Қазақстан Республикасының
Заңы
Әділет органдары туралы
(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-бап. Әдiлет органдары жүйесi
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi
8-бап. Аумақтық әдiлет органдары
9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары
13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi
14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы
3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары
17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
23-1-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6-1) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6-2) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;
8) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
9-1) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-2) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды
9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
1. Әдiлет органдарының қызметi:
1) заңдылық;
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
5) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Әділет органдары жүйесі
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеушілік саясатты іске асыруға жәрдемдеседі.
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;
5) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Аумақтық әдiлет органдары
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.
2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
ҚР Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені қараңыз
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Әділет жүйесінің ұйымдары
Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.
10-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады.
Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады.
2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
4. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-1-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13-бап. Әдiлет органдарының актілері
1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерінде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi.
2. Әдiлет министрлігі ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi.
3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркеуден өткен актілерін Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi.
14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әдiлет органдары:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді.
2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттік органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.
3-тарау. Әділет органдарының негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;
3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттік және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;
2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) құқықтық ақпараттандыруды, «Е-заңнама» ақпараттық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.
16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңы
17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары
Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;
3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары мемлекеттік тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу жəне олардың күшін жою мəселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында мемлекеттік бақылау;
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 2) тармақшамен толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Әділет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әділет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1) тармақша толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);
2) мемлекеттік нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау;
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) эталондық заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесiн пайдалана отырып беру;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу.
20-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
2) зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу;
3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдердi тiркеу жөніндегі қызметті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұйымдастыру;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерге сараптама жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстап тұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылау;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
22-бап. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-1-бап жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 22-1-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
22-2-бап. Əділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу жəне олардың күшін жою мəселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау
Əділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу жəне олардың күшін жою мəселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының əділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу жəне олардың күшін жою мəселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын (бұдан əрі - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасы) бұзушылықтарға жол бермеуі мақсатында жүзеге асырылады.
Осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан əрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілмейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек пен заң көмегін көрсету;
7-1) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылды
9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-3) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
3. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды əділет органдары жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді. Жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер бару арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық əділет органдары - жергілікті атқарушы жəне өкілді органдарда, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектілерін жоспарлы тексерулердің кезеңділігі əділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бекітетін жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес үш жылда бір реттен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексерулер əділет органдарының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тікелей анықталған, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан осындай бұзушылықтар туралы ақпарат алынған кезде немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша жүргізіледі.
Əділет органы бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып хабарлайды.
3. Əділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бақылау субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларын бекітеді.
Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарлары мыналарды қамтиды:
жоспарды бекіту туралы актінің күні мен нөмірі;
бақылау субъектілерінің атауы, олардың тұрған жері;
тексеру нысанасы;
тексерулер жүргізу мерзімдері;
жоспарға қол қоюға уəкілетті адамның қолтаңбасы.
Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспары жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады жəне тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, осы Заңды жəне «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
1) лауазымды адамның «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына сəйкес мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау жəне болғызбау;
2) осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ əділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тəртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді заңсыз қолдану фактілерін анықтау жəне болғызбау;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету жəне заңдылық режимін күшейту бойынша əдістемелік көмек көрсету мақсаттарында жүргізіледі.
7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы актіге əділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) қол қояды.
8. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
5) тағайындалған тексерудің нысанасы;
10) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
11) актілерге қол қоюға уəкілетті адамның қолтаңбасы жəне əділет органының мөрі.
9. Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Əділет органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамы бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетеді.
10. Тексеру мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер жəне тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың құрамы ескеріле отырып белгіленеді, бірақ отыз жұмыс күнінен аспайды.
11. Тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді.
Олар болмаған жағдайда тексеруді тағайындау туралы актімен бақылау субъектісінің бірінші басшысының орынбасары не аппарат басшысы (бар болған кезде) танысады.
12. Бақылау субъектісінің лауазымды адамының тексеру жүргізуге кедергі келтіруі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа алып келеді.
13. Мемлекеттік құпияларды құрайтын актілерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңде шығарылған актілер тексеруге жатады.
14. Тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамның:
тексеруді тағайындау туралы актіге сəйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
бақылау субъектілерінен тексерулерді жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
бақылау субъектісінің əкімшілік жауаптылыққа тартылатын лауазымды адамының əділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) атына түсініктемелерін сұратуға құқығы бар.
15. Тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам:
1) бақылау субъектісіне қатысты объективті емес жəне біржақты түсінікке жол бермейді;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын актілерді іріктеуді жүзеге асырады;
3) актілерді мемлекеттік тіркеу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы мəселелерді шешеді.
16. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамды мынадай:
тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы баптың 10-тармағында белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру мерзімдерін осы баптың 18-тармағында белгіленген мерзімнен артық ұзартқан;
осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тексеру нəтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.
17. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамның бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге;
3) тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдарға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезең ішінде бақылау субъектісі шығарған актілерді жəне тексеру нысанасына сəйкес өзге де құжаттарды (мəліметтерді) ұсынуға міндетті.
18. Тексерілетін кезеңнің көлемі едəуір болған кезде тексеру бір рет күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
19. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей, ұзарту себептері көрсетіле отырып, əділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актісімен жүзеге асырылады.
20. Тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіні көрсетеді.
Бақылау субъектісін тексеру мерзімін ұзарту туралы хабардар ету тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
21. Тексеру нəтижелері бойынша тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам тексеруді тағайындау туралы актіде (не тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіде) көрсетілген тексеру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нəтижелері туралы актіні анықталған бұзушылықтар болған жағдайда оларды жою жəне жұмысты жақсарту бойынша нұсқаулармен бірге үш данада жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актіде əртүрлі кестелер мен анықтамалық деректер болмауға тиіс, бұл мəліметтер жеке қосымшамен ресімделеді.
Тексеру нəтижелері туралы акт болған кезде оған тексеру нəтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, сондай-ақ бақылау субъектілерінің лауазымды адамдарының анықталған бұзушылықтарға қатысты түсініктемелері қоса беріледі.
22. Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бақылау субъектісінің бірінші басшысына не оның уəкілетті адамына танысу жəне қол қою үшін беріледі, үшінші данасы əділет органында қалады.
23. Тексеру нəтижелері туралы актілерде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер олар жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
9) тексеру нəтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мəліметтер;
10) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
11) бақылау субъектісінің бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
24. Тексеру нəтижелері туралы актіге бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде оларға ескертпе жасалады жəне дəлелді жазбаша түсініктемелер мен ескертулер қоса беріледі.
Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
25. Əділет органының лауазымды адамы бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне отыз жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
26. Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам жəне бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды.
Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
27. Тексеру барысында жасалғаны үшін əкімшілік жауаптылық көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
28. Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру нəтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтарды жоюға тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде əділет органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
29. Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды осы баптың 28-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, əділет органы осы Заңның 14-бабына сəйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді.
30. Егер тексерулерді əділет органы осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
24-1-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
24-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
26-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
3. Әдiлет органдарының «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
31-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 18-і.
№ 304- ІІ