Қазақстан Республикасының
Заңы
Казақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж, № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 70-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде тізбесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабында белгіленетін міндеттер жүктеледі.»;
үшінші бөліктің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.»;
алтыншы бөліктегі «оған» деген сөз алып тасталып, «мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«a) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкімшілік жаза қолданылса немесе өзіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде сот осы баптың алтыншы бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;»;
сегізінші бөлік «ауыстырылған» деген сөзден кейін «, жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 72-баптың бірінші бөлігіндегі «бip жылға дейінгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейінгі» деген сөздер «бес жылға дейінгі мерзімге, бірақ бала он төрт жастан аспайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің
талаптарына қасақана бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбауы, -
бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет, сол сияқты түзеу мекемесі немесе тергеу изоляторы әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің
қалыпты қызмет тәртібін бұзу
1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердегі адамдар тобының осы мекемелердің қалыпты қызмет тәртібін тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында дене мүшелерін зақымдауы, -
бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның жұмыстағы қызметін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеменің әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер, -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат):
1) 152-бапта:
тақырыбындағы «сезіктілер мен айыпталушыларды» деген сөздер «сезіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды,» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші және екінші бөліктер «айыпталушыны», «прокурордың» деген сөздерден кейін тиісінше «, сотталушыны», «, судьяның» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 153-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «немесе осы шешім туралы хабар» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік «орындайтын органның ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «бір айлық мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
«6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарау кезінде жәбірленушінің не оның өкілінің пікірі ескеріледі.
Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбірленушіні не оның өкілін почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етеді. Жәбірленушінің не оның өкілінің сотқа жеке өздерінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтінішхаттар қаралуы мүмкін. Жәбірленуші не оның өкілі тиісінше хабардар етілген және оның тарапынан қандай да бір жазбаша арыздар мен өтінішхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне залал келтірілген жағдайда жәбірленушінің немесе мемлекеттің құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша міндетті түрде прокурордың қорытындысы талап етіледі.»;
4) 459-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «сай келмеуіне әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады.» деген сөздер «сай келмеуіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
»5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады.».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 10-тармағындағы «, бас бостандығын шектеуге» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 1-тармағындағы «, бас бостандығын шектеу» деген сөздер алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады.
5. Қамау, бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаларды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады.»;
6 және 8-тармақтар алып тасталсын;
«Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға» деген сөздер «Қамауға алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туберкулездің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ВИЧ/СПИД жұқтырған» деген сөздер «ЖҚТБ-мен ауыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-баптың 1-тармағындағы «сегіз» деген сөз «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «түзеу жұмыстары» деген сөздерден кейін «, бас бостандығын шектеу» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Бас бостандығын шектеу, қамау» деген сөздер «Қамау,» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұратын жері үш күннен астам уақыт ішінде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Белгілі бір лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшіліктері үшін міндетті. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкімшілігі үшін міндетті.»;
2-тармақтың екінші абзацындағы «сотталушының еңбек кітапшасына оның қандай лауазымда болу құқығынан қандай негізде, қандай мерзімге айырылғаны немесе қызметтің қандай түрінен айырылғаны туралы жазба жазуға;» деген сөздер алып тасталсын;
8) 28-баптағы жұмыс орны, оның» деген сөздер «жұмыс орны және тұрғылықты жері мен олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 30-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;»;
10) 36-баптың 3-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;»;
11) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi
адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.»;
1-тармақта:
екінші абзацта:
«режимдік» деген сөз алып тасталсын;
«талаптарын» деген сөз «жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарынан туындайтын талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «инспекциясы әкімшілігінің» деген сөздер «инспекциясының» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «инспекциясы» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігін» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «белгіленген үлгідегі» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «инспекциясы әкімшілігінің» деген сөздер «инспекциясының» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 47-баптың 2-тармағындағы және 48-баптың 1-тармағындағы «қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің», «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясының», «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босата, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсына алады.»;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны
өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын
шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен
шарттарын бұзу
1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзуы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
2. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
3. Тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным енгізеді.»;
17) 53-баптың 1-тармағындағы «қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 56-баптың 5-тармағы «алып қоюды» деген сөздерден кейін «өкілетті орган белгілейтін тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «жеті жылдан аспайтын мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «абайсызда жасаған қылмысы үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
«өкпе туберкулезінің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жіберу немесе жазасын өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстыру кезінде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған адам жіберілген не ауыстырылған мекемедегі оның жеке шотына аударылады.»;
2-тармақтың үшінші абзацында:
«ал аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар» деген сөздер «аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде екіден бірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздер «, ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың төртінші абзацындағы «жалпы және қатаң» деген сөздер «жалпы, қатаң және айрықша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «Осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «мәжбүрлеп» деген сөзден кейін «және міндетті» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Емдеу-профилактикалық мекемелерінде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулезді емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгілеген режим түріне қарамастан бірге ұсталады. Туберкулезді емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерінде сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық айғақтамалармен айқындалады.»;
«, 129» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Тәрбиелеу колонияларында сотталған адамдарды бір жағдайдан екінші жағдайға ауыстыру осы кодекстің 128-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
2-тармақтағы «Сотталғандардың» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жүкті әйелдердің, жанында балалары бар әйелдердің, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттың есебінен шектеусіз сатып алуына болады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
25) 84-баптың 3-тармағындағы «қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесуді - телефон арқылы сөйлесумен,» деген сөздер алып тасталсын;
26) 86-баптың 2-тармағындағы «цензура» деген сөзден кейін «уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 87-баптың 1-тармағының үшінші сөйлемі алып тасталсын;
28) 91-баптың 2-тармағындағы «ашық түрдегі», «және СПИД-пен ауырған, ВИЧ жұқтырған» деген сөздер алып тасталсын;
29) 93-баптың 3-тармағындағы «СПИД-пен ауыратындарға және ВИЧ жұқтырғандарға;», «ашық түрдегі» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «Өзіне қатыссыз себептер бойынша жалақы алмайтын сотталғандар» деген сөздер «Сотталған адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 6-тармақтар алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу және медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және беріледі.»;
2-тармақта:
«туберкулез ауруханалары» деген сөздер «туберкулезді емдеу ауруханалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«медициналық бөлімдер» деген сөздерден кейін «, медициналық пункттер» деген сөздермен толықтырылсын;
«туберкулездің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген шетелдік қайтыс болған жағдайда мекеменің әкімшілігі бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге өкілдігіне дереу жазбаша түрде хабарлайды.»;
«тартылуы мүмкін» деген сөздер «тартылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстің 111-бабында көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.»;
33) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдардың кірісінен ұстап қалу
Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейін оларға есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кірістерінің кемінде елу проценті аударылады.»;
34) 107-баптың 1-тармағы «құрылады» деген сөздің алдынан «ерікті негізде» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
алтыншы абзац алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «мереке күндері» деген сөздер «жүкті әйелдерді, жанында балалары бар әйелдерді, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, жәбірленушінің денсаулығы мен мүлкіне, мемлекетке келтірген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін, сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсынуы мүмкін.»;
«алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарға қолданылмайды.»;
1-тармақта:
«еңбектен» деген сөз «еңбекақы төленбейтін жұмыстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сот тағайындаған міндетті емделуден жалтару;» деген сөздерден кейін «емдеу-алдын алу мекемесінің ішкі тәртіп ережесін бұзу;» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Бір жыл» деген сөздер «Алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзіне осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында және 132-бабында көзделген сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не сотталған еркектерді камералық үлгідегі үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшіру, сотталған әйелдерді камералық үлгідегі үй-жайларға көшіру сияқты жазалау шаралары тағайындалған жағдайда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не камералық үлгідегі үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру оларды айып, тәртіп изоляторында, камералық үлгідегі үй-жайда немесе жалғыз адамдық камерада ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.»;
7-тармақтағы «саналады» деген сөз «саналады, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам олай деп саналмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қажетті медициналық көмек алуға;»;
4-тармақ «мекемелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 116-баптың 3-тармағындағы «үштен екісін», «алты» деген сөздер тиісінше «жартысын», «үш» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «түзеу мекемесі орналасқан ауданның шегінде» деген сөздер «түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «түзеу мекемесі орналасқан ауданның шегінде» деген сөздер «түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 124-баптың 1-тармағындағы «Абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталғандарға арналған колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруға жеті жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар жазасын өтейді;» деген сөздер «Абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдар колония-қоныстарда жазасын өтейді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екінші абзацта:
«колония-қоныс шегінде» деген сөздер «колония-қоныс аумағы шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мекеменің ішкі еңбек тәртібі» деген сөздер «түзеу мекемесінің ішкі тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«колония-қоныстан тыс жерге қадағалаусыз, бipaқ олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, тиісті әкімшілік-аумақтық құрылым аумағының шегінде» деген сөздер «егер олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесіне іргелес аумақ шекаралары шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «колония-қоныстың аумағында немесе одан тыс жерде» деген сөздер «түзеу мекемесіне іргелес аумақта, не колония-қоныс орналасқан елді мекен шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«жатақханаларға» деген сөз «колония-қоныс аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жатақханада» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған адаммен еңбек шартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс беруші колония-қоныс әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Колония-қоныс әкімшілігі сотталған адамдарды түзеу мекемесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, сотталған адам әкімшіліктің рұқсатымен колония-қоныс шегінен тыс, бірақ колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан ұйымдарға колония-қоныс әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттардың негізінде және сотталған адамдарды тиісінше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Сотталған адамдар дара еңбек қызметімен айналыса алады.
Колония-қоныс әкімшілігі мынадай жағдайларда:
қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
оны босату кезінде;
төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде;
сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғанда;
жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерін орындамағанда сотталған адамды жұмыс объектісінен шақыртып алуға міндетті.»;
4-тармақтағы «тиісті әкімшілік-аумақтық құрылым» деген сөздер «колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 127-баптың 4 және 5-тармақтарының екінші абзацындағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші абзацындағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 134-баптың 2-тармағының төртінші абзацы алып тасталсын;
49) 168-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сотталған адамның мүгедектігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы бекітетін тізбеде көзделген сырқаты;»;
«қаулы» деген сөз «өтінішхат» деген сөзбен ауыстырылсын;
«міндетті» деген сөзден кейін «, ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жіберіледі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Жазасын өтеу мерзімінің заңмен белгіленген бір бөлігін өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы жәбірленушіні не оның өкілін мекеменің немесе жазаны орындаушы органның әкімшілігі үкім шығарған сот берген мекен-жай бойынша почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етеді.»;
51) 177-баптың бірінші бөлігіндегі «Бас бостандығын шектеу, қамау» деген сөздер «Қамау» деген сөзбен ауыстырылсын;
52) мынадай мазмұндағы 178-1, 178-2-баптармен толықтырылсын:
«178-1-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған
адамның жүріс-тұрысын бақылау
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен - ішкі істер органдары, ал әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі айқындайтын тәртіппен әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі (бұдан әрі - уәкілетті органдар) жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген органдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде жеке есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды.
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам бақылаудан жалтарған жағдайда уәкілетті орган оның тұратын жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
4. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның осы Кодекстің 178-2-бабында көрсетілген міндеттердің бірін дәлелді себепсіз екі реттен артық орындамауы оның міндеттерді орындаудан қасақана жалтаруы болып табылады.
5. Егер, шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылық не сол үшін оған әкімшілік қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе міндеттерді орындаудан қасақана жалтарса, уәкілетті орган сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының өтелмеген қалған бөлігін атқару туралы ұсыным енгізеді.
178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың міндеттерi
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар:
1) тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өтуге;
2) ішкі істер органдары белгілеген уақытта тұрғылықты жерінен кетпеуге;
3) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты жерін, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға;
4) жұмыстан және оқудан бос уақытта ішкі істер органдары белгілеген жерлерге бармауға;
5) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
6) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды немесе мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолдануға;
7) ішкі істер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажетті түсініктер мен өзге де құжаттарды беруге;
8) ішкі істер органдарына шақырту бойынша келуге міндетті. Дәлелді себептерсіз келмеген кезде, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам күштеп әкелінуі мүмкін;
52 тармақшаның он сегізінші абзацы 2008 ж. 1 қаңтарында қолданысқа енеді
9) тұрғылықты жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын кірістері туралы декларация және салық салу объектісі болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлкі туралы өзге де мәліметтер беруге міндетті, бұл туралы ішкі істер органына анықтама ұсынылады.
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды:
1) алкоголизмге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өтуді;
2) жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді;
3) отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің міндеттері Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарымен белгіленеді.»;
53) мынадай мазмұндағы 180-1-баппен толықтырылсын:
«180-1-бап. Туберкулездің төңірегіндегілерге қауіп
туғызатын, жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды
қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босату
1. Егер қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, туберкулездің төңірегіндегілерге қауіп туғызатын, жұқпалы түрімен ауыратын адамдар жазаны өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпесе, олар босатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емделуге жатады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты жаза мерзімі аяқталардан кемінде бір ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа ұсыныс жібереді.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы хабарлама туберкулезді емдейтін мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымына және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 7 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 3 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 6 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «ішкі істер» деген сөздерден кейін «, қылмыстық-атқару жүйесі» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктегі «367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшін),» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 10) тармақшасы алып тасталсын;
3) 576-2 баптың екінші бөлігіндегі «түзеу мекемелерінің» деген сөздерден кейін «, тергеу изоляторларының» деген сөздермен толықтырылсын.
5 тармақ 2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енеді
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актерлеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
171-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «заң актілеріне» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 93-құжат):
5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын азаматтар АҚТҚ инфекциясына арналған міндетті құпия медициналық куәландырудан өтуге тиіс.».
7. «Бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
2-баптың «в» тармағындағы «немесе жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат, № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж, № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж, № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 жылғы 6 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
60-баптың 2-тармағындағы «Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардан, сондай-ақ денсаулық сақтайтын» деген сөздер «Денсаулық сақтайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1071-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат):
3-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік «денсаулық сақтау органдарының» деген сөздерден кейін «не қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі жанындағы дәрігерлік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «ерікті түрде емделуден жазбаша бас тартқан» деген сөздер «жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «денсаулық сақтау ұйымы» деген сөздер «ұйым» деген сөзбен ауыстырылсын.
10. «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № l0, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 27 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
6) тармақшадағы «қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшада:
«мүдделерінің сақталуын» деген сөздер «мүдделерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның төртінші абзацындағы «органдарын» деген сөз «органдары мен мекемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен (ұйымдарынан)» деген сөздер «мекемелерден» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - қылмыстық-атқару жүйесі) - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезіктілер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы және өкімші функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жүйесі.»;
4) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «қылмыстық жазаны атқару» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбындағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 25-баптағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қылмыстық-атқару жүйесі органдарында (мекемелерінде)» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«25-2-бап. Қылмыстық атқару жүйесіне қызметке қабылдау»;
1-тармақтағы «Қылмыстық-атқару жүйесінің органдарына (мекемелеріне)» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«қылмыстық-атқару жүйесінің органдарында (мекемелерінде)» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарт» деген сөз «келісім-шарт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«Қылмыстық-атқару жүйесінің органдарына (мекемелеріне)» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, олар үшін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін» деген сөздер алып тасталсын, «Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан» деген сөздер «Тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтардағы «Қылмыстық-атқару жүйесінің органдарына (мекемелеріне)» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбындағы «жүйесі органдарындағы (мекемелеріндегі)» деген сөздер «жүйесіндегі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
тақырыбындағы «Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы (мекемелеріндегі)» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 25-5-баппен толықтырылсын:
«25-5-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
шығындарды өтеу
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерін бітірген қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінде кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымын бітіргеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесінде одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға жататын сома келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін әрбір өткерілмеген толық айға пропорционалды түрде есептеледі.
2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгірмеуі, тәртіпсіздігі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшін тұрғылықты жеріндегі әскери басқару органдарына жіберіледі. Олар өздерін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.»;
тақырыбындағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
«жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеру кезінде қызметкерлерді ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін, оның шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережемен айқындалады.»;
5-тармақтағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сипаттамасы және оларды беру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді» деген сөздер «сипаттамасын және олармен марапаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбындағы «қылмыстық-атқару жүйесі органдарында (мекемелерінде)» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 4-тармақтардағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
2 және 3-тармақтардағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:
«26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне
қолданылатын жазалар
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату;
6) арнайы атағын бір саты төмендету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінен шығару.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза теріс қылық байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.»;
15) 27-баптың тақырыбындағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 28-1-баптың тақырыбындағы және мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын, «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «жүйесінің органдары (мекемелері)» деген сөздер «жүйесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің кадрында қалдырылып, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.»;
тақырыбындағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне кезекті, қысқа мерзімді, қосымша демалыстарының, науқастануына, жүкті болу мен бала тууына байланысты демалыстарының уақытына демалысын өткізу орнына бару және қайту жолына кететін уақыты қоса есептеліп, ақшалай үлес олардың лауазымы бойынша демалысқа шығу күніне алатын мөлшерінде төленеді.
5. Қылмыстық-атқару жүйесі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің курсанттарына (тыңдаушыларына) мынадай демалыстар:
1) ұзақтығы 14 тәулік қысқы каникул демалысы;
2) ұзақтығы 30 тәулік жазғы каникул демалысы;
3) оқу орнын аяқтауына байланысты ұзақтығы 30 тәулік демалыс беріледі.»;
19) 29-2-баптың тақырыбындағы және мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын, «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
20) 29-3-баптағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыбындағы және мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «жүйесінің органдарында (мекемелерінде)» деген сөздер «жүйесінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
тақырыбындағы және мәтіндегі «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «жүйесінің органдарында (мекемелерінде)» деген сөздер «жүйесінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 30-баптың 2-тармағындағы «органдары (мекемелері)» деген сөздер алып тасталсын;
24) 31-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Әділет органдарының қылмыстық-атқару» деген сөздер «Қылмыстық-атқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметтерінің» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Әділет органының қызметкері» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 5-тармақтардағы «жүйесі органдарының (мекемелерінің)» деген сөздер «жүйесінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 34-баптың 2-тармағындағы «2007» деген цифрлар «2009» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 52) тармақшасының он сегізінші абзацын, 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы наурыздың 26-сы.
№ 240-III ҚРЗ