Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі

(Салық кодексі)

(2001 жылғы 12 маусым № 209-II)

(2009.01.01 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV ҚР Заңымен ескертілген ережелерін қоспағанда, осы кодекстін күші жойылды деп танылған

 

Қазақстан Республикасының ЗаңДАР ЖИНАҒЫНЫҢ IV ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Салық кодексіНІҢ мәтінін қара

 

Осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы ҚР 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210-ІІ Заңын қара

 

1. Жалпы бөлім (1 - 58 баптар)

1-бөлім. Жалпы ережелер (1 - 23 баптар)

1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 10 баптар)

2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері. (11 - 14 баптар)

Салық қатынастарындағы өкілдік

3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары. Салық қызметі (15 - 23 баптар)

органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

2-бөлім. Салық міндеттемесі (24 - 58 баптар)

4-тарау. Жалпы ережелер (24 - 28 баптар)

5-тарау. Салық міндеттемесін орындау (29 - 38 баптар)

6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу (39 - 40 баптар)

кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару

7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау (41 - 44 баптар)

мерзімдерінің өзгертілуі

8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз (45 - 48 баптар)

ету тәсілдері

9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (49 - 56 баптар)

10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері (57 - 58 баптар)

 

2. Ерекше бөлім (59 - 516 баптар)

 

3-бөлім. Жалпы ережелер (59 - 76 баптар)

11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (59 - 64 баптар)

түрлері

12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық есептілігі (65 - 72 баптар)

13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің салық есебінің ерекшеліктері (73 - 76 баптар)

§ 1. Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі салық салу ерекшеліктері (73 - бап)

§ 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшеліктері (74 - 76 баптар)

4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы (77 - 137 баптар)

14-тарау. Жалпы ережелер (77 - 78 баптар)

15-тарау. Салық салынатын табыс (79 - 114 баптар)

§ 1. Жылдық жиынтық табыс (80 - 91 баптар)

§ 2. Шегерімдер (92 - 104 баптар)

§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер (105 - 113 баптар)

§ 4. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша табыстар мен шегерімдер (114 - бап)

16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына салық салу жөніндегі (115 - 121 баптар)

жекелеген ережелер

§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу (115 - 119 баптар)

§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушілерге салық салу (120 - 121 баптар)

17-тарау. Салық салынатын табысты түзету (122 - бап)

18-тарау. Залалдар (123 - 124 баптар)

19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару тәртібі мен оны (125 - 130 баптар)

төлеу мерзімдері

20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық (131 - 134 баптар)

21-тарау. Салық ставкалары (135 - бап)

22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (136 - 137 баптар)

5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары (138 - 140 баптар)

5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына (140-1 - 140-6 баптар)

салық салу ерекшелiктерi

22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында (140-1 - 140-3 баптар)

қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

22-2-тарау. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық (140-4 - 140-6 баптар)

22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған, (140-7 -140-9 баптар)

қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға салық салу

6-бөлім. Жеке табыс салығы (141 - 174 баптар)

23-тарау. Жалпы ережелер (141 - 145 баптар)

24-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар (146 - 162 баптар)

§ 1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы (149 - 153 баптар)

§ 2. Төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден (154 - 155 баптар)

түскен табыс

§ 3. Төлем көзінен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан (156 - 157 баптар)

төленетін зейнетақы төлемдері

§ 4. Төлем көзінен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар (158 - бап)

түріндегі табыс

§ 5. Стипендиялар (159 - 160 баптар)

§ 6. Төлем көзінен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру шарттары (161 - 162 баптар)

бойынша табыс

25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар (163 - 170 баптар)

§ 1. Мүліктік табыс (166 - бап)

§ 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы (167 - 168 баптар)

§ 3. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы (169 - бап)

§ 4. Басқа табыстар (170 - бап)

26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация (171 - 174 баптар)

7-бөлім. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері (175 - 204 баптар)

27-тарау. Жалпы ережелер (175 - 178 баптар)

28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметін (179 - 183 баптар)

жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге (184 - 186 баптар)

асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі (187 - 192 баптар)

31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер (193 - 204 баптар)

8-бөлім. Қосылған құн салығы (205 - 254 баптар)

32-тарау. Жалпы ережелер (205 - 207 баптар)

33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою (208 - 210 баптар)

34-тарау. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт (211 - 216 баптар)

35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін (217 - 221 баптар)

анықтау

36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар (222 - 224 баптар)

37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт (225 - 234 баптар)

38-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу (235 - 241 баптар)

39-тарау. Шот-фактура (242 - 243 баптар)

40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі (244 - 250 баптар)

41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас (251 - 254 баптар)

9-бөлім. Акциздер (255 - 278 баптар)

42-тарау. Жалпы ережелер (255 - 258 баптар)

43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін (259 - 275 баптар)

тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу

44-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу (276 - 278 баптар)

9-1-бөлiм. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына (278-1 - 278-2 баптар)

салынатын рента салығы

44-1-тарау. Жалпы ережелер (278-1 - 278-2 баптар)

44-2-тарау. Есептеу тәртібі және салық ставкалары (278-3 - 278-4 баптар)

44-3-тарау. Салық кезеңi, төлеу мерзiмдерi және салық (278-5 - 278-7 баптар)

декларациясы

10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу (279 - 314 баптар)

45-тарау. Жалпы ережелер (279 - 286 баптар)

46-тарау. Бонустар (287 - 294 баптар)

§ 1. Қол қойылатын бонус (288 - 290 баптар)

§ 2. Коммерциялық табу бонусы (291 - 294 баптар)

47-тарау. Роялти (295 - 304 баптар)

48-тарау. Үстеме пайда салығы (305 - 311 баптар)

49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi (312 - 314 баптар)

49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт (314-4 - 314-8 баптар)

бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi

11-бөлім. Әлеуметтік салық (315 - 322 баптар)

50-тарау. Жалпы ережелер (315 - 317 баптар)

51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі (318 - 321 баптар)

52-тарау. Салық декларациясы (322 - бап)

12-бөлім. Жер салығы (323 - 344 баптар)

53-тарау. Жалпы ережелер (323 - 328 баптар)

54-тарау. Салық ставкалары (329 - 338 баптар)

§ 1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық (329 - 331 баптар)

ставкалары

§ 2. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары (332 - 333 баптар)

§ 3. Өнеркәсіп жеріне салынатын салық ставкалары (334 - 335 баптар)

§ 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының (336 - бап)

жерлеріне салынатын салық ставкалары

§ 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар (337 - бап)

орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

§ 6. Салық ставкаларын түзету (338 - бап)

55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері (339 - 342 баптар)

56-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (343 - 344 баптар)

13-бөлім. Көлік құралдары салығы (345 - 350 баптар)

57-тарау. Жалпы ережелер (345 - 346 баптар)

58-тарау. Салық ставкалары (347 - бап)

59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері (348 - бап)

60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы (349 - 350 баптар)

14-бөлім. Мүлік салығы (351 - 367 баптар)

61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы (351 - 360 баптар)

62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы (361 - 367 баптар)

14-1-бөлім. Ойын бизнесі салығы  (367-1-367-8  баптар)

62-1-тарау. Ойын бизнесі салығы   (367-1-367-8  баптар)

15-бөлім. Арнаулы салық режимдері (368 - 397 баптар)

63-тарау. Жалпы Ережелер (368 - 369 баптар)

64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (370 - 377 баптар)

§ 1. Жалпы ережелер (370 - 371 баптар)

§ 2. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі (372 - 373 баптар)

§ 3. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі (374 - 375 баптар)

§ 4. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (376 - 377 баптар)

65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі (378 - 384 баптар)

66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға (385 - 390 баптар)

арналған арнаулы салық режимі

67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы (391 - 397 баптар)

салық режимі

16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер (398 - 516 баптар)

68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым (398 - 400 баптар)

69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым (401 - 403 баптар)

70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (404 - 406 баптар)

мемлекеттік тіркегені үшін алым

70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік (406-1 - 406-3 баптар)

тiркегенi үшiн алым

71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды (407 - 409 баптар)

мемлекеттік тіркегені үшін алым

72-тарау. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік (410 - 412 баптар)

тіркегені үшін алым

73-тарау. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік (413 - 415 баптар)

тіркегені үшін алым

74-тарау. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым (416 - 418 баптар)

75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым (419 - 422 баптар)

76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (423 - 425 баптар)

жүргені үшін алым

77-тарау. Аукциондардан алынатын алым (426 - 431 баптар)

78-тарау. Елтаңбалық алым (432 - 437 баптар)

79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық (438 - 440 баптар)

алым

80-тарау. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік (441 - 444 баптар)

спектрін пайдалануға рұқсат бергені Yшін алым

81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (445 - 450 баптар)

82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (451 - 458 баптар)

83-тарау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы (459 - 465 баптар)

84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (466 - 469 баптар)

85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (470 - 474 баптар)

86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (475 - 478 баптар)

87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (479 - 484 баптар)

87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон (484-1 - 484-6 баптар)

байланысын бергені үшін төлемақы

88-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (485 - 488 баптар)

89-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы (489 - 492 баптар)

90-тарау. Мемлекеттік баж (493 - 514 баптар)

§ 1. Мемлекеттік баж (493 - 508 баптар)

§ 2. Консулдық алым (509 - 514 баптар)

91-тарау. Кеден төлемдері (515 - 516 баптар)

 

3. Салық әкімшілігін жүргізу (517 - 568 баптар)

 

17-бөлім. Жалпы ережелер (517 - 551 баптар)

92-тарау. Негізгі ережелер (517 - 519 баптар)

93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу (520 - 532 баптар)

94-тарау. Салық тексерулері (533 - 535 баптар)

95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі (536 - 541 баптар)

96-тарау. Камералдық бақылау (542 - 543 баптар)

97-тарау. Мониторинг (544 - 545 баптар)

98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану (546 - 548 баптар)

99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған (549 - 551 баптар)

мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін

сақтауға бақылау жасау, уәкілетті және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау

18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі органдары (552 - 568 баптар)

лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі (552 - 565 баптар)

101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (566 - 568 баптар)

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

Бүкіл мәтiнi бойынша «акциз алымы маркалары», «акциз алымы маркаларының», «акциз алымы маркаларын», «акциздiк алымы маркаларын», «акциз алымының (бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары», «акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары», «акциз алымының бүлінген маркаларын» деген сөздер тиiсiнше «акциздiк маркалар», «акциздiк маркалардың», «акциздiк маркаларды», «бүлінген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциздiк маркалар», «бүлiнген немесе жоғалған акциздiк маркалар», «бүлінген акциздiк маркаларды» деген сөздермен 2003.29.11  № 500-ІІ ҚР Заңымен   ауыстырылды  (бұр.ред. қара);

Бүкiл мәтiн бойынша «қатысушылары, құрылтайшылары», «қатысушылардың, құрылтайшылардың» деген сөздер тиiсiнше «құрылтайшылары, қатысушылары»,»құрылтайшылардың, қатысушылардың» деген сөздермен 2004.13.12  № 11-III ҚР Заңымен  ауыстырылды  (бұр.ред. қара);

Бүкіл мәтін бойынша «Қоршаған ортаны ластағаны», «қоршаған ортаны белгіленген лимиттерден артық ластағаны», «қоршаған ортаны ластағаны», «Қоршаған ортаны белгіленген лимиттерден тыс ластағаны», «қоршаған орта ластануының», «қоршаған ортаны ластауға»,  «қоршаған ортаны ластау», «Қоршаған ортаны ластанғаны» деген сөздер тиісінше  »Қоршаған ортаға эмиссия», «қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия», «қоршаған ортаға эмиссия», «Қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия», «қоршаған ортаға эмиссияның», «қоршаған ортаға эмиссиялауға», «қоршаған ортаға эмиссия», «Қоршаған ортаға эмиссия» деген сөздер 2007.09.01. № 213-III   Заңымен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)

  

ҚР 2007.06.07. № 276-ІІI Заңымен  бүкіл мәтін бойынша репатрианттар (оралмандар) ,  «оралмандар (репатрианттар)» деген сөздер «оралмандар» деген сөзбен ауыстырылды  (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

 

1. Жалпы бөлім

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар

Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары

1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.

3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.

4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.

5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Салық заңдарының қолданылуы

1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.

2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.

 

4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері

1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.

2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

 

5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

 

6-бап. Салық салудың айқындығы принципі

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

 

7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.

2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

 

8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi

Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.

 

9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi

Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді

10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар

1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:

1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен 2) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер;

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   3) тармақша өзгертілді  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)

3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi  , сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар;

4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;

5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, жарғылық қорды ұлғайтуға бағытталған мүлiктен басқа , мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;

7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;

8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;

9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;

10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);

11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;

11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;

12) ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алынып тасталды

13)  2005 ж. 22 қарашадағы № 89-III ҚР Заңымен алып тасталды  (2006.01.01 бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;

15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;

16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;

17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;

18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;

19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;

20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;

21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;

22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;

22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 22-2)- тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен   22-2 тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

22-2) негізгі құралдар - өндірісте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруге, жалға беруге және (немесе) әкімшілік мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлік , сондай-ақ концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер;

23) ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алынып тасталды

24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;

25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 25-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және тікелей еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке адам;

26) өткізу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;

27) роялти - мыналар үшiн:

пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады.

27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;

теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;

28) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн берудiң оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;

28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:

жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, білім және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;

коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;

29) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;

30) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

32) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

32-1) ақпараттарды өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөніндегі қызметтер;

33) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;

34) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;

35) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi.

2. Салық заңдарының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.

3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

 

2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің

құқықтары мен міндеттері. Салық

қатынастарындағы өкілдік

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары

1. Салық төлеушi:

1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметi органдарынан ақпарат алуға;

2) салық қатынастары мәселелерi бойынша өз мүдделерiн жеке өзi не өз өкiлi арқылы немесе салық консультантының қатысуымен бiлдiруге;

3) салық бақылауы нәтижелерiн алуға;

4) салық бақылауы нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiнде салық қызметi органдарына түсiндiрме табыс етуге;

5) жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрме алуға;

6) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;

7) салық құпиясының сақталуын талап етуге;

8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  1-1- тармақпен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Салық төлеуші салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

2. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi

1. Салық төлеушi:

1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн дер кезiнде және толық көлемiнде орындауға;

2) салық қызметi органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезіндегі заңды қызметiне кедергi жасамауға;

3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлiктi тексеруiне жол беруге;

4) салық есептілігi мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;

5) осы Кодекске сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдiк банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге;

6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда) және (немесе) таратылуына, жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

13-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Салық агентiнiң, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi сияқты құқықтары бар және сондай мiндеттерi болады.

2. Салық агентi сондай-ақ:

1) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды дұрыс және дер кезiнде есептеуге;

2) салық төлеушiден тиiстi салықтарды ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде оларды бюджетке аударуға;

3) салық төлеушiлерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салықтар сомасының есебiн, соның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке-жеке жүргiзуге;

4) тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен салық есептілігiн табыс етуге;

5) осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағының ережелерiн қолдануға мiндеттi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  3- тармақпен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Салық агенті салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

 

 

14-бап. Осы Кодекспен реттелетiн салық қатынастарындағы

өкiлдiк

1. Салық төлеушi салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкiлеттi өкiлi арқылы қатысуға құқылы.

2. Салық төлеушiнiң атынан заң негiзiнде уәкiлеттi болатын тұлға салық төлеушiнiң заңды өкiлi болып танылады.

3. Салық төлеушi салық қызметi органдарымен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi болатын жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнің уәкiлеттi өкiлi болып танылады. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкілi салық төлеушi беретiн сенiмхат (құрылтай құжаттары) негiзiнде әрекет етедi, сенiмхатта оның өкiлеттiктерiнің нақты тiзбесi көрсетiледi.

4. Салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға салық төлеушiнiң өзiнiң қатысуы оны өкiл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкiлдiң қатысуы салық төлеушiнi аталған қатынастарға өзiнiң қатысу құқығынан айырмайды.

5. Салық төлеушi өкiлдерiнiң салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға сол салық төлеушiнiң қатысуына байланысты жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салық төлеушiнiң әрекеттерi (әрекетсiздiгi) болып танылады.

 

3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары.

Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік

органдармен өзара іс-қимылы

 

ҚР 21.03.02 ж. № 312-II; 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы

1. Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі мiндеттер жүктеледi.

2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.

4. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.

5. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды

15-1-бап. Уәкілетті органның функциясы

Уәкілетті орган:

1) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) салық органдарына басшылықты жүзеге асырады;

4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның құзыретін айқындайды;

5) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асырады;

6) белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің, салық салынатын объектілердің және салық салынуға байланысты объектілердің есебін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және төленген есебін жүргізеді;

7) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуына және жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аударылуына салық бақылауын жүзеге асырады;

8) мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады.

 

 

 

23.11.02 ж. № 358-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді

16-бап. Салық қызметi органдарының құқықтары

1. Салық қызметi органдары:

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;

2) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнiнде түсіндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге;

3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық бақылауын жүзеге асыруға;

4) салық төлеушiнің бухгалтерлік құжаттамасына, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;

2006.11.12 № 201-III ҚР  Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн және дер кезiнде төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептілігін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржылық есептілігін талап етуге;

6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен салық тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;

7) орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық құжаттар түріндегі ақпарат алуға;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) мыналарға:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен дара кәсіпкерге;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

10) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық төлеушiнің салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;

10-1) салық тексерулеріне басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға;

11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  12)  тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының  1), 2) және 4) тармақшаларында  көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  1-1-  тармақпен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

 

2. Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді

17-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi

1. Салық қызметi органдары:

1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;

2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;

3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;

4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге;

5) белгiленген салық есептілігiнiң нысандарын толтыру тәртібін түсiндiруге;

6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;

7) осы Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;

8) осы Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;

9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөніндегі бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге;

10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;

11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;

12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;

13) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.

2. Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.

3. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.

 

18-бап. Мүдделер қақтығысы

Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын және (немесе) қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар салық төлеушiге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.

 

19-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөніндегі өкiлеттiгi

Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуды жүзеге асырады.

 

20-бап. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi

Уәкiлеттi органдардың бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi алу жөніндегі өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.

 

23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 21-бап толықтырылды 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

21-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

1. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiкке, көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:

1) есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;

2) салық төлеушiге - жеке тұлғаға салық сомаларын төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;

3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған банктiк күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомаларын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткізудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елдi мекенде ақша өткізу үш банктiк күнде бiр рет жүзеге асырылады;

4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;

5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға өткізу туралы есептердi берудi қамтамасыз етедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңына сәйкес 4 тармақ 2013 ж. 1 қаңтарынан күшін жойды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тәртiппен бiржолғы талондарды берудi ұйымдастырады және бiржолғы талондарды өткізуден түскен соманың толық жиналуын қамтамасыз етедi.

 

22-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекетi

1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттік органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.

3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды.

4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бiр-бiрiмен өзара iс-әрекет жасайды.

23-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.

2. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.

3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiн ауыр зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан, кiнәлi адамдардан кейiн сомасы өндiрiп алынатын, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.

4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):

1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.

5. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы сома кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.

2-бөлім. Салық міндеттемесі

4-тарау. Жалпы ережелер

24-бап. Салық мiндеттемесi

1. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептілігiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.

2. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

25-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер

Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi бойынша салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объект осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес айқындалады.

26-бап. Салық базасы

Салық базасы дегенiмiз салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы айқындалады.

27-бап. Салық ставкасы

1. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне салық есептеулерiнің шамасын бiлдiредi.

2. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

28-бап. Салық кезеңi

Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы есептеледi.

5-тарау. Салық міндеттемесін орындау

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертілді

29-бап. Салық мiндеттемесiн орындау

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.

2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:

1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;

2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;

3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базалары мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;

4) салық есептілігiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;

5) салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi.

Салық төлеушi салық мiндеттемесiн осы Кодексте белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде орындауы тиiс.

3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  4-  тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептін алған күннен бастап немесе салық төлеуші төлемді банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап , ал қолма-қол ақша нысанында - салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi.

5. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.

6. Салықтар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi осы Кодекстiң 39 және 252-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.

7. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөніндегі салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерімен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.

30-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi

есептеу ерекшелiктерi

1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.

2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөніндегі мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуi мүмкiн.

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 31-бап өзгертілді

31-бап. Салық қызметi органдарының салық мiндеттемесiн орындау жөніндегі хабарламасы

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  1- тармақ   жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.

2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:

1) салық органы осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

3) 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алынып тасталды

4) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстің 45-бабының 1) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін;

5) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы өндiрiп алуға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

8) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  9)   тармақша өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

9) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмей;

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  10)   тармақшамен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

10) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Хабарламада салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы; сәйкестендіру нөмірі; хабардар етілген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің сомасы; салық міндеттемесін орындау туралы талап; хабарлама жіберу үшін негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі.

Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  4 тармақ өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, жіберу фактісі сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама салық төлеушiнің (өкiлiнің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  4-1-тармақ өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші өзіне  (өзі) хабарлама тапсырылған (алған)  күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

5. Осы бапта көзделген ережелер салық агентiне жiберiлетiн хабарламаға қатысты да қолданылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 32-бап өзгертілді

32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi

1. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодекспен белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезең аяқталған күнiнiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.

 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  2-тармақ өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған  (салық төлеуші хабарлама алған) күннен кейiнгi отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға тиiс.

3. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердің және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi алпыс жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезеңнiң әрбiр он бес жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.

4. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткізу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

33-бап. Салық берешегiн өтеу тәртібі

Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;

2) бересi сомасы;

3) айыппұлдар сомасы.

 

34-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  1-тармақ   жаңа редакцияда    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)                                                                                                                          

1. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу осындай салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық есептілігінде (тарату есептілігін қоспағанда) көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі де өтеледі.

2. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық сөйлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.

3. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 39-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады.

Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.

 

35-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық мiндеттемесiн орындау

1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.

4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғанға дейiн артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебiне есептеуге жатқызады.

5. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.

 

36-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегiн өтеу

1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгі ондағы үлесiне барабар өтейдi.

2. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.

 

37-бап. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау

1. Жеке тұлғаны сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

2. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi.

3. Егер белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктің жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.

4. Сот адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнің күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді

38-бап. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi

1. Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы.

1-1. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады.

1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептілігiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  1-3-тармақпен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.

2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен  6-тараудың тақырыбы өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен

есеп айырысу кезінде  салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың

артық төленген сомаларын  есепке жатқызу және қайтару

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

39-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп

айырысу кезінде салық төлеушінің артық төлеген салық,

төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.

Осы Кодекстің 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскелерін пайдаланғаны, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақылар төлемақы деп танылады.

3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:

салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне міндетті есепке жатқызылуға тиіс.

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 39-баптың 4-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:

1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.

5. Бюджетке артық төленген өсімпұл сомасы:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша бересі мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:

салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс.

6. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсімпұл төлейтін жердегі салық органы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізеді.

7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзімі бұзылған әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы басқа салық төлеушінің салық міндеттемесі бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмауға тиіс.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен   тақырыбы  және 1 тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

40-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың  артық төленген сомаларын қайтару

1. Салықтың  төлемақының, өсімпұлдың  артық төленген сомасы осы Кодекстiң 39-бабында көзделген есепке жатқызуларды жүргiзгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.

 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен   2 тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салықтың  төлемақының, өсімпұлдың  артық төленген сомасын қайтару салық төлейтiн жер бойынша қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен   2-1- тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 39-баптың 4-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 40-баптың 2-1-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде, қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн өсiмпұл есептеледi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    4 тармақ  өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, бюджетке төленген басқа мiндеттi төлемдердiң  , өсімпұлдың  артық төленген сомасын қайтару осы бапқа сәйкес жүргiзiледi.

 

7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық

міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгертілуі

 

41-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлу ұғымы және оның жалпы шарттары

1. Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.

2. Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес.

3. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi осы Кодекстiң 46-бабына сәйкес салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды.

4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.

5. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 42-бап өзгертілді

42-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi орган

1. Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттік орган, осы Кодекстің 249-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қабылдайды.

2. Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.

43-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдердің қолданылуын тоқтату

1. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.

2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

44-бап. Салық төлеушiнiң кепiлге салынған мүлкiнен өндiрiп алу және оны өткізу тәртібі

1. Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнің кепiлге салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы.

2. Салық төлеушiнiң кепiлге салған мүлкiн өткізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.

8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық

міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)  ; 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    45-бап жаңа редакцияда    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

45-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін

орындауды қамтамасыз ету тәсілдерi

Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау:

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;

2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзімдерде хабарлама жіберген кезде қолданылады.

Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тәсілі салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы салық қызметі органдары жасаған актінің және салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін еместігі туралы тиісті құқық қорғау органдары жауабының негізінде бес жұмыс күні ішінде қолданылады.

Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

46-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

1. Мерзiмi өткен салық мiндеттемесiнiң сомасына есептелетiн осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшер өсiмпұл болып танылады.

2. Өсiмпұл сомасы салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.

3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.

4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеуді) кешіктіргені үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептеледі.

5. Салық төлеушiнi банкрот деп таныған сот шешiмi қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғанда, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап, жиналған бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.

6. Бересiнің жиналып қалуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.

7. Бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.

8. Жеке тұлға хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.

9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 39-бабының 2-тармағында белгіленген есепке алуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте салық төлеушінің артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргізуге берген өтінішінде көрсетілген артық төленген салық сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.

Аталған ереже осы Кодекспен белгіленген жағдайларға қолданылмайды.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 47-бап өзгертілді

47-бап. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен:

1) салық төлеушi салық есептілігiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны табыс етпеген;

2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн салық берешегiн өтемеген;

3) салық қызметi органының лауазымды адамдарының, осы Кодексте белгiленген салық тексеруiн жүргiзу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық тексеруiне, қарауына жол бермеген;

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    4) тармақшамен  толықтырылды    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) осы Кодекстің 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.

Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық берешегiн өтеу жөніндегі операциялардан басқа, салық төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.

2. Салық төлеушiнің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.

3. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сөзсiз орындауға тиiс.

4. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.

Салық төлеушінің банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиісті салық органына салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.

5. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық тексеруi нәтижесi бойынша мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргiзiлмейдi.

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертілді

48-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару

1. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етудi шектеу жүргiзiледi.

Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

2. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы (мүлiктi шаруашылық жүргiзуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлiкке қатысты шығарылады.

Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.

3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң жеке шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.

4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi.

Билiк ету шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебi деректерiнiң негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып немесе Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негізiнде жүргiзiледi және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда және тәртiппен екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.

Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр данасын тапсыруға мiндеттi.

5. Салық төлеушi салық берешегi сомаларын өтегеннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешімнің күшін жояды.

9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп

алу шаралары

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 49-бап өзгертілді

49-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;

2) қолма-қол ақшасының есебінен;

3) дебиторларының шоттарынан;

4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;

5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 50-бап өзгертілді

50-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

2006.20.02. № 127-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.07. № 312-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келісімiнсiз мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.

2. Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшеріндегі сомасын қоспағанда, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

3. Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.

4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.

5. Салық төлеушiнiң теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.

6. Клиентке қойылған талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекте және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.

7. Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектілікпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.

8. Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

51-бап. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шоты болмаған немесе банк шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда жүргiзiледi.

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Бухгалтерлік есептегі бастапқы есепке алу құжаттарында көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады.

3. Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.

4. Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс.

13.12.04 ж. № 11-III  ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

52-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

1-1. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.

Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    1-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-2. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.

Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебитор хабарлама алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етуге мiндеттi.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.

1-3. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi.

1-4. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:

1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;

2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;

3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;

4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;

5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;

6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.

3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады.

4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.

5. Осы баптың ережелерiне сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53-бап өзгертілді

53-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алу

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізеді.

2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

54-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

55-бап. Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгінеді.

 

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

56-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану

1. Осы Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолданады.

2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері

 

57-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:

1) қайтыс болғанда;

2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.

 

58-бап. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:

1) толық таратылғаннан кейiн;

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    2) тармақша  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу   және бөліну жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

 

2. Ерекше бөлім

 

3-бөлім. Жалпы ережелер

 

11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдердің түрлері

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

59-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қолданылады.

2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.

3. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 60-бап толықтырылды

60-бап. Салықтар

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құн салығы.

4. Акциздер.

4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.

6. Әлеуметтiк салық.

7. Жер салығы.

8. Көлiк құралдары салығы.

9. Мүлiк салығы.

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   10) тармақшамен толықтырылды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  

10. Ойын бизнесі салығы.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01 бастап қолданысқа енді) ҚР Заңдарымен 61-бап өзгертілді

61-бап. Алымдар

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    1 тармақ   өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi  және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені  үшiн алым.

2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    3-1 тармақ   өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн  және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    5 тармақ   өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Көлік құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

6. 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

ҚР 22.10.04 ж. № 601-II Заңымен 61-бап 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. 2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.

8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.

9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. алынып тасталды

12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.

13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.

 

62-бап. Төлемақылар

1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

3. Қоршаған ортаға эмиссия  үшiн төлемақы.

4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

ҚР 05.07.04 ж. № 568-II Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 7-1тармақ өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы.

8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

 

63-бап. Мемлекеттік баж

Мемлекеттік баж

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 64-бап өзгертілді

64-бап. Кеден төлемдерi

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.

4. Алымдар.

12-тарау.

Салық есебінің ережелері және салық есептілігі

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 65-бап өзгертілді

65-бап. Салық есебiнiң ережелерi

1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.

2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен қайта есептеледі.

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу ретiнде қарастырылады.

 

66-бап. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бухгалтерлік құжаттама және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келісім-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Бухгалтерлік құжаттаманы салық төлеушi мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде жасайды.

Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттік тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.

6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

67-бап. Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртібі

1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.

2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.

2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.

3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 68-бап өзгертілді

68-бап. Салық есептілігi

1. Салық есептілігi дегенiмiз осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып, салық төлеушi, салық агенті салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

2. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:

салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;

арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер;

осы Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тiркеу және қайта тiркеу туралы өтiнiштер;

қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер;

қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер;

шот-фактуралар тізілімі;

осы Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.

3. Салық есептілігі - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР  Заңымен    5 тармақпен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, қызметтерін уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш береді. Қызмет өтініште көрсетілген, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылуға жатады.

Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш беруге құқылы.

Салық органдары қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. Салық берешегінің болуы немесе осы Кодекстің 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етпеу қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.

Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзінің салық міндеттемелерін орындайды.

Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушінің (өкілінің) өзіне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.

Салық төлеуші қызметті уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген күннен бастап қызметі уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледі.

Қызметті уақытша тоқтата тұру қызметті қайта бастаған күнге дейін алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін тапсырмау үшін негіз болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 69-бап өзгертілді

69-бап. Салық есептілігiн жасау мен табыс ету тәртібі

1. Салық есептілігiн салық төлеушi, салық агенті не олардың өкілдері осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.

Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептілігiн жасайды.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттілігi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.

2. Салық есептілігi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi уәкiлеттi мемлекеттік органның талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   3  тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиіс.

4. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алынып тасталды

5. Салық төлеушi, салық агентi салық есептілігiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептіліктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептілігiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі.

6. Салық төлеушi, салық агентi салық есептілігiн тиiстi салық органдарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  7 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

7. Салық төлеушi (заңды тұлға) қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.

Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу жолымен қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн өткізу актiсiнiң, тиiсiнше бөлу немесе тарату балансының негiзiнде бөлек салық  (тарату)   есептілігi жасалады.

  Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткізу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.

Табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс ету күні басталмайтын салық есептілігі (тарату есептілігін қоспағанда) осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімге дейін табыс етіледі.

Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.

Осы тармақтың ережелерi қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.

Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептілігiн табыс етедi.

Осы тармақта көрсетiлген салық есептілігiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш береді.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  7-2-  тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайда қызмет уақытша тоқтатылған кезде салық кезеңі басталғаннан қызмет тоқтатылатын күнге дейін салық есептілігі жасалады. Осы тармақта көрсетілген есептілік қызметті уақытша тоқтату туралы өтінішпен бір уақытта табыс етіледі.

Қызметті уақытша тоқтату туралы кезекті өтініш қызметті уақытша тоқтатудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылған жағдайда осы тармақта көзделген салық есептілігі табыс етілмейді.

8. Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептілігiн өз қалауы бойынша:

1) өзi келу тәртібімен;

2) хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;

3) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген жағдайларда ақпаратты компьютерлiк өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.

9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімi электрондық почта арқылы жеткiзiлгендiгi туралы хабарланған күн салық есептілігi салық органына табыс етiлген күн болып табылады.

Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн тапсырылған салық есептілігi почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнi қойылған белгiсi болса, мерзiмiнде табыс етiлген деп саналады.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10. Салық есептілігi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.

Егер салық есептілігінде:

1) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;

2) салық кезеңі көрсетілмесе;

3) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса;

4) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептілігi салық органына берiлмеген болып есептеледi.

11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алуды жүргiзу кезiнде салық есептілігiн табыс ету әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келісім-шарт бойынша жеке жүргiзiледi.

 

70-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   1  тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Салық төлеушiден салық декларациясын табыс етудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiне дейiн жазбаша (электрондық)  өтiнiш алынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттік орган салық декларациясын және (немесе) салық төлеушілер табыс ететін, электрондық мониторингке жататын құжаттаманы табыс ету мерзiмiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.

 

71-бап. Салық есептілігiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   1  тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзімі ішінде жол беріледі.

Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен рұқсат етіледі.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   2  тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Салық төлеушiнің , салық агентінің салық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізудi және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерістер мен толықтырулар жатқызылатын салық кезеңi үшiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргiзедi.

3. Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиiстi жолдарда бұрын табыс етiлген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетiледi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   4  тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Тексеру басталғанға дейiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеушi , салық агенті анықтаған салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгiзiлуге тиiс.

 

72-бап. Салық есептілігiн сақтау мерзiмi

1. Салық есептілігi осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде салық төлеушiлерде, салық агенттерiнде және салық органдарында сақталады.

2. Салық төлеушi, салық агентi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңi үшiн салық есептілігiн сақтау жөніндегі мiндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледi.

 

13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің

салық есебінің ерекшеліктері

 

§ 1. Трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі салық салу

Ерекшелiктерi

 

73-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі бақылау

Салық қызметi органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттейтiн заң актiсiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда бақылау жасайды.

Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемесiне түзету енгiзедi.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   73-1-баппен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

73-1-бап. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде салық салу

объектілерін түзету

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін заңнамасына сәйкес салық төлеуші мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін дербес анықтаған кезде салық төлеуші салық салу объектілерін және салық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.

 

§ 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшелiктерi

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 74-бап өзгертілді

74-бап. Қаржы лизингi

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзiмге жасалған лизинг шарты бойынша мүлiктi беру ,егер ол мына талаптардың бiрiне сай келсе:

1) мүлiктi лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға мүлiктi тiркелген бағамен алу жөнiнде құқық берiлуi лизинг шартында айқындалса;

2) қаржы лизингiнiң мерзiмi қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiктiң пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен асса;

3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнiң ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.

Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезiнде айқындалады.

 Лизинг алушының негiзгi құрал ретiнде алуына жататын лизинг заттары қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк болып табылады.

Салық салу мақсатында мұндай мәміле лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы - негізгі құралдардың иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлем ретінде қаралады.

2. Осы баптың мақсаты үшiн қаржы лизингiнің мерзiмi лизинг алушының шартқа сәйкес қаржы лизингiн ұзартуға құқығы бар қосымша мерзiмдi қамтиды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 75-бап толықтырылды

75-бап. Ортақ үлестiк меншiк

Ортақ үлестiк меншiк немесе кәсіпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзу туралы уағдаластық не заңды тұлға құрмай, екі және одан да көп иеленушi болуын көздейтiн өзге де уағдаластық болған жағдайда, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер, пайлық инвестициялық қор пайларының иелерiн қоспағанда, осы Кодексте белгiленген тәртіппен тиiсiнше әрбiр иеленушiде есепке алынып, салық салынады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 76-бап өзгертілді

76-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiлерiн анықтау тәртібі

1. Есеп жүргiзу тәртібі бұзылған жағдайда есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметi органдары мемлекеттік салық-бюджет саясатын қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен келісім бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындайды.

1-1. Салық агенті қызметкердің толық жұмыс күні үшін табысын Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен мөлшерде есептеген жағдайда, салық органдары әлеуметтік салық салу объектісін ең төменгі жалақының аталған мөлшеріне қарай белгілейді.

2. Егер жеке тұлға өзiнiң тұтынуына, соның iшiнде мүлiк сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысты көрсетсе, салық органдары өткен кезеңдердiң табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негiзiнде табысы мен салығын айқындайды.

3. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына талас тудырған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиiс.

4. Егер сот шешiмi бойынша табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, аталған табыс оған төленген салық сомасы шегерiлмей алынады.

 

4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы

 

14-тарау. Жалпы ережелер

 

77-бап. Төлеушiлер

1. Корпорациялық табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар (бұдан әрi бөлiм бойынша - салық төлеушiлер) жатады.

2. Арнайы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 368-377, 385-397-баптарына сәйкес төлейдi.

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    3 тармақпен толықтырылды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) 

 3. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудан түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

 

78-бап. Салық салу объектiлерi

Мыналар:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзiнен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.

 

15-тарау. Салық салынатын табыс

 

79-бап. Салық салынатын табыс

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып осы Кодекстiң 80-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес түзетiлуге тиiс.

 

§ 1. Жылдық жиынтық табыс

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 80-бап өзгертілді

80-бап. Жылдық жиынтық табыс

1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес анықталады.

2. Жылдық жиынтық табыста салық төлеушi табыстарының барлық түрлерi, соның iшiнде:

1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткізуден түсетiн табыс;

2) үйлердi, ғимараттарды, (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыс;

3) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;

4) күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;

5) мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;

7) борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;

8) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшiн алынған табыстар;

9) шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың (топтың) құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9-1-тармақпен  толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыстар;

10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;

11) ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;

12) бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсiмпұлдар және санкциялардың басқа да түрлерi, егер осы сомалар бұрын шегерiп тасталмаған болса;

13) бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;

14) өтеусiз алынған мүлiк, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер;

15) дивидендтер;

15-1) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

16) сыйақылар;

17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;

18) ұтыстар;

19) роялти;

20) әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

81-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуден түсетiн табыс

1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау жасау мәселелерi жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акциздi қоспағанда, өткiзiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердiң құны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуден түскен табыс болып табылады.

2. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуден түскен табыс:

1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәмiле шарттары өзгерген;

3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн бағалар, өтемдер өзгерген;

4) теңгемен төлеген кезде өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетiлуге тиiс.

Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiледi.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 82-бап өзгертілді

82-бап. Үйлердi, ғимараттарды, (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыс

1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс үйлердi, ғимараттарды, (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа да активтердi өткізу кезiнде құралады. Амортизациялауға жатпайтын активтерге:

1) жер учаскелерi;

2) құрылысы аяқталмаған объектiлер;

3) орнатылмаған жабдық;

4) салық төлеушi тауарларды өндiруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер;

5) бағалы қағаздар;

6) кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесi;

7) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толық шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;

8) осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтер жатады.

 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсiм аталған активтердi сату құны мен олардың бастапқы құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

3. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды, (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) өткізу кезiнде құн өсiмi (залал) өткізу құны мен салық есебiнде айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

4. Бағалы қағаздарды және қатысу үлесiн өткізу кезіндегі құн өсiмi мыналар:

борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар және қатысу үлесі бойынша өткізу құны мен иемденiп алу (үлес) құны арасындағы оң айырма;

борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескерiлген, өткізу құны мен иемденiп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.

5. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтердi өткізу кезiнде құн өсiмi өткізу құны мөлшерiнде айқындалады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 83-бап толықтырылды

83-бап. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар

1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстарға:

1) салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекітілген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда, салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;

2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған мiндеттемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;

3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.

2. Мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.

 

84-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар

Иемденiп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтiрiлуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына қосылуға тиiс.

 

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясында 85-бап 2002 ж. 1 қаңтарының 2009 ж. 1 қаңтарына дейін қлданылады (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

85-бап. 85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің

төмендеуінен түскен кірістер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:

1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.

2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  86-бап  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

86-бап. Борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар

Салық төлеушiнiң негiзгi борышты талап етуi бойынша борышкер төлейтiн сома, ол негiзгi борыштан тыс төлейтiн соманы қоса және салық төлеушiнiң борышты иемденiп алу құны арасындағы оң айырма түрiнде айқындалатын табыстары , сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретін салық төлеушінің борышты талап ету құқығын өткізу құны мен талап ету құқығын беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілген талап ету сомасының арасындағы оң айырма түрінде айқындалатын, талап ету құқығын өткізу күніндегі табыстары  борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар болып табылады.

 

 2005.22.11 № 89-III    ҚР Заңымен 87-бап  жаңа редакцияда  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

87-бап. Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың

(топтың) құн балансынан асып түсуінен алынатын

табыстар

Егер ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IY топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер құны есепке алынған ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) салық кезеңінің басындағы құн балансынан асып түссе, асып түскен шама жылдық жиынтық табысқа енгізілуге тиіс. Осы ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) құн балансы салық кезеңінің аяғына қарай нөлге тең болады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 87-1-баппен толықтырылды

87-1-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар

Егер осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiле отырып, салық кезеңiнiң басында соңғысының мөлшерiнен асып түссе, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиiс. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.

88-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының асып түсуiнен алынатын табыстар

1. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі нақты шығыстар аталған қорға жасалған аударымдардан төмен болса, айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.

2. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиiстi мемлекеттік уәкiлеттi орган бекiткен кен орындарын игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі жұмысты жүргiзбеген жағдайда, шегерiмдерге жатқызылған, кен орындарын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қор) аударымдар сомалары олар жүргiзiлуге тиiс салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 89-бап өзгертілді

89-бап. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша алынған өтемдер

1. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша өтем түрiнде алынған кiрiстерге:

1) бұрын шегерiмдерге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген күмәндi деп танылған талаптардың сомалары;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2) тармақша   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған субсидияларды қоспағанда, мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сомалар;

3) бұрын шегерiмдерге жатқызылған шығыстарды (залалдарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.

Алынған өтем ол өтелген салық кезеңiнiң табысы болып табылады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиiс) есептi салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

90-бап. Өтеусiз алынған мүлiк

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушi өтеусiз алған кез келген мүлiк, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер оның табысы болып табылады.

2. Мыналар:

1) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiк;

2) мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған субсидиялар;

3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

4) Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi және төтенше жарналарының сомасы;

5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры өтелген салымдар (депозиттер) және төленген кепiлдiк әрi өтемдiк төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақшаларының сомалары табыс ретiнде қаралмайды.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  90-1- баппен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

90-1-бап. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану

кезінде алынған шығыстардан асып түсуi

1. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға тиіс (алынған) шығыстардан асып түсуі салық төлеушінің жиынтық жылдық табысына қосылады.

2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, салық төлеуші мынадай қызмет түрлерін:

1) медициналық қызметті;

 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;

3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті;

4) қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті;

5) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының пайдалану объектілері әлеуметтік сала объектілеріне жатады.

Осы баптың мақсаттары үшін табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 91-бап өзгертілді

91-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1) дивидендтер;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1-1) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша  сыйақылар;

2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезiнде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуi және эмитенттiң өз акцияларын өткізуi кезіндегі құн өсiмi;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

3-1) борыштық бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте iзгiлiк көмек түрiнде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүлiктiң құны;

6) республикалық мемлекеттік кәсiпорынның Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан өтеусiз негiзде алған негiзгi құрал-жабдықтарының құны;

7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;

8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар;

9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;

10) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

11) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғасының қаржылық қызметтер көрсетуден алған табысы алып тасталуға тиіс. Осы тармақшада көрсетілген қаржылық қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны алып тасталуға тиіс.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   2 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Тауар-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға тиiс.

Тауар-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық төлеушi салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.

 

§ 2. Шегерiмдер

 

92-бап. Шегерiмдер

1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуге тиiс.

2. Осы Кодексте шығыстарды нормалар шегiнде шегерiмдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.

Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.

3. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.

4. Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.

5. Мемлекеттік бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.

  ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 259-бап өзгертілді

6. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес салық төлеушінің жеке кәсіпкерлер субъектілері бірлестігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда қызметкерлердің орташа есеппен бір жылдағы тізімдік саны негізінде бір қызметкерге белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.

 

16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 93-бап өзгертілді

93-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезіндегі және өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын шегеру

1. Қызметтiк iссапарлар кезіндегі шегерiмге жататын өтемдерге:

1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;

2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулігiне алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 5) тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5) салық төлеуші кіру визасын ресімдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердің құны, міндетті медициналық сақтандыру) жатады.

2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады.

Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.

Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 94-бап өзгертілді

94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер

1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:

1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түріндегі сыйақы;

2) ҚР 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды

3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   3-1) тармақшамен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

3-1) вексель бойынша төлемдер;

4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.

Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.

2. Сыйақы бойынша шегерiм:

салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы

қосу

меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.

3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:

1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;

2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;

3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.

4. алып тасталды

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 95-бап өзгертілді

95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер

Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.

Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 96-бап өзгертілді

96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер

1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   2  тармақ жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлік есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргізіледі.

3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттік тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.

4. ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертілді

97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер

1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.

Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі жер қойнауын пайдалану келісім-шартымен белгiленедi.

2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа) активтер мен шарттық міндеттемелерді қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган анықтайды.

Осы тармақтың мақсаттары үшін:

1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;

2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;

5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.

3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер

Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 99-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру

1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары шегерiлуге тиiс.

2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 100-бап өзгертілді; ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III   (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 100-бап өзгертілді

100-бап. Әлеуметтік төлемдерге және оқытуға жұмсалған шығыстарды шегеру

1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:

1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;

2) ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;

4) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.

2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.

3. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілуге жатады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   4  тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

4. Салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны салық төлеушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша   оқытуға  жұмсаған шығыстары мынадай талаптар сақталған:

1) салық төлеушіде кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы жеке тұлғамен шарт жасалған;

2) білімнің тиісті деңгейін жеке тұлға тұңғыш рет алатын;

3) жеке тұлғаның оқуы Қазақстан Республикасында не мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүзеге асырылатын жағдайларда шегерілуге жатады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  5 тармақпен  толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:

1) оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;

2) оқитын адамның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген норма шегіндегі шығыстарды;

3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейін кері қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығыстарды қамтиды.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 101-бап өзгертілді

101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр . ред. қара)

1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн   бағалау, абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда,  пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары   және  өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткізу жөніндегі шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшеріндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.

Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.

Жеке топ құрылғаннан кейін және коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.

Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:

1) пайдалы қазбаларды өткізу кезiнде алынған табыстар;

2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.

3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 102-бап жаңа редакцияда

102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм

Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.

 

103-бап. Салықтар шегерiмi

1. Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:

1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;

2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;

3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.

2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 104-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар

Мыналар:

1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1-1) тармақшамен  толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1) сот жалған кәсіпорын деп таныған салық төлеушімен қылмыстық қызметтің сот белгілеген басталу кезінен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1-2) тармақшамен  толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарылған әрекетсіз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;

2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  3) тармақша жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда, мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдар;

4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;

5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;

6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөніндегі шығыстар;

7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны;

8) қызметiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.

 

§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 105-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен   (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 105-бап өзгертілді

105-бап. Тiркелген активтер

Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.

Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

106-бап. Тiркелген активтердің құны

1. Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.

2. Құрылтайшылар, қатысушылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.

Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.

3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.

4. Құрылтайшылардың, қатысушылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөніндегі шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.

5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III   (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 107 - бап өзгертілді

107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу

1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар , топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:

1) жер;

2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

3) мұражай құндылықтары;

4) сәулет және өнер ескерткiштерi;

5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;

6) аяқталмаған күрделi құрылыс;

7) фильм қорына жататын объектiлер;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  7-1) тармақшамен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) Қазақстан Республикасының шама бірлігінің мемлекеттік эталондары;

8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;

9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) тiркелген активтер жатады.

2. Әрбір ішкі топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы, бірақ ішкі топтың, топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансына осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шекті нормадан асырмай есептеледі.

Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.

3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке айқындалады және І топтың негізгі құралының құны ішкі топтың құн балансына теңестіріледі.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 108-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 108-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңымен  108-бап жаңа редакцияда

108-бап. Амортизациялық ішкі топтардың, топтардың

құн балансын айқындау

1. Әрбір амортизациялық ішкі топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында ішкі топтың (І топтың), топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.

І топтың құн балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша ішкі топтардың құн баланстарынан және осы Кодекстің 113-бабының 2-1-тармағына сәйкес құралған ішкі топтың құн балансынан тұрады.

2. Ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы:

ішкі топтың (І топтың), топтың өткен салық кезеңінің соңындағы құн балансы ретінде айқындалған, өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстің 111 және 113-баптарына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескерілген ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құн балансы,

қосу

осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер,

алу

осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған тәртіппен салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер ретінде айқындалады.

3. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағында айқындалған топтар бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бөлінеді.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен  (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III  ҚР Заңымен (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен   (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 109-бап өзгертілді

109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып қалуы

1. Сатып алу, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының сатып алуы, құрылыс салуы, жарғылық капиталға салым ретінде өтеусіз алуы кезінде келіп түскен тіркелген активтер осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртіппен есепке алынады:

І топ бойынша - тиісті ішкі топтың құн балансын құрайды;

II, ІІІ және IV топтар бойынша - топтың құн балансына енгізіледі.

2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті ішкі топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе II, ІІІ және IV топтардың құн балансын:

өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына;

жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша;

құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде - мәмілеге қатысушылар айқындаған құн бойынша;

тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда, олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде - сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып айқындалатын құн бойынша, өзге де жағдайларда - салық мақсаттарында айқындалған (І топ бойынша) қалдық құны бойынша;

өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша;

концедент концессионерге берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша;

концессия шарты тоқтатылғанда концессионер концедентке берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша кемітеді.

3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 110-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III   (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)  ҚР Заңымен  110-бап жаңа редакцияда ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен  110-бап жаңа редакцияда

110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының

шекті нормалары

1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға бөлінеді:

 

Топ

 №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның

шекті нормасы

(%)

I

Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)

10

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен

жабдықтарын қоспағанда,

машиналар және жабдық

25

III

Кеңсе машиналары мен компьютерлер

40

IV

Басқа топтарға қосылмаған

тіркелген активтер

15

 

2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша салық төлеуші кемінде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тіркелген активтерді пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құн балансына енгізілуге жатады.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ;  2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 111-бап өзгертілді

111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

1. Ішкі топтың (І топ бойынша) барлық тіркелген активтері немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы шегерімге жатқызылады.

2. Егер ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы 300 айлық есептік көрсеткіштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеуші ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 111-1-баппен толықтырылды

111-1-бап. 2005.22.11 № 89-III  ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)   ҚР Заңымен 112 -бап  өзгертілді  

112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтер

1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының , тобының құн балансында ескерiледi.

2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың , топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың , топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 113-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда; 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 113-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер

1. Мына негізгі құралдарды:

1) осы топқа енетін;

2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін негізгі құралдарды жөндеуге салық төлеуші жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар бойынша әрбір топқа қатысты шегерім жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланған жағдайда рұқсат етіледі.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Қызмет етудің нормативтік мерзімін ұлғайтпайтын және негізгі құралдардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негізгі құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) және құрамдас бөліктерін  ауыстыруға байланысты осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негізгі құралдарды жөндеуге арналған іс жүзіндегі шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансынан белгіленген мынадай шекте әрбір топ бойынша шегеріледі:

 

Топ

 №

Топтың атауы

 Шекті норма (%)

I

Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)

15

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен

жабдықтарын қоспағанда,

машиналар және жабдық

25

III

Кеңсе машиналары мен компьютерлер

15

IV

Басқа топтарға қосылмаған

тіркелген активтер

15

 

2-1. Осы  баптың 2-тармағында аталған шектен асатын сома мынадай тәртіппен ескеріледі:

1) І топ бойынша:

егер ішкі топтың құн балансының құрамына кіретін негізгі құрал салық кезеңінің соңында іс жүзінде шығып қалса - құн өсімінен түсетін табыстың немесе ішкі топтың құн балансынан шығып қалған тіркелген актив құнының асып кетуінен түскен табыстың тиісті мөлшерін іс жүзіндегі шығыстарға барабар азайтады және (немесе) ішкі топтың тиісті құн балансын ұлғайтпайды;

өзге де жағдайларда - ішкі топтың тиісті құн балансын іс жүзіндегі шығыстарға барабар ұлғайтады;

топтың құн балансына енгізілмейтін негізгі құралдар бойынша - жеке ішкі топтың құн балансын құрайды және келесі салық кезеңдерінде осындай шығыстар ішкі топтың осы балансын ұлғайтуға жатқызылады;

2) II, III және IV топтар бойынша: топтың құн балансы болған кезде - оның ұлғайтылуына жатқызылады;

топтың құн балансы болмаған кезде - топтың келесі салық кезеңінің басталғандағы құн балансын құрайды.

3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебінен жүргізілген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерімге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.

4. Негізгі құралдардың нормативтік қызмет ету мерзімін ұлғайтпайтын және олардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттарға сәйкес негізгі құралды сақтау әрі оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) ауыстыруға байланысты жалгер жалға алынған негізгі құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушінің жалға беруші шартына сәйкес өтемейтін шығыстары осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады.

5. Осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес құны шегерімге жатқызылатын (жатқызылған) инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған іс жүзіндегі сома осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.

 

§ 4. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша

табыстар мен шегерiмдер

 

114-бап. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша табыстар мен шегерiмдер

1. Ұзақ мерзімдi келісім-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.

Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келісім-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келісім-шарт болып табылады.

2. Келісім-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келісім-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.

 

16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына

салық салу жөніндегі жекелеген ережелер

 

§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 115-бап өзгертілді

115-бап. Салық салу объектiсi

1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған), сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:

1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;

2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;

4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;

6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;

7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;

8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдері;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  10) тармақшамен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10) эмитент меншікті акцияларын орналастырған кезде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып түсуі және эмитент меншікті акцияларын өткізген кездегі құн өсімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектісі болып табылмайды.

2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.

 

116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстары мен шығыстарының есебi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:

1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;

2) аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi;

3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 проценті;

2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға тиіс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 проценті мөлшерінде төлейді.

2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 118-бап өзгертілді

118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.

Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.

2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.

3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.

 

 

119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.

2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.

 

§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу

 

29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 119-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 119-1-бап өзгертілді  

119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу

1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:

1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттік тiркеуден өткен;

2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар) объектiлерiн мемлекеттік қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;

3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерi бойынша мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;

4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.

2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:

жер қойнауын пайдаланушылар;

акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;

арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.

4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.

Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.

6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.

Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 120-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 120-бап өзгертілді

120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлік қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:

1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылуға тиіс сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісі бойынша айқындалады.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6. Барабарлық әдіс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылуға тиісті шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

7. Бөлек есептеу әдісі бойынша салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.

 

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 121-бап өзгертілді

121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:

1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара);  2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  3) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)

3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;

4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиіс (алынған) кіріс құрайтын ұйымдар жатады.

2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:

салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;

салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.

Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.

4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.

 

17-тарау. Салық салынатын табысты түзету

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 122-бап өзгертілді

122-бап. Салық салынатын табысты түзету

1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың үш процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1) тармақша  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)

1) шығыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегінде әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;

2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;

2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;

3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.

2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.

3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.

4. Жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 процентін ауыл шаруашылығына кредит беруден алынуға тиісті (алынған) кірістер құрайтын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына, сондай-ақ олардың активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасына азайтады.

4-1. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5 тармақ 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңының редакциясында, 01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді

5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.

 

18-тарау. Залалдар

 

123-бап. Залал ұғымы

1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.

2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетiн залал мыналар:

борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;

борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткізу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 124-бап өзгертілді

124-бап. Залалдарды ауыстыру

1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi,  (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)  өткізуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.

Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңына сәйкес 1-тармақтың үшiншi бөлiгi 01.01.06 ж. бастап алып тасталады

Салық төлеушi салық кезеңiнде осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде шеккен залалдарға осы баптың ережелерi қолданылмайды.

2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.06. № 146-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізілетін күні қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.

Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының «А» және «В» ресми тiзiміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылады.

 

19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп

шығару тәртібі мен оны төлеу мерзімдері

 

125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 126-бап өзгертілді

126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару

1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгізу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.

2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.

3. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.

5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.

6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  7 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)( бұр. ред. қара)

7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер  мемлекеттік тіркелген күннен  бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебiн беруге құқылы.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9 тармақпен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін және жалпы белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 127-бап өзгертілді

127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртібі

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеуді тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.

3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.

4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 128-бап өзгертілді

128-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 129-бап өзгертілді

129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Осы Кодекстің 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кірістерді қоспағанда, Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған және (немесе) төленген салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 130-бап өзгертілді

130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде алынған табыс

1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда резидент емес заңды тұлға пайдасының резиденттiң мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның резидентке қатысты бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.

1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Президентінің салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс.

2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады.

Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерге салық ставкасы резидент емес заңды тұлғаға қатысты мемлекет нақты қолданатын салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын ставканың 1/3-інен аспайтын мөлшерді құрайтын немесе мүліктің нақты иесі немесе табыстың нақты иесі туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялылығы туралы заңдары бар мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі жатады.

Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  130-1-баппен толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

130-1-бап. Резиденттердің халықаралық шарттарды шет

мемлекеттерде қолдану тәртібi

1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрі - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегі көзден табыс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе ішінара салық салуға мүмкіндік алу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы.

2. Халықаралық шарт ережелері резиденттерге осы Кодекстің 193-бабында белгіленген шарттар орындалған кезде қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда, резидент уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімде салық органына салық резиденттігін растау құжатын алуға өтініш береді.

 

20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 131-бап өзгертілді

131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға:

1) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиялары бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;

3) ұтыстар;

4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстары;

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серіктестіктерге, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына өленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа сыйақы;

6) резидент-банктерге және жеке тұлғаларға төленетін сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түріндегі сыйақы жатады.

1-1. Мыналар:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және агенттік облигациялар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2) тармақша жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша - жинақтаушы зейнетақы қорларына, орналастырылған активтер бойынша өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;

3) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар төлем көзінен салық салуға жатпайды.

2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөніндегі сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 132-бап өзгертілді

132-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару тәртібі

1. Салық сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына осы Кодекстiң 135-бабының 2 немесе 3-тармақтарында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.

2. Салық агентi осы Кодекстiң 131-бабында көзделген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.

3. Депозитарлық қолхат бойынша кірістерді төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 133-бап жаңа редакцияда  ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  133-бап жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

133-бап. Төлем көзінен салықты аудару тәртібi

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған салық сомаларын аударуға міндетті.

2. Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкілдік орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  134-бап өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

134-бап. Төлем көзiнен ұсталған салық жөніндегі есеп-қисап

Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

 

21-тарау. Салық ставкалары

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 135-бап өзгертілді

135-бап. Салық ставкалары

1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

2. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

3. Резидент еместердiң осы Кодекстің 178-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

4. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстiне осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

 

22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

 

136-бап. Салық кезеңi

1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.

2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.

Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.

3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді

137-бап. Салық декларациясы

1. Осы Кодекстің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2. Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі қосымшалардан тұрады.

 

5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары

ҚР 08.01.03 ж. № 375-II Заңымен 138-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 138-бап өзгертілді

138-бап. Инвестициялық салық преференциялары

Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.

Инвестициялық салық преференциялары дегеніміз корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.

Инвестициялық салық преференцияларын қолдану үшiн қайта құруға арналып iс жүзiнде жұмсалған шығыстар бөлiгiнде қайта құрылған объектiлердi қоса алғанда, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға алғаш енгiзiлгендер жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер деп танылады.

 

ҚР 08.01.03 ж. № 375-II Заңымен 139-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 139-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 139-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 139 - бап өзгертілді

139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі

1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi преференциялар) инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2 тармақ өзгертілді

2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келісім-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:

келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер , оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша, пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;

жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркелген активтерді ,оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша, пайдалануға берген кезден бастап беріледі.

3. Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөніндегі инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi.

4. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, осы Кодекстiң 107-бабының 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.

5. Преференциялар беру тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  6 тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6. Осы баптың мақсаттары үшiн инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген кезге дейін күнтізбелік он екі ай  iшiнде мемлекеттік тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.

7. Осы баптың 4-тармағында көзделген корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын iшкi топтың , топтың  құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.

8. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгiленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.

9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады.

Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.

 

ҚР 08.01.03 ж. № 375-II Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 140-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

140-бап. Преференциялардың қолданылуын тоқтату

1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодекстің 139-бабының 9-тармағын ескере отырып, келісім-шартта көрсетілген мерзімде тоқтатылады не мұндай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.

Преференциялардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.

2. Преференциялардың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші салықтарды төлейді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II Заңымен 5-1-бөліммен толықтырылды

5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына

салық салу ерекшелiктерi

 

22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында

қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 140-1-бап өзгертілді

140-1-бап. Жалпы ережелер

1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:

1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын;

2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің мынадай түрлері:

бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгізу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi;

жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;

ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналар өндіру, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электронды есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтар өндіру;

электр- және радиоэлементтер, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратура өндіру;

тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;

киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

трикотаж бұйымдарын өндіру;

тоқыма материалдарынан киім өндіру бойынша өз өндірісі тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

1-1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға:

жер қойнауын пайдаланушылар;

акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар;

арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;

инвестициялық салық преференциялары берілген ұйымдар жатпайды.

2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның немесе арнаулы экономикалық аймақтар әкімшілігінің тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.

 

 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңымен 140 -2- бап өзгертілді

140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен мерзiмдерi

1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 100 процентке азайтылады.

Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.

3. 2005.22.11 № 89-III    ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:

1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;

2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  5 тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді, осындай объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тараудың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерге кеңсе, өнеркәсіп ғимараттары мен қоймалар жатады.

Осы тармақта көзделген жеңілдіктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.

Егер салық төлеуші осы тармақта көрсетілген айналымдармен қатар өткізу жөніндегі басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетілген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

 

140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептілігiн беру тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 22-2-тараумен толықтырылды

22-2-тарау. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық

аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын

ұйымдарға салық салу

 

140-4-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:

1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:

химия өнеркәсiбi;

резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;

өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;

металлургия өнеркәсiбi;

дайын металл бұйымдары өндірісі;

машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;

2) «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында тiркеу есебiнде тұратын;

3) «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.

2. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:

жер қойнауын пайдаланушылар;

акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;

арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.

3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда берiлген, «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.

 

140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртібі мен мерзiмдерi

1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.

Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.

3. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу oбъектiлерi бойынша:

1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;

2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 процент ставка қолданылады.

 

140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi

Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 22-3-тараумен толықтырылды

22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған,

қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн

ұйымдарға салық салу

 

140-7-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға бiр мезгілде мынадай талаптарға сай келетiн:

1) өз өндiрiсiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларын өткізуден түскен табысы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасының кемiнде 90 процентiн құрайтын,

Өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуге құрылыс объектiлерiн сату жатпайды;

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесi кемiнде 40 проценттi құрайтын,

Қосылған құн мөлшерi:

мaтериалдық, әлеуметтiк игiлiктер мен материалдық пайданы қоспағанда, салық кезеңiнiң iшiнде жұмыскерлерге есептелген табыстар,

қосу

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы,

қосу

жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасы,

қосу (алу)

төтенше жағдайлардан түскен пайда (тиген залал) ескерілмеген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын пайда (залал) ретiнде белгiленедi;

3) жарнама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасына қатынасы ретiнде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициентi кемiнде 12 проценттi құрайтын ұйымдар жатады.

2. Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға:

жер қойнауын пайдаланушылар;

акцизделетiн тауарлар шығаратын ұйымдар;

арнайы салық режимiн қолданатын ұйымдар;

қызметiн мұнай-химия өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 119-1-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;

технологияларды дамыту мақсатында құрылған, қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 140-2-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;

қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-5-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар жатпайды.

 

140-8-бап. Салықтарды есептеу

Осы Кодекстiң 140-7-бабында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептеуi осы Кодекстiң 140-9-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

140-9-бап. Корпорациялық табыс салығын есептеу, төлеу тәртібі мен мерзiмдерi

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 30 процентiне азайтылады.

Өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.

2. Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларын өткізуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен енгiзiлген жылдан кейiнгi бiр салық кезеңi iшiнде өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 процентiне азайтылады.

Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшiн заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн» сыйлығы лауреаттарының осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған, өндiру процесi сапа менеджментi және қоршаған ортаны басқару жүйесiнiң 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен сертификатталған өз тауарлары өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарлары деп танылады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген салық сомасын азайту корпорациялық табыс салығы бойынша осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.

 

6-бөлім. Жеке табыс салығы

 

23-тарау. Жалпы ережелер

 

141-бап. Төлеушiлер

Осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi салық төлеушiлер) болып табылады.

 

142-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi

Резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 187-192-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 141-174-баптарына сәйкес жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.

 

143-бап. Салық салу объектiлерi

Осы Кодекстiң 144-бабында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.

 

23.11.02 ж. № 358-II  ҚР Заңымен ;10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ;  29.11.03 ж. № 500-II  ҚР Заңымен ; (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III  ҚР Заңымен ; (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III ҚР Заңымен ; (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 144-бап өзгертілді

144-бап. Салық салынуға жатпайтын табыстар

Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;

4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

5) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;

5-2) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының  қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

7) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;

11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшіндегі - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегіндегі табысы;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

13) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

13-1) олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегіндегі төлемдер;

16) қызметтiк iссапарлар кезiнде осы Кодекстiң 93-бабында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;

17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;

19) шет мемлекеттiң мемлекеттік қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

21) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

22) 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алынып тасталды

22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;

23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;

24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);

25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және біліктілігiн арттыруға бағытталған шығыстары;

25-1) осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізілген, оқытуға арналған шығыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  26) тармақша  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен  жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

26-1) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;";

27) ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

28) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  30) тармақша  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

30) өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

33) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;

34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;

35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;

37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;

38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.

39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды

40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген кірістері.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  41) тармақшамен  толықтырылды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

41) міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.

2. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 145-бап өзгертілді; 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

145-бап. Салық ставкалары

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс.

2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

3. Дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.»;

 

24-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

 

146-бап. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:

1) қызметкердің табысы;

2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);  2006.31.01. № 125-III  (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 147-бап өзгертілді

147-бап. Салықты есептеу және төлеу

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.

2. Салық агенттері, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 20-сына  дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

2-1. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

3. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 383 және 390-баптарында белгiленген.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері осы Кодекстің 377-1-бабында белгіленген.

4. Депозитарлық қолхат бойынша кірістер төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен;  2006.31.01. № 125-III  (бұр.ред.қара)  ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді

148-бап. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисап

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    1 тармақ  өзгертілді  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

1. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан  кешіктірмей табыс етеді.

Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстің 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген кірістерді  , сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кірістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

2. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 384 және 390-баптарына сәйкес табыс етедi.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығы бойынша есепті табыс етуі осы Кодекстің 377-1-бабына сәйкес жүргізіледі. 

 

§ 1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы

 

149-бап. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы

1. Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, осы Кодекстiң 152-бабында көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.

2. Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

 

150-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы

1. Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:

1) заттай нысандағы еңбекақы;

2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;

3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.

2. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 151-бап өзгертілді

151-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түріндегі табысы

Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды:

1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 152-бап өзгертілді

152-бап. Салық шегерiмдерi

1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшіндегі әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сома;

2) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4) өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;

5) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды

6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.02.07  № 272-III  ҚР  Заңымен  7) тармақша  өзгертілді  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған заемдары  бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Жарты айдан аз жұмыс істеген қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын айқындау кезінде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерім жүргізілмейді.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi.

 

153-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2  тармақ өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.

3.  2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  алып тасталды    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 153-1-баппен толықтырылды

153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі

1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi.

2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  3  тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 153-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.

4. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

§ 2. Төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден

түскен табыс

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 154-бап жаңа редакцияда ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

154-бап. Біржолғы төлемдерден түскен табыс

Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:

1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерінің қызметіне байланысты табыстар бойынша төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;

2) жеке тұлғалардан мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін оларға төленетін төлемдерді қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 155-бап өзгертілді

155-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

 

§ 3. Төлем көзiнен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы

қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

156-бап. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдерi

Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.

 

 

157-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.

 

§ 4. Төлем көзiнен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар,

ұтыстар түріндегі табыс

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 158-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

158-бап. Салық сомасын есептеу

1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі және осы Кодекстің 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.

2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

 

§ 5. Стипендиялар

159-бап. Стипендиялар

Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 160-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

160-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.

 

§ 6. Төлем көзiнен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру

шарттары бойынша табыс

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 161-бап өзгертілді

161-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

1. Сақтандыру сыйлықақылары:

жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;

жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;

жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.

1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.

2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 162-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

162-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.

 

25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын

Табыстар

 

163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар

Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:

1) мүлiктiк табыс;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2) тармақша  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) жеке кәсіпкердің осы Кодекстің 169-бабына сәйкес айқындалатын табысы;

3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;

4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес белгiленетiн өзге де табыстар жатады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 164-бап өзгертілді

164-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Осы Кодекстiң 168-бабына сәйкес есептелетiн адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi 152-бапқа сәйкес белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:

1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу арқылы төлейдi.

Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және 192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.

165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi

1. Салық төлеушi осы Кодексте белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлейдi.

§ 1. Мүлiктiк табыс

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 166-бап өзгертілді

166-бап. Мүлiктiк табыс

1. Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:

а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;

б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;

в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;

г) мемлекеттік тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезіндегі олардың құнының өсiмi;

2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.

2. Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезіндегі құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.

Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

3. Бағалы қағаздарды сату кезіндегі құнның өсiмi осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес белгiленедi.

§ 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

167-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

168-бап. Салықты есептеу және төлеу

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.

2. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  3-параграфының тақырыбы өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

§ 3. Жеке кәсiпкердің  табысы

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 169-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  169-бап жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

169-бап. Дара кәсіпкердің табысы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледі.

2. Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің табысы осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес айқындалады.

 

§ 4. Басқа табыстар

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 170-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

170-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстар

Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға, осы Кодекстiң 149-162-баптарында көрсетiлмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.

 

26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 171-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 171-бап өзгертілді

171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;

2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

2007.26.03  № 240-III ҚР Заңымен  5) тармақша  өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне   және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне  сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, судьялар;

 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  7) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) осы Кодекстiң 144-бабының 12) тармақшасында көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Осы Кодекстiң  144-бабының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 172-бап өзгертілді

172-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету

мерзiмдерi

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

2. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

173-бап. Шетел салығын есепке алу

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.

Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Республикасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 174-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

174-бап. Салық төлемiнің расталмауы

171-баптың 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгенi расталмаған табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.

 

7-бөлім. Резидент еместердің табысына

салық салу ерекшеліктері

 

27-тарау. Жалпы ережелер

 

175-бап. Жалпы ереже

Осы бөлiм резидент емес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына корпорациялық және жеке табыс салығын салу ерекшелiктерiн ашады.

 

176-бап. Резиденттер мен резидент еместер

1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.

2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:

ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;

өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/3;

өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.

Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.

3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде орындалған жағдайда:

1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:

мемлекеттік билiк органдары шет елге iссапарға жiбергендер, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;

тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншiгi немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;

оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;

сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.

5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерiнiң тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстiң мақсатында резиденттер деп танылады.

Негiзгi басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажет стратегиялық коммерциялық шешiмдердi қабылдайтын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.

6. Осы баптың ережелерiне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсатында резидент еместер деп танылады.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 177-бап өзгертілді

177-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi

1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:

1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;

3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;

4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;

5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен  1-1 тармақпен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтізбелік алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.

2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.

Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.

Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.

3. Резидент емес, сондай-ақ, егер:

1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;

2) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасында ақылы негiзде және (немесе) тауарлар сатуды iске асыратын көрме өткiзсе;

5) резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүддесiн бiлдiруге, iс-әрекет жүргiзуге немесе оның атынан келісім-шарт (шарт, келісім) жасасуға құқық берсе, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   4 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Осы бапта көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезіндегі  он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға әкеп соқпайды.

5. Осы резидент еместiң атынан келісім-шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлмеген тәуелсiз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.

Өзінің әдеттегі (негiзгi) қызметi аясында әрекет ететiн және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын тұлға тәуелсiз делдал деп түсiнiледi.

6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншілес және негiзгi ұйымдардың арасында осы баптың 3-тармағы 5) тармақшасының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындамаса, өзiнiң негiзгi ұйымының тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.

6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде:

егер мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;

шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;

шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ескере отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.

Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөніндегі қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.

7. Резидент еместiң қызметi оның салық органында тiркеу есебiне тұруына немесе тұрмауына қарамастан, осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 178-бап өзгертілді

178-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

Табыстардың мынадай түрлерi:

1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   2) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2) нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметтерден,   бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

2-1) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалар алған, қызметтердің нақты көрсетілген жеріне қарамастан (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы осындай тұрақты мекемелермен байланысты қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын резиденттерге немесе резидент еместерге) қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткізу;

резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаға, консорциумға немесе мүлiкке қатысу үлесiн өткізу;

егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды, сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу;

резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;

4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiне байланысты резиденттiң немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   4-1) тармақшамен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

4-1) борышты талап етуді алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезінде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар;

5) резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   6) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

6) резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрiнде түсетiн табыстар;

7) мыналардан:

резиденттерден;

егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;

8) мыналардан:

резидент - эмитенттерден;

егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;

9) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резиденттерден немесе резидент еместерден алынатын роялти түріндегі табыстар;

10) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;

11) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;

12) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;

13) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   14) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) Қазақстан Республикасында еңбек шарты бойынша қызметтен түскен табыстар;

15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте осындай тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды емес;

16) Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;

17) материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;

18) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;

19) кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне: театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;

20) резиденттер төлейтiн ұтыстар;

21) Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;

22) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;

23) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар;

24) Қазақстан Республикасы жасасқан және ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасында салық салу құқығы көзделген, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.

 

28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай

қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды

тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 179-бап өзгертілді

179-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстаудың тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.

2. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы резидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды төлеу жөніндегі берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.

3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;

2) резидент банктердің корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге, олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар;

3) бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жүргізілген операциялардан түскен табыстар;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;

6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;

7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;

8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;

9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) және 2-1) тармақшаларында өрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.

4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.

4-1. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

6. Мемлекеттік бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға осы Кодекстiң 10-бабы 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.

Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады.

6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.

7. Төлем көзiнен табыс салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұсталады.

 

180-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының ставкалары

Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзiне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   1) тармақша өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

  1) дивидендтер, сыйақылар                      
  15 процент           
                       
  2) тәуекелдердi сақтандыру шарттары          
  бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары   
                       
  10 процент           
  3) тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары    
  бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары   
                       
  5 процент            
  4) халықаралық тасымалдарда көлiк            
  қызметтерiн көрсетуден түскен табыстар       
                       
  5 процент            
  5) осы баптың 1)-4) тармақшаларында          
  аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 
  178-бабында белгiленген табыстар             
                       
                       
  20 процент           
 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   181-бап жаңа редакцияда    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

181-бап. Төлем көзінен табыс салығын аудару тәртібі мен

мерзімдерi

1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығын салық агенті мемлекеттік бюджетке:

1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма жұмыс күні ішінде;

2) есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.

Өтеу мерзімдері осы тармақшада белгіленген мерзім аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.

2. Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен   182-бап  өзгертілді    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

182-бап. Салық есептілігiн табыс ету

Салық агенттерi төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалу жөнiнде мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен алынған табыс салығы жөнiнде тоқсан сайын есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.

Салық агенттері резидент еместің табыстары шегерімге жатқызылған есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, тіркелген жері бойынша салық органдарына төлем көзінен ұсталған табыс салығы жөніндегі есеп-қисапты табыс етуге міндетті.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 183-бап өзгертілді

183-бап. Бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарға салынатын салықты есептеу мен төлеу ерекшелiктерi

2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.06. № 146-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ  жаңа редакцияда

1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарына, осы Кодекстің 180-бабында белгіленген ставка бойынша салық салынуға тиіс.

2006.11.12 № 201-III    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 1-1-тармақпен  толықтырылды

1-1. Мыналар:

1) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;

2) мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар салық салуға жатпайды.

2006.11.12 № 201-III    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   ҚР Заңымен 2-тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Корпорациялық табыс салығын резидент емес заңды тұлға өз бетiмен есептеп шығарады және салық осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағымен белгіленген мерзімде резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға тiркелген жерi бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны мiндеттi түрде табыс ете отырып, төленуге тиiс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 3-тармақ  өзгертілді(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға  осы баптың 2-тармағында көрсетілген салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

 

29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты

мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын

резидент емес заңды тұлғалардың

табыстарына салық салу тәртібі

 

184-бап. Қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау ерекшелiктерi

1. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстің 79-135-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзіледi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2-тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:

1) осы Кодекстің 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;

2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметке баламалы немесе соған ұқсас қызметті жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған кезден бастап тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

4. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тiкелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерiмге жатады.

5. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншiгiн немесе санаткерлiк меншiгiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетiн роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;

2) қызмет көрсеткенi үшiн алынатын комиссиялық табыстар;

3) осы резидент емес заңды тұлға берген заемдар бойынша сыйақылар;

4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiнен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;

5) құжатпен расталмаған шығыстар;

6) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстары ретiнде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерiмге жатқызуға құқығы жоқ.

 

185-бап. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза табысына салық салу тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.

2. Таза табысқа есептелген салық сомасы корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияда көрсетiледi.

3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза табысына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде салық төлеуге мiндеттi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

186-бап. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібi

1. Салық органында тiркемеген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алатын табыстарына төлем көзінен жиырма проценттік ставка бойынша шегерім жасалмай табыс салығы салынуға тиіс.

Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн растау болып табылады.

 

30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың

табыстарына салық салу тәртібі

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 187-бап өзгертілді

187-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, осы тұлғаның тұрақты мекемесiне байланысты емес табыстарына, мыналарды:

1) осы баптың 2-тармағында көзделген табыстарды;

2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен түскен, салық салу тәртібі осы Кодекстiң 189-бабында айқындалған табыстарды;

3) банк депозиттерi бойынша сыйақыларды;

4) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды беруге байланысты төлемдердi;

5) бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарды;

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

5-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды;

6) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жүргiзілген операциялардан түскен табыстарды;

7) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген, олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасын қоспағанда, осы Кодекстiң 179-181-баптарында белгiленген тәртiпте және мерзiмде төлем көзiнен салық салынуға тиiс.

2. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 149-151-баптарында белгiленген өзге де табыстарын қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына осы Кодекстiң 147, 153-баптарының ережелерiмен белгiленген тәртiпте және мерзiмде, бiрақ осындай табыстарға қатысты шегерiмдердi жүзеге асырмай, төлем көзiнен салық салынуға тиiс.

3. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

4. Мемлекеттік бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі мiндеттеме мен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы резидент емеске) жүктеледi. Мұндай тұлға осы Кодекстiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.

Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырған кезден бастап салық агентi болып танылады.

4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5. Табысты төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен табыс салығын салық агенті ұстайды.

Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

 

29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 187-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 187-1-бап өзгертілді

187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасындағы көздерден төленетін резидент емес жеке тұлғалар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі

1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:

1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) еңбек шарты резидент емес тұлға мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында жасалған;

3) резидент емес жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2006.11.12 № 201-III  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді  

2. Резидент емес тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі үшін табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін есепке алмай, еңбек шартында көрсетілген резидент емес тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.

Бұдан кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығын салық агентi өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның iс жүзіндегі салық мiндеттемесiнiң сомасын негiзге ала отырып есептейдi. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының есебi тапсырылғанға дейiнгi кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн есептеу есеп берiлiп отырған салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып, бiрақ өткен табыс кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерiнiң есептемеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргiзiледi.

3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.

Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.

Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.

4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.

5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.

Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.

6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн беруi қажет.

7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық агенті жүргізеді.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

8. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 187-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.

9. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

 

29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 188-бап өзгертілді

188-бап. Салық есептілігін табыс ету

1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.

2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн олар Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.

Бұл ретте келесi салық кезеңдерiнде салық агентi жеке табыс салығының есебiн тапсырғаннан кейiн есептiк салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерi сомасының түзетiлген есебiн ол тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей қосымша табыс етуге мiндеттi.

Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешіктiрмей табыс етеді.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 189-бап өзгертілді

189-бап. Қызметi тұрақты мекеме құруға алып келетiн резидент емес жеке тұлғадан табыс салығын алуды есептеу және төлеу тәртібі

1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлiк қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлға, осы Кодекстiң ережелерiне және 184-бабының 5-тармағына сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, тiкелей осындай табыстарға қатысты жасалған шегерiмдер сомасына азайтылған нақ сондай қызметпен байланысты табыс бойынша жеке табыс салығын төлеушi болып табылады.

Резидент емес жеке тұлға көрсететiн тәуелдi жеке қызметтер (жалданатын жұмыс) осы жеке тұлғаның тұрақты мекемесiн құруға алып келмейдi.

2. Салық салынатын табысты анықтау, жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстiң 163-170-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.

3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын осы Кодекстiң 191-бабында белгiленген тәртіппен және мерзiмде дербес төлейдi.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 190-бап өзгертілді

190-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табысына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.06. № 146-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ; 2006.11.12 № 201-III  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:

осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;

өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған, қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізілген акцияларды және облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды қоспағанда,  осы Кодекстің 178-бабы 3) тармақшасында көрсетілген  бағалы қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.

3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын есептеу мен төлеудi осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында белгiленген мерзiмде дербес жүргiзедi.

2006.11.12 № 201-III  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының елу процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға тіркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 191-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 191-бап жаңа редакцияда

191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi

1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:

1) осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;

2) төлем көзiне табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында айқындалған табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу жолымен төлейдi.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.

3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде алуға болжанатын табыс сомасын негiзге алып, осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiн ескере отырып;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес тұлға еңбек шартында көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.

Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi. Бұл ретте өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңдегi жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлға есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi, бiрақ ол өткен салық кезеңіндегі орташа айлық аванстық төлемдердiң қосылған сомасынан кем болмауға тиiс.

4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.

2006.11.12 № 201-III  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III  (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ өзгертілді

5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.

Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес тұлғалар табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын еңбек шартының көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.

 

6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.

7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.

Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.

8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.

 

23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен 192-бап өзгертілді; 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 192-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертілді

192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебi және жеке табыс салығы жөніндегі декларация

1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.

2. Мыналар:

1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;

2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды алатын;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60 еселенген ең төменгі жалақының мөлшерінен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.

 

31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша

арнаулы ережелер

 

193-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлiкке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрi осы Кодекстiң 193-204-баптарының мақсатында - халықаралық шарт) ережелерi осындай шарт жасасқан мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi халықаралық шарттың ережелерiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесiнде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.

 

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 194-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

194-бап. Халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және

оларды қолдану тәртібi

Осы Кодекстің 193-204-баптарының ережелеріне сәйкес халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және олардың ережелерін қолдану уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

195-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

1. Егер Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезiнде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiп тастауға халықаралық шарттың ережелерiмен жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы  , резиденттің осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде, мынадай әдiстердiң бiрi бойынша:

1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;

2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.

2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.

3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 2006.05.05. № 139-III ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді

196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi

1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.

2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:

1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;

2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:

резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердің тұтас алғанда осындай салық кезеңінде еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады. Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.

3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.

4. Растайтын құжаттар мыналар:

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:

тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;

тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы;

тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны;

әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;

2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық есептің көшiрмесi болып табылады.

5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.

6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептілігiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.

 

197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсi

1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.

Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.

2. Растайтын құжаттар мыналар:

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшiрмелерi.

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 198-бап өзгертілді

198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын шартты банк салымдары арқылы төлеу тәртібі

1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібі, егер осы Кодекстiң 199-201-1-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.

2. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын осы баптың 1-тармағында аталған резидент еместің осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібін қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалып, мемлекеттік бюджетке жалпы белгiленген тәртiппен аударуға мiндеттi.

3. Табыс табатын резидент емес, салық агентi және салық агентi белгiлеген резидент-банк (бұдан әрi - банк) осы баптың ережелерiн ескере отырып, шартқа қатысушылармен келiскен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасасады.

Осы Кодекстің 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен табыс салығын төлеу күніне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агенті төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.

4. Салық агентi:

1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берілетін мұндай шартты өзінің тіркелген жері бойынша салық органында тiркеуге;

2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің тіркелген жері бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге міндетті.

5. Осы баптың ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана қолданылады. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар тiркелуге тиiс.

6. Резидент емеске табыс төлеу кезiнде салық агентi осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және ұстап қалған салық сомасын резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына аударуға мiндеттi.

7. Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық шарт талаптарын орындау кезiнде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiп пен нысан бойынша өтiнiш табыс етедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 8 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

8. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.

Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

9. Ұсталған табыс салығын қайтаруға салық органы куәландырған өтiнiштi алған кезде, банк осындай өтiнiштi берген резидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетiлген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелiк етуге құқық бередi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 10 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

10. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент еместiң осындай шешiмдi алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн   iшiнде не  осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда оның шешiмiне шағымдану туралы бiр мезгiлде салық органына хабарлай отырып, халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға (қажет жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) өтiнiш жасауға құқығы бар.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 11 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

11. Өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылданған кезде және резидент еместен салық органының шешiмiне шағымдану туралы хабарламаны салық органы  алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн  өткен соң, резидент еместiң табыстарын салық салудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тiркеп, өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын есептелген банк сыйақыларымен бiрге мемлекеттік бюджетке аудару туралы инкассолық өкiмдi банкке жiбередi.

12. Банк инкассалық өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті. Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы резидент еместің мемлекеттік бюджет алдындағы мiндеттемесiн өтеу есебiне есепке жатқызылады.

13. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетелдiк валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдiк валютада ашылған жағдайда, табыс салығының және банк сыйақыларының сомасы бюджетке салық төлеген кездегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютамен аударылады.

14. Резидент еместің және салық агентiнің салық органы қандай да бiр шешiм қабылдағанға дейiн шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.

15. Шартты банк салымы туралы шарттың ережелерi бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттік бюджетке банктiң кiнәсiнен уақытылы аударылмаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

16. Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттік бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелердi банктiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, төлем көзiнен табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттік бюджетке салықты дер кезiнде аудармағаны үшiн айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі мiндеттемелер салық агентiне жүктеледi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 16-1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер , есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей салық агенттерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп беруге міндетті.

17. Салық органдары:

1) шартты банк салымдарында орналастырылған;

2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;

3) мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 198-1-баппен толықтырылды

198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан төленген табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтару тәртібі

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң ішінде мемлекеттік бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.

Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш бередi.

Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтінішті резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) аяқтағаннан кейін салық органына табыс етеді.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   (бұр. ред. қара)

2. Резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, салық органына өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органы өтінішті қарайды және онда көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстің 40-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргізеді.

Резидент емес талап етілетін құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент емеске жауап жiбередi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға құқығы бар.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 199-бап өзгертілді

199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстарға салық салуға қатысты қолдану тәртібі

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.

Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.

Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлік құралдарын пайдаланудан түскен кірісті резидент емеске төлеу кезінде салық агенті, егер мұндай резидент емес табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ  тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

Салық агенті салық органына берілетін төлем көзінен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірісті және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге міндетті.

Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерін заңсыз қолданған жағдайда салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 200-бап өзгертілді

200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты қолдану тәртібі

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ   жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Егер резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және тиісті халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезінде салық агентінің резидент емес ұсынған, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттікті растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шартты өздігінен қолдануға құқығы бар.

Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.

Осы бапта белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:

1) дивидендтерге;

2) сыйақыларға (проценттерге);

3) роялтиге;

4) сенімгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;

5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;

6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;

7) күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға;

8) осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.

2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.

3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 201-бап өзгертілді

201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен таза табысқа салық салуға қатысты қолдану тәртібі

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ   өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртібі көзделген болса, мұндай резидент еместiң осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.

2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.

3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 201-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 201-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салуға қатысты қолдану тәртібі

1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, егер осындай резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.

Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.

Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ   жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

Алынған (есептелген) табыстардың сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға:

осы Кодекстің 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда;

осы Кодекстің 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында көрсетеді.

Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептілігінің тиісті нысанын табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстің 198-1-бабында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.

 

202-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 203-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 203-бап   жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

203-бап. Халықаралық шарттың ережелерін және резиденттіктi

растайтын құжатты қолдануға өтініш беру кезінде

қойылатын жалпы талаптар

1. Осы Кодекстің 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:

1) салық төлеуші өтінішпен бірге:

жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;

резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;

орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әртүрлі жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; объектіні пайдалануға қабылдау актісін және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; қызметтер көрсету фактісі мен мерзімін растайтын шотты, төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актісін;

жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып табыс еткен;

2) салық агенті:

есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттарды:

резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтініштерінің көшірмелерін салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен қоса табыс еткен;

3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы резидент емес салық төлеушінің резиденттігін (аталған өтініш бланкісінде немесе резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса тіркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және осы Кодекстің 195, 198-201-1-баптарының мақсаттары үшін тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркелу деректері өзгерген жағдайда, көрсетілген баптарда белгіленген тәртіппен өзгерген деректерді ескере отырып, резиденттігін растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттігін (резиденттігін растайтын құжатты) растаған органның және резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрін дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.

2. Осы Кодекстің 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3)-4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.

Салық төлеушінің резиденттігін растайтын осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір мезгілде салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылатын жердегі салық органына табыс етеді.

 

204-бап. Қазақстан Республикасында салықтың ұсталған және төленген сомалары туралы анықтама

Резидент еместің талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұстап қалған салықтардың сомалары туралы анықтама бередi.

 

8-бөлім. Қосылған құн салығы

 

32-тарау. Жалпы ережелер

 

205-бап. Қосылған құн салығы ұғымы

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

 

206-бап. Салық салу объектiлерi

Мыналар:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді

207-бап. Төлеушiлер

1. Мыналар:

1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:

жеке кәсiпкерлер;

мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;

қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

 

33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша

есепке қою

21.03.02 ж. № 312; 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 208-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)  ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді

208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар

1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.

 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2-тармақ   өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Өткізу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын  және (немесе) Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылмайтын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткізу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткізу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.

3. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 15 000 еселенген  шамасын құрайды.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.

5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

Мемлекеттік мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.

7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.

8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күніндегі тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.

 

ҚР 21.03.02 ж. № 312 Заңымен 208-1-баппен толықтырылды

208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.

3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 209-бап өзгертілді

209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк

1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:

1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) сәйкестендіру нөмірі;

3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртібін осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.

Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.

Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиіс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшін жоюға тиіс.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 210-бап өзгертілді

210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару

1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жеріндегі салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.

Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.

2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептеледі  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгіленген салық есептілігiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  2-2-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 31-бабына сәйкес хабарлама жібере отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Осындай қосылған құн салығын төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күні уәкілетті органның WEB-сайтында орналастырылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  2-3-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушілер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  2-4-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-4. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметін уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің қолданысын тоқтатуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.

3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  4-тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

4. Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша  есептен шығару туралы өтiнiш   берілген  кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.

5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.

Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.

34-тарау. Салық салынатын айналым және салық

салынатын импорт

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді

211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша айналым

1. Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:

1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:

тауарды сатуды;

тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;

тауар экспортын;

тауарды тегiн берудi;

жарғылық капиталға жарна төлеудi;

жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;

2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi

2-1) мүлікті қаржы лизингіне беруді;

3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;

4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  5) тармақша жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

5) кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;

 

6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн;

7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.

2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:

1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;

2) санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;

3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;

4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.

3. Мыналар:

1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;

2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату» режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткізу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөніндегі шартта (келісім-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгiзiледi;

4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Тауарларды уақытша әкету» кеден режимiмен ресiмделсе;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  6) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 7) тармақшамен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешекті қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру;.

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ; 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді

8) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша айналым;

 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  9) тармақшамен толықтырылды  (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді)

9) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концеденттің концессия объектісін пайдалану үшін концессионерге кейіннен беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

 

 

212-бап. Салық салынатын айналымды анықтау

1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;

2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу орны осы Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.

2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.

213-бап. Салық салынатын импорт

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

214-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар

1. Сенім бiлдiрiлген адамның сенiм білдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенiм бiлдiрілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:

1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);

2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенiм бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 215-бап өзгертілді

215-бап. Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткізу орны

1. Тауарды өткізу орны болып:

1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;

2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.

2. Жұмыстарды, қызметтердi өткізу орны болып:

1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  2) тармақша өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;

Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.

3) егер қызметтер мәдениет, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;

4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:

санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөніндегі;

консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге;

қызметкерлердi беру жөніндегі;

жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызметке;

тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келісім-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;

байланыс қызметiне;

туризмдi ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге қатысты қолданылады;

5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.

3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткізу орны болып танылады.

4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшiн, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледі.

5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 216-бап өзгертілді

216-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күнi

1. Егер осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:

1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;

2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

Осы Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

Осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

2-1. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:

1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні;

2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы лизингіне берген күн айналымды жасау күні болып табылады;

3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлі есеп айырысқан күн қаржы лизингінің осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.

2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:

1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;

2) мемлекеттік қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттік нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:

1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;

2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.

4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:

1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннiң;

2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.

Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады.

5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.

 

35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық

салынатын импорт мөлшерін анықтау

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 217-бап өзгертілді

217-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi

1. Егер осы бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.

2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткізу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.

Аталған тауарларды өткізу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.

3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.

4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.

5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.

6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

7. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады.

8. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:

1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;

2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;

3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күніне белгіленеді.

8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткізу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.

9. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 218-бап өзгертілді

218-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.

2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:

1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәмiленiң шарттары өзгерген;

3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;

4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған.

5) осы Кодекстің 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.

3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзіледi.

 

219-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:

1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;

2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.

2. Өткiзілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.

3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 220-бап өзгертілді

220-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi

Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгізiледi.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 221-бап өзгертілді

221-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде салық салынатын айналым

1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)

2. Осы баптың мақсаттары үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негізге алына отырып айқындалады.

3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.

Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.

4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.

5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.

6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

 

36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық

салынатын айналымдар

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

222-бап. Тауарлар экспорты

1. Экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 223-бап өзгертілді

223-бап. Тауарлар экспортын растау

1. Мыналар:

1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келісім-шарт);

2006.31.01  № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 қолданысқа енгізілді)  ;2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара) 2) тармақша  өзгертілді    

2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша не экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;

Тауарларды мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып экспорт режимінде шығарған жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар толық кедендік жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.

Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.

3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткізу актiсi табыс етiледі;

4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

2. 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:

1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;

2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;

3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;

4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.

 

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  223-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу

Қазақстан Республикасы резиденттерінің өз өндірісінің шикізатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы ұйымдарына сатуы жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 224-бап жана редакцияда

224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу

1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.

2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.

Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.

Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.

 

2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 224-1- баппен толықтырылды

224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында

өткізілетін тауарларға салық салу

1. Осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

Электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.

2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретін, әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшін негіздеме болып табылады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік ставканы қолдану үшін:

1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектілерді салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт);

2) тауарлар шығаруды еркін кеден аймағының кеден режимінде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендік жүк декларациясының көшірмелері;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады.

 

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 224-2-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектілерді салу кезеңінде қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады.

Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, онда осы тізбеде көрсетілген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады.

Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген, өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізілгенін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Yкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;

2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге тауарлардың тиеліп жіберілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар:

1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

 

 

37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 225-бап өзгертілді

225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):

1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;

2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);

3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтердi;

4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);

6) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру тәртібімен өткiзiлетiн мүлікті;

6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiк;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7) тармақша  өзгертілді  (бұр . ред. қара) 

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң  немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;

8) жарғылық капиталға жарналарды;

9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;

10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;

11) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткізу бойынша айналымды;

12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдар;

12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;

12-2) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;

12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;

13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткізу;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр . ред. қара) 

14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;

15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:

осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;

мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу жөніндегі айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);

16) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 17) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр . ред. қара) 

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының 49-бабының редакциясына сәйкес 17) тармақша 2010 ж. 1 шілдеден бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады (бұр.ред.қара)

17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:

тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;

тауар мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;

еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;

19) 2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 226-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.06.05. № 32-IV ҚР Заңымен 226-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)

1. Тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:

1) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2) тармақша өзгертілді (бұр . ред. қара)

2) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткізудi немесе жалға берудi;

3) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 227-бап өзгертілді

227-бап. Қаржылық қызмет көрсетулер

1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.

2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:

депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;

аударым операциялары;

банктік заем операциялары;

кассалық операциялар;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;

банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;

банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;

4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;

6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;

7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;

8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;

9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;

11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;

қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;

кассалық операциялар;

кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру.

 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2- тармақ  12) тармақшамен толықтырылды  

12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 228-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 228-бап өзгертілді

228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;

2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 228-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста  (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:

1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;

2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүліке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;

3) берілетін мүлік «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.

 

229-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

Осы Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар:

1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және діни қажеттілік заттарын өткізуіне;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

 

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 230-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.

Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:

жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;

барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған келісім-шарттың;

2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.

 

2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 230 -1  баппен толықтырылды

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңына сәйкес 230-1-бап  ҚР Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады  (2009.01.01 қолданысқа енді)

230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жаңа объектілерді салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.

Салықтан босату салық төлеуші (мердігер, қосалқы мердігер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қатысты қолданылады.

Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны әрбір жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негізге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.

 

231-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар

Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:

1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөніндегі;

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк білім беру; қайта даярлау және біліктілігiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;

3) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

4) кiтапхана қызметiн көрсету жөніндегі;

5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

 

232-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

 

233-бап. Кәсiпорынды сату

1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткізуi:

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) берiлетiн активтерiн, оларды қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу балансы мен беру актісі негiзiнде;

2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөніндегі операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 234-бап өзгертілді

234-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:

 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;

3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;

4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету;

5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;

7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.

Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;

8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) ақша белгілерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты;

9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;

10) 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды

11) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.

12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.

Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңына сәйкес 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы ҚР Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады  (2009.01.01 қолданысқа енді)

13) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердігерлері немесе қосалқы мердігерлері әкелген тауарлар импорты.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердігерлері мен қосалқы мердігерлерінің тізбесін, сондай-ақ аталған тізбеге өзгерісті концессионер уәкілетті органмен келіседі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір инфрақұрылымдық жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тізбесін бекітеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

38-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 235-бап өзгертілді

235-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, негiзгi құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:

1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;

 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (бұр.ред.қара)  

2) шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын  тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС жоқ» белгiсімен жазылады;

3) тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса;

4) осы Кодекстiң 221-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалса, олар үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

1-1. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшін шеккен шығыстар ретінде қарастырылады.

2. Мыналар:

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  1) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1) осы тармақтың  1-2) және 1-3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлген шот-фактуралар бойынша өнiм берушi төлеуге тиiс салық сомасы;

1-1) 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

1-2) осы Кодекстің 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс салық сомасы;

1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық сомасы;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделiп, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;

3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетiлген салық сомасы;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) темір жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып берiлетiн жол жүру билетiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;

5) есеп айырысулары банктер арқылы жүргiзiлетiн, коммуналдық қызметтер көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  6) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

6) осы Кодекстiң 208-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда, осы баптың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тiзiмдемеде көрсетiлген салық сомасы;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  7) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

3. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып  тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.  ред. қара)

4. Қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.

Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi орындалған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.

4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстің 242-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.

5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 239-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 235-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

236-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

Қосылған құн салығы, егер:

1) қосылған құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);

2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн);

3) негізгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;

4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi);

5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 237-бап өзгертілді

237-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

1. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:

1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;

2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;

Негізгі құралдар бүлінген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негізгі құралдардың теңгерім құнына жататын құн бөлігінің есебінен алып тасталады;

3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;

 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.  ред. қара)

4) осы Кодекстiң 242-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда ;  

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)   

5) осы Кодекстің 209-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиіс.

2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың (мүлiктiң) барлық немесе жекелеген сапасының (өзiндiк қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың (мүлiктің) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың (мүлiктiң) бүлiнуiн бiлдiредi.

Салдары тауардың (мүлiктiң) жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың (мүлiктің) жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шеккен тауар (мүлiк) ысырабы жоғалту болып табылмайды.

3. Осы Кодекстiң 218-бабының 2-тармағында аталған жағдайларда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген кезде, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы тиiсiнше түзетiледi.

4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.

 

238-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  ( бұр. ред. қара)

1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша міндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиіс.

Егер қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңіндегі есепте қалпына келтiрiлуге тиiс.

2. Қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушi банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушiнi заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

3. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  ( бұр. ред. қара)

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 239-бап өзгертілді

239-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі

1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.

2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен анықталған қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылады.

Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.

3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен шегерiмге жатқызылады.

 

240-бап. Барабарлық әдiсi

1. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдiс бойынша салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.

2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған өсiм өткізу бойынша айналымға қосылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  3-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  ( бұр. ред. қара)

3. Тауарлар сатып алынатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнінде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткізу кезінде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін сату жөніндегі айналымға тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 241-бап өзгертілді

241-бап. Бөлек есептеу әдiсi

1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргiзедi.

2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

 

39-тарау. Шот-фактура

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 242-бап өзгертілді

242-бап. Шот-фактура

1. Шот-фактура осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.

2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.

3. Осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:

1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;

3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;

4) салық салынатын айналымның мөлшерi;

5) қосылған құн салығының ставкасы;

6) қосылған құн салығының сомасы;

7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.

4. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнің, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады.

Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы.

5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi.

Егер мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi.

Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс.

5-1. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы ескеріле отырып көрсетіледі.

5-2. Жүкті жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшері тасымалдаушылар және басқа да жеткізушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескеріле отырып көрсетіледі.

Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкілетті орган белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады.

Осы тармақта көрсетiлген қосылған құн салығын төлеушiлер осы Кодекстiң 388-бабының 2-тармағына сәйкес табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады.

7. Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.

8. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда;

2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  3) тармақша жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізген жағдайда;

4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейдi.

 

243-бап. Салық салынатын айналым түзетiлген кезде шот-фактуралар жасау

1. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:

1) қосымша шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;

2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендіру нөмірі;

4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;

5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.

2. Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.

 

40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

 

244-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.

 

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 244-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

244-1-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеудің тәртібi

1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:

ет және ет өнімдерін өндіруді;

жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;

өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;

сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;

ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;

жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;

нан өндіруді;

балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;

2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;

3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.

3. Осы Кодекстің 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 245-бап өзгертілді

245-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Қосылған құн салығының ставкасы 13 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 13 процентiне тең болады.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

246-бап. Салық кезеңi

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  1 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам болса, онда салық кезеңi күнтізбелік ай  болып табылады.

3. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.

Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 247-бап өзгертілді

247-бап. Салық декларациясы

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)  

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)  

2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi

1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.

2. Осы Кодекстің 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.

3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 249-бап өзгертілді

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 249-бап 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста  (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту

1. Салық органдары, егер:

1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;

2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.

2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.

4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.

Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.

5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.

Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік ресімдеу үшін негіздеме болып табылады.

Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.

6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.

Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.

8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 250-бап өзгертілді

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 250-бап 2022 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылады (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу

1. Мынадай тауарлардың:

1) жабдықтардың;

2) ауыл шаруашылығы техникасының;

3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;

4) тікұшақтар мен ұшақтардың;

5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;

6) теңіз кемелерінің;

7) қосалқы бөлшектердің;

8) пестицидтердің (улы химикаттардың);

9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушінің кейіннен өткізуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:

1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;

2) бұрын импорт режимінде әкелінген тауарды кері экспорт режимінде қайтарудан басқа әкелінетін тауарларына қатысты қолданылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

3. Қосылған қүн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.

Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысанда үш дана етіп толтырылады.

Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап талап қоюдың өткен мерзімінің ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.

5-1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды.

Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.

6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақтың ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады.

 

41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша

бюджетпен өзара қатынас

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 251-бап өзгертілді

251-бап. Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджетпен өзара қатынас

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады.

2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:

1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткізудi жүзеге асырып отырса;

2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстің 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.

Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 4-1 тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.

5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.

6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:

1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге осы Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;

2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге осы Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;

3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 252-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

252-бап. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

бойынша қосылған құн салығын қайтару

1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және:

1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;

2) осы Кодекстің 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшін қажетті құжаттар;

3) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;

4) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;

5) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;

6) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2. Қосылған құн салығын қайтару:

1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.

Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.

Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;

2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;

3) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;

4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;

5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;

6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.

3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.

4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.

Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:

1) қарсы тексерулер:

бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;

электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;

осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;

2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;

3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.

5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:

1) шағын бизнес субъектілері;

2) шаруа (фермер) қожалықтары;

3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.

6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

 

253-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:

1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлсе;

2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса;

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi ішiнде қайтарады.

2. Осы бапқа сәйкес грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 254-бап өзгертілді

254-бап. Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару

1. Осы Кодекстің 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.

2. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленген фактiсiн растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердiң және т.б.) көшiрмелерi негiзiнде жүзеге асырылады.

Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңілдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн сақтау жөніндегі Ноталармен алмасуды растау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне табыс етедi. Расталғаннан кейiн жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган қайтару жүргiзудi белгiлейтiн салық органына тапсырылуға тиiс.

Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелетiн құжаттарда қосылған құн салығының сомалары жеке жолмен бөлiнiп көрсетiлмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерден олардың қосылған құн салығын шот-фактураға енгізуi туралы растауы алынған кезде ғана мүмкiн болады.

3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң тиiстi шотына аударылады.

 

9-бөлім. Акциздер

 

42-тарау. Жалпы ережелер

 

 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    255-бап  өзгертілді  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

255-бап. Акциздердi қолдану

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ

осы Кодекстің 257-бабында көрсетілген қызмет түріне  акциз салынады.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 256-бап өзгертілді

256-бап. Төлеушiлер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізудi жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткізудi жүзеге асыратын;

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    5) тармақша  өзгертілді  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетін түрін  жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

 

29.11.03 ж. № 500-II  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III  ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара) 257-бап өзгертілді

257-бап. Акцизделетiн тауарлар  тізбесі және акцизделетін қызмет түрі

1. Мыналар:

1) спирттің барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) темекi бұйымдары;

4)  2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

6) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

9) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

10) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) 2-тармақ  жаңа редакцияда  ( бұр. ред. қара)

2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу акцизделетін қызмет түрі болып табылады.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара)  ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 258-бап өзгертілді

258-бап. Акциз ставкалары

1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.

2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекітіледi.

3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.

4. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленеді және осы Кодекстің 516-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жиынтық төлем осы Кодекстің 276-278-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді.

 

43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін,

өткізілетін акцизделетін тауарларға және

акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу

 

 ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 259-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)

259-бап. Салық салу объектiсi

1. Мыналар:

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетiн тауарларды өткізуi;

акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;

алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;

жарғылық капиталға жарнасы;

заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;

тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына  және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуi;

3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуi;

4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткізуi;

5) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуi;

7) акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

2. Мыналарға:

1) егер осы Кодекстiң 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;

2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн квоталар шегіндегі этил спиртi:

тауар өндiрушiде аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн;

мемлекеттік медицина мекемелерiне босатылса;

3) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара) Заңдарымен 260-бап өзгертілді

260-бап. Операция жасалған күн

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.

2. Тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желісі арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

3. Акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасалған күн болып табылады.

Алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

5. Лотерея ұйымдастырған және өткiзген жағдайда салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

 

261-бап. Салық базасы

1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде белгiленедi.

2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.

3. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретiнде анықталады және шығарылым тiркелгеннен кейiн ол өзгертiлмеуге тиiс.

 

262-бап. Түрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң барлық түрiне салық салу ерекшелiктерi

1. Осы Кодекстiң 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирттi алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттiң барлық түрлерi үшiн белгiленген акциздiң базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиiс. Қайта есептеу мен салық төлеудi спирттi алушы жүргiзедi.

3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiру және медициналық қызмет көрсету үшiн алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiрушiлер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушiлер болып табылады.

 

263-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.

Осы ереже одан әрi өткізу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

2. Осы баптың мақсаты үшiн акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi, жоғалуы болып осы Кодекстiң 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.

 

ҚР 2006.31.01. 125-III Заңымен 264-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)

264-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізге алынып жүргізіледі.

2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлiнсе, жоғалса;

2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 265-бап өзгертілді

265-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдерi

1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетiн тауарларды қабылдауға және оларды одан әрi өткізу үшiн пайдалануға мiндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.

1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;

2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi өнiм берушiлер болып табылған жағдайда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушiлер жүзеге асыратын мынадай:

1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және жеке кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк қажеттерi үшiн өткізу;

2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3) өндiрiлген немесе одан әрi өткізу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдалану операциялары жатады.

 

266-бап. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

 

267-бап. Лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге салық салу

1. Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерiн сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектiсi болып табылады.

Осы баптың мақсаттары үшiн лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзiрлеген лотерея билеттерiнiң саны сатуға шығару деп ұғылады.

2. Лотерея билеттерiн сатуға шығарудың әрбiр шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемi лотерея билеттерiн өткізу басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей салық органдарында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.

Лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 268-бап өзгертілді

268-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезiнде осы Кодекстiң 259-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi тiркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнiнің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:

1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге шартты (келісім-шартты);

2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар кедендiк жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.

Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресiмдеуiн жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;

3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi соғылған тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi.

Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;

4) салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетiн тауарлар өткізуден түскен нақты түсiмді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.

2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.

3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткізу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға тиiс.

 

269-бап. Акциз сомасын есептеу

1. Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 270-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

270-бап. Салықтан шегеру

1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 269-бабына сәйкес белгiленген салық сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге кемiтуге құқығы бар.

2. Акцизделетiн тауарларды (спирттiң барлық түрiн, шикi мұнайды, газ конденсатын қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерiлуге тиiс.

Осы тармаққа сәйкес салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып анықталған акциз сомасына шегерiм жасалады.

Осы баптың ережелерi акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де, акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарының меншiк иесi акциздiң төленгенiн растаған жағдайда қолданылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 271-бап өзгертілді

271-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:

1) салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;

2) салық кезеңінің екiншi он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;

3) салық кезеңiнiң қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.

2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға өнiм берiлген күнi төленедi.

3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын, өнеркәсiптiк ұқсатуға берген кезде акциз ол берiлген күнi төленедi.

4. 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды

5. Өз өндiрiсiнің акциз салынуға тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауарлар өндiрген кезде осы шикiзатқа акцизделетiн дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгiленген мерзiмде акциз төленедi.

6. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып тасталды  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)

7. Лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан түскен акциз осы Кодекстiң 267-бабына сәйкес жүзеге асырылатын лотерея билеттерiн сатуға шығару тiркелген күнге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

8. Шарап материалын және сыраны  қоспағанда, осы Кодекстің 257-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін немесе сол күні төленеді.

 

272-бап. Акциз төленетiн жер

1. Акциз төлеу осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.

2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер, егер олар:

1) осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды өндiрудi және (немесе) оларды құюды;

2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізудi жүзеге асыратын болса, осы Кодекстiң 273-бабында көзделген тәртiппен құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жерi бойынша акциз төлейдi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 273-бап өзгертілді

273-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртібі

1. Осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында көрсетiлген және құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелердi олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарында тiркеу есебiне қоюға және өзiнің құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу есебiне қойғаны туралы өзi тiркелген жерi бойынша салық органына хабарлауға мiндеттi.

2. Құрылымдық бөлiмше үшiн төленуге тиiс акциз сомасы әр құрылымдық бөлiмше бойынша жасалған құрылымдық бөлiмше жөніндегі акциз есебi негiзiнде анықталады.

3. Акциз есебiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңi iшiнде құрылымдық бөлiмшелер жүргiзген операциялар ескерiледi.

4. Акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуге тиiс акциз сомалары бойынша есептi құрылымдық бөлiмшенің тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстің 275-бабында белгiленген мерзiмдерде табыс етуге мiндеттi.

5. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң есеп шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлiмшеге жүктеледi.

6. Осы бапта белгiленген тәртiп осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында аталған қызметтi өзi тiркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсiпкер, ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, акциз төлеудi өзi қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша жүргiзедi.

 

274-бап. Салық кезеңi

Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

 

275-бап. Салық декларациясы

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң, салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, салық төлеушi өзi тiркелген жерi бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге мiндеттi.

2. Осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында аталған акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есептi табыс етедi.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3. Декларация мен құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

 

44-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

 

276-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы

1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде белгiленедi.

2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендiк құны ретiнде анықталады.

 

ҚР 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 277-бап өзгертілді

277-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi

1. Импортталатын тауарларға акциздер, уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi.

2. Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздiк маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алған күнге дейiн немесе алған күнi акциз төленедi.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарларды iс жүзiнде импорттауды жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға тиiс.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 278-бап өзгертілді

278-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты

1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз төленбейдi.

2. Төмендегi тiзiп көрсетiлген импортталатын тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшiн шет елден сатып алынған акцизделетiн тауарлар;

2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйым және материал ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;

3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнің, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;

4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, «Еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару» режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимi шеңберiнде акцизден босатылатын тауарлар;

5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 9-1-бөліммен толықтырылды

9-1-бөлiм. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына

 

салынатын рента салығы

44-1-тарау. Жалпы ережелер

278-1-бап. Төлеушiлер

Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.

 

278-2-бап. Салық салу объектiсi

Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.

 

44-2-тарау. Есептеу тәртібі және салық ставкалары

278-3-бап. Есептеу тәртібі

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.

Шикі мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшін мыналар түсініледі:

а) шикі мұнайды, газ конденсатын темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифіне ақы төлеу;

б) шикі мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөніндегі шығыстар;

в) шикі мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар.

2. Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

3. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.

 

278-4-бап. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары

Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

    
          Нарықтық бағасы                         
    Ставкасы    
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем            
   0 процент    
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн    
   1 процент    
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн    
   4 процент    
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн    
   7 процент    
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн    
  10 процент    
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн    
  12 процент    
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн    
  14 процент    
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн    
  16 процент    
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн    
  17 процент    
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн    
  19 процент    
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн    
  21 процент    
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн    
  22 процент    
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн    
  23 процент    
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн    
  25 процент    
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн    
  26 процент    
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн    
  28 процент    
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн    
  29 процент    
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн    
  30 процент    
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн    
  31 процент    
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам          
  33 процент    
 

44-3-тарау. Салық кезеңi, төлеу мерзiмдерi және салық

Декларациясы

 

278-5-бап. Салық кезеңi

Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

 

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 278-6-бап   өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

278-6-бап. Төлеу мерзiмдерi

Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

 

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 278-7-бап   өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

278-7-бап. Салық декларациясы

Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей берiледі.

 

10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға

салық салу

 

45-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 279-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 279-бап   өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:

1) үстеме пайда салығын;

2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:

а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);

б) роялтидi;

в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;

г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртібі белгiленедi.

Осы Кодексте «жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар», «мұнай операциялары», «мұнай» және «келісім-шарттық аумақ» ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.

2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөніндегі қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.

 

280-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

281-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалғанға дейiн салық салу

Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.

Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 282-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 282-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу

1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.

2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.

3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық режимi өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.

Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.

Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.

4. Өнімді бөлу туралы бiр келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:

1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;

2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 5-тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.

Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға  және барлаумен және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.

2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

6. Қорларын осы мақсаттар үшін уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 281-бабында белгіленген тәртіппен солар бойынша төлемдер жүргізеді.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 283-бап өзгертілді

283-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім- шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екi үлгiге бөлiнедi:

1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:

экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;

роялти;

шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз;

үстеме пайда салығы;

жер салығы;

мүлiк салығы қосылмайды.

2. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

3. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

4. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

 

284-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi

Келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келісім-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 285-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

285-бап. Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша салық салу шарттары

1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келісімi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.

Салық заңдарындағы өзгерістер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.

2. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келісім-шартқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгенге дейiн келісім-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 286-бап өзгертілді

286-бап. Салық сараптамасы

1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекіту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келісім-шарттарға енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларға да қолданылады.

3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.

 

46-тарау. Бонустар

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 287-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

287-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер

1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:

1) қол қойылатын;

2) коммерциялық табу бонусын төлейдi.

 

§ 1. Қол қойылатын бонус

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 288-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

288-бап. Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртібі

1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.

2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келісім-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 289-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

289-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi

Қол қойылатын бонус келісім-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.

 

290-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.

 

§ 2. Коммерциялық табу бонусы

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 291-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

291-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртібі

1. Коммерциялық табу - келісім-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.

2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келісім-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi.

3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келісім-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 292-бап өзгертілді

292-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi

Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.

Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:

1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;

2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекітілген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;

3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi

Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.

 

294-бап. Салық декларациясы

Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.

 

47-тарау. Роялти

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 295-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

295-бап. Роялти туралы жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.

1-1. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.

3. Келісім-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара) 296-бап өзгертілді

296-бап. Төлеушiлер

Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан  роялти төлеушiлер болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 297-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

297-бап. Роялти төлеу тәртібі

1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.

2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар:

1) пайдалы қазбалардың өзi:

мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;

көмiр және жанғыш тақтатастар;

тауарлы кендер;

жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;

слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;

металлургияға арналған кен емес шикізат;

2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;

3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;

4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;

5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.

2-1. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

3. Осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

3-1. 2006.11.12 № 201-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:

1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:

500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;

500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;

1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;

1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;

2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;

2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;

3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;

4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;

5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.

Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;

2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.

Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.

4-1. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.

6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.

 

298-бап. ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 299-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

1. Роялтиді есептеу мақсатында алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.

Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсініледі.

2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.

3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңіндегі алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткізу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.

4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.

Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы сату орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.

Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.

Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 300-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

300-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидiң ставкалары

1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:

 

 Р/с 
 №   
     
                                                          
            Пайдалы қазбаның атауы                        
                                                          
Роялти     
ставкасы, %
           
 1   
Металлургияға арналған руда емес шикiзат                  
    1      
 2   
     
Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат,    
пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары              
    1      
           
 3   
Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк                            
    1      
 4   
Басқа руда емес шикiзат                                   
    3,5    
 5   
Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит              
    3,5    
 6   
Ас тұзы                                                   
    3,5    
 7   
Жергілікті құрылыс материалдары                           
    4,5    
 8   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар             
ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит,     
обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық             
тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз   
балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және     
тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер,   
алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель      
мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел,     
опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас,
шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық           
жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа       
салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-     
далалық шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.      
    4,5    
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
 9   
Жерасты сулары                                            
    10     
 

2. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.

3. Роялтидi:

1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;

2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  301-бап  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

301-бап. Төлеу мерзiмдерi

Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың  20-сынан  кешiктiрiлмей төленедi.

 

302-бап. Салық кезеңi

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.

2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.

 

303-бап. ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  304-бап  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

304-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөніндегі декларацияны тiркелген жеріндегі салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 47-1-тараумен толықтырылды

47-1-тарау. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды ((01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

48-тарау. Үстеме пайда салығы

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 305-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

305-бап. Төлеушiлер

Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келісім-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 306-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 306-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

306-бап. Салық салу объектісi

Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 306-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 306-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

306-1-бап. Салық базасы

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.

Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 307-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 307-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

307-бап. Есептеу тәртібі

1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.

3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары

Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

    
Жинақталған табыстардың   
жинақталған шығыстарға    
қатынасының алынған мәнi  
 Ставкасы    
             
             
 1,2-ден кем              
  0 процент  
 1,2-ден 1,3-кe дейiн     
 10 процент  
 1,3-тен 1,4-кe дейiн     
 20 процент  
 1,4-тен 1,5-кe дейiн     
 30 процент  
 1,5-тен 1,6-ға дейiн     
 40 процент  
 1,6-дан 1,7-гe дейiн     
 50 процент  
 1,7-ден жоғары           
 60 процент  
 

309-бап. Салық кезеңі

Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 136-бабында белгіленген салық кезеңі қолданылады.

 

310-бап. Салық төлеу мерзімі

Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

 

311-бап. Салық декларациясы

Yстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  311-1-баппен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

311-1. Төлеушілер

Өнімді бөлу жөніндегі келісім-шартта өзгеше келісілмесе, өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 312-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызметке салық салу ерекшелiктерi

1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келісім-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.

2. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт мынадай негiзгi талаптарды:

1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды;

2) келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;

3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;

4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент);

5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртібін қамтуға тиiс.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 312-1-баппен толықтырылыды; 13.12.04 ж. № 11-III  (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 312-1- бап өзгертілді

312-1-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн айқындау

1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.

2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.

3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:

1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;

2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;

3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.

Жоғарыда тізіп көрсетілген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдістемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берілуге тиісті пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбір триггерден алынған нәтиже өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған төменгі мәндермен салыстырылады.

Жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған пайда түсіретін өнімдегі үлесінің нақты проценттік мәні жобаның экономикалық көрсеткіштеріне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстің 285-бабында көзделген тәртіппен келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз сақталады.

4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.

Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.

Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.

Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:

 R-фактордың (кірістілік

көрсеткішінің) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының пайда

түсіретін өнімдегі үлесінің

проценттік мәнi

1,2-ден аз немесе соған тең

70 проценттен 90 процентке дейін

1,5-тен көп немесе соған тең

10 процент

 Егер R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) алынған мәні 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:

жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% - (A% - 10%)/0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:

А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) мәніне сәйкес келетін, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттік мәні;

X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) іс жүзінде алынған мәні.

R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.

5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.

Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1/(1 + СД1)1 + ДЧДП2/(1+СД2)2+...+ ДЧПn /(1+СДn)n;

ДЧДПn - есепті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;

СДn - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);

n - есептi кезең.

Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:

ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) - (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn + ДБКОn +ДПБn);

ДСКПn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi өнiмiнің нақты құны;

ДСДППn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;

ДВЭРn - есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының нақты құны;

ДВРРОn - есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;

ДВРОn - есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;

СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны;

ДБКОn - осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;

ДПБn - осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:

 

Рентабельділіктің ішкi

нормасының (РІН) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының

пайда түсіретін өнімдегi

үлесінің проценттік мәнi

12 проценттен кем немесе

соған тең

70 проценттен 90 процентке

дейін

20 проценттен көп немесе

соған тең

10 процент

 

Егер рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) алынған мәні он екі проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:

жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (А% - (А% - 10%)/8% * (Х - 12%)), мұнда:

А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) мәніне сәйкес келетін, 12 проценттен аз немесе соған тең проценттік мәні;

X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі рентабелділіктің ішкі нормасының (РІН) іс жүзінде алынған мәні.

Рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.

6. Р-фактор (баға коэффициенті) есептілік кезеңіндегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептілік кезеңіндегі пайда түсіретін өнімдегі үлесінің нақты құны сомасының есептілік кезеңіндегі мұнай өндіру көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:

 

Р-фактордың (баға

коэффициентінің) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының

пайда түсіретін өнімдегi

үлесінің проценттік мәнi

1 баррель үшін 12 АҚШ

долларынан кем немесе соған

тең

70 проценттен 90 процентке дейін

1 баррель үшін 27 АҚШ

долларынан астам немесе

соған тең

10 процент

 

Егер Р-факторының (баға коэффициентінің) алынған мәні 1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:

жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (А%  - (А% - 10%)/15 * (X - 12) * 100%), мұнда:

А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген Р-фактордың (баға коэффициентінің) 1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәніне сәйкес келетін проценттік мәні;

X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі Р-фактордың (баға коэффициентінің) іс жүзінде алынған мәні.

Р-фактордың (баға коэффициентінің) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.

7. Осы баптың мақсаттары үшiн «нақты» терминi жобаны iске асырудың есептi кезеңіндегі жағдай бойынша инфляцияның 1/12 орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.

8. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартты iске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.

9. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

313-бап. Өтелетiн шығындар

1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келісім-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған, негiзделген және құжатпен расталған шығындары.

2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:

1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн жұмсаған, оның iшiнде:

келісім-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;

келісім-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келісім-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және барлауға арналған;

2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келісім-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.

Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.

3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:

келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;

келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.

4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткізу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткізуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келісімге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзіндегі шеккен шығындары өтелуге тиiс.

5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады.

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-1-баппен толықтырылды

313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы

Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:

1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;

2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;

3) келісімде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгіндегі баптар бойынша;

4) қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн ақы төлеу бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткізу пунктiне дейiн жеткізуге арналған шығындарды, тасымалдау кезіндегі шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткізуге байланысты;

6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;

7) жер қойнауын пайдаланушының келісім-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттік органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:

қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және біліктілігiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келісім-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;

тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.

Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;

8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;

9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;

10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;

11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;

12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;

13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;

14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;

15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;

16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немесе коммерциялық табу бонустары;

17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;

18) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алып тасталды (бұр. ред. қара)

19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-2-баппен толықтырылды

313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (немесе) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.

3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:

жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;

кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.

4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.

5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:

салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,

қосу

салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,

алу

салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.

6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-3-баппен толықтырылды

313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi

1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.

2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 313-4-баппен толықтырылды

313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу

1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептілік кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткізудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта айқындалады.

2. Өнiмдi өткізудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткізумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептілік кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептілік кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткізуден түскен табыстың есептілік кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.

3. Есептілік кезеңде өнiмдi өткізу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептілік кезеңдегi өнiмдi өткізудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткізудiң орташа бағасы ретiнде алынады.

4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.

Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 314-бап өзгертілді

314-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-1-баппен толықтырылды

 

314-1-бап. Салық кезеңi

Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-2-баппен толықтырылды ; 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  314-2 -бап өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу мерзiмi

Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың  20-сынан  кешiктiрiлмей төленедi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-3-баппен толықтырылды  ; 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  314-3 -бап өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

314-3-бап. Салық декларациясы

Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 49-1-тараумен толықтырылды

49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт

бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын

пайдаланушының қосымша төлемi

 

314-4-бап. Төлеушiлер

Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.

 

  2005.22.11 № 89-III  ҚР Заңымен 314-5- бап өзгертілді  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  

314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртібі

1. Өнімді бөлу туралы келісім-шартты орындау кезінде мемлекет түсімдерінің үлесі әрбір салық кезеңінде өндіру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейін өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгіленген мәннің бес процентінен он процентіне дейінгіден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде, келесі кезеңдерде алған өнім көлемінің қырық процентінен кем болмауға тиіс.

2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық міндеттемелерін білдіреді.

Мемлекет түсімдерінің үлесі қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агенті ретінде әрекет ететін салықтарды қамтымайды.

3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.

 

314-6-бап. Салық кезеңi

Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі салық кезеңi болып табылады.

 

314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.

 

314-8-бап. Салық декларациясы

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында безенген мерзiмде табыс етедi.

 

11-бөлім. Әлеуметтік салық

50-тарау. Жалпы ережелер

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 315-бап өзгертілді

315-бап. Төлеушiлер

1. Мыналар:

1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;

2) жеке нотариустар, адвокаттар;

3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III  (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III  (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 316-бап өзгертілді

316-бап. Салық салу объектiсi

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  ;  2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  1 тармақ  өзгертілді  

1. 315-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 22-1),  23), 25)-29), 31)-34), 39) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда,   сондай-ақ мыналар қосылмайды:

1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;

2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;

3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;

5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.

7) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.

3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 317-бап өзгертілді ; 2006.07.07. № 177-III   ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (2007.01.01.ж. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

317-бап. Салық ставкалары

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиалдар мен өкілдіктер арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салықты мынадай ставкалар бойынша төлейді:

 

Салық төлеушінің салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

салық салынатын табыс сомасының 13 процентi

15-тен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 11 процентi

40-тан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 9 процентi

200-ден 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 7 процентi

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 5 процентi

 

2. Жеке кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 121-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.

4. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 374-384-баптарында белгіленген.

 

51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 318-бап өзгертілді

2006.07.07. № 177-III өзгерістерді қара (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртібі

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)  

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтік салықты есептеу осы Кодекстің 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы ішіндегі әлеуметтік салық салу объектісіне және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына кеміту арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.

Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.

1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 3-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.

2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

 

319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)  

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

 

320-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу

ерекшелiктерi

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 321-бап өзгертілді

321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі

1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.

2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.

 

52-тарау. Салық декларациясы

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 322-бап өзгертілді

322-бап. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация және құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)  

1. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.

2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.

3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.

12-бөлім. Жер салығы

53-тарау. Жалпы ережелер

323-бап. Жалпы ережелер

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

2) елдi мекендер жерлерiне;

3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);

5) орман қорының жерлерiне;

6) су қорының жерлерiне;

7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;

2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;

2) орман қорының жерлерi;

3) су қорының жерлерi;

4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.

4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2)  жер қатынастары  жөніндегі уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттік сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 324-бап өзгертілді

324-бап. Төлеушiлер

1. Мынадай:

1) жеке меншiк құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  2 тармақ   жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.

3. Мыналар:

1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 325-бап өзгертілді

325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау

1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.

3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.

 

326-бап. Салық салу объектiсi

1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  1) тармақша  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелерi.

Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.

4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.

 

327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау

1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулерi, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темір жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темір жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.

2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

 

328-бап. Салық базасы

Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

 

54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ

 

§1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын

салық ставкалары

329-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын

базалық салық ставкалары

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  2 тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

 Бонитет балы   
                
  Базалық салық   
  ставкасы (теңге)
 Бонитет балы   
                
   Базалық салық       
   ставкасы (теңге)    
      1         
        2         
      3         
         4             
      1         
      2         
      3         
      4         
      5         
      6         
      7         
      8         
      9         
      10        
       0,48       
       0,67       
       0,87       
       1,06       
       1,25       
       1,45       
       1,68       
       1,93       
       2,16       
       2,41       
      51        
      52        
      53        
      54        
      55        
      56        
      57        
      58        
      59        
      60        
        43,42          
        44,49          
        45,55          
        46,65          
        47,71          
        48,77          
        49,83          
        50,95          
        52,01          
        53,07          
      11        
      12        
      13        
      14        
      15        
      16        
      17        
      18        
      19        
      20        
       2,89       
       3,09       
       3,28       
       3,47       
       3,67       
       3,86       
       4,09       
       4,34       
       4,57       
       4,82       
      61        
      62        
      63        
      64        
      65        
      66        
      67        
      68        
      69        
      70        
        57,90          
        60,63          
        63,26          
        65,95          
        68,61          
        71,31          
        73,96          
        76,66          
        79,32          
        82,02          
      21        
      22        
      23        
      24        
      25        
      26        
      27        
      28        
      29        
      30        
       5,31       
       5,79       
       6,27       
       6,75       
       7,24       
       7,72       
       8,20       
       8,68       
       9,17       
       9,65       
      71        
      72        
      73        
      74        
      75        
      76        
      77        
      78        
      79        
      80        
        86,85          
        89,55          
        92,19          
        94,89          
        97,56          
        100,26         
        102,91         
        105,61         
        108,27         
        110,97         
      31        
      32        
      33        
      34        
      35        
      36        
      37        
      38        
      39        
      40        
       14,47      
       15,54      
       16,59      
       18,08      
       18,76      
       19,82      
       20,88      
       22,00      
       23,06      
       24,12      
      81        
      82        
      83        
      84        
      85        
      86        
      87        
      88        
      89        
      90        
        115,80         
        119,02         
        122,21         
        125,45         
        128,67         
        131,86         
        135,10         
        138,32         
        141,51         
        144,75         
      41        
      42        
      43        
      44        
      45        
      46        
      47        
      48        
      49        
      50        
       28,95      
       30,01      
       31,07      
       32,17      
       33,23      
       34,29      
       35,36      
       36,48      
       37,54      
       38,60      
      91        
      92        
      93        
      94        
      95        
      96        
      97        
      98        
      99        
      100       
        149,57         
        154,40         
        159,22         
        164,05         
        168,87         
        173,70         
        178,52         
        183,35         
        188,17         
        193,00         
                                          100-ден жоғары     202,65         
 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  3 тармақ  өзгертілді   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

 
Бонитет балы   
               
   Базалық салық   
   ставкасы (теңге)
 Бонитет балы   
                
 Базалық салық       
 ставкасы (теңге)    
     1         
         2         
     3          
        4            
     1         
     2         
     3         
     4         
     5         
     6         
     7         
     8         
     9         
     10        
       0,48        
       0,54        
       0,58        
       0,62        
       0,67        
       0,73        
       0,77        
       0,81        
       0,87        
       0,96        
     51         
     52         
     53         
     54         
     55         
     56         
     57         
     58         
     59         
     60         
       19,78         
       20,26         
       20,75         
       21,23         
       21,71         
       22,19         
       22,68         
       23,16         
       23,64         
       24,12         
     11        
     12        
     13        
     14        
     15        
     16        
     17        
     18        
     19        
     20        
       1,45        
       1,83        
       2,22        
       2,55        
       2,93        
       3,32        
       3,71        
       4,05        
       4,44        
       4,82        
     61         
     62         
     63         
     64         
     65         
     66         
     67         
     68         
     69         
     70         
       24,61         
       25,28         
       25,82         
       26,44         
       27,02         
       27,64         
       28,22         
       28,85         
       29,49         
       30,07         
     21        
     22        
     23        
     24        
     25        
     26        
     27        
     28        
     29        
     30        
       5,31        
       5,79        
       6,27        
       6,75        
       7,24        
       7,72        
       8,20        
       8,68        
       9,17        
       9,65        
     71         
     72         
     73         
     74         
     75         
     76         
     77         
     78         
     79         
     80         
       30,69         
       31,27         
       31,88         
       32,46         
       33,09         
       33,68         
       34,31         
       34,93         
       35,51         
       36,15         
     31        
     32        
     33        
     34        
     35        
     36        
     37        
     38        
     39        
     40        
       10,13       
       10,61       
       11,09       
       11,58       
       12,06       
       12,54       
       13,03       
       13,51       
       13,99       
       14,47       
     81         
     82         
     83         
     84         
     85         
     86         
     87         
     88         
     89         
     90         
       36,71         
       37,34         
       37,92         
       38,56         
       39,18         
       39,76         
       40,38         
       40,95         
       41,59         
       42,17         
     41        
     42        
     43        
     44        
     45        
     46        
     47        
     48        
     49        
     50        
       14,96       
       15,44       
       15,92       
       16,40       
       16,89       
       17,37       
       17,85       
       18,33       
       18,82       
       19,30       
     91         
     92         
     93         
     94         
     95         
     96         
     97         
     98         
     99         
     100        
       42,18         
       43,39         
       44,00         
       44,62         
       45,20         
       45,84         
       46,38         
       47,03         
       47,61         
       48,25         
                                         100-ден жоғары     50,18         
 

330-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

Жеке тұлғаларға өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге; көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

331-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылатын

ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған жерлерге

салынатын салық ставкалары

Елдi мекендердiң, өнеркәсiптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кiретiн, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы кодекстiң 338-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

§ 2. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары

332-бап. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесіндегі жер

учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық

ставкалары

Елдi мекендердiң (үй iргесіндегі жер учаскелерiн қоспағанда) жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

 ┌────────────────────┬─────────────────────────────────┬─────────────────────────┐
 │     Елді           │ Тұрғын үй қоры, соның ішінде    │    Тұрғын үй қоры,      │
 │   мекеннің         │  оның іргесіндегі құрылыстар    │  соның ішінде оның      │
 │     түрі           │ мен ғимараттар алып жатқан      │  іргесіндегі құрылыс-   │
 │                    │   жерді қоспағанда, елді        │  тар мен ғимараттар     │
 │                    │   мекендердің жерлеріне         │  алып жатқан жерлерге   │
 │                    │  салынатын салықтың базалық     │  салынатын салықтың     │
 │                    │   ставкалары (теңге)            │  базалық ставкалары     │
 │                    │                                 │       (теңге)           │
─┼────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │       1            │               2                 │          3              │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 ├Қалалар:            │                                 │                         │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Алматы              │             28,95               │         0,96            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Астана              │             19,30               │         0,96            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Ақтау               │             9,65                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Ақтөбе              │             6,75                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Атырау              │             8,20                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Тараз               │             9,17                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 ├Қарағанды           │             9,65                │         0,58            │
 │────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 ├Қызылорда           │             8,68                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Көкшетау            │             5,79                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 ├Қостанай            │             6,27                │         0,58            │
─┼────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Павлодар            │             9,65                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Петропавл           │             5,79                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Орал                │             5,79                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 ├Өскемен             │             9,65                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Шымкент             │             9,17                │         0,58            │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Алматы облысы:      │                                 │                         │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Облыстық бағыныстағы│                                 │                         │
 │басқа қалалар       │          6,75                   │      0,39               │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Аудандық бағыныстағы│                                 │                         │
 │басқа қалалар       │          5,79                   │      0,39               │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Ақмола облысы:      │                                 │                         │
 │────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Облыстық бағыныстағы│                                 │                         │
 │қалалар             │          5,79                   │      0,39               │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Аудандық бағыныстағы│                                 │                         │
 │қалалар             │          5,02                   │      0,39               │
 │────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Облыстық маңызы бар │  Облыс орталығы үшін белгіленген│      0,39               │
 │басқа қалалар       │       ставканың 85 проценті     │                         │
 │────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Аудандық маңызы бар │  Облыс орталығы үшін белгіленген│   0,19                  │
 │басқа қалалар       │       ставканың 75 проценті     │                         │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Поселкелер          │          0,96                   │      0,13               │
 ├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
 │Селолар (ауылдар)   │          0,48                   │      0,09               │
 └────────────────────┴─────────────────────────────────┴─────────────────────────┘
 

333-бап. Үй iргесіндегі жер учаскелерiне салынатнy базалық салық ставкалары

Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесіндегі жер учаскесi деп есептеледi.

Үй іргесіндегі жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.

Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

2) басқа елдi мекендер үшiн:

көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

§ 3. Өнеркәсiп жерiне салынатын салық ставкалары

334-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары

1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

  
Бонитет балы   
               
               
   Базалық салық  
     ставкасы     
      (теңге)     
  Бонитет балы      Базалық салық      
                      ставкасы         
                       (теңге)         
      1        
         2        
         3                   4         
      0        
      1        
      2        
      3        
      4        
      5        
      6        
      7        
      8        
      9        
      10       
       48,25      
       91,67      
       135,10     
       178,52     
       221,95     
       265,37     
       308,80     
       352,22     
       395,65     
       439,07     
       482,50     
                                       
        51                2634,45      
        52                2690,23      
        53                2745,95      
        54                2801,72      
        55                2857,46      
        56                2913,24      
        57                2968,96      
        58                3024,73      
        59                3080,47      
        60                3136,25      
      11       
      12       
      13       
      14       
      15       
      16       
      17       
      18       
      19       
      20       
       530,75     
       592,41     
       654,08     
       715,68     
       777,35     
       839,01     
       900,67     
       962,29     
       1023,96    
       1084,66    
        61                3188,36      
        62                3247,75      
        63                3325,49      
        64                3364,61      
        65                3423,05      
        66                3489,25      
        67                3539,95      
        68                3598,39      
        69                3656,81      
        70                3715,25      
      21       
      22       
      23       
      24       
      25       
      26       
      27       
      28       
      29       
      30       
       1138,70    
       1189,07    
       1239,35    
       1287,73    
       1340,29    
       1390,66    
       1441,07    
       1491,45    
       1541,88    
       1592,25    
        71                3769,29      
        72                3829,64      
        73                3890,53      
        74                3951,67      
        75                4012,79      
        76                4073,88      
        77                4135,02      
        78                4196,15      
        79                4257,23      
        80                4319,34      
      31       
      32       
      33       
      34       
      35       
      36       
      37       
      38       
      39       
      40       
       1646,29    
       1693,03    
       1740,76    
       1788,47    
       1836,20    
       1883,87    
       1931,58    
       1979,31    
       2027,02    
       2074,75    
        81                4371,45      
        82                4432,57      
        83                4493,66      
        84                4554,80      
        85                4615,92      
        86                4677,01      
        87                4738,15      
        88                4799,27      
        89                4860,36      
        90                4921,50      
      41       
      42       
      43       
      44       
      45       
      46       
      47       
      48       
      49       
      50       
       2126,86    
       2178,19    
       2228,61    
       2278,98    
       2329,41    
       2379,79    
       2340,22    
       2480,57    
       2531,00    
       2582,34    
        91                4975,54      
        92                5054,48      
        93                5134,32      
        94                5214,22      
        95                5294,09      
        96                5373,99      
        97                5453,83      
        98                5533,73      
        99                5613,59      
        100               5693,50      
                                           100-ден жоғары    5790,00      
 

2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.

3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа жер пайдаланушыларға берiлген жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.

4. Магистралды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар орналасқан темір жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

335-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары

1. Елдi мекендер шегiнде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне осы Кодекстің 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 338-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауы тиiс.

3. Елдi мекендер шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне, аэродромдар алып жатқан жердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бапта белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп ұғылады.

§ 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су

қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары

336-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.

2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

§ 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю

станциялары, базарлар мен казино үшін бөлінген

жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

 

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 337-бап өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары, базарлар мен казино үшін бөлінген  жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген  басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн осы Кодекстің 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.

Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.

Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

2. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналасқан елдi мекендердiң базарлар аумағына бөлiнген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналастырылған базарлар аумағына бөлiнген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.

Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

Осы тармақтың ережесi мал сату жөніндегі базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген ставкалар бойынша салынады.

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

2-1. Елді мекендердің казино орналасқан жерлеріне осы Кодекстің 332-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс.

Казино орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендер жерлері үшін осы Кодекстің 332-бабында белгіленген, елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс.

Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 332-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

§ 6. Салық ставкаларын түзету

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 176-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 338-бап өзгертілді

338-бап. Базалық салық ставкаларын түзету

1. Жергілiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 329, 330, 332, 334-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:

1) сауықтыру балалар мекемелері;

2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;

3) осы Кодекстiң 121-бабының 1-тармағында белгiленген заңды тұлғалар;

4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсiпорындар;

5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсiпорындар;

6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар;

7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.

2-2. Осы Кодекстiң 121-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, жалпы белгiленген тәртіппен есептейдi.

4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.

 

55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

 

339-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртібі

1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.

2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.

3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.

6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.

7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып анықталады.

8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесiне барабар есептеледi.

9. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртібі осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.

10. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 340-бап өзгертілді

340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу

мерзiмдерi

1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.

2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.

3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.

Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.

5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Осы Кодекстің 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.

Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бiрi енгізуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.

9. Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

10. Осы баптың ережелері бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 341-бап өзгертілді

341-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң ерекшелiктерi

1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

2. Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиiс.

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жария етілген жер учаскелеріне салық жер учаскесі жария етілді деп танылған кезден бастап есептеледі.

Бұл ретте жария еткен кезге дейін төленген жер салығы осы Кодекстің 325-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген болып саналады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 342-бап өзгертілді

342-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi

1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi.

Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

2. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

3. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

 

56-тарау. Салық кезеңі және салық есептілігі

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 56-тараудын тақырыбы өзгертілді

 

343-бап. Салық кезеңi

Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 344-бап жана редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 344-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

344-бап. Салық есептілігі

1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

4. Осы Кодекстің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.

6. Осы баптың ережелері бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.

 

13-Бөлім. Көлік құралдары салығы

 

57-тарау. Жалпы ережелер

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 345-бап өзгертілді

345-бап. Салық төлеушiлер

1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.

1-1. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушi болып табылады.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;

4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;

5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қа?арманы» атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 346-бап өзгертілді

346-бап. Салық салу объектiлерi

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.

2. Мыналар:

1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

 

58-тарау. Салық ставкалары

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 347-бап өзгертілді

347-бап. Салық ставкалары

1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

         Салық салу объектiсi                       
                                                    
    Салық ставкасы       
(айлық есептік көрсеткіш)
     1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл              
     автомобильдер (текше см.):                     
     1100-ге дейiн қоса алғанда                     
     1100-ден жоғары 1500-ді қоса                   
     1500-ден жоғары 2000-ды қоса                   
     2000-нан жоғары 2500-ді қоса                   
     2500-ден жоғары 3000-ды қоса                   
     3000-нан жоғары 4000-ды қоса                   
        4000-нан жоғары                             
     2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын        
     арнаулы автомобильдер (тiркемелердi            
     есептемегенде):                                
     1 тоннаға дейiн қоса алғанда                   
     1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса           
     1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса           
     5 тоннадан жоғары                              
     3. Шынжыр табанды машиналар мен                
механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн         
машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер   
      4. Автобустар:                                
      12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда         
      12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса       
      25 отыратын орыннан жоғары                    
      5.   Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, 
      көлемі  шағын кемелер (двигателінің қуаты     
      55 кВт-тан артық емес)                        
      Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан    
      жоғары)                                       
      6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,    
 яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең):
      160-қа дейiн қоса алғанда                     
      160-тан жоғары 500-ді қоса                    
      500-ден жоғары 1000-ды қоса                   
      1000-нан жоғары                               
      7. Ұшу аппараттары                            
                                                    
                                                    
                                                    
                                                    
                         
                         
      4,0                
      6,0                
      7,0                
      12,0               
      17,0               
      22,0               
      117,0              
                         
                         
                         
      6,0                
      9,0                
      12,0               
      15,0               
                         
                         
      3,0                
                         
       90,               
       14,0              
       20,0              
                         
                         
       1,0               
                         
       10,0              
                         
                         
       6,0               
       18,0              
       32,0              
       55,0              
                         
 әрбір киловатт қуатта   
     айлық есептiк       
     көрсеткiштiң        
     4,0 процентi        
 

2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, он екi айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.

3. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

ТМД елдерiнде шығарылған автокөлiк құралдары үшiн:

6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;

15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;

25 жылдан жоғары - 0,1;

двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:

3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;

3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;

4000-нан жоғары - 1,0.

Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициентi 0.

4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;

14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;

20 жылдан жоғары - 0,1.

5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;

пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;

1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;

пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.

6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.

7. Осы баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;

10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;

20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;

30 жылдан жоғары - 0,1.

 

59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу

Мерзімдері

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 348-бап өзгертілді; ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап өзгертілді

348-бап. Салықты есептеу тәртібі

1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.

Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

1) беретiн тарап үшiн:

салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.

3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;

2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II Заңымен 348-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-1-бап өзгертілді

348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi

1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттік тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.

4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.

5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

 

60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

 

349-бап. Салық кезеңi

Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 350-бап жаңа редакцияда; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 350-бап өзгертілді

350-бап. Салық есептілігi

Төлеушi заңды тұлғалар (бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ көлiк декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.

 

14-бөлім. Мүлік салығы

 

61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге

салынатын мүлік салығы

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 351-бап өзгертілді

351-бап. Салық төлеушiлер

1. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар , сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.

Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттілік нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;

2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

3) мемлекеттік мекемелер;

4) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;

6) дiни бiрлестiктер.

Осы тармақтың 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 352-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

352-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау

1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келісім бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.

Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

2. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеушi бола алады.

4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 353-бап өзгертілді

353-бап. Салық салу объектiсi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:

1) осы Кодекстiң 326 және 327-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;

2) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары;

3) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған негiзгi құралдар;

4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:

бұрылу белдеуi;

жолдардың конструкциялық элементтерi;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпiрлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;

суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;

5) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 6) тармақша  жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізгі құралдардың құрамдас бөліктері.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 354-бап өзгертілді

354-бап. Салық базасы

1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күніндегі салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің баланстық құнына кірмейді.

3. Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.

 

04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 355 - бап өзгертілді

355-бап. Салық ставкалары

1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда)  салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.

1-1. Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.

2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi:

1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;

3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар;

5) мемлекеттік меншiкке жататын және мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.

2-1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.

4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 356-бап өзгертілді

356-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртібі осы Кодекстің 385-390-баптарында белгiленген.

3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.

4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.

Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 8-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.

7. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.

Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.

8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 357-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша салықты жеке кәсiпкер осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 358-бап өзгертілді

358-бап. Салық кезеңi

1. Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

2. Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн белгiленедi.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 359-бап өзгертілді

359-бап. Салық есептілігi

1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептілігiн табыс ету тәртібі осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.

Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептілігiн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен табыс етедi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара) ; 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)  2 тармақ өзгертілді

2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5)-тармақшаcында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.

4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

 

360. 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды

 

62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы

 

23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 361-бап өзгертілді

361-бап. Салық төлеушiлер

1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;

2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қа?арманы» атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.

Осы тармақта аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

 

362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi анықтау

1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келісімi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.

Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келісіммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 363-бап  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

363-бап. Салық салу объектiсi

Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi мынадай объектiлер:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 364-бап өзгертілді

364-бап. Салық базасы

1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. алып тасталды

3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.

 

 2005.22.11 № 89-III    (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)   ҚР Заңымен 365 - бап жаңа редакцияда

365-бап. Салық ставкалары

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

 

1) 1 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

салық салу объектілері құнының

0,05 проценті;

2) 1 000 000 теңгеден жоғары

- 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден

асатын сомадан 0,08 проценті;

3) 2 000 000-нан теңгеден

жоғары - 3 000 000 теңгеге

дейін қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,1

проценті;

4) 3 000 000 теңгеден жоғары

- 4 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,15

проценті;

5) 4 000 000 теңгеден жоғары

- 5 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,2

проценті;

6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,25

проценті;

7) 6 000 000 теңгеден жоғары

- 7 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,3

проценті;

8) 7 000 000 теңгеден жоғары

- 8 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,35

проценті;

9) 8 000 000 теңгеден жоғары

- 9 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,4

проценті;

10) 9 000 000 теңгеден жоғары

- 10 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,45

проценті;

11) 10 000 000 теңгеден жоғары

23 300 теңге + 10 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,5

проценті;

 
 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 366-бап өзгертілді

366-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгіндегі салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.

3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.

4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.

5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.

6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.

7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттік тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгізуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келісім бойынша) бюджетке енгізуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.

9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.

 

367-бап. Салық кезеңi

1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.

2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.

 

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен    Кодекс 14-1 бөліммен толықтырылды   (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді) 

14-1-бөлім. Ойын бизнесі салығы

 

62-1-тарау. Ойын бизнесі салығы

 

367-1-бап. Төлеушілер

Мыналар:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

 

367-2-бап. Салық салу объектілері

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) букмекер кеңсесінің кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

 

367-3-бап. Салық ставкалары

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесі салығын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

ойын үстелі - тоқсанына 2 500 айлық есептік көрсеткіш;

ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептік көрсеткіш;

тотализатор кассасы - тоқсанына 375 айлық есептік көрсеткіш;

букмекер кеңсесінің кассасы - тоқсанына 225 айлық есептік көрсеткіш.

 

367-4-бап. Салық кезеңі

Ойын бизнесі салығын есептеуге және төлеуге арналған салық кезеңі тоқсан болып табылады.

 

367-5-бап. Салықты төлеу тәртібі мен мерзімі

1. Салық кезеңі ішінде төленуге тиісті ойын бизнесі салығы осы Кодекстің 367-2-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.

2. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиіс.

 

367-6-бап. Салық есептілігін табыс ету

Салық төлеушілер салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша салық органдарына ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

 

367-7-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледі.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі кірістің шекті мөлшері:

казино қызметінен - 135 000 айлық есептік көрсеткішті;

ойын автоматтары залы қызметінен - 25 000 айлық есептік көрсеткішті;

тотализатор қызметінен - 2 500 айлық есептік көрсеткішті;

букмекер кеңсесі қызметінен - 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 

367-8-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен сомасына отыз процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей төленуге тиіс.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

 

15-бөлім. Арнаулы салық режимдері

 

63-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 368-бап толықтырылды

368-бап. Жалпы ережелер

1. Мыналарға:

1) шағын бизнес субъектiлерiне;

2) шаруа (фермер) қожалықтарына;

3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;

4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.

2. Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Патент - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын құжат.

4. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

5. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс.

6. Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.

Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң есептілік бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

8. Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 369-бап өзгертілді

369-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi

1. Осы Кодекстің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) өткізудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы Кодекстің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа, осы Кодекстiң 373-бабында белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.

3. 392-баптың 1-тармағында белгiленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы Кодекстің 391-397-баптарында көзделген кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимiнде ғана жүзеге асырады.

 

64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған

арнаулы салық режимі

 

§ 1. Жалпы ережелер

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 370-бап өзгертілді

370-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодекстiң 371, 372, 374, 376-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртібін белгiлейдi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 132-134-баптарын, 135-бабының 2-тармағын, 146-162-баптарын қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету тәртібі 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгiленген шағын бизнес субъектiлерiне қолданылмайды.

Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған салықты есептеудiң оңайлатылған тәртібі салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 375, 377-баптарында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.

4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшіндегі табыс салық салу объектiсi болып табылады.

Осы Кодекстің 163-бабына сәйкес жеке кәсiпкердiң , мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - он екі ай, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.

6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.

7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 371-бап өзгертілд; 2005.15.04.  № 45-III ҚР Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара

 371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары

1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;

2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;

3) патент негiзіндегі арнаулы салық режимi;

4) оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi.

Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.

2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.

3. Мыналардың:

1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;

2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;

3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдардың;

4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.

4. Арнаулы салық режимi:

1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;

2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;

3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;

4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;

5) жер қойнауын пайдаланатын;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен   6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) мыналарды:

медициналық, дәрігерлік қызметті; ветеринария саласындағы қызметті: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуді; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті;

тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды, жөндеуді және салуды;

күзет белгісі құралдарын монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

жолаушы лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

дәрілік заттарды дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды;

жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатындарын қоспағанда) өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды;

алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;

ақпараттандыру мен байланыс, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу саласында қызметтер көрсетуді;

жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдауды;

жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді;

өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;

тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;

мыналардың:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының;

мамандандырылған және арнаулы жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;

рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін;

жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;

электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды, электр станцияларын, электр желілері мен шағын станцияларды жобалауды және пайдалануды;

тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау мен пайдалануды, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды;

химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық-барлау, тау-кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу тасығыш температурасы 1150С болатын қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді (негізгі лицензияланатын қызмет түрінің технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықты жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);

астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеуді;

қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді;

мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрлерін:

мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді;

мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждауды, орнатуды, оларға қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.

 

§ 2. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимi

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

372-бап. Жалпы ережелер

1. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар қолданады.

2. Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.

 

373-бап. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысу

тәртібі

1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.

3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден босатылады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақпен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

4. Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды:

1) қызметі ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;

2) осы Кодекстің 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар жүргізеді.

Нарықтағы қызметті жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жүргізеді, сондай-ақ оны дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкілі қызметкердің біржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатын және салық төлеуші (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға) куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде жүргізуі мүмкін.

 

§ 3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 374-бап өзгертілді

374-бап. Жалпы ережелер

1. Патент негiзіндегі арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3) тармақша  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне өтiнiш негiзiнде ауысады.

Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтінішті табыс етеді.

Патент дара кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  4- тармақ жаңа редакцияда (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

4. Дара кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтінішті;

2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;

4) дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Дара кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  6- тармақ жаңа редакцияда (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

6. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді бір күн ішінде жүргізеді.

7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.

8. Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептемелердi ұсынбайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 375-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

375-бап. Патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Патенттің құнын есептеудi жеке кәсiпкер мәлiмделген кiрiстiң 2 процентi мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

2. Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:

1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;

2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

3. Жеке кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң күшi жойылған мерзiмге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

4. Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеушi бес жұмыс күнi iшiнде асып кеткен соманы мәлiмдейдi және осы сомадан салық төлейдi. Салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша бұрын берiлген патенттiң орнына оған нақты табысы көрсетiлген жаңа патент берiледi.

Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттiң құны салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық органы жүргiзген хронометраждық зерттеуден кейiн қайтарылады.

 

§ 4. Оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi

 

23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III    (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)   ҚР Заңдарымен 376 - бап  өзгертілді

376-бап. Жалпы ережелер

1. Оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiштi заңды тұлға мемлекеттік тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына бередi.

Жаңадан құрылған жеке кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеуге қойылған күнi өтiнiш береді.

Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.

2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:

1) жеке кәсіпкерлер үшiн:

жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы  10000,0  мың теңге болса;

2) заңды тұлғалар үшiн:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiн қолданады.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшедi.

Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.

4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібінен оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептіліктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 377-бап өзгертілді

377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі

2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

2. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң

орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде

белгiленген ең төменгi айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей

болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.

5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.

Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.

6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

7. Оңайлатылған декларация  есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 377-1-баппен толықтырылды  (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 

377-1-бап. Жекелеген салық түрлерін және жинақтаушы

зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы

жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру

қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу

ерекшеліктері және олар бойынша есептілікті табыс ету

1. Салық төлеуші оңайлатылған декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде:

1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті;

3) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.

2. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

3. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді табыс етпейді.

 

65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған

арнаулы салық режимI

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 378-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

378-бап. Жалпы ережелер

1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату жөніндегі қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.

2. Жеке меншiк құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

Арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есепті кезеңнен кейінгі салық мерзімінен бастап салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде көшеді.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы арнаулы салық режимі қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан (бірінші салық кезеңінде) кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.

Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi деп есептеледi.

20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.

20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.

Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

5. Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.

6. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 379-бап өзгертілді

379-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерiн:

1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;

2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқылы.

3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктің (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептілігiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

Бұл тармақтың ережесi осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

380-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

1. Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.

Жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзіледi.

3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде:

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөніндегі декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.

Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған  декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 25 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 25 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.

4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын (салық салу объектiсiнiң өзгеруiн есепке ала отырып) есептейдi және төлейдi.

 

381-бап. Жер учаскелерiн жалға берген (алған) кезде салық салу ерекшелiктерi

1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.

Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап белгiленедi.

Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 382-бап өзгертілді

382-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша салық есептілігi

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн  бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация тапсырады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

2. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (бiрiншi салық кезеңiнде) мынадай құжаттарды:

1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;

2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшірмелері;

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн табыс етедi. Кейiнгi жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеушi оны алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн салық комитетiне табыс етедi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3) жер қатынастары жөніндегі уәкiлеттi орган берген жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актiнiң нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн табыс етедi. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құнын негiзге ала отырып анықталады;

4) әлеуметтiк салық сомаларын есептеу үшiн қажеттi деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, қызметкерлердi алдағы салық кезеңiнде жалдау туралы мәлiметтер табыс етедi.

Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етедi.

3. Осы арнаулы салық режимiн таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебi мен арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы баптың 2-тармағында аталған құжаттарды табыс етедi.

4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн он бес күн мерзiмде өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсыруға мiндеттi.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 383-бап өзгертілді

383-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеу ерекшелiктерi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған тиісті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуы тиiс.

Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең.

Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаға эмиссия  үшін төлемнің және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

1) ағымдағы салық кезеңiнiң 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.

3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 384-бап өзгертілді

384-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық есептілігiн табыс ету

Бiрыңғай жер салығын төлеушілер бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны беру  үшiн белгiленген мерзiмдерде:

1) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

2) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;

3) 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4) тармақша  өзгертілді

4) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаға эмиссия  үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын;

5) 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

 

66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға

арналған арнаулы салық режимі

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 385-бап өзгертілді

385-бап. Жалпы ережелер

1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимi патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейдi және заңды тұлғалардың:

1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткізу жөніндегі;

2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылады.

2. Мыналардың:

1) еншiлес ұйымдары, филиалдары мен өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) филиалдардың, өкілдіктердің;

3) осы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн (бұдан әрi - арнаулы салық режимi) қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.

3. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылмайды.

4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.

5. Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және қызметтiң мұндай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді

386-бап. Салық кезеңi

Күнтiзбелiк жыл патент құны есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңi болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 387-бап өзгертілді

387-бап. Патент беру тәртібі

1. Арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiш бередi.

Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш бермеуi оның салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келiскенi болып есептеледi.

2. Салық төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;

2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

4) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды

5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);

6) жұмыс берушiнiң (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлiмделген қызметкерлер санына табыс түрiнде төлейтiн шығындарын қоса алғанда, салық төлеушiнiң өткен бес жыл үшiн жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшiн қажеттi есептерiнiң көшiрмелерiн табыс етедi. Бұл орайда аталған табыстары осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады;

 2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша толтырған патент құнының есебiн табыс етедi.

Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

3. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрi болған жағдайда салық органы бес жұмыс күнi iшiнде патент бередi.

Келесi салық кезеңдерiнде салық төлеушiлер салық органына патент алу жөнiнде өтiнiш берген кезде, осы баптың 2-тармағының 1)-5) тармақшаларында белгiленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етедi.

4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркелген кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.

20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.

Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.

5. Патент беру әрбiр салық кезеңiне жүргiзiледi.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 388-бап өзгертілді

388-бап. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем ақыны есептеу тәртібі

1. Патент құнының есебiне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлiк салығы, көлiк құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепте тұрған жағдайларда) енгiзiледi.

2. Салық кезеңiнiң басында патент құнының есебiне енгiзiлген салық сомаларын есептеу:

1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгiлеу кезiнде - өткен бес жыл iшіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер табыс пен шығындар көрсеткiштерiн осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткiштерi бойынша анықтайды.

Табыстар мен шығындар көрсеткiштерiн анықтау тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi;

2) әлеуметтiк салықты анықтау кезiнде - осы Кодекстің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн шығыстарына осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.

Бұл орайда жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрінде төлейтiн шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл iшіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлiмделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.

Жаңадан құрылған кәсiпорындар үшiн мәлiмделген орташа жалақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс;

3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлiк салығы мен көлiк құралдары салығының сомасы - жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады.

4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi және салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есептемесiн табыс етедi.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 389-бап жаңа редакцияда; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 389-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

389-бап. Салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің тәртібі мен мерзiмдерi

Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 390-бап өзгертілді

390-бап. Патент құны есебiне кiрмеген салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша салық есептілігiн табыс ету

1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеудi, қоршаған ортаға эмиссия  үшiн төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер мынадай тәртiппен жүргiзеді:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар 25 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.

2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар өткен салық кезеңi үшiн 20 наурыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде мынадай салық есептілігiн:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2)  қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.

4. Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ағымдағы салық кезеңiнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сома бойынша - 20 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде;

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешіктiрмей тапсырады.

5. Осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет түрлерi бойынша патент құны есебiне енгiзiлмеген және осы бапта көрсетiлмеген салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу төлеу және салық есептілігiн тапсыру жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген

түрлеріне арналған арнаулы салық режимі

 

391-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:

1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

3) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

4) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);

5) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   6) тармақша өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

6) ойын автоматы - ойындар  өткізу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);

7) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактілі двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi;

8) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

9) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

10) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

11) салық салу объектiлерi есепке алынатын тiркеу карточкасы - салық органдарындағы нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн салық салу объектiлерiнің тiркелгенiн куәландыратын құжат;

12) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет көрсетуiмен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.

 

392-бап. Жалпы ережелер

1. Кәсіпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимi (бұдан әрi - арнаулы салық режимi):

1) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;

3) боулинг (кегельбан) бойынша;

4) картинг бойынша;

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   5)  тармақша өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

5) бильярд бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.;

6) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

2. Арнаулы салық режимi осы баптың 1-тармағында анықталған тұлғалар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) үшiн:

1) тiркелген жиынтық салық түрiнде корпорациялық немесе жеке табыс салығын және қосылған құн салығын есептеу мен төлеудiң;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларация түрiнде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгiлейдi.

Бұл тәртiп төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүлiктiк табыс жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзiнен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігiн есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.

3. Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 30 процентiн, қосылған құн салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 70 процентiн құрайды.

4. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салықты төлеумен бiрге акциз төлейдi, оның сомасы осы Кодекстiң 255-278-баптарында белгiленген тәртiппен анықталады.

5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған өзге де кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде салық төлеушiлер мұндай қызмет түрлерi бойынша кiрiс пен шығыстың бөлек есебiн жүргiзуге және корпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын және акциздi есептеу мен төлеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.

6. Осы баптың 2-4-тармақтарында аталмаған салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн есептеу, төлеу және оны табыс ету осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

7. Ойын мекемесiнде (тұрақты орында) пайдаланылатын, осы Кодекстiң 393-бабында аталған салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны, объектiлердiң жалпы санының өзгерiсi осы Кодекстiң 397-бабында белгiленген тәртiппен салық органдарында мiндеттi тiркелуге (қайта тiркелуге) тиiс.

 

393-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi

Мыналар тiркелген жиынтық салық салу объектiсi болып табылады:

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

1) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін:

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;

біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;

ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер;

3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:

ойын жолы;

4) картинг бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:

карт;

5) бильярд бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:

бильярд үстелi;

6) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   алып  тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара).

 

2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 394-бап жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

394-бап. Тіркелген жиынтық салық ставкалары

Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бекітілген базалық ставкалар шегінде жергілікті өкілді органдар қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілейді.

 

395-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу тәртібі

1. Күнтiзбелiк бiр жылда төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық осы Кодекстiң 393-бабында белгiленген әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Осы Кодекстiң 396-бабында белгiленген есептi кезең үшiн төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы он екiге бөлу жолымен анықталады.

2. Акциз және тiркелген жиынтық салық сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, ай сайын салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша бюджетке төленуге тиiс.

3. Салық төлеушiнiң облыста (қалада) бiрнеше ойын мекемелерi (тұрақты нүктелерi) болған кезде тiркелген жиынтық салық және акциз бiр аудан (қала ауданы) шегiнде орналасқан салық салу объектiлерi бойынша бөлек есептеледi.

4. Салық салу объектiлерiн салық кезеңiнiң 15-iне дейiн пайдалануға енгізу кезiнде тiркелген жиынтық салық толық салық кезеңi үшiн деп есептеледi де, 15-iнен кейiнгiсi кезеңнің жартысы үшiн деп есептеледi.

Салық салу объектiлерi салық кезеңiнiң 15-iне дейiн шығып кеткен кезде тiркелген жиынтық салық - салық кезеңiнiң жартысы үшiн деп, ал 15-iнен кейiнгiсi толық кезең үшiн деп есептеледi.

 

396-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы

1. Күнтiзбелiк ай тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

2. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 397-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

397-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) тәртібі

1. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Салық төлеушiнiң бiр елдi мекен шегiнде орналасқан бiрнеше ойын мекемесi (тұрақты нүктесi) болған жағдайда салық салу объектiлерiн тiркеу салық төлеушiнің таңдауы бойынша бiр салық органында жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Салық органы өтiнiште көрсетiлген деректер негiзiнде объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi дананы да мөрмен және салық органы басшысының қолымен куәландырады.

Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiреуi салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.

Объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасы әрбiр ойын мекемесiне (тұрақты нүктеге), оларда пайдаланылатын салық салу объектiлерi есепке алына отырып, жеке берiледi.

Ойын мекемелерiнде (тұрақты нүктелерде) салық салу объектiлерi есепке алынған тiркеу карточкасының түпнұсқасы болуға тиiс.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 3 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны өзгерген жағдайда салық төлеушi салық салу объектiлерiн қайта тiркеу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.

Салық салу объектiлерiн қайта тiркеу объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасына тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүргiзiледi.

Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны (стационарлық нүкте) шығып қалған кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерiнiң (стационарлық нүкте) шығып қалған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.

4. Салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi және объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналына белгi қояды.

5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерiнiң ойын мекемесi (тұрақты нүкте) аумағында болуына тыйым салынады.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 68 тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер

 

68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені

және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым

 

398-бап. Жалпы ережелер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi  және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені  үшiн алым (бұдан әрi алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 399-бап   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

399-бап. Алым төлеушiлер

Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер алым төлеушiлер болып табылады.

 

400-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы салық төлеушi ретіндегі алым төлеушiнiң мемлекеттік тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iсәрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік

тіркегені үшін алым

401-бап. Жалпы ережелер

1. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

402-бап. Алым төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

2. Шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын оралмандар  алым төлеушiлер болып табылмайды.

403-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iсәрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын

мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені

үшін алым

 

404-бап. Жалпы ережелер

1. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

 

405-бап. Алым төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

2) I және ІІ топтағы мүгедектер;

3) бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралмандар;

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттік тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, жылжымайтын мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.

 

406-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 70-1-тараумен толықтырылды ; 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 70-1- тараудың тақырыбы   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын

мемлекеттік  тiркегенi үшiн алым

 

406-1-бап. Жалпы ережелер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн  және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн  , кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi тiркеушi орган) жүзеге асырады.

 

406-2-бап. Алым төлеушiлер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ   өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепілі туралы шартты, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

 

2. Мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

2) I және II топтағы мүгедектер;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралмандар алым төлеушiлер болып табылмайды.

 

406-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды

қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.

 

71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды

және жоғары жиіліктегі құрылғыларды

мемлекеттік тіркегені үшін алым

 

407-бап. Жалпы ережелер

1. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

 

408-бап. Алым төлеушiлер

1. Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болмайды.

 

409-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.

2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 72- тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

72-тарау. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені

үшін алым

 

410-бап. Жалпы ережелер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Көлік құралдарын  мемлекеттік тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi  , теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

411-бап. Алым төлеушiлер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын ,  теңіз, өзен және шағын көлемді кемелері, азаматтық әуе кемелері бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды

2. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.

 

412-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

73-тарау. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

73-1-тарау. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

74-тарау. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік

тіркегені үшін алым

419-бап. Жалпы ережелер

1. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.

2. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.

420-бап. Алым төлеушiлер

Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

421-бап. Алым ставкалары

Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

422-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.

2. Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.

3. Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 75-1 -тараумен  толықтырылды   (2006.01.01  бастап қолданысқа енді)

75-1-тарау. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне

құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар

объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды

мемлекеттік тіркеу үшін алым

 

422-1-бап. Жалпы ережелер

1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.

2. Тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.

 

422-2-бап. Алымды төлеушілер

Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.

 

422-3 - бап  Алымды есептеу, төлеу және төленген

сомаларды қайтару тәртібi

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

2. Алым сомасы салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.

3. Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.»;

 

76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан

Республикасының аумағы бойынша жүргені

үшін алым

423-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;

3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;

2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын қоспағанда, отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

424-бап. Алым төлеушiлер

Осы Кодекстiң 419-бабының 1-тармағында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 425-бап өзгертілді

425-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі

2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  1  тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдаланған кезде алым сомасы осындай автомобиль жолдарымен жүру фактісі бойынша төленедi.

2. Алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен не көлiк саласындағы уәкiлеттi органның арнаулы пункттерiнде қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен төленедi.

Қатаң есеп бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген алымдар сомасын бюджетке есептеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейдi.

3. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.

4. Алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 76-1-тараумен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

76-1-тарау.

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым

 

425-1-бап. Жалпы ережелер

1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым (бұдан әрі - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.

2. Есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

 

425-2-бап. Алымды төлеушілер

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

 

425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібi

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тиісті құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін төленеді.

2. Алым сомасы төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.

3. Алымды төлеген тұлғалар уәкілетті органға тиісті құжаттарды бергенге дейін бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылмайды.

Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, уәкілетті орган берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.

 

77-тарау. Аукциондардан алынатын алым

426-бап. Жалпы ережелер

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

427-бап. Алым төлеушiлер

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 428-бап өзгертілді

428-бап. Салық салу объектiсi

1. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

2. Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнына:

1) мемлекеттік мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;

2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;

3) мыналарды:

салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi;

салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi;

соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;

4) мыналарды:

соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;

белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;

белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөніндегіаукциондардан;

5) банкрот кәсiпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;

7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.

429-бап. Алым ставкалары

Алым ставкасы аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 430-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

430-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

2. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Алым төлеу аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерi жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

431-бап. Салық декларациясы

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.

2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

 

78-тарау. Елтаңбалық алым

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 78-тарау алынып тасталды

 

79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу

құқығы үшін лицензиялық алым

 

438-бап. Жалпы ережелер

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) ; 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен   (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара)  1 тармақ  өзгертілді  

1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру (қайта ресімдеу)  және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда  кезiнде  және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда  алынады.

 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)  2 тармақ  өзгертілді  

2. Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган (бұдан әрi лицензиар) жүзеге асырады.

 

439-бап. Алым төлеушiлер

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

 

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен  440-бап жаңа редакцияда  (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара) 

440-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды

қайтару тәртібі

1. Алым сомасы, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын (алған) төлеушілер үшін лицензиялық алымның мөлшері:

1) казино мен ойын автоматтары залы үшін - жылына 3 845 айлық есептік көрсеткішті;

2) тотализатор мен букмекер кеңсесі үшін - жылына 640 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2. Алым сомасы лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелген жері бойынша бюджетке енгізіледі.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.

3. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда төленген алым сомасы тиісті лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады

 

80-тарау. Телевизия және радио хабарларын

тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін

пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

 

441-бап. Жалпы ережелер

1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде алынады.

Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.

2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.

Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды.

4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi.

 

442-бап. Алым төлеушiлер

Осы Кодекстiң 441-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.

Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.

 

443-бап. Алым ставкалары

Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

444-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі

1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алғанға дейiн бюджетке төленедi.

2. Алым сомасы салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша бюджетке енгізiледi.

3. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн, рұқсат алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл орайда алым сомасы тиiстi уәкiлеттi орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты салық төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

 

81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны

үшін төлемақы

 

445-бап. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi төлемақы) алынады.

2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.

2006.11.12  № 201-III  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ  өзгертілді  

3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.

 

446-бап. Төлеушiлер

Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 447-бап толықтырылды ; 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 447-бап өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

447-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi. Бұл орайда, осы Кодекстің 338-бабының  2, 4-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 448-бап өзгертілді

448-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi.

Төлемақының жыл сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.

Шарт талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жергілiктi атқарушы орган, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

2. Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi.

3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.

2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  3-1  тармақпен толықтырылды  (2009 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енгізілді)

3-1. Инвестициялық салық преференцияларын алуға уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан концессионер осы Кодекстің 139-бабында айқындалған инвестициялық салық преференциялары қолданыла бастаған кезден бастап бес жыл ішінде есептелген төлем сомасын жүз процентке кемітеді.

2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 4-1 және 4-2-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, төлемақы төлеушілер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.

2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4-1- тармақпен толықтырылды

4-1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем сомаларын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен төлейді.

2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4-2- тармақпен толықтырылды

4-2. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептілік кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 5 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін төлеудің белгіленген  мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгізудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 5-1- тармақпен толықтырылды

5-1. Осы баптың 4-2-тармағында айқындалған төлеушілер жер учаскесін осы Кодекстің 450-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, төлемді уақытша өтеулі жер учаскесін пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.

2006.31.01. № 125-III   (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 6 тармақ  өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін мемлекет өтемін  төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi.

7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.

8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.

9. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

449-бап. Салық кезеңi

Жер учаскелерiн пайдалану төлемiнiң сомаларын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстің 136-бабына сәйкес белгiленедi.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 450-бап өзгертілді

450-бап. Салық есептілігi

ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебін табыс етедi.

ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  2- тармақ өзгертілді

2. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

2-1. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 20-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.

ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

ҚР 2006.31.01. № 125-III (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді

4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебімен бірге жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi.

Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.

Осы тармақтың ережелері төлеушілерге - дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi табыс етiледi.

82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

451-бап. Жалпы ережелер

1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  2- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 

2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат беру құжаты негiзiнде жүзеге асырылады.

Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi.

2006.11.12  № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2007.26.07. № 312-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді 

3. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік  уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық салық бөлімшелеріне уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.

 

452-бап. Төлеушiлер

Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

 

453-бап. Салық салу объектiлерi

1. Төлемақы салынатын объектiлер:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 

1) мыналарды:

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;

2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;

3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;

4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады.

2. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 454-бап өзгертілді

454-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  2 тармақ өзгертілді  (бұр.ред. қара) 

2. Су жинаудың нақты көлемi cy қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.

3. Су объектiлерiн тиiстi рұқсат беру құжатынсыз пайдаланған кезде осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары бес есе ұлғайтылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 455-бап өзгертілді

455-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.

2. Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгізуге мiндеттi.

3. 04.07.03 ж. № 475-II ҚР Заңымен алып тасталды

4. Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.

5.  2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 456-бап өзгертілді

456-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi

1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.

2. Өнеркәсіп орындары өндірістік қажеттер үшін су шаруашылығы жүйелерінен алатын суға, ол тікелей су шаруашылығы жүйелерінен, басқа өнеркәсіп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетініне қарамастан, төлемақы төлейді.

3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн бюджетке төлемақы төлейдi.

4. Жеке және заңды тұлғалар суды қысыммен ағызатын және суды реттейтiн құрылыстары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшiн төлемақы төлейдi.

5. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгілейдi.

6. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге суды жинау лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгiлейдi. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.

 

457-бап. Салық кезеңi

Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн бюджетке төлемдi есептеу және енгізу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

 

458-бап. Салық есептілігi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын, осы баптың 4-тармағында аталған төлемдердi қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан  кешiктiрмей табыс етедi.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталсын  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара); 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)  4 тармақ өзгертілді  

4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын  есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)    (бұр.ред. қара)

5. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы  аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.

 

83-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

 

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 459- бап өзгертілді  (бұр.ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 459-бап  жаңа редакцияда

459-бап. Жалпы ережелер

1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады. 

2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады. 

3. Экологиялық рұқсатта белгіленген тәртіппен ресімделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады. 

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мәліметтер береді. 

 

460-бап. Төлеушілер

Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

 

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  461-бап  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

461-бап. Салық салу объектісi

Салық салу объектісі қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемі болып табылады.

 

ҚР 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III   (бұр. ред. қара) Заңдарымен 462-бап өзгертілді

462-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкаларын базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шекті ставкадан жоғары болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары жыл сайын белгiлеп отырады.

Қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 463-бап өзгертілді

463-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның  және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді   (бұр.ред. қара)

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаға эмиссиялауға  лимиттi сатып алу нысанында жеткізуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ету құжаты салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен  толықтырылды 

2-1. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстің 465-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде лимитті сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

3. Уәкілетті орган оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген жер бойынша бюджетке төлемақы енгізілетін ластанудың жылжымалы көздерін қоспағанда, бюджетке төлемақы енгізу қоршаған ортаға эмиссия  көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

4. Төлеушiлер  қоршаған ортаға эмиссияның  нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.

5. алынып тасталды

6. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.

7. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

464-бап. Салық кезеңi

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны бюджетке есептеу мен енгізу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.

 

465-бап. Салық есептілігi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Төлемақы төлеушілер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді   (бұр.ред. қара)

2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер, осы баптың 2-1 және 4-тармақтарында  аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан  кешiктiрмей табыс етедi.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен толықтырылды  

2-1. Төлемақы көлемі аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебін салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2-2 тармақпен толықтырылды 

2-2. Рұқсат ету құжаты осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін рәсімделген жағдайда, аталған төлеушілер ағымдағы төлем сомаларының есебін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4 тармақ өзгертілді  

4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5 тармақ өзгертілді

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 265-бап 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста  (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

5. Декларация салық органына табыс етілгенге дейін рұқсат ету құжатын беретін органда куәландырылады.

 

84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 466-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

466-бап. Жалпы ережелер

1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi төлемақы) табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады.

2. Жануарларды ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.

3. Жануарлар дүниесiнiң мынадай санаттары:

аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;

балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;

сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi;

өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшiн төлемақы белгiленедi.

4. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң санаттары үшiн төлемақы осы хайуанаттардың бағалы түрлерiне ғана белгiленедi.

Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

5. Жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық салық бөлімшелеріне уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.

 

467-бап. Төлеушiлер

Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

 

468-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

469-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасы ставкалар мен жануарлардың саны (су жануарларының жеке түрлерi үшiн салмағы) негiзге алына отырып белгiленедi.

2. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.

3. Жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi төлемақы сомасын қабылдауды қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.

Қатаң есеп бланкiлерiнің нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке енгізу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейдi.

4. Төлеушiлер төлемақы сомасын белгiленген ставкалар бойынша дербес есептейдi және жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнен рұқсат алғанға дейiн төлейдi.

5. Бюджетке төлемақы енгізу жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша жүргiзiледi.

6. Төлемақының төленген сомалары қайтарылмауға тиiс.

 

85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 470-бап өзгертілді

470-бап. Жалпы ережелер

1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:

1) ағаш дайындағаны;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;

3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды) дайындағаны;

4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдаланғаны;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін алынады.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде берiледi.

3. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орыны бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде тиiстi органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.

Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.

4. Мемлекеттік орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 471-бап өзгертілді

471-бап. Төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) мемлекеттік орман иелері - ағашты түбірімен жөнелткені үшін аралық пайдалануда ағаш кесуді және басқа да кесулерді жүзеге асыру кезінде;

1-1) жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

2) орман пайдаланушылар - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн жүзеге асыратын ағаш ресурстарын, шайырды, қосымша орман материалдарын алу кезiнде төлемақы төлеушiлер болып табылмайды. Бұл орайда, алынған өнiм, оның ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттi бөлiгiн қоспағанда, орман қоры учаскелерi иелерiнің меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулердiң бағдарламаларын және әдiстемелерiн негiзге ала отырып белгiленедi және орман шаруашылығы басқармасының аумақтық органдарымен жасалған келісімде немесе шартта көрсетiледi.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 472-бап өзгертілді

472-бап. Салық салу объектiсi

Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры учаскелерінің аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 473-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

473-бап. Төлемақы ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

2. Тамырымен жiберiлетiн ағаш төлемақысы жөніндегі базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi. Бұл орайда облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының ставкалар мөлшерiн екi есеге дейiн арттыруға құқығы болады.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 474-бап өзгертілді

474-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақыны есептеу тәртібін және бюджетке енгізу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi.

 

86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

пайдаланғаны үшін төлемақы

 

475-бап. Жалпы ережелер

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн өтемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.

 

476-бап. Төлеушiлер

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлеушiлер болып табылады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 477-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

477-бап. Төлемақы ставкалары

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

2. Жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

 

478-бап. Төлемақы төлеу тәртібі және мерзiмдерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орналасқан жерi бойынша бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын мекемелер арқылы аудару не ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкiмшiлiктерi белгiлеген бақылау-өткізу пункттерiнде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.

Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларының бюджетке енгiзiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.

2. Қолдарында төлем төлегенiн растайтын құжаттар болған кезде ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды төлемақы төлеушiлердiң пайдалануына жол берiледi.

3. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.

 

87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны

үшін төлемақы

 

479-бап. Жалпы ережелер

1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi төлемақы) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттармен куәландырылады.

3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.

Бұл орайда, конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.

4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.

 

480-бап. Төлеушiлер

1. Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар:

1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттік мекемелер;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  2) тармақша  өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) осы Кодекстің 442-бабында аталған салық төлеушілер;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  3) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) радиоәуесқойлық қызметтің радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдаланатын жеке тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

481-бап. Төлемақы ставкалары

Жылдық төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 482-бап өзгертілді

482-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақыны есептеудi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес, радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық ставкалар негiзiнде жүргiзедi.

2. Есептi салық кезеңіндегі радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы анықталады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiбередi.

4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.

5. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлеспен төленедi.

6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.

7. алып тасталды

8. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

483-бап. Салық кезеңi

Төлемақы бойынша салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

 

484-бап. Салық есептілігi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ  жаңа редакцияда   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді   (бұр.ред. қара)

2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.

Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын осы Кодекстің 482-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, салық төлеушi ағымдағы төлемдер сомасының есебiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жазып беретiн хабарламасын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды   (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

ҚР 05.07.04 ж. № 568-II Заңымен 87-1-тараумен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 87-1 тараудың тақырыбы өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон

байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы

 

484-1-бап. Жалпы ережелер

 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

 

2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 484-2- бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  484-2- бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

484-2-бап. Төлеушілер

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

 

484-3-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

484-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен   1-тармақ  өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Төлемақыны есептеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық ставкалар негізінде, төлеушілердің электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстарын негізге ала отырып  жүргізеді.

 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  2-тармақ  өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын , сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы берілген тиісті ай санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ  өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге жібереді.

5. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде бюджетке төленеді.

6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

7. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 484-2- бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

484-5-бап. Салық кезеңі

Төлемақы бойынша салық кезеңі осы Кодекстің 136-бабына сәйкес айқындалады.

 

484-6-бап. Салық есептілігі

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді   (бұр.ред. қара)

2. Ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.

Осы Кодекстің 484-4-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін құқық алған жағдайда, салық төлеуші байланыс саласындағы уәкілетті орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-сынан  кешіктірмей ағымдағы төлемдер сомаларының есебін береді.

3. 2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен алып тасталды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара).

 

88-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны

үшін төлемақы

 

485-бап. Жалпы ережелер

1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.

3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгізу үшiн негiз болып табылады.

4. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган келесi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалар бойынша мәлiметтер берiп отырады.

 

486-бап. Төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

487-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 488-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

488-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат беру құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.

2. Ай сайынғы төлемақы мөлшерi көлiктiк бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылға белгiлейтiн навигация кезеңiне жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын бөлу жолымен анықталады.

3. Ағымдағы ай iшiнде бюджетке енгізуге жататын төлемақы сомасы келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.

4. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде көлiктiк бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың бiрiншi айы үшiн бюджетке төлемақы сомасы енгiзiлгенiн растайтын құжатты табыс етедi.

5. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғалар үшiн бюджетке төлемақы рұқсат құжатын алғанға дейiн айлық ставка мөлшерiнде енгiзiледi. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында шетелдiк тұлғалар бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақы осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзiледi.

6. Төлемақы сомалары бюджетке рұқсат беру құжатында көрсетiлген кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану орны бойынша енгiзiлуге тиiс.

7. Төленген сомалар қайтарылуға тиiс емес.

 

89-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар

орналастырғаны үшін төлемақы

 

489-бап. Жалпы ережелер

2007.19.06. № 264-III   ҚР Заңымен   1-тармақ жаңа редакцияда (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түріндегі сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi - жарнама объектiсi) орналастыру:

1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - жол органы) беретiн құжат негiзiнде;

2007.19.06. № 264-III   ҚР Заңымен   2) тармақша  жаңа редакцияда (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)

2) елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсат негізінде жүргізіледі.

Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама объектiлерiне бөлiнген белдеуіндегі жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады.

4. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық органдарына мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi.

 

490-бап. Төлеушiлер

1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

2007.19.06. № 264-III   ҚР Заңымен   491-бап өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)  (бұр. ред. қара)

491-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкаларын жарнама объектісі орналастырылатын алаңды және жерді негізге ала отырып:

1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - Қазақстан Республикасының Yкіметі;

2) жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.

 

492-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.

2. Бiр күнтiзбелiк ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомалары келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.

3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.

4. Төлемақы сомалары бюджетке сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң орналасқан орны бойынша енгiзiлуге тиiс.

5. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға тиiс емес.

 

90-тарау. Мемлекеттік баж

 

§ 1. Мемлекеттік баж

 

493-бап. Жалпы ережелер

Мемлекеттік баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

 

494-бап. Төлеушiлер

Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2004.28.12 № 24-III  ; 2005.22.11 № 90-III    (бұр. ред. қара)  (2006.01.01  бастап қолданысқа енді) ҚР Заңдарымен 495-бап өзгертілді

495-бап. Баж алу объектiлерi

1. Мыналардан:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;

3) азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;

4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгiзгенi үшiн;

5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;

8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;

8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін;

14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 499-1-бабында көзделген заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.

2. Мемлекеттік баждың тiркелген проценттiк ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заң актiсiмен мемлекеттік баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2004.28.12 № 24-III ҚР Заңдарымен 496-бап өзгертілді

496-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:

1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi;

2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;

3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4) тармақша  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4) салық тексеруi актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:

жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса)  даулы соманың 0,1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса)  даулы соманың 1 процентi;

5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.

Неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгiленедi;

6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;

8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;

8-1) аралық соттар шешiмдерiн, төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы өтiнiштерден:

жеке тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 3 процентi;

9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттік баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерiнен;

9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;

10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;

11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;

12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.

2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттік баж бiр мезгiлде алынады.

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 497-бап өзгертілді

497-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттік баж ставкалары

Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;

құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент;

басқа адамдарға - 300 процент;

құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;

басқа адамдарға - 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;

2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;

басқа адамдарға - 70 процент;

3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;

басқа адамдарға - 500 процент;

4) жалға беру, қарыз (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келісім-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөніндегі келісімдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;

4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;

5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;

6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр куәлiкке 100 процент;

7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;

8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;

9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;

10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;

11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;

13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;

14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):

жеке тұлғаларға - 5 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 3 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;

17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;

18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;

19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;

21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;

22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;

23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;

24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.

 

ҚР 12.06.01 ж. № 210-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды; ҚР 21.03.02 ж. № 310-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталды (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

498-бап. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн мемлекеттік баж ставкалары

1. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 100 процент;

2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;

3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша - 200 процент;

сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;

4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;

осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;

5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;

6) азаматтық хал актілерін тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;

7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.

2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттік баж алынбай жүргiзiледi.

 

499-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:

1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:

Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;

2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерістер енгiзгенi үшiн - 100 процент;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;

6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

 

2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 499-1-баппен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)  

499-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның

заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары

Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) инновациялық патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;

2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;

3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;

4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1500 процент;

5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 500-бап өзгертілді

500-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж ставкалары

Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:

1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;

2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;

2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;

3) мыналарды бергенi үшiн:

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі- 400 процент;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;

4) мыналарды бергенi үшiн:

заңды тұлғаларға:

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;

жеке тұлғаларға:

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;

5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;

6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгiзгенi үшiн - 10 процент;

7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;

8) мыналар үшін:

жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;

көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;

автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;

мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;

көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент;

9) мыналарды бергенi үшiн:

тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;

тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;

тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттік баж алынады.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01  № 115-III   ҚР Заңдарымен 501-бап өзгертілді

501-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату

Соттарда:

1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;

2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;

3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;

4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;

7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;

8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;

9) біліктi еңбек қызметкерлерiн және біліктілігi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөніндегі талап қоюлар бойынша;

10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;

11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;

13) талапкерлер - оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;

14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:

іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;

шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;

шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртібін өзгерту туралы;

талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;

жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;

апелляциялық шағымға қосылу туралы;

сондай-ақ:

сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;

соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;

соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;

15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;

16) мемлекеттік мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;

17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;

18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;

19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;

20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;

21) ерiксiз таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - берешектi өндiрiп алу туралы және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша;

22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:

бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;

мүлікті өндіріп алу туралы;

борышкерлердiң сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде;

2008.05.07  № 60-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)

23) конкурстық және оңалтушы басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктері шегінде конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі мүддесінде талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады..

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 502-бап өзгертілді

502-бап. Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату

Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:

1) жеке тұлғалар - өздерiнің, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;

2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

3) жеке адамдар - оларға мұраға құқық туралы куәлiктер берiлгенi үшін:

Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттік меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;

егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайы;

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi, мемлекеттік заемдардың облигациялары, еңбекке төленетiн ақы, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары;

ақталған азаматтардың мүлкi;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтардағы мүгедектер - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш берген кезiнде;

6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;

7) «Ардақты Ана» атағы берiлген, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

8) заңдарда белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

9) «Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариалдық iс-әрекет бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

503-бап. Азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде мемлекеттік баж төлеуден босату

Азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтардағы мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайталап берілгенi үшін;

2) жеке адамдар - азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер бергенi үшiн;

3) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктер қайталап немесе алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке адамдар - бала асырап алу мен әкелiктi анықтауға байланысты актiлер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгiзiлгенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 504-бап өзгертілді

504-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және алу кезiнде мемлекеттік баж төлеуден босату

Мыналар:

жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;

оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 505-бап өзгертілді

505-бап. Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша мемлекеттік баж төлеуден босату

Қазақстан Республикасынан кету жөніндегі iстер бойынша мыналар:

1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Халық қа?арманы», «Отан» ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

2005.22.11 № 90-III  ҚР Заңымен 505-1--баппен  толықтырылды (2006.01.01  бастап қолданысқа енді)  

505-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган

заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде

мемлекеттік баж төлеуден босату

Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;

3) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;

4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Халық қа?арманы», «Отан» ордендерімен марапатталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 506-бап өзгертілді

506-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату

1. Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;

3) оралмандар   - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;

4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын қыран», «Халық қаһарманы», «Отан» ордендерімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

2. Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

3. Мыналардан:

1) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

2) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс ету кезiнде;

4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;

5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.

4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Отан» ордендерімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II ((бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01 бастап қолданысқа енді); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 507-бап өзгертілді

507-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі

1. Мемлекеттік баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.

2. Мемлекеттік баж:

1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;

2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;

3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актілерінiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша некенi бұзуды мемлекеттік тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6-1) жүргізуші куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;

7) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

8) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін;

12) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның инновациялық патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

3. Мемлекеттік баж соған уәкiлеттік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.

 

508-бап. Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі

1. Төленген мемлекеттік баж:

1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.

2. Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.

Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.

 

§ 2. Консулдық алым

 

509-бап. Жалпы ережелер

Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттік баж түрi.

 

510-бап. Консулдық алым төлеушiлер

Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

 

511-бап. Консулдық алым ставкалары

1. Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

 

512-бап. Жүзеге асырылғаны үшiн консулдық алым алынатын iс-әрекеттер

1. Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:

1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;

2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі құжаттарды ресiмдеу;

4) азаматтық хал актілерін тiркеу;

5) құжаттарды талап ету;

6) құжаттарды заңдастыру;

7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.

 

513-бап. Жекелеген жағдайларда консулдық алым төлеуден босату

Консулдық алым:

1) осы Кодекстің 502-506-баптарында көзделген жағдайларда;

2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;

3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.

 

514-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі

1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

3. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.

4. Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

5. Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

6. Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.

7. Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртібін, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.

8. Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.

 

91-тарау. Кеден төлемдері

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 515-бап өзгертілді

515-бап. Жалпы ережелер

1. Кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден төлемдерiн алады.

2. Кеден төлемдерi бойынша төлеушiлер, есептеулердiң, төлеудiң, қайтарып берудiң және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың тәртібі, сондай-ақ жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады.

3. Кеден төлемдерiнiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 516-бап жаңа редакцияда; 2005.22.11 № 89-III    (2006.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)   ҚР Заңдарымен 516 - бап  өзгертілді

516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi

1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:

1) кедендiк баж;

2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;

3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;

4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;

5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;

6) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергенi үшiн алым;

7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.

2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

3. Акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналым үшін шығарған кезде кеден бажы мен акциз жиынтық төлем түрінде төленуі мүмкін.

 

3. Салық әкімшілігін жүргізу

17-бөлім. Жалпы ережелер

92-тарау. Негізгі ережелер

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 517-бап өзгертілді

517-бап. Салық бақылауы

1. Салық бақылауы - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

2. Салық бақылауы:

1) салық төлеушiлердi тiркеу есебi;

2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу;

3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;

4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;

5) салық тексерiстерi;

6) камералдық бақылау;

7) салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi;

8) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi;

9) акцизделетiн тауарлардың кейбір түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу;

10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру;

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 11) тармақша  жаңа редакцияда   (бұр.ред. қара)

11) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.

3. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөніндегі салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 517-1-баппен толықтырылды  (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

517-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының

қатысушыларын салықтық бақылау

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды салық органдары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептілік негізінде ғана жүзеге асыруы мүмкін. Аудиторлық ұйымдардың тізбесін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және аудиторлық қызмет саласын реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып айқындайды.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 518-бап өзгертілді; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 518-бап жаңа редакцияда; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 518-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

518-бап. Салық құпиясы

1. Мына мәліметтерді:

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) сәйкестендіру нөмірі туралы;

2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінде бюджетке төлеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы;

3) салық төлеушіге салық жылында бюджеттен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;

4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушінің салық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезінде сот орындаушыларына; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органға берілетін;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5) тармақша  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға  берілетін;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды    (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) салық есебін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен бастап алты ай өткеннен кейін салық есебін табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерінде) болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.

3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиіс. Мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.

4. Салық қызметінің және мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де салық құпиясы болып табылатын деректерді жария етуге құқылы емес.

5. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу

1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.

2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.

3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

 

93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 520-бап өзгертілді

520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар

1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесi.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу.

3. 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу (тіркеу есебіне алу) кезінде оның салық органына берген мәліметтері және (немесе) уәкілетті органдар табыс еткен мәліметтер.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Салық төлеушінің куәлігі - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда оларға және осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаларға, олар Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген кезінде берілетін және сәйкестендіру нөмірі қойылатын қатаң есептегі бланкі болып табылатын құжат.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 520-1-баппен толықтырылды; ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 520-1-бап толықтырылды

520-1-бап. Жалпы ережелер

1. Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар:

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады;

2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін осы Кодекстің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органына беріледі.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-1. Салық төлеушiлердi - заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттік тіркеуді статистика жөніндегi уәкiлетті орган ұсынатын хабарламалардың негiзiнде уәкілетті мемлекеттік орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкiлеттi органның ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен статистика жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекітедi.

Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары бойынша хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкілетті органға табыс ету тәртібін уәкілетті органмен және статистика жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

3. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Сәйкестендіру нөмірі салық төлеуші ұсынатын салық есептілігінің құжаттарында, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты өзге де құжаттарда көрсетілуге тиіс.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Сәйкестендіру нөмірін салық қызметі органдары салық төлеушіге жіберілетін оның салық міндеттемелеріне қатысты барлық құжаттарында көрсетуге тиіс.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 521-бап өзгертілді

521-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу

1. Қазақстан Республикасында мыналар:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) орналасқан жері бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 2) тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша бiрлескен жеке кәсiпкерлiк;

4) тұрғылықты жерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5) тармақша  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағында аталған (осы тармақтың 5-1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын резидент емес жеке тұлғалар;";

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен  толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен аспайтын резидент-эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша - бағалы қағаздарды сату кезінде құнның өсуінен табыс алатын және осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында аталған, осы Кодекстің 183 немесе 190-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс резидент еместер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;

6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

7) резидент банк орналасқан жері бойынша осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын және карт-шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген адамдар салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші салық органына салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, оған салық төлеушінің куәлігін бере отырып, жүзеге асырады.

2. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.

3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 522-бап өзгертілді

522-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмдерi

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Жеке тұлғалар осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.

2. 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

3. алып тасталды

4. Осы Кодекстің 522-бабы 1-тармағының ережелері мемлекеттік тіркеуден өту мерзімі осы Кодекстің 527-бабымен белгіленген резидент еместерге қолданылмайды.

 

ҚР 18.03.04 ж. № 537-II Заңымен 523-бап толықтырылды

523-бап. 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 524-бап өзгертілді

524-бап. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi

1. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi салық төлеушi салық органдарында салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

2. Салық төлеушi:

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталған резидент емес заңды тұлға үшін:

заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан орны бойынша;

қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;

салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;

2) жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшiн:

резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;

резидент емеске келген орны бойынша;

салық салу объектілерінің, салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;

кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.

3. Салық органы жеке тұлғаларды салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiн осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi. Осы баптың мақсаты үшiн мыналар:

1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан жерi;

2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарының мемлекеттік тiркелген жерi, ал ондай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi болып танылады.

4. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгi бар және өз қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлға тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiне қойылуға тиiс.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi.

6. Салық төлеуші салық органына тіркеу туралы өтінішті тіркеу есебіне қою орны бойынша:

тіркеу есебіне қою үшін тіркеу есебіне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

тіркеу деректерінің өзгерістерін енгізу үшін осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

7. 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Осы баптың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, тіркеуге алу есебіне қою салық төлеуші өтініш берген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

9. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10. Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 521, 522 және 524-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушінің бұрын берілген куәлігін жоя отырып, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11-тармақ өзгертілді  

11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға қызметiн жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi  салық органына жиырма жұмыс күні ішінде қызметін жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті

12. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 525-бап өзгертілді

525-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау

1. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодекстiң 57, 58-баптары негiзiнде салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен жүзеге асырылады.

1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен:

1) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне және салық міндеттемелерін орындауға (меншік, жерді пайдалану, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгіленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;

2) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, банктегі шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;

3) осы Кодекстің 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Салық төлеушіні Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару:

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға белгілеріне сәйкес келген және оның, салық берешегі болмаған жағдайда;

2) салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргізіледі.

Әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру жөніндегі талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 526-бап өзгертілді

526-бап. Банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) салық төлеушіге резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезінде, салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеру, салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күні ішінде хабардар ету;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) вексельді және банк соның негізінде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргізетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірін қоймай, резидент еместердің шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргізбеуге;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) төлем құжаттарын өңдеу кезiнде сәйкестендіру нөмірін тiркеу нөмiрiнiң құрылымына (қалыптастыру алгоритмiне) сәйкес көрсетуiнiң дұрыстығын бақылауға;

4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банк шотында (шоттарында) ақшасы жеткiлiктi болған кезде банк шотынан салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассолық өкiмдерiн салық органдарының нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей осындай тәртiппен орындауға мiндеттi.

Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк салық берешегiн жабу есебiне ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектілік тәртібімен жүргiзедi;

5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылығының шотына салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;

6) нұсқамасы болған ретте, тексерiлетiн заңды тұлға мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;

7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен салық төлеушi заңды тұлға мен жеке кәсіпкердiң банк шоттарындағы салық берешегiн өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

8) банк қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде салық төлеушiде мiндеттемелерiн есептен шығару нәтижесiнде кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушы-салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органын бiр ай iшiнде хабардар етуге;

9) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы Кодекстің 198-бабына сәйкес салық агенттері тіркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

10) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргізген жазбаша сауал салуы негізінде жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың  , сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер болып табылатын адамдардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының) банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 527-бап өзгертілді

527-бап. Резидент емес жеке және заңды тұлғаларды салық органдарында мемлекеттік тiркеу ерекшелiктерi

1. алып тасталды;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3-1 тармақ толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу осы Кодекстің 520-1-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізiледi.

Бұл ретте осы тармақта аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.

3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді иеленуші резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектіні алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Осы Кодекстiң 177-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қызметi  резидент еместің тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, соның iшiнде резидент емес жеке немесе заңды тұлға тиiстi келісімге (шартқа, келісім-шартқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы немесе аталған келісім болмаған жағдайда осындай қызметi нақты басталған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркеуден өту мақсатында салық органына өтiнiш табыс етуге мiндеттi.

5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:

1) келісiм-шартты (шартты, келісімдi):

Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға;

Қазақстан Республикасында оның атынан iс-әрекет жасауға өкiлеттiк беруге;

өткізу мақсатымен Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға;

Қазақстан Республикасында (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетудi) сатып алуға жасасқан күнi;

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келісім-шарттың талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс.

3) алып тасталды

Осы тармақтың бiрнеше шарттары болған жағдайда Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру күнi деп аталған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердiң) бiрiншiсi жасалған күн танылады.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

6. Салық агенттері өзі тіркелген жердегі салық органына Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісім-шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметің жүзеге асыруды аяқтағаны туралы өтініштерді табыс етуге міндетті.

Осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталмаған резидент еместерге Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін кірістер төлейтін салық агенттеріне осы тармақтың ережелері қолданылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 528-бап өзгертілді; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 528-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

528-бап. Салық төлеушінің тіркеу есебін жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігi

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өту мерзімін бұзғаны үшін; салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелу және тіркеу есебіне қою кезінде табыс етілетін мәліметтердің растығы, сондай-ақ салық есептілігінде сәйкестендіру нөмірін қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар үшін жауаптылықта болады.

 

529-бап. Уәкiлеттi органдардың салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі өзара iс-әрекетi

Салық төлеушілердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;

2) статистика жүргiзетiн;

3) салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;

4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;

5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;

6) азаматтық хал актілерін тiркеудi жүзеге асыратын;

7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;

9) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды.

ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 530-бап өзгертілді

530-бап. Салық қызметi органдары тiркеу есебiн жүзеге асыратын кездегi уәкілеттi органдардың мiндеттерi

1. Осы Кодекстiң 529-бабында белгiленген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес тиiстi мәлiметтердi енгізу кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.

2. Салық салу объектiлерiн, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салу объектiлерi, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi олардың есепке алынған және (немесе) тiркелген орны бойынша салық қызметi органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн мерзiм мен нысанда табыс етуге мiндеттi.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3. Лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн уәкiлеттi органдар олардың берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензия, куәлiк немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.

4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн мәлiметтерде тұлғаның сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 531-бап өзгертілді

531-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алудың ерекшелiктерi

1. Осы бапта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi:

1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда жасаудың;

2) алкогольдi өнiм өндiру мен (немесе) көтерме сатудың;

3) шыны ыдыстар қабылдаудың;

4) лотереялар ұйымдастырудың, өткізудiң және лотерея билеттерiн сатудың;

5) ойын бизнесiн;

6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге міндетті.

Егер қызметтiң осы түрi лицензиялауға жатса, қызметтi жүзеге асырудың басталуын тiркеу салық төлеушiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүргiзiледi.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалануды бастағанға дейiн оларды өтiнiш беру арқылы салық органында тiркетуге мiндеттi.

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен  3 тармақ  өзгертілді   (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара) 

3. Салық органы өтiнiште аталған деректер негiзiнде объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi данасын да мөрмен және салық органы басшысының қолымен растайды.

Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тiркелгенiн куәландыратын құжат.

Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiр данасы салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.

Объектілерді есепке алудың тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, салық төлеуші салық салу объектілерінің жалпы саны өзгерерден он жұмыс күні бұрын объектілерді есепке алуды тіркеу карточкасына тиісті өзгерістер енгізу үшін тиісті салық органына салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қайта тіркеу туралы өтініш береді.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектілерінің жалпы саны шығып қалған кезде объектілерді есепке алудың тіркеу карточкасы қызметті жүзеге асыру тоқтатылған, салық салу объектілері шығып қалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде салық органына тапсырылуға тиіс

4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi олардың орналасқан жерi бойынша бередi.

Салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) салық органы өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және ол объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналында белгiлейдi.

5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.

7. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 532-бап өзгертілді

532-бап. Қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу

1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiлердi есепке қою талаптары осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.

2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiнi есепке қою және оларды есептен шығару тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

 

94-тарау. Салық тексерулері

 

23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 533-бап өзгертілді

533-бап. Салық тексерулерi ұғымы мен түрлерi

1. Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады.

1-1. Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.

Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

2. Салық тексерулерiн салық қызметi органдары ғана жүзеге асырады.

3. Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтiк тексеру;

3) хронометраждық зерттеу.

4. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

салық міндеттемесінің салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша орындалуын;

банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;

трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3) қарсы тексеру - егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаса, үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндіру және олардың айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші салық төлеушілерді тексеру де қарсы тексеру болып табылады;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) қосымша тексеру - салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық төлеушінің шағымын қарайтын немесе резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселелерді қайта қарау туралы өтінішін қарайтын салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру.

5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:

1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;

2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 3) тармақша  өзгертілді   (бұр.ред. қара)

2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша  2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды (2009.01.01 қолданысқа енді)

3) біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;

4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.

6. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.

7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.

8. Салық органы заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 534-бап өзгертілді

534-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi

1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi:

1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен   (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)

2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тақырыптық салықтық тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:

1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.

Бұл орайда тексеру салық төлеушiнiң өтiнiшiн алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;

3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4) мынадай:

салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;

осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша;

резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану жөніндегі өтінішінің негізінде жүргізілетін тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен5) тармақша жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселені қайта қарау туралы резидент еместің өтінішін қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;

6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 535-бап өзгертілді

535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi

1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

1-1. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды

2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.

4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.

Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.

5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртібіне сәйкес белгiленедi.

 

95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 536-бап өзгертілді

536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi

1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:

1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;

2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

3) салық төлеушiнің толық атауын;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) сәйкестендіру нөмірін;

5) тексеру түрiн;

6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;

7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;

8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.

2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Тақырыптық,  қосымша, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;

мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;

банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;

трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi;

акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;

салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.

4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.

5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетіледi.

6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.

 

537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы

1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.

2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.

3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.

4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.

5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.

6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңіндегі салық есептілігiне салық төлеушiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізуiне жол берiлмейдi.

 

538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi

1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.

2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.

3. Хаттамаға салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.

4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметi органы лауазымды адамдарында ол болуға тиiс.

5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:

нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;

нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;

бұл адамдар нұсқамада көрсетiлмеген болса;

тексерiлетiн салық кезеңiне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруiн жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.

 

539-бап. Құжаттарды алып қою

Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi.

 

540-бап. Салық тексеруiн аяқтау

1. Салық тексеруi аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы мыналарды:

1) салық тексеруiнің жүргiзілген орнын, актi жасалған күнiн;

2) тексерудiң түрiн;

3) салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын;

4) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігi мен бухгалтерлiк есептіліктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тексеру жүргiзуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;

7) алдыңғы жүргiзiлген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;

8) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;

9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;

10) салық тексеруiнiң нәтижелерiн көрсете отырып, салық тексеруiнің актiсiн жасайды.

2. Салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушiге тапсырылған күн салық тексеруi мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.

3. Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруi актiсiне тиiстi белгi қойылады.

4. Салық тексеруi актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салық тексеруi барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.

5. Салық тексеруi актiсi кем дегенде екi дана етiп жасалады және оған салық тексеруiн жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды.

6. Салық тексеруi актiсi салық тексеруi актілері мен хабарламаларын тiркейтiн арнаулы журналда тiркеледi, ол нөмiрленуге, бау өткiзiлуге және салық қызметi органының мөрiмен куәландырылуға тиiс.

7. Салық тексеруi актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеушi (салық агентi) салық тексеруi актiсiн алған кезде оны алғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 541-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

541-бап. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша шешiм

1. Салық тексеруi актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексеруiн аяқтау бойынша салық қызметi органы осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiлетiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары және өсiмпұлдар туралы хабарлама шығарады.

2. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеудi, осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы бiр нөмiрмен жүзеге асырады.

3. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер:

1) хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;

2) салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;

5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;

6) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi;

7) шағым жасау мерзiмi мен орны болуға тиiс.

4. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.

5. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды.

 

96-тарау. Камералдық бақылау

 

542-бап. Камералдық бақылау ұғымы

1. Камералдық бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептілігiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.

2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады.

 

543-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

Салық органы салық есептілігiн қателiктер тапқан, салық есептілігiнде келтiрiлген мәлiметтердiң арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген қателiктердi өз бетiнше жоюы үшiн, сондай-ақ салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшуi үшiн хабарлама жiберiледi.

 

97-тарау. Мониторинг

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 544-бап өзгертілді

544-бап. Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы

1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiлердiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.

2. Электронды мониторинг - осы баптың 1-тармағында белгiленген, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретiн мониторинг түрi.

3. Салық төлеушiлердiң мониторингi республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 545-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

545-бап. Мониторингке жататын салық төлеушiлер

1. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

2. Аймақтық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

3. Мониторингке жататын салық төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен және мерзiмдерде салық есептілігiн тапсырады.

 

98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса

машиналарын қолдану

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 546-бап өзгертілді

546-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану

1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегiн беру арқылы жүргiзiледi.

Осы тармақтың ережесi:

2006.31.01  № 125-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді  (2007.01.01  бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1) жеке кәсiпкерлердің (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа):

қызметiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде бiр жолғы талон немесе патент негiзiнде жүзеге асыратындарының;

егер дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бұрын алмаған салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса;

қызметiн шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;

2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен  2) тармақша  өзгертілді   (2008 ж. 1 қаңтарда  қолданысқа енеді)   (бұр. ред. қара) 

2) салық төлеушiлердiң:

қызметiн осы Кодекстiң 391-397-баптарында белгiленген арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;

квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн немесе құзыреттi мемлекеттік орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттік орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi;

ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратындарының;

3) адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн (бұдан әрі Мемлекеттік тізілім) және оны қалыптастырудың ережесін бекiтедi.

Компьютерлік жүйе Мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындының негізінде қосылады (ажыратылады).

Қорытынды, компьютерлік жүйенің осы бапта белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудің тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауар чектерін пайдалануға және беруге рұқсат етiледi.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 547-бап өзгертілді

547-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі талаптар

Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:

1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi;

2) техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;

3) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының чегiн беру жүзеге асырылады;

4) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуi қамтамасыз етiледi.

 

548-бап. Бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына салық бақылауын жасау

Салық органдары:

1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнің салық мiндеттемелерiн орындау жөніндегі салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискальдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 99-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған

мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін сақтауға

бақылау жасау, уәкілетті және жергiлiктi атқарушы органдарға

бақылау жасау

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 549-бап өзгертілді

549-бап. Акцизделетiн тауарларға бақылау жасау

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)  1 тармақ өзгертілді

1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2) тармақшасында белгiленген тауарлар, сондай-ақ, осы Кодекстiң 257-бабының  1-тармағының 1-тармағының 3) тармақшасында  белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және шарттар бойынша есепке алу-бақылау маркаларымен маркалануға тиiс.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалауды акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жүргiзедi.

Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.

3. Салық органы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалаудың ережесін акцизделетiн тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды.

4. Салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздiк постылар белгiлейдi.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Уәкілетті орган акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 550-бап өзгертілді

550-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi

есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға

бақылау жасау

2006.31.01. № 125-III Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асырады.

2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III Заңымен   (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)  551-бап өзгертілді

551-бап. Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау

Салық қызметiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөніндегі мәселелер бойынша уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды  уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

 

18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі

органдары лауазымды адамдарының әрекетіне

(әрекетсіздігіне) шағым жасау

 

100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым

жасау тәртібі

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 552-бап өзгертілді

552-бап. Салық төлеушiлердің салық тексеруi қорытындылары бойынша шағымдарын қарайтын органдар

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушiнiң салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізедi.

1-1. Салық төлеушінің уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген тексеру актісі бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 553-557-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.

1-2. Салық төлеушінің сотқа шағым беруі салықтық тексеру актісі бойынша шағым келтірілген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Салық төлеуші салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салықтың және өсiмпұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде сотқа шағымдануға құқылы.

 

ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 553-бап өзгертілді

553-бап. Салық төлеушiнің шағым беру тәртібі

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Салық төлеушiнің салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушiге тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.

1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметінің жоғары тұрған органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

2. Шағымның көшiрмесiн салық төлеушi салық тексеруi жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.

3. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен және осы Кодекстің 554-бабында айқындалған нысаны мен мазмұнын сақтай отырып берген шағымы салық органында ол келіп түскен күні міндетті түрде тіркелуге тиіс.

4. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеушi осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн оны өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде керi қайтарып ала алады. Салық төлеушiнiң шағымды керi қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

 

554-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны мен мазмұны

1. Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша түрде берiледi.

2. Шағымда:

1) салық төлеушiнің шағым берген күнi, айы, жылы;

2) шағым берiлген салық қызметінің жоғары тұрған органының атауы;

3) шағым берген адамның тегi, аты, әкесiнің аты не толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi) мен банктiк деректемелерi;

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салық тексеруiн жүргiзген салық органының атауы;

6) шағым берушi адам өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.

3. Шағымда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.

4. Шағымға өтiнiш берушi - салық төлеушi қол қояды.

5. Шағымға:

1) акт пен хабарламаның көшiрмесi;

2) өтiнiш берушi өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

 

23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 555-бап өзгертілді

555-бап. Салық төлеушiнiң шағымын қарау

1. Салық төлеушiнiң шағымы бойынша шағым тiркелген кезден бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.

Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша шағымды қарайтын салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:

1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;

2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.

 

556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны

Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмiнде:

1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;

2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;

3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;

4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;

5) шағымның мәнi;

6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-бап өзгертілді

557-бап. Жоғары тұрған салық органына шағым берудің салдары

1. Жоғары тұрған салық органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметінің жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 557-2-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 558-565-баптар алып тасталды

 

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 100-1-тараумен толықтырылды

100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелері

бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі

 

557-1-бап. Шешімді уәкілетті органда қайта қарау

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.

2. Уәкілетті орган шағымды қарау жөніндегі өзінің өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.

3. Уәкілетті органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-2-бап өзгертілді

557-2-бап. Уәкiлеттi органға шағымданудың тәртібі мен мерзімдерi

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.

3. Уәкiлеттi органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.

 

557-3-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны

1. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.

2. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

 

29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 557-4-бап өзгертілді

557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртібі

1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттік органға жіберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган қарайды.

Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.

 

557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау

Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:

1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;

3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.

 

557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнің мазмұны

Уәкілеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:

1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;

2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;

3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;

4) шағымның мәнi;

5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

 

557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары

1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.

 

557-8-бап. Қосымша тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімдері

1. Салық қызметі органы салық төлеушінің шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.

2006.11.12  № 201-III  ҚР Заңымен 2 тармақ  жаңа редакцияда  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

3. Шағымды қараудың мерзімі қосымша тексеруді өткізу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.

5. Шағым бойынша шешім қосымша тексерудің нәтижелерін ескере отырып шығарылады.

101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды

адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі

566-бап. Шағымдану құқығы

Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.

567-бап. Шағымдану тәртібі

Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен шағым жасалады.

ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 568-бап өзгертілді

568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы

Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, 2001 жылғы 12 маусым

           № 210-ІІ ҚРЗ