5. Тараптар келісім-шарттың қолданысы тоқтатылған немесе
талаптары өзгертілген кезде орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
6. Келісім-шарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарату жобасына сәйкес келісім-шарт аумағын халықтың денсаулығы мен өміріне және қоршаған орта үшін қауіпсіз болатын жағдайға дейін қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
2007.24.10 № 2-ІV ҚР Заңымен 45-3-баппен толықтырылды
45-3-бап. Келісім-шартты орындаудан біржақты бас тарту
1. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне (кен орындарына) қатысты жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндей елеулі түрде өзгертуге әкеп соқса, құзыретті орган Үкіметтің бастамасы бойынша келісім-шартты орындаудан біржақты бас тартуға құқылы.
2. Келісім-шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 6- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау,
жер қойнауын зерттеу мен пайдалану
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 47- бап өзгертілді
47-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың,
жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың мiндеттерi
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:
1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғау;
2) жер қойнауының ресурстарын тиiмдi және кешендi пайдалану;
3) табиғи ландшафттарды сақтау және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфорологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтау;
5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Жалпы экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиiс.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар:
1) кен орнын игерудiң арнаулы тәсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
2) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
3) жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келісілген автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ скважиналарды бұрғылауда тармақты әдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен Өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жерлердiң аумағын азайту;
4) топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң және өндiрiс қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын және өздiгiнен жануын болдырмау;
5) сiңiрме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн оқшаулау;
6) жер үстi және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау;
7) жуғыш сұйықтарды дайындағанда усыз реагенттердi пайдалану;
8) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау мен қайталап пайдалану;
9) қоршған ортада бұрғылау мен жанар-жарағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;
10) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай өндiрiсi сарқынды суларын тазалау және қайталап қолдану.
11) ластайтын заттарды атмосфералық ауаға шығаруды болғызбау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген кен орындарын жою (консервациялау) жобасы бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның салдарларын жою.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүргiзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі осы операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүргiзiлген операциялардың және мұндай жер қойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды
48-2-бап. Тарату қоры
Тарату қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі келісім-шартпен белгiленедi. Тарату қорының қаражатын пайдалану құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату және консервациялау ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 49- бап өзгертілді
49-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану
мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар
1. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн, соның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары жер қойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезiнде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттердi, соның iшiнде минералдық шикiзатты, өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын нақты есепке алу;
4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою;
5) су жинау алаңдарында және жер асты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсiптiк сумен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
6) жер қойнауын кен орындарының сапасын төмендететiн немесе оларды пайдалануды және игерудi күрделiлендiретiн су басудан, өрттен және басқа сұрапыл факторлардан қорғау;
7) жер қойнауын пайдалану, әсiресе мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргiзуде жер қойнауын ластанудан сақтау;
8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектiлерiн тоқтатып қою мен жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтау;
9) өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю мен орналастыру кезiнде олардың су ағызатын алаңдарда және жер асты сулары орналасқан жерлерде жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету.
2. Жер қойнауын қорғаудың негiзiн жер қойнауын пайдалану объектiлерiн геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толымдылығы мен дәлдiгi құрайды.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi.
4. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4-1. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 50- бап өзгертілді
50-бап. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн осы операцияларды жүргiзуге мемлекеттік экологиялық сараптама берген оңды қорытынды және соның негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндетті шарт ретінде келісім-шартқа тиісті экологиялық талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес берген экологиялық рұқсаты қажеттi экологиялық негiз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жоспарланған iс-қимылдардың қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға берген барлық жобалау алдындағы және жобалық құжаттарды және барлау мен өндiру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату, немесе кен орнын игерудi тоқтатып қою кезеңдеріндегі шараларды қоса "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмiн тапсыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 51- бап жаңа редакцияда
51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;
2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудi және қалдық суларды ағызуды бақылауды;
4) жер қойнауының кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден сақталуын бақылауды;
5) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануын және жойылуын бақылауды;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде авариялар мен өзге де қауіптi жағдайларды болғызбау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.
2005.14.10 № 79-III ҚР Заңымен 51-1- баппен толықтырылды
51-1-бап. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды
мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздестiру және бағалау, өндiру кезiнде минералды шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалану, өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылaу:
1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жобалары шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезіндегі ысырапты есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi
1. Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi ерекше күзетiлетiн құқықтық режимi болатын не мемлекеттік табиғи-қорық қорының дағдылы, бiрегей және сирек кездесетiн геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiн сақтауға арналған шаруашылық қызметi реттелетiн режимдегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.
Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiне мыналар жатады:
геологиялық объектiлер - тiректi немесе сипатты тілімдер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, сақталынып қалған фауна мен флора қалдықтары бар табиғи және жасанды түрде аршылған жерлер;
геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң жасалу процесiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террастар, жайылмалар, үңгiрлер, сайлар, каньондар, сарқырамалар мен жер бедерiнiң басқа да нысандары;
гидрогеологиялық объектiлер - бiрегей және сирек кездесетiн қасиеттерiмен ерекшеленетiн жер асты сулары және олардың жер бетiне шығатын тұстары;
жартастардағы суреттерi, ертедегi кен орындары, тарихи, археологиялық және этнографиялық жағынан маңызды жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да объектiлерi бар жер қойнауы учаскелерi.
2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатады.
3. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн өзге қажеттер үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырлды; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1- бап өзгертілді
52-1-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi
1. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.
2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиiстi учаскеде жұмысты тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға хабарлауға мiндеттi.
11.08.99 ж. № 467-I; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53- бап өзгертілді
53-бап. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салу шарттары
1. Елдi мекендердi, өндiрiстiк кешендердi және басқа шаруашылық объектiлерiн жобалауға және салуға рұқсат жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның болашақ құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның маңызы аздығы жайындағы қорытындыларын алғаннан кейiн ғана берiледi.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жер асты құрылыстарын салу, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кендi қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органдардың рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндiру мүмкiндiгi қамтамасыз етiлген немесе құрылыс салудың экономикалық тиiмдiлiгi дәлелденген жағдайда жүргiзiледi.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда рұқсатсыз құрылыс салу оған контракт аумағының жерлерiн қалпына келтiруге және салынған объектiлердi қайта бұзуға кеткен шығындардың қайтарымынсыз тоқтатылады.
Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз ету
1. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жұмыс жүргiзу қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк арулардың алдын алу және оны жою жөніндегі шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Егер адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызатын болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге тыйым салынады.
3. Жер қойнауын пайдалану кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк санитарлық ережелерi мен нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалауы жөніндегі уәкiлеттi орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi талаптары мыналар болып табылады:
1) жұмысқа арнаулы дайындығы және мамандығы бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиiстi арнаулы білімi бар адамдарды жiберу;
2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киiмдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауiпсiздiк талаптары мен санитарлық нормаларға сай келетiн машиналарды, жабдықтар мен заттарды қолдану;
4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын, есепке алу және дұрыс сақтау, сондай-ақ оларды орнымен және қауiпсiз пайдалану;
5) жұмыстың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауiптi жағдайларды болжауға жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және басқа бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауiптi аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсiру;
6) кенiштiң атмосферасының жай-күйiн, ондағы оттегi мөлшерiн, зиянды және жарылғыш қауiптi газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
7) жұмысты жүргiзудiң қауiпсiз аймақтарының шектерiн анықтайтын техникалық құжаттамалары мен аварияларды жоюдың жоспарларын мәлiметтермен уақытылы толықтыру;
8) қатқыл пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң, мұнай, газ және жер асты суларының кен орындарын игерудiң және құрудың жобалары мен технологиялық сызбаларын жобалау жүйелерiн сақтау;
9) газдардың күтпеген жерден шығарылуын, судың, пайдалы қазбалардың және кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуiн, сондай-ақ тау соққыларын болжау және алдын алу жөніндегі арнайы iс-шараларды жүзеге асыру.
5. Жұмысшылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауiпсiз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын пайдалану операциялары әсер ететiн аймақтарда халықтың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туған жағдайда тиiстi ұйымдардың басшылары бұл туралы жергiлiктi атқарушы органдарға кiдiрiссiз баяндауға мiндеттi.
6-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететiн аймақта халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi және халықтың денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiпсiз жағдай жасалмайынша және төнген қауiп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауiптi болдырмау үшiн өзге шараларды қолдану мүмкiн болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауiптi әсер ету аймағынан халық көшiрiлгеннен кейiн ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
7. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережеге сәйкес құтқару қызметтерiмен қамтамасыз етiледi.
Жер қойнауының мемлекеттік қоры
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
55-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйiн есепке алу
1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының Жер қойнауларынан құралады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргiзiледi:
1) жер қойнауының мемлекеттік мониторингi;
2) жер қойнауына мемлекеттік сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау ;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау;
5) мыналарға:
а) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс - белгiлерiне;
ә) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көметiн және қалдық суларды ағызатын орындарға;
б) техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттік кадастрлар жасау.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен арнаулы нысандарға сәйкес бередi.
56-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi
1. Жер қойнауының мемлекеттік Мониторингi жер қойнауының мемлекеттік қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруiн уақытылы анықтау және бағалау, келеңсiз процестердiң зардаптарының алдын алу және жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау жүйесi болып табылады.
2. 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингiнiң құрылымын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Жер қойнауын мемлекеттік сараптама
1. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдердi, жер қойнауын пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерiнiң шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады.
2. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие мердiгер өндiрудi пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы. Мемлекеттік сараптаманың барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң тиiмдiлiгi жайындағы қорытындылары оларды мемлекеттік есепке қоюға негiз болып табылады.
3. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшерi мен сапасын, олардың республика экономикасындағы маңызын, өндiрудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жай-күйiн объективтi бағалауға мүмкiндiк берген жағдайда мемлекеттік сараптама кен орнын геологиялық зерделеудiң кез келген сатысында жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттік сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беру геологиялық ақпаратты мемлекеттік сараптаудан өткiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
5. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы жүргiзедi.
11.08.99 ж. № 467-I ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 58- бап өзгертілді
58-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы
1. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi.
2. Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансында Коммерциялық жолымен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi, олардың орналасуы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы мен өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер болуы қажет.
3. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа енгізу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Жер қойнауын-зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөніндегі ақпаратты табыс етедi.
11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 59- бап өзгертілді
59-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттік кадастры
1. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында жүргiзедi.
2. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттік кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердiң мөлшерi мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйi мен оны геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi туралы мәлiметтерден құралады.
3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 60- бап өзгертілді
60-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастры
1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi.
2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 61- бап өзгертілді
61-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастры
1. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi.
2. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай-күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Құқықтық шарттар
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар:
1) өзiне берiлген контракт аумағы шегiнде контрактыда бекітілген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың кез келген заңды әрекеттерiн өз еркiмен жүргiзу;
2) контрактыда басқа жағдай ескерiлмеген болса, өзiнiң әрекетiнiң нәтижелерiн, соның iшiнде минералдық шикiзатты өз қалауынша пайдалану;
3) контракт аумағында, қажет болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушыға белгiленген тәртiп бойынша бөлiнiп берiлген басқа жер учаскелерiнде, жұмысты жүргiзуге қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлер салуға, сондай-ақ контракт аумағы шегiнде және одан тыс аумақтарда жалпы пайдаланатын коммуникациялар және объектiлердi келiсу арқылы пайдалану;
4) осы Заңның 43-бабына сәйкес белгiленген контракт күшiнiң мерзiмiн ұзарту туралы келiссөздi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
5) жер қойнауын пайдалану операцияларымен байланысты жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн мердiгерлердi тарту;
6) осы Заңмен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығын немесе оның бөлiгiн басқа тұлғаларға беру;
7) осы Заңда және контрактыда белгiленген шарттарға сәйкес өз қызметiн тоқтату;
8) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Жер қойнауын пайдаланушының мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжiрибесiне негiзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) контракт аумағын тек қана контрактыда көзделген мақсаттарға пайдалануға;
3) егер контрактіде басқа мерзiм көрсетiлмесе, контракт тiркелген күннен бастап барлау немесе өндiру жұмыстарын жүргiзудi бастауға;
4) жер қойнауын пайдалану операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзуге;
4-1) жер асты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
5) қызметкерлердiң және халықтың денсаулығы мен өмiрiнiң қауiпсiздiгiн, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң технологиялық схемалары мен жобаларын сақтауға;
6) контракт аумағы шегiнде басқа адамдардың еркiн жүруiне, ортақ пайдаланылатын коммуникациялар мен объектiлердi пайдалану немесе, егер жер қойнауын пайдалану операциясына кедергi келтiрмесе және олар қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларымен байланысты болмаса, онда жұмыстың барлық түрлерiн, соның iшiнде табиғи ресурстардың басқа түрлерiн барлауға және өндiруге кедергi жасамауға;
7) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
8) егер осы көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының резидент еместерi орындайтын бiртектес жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мiндеттi түрде тартуға;
8-1) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзгенде қазақстандық мамандарға басымдық беруге;
9-1) келісім-шарт бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру iсiн келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыруға;
10) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат ұсынуға;
10-1) құзыретті органға кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді орындауы туралы есеп беруге;
11) Қазақстан Республикасының бақылау органдарына олардың қызметтiк функцияларын атқару кезiнде қажет құжаттарды, мәлiметтердi кедергiсiз беру мен жұмыс орындарына өтуге мүмкiндiк жасауға және олар айқындаған кемшiлiктердi уақтылы жоюға;
12) контракт аумағындағы жұмыс нәтижесiнде алынған геологиялық есептердi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға беруге;
13) салықтарды, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды және өзге мiндеттi төлемдердi уақытылы төлеуге;
13-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу үшін жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
13-2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы есеп беруге;
13-3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен табыс етуге;
14) қажет болған жағдайда, операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшiншi бiреуге, егер контрактыда өзгеше белгiленбесе, қатысушы жақтардың ортақ келісімi арқылы ғана беруге;
15) мәдени-тарихи маңызды объектiлердi сақтауға;
16) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу әсерiнен бүлiнген жер учаскелерiн және басқа табиғи объектiлердi заңдарға сәйкес оны әрi қарай пайдалануға жарамды қалыпқа келтiруге ;
17) өз қызметiнiң экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
18) қоршаған ортаға зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға;
19) келісім-шарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргiзуге ;
20) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
21) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде тіркелуге міндетті.
2. Контрактыда жер қойнауын пайдаланушының заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды; 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 63-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 63-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 63-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде қосалқы мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдердің бірі:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден сатып алу;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қазаннан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі міндетті түрде пайдаланыла отырып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды өткізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары мен қорытындылар шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде және аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен өткізуге міндетті.
6. Осы баптың талаптары:
1) кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алутың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібін бұза отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар құзыретті орган ескеретін шығыстардан жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде алып тасталады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-2-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-2-бап өзгертiлдi
63-2-бап. Қазақстандық тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды және қызмет көрсетушілерді қолдау
1. Мердігер, сондай-ақ оның қосалқы мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, осы Заңның талаптарына сәйкес, қазақстандық тауар өндірушілерден, жұмыс орындаушылардан және қызмет көрсетушілерден сатып алуға міндетті.
2. Тауарлартың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерi болған кезде конкурс өткізуге бiрыңғай шетелдiк ұйымдарды тартуға жол берiлмейдi.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтаған кезде тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi конкурстың талаптарына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылардың және қызмет көрсетушілердің конкурстық өтiнiмiнiң бағасын шартты түрде жиырма процентке азайтады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 63-3-баппен толықтырылды
63-3-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн
өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды
дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге
объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану
жөніндегі мiндеттемелердi iске асыру
Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың және ұсынылған объектiлердi инвестициялауға арналған қосымша шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аталған мiндеттемелердi орындауға байланысты шығындары өндiрiлген мұнайдан алынған өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға өтелмейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 64-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзудiң шарттары
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауын пайдалану бекітілген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Барлауды жүзеге асыратын мердiгердiң кен орнының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге, егер бұл келісім-шартта және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен, егер келісім-шартта мұндай келісу үшін өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келісім-шарт жасалған айдан кейінгі айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгі жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мердiгердiң техникалық жобаның шешімдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөніндегі мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиіс.
4. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша қайта қарауы мүмкiн.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу туралы есептердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келісілген күнінен бастап бір айдан кешiктiрмей құзыреттi органға табыс етеді.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды
64-1-бап. Коммерциялық табу
1. Барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде жұмыс жүргiзген және коммерциялық табуды жасаған жер қойнауын пайдаланушының тiкелей келiссөздер жүргiзу негiзiнде өндiруге құқық алуға айрықша құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау нәтижесiнде кен орнын (кен орындарын) тапқан жағдайда бұл туралы құзыреттi органды хабардар етуге, кен орнына бағалау жүргiзуге және ол коммерциялық табу болып табыла ма, соған қорытынды жасауға мiндеттi. Табу туралы хабардар ету мерзiмдерi, бағалау, коммерциялық табудың бар екендiгi туралы шешiм қабылдауды талқылау рәсiмi келісім-шартпен айқындалады.
3. Коммерциялық табу кезiнде жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шарттың талаптарына сәйкес шығындарды толық немесе iшiнара өтеу құқығы берiледi. Бұл ретте негiзсiз ұлғайтылған сипаттағы немесе кен орындарын ашудың оң тәжiрибесiмен сай келмейтiн немесе жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуымен байланысты не олардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісім-шартта жүктелген өзге де мiндеттердi бұзуымен байланысты шеккен шығындарын өтеуге жол берiлмейдi.
4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.
65-бап. Кен орнын бiрлесiп игеру
1. Кен орнын бiрлесiп игеру, бiр кен орнының әр бөлiктеріндегі жер қойнауын пайдаланушылардың өндiру операцияларын үйлестiру болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын бiрлесiп игеру жөнiнде өзара жазбаша келісім жасауларына болады. Бұл келісім құзыреттi органмен келісілуге тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргiзудi тоқтату немесе
тоқтата тұру кезіндегі мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезiнде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi тұрғындардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуi қажет. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзiмнiң барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшiн, кен орны консервациялануға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.
2. Барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтатқанда немесе барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтата тұрғанда, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда, жұмыс аяқталған кездегi геологиялық және өзге құжаттар, осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен сақталуға өткiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
67-бап. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алу құқығы
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын әлемдiк нарық бағасынан аспайтын бағамен бiрiншi кезекте сатып алуға құқығы бар. Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шектi мөлшерi, олардың бағасы мен төлем түрлерiн анықтау тәртібі контрактыда ескерiледi.
2. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
68-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Соғыс, табиғи апат кезiнде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бiр бөлiгiн реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Республика мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзiмiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншiк түрiне және мемлекеттік тиесiлiгiне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланған пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен, ревизициялау күніндегі әлемдiк нарық бағасымен төлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттік меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.
1-1. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға беруге тиiс.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.
3. Мемлекет меншiгіндегі жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртібі мәлiмет иесi мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келісімiнен анықталады.
Осы келісіммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.
5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Жер қойнауын пайдаланушының контракт шарттарын сақтауын бақылау
Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгін жазбаша хабарламамен көрсете алады.
Ескерту талаптары белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда, құзыреттi орган осы Заңның 45-2-бабына сәйкес контрактыны бұзуға құқылы.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 70-1- бап жаңа редакцияда
70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн
мемлекеттік органдар тарапынан бақылау
Жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы құзыретті орган мен уәкiлетті органдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 70-2-баппен толықтырылды; 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 70-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 70-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-2-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
11.08.99 ж. № 467-I 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепiлдiктерi
Жер қойнауын пайдаланушыға заңдарға сәйкес оның құқықтарын қорғау кепiлдiгi берiледi. Жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын заңдарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келісім-шарттарға қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабілетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерін сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келісім-шарттарда, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісім-шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдингтің немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның келісім-шарттың басқа тарабының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен айырылған құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетін) басқа сатып алушылар ұсынғаннан төмен емес шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 71-1-баппен толықтырылды
71-1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 71-2-баппен толықтырылды
71-2-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не келісім-шартта бұрын келісілген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
Өтпелi және Қорытынды ережелер
72-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк
1992 жылдың 30-мамырына дейiн жиналған, немесе осы Заң күшiне енгенге дейiн мемлекеттік минералдық ресурстар қорына кiргiзiлген техногендiк минералдық түзiлiмдер мемлекеттік меншiк болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
73-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
1. Осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға қолданылады. Ол күшiне енгенге дейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға, осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.
2. Осы Заң күшiне енгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актілері өз күшiн сақтайды.
3. Осы Заң күшiне енгенге дейiн контракт аумағын алған жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығы келiссөздер негiзiнде берiледi.
74-бап. Осы Заңның күшiне енуiне байланысты заңдардың қолданылуы
Осы Заң күшiне енгенге дейiн жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерiнде қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды
74-1-бап. Лицензиялық органның функциялары
Жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын берiлген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң) функциялары құзыреттi органға жүктеледi.
75. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
76-бап. Осы Заңның жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. Осы Заң күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., № 9, 248-құжат; 1995 ж., № 24);
"Жер қойнауын және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., № 9, 248-құжат);
"Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1637 Заң күшi бар Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 16, 152-құжат).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:
1) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
Қазақстан Республикасының заңдарын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлесiн;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
мемлекеттік органдардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актілерін қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
2) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу контрактысын жасау тәртібі туралы ереженi;
жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы ереженi;
жер қойнауының мемлекеттік кадастры туралы ереженi;
геологиялық ақпарат туралы ереженi;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзудiң модельдiк контрактысын әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |