Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңы

(2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Көрсетілген Заңның 73-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңымен күші жойылды

 

Осы Заңның күшіне ену тәртібін қараңыз

 

1 Бөлім. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

2 Бөлім. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру

 

2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

(7 - 10 баптар)

3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы

(11 - 12 баптар)

4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу

(13 - 14 баптар)

5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

(15 - 17 баптар)

6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан ұстап алу тәртібі

(18 - 21 баптар)

3 Бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру

 

7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру

(22 - 31 баптар)

7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

(31-1 - 31-5 баптар)

8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

(32 - 45 баптар)

9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы

(46 - 48 баптар)

10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

(49 - 50 баптар)

11-тарау. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

(51 - 59-1-баптар)

4-Бөлім. Әкери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері

 

12-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

(60 - 66-баптар)

5. Бөлім Қорытынды ережелер

(67 -69 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ашық» деген сөз алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

 

1 Бөлім. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 05.04.99 ж. № 364-1 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 16.05.03 ж. № 416-II; 2005.16.06. № 58-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi;

2) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойды (бұр. ред. қара)

3) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында, уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру;

4) бақылау - заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай талаптардың бiрi болған:

заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) елу пайызынан астамын бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленуi не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болған;

бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне енгiзiлген;

бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп шарттың (растайтын құжаттардың) күшiне қарай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болған кезде туындайды;

5) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;

6) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

7) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;

8) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

9) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;

10) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

11) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

12) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;

13) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi жүргізіледі;

15) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

16) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;

17) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену арқылы айқындау мүмкiндiгi;

18) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:

жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;

жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың күшiне қарай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

19) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;

20) зейнетақы - уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;

21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

22) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

23) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;

24) зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы;

25) зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны;

26) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қорымен және екiншi тараптан салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушы жасасатын, зейнетақы жарналарына, жинақтарына және төлемдер алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;

27) зейнетақы төлемдерi:

уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;

жинақтаушы зейнетақы қорларынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу;

28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

29) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;

30) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша;

31) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы;

32) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк;

33) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

34) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;

35) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын ақша;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды

35-1) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек - есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары;

36) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;

37) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiледi;

38) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

39) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;

40) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

41) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;

42) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;

43) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

44) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

45) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

46) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

47) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

4-бап. ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) (2005.01.06 бастап қолданысқа ендi); 2006.04.07. № 148-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепiлдiктер

1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;

2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;

3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.

3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.

4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.

 

05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларының консервативті және қалыпты инвестициялық портфельдеріне енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельге енгізілген жинақталған зейнетақы қаражатының және осы инвестициялық портфельде болу кезеңінде түскен жарналардың сақталуын осы Заңда көзделген тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып қамтамасыз етеді.

2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау;

2) зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;

2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;

3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;

3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;

4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;

5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу;

6) 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

8) алып тасталды

9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;

10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгізу;

11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттілігi;

12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттік органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы;

12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беріп отыру;

13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;

14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;

15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тарау 6-1-баппен толықтырылды

6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақымен қамсыздандыру саласында:

1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру, сондай-ақ Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

3) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;

4) судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекітеді;

5) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекітеді;

6) салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын олардың біреуіне аудару қағидаларын бекітеді;

7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тарау 6-2-баппен толықтырылды

6-2-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган:

1) салымшылар өз қаражаты есебінен қызметкерлер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын олардың кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;

2) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін жыл сайын арттыру тәртібін әзірлейді;

3) Орталықтан төленетін зейнетақыларды бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптама мекемелеріндегі, емдеу мекемелерінің паталогиялық-анатомиялық бөлімшелеріндегі жұмыстардың тізбесін әзірлейді;

4) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін әзірлейді;

5) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң № 1 тізімін әзірлейді;

6) міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;

7) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу қағидаларын әзірлейді;

8) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;

9) агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді;

10) ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қолданылатын ай сайынғы табысты айқындау қағидаларын әзірлейді;

11) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді;

12) салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын олардың біреуіне аудару қағидаларын әзірлейді;

13) міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына электрондық терминалдар арқылы аудару қағидаларын әзірлейді;

14) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа ұсыну қағидаларын әзірлейді;

15) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын әзірлейді;

16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тарау 6-3-баппен толықтырылды

6-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

2 Бөлім. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру

 

2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

 

ҚР 04.01.02 ж. № 278-II Заңымен 7-бап толықтырылды

7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.

Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.

 

29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар азаматтар санаттары

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;

2) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға - еңбек стажына бара-бар мөлшерде;

3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.

2. Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.

3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған, Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 08.01.03 ж. № 378-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді

9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;

1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;

1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;

2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.

2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:

еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;

әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:

1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі;

2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың 1-тармағында аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап тағайындалады.

6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретінде есептеледі. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезенде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.

 

2006.04.07. № 148-III Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса төленеді.

 

3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы

 

11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

2) әскери қызмет;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кәсiпкерлiк қызмет;

6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;

8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;

2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) арнаулы мемлекеттік орган қызметкері зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс мерзімде;

14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;

15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;

16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;

2) әскери бөлiмдеріндегі жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екi есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;

4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;

6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;

7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;

8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдеріндегі жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;

9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгіндегі жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;

10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Еңбек стажын растау

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.

2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.

3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.

 

4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу

 

05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу

1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыста үзілістер болғанына қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық табыс негізге алына отырып жүзеге асырылады.

«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең ішіндегі орташа айлық табыстың мөлшері халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең ішіндегі орташа айлық табыстың мөлшері жұмыс беруші беретін табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгіленеді.

Зейнетақы төлемдерін есептеу зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күні уәкілетті орган белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.

3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.

2008.24.12. № 110-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.12. № 363-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген отыз тоғыз еселенген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес пайызынан аса алмайды.

 

14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн табысты анықтау

1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.

2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшіндегі табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 110-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.12. № 363-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

 

 

5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

 

 ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 2006.04.07. № 148-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру тәртібі

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган жүргiзедi.

3. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмделуiне көмек көрсетуге мiндеттi.

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 2006.04.07. № 148-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді

16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтiк қорғау органы құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

2. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.

3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.

4. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртібімен шағымдануға болады.

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 2006.04.07. № 148-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді

17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.

2. Арыз бен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.

 

 

6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан ұстап алу тәртібі

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді

18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополия

1. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Орталық мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) әлеуметтiк жеке кодтар берудi;

2) 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және міндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;

2-2) салымшы зейнетақы төлемдеріне құқық алған кезде нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейін ескеріп анықтауды;

3) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;

4) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша өзгертілді

4-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлгенiн растайтын құжаты жоқ (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтаруды;

4-2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражатының аударылғаны туралы электрондық хабарламалар жіберуді және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарынан құралған жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыруды;

4-3) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір жыл ішінде екі рет шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаларды деректердің бірыңғай тізіміне енгізуден бас тартуды ресімдеуді;

4-4) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды;

5) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға агенттердің Орталық есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен төлем құжаттарын табыс етуді;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылды

5-1) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы, жәрдемақы алушылардың істерінің макеттерін қалыптастыруды;

5-2) зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендірілген есепке алуды;

5-3) бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;

5-4) міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасауды;

5-5) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;

5-6) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсынуды;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 19-бап толықтырылды

19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртібі

2006.04.07. № 148-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi ағымдағы ай үшiн төленедi.

2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.

3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.

2006.04.07. № 148-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)

4. Орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

 

20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу

1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.

2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II Заңдарымен (бұр. ред. қара) 21-бап толықтырылды

21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен жасалуы мүмкiн.

2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.

3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.

 

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 3 бөлімнің және 7 тараудың тақырыбтары өзгертілді (бұр. ред. қара)

3 Бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

 

7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу

1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.

2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.

3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3-1 тармақпен толықтырылды

3-1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған;

2) осы Заңның 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлері, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.

4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

2008.10.12. № 101-IV Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді

4-1. Ұстап қалынған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:

1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар қызметкерлерге төленетін табыстардан - табыстарды төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде;

4) оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;

5) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер - патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;

6) 2010.30.06. № 297-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Орталық-әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей аударады.

5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақы шарттарының болмауына байланысты, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есебіне жазылған өсімпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджетке аударады.

Бұл ретте, 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін есебіне жазылған өсімпұл есептен шығаруға жатады.

Бюджетке аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын - бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мұрагерлері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 22-1-бап өзгертілді; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-1-бап. Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.

2007.22.02. № 232-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Қазақстан Республикасынын судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы кірісінін он проценті мөлшерінде міндетті зейнетакы жарналары қосымша белгіленеді.

Судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде көрсетілген жарналар алынады және республикалық бюджетке аударылады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары мәлімделетін табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап есептелуге және төленуге тиіс.

Дара кәсіпкер, адвокат, жеке сот орындаушысы және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады.

3. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 22-2-баппен толықтырылды; 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 22-2-бап өзгертілді

22-2-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.

2. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.

3. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-3-баппен толықтырылды

22-3-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-4-баппен толықтырылды; ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 22-4-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-4-бап өзгертілді

22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн жауапкершiлiк

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр мерзімі өткен күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкілетті орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.

Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.

Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жіберілмейді.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:

1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс етуге міндетті.

2) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.

Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектілік тәртібімен жүргiзедi.

Агенттің банк шотында ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкімдері негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.

4. Салық органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы жояды.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Агенттiң банк шоты болмаған немесе агенттің банк шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеуші агенттің тіркеу нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

23-бап. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:

1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) еркектер - елу бес жасқа және әйелдер елу жасқа толғанда, осы Заңның 31-1-бабының 2-тармағына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болғанда;

3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы мүгедектердің;

4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-1-баппен толықтырыды; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 23-1-бап өзгертілді

23-1-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) елу жасқа толған адамдардың;

2) мүгедектердің;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-2-баппен толықтырыды

23-2-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:

1) елу жасқа толған;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-3-баппен толықтырыды; 2005.13.04 № 40-III Заңымен ( бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 23-3-бап өзгертілді

23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 22-бабының 3-2-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.

Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

5. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Зейнетақы төлемдерін жинақтаушы зейнетақы қоры деректемелері зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы алушының өтінішінде көрсетілетін алушының банктік шотына аударады.

Зейнетақы жинақтарын айырбастау сомаларын қоспағанда, оларды аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді

24-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есепке жазылған) сомалары жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.

Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған сомалары бойынша есеп-қисап салық органдарына осы Заңның 22-бабының 3, 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар бойынша ұсынылмайды.

2. 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.

4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 25-бап өзгертілді

25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

1-1. Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Салымшының, алушының, Орталықтың, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.

2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:

1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;

2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;

3) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.

5) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгіленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.

3. алып тасталды

4. Алушы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетпеген адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес кастодиан - банкте сақталады және соның шотында есепке алынады.

Үлестес тұлғалардың тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгіленеді.

2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.

2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөніндегі, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.

6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиісті шешімі негізінде кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етіле отырып және зейнетақы активтерін жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсімі аяқталғаннан кейін шартты бұзудың белгіленген күніне дейін жиырма күн мерзімде жинақтаушы қордың талап етуімен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында тиісті жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерін хабардар етеді.

8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады.

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27-бап өзгертілді

27-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттердің құқықтары мен міндеттері

1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын осы  жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельде сақтауға;»

2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;

3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;

5) төлемдердi жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алуға;

6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен аударуға;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)

6-1) осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;

10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Агенттердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен Орталықтан қызметкердің мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болуы туралы растама алуға құқығы бар.

3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға;

3) 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасьшың Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндетті.

 

2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен 27-1 баппен толықтырылды; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 27-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 27-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

27-1-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару

1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа зейнетақы қорымен жасасатын шарты бойынша Орталықтың электрондық хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.

2. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударудың тәртібі, сондай-ақ салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына аудару уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

3. Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды салымшы (алушы) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшы (алушы) туралы ақпарат бар және салымшыға (алушыға) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электрондық терминалдар арқылы аударуға мүмкіндік беретін электрондық құжат арқылы жүзеге асырады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 28-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара)

28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 29-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық қағидалары және инвестициялық декларациялары

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;

2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен талаптарын;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;

4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;

5) зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару талаптарын;

6) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және кастодиан банк туралы мәліметтер ұсынуды;

7) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;

8) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақылық қағидаларды белгiлейдi.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялар қабылдайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбір инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мерзімді баспа басылымдарында олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жариялануға тиіс.

Инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

3. Зейнетақылық қағидаларды және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi.

4. Зейнетақылық қағидалар мен инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оларды нашарлатпауға тиiс.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді

30-бап. Салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасатын зейнетақы шарты

1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көрсетілген, уәкілетті органмен келісілген және жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурстарында жарияланған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның филиалдары және (немесе) өзге де бөлімшелері (өкілдіктерін қоспағанда) орналасқан жерден тыс жерде жасасқан жағдайда салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы қолтаңбасының түпнұсқалығын нотариус немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де адамдар куәландыруға тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың есебін олар жасалған жерді, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қойған кезде қатысқан нотариустың немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып жүргізеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін адамдарды тарту процесінде осы адамдарға:

1) ақша;

2) бір сыйлық үшін құны айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен асатын, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жазылмаған сыйлықтар ұсынуға (беруге) тыйым салынады.

Осы тармақтың талабы жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.

2. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер мен талаптар қамтылады:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жері және банктiк реквизиттерi;

2) алушының және (немесе) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi, мекен жайы (егер салымшы жеке тұлға болса), сондай-ақ атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi және заңды тұлға болып табылатын салымшының банктік реквизиттері;

3) шарттың мәнi;

4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

5) зейнетақы жарналарын енгізудiң тәртібі мен шарттары;

6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;

7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртібі;

8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;

9) шарттың қолданылу мерзiмi;

10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртібі мен ережесi;

11) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәліметтер болады.

3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жылда екі реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезінен бастап күшіне енеді.

4. Салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жіберуші қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негізінде он бес жұмыс күні ішінде алушы қорға жіберуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берілмейді.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылады.

 

29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді

31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.

2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына консервативтік және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген номиналдық кiрiстілігiнiң көрсеткiшi портфельдің тиісті түрі бойынша кiрiстіліктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құрайтын болса, онда жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген тәртiппен номиналдық кiрiстіліктiң көрсеткiшi мен кiрiстіліктің ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өз капиталының есебiнен қалпына келтiредi.

Жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфелінің номиналдық кірістілігін және әрбір инвестициялық портфель түрі кірістілігінің ең төменгі мәнін есептеудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

Өзiнiң басқаруындағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтік және (немесе) қалыпты портфелінің активтеріне қатысты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры кiрiстілiктiң ең төменгi мәнiнен төмен емес кiрiстілiк алуды қамтамасыз етедi.

Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген номиналдық кiрiстілiгiнiң көрсеткiшi кiрiстіліктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құраса, бұл жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстіліктiң көрсеткіші мен кiрiстіліктiң ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеу туралы талап қояды.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)

4-1. Егер агрессивті инвестициялық портфельден аудару кезінде жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері агрессивті инвестициялық портфельге түскен жинақталған зейнетақы қаражатының және инфляция деңгейін ескере отырып есептелген агрессивті портфельде болу кезеңінде енгізілген жарналардың сомасынан аз шамада болса, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өз қаражаты есебінен айырманы өтейді.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.

Орталық жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

 

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен осы Заң 7-1-тараумен толықтырылды

7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

 

2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 31-1 бап өзгертілді

31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында және 23-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемiнің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін өмір бойы төлейді. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасасылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жасалады.

3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентінен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Сақтандыру төлемдерін сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банктік шотына аударады.

Сақтандыру төлемдерінің сомасын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 31-2-бап өзгертілді

31-2-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу

1. Зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

2. Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарымен белгіленген мерзімге жасалады.

3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерікті.

4. Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.

5. Зейнетақы аннуитеті шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

6. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екі жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.

Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсаған шығыстары шегеріліп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиіс.

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 23-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасынан асып кеткен жағдайда, осы адамдар бірнеше сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасуға құқылы.

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 31-3 бап өзгертілді

31-3-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтанушының:

1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жетіспейтін соманы ерікті зейнетақы жарналары мен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын біріктіру арқылы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қосымша төлеуді жүзеге асыруға;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жетіспейтін соманы ерікті зейнетақы жарналары мен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын біріктіру арқылы міндетті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымының шотына өз ақшасынан қосымша төлеуді жүзеге асыруға;

2) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуға;

3) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.

2. Сақтанушы:

1) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға міндетті.

3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бір рет және толық көлемде алуға құқығы бар.

4. Сақтандыру ұйымы:

1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

2) зейнетақы аннуитеті шартын үш дана етіп ресімдеуге міндетті, оның екеуі сақтанушыға беріледі;

3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитеті шартында көзделген сақтандыру төлемдері уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешіктірілген әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

 

2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-4-бап өзгертілді

31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған міндеттемелердің орындалуын кешіктірген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 31-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерін есептеуді жүзеге асыру

1. Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемiн есептеуді уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.

2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мерзімдік сақтандыру төлемдерін және сақтанушының қалауы бойынша біржолғы сақтандыру төлемін қамтиды.

Мерзімдік сақтандыру төлемдері осы Заңның 31-1-бабының талаптарына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе өзге де тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымы бірінші мерзімдік сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

4. Біржолғы сақтандыру төлемінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасына қарай, мынадай:

1) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының он пайызынан аспайтын;

2) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен асып кеткенімен, айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының жиырма пайызынан аспайтын;

3) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен асып кетсе, сақтандыру сыйлықақысы сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Салымшымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін қалған не қайта қалыптасқан зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына ішінара немесе толық аударған кезде біржолғы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жол берілмейді.

5. Сақтандырушы осы баптың 4-тармағында көзделген талаппен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшерін сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамға сақтандыру ұйымы төлейтін біржолғы сақтандыру төлемін есепке алмастан, есебіне жазылған сақтандыру сыйлықақысы мөлшеріне қарай есептейді.

 

 

8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын Ұйымдастыру

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 32-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 32-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)

32-бап. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

33-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 34-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары қор биржасы ресми тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген санаттарына енгізілуге тиіс.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде мына талаптардың бірі орындалуға тиіс:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары акционерлер арасында орналастырылуға тиіс, олардың үшеуі және одан көбі бір-біріне қатысты үлестес болмайтын ірі акционерлер болып табылады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорының бір акционерінің не бір-біріне қатысты үлестес болатын акционерлер тобының үлесі жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жетпіс бес пайызынан аз болуға тиіс;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының миноритарлық акционерлерге тиесілі акцияларының үлесі жиынтығында жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болуға тиіс.

Бұл ретте миноритарлық акционердің үлесі оның үлестес тұлғаларымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан аз болуға тиіс.

Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы:

1) корпоративтік басқару кодексінің;

2) корпоративтік хатшы лауазымының;

3) корпоративтік веб-сайттың;

4) «алтын акцияға» тыйым салудың болуын көздеуге тиіс.

 

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды  

34-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық портфельдер

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельдердің мынадай түрлерін:

1) акцияларды қоспағанда, активтері қаржы құралдарына инвестицияланатын консервативтік түрін;

2) активтері қаржы құралдарына, оның ішінде отыз проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланатын қалыпты түрін қалыптастыруға міндетті.

2. Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельді қосымша қалыптастыруға құқылы, оның активтері қаржы құралдарына, оның ішінде сексен проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланады.

3. Зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде инвестициялау объектілерінің тізбесі, қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялардың мөлшері және инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері, хеджирлеу жөніндегі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияны инвестициялық портфельдің әрбір түрі үшін әзірлейді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияға өзгерістерді жылына көп дегенде екі рет енгізуге құқылы.

5. Зейнеткерлік жасына дейін жеті жыл және одан да аз уақыт қалған не зейнеткерлік жасына жеткен тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе басқа кез келген жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивті инвестициялық портфеліне кейіннен аудармайтындай етіп қалыпты немесе консервативтік инвестициялық портфельге аударады.

6. Инвестициялық портфельдi таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын, сондай-ақ зейнеткерлiк жасқа дейiн жетi жыл және одан аз уақыт қалған тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивтi инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп қалыпты инвестициялық портфельге аударад

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 35-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді

35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын, өкілдіктерін құру, жабу

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

2. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалының және өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

1) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тіркеу туралы анықтаманы;

2) тіркеген әділет органының белгісі және мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметін жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бірыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдігі - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.

5. Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:

1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметі;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешім қабылдау алдындағы үш ай ішінде меншікті капиталының жеткіліктілігі мен зейнетақы активтерінің табыстылығы бойынша пруденциялық нормативтерді сақтауы;

3) филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның санкцияларды қолданбауы болып табылады.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі жағдайында жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер ашуға құқылы.

8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:

1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) филиалды (өкiлдiктi) есептiк қайта тіркеу туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.

Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының жинақтаушы зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының көретілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалын немесе өкілдігін әділет органдарында есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының немесе өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

10. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2, 6-8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган филиалды және өкілдікті жабуды талап етеді.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді

36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлерi бола алады.

Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе уәкілетті орган  арқылы ғана құрылтайшы және (немесе) акционер бола алады.

Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ғана жинақтаушы зейнетақы қорының акционерi бола алады.

1-1. Рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционерi бола алады. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

1-1-тармақтың екінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерi - жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы емес.

1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті еместерге (сенімгерлік басқаруға берілген), сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті еместерге тиесілі (сенімгерлік басқаруға берілген) ұйымдарға тиесілі дауыс беретін акцияларының жиынтық саны осы жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.

1-3. Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын сатып алу ниеті бар тұлға бұл туралы хабарламаны акцияларды болжамды сатып алудың басталу күнінен күнтізбелік он күн бұрын жинақтаушы зейнетақы қорына жіберуге міндетті.

Хабарламада:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын акцияларының саны;

2) болжамды сатып алу бағасы;

3) дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу ниеті бар тұлғамен жинақтаушы зейнетақы қоры байланыса алатын осы тұлғаның байланыс деректері (электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

4) жеке тұлға үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;

тұрғылықты жері;

5) заңды тұлға үшін:

атауы;

заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) нөмірі мен күні;

тұрғылықты жері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1-4. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара).

1-5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда), егер оның өз акционерлерінің (қатысушыларының) тіркелген елі туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.

Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігі талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:

1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;

2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2-тармаққа өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде бірде-бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентінен астамын иеленуге, билік етуге және (немесе) басқаруға құқылы емес.

Аталған шектеулер мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.

3. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

4. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара).

5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 36-1-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 36-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы

1. Бірде-бір тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызына қатысты қабылдайтын шешімдерін бақылай алмайды немесе оларға ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін, немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты немесе сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызы тиесілі және мынадай:

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аудитін өз есебінен жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін, өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылмайды.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздерінің меншік құқығына тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен түскен кірістер;

өтініш берушінің құжаттамамен расталған жинақ ақшасы болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша пайдаланылуы мүмкін.

Өтініш беруші жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде сыйға тартушы туралы және аталған мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді;

2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол болғанда) берілген сенімхатты;

3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болғанда, осы қорды немесе ұйымды қайта капиталдандыру жоспарын;

5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

6) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешегі туралы ақпаратты;

7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасының резиденті-зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының осындай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні жөніндегі өтінішті ұсынады.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) өтініш берушінің органының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;

2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға (дербес немесе басқа тұлғалармен бірге) мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;

3) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

4) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді;

7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

8) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.

8. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;

3) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.

9. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің осы елдің заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын ұсынады.

10. Орналастырылған акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) иелену үлесімен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге тілек білдірген тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен ірі жинақтаушы ұсынған бизнес-жоспарды осы бапта белгіленген тиісті мәртебені иелену шеңберінде қарайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес жоспарын жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.

11. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиынтығында он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шешімдеріне өздерінің арасындағы шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;

6) олардың бірі басқа тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздеріне сыйға тартылған ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

12. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижесі туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

Осы бапқа сәйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

Уәкілетті орган тиісті келісімді кері қайтарып алу жөнінде өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.

14. Егер тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімін алдын ала алмастан сәйкес келген болса, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір іс-әрекетті қолдануға және (немесе) осы акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.

Көрсетілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлға өзінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.

Тиісті мәртебені иелену туралы өтініш жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне өзінің сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.

15. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне осы тұлғаның сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған кезде, уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

16. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзіне тиесілі акциялар санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ол тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

17. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына тиесілі акциялары санының пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.

18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өздері осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.

19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14-18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-2-бап өзгертілді

36-2-бап. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тарту негіздері

1. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:

1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

4) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;

6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

7) өтініш беруші - қаржылық ұйым өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;

9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;

11)  жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында  жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;

12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.

2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;

2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;

3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;

4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;

5) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзімі өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның балансына жатқызылған берешегінің болуы;

6) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;

7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады.

3. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар бөлігінде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 37-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеу

Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.

Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қоры қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісі және мөрі бар, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

Құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді

38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздер болуға тиiс.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкiметтiк», «кепiлдiк беретiн», «кепiлдiк берiлген», «сақтық», «сақтандырушы» немесе «сақтандырылған» деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.

3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.

 

05.04.99 ж. № 364-1; 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 39-бап жаңа редакция; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.

 

05.04.99 ж. № 364; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді);2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді

40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:

1) директорлар кеңесін - басқарушы органды;

2) басқарманы - атқарушы органды қалыптастырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген есептіліктің әртүрлі нысандарын қоса алғанда, уәкілетті органға ұсынылатын ақпаратқа, сондай-ақ кастодиандық шартқа сәйкес зейнетақы активтері бойынша ай сайынғы салыстыру жүргізілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.

1-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға қаржы жылы ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының барлық басшы қызметкерлеріне жинақтаушы зейнетақы қоры төлеген табыстар туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанда ұсынуға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі және (немесе) басқармасы мүшелерінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері лауазымын атқаруына болмайды.

2. Мыналар:

1) жоғары білімі жоқ;

2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;

3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.

Директорлар кеңесі мүшелері, сондай-ақ тек қана жинақтаушы зейнетақы қоры қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Уәкілетті органның келісімінсіз жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.

Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

8. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;

2) басшы қызметкерге және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не одан да көп рет) қолдану;

2-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;

3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;

алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.

Уәкілетті орган басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды 

40-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, ол:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;

2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясатты және рәсімдерді;

3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;

4) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2007.19.12. № 9-ІV (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара); 2008.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 41-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:

1) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;

3) уәкiлеттi орган берген лицензиялар негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;

4) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша сотта оның мүдделерiн бiлдiруге;

5) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруге;

6) зейнетақы шартының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;

2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткізуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;

3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

3-2) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызмет көрсетуге;

3-3) рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингіне ие болуға міндетті. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір жинақтаушы зейнетақы қорының ішіндегі басқа инвестициялық портфельге, немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;

6-1) Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылуға тиісті жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы туралы мәлімет беруге;

7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті және уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

10) алып тасталды

11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

11-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;

12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

13) зейнетақымен қамсыздандыру туралы әрбір жеке тұлғамен шарт жасасуды және оны бұзуды, салымшының (алушының) не сенім білдірілген адамның жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтініштерін олардың тұратын жеріне қарамастан қабылдауды және орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір филиалдың осындай қызметтерді көрсетуін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мүлiктi қоспағанда, мүлiктi сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруға;

3) үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін, параметрлері қор биржасы акциялары нарығы индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен сатып алуға;

4) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлеріне айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қаржы көмегін қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржы көмегін көрсетуге;

6) сақтандыру қызметімен айналысуға;

7) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

8) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының мақсаттары үшін банктерден күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімге, меншікті капиталдың мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға;

10) қарыздарды кез келген тәсілмен беруге;

11) кез келген түрдегі кепілдемелер мен кепілдіктерді беруге;

12) жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған тұлғаларды осы баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға тыйым салынады.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын ұлғайту бойынша шаралар қолдануға міндетті.

5. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 41-1-бап өзгертілді

41-1-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 41-2- баппен толықтырылды

41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуін;

2) номиналдық кіріс коэффициентінің төмендеуін;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;

3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгертуді;

4) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;

5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерін беруді;

6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;

7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесін бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельді қайта құрылымдауды жүргізуді;

8) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.

4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 41-3-баппен толықтырылды 

41-3-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.

2. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен нақтылауға құқылы.

3. Мына тұлғаларға:

зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлері болып табылмайтын және жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы қорлары көрсететін қызметтерді жарнама беруші ретінде жарнамалауға тыйым салынады.

4. Зейнетақы активтері туралы ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті инвестициялық кіріс алынған кезеңді көрсету арқылы ғана ұсынуы мүмкін.

 

29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 42-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

42-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі шаралары және санкциялар

1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:

1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;

3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;

4) міндетті түрде қол қойылуға тиіс жазбаша келісім жасасуға құқылы.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мойындау фактісі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгіленген мерзімде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау жөнінде кепілдігі қамтылуға тиіс.

3. Жазбаша келісім - бұл анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті орган арасындағы келісім.

4. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

5. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.

7. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:

1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгіленген негіздемелер бойынша және тәртіппен консервациялау енгізуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және өндіртіп алуға;

3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, сонымен бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

8. Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің кез-келгені бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:

1) негіздемесі бойынша лицензия берілген ақпараттың дәйексіздігі;

2) лицензия берілген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын бір жылдан астам уақытқа кешіктіруі;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы;

4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;

5-1) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптарын орындамауы;

5-2) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;

6) жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебінде көрсетілген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімде жоймауы;

7) есептілік пен мәліметтер бермеу немесе қасақана дәйексіз

есептілік пен мәліметтер беру.

8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы.

9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.

10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарлама жариялау арқылы он күн ішінде салымшылар мен алушыларды хабардар етеді.

11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерін белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті органның лицензиядан айыруы үшін негіз болып табылады.

12. Өзіне қатысты уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

13. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушысы, ірі қатысушылары белгілерін иеленуші тұлғаларға қатысты, егер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын немесе осы Заңның 34-бабының талаптарын бұзуға алып келгенін анықтаса, осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында келтірілген шараларды немесе осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген санкцияны қолдануға құқылы.

14. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-1-баппен толықтырылды; 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 42-1-бап өзгертілді

42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.

2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 8-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.

3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртібімен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-2-баппен толықтырылды

42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы)

1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.

2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.

3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-3-баппен толықтырылды

42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi

1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;

2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;

3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;

5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;

6) консервациялау режиміндегі жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөніндегі нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;

7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.

2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялайды.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-4-баппен толықтырылды;2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 42-4-бап өзгертілді

42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi

1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:

1) эмитенті аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің акцияларды пайдалану және оған билік ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;

2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;

3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің барлық құқықтары, сондай-ақ эмитенті аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушісіне) өтеді.

3-1) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысына) ауысады;

4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келісімiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):

1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;

2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;

3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;

4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-5-баппен толықтырылды

42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:

1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңіндегі iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;

2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;

3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;

4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;

5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;

6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.

2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-6-баппен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 42-6-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

42-6-бап. Консервациялауды тоқтату

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:

1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;

2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.

3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензиядан айыруға құқылы.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 42-7-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42-7-бап жаңа редакцияда

42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

1. Уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;

3) осы Заңның 42-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына немесе «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;

4) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасаған;

5) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының соның нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрақсыз болғаны;

6) осы Заңның 41-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның ірі қатысушысының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған;

8) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 34-бабы, 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан әрекеті немесе әрекетсіздігі орын алған жағдайларда ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан ірі қатысушыға қатысты олардың арасындағы, жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды тәуекелге ұрындыратын, операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

3) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысынан жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды қосымша капиталдандыру бойынша шаралар қолдануды талап етуге құқылы.

3. Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.

Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару белгіленетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды белгілеу туралы тиісті шешімінде анықталады.

Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.

Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.

Сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған жағдайда уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды сату туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық баға бойынша сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларды сату жөніндегі іс-шаралар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 43-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) уәкiлеттi орган қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.

Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:

1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды талаптары, тәртібі мен мерзiмдерi;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.

Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.

2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

3. Қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы.

4. Қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қорына берілуге тиіс.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді

44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден бас тарту

Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:

1) қайта құрылатын Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;

2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;

3) көзделiп отырған қайта барудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы;

4) қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылады.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді

45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.

1-1. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы:

1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттары;

2) ашылған жеке зейнетақы шоттары;

3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.

2. Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібі, тарату комиссиясының өкiлеттi осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.

Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.

Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

4. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есептi бекіткеннен кейiн күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге мiндеттi.

Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін уәкiлеттi органға табыс етеді.

7. Ерікті түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген кезектілікпен қанағаттандырылады.

Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:

1) бірінші кезекте таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін және оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері алдындағы талаптары қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте жалақыдан және (немесе) өзге табыстан ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөнінде, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;

4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі.

Тиiстi кезектілік басталған кезде кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың пропорционалды қағидатын сақтай отырып, мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.

Жинақтаушы зейнетақы қорының активтері бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және (немесе) өзге мүлкі бір мезгілде осы кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға тиіс талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бөлінеді.

Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргізіледі.

8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-1-баппен толықтырылды; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-1-бап өзгертілді

45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатын уәкілетті орган тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

Өтiнiшке мына құжаттар:

1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;

2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;

3) жинақтаушы зейнетақы қорында  жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген міндеттемелердің болмауын растайтын құжат;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның өз қаражатының жеткiлiктi екенін, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелерінің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс пен оған түсіндірме жазба;

5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;

6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.

Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қойып, олар қордың мөрімен расталуға тиіс.

2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткізуге тиіс.

Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.

Өз еркімен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде ол жөнінде ақпарат жариялауға міндетті.

3-1. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.

5. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-2-баппен толықтырылды; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-2-бап өзгертілді

45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратудың ерекшелiктерi

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияларынан айыруға;

3) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.

Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыруға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi қарайды.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды, оған оның барлық органдарының өкілеттіктері беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын іс-әрекет жасаған органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясынан айырылған күннен бастап:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, органдары жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкіне билік етуге құқылы емес;

2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты бұрын қабылданған сот шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына қоятын талаптары тек тарату ісін жүргізу барысында ғана қойылуы мүмкін;

4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуы тиіс талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өндіріп алуға өтінім жасауына жол берілмейді;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруына тыйым салынады;

6) басшы, ал қажет болғанда өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.

Уәкілетті орган зейнетақы активтерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін табыс еткеннен кейін он жұмыс күні ішінде сотқа жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш береді.

Уәкілетті орган лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымындарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындаудың тәртібі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.

Уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткізу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) жинақтаушы зейнетақы қорының меншігі болып табылатын ақшаны уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның зейнетақы активтерінің алдындағы міндеттемелерін төлеуге беруге құқылы.

Уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейін өз қызметін жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) орындалған жұмыс туралы есебі бекіту үшін уәкілетті органға табыс етіледi.

Уақытша әкiмшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.

Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкімшіліктен (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыдан) қабылдап алу және тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етіп жасалатын актімен ресімделеді. Қабылдау-беру актісінің бір данасы - уәкілетті органға, ал екіншісі жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жiберіледi.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банктік шоттар бойынша барлық операцияны тоқтатуға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аударуды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару тоқтатыла тұрады.

Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтерді және міндеттемелерді осы баптың 4-тармағына сәйкес таңдау жүзеге асырылған жаңа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні өткен соң қайта басталады.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.

Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келісім жасауына болмайды.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1) - 4) және 6) тармақшаларында көзделген салдар туындайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттігі тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.

Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртібі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерін және мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өткізуді оның тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.

Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

Тарату тәртібі және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.

7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты шығыстар, осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен жүргізіледі.

7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.

Сот тарату жөніндегі есептi және тарату балансын бекітіп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.

Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-3-баппен толықтырылды; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен ; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-3-бап өзгертілді

45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының таратылу процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi

1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:

1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;

2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;

3) тарату комиссияларының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру жүргiзуге;

4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;

5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;

6) тарату шығыстары сметасын түзудің және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібін белгілеуге;

7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерінің жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

 

9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы

 

ҚР 29.12.02 ж. 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда

46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:

1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;

2) комиссиялық сыйақылар;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді

47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi

1. алып тасталды

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері екі миллиард теңгеден кем болмауға тиіс. Оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.

3. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына ақы төлеу тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен жүзеге асырылады.

4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер басқа тұлғалардың акцияларға орналастырылған активтерін және жарғылық капиталына қатысу үлестерін шегере отырып, өз капиталының шегінде жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.

Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.

5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық төленуге тиiс.

6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары

1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;

2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейдi.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

Комиссиялық сыйақының шамасы кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан бiр ай бұрын хабарлануға тиiс.

Комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.

 

10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III; 2005.16.06 № 58-III (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 49-бап өзгертілді

49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептілік

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есепті жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қаражаты және зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептемені және бастапқы статистикалық деректерді бөлек береді.

2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.

2-1. Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен белгіленедi.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 49-1-баппен толықтырылды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 49-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 49-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 49-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудиті

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес аудиторлық ұйым жүргiзедi.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебі аудитордың - орындаушының және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірін және осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептіліктің жасалуы тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 49-2-баппен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 49-2-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-2-бап жаңа редакцияда

49-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының есептілігі

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:

1) басқа тұлғалармен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге шарттың негізінде не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;

2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;

4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;

5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларациясы болған кезде, оның көшірмесін беруге тиіс.

3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:

1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:

1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;

2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;

3) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.

Жинақтаушы зейнетақы қорында немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға табыс етуге тиіс.

Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлға болып табылатын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.

7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді. Бұл ретте, егер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңде табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 49-3-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 49-3-бап жаңа редакцияда

49-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына аудит

1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары үшін міндетті.

Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға берілуге тиіс.

2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.

4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық ахуалына әсерін тигізетін, аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды көрсетілген тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты тиісті лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

5. Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

1) жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды лицензиясынан айыруға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді

50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және Орталық жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн, осы баптың 3 - 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;

2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;

2-1) сот орындаушыларына - сот орындаушысының сот санкция берген қаулысының негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша.

4) уәкілетті органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;

5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;

6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат немесе сот шешімі негізінде;

6-1) Орталыққа - міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшін;

6-2) орталық атқарушы органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 7) тармақша  өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға;

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен  8) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берiлуi мүмкiн.

5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерістерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.

6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге беріледi.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді

52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлік қоғам нысанында құрылады.

1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.

1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.

1-3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталының елу пайызынан аспауы керек.

Осы тармақтың талабы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталынан:

1) бөлінбеген пайда есебінен;

2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын азайту есебінен елу пайыздан асатын мөлшерге дейін ұлғайтқан жағдайға қолданылмайды.

1-4. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйым - орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:

1) Қазақстан Республикасы резидент еместерінің;

2) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резидент еместерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының не оларға ұқсас Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының;

3) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің (сенімді тұлғаларының) не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың қаражатына иелік етушілер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында «зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерi болуға тиiс.

3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртібі мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 53-бап өзгертілді; ҚР 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 53-бап жаңа редакцияда

53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық басшы қызметкерлеріне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылының ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының мүшелері зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымында бола алмайды.

3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 54-бап өзгертілді

54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.

3. алып тасталды

4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.

5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.

6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.

 

05.04.99 ж. № 364-1 ҚР Заңымен; 29.12.02 ж. № 369-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді

55-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу

1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:

1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;

3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;

4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;

5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;

6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:

1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;

2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мақсаты үшін банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;

3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелерді, зейнетақы активтерін басқаруға шарттар жасасуды, эмитенттің инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын, артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруды, эмитенттен инвестициялық портфеліндегі акцияларды сатып алуды талап етуді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен үлестес тұлғалармен мәмілелер жасасу;

3-1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не параметрлері қор биржасының акциялары нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілді тізіміне) не базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алуға;

3-2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

3-3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, меншікті активтер есебінен бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек ұсынуға;

4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;

5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;

6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;

7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату («қысқа сатулар») туралы шарттар жасасуға;

8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;

9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;

10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

56-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыруы

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 57-бап өзгертілді

57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.

Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

Зейнетақы активтерін немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 58-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 58-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 58-бап өзгертілді

58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.

 

ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 59-бап өзгертілді

59-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi

Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 59-1-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 59-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

59-1-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.

2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.

3. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

 

ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бөлімнің тақырыбы өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

12-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

 

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:

1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;

3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.

3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.

4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

 

61-бап. Еңбек сіңiрген жылдары үшiн Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерi

1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:

1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетілген негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болғанда - толық көлемде;

2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетілген негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін болса, толық емес көлемде тағайындалады.

2. Орталықтан толық көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың елу процентi есебiнен белгiленедi.

3. Орталықтан толық емес көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңiрген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентi есебiнен белгiленедi.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтілінің әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.

 

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 62-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу

Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен есептеп шығарылады.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелік жылдар бойынша есептеледi.

 

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi

1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.

2. Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерiне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы (қосымша ақы) кiредi.

3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi соңғы қызмет атқарған жерiнің тиiстi қаржылық органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.

 

64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиiстi қызметтердi қамтуға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, Кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, iшкi iстер органдарының және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.

 

65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі

1. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақталып бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi өтілі он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.

Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.

 

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

 

5-Бөлім. Қорытынды ережелер

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар

1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.

2. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.

4. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртібі және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.

 

68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

 

69-бап. Осы Заңды күшiне енгізу тәртібі

Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

Н. Назарбаев