Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 13 баптар)
3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері (14 - 15 баптар)
4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету (16 - 18 баптар)
5-тарау. Медициналық қызмет (19 - 34 баптар)
6-тарау. Медициналық сараптама қызметі (35 - 43 баптар)
7-тарау. Фармацевтикалық қызмет (44 - 45 баптар)
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет (46 - 47 баптар)
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру (48 - 50 баптар)
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің (51 - 52 баптар)
құқықтары мен міндеттері
11-тарау. Қорытынды ережелер (53 - 54 баптар)
Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуге ерекше мәртебесі мен құқын тану рәсімі;
2) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнаулы қызметтің болуы заңмен көзделіп, осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлімшелердің, бөлімдер мен мекемелердің жиынтығы;
3) бейінді маман - клиникалық бейіндегі белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық білімді медицина қызметкері;
4) дәрігерлік қызмет - жоғары медициналық білімді, тиісті сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;
5) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы;
6) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ісін мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер органдары;
10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) денсаулық сақтау стандарты - медициналық және дәрігерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейтін құжат;
11) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
12) емдеу - ауруларды жоюға және (немесе) бетін қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
13) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
14) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
15) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заң аяғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) медициналық қызмет - жоғары немесе орта білімнен кейінгі медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;
17) медициналық қызметтер көрсету - профилактикалық, диагностикалық емдеу немесе оңалту бағыттылығы бар медициналық қызметкерлердің нақты адамға қатысты іс-қимылы;
18) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган - аумақтық бөлімшелері бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
19) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді орындау бойынша бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру;
20) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтің әртүрлі салалары жай-күйінің деңгейін, сапасын және дәрежесін анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;
21) медициналық ұйымдар - негізгі қызметі халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;
22) профилактика - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың пайда болуының (және олардың асқынуының) алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;
23) тәуелсіз сараптама - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін рәсім;
24) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке немесе заңды тұлға;
25) тәуелсіз сарапшылардың деректер банкі - тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру үшін мәртебесі және құқықтық өкілеттігі бар, белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке және заңды тұлғалардың тізілімі;
26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;
27) халықтық медицина (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы тәжірибелік мәліметтердің, сондай-ақ емшілік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурудың алдын алу мен емдеу үшін іс жүзінде қолдану.
2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi:
1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу;
2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз ету;
3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау;
6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк;
7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы;
8) мемлекеттік органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық білім берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу;
6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы;
7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу;
8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттік қолдау;
9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету;
10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу;
11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру;
12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
4-бап. Денсаулық сақтау жүйесi
1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттік меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және білім беру ұйымдарынан тұрады.
Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады.
Үшінші бөлік 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады
алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханаларды қоспағанда, жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тыйым салынады.
3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi және мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
5-бап. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бірдей қол жеткізуiне;
3) мемлекеттік және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;
4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;
5) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) бірыңғай денсаулық сақтау стандарттары бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;
7) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткізу бөлiгіндегі кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің денсаулық сақтау
саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;
5) медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
6) осы Заңда белгіленген, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;
7) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялануының тәртібін бекітеді;
8) халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің, аттестаттаудың және сәйкестікті растаудың тәртібін айқындайды;
10) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;
11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды;
12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетуді сатып алудың тәртібін айқындайды;
13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанын бекітеді;
14) бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібін айқындайды;
15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесі мен шарттарын айқындайды.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді;
5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
6) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) техникалық регламенттерді қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;
11) медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
12) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
13) медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін бекітеді және олардың жарнамасына рұқсаттар берудің тәртібін айқындайды;
14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгі штаттарын және штат нормативтерін; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу, емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі және психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіреді;
17) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды;
18) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды, оның ішінде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың тәртібін айқындайды;
19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
20) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде дәрілік заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
22) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
23) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды береді және лицензиялауға қатысады;
24) конкурстық негізде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
25) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тарифтерін қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдістемесін айқындайды;
27) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
28) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен қызметтер сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) техникалық регламенттерді әзірлейді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды ; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау
жөніндегі мемлекеттік органның құзыретi
Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша нормативтік-техникалық құжаттар қабылдайды;
2) медициналық қызметтер көрсету саласын бақылауды жүзеге асырады;
3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттар сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптаманың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
4) дәрілік заттарды қоспағанда, медициналық қызметтердің, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасын бақылауды жүзеге асырады;
5) медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптарының және лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан науқастарға дәрілік заттардың белгіленуін бақылауды жүзеге асырады;
7) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
9) әртүрлі бейіндегі мамандар арасынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;
11) денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12) республикалық маңызы бар ұйымдар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсету және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
13) медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік санатын беруге емтихан өткізеді;
14) дәрілік құралдарды қоспағанда, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының денсаулық сақтау практикасында қолданылуына рұқсаттар беру мен бақылауды жүзеге асырады;
15) клиникаға дейінгі және клиникалық базалар тізбесін бекітеді;
16) жеке тұлғаларға халық медицинасымен (емшілікпен) айналысуға куәліктер береді;
17) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындайды;
18) азаматтардың көрсетілген медициналық көмек сапасы мәселелері бойынша шағымдарын қарайды
19) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілеріне әкімшілік жазалар қолданады;
20) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізуді үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi мемлекеттік органдарының құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек беру туралы шешiм қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;
3) тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн бекiтедi, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстардың үлесiн айқындайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтардың бюджет қаражаты есебiнен емделу үшiн елдi мекен шегiнен тыс жерлерге тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
4) азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алу құқығының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi;
6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарын құрады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;
11) денсаулық сақтау саласындағы аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1)-11-2) тармақшалармен толықтырылды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
11-1) республикалық маңызы бар ұйымдар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасын, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда, медициналық қызметті; дәрілік заттарды дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11-2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының құзыретi
Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық білім беру саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етедi;
4) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша жаңа редакцияда
8) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;
9) мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
10) денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөніндегі аймақтық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
11) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына берiп отырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларға дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi және оны ұйымдастырады;
13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
14) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады;
15) халықты әлеуметтiк қаупi бар аурулардың және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардың таралуы туралы хабардар етедi;
16) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды;
17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтарды жоюға және мемлекеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін белгіленген стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында халыққа медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын объектілерге (қызметтік куәлік бойынша) кедергісіз баруға;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы денсаулық сақтау субъектілеріне нұсқамалар беруге;
3) денсаулық сақтау субъектілерінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, маманды аккредиттеу туралы куәлікті және оның сертификатын қайтарып алуға, денсаулық сақтау субъектілеріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айыру туралы ұсыныстар енгізуге;
6) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті орындауына жатады және оларға жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен шағым жасала алады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексерулердің мынадай түрлерін жүргізуге құқылы:
1) жоспарлы тексеру - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралығы ескеріле отырып жүргізілетін алдын ала жоспарланған тексеру;
2) жоспардан тыс тексеру - халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті жою мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына, жоғары тұрған органның тапсырмасына дереу ден қоюды талап ететін, қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізілетін тексеру;
3) қарсы тексеру - тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен шарттық міндеттемесі не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкілдігіне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектілігін анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртіппен жүргізілетін тексеру;
4) рейдтік тексеру - бірнеше денсаулық сақтау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру;
5) бірлескен тексеру - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша бірнеше бақылаушы органның денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеруі.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi
лицензиялау
Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауға жатады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
1. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады және ерікті сипатта болады.
2. Белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар аккредиттеу субъектісі бола алады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау, аккредиттеу, аттестаттау субъектілерінің қызметіне сараптама жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу үшін белгіленген тәртіппен тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сәйкестікті растау
1. Өнімдердің, процестердің, қызмет көрсетулердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Денсаулық сақтау стандарттары
1. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті болып табылады.
2. Денсаулық сақтау стандарттары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды, оларды реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері
14-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс iстейдi:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек ұйымдары;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
5) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
8) қан қызметi, сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де денсаулық сақтау ұйымдары.
15-бап. Жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар
1. Жеке тұлғалар медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетуге құқылы.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бейіндегі медициналық білімi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар жеке тұлғалардың жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылдануға құқығы бар.
4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
16-бап. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржымен қамтамасыз ету көздерi
1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:
мемлекеттік медициналық мекемелер - жеке қаржыландыру жоспары бойынша;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.
18-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану
1. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржы қаражаттары:
медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;
денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды iске асыруға;
денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға;
өмiрлiк маңызы бар дәрiлiк заттарды, қанды және оның компоненттерiн, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық медициналық препараттарды, сондай-ақ медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға;
жұқпалы аурулардың көрiнiстерi мен эпидемиясын жоюға;
медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға және олардың біліктiлiгiн арттыруға;
медицина ғылымын дамытуға және жетiстiктерiн енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шығыстарға бағытталады.
2. Медицина ұйымдарының тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөніндегі шығындарын өтеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Шығындарды өтеу медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық қызметтiң түрлерi
Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
1) медициналық көмек;
2) санитарлық авиация;
3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы қызмет;
4) салауатты өмiр салтын насихаттау;
5) санаторий-курорттық қызмет;
6) халықтық медицина (емшiлiк);
7) қан қызметi;
8) сот медицинасы;
9) дәрiлiк заттардың айналысы саласындағы қызмет;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;
11) денсаулық сақтау саласындағы білім беру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерi.
Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік мекемелері қызметінің негізгі және қосымша түрлері олардың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалады.
1. Медициналық көмектi денсаулық сақтау ұйымдары және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.
2. Медициналық көмектiң негiзгi түрлерi:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) біліктi медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне:
1) халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң және медициналық ұйымдардың мамандарын жiберу жөніндегі стационарлық медициналық көмек;
4) әлеуметтiк мәнi бар аурулардан және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардан зардап шегушiлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе бойынша медициналық көмек көрсету;
5) медициналық көмектiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қабылданатын қосымша түрлерi кiредi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін көмек.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
22-бап. Бiлiктi медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Бiлiктi медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Мамандандырылған медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мамандандырылған медициналық көмектi денсаулық сақтаудың көп бейiндi ұйымдары алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары белгiлейдi.
24-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
25-бап. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту
1. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту туа бiткен және жүре келе пайда болған аурулардан, қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегушi азаматтарға көрсетiледi.
2. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда жүргiзiледi.
3. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
26-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары
Медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетілуі мүмкін:
1) жедел медициналық көмек;
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
3) консультациялық-диагностикалық көмек;
4) стационарлық көмек;
5) стационарды алмастыратын көмек;
6) санаторий-курорттық емдеу.
27-бап. Жедел медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау немесе өмірге төнген қатерді жою үшін аса шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ұйымдар және жедел медициналық көмек қызметтерi құрылады.
3. Жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына және оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен тегiн көрсетiледi.
4. Жедел медициналық көмек ұйымдарына ақылы қызмет көрсетумен шұғылдануға тыйым салынады.
28-бап. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызмет көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және емдеуді, сондай-ақ жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;
2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды және аурулардың профилактикасын;
3) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау;
4) халықтың сумен қауіпсіз қамтылуы және тиімді тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті мынадай мамандар: учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер көрсетеді.
3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргізіледі.
4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды
28-2-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарлық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында, олардың лицензия бойынша айқындалатын қызметiнiң бағытына сәйкес көрсетiледi. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымы қызметiнiң тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық көмектiң көлемi мен түрлерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтiм мен тамақтануды қамтамасыз етедi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі стационарлық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған санының (шектелген көлемдерінің) шегінде көрсетіледі.
30-бап. Стационарды алмастыратын көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарды алмастыратын бөлiмшелердiң қызмет тәртібін, олардың бейiндерiн және оларда көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
31-бап. Санитарлық авиацияның қызметiн ұйымдастыру
1. Қатынасу қиын жерлердегi азаматтарға аса шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасында санитарлық авиация қызметi көзделедi.
2. Санитарлық авиация қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
32-бап. Санаторий-курорттық емдеу
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Санаторий-курорттық емдеу - табиғи-климаттық, физиотерапиялық және басқа да емдеу факторларын пайдалана отырып, профилактика және медициналық оңалту жөніндегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2.Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган санаторий-курорттық емдеу көрсетiлген аурулар мен денсаулық бұзылуының тiзбесiн айқындайды.
3. Медициналық көмек көрсететiн санаторий-курорттық ұйымдар өз қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
4. Азаматтарға санаторий-курорттық емделу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жолдамалар берiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау
Салауатты өмір салтын насихаттау медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады және салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және азаматтардың салауатты өмірімен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның үйлестіруі және әдістемелік басшылығы аясында денсаулық сақтау субъектілері қамтамасыз етеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың профилактикасы және халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды басқа да мүдделі министрліктермен, халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
33-бап. Халықтық медицина (емшiлiк)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тиiстi лицензиясы болған кезде медициналық білімi бар адамдардың халықтық медицина (емшiлiк) әдiстерiмен емдеуге құқығы бар.
Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен медициналық білімi жоқ адамдарға халықтық медицина (емшiлiк) әдiстерiмен емдеуге лицензия берiлуi мүмкiн.
2. Жаппай емшiлiк сеанстарын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Халықтық медицина (емшiлiк) қызметтерiн көрсетуге денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бақылау жасайды.
5. Халықтық медицинамен (емшiлiкпен) заңсыз түрде шұғылданатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
34-бап. Ақылы медициналық көмек алудың негiздерi мен тәртібі
1. Ақылы медициналық қызметтердi мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдары аурудың түрi мен медициналық және дәрiгерлiк қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес келгенде жеке медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар көрсетедi.
2. Ақылы қызметтiң түрлерi мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке адамдардағы көрнекi ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткiзiледi.
3. Ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң бағалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
4. Азаматтарға ақылы қызмет көрсеткен кездегi есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргiзу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтiнiш жасаған кезден бастап ақылы медициналық көмектi уақтылы және сапалы көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтен түскен қаражаттарды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік
мекемелердің ақылы қызметтер көрсету тәртібi
1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс, сондай-ақ медициналық емес сипаттағы ақылы қызметтерді санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер көрсетеді.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер ұсынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау.
Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру
34-2-бап. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру
1. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруды - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді-денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау субъектілері:
1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;
2) диагностиканың, профилактика мен емдеудің әдістерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген дәрілік заттарды қолдануды;
3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзірлікті;
4) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсіби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөніндегі профилактикалық медициналық іс-шараларды жүргізуді;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;
6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды;
7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен сабақтастықты;
8) салауатты өмір салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;
9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді, денсаулық сақтау және мемлекеттік статистика салаларындағы уәкілетті органдар белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша есептер тапсыруды;
10) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мінез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсініктер бойынша көрінген адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
6-тарау. Медициналық сараптама қызметі
35-бап. Медициналық сараптаманың түрлерi
1. Қазақстан Республикасында медициналық сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) медициналық қызметтер көрсету сапасының сараптамасы;
2) еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы;
3) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) әскери-дәрiгерлiк сараптама;
5) сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары;
6) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
7) дәрiлiк заттардың сараптамасы;
8) ғылыми-медициналық сараптама.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен медициналық сараптаманың басқа да түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Медициналық сараптама азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Медициналық сараптаманы жүргiзетiн сарапшыларды аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медицина сарапшылары жүргізеді.
3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптамаға:
1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін анықтау;
2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау;
3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау;
4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау;
6) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) сапасыз медициналық қызметтер көрсетудің себептерін анықтау, оларды жою және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөнінде шараларды қабылдау кіреді.
4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
37-бап. Еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы
1. Азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен медициналық ұйымдардың дәрiгерлерi немесе дәрiгерлiк комиссия жүргiзедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жекелеген жағдайларда облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының шешiмi бойынша мемлекеттік сектордың медициналық ұйымдарында азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiн сараптама жасау орта медициналық білімi бар қызметкерге тапсырылуы мүмкiн.
38-бап. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама
1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе әскери қызметке теңестiрiлген арнайы қызметке жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы қызметтi (әскери жиындарды) өткерiп жүргенде азаматтардың сырқаттануының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) және қайтыс болуының себептi байланыстарын анықтау үшiн жүргiзiледi.
2. Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық дәрежесi көрiнеу дұрыс белгiленбеген, азаматтың денсаулығының нашарлауына, мүгедектiкке немесе өлiмге әкеп соққан кезде, қабылданған шешiмге жауапты адам немесе адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
40-бап. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медицина ұйымдарында сот сараптамасы органдары жүргізеді.
2. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң сот-медицина, сот-психиатрия немесе сот-наркология сараптамаларын тағайындаған органның алдында сараптама комиссиясының құрамына тиiстi маманды оның келісімiмен енгізу жөнiнде өтiнiш жасауға құқығы бар.
3. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
41-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi және ол:
1) қоршаған тiршiлiк ортасы объектiлерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалауды;
2) адамдардың сырқаттануы мен улануының туындау себептерi мен жағдайларын зерттеудi;
3) шаруашылық немесе өзге қызмет процесiнде қабылданатын шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелердiң, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн бағалауды қамтамасыз етедi.
42-бап. Дәрiлiк заттың сараптамасы
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Дәрiлiк заттың сараптамасы - дәрiлiк затты физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен дәрiлiк затты тiркеуге ұсынған нормативтiк құжаттарды зерделеу.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалауды ұйымдар дәрiлiк затқа оның нормативтiк құжаттарына сәйкес жүргiзiлген сараптама негiзiнде, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Сараптаманы дәрілік затты әзірлеуге және өндіруге тікелей қатыспаған, уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.
43-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектiлерi:
1) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерi;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылған ғылыми жұмыстар;
5) денсаулық сақтау iс-тәжiрибесiне енгізу үшiн жоспарланған ғылыми-медициналық әзiрлемелер болып табылады.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
7-тарау. Фармацевтикалық қызмет
44-бап. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеудi:
Қазақстан Республикасының Yкіметі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган;
облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары жүзеге асырады.;
2. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу;
2) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) дәрiлiк заттардың сәйкестігін растау;
4) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылау жасау;
6) уәкiлеттi органның:
негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн;
аурулар түрлерiнiң және амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттар, арнайы емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту рәсімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
45-бап. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын
бақылаудың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және оның аумағына әкелiнетiн дәрiлiк заттар мемлекеттiң бақылау жасауына жатады.
2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесiне:
фармацевтикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
дәрiлiк заттарды әзiрлеуге, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын зерттеу мен сынауға арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, зертханалар;
дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалау жөніндегі сараптама комиссиялары;
дәрiлiк заттар туралы ақпарат жүйесi дәрiлiк заттарға сараптама жасау жөніндегі орталық кiредi.
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
46-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтiң субъектiлерi
1. Негiзгi мiндетi ретiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтi, ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрi - ғылыми ұйым) болып табылады.
2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдарына (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдарына және ғылыми-медициналық қызметпен шұғылданатын өзге де ұйымдарға бөлінедi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық және білім беру қызметiмен шұғылдана алады.
Медицина ғылымы мен білім беру саласында ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және ғылым докторының ғылыми дәрежелері үшiн мына адамдарға:
1) медициналық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкес;
2) ғылыми бағдарламаларды орындайтын медициналық ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдарына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектiлерi қатысқан қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
47-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзiрлемелердiң басымдықтарын қалыптастыруды, азаматтардың денсаулығын сақтауды ғылыми қамтамасыз ету саласындағы республикалық бағдарламаларды үйлестiрудi, медицина ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзiрлеудi денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешендi сараптамасын жүзеге асырады.
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
48-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi
1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиникалық базалар және мамандандырылған даярлықтың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн қажеттi әлеуетi болған жағдайда жоғары, орта медициналық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медицина факультеттерiнде жүзеге асырылады. Білім беру қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Жоғары және орта оқу білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттік үлгiдегi диплом, клиникалық мамандықтар бойынша - интернатураны бiтiргенiн растайтын мемлекеттік үлгiдегi куәлiк, маманның сертификаты олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуiне негiз болып табылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентурада оқыту ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган сұраныстарды ескере отырып орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімдi мамандар даярлауды жоспарлау жүйесiн қамтамасыз етедi.
49-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктiлiк емтихандары
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандары жоғары немесе орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімi бар адамдардың кәсiби медициналық, дәрiгерлiк немесе фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы интернатурадағы оқу аяқталғаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін колледждегі оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі. Біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. Маман кезекті біліктілік емтиханына медициналық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл ішінде біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандарын өткізудiң нәтижелерi бойынша қолданылу мерзiмi бес жылға, біліктiлiк деңгейi туралы белгiленген үлгiдегi құжат (маманның сертификаты) берiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты
1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы дәрiгерi антының мәтiнiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттері
51-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
кәсiби қызметiн жүзеге асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуiне;
бес жылда кемiнде бір рет өзiнiң біліктiлiк деңгейiн мемлекеттік бюджеттiң немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен көтеруге;
штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының тарауына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуiне;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiнiң денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтетуге;
азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншiгіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрін азаматты таяу жердегi медициналық ұйымға жеткізу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығындарын өтетуге;
кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермелеуге;
өзiнiң кәсiби ар-намысы мен абыройын қорғауға құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;
жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
ауруларды профилактикалауға және азаматтардың денсаулығын тыңайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;
аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуiлдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;
халық арасында медициналық білімдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
кәсiби этика талаптарын сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтың аурулары, интимдiк және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
кәсiби деңгейiн үнемi арттырып отыруға мiндеттi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек
қатынастары
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
53-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңның бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
| Н. Назарбаев |