Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж. № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар):

1) 88-бапта:

үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 88-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 205-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;

«алтыға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;

«бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырықтан жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

«алпыстан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден екі жүзге дейінгі» деген сөздер «бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 205-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi

заңсыз жүзеге асыру

1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

5) 206-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық бec» деген сөздермен ауыстырылсын;

«алпыстан сексенге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыздан елуге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«сексеннен жүзге дейінгі» деген сөздер «тоқсан айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің он бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздер «үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес жүзден бір мыңға дейінгі» деген сөздер «жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 208-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 209-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 213-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«213-бап. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу,

тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу

ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе

жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу

1. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу, -»;

9) 215-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырма беске дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі» деген сөздер «сегіз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 216-бапта:

бірінші бөліктің оныншы абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 218-баптың екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 219-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бec» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 358-бапта:

бірінші, екінші және үшінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 358-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «- сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«- қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «- он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«- қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 360-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 570-бапта:

бірінші бөлікте:

«Салық органдары» деген сөздер «Салық қызметі органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«205-1, 206, 207, 208-1, 209-212» деген цифрлар «205-212» деген цифрлармен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Салық қызметінің» деген сөздер «Салық қызметі органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма жетінші абзацындағы «салық органдарының» деген сөздер «салық қызметі органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат;  № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар, № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар):

1) 10-баптың 1-тармағында:

2) тармақша «ескере отырып);» деген сөздерден кейін «вексель бойынша төлемдер;» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:

«22-2) негізгі құралдар - өндірісте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруге, жалға беруге және (немесе) әкімшілік мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлік;»;

2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Салық төлеуші салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»;

3) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Салық агенті салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»;

4) 16-бапта:

1-тармақта:

5) тармақша «құжаттар беруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептілігін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржылық есептілігін» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мыналарға:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен дара кәсіпкерге;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;»;

12) тармақшадағы «4) тармақшасында» деген сөздер «1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.»;

5) 21-баптың 4-тармағы «(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздерден кейін «уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 29-баптың 4-тармағындағы «акцептің алған күннен бастап» деген сөздер «акцептін алған күннен бастап немесе салық төлеуші төлемді банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 31-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.«;

2-тармақтың 9) тармақшасындағы «кешіктірмей жіберіледі.« деген сөз «кешіктірілмей;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.»;

4-тармақтағы «Хабарлама» деген сөз «Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, жіберу фактісі сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-1-тармақта:

«хабарлама тапсырылған» деген сөздер «(өзі) хабарлама тапсырылған (алған)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 32-баптың 2-тармағында:

«хабарлама тапсырылған» деген сөздерден кейін «(салық төлеуші хабарлама алған)» деген сөздермен толықтырылсын;

«он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу осындай салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық есептілігінде (тарату есептілігін қоспағанда) көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі де өтеледі.»;

10) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

«1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.»;

11) 6-тараудың тақырыбында «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп

айырысу кезінде салық төлеушінің артық төлеген салық,

төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.

Осы Кодекстің 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.

2. Осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскелерін пайдаланғаны, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақылар төлемақы деп танылады.

3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:

салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне міндетті есепке жатқызылуға тиіс.

4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:

салықтың басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс.

5. Бюджетке артық төленген өсімпұл сомасы:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша бересі мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:

салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс.

6. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсімпұл төлейтін жердегі салық органы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізеді.

7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзімі бұзылған әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы басқа салық төлеушінің салық міндеттемесі бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмауға тиіс.».

13) 40-бапта:

тақырыбы «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ «Салықтың» деген сөзден кейін «төлемақының, өсімпұлдың» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «салықтың» деген сөзден кейін «төлемақының, өсімпұлдың» деген сөздермен толықтырылсын;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.»;

4-тармақ «төлемдердің» деген сөзден кейін «, өсімпұлдың» деген сөзбен толықтырылсын;

14) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«45-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін

орындауды қамтамасыз ету тәсілдерi

Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау:

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;

2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзімдерде хабарлама жіберген кезде қолданылады.

Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тәсілі салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы салық қызметі органдары жасаған актінің және салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін еместігі туралы тиісті құқық қорғау органдары жауабының негізінде бес жұмыс күні ішінде қолданылады.

Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.»;

15) 47-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «бермеген жағдайларда жүргізіледі.« деген сөздер «бермеген;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы Кодекстің 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.»;

16) 51-баптың 1-тармағы «өндіріп алу» деген сөздерден кейін «банк шоты болмаған немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 52-баптың 1-2-тармағының екінші бөлігіндегі «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

18) 58-баптың 2) тармақшасындағы «, бөліну және қайта құрылу» деген сөздер «және бөліну» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 61-бапта:

1-тармақ «тіркегені» деген сөзден кейін «және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1-тармақ «кепілін» деген сөзден кейін «және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді» деген сөздер «Көлік құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6, 6-1 және 7-тармақтар алып тасталсын;

20) 68-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, қызметтерін уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш береді. Қызмет өтініште көрсетілген, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылуға жатады.

Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш беруге құқылы.

Салық органдары қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. Салық берешегінің болуы немесе осы Кодекстің 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етпеу қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.

Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзінің салық міндеттемелерін орындайды.

Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушінің (өкілінің) өзіне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.

Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген күннен бастап қызметі уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледі.

Қызметті уақытша тоқтата тұру қызметті қайта бастаған күнге дейін алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін тапсырмау үшін негіз болып табылады.»;

21) 69-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиіс.»;

7-тармақта:

екінші бөлік «бөлек салық» деген сөздерден кейін «(тарату)» деген сөзбен толықтырылсын;

үшінші бөліктегі «Осы тармақта көрсетілген есептілік» деген сөздер «Таратудың салық есептілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс ету күні басталмайтын салық есептілігі (тарату есептілігін қоспағанда) осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімге дейін табыс етіледі.«;

мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

«7-2. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайда қызмет уақытша тоқтатылған кезде салық кезеңі басталғаннан қызмет тоқтатылатын күнге дейін салық есептілігі жасалады. Осы тармақта көрсетілген есептілік қызметті уақытша тоқтату туралы өтінішпен бір уақытта табыс етіледі.

Қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш қызметті уақытша тоқтатудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылған жағдайда осы тармақта көзделген салық есептілігі табыс етілмейді.»;

22) 70-баптың 1-тармағы:

«жазбаша» деген сөзден кейін «(электрондық)» деген сөзбен толықтырылсын;

«орган салық декларациясын» деген сөздерден кейін «және (немесе) салық төлеушілер табыс ететін, электрондық мониторингке жататын құжаттаманы» деген сөздермен толықтырылсын;

23) 71-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзімі ішінде жол беріледі.

Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен рұқсат етіледі.»;

2 және 4-тармақтар «Салық төлеушінің», «салық төлеуші» деген сөздерден кейін « , салық агентінің», « , салық агенті» деген сөздермен толықтырылсын;

24) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

«73-1-бап. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде салық салу

объектілерін түзету

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін заңнамасына сәйкес салық төлеуші мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін дербес анықтаған кезде салық төлеуші салық салу объектілерін және салық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.»;

25) 74-баптың 1-тармағында:

бірінші бөліктің бірінші абзацында «мүлікті беру» деген сөзден кейін «,» белгісі қойылсын;

үшінші бөлікте «Ішкі лизинг кезінде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезінде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг» деген сөздер «Лизинг» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Салық салу мақсатында мұндай мәміле лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы - негізгі құралдардың иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлем ретінде қаралады.»;

26) 80-баптың 2-тармағында:

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыстар;»;

15-1) тармақша алып тасталсын;

27) 82-баптың 2-тармағында:

бірінші бөлікте «баланстық» деген сөз «бастапқы» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлік алып тасталсын;

28) 86-бап «табыстары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретін салық төлеушінің борышты талап ету құқығын өткізу құны мен талап ету құқығын беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілген талап ету сомасының арасындағы оң айырма түрінде айқындалатын, талап ету құқығын өткізу күніндегі табыстары» деген сөздермен толықтырылсын;

29) 89-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасы «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған субсидияларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтағы «, сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарын кірістің пайда болуы туралы міндетті түрде хабардар етеді» деген сөздер алып тасталсын;

30) мынадай мазмұндағы 90-1-баппен толықтырылсын:

«90-1-бап. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану

кезінде алынған шығыстардан асып түсуi

1. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға тиіс (алынған) шығыстардан асып түсуі салық төлеушінің жиынтық жылдық табысына қосылады.

2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, салық төлеуші мынадай қызмет түрлерін:

1) медициналық қызметті;

2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;

3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті;

4) қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті;

5) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының пайдалану объектілері әлеуметтік сала объектілеріне жатады.

Осы баптың мақсаттары үшін табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалады.»;

31) 91-бапта:

1-тармақтың 1-1) тармақшасындағы «дивидендтер,» деген сөз алып тасталсын;

2-тармақта:

бірінші бөлікте «Активтерді» деген сөз «Тауар-материалдық қорларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

«Активтерді» деген сөз «Тауар-материалдық қорларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«салық органына жазбаша хабарлап,» деген сөздер алып тасталсын;

32) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) вексель бойынша төлемдер;»;

33) 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлік есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргізіледі.»;

34) 100-бапта:

4-тармақтағы «оқыту төлеміне» деген сөздер «оқытуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:

1) оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;

2) оқитын адамның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген норма шегіндегі шығыстарды;

3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейін кері қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығыстарды қамтиды.";

35) 101-баптың 1-тармағында:

бірінші бөлікте:

«бағалау және абаттандыру кезеңінде» деген сөздер «бағалау, абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, сондай-ақ» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке топ құрылғаннан кейін және коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.»;

36) 104-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) сот жалған кәсіпорын деп таныған салық төлеушімен қылмыстық қызметтің сот белгілеген басталу кезінен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;

1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарылған әрекетсіз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда, мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдар;»;

37) 107-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қазақстан Республикасының шама бірлігінің мемлекеттік эталондары;»;

38) 113-баптың 2-тармағы «(бөлшектерін)» деген сөзден кейін «және құрамдас бөліктерін» деген сөздермен толықтырылсын;

39) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «төлемдері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектісі болып табылмайды.« деген сөздер «төлемдері;» деген сөзбен ауыстырылып, бөлік мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) эмитент меншікті акцияларын орналастырған кезде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып түсуі және эмитент меншікті акцияларын өткізген кездегі құн өсімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектісі болып табылмайды.«;

40) 121-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «тарихи және мәдени» деген сөздер «тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;

41) 122-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шығыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегінде әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;»;

42) 126-бапта:

7-тармақтағы «құрылған күннен» деген сөздер «мемлекеттік тіркелген күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін және жалпы белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;

43) 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеуді тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.";

44) мынадай мазмұндағы 130-1-баппен толықтырылсын:

"130-1-бап. Резиденттердің халықаралық шарттарды шет

мемлекеттерде қолдану тәртібi

1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрі - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегі көзден табыс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе ішінара салық салуға мүмкіндік алу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы.

2. Халықаралық шарт ережелері резиденттерге осы Кодекстің 193-бабында белгіленген шарттар орындалған кезде қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда, резидент уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімде салық органына салық резиденттігін растау құжатын алуға өтініш береді.";

45) 131-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша - жинақтаушы зейнетақы қорларына, орналастырылған активтер бойынша өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;";

4) тармақшадағы "дивидендтер," деген сөз алып тасталсын;

46) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"133-бап. Төлем көзінен салықты аудару тәртібi

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған салық сомаларын аударуға міндетті.

2. Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкілдік орналасқан жер бойынша жүргізеді.";

47) 134-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

48) 139-бапта:

2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркелген активтерді пайдалануға берген кезден бастап беріледі.";

6-тармақтағы "келісім-шарт жасалған күнтізбелік жыл" деген сөздер "инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген кезге дейін күнтізбелік он екі ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

49) 140-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді, осындай объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тараудың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерге кеңсе, өнеркәсіп ғимараттары мен қоймалар жатады.

Осы тармақта көзделген жеңілдіктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.

Егер салық төлеуші осы тармақта көрсетілген айналымдармен қатар өткізу жөніндегі басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетілген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.";

50) 144-бапта:

26) тармақша "қызметкерлерді" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен" деген сөздермен толықтырылсын;

30) тармақшада:

"заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:

"41) міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.";

51) 153-бапта:

2-тармақтағы "ұлғаю нәтижесімен" деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

52) 153-1-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 153-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.";

4-тармақ алып тасталсын;

53) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"154-бап. Біржолғы төлемдерден түскен табыс

Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:

1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерінің қызметіне байланысты табыстар бойынша төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;

2) жеке тұлғалардан мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін оларға төленетін төлемдерді қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.";

54) 163-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) жеке кәсіпкердің осы Кодекстің 169-бабына сәйкес айқындалатын табысы;";

55) 25-тараудың 3-параграфының тақырыбындағы "салық салынатын" деген сөз алып тасталсын;

56) 169-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"169-бап. Дара кәсіпкердің табысы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледі.

2. Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің табысы осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес айқындалады.";

57) 171-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы және 2-тармағындағы "144-бабы 1-тармағының" деген сөздер "144-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

58) 172-баптың 1-тармағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "сайлау туралы және" деген сөздермен толықтырылып, "заң" деген сөз "заңнамалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

59) 177-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтізбелік алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.";

3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

4-тармақтағы "уақытша немесе" деген сөздер "он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және" деген сөздермен ауыстырылсын;

60) 178-бапта:

2) тармақшадағы "(адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызмет," деген сөздер "(адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметтерден," деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) борышты талап етуді алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезінде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар;";

6) тармақшадағы "және осындай заңды тұлғаға қатысу үлесінен түсетін табыстар" деген сөздер алып тасталсын;

14) тармақшадағы "немесе өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

61) 179-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

62) 180-баптың 1) тармақшасындағы "қатысу үлесінен түскен табыстар және" деген сөздер алып тасталсын;

63) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"181-бап. Төлем көзінен табыс салығын аудару тәртібі мен

мерзімдерi

1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығын салық агенті мемлекеттік бюджетке:

1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма жұмыс күні ішінде;

2) есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.

Өтеу мерзімдері осы тармақшада белгіленген мерзім аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.

2. Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізеді.";

64) 182-бапта:

"15" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Салық агенттері резидент еместің табыстары шегерімге жатқызылған есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, тіркелген жері бойынша салық органдарына төлем көзінен ұсталған табыс салығы жөніндегі есеп-қисапты табыс етуге міндетті.";

65) 183-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарына, осы Кодекстің 180-бабында белгіленген ставка бойынша салық салынуға тиіс.";

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Мыналар:

1) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;

2) мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар салық салуға жатпайды.";

2-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "эмитент тіркелген жер бойынша" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

66) 184-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:

1) осы Кодекстің 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;

2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметке баламалы немесе соған ұқсас қызметті жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған кезден бастап тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.";

3-тармақ алып тасталсын;

67) 187-бапта:

3-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Табысты төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен табыс салығын салық агенті ұстайды.

Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.";

68) 187-1-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігінде "(келісім-шартта, келісімде)" деген сөздер "(келісім-шартта)" деген сөзбен ауыстырылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 187-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.";

9-тармақ алып тасталсын;

69) 190-бапта:

1-тармақтың үшінші абзацындағы "резиденттер шығарған" деген сөздер "осы Кодекстің 178-бабы 3) тармақшасында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының елу процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

70) 191-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "(келісім-шарттың, келісімнің) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың" деген сөздер "(келісім-шарттың)" деген сөзбен ауыстырылсын;

71) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"194-бап. Халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және

оларды қолдану тәртібi

Осы Кодекстің 193-204-баптарының ережелеріне сәйкес халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және олардың ережелерін қолдану уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";

72) 195-баптың 1-тармағы "сомасы" деген сөзден кейін ", резиденттің осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде," деген сөздермен толықтырылсын;

73) 198-бапта:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.

Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

10-тармақта:

"он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"белгіленген мерзім" деген сөздер "осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақта:

"белгіленген мерзім ішінде" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

"он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"соманы" деген сөз "салық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

16-1-тармақта:

"тоқсан сайын" деген сөздер алып тасталсын;

"банктер" деген сөзден кейін ", есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

74) 198-1-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтінішті резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) аяқтағаннан кейін салық органына табыс етеді.";

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, салық органына өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органы өтінішті қарайды және онда көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстің 40-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргізеді.

Резидент емес талап етілетін құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

4-тармақта: "он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"белгіленген" деген сөз "осы баптың 2-тармағында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

75) 199-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі "резиденттігін" деген сөздің алдынан "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін," деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

бірінші бөліктегі "резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда" деген сөздер "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ," деген сөздермен ауыстырылсын;

76) 200-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Егер резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және тиісті халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезінде салық агентінің резидент емес ұсынған, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттікті растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шартты өздігінен қолдануға құқығы бар.

Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.

Осы бапта белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:

1) дивидендтерге;

2) сыйақыларға (проценттерге);

3) роялтиге;

4) сенімгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;

5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;

6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;

7) күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға;

8) осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.";

77) 201-бапта:

1-тармақ "резиденттікті" деген сөздің алдынан "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін," деген сөздермен толықтырылсын;

78) 201-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

Алынған (есептелген) табыстардың сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға:

осы Кодекстің 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда;

осы Кодекстің 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында көрсетеді.

Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептілігінің тиісті нысанын табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстің 198-1-бабында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.";

79) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"203-бап. Халықаралық шарттың ережелерін және резиденттіктi

растайтын құжатты қолдануға өтініш беру кезінде

қойылатын жалпы талаптар

1. Осы Кодекстің 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:

1) салық төлеуші өтінішпен бірге:

жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;

резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;

орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әртүрлі жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; объектіні пайдалануға қабылдау актісін және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; қызметтер көрсету фактісі мен мерзімін растайтын шотты, төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актісін;

жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып табыс еткен;

2) салық агенті:

есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттарды:

резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтініштерінің көшірмелерін салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен қоса табыс еткен;

3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы резидент емес салық төлеушінің резиденттігін (аталған өтініш бланкісінде немесе резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса тіркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және осы Кодекстің 195, 198-201-1-баптарының мақсаттары үшін тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркелу деректері өзгерген жағдайда, көрсетілген баптарда белгіленген тәртіппен өзгерген деректерді ескере отырып, резиденттігін растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттігін (резиденттігін растайтын құжатты) растаған органның және резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрін дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.

2. Осы Кодекстің 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3)-4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.

Салық төлеушінің резиденттігін растайтын осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір мезгілде салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылатын жердегі салық органына табыс етеді.";

80) 208-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "салықтан босатылатын" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

81) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшін жоюға тиіс.";

82) 210-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін;

мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:

"2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 31-бабына сәйкес хабарлама жібере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Осындай қосылған құн салығын төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күні уәкілетті мемлекеттік органның WEB-сайтында орналастырылады.

2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушілер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.

2-4. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметін уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің қолданысын тоқтатуды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.";

4-тармақта:

"өзін" деген сөз алып тасталсын;

"берген" деген сөз "берілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

83) 211-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"5) кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;";

3-тармақтың 6) тармақшасындағы "меншігіне беруі, өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "меншігіне беруі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешекті қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";

84) 215-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.";

85) 217-баптың 7-тармағындағы "Осы Кодекстің 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде" деген сөздер "Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

86) 221-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы баптың мақсаттары үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негізге алына отырып айқындалады.";

87) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

"Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.";

88) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:

"223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу

Қазақстан Республикасы резиденттерінің өз өндірісінің шикізатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы ұйымдарына сатуы жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.";

89) 225-бапта:

7) тармақшадағы "мемлекеттік мекемелердің" деген сөздерден кейін "немесе мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздермен толықтырылып, "беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды" деген сөздер алып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;";

17) тармақшадағы "өндірілген және" деген сөздерден кейін "осы аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын;

90) 226-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты

айналымдар";

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Тұрғын үй ғимаратын өткізу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:";

2) тармақшадағы "ғимаратты" деген сөз "тұрғын үй ғимаратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

91) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

"12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;";

92) 234-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;";

93) 235-бапта:

2-тармақта:

1) тармақшадағы "1-1," деген цифрлар алып тасталсын;

1-1) тармақша алып тасталсын;

6) тармақшадағы "8" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.";

3-тармақ алып тасталсын;

94) 237-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиіс." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) осы Кодекстің 209-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиіс.";

95) 238-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша міндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиіс.";

3-тармақ алып тасталсын;

96) 240-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Тауарлар сатып алынатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнінде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткізу кезінде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін сату жөніндегі айналымға тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.";

97) 242-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізген жағдайда;";

98) 246-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.";

2-тармақта:

"кем" деген сөз "астам" деген сөзбен ауыстырылсын;

"тоқсан" деген сөз "күнтізбелік ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

99) 250-бапта:

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеуші өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.";

2-тармақта:

бірінші бөліктегі "міндеттемені және" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі "Міндеттемелер", "екі" деген сөздер "Міндеттеме", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

100) 251-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.";

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

"4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.";

101) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"252-бап. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

бойынша қосылған құн салығын қайтару

1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және:

1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;

2) осы Кодекстің 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшін қажетті құжаттар;

3) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;

4) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;

5) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;

6) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

2. Қосылған құн салығын қайтару:

1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.

Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.

Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;

2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;

3) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;

4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;

5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;

6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.

3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.

4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.

Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:

1) қарсы тексерулер:

бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;

электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;

осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;

2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;

3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.

5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:

1) шағын бизнес субъектілері;

2) шаруа (фермер) қожалықтары;

3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.

6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.";

102) 257-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

103) 259-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацындағы "мұқтаждарына" деген сөзден кейін "және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

104) 260-баптың 4-тармағындағы "қажеттеріне" деген сөз "мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

105) 266-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар:

ойын столы;

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

бірнеше ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетканы қоспағанда);

тотализатор кассасы;

букмекер кеңсесінің кассасы;

электронды рулетка салық салу объектісі болып табылады.";

106) 271-баптың 8-тармағындағы "Шарап материалын" деген сөздерден кейін "және сыраны" деген сөздермен толықтырылсын;

107) 275-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

108) 278-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Шикі мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшін мыналар түсініледі:

а) шикі мұнайды, газ конденсатын темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифіне ақы төлеу;

б) шикі мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөніндегі шығыстар;

в) шикі мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар.";

109) 278-6 және 278-7-баптардағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

110) 279-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;

111) 282-бапта:

5-тармақтың екінші бөлігіндегі "келісім-шарттарға" деген сөздерден кейін "және барлаумен және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Қорларын осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 281-бабында белгіленген тәртіппен солар бойынша төлемдер жүргізеді.";

112) 295-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

113) 296-баптағы ", сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;

114) 297-баптың 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтары алып тасталсын;

115) 299-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Роялтиді есептеу мақсатында алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.

Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсініледі.";

5-тармақтағы "сатылмаған" деген сөзден кейін "не толық сатылмаған" деген сөздермен толықтырылсын;

116) 301-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

117) 304-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

118) мынадай мазмұндағы 311-1-баппен толықтырылсын:

"311-1. Төлеушілер

Өнімді бөлу жөніндегі келісім-шартта өзгеше келісілмесе, өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер болып табылады.";

119) 314-2-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

120) 314-3-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

121) 316-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "қызмет көрсетудің өтемді шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетін төлемдерді қоспағанда) төленетін төлемдер," деген сөздер алып тасталсын;

122) 317-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес осы тармақ салық төлеушілерге олар өз қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде қолданылмайды.";

123) 323-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;

124) 324-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.";

125) 326-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тазарту құрылғылары" деген сөздер "электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

126) 329-бапта:

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:";

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:";

127) 54-тараудың 5-параграфының тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

128) 337-бапта:

тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

129) 340-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.";

130) 341-баптың 3-тармағында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

131) 344-баптың 2, 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар және 5-тармағындағы "15-інен" деген сөз тиісінше "20" деген цифрлармен және "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

132) 348-1-баптың 3-тармағындағы "жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар," деген сөздер алып тасталсын;

133) 351-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасындағы "заңды тұлғалар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.";

134) 353-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізгі құралдардың құрамдас бөліктері.";

135) 354-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің қалдық құнына кірмейді.";

136) 359-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;

137) 361-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "мүгедектер." деген сөз "мүгедектер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.";

138) 363-баптың бірінші абзацындағы "және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;

139) 368-баптың 3-тармағындағы "және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын" деген сөздер алып тасталсын;

140) 369-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

"(тұрақты үлгі бөлімдерде)" деген сөздер "(оқшауланған блоктарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

"шағын бизнес субъектілеріне арналған" деген сөздер алып тасталсын;

141) 370-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "132-134-баптарын, 135-бабының 2-тармағын," деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы "күнтізбелік жыл" деген сөздер "он екі ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

142) 373-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды:

1) қызметі ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;

2) осы Кодекстің 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар жүргізеді.

Нарықтағы қызметті жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жүргізеді, сондай-ақ оны дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкілі қызметкердің біржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатын және салық төлеуші (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға) куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде жүргізуі мүмкін.";

143) 374-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.";

2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.";

3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті табыс етеді.

Патент дара кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.";

"5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.";

144) 378-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есепті кезеңнен кейінгі салық мерзімінен бастап салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде көшеді.";

4-тармақта:

бірінші бөлікте:

"жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;

"20 ақпаннан" деген сөздер "осы арнаулы салық режимі қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан (бірінші салық кезеңінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі "алған күні" деген сөздер "алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

145) 382-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер тиісінше "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;

146) 383-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған тиісті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.";

147) 384-баптың 4) тармақшасындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

148) 385-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) филиалдардың, өкілдіктердің;";

149) 390-бапта:

2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

3-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

150) 68-тараудың тақырыбындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;

151) 398-баптың 1-тармағындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;

152) 399-баптағы "заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

153) 70-1-баптың тақырыбындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

154) 406-1-баптың 1-тармағында:

"Жылжымалы мүлік кепілін" деген сөздерден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

"жылжымалы мүлік кепілін" деген сөздерден кейін ", кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

155) 406-2-баптың 1-тармағындағы "кепілін тіркеуді жүзеге асыратын" деген сөздер "кепілі туралы шартты, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы шартын жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;

156) 72-тараудың тақырыбындағы "Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді" деген сөздер "Көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

157) 410-баптың 1-тармағында:

"Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді" деген сөздер "Көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

"тіркемелерді" деген сөзден кейін ", теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

158) 411-баптың 1-тармағындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін ", теңіз, өзен және шағын көлемді кемелері, азаматтық әуе кемелері бар" деген сөздермен толықтырылсын;

159) 73, 73-1 және 74-тараулар алып тасталсын;

160) 430-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Алым төлеу аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

161) 431-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.";

162) 438-баптың 1-тармағындағы "беру" деген сөзден кейін "(қайта ресімдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;

163) 445-баптың 3-тармағындағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

164) 447-баптағы "2-тармағында" деген сөздер "2, 4-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

165) 448-баптың 9-тармағы алып тасталсын;

166) 450-бапта:

1-тармақтағы "ақысы", "және (немесе) декларацияны" деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін;

3-тармақ алып тасталсын;

167) 451-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "су ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "Су ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық" деген сөздер "Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

168) 453-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) мыналарды:

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;";

169) 454-баптың 2-тармағындағы "cy ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "cy қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

170) 455-баптың 5-тармағы алып тасталсын;      

171) 456-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

172) 458-бапта:

1-тармақтағы "ақы төлемдері сомасының есеп-қисабы мен декларацияны" деген сөздер "төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақтағы "төлемақы сомалары бойынша декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта:

"мен төлемақы сомалары жөніндегі декларация" деген сөздер алып тасталсын;

"cу ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

173) 463-бапта:

6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

7-тармақ алып тасталсын;

174) 465-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Төлемақы төлеушілер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.";

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақтағы "төлемақы сомалары жөніндегі декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы "мен төлемақы сомалары жөніндегі декларация" деген сөздер алып тасталсын;

175) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) мемлекеттік орман иелері - ағашты түбірімен жөнелткені үшін аралық пайдалануда ағаш кесуді және басқа да кесулерді жүзеге асыру кезінде;";

176) 482-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

177) 484-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";

3-тармақ алып тасталсын;

178) 484-2-баптағы "халықаралық байланыс" деген сөздер "халықаралық телефон байланысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

179) 484-4-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

180) 484-6-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";

3-тармақ алып тасталсын;

181) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарындағы "есептелген" деген сөз алып тасталып, "сомасының" деген сөз "даулы соманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

182) 518-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "берілетін мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады." деген сөздер "берілетін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

"6) салық есебін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен бастап алты ай өткеннен кейін салық есебін табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерінде) болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.";

183) 520-баптың 4-тармағындағы "мәліметтері" деген сөзден кейін "және (немесе) уәкілетті органдар табыс еткен мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;

184) 521-баптың 1-тармағында:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"1) орналасқан жері бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;

2) тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;";

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағында аталған (осы тармақтың 5-1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын резидент емес жеке тұлғалар;";

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен аспайтын резидент-эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша - бағалы қағаздарды сату кезінде құнның өсуінен табыс алатын және осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында аталған, осы Кодекстің 183 немесе 190-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс резидент еместер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;";

7) тармақша "шоттарын" деген сөзден кейін "және карт-шоттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

185) 524-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталған резидент емес заңды тұлға үшін:";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Осы баптың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, тіркеуге алу есебіне қою салық төлеуші өтініш берген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

11-тармақта:

"орналасқан жерін," деген сөздер алып тасталсын;

"өзі тіркеу есебінде тұрған салық органына он жұмыс күні ішінде есептен шығару туралы өтініш беруге және салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, жаңадан орналасқан жері, қызметін жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе салық салу объектілерінің орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша тіркеу есебіне тұруға міндетті" деген сөздер "салық органына жиырма жұмыс күні ішінде қызметін жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

186) 525-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Салық төлеушіні Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару:

1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға белгілеріне сәйкес келген және оның тіркеу нөмірі сақтала отырып, салық берешегі болмаған жағдайда;

2) салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргізіледі.";

187) 526-баптың 10) тармақшасындағы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер болып табылатын адамдардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының)" деген сөздермен толықтырылсын;

188) 527-бапта:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.

3. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";

3-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Бұл ретте осы тармақта аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";

4-тармақтағы "резидент емес заңды тұлғаның" деген сөздер "резидент еместің" деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Салық агенттері өзі тіркелген жердегі салық органына Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісім-шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметің жүзеге асыруды аяқтағаны туралы өтініштерді табыс етуге міндетті.

Осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталмаған резидент еместерге Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін кірістер төлейтін салық агенттеріне осы тармақтың ережелері қолданылады.";

189) 533-баптың 4-тармағында:

2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"салық міндеттемесінің салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша орындалуын;";

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) қарсы тексеру - егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаса, үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндіру және олардың айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші салық төлеушілерді тексеру де қарсы тексеру болып табылады;";

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) қосымша тексеру - салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық төлеушінің шағымын қарайтын немесе резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселелерді қайта қарау туралы өтінішін қарайтын салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру.";

190) 534-баптың 2-тармағында:

4) тармақшаның үшінші абзацындағы "бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;" деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

"резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану жөніндегі өтінішінің негізінде жүргізілетін тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;";

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселені қайта қарау туралы резидент еместің өтінішін қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;";

191) 536-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "Тақырыптық," деген сөзден кейін "қосымша," деген сөзбен толықтырылсын;

192) 549-бапта:

1-тармақта:

"257-бабының" деген сөздерден кейін "1-тармағының" деген сөздермен толықтырылсын;

"3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

"5. Уәкілетті мемлекеттік орган акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.";

193) 553-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

194) 557-2-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

195) 557-8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.".

3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11 55-құжат):

1) 134-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "акциздік алым таңбаларымен" деген сөздер "акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 346-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Кедендік төлемдердің немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша:

1) төлеушінің өтінішінсіз кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша өсімпұл мен айыппұлды өтеу есебіне;

2) төлеушінің өтініші бойынша кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша алдағы кедендік төлемдерді немесе салықтарды төлеу есебіне есептеуге тиіс.".

4. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 86-құжат; № l6, 97-құжат):

1) 46-баптың 1-тармағының 12), 12-1) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

2) 48-баптың 1-тармағында:

15) тармақшадағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;

19-1) тармақшадағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"20) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;";

3) 49-баптың 1-тармағында:

11) тармақшадағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"13) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;";

14-1) тармақшадағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.

5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат;  № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат):

1) 6-баптың он екінші абзацындағы "тіркеуден" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 6-1-баптың екінші абзацындағы "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, сондай-ақ егер іс-әрекет етпейтін заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.";

4) 14-баптың екінші абзацындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;

5) 15-баптың екінші абзацындағы "тіркеуден" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;

6) 16-баптың 13) тармақшасындағы "тіркелгені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені" деген сөздермен толықтырылсын;

7) 16-1-баптың бірінші абзацындағы "тіркелгені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 17-бапта "Мемлекеттік тіркеуден" деген сөздерден кейін "және есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын.

6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24; 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат):

1) 13-баптың 4-тармағындағы "ішкі істер органдарының," деген сөздерден кейін "прокуратура," деген сөзбен толықтырылсын;

2) 22-1-баптың 2-тармағында:

бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын" деген сөздер "мәлімделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

"қожалығы мүшесінің" деген сөздер "қожалығының кәмелетке толған мүшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

"Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап есептелуге және төленуге тиіс.";

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

"Дара кәсіпкер, адвокат және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады.";

3) 22-4-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

"Агенттің банк шотында ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкімдері негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.";

5-тармақ "шоты болмаған" деген сөздерден кейін "немесе агенттің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

"7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеуші агенттің тіркеу нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.".

7. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат):

1) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 21-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.

8. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі;";

17) тармақшадағы "(сырадан басқасын)" деген сөздер "(шарап материалы мен сырадан басқасын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

"20) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тағамдық шикізаттан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі;

21) сусыз спирт - құрамында су жоқ, есеп-қисапта қолданылатын шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз проценттік спирт немесе абсолюттік алкоголь.";

2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімін (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілік талаптарын этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың жыл сайын растауы.";

3) 4-баптың 2-тармағында:

2) тармақша "ережені" деген сөзден кейін ", дәм айыру ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

"6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімін (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың біліктілік талаптарын жыл сайын растайды;

7) технологиялық желілерді спирт өлшейтін аппараттармен және өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды белгілейді.";

4) 5-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Алкоголь өніміне:

1) арақтар және айрықша арақтар;

2) ликер-арақ өнімдері;

3) шарап материалы;

4) шараптар;

5) коньяк;

6) бренди;

7) сыра жатады.";

2-тармақтағы "күшті алкогольді ішімдіктер" деген сөздер "алкоголь өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

бірінші бөлікте:

"Күштілігі он екі - алпыс процент,", "алкогольді ішімдіктер ликер-арақ бұйымдары болып табылады" деген сөздер "Ликер-арақ өнімдері -", "этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен басталатын алкоголь өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

"майларын," деген сөзден кейін "шарап материалын," деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктегі "күштілігі" деген сөз "этил спиртінің көлемдік үлесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі "күштілігі он екі проценттен" деген сөздер "этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарымнан" деген сөздермен ауыстырылсын;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Шарап материалы - этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі жарым процентпен аспайтын, хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім шырынын не жеміс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесінде алынған, құрамында спирті бар тамақ өнімі, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнімін, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

5. Шарап - шарап материалдарынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі проценттен аспайтын алкоголь өнімі.";

6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Коньяк - этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі.

14. Бренди - этил спиртінің көлемдік үлесі отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін болатын, түпкілікті өнімдегі сусыз этил спиртінің көлемінен елу проценттен аспайтын мөлшердегі шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай сақталған этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі.";

16 және 17-тармақтар алып тасталсын;

5) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

"9. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерінде белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылуға тиіс.";

6) 8-баптың 5-тармағындағы "Стандарттау туралы" деген сөздер "Техникалық реттеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 9-бапта:

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) алкоголь өнімін (шарап материалы мен сырадан басқасын) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткізуге;";

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) алкоголь өнімін (шарап материалынан, сырадан және күштілігі он екі процентке жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткізуге;";

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстарда, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетінде өткізуге;";

6) тармақшадағы "өткізуге тыйым салынады." деген сөздер "өткізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) алкоголь өнімін осы Заңның 8-бабына сәйкес тиісті таңбалаусыз өткізуге тыйым салынады.";

4-тармақ алып тасталсын;

8) 12-баптың 4-тармағындағы "үй-жайда" деген сөз "қойма үй-жайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Өндіріс аумағында алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.";

10) 19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді үнемі төлемегенде;".

9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; 2006 жылғы 11 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасындағы "жөніндегі жұмысты" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.

10. "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 149-құжат):

1) 2-баптың 6) тармақшасындағы "қағаздан" деген сөзден кейін "немесе өзге де материалдан" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;".

11. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар):

1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"12) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздеріне табыс әкелетін жұмыспен өздерін қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар ретінде дара кәсіпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелері танылады;";

2) 17-баптың 4-тармағындағы "шоттары болмаған" деген сөзден кейін "немесе төлеушінің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын.

12. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақшадағы "акциздік алым маркасы" деген сөздер "акциз маркасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:

"1-1) есепке алу-бақылау маркасы - темекі өнімдерін есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекі өнімдерін бірдейлендіруге арналған қажетті қорғау дәрежелері бар арнаулы біржолғы жапсырма қағаз;

1-2) бірдейлендіру - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім;

1-3) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтін, шартты белгі және суреттер;

1-4) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі саны бар тұтыну ыдысының бірлігі;

1-5) орам - белгілі қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бірлігі;";

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"7) темекі өнімдері - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған, құрамында темекі бар кез келген өнімдер;";

мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"7-1) фильтрлі сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;

7-2) фильтрсіз сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтрдің қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;";

2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жасауды қамтиды." деген сөздер "жасауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) фильтрлі сигареттерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.";

3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"4-1) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібін белгілейді;

4-2) фильтрлі сигареттерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілейді;";

4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акциздік алым маркаларымен маркалау" деген сөздер "акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 13-баптың 2-тармағындағы "акциздік алым маркаларынсыз" деген сөздер "акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

13. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):

32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "акциз маркалары" деген сөздерден кейін "немесе есепке алу-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын.

14. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "теңіз, өзен кемелерін және шағын көлемді кемелерді" деген сөздер "көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

15. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат):

осы Заңға қосымшаның 18-тармағының 4) тармақшасындағы "өнімдердің" деген сөзден кейін "өндірілуін және" деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 11-і

№ 201-III ҚРЗ