Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Заңды іске асыру мақсатында, қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 108-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені үшін төленуге тиіс сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап, не өзіне сот осындай міндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізеді.»;
2) 109-баптың бірінші бөлігіндегі «депозиттік шоттан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 166 және 177-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау және республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) мынадай мазмұндағы 177-1, 177-2, 177-3 және 177-4-баптармен толықтырылсын:
«177-1-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-2-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу
Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-4-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу
Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 571-баптың бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 2) тармақшасы «177,» деген цифрлардан кейін «177-1, 177-2, 177-3, 177-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жиырма үшінші, қырық үшінші абзацтары «177,» деген цифрлардан кейін «177-1, 177-2, 177-3, 177-4,» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.»;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) кепілдік берілген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарылмайтын түсімдер;»;
14) тармақша «дамудың» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын;
Алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақша алып тасталсын;
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер;
17-2) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджет түсімдерінен құралған бюджет;»;
23) тармақша «(секторларының)» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын пайдаланатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде жеке және заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде қаржылық қызметтер көрсететін тұлғалар;»;
26) тармақшадағы «аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту» деген сөздер «өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша:
«нақтыланған» деген сөзден кейін «республикалық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
«ескере отырып» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қаржы жылы ішінде бөлуді ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
29) тармақша алып тасталсын;
36) тармақша «бюджеттерді» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамалық актілері жобаларының ережелері бюджеттің түсімдеріне, шығыстары мен құрылымына әсер еткен жағдайда, осы жобалармен бір мезгілде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы және жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдерінің жобасы немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасы және маслихат шешімдерінің жобасы әзірленеді.»;
2-тармақтағы «шикізат» деген сөз «мұнай» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.»;
тақырыбындағы және мәтіндегі «Бюджеттің», «бюджеттің» деген сөздер тиісінше «Республикалық және жергілікті бюджеттердің», «республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «түсімдер,» деген сөзден кейін «алынған трансферттер,» деген сөздермен толықтырылсын;
тақырыбындағы «Бюджеттің» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Бюджеттің» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) республикалық бюджет;
2) облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударымдар.»;
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
«бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер,» деген сөздер «республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ресми» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда» деген сөздер «тәртіппен өзге тәсіл арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 7-тармақтардағы «Ресми трансферттер», «ресми трансферттерді» деген сөздер тиісінше «Трансферттер», «трансферттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша
1. Білім беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
Төртінші абзац өзінің қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мемлекеттік мекемелер ақылы негізде жүзеге асыратын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы мүмкін.
3. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін ақы жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»;
10) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары
1. Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары болып табылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырыс шығындары - бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жеке, заңды тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
3. Бюджеттік субсидиялар мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың неғұрлым тиімді басқа тәсілі болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілуі мүмкін. Субсидиялануға тиіс басым мемлекеттік функциялар және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру жөніндегі бағыттар орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
4. Трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы сипаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті:
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.
2-2. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті қамтиды.»;
4-тармақтағы «, соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.
6. Ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.»;
7-тармақтағы «Кассалық алшақтықты жабуға» деген сөздер «Ағымдағы жылы қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «бағдарламалары болған» деген сөздерден кейін «және бюджет қаражатының бос қалдықтары осы Кодекстің 91-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған мақсаттарға пайдаланылған» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «орта мерзімді фискалдық саясатпен» деген сөздер «әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 21, 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)
1. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасын шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең.
Оң белгімен алынған шама бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, теріс белгімен алынған шама - профициті болып табылады.
2. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
3. Бес жылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс.»;
«23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
көздерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:
1) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
2. Мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын заңды тұлғалар жатады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдік қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тиісті қаржы жылына арналған дамудың бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) іске асыруға арналған кепілдік берілген трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады.
3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері республикалық бюджетті әзірлейтін жыл алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
6. Активтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебіне жатқызу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.»;
14) 25-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының 3) тармақшасындағы «қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге», «рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің» деген сөздер тиісінше «, материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарына», «, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады.»;
1-тармақтағы «республикада мемлекеттік саясатты» деген сөздер «республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Үшінші-бесінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді.
Функционалдық ішкі топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функционалдық топ ішінде нақтылайды.»;
2-тармақта:
«әкімшісі» деген сөзден кейін «, егер ол бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып, тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы және олардың бюджет қаражатын пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестірген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«пайдаланылуына» деген сөз «іске асырылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.»;
18) 31-бап «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 32-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің және мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.»;
20) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың анықтамасы
1. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер.
2. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттерді бюджеттік бағдарлама шеңберінде нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
3. Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижелерін көрсететін мақсаты, міндеттері және индикаторлары болуға тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады.
Сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттік функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен даму жоспарларының міндеттерін бейнелеуге тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететін тиісті қызметтерді бейнелейтін мемлекеттік функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарлары міндеттерінің іс-шараларына сәйкес болуға тиіс.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар - нәтижелері:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге;
2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткізуге, олардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.
Бюджеттік даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне және олардың міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау
1. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сатыларында жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бюджеттік бағдарламаны әзірлеу сатысында бағалауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру және жоспарлау сапасын айқындау арқылы жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру сапасын айқындау:
1) мақсатты, міндеттер мен іс-шараларды белгілеудің қазіргі бар проблемаларға сәйкес келуін;
2) бюджеттік бағдарлама мақсатының, міндеттері мен іс-шараларының айқын және нақты жазылуын;
3) қазіргі бар проблемаларды ықтимал баламалы шешу жолдарының болуын, оларды шешудің ұсынылып отырған жолдарын таңдаудың дұрыстығы мен шешу жолдарының тиімділік өлшемдерінің айқындалуын;
4) күтілетін нәтижелер мен индикаторлардың бюджеттік бағдарламаның алға қойған мақсаттарына, мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың мүдделері мен сұраныстарына сәйкес келуін;
5) бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың сұраныстарына стратегиялық мақсаттардың сәйкес келу тұрғысынан индикаторлардың дұрыс таңдалуын талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламаны жоспарлау сапасын айқындау:
1) мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу және міндеттерін орындау үшін ресурстарға қажеттігін;
2) мемлекеттік мекемелер қажеттігінің құнын бюджеттік бағдарламаның (ішкі бағдарламаның) заттай нормалар ескеріле отырып айқындалатын экономикалық құрылымы бойынша нормативтік, сандық және құндық көрсеткіштеріне сәйкес жоспарлануын талдауды қамтиды.
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бюджетті жоспарлау сатысында бағалауды:
1) болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептері;
2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау:
1) республиканың немесе өңірдің тиісті болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларына және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына;
2) егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны іске асыру көзделсе, бюджеттік бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда іске асырылуын талдауға сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиімділікті республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында бағалау нәтижелері негізінде ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін жасайды.
4. Тиімділікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру сатысында бағалауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламаны іске асыруды басқару сапасы мен оның нәтижелілігін айқындау арқылы жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыруды басқарудың сапасын айқындау:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелерінің болуын;
2) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалауды жүргізудің уақтылылығын;
3) бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес оның іс-шараларын іске асырудың уақтылылығын;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру немесе оны іске асырудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауының уақтылылығын;
Жиырма жетінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін арттыру және мақсаттарға, міндеттер мен күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу жөніндегі уақтылы іс-әрекеттерді;
6) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын адамдардың есептілігін талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігін айқындау:
Отызыншы абзац 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) алынған нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізу деңгейін;
2) алынған нәтижелердің тиісті стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуін;
3) алынған нәтижелердің мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың мүдделері мен сұраныстарына сәйкес келуін;
4) бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қойылатын жоғарыда тізіп көрсетілген талаптарды растайтын құжаттардың болуын талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне оларды іске асыру сатысында бағалау жүргізу кезінде мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы туралы олардың алушыларына сауал жүргізу негізінде алынған үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты пайдаланылуы мүмкін.
5. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын сыртқы бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын ішкі бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.»;
5-тармақтағы «бюджеттер деңгейлері» деген сөздер «республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жоғары тұрған органдардың жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соқтыратын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің ысырабын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Үшінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«7) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің республикалық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын облыстық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;»;
мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы;
Алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын аудандық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.»;
1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Ресми трансферттер» деген сөздер «трансферттер» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
екінші бөлікте:
«трансферттер мен кредиттердің» деген сөздер «трансферттердің» деген сөзбен, «трансферттер мен кредиттерді» деген сөздер «трансферттерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«он күн» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында қайтаруға жол беріледі. Мұндай сомаларды қайтару қаржы жылының қорытындылары бойынша төленбеген міндеттеме болып танылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен олардың ағымдағы қаржы жылының басындағы толық пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылғы республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің пайдалануға құқығы бар.»;
26) 41 және 42-баптардың тақырыбындағы және мәтініндегі «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
28) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер
Жоғары тұрған бюджеттер:
1) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру;
2) республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шараларын төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.»;
29) 45-баптың 1-тармағындағы «кассалық алшақтықты жабуға» деген сөздер «қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық
бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу»;
1-тармақта:
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпорациялық табыс салығы;»;
«5) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайдаға салынатын салық;»;
6) тармақша алып тасталсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
8) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, роялти;»;
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «нысаналы» деген сөз алып тасталсын;
32) 47-баптың 4-тармағындағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;»;
4-тармақтағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;»;
4-тармақтағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
35) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
жіберілетін бюджет түсімдерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері:
1) мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салықтардан (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) құралады, оларға:
корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық;
роялти, бонустар, өнімді бөлу бойынша үлес;
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы жатады;
2) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.»;
1) тармақша мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;»;
12) тармақшада:
екінші абзацтағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау.»;
37) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «ресми» деген сөздер алып тасталсын;
38) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында:
екінші абзацтағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
төртінші абзац алып тасталсын;
1-тармақтың 9) тармақшасында:
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақта:
4) тармақшадағы «ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» деген сөздер «ұйымдарын қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жергілікті деңгейдегі мәдени-демалыс жұмысын қолдау;»;
40) 55-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды;»;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) салалық (секторлық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды;»;
9) тармақша «бюджеттік» деген сөздің алдынан «жергілікті» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін беру тәртібін, мемлекет кепілгерлігі аясында тартылатын қарыздарды алу, пайдалану, өтеу, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды;»;
«14-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын субсидияларды төлеу тәртібін айқындайды;»;
16) тармақшадағы «рұқсат етілген қаржылық активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің» деген сөздер «, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшадағы «ресми» деген сөз алып тасталсын;
23) тармақша алып тасталсын;
26) тармақшадағы «және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін» деген сөздер «, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен нормативтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) басым бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) бөліп көрсете отырып, мемлекеттік функцияларға, мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың ақысы төленбеген міндеттемелеріне сәйкес алдағы қаржы жылы іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің жобасын қалыптастырады;»;
«7-1) мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
10) тармақшадағы «бюджеттік бағдарламалардың» деген сөздер «бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша «борышты» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі жөніндегі борышты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар аппараттарының штат кестелерін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық басшылықты талдап-жасайды;
12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;»;
43) 60-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) экономикалық жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талдап-жасайды;
1-2) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыру әдістемесін айқындайды;»;
10) тармақшадағы «банктік шоттардан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік шоттарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақша «кепілдіктері» деген сөзден кейін «және мемлекет кепілгерліктері» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) түсімдер сомаларын кейіннен қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарының есебіне жатқыза отырып, осы Кодекске сәйкес оларды республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арасында бөлуді жүзеге асырады;
22-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сомаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударуды жүзеге асырады;»;
45) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
әкімдігінің құзыретi
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді;
2) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарларын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
46) мынадай мазмұндағы 64-1, 64-2, 64-3 және 64-4-баптармен толықтырылсын:
«64-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің құзыретi
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған қаржы жоспарын бекітеді.
64-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттi
органының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының тиісті қаржы жылына арналған орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының қарауына табыс етеді;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі шешімінің жобасын әзірлейді;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
64-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджетті атқару жөніндегі жергіліктi
уәкілетті органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
4) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
5) облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
7) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
8) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
9) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
10) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жалпы қорытындыны дайындайды.
64-4-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi
атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының
құзыретi
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
4) аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
7) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін атқару жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
9) өткен қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік жасайды.»;
47) 66-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін айқындау, мемлекеттік емес секторға берілетін функцияларды, бағдарламалардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттары жобаларының тиімділігін бағалауды ескере отырып, орта мерзімді фискалдық саясатты, мемлекеттік функцияларды талдау нәтижелерін негізге ала отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындау жөнінде ұсыныстарды талдап-жасау;»;
48) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сабақтастық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін ескеріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;»;
2) тармақшада:
«бюджетті» деген сөз «республикалық және жергілікті бюджеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арналған» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын;
«алдағы» деген сөздің алдынан «республиканың немесе өңірдің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.» деген сөздер «негізділігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) шығыстардың мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту принципі - мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерін азайту бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.»;
1-тармақта:
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республиканың немесе өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңіне арналып белгіленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
2-тармақта:
«аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары» деген сөздер «өңірдің стратегиялық және орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен бағалау» деген сөздер «және бағдарламаларды бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзетіліп» деген сөзден кейін «, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру бағалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетілетін болса, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «1 маусымына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Жергілікті атқарушы органның», «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздер тиісінше «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1 шілдесіне» деген сөздер «1 қазанына» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Шығыстар лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесін айқындау
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар орта мерзімді фискалдық саясат негізінде:
1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
Бесінші, алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады.
Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін бюджеттік бағдарламалардан қалыптастырылады.
Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесіне енгізілетін бюджеттік бағдарламалар сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.
2. Бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясы қарайды және мақұлдайды.
Он төртінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі мен республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.»;
2-тармақта:
Үшінші, төртінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодексте көзделген бюджетті нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жыл сайын тек қана бір бюджеттік өтінім жасайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
Он бірінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде бюджеттік бағдарлама паспорты жобасының мақсаттарын, міндеттерін, іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін, индикаторларын нақтылайды;
2) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерді көрсете отырып, олар бойынша шығыстар сомасын айқындайды.»;
4-тармақта:
Он төртінші-он жетінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін;»;
«3) бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезеңіне қарай, үш жылдық кезеңге арналған нақтыланған мақсаттары, міндеттері, іс-шаралары, орындалу мерзімі, күтілетін нәтижелері, индикаторлары бар бюджеттік бағдарлама паспортының жобасын;
4) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауыстырылатын бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелерін;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейін табыс етеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Жиырма үшінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«7. Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, нормативтік-құқықтық негізін, міндеттерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін, күтілетін нәтижелерді, индикаторларды айқындайтын құжат болып табылады.
8. Субсидиялауға жіберілетін шығындарды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі бюджеттік бағдарламалардың нормативтік, сандық, құндық көрсеткіштері және бекітілген заттай нормалар негізінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік субсидиялардың мөлшері жеке, заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтары өз қаражаты есебінен жабатын құнды алып тастағанда, жеке, заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің құнын жабуға бағытталатын сома ретінде айқындалды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімнің есептеулер негізінде жасалуына және олардың дұрыстығына жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді шығыстар лимиті шегінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының (ішкі бағдарламаларының) жалпы құны шығыстар лимиттерінен асып түскен жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімнің құрамында:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды, соның ішінде олардың іс-шаралар жоспарларын;
заттай нормаларды;
бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) сандық және құндық көрсеткіштерін өзгерту жөнінде негізделген ұсыныстарды табыс етеді.»;
53) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімдерді қарап, оларға осы Кодекстің 35-бабының 3-тармағына сәйкес бағалау жүргізеді және солар бойынша тиісті қорытынды дайындайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді қағазға түсіріп және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және табыс ету жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімді бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде болмаған және қағазға түсіріп берілген бюджеттік өтініммен сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.»;
3-тармақта:
2) тармақшада:
«, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері» деген сөздер «ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;»;
4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерінің көлемі;
3) тікелей салықтары (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебіне жатқызылатын шикі мұнай және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі;»;
55) 79-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) шоғырландырылған бюджетті;»;
3-тармақтағы «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің» деген сөздер «Бюджеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «атқарылуына қызмет көрсетуді» деген сөздер «атқарылуы бойынша рәсімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
Екінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «ic-шараларға» деген сөздер «іс-шаралардың өткізілуіне, күтілетін нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсімдерді, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімде және тәртіппен оларды алушылар шоттарының есебіне жатқызу.»;
«4. Кассаның бірыңғайлық принципі - барлық бюджет түсімдерін бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарынан шетелдік валютаның түрлері бойынша бюджетке түсетін түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қайта айырбастауға өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызылуға тиіс.
Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.»;
58) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін кассаның бірыңғайлығы принциптерінде жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қаражат қалдықтарын қамтиды.
Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары мынадай:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерден жүргізілген төлемдер;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен олар бойынша жүргізілген төлемдер;
3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына жүргізілген аударымдар;
4) мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер;
5) жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару талаптарымен беретін ақша бойынша операцияларын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алуға арналады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттар - жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасының бақылау шотынан ерекшеленетін және Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлау іс-шараларын өткізу үшін шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшасының бақылау шоты.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттарға республикалық бюджеттен қаражат аударуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттардағы қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының ғана құқығы бар.
Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстарды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
3. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді.»;
59) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды)
іске асыруды қаржыландыру
1. Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды екі және одан көп жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға жол берілмейді.»;
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік шот - бірыңғай бюджеттік сыныптама кодтары мен мемлекеттік мекемелер кодтарын құрамдастыру, олар бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстар бойынша операцияларды есепке алу жүзеге асырылады;»;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша «үшін» деген сөзден кейін «екінші деңгейдегі банктерде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға» деген сөздер «екінші деңгейдегі банктерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «салымдарға (депозиттерге)» деген сөздер «депозиттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік кредиттерді және пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы жылдың бюджетін түзету арқылы міндетті түрде қайтаруға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемінің он процентінен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;»;
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде» деген сөздер «республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 92-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жеке қаржыландыру жоспарлары;»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «толық» деген сөз «жалпы сомада» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.»;
2-тармақ «және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін негіз болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарлама паспортын жасаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік функциялар мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне, бір мемлекеттік органнан екіншісіне немесе мемлекеттік емес секторға берілген;»;
Сегізінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «Қазақстан Республикасы» деген сөздердің алдынан «мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар, жауапты орындаушылар, іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелер мен индикаторлар өзгерген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «қажет болған жағдайларда енгізіледі.» деген сөздер «қажет болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 108-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда енгізіледі.»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «бюджет деңгейлері» деген сөздер «республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«98-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.»;
1-тармақтағы «бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға» деген сөздер «бюджеттік бағдарламалар мақсатына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде уақтылы қол жеткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту;»;
5) тармақшадағы «асыру;» деген сөз «асыру бюджет шығыстарын атқарудың негізгі кезеңдері болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ «әкімшілері» деген сөзден кейін «жеке қаржыландыру жоспарларын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік мекемелер әзірлейді және оларды бекітіп, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне береді.»;
6-тармақтағы «түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары» деген сөздер «түсімдердің жиынтық жоспары мен жеке қаржыландыру жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жеке қаржыландыру жоспарларын бекітуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша, ал бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тұрғысынан айларға бөлінген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келу;
бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік мекемелер:
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылдайтын міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
жеке қаржыландыру жоспарларының бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес келу талаптарын сақтауға тиіс.»;
1-тармақтағы «(ішкі бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «жоғары тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер шегеріліп тасталған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Түсімдер мен» деген сөздер «Түсімдердің және төлемдер бойынша» деген сөздермен, «(ішкі бағдарламаларды)» деген сөздер «(ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сәйкес» деген сөзден кейін «мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы мен» деген сөздермен толықтырылсын;
70) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді.»;
71)-73)-тармақшалар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
71) 104-бапта:
1-тармақтағы «қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар» деген сөздер «жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың берілген рұқсаттар сомаларына сәйкестігін тексереді.
Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тіркелуі мүмкін.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының қолы және елтаңбалы мөрінің таңбасы бар мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
Хабарламаның нысанын, оны ресімдеу, ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.»;
3-тармақтағы «мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына» деген сөздер «мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Растайтын құжаттар - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сай келетін тауарлар беру, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолы қойылған және олардың мөрімен расталған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламалар және төлеуге берілетін шоттар.
Жеке және заңды тұлғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес шығарған тауарларды жеткізуді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді paстайтын дұрыстығы үшін мемлекеттік мекеме жауапты болады.
3. Төлеуге берілетін шот - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үшін бюджет қаражатын алушының пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Бюджеттен төленетін төлемдер мен аударымдар оларды жүргізу кезінде тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Төлеуге берілетін шоттардың нысанын, оларды ресімдеу, ұсыну, пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Төлем құжаттарын ресімдеу, ұсыну және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді.»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экономикалық сыныптама жөніндегі міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына және бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер және мемлекеттік мекемелердің тіркелген міндеттемелерінің сомалары бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджет қаражатын алушы тарапынан міндеттемелер толық орындалған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырылғанын растау үшін, жүргізілген төлемдер туралы деректер жазылған азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгені туралы хабарлама береді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның инкассолық өкімдерді орындауы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді, бюджет қаражатының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін төлемдерді есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемін айқындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік мекемелердің орындалған міндеттемелерінің бюджет қаражатымен (қолма-қол ақшамен) уақтылы қамтамасыз етілуі үшін жауапты болады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет қаражатын (қолма-қол ақшаны) уақтылы басқарудың тиімді әдісін пайдаланады.
Қолма-қол ақша профициті - республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі.
Қолма-қол ақша тапшылығы - жүргізілген төлемдердің болжанған көлемінің ағымдағы қаржы жылының басынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің және бюджет қаражатының бос қалдықтарының болжанған көлемінен асып түсуі.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері тиісті қаржы жылына арнап бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттер тапшылығының бекітілген сомасынан аспауға тиіс.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздар шығарады.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асырады.»;
74) 107 және 108-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін
кепілдікті трансфертті пайдалану
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының қалдықтарын болжау негізінде бюджеттік даму бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген кепілдікті трансферттің көлемі шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдікті трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке айлар бойынша сомасын көрсете отырып, кепілдікті трансфертті аудару туралы тиісті өтінім жібереді;
3) қажетті сома республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен асып түскен жағдайда бюджеттік даму бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) асып түсу сомасына тең мөлшерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді.
108-бап. Бюджеттің атқарылу мониторингi
1. Бюджеттің атқарылу мониторингін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай бойынша бөлінуін, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
2. Бюджеттің атқарылу мониторингі барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджеттің уақтылы және тиімді атқарылмау себептерін көрсете отырып және тиісті бюджетті одан әрі атқару жөніндегі ұстанымдар туралы ұсынымдармен;
2) республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджеттің атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар жөнінде;
3) тиісті бюджет комиссияларына - ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылында жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы мақсаттарды қайта қарау қажеттігі туралы;
4) бюджет комиссияларының жұмыс органдарына алдағы қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау кезінде есепке алу үшін ақпарат жібереді.
3. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беру арқылы өтеуге, не шартқа (ратификацияланған келісімге) сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс.
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттің атқарылуын талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға бюджетті нақтылау немесе түзету туралы ұсыныс беруге құқылы.
5. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын тиісті тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің) болжамды бағаларына қарағанда нақты бағасының төмендеуі салдарынан жеке қаржыландыру жоспарында бекітілген сомасынан аз көлемдегі бюджет қаражатына орындаған жағдайда, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына ойдағыдай қол жеткізу және міндеттері мен іс-шараларының тізбесін кеңейту үшін қажетті қосымша іс-шараларды орындауға жіберілуі мүмкін.
Осы мақсатта бюджеттік бағдарламаның паспортына өзгерістер енгізіледі, олар тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге бюджет комиссиясында қаралады.
Он сегізінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте бюджет комиссиясы осы Кодекске сәйкес бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс ететін тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау және бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі бойынша бюджеттің атқарылу мониторингінің нәтижелерін қарайды.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасы пайдаланылмаған кезде, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет қаражатын пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мөлшерінде пайдалану мақсатында бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер енгізуіне жол берілмейді.
Жиырмасыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жиналып қалған қалдықтарын бюджеттен тыс, аккредитивтік және басқа да шоттарға аударуға жол берілмейді.»;
75) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау мен түзету процесінің негізгі ережелері»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«111-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау»;
1, 2 және 3-тармақтардағы «Бюджетті», «бюджеттің», «бюджет түсімдерін», «бюджетті», «бюджеттен» деген сөздер «Республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттердің», «республикалық және жергілікті бюджеттер түсімдерін», «республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «немесе жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен асырмай жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.»;
5-тармақтағы «бюджет қаражатын игеру мониторингінің» деген сөздер «бюджеттің атқарылуын талдау және бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) іске асырылу тиімділігін бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«112-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау
принциптері»;
мәтіндегі «Бюджеттерді», «бюджетті», «бюджет тапшылығының» деген сөздер «Республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттер тапшылығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Секвестр - бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетік, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан, бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда енгізіледі.»;
6-тармақтағы «Бюджетті» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 116-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәслихаттың шешімін іске асыру және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның шешімдері мәслихаттың аталған шешімін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданады.»;
80) 117-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«117-бап. Бюджеттерді түзету
1. Бюджеттерді түзету - Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджет көрсеткіштерін өзгерту.
2. Егер түзету жүргізілгеннен кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бюджеттік бағдарламаларды бөлуді қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.
3. Республикалық бюджетті түзетуге:
1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертілген жағдайларда жол беріледі. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;
2) осы Кодекстің 40-бабының 6 және 7-тармақтарында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1 және 2) тармақшаларында көзделген;
3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында Қазақстан Республикасы Yкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінген жағдайларда жол беріледі.
4. Жергілікті бюджеттерді түзетуге:
1) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлінген;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертілген жағдайларда жол беріледі. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;
3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінген;
4) осы Кодекстің 40-бабының 6-тармағында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда жол беріледі.»;
81) 118-бап «жүргізу» деген сөзден кейін «және мемлекеттік мекемелердің материалдық активтерін есепке алу» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік мекемелер қалыптастыратын есептерді:»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
2) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қалыптастыратын есептерді:»;
Тоғызыншы, оныншы абзацтар 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру тиімділігін бағалау туралы есепті;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац «мемлекеттік» деген сөзден кейін «және шоғырландырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне аударылатын Қазақстан Республикасы Yкіметінің шотына аударымдар туралы есепті;»;
төртінші абзац «бюджеттік» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 108-бабына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарының жай-күйі туралы есепті;
мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің орындалу жай-күйі туралы есепті;»;
83) 122-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 2-тармағы алып тасталсын;
3-тармақта:
«орындалмаған» деген сөз «төленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
«кассалық атқарылуын» деген сөздер «бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 125-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті, жергілікті бюджеттің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелерін көрсетеді.»;
86) 127-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелерін көрсетеді.»;
87) 130-баптың 1-тармағындағы «1 сәуірінен» деген сөздер «1 мамырынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нысанасыз пайдалану - нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізілмей пайдаланылуы және байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген мақсаттарға пайдалану;
4) негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану - байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын бюджеттік бағдарламалар паспортында көзделмеген іс-шараларды іске асыруға пайдалану;
5) тиімсіз пайдалану - бюджеттік бағдарламаның, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің іске асырылу мерзімі бөлігінде олардың нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізілмеуі мен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы кезінде тиімділік пен нәтижелілік принциптерінің сақталмауы;
6) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектілер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;»;
7) тармақша «орган» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қаржылық бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін бұзуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).»;
89) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау»;
90) 133-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиімділікті бақылау - бюджеттік бағдарламаны іске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану аяқталғаннан кейін іс-шаралардың орындалу мерзімін және күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін үнемділік пен өнімділікті бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиімділікті бақылау тиісті іс-шараларды іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі, олардан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады;»;
мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) нәтижелілікті бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексеру;
Бесінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) орындылығын бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткізілуін тексеру;
6) негізділігін (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шараларды іске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылғанын тексеру.»;
1) тармақшада:
«қызметін» деген сөзден кейін «барлық мәселелер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«жаппай әдіспен» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «жаппай әдіспен» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақша «актілері» деген сөзден кейін «және (немесе) аудиторлық есептер» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бақылау нәтижелері бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылдаған шешімдер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақша «бюджет қаражатының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «қаражаттарын» деген сөзден кейін «, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «мемлекет кепілдік берген қарыздардың,» деген сөздерден кейін «мемлекет кепілгерліктерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
13) тармақша «атқарылу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша:
«уәкілетті органнан» деген сөздерден кейін «және бақылау объектісіне қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иеленетін басқа да заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
«бюджет қаражаттарының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша «атқарылуы» деген сөзден кейін «және мемлекет активтерін пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша «республикалық бюджеттің» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақша:
«негізсіз» деген сөзден кейін «(құқыққа қайшы)» деген сөздермен толықтырылсын;
«бюджет қаражатының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша:
«танысады» деген сөзден кейін «және алады» деген сөздермен толықтырылсын;
«гранттарды» деген сөзден кейін «, мемлекет активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша «республикалық бюджеттің атқарылуына» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) бақылау объектісінен бақылау қорытындысын растайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжатталуға және сақталуға жататын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) алады;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
11) тармақша «мемлекет кепілдік берген қарыздардың,» деген сөздерден кейін «мемлекет кепілгерліктерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
95) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:
«145-1-бап. Қаржылық бұзушылықтардың түрлерi
Қаржылық бұзушылықтарға:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану;
4) бюджетке түсетін түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау, аудармау;
5) бюджеттік есеп жүргізу, есептілік жасау және табыс ету ережелерін бұзу;
6) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу жатады.
145-2-бап. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептілік
1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы бірыңғай есептіліктің құрылымы осы Кодекстің 145-1-бабында белгіленген, анықталған қаржылық бұзушылықтардың түрлеріне сәйкес қалыптастырылады.
2. Қаржылық бұзушылықтардың белгілі бір түрлерін бірнеше мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есептілігінде көрсетуге жол берілмейді.
Осы мақсатта мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүргізген сыртқы және ішкі бақылау нәтижелері бірыңғай ақпараттық жүйеде есепке алынады.
3. Статистика жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген есептілік нысандарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.»;
96) 147-баптың 1-тармағындағы «капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
Екінші-алтыншы абзацтар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу сатысында инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің құрамында бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) бюджетті әзірлеу сатысында басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту.»;
3-тармақтағы «капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
98) 149 және 150-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«149-бап. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу
1. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік іс-шаралардың тізбесіне кіреді.
2. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар салалық сараптамадан өткізілуге жатады.
4. Уәкілетті органдар:
саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын анықтауды;
жоба мақсаттарының республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді даму бағдарламаларында, жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына, сондай-ақ саладағы қазіргі бар проблемалардың шешілуіне сәйкестігін;
жобаның мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын;
жоба іске асырылған және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды;
жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді бағалау жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін жауапты болады.
5. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі құрамында белгілейді.
150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесін қалыптастыру тәртібi
1. Мыналар:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар;
бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің болуы;
бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
бюджет комиссиясының шешімдері бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі шығындар мен пайданы экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда көзделген, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған жағдайда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу шеңберінде жүргізілген экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган жүргізген сараптама қорытындысының негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың), сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит беру есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін, сондай-ақ экономикалық сараптаманың қорытындысында бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер еткен тәуекелдерді бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
13. Тиісті мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
14. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді, оған жасалған экономикалық сараптаманың оң қорытындысын талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар негізінде және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелері болған кезде қалыптастырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесіне енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бірыңғай техникалық өлшемдері бар инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша үлгі жоба әзірлеу жүзеге асырылады.
Үлгі жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс ісі жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.»;
101) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы
бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге
асыру
1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кезінде мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды дайындау және іріктеу мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығының негіздемесін және оның тиімділігін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды әзірлеу мен қарау тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
5. Іріктеуден өткен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялар бюджет комиссиясының шешімі негізінде тиісті үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына енгізіледі.
6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
7. Заңды тұлғалардың мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда айқындалған міндеттерді орындауға байланысты емес берешегін және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында олардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бюджет қаражатын бөлуге жол берілмейді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде тиісінше Қазақстан Республикасының Yкіметіне және тиісті әкімдікке табыс етеді.»;
8-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
103) 157-баптың 1) тармақшасы «немесе» деген сөзден кейін «байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
104) 159-баптың 5-тармағындағы «Байланыстырылған грантты беру» деген сөздер «Байланысты грант» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық берешегінің болмауы;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
3-2) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;»;
5-тармақтағы «Кредитор (сенімгер)» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
107) 176-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кірістіліктің орташа өлшемді ставкасы - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемді ставкасы.
Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді ставкасынан төмен болмайтын шамада белгіленеді.»;
108) 182-баптың екінші бөлігі «заңдарына» деген сөзден кейін «және кредит шартының талаптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «заңдарында белгіленген» деген сөздер «Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жергілікті атқарушы органда бюджеттік кредит бойынша берешек болған немесе бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезде кредитор жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан берешек соманы немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы жергілікті бюджеттердің бюджет қаражаты қалдықтарының шегінде жоғары тұрған бюджеттің түсіміне ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттерді осы Кодекске сәйкес кейіннен нақтылай отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жібереді.»;
110) 41-тараудың тақырыбы «тоқтатылуы» деген сөзден кейін «және кепілдіктің тоқтатылуы» деген сөздермен толықтырылсын;
тақырып «тоқтатылуы» деген сөзден кейін «және кепілдіктің тоқтатылуы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.»;
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер де тоқтатылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалауға арналған деректерді экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және құрамда экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс етілген деректер негізінде бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептер қалыптастырады.
7. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептерді жергілікті атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін табыс етеді.»;
113) 11-бөлімнің тақырыбы «борыш» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
114) 43-тараудың тақырыбы «борыш» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
10-2) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған және мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын, алынған және өтелмеген қарыз сомаларының белгілі бір күнгі жағдай бойынша сомасы;
10-3) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;»;
11) тармақша «тұлға» деген сөзден кейін «немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;»;
116) 192-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
117) 194-баптың 1-тармағы «сәйкес» деген сөзден кейін «, өзара талаптарды есепке алмай,» деген сөздермен толықтырылсын;
118) 202-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға» деген сөздер алып тасталсын;
119) 207-баптың 2-тармағындағы «208» деген цифрлар «213» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақша «банк кепілдігінің» деген сөздерден кейін «не сақтандыру шартының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «мемлекеттік кепілдікпен бұрын алынған мемлекеттік емес қарыздарды» деген сөздер «бұрын алынған мемлекет кепілдік берген қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
121) 210-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«қарыз беруші» деген сөздерден кейін «(облигациялар ұстаушылардың өкілі)» деген сөздермен толықтырылсын;
«қарыз берушінің жазбаша хабарлауы» деген сөздер «жазбаша хабарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
122) 211-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қарыз шартының тараптары және» деген сөздер алып тасталсын;
123) 217-баптағы «шартында» деген сөз «талаптарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
124) 218-баптың екінші бөлігіндегі «және кепілдік берген банк» деген сөздер алып тасталсын;
125) мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:
«46-1-тарау. Мемлекет кепілгерлігi
218-1-бап. Мемлекет кепілгерлігi
1. Мемлекет кепілгерлігі - борышкер өзінен алынуға тиесілі соманы төлемеген жағдайда қарыз беруші одан берешекті өндіріп алу жөнінде қарыз алушыға қатысты барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық келісім шеңберінде, мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
Мемлекетке берілетін концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушының мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын сомаға мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде қарыз берушілерге беріледі.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан мемлекет кепілгерлігін беруге ерекше құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптармен және тәртіппен мемлекет кепілгерлігін беруді жүзеге асырады.
218-2-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруге шектеулер
1. Мемлекет кепілгерлігі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
2. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
3. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.
4. Мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
218-3-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары
1. Мемлекет кепілгерліктері Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде беріледі.
2. Мемлекет кепілгерлігін беру осы Кодекстің 218-9-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектісін мемлекетке беруінің міндеттілігі шартымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысуымен құралатын заңды тұлғалар үшін - мемлекет кепілгерлігі сомасының 0,2 проценті мөлшерінде және басқа заңды тұлғалар үшін мемлекет кепілгерлігі сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.
4. Мемлекет кепілгерлігін беру мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шарты ресімделгеннен және берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
218-4-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға
қойылатын талаптар
1. Заңды тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісе отырып белгілейтін, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы;
3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
7) төлем мерзімдері басталған, мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға мемлекеттік емес қарыздың шарттарына және инвестициялық жобаның тәуекеліне байланысты қойылатын қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
218-5-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық
жобаларды іріктеп алу
Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алуды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
218-6-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны
1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.
Осы баптың және осы Кодекстің 218-7-бабының талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының ешқандай актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші жоқ.
2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.
213-7-бап. Мемлекет кепілгерлігі шартының мазмұны
1. Мемлекет кепілгерлігі шартында:
1) мемлекет кепілгерлігін беруге негіз болған Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;
2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы мен орналасқан жері;
3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;
4) берілетін мемлекет кепілгерлігінің сомасы;
5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі;
6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.
Мемлекет кепілгерлігі шартында осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оған осы Кодекстің 218-6-бабының 2-тармағын бұза отырып қол қойылған кезде мемлекет кепілгерлігі жарамсыз деп есептеледі.
218-8-бап. Берілетін мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет
кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу
Берілетін мемлекет кепілгерліктері және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
218-9-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау
Мемлекет кепілгерлігі:
қарыз беруші қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы банкрот деп танылған не ол таратылған жағдайларда орындалуға жатады.
Мемлекет кепілгерлігін орындау мемлекет кепілгерлігін орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат концессия объектісін мемлекетке беру жолымен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.
218-10-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату
негіздерi
Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушы немесе кепілгер мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін қолданылуын тоқтатады.
218-11-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатын пайдалануға шектеулер
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
218-12-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін
жауаптылық
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бақылау жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты нысанасыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты қайтарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
126) 219-баптағы «немесе мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз берушінің алдындағы міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуға» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат):
1) 8-баптың у) тармақшасындағы, 27-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі, 28-баптағы, 66-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген сөздер тиісінше «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның», «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның», «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган», «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен», «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
з) тармақшасындағы «банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын белгілейді» деген сөздер «банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
к) тармақшасы «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды» деген сөздермен толықтырылсын;
к-1) тармақшасындағы «операцияларды автоматтандыру жүйелері» деген сөздер «бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
к-2) тармақшасындағы «операцияларды автоматтандыру жүйелеріне» деген сөздер «бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
л-1) тармақшадағы «статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді» деген сөздер «төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнінде статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді және оны жинауды жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы н-1) тармақшамен толықтырылсын:
«н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы;»;
р) тармақшасындағы «және мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингін» деген сөздер «, мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті)» деген сөздермен ауыстырылсын;
у-10) тармақша:
«санкциялар» деген сөзден кейін «қолдану тәртібін айқындайды және» деген сөздермен толықтырылсын;
«белгіленген тәртіппен» деген сөздер «көзделген» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы у-13), у-14), у-15) және у-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды;
у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;»;
3) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Басқармасы белгілеген» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
а) тармақшасындағы «әзірлеу» деген сөз «мақұлдау» деген сөзбен ауыстырылсын;
и-1) тармақша алып тасталсын;
м) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«м) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдары мен өзге де мүлкіне билік ету тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерін бекіту;»;
м-1), с) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы п-1), у-1), у-2) және у-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«п-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдау;»;
«у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережелерін бекіту;
у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;
у-3) реттелуі Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;»;
ч) тармақшасы алып тасталсын;
5) 16-баптың екінші бөлігінде:
«бес лауазымды адамы» деген сөздер «төрт лауазымды адамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі өкіл» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 52-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;»;
б) тармақшасындағы «құндылықтармен» деген сөз алып тасталсын;
о) тармақшасы алып тасталсын;
8) 57-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы алып тасталсын;
9) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзімді перспективада кірістілігін қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.»;
10) 62-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банк операцияларын жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті органға қорытынды беру шарттары мен тәртібін айқындауға;»;
11) мынадай мазмұндағы 62-2 және 62-3-баптармен толықтырылсын:
«62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау функцияларын
жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес реттелуі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
2) біліктілік талаптарына сәйкестікті белгілеу;
3) тексерілетін орынға барып немесе құжаттық нысанда:
қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс ететін есептері мен мәліметтерінің дұрыстығын зерделеу үшін тексеру жүргізу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексерулер ұйымдастыру мен
жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік пен лицензиялау мәселелерін реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес дербес не басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - қаржы ұйымдарын (олардың филиалдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын басқа да тұлғаларды Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған фактілер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі тексеру жүргізу басталарда тексеруші топқа тексерілетін тұлға ұсынуға міндетті құжаттардың (мәліметтердің) тізбесін көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерілетін тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
Тексеру тағайындау туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен актіні тексерілетін тұлғаға тапсырған кез тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі және жылы, айы, күні;
2) тексеру тағайындаған органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған, тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тексерулерді тіркеу үшін талап етілетін басқа да мәліметтер;
5) тексеру түрі (жоспарлы, жоспардан тыс);
6) тексерілуге жататын мәселелер;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулерді қоспағанда, тексеру кезеңі;
10) лауазымын, тегін, аты-жөнін көрсете отырып, актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мөр көрсетіледі.
6. Тексеру тағайындау туралы акт өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
7. Объектіге тексеру үшін келген Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
8. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарды пайдалануына кедергі келтірілген жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамы және тексерілетін тұлғаның уәкілетті қызметкері қол қояды.
9. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
10. Тексерілетін тұлға Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісін алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей тексеруші топ басшысының атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
2) тексерілетін тұлғаның қажетті құжаттар (мәліметтер) дайындауға, оларды тексеруші топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етеді.
11. Тексеру жүргізілетін кезеңде тексерілетін тұлға тексеруші топқа (адамға):
1) алғашқы талап етуі бойынша тексеруге қатысты кез келген қажетті құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуын, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті кез келген ақпарат көздеріне қол жеткізуін;
2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәніне сәйкес қол жеткізуін;
3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердің жүргізілетін тексеруге, олардың қызметтік міндеттеріне және (немесе) тексерілетін тұлғаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруін;
4) тексерілетін тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берілуін (болған жағдайда), оған еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
12. Тексерілетін тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетілген талаптардың бірін бұзуы тексерілетін тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
13. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, жекелеген мәселелерді қосымша зерделеу қажет болған не тексерудің едәуір көлеміне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ бұл күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен жылы, айы, күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
14. Тексеру нәтижелері бойынша тексеруші топ (адам) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған жылы, айы, күні мен орны;
2) тексеру жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ал тексеру жүргізген кезде тексерілетін тұлғаның өкілі қатысқан жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексеру жүргізілген орын және кезең;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін тұлға өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тексеруші топ (адам) тексерілетін тұлға басшысының атына, тексерілетін тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және қол қою үшін тексерудің нәтижелері туралы актінің екі данасын қосымшаларының көшірмелерімен қоса жібереді.
Тексерілетін тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей, тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші тобына (адамына) екінші дананы табыс етеді.
15. Тексерілетін тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің жіберілген күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерілетін тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша есепті (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде оған табыс етуге міндетті.
17. Тексеру жүргізген кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары тексерілетін тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерілетін тұлғаның және оның клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге тікелей не жанама әкеп соғатын іс-әрекеттерден тартынуға тиіс.»;
12) 70-1-баптың екінші бөлігіндегі «Қаржы министрлігіне» деген сөздер «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 71-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгізілмейді.»;
2) 74-баптың 4-тармағының 3) тармақшасында «қаражаты енгізілмейді.» деген сөздер «қаражаты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік енгізілмейді.».
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 10, 32-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру
Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген, соттың дәлелді ұйғарымымен расталған негіздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуге ақы төлеуді тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.
Мамандандырылған зерттеулер жүргізу, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарламаларға кірмейтін ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу үшін ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.».
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.».
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджетті, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7) және 1-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді;
1-2) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) тиісті мәслихатқа облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-5) облыстық атқарушы органның және республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
1-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекітеді;»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауданның (облыстық маңызы қаланың) жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) және 1-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
1-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;».
10. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне соларда ұсталатын күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде азық-түлік өнімдерін, алғашқы қажеттілік заттарын, киім-кешек, аяқ киім, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрі-дәрмектер және қосымша емдік-профилактикалық көмек көрсету үшін медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзімді кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылар үшін қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтер жатады.»;
2) 33-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын.
1) ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын;
2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 3-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 16) тармақшасының үшінші-бесінші абзацтарын, 20) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 22) тармақшасының жиырма жетінші абзацын, 24) тармақшасының үшінші, алтыншы абзацтарын, 51) тармақшасының бесінші, алтыншы, он төртінші абзацтарын, 52) тармақшасының үшінші, төртінші, он бірінші, он төртінші-он жетінші, жиырма үшінші абзацтарын, 57) тармақшасының екінші абзацын, 64) тармақшасының сегізінші абзацын, 71)-73) тармақшаларын, 74) тармақшасының он сегізінші, жиырмасыншы абзацтарын, 90) тармақшасының бесінші абзацын, 97) тармақшасының екінші-алтыншы абзацтарын, 6-тармағын;
3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 22) тармақшасының отызыншы абзацын, 82) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 7, 8-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
1-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының төртінші абзацы өзінің қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-сі.
№ 165-III ҚРЗ