Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж. № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
21-бапта:
2-тармақтағы "осы Кодекстің 53-бабында" деген сөздер "осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, заңды тұлғалар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "әкімшіге," деген сөз алып тасталсын.
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат, № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат, № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
208-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен
және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен
таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік
маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау
маркаларын қолдан жасау және пайдалану";
бірінші бөлікте "акциздік алым маркасымен" деген сөздер "акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте "Акциздік алымның көрінеу жалған маркаларын" деген сөздер "Көрінеу жалған акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат, 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
214-баптағы "акциздік маркалармен" деген сөздер "акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақ (8), 9), 10), 11), 12) және 42) тармақшалардан басқа) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгізіледі
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 2-тармағындағы "желтоқсанынан" деген сөз "қарашасынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес салық төлеушінің жеке кәсіпкерлер субъектілері бірлестігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда қызметкерлердің орташа есеппен бір жылдағы тізімдік саны негізінде бір қызметкерге белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.";
2-тармақтағы "15-іне" деген цифр "20-сына" деген цифрмен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері осы Кодекстің 377-1-бабында белгіленген.";
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "15-інен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығы бойынша есепті табыс етуі осы Кодекстің 377-1-бабына сәйкес жүргізіледі.";
5) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
екінші абзацтағы "не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тауарларды мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып экспорт режимінде шығарған жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар толық кедендік жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.";
6) 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "тауар беруші" деген сөздердің алдынан "шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 247-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "15-інен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;
8) 259-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "акциз маркаларының" деген сөздерден кейін ", есепке алу-бақылау маркаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 260-баптың 6-тармағы "акциз маркалары" деген сөздерден кейін ", есепке алу-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын;
тақырыбы "Акциз маркаларының" деген сөздерден кейін ", есепке алу-бақылау маркаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізге алынып жүргізіледі.";
2-тармақ "акциз маркалары", "акциздік маркаларын" деген сөздерден кейін тиісінше ", есепке алу-бақылау маркалары", ", есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 271-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Шарап материалын қоспағанда, осы Кодекстің 257-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін немесе сол күні төленеді.";
12) 277-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "акциздік маркаларын" деген сөздерден кейін ", есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 316-баптың 1-тармағының бірінші абзацы "(14-17)," деген цифрлардан кейін "22-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;
14) 318-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.";
15) 319 және 322-баптардың 1-тармағындағы "15-інен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;
16) 359-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "3)-5)-тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дара кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтінішті;
2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;
4) дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.
Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Дара кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді бір күн ішінде жүргізеді.";
18) 375-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.";
7-тармақтағы "тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан" деген сөздер "есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші бөліктегі "15-інен" деген цифр "25-інен" деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.";
20) мынадай мазмұндағы 377-1-баппен толықтырылсын:
"377-1-бап. Жекелеген салық түрлерін және жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу
ерекшеліктері және олар бойынша есептілікті табыс
ету
1. Салық төлеуші оңайлатылған декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде:
1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті;
3) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.
2. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді табыс етпейді.";
1-тармақшадағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы "20" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
бірінші сөйлемдегі "бірыңғай жер салығы бойынша" деген сөздер "бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші сөйлемдердегі "20" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;
"бірыңғай жер салығы мен әлеуметтік салық бойынша" деген сөздер "бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;
23) 383-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "бірыңғай жер салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация табыс ету" деген сөздер "бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 5) тармақшалар алып тасталып, 4) тармақшадағы "декларацияны;" деген сөз "декларацияны табыс етеді." деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 387-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.";
26) 388-баптың 5-тармағындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;
27) 390-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;
28) 397-баптың 3-тармағындағы "осы өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
29) 407-баптың 2-тармағындағы "байланыс саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "Төлемақы төлеушілер" деген сөздер "Осы баптың 4-1 және 4-2-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, төлемақы төлеушілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем сомаларын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен төлейді.
4-2. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептілік кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.«;
5-тармақтағы «Төлеудің белгіленген» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін төлеудің белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 4-2-тармағында айқындалған төлеушілер жер учаскесін осы Кодекстің 450-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, төлемді уақытша өтеулі жер учаскесін пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.«;
6-тармақтағы «Мемлекет өтемін» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін мемлекет өтемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «есебі мен» деген сөздер «есебін және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «15» деген цифр «20» деген цифрмен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «декларацияны» деген сөзден кейін «, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері төлеушілерге - дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
2-тармақтағы «15-інен» деген цифр «20-сынан» деген цифрмен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «су үшін» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «15» деген цифр «20» деген цифрмен ауыстырылсын;
33) 459-баптың 3-тармағындағы «рұқсат бойынша ластау» деген сөздерден кейін «, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "рұқсат" деген сөз "рұқсат ету құжаты салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстің 465-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде лимитті сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.«;
2-тармақтағы «4-тармағында» деген сөз «2-1 және 4-тармақтарында» деген сөздермен, «15-інен» деген цифр «20-сынан» деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Төлемақы көлемі аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебін салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.
2-2. Рұқсат ету құжаты осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін рәсімделген жағдайда, аталған төлеушілер ағымдағы төлем сомаларының есебін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.«;
4-тармақтағы «15» деген цифр «20» деген цифрмен ауыстырылсын;
36) 484-баптың 2-тармағындағы «15» деген цифр «20» деген цифрмен ауыстырылсын;
37) 484-6-баптың 2-тармағындағы «15» деген цифр «20» деген цифрмен ауыстырылсын;
38) 517-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.«;
39) 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «лицензияның,» деген сөз алып тасталсын;
40) 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тақырыптық салықтық тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.«;
41) 546-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«егер дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бұрын алмаған салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса;";
1-тармақтағы «акциз маркаларымен және» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «Осы баптың 1-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 550-баптың 1-тармағы «тәртіппен» деген сөзден кейін «және мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
44) 551-бап «бақылау жасауды» деген сөздерден кейін «уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 29 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 432-баптағы "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
2) 459-баптың 1-тармағының үшінші сөйлемі алып тасталсын.
6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; № 9, 26-құжат):
1) 13-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2) 43-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш үш апталық мерзімде қаралады.";
3) 44-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.";
4) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"145-бап. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібi
1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын пайдалану жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ өзге де уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті орган;
жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
3. Жер заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексерулер арқылы жүргізіледі, олар жоспарлы (жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жоспарлаған және бекіткен) және жоспардан тыс (жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын) болып бөлінеді.
Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, тексеру, жерді пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру рәсімі мемлекеттік орган шығаратын тексеруді тағайындау туралы акті және тексеру басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелетін жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін тексеру карточкасы негізінде жүргізіледі.
Минералдық шикізатты, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өнімін өндіру, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму жөніндегі қызмет, гидротехникалық, гидромелиорациялық және мелиорациялық қызмет, құрылыс жұмыстары орындалатын, минералдық шикізатты және оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау объектілері орналасқан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік бақылау жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Қызметтің басқа түрлері орындалатын жердің пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік бақылау кемінде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болатын ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін күнтізбелік он күнге дейін ұзарта алады.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі жоспарлы тексеру жүргізу мерзімінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізудің басталуы тексерілетін кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындау туралы акті тапсырылған кезден бастап есептеледі.
5. Тексеру арқылы мемлекеттік бақылау жер учаскелерінің меншік иелерінің, жерді пайдаланушылардың қатысуымен, ал олар бас тартқан жағдайда олардың қатысуынсыз жүргізіледі, бұл туралы тексеру нәтижелері бойынша жасалған құжаттарда тиісті белгі жасалады.
Анықталған жер заңнамасын бұзушылықтар бұл жұмыстарды жүргізген мамандар қол қоятын далалық тексеру сызбасы қоса берілетін актімен ресімделеді және ол осы мәселені қарау құзыретіне жататын органға беріледі.
Уәкілетті органдар анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен өз функцияларына сәйкес қарайды.
6. Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әкімшілік жаза қолдану туралы шешіміне осы Кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес шағым жасауға болады.
7. Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың іс жүзінде жойылуын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.".
7. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
"57-1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексеру (бұдан әрі - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық органдары лауазымды адамдарының, орман иеленушілердің, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті;";
2) 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы және 2-тармағының 3) тармақшасындағы "өсіруге" деген сөзден кейін "тексерулер арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары:
1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы келеңсіз салдарды растайтын мемлекеттік орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелері бойынша;
2) уәкілетті және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бір реттен аспайтындай етіп;
3) мемлекеттік орман қорындағы орман өрттері фактілері бойынша;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша;
5) жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетілген мерзімде бақылау мақсатында жүзеге асырады.";
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, орманның санитарлық жай-күйін, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;";
"5-1) кеспеағаш аймағын бөліп беру бойынша жұмыстарды тексеруді;";
5) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Орман қорының жай-күйіне, оны күзетуге, қорғауға,
пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман
өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
уәкілетті органның және аумақтық органдардың
лауазымды адамдарының тексеру актілерi
1. Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижесі бойынша орман қорының жай-күйіне, күзетуге, қорғауға, оны пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық органдардың лауазымды адамдары мына актілерді:
1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі актіні;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы;
3) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнамасының талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманы;
4) мынадай:
Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығарады.";
6) 110-баптың 5) тармақшасындағы "ауруларын орман патологиялық қадағалау және оларға қарсы күрес" деген сөздер "ауруларының және оларға қарсы күрестің орман патологиялық мониторингін" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 27-1) және 43-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) мемлекеттік бақылау - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілерді дәл және біркелкі қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарын орындау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар жүйесі;";
43-1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және (немесе) өңірлік және аумақтық органдардың лауазымды тұлғасының немесе лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлік субъектілерінің су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті;";
2) 48-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;
2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;
3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;
4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;
5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;
6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерінің, олардың жұмысының белгіленген режимінің сақталуын бақылау;
2) су пайдаланушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының су заңнамасын, трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды регламенттейтін Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды сақтауын инспекторлық тексеру.
Тексерудің түрлері:
жоспарлы тексеру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезеңділікке сәйкес жүргізілетін, бақылаушы орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс тексеру - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
кешенді тексеру - уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін тексеру;
қарсы тексеру - тексеру жүргізу кезінде бақылаушы органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.";
3) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның бассейндік су шаруашылығы басқармасы:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
3) су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;
5) су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген лицензияларды және рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
7) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
8) су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
9) белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;
10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;
11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдар, карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар:
1) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектілеріне белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін жекелеген өндіріс объектілерінің, цехтар мен кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді.";
4) мынадай мазмұндағы 49-1, 49-2 және 49-3-баптармен толықтырылсын:
"49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында
мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және
жүргізудің тәртібi
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру мақсатында осы Кодекстің 49-бабында аталған мемлекеттік органдардың аумақтық органдары тиісті бассейннің су шаруашылық басқармаларымен бірлесіп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауы бойынша тексерулер жүргізудің жылдық жоспарларын әзірлейді. Қажет болған кезде тексеру жүргізудің жоспарлары түзетіледі.
Бір жылға арналған тексерулердің келісілген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейін бекітуге беріледі.
Бір жылға арнап бекітілген тексерулердің келісілген жоспары жоспарлы тексерулерді жүргізуге негіз болып табылады.
2. Су қорғау іс-шараларын әзірлеу және сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру мақсатында уәкілетті орган:
1) оларды бассейндік кеңестердің жұмысына қатысуға тартады;
2) бассейндік кеңестердің мәжілістерінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарайды.
Мемлекеттік бақылау су объектілерін пайдалануға, су қорының мемлекеттік кадастры мен мониторингін жүргізуге байланысты схемалар мен жобаларды дайындау кезінде де жүзеге асырылады.
3. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірлескен кешенді тексерулерді жоспарлауы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленбеген тексерулердің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
5. Тексеру бақылаушы орган шығаратын тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің алдында уәкілетті орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру тағайындау туралы акті шығарады.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізуші лауазымды адам дара кәсіпкерге, заңды тұлғаның (филиалының немесе өкілдігінің) басшысына немесе өзге де лауазымды адамына, қызметтік куәлікті көрсете отырып табыс етеді.
Тексеруді су заңнамасының сақталуына тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамдар (тұлғалар) ғана жүргізеді.
Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы бір актінің негізінде тек бір ғана тексеру жүргізуге болады.
7. Жеке және заңды тұлғаларды тексеруді уәкілетті орган міндетті түрде Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексеру актісін жасай отырып жүргізеді.
Тексеру актісі тексерілетін кәсіпкерлік субъектісі өкілінің қатысуымен жасалуға тиіс.
Тексеру актісінің кіріспесінде тексерілетін объектінің негізгі сипаттамалары, шаруашылық қызметінің түрі, рұқсат, нормалау және өзге де құжаттарының болуы, бөлінген лимиттер көлемі, алынған судың және ағызылған ағынды судың көлемі, су қорғау іс-шараларының бар болуы және олардың орындалу барысы, айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйесінің болуы мен оның көлемі және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Жоғарыда атап көрсетілген деректер жазылғаннан кейін тексеру актісінде анықталған Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтар тиісті нормативтік құқықтық актілердің баптарына сілтеме жасала отырып көрсетіледі.
49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын
бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, тексеру актісінің негізінде мемлекеттік инспектор (оған берілген құқықтар шегінде) бұзушылықтың ауырлығына қарай бұзушыға бір немесе бір уақытта бірнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:
1) су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау ережелерінің анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама шығарады;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
3) әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарады;
4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар қояды;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды жібереді.
49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік
бақылаудың мерзімдері мен кезеңділігi
Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер (сынақтар), тексерудің көлемділігіне, сараптамалар жүргізу қажеттігіне байланысты ерекше жағдайларда уәкілетті органның басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру жүргізудің мерзімдерін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті орган хабардар етіле отырып, тексеруді тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы тексеру белгілі бір уақыт кезеңіне не белгісіз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкін. Белгісіз уақытқа уақытша тоқтатылған тексеруді уәкілетті орган құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта бастайды. Тексеру жүргізудің мерзімін есептеу оны қайта бастаған күннен бастап жалғастырылады.";
5) 51-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "беруге құқығы бар." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.";
6) 53-баптың 1-тармағындағы ", ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер алып тасталсын.
9. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. № 14, 55-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
50-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;".
10. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың көлік қызметтері нарығының жұмыс істеуін, олардың сапасын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығының, көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар жиынтығы.
Тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті.";
2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Көліктік бақылау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) көліктік қызмет көрсету саласында лицензиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
7) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
8) теңіз кемелері мен олардың сыныптамасына техникалық бақылауды;
9) лоцмандық қызметтің және ішкі су көлігіндегі өзге де қызметтердің ішкі су жолдарында жүзу ережелерін сақтауын бақылауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды;
11) теңіз жолдарының, лоцмандық қызметтің және өзге де теңіз қызметтерінің жай-күйін бақылауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды;
13) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімін бақылауды;
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды;
17) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысандық киім киіп, талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге тиіс.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететін құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектілерінің және ұшу-қону алаңдарының күтіп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды;
25) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды;
26) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
27) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсеке кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
28) жеке және заңды тұлғалардың теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.";
3) мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-баптармен толықтырылсын:
"25-1-бап. Тексеруді жүзеге асырудың кезеңділігі мен түрлерi
1. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін, уәкілетті мемлекеттік орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - егер тексеру жүргізген кезде мемлекеттік органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және лицензия, тіркеу және өзге де рұқсат құжаттарының болуы, сондай-ақ мемлекеттік органның бақылау объектісі болып табылатын бақылау құралдарын қолданудың дұрыстығы нысанасына жүргізілетін тексеру.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін кідіртпеуге тиіс.
Уәкілетті мемлекеттік орган заңды тұлғаның өзіне тексеру жүргізілу-жүргізілмеуіне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
25-2-бап. Тексеру жүргізудің мерзімдерi
1. Тексерулер жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, акт табыс етілген кезден бастан күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға тексеру жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тексеру жүргізу мерзімін күнтізбелік он бес күнге дейін ұзартуы мүмкін.
3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімін мемлекеттік орган тасымалдаушыға уәкілетті органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргізу кезінде сұратылған құжаттарды ұсыну кездері уақыт кезеңінде, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның сауалы бойынша мәліметтер мен құжаттар алу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзімін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы акт шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
5. Көлік саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі тексерілуге жатпайды.".
11. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат;
№ 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат):
1) 41-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
атауындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтіндегі "инспекциялауды", "инспекция", "инспекциялаушы органға", "инспекциялау", "Инспекциялауды" деген сөздер тиісінше "тексеруді", "тексеру", "тексеруші органға", "тексеру", "тексеруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
3) 48-баптың 1-тармағының н) тармақшасындағы "инспекция" деген сөз "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 74-4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "тарату комиссияларының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж,. № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
8-2) азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқ-дәрілерін мемлекеттік бақылау;
8-3) күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметін мемлекеттік бақылау;";
2) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
"11-1-бап. Ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауы
1. Жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары тексеруді жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мақсатында жүзеге асырады.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін, уәкілетті орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісі шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында ішкі істер органы жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру;
рейдтік - ішкі істер органдары айналымын бақылауды жүзеге асыратын құралдар мен заттардың айналымы саласында нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтауы мәселелері бойынша бірнеше субъектілердің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.
4. Тексерулерді жүргізу үшін негіздемелер:
1) басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлі-түсті бейнелеудегі көбейту-көшіру техникасының, улы, радиоактивті, психотроптық заттардың, есірткі құралдары мен прекурсорлардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ штемпель-граверлік кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдарының жұмыс жоспары болып табылады.
5. Күзет қызметін, күзет дабылы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді, азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлі-түсті бейнелеудегі көбейту-көшіру техникасының, улы, радиоактивтік, психотроптық заттардың, есірткі құралдары мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ штемпель-граверлік кәсіпорындар жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде ішкі істер органы жүргізетін тексерулерді қоспағанда, әрі кеткенде үш айда бір рет тексеріледі.
6. Тексерулер ішкі істер органының тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе тексеру жүргізу тағайындалған жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) тағайындалған тексерудің нысанасы;
6) тексеру басталған және аяқталған күн;
7) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге тиіс нормативтік құқықтық актілер;
8) тексерілетін кезең;
9) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.
7. Тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
8. Кәсіпкерлік субъектілері шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерінің сақталуы бөлігінде алдағы тексеру туралы хабардар етілмейді.
9. Тексеру үшін объектіге келген ішкі істер органдарының қызметкерлері:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органында тіркелгені туралы белгісі бар, тексеру тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті;
3) қажет болған жағдайда, құзыретті органның режимдік объектілерге кіруге рұқсатын;
4) ішкі істер органының басшысы бекіткен тексеру жоспарын;
5) объектіге кіру үшін қажет болатын медициналық рұқсатты көрсетуге міндетті.
10. Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тапсырған кез тексерудің басталуы болып есептеледі.
11. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе ішкі істер органдары қызметкерлерінің тексеру жүргізуге қажетті материалдарды пайдалануына кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға ішкі істер органының қызметкері және кәсіпкерлік субъектісінің басшысы не өзге лауазымды адамы қол қояды.
Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
12. Тексеруді тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген ішкі істер органының қызметкері (қызметкерлері) ғана жүргізе алады.
13. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің көлемі елеулі болуына байланысты ішкі істер органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ бұл күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімінің барысы тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ете отырып, белгілі уақыт кезеңіне не белгісіз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкін.
Белгісіз уақытқа тоқтатыла тұрған тексеру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзімін қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта басталады. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы тексеруді қайта бастау туралы акт шығарылған күннен бастап жалғасады.
Тексеру тағайындау туралы бір акт негізінде бір ғана тексеру жүргізіледі.
14. Тексеру тағайындау туралы акт тек қана бір жеке кәсіпкерлік субъектісіне ресімделеді.
15. Зерттеулер (сынаулар), сараптамалар жүргізу үшін өнім үлгілерін (сынамалар) іріктеп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
16. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізген ішкі істер органының қызметкері екі дана етіп тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) тексеру жүргізген ішкі істер органы бөлімшесінің атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе тексеру жүргізу кезінде қатысқан дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлға өкілінің немесе дара кәсіпкер өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексеру жүргізу күні, орны және мерзімі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге өнімнің үлгілерін (сынамаларын) іріктеп алу, қоршаған орта объектілерін зерттеу туралы актілер, жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
17. Тексеру жүргізу нәтижелері туралы актінің нысанын Ішкі істер министрлігі белгілейді.
18. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің басшысы немесе дара кәсіпкер немесе олардың өкілдері оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркелуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.
19. Кәсіпкерлік субъектісіндегі құжаттардың түпнұсқасын қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса танысу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және өзге де іс-әрекеттер жасау үшін кәсіпкерлік субъектісінің басшысына немесе дара кәсіпкерге немесе олардың өкілдеріне тапсырылады.
11-2-бап. Жоспардан тыс тексерулер
Уәкілетті лауазымды адам бұзушылық жасалған кезде оны тікелей анықтаған және дәлелдерді бекіту үшін шұғыл іс-қимылдар жүргізу қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органдарына табыс етіледі.".
13. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат):
мынадай мазмұндағы 70-2-баппен толықтырылсын:
"70-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексерулер
Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны алдын ала хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын бақылау мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеруді құзыретті орган жеке немесе басқа мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізуі мүмкін.".
14. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік өрт бақылау - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі;";
тоғызыншы абзацтағы "күштер мен құралдардың" деген сөздер "өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
"уәкілетті орган - өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).";
2) 4-баптың екінші бөлігіндегі "және бақылайтын" деген сөздер алып тасталсын;
3) 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы құзыреті";
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті";
екінші абзацтағы "бірыңғай" деген сөз алып тасталып, "әзірлейді" деген сөзден кейін "және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкілетті органның құзыреті";
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлікте:
3) тармақшадағы "қадағалауын" деген сөз "бақылауын" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өрт қауіпсіздігі саласындағы сертификаттауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыруды бақылайды;
11) объектілер құрылысына өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келіседі.";
6) 9 және 9-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі және олардың міндеттерi
Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылауды және өрт сөндіруді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына: басқару органы, күштер мен құралдар, оның ішінде өрттің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен құрылған өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері кіреді.
Өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi
Өртке қарсы қызмет органдары:
1) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) өрт қауіпсіздігі ережелерін әзірлейді және бекітеді;
3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргізуге және қызметтер көрсетуге лицензиялар береді;
4) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;
7) азаматтарға, кәсіпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар береді;
8) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерді, мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттен қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.
Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.
Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
7) 9-2 және 9-3-баптар алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 9-5, 9-6 және 9-7-баптармен толықтырылсын:
"9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
Уәкілетті орган өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтауын айқындау мақсатында жүргізілетін тексерулер түрінде орындалады.
Мемлекеттік мекемелердің және басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру үшін негіздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы нұсқама болып табылады.
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп өткізілетін, өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы орган жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру;
рейдтік - бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір уақытта қамтитын тексеру.
9-6-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi
1. Елді мекендердің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан,
барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2. Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жоспарлы тексеру жүргізудің жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың соңында меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілеріне және тексеруді есепке алу карточкаларына салыстыру жүргізіледі.
3. Жоспардан тыс, қарсы, рейдтік тексерулер жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулерді есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күні тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға тіркеу үшін табыс етіледі.
Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өміріне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгілінен тыс уақытта тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бірден байқалған және дәлелдерді бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы акті мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
4. Ұйымдар өздерінің өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.
5. 1-топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнімдерінің қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.
Бұл объектілерді өртке қарсы қызмет органдары кемінде бес жылда бір рет кешенді тексереді және жыл сайын кешенді тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
6. 2-топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотивтік, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан діни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі кітапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейінгі медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.
Бұл объектілерді өртке қарсы қызмет органдары екі жылда бір рет кешенді тексереді және жыл сайын кешенді тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
7. 3-топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемінде 50 бірлік техника саны бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары; түтін тарту жүйесі көзделген тұрғын үйлер, тамақтану мекемелері, ойын мекемелері, дәріханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.
Бұл топтың объектілерін өртке қарсы қызмет органдары жылына бір рет тексереді.
8. 4-топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тауарларды сатуға арналған, оның ішінде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейінгі алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттері, диспетчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.
Бұл топтағы объектілерді өртке қарсы қызмет объектілері жылына бір рет тексереді.
9. Салынып жатқан объектілерді өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне жалпы негіздерде тексереді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.
9-7-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өрт қауіпсіздігi саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібi
Тексеру тағайындау туралы акт өртке қарсы қызмет органының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу үшін негіз болатын құжат болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдары шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді, олардың қандай объектілер тобына жататынына қарай, басқа объектілердегі сияқты кезеңділікте жүргізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің ұзақтығы бес тәуліктен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу кезінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізу туралы негіздемені көрсетуге міндетті.
Өртке қарсы қызмет органдары лауазымды тұлғаларының еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мүмкін болмауына әкеп соғатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдары жүзеге асырады.
Басқа объектілердегі өртті сөндіруді меншік нысандарына қарамастан салалық өрт сөндіру қызметтері немесе ерікті өртке қарсы құрамалар жүзеге асырады.";
үшінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
жетінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аумақтық" және ", мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің" деген сөздер алып тасталсын;
сегізінші бөліктегі "мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің" деген сөздер "мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;
5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.";
10) 21-баптың бірінші бөлігіндегі "атқарушы" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 22-баптың екінші бөлігіндегі екінші сөйлем алып тасталсын.
15. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) дәрменсіз борышкерді оңалту, заңды тұлғаны банкрот деп тану және оны тарату рәсімдерінің, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсімдерінің мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) - кредиторлардың мүдделерін қорғау, экономикадағы шаруашылық тәуекелдердің деңгейін тиімсіз өндірістерді жою немесе қалпына келтіру арқылы азайту мақсатында төлем қабілеті жоқ ұйымдардың қаржылық-экономикалық жай-күйін жүйелі түрде талдау, қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын уақытында қолдану процесі;";
26) тармақшадағы "(банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздер "(банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 10-2 және 10-3-баптармен толықтырылсын:
"10-2-бап. Банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін және дәрменсіз
борышкердің соттан тыс таратылуын бақылау
1. Уәкілетті органның банкроттық рәсімінің жүргізілуін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
2. Бақылаудың мақсаттары осы Заңда белгіленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсімдерінің, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің міндеттерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін банкроттық рәсімінің тараптары, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі деп кредиторлар, борышкер, мүлік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
4. Банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерінде тіркелу есебі;
2) төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдардың мониторингі;
3) камералдық бақылау;
4) банкроттық рәсімінде, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау;
5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру.
Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау болып табылмайды;
6) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылау.
10-3-бап. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың
банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкердi
таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру
1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімдік тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
2. Тексеру жүргізу үшін мынадай деректемелер жазылған нұсқама негіздеме болып табылады:
1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
3) борышкердің толық атауы және тіркеу нөмірі;
4) тексеруші адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты.
Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші басшысы не оны ауыстыратын адам қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландыруға тиіс.
3. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіле алады.
4. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
6. Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің нәтижелері туралы акт жасалады, ол нөмірленіп, тігіліп және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының мөрі басылып тексеру актілерін тіркеудің арнайы журналында тіркеледі.
7. Тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде, банкроттық саласындағы құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілеттік орган қолданыстағы Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, нұсқама шығарады.".
16. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар):
45-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "қызметіне" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын.
17. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 14, 57-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі қызметі;
өндірістік экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептілік және өзге де ішкі әкімшілік шараларды қамтитын нормативтік-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшін қабылдайтын шаралар жүйесі;
табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негізінде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект.";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы, қызметінің үйлестірілуі, заңдылығы және жариялылығы;
шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері жағдайында өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттілігі;";
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың (тексеруді тағайындау туралы акт, хаттама, нұсқама) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары жүйесінде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметін жетілдіреді;
8-4) қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін қызмет туралы ақпаратты, соның ішінде зертханалық-талдамалық деректерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;";
"12-1) жер қойнауын қорғау жөніндегі экологиялық талаптардың, ережелер мен нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерінде келісім-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12-2) өндірістік экологиялық бақылау туралы үлгі ережені бекітеді.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жою, сондай-ақ заң бұзушы адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту мақсатында жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мемлекеттік органдармен, табиғат пайдаланушылармен және жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимыл, оның ішінде:
1) баға өлшемдерін қолдану мен бақылау және құқық қолдану жұмыстарын жетілдіру;
2) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға интенсивті әсер ететін қызметінің экологиялық нәтижелілігін бағалау;
3) тексерілетін объектілер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзірлеу және зертханалық-талдау деректерін және қоршаған ортаның жай-күйі, оның шаруашылық қызметінің ықпалынан өзгеруі туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және жою жөніндегі шаралар кешенін қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің деректері қоршаған ортаны ластау көздерінің сапасын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардан сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.
1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік және табиғи ресурстарды есепке алудың материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметінің табиғатты пайдалану объектілерінің жай-күйі туралы деректерін, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің табиғат қорғау қызметі және тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы деректерін талдау;
2) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
3) экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болғызбауға бағытталған шараларды қоса алғанда, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға негізделген құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады.
1-3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде үшінші тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жекелеген нормативтік құқықтық талаптарды сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектіні бір мезгілде тексеру;
кешенді - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүргізетін тексеру.
Өзге тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
1-4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган шығаратын тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі. Төтенше экологиялық жағдайларға дереу назар аудару қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру басталады, ол кейіннен белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
1-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарады:
1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актісі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) нұсқама;
4) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы.
Кәсіпкерлік субъектісінің басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзімі аяқталған соң жеті күннен кешіктірмей беруге тиіс.";
2-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламалардың, жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапа нормативтері мен экологиялық талаптарының орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;";
төртінші абзац "табиғи ресурстарды пайдалану" деген сөздердің алдынан "қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның, жергілікті атқарушы органдардың табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының болуын," деген сөздермен толықтырылсын.
18. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының жетінші абзацы алып тасталсын;
2) 10-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мынадай жағдайларда:
қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де мемлекеттік органдар бекіткен тексерулердің жоспарларына сәйкес;
жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша;
жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер бойынша;
жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы күзет қызметін құрады және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
3) 11-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мынадай жағдайларда:
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тексеру жоспарларына сәйкес;
жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша;
жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер бойынша;
жоспарлы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
4) 25-баптың 1-тармағының бесінші абзацындағы "қадағалауды" деген сөз "мониторингін" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 22-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау";
6) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"81-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде:
ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар жүргізеді.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы мемлекеттік инспекторлар құқығын иеленеді.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тексеру - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың осы аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қорын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.";
2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
19. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат):
1) 14-баптың 3-тармағында:
екінші бөліктегі "нормативтік" деген сөзден кейін "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi
әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктерi
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін сараптама кеңестері арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп нәтижелері қамтылуға тиіс.
3. Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің ортақ пікірін білдіреді, ұсыныс сипатында болады және нормативтік құқықтық актінің жобасына оны мемлекеттік орган қабылдағанға дейін міндетті қосымша болып табылады.
4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен ретте нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерін негіздеп, жауап жібереді.
5. Жеке кәсіпкердің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
6. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкердің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.
7. Жеке кәсіпкердің мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобалары оларды тиісті органда немесе Сараптама кеңесінің отырысында қарағанға дейін, көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.";
3) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің де күші жойылды деп танылуға тиіс.
Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіден төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыру үшін қабылданған жекелеген нормалар алып тасталған жағдайларда да қолданылады.";
4) 30-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен ресми жариялануының белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады.";
2-тармақта:
4) тармақшадағы ", ал әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиістілері - мемлекеттік тіркеуден кейін" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты" деген сөздер "әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті," деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "мемлекеттік тіркеу және (немесе) жариялау" деген сөздер "жариялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің тұрақты мониторингін жүргізу;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған және (немесе) оларды әзірлеушілер болып табылатын уәкілетті органдар.";
"43-1-бап. Заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің
мониторингi
1. Уәкілетті органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқықтық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау үшін олардың тұрақты мониторингін жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
2. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.";
10) 44-баптың 4-тармағы "нормативтік" деген сөзден кейін "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
20. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6; 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
43-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "бір ауыздан қабылданатын" деген сөздер алып тасталсын.
21. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 9-10, 84-құжат; 2000 ж., № 21, 397-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу
1. Нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргізетін тексерудің нысанасы болып табылады.
2. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінуі мүмкін.
Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердің барлық кешенін қамтиды және жылына бір реттен жиі жүргізілмейді.
Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекітетін органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда тексеру жүргізілуі мүмкін субъектілердің тізбесі және тексеру жүргізілетін кезең қамтылуға тиіс.
Жоспардан тыс тексеру - монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген тексеру және Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы монополияға қарсы органға келіп түскен не жеке анықталған ақпаратты растау үшін жүргізіледі.
3. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге мыналар негіз болып табылады:
жеке және заңды тұлғалардың жосықсыз бәсекенің нәтижесінде өздерінің құқықтары бұзылғандығы туралы өтініші;
Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
монополияға қарсы органның тауар нарығын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәліметтер негізіндегі жеке бастамасы;
монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы мәселелері бойынша зерттеу жүргізуінің нәтижесі.
4. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқаманы қабылдап, тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді.
Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі данада жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс етіледі. Тіркеу туралы белгісі бар бір данасы істің материалдарына тіркеледі.
Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар көшірмесі, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі жоқ тексерілетін субъектіге тапсырылатын тексеру жүргізілгені туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады.
Тексеру тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
5. Тексеру жүргізудің бағдарламасы мен мерзімдерi
тексеру жүргізудің мерзімдерін;
тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, оларды іске асырудың рәсімін;
тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелердің тізбесі мен мән-жайлардың ауқымын;
тексеру жүргізу кестесін;
тексерілетін субъектінің ерекшелігіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтуға тиіс.
6. Тексеру жүргізудің мерзімі алда тұрған жұмыстардың ауқымы мен қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол тексеру жүргізу туралы нұсқаманы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексерілетін субъект қызметінің ерекшеліктеріне және тексеру жұмысының ауқымдылығына байланысты тексеру заңда белгіленген мерзімде аяқталмайтын жағдайларда, монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына жасалған жұмыстың нәтижелері жазылған қызметтік жазбаны және тексеруді ұзарту қажеттігі туралы негіздемені ұсынады.
Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексеруді ұзарту туралы белгі қояды.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.
Тексеру нәтижелері туралы анықтаманы тексерілетін субъектіге тапсырған күн тексеру жүргізудің мерзімі аяқталған күн деп есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс.
7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізген кезде:
1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанына сәйкес тексерілетін субъектінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткізуге;
3) тексерілетін субъектінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тексеруге қатысты қажетті ақпаратты, құжаттар мен олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер алуға құқығы бар.
Тексерілетін субъектінің басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда, оған тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі. Жазбаша сауалды тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, ол тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабардар ететін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі.
8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерілетін субъект туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тексерілетін субъектіге қатысты тиісті тексеру аяқталғанға дейін шаралар қолдануға құқылы.
10. Тексеру нәтижелері анықтамамен рәсімделеді, онда барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, тұжырымдар мен ұсыныстар жазылуға тиіс және ол екі данада жасалып, оның біреуі тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.
Тексеру нәтижелері тексерілген деректер мен фактілердің негізінде анықтамаға жазылады, олар тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған тұжырымдарды, ұсыныстар мен деректерді анықтамаға енгізуге жол берілмейді.
Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасы бұзылмаған жағдайда анықтамаға тиісінше жазба жасалады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъектінің басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі, ол туралы тиісінше белгі соғылады.
Тексерілетін субъектінің басшысы тексерудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба жасайды.
Тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екінші данасын тексерілетін субъектінің басшысына тапсырады.
Анықтаманы тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, анықтама тексерілетін субъектінің басшының атына почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі.
11. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, тексерілетін субъекті монополияға қарсы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
12. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.".
22. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат, 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат):
мынадай мазмұндағы 18-5 - 18-7-баптармен толықтырылсын:
"18-5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру
1. Уәкілетті орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті мемлекеттік орган жылына бір реттен жиі жүргізбейді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті орган үш жылда бір реттен жиі жүргізбейді.
3. Жыл сайын уәкілетті органның басшысы бекітетін уәкілетті органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда тексерулер жүргізілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесі және оларды жүргізу кезеңі қамтылуға тиіс.
4. Уәкілетті органның табиғи монополия субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мыналар негіз болады:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер;
2) мемлекеттік органдардың ақпараты;
3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
4) басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер;
5) уәкілетті органның өз бастамасы;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізуден бас тартады.
18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру
жүргізудің тәртібi
1. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру уәкілетті орган тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінде:
1) уәкілетті органның атауы, тексеру тағайындау жөнінде өкілеттігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы мен оның қолы;
2) тексерулер тағайындау туралы актінің шығарылған күні мен уәкілетті органның журналы бойынша тіркеу нөмірі;
3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі мен аты-жөні;
4) салық төлеуші - табиғи монополия субъектісінің атауы, тұрған жері және тіркеу нөмірі;
5) тексеру түрі;
6) тексеру мәселесі;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру тағайындаудың негіздемесі;
9) табиғи монополия субъектісінің құжаттарын белгілі бір уақыт мерзімінде зерделеу қажет болған жағдайда тексерілетін кезеңі;
10) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргізу кезіндегі күнтізбелік жыл түсініледі) жүргізілген тексерулері туралы ақпарат;
11) табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары көрсетілген тексеру бағдарламасы, табиғи монополия субъектісін тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелер тізбесі мен жағдаяттар аясы қамтылуға тиіс.
2. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешіміне басшы қол қояды және ол уәкілетті органның мөрімен расталады.
3. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектісінің басшысына немесе оны ауыстырушыға уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімін және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
4. Тексеру жүргізу туралы шешімді және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органның лауазымды адамын өздеріне тиесілі аумаққа немесе үй-жайға жіберуге және тексерілетін табиғи монополиялар субъектісінің лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерінен тексеру жүргізу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды сұрату және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелер алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
5. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізетін уәкілетті органның лауазымды тұлғасының тиісті аумаққа немесе үй-жайға енуіне кедергі жасалған және ақпараттарды, құжаттар мен түсініктемелерді бермеген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік іс қозғалады.
6. Табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізу мерзімі алда тұрған жұмыстардың және қойылған міндеттердің көлемін ескере отырып белгіленеді, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Мән-жайларды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, тексеру мерзімі уәкілетті органның шешімімен күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін.
Табиғи монополия субъектісін тексеру мерзімін ұзартуды тексеру жүргізетін уәкілетті органның басшысы жүргізеді.
7. Тексеру табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасаумен аяқталады.
Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды.
8. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшы немесе оны ауыстыратын адам ерекше пікірлерін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қоса беріледі.
9. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.
10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екінші данасы табиғи монополия субъектісін тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектісінің басшысына немесе оны ауыстыратын адамға, ал олар болмаған жағдайда - тексерілетін табиғи монополия субъектісінің кеңсесіне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополия субъектісі қызметкерінің тегін және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеру қорытындылары туралы анықтама табиғи монополия субъектісіне почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі.
11. Табиғи монополия субъектісін тексерудің нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін тексеру нәтижелерi
бойынша уәкілетті органның шешімi
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді;
5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.".
23. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
11-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Уәкілетті органның асыл тұқымды мал шаруашылығы
жөніндегі мемлекеттік инспекторлары";
1 және 2-тармақтардағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы", "мемлекеттік" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тексеру жүргізу мерзімі жиырмаға дейін күнтізбелік күнді құрайды, қажет болған жағдайда тексеру мерзімі тағы да күнтізбелік он күнге ұзартылуы мүмкін.".
24. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 18-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "сақтауы жөнінде мемлекеттік инспекция" деген сөздер "сақтауына тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың нысаны тексеру болып табылады.
2. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - уәкілетті орган алдын ала жоспарлаған, үш жылда бір рет жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізетін тексеру.
3. Тексеру жүргізу мерзімі нұсқама берілген кезден бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
4. Уәкілетті органның басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тексерулерге тартуға құқығы бар.".
25. "Тауарлардың импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат):
5-баптың 1-тармағындағы "бақылауды" деген сөз "мониторингті" деген сөзбен ауыстырылсын.
26. "Өсімдіктердің карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат, 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган және шекаралық пункттері мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдары;";
2) 4-баптың 1) тармақшасы "сақтап тұру" деген сөздерден кейін "және мүлікті сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Уәкілетті органның құзыретi
1. Уәкілетті орган:
1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асырады;
2) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шаралар белгіленіп, жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантинді объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
4) өсімдіктер карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
5) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені бекітеді;
6) карантинді объектілер залалдаған залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімдерді (жүктерді) алып қою және жою жөніндегі ережелерді бекітеді;
7) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
8) карантиндік іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемені, ұсынымдарды бекітеді;
9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелді бағалаудың ғылыми принциптері негізінде карантиндік шараларды әзірлейді және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
10) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектор лауазымына орналасуға біліктілік талаптарын белгілейді;
11) карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
12) карантинге жатқызылған өнімдер транзитінің шарттарын айқындайды;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшін қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді;
14) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
15) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
16) өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен постыларда карантинге жатқызылған әкелінетін өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы олардың зертханалық сараптамасын, әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге карантиндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
17) карантинге жатқызылған әкелінетін өнім келіп түсетін соңғы пункттерде осы өнімді тұрақты қайтадан карантиндік тексеруді, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, баратын пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын, карантиндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
18) карантинге жатқызылған әкетілетін өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
19) өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен постыларда әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты тексеруді жүргізеді;
20) республика базарлары мен кәсіпорындарында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын, карантиндік құжаттарды тексеруді жүргізеді;
21) өсімдік текті өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, базарлардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді;
22) карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және тиімді жүргізу жөніндегі жұмыс барысына тұрақты бақылау жүргізеді;
23) анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасын бұзушылықтарды жою, карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және олардың орындалуын бақылайды;
24) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
25) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
27) карантинді аймақтарда міндетті іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізеді;
28) халықаралық нормалар мен талаптардың өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;
29) халықаралық ұйымдарда өсімдіктер карантині мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді.
2. Тиісті уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
Уәкілетті органның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстар мен қалалардың өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині бойынша бақылауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімі лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.";
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген сөздер "Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) карантинді объектілердің ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды;";
5) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
6) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, іріктеу арқылы бақылау тексерулерін, карантин құжаттарын тексеруді жүргізу және карантиндік іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске арналған бюджет қаражатының болжанбаған шығыстарын болдырмауға, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік бақылау мен карантиндік шараларды жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау объектілеріне жатқызылған мүлкін сақтауға бағытталған және тексеру белгілеу туралы акті шығарусыз жүзеге асырылады.";
тақырыбындағы "әкелу мен әкету" деген сөздер "әкелу, әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жеке және заңды тұлғалар импорттық карантиндік рұқсаттар алу үшін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей немесе оның Қазақстан Республикасы арқылы транзитін жүзеге асыруға дейін күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға мынадай мәліметтер:
1) карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелудің (транзиттеу) мақсаты және әкелінетін жүкті өлшеп орау тәсілі мен буып-түю түрін көрсете отырып, жекелеген әрбір түрі бойынша оның саны;
2) өнімнің пайдаланылу мақсаты мен орны (мекен-жайы, ал транзиттік жүктер үшін - бағыты мен баратын елі);
3) карантинге жатқызылған өнімдер импорты немесе транзиті болжанатын экспорттаушы елдердің атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімдер шыққан елдің атауы;
4) карантинге жатқызылған өнімнің болжамды жету мерзімдері немесе транзиттік тасымал мерзімдері;
5) карантинге жатқызылған өнім сол арқылы Қазақстан Республикасына әкелінетін шекаралық пункттің (постының) атауы көрсетілген өтінім береді.
Өтініш беруші карантинге жатқызылған өнімді әкелуге (транзиттеуге) импорттық карантиндік рұқсат алуға өтінімде өз есебінен карантиндік шараларды орындауға кепілдік береді.
Импорттық карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамаларда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа да көлік құралдарында тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консульдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланушы тұлғалардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органдарға жүкті тиеп-жөнелтудің болжамды мерзімінен он бес тәулік бұрын мынадай мәліметтерді:
1) карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен санын;
2) импортқа шығарушы елдің атауын және карантинге жатқызылған өнім баратын мекен-жайды;
3) импорттық карантиндік рұқсатта немесе экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге арналған шартта көрсетілген импортқа шығарушы елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын;
4) карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімі мен орнын;
5) сол арқылы жүкті әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдің шекаралық пунктінің атауын көрсетіп өтінім береді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп-жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы кәсіпорындарында, базарларда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеусіз әкету кезінде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берілген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін бақылау ғана жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органға өтінім береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйді айқындау үшін өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға жүкті жөнелтудің болжамды мерзімінен бес күн бұрын береді.
Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Карантинге жатқызылған өнімді жүретін жолында немесе баратын пунктінде басқа мекен-жайға жіберу осы операциялар аумағында жүзеге асырылатын өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекен-жайға жіберуге тыйым салынады.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім жүктің баратын пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші - он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині бойынша бақылауға және қажет болғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы шекаралық өткізу пункттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, жүк баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.
Шекаралық пункттің және постының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы жүк иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасын түсіндіреді, импорттық карантиндік рұқсаттың және экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікке, карантинге жатқызылған өнімге (жүкке), ыдысқа сырттай тексеру жүргізеді. Карантиндік зиянкестерді, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнімнен үлгілерді іріктеп алып, оларға сол жерде тексеру жүргізеді. Қажет болғанда үлгілер мен объектілер Республикалық карантиндік зертханаға объектілердің карантиндік түрлерге жататынын растау үшін беріледі.
Егер жүк тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді карантиндік бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда бұл өнім оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық, шекара және кеден органдарын хабардар етеді.
Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды жүк иелері төлейді.
Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантинді объектілер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерінің өтініштері бойынша жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге тексеру үшін берілуі мүмкін. Карантинді объектілерден залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызылатын материал иесіне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен кейін және қажетті карантиндік іс-шаралар жүргізілген соң өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор баратын пунктіне әкелуге немесе транзиттеуге рұқсат бере отырып, ілеспе тауар-көлік құжаттарына карантиндік бақылаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі мөртабан басады және жүк иесіне карантиндік тексеру актісін береді.
Шекарада карантинге жатқызылған өніммен (жүктермен) жүк операцияларын (әкелінген жүкті басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) жүк иелері өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және міндетті карантиндік тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен постыларда карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер (жүктер), сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады.
Карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, жүкті баратын пунктінде талдау мен сараптама жасау үшін үлгілерді іріктеп алуды кейіннен зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау үшін сараптама жүргізе отырып, аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы өнімдерді пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актісі жасалады. Қажет болғанда карантинге жатқызылған өнімге талдау жасау және объектілердің түрлік құрамына сараптама жүргізу үшін жабдықталған зертханасы бар ұйымдар мен өсімдіктер карантині жөніндегі білікті кадрлар тартылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Карантинді объектілерден залалданған көлік құралдары мен карантинге жатқызылған өнімдер, импорттық карантиндік рұқсат бойынша залалсыздандыру көзделген өнімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндік тұрғыдан ықтимал қаупі бар көлік құралдары мен карантинге жатқызылған өнімдер залалсыздандыруға жатады.
Импорттық карантиндік рұқсат бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның және шекаралық пункттері мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамалары бойынша, карантиндік тексерудің нәтижелері бойынша көзделген карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыруды жүк иелері өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың фумигациялық отрядтарымен шарт жасасу негізінде жүргізеді.
Шекаралық пункттер мен шекарадағы постыларда карантинге жатқызылған өнімдерде карантиндік объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көліктің басқа да түрлерінде залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Көлік құралдарының барлық түрлері импорттық карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантинді аймақтарынан әкелінетін өнімдерді тасымалдаудан кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілеген жерлерде өнімдердің қалдықтары жойыла отырып, міндетті тазартуға, ал қажет болған жағдайда фумигациялауға жатады.
Көлік құралдары мен жүктерді фумигациялауға дайындауды фумигациялық отрядтар мамандарының басқаруымен жүк иелері немесе көлік ұйымдары орындайды.
Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру шетел мемлекеттерінде жүргізілген кезде фумигациялық отрядтардың мамандары әкелінетін өнімде фумиганттар қалдықтарының бар-жоғын тексереді.";
8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты кәсіпорындардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шарт жасасу негізінде өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектілердің карантиндік түрлерге тиістілігін айқындау және растау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жіберіледі. Объектілер анықталмаған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік түрлерге тиістілігін растау үшін оларды республикалық карантиндік зертханаға жібереді.
Аумақтық органдардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау тексерулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.";
9) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "қайтарылуға," деген сөзден кейін "тазартуға," деген сөзбен толықтырылсын.
27. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-3) тармақшамен толықтырылсын:
"28-3) тексеру - білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның іс-әрекеті;";
2) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-1-бап. Қазақстан Республикасының білім туралы
заңнамасының сақталуын бақылау
1. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын сақтауын бақылау уәкілетті органдардың тексерулері нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін уәкілетті орган жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде бақылаушы органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
3. Жоспарлы тексеру мемлекеттік аттестаттаулар аралығында бір рет жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
5. Білім беру ұйымдарын тексеру уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.
6. Тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргізу мерзімін, объектісін, тексерудің нысанасын уәкілетті орган бекітеді. Тексеруге білім беру және ғылыми ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
7. Тексеру ұзақтығы жеті күннен аспауға тиіс. Негізді себептер болған кезде тексеру мерзімдері ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он күннен аспауға тиіс.
8. Тексеруші адамдар тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпарат сұратуға, тексеру нысанасына қатысы бар құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы.
9. Тексеру жүргізу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактілердің дұрыстығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
10. Комиссия әзірлеген тексеру қорытындылары туралы анықтамамен тексерілген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып, ұйымның мөрін басуға тиіс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерімен тұтастай немесе жекелеген позициялар бойынша келіспейтіні туралы жазба жасауға құқылы.
Білім беру ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкіндігі болмаған жағдайда комиссия төрағасы анықтамада тиісті жазба жасайды.
Анықтаманың бір данасы тексерілген ұйымда қалады.".
28. "Демпингке қарсы шаралар туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат):
5-баптың тақырыбындағы "бақылауды" деген сөз "реттеуді" деген сөзбен ауыстырылсын.
29. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-5-баппен толықтырылсын:
"4-5-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау мыналарды:
1) осы Заңда көзделген талаптарды сақтау жөніндегі бақылауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты бақылауды қамтиды.
3. Уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында орындалады.
4. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дереу ден қоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру;
рейдтік - лицензияның, тіркеу және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуын, сондай-ақ мемлекеттік органның бақылау объектісі болып табылатын бақылау жабдығының дұрыс қолданылуын тексеру.
5. Тексеру жүргізудің мерзімі нұсқама берілген кезден бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.".
30. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:
"24-2-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылауды жүргізуге анонимді өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары, сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған іс-шараларды жүргізу негіз болып табылады.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.".
31. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
"еңбек туралы заңнаманың сақталуын тексеру (бұдан әрі - тексеру) - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын жұмыс берушінің немесе қызметкердің Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын орындауын тексеру;";
2) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:
"102-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын
сақтау жөніндегі тексеру, олардың түрлері мен
нысандары
1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жоспарлы тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен аспайтындай, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексерулерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғаны туралы өтініштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгілерінің болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алынған жағдайда жүргізеді.
Анонимді өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
4. Тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін, ал құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.".
32. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат):
24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:
жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.".
33. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар):
1) 43-баптың 14) тармақшасындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Тексеру";
1-тармақта:
"инспекциялауды (тексеруді)" деген сөздер "тексеруді" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
3) 73-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "тарату комиссияларының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын.
34. "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 13-құжат):
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және
монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының
сақталуы нысанасына тексеру жүргізу
16-1-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және
монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының
сақталуын тексерулердің түрлері мен нысанасы
1. Монополияға қарсы орган жүргізетін тексерулердің нысанасы нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының сақталуы нысанасына монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
16-2-бап. Жоспарлы тексеру
1. Жоспарлы тексеру тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердің бүкіл кешенін қамтиды.
2. Жоспарлы тексеру жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.
3. Жоспарлы тексеру тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі мүмкін.
4. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда өздеріне қатысты тексеру жүргізілу көзделіп отырған тексерілетін субъектілердің тізбесі және тексеру жүргізілетін кезең қамтылуға тиіс.
16-3-бап. Жоспардан тыс тексеру
1. Монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген және Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы монополияға қарсы органға келіп түскен не дербес анықталған ақпаратты тексеру немесе анықтау үшін жүргізілетін тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге:
1) жеке және заңды тұлғалардың монополиялық қызметінің нәтижесінде өз құқықтарының бұзылғаны туралы өтініштері;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
3) монополияға қарсы органның тауар нарықтарын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәліметтер негізіндегі жеке бастамасы;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық мәселелері бойынша монополияға қарсы органның тексеру жүргізуінің нәтижесі негіз болады.
16-4-бап. Тексеруді ұйымдастырудың және жүргізудің
ерекшеліктерi
1. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқаманы қабылдап, тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді.
2. Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі данада жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға беріледі. Тіркеу туралы белгісі бар бір данасы істің материалдарына қоса тіркеледі.
3. Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі бар көшірмесі, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі жоқ тексерілетін субъектіге берілген тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
16-5-бап. Тексеру жүргізудің бағдарламасы мен мерзімдерi
1. Тексеру бағдарламасында:
1) тексеру жүргізудің мерзімі;
2) тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары, оларды іске асыру рәсімі;
3) тексеру барысында анықталуға тиіс мәселелер тізбесі мен мән-жайлар ауқымы;
4) тексеру жүргізудің кестесі;
5) тексерілетін субъекті қызметінің ерекшелігіне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.
2. Тексеру жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі мен алға қойылған міндеттер ескеріліп белгіленеді және тексеру жүргізу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
3. Тексерілетін субъекті қызметінің ерекшелігіне және жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты тексерудің заңда белгіленген мерзімде аяқталуы мүмкін болмаған жағдайларда монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелері және тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту қажеттігі туралы негіздемелер жазылған қызметтік жазбаны табыс етеді.
4. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексеру мерзімін ұзарту туралы белгіні енгізеді.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
5. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күні тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
6. Тексерілетін субъектіге тексеру нәтижелері туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс.
16-6-бап. Монополияға қарсы органның тексеру жүргізу кезіндегi
құқықтары
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізген кезде:
1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін субъектінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткізуге;
3) тексерілетін субъектінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тексеруге қатысты қажетті ақпаратты, құжаттар мен олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді сұратуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелер алуға құқылы.
2. Тексерілетін субъектінің басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда оған тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі. Жазбаша сауалды тексерілетін субъектінің басшысына табыс ету мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабар берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерілетін субъекті туралы ақпарат таратуға жатпайды.
4. Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініш жасауға тыйым салынады.
16-7-бап. Тексеру нәтижелерi
1. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы тексеру аяқталғанға дейін тексерілетін субъектіге қатысты осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес монополияға қарсы ден қоюдың қажетті шараларын қолдануға құқылы.
2. Тексеру нәтижелері анықтамамен ресімделеді, онда барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылуға тиіс және ол екі данада жасалып, біреуі тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
3. Тексеру нәтижелері тексерілген деректер мен фактілердің негізінде анықтамаға жазылады, олар тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған қорытындылардың, ұсыныстардың және деректердің анықтамаға енгізілуіне жол берілмейді.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелері бойынша анықтамаға тиісті жазба жасалады.
5. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъектінің басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
6. Тексерілетін субъектінің басшысы тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.
7. Монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екінші данасын тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін тексерілетін субъектінің басшысына тапсырады.
Анықтаманы тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда анықтама тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабар берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.
16-8-бап. Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы
органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне
(әрекетсіздіктеріне) шағым жасаудың тәртібi
1. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект монополияға қарсы органның әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.".
35. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат):
мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасының сақталуын тексерулер жолымен
бақылау, олардың түрлері мен нысандары
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дереу ден қоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
2. Жоспарлы тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен аспайтындай етіп, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты - шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсаттарында айтылған шарттарды орындау жөніндегі тексеруді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексерулерді орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғаны туралы өтініштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгілерінің болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізеді.
Анонимді өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз бола алмайды.
4. Тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болуына байланысты мемлекеттік органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.".
36. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 11-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарына туристік қызмет субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;";
2) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
"28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
заңнамасының орындалуын бақылау
1. Уәкілетті орган тексерулер және (немесе) құжаттар сұрату арқылы туризм саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасын орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2. Туристік қызмет субъектілерін тексеру жоспарлы (жоспарланған және уәкілетті орган бекіткен) және жоспардан тыс (өтініштерде жазылған расталған фактілер бойынша дереу ден қоюды талап ететін қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалатын) болып бөлінеді.
3. Жоспарлы тексерулер жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.".
37. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат):
1) 19-баптың 6) тармақшасындағы "сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
"31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы
1. Белгіленген тексеру мерзімі туралы хабарлама тапсырысшыға (меншік иесіне), авторлық қадағалау тобына және осы құрылыс объектісі бойынша мердігерге (бас мердігерге) тексеру басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.
2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) объектілерді тексеру барысында:
1) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуын;
2) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, конструкциялары) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
4) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
5) атқару құжаттамаларының уақтылы және дұрыс ресімделуін;
6) мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектілер құрылысы кезінде тапсырыс берушілердің (меншік иелерінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын анықтайды.
4. Құрылыс сапасына жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы анықталған ақаулар жазылған анықтама және объектілер ведомосы жасалып, олар жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншік иесіне) беріледі.
5. Сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру объектіні пайдалануға беруді, төтенше жағдайлардың туындауын, қылмыстық іс қозғалуын, шағын кәсіпкерлік субъектісінің өзі өтініш беруін, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған, анонимді өтініштерден басқа, расталған фактілерді қоспағанда, үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүзеге асырылады.";
2) тармақшадағы "жобалау-іздену" деген сөздердің алдынан "осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "жеке тұлғалар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
38. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар жиынтығы;";
"28-1) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының темір жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;";
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) жеке және заңды тұлғалардың темір жол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау және оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөніндегі шараларды қолдану;
26-2) көлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік бақылау;";
3) мынадай мазмұндағы 66-1 және 66-2-баптармен толықтырылсын:
"66-1-бап. Тасымалдаушылардың жолаушылар, багаж және
жүк-багаж тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды
жүзеге асыру ережелерi
Тасымалдаушылардың уәкілетті орган белгілеген жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерінде:
1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерін сақтауы;
2) қол жүгін және багажды алып жүру тәртібі мен шарттарын сақтау;
3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртібін сақтауы;
4) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін сақтау;
5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгіленген санатын, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша санатын сақтауы;
6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, міндетті түрде көрсетілетін қызметтер тізбесін сақтау;
7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртібін сақтауы;
8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртібін сақтауы;
9) тасымалдау құжаттарының белгіленген нысандарының және оларды ресімдеу тәртібінің сақталуы;
10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етілетін жануарларды алып жүру тәртібін, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;
11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртібін сақтауы;
12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртібін сақтауы;
13) тасымалдаушылардың қауіпті заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін төлемдерді қайтару тәртібінің сақталуы;
15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерін сақтауы;
16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.
66-2-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау
ережелерін тексеруді жүргізудің тәртібi
1. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерінің сақталуы бойынша тасымалдаушыларды тексеруді қызметтік куәліктерін және тексеру жүргізу үшін берілген нұсқаманы көрсете отырып, уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Тексеру аяқталғаннан кейін тексеру актісі жасалады, бұзушылық анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама беріледі.";
4) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:
"10-1-тарау. Темір жол көлігі саласындағы көліктік бақылауды
жүзеге асыру
88-1-бап. Көліктік бақылауды жүргізудің нысанасы мен мақсаты
1. Көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметіне жүргізіледі.
2. Көліктік бақылауды жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының темір жол көлігін қауіпсіз пайдалану және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтау болып табылады.
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасады, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігі саласында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдемдесуге міндетті.
88-2-бап. Тексерулерді жүзеге асырудың кезеңділігі мен түрлерi
1. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін, мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы өтініштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - көлік жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе жеке және заңды тұлғалардың нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауы нысанасында тексеру.
Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері тексеру жүргізу туралы актімен, қажет болғанда анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берумен ресімделеді.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін тоқтатпауға тиіс.
Уәкілетті орган заңды тұлғаның өзін тексеруді жүргізуге қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
88-3-бап. Тексеру жүргізу мерзімдерi
1. Тексеру жүргізу мерзімі акті тапсырылған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаны тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті орган тексеру жүргізу мерзімін күнтізбелік он күнге дейін ұзартуы мүмкін.
3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болуына байланысты мемлекеттік органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімін мемлекеттік орган тасымалдаушыға уәкілетті органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргізу кезінде сұратылған құжаттарды ұсыну кездері аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ уәкілетті органның сауалы бойынша мәліметтер мен құжаттар алу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзімін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы акті шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
5. Темір жол саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп тексерілуге тиіс.
88-4-бап. Уәкілетті органның құқықтары
Уәкілетті орган алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
2) темір жол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың:
темір жол желісінің станциялық және магистралдық жолдар мен темір жолдағы кірме жолдарды күтіп-ұстауды;
жылжымалы құрамды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдаудың белгіленген ережелерін, сондай-ақ жүктерді тасымалдау ережелерін;
темір жол көлігінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темір жол өткелдерін күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді сақтау бөлігінде тексеруге;
3) біліктілік талаптарының және лицензиялаудың белгіленген нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;
4) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша акті жасауға және көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгізуге;
5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкімшілік ұстауды, көлік құралын ұстап-кідіртуді жүзеге асыруға, жеке тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүретін заттарын тексеріп қарауды, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүргізуге;
7) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарап шығуға, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруге;
8) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
9) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, көлікті пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге;
10) жүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі сай келмейтін магистралдық темір жол желісінің, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға құқылы.
88-5-бап. Актілердің нысандары
Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқамалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.".
39. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы "жүзеге асыру жатады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) - 47) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
17) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
18) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің пайдаланудағы, қысқы тоқтап тұрудағы, жөндеудегі теңіз кемелерін, сондай-ақ жасалып жатқан кемелерді тексеріп қарауды жүргізуін бақылау;
19) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін, теңіз кемелерінің қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргізуді және есепке алуды бақылау;
20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;
21) кеменің атауы (немесе оған атау беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;
22) Қазақстан Республикасының кеме құрылысы және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалау мен куәландыруды жүргізу;
23) теңіз порттарының, жағалаудағы объектілердің, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметін бақылау;
24) Мемлекеттік кеме тізілімінің, бербоут-чартер тізілімінің және кеме кітабының жүргізілуін бақылау;
25) Қазақстан Республикасының теңіз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелігіндегі жүк тиеу портынан (пунктінен) жүк түсіру портына (пунктіне) дейінгі тасымалдаулар мен сүйретулерді бақылау;
26) су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру;
28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
29) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттік борт нөмірлерін беру;
30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамындағы адамдарды дипломдауды бақылау, сондай-ақ теңізші паспорттарын беру;
31) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін куәліктер беру;
32) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
33) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланатын кемелердің мемлекеттік тіркелуіне мемлекеттік бақылау;
34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттік бақылау;
35) сыныптау органдарының теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуін және оларды сыныптауын мемлекеттік бақылау;
36) кемелер ішкі су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердің, нормалар мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік бақылау;
37) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;
38) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;
39) лицензиялаудың біліктілік талаптарының сақталуын тексеру;
40) тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде актілер жасау және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгізу;
41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, теңіз және шағын көлемді кемелерді тексеріп қарауды жүргізу;
43) заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүліктер мен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
44) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, тауарларды, өзге де мүліктерді қарап шығу, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеру;
45) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
46) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
47) кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыру, оларды аттестаттауды жүзеге асыру жатады.";
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кеме құжаттары нысандарының тізбесін, оларды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кемеде мынадай кеме құжаттары:
1) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік;
2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;
3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;
4) жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
5) өлшем куәлігі;
6) жүк маркасы туралы куәлік;
7) мұнаймен ластануды болдырмау туралы куәлік;
8) ағынды сулармен ластануды болдырмау туралы куәлік;
9) қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлік;
10) сыныптау куәлігі;
11) кеме рөлі;
12) кеме журналы;
13) машина журналы (механикалық двигателі бар кемелер үшін);
14) санитарлық журнал;
15) ағынды суларға қатысты операциялар журналы;
16) қоқысқа қатысты операциялар журналы;
17) мұнай танкерлері болып табылмайтын кемелер үшін мұнай операциялары журналы;
18) мұнай танкерлері үшін мұнай операциялары журналы;
19) жүзу құқығы туралы кеме санитарлық куәлігі;
20) кеме билеті (кемелердің кейбір санаттары үшін);
21) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік;
22) кемеге (жасалып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
23) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік;
24) кеме тізілімінің сауалнамасы;
25) қысқы тоқтап тұрудағы кемелерді орналастыру жоспары және бекіту тәсілдері;
26) авариялық жағдайды тексеру туралы акті (авариялық жағдайды тексеру кезінде);
27) кемені куәландыру актілері;
28) кеме құрылысы және кеме жөндеу зауыттарын тану туралы куәлік;
29) кемелерді және порттық құрылыстарды күзету жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес кемелерді күзету жөніндегі құжаттар;
30) кеме жүргізушілерінің, кеме электромеханиктерінің, кеме радиомамандарының және кеме механиктерінің дипломдары;
31) кеме командасы адамдарының біліктілік куәліктері;
32) теңізге батқан мүлікті көтеріп шығаруға, портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргізуге рұқсат ету құжатының нысаны болуға тиіс.".
40. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 22-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру:
1) атмосфералық ауаға қарқынды әсер ететін табиғат пайдаланушылар қызметінің экологиялық нәтижелілігін бағалау;
2) тексерілетін объектілер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзірлеу және зертханалық-талдау деректерін және атмосфералық ауаға әсер ету, шаруашылық қызметі ықпалынан оның өзгеруі туралы өзге де ақпараттар жинау жолымен мемлекеттік органдардың, табиғат пайдаланушылардың арасындағы өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылатын атмосфералық ауаға теріс әсер етуді азайту мен жою жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің зертханалық-талдау бақылауы қызметтерінің деректері атмосфералық ауаның сапасын айқындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны ластайтын көздерден сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 3 - 6-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік материалдарын, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің зертханалық-талдау бақылауы қызметінің атмосфералық ауаға әсер ету туралы деректерін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің табиғат қорғау қызметі және тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жоюы туралы мәліметтерді талдау;
2) тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
4. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы өтініштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - атмосфералық ауаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірмезгілде бірнеше субъектілерді тексеру;
кешенді - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін тексеру.
Тексерулердің өзге түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері шығаратын тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
6. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде мынадай актілерді:
1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актісін;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы;
3) нұсқаманы;
4) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарады.
Кәсіпкерлік субъектінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзімі өткеннен кейін жеті күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына, оның аумақтық бөлімшелеріне табыс етуге тиіс.";
2) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "табиғи" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қажетті лицензиялардың, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының бар-жоғын," деген сөздермен толықтырылсын.
41. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы
тексерулерді ұйымдастыру тәртібi
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында тексерулер жүргізуді ұйымдастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңымен реттеледі.
3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін әділет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы өтініштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықты жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әділет органдары жүргізетін тексеру;
рейдтік - зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірмезгілде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қамтитын тексеру;
қарсы - тексерілетін субъектінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында әділет органдары жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру.
Осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
4. Тексерулер жүргізуге:
1) әділет органдарының уәкілетті лауазымды адамының құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс жоспары негіз болып табылады.
5. Уәкілетті лауазымды адам бұзушылықты тікелей оны жасау кезінде анықтаған және дәлелдемелерді бекіту үшін шұғыл іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға келесі жұмыс күні ішінде табыс етіледі.";
2) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыру.";
3) мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:
"24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялау саласында мемлекеттік бақылауды
жүзеге асырудың түрлері мен тәртібi
1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді жүргізудің тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін әділет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық туралы өтініштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әділет органдары жүргізетін тексеру.
4. Тексерілетін бір субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен аспайтындай етіп жүргізілуі тиіс.
Әділет органдарының жоспарлы тексерулер жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарларын Әділет министрі бекітеді. Жоспарда тексеру жүргізу көзделіп отырған нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі және тексеру жүргізудің кезеңі қамтылуға тиіс.
5. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда әділет органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.".
42. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) мәтіндегі "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталып, "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).";
3) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өндірістік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізумен қамтамасыз етіледі.";
тақырыбындағы "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;";
2) тармақшадағы "қабылдайды" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) уәкілетті органның ведомстволары жанында екі немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелер құрады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардағы қауіпті объектілерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы салааралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, аталған нормативтік құқықтық актілерді бекітеді немесе келіседі;";
мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"15) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреті шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізеді;
16) халықты және ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы хабарландырудың тәртібін белгілейді.";
6) 11-баптың 9), 11), 13) және 15) тармақшаларындағы "мемлекеттік", "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;
7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби
даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру
1. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру қауіпті өндірістік объектілері бар қауіпті өндірістік объектілердің иелеріне жүктеледі.
2. Даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілуге тиіс.
3. Емтихан комиссиясын:
жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар үшін - уәкілетті органның өкілі;
жұмысшы мамандықтары үшін - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі басқарады.
4. Жұмысты қауіпсіз орындау ережелерін оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітуге тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыспен қамтылған барлық адамдардың білімі тексерілуге тиіс.
6. Емтихан қабылдау жөніндегі комиссия білімі тексерілуден өткен адамдардан құралуға тиіс. Комиссияның құрамын қауіпті объектінің иесі айқындайды, ол уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
7. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкілетті орган аккредиттеген оқу ұйымында жүргізілуі мүмкін.
8. Комиссия құрамы үш адамнан артық болуы керек.
9. Емтихан билеттерін уәкілетті орган бекітеді.
10. Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі.
12. Куәлік онда көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жіберілмейді.
14. Мерзімі өткен куәлігі бар адамдар жұмысқа жіберілгеннен кейін бір ай ішінде емтихан тапсыруға тиіс.
15. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, соның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі барлық шығыстар қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі.";
8) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және
есепке алу
14-1-бап. Қауіпті өндірістік объекті иесінің іс-әрекетi
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс істемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимінен ауытқыған (бұдан әрі - инцидент) кезде:
үш тәулік ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді;
инцидентті тексеруді жүргізеді;
инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
болған инциденттердің есебін жүргізеді.
2. Авария болған кезде:
болған авария туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органға дереу хабарлайды;
хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етеді;
аварияның себептерін тексеру жөніндегі комиссияға аталған комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті барлық ақпаратты табыс етеді;
комиссия жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.
14-2-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі комиссия
1. Қауіптілігі декларациялануға тиіс объектілердегі аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
2. Қалған аварияларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
3. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
4. Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объекті иесінің өкілі кіреді.
14-3-бап. Комиссияның құқықтары
1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететін мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар аварияны тексеру жөніндегі комиссияға комиссия төрағасы белгілеген мерзімде табыс етіледі.
3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөніндегі комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқығы бар.
14-4-бап. Тексерудің міндеттерi
Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестерді бұзудың сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді, материалдық залалды анықтайды.
14-5-бап. Тексеру материалдары
Аварияны тексеру материалдарына:
1) аварияның себептерін тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
2) аварияның себептерін тексеру актісі, оған:
авария болған жерді қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
авария орнының эскизі;
комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкімі және аварияны тексеру жөніндегі комиссия шығарған басқа да өкімдер;
сараптама комиссиясының аварияның себептері туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері қоса беріледі;
3) авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшін шақырылған болса) баянхаттары;
4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсініктемелері;
5) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту, олардың білімін тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
6) аварияның мән-жайы мен себептерін сипаттайтын басқа да материалдар кіреді.
Тексеру материалдарын техникалық ресімдеу қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей:
1) декларацияланған объектідегі авария жөніндегі материалды - уәкілетті органға;
2) қалған авариялар жөніндегі материалдарды - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары объект орналасқан жердегі сотқа жіберілуі мүмкін.
14-6-бап. Тексеру қорытындылары
1. Объект иесі аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша он күн ішінде бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептері туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгіленуге тиіс.
2. Объект иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен болса, қауіпті объект иесі оны әзірлеушіге рекламация, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.
14-7-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі шығыстар
Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.";
9) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
бақылау";
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
бақылау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы мақсатында уәкілетті орган жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
2) анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беруге;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін бұзушылықтар кезіндегі ерекше жағдайларда, талап арызды сотқа белгіленген мерзімде міндетті түрде табыс ете отырып, үш күннен аспайтын мерзімге субъектінің қызметіне тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу актісі сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.".
43. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат):
1-тармақтың 21) тармақшасындағы "қатысу енеді." деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау енеді.";
2) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде "Өсімдіктерді қорғау жөніндегі функцияларды" деген сөздер "Фитосанитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
іс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
12-бап. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану
1. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптарды мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көліктік бақылау органдарымен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік
1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.
2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган тіркеу және өндіру сынақтарының қорытындылары бойынша мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және олар уәкілетті орган жүргізетін тізімге енгізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру үшін бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндіру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындары (көмінділер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттік экологиялық бақылау органы береді.
4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары уәкілетті органмен және мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды.
14-2-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.
3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запастың нормативін және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды.
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық іс-шаралар көлемін объективті және негіздеп жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізуі үшін негіз болып табылады.
14-4-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi
және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды
даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi
қызметті үйлестіру
1. Уәкілетті орган өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды бекітеді.
2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
14-5-бап. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың
міндеттерi
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерін сақтауға;
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге;
4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргізуге;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстауға;
6) қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын талаптарды сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.
4-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
15-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын
объектілер
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілер:
1) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілер, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнім;
2) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер;
3) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
4) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) болып табылады.
16-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдар
1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз кіруге;
2) жеке және заңды тұлғаларға анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығаруға;
3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, аталған мерзімге жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;
4) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартуға құқығы бар.
3. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
17-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне;
2) пестицидтерді сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;
3) фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және табыс етілуіне;
4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуіне;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне;
6) лицензиялық ережелердің сақталуына бақылаудан тұрады.
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
іс-шаралардың жүргізілуін бақылау
1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілерде, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнімдерде зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының оңтайлы мерзімдері басталған кезеңде жүргізіледі.
19-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау
және қолдануды бақылау
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестігі нысанында тексеру жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.
19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің
жүргізілуін және табыс етілуін бақылау
1. Фитосанитариялық есептілікті табыс етудің толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау есептілікті табыс етудің белгіленген мерзімдерінде үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.
19-2-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру
сынақтарының жүргізілуін бақылау
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау әдістемелік орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.
2. Тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізу тәртібін мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.
3. Тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау оларды жүргізу кезеңінде екі реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.
19-3-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды
және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің)
жай-күйін бақылау
1. Пестицидтерді залалсыздандыруды бақылау фитосанитариялық бақылауға жататын объектілерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер мен пестицидтердің ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін анықтау үшін жүзеге асырылады.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау шарттарын мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімі бойынша уәкілетті орган анықтайды.
3. Пестицидтерді залалсыздандыруды бақылау жылына екі реттен көп емес кезеңділікпен және екі күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.
19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау
1. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде, лицензиат пен ол жүзеге асыратын қызметтің лицензияда көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі мәнінде жүргізіледі.
2. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде жылына екі реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.
19-5-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны
1. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша тексеру актісін жасайды.
2. Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қояды.
Актінің бірінші данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы тексерілген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, беріледі, үшіншісі тексерген өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда қалады, ал төртіншісі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға жолданады.
Тексерілген субъекті тексеру актісін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етілетін тапсырыс хатпен жолданады.
3. Тексеру актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
4. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор өз құзыреті шегінде тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарым жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.
5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актісіне тиісті белгі қойылады.".
44. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Адамдардың өмірі мен денсаулығына және олардың мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектілеріне жататын мүлкін сақтауға бағытталған мемлекеттік ветеринариялық бақылау тексеру тағайындау туралы акті шығарылмай жүзеге асырылады.";
2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық бақылау:
1) базарларда - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орындарын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орындарында;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) мынадай қызмет түрлерін:
ветеринариялық емдеу-алдын алуды;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
ветеринариялық мақсаттарға арналған биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды өткізу;
базарлардағы ветеринариялық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
5) шекаралық және кедендік пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыру кезінде;
6) мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
10) мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген объектілердегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктерді ветеринариялық-санитариялық зерттеу жолымен, олардың ілеспе ветеринариялық құжаттарға сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, тексеруі түрінде жүзеге асырылады.
3. Базарларда, жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты шекаралық және кедендік пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердің орнын ауыстыру кезінде жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтер талаптарының орындалуын мемлекеттік ветеринариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың қызметінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы жөніндегі тексеруді жүргізу ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелері басшыларының шешімі бойынша жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының нормаларының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық инспектор, тиісті мемлекеттік органдардың объектілерін мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актісін жасайды.
6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ұйғарым жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
7. Тексеру аяқталғанда қандай да бір бұзушылықтар айқындалмаған жағдайда, бұл туралы тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
8. Тексеру актісіне тексеру барысында алынған құжаттардың қажетті көшірмелері мен басқа да материалдар қоса беріледі.
9. Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қол қояды.
Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, ал екінші данасы тексерілген адамға қол қойғызылып, беріледі, үшіншісі - тексеруші мемлекеттік ветеринариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі - сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық инспекторына беріледі. Тексерілген адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі.
10. Тексеру актісі нөмірленген, тігілген және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі.".
45. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат):
52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы
заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған қызметі бақылау объектісі болып табылады.
3. Бақылау тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) түрінде жүзеге асырылады.
4. Жоспарлы тексерулер уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін кестелерге сәйкес жылына бір рет кезеңділікпен жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу қаупін дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне дереу назар аударуды талап ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
Тексеруді жүргізу мерзімі бес күннен аспауға тиіс.".
46. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
объектілеріне тексеру жүргізуi
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;
3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.
2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;
3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;
4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;
6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.
4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.";
3) 13-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "тоқтата тұру" деген сөздерден кейін ", адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жарамсыздығы сөзсіз тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты болған жағдайда жүргізілмейді.
Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.".
47. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық преференциялар беруге арналған келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;";
мынадай мазмұндағы 12) - 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін белгілейтін келісім-шартқа қосымша;
13) жабдықтар - инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған және өз құнын өндірілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына ауыстыратын, механизмдерді, машиналарды, құрылғыларды, аспаптарды қоса алғанда, әкелінетін негізгі құралдар;
14) жинақтауыштар - жабдықтың конструкциялық тұтастығын жинақтап құрайтын құрамдас бөліктер.";
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторлар қызметін
бақылауды жүзеге асыруы
1. Инвесторлардың қызметін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Инвесторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.";
3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік заттай гранттарды осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша инвестициялық міндеттемелер келісім-шартқа сәйкес орындалған жағдайда, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен береді.";
4) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Келісім-шарттың қолданыс мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданыс мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бітуге тиіс.";
5) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-1-бап. Келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылау
1. Келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, оның ішінде, жұмыс бағдарламасын және келісім-шарт талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
2. Келісім-шарт жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкілетті органға:
1) жұмыс бағдарламасы қолданыста болған кезде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
жиырма бесінші маусымнан кешіктірмей жұмыс бағдарламасын орындау туралы аралық есепті;
жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердің таратып көрсетілген түсіндірілімімен бірге жұмыс бағдарламасын орындау туралы жылдық есепті;
2) тіркелген активтер пайдаланылуға берілгеннен кейін бір айдың ішінде тіркелген активтердің пайдаланылуға берілгенін растайтын құжатты;
3) жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде аудиторлық есеппен расталған:
жұмыс бағдарламасын орындау туралы есепті;
инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті;
жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердің таратып көрсетілген түсіндірілімін табыс етеді.
Аудиторлық есеп жұмыс бағдарламасының бүкіл қолданыс кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдауды қамтуға тиіс.
3. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізіле алады.
4. Инвестициялық қызмет объектілеріне бара отырып тексеру уәкілетті органның шешімі негізінде жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталған мерзім өткеннен кейін үш ай ішінде жүргізіледі.
Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып кезектен тыс тексеру уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша келісім-шарт талаптарының бұзылуы айқындалған жағдайларда;
2) құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі.
5. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның өкілі мен келісім-шарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы келісім-шарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы ахуалы актісіне қол қояды.
6. Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш айдан артық емес мерзімді белгілейді.
7. Келісім-шарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік органдарға;
2) оларға сәйкес мемлекеттік заттай грант берілген келісім-шарттар бойынша - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
8. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының келісім-шарттың қолданысы барысында:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүліктің нысаналы бағытын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлікті оқшаулауға құқығы жоқ.".
48. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж. № 23, 142-құжат):
9-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкес жүргізілетін тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;
аттестаттаудың жарамдылығы мерзімінің аяқталуына байланысты тұқым шаруашылығы субъектілерін қайта аттестаттауды:
бірегей тұқымдарды өндірушілер үшін - бес жылда бір рет;
элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - екі жылда бір рет;
тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылда бір рет;
тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханалар үшін - үш жылда бір рет;
байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары үшін - үш жылда бір рет;
тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестік нысанында аттестаттаудан кейінгі жыл сайынғы тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің қызметін олардың тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанында бақылау;
4) тұқымды өндіруді, дайындауды, сақтауды, өткізуді, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынауды бақылау.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сорттық және тұқымдық бақылау:
1) тұқымды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
тұқым себу;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетациясы;
жинау;
тұқым құю;
тұқым сақтау;
өткізу (тұқымдардың өткізуге дайындалған және өткізілген партияларын, оның ішінде экспорт және импорт кезінде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестігіне тексеру) кезеңдерінде тұқым шаруашылығы ережелері мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.
Белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердің тұқым өндіруін бақылау, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
тұқым себуге дайындалған егістіктерді тексеру - тұқым себудің алдында жылына бір рет;
вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру - жылына үш рет;
сорттық және гибридтік егістерді байқау және егістік зерттеуді бақылау - байқау кезеңінде бір рет;
тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбір түрі бойынша жылына екі рет.";
2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргізуін, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды сақтауын:
тұқым сапасын сараптау кезеңінде жылына екі рет, сондай-ақ бақылау тәртібімен тұқым сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде;
тұқым өндірушілерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайдағы бақылауды;
3) аттестатталған байқаудан өткізушілердің жұмысын байқаудан өткізу кезеңінде, сондай-ақ тұқым өндірушілерді олардың осы Заңның 14-бабының 2-тармағының нормаларын сақтауы нысанында тексеруді;
4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.".
49. "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 52-құжат; 2004 ж. № 23, 142-құжат):
20-баптың 2-тармағындағы ", сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын бақылау тәртібін" деген сөздер алып тасталсын.
50. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын
мемлекеттік бақылау
1. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары денсаулық сақтау субъектілерінің сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын айқындау мақсатында жүзеге асырады.
2. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен халыққа медициналық көмек көрсету жүзеге асырылатын объектілерге Қазақстан Республикасының медициналық көмек көрсету туралы заңнамасы нормаларының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін белгіленген стандарттарға сәйкес орындалуын тексеру мақсатында кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) баруға;
2) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
3) денсаулық сақтау субъектілерінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
4) көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге;
5) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мен аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар беруге;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауына міндетті және оларға жоғары тұрған органда немесе сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.".
51. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат):
6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "органға жүктеледі." деген сөздер "органға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріндегі көліктік бақылау органдарына жүктеледі.".
52. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көліктік бақылау органдары жүзеге асырады.".
53. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат):
108-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
54. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
1) 9-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы ", тексеру жүргізудің тәртібін айқындайды" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бесінші абзацындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген
тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар
эмитенттерін, банктердің тарату комиссияларын,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын,
жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi
ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
1. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерін, банктердің тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі - ұйымдар) тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
2. Ұйымдардың қызметтерін тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - уәкілетті органның тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен жиі емес;
2) таңдаулы тексеру - жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасауына байланысты ұйымдар қызметінің жекелеген мәселелері бойынша, сондай-ақ уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда;
3) рейдтік тексеру - бірнеше ұйымдардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру.
3. Уәкілетті орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етеді. Уәкілетті органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерілетін ұйым тексеру жүргізу басталарда тексеру тобына беруге міндетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі ұйымның хабарламаны алғаны туралы белгі қойылып, уәкілетті органға қайтарылады.
Тексеру алдын ала хабарландырылмай да жүргізілуі мүмкін.
4. Ұйым тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру тобы жетекшісінің атына мынадай:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы туралы және оны ауыстыратын адам туралы;
2) ұйымның қажетті құжаттарды (мәліметтерді) әзірлеуге, оларды уақытында тексеру тобына беруге және тексеру тобынан аралық есептерді алуға жауапты мамандары туралы деректерді қамтитын хатты табыс етеді.
5. Уәкілетті орган қажет болғанда тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бұл жөнінде ұйымға жазбаша хабарлама жіберіледі.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі хабарламаны алғандығы туралы белгі қойылып уәкілетті органға қайтарылады.
6. Ұйым тексеру тобына уәкілетті орган тексеруге берген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкіндігін және ақпаратты тексеру үшін қажетті кез келген көздерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
7. Ұйым тексеру тобына жұмыс жасау үшін жеке үй-жай және өз әкімшілік ғимараттарына кіруге рұқсат береді, өз қызметкерлерінің тексеру тобы мүшелерінің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруін, ұйымның қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, тексеру тобына қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тексеру тобына тексеруді уақтылы аяқтауға көмек көрсетеді.
8. Тексеру тобы ұйымға қарау үшін берілетін аралық есептер жасауы мүмкін.
Аралық есептерге тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі қол қояды.
9. Аралық есептің мазмұнында ескертулер бар болған жағдайда ұйым аралық есепті алған күннен бастап төрт жұмыс күні өткенде өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.
Аралық есептерде жазылған қорытындылар алдын ала болып табылады және ұйымнан алынған келіспеушіліктер мен қосымша, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған ақпарат ескеріліп, тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепте қайта қаралуы мүмкін.
10. Тексеру тобы ұйымнан барлық қажетті құжатты, оның ішінде олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы аралық және жиынтық есепке қосу үшін алады.
Тексеру тобының жетекшісі ұйымның басшысына көрсетілген мерзімдерде орындалуға тиіс жазбаша сауалдар жібереді.
11. Тексеру тобының мүшелері тексеру жүргізу кезінде ұйымнан алған құжаттардың сақталуын және олардағы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
12. Тексеру аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ұйымның бірінші басшысының атына тексеру жетекшісі мен оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы қорытынды есептің екі данасы жіберіледі.
13. Басшы (орынбасар) не ұйымды тексеруді жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы қорытынды есептің бірінші данасын қабылдап алады, есептің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепті алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны уәкілетті органға жібереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелерін ұйым ұйымның атқарушы және басқа басқару органдарына мәлімет үшін жеткізеді.
14. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепті алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оларды уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.
15. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте жазылған ұйымды тексерудің нәтижелері уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының, уәкілетті органның бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізілетін мәжілісте ұйым басшыларын шақыра отырып қаралуы мүмкін.
16. Мәжіліс нәтижелері мәжіліс төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде ұйым басшысына танысуға жіберіледі. Ұйым келіспеушілігі болған жағдайда мәжіліс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жазбаша түрде береді.
Уәкілетті орган ұйымның хаттамамен қарсылықтарымен келіспеген кезде соңғы шешімді уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
17. Тексеру нәтижелері тек қана уәкілетті органның өз функцияларын орындауы мақсатында пайдалануға жатады.
18. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепті ұйым өзінің қаржылық дәулеттілігін растау үшін жарнамалық немесе өзге де мақсатта пайдалана алмайды, сондай-ақ ол үшінші тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның келісімінсіз берілмейді.
19. Ұйым уәкілетті органға табыс еткен қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттық деректері мен тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте келтірілген мәліметтерінде алшақтық болған жағдайда, ұйым уәкілетті органның нұсқамасы бойынша өз есептілігін қорытынды есептің нәтижелеріне, оның ішінде алдыңғы есеп күндеріне сәйкес келтіреді.
20. Ұйым жоспарланған шаралары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі жауапты орындаушылары көрсетілген іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган белгілеген мерзімде келісуге ұсынады.
Ұйым іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келіскеннен кейін бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне алған міндеттердің орындалмау себептері туралы түсініктерді табыс етеді.
21. Ұйым тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік болмауына әкеп соқтырған, құжаттарды, ақпараттарды тексеру топтарының сұрауларында көрсетілген мерзімдерде беруден бас тартқан, осы баптың 7 және 10-тармақтарының шарттарын орындамаған жағдайда, тексеру жетекшісінің шешімі бойынша бұл жөнінде уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары жазбаша хабардар етілгеннен кейін тексеру тоқтатылуы мүмкін.
22. Уәкілетті органның қызметкерлеріне ұйымның қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
23. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына ұйым қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.".
55. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 21-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
"9-1) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;";
"21-1) тексеру - шаруашылық субъектілерінің Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы көліктік бақылауды
жүзеге асыру
19-1-бап. Көліктік бақылау жүргізудің мәні мен мақсаты
1. Көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметке жүргізіледі.
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы көліктік бақылаудың
түрлерi
1. Көліктік бақылау мына түрлерге бөлінеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының өтуін бақылау;
2) автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерінің Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттарды, сондай-ақ автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелерді сақтауын инспекторлық тексерулер.
Тексеру түрлері:
жоспарлы - уәкілетті орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қарай Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті жедел жоюды талап ететін, сондай-ақ шағымдарға, өтініштер мен арыздарға шұғыл назар аударуды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізген кезде мемлекеттік органдарда көрсетілген тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - бірнеше шаруашылық субъектілерінің қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін тоқтатпауға тиіс.
Уәкілетті орган заңды тұлғаның өзіне тексеру жүргізілу-жүргізілмеуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
19-3-бап. Көліктік бақылау жүргізудің мерзімдері мен
кезеңділігi
1. Тексерулерді жүргізу мерзімдері акт табыс етілген сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға тексеру жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тексеру жүргізу мерзімін он жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған, сондай-ақ тексеру көлемінің бірталай болуына байланысты ерекше жағдайларда мемлекеттік органның басшысы (немесе оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін жиырма жұмыс күніне дейін және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін отыз жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімін мемлекеттік орган уәкілетті органның құжаттарды табыс ету туралы талаптары тасымалдаушыға табыс етілген және тасымалдаушы тексеру жүргізу кезінде сұратылған құжаттарды табыс еткен кездер арасындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ уәкілетті органның сауал салуы бойынша мәліметтер мен құжаттарды алу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзімін тоқтату немесе жаңғырту туралы акт шығару жолымен тоқтатады және жаңғыртады.
5. Автомобиль көлігі саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей көзделмесе, жылына бір реттен жиі емес тексеруге жатады.
6. Автомобиль көлігіндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды бірлескен рейдтік тексерулер тексерулердің бекітілген жоспарына сәйкес айына бір реттен көп емес жүргізіледі.
19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері мен көліктік бақылау посттары күрделі ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректерді жинау, беру және шоғырландыру үшін бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазіргі заманғы телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтармен жарақталуға тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері мен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері мен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылау
жүргізудің нысандары
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесінің талаптарын орындауды көліктік бақылау посттарында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлінбейтін жүкті тасымалдайтын ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттың болуын;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшін белгіленгенге сәйкестігін;
4) рұқсат алмай жүріп-тұру жүйесі әрекет ететін мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарының болуын;
5) автокөлік құралдары кірген кезде өткізу пункттерінде берілетін бақылаудан өту талондарының болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
2. Тасымалдаушылардың автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын көлікті бақылау посттарда жүргізушінің еңбегі мен тынығуы режимінің бақылау қондырғысының (тахограф) болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегі мен тынығуы режимін бақылаудың тіркеу парақтарын жүргізу жолымен жүргізіледі.
3. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп-тұруын көліктік бақылау көлік құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдерден асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелі ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен көлем рамкаларын қолдана отырып жүргізіледі.
19-6-бап. Тексеруге жататын негізгі құжаттар
1. Шаруашылық субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:
1) мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын;
2) белгіленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен және автостанциялармен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісім-шарттармен, лицензиялармен);
3) қауіпті жүктерді тасымалдау (тиісті уәкілетті орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауіпті жүкті тасымалдау маршрутының бланкісі, авариялық карточкалар, жүргізушілер мен мамандарды даярлау туралы куәліктер, жүргізушіні қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік, автокөлік құралының қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсаты);
4) тиісті автокөлік құралдарына арналған (белгіленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көліктік құжаттармен, билеттік-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен) құжаттармен танысады.
2. Тексеру жүргізу кезінде қажетті құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі айқындалады.
3. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде өз құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік үй-жайдың (меншікті жөндеу және өндірістік базасы жоқ және басқа кәсіпорындармен тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарт жасасқан кәсіпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйін, сондай-ақ автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерінің экологиялық талаптар мен жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың нормаларын сақтауын;
2) автокөлік құралдарының техникалық пайдаланылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін;
3) автокөлік құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргізуге арналған қызметтер мен білікті қызметкерлердің не мұндай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестігін;
4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостанциялар) жүйесіндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелері талаптарының орындалуын;
5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген талаптардың, оның ішінде автокөлік құралдарына қойылатын салмақтық және көлемдік өлшемдері жөніндегі талаптардың орындалуын;
6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде, жолаушылардың, багаж бен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережелер талаптарының орындалуын;
7) жүргізушілердің белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтауы, оның ішінде жүргізушілердің еңбегі мен тынығуы режимін тіркеудің бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталуға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымал түрлерін жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
8) автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы талаптарының және қауіпті жүкті тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын;
9) автокөлік құралдарын жолаушыларды және тамақ өнімдерін, сондай-ақ тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етілетін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы аталған мемлекеттік органдардың қорытындысы болуы жөніндегі талаптардың орындалуын;
10) бақылау-өткізу пункттерінде қажетті құжаттама мен аспаптардың болуын;
11) жүргізушілер құрамы үшін жол-көлік оқиғалары мен жол жүрісі ережелерін бұзу туралы ақпараттың әдістері және жеделдігін, жүргізілген нұсқаманы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын тіркеу жөніндегі журналдардың болуын тексереді.
19-7-бап. Көліктік бақылауды жүзеге асыру кезіндегi
уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын, автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды сақтауын бақылау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
2) автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;
4) тасымалдаушылардың жолаушылар мен багаж тасымалы ережесін сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерін сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын бақылау;
9) автокөлік құралдары жабдығының автокөлік құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестігін бақылау;
10) халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
11) шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
12) шетелдік көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіруі фактісін айқындау;
13) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарын беру;
14) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялауға жататын автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп-тұруына арнайы рұқсат беру;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талонын беру;
18) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыру;
19) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдауға жүргізушіні жіберу туралы куәлік беру;
20) транзиттік әлеуетті қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлік құралдары жүрісінің жиілігін есепке алу, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде жинақталған ақпаратты беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автомобиль көліктерінде және автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүріп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті рұқсат беру құжаты - жүруге берілген рұқсат негізінде жүргізіледі.
2. Егер шетелдік автокөлік құралы тіркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылса, осы шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау посттарында берілетін шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талоны негізінде жүзеге асырылады.
3. Үшінші елдің аумағындағы шығу пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктіне дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктінен үшінші елдің аумағындағы бару пунктіне дейін жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдік тасымалдаушылардың үшінші елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елге тасымалдауды орындауға берілген рұқсат негізінде жол беріледі.
4. Уәкілетті орган шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең айырбас жүргізуі мүмкін.
5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруға рұқсат сұраған жағдайда уәкілетті орган оған Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін мұндай рұқсатты береді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта қайтып бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу құқығын куәландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін жүріп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.
19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік
автокөлік құралдарының жүріп-түру тәртібi
1. Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер арасындағы жүктердің, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуға және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетілуге тиіс.
2. Шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында жолаушылар мен жүктерді тасуына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсіруді жүргізуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетінің тіркеу және айыру белгілері бар автокөлік құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте тіркемелерде немесе жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттік тіркеу және айырма белгісі болуы мүмкін.
19-10-бап. Отандық автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығу және оларға
шетелдік рұқсаттарды беру тәртібi
1. Отандық автокөлік құралдары рұқсат беру бланкілерімен алмасу жүргізілген шетелдік мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берілген өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат беру құжаттарын ала алады.
Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат беру құжаты беріледі.
2. Пайдаланылған шетелдік рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
3. Тасымалдаушының оған берілген шетелдік рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Егер бөлінген шетелдік рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтінімдердің жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдік рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Отандық тасымалдаушыларға мәлімденгеннен тыс шетелдік рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері мәлімдеген шетелдік рұқсат беру құжаттарының осы түрінен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық
және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр
салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына
арналған арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп-тұруына берілген арнайы рұқсаттың (бұдан әрі - арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты уәкілетті орган жүру маршрутын белгілегеннен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін береді.
3. Егер жүгі бар немесе жүксіз автокөлік құралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша артық болса, арнайы рұқсат осы автокөлік құралы бөлінбейтін, мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу қаупінсіз екі немесе одан да көп бөліктерге бөлуге келмейтін жүктерді тасымалдаған жағдайда ғана беріледі.
Бөлінетін жүгі бар ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп-тұруы айқындалған жағдайда оны тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралынан жүкті түсіргенде және маршруттың нақты жүріп өтілген бөлігі үшін ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасын төленгенде тасымал арнайы рұқсат берілмей жаңғыртылуы мүмкін.".
56. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды туроператордың және (немесе) турагенттің туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын растайтын құжаттарды сұрату жолымен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган жүзеге асырады. Туроператордың және (немесе) турагенттің сұратылған құжаттарды отыз күн ішінде бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.".
57. "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 14-бапта:
тақырыбындағы "қызмет түрлерін" деген сөздер "қызметті" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиялауға мыналар жатады:";
2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Дәрілік заттар айналысы саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, ережелер мен нормаларды сақтауын белгілеу мақсатында уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау:
1) дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ анонимдік хабарларды қоспағанда, өтініштерде жазылған, оның ішінде халықтың денсаулығы мен ұлттық қауіпсіздікке қауіпті дереу жоюды талап ететін расталған фактілер бойынша тексерулер;
2) бұзушылықтарды жоюға және уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған іс-шараларды жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Бақылаушы органның шешім қабылдауы үшін қажетті қосымша ақпарат алу мақсатында үшінші тұлғаларға қатысты тексеру жүргізуге рұқсат етіледі.".
58. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "мен оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібi
Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар тізбесіне кірмеген өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды;
3) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруші бір ай ішінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының жасалғанын растамаған жағдайда, осы өндірушіге тексеру тағайындау туралы нұсқама шығарады;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады;";
бірінші бөліктің үшінші абзацы "гидрометеорологиялық" деген сөздің алдынан "өтініш жасалған күннен бастап бір күндік мерзімде сақтанушыға тегін берілетін," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші - бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу нысанында жоспарлы тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік бақылау жылына бір рет жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күнді құрайды.
Тексеру тағайындау туралы акті тексерілетін кәсіпкерлік субъектісіне берілген сәт тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.".
59. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат):
1) 8-баптың 2) тармақшасындағы "қызметін бақылауды" деген сөздер "қызметін реттеуді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Сауда қызметін жүзеге асыруды бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметінің жүзеге асырылуын бақылауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сауда қызметі субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерді, сауда қызметі субъектілеріне қойылатын талаптарды сақтауын анықтау мақсатында тексерулер, сауда қызметі субъектілерінен құжаттар сұрату жолымен жүргізеді.
2. Сауда қызметі субъектілерін тексерулер жоспарлы (тиісті мемлекеттік орган жоспарлаған және бекіткен тексеру) және жоспардан тыс (өтініштерде жазылған расталған фактілерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалатын тексеру) болып бөлінеді.
3. Жоспарлы тексерулер жылына бір реттен жиі жүргізілмейді.".
60. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
"33-1) радиобақылау - радиосәуле таратуларды техникалық бақылауды орындау арқылы бөгеуілдерінің деңгейі жол берілетіндей радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасауды, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдерінің стандарттары мен нормаларын бұзылушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;";
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртібін, байланыс қызметтерін көрсету ережесін және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамаларын әзірлеу және қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;
9-2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында лицензия талаптарын сақтауын бақылау;
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және олардың жолын кесу;
9-5) почта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;";
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс
және радиобақылау саласындағы қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларға тексеру
жүргізу тәртібi
28-1-бап. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғаларды тексерудің түрлерi
Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тексеру жоспарлы, жоспардан тыс және рейдтік болып бөлінеді.
Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты заңдарда белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін алдын-ала жоспарлаған тексеру;
Жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру;
Рейдтік - бірнеше жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру.
28-2-бап. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларға тексерудi
ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi
1. Жоспарлы тексеру уәкілетті органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен тексеру жүргізудің жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.
2. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепте тұрған жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргізудің жоспар-кестесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен өтініштерді ескере отырып, сондай-ақ лицензиаттардың лицензия талаптарын және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бірнеше рет бұзуын ескере отырып, әр тоқсанға жасайды және уәкілетті органның қарауына әрі бекітуіне жібереді.
3. Жоспарлы тексерудің кезеңділігі жылына бір ретті (шағын кәсіпкерлік субъектілері - жеке және заңды тұлғаларға үш жылда бір реттен жиі емес) құрайды.
4. Жоспардан тыс және рейдтік тексерулер байланыс немесе байланыс операторларының қызметін пайдаланушылардың өтініштері бойынша, сондай-ақ лицензиясыз қызмет, радиожиілік спектрін және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды рұқсат құжаттарынсыз пайдалану және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың техникалық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда жүргізілуі мүмкін.
28-3-бап. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргізудi
ұйымдастыру
1. Тексеру жүргізу үшін тексеру тағайындау туралы акті шығарылады, онда:
1) бақылау органының атауы, тексеру тағайындау жөніндегі өкілеттігі бар тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және оның қолы;
2) бақылау органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актінің күні және тіркеу нөмірі;
3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты;
4) жеке және заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) тексерудің түрі;
6) тексерудің мәселесі;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру тағайындаудың негіздемесі;
9) егер заңды тұлғаның (филиалдың немесе өкілеттіктің) немесе жеке кәсіпкердің белгілі бір уақыт кезеңіндегі құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда тексерілетін кезең;
10) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бұрын жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеруді тағайындау туралы акті тіркелгеннен кейін жүргізіледі.
3. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі қойылған міндеттер мен алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеннен басқа жағдайларда, күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
4. Негізді себептері болғанда тексеру жүргізу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс, бұл ретте уәкілетті органның тексеру жүргізетін лауазымды адамы бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде жеке және заңды тұлғаны хабардар етеді.
5. Тексеру жүргізу кезінде мыналар:
1) негізгі қорларға иелік ету және пайдалану құқығын пайдалана отырып жүзеге асырылатын лицензияланатын қызмет;
2) техникалық байланыс құралдарына қызмет көрсететін білікті персоналдың болуы;
3) жеке және заңды тұлғаларда лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсетуге лицензияларының, сондай-ақ радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсаттарының болуы;
4) лицензияны қолдану талаптарының сақталуы;
5) тексерілетін тұлғалардың байланыс желілерін, тораптарын және объектілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарын және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауы;
6) тексерілетін тұлғалардың байланыс құралдарын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді сақтауы;
7) тексерілетін объектілерде қолданылатын техникалық байланыс құралдарына сәйкестік сертификаттарының болуы;
8) радиоэлектрондық құралдардың нақты санының уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың санымен сәйкес келуі;
9) байланыс құралдарының, объектілері мен құрылыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуі және Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану талаптарының орындалуы;
10) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамасының радиожиілік спектрін пайдалану рұқсатында көрсетілген деректерге сәйкестігі;
11) байланыс объектілері мен құрылыстарына санитарлық паспорттардың және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы мемлекеттік органның қорытындысының болуы;
12) байланыс операторының коммутациялық жабдықтары құрамында арнайы жедел іздестіру іс-шараларын өткізу үшін құралдардың болуын тексеру анықталады.
6. Почта байланысы операторын тексеру почта байланысын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызмет көрсетілуін тексеруді қамтиды.
28-4-бап. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тексеруді жүргізу
тәртібi
1. Материалдық залал келтіруге әкеп соқтыруы мүмкін, технологиялық процестердегі еріксіз тоқтап қалулар мен үзілістерді болғызбау мақсатында жоспарлы тексерудің басталуынан кемінде екі апта бұрын тексерілетін тұлға алдағы тексеру туралы жазбаша хабарланады. Мұндай хабарлама алған соң тексерілетін жеке және заңды тұлғалар алдағы тексеруге қатысу үшін өзінің тексеру нәтижелері бойынша жасалған құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген өкілін жібереді.
2. Тексеру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) істің мән-жайын алдын ала зерделеу;
2) тексеру жүргізу;
3) тексеру жүргізу кезінде алынған нәтижелерді талдау және жинақтау, қорытындыларды шығару, тиісті құжаттарды ресімдеу;
4) тексерілген тұлғаны тексеру нәтижелері туралы хабарландыру;
5) жұмыс қорытындысын шығару;
6) егер бұзушылықтар анықталса, ондай фактілер бойынша шаралар қабылдау.
3. Тексеруді жүзеге асырған кезде лауазымды адамдар:
1) тексерілетін тұлғаға қызмет куәлігі мен тексеру тағайындау туралы актіні көрсетуге;
2) тексеру процесінде тексерілетін тұлғаның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
3) лицензиялар мен радиожиілік спектрін пайдалану талаптарын бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және өз өкілеттігі шегінде оларды жою шараларын қабылдауға міндетті.
4. Тексеру жүргізу кезінде байланыс саласындағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тексерілетін тұлғалар, уәкілетті органның лауазымды адамдарының талаптары бойынша лицензияның түпнұсқасын қосымшасымен немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін және радиожиілік спектрін (радиожиілік спектрі пайдаланылған жағдайда) пайдалануға рұқсат қағазының түпнұсқасын, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтің лицензиялық талаптарға сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды көрсетеді.
5. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру нәтижесі туралы акті жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) тексеру өткізілген жер, акт жасалған күн;
2) тексерудің түрі;
3) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
4) тексеру объектісі;
5) тексеру тағайындау туралы актінің деректемелері;
6) алдыңғы тексеру туралы және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер (тек шағын кәсіпкерлік субъектілері - жеке және заңды тұлғалар үшін);
7) тексеру жүргізілген мерзім;
8) тексеру нәтижелері;
9) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар;
10) тексерілетін жеке және заңды тұлғалардың тексеру нәтижелеріне шағым жасау құқығы;
11) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолдары.
6. Тексеру нәтижелері туралы акт екі данада жасалады. Бір данасы тексеру жүргізуге қатысқан тексерілетін тұлғаның өкіліне беріледі, екінші данасы тексеру жүргізетін уәкілетті органның лауазымды адамында қалады.
7. Тексеру нәтижелері туралы акт жасаған кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
1) анықталған бұзушылықтар фактілерін тиісті нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, дәйекті, объективті, нақты және толықтай сипаттауға;
2) тексеру нәтижелері туралы актінің мәтінінде актінің қосымшаларында көрініс табуға тиіс, анықтамалық деректер, қосымша фактілер, қайталанатын біртекті бұзушылықтарды тізбелеу болмауы керек;
3) анықталған бұзушылықтар туралы тек қана нақты, негізделген және құжаттамамен расталған деректерді ғана көрсетуге міндетті.
8. Тексеру нәтижелері туралы актіге құжаттамамен расталмаған әртүрлі қорытындыларды, ұсыныстар мен деректерді енгізуге жол берілмейді.
9. Тексеру нәтижелері туралы актіге, тексеру аяқталғаннан кейін бірден тексеруді жүргізген лауазымды адам мен тексерілген тұлғаның осы тексеруді жүргізуге қатысқан өкілі қол қояды.
Тексерілетін тұлға өкілінің тарапынан тексеру нәтижелері туралы акті бойынша қарсылықтар немесе ескертпелер болған жағдайда ол өзі қол қояр алдында бұл туралы ескертпе жасайды және жазбаша түсіндірмені қоса береді. Тексерілген тұлғаның өкілі тексеру нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіде тиісті жазба жасалады.
10. Тексеруді жүзеге асыру барысында лицензия талаптарын және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы:
1) тексерілетін тұлғаға анықталған кемшіліктерді жою мерзімін белгілей отырып, оларды жою туралы нұсқама беруге;
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
3) радиоэлектрондық құралды және жоғары жиілікті құрылғыны пайдалану құқығына рұқсат болмаған жағдайда, оларды ажыратып тастауға;
4) егер аталған қызмет лицензияланатын болса, онда уәкілетті органның алдында жабдықтардың техникалық сипаттамасы стандарттарға толығымен сәйкес келтірілгенге дейін немесе радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін берешек өтелгенге дейін алты айға дейінгі мерзімге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш жасауға;
5) егер лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаса, уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияны кері қайтарып алу туралы өтініш жасауға құқылы.
11. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы уәкілетті органның тексеру жүргізген лауазымды адамы екі данада жасайды. Нұсқаманың бірінші данасы тексерілетін тұлғаның тексеруге қатысқан өкіліне беріледі, екіншісі тексеру жүргізген уәкілетті органда қалады.
12. Тексерілетін тұлға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде бұзушылықтарды жояды және бұл туралы тексеру жүргізген уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлайды.
13. Бұзушылықтар жойылғаны туралы жазбаша жауап алғаннан кейін немесе ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамы жеке немесе заңды тұлғаны анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау нысанына тексеруді жүзеге асырады.
14. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру аяқталған мерзімнен кешіктірілмей, сол тексеру жүргізуге қатысқан тексерілген тұлғаның өкіліне тексеру нәтижелері туралы акт берілген күн тексерудің аяқталған күні болып есептеледі.
28-5-бап. Радиобақылауды жүргізу тәртібi
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық құжаттамасын және өлшемдеріне рұқсаттарын (құжаттамалық бақылау) тексеру, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерін бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегімен тексеру (аспаптық бақылау) жолымен жүзеге асырылады.
Радиобақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен радиобақылау жоспар-кестелеріне сәйкес жүргізеді.
Радиобақылаудың жоспар-кестесін аумақтық бөлімшелер әрбір тоқсанға жасайды.
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушылар жол берген бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.
Азаматтық мақсаттағы тіркелген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың жұмысында бөгеуіл туындаған жағдайда:
1) бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық өлшемдерінің, соның ішінде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нормалар мен стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізуі қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелері сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтірілуі жөнінде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды ауыстыруға тиіс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуіл туындаған кезде бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері уәкілетті органға жүгінеді;
2) уәкілетті орган бөгеуілдердің көздерін және сипатын, олардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың белгіленген өлшемдерінің және (немесе) жұмыс режимінің бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өзара әсеріне негізделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуілдер салдарынан болғанда уәкілетті орган бөгеуілдерді жою жөнінде нұсқама немесе ұсыным береді;
4) тағайындалған жиіліктердегі бөгеуілдерді жою мүмкін болмаған кезде уәкілетті орган радиожиіліктерді жаңадан тағайындауды жүргізеді;
5) қапияда болған, өнеркәсіптік немесе технологиялық сипаттағы бөгеуілдер болғанда уәкілетті орган бөгеуіл көзін анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Шет мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерінен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуілдерге шағымдар түскен кезде уәкілетті орган халықаралық келісімге сәйкес осы шағымдардың құқықтық негізін анықтайды, егер шағымдар негізделген болса, бөгеуілдердің себептерін белгілейді және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан көздерден бөгеуіл жасалып отырған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық келісімге сәйкес бөгеуілдерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Радиобөгеуілдер мен тиісті рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шараларды уәкілетті орган жүргізеді.
28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi
құрылғылар иелерінің құқықтары
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) берілген рұқсат талаптарына сай қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктегі (радиожиілік арнасындағы) бөгеулерді жою үшін уәкілетті органға жүгінеді;
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi
құрылғылар иелерінің міндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға, сондай-ақ белгіленген ережелер мен нормаларға сай келуін қамтамасыз етеді;
2) қызмет куәлігін көрсеткен кезде уәкілетті органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиіліктерін (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның ішінде, уақытша тыйым салуды енгізу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның ішінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушыларға берілген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаманы орындайды.".
61. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "инспекциялау (тексерулер)" деген сөздер "тексерулер" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және инспекциялаудың" деген сөздер алып тасталсын.
62. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 13-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - уәкілетті органның заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргізетін іс-шараларының жиынтығы;";
"13-1) қарап шығу - уәкілетті органның объектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі нысанында тексеруі;";
"18-1) тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті;";
1-тармақтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "және қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 18) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 16-баптағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Кемелерді пайдалану қауіпсіздігін бақылау
Ішкі су жолдарында ішкі суда жүзіп жүрген өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелердің, ішкі су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, серуендік, спорттық және құйып тасымалдау кемелерінің, паромды өткелдер мен басқа да жүзу объектілерінің, оның ішінде шағын көлемді флоттық пайдаланылу қауіпсіздігін, олардың қозғалтқыштарының түріне, бас қозғалтқыштарының қуатына және мұндай кемелердің сыйымдылығына қарамастан, бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:
1) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ішкі су жолдарында кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер ұшыраған көлік оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;
2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиісінше күтіп ұстауды бақылау;
3) кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылғыларының уәкілетті орган белгілеген кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап шығуды жүргізу;
4) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстап алу;
5) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп төнген кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
6) кеме иелерінің, кеме экипаждары мүшелерінің, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау;
7) кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді) мемлекеттік тіркеу және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын тиісті құжаттарды беру;
8) уәкілетті орган бекіткен кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау ережелеріне сәйкес жүргізілетін кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбір үш жыл аяқталғанда жүргізіледі. Тиісті мамандық бойынша оқу орнын кезекті аттестаттау жылында аяқтаған, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткен адамдар аттестаттаудан босатылады;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру ережелеріне сәйкес жүргізілетін кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру. Диплом беруге тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:
еркін нысандағы өтінішті;
жеке куәлігін немесе паспортын;
жоғары немесе орта кәсіптік білім туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтілін растайтын құжат;
медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысын табыс еткен адамдар жіберіледі.
Диплом беруді жүргізу туралы өтінішті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі отыз күн ішінде қарайды.
Табыс етілген құжаттар кемелер экипаждарының мүшелеріне диплом беру ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнінде құжаттар табыс етілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей құжаттарды табыс еткен адамға хабарлайды.
10) анықталған ішкі су көлігінің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
11) Қазақстан Республикасының кеме қатынасының су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімдерін бақылау;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау;
13) жеке және заңды тұлғалардың ішкі су көлігі қызметін жүзеге асыру кезінде лицензиялық ережелерді сақтауын бақылау;
14) кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді және шағын көлемді кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық бақылауды жүргізу;
15) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) шағын көлемді кемелерге мемлекеттік борттық нөмірлер беру;
17) тұрақты мекен-жайы өзгерген, тиесілігі (иесі) өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменің техникалық деректері өзгерген жағдайларда шағын көлемді кемелерді қайта тіркеуді жүргізу;
18) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды, оларды аттестаттауды ұйымдастыру;
19) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
20) шағын көлемді кемелерге арналған база-тұрақтарды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануға рұқсат беруді жүргізу;
21) тиісті мамандарды шағын көлемді көлік мәселелері жөніндегі сараптамаларға қатысуға тарту;
22) алкогольдік, есірткілік және уытты мас күйінде болған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;
23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
24) паромды өткелдерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды, сондай-ақ пайдалануға жарамдылығын техникалық куәландыруды жүргізу арқылы жүзеге асырады.";
6) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің
кемелерді қарап шығуды жүргізуi
1. Кемелерді қарап шығу кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қатыссыз) және экипаждың кемелерді пайдаланудың қауіпсіздігін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап шығу капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезінде де жүргізілуі мүмкін.
Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап шығу навигацияаралық кезеңнен кейін, ал "өзен - теңіз" жүзу кемелерін - теңізде пайдаланғаннан кейін, олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.
Кемелерді бақылап қарап шығу навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиі емес немесе көлік оқиғасы болған кезде жүргізіледі.
2. Өздігінен жүзетін кемелерді қарап шығу кезінде мыналар тексеруге жатады:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетілген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзімдері, оларды жүргізу тәртібі);
2) штат кестесі мен кемені пайдалану режимі мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесінің бұйрығы (немесе басқа құжат);
3) ішкі су жолдарының навигациялық карталары;
4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерін, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөніндегі кеме іші құжаттамасы (саны, жүргізу сапасы):
вахталар кестесі;
дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерінің жеке карточкалары;
ауа-райы болжамдарының журналы (тігіні);
жол ақпараттарының және кеме жүргізушілерге берілген хабарламалар журналы (тігіні);
магниттік компастың девиациясының кестесі;
кеменің маневр элементтерінің кестесі;
адамның борт сыртына құлауы кезіндегі маневрлеу сызбасы;
радиолокациялық станцияның көлеңкелі секторларының сызбасы;
5) Мемлекеттік тудың, мұржадағы марканың, кеменің атауының (нөмірінің) және борттарда тіркеу нөмірлерінің, корпустағы жүк маркасының болуы мен жай-күйі;
6) кеменің (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерінің үлгілік сызбаларына сәйкестігі;
7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергіштік, борттың су бетіндегі биіктігі (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кемені басқару постынан көруді қамтамасыз ету;
8) жарықтық, көрінетін және дыбыстық белгі берудің болуы мен іс-әрекеті;
9) навигациялық, штурмандық және электрлі радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен іс-әрекеті;
10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тіркелімі нормаларына сәйкестігі, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;
11) экипаждың штаттық кестеге және ішкі және аралас "өзен - теңіз" жүзу көліктік кемелері экипажының ең аз құрамы туралы ережеге сәйкес жасақталуы;
12) командалық және қатардағы құрамда тиісті лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының (біліктілік куәліктерінің), дипломдарға бақылау талондарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тіркеу құжаттарында көрсетілген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, вахталарды атқару режимін, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы істен шыққандағы іс-әрекет бойынша жаттығулар жүргізудің кезеңдігін сақтауы;
14) экипаж мүшелерінің басқару құрылғысы істен шыққан кезде дабыл бойынша іс-әрекет етуді білуі мен игеруі;
15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ұйғарымдарының орындалуы тексеріледі.
3. Қарап шығу нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың тізбесін және ескертулерді жою мерзімдерін көрсете отырып акт жасайды. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл туралы кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды.
Қарап шығу актісі екі данада жасалады және оған уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері мен капитан (немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіде бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Актінің бірінші данасы кемеде, екіншісі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде кеме ісінде сақталады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кемені қарап шығуды жүргізген қызметкерлері кемені қарап шығу жөніндегі актідегі жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.";
7) 18-баптағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен, 19-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 8-тармағындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркелген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде олардың нысандарын, оларды беру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін мынадай кеме құжаттары болуға тиіс:
1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;
2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;
3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;
4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);
5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшін);
9) кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;
11) өрт қауіпсіздігі куәлігі (қарап шығу актісі);
12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;
13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.";
9) 24-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "тұлғаларының;" деген сөз "тұлғалардың меншігіндегі кемелерге беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
10) 45-баптың 5 тармағындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен, 7-тармағындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 46-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "және қадағалануға" деген сөздер алып тасталсын.
63. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау
1. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.
2. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының орындалуын;
2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін;
3) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау тексеру жолымен жүзеге асырылады.
4. Электр энергетикасы объектілерін тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
5. Уәкілетті орган бекіткен жұмыс жоспары тексерудің негізі болып табылады. Жұмыс жоспары өздеріне қатысты тексеру жүргізу көзделіп отырған объектілер тізбесін және тексеру жүргізу кезеңін қамтуға тиіс.
6. Жоспарлы тексеру алдыңғы тексерулерге қатысты жұмыс жоспары заңдарда белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргізілетін, алдын ала жоспарланған іс-шара болып табылады.
7. Жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда:
1) электр энергетикасы объектілеріндегі авариялық технологиялық бұзушылықтар саны өткен кезеңмен салыстырғанда өскен жағдайда;
2) мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
8. Электр энергетикасы объектісінің басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау мерзімі мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетілген белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оған негіздегі әзірлейтін акт жасайды, ол мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органға табыс етіледі.
9. Энергетикалық қадағалау мен бақылау:
1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық талаптардың сақталуына;
2) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерінің сақталуына;
3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуына, оны өндіру, беру, тұтыну режимдерін оңтайландыруға;
4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргізіледі.
10. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларына қатысады;
2) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөліктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі электр жабдығын бүлдіруге әкеп соққан ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерудің есебін жүргізеді.
11. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткізуге;
2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыруға;
3) электр және энергия құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тексерулерін ұйымдастыруға;
4) энергетикалық объектілерде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және ұтымды өндіру, беру, бөлу мен пайдалану бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға, энергияны үнемдеу саясатының орындалуын бақылауға, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуге;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға;
6) қадағалауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартуға;
7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыруға;
8) ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге құқылы.";
2) 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Мемэнергияқадағалау" деген сөз "мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
64. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру (бұдан әрі - тексеру) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және (немесе) аумақтық органдардың лауазымды адамының немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жасалатын іс-әрекеті;»;
13) тармақшадағы «әкелуге және әкетуге» деген сөздер «әкелу және әкету тәртібін айқындайды және оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;»;
3) 27-баптың 2-тармағы 9) тармақшасындағы «жүргізуге міндетті.« деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мақсатында тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасамауға міндетті.«;
1-тармақ «мақсатында» деген сөзден кейін «тексеру жүргізу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары:
1) тексерулердің жылдық жоспары бойынша жылына бір реттен көп емес;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактілері туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, олардың түсуіне қарай;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы келеңсіз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесінің мониторингі нәтижелері бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ескере отырып;
4) жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.";
5) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) тексеру актісі;".
65. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат):
мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігi
және еңбекті қорғау туралы заңнамасын сақтау
жөніндегі тексерулер, олардың түрлері мен нысандары
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
2. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.
3. Жоспардан тыс тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.
Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болмайды.
4. Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі елеулі болғанда мемлекеттік органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.»
66. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат):
39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау:
жылына бір реттен жиі емес жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтар нысанында жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.«.
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 4-тармағын (8), 9), 10), 11), 12) және 42) тармақшалардан басқа) және 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 31-і.
№ 125-III ҚРЗ