Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Заңы
(2019.25.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ Заңымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы
7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері
10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері
15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі
17-бап. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
24-бап. Алып тасталды
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;
3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - әлеуметтік аударымдардың есептелген және мерзімінде аударылмаған сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
4) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - осы Заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;
7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер жағдайы басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент;
13-2) 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-3) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды
13-4) инвестициялық декларация - Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін объектілер тізбесін, шарттары мен шектеулерін, Қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды
13-5) инвестициялық кіріс - Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
16) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі - әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;
20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
21) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;
23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Әлеуметтік төлемдер алу құқығы
Мемлекет азаматтарға әлеуметтік қатер жағдайлары бас талған кезде осы Заңда белгіленген шарттарда міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдер алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қор активтерінің сақталуы:
1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;
4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу;
6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік корпорацияның:
1) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға;
4) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік корпорация:
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құжаттар қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды Қорға беруге;
1-1) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;
8) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға және Қорға қажетті есептілікті ұсынуға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өздері үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;
2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыруды және жаңартып отыруды;
4) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, графиктерін және әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді қалыптастыруды;
6) уәкілетті органға және Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпарат беруді;
7) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аударуды, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуді;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
11) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік корпорация:
1) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;
2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды;
3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын;
4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу мен аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) Қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Қордың және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;
4) Қор қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады;
6) Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
7) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
8) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
9) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 12-5) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
12-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу тәртібін айқындайды;
12-5) Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Мемлекеттік корпорацияға еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда (егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-1) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесіне еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-3) жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) төлеушiден, Мемлекеттік корпорациядан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аудару мен есепке жатқызудың толықтығы және уақтылығы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және оны алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қордың және осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет анық құжаттарды (мәліметтерді) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ұсынуға;
2) 2007.19.12. № 9-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияны хабардар етуге міндетті.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтарып алуға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мемлекеттік корпорациядан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл есептеудi дербес жүзеге асыруға;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына есеп-қисап беруге мiндеттi.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 1,5 пайызы;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 2 пайызы;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 3 пайызы;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 4 пайызы;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері:
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 1,5 пайызын;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 2 пайызын;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 3 пайызын;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 4 пайызын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын құрайды.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 15-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі
1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады:
өзі үшін - алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-1. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді.
2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен төлейді.
3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе төлеуші оларды мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған өсімпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиіс.
2 - 7-тармақтар 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңының редакциясында 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес бірінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін есепке жазылған әлеуметтік аударымдар жөніндегі мәліметтер көрсетілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушіге Мемлекеттік корпорацияның Қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттар өтінішке қоса беріледі.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олар проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қордың әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жіберуі мүмкін. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кешіктіру және шешім қабылдаудың ұзартылу мерзімдері, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы туралы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабар берілуге тиіс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Кейіннен өтініштер жасалған кезде әлеуметтік төлемдер осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.
Қордың шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылған жағдайда - қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күнінен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу құқығы Қорға оны бөлу үшін өтiнiш жасалған күннен бастап туындайды;
жұмысынан айырылған жағдайда - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;
жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда - баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
Жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.
Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімі, он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау күніне жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспауға тиіс.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 21-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
2. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу бес пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, еңбек ету қабiлетiнен айырылуының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес үшінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi:
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi сексеннен жүз пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн - 0,7;
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн - 0,5;
жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн 0,3 болады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:
алты айдан кем болғанда - 0,1;
алты айдан он екi айға дейiн - 0,7;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9;
қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95;
алпыс ай және одан да көп айларға - 1,0 болады.
6. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;
2) алушының қайтыс болуына (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Әлеуметтік төлем оны алушы қайтыс болған (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) айды қоса алғанда, жүзеге асырылады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.
7. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының еңбек ету қабілетінен айырылған деп белгілеген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылған деп кезекті кезең белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
1) он сегіз жасқа толмаған және, егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан үлкен балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.
Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада аталған, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан үлкен адамдардың оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар;
2) егер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбек етуге қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуiнің немесе жұбайының не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сiңлiсiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушыларының - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.
3. Бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу Қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу бес пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес үшінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауында бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi мен қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
10. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған адамдарға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап қайта куәландыруға дейін;
2) отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушы немесе студент болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем анықтаманы кезекті ұсынған кезде тоқтатыла тұрған кезінен бастап қайта жалғасады.
11. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
2) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамға мүгедектікті белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап;
3) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам он сегіз жасқа толған күннен бастап (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда), ал аталған адам күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап тоқтатылады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсті табысты ауыстыру коэффициенттерi мен қатысу өтілінің коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер:
ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - бір айға;
ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - екі айға;
ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - үш айға;
ол үшін отыз алты айдан бастап және одан көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - төрт айға;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адам үшін отыз алты айдан бастап және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда - алты айға тағайындалады.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем кейіннен өтініш жасалған кезде, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып, тағайындалады.
6. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер Халықты жұмыспен қамту орталығынан алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарғаны туралы ақпарат алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен тоқтатылады.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешімді алушыға себептерін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы міндетті түрде хабарлай отырып, Қор қабылдайды.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-1-бап өзгертілді; 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-1-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдi тағайындау және оның мөлшерi
1. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр қаласының тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласының аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
4. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.
5. Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-2-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 23-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.
Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес үшінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.
Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.
Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
6. Алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға, мынадай құжаттар:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы туралы куәліктің, соттың хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы, ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы шешімінің, соттың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы үкімінің көшірмелері;
3) соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің үзінді көшірмесі;
4) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама негізінде жүргізіледі.
7. Бала (балалар) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген ай өткен соң;
3) ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, қорғаншылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.
24-бап. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемдердің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімпұл есебіне жазылады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 26-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қордың басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Қордың басшы қызметкерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заң, қаржы-экономикалық) білімі;
бағалы қағаздар нарығында және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілі;
білімі - жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білімі;
қаржы-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.
3. Қордың басшы қызметкері болып:
1) жоғары кәсіптік білімі жоқ;
2) осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана (тағайындала) алмайды.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Қордың қызметі
Қор өз қызметін Қор активтерінен алатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.
Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын, сондай-ақ инвестициялық кірісті есепке алуды жүргізу;
2) әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алуды жүргізу;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйені құру және дамыту.
Осы Заңмен реттелмеген бөлікте Қордың қызметіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
6) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын мемлекеттік органдар және тиісті ұйымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы ақпаратты сұрату жолымен тексеруге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға қайтаруды қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы шешім қабылдауға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) әлеуметтік төлемдерді график бойынша жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүргізуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оның санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық-техникалық қамтылым түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің иесі болуға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың иесі болуға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға төленетін әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қор өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтылымға үш жылда бір реттен сиретпей аудит жүргізуге міндетті.
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қор инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларация және Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын шарт негізінде Қор активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қор активтері Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға бағытталған қаражатты шегере отырып, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдардың төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қорға түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ өзге де қате есепке жатқызылған қаражаттың сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қордың активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |