Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
(2014.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2018 ж. 1 қаңтардан бастап 58-баптың күші жойылды және Қылмыстық-атқару кодексіне қосымшаның 1-тармағының күші жойылды, ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Қылмыстық-атқару кодексімен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСIНІҢ МӘТІНІН ҚАРАҢЫЗ
ҚР 1997 ж. 13 желтоқсандағы № 209-I Заңын қараңыз
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен мазмұнмен толықтырылды; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді
Мазмұны
1-бөлім. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерi
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысында қолданылуы
5-бап. Жазаны атқару негiздемесi
6-бап. Қылмыстық-атқару заңнамасының принциптерi
7-бап. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары
7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация
2-тарау. Сотталғандардың құқықтық жағдайы
8-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
9-бап. Сотталғандардың негiзгi мiндеттерi
10-бап. Сотталғандардың негiзгi құқықтары
11-бап. Сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне құқығы
12-бап. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету
13-бап. Сотталғандардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
3-тарау. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау
14-бап. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар
15-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлау
16-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылауы
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
20-бап. Қылмыстық-атқару iсiн жүргiзудегi қадағалау
21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу
3-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi
21-1-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi
21-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
21-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқықтары
21-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
21-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
21-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
21-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
21-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
2-бөлім. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау
4-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны атқару
22-бап. Айыппұл түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
23-бап. Айыппұл төлеуден жалтару
25-бап. Ұйымдар әкiмшiлiгiнiң сот үкiмiн атқару жөнiндегi мiндеттерi
6-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару
30-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
31-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару жағдайлары
32-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
34-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару
35-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеушi адамдардың жауаптылығы
7-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару
36-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
37-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеу жағдайлары
38-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
39-бап. Сотталғандардың түзеу жұмыстарын өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
40-бап. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу тәртiбi
41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды жазасын өтеу орнына жіберу
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау тәртiбi
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
3-бөлім. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
4-бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару
11-тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жалпы ережелері
68-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару орындары
69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi
70-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеуге жiберу
71-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
72-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдыру
73-бап. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту
74-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау
75-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiнде бөлек ұстау
76-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бүкiл жаза мерзiмiн бiр түзеу мекемесiнде өтеуi
12-тарау. Түзеу мекемелеріндегі режим және оны қамтамасыз ету құралдары
77-бап. Түзеу мекемелерiндегi режимнiң негiзгi талаптары
78-бап. Қадағалау мен бақылаудың техникалық құралдары
79-бап. Түзеу мекемелерiндегi жедел-iздестiру қызметi
80-бап. Түзеу мекемелерiндегi айрықша жағдайлар режимi
81-бап. Қауiпсiздiк шаралары және оларды қолдану негiздерi
13-тарау. Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
82-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары
84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерi
85-бап. Сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы
86-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша аударымдарын жiберуi мен алуы
87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуi
89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың сейiлдеуi
91-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруi
93-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жол жүруi
95-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету
98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық жауаптылығы
14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі, кәсіптік білімі және кәсіптік даярлығы
99-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегi
100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегiнiң жағдайлары
101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегiне ақы төлеу
102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегiне ақы төленбейтiн жұмыстарға тарту
103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың табысынан ұстап қалу
104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсiптiк бiлiм беру және оларды кәсiптiк даярлау
15-тарау. Бас бостандығына айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету
105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы
107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары
109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары
110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртiбi
111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары
113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртiбi
16-тарау. Алуан түрлі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері
116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары
117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары
119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары
120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары
121-бап. Айрықша режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
125-бап. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
127-бап. Түрмелерде бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
128-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртiбi
129-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
135-бап. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру
137-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
138-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң тәрбиелеу колонияларының жұмысына қатысуы
18-тарау. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқару
139-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тәртiбi мен ережелерi
140-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен ұстап қалу
141-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн ауыстыру
142-бап. Сотталған әскери қызметшiлермен тәрбие жұмысы
143-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тоқтатылуы
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты гаупвахтада ұстауды атқару
145-бап. Әскери қызметшiлердiң гаупвахтада ұстауды өтеу орындары
146-бап. Сотталғандарды гаупвахтаға жiберу тәртiбi
147-бап. Сотталғандарды гаупвахтада ұстау тәртібі мен жағдайлары
148-бап. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
149-бап. Сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
20-тарау. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
6-бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау
21-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың тәртібі мен жағдайлары
166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
22-тарау. Жазаны өтеуден босату
168-бап. Жазаны өтеуден босатудың негiздерi
169-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртiбi
172-бап. Жазасын атқаруды кейiнге қалдыру шарттарын сақтамаудың салдары
173-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi
174-бап. Сотталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату
175-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы
23-тарау. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек және оларды бақылау
177-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету
178-1-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылау
178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың міндеттерi
179-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау
8-бөлім. Шартты түрде сотталған адамдарға бақылау жасау
24-тарау. Шартты түрде сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру
181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылаудың есептелуі
184-бап. Шартты түрде сотталғандардың жауаптылығы
Қосымша. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктің тізбесі
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «әскери комиссариатқа» деген сөздер «жергілікті әскери басқару органына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жалпы бөлім
1-Бөлім. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртібін және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттіліктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
2. Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады.
3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қолданылуы
1. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау осы Кодекске, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бекiткен сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларды өтеу ережелерiне сәйкес атқарылады.
2. Сотталған әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазасын өтейдi және әскери қызметтен өтедi. Оларға осы баптың 1-тармағында аталған нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектеулер қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының кеңiстiк пен уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеушi сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары қолданылады.
2. Сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрiн атқару кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Жазаны атқару негiздемесi
Соттың заңды күшiне енген үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi жазаны атқару негiздемесi болып табылады.
6-бап. Қылмыстық-атқару заңдарының принциптерi
Қылмыстық-атқару заңдары заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, гуманизм, демократизм және жариялылық, жазаларды атқарудың саралануы мен жеке-даралығын, жазаны түзеу ықпалымен бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн принциптерге негiзделедi.
7-бап. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары
1. Сотталғанды түзеу - оның бойында құқық ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары мыналар: жазаны атқару мен өтеудiң белгiленген тәртібі (режимi), тәрбие жұмысы, қоғамдық-пайдалы еңбек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу, кәсiптiк даярлық пен қоғамдық ықпал ету.
3. Түзеу құралдары жазаның түрiн, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамдық қауiптілік дәрежесiн, кiнә нысаны мен себептерiн, сотталушының жеке басы мен мiнез-құлқын ескере отырып қолданылады.
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация - сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған кезеңде әрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оларға қатысты жеке әзірлейтін және іске асыратын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені.
2-тарау. Сотталғандардың құқықтық жағдайы
8-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
1. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, олардың түзелуiне қажеттi жағдайларды, әлеуметтiк әдiлеттілік кепiлдiгiн, олардың жазаларды атқару кезiнде жеке басының әлеуметтiк, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етедi.
2. Сотталғандар жазаның нақты түрiн атқарудың тәртібі мен жағдайларын негiзге ала отырып, Республика Конституциясында, Қылмыстық, қылмыстық-атқару кодекстерiнде және өзге де заңдарында белгiленген шектеулермен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары болады және солардың мiндеттерiн атқарады.
3. Сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жазаның нақты түрiн атқарудың тәртібі мен жағдайларын негiзге ала отырып, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы туралы Конституцияға, халықаралық шарттарға, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында қылмыстық, қылмыстық-атқару кодекстерiнде және өзге де заңдарында көзделген шектеулерi бар құқықтары болады және олар сондай мiндеттер атқарады.
9-бап. Сотталғандардың негiзгi мiндеттерi
1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және үкiммен белгiленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Сотталғандар жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң өздерiнiң мiнез-құлқына арнап белгiлеген заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
3. Сотталғандардың өздерiне жүктелген мiндеттердi, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Сотталғандардың негiзгi құқықтары
1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртібі мен жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган бередi.
2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгiне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, мемлекеттік өкiмет органдарына, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға құқылы.
3. Сотталғандар түсiнiктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа тiлде ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тілінде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап қайтаруға мүмкiндiк болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе ресми қолданылатын орыс тілінде берiледi. Жауапты өтiнiш жасаған тiлге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етедi.
4. Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкiлеттi басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға құқылы.
5. Сотталғандардың әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар.
6. Гауптвахтада ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерiнiң денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
7. Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8. Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметiнен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуға, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн алуға құқығы бар.
9. Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетiн қорлайтындай қарауға ұшыратылмауға тиiс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негiзiнен өзгеше қолдануға болмайды.
10. Бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдiктердiң өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелерi жоқ елдердiң азаматтарының - олардың мүдделерiн қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
11. Сотталғандардың құқықтарын iске асыру тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттармен белгiленедi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне құқығы
1. Сотталғандардың және басқа адамдардың тарапынан сотталушының жеке басына қарсы қылмыс жасау қаупi туындаған кезде ол абақтыда ұстау, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарушы мекеменiң кез келген лауазымды адамына өзiн мұндай қатер жоқ қауiпсiз орынға ауыстыру туралы өтiнiш жасауға құқылы. Бұл жағдайда лауазымды адам сотталушыны қауiпсiз орынға ауыстыру жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Мекеменiң бастығы сотталушыны қауiпсiз орынға ауыстыру туралы шешiм, сотталушының жеке басына қарсы қылмыстың жасалу мүмкiндiгiн болғызбайтын өзге де шаралар қолданады, оның жазасын одан әрi өтеу орны туралы мәселенi шешедi.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету
1. Сотталғандарға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі.
2. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеп жүрген адамдарға салт жораларының қажеттілігі болған жағдайда олардың немесе олардың туысқандарының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген дiни бiрлестiктердiң діни қызметшiлерi шақырылады. Мекеме әкімшілігі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен діни салт жораларды орындау үшін жағдайлар жасайды.
3. Ерекше режимдегi колониялардың карцерлерiнде, жалғыз адамдық камераларында, айыптық және тәртiптiк оқшаулау орындарында, сондай-ақ камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандарға дiни қызметшiлер өздерінің жеке басының қауiпсiздiгi қамтамасыз етілу шартымен жiберiледi.
4. Ауыр науқасты сотталғандарға, сондай-ақ өлiм жазасына сотталғандарға үкiмдi орындау алдында олардың өтiнiшi бойынша дiни қызметшiлер шақырыла отырып, осы жағдайда қажеттi барлық діни жораларды жасау мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.
5. Дiни жораларды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тәртiптi бұзбауға, сондай-ақ жазасын өтеп жүрген басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиiс.
13-бап. Сотталғандардың өтiнiштерiн қарау тәртібі
1. Сотталғандардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгi қарайды.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Гауптвахтада ұстауға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың осы Кодекстiң 10-бабының 2-тармағында аталған органдарға жолданған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Жазаның өзге түрлерiне сотталғандар ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын өздерi жiбередi.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Гауптвахтада ұстауға, бас бостандығынан айыруға, өлiм жазасына сотталғандардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы органдарға жолданған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары цензураға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) тиiстi жерiне жiберiледi.
4. Сотталғандардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң шешiмдерi мен iс-әрекеттерi жөніндегі ұсыныстары, арыздары мен шағымдары бұл шешiмдер мен iс-әрекеттердiң атқарылуын тоқтатпайды.
5. Органдар мен лауазымды адамдар өздерiне сотталғандар жолдаған ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде қарап, қабылданған шешiмдердi сотталғандардың назарына жеткізуге тиiс.
3-тарау. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар
1. Айыппұл салу немесе мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны үкiм шығарған сот, сондай-ақ мүлiктiң орналасқан жерi бойынша және сотталушының жұмыс орны бойынша сот атқарады.
2. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқаруды сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы, түзеу мекемесi жүзеге асырады. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінiң талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi, сондай-ақ лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады.
3. Құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру туралы сот үкімінiң талаптарын атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi және біліктілік сыныбын берген лауазымды тұлға атқарады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады.
5. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері орындайды.
5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе этаппен жөнелтілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.
6. 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Әскери қызметшiлерге жазаларды: гауптвахтада ұстауды сотталған әскери қызметшiлерге арналған гауптвахталарда гарнизондардың командованиесi немесе гарнизон гауптвахталарының тиiстi бөлiмшелерi; әскери қызмет бойынша шектеудi - аталған әскери қызметшiлер қызметтен өтiп жүрген әскери бөлiмдердiң, мекемелердiң, органдар мен әскери құрамалардың командованиесi (бұдан әрi - әскери бөлiмдердiң командованиесi) атқарады.
8. 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9. Шартты түрде сотталған адамдар, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету және олардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілерге бақылауды әскери бөлімдердің командованиесі жүзеге асырады.
15-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлау
Сотталушының жазасын өтеу орнына келгенi туралы жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкiлдерiнiң бiрiне 10 тәулiк iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ есiнiң кемiстiгi болуы мүмкiн, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға атқарушы мекемелер соттың шешiмi бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған жазаларды өтеу кезiнде сотталушының алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса, жазалардың аталған түрлерiн атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi сотқа мұндай сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыныс жiбередi.
3. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған және осы баптың 1-тармағында аталған сырқаттармен ауыратын адамдарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 88-95-баптарына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға және туберкулезбен ауыратын немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарға жазалардың аталған түрлерiн атқарушы мекеме медициналық комиссияның шешiмi бойынша мiндеттi емдеу қолданады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылауы
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өздерiнiң аумағында орналасқан түзеу мекемелерiнiң қызметiне бақылау жасауды осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өздерiнiң аумағында орналасқан қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Сот бақылауы
1. Жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiне ауыстыру туралы, сотталушының ауыруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына қарсы жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшiн бес жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда, жүктi әйелдердiң және он төрт жасқа дейiн балалары бар әйелдердiң және балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаларын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу кезiнде жазалардың атқарылуын сот бақылайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сотталғандар мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың iс-әрекетiне жасаған шағымдарын сот қарайды.
3. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар үкiм шығарған сотқа сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеудi, гауптвахтада ұстауды, бас бостандығынан айыруды өтеуiнiң басталғаны және оның орны, айыппұл салу, белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнайы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу, мүлкiн тәркiлеу, өлiм жазасы түріндегі жазалардың атқарылуы туралы хабарлайды.
19-бап. Ведомстволық бақылау
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметiне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырады.
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық байқау комиссиялары құрылады.
3. Қоғамдық байқау комиссиялары түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiктерiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн жәрдемдесуге құқылы.
4. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары әкiмшіліктерiнiң қызметiн қоғамдық бақылау және қоғамдық байқау комиссияларының оларға жәрдемдесуi ерiктілік, тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөніндегі қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 19-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
1. Қоғамдық байқау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi:
1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен кедергiсiз болуға;
2) сотталғандармен олардың келісімi болған кезде әңгiмелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу мәселелерi жөніндегі өтiнiштерi мен шағымдарын қабылдауға;
3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне және (немесе) прокуратура органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
2. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ерекше режим енгiзiлген кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады.
3. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi өз өкiлеттiктерiн орындау кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынуға мiндеттi. Қоғамдық бақылау iс-шараларын өткізу iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiрмеуге тиiс.
20-бап. Қылмыстық-атқару iсiн жүргiзудегi қадағалау
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңдарды сақтауын қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.
2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу
1. Жазаларды атқарушы мекемелерде, тергеу изоляторларында арнаулы рұқсатсыз болуға мыналардың құқығы бар:
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, сондай-ақ тиiстi аумақтардың шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әкiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар;
3) Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi.
4) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелерде, тергеу изоляторларында сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен болуға құқығы бар.
3. Сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен олардың күзетiн қамтамасыз етушi объектiлердi кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру түзеу мекемесi, тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.
4. Сотталғандарды кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру, олармен сұхбат жүргiзу, соның iшiнде аудиобейнетехника құралдарын пайдаланып жүргiзу сотталғандардың өз келісімiмен жүзеге асырылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi
21-1-бап. Ұлттық алдын алу тетiгі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде жазаларды орындайтын мекемелерде (түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, гарнизондардың гауптвахталарында, гарнизондық гауптвахталардың бөлімшелерінде) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің
Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
21-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
21-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
1) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдардың саны, осындай мекемелердiң саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
2) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
5) алдын ала болуға жататын мекемелерді кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
21-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелердің қызметіне араласуына жол берілмейді.
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
21-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
21-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын мекемелердің әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын мекемелердің тізбесін айқындайды.
21-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелердің әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын мекемелер әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
21-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
21-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамаcын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Ерекше бөлім
2-Бөлім. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды атқару
4-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны атқару
22-бап. Айыппұл түріндегі жазаны атқару тәртібі
1. Сотталушы үкiм заңды күшiне енген соң бiр айдан кешiктiрмей айыппұл төлеуге мiндеттi.
2. Сотталушының айыппұлды бiр жолғы төлеуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, сотталушының өтiнiшi бойынша төлемнiң мерзiмiн ұзартуға немесе алты айға дейiн бөлiп-бөлiп төлетуге жол берiледi.
3. Сотталушы айыппұлды ерiктi түрде төлемеген кезде жазаны атқару сот берген атқару парағының негiзiнде мәжбүрлеп жүргiзiледi. Айыппұл сотталушының мүлкiнен, соның iшiнде оның сотта айқындалған ортақ меншiк құқықтарындағы мүлiктегi үлесiнен өндiрiп алынуы мүмкiн.
4. Айыппұлды өндiрiп алу кезiнде осы Кодекске қосымшамен белгiленген тiзбеге сәйкес тәркiлеуге жатпайтын мүлiктi алып қоюға болмайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Айыппұл төлеуден жалтару
1. Айыппұлды осы Кодекстiң 22-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмде төлемеген және өзiнiң кiрiстерi мен мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан жасырушы сотталушы айыппұл төлеуден жалтарушы деп танылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Айыппұл төлеуден жалтарушы сотталғандар жөнiнде сот орындаушысы сотқа айыппұлды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 40-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы ұсыныс жiбередi.
5-тарау. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаның атқарылуын ұйымдастыру
1. Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі негiзгi жазаға қосымша ретiнде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негiзгi жазаны атқарушы орган, ал негiзгi жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциясы:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
сотталғандардың сот үкімінде көзделген белгiлi бiр лауазымда болуына немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуына тыйым салудың сақталуын бақылайды;
сотталушының жұмыс орны бойынша ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ сотталушыға тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрлерiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқығы бар органдардың үкiмдi орындауын тексередi;
жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді.
3-1. Тұратын жері үш күннен астам уақыт ішінде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.
4. Өзiнде жазаның негiзгi түрiн өтеп жүрген, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға сотталған адамды мекеменiң (ұйымның) әкiмшiлiгi сотталушының орындауына тыйым салынған жұмыстарға тарта алмайды.
5. Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттік қызметке кiрген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары жергілікті әскери басқару органына немесе сотталғандардың тұрғылықты жерi бойынша қызмет өткеру кезiнде сол жазаны атқаруға арналған сот үкімінiң көшiрмесiн жiбередi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң сот үкімін атқару жөніндегі мiндеттерi
1. Белгілі бір лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшіліктері үшін міндетті. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкімшілігі үшін міндетті.
2. Сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi:
сот үкімінiң көшiрмесiн не қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыны лауазымынан немесе ол айналысу құқығынан айырылған қызмет түрiнен босатуға; қылмыстық-атқару инспекциясына сот үкімінiң талаптарын орындау туралы хабарлауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша жазаны атқаруға байланысты құжаттарды табыс етуге;
сотталушымен еңбек шарты өзгерген немесе тоқтатылған жағдайда бұл туралы қылмыстық-атқару инспекциясына үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
26-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқықты органдардың мiндеттерi
1. Сотталғандарды белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінiң талаптары қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқықты органдар үшiн мiндеттi.
2. Аталған органдар сот үкімінiң көшiрмесiн немесе қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысуға құқық беретiн тиiстi құжатты қайтарып алуға және бұл туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлама жiберуге мiндеттi.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару мерзiмдерiнiң есептелуi
1. Негiзгi жаза ретiнде немесе айыппұлға, бас бостандығын шектеуге, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезiнде қосымша жаза түрi ретiнде тағайындалған белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мерзiмi, егер бұл жағдайда қосымша жазаның атқарылуы кейiнге қалдырылмаса, сот үкімі заңды күшiне енген кезден бастап есептеледi.
2. Бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза қолдану кезiнде ол жазаның аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң бүкiл уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi оларды өтеу кезiнен бастап есептеледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 28 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталушының мiндеттерi
Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар сот үкімінiң талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны және тұрғылықты жері мен олардың өзгергенi және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге мiндеттi. Сотталушы келмей қалған жағдайда оған ерiксiз келтiру қолданылуы мүмкiн.
29-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін орындамаудың салдары
Соттың белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкімінiң орындалмауына кiнәлi өкiмет өкiлдерi, мемлекеттік қызметшiлер, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметшiлерi, мемлекеттік мекемелердiң, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметшiлерi, сондай-ақ сот үкімінiң талаптарын бұзушы сотталғандар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
6-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару тәртібі
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны тізімдерін қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмдерi тоқсан сайын сотқа ұсынатын объектiлерде сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен атқарады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза жөніндегі сот үкімі соттың тиiстi өкімі үкiмнiң (ұйғарымның, қаулының) көшiрмесiмен қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей атқарылады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциясы:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
оларға жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн түсiндiредi;
аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарында қоғамдық жұмыстардың объектiлерiн сұратып алады;
сотталғандардың мiнез-құлқын бақылайды;
жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;
олардың атқарған уақытының жиынтық есебiн жүргiзедi және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшiн қаржы қаражатының тиiстi бюджеттерге уақытылы түсуiн бақылайды.
31-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару ережелерi
1. Сотталғандар:
жазаны өтеудiң белгiленген тәртібі мен ережелерiн сақтауға, еңбекке адал қарауға;
өздерiне белгiленген объектiлерде жұмыс iстеуге және сот белгiлеген қоғамдық жұмыстардың мерзiмiн атқаруға;
тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға мiндеттi.
2. Сотталушыға негiзгi жұмыс орны бойынша кезектi демалыстың берiлуi қоғамдық жұмыстар орындауды тоқтатпайды.
3. Сотталушы бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек деп танылған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа оны жазасын одан әрi өтеуден босату туралы, ал сотталған әйел жүктi болған жағдайда - оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзiмiнiң есептелуi
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның мерзiмi сотталушы қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттармен есептеледi.
2. Қоғамдық жұмыстар уақыты демалыс күндерi мен сотталушы негiзгi жұмыспен немесе оқумен айналыспаған күндерi - төрт сағаттан; жұмыс күндерi - жұмыс немесе оқу аяқталған соң екi сағаттан, ал сотталушының келісімiмен - төрт сағаттан аспауы керек. Егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе ол оқумен айналыспаса, қоғамдық жұмыстардың уақыты күніне сегіз сағаттан аспайды. Қоғамдық жұмыстар уақыты апта iшiнде, әдетте, он екi сағаттан кем болмауы керек. Дәлелдi себептерi болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталушыға апта iшiнде саны аз сағат жұмыс iстеуге рұқсат береді.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
33-бап. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
1. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдардың әкiмшiлiгiне сотталғандардың өздерiне белгiленген жұмыстарды орындауына бақылау жасау, қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс iстелген сағаттар саны туралы немесе сотталғандардың жазаны өтеуден жалтаруы туралы хабарлау жүктеледi.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың еңбегін ұйымның пайдалануы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Сотталған адамдар орындаған жұмыстың көлемі мен құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша бөлек есептеледі және есептелген ақшалай қаражат тиісті бюджетке аударылады.
34-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару
Сотталушы:
қоғамдық жұмыстарға дәлелдi себептерсiз бiр айдың iшiнде екi реттен астам шықпаса;
еңбек тәртібін бiр айдың iшiнде екi реттен артық бұзса;
жазаны өтеуден жалтару мақсатымен жасырынса, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған деп танылады.
35-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеушi адамдардың жауаптылығы
1. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзғаны үшiн қылмыстық-атқару инспекциясы оған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес жауапты болатынын ескертедi.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотқа қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
7-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару тәртібі
1. Түзеу жұмыстары сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі.
Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеуге қылмыстық-атқару инспекциясына үкiмнiң (ұйғарымның, қаулының) көшiрмесi мен соттың тиiстi өкімі келiп түскен күннен бастап он бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тартылады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциялары:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн түсiндiредi;
сотталғандардың жазаны өтеу ережелерiн сақтауын және сотталғандардың жұмыс орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң үкiм талаптарын атқаруын бақылайды;
сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзедi;
сотталғандардың мiнез-құлқын бақылайды, қажет болған жағдайда оларды еңбекке орналастыру үшiн жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi;
шақыру бойынша немесе тiркелуге дәлелдi себептерсiз келмеген сотталғандарды ерiксiз келтiру туралы шешiм қабылдайды;
жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;
жазаны өтеу кезеңiнде өз қалауы бойынша жұмыстан босауға рұқсат бередi.
37-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу ережелерi
1. Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртібі мен ережелерiн сақтауға, еңбекке адал қарауға, өздерiне қылмыстық-атқару инспекциясы жүктеген мiндеттердi орындауға және оның шақыруы бойынша тiркелу үшiн айына екi рет келуге мiндеттi.
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың табысынан сот үкімімен белгiленген мөлшерде ақы ұсталып қалады.
3. Жазаны өтеу мерзiмi iшiнде сотталғандарға қылмыстық атқару инспекциясының жазбаша рұқсатынсыз өз қалауы бойынша жұмыстан босауына тыйым салынады. Рұқсат жұмыстан босау себептерiнiң негiздiлiгiн тексерген соң берiлуi мүмкiн. Жұмыстан босауға рұқсат беруден бас тарту дәлелденуге тиiс. Бас тарту туралы шешiмге заңда белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
4. Сотталушы қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс орны мен тұратын жерiнiң өзгергенi туралы он күн мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
5. Сотталушы жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгi жазаны өтеу уақытында қылмыстық-атқарушы инспекцияның келісімi бойынша кезектi демалыс, сондай-ақ он күнге және одан да көп күнге қосымша демалыс бередi. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген демалыстың өзге түрлерi жалпы негiздерде берiледi.
38-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза мерзiмiнiң есептелуi
1. Түзеу жұмыстарының мерзiмi сотталушы жұмыс iстеген және оның табысынан ақы ұсталып қалған жылдармен және айлармен есептеледi. Сотталушының жұмыс iстеген күндерiнiң саны соттың жаза мерзiмiн белгiлеген әрбiр айындағы жұмыс күндерiнiң санынан кем болмауға тиiс. Егер сотталушы көрсетiлген күндер санында жұмыс iстемесе және жұмыс iстелмеген күндердi жаза мерзiмiне есептеу үшiн осы Кодексте белгiленген негiздеме болмаса, түзеу жұмыстарын өтеу сотталушының тиiстi жұмыс күндерiнiң санында толық жұмыс iстегенге дейiн жалғастырылады.
2. Ұйым әкiмшiлiгiнiң сот үкімінiң (қаулысының) көшiрмесiн алған күнi жазаны өтеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады.
3. Сотталушының дәлелдi себептермен жұмыс iстемеген уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Бұл мерзiмге сотталушы ресми түрде жұмыссыз деп танылған уақыт та есептеледi.
4. Сотталушы қатарынан төрт айдан астам ұзақ ауырған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа оны жазасын өтеуден босату туралы ұсыныс жасайды.
5. Жазаны өтеу кезiнде сотталушы әйел жүктi болған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа жүктілігi бойынша демалыс берiлген кезден бастап оның жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебi қолданылатын ұйымдарда жұмыс iстейiн сотталғандардың жазасын өтеу мерзiмi есептi кезең үшiн белгiленген жұмыс сағатының санынан аспайтын жұмыс уақытының ұзақтығы негiзге ала отырып есептеледi.
7. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының жұмыс iстемеген уақыты; алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдаудан болған немесе соларға байланысты iс-әрекеттерден болған ауыру уақыты; қамау түріндегі әкiмшiлiк жазаны өтеу, сондай-ақ жазаны өтеу кезеңiнде басқа iс бойынша тыйым салу шарасы тәртібінде қамау уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептелмейдi.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Сотталғандардың түзеу жұмыстарын өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiне:
сотталушының табысынан ұсталып қалатын ақыны дұрыс және уақтылы жүргiзу мен ұсталған сомаларды белгiленген тәртiппен аударып отыру;
сотталғандардың өндiрiстегi мiнез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзуде инспекцияға жәрдемдесу;
осы Кодексте көзделген жазаны өтеудiң ережелерiн сақтау;
қылмыстық-атқару инспекциясына сотталушыға қолданылған көтермелеу және жазалау шаралары туралы, оның жазаны өтеуден жалтаруы туралы, ұсталған соманың мөлшері және оны аудару мерзімдері туралы хабарлап отыру, сондай-ақ басқа қызметке ауыстырылуы мен босатылуы туралы алдын ала хабарлау жүктеледi.
40-бап. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу тәртібі
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы, сотталушының өзi немесе ол жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгi оның материалдық жағдайы нашарлаған ретте жалақысынан ұстап қалу мөлшерiн кемiту туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Ұстап қалу мөлшерiн кемiту туралы шешiм сотталушының барлық табыстары ескерiле отырып шығарылады.
2. Ұстап қалу жалақы төлеу кезiнде әрбiр жұмыс iстелген ай үшiн атқару құжаттары бойынша, сотталушыға талаптардың болуына қарамастан, негiзгi жұмыс орны бойынша жалақының барлық түрiнен жүргiзiледi.
3. Сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу кезiнде оның ақшалай және заттай бөлiгi ескерiледi. Ұсталған ақша сомалары ай сайын мемлекет кiрiсiне аударылып отырады.
4. Ұстап қалу әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру тәртібімен алатын жәрдемақылардан, бiр жолғы сипаттағы төлемдерден жүргiзiлмейдi.
5. Түзеу жұмыстарына сотталғандарға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы сот үкімімен тағайындалған ұстап қалу шегерiлiп тасталғандағы жалақысынан есептеледi.
6. Iстiң қысқартылуымен сот үкімінiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда сотталушының жалақысынан артық ұсталған сомалар оған толық қайтарылады.
7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғандардың жалақысынан дұрыс және мерзiмiнде ұстап қалуға және ұсталып қалған соманың мемлекет кiрiсiне аударылуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Еңбекпен түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшiн және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшiн жауаптылық
1. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзу мыналар болып табылады:
жазбаша ескертуден кейiн дәлелдi себептерсiз қылмыстық-атқару инспекциясына келмеу;
жазбаша ескертуден кейiн осы Кодексте белгiленген мiндеттердi бұзу;
жұмысқа келмеуi немесе мас күйiнде немесе нашақорлық не уытқұмарлық масаң күйде келу.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзғаны үшiн сотталушыларға түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 1-тармағында аталғандардың кез келгенiн бұзғаны үшiн жазбаша ескерту хабарланған соң түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн қайталап бұзуға жол берген, сондай-ақ тұратын жерiнен жасырынған, жүрген жерi белгiсiз адам түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы деп танылады.
4. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 8-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара)
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері бойынша өтейді.
2. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жіберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама береді.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде бармаған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотталған адамның орналасқан жері анықталмаса, сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыныс енгізеді.
3. 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару инспекциясының үкімді орындауға қабылдаған кезінен бастап есептеледі.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерінде бір тәуліктен артық өз бетімен болмаған уақыты жаза мерзіміне есептелмейді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертілді
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар қадағалауда болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарын орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерін ауыстырмауға;
оқудан жәңе жұмыстан бос уақытта тұратын жерінде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясы белгілеген мерзімде тіркелу және тәрбиелік іс-шаралар өткізуге қатысу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
жұмыс немесе оқу кестесінің өзгеруі туралы қылмыстық-атқару инспекциясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 47 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 48 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелу деңгейін анықтаған кезде ескеріледі.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеудің белгіленген тәртібін адал орындағаны үшін сотталған адамдарға мынаДай көтермелеу шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бүрын алу;
демалыс және мереке күндерін тұратын жерінің шегінен тыс жерлерде өткізуге рұқсат беру;
демалысын тұратын жерінің шегінен шығып өткізуге рүқсат беру шараларын қолдана алады.
2. Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босата, сондай-ақ жазаның олар өтемеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыра алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 50 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеу тәртібін бүзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгіс беру;
демалыс және мереке күндерінде тұратын жерінің шегінен шығуға бір айға дейінгі мерзімге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудің бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдарды табыс етеді.
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолда-нылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезінде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы ескеріледі. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған теріс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиіс. Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер теріс қылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат ішінде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей атқарылады.
3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану қүқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзу
Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзуға (бүлдіруге) қатысты бөлігі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда, тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру), сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасау жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған бұзушылықтарды бір жылдың ішінде қайталап жасау, сондай-ақ еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сол сияқты оларды қорлау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
3. Тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным енгізеді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас бостандығын шектеутүріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалау қылмыстық-атқару инспекциясымен жүзеге асырылады және сотталған адамдарды олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау және бақылау жасаумен қамтамасыз етіледi. Тиісті бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциялары Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібі мен қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу кезiнде оны iшкi iстер органдары соттың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн.
3. Жазаны өтеуден әдейі жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн соттың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда, iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден әдейі жалтарғаны туралы деректер болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi.
4-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4. Сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы тиісті акт жасайды.
5-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдірген) кезде сотталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңына сәйкес 8-ші бөлімінің жаңа редакциясында 54-ші, 55-ші баптар берілмеген (бұр. ред. қара)
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 56-бап өзгертілді
56-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімін атқару
1. Сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкiм шығарған сот үкiм заңды күшiне енген соң оның көшiрмесiн сотталушыға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, біліктілік сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.
2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден біліктілік сыныбынан айыру туралы жазба жасайды, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.
3. Запастағы әскери қызметшi жөніндегі сот үкімінiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жiберiледi.
4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталған адамды құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қолданады. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару тәртібі
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi, бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлайды. Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны орындауды мүлiктiң тұрған жерi бойынша мемлекеттік сот орындаушысы жүргiзедi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
1. Сотталушының мүлкi, соның iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегi салымдары мен кез келген меншiк нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркiленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе қүралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.
2. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған мүлкi тәркiленуге жатпайды (қоса тiркеледi).
3. Соттың үкімі бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шешiледi.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару жөніндегі iс-әрекетi
1. Мемлекеттік сот орындаушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, мемлекеттік сот орындаушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды.
2. Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады.
3. Мемлекеттік сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
4. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн мемлекеттік сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен анықтайды.
23.06.00. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2006.22.06 № 147-III ҚР Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
1. Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.
2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 61-бап өзгертілді
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
1. Өзiнде сот үкімімен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi.
2. Аталған мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 62-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, мемлекеттік сот орындаушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.
3-Бөлім. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-Бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару
11-тарау. Бас Бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жалпы ережелері
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару орындары
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар сотталғанға дейiн өздерi тұрған облыстың аумағындағы Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде жазасын өтейдi.
2. Сотталғанға дейiн тұрған жерi бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда, сондай-ақ сотталғандардың денсаулығының жай-күйіне байланысты немесе олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органының нұсқауы бойынша олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың тиісті түзеу мекемесiне жіберіледі.
3. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін сақтау үшін қылмыстық атқару жүйесі уәкілетті органының нұсқауы бойынша сотталғандарды құлыпталатын үй-жайларда бөлек ұстауды қамтамасыз еткен жағдайда олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың қылмыстық атқару жүйесінің тиісті мекемесіне жіберіледі не осы Кодекстің 69-бабында көзделген жазасын өтеу орны бойынша оқшауланған учаскенің құлыпталатын үй-жайларына ауыстырылады.
Басқа мекемелерге жіберілген не осы баптың 3-тармағына сәйкес жазасын өтеу орны бойынша ауыстырылған сотталғандарға сот тағайындаған түзеу колониясының түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.
4. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар жазасын өтеу үшiн орналасқан жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi.
5. Бас бостандығынан айыруға сотталған, Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберілуі мүмкін.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен; 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi
1. Түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер түзеу мекемелерi болып табылады. Тергеушiлiк оқшаулау орындары шаруашылықтық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындауға қалдырылған (осы Кодекстiң 72-бабы), сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жіберілген және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған сотталғандарға қатысты түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады.
2. Түзеу колониялары кәмелетке толған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеуіне арналған. Олар колония-қоныстар, жалпы, қатаң және айрықша режимдегі колониялар болып бөлінеді.
Сотталған адамдар құлыпталатын үй-жайларда тұратын бір түзеу колониясында әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
3. Колония-қоныстарда абайсызда жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ сотталғандардың осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағы негiзiнде және сонда белгiленген тәртiп бойынша жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан ауыстырылғандары жазасын өтейдi.
4. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында әдейi жасаған кiшiгiрiм немесе орта ауырлықтағы қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу алты айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар жазасын өтейдi.
5. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған, сондай-ақ сотталушы бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстар қайталанған жағдайда сотталған еркектер мен қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда әйелдер жазасын өтейдi.
6. Айрықша режимдегi түзеу колонияларында қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда еркектер, өмiр бойы бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын өтейдi.
7. Мәжбүрлеп және міндетті емдеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде осы Кодекстiң 16-бабының 1 және 4-тармақтарында аталып өткен сотталғандар жазасын өтейдi.
8. Түрмелерде ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда бес жылдан астам мерзiмге сотталған, сондай-ақ жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзып, түзеу колонияларынан ауыстырылған және (немесе) осы Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес жіберілген адамдар жазасын өтейдi, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады.
9. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жиырма жасқа жеткенге дейiн тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Ескерту. Осы Кодекстің баптарында құлыпталатын үй-жайлар деп онда болуы жазалау шараларына байланысты емес, алты адамға дейін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камера, құлыпқа жабылған үй-жай түсіндіріледі.
2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен ; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеуге жiберу
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi соттың үкiмi заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталған адамдарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi сотталушының қалауы бойынша туыстарының бiрiн не заңды өкiлiн оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберiлiп отырғаны туралы хабардар етуге мiндеттi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді
71-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және бiр жазасын өтеу орнынан екiншiсiне айдап апару арқылы ауыстырылады.
2. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру ұстау ережелерi сақтала отырып: еркектер әйелдерден бөлек, кәмелетке толмағандар - ересектерден бөлек; өлiм жазасына кесiлгендер сотталғандардың басқа санаттарынан бөлек; бiр қылмыстық iс бойынша өтушi тергелiп-сотталғандар - бөлек-бөлек, туберкулезбен ауыратындар немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпегендер, жүйкесi ауыратындар - бiр-бiрiнен бөлек және денi саулардан бөлек, қажет болған жағдайда дәрiгердiң қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
3. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру кезiнде олар қажеттi тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi.
4. Сотталғандарды орнын ауыстыру кезiнде оларды мекеме (жөнелтушi орган) маусымдық киiммен, аяқ киiммен, сондай-ақ жолдағы бүкiл кезеңде сотталғандар үшiн белгiленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етедi.
5. Сотталғандардың орнын ауыстыру мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
6. Сотталған адамдардың орын ауыстыру тәртібі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
7. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жіберу немесе жазасын өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстыру кезінде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған адам жіберілген не ауыстырылған мекемедегі оның жеке шотына аударылады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдыру
1. Жазасын өтеу жалпы режимдегi түзеу колониясына тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар ерекше жағдайларда өздерiнiң келісімiмен шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн.
2. Сотталғандарды шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қалдыру сотталушының жазбаша келісімi болған жағдайда тергеушiлiк оқшаулау орны немесе түрме бастығының қаулысымен жүргiзiледi.
3. Тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған сотталғандар жалпы режимдегi түзеу колониялары үшiн осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге адамдардан оқшау ұсталады.
4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша тергеу iс-әрекетiн жүргiзу қажет болған жағдайда жазасын түзеу колониясында немесе тәрбиелеу колониясында өтеумен бас бостандығынан айыруға сотталушы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген мерзiмге тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн.
5. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша сот қарауына қатысу қажет болған жағдайда сотталушы соттың қаулысы бойынша iстi сотта қарау уақытында тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн.
6. Егер сотталушы басқа iс бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, ол жөнiнде қамауға алу түрiнде тыйым салу шарасы таңдап алынған болса, оны тергеушiлiк оқшаулау орнында ұстау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес белгiленедi.
7. Сотталушы түзеу мекемесiнен тергеушiлiк оқшаулау орнына немесе түрмеге осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында аталған негiздер бойынша, сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен ауыстырылуы мүмкiн.
8. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен тергеушілік оқшаулау орындарына ауыстырылған сотталғандар тергеушілік оқшаулау орнында қамауда отырған және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған адамдардан оқшау, осы Кодексте түзеу мекемелері үшін көзделген жағдайларда құлыпталатын камераларда ұсталады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 73-бап өзгертілді
73-бап. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мiнез-құлқына және еңбекке көзқарасына қарай түзеу мекемесiнiң түрi өзгертiлуi мүмкiн.
2. Өзiн жақсы жағынан көрсеткен сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн:
сотталғандар түрмеде сот үкімі бойынша тағайындалған мерзiмiнiң кемiнде жартысын өтегеннен кейiн түрмеден түзеу колониясына;
ұстаудың жеңiлдетiлген жағдайларындағы сотталғандар ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтегеннен кейiн, ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және жазаның өтелмей қалған кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған сотталғандар жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейiн жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан колония-қонысқа ауыстырылуы мүмкiн.
3. Мыналар:
қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында сотталғандар;
аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталғандар;
өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртібімен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар;
өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар;
мiндеттi емделуден өтпеген, сондай-ақ жабық үлгiдегi медицина мекемелерiнде арнайы емдеудi талап ететiн сотталғандар;
колония-қонысқа ауыстыруға жазбаша түрде келісім бермеген сотталғандар колония-қонысқа көшiрiлуге жатпайды.
4. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар болып табылатын сотталғандар:
колония-қоныстан бұрын сот айқындаған түрдегi түзеу колониясына;
сот үкімі бойынша өздерi жiберiлген колония-қоныстан жалпы режимдегi түзеу колониясына;
жалпы, қатаң және айрықша режимдегi түзеу колонияларынан түрмеге өздерi жiберiлген режим түріндегі түзеу колониясында жазаның қалған мерзiмiн өтеуге үш жылдан аспайтын мерзiмге түрмеге ауыстырылуы мүмкiн.
5. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгертудi түзеу мекемесi бастығының ұсынуы негiзiнде сот жүзеге асырады.
74-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне Iшкi тәртiп ережелерiнде белгiленген тәртiппен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қабылдайды.
2. Түзеу мекемелерiне келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин бөлiмшесiне орналастырылады. Сотталғандар карантин бөлiмшесiнде болған кезеңiнде әдеттегi жазаны өтеу жағдайларында болады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 75-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
75-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiнде бөлек ұстау
1. Түзеу мекемелерiнде бас бостандығынан айыруға сотталған еркектер мен әйелдердi, кәмелетке толмағандар мен ересектердi бөлек ұстау белгiленедi.
2. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандардан бөлек ұсталады. Бiр түзеу мекемесiнде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған әйелдер бұл жазаны бұрын өтеген әйелдерден бөлек ұсталуы мүмкiн. Қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда сотталғандар; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмiр бойы бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртібімен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар; өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан оқшау, сондай-ақ бөлек ұсталады.
3. Сотталған бұрынғы сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi бөлек түзеу мекемелерiнде ұсталады. Бұл мекемелерге өзге де сотталғандар жiберiлуi мүмкiн.
4. Сотталғандарды бөлек ұстаудың осы бапта белгiленген талаптары мәжбүрлеп және міндетті емдеудi жүзеге асыру мекемелерiне, сондай-ақ балалар үйлерi бар түзеу мекемелерiне қолданылмайды. Сотталғандар аталған мекемелерге жiберiледi, сот тағайындаған колонияның түрi үшiн заңмен белгiленген жағдайларда ұсталады.
5. Әртүрлi жұқпалы аурулармен ауырған сотталғандар жеке-жеке және денi сау сотталғандардан бөлек ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерінде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулезді емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгілеген режим түріне қарамастан бірге ұсталады. Туберкулезді емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерінде сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық айғақтамалармен айқындалады.
76-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бүкiл жаза мерзiмiн бiр түзеу мекемесiнде өтеуi
1. Бас бостандығынан айыруға сотталушы жазаның бүкiл мерзiмiн, әдетте, бiр түзеу колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өтеуге тиiс.
2. Сотталушыны жазасын одан әрi өтеу үшiн бiр колониядан сондай түрдегi басқа колонияға көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, түзеу мекемесiн қайта ұйымдастыру немесе тарату кезiнде, өндiрiске қажет болған жағдайда сотталушының келісімiмен, сондай-ақ сотталушының сол түзеу мекемесiнде одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше мән-жайлар кезiнде жол берiледi.
12-тарау. Түзеу мекемелеріндегі режим және оны қамтамасыз ету құралдары
16.07.01 ж. № 244-II ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап өзгертілді
77-бап. Түзеу мекемелеріндегі режимнiң негiзгi талаптары
1. Түзеу мекемелеріндегі режим - сотталғандарды күзету мен оқшаулауды қамтамасыз ететiн заңда және заңға сәйкес нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген жазаны атқару мен өтеу тәртібі; оларды ұдайы қадағалау; өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару; олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру; сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгi; сотталғандардың түрлi санаттарын бөлек ұстау; сот тағайындаған түзеу мекемесiнiң түрiне қарай ұстаудың түрлi жағдайлары; жазаны өтеу шарттарын өзгерту.
2. Режим сотталғандарды түзеудiң басқа құралдарын қолдануға жағдайлар жасайды.
3. Түзеу мекемелерiнде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Ішкi тәртiп қағидалары қолданылады.
4. Түзеу мекемелерiнде сотталғандар нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалатын белгiленген үлгiдегi киiмдi киiп жүредi.
5. Сотталғандар, олардың заттары мен киiм-кешегi, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң үй-жайы тiнтiледi және тексерiледi. Жеке тiнтудi сотталғандармен бiр жыныстағы адамдар жүргiзедi. Тұрғын үй-жайды оларда сотталғандар болған кезде тiнтуге кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда жол берiледi.
6. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi мекеменiң аумағындағы және оған жапсарлас режимдiк талаптар белгiленген аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуде, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы.
6-1. Түзеу мекемесіне іргелес жатқан аумақтың шекарасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.
Түзеу мекемесіне іргелес аумақтағы жерді пайдалану режимін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.
7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
8. Сотталғандардың өзiнде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердiң тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi. Сотталғандардың ақшаны, бағалы қағаздар мен бағалы заттарды, сондай-ақ тiзбеде көрсетiлмеген нәрселердi өзiнде сақтауына жол берiлмейдi.
9. Сотталғандардан табылған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, олардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды түзеу мекемелерiнiң ішкi тәртiп қағидаларына сәйкес түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi алып қояды және соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналуға тиіс. Сотталғандардан алынған, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, заңнамамен тыйым салынған өзге де заттар мен құжаттар сақтауға өткiзiледi не соттың шешiмi бойынша жойып жiберiледi.
10. Сотталғандардың белгiленген тәртiппен сатып алған бағалы қағаздарын сақтауды түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 78-бап өзгертілді
78-бап. Қадағалау мен бақылаудың техникалық құралдары
1. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қашып шығу мен басқа қылмыстардың, жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталғандардың мiнез-құлқы туралы қажеттi ақпарат алу үшiн дыбыстық-бейнелiк, (бейнелік қадағалау жүйесі) электронды және өзге де техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.
2. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарға қадағалау мен бақылаудың бiр мезгiлде қорғау мiндетiн атқаратын, бұзылған жағдайда сотталғандардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi ықтимал техникалық құралдары қолданылатыны туралы хабарлауға мiндеттi.
3. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
79-бап. Түзеу мекемелеріндегі жедел-iздестiру қызметi
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес түзеу мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметi жүзеге асырылады, оның мiндетi мыналар болып табылады:
жазаларды атқарудың тәртібі мен ережелерiн, сотталғандардың, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi мен өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
түзеу мекемелеріндегі әзiрленiп жатқан және жасалмақшы қылмыстар мен жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзуды анықтау, ашу, жолын кесу және алдын алу;
түзеу мекемелерiнен қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыруды өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды белгiленген тәртiппен iздестiру;
сотталғандардың түзеу мекемесiне келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтау мен ашуға жәрдемдесу.
2. Жедел-iздестiру жұмысын түзеу мекемелерiнiң оралымды қызметтерi жүзеге асырады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 80-бап өзгертілді
80-бап. Түзеу мекемелеріндегі айрықша жағдайлар режимi
1. Табиғи апат, түзеу мекемесi орналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзiлген, сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы жағдайларында, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде түзеу мекемесiнде ерекше жағдайлар режимi енгiзiлуi мүмкiн.
2. Ерекше жағдайлар режимi қолданылған кезеңде түзеу мекемесiнде сотталғандардың осы Кодексте көзделген кейбір құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзет пен қадағалаудың күшейтiлген нұсқасы, объектiлерге жiберудiң ерекше тәртібі енгiзiлуi, күн тәртібінiң өзгертiлуi, өндiрiстiк, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, медициналық-санитариялық және өзге қызметтердiң жұмысы шектелуi мүмкiн.
3. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiсілген шешiмi бойынша отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта айқындалған тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.
81-бап. Қауiпсiздiк шаралары және оларды қолдану негiздерi
1. Егер сотталғандар түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, бой бермеушiлiк танытса, жаппай тәртiпсiздiктерге, аманаттар басып алуға қатысса немесе осы секiлдi өзге де iс-әрекеттер жасаса, азаматтарға шабуыл жасаса, сондай-ақ түзеу мекемелерiнен қашып шығу немесе қашқандарды ұстау кезiнде сотталғандарға аталған құқыққа қарсы әрекеттердi тыю, сондай-ақ бұл адамдардың айналасындағыларға немесе өздерiне өздерi зиян келтiруiне жол бермеу мақсатында дене күшi, арнаулы құралдар мен қару қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Өмiрiне нақты қатер төнгенi туралы деректер түскен сотталушылардың сазайын тарттырудан қорғау қажет болған жағдайда мұндай адамдарды жалпы негiздерде бiр айға дейiнгi мерзiмде жеке камераларда ұстауға рұқсат етiледi.
13-тарау. Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 82-бап өзгертілді
82-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары
1. Жалпы немесе қатаң режимдегi бiр түзеу колониясының, сондай-ақ тәрбиелеу колониясының шектерiнде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн.
2. Ерекше режимдегi түзеу колониясында сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларында болуы мүмкiн.
3. Түрмеде ұсталатын сотталғандар үшiн режимнiң жалпы және қатаң түрлерi белгiленедi.
4. Сотталғандарды осы Кодекстiң 116, 118, 120, 123, 126 -баптарында аталған негiздер бойынша бiр жағдайдан екiншiсiне ауыстыру түзеу мекемесi комиссиясының шешiмiмен жүргiзiледi, оның жұмысына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi қатыса алады. Түзеу мекемесiнiң комиссиясы түрмеде отырған сотталғандарды режимнiң жалпы түрiнен қатаң және қатаңынан жалпы режимге ауыстыру туралы мәселенi де шешедi. Тәрбиелеу колонияларында сотталған адамдарды бір жағдайдан екінші жағдайға ауыстыру осы кодекстің 128-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Сотталушы түзеу колониясындағы жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына немесе түрмедегi режимнiң қатаң түрiне ауыстыруға келiспеген жағдайда ол ауыстыру туралы заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 83-бап өзгертілді
83-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алуы
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды жазасын өтеу кезеңiнде тапқан ақшасына, сондай-ақ алатын зейнетақылары мен әлеуметтiк жәрдемақыларының есебiнен шектеу қоюсыз қолма-қол есеп айырыспай сатып алуына болады.
2. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың жұмсауына рұқсат етiлетiн ақшаның жалпы сомасы, олардың жазасын өтеу кезiнде тапқанын қоспағанда, осы Кодекстiң 117, 119, 121, 127, 129-баптарымен реттеледi.
3. Рұқсат етiлген ақша сомасы ағымдағы айда жұмсалмаған жағдайда сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды жұмсалмаған сомаға кейiнгi айларда сатып алуына болады.
4. Жүкті әйелдердің, жанында балалары бар әйелдердің, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттың есебінен шектеусіз сатып алуына болады.
5. 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. Сотталғандарға сатуға тыйым салынған тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттардың тiзбесi және олардың саны түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 84-бап өзгертілді
84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерi
1. Сотталғандарға түзеу мекемесiнiң аумағында ұзақтығы екi сағаттан төрт сағатқа дейiн қысқа мерзiмдi, ұзақтығы бiр тәулiктен үш тәулiкке дейiн ұзақ кездесулер берiледi. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотталғандарға түзеу мекемесiнен тыс тұру арқылы ұзақтығы бес тәулiк болатын ұзақ мерзiмдi кездесулер берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кездесудiң тәртібі мен өтетiн жерiн түзеу мекемесiнiң бастығы белгiлейдi.
2. Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Ұзақ кездесулер жұбайымен /зайыбымен/ және жақын туыстарымен /ата-аналар, балалар, асырап алғандар, асырап алынғандар, ағалы-iнiлiлер, апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi/, ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының рұқсаты бойынша өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен берiледi.
3. Сотталған адамдарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұрумен ұзақ кездесудi колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат беріледі.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-11 Заңымен ; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 85-бап өзгертілді
85-бап. Сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу мекемелерiнде осы Кодекстiң 117, 119, 121, 123, 129-баптарында белгiленген мөлшерде посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға рұқсат етiледi. Бiр посылканың немесе бандерольдың ең жоғары салмағы почта ережелерiмен айқындалады. Бiр сәлемдеменiң салмағы бiр посылкаға белгiленген салмақтан аспауға тиiс.
2. Ауру сотталғандардың, I және II топтағы мүгедектердiң, жүктi сотталған әйелдер мен балалары түзеу мекемесiнiң балалар үйлерiнде жүрген сотталған әйелдердiң мөлшерi мен түр-түрi медициналық қорытындыда белгiленген қосымша посылкалар мен сәлемдемелер алуына болады.
3. Сотталғандардың медициналық қорытындыға сәйкес алатын дәрiлiк заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары осы баптың 1-тармағында айқындалған посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдердiң санына қосылмайды. Олар сол сотталғандарды емдеу үшiн түзеу мекемесiнiң медициналық бөлiмiне жiберiледi.
4. Посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер тексерiледi.
5. Сотталған адамдардың посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi алу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Сотталғандар түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен посылкалар мен бандерольдер жөнелте алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 86-бап өзгертілді
86-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша аударымдарын жiберуi мен алуы
1. Сотталғандарға хаттар мен жедел хаттарды санына шек қоймай өз есебiнен алуға және жiберуге рұқсат етiледi.
2. Сотталған адамдардың жiберетін және алатын хат-хабарына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен цензура қолданылады.
3. Туыстар болып табылмайтын, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушы сотталғандардың арасында хат алысуға түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жол берiледi.
4. Сотталғандар ақша аударымдарын алуға, сондай-ақ жақын туыстарына, ал әкiмшiлiктiң рұқсатымен ақша аударымын өзге адамдарға жiберуге құқылы.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 87-бап өзгертілді
87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуi
1.Сотталған адамның телефон арқылы әр сөйлескенде ұзақтығы он бес минутқа дейін сөйлесуге құқығы бар. Телефон арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының жеке қаражатынан төленедi.
3. Қатаң ұстау жағдайындағы сотталғандарға, сондай-ақ жазалау шарасын айыптылық, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда өтеушiлерге телефон арқылы сөйлесуге ерекше жеке жағдайлар кезiнде ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
4. Түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады.
5. Сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін түзеу мекемелерінің қызметкерлері бақылайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін бақылау жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
88-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың әдебиеттер және жазу керек-жарағын сатып алуы мен сақтауы
1. Сотталғандардың бандерольдарда, посылкалар мен сәлемдемелерде жазу керек-жарақтарын алуына, сауда желісі арқылы әдебиеттер сатып алуына, сондай-ақ жеке шотындағы қаражат есебiнен газеттер мен журналдарға шек қоюсыз жазылуға рұқсат етiледi.
2. Сотталғандарға конституциялық құрылысты күштен өзгертудi, Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк және рулық артықшылықты, сондай-ақ қаталдық пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын басылымдарды, сондай-ақ әдепсiздiк сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, оларға жазылуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады.
3. Сауда желісі арқылы сатып алынатын әдебиет сотталушы алуға құқылы посылкалар мен бандерольдардың санына кiрмейдi.
4. Сотталушыға өзiнде он данадан аспайтын кiтап пен журнал ұстауына рұқсат етiледi.
5. Саны осы баптың 4-тармағында аталған мөлшерден артық әдебиеттi сотталушы сақтауға өткiзедi не оның келісімiмен түзеу мекемесi кiтапханасының пайдаланылуына берiледi.
89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың сейiлдеуi
1. Жабылатын үй-жайларда, айыптылық оқшаулау орындарында, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалпы және жалғыз адамдық камераларда бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандардың, егер олар ашық жерде жұмыс iстемейтiн болса, ұзақтығы осы Кодекстiң 114, 117, 119, 121, 123, 127-баптарымен белгiленген уақытта сейiлдеуге құқығы бар.
2. Сотталғандарың сейiлдеуi күндiзгi уақытта түзеу мекемесi аумағының арнайы жабдықталған бөлiгiнде өткiзiледi. Сейiлдеу сотталғандар түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
90-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кинофильмдер мен телехабарлар көруi, радиохабарлар тыңдауы
1. Жазасын түрмеде өтеушiлердi қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандарға аптасына кемiнде бiр рет кинофильмдер көрсетiледi.
2. Айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлгендердi қоспағанда, сотталғандарға күн тәртібімен түнгi демалыс үшiн бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда телехабарлар көруге рұқсат етiледi.
3. Сотталғандар мен сотталушылар топтарының өз қаражаттарының есебiнен сауда желісі арқылы теледидар қабылдағыштары мен радиоқабылдағыштар сатып алуына немесе оларды туған-туыстарынан және өзге адамдардан алуына болады.
4. Сотталғандарға күн тәртібімен түнгi демалысқа бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда радиохабарлар тыңдауға рұқсат етiледi. Тұрғын үй-жайлар, тәрбие жұмысы бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, жұмыс үй-жайлары, айыптылық оқшаулау камералары, камералық үлгiдегi үй-жайлар, жалғыз адамдық камералар түзеу мекемесiнiң қаражаты есебiнен радионүктелермен жабдықталады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
91-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруi
1. Бас бостандығынан айыруды түзеу және тәрбиелеу колонияларында өтеушi, сондай-ақ тергеушiлiк оқшаулау орындары мен түрмелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа қалдырылған, өзiн жақсы жағынан көрсеткен сотталғандарға, егер бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша қажет болса, күзетiлетiн аумақтан тыс жерде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруiне рұқсат етiлуi мүмкiн.
2. Қайталап аса қауiптi қылмыс жасап сотталғандарға; өлiм жазасы түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандарға; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға; белгiлi бiр түзеу мекемесiнде кемiнде алты ай болған сотталғандарға; жазалары алынбаған немесе өтелмеген сотталғандарға; аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандарға; сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; ұстаудың қатаң жағдайларындағы сотталғандарға; жазасын өтеу кезеңiнде қасақана жасаған қылмыстары үшiн сотталғандарға; алкоголизмнен, уытқұмарлықтан, нашақорлықтан, туберкулезден немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпеген сотталғандарға күзетiлетiн аумақ шегiнен айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруге жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 92-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
92-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығын беру тәртібі
1. Сотталушыға түзеу мекемесiнiң аумағынан тысқары айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығы түзеу мекемесi бастығының дәлелдi қаулысымен берiледi.
2. Айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығын пайдаланушы сотталғандар бөлек тұрғын үй-жайларда орналастырылуға тиiс. Оларға түзеу мекемесiнiң шегiнен тысқары, бiрақ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының келісімiмен түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген шекте жатақханаларда тұруға рұқсат етiлуi мүмкiн.
3. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруге рұқсат берiлген сотталғандардың iс-қылығы түзеу мекемесiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен реттеледi.
4. Сотталушы iс-қылық ережелерiн бұзған жағдайда не жұмысының сипаты өзгерген кезде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүрудiң түзеу мекемесi бастығының қаулысымен күшi жойылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
93-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жол жүруi
1. Түзеу және тәрбиелеу колонияларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен тергеушiлiк оқшаулау орындары мен түрмелерде қалдырылған сотталғандарға түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары: ерекше жеке жағдайларға байланысты (жақын туысының өлуi немесе науқастың өмiрiне қатер төндiрiп ауыр сырқаттануы; сотталушыға немесе оның отбасына елеулi материалдық залал келтiрген табиғи зiлзала); сондай-ақ босатылғаннан кейiнгi еңбек және тұрмыстық жайласу мәселелерiн алдын ала шешу үшiн бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жетi тәулiктен аспайтын мерзiмге - қысқа мерзiмдi; жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында, ал жұмыс iстемейтiн адамдарға заңға сәйкес демалыс мерзiмiне тең мерзiмге ұзақ мерзiмдi жол жүруiне рұқсат етiлуi мүмкiн.
2. Түзеу колонияларының балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi жол жүруге, түзеу колониясынан тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмдi жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған негiздер бойынша жол жүруге аса қауiптi қайталап қылмыс жасап сотталғандарға; өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға; есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасының бұзылуынан зардап шегушi деп танылғандарға; алкоголизмнен, уытқұмарлықтан, нашақорлықтан, туберкулезден, соз ауруынан емделудi аяқтамағандарға рұқсат берiлмейдi.
4. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасының бұзылуынан зардап шегушi сотталғандарға, I және II топтардағы мүгедектер болып табылатын және денсаулық жағдайына қарай үнемi күтiмдi қажет етушi сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға түзеу мекемесiнiң шегiнен тысқары жол жүруге туысының ерiп жүруiмен немесе өзге адамның ерiп жүруiмен рұқсат етiледi.
5. Сотталушының ерекше жеке жағдайларға байланысты қысқа мерзiмдi жол жүруi туралы өтiнiшi бiр тәулiктен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Қысқа мерзiмдi жол жүруге арналған рұқсатты сотталушының жеке басы мен мiнез-құлқын ескере отырып, түзеу мекемесiнiң бастығы бередi.
6. Сотталушының түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс болған уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.
7. Сотталушының бас бостандығынан айыру орнынан тыс жолының шығындары оның жеке шотында бар қаражатынан төленедi не өзге адамдар төлейдi. Сотталушының түзеу мекемесiнен тыс болған уақыты үшiн оған табыс есептелмейдi.
8. Сотталушының белгiленген мерзiмде қайтып оралуын қиындататын күтпеген жағдайлар туындаған ретте сотталушының болған жеріндегі iшкi iстер органы бастығының дәлелдi қаулысымен түзеу мекемесiне оралу мерзiмi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiне қабылданған шешiм туралы мiндеттi түрде шұғыл мәлiмденiп, бес тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн.
9. Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орнынан тыс қысқа мерзiмдi жол жүрудiң тәртібі түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi.
10. Сотталушы түзеу мекемесiне белгiленген мерзiмде оралудан жалтарған кезде оны жазасын өтеу орнына айдап апару немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн болған жерi бойынша прокурордың санкциясымен оны отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге iшкi iстер органы ұстауға тиiс.
11. Сотталғандардың басқа мемлекеттiң аумағына жол жүруiне тиiстi мемлекеттермен келісімдерде көзделген тәртiп пен жағдайларда рұқсат етiледi.
94-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру әлеуметтiк және зейнетақымен қамтамасыз ету
1. Еңбекпен айналысушы бас бостандығынан айыруға сотталғандар мiндеттi мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыруға жатады, ал әйелдер жүктілігi мен тууы бойынша жалпы негiздерде жәрдемақылармен қамтамасыз етiледi.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк және зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
3. Бас бостандығынан айыруға дейiн зейнетақы тағайындалған, сондай-ақ жазасын өтеу кезiнде еңбек қабiлетiн жоғалтқан адамдарды әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Сотталғандардың зейнетақылары мен жәрдемақыларынан ұсталынып қалады. Зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалудың негiзi, түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ ұсталып қалғанның бәрiне қарамастан сотталушының жеке шотына есептелетiн зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгi процентi осы Кодекстiң 103-бабымен белгiленедi.
5. Бас бостандығынан айыруды түзеу мекемелерiнде өтеушi сотталғандар жөнiнде ерiктi медициналық сақтандырудың қолданылуы түзеу мекемелерiнде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
95-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуi
1. Бiр сотталушыға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу колонияларында - екi шаршы метрден, түрмелерде - екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған колонияларда - үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында - үш жарым шаршы метрден, мәжбүрлеп түзеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде үш шаршы метрден кем болмауы керек.
2. Сотталғандарға жеке жатын орындары мен төсектiк керек-жарақтар берiледi. Олар жынысы және климат жағдайлары ескерiлiп, маусымдық киiммен, iш киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз етiледi.
3. Сотталғандарды тамақпен және материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Сотталған адамдар мемлекет есебiнен тамақпен, киiммен және бiрiншi кезекте қажеттi заттармен қамтамасыз етiледi. Сотталғандарды еңбекке тартушы кәсiпорындардың қаражаты есебiнен оларға белгiленген нормадан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкiн.
4. 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Жүктi әйелдерге, бала емiзушi аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ аурулар мен I және II топтағы мүгедектерге жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтың көтерiңкi нормасы белгiленедi.
6. 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара).
7. Тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға рұқсат етiлетiн, осы Кодекстiң 83, 117, 119, 121, 127,
129-баптарында белгiленген ақша сомасынан тыс сотталғандардың жеке шоттарындағы қаражаттан түзеу мекемелерiнде пайдалануға рұқсат етiлген аяқкиiм мен киiмдi, оның iшiнде спорттық киiмдi қосымша сатып алуына, қосымша емдеу-профилактикалық және өздерiнiң қалауы бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген өзге де қосымша қызметтерге ақы төлеп, медициналық көрсету бойынша қажеттi диеталық тамақ алуына болады.
96-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзушi сотталған аналарды және балалары бар сотталған әйелдердi материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi
1. Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан түзеу мекемелерiнде балалар үйлерi ұйымдастырылуы мүмкiн. Түзеу мекемелерiнiң балалар үйлерiнде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiледi. Сотталған әйелдер түзеу мекемелеріндегі балалар үйлерiне өздерiнiң үш жасқа дейiнгi балаларын орналастырып, олармен жұмыстан бос уақытында шек қоюсыз бiрге бола алады. Оларға балаларымен бiрге тұруға рұқсат берiлуi мүмкiн.
2. Сотталған әйелдердiң келісімiмен олардың балалары туған-туыстарына немесе қорғаншы және қамқоршы органдардың шешiмi бойынша өзге адамдарға берiлуi не балалары үш жасқа толған соң тиiстi балалар мекемелерiне жiберiлуi мүмкiн.
3. Егер түзеу мекемесiнiң балалар үйіндегі бала үш жасқа толса, ал анасының жазасын өтеу мерзiмiнiң аяқталуына бiр жылдан аспайтын уақыт қалса, емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi баланың балалар үйiнде болу уақытын анасының жазасын өтеу мерзiмi аяқталған күнге дейiн ұзарта алады.
4. Сотталған жүктi әйелдер мен бала емiзушi сотталған аналардың саны мен түр-түрi медициналық қорытындыда айқындалған қосымша азық-түлiк посылкалары мен сәлемдемелерiн алуына болады. Сотталған жүктi әйелдер, сотталған әйелдер тууы уақытында және туғаннан кейiнгi кезеңде мамандандырылған көмек алуға құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 97-бап өзгертілді
97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз етiлуi
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу және медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және беріледі.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактика мекемелері (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулезді емдеу ауруханалары, медициналық пункттер), ал туберкулезбен ауыратын сотталған адамдарды үстау және емханада емдеу үшін емдеу қүқығындағы түзеу мекемелері үйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлімінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталғандардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн, белгiленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуы үшiн жауапты болады.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жеке және жалпы гигиена ережелерiн, санитария талаптарын орындауға мiндеттi.
5. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдалану және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тарту тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген шетелдік қайтыс болған жағдайда мекеменің әкімшілігі бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге өкілдігіне дереу жазбаша түрде хабарлайды.
98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық жауаптылығы
1. Жазасын өтеу уақытында мемлекетке, түзеу мекемесiне немесе заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауапты болады.
2. Сотталушы мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрген залалын, қашып шығушыны тыюға, сондай-ақ өзiнiң денсаулығына қасақана зиян келтiрiлген жағдайда өзiн емдеуге байланысты қосымша шығындарды өтеуге тиiс.
3. Келтiрiлген материалдық залал үшiн дұрыс ұсталмаған сома сотталушының жеке шотына есептелiп, оған қайтарылуға жатады.
14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі,
кәсіптік білімі және кәсіптік даярлығы
99-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегi
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәрi түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген орындар мен жұмыстарда еңбек етуге мiндеттi. Сотталғандар өздерiн тиiстi күзетпен және оқшаулаумен қамтамасыз еткен жағдайда түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында, мемлекеттік кәсiпорындарда немесе өзге де меншiк нысанындағы кәсiпорындарда жұмысқа тартылады. Сотталғандар дербес еңбек қызметiмен айналысуға құқылы.
2. Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жұмыстан бас тарту немесе жұмысты тоқтату жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылық болып табылады және жазалау мен материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғуы мүмкiн.
3. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды жынысын, жасын, еңбекке қабiлетi мен мүмкiндiгiнше мамандығын ескере отырып, еңбекке орналастырады.
4. Сотталған еркектер мен әйелдер, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер еңбекке Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тартылады.
5. Жазасын түрмеде өтеушi сотталғандардың еңбегi түрме аумағында ғана ұйымдастырылады.
6. Сотталғандар тартылатын өндiрiстiк қызмет оларды оқшаулау мен күзету талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады және түзеу мекемелерiнiң негiзгi мiндетiн - сотталғандарды түзеудi орындауына кедергi келтiрмеуге тиiс.
7. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен қызметтер тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi.
8. Түзеу мекемелерiнiң ұйымдарында еркiн жалданатын инженер-техника қызметкерлер мен біліктi жұмысшылардың еңбегiн пайдалануға жұмыс iстеушi сотталғандар санының 15 процентiне дейiнгi шекте жол берiледi.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегiнiң жағдайлары
1. Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеушi адамдар үшiн апталық жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген нормадан аспауы керек. Жұмыстың (ауысымның) басталу және аяқталу уақыты әкiмшiлiк белгiлейтiн ауысымдылық кестесiмен айқындалады. Сотталғандар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмыстан босатылады.
2. Сотталғандарды демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту қажет болған кезде оларға ай iшiнде басқа күндерi демалыс берiледi.
3. Сотталғандардың орындайтын жұмысының сипаты ескерiлiп, тәрбиелеу колонияларын қоспағанда, жұмыс уақытын жинақтап есептеуге жол берiледi. Есептi кезеңдегi жұмыс уақытының орташа ұзақтығы заңмен белгiленген күн сайынғы жұмыс ұзақтығынан аспауға тиiс.
4. Тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеушi сотталғандардың жұмыс күнiнiң ұзақтығы, оларға апта сайынғы демалыс күндерiнiң, сондай-ақ өндiрiстен қол үзбей жалпы білім беретiн мектепте үлгерiмдi оқушы адамдарға жеңiлдiктердiң берiлуi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
5. Сотталғандардың ақы төленетiн еңбекке тартылу уақыты олардың еңбек стажына есептеледi. Жұмыс iстелген уақыттың есебiн жүргiзу жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгiне жүктеледi және ол күнтiзбелiк жылдың қорытындысы бойынша жүргiзiледi. Сотталушы белгiленген тапсырмаларды атқарудан ұдайы жалтарған жағдайда уақыттың тиiстi кезеңi жазаны атқарушы мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша сот шешiмiмен оның жалпы еңбек стажынан алынып тасталады.
6. Сотталған адамдардың ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар. Демалыстар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес түзеу мекемесінің шегінен тысқары шығатындай немесе шықпайтындай етіп беріледі.
7. Сотталған адамдарға:
1) ауыр жұмыстарға, зиянды (аса зиянды) және (немесе) еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарға қамтылғандарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн ақы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары беріледі.
8. Сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленген еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өндiрiстiк санитария ережелерiн сақтай отырып ұйымдастырылады.
101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегiне ақы төлеу
1. Сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбегiне ақы төленуге құқығы бар.
2. Жұмыс уақытының сол кезеңге белгiленген нормасын толық iстеген және өздерiнiң еңбек мiндеттерiн (еңбек нормаларын) орындаған сотталғандардың айлық жалақысы белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауы керек.
3. Толық емес жұмыс күнiнде немесе толық емес жұмыс аптасында еңбекке ақы төлеу жұмыс iстеген уақытқа пропорциялы түрде немесе iстелген жұмысқа қарай жүргiзiледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 102-бап өзгертілді
102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегiне ақы төленбейтiн жұмыстарға тарту
1. Сотталғандар тек түзеу мекемелерiн және оларға жапсарлас аумақтарды көркейту жөніндегі, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыстарға ғана еңбегiне ақы төленбей тартылады. Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстің 111-бабында көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
2. Сотталғандар бұл жұмыстарға әдетте жұмыс уақытынан тыс кезде кезектілік тәртібімен тартылады және оның ұзақтығы аптасына екi сағаттан аспауға тиiс. Сотталғандардың қалауы бойынша жұмыстың ұзақтығы арттырылуы мүмкiн.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 103-бап жаңа редакцияда
103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кірісінен ұстап қалу
Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейін оларға есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кірістерінің кемінде елу проценті аударылады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен ; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді
104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсiптiк білім беру және оларды кәсiптiк даярлау
1. Түзеу мекемелерiнде кәсiбi (мамандығы) жоқ сотталғандарды сол мекемеде немесе босанған соң сотталушы жұмыс iстей алатын техникалық және кәсіптік білім беру немесе кәсiптiк даярлау жүзеге асырылады.
2. Жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген I және II топтағы мүгедектер, 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдер кәсiптiк даярлауға тартылуы мүмкiн.
3. Сотталғандардың кәсiптiк білім алу мен кәсiптiк даярлауға көзқарасы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
4. Сотталған адамдарға кәсiптiк бiлiм беруді және оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
15-тарау. Бас бостандығына айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 105-бап өзгертілді
105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы оларды түзеуге, сотталғандардың қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын, еңбекке адал көзқарасын қалыптастыруға, заңдардың талаптарын және қоғамда қабылданған басқа да мiнез-құлық ережелерiн сақтауға, сотталғандардың білімiн, олардың білім және мәдени деңгейiн арттыруға және одан әрi дамытуға бағытталған.
2. Сотталғандардың жүргiзiлген тәрбие шараларына қатысуы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде ескерiледi.
3. Түзеу мекемесiнiң күн тәртібінде сотталғандардың қатысуы мiндеттi тәрбие шаралары көзделуi мүмкiн.
4. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргiзiледi.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 106-бап өзгертілді
106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, нысандары мен әдiстерi
1. Түзеу мекемелерiнде адамгершiлiк, құқықтық, еңбек, дене тәрбиесi, сондай-ақ оның сотталғандарды түзеу мақсатына жетуге жағдай тудыратын басқа түрлерi жүргiзiледi.
2. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 107-бап өзгертілді
107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары
1. Сотталғандардың өзiн-өзi басқару элементтерiн дамыту мақсатында түзеу мекемелерiнде сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары ерікті негізде құрылады, олар түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң бақылауымен жұмыс iстейдi.
2. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарына қатысуы түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
3. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мiндеттерi мыналар болып табылады: қоғамға пайдалы бастамаларды ынталандыру және сотталғандардың түзелуiне ықпал жасау; еңбектi, тұрмысты және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерiн шешуге қатысу; тәртiп пен реттіліктi қолдауда әкiмшiлiкке жәрдемдесу, сотталғандар арасында салауатты өзара қатынасты қалыптастыру; сотталғандарға және олардың туған-туысқандарына әлеуметтiк көмек көрсету.
4. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мүшелерi қосымша жеңiлдiктер мен артықшылықтарды пайдаланбайды. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдары мен олардың мүшелерi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң өкiлеттiктерiне ие бола алмайды.
5. Сотталған адамдардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Түзеу мекемелерiнде өзiн жақсы көрсеткен сотталғандардың арасынан мекеме ұжымдары мен топтарының кеңестерi құрылады. Түзеу мекемелерiнде қызметi жазаны атқарудың мақсатына, тәртібі мен ережелерiне қайшы келмесе, сотталғандардың өзге де өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылуы мүмкiн.
7. Түрмелерде және камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандар арасында өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылмайды.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 108-бап өзгертілді
108-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру
1. Түзеу мекемелерiнде 30 жасқа толмаған сотталғандардың мiндеттi бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы ұйымдастырылады.
2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен I және II топтағы мүгедектер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.
3. Емтихан тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады.
4. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға ұмтылысы көтермеленедi және олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
5. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға тартылмайды. Оларға өздiгiнен білімiн көтеру үшiн жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайлар жасалады.
6. Мектептердiң педагогикалық ұжымдары тәрбие жұмысында түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне көмек көрсетедi.
7. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Сотталғандарға жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, өзiне-өзi қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбие шараларына белсене қатысқаны үшiн мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн:
алғыс жариялау;
сыйлықпен марапаттау;
сыйақы беру;
қосымша посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат беру;
қосымша қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат беру;
жүкті әйелдерді, жанында балалары бар әйелдерді, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндері тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау.
2. Колония-қоныстарда жазасын өтеушi сотталғандарға, осы баптың 1-тармағында аталған көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн колония-қоныстың шегiнен тыс жерде өткізуге рұқсат беру түрiнде көтермелеу шарасы қолданылуы мүмкiн.
3. Жақсы мiнездемелi сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн.
4. Құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, жәбірленушінің денсаулығы мен мүлкіне, мемлекетке келтірген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін, сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсынуы мүмкін.
5. Жақсы мiнездемелi сотталғандар жөнiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiш қозғалуы мүмкiн.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
1. Алғыс түріндегі көтермелеу ауызша немесе жазбаша, қалған көтермелеу - тек жазбаша қолданылады.
2. Сотталғандарға көтермелеу ретiнде жыл iшiнде қосымша төрт посылкаға немесе сәлемдемеге дейiн алуға рұқсат етiлуi және қосымша төрт қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесулер берiлуi мүмкiн.
3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алуға осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында аталған жазаларды өтей бастаған күнiнен үш айдан ерте жол берiлмейдi.
Бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарға қолданылмайды.
111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Сотталғандарға жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:
ескерту немесе сөгiс;
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде тәртiптiк айыппұл;
түзеу колонияларында немесе түрмелерде ұсталатын сотталғандарды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге айыптылық оқшаулау орнына шығару;
жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларында ұсталатын, жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушы сотталған еркектердi камералық үлгiдегi үй-жайларға, ал қатаң режимдегi колонияларда - алты айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру;
жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушы сотталған әйелдердi үш айға дейiнгi мерзiмге камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстыру.
2. Бас бостандығынан айыруды колония-қоныстарда өтеушi сотталғандарға жатақханалардан тыс тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос уақытта отыз күнге дейiн мерзiмге жатақхана шегiнен шығуға тыйым салу түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар болып табылатын сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 4-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 112-бап өзгертілді
112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзуы
1. Сотталған адамның еңбекақы төленбейтін жұмыстан негізсіз бас тартуы; алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануы; ұсақ бұзақылық; түзеу мекемесі әкімшілігінің өкілдерін қорқытуы немесе оларды қорлауы не оларға бағынбауы, соның ішінде өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан оларға бағынбауы; түзеу мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілмеген нәрселерді жасауы, сақтауы немесе беруі (алуы); құмар ойындарға қатысуы; сот тағайындаған міндетті емделуден жалтаруы; емдеу-профилактикалық мекемесінің ішкі тәртіп ережелерін бұзуы; ереуілдер немесе өзге де топтасып бағынбауларды ұйымдастыруы, сол сияқты оларға белсене қатысуы; жыныстық сипаттағы лайықсыз іс-әрекеттерді жасауы; осы бапта көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталған адамдар топтарын ұйымдастыруы немесе оларға белсене қатысуы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзуы болып табылады.
2. Алты ай iшiнде айыптық, тәртiптiк оқшаулау орнына, камералық үлгiдегi үй-жайларға не жалғыз адамдық камераға шығару түріндегі жазаға тартылған сотталушының жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін өзге қайталап бұзушылығы қасақана бұзушылық деп танылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзіне осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында және 132-бабында көзделген сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не сотталған еркектерді камералық үлгідегі үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшіру, сотталған әйелдерді камералық үлгідегі үй-жайларға көшіру сияқты жазалау шаралары тағайындалған жағдайда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.
4. Сотталушы түзеу мекемесi бастығының қаулысымен, айып салумен бiрге тағайындалған жазаны өтеудiң тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 113-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 113-бап өзгертілді
113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану кезiнде тәртiп бұзуды жасаудың мән-жайы, сотталушының жеке басы және бұрынғы мiнез-құлқы ескерiледi. Қолданылатын жаза әрекеттiң ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс. Жаза әрекет анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал тексеру жүргiзiлген болса - оның аяқталған күнiнен бастап, бiрақ әрекет жасалған күннен үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады. Жаза әдетте, дереу орындалады және тек ерекше жағдайларда ғана - оны қолданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалады. Бiр тәртiп бұзушылық үшiн бiрнеше жаза қолдануға тыйым салынады.
2. Ескерту немесе сөгiс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша, ал қалған жазалар - тек жазбаша қолданылады. Жаза түзеу мекемесi бастығының немесе оның орнындағы адамның қаулысымен қолданылады.
3. Тәртiптiк айыппұл түріндегі жаза осы Кодекстiң 112-бабының 1-тармағында келтiрiлген жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн ғана қолданылады. Қаулы сотталушыға қол қойдырылып жарияланады. Айыппұлдың өндiрiп алынған сомасы республикалық бюджетке аударылады.
4. Сотталушыны камералық үлгiдегi үй-жайға және жалғыз адамдық камераға көшiру онда ұстаудың мерзiмi көрсетіліп жүргiзiледi. Сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не камералық үлгідегі үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру оларды айып, тәртіп изоляторында, камералық үлгідегі үй-жайда немесе жалғыз адамдық камерада ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.
5. Камералық үлгiдегi үй-жайға көшiрiлген сотталушыға камералық үлгiдегi үй-жайға көшiруден басқа жазаның барлық шаралары қолданылуы мүмкiн.
6. Колонияның балалар үйiнде емiзулi балалары бар әйелдер, жүктілігi және тууы бойынша жұмыстан босатылған әйелдер айыптық оқшаулау орнына және камералық үлгiдегi үй-жайларға көшiрiлмейдi.
7. Егер сотталушы тәртiптiк жазаны өтеу күнiнен бастап алты ай iшiнде жаңа жазаға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп саналады, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам олай деп саналмайды.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау ережелерi
1. Айыптық оқшаулау орнына көшiрiлген бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерiн сатып алуына, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға тыйым салынады. Олардың күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейiлдеуге құқығы бар.
2. Жазалау тәртібімен камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандардың:
ай сайын тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығын өтеу кезеңiнде тапқан қаражатынан төрт айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
алты ай iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме мен бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға;
түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен алты айдың iшiнде бiр қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар.
қажетті медициналық көмек алуға;
3. Айыптық оқшаулау орнына шығарылған, камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандар басқа сотталғандардан бөлек жұмыс iстейдi.
4. Сотталғандар айыптық оқшаулау орындарынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан немесе жалғыз адамдық камералардан қылмыстық атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерiне, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелеріне көшiрiлген жағдайда олардың аталған емдеу мекемелерiнде болу мерзiмi жазаның өтеу мерзiмiне есептеледi.
115-бап. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
1. Осы Кодекстiң 109 және 111-баптарында атап өтiлген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар пайдаланады.
2. Топ бастықтарының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар:
алғыс жариялау;
жылына қосымша бiр посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат ету;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету;
топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу.
3. Топ бастықтарының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар: ескерту немесе сөгiс.
16-тарау. Алуан түрлі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 116-бап өзгертілді
116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары
1. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазасын өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтегенi бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзiмiнiң жартысын жеңiлдетiлген жағдайларда кемiнде үш айын өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бүзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.
5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмысы үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде алты айдан ерте жүргiзiлмейдi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
8. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде
жұмсауға;
жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын сегiз есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде он екi посылка немесе сәлемдеме және он екi бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға бостандықтағы өмiрге ойдағыдай бейiмделуi мақсатында түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясы шегiнен тыс қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туыстарымен кездесу құқықтары шектелмейдi.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабық үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ғана жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 118-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары
1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде тоғыз айын өтеу бойынша еңбекке адал қараған жағдайда жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен екісі мен кемiнде үш айын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі.
5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
6. Ұстаудың қатаң жағдайларын дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде тоғыз айдан ерте жүргiзiлмейдi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
8. Қатаң режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазаларын өздерiне көшiрiлгенге дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жетi айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясының шегiнен тыс жерде қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туысқандарымен кездесу құқығы шектелмейдi.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабылатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде еңбекпен тапқан қаражатын ғана жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және бiр ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағат күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 120-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары
1. Айрықша режимдегi түзеу колонияларындағы дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған, еңбекке адал қараған жағдайда дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
3. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайғакөшіріледі.
4. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар мен аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады.
5. Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған жағдайда бiр жылдан ерте жүргiзiлмейдi.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2 және 5-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 121-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
121-бап. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екi айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Ұстаудың жеңiлдетiлген жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бес айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Ұстаудың қатаң жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар камералық үлгiдегi үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ай сайын жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге;
жыл iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме және бiр бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайын сейiлдеуге рұқсат етiледi.
122-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колониялары
Ерекше режимдегi түзеу колонияларында өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ кешiрiм жасау тәртібімен өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын басқа сотталғандардан бөлек өтейдi.
123-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
1. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларға екi адамнан артық орналастырылмайды. Сотталғандардың өтiнiшiмен және өзге де қажеттi жағдайларда түзеу колониясы бастығының қаулысы бойынша сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда олар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн. Аталған сотталғандардың еңбегi сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескерiле отырып ұйымдастырылады.
2. Сотталғандардың ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеуге құқығы бар. Сотталушының мiнез-құлқы үлгiлi және мүмкiндiк болған жағдайда сейiлдеу уақыты екi сағатқа дейiн арттырылуы мүмкiн.
3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында орналастырылады. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында кемiнде он жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 5-тармағында аталған негiздер бойынша жүргiзiледi.
4. Сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларында кемiнде 10 жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 2-тармағында аталған негiздер бойынша жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
5. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған, жазасын дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына көшiрiледi. Жазаны өтеудiң дағдылы не жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
6. Сотталғандардың дағдылы, жеңiлдетiлген және қатаң жағдайларда жазаны өтеудiң тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердiң саны мен түрiне, посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың санына қатысты бөлiгіндегі тәртібі осы Кодекстiң 121-бабымен белгiленедi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 124-бап өзгертілді
124-бап. Колония-қоныстар
1. Абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар колония-қоныстарда жазасын өтейді; жақсы мiнездемелi сотталғандарға арналған колония-қоныстарда осы Кодекстiң 73-бабында көзделген тәртiппен жалпы және қатаң режимдердегi колониялардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Колония-қоныстардың екi түрiнде де дәл сол жағдайларда бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтейдi.
3. Сотталған еркектер мен сотталған әйелдер бiр колония-қоныста ұсталуы мүмкiн. Қатысып қылмыс жасап сотталғандар бас бостандығынан айыруды, әдетте, бөлек өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 125-бап өзгертілді
125-бап. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар колония-қоныстарда:
күзетсiз, бiрақ колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң қадағалауында болады; түзеу мекемесінің ішкі тәртібі ережелерiмен ұйқыға бөлiнген уақыттан басқа кезде колония-қоныс аумағы шегінде еркiн жүрiп-тұру құқығын пайдаланады; колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен егер олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесіне іргелес аумақ шекаралары шегінде қадағалаусыз жүрiп-тұра алады; азаматтық киiм киiп жүре алады; өзiнде ақша мен бағалы заттар ұстай алады; ақшаны шек қоюсыз пайдаланады; посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алады; санына шек қойылмай кездесе алады;
әдетте өздерiне арналған жатақханаларда тұрады. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзуға жол бермеген және отбасы бар сотталғандарға колония-қоныс бастығының қаулысы бойынша түзеу мекемесіне іргелес аумақта, не колония-қоныс орналасқан елді мекен шегінде жалға алған немесе өзiнiң тұрғын алаңында отбасымен тұруына рұқсат етiлуi мүмкiн. Аталған сотталғандар тiркелу үшiн колония-қонысқа айына төрт ретке дейiн келуге мiндеттi. Тiркелу кезеңi колония-қоныс бастығының қаулысымен белгiленедi. Сотталғандар тұратын тұрғын үй-жайларда колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң өкiлi кез келген уақытта бола алады;
сотталушының жеке басын куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжаты болады. Сотталушының жеке басының куәлiгi, төлқұжаты мен басқа да жеке құжаттары олардың жеке iстерiнде сақталады.
2. Сотталғандарға тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленген нәрселер мен заттарды колония-қоныс аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.
3. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа көшіруді қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Сотталған адаммен еңбек шартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс беруші колония-қоныс әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асыра алады.
3-1. Колония-қоныс әкімшілігі сотталған адамдарды түзеу мекемесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, сотталған адам әкімшіліктің рұқсатымен колония-қоныс шегінен тыс, бірақ колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан ұйымдарға колония-қоныс әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттардың негізінде және сотталған адамдарды тиісінше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Сотталған адамдар дара еңбек қызметімен айналыса алады.
Колония-қоныс әкімшілігі мынадай жағдайларда:
қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
оны босату кезінде;
төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде;
сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғанда;
жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерін орындамағанда сотталған адамды жұмыс объектісінен шақыртып алуға міндетті.
4. Сотталғандарға колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта білімнен кейінгі ұйымдарда сырттай оқуға рұқсат етiледi.
ҚР 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен 126-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
126-бап. Түрмелер
1. Түрмелерде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ жалпы, қатаң және ерекше режимдердегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге түрмеге көшiрiлген сотталғандар, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады. Түрмелерде сондай-ақ осы Кодекстiң 72-бабында көрсетiлген негiздер бойынша сондағы сотталғандар ұсталуы мүмкiн.
2. Түрмелерде жалпы және қатаң режимдер белгiленедi.
3. Қатаң режимде осы түзеу мекемесiне келiп түскен сотталғандар мен жалпы режимнен көшiрiлген сотталғандар ұсталады.
4. Сотталған жүктi әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдердi, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер болып табылатын сотталғандарды қатаң режимде ұстауға болмайды.
5. Қатаң режимге жазалау мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жалпы режимге көшiрiлуi мүмкiн.
6. Жалпы режимде жазасын өтеушi, жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң режимге көшiрiледi. Жалпы режимге қайта көшiру осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 127-бап өзгертілді
127-бап. Түрмелерде бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар түрмелерде жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандар қажет болған жағдайларда түрме бастығының дәлелдi қаулысы бойынша және прокурордың келісімiмен жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн.
2. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыру осы Кодекстiң 75-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi. Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар басқа сотталғандардан оқшау, жалғыз адамдық камераларда ұсталады. Сонымен бiрге жалпы және қатаң режимдегi сотталғандар бөлек ұсталады. Бiр түзеу мекемесiнен екiншiсiне ауыстырылған сотталғандар, шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн түрмеде қалдырылған сотталғандар басқа сотталғандардан оқшау және бөлек ұсталады.
3. Түрмелерде ұсталатын сотталғандардың сейiлдеуi камера бойынша күндiзгi уақытта арнайы жабдықталған түрме аумағы бөлiгiнiң ашық ауласында жүргiзiледi. Сотталғанның сейiлдеуi ол iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Жалпы режимдер жазасын өтеушi сотталғандарға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге және екi ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға;
ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
5. Жазасын қатаң режимде өтеушi сотталғандарға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бiр айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге;
жыл iшiнде бiр посылка мен бiр бандероль алуға;
ұзақтығы бiр сағаттық сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
17-тарау. Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаны өтеу ерекшеліктері
128-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртібі
1. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң дағдылы, жеңiлдетiлген, жеңiлдiктi және қатаң жағдайлары белгiленедi.
2. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына тәрбиелеу колонияларына келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң, жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.
3. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және еңбек пен оқуға адал қараған кезiнде сотталғандар:
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алғаш рет өтеушi еркек жынысты адамдар, сондай-ақ әйел жынысты сотталған адамдардың барлық санаты - дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде үш айын өтеуi бойынша;
бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген еркек жынысты адамдар - дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтеуi бойынша дағдылы жағдайлардан жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
4. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi, жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген жағдайларға қайта көшiру осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар шартты-мерзiмiнен бұрын босатылуға әзiрленуi үшiн жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiледi.
6. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандар жеңiлдетiлген немесе дағдылы жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдiктi жағдайларға қайта көшiру жеңiлдетiлген жағдайларға оралғаннан кейiн алты айдан ерте жүргiзiлмейдi.
7. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайлардан үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қатаң жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн.
8. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар жазаның алғашқы алты айын қатаң жағдайларда өтейдi, бұдан соң жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде олар дағдылы жағдайларға көшiрiледi.
9. Сотталғандарды жазаны өтеудiң бiр жағдайынан екiншiсiне көшiрудi колонияның оқу-тәрбие кеңесiнiң ұсынуы бойынша колония бастығы жүргiзедi, бұған топ тәрбиешiлерi кеңесiнiң ұсынуы бойынша жүргiзiлетiн дағдылы жағдайдан жеңiлдетiлген жағдайға көшiру қосылмайды.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 129-бап өзгертілді
129-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жеті айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде сегіз қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде он посылка немесе сәлемдеме және он бандероль алуға рұқсат етiледi.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын он екі айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде он бес қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етiледi. Тәрбиелеу колониясы әкiмшiлiгiнiң рұқсаты бойынша ұзақ уақыт кездесулердi тәрбиелеу колониясынан тыс жерде өткізуге болады;
жыл iшiнде он төрт посылка немесе сәлемдеме және он төрт бандероль алуға рұқсат етiледi.
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандар әдетте күзетсiз, бiрақ қадағаланып, тәрбиелеу колонияларынан тыс жерлерде жақсартылған тұрғын үй-жайларда тұрады. Оларға:
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға жеке шоттарындағы қаражатты шектеусiз жұмсауға;
ақшаны пайдалануға;
посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдарды шектеусiз алуға;
шектеусiз қысқа мерзiмдi кездесулерге, сондай-ақ жыл iшiнде колониядан тыс тұрып алты ұзақ уақыт кездесуге;
азаматтық үлгiдегi киiм мен аяқ киiмдi пайдалануға рұқсат етiледi.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар оқудан немесе жұмыстан бос уақытында жабылатын оқшауланған тұрғын үй-жайларда тұрады.
Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
жыл iшiнде алты қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт кездесуге;
жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi.
130-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын көтермелеу шаралары
Жақсы мiнез-құлқы, оқу мен еңбекке адал қарағаны, өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк шараларға белсене қатысқаны үшiн осы Кодекстiң 109-бабында көзделгендермен қатар сотталғандарға мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:
колония қызметкерлерi ертiп жүрiп, тәрбиелеу колониясынан тыс жердегi мәдени ойын-сауық және спорт шараларына бару құқығын беру;
ата-аналары немесе басқа жақын туыстары ертiп жүрiп, колониядан тыс жерге шығу құқығын беру;
тәртiптiк оқшаулау орнынан мерзiмiнен бұрын босату.
131-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында көтермелеу шараларын қолданудың ерекшелiктерi
1. Көтермелеу ретiнде колония қызметкерлерi ертiп жүрiп, тәрбиелеу колониясынан тыс жердегi мәдени ойын-сауық және спорт шараларына бару немесе ата-аналары немесе басқа жақын туыстары ертiп жүрiп, колониядан тыс жерге шығу құқығы берiлген сотталғандарға өздерiне тиесiлi азаматтық үлгiдегi киiм берiледi.
2. Көтермелеу ретiнде түнгi уақытта өткiзiлетiн мәдени ойын-сауық, спорт және өзге де шараларға баруға жол берiлмейдi.
3. Колониядан тыс жерге шығудың ұзақтығын колонияның бастығы белгiлейдi, бiрақ бұл сегiз сағаттан аспауы керек.
132-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын жазалау шаралары
Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн сотталғандарға осы Кодекстiң 111-бабында көзделгендермен қатар мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:
бiр ай бойы кинофильмдер көру құқығынан айыру;
оқуға шығарып, жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртiптiк оқшаулау орнына орналастыру.
133-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында жазалау шараларын қолданудың тәртібі
1. Тәртiптiк оқшаулау орнына шығарылған сотталғандарға ұзақ уақыт кездесулерге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға, стол ойындарын пайдалануға және темекi тартуға тыйым салынады. Олар ұзақтығы екi сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға құқылы.
2. Тәртiптiк оқшаулау орнына шығарылған сотталғандарға тәртiптiк оқшаулау орнынан шығарудан басқа барлық жазалау шараларын қолдануға болады.
3. Сотталушыны тәртiптiк оқшаулау орнынан мерзiмiнен бұрын босатуды көтермелеу шарасы ретiнде осы жазалауды қолданған адам шешедi, сондай-ақ медициналық көрсеткiштер бойынша шешiледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
134-бап. Сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданушы тәрбиелеу колониясының лауазымды адамдары
1. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын тәрбиелеу колониясының бастығы немесе оның орнындағы адам толық көлемiнде пайдаланады.
2. Топтардың бастықтары мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқылы:
алғыс жариялау;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету;
топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу.
3. Бөлiмшелердiң тәрбиешiлерi мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқылы:
алғыс жариялау;
бөлiмше тәрбиешiсiнiң бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу.
4. Топтардың бастықтары мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы:
ескерту немесе сөгiс;
бiр ай бойы кинофильмдер көру құқығынан айыру.
5. Бөлiмшелердiң тәрбиешiлерi мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы:
ескерту немесе сөгiс.
135-бап. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру
1. 18 жасқа толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, тәрбиелеу колонияларында қалдырылады, бiрақ олар әрi дегенде 20 жасқа толғанға дейiн болады.
2. 18 жасқа толған және тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандарға сотталған кәмелетке толмағандар үшiн жазаны өтеудiң жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады. 18 жасқа толған адамдардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
3. 18 жасқа толған сотталғандарды тәрбиелеу колониясында қалдырушы колония бастығының ұсынысы бойынша сот жүргiзедi.
136-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларынан түзеу колонияларына ауыстыру
1. 18 жасқа толған, өзiн терiс жағынан көрсеткен сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылуы мүмкiн.
2. 18 жасқа толған сотталушыны түзеу колониясына ауыстыру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен сот қабылдайды.
3. 20 жасқа толған барлық сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясы бастығының қаулысымен тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 137-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
137-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу және оларды өз бетiнше өмiр сүруге даярлау мақсатында сотталғандардың бойында заңды бұзбау мiнез-құлқын, еңбек пен оқуға адал қарауды қалыптастыруға, кәсiптiк даярлауға, білімi мен мәдени деңгейiн көтеруге бағытталған бiрыңғай оқу-тәрбие процесi ұйымдастырылады.
2. Тәрбие жұмысы әрбiр сотталушының жеке басының дара ерекшелiктерi мен бостандықта өмiрге ойдағыдай үйренiсуi ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы мен кәсiптiк даярлануы тәрбиелеу колониясының кешкi мектептерi мен кәсiпорындары негiзiнде жүзеге асырылады.
138-бап. Тәрбиелеу колонияларының жұмысына қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы
1. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайту iсiне, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыста жайғастыру мәселелерiн шешуде колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету үшiн тәрбиелеу колониясының жанынан мемлекеттік кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өкiлдерiнен қамқоршылық кеңесi құрылады.
Қамқоршылық кеңесiн ұйымдастыру мен оның қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережемен регламенттеледi.
2. Сотталғандарға тәрбие ықпалының тиiмдiлiгiн арттыру және колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету мақсатында тәрбиелеу колониясында топтардың жанынан сотталғандардың ата-аналары мен басқа да жақын туыстарынан ата-аналар комитетi құрылуы мүмкiн. Ата-аналар комитеттерiнiң қызметi тәрбиелеу колониясының бастығы бекiтетiн ережемен реттеледi.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлімнің тақырыбы өзгертілді
5-Бөлім. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты
әскери қызмет бойынша шектеу, гауптвахтада ұстау түріндегі жазаларды атқару
18-тарау. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқару
139-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен ережелерi
1. Соттың үкіміне сәйкес әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны атқару туралы өкiм келiп түскен соң үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметшi қандай негiзде және қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi түсiндiрiледi. Сонымен бiрге сот үкіміне сәйкес сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде тиiстi бюджетке қандай мөлшер ұсталып қалатыны көрсетiледi. Бұйрық әскери бөлiмде жарияланады, сотталған әскери қызметшiнiң назарына жеткiзiледi және атқаруға қабылданады.
2. Үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күн мерзiмде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
140-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен ұстап қалу
Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен соттың үкімімен белгiленген ұстап қалу лауазымдық айлықақысынан, әскери атағы бойынша үстемеақысынан, ай сайынғы және өзге үстемеақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерiнен есептеледi.
141-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн өзгерту
1. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшiнiң жазаны атқару тәртібінде соттың үкімімен белгiленген мерзiм iшiнде лауазымын жоғарылатуға болмайды.
2. Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкiн болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады, бұл туралы үкiмдi шығарған сотқа хабарланады.
142-бап. Сотталған әскери қызметшiмен тәрбие жұмысы
Сотталған әскери қызметшiмен әскери бөлiмнiң командирi жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесiн, сотталған әскери қызметшiнiң жеке басын, сондай-ақ оның мiнез-құлқы мен әскери қызметке көзқарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi.
143-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқарудың тоқтатылуы
Соттың үкімімен және әскери бөлiм бойынша жарияланған бұйрықпен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей әскери бөлiмнiң командирi әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаның атқарылуын тоқтату туралы оның тоқтатылатын күнi көрсетiлген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшiрмесi үкiмдi шығарған сотқа жiберiледi.
144-бап. Әскери қызметтен босатылатын сотталған әскери қызметшiнi әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазадан босату немесе оны ауыстыру
Соттың үкімімен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметшi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жолдайды.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 19-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты гауптвахтада ұстауды атқару
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 145-бап өзгертілді
145-бап. Әскери қызметшiлердiң гауптвахтада ұстауды өтеу орындары
Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны гаупвахтада өтейдi. Офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi өзге негiздер бойынша гаупвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден бөлек және жеке ұсталады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 146-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
146-бап. Сотталғандарды гаупвахтаға жiберу тәртібі
Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны өтеу үшiн үкiмдi атқару туралы соттың өкімі алынғаннан кейiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен үш күн мерзiмде гаупвахтаға жiберiлуге тиiс.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-бап. Сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі мен шарттары
1. Гауптвахтада ұстауға сотталғандар құлыпталатын жалпы камераларда қатаң оқшаулау жағдайында жазасын өтейді. Еркектер мен әйелдер бөлек орналастырылады. Гауптвахтада ұстау түріндегі жазаны орындау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі әскери жарғыларда айқындалады. Гауптвахтада ұстауға сотталғандардың айдауылсыз жүруіне тыйым салынады.
2. Гауптвахтада ұстау түріндегі жазаға сотталғандарға:
өздерінің жеке шоттарындағы қаражатын ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті затарды сатып алуға жұмсауға;
бірінші кезекте қажетті затар мен маусымдық киім-кешек салынған посылкалар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға;
адвокаттармен кездесуге;
ұзақтығы кемінде бір жарым сағат болатын күнделікті серуен жасауға рұқсат етіледі.
Сотталғандарды әскери оқыту әскери қызметші жауынгерлік қызметін өткеріп жүрген уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылып, жүргізіледі. Сабақтарды өткізу үшін қажетті оқу-материалдық база жасалады.
3. Ерекше жеке мән-жайлар кезінде гауптвахтада ұстауға сотталғандарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілуі мүмкін.»
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
148-бап. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
1. Сотталғандарға үлгiлi мiнез-құлқы үшiн алғыс немесе бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу түрiнде көтермелеу шаралары қолданылады.
2. Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшiн сотталушыға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераға көшiру түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын гарнизонның бастығы пайдаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
149-бап. Сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
1. Гауптвахтада ұстау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беруге арналған еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.
2. Жазаны өтеу уақытында сотталушыны кезектi әскери атақ беруге, жоғары қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, бұған денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайлар қосылмайды.
3. Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейдi.
20-тарау. 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-Бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау
21-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың тәртібі мен жағдайлары
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 529-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 165-бап өзгертілді
165-бап. Жалпы ережелер
1. Өлiм жазасына сотталған адамды ұстаудың жағдайы оны күшейтiлген күзетпен және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш берген жағдайда үкiмнiң орындалуы Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда тергеушілік оқшаулау орнының әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт жасайды.
4. Сот үкімінiң заңды күшiне енуi, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртібімен соттың үкіміне қарсылық жасау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы және iстi қадағалау тәртібімен қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ақ кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталушының кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт өлiм жазасы түріндегі жазаны орындау үшiн негiз болып табылады.
5. Өлiм жазасы туралы үкiм ол күшiне енген кезден бастап ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II; 10.03.04 ж. № 529-II (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 166-бап өзгертілді
166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталушының заңда белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
2. Ол:
заңда көзделген тәртiппен қажеттi азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды ресiмдеуге;
заң көмегiн алуға және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен кездесуге;
қажеттi медициналық көмек алуға;
хаттарды шек қойылмай алуға және жiберуге;
зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бiр қысқа мерзiмдi кездесуге;
дiн қызметшiсiмен кездесуге;
күн сайын ұзақтығы отыз минут болатын сейiлдеудi пайдалануға;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қатаң режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы.
3. Өздерi жөніндегі сот үкімі заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау мәселесi шешiлмеген не кешiрiм жасау туралы өтiнiшi қанағаттандырылған өлiм жазасында сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн түзеу мекемесiне жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 123-бабында көзделген жағдайларда ұсталады.
4. Өздерi жөніндегі кешiрiм жасау туралы өтiнiш қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 127-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда ұсталады.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 167-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртібі
1. Өлiм жазасы жария етпей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiреуiне қатысты жеке және өзгелерi жоқта орындалады.
2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы атқарылатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер болады.
3. Сотталушының өлгенiн дәрiгер куәландырады. Сот үкімінiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қол қояды.
4. Жазаны атқарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа, сондай-ақ сотталған адамның зайыбына немесе жақын туыстарының бiрiне өлiм жазасының атқарылғаны туралы хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жерленген жерi туралы туыстарына жерленген кезден екi жыл өткен соң хабарланады.
5. Азаматтық хал актілерін жазу органына әкiмшiлiк белгiлеген үлгiде хабарлама жiбередi және туыстарына олардың өлуi туралы куәлiктi қайдан алуына болатын орынды хабарлайды.
7-Бөлім. Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден
босатылған сотталғандарға көмек және оларға бақылау жасау
22-тарау. Жазаны өтеуден босату
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 168-бап өзгертілді
168-бап. Жазаны өтеуден босатудың негiздерi
Жазаны өтеуден босатудың негiздерi мыналар болып табылады:
сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеу;
iс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе iс жүргiзудiң қысқартылуына байланысты сот үкімі күшiнiң жойылуы;
жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату;
жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру;
кешiрiм жасау немесе рақымшылық жасау;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбеде көзделген, сотталған адамның мүгедектігі немесе сырқаты;
заңда көзделген өзге де негiздер.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 169-бап өзгертілді
169-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртібі
1. 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1. Сотталған заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаны орындайтын орган бес күн мерзімде жазбаша түрде сотталғанға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы мәселені қарау немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазалаудың неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру үшін сотқа өтініш беру құқығының туындағаны туралы хабарлауға міндетті.
2. Кешiрiм жасауға ұсынылатын сотталушы жөнiнде жазаны атқарушы мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өтiнiш енгiзедi.
3. Сотталғанның жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы және кешiрiм жасау туралы өтінішіне жазаны орындайтын орган оның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбек пен оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса береді.
4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртібін рақымшылық жасау туралы актiнi шығарушы орган белгiлейдi.
5. Жүйке бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге медициналық комиссияның қорытындысы және сотталушының жеке iсi жолданады.
6. Ауыр сырқатқа байланысты жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге сотқа медициналық немесе медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының қорытындысы мен сотталушының жеке iсi жолданады. Ұсыныста сотталушының жазасын өтеу кезіндегі мiнез-құлқын сипаттайтын деректер болуға тиiс.
7. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамдар I және II топтағы мүгедек деп танылған жағдайда жазаны атқарушы мекеме немесе орган оны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыныс енгiзедi.
8. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған әйелдердiң жүктілігi анықталған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы сотқа жүктілігi мен тууы бойынша демалыс берген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс енгiзедi.
9. Сотталған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы өтініш бергеннен кейін он күннің ішінде, жазаны орындайтын орган осы баптың үшінші бөлігінде аталған материалдарды және сотталғанның жеке ісін қоса бере отырып, оны сотқа жіберуге, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
10. алып тасталды
11. Сот шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырудан бас тартқан жағдайда, осы негiздердiң кез келгенi бойынша қайта өтініш енгізу - бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап алты айдан ерте орын алмауы керек.
12. Шартты-мерзiмiнен бұрын босатылғандар, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталғандар, егер олар заңда көзделген жағдайларда түзеу мекемелерiне жiберiлген болса, жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағына ауыстыруды шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан бас тарту туралы сот шешiмi шығарылған күннен бастап ерте дегенде бiр жыл өткен соң қайта ұсынуға болады.
170-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынудың ерекшелiктерi
1. Өмiр бойы бас бостандығынан айырудан шартты-мерзiмiнен босату сотталушының алдыңғы үш жылдың iшiнде жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады.
2. Өмiр бойы бас бостандығынан өтеу кезеңiнде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты-мерзiмнен бұрын босатуға ұсынылмайды.
3. Сот сотталушыны шартты-мерзiмнен бұрын босатудан бас тартқан жағдайда сот бас тарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап ерте дегенде үш жыл өткен соң қайталап ұсыныс енгізу орын алуы мүмкiн.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) заңдарымен 171-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 171-бап өзгертілді
171-бап. Жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер жөнiнде жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру
1. Түзеу колониясында жазасын өтеушi жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге сот тиiсiнше бес жылға дейінгі, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге жазаның атқарылуын кейiнге қалдыруы мүмкiн.
2. Жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан артық мерзiмге сотталған адамдарға қолданылмайды.
3. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотқа сотталған адамға жазаны қолдануды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс немесе оның тиiстi өтiнiшiн жолдайды. Оған қылмыстық-атқару инспекциясы жасаған сотталған адамның мiнездемесi, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен туысқандарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актiсi, жүктілігi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке iсi қоса тiркеледi.
4. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотталған адам жөнiнде жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған соң оны босатады. Сотталған адамнан өзiнiң тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына барып жеткен күнiнен бастап үш күн мерзiмде баруы туралы қолхат алынады.
5. Сотталған адам тұратын жерiне мемлекет есебiнен өзi барады.
6. Босатылған күнiнде сотталған адамның тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына босатылған күнi көрсетіліп, жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы сот ұйғарымның көшiрмесi жiберiледi.
7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адам келген соң үш тәулiк iшiнде оны есепке алуға, босатылған орны бойынша түзеу колониясының жеке iсiн сұратуға мiндеттi және бұдан әрi оның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асырады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 172-бап өзгертілді
172-бап. Жазасын атқаруды кейiнге қалдыру ережелерiн сақтамаудың салдары
1. Сотталған адам, осы Кодекстiң 171-бабында көрсетiлгенiндей, босаған күнiнен бастап екi апта мерзiмде келмеген жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы белгiленген тәртiппен iздеу жариялайды.
2. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны атқаруды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған адам, егер өзi жөнiнде мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңiнде әкiмшiлiк жазалары не тәртiптілік немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылған болса, не егер бұл адам баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, қылмыстық атқару инспекциясы жазбаша ескерту жасайды.
3. Егер сотталған адам баласынан бас тартса, не жасырынса немесе баланы тәрбиелеуден, немесе қылмыстық-атқару инспекциясы шығарған екi мәрте жазбаша ескертуден кейiн қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырса, инспекция сотқа оның тұрғылықты жерi бойынша жазаны атқаруды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталған адамды сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзедi. Ұсынысқа жазаны атқаруды кейiнге қалдыру туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркеледi.
4. Жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейiн немесе бала өлген жағдайда не жүктілік үзiлген ретте қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның тұратын жерi бойынша оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотталған адамды жазасының қалған бөлiгiн өтеуден босату туралы не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағымен ауыстыру туралы, не оны түзеу мекемесiне жiберу туралы сотқа ұсыныс жолдайды.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 173-бап өзгертілді
173-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртібі
1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, гауптвахтада ұстау, бас бостандығынан айыру, сондай-ақ әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны өтеу заңға сәйкес жазаның мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерістер ескерiле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнде тоқтатылады.
2. Гауптвахтада ұстауға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi бiтетiн болса, сотталушы жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күнi босатылады. Жазаның мерзiмi айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса - сол айдың соңғы күнiмен бiтедi.
3. Сотталушыға босатылған кезде оған тиесiлi заттары мен құндылықтары, оның жеке шотында сақтаулы ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi.
4. Гауптвахтада ұстауға немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылатын сотталушы адамның жеке iсiнде сақтаулы тұрған төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi, сондай-ақ өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталушының жеке iсiнде төлқұжаты, жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi болмаған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың алынуына алдын-ала шаралар қолданады.
5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталған соң алынса - келесi күнi таңертең жүргiзiледi.
6. Қылмыстық-атқару инспекциясы түзеу жұмыстары түріндегі жазаның аяқталған күнiнде, ал бұл жазадан басқа негiздер бойынша босатылған жағдайда тиiстi құжаттарды алған соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сотталушы жазасын өтеп жатқан кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiне оның жалақысынан ұсталып қалатындарды тоқтатуды ұсынуға мiндеттi. Сотталушыға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi.
7. Ақтау негiздерi бойынша қылмыстық iстiң қысқартылуына, ақтау үкімінiң шығарылуына байланысты үкiмнiң күшi жойылуы себептi жазаны өтеуден босатылған адамға жазаны атқарушы органның бастығы оның мүлiк, еңбек, тұрғын үй және айрылған өзге де құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта сотталушыға мемлекет атынан ресми кешiрiм сұратылады.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап өзгертілді
174-бап. Сотталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату
1. Әскери қызметi бойынша шектеудi, гауптвахтада ұстауды өтеушi сотталған әскери қызметшiлер жазаны одан әрi өтеуден оларды әскери қызметке жарамсыз ететiн ауру болған жағдайда босатылады. Жазаның өтелмеген бөлiгi оларға жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
2. Әскери қызметтен өту кезiнде жазаны өтеушi сотталған әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әскери қызметтен босату үшiн өзге де негiздер туындаған жағдайда жазадан сот жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстырып немесе онсыз белгiленген тәртiппен мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
175-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы
Жазасын өтеген адамдар соттылығы бар адамдар үшiн көзделген шектеулермен Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген мiндеттердi орындап, құқықтарды пайдаланады. Мұндай шектеулер тек заңда ғана көзделуi мүмкiн.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 23-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-тарау. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек және оларды бақылау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 176-бап өзгертілді
176-бап. Жазаны атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі мiндеттерi
1. Жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi бiткенге дейiн алты айдан кешiктiрмей, сотталушы таңдап алған тұрғылықты жерi бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоқтығы, оның еңбек қабiлетi мен алған мамандығы туралы хабарлайды.
2. Сотталушыны босатуға әзiрлеу мақсатында онымен жiтi тәрбие жұмысы жүргiзiледi, оған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
3. I және II топтағы мүгедектердi, сондай-ақ 60 жастан асқан ескектер мен 55 жастан асқан әйелдердi олардың өтiнiшi мен жазаны атқарушы мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектер мен қарттар үйiне жiбередi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 177-бап өзгертілді
177-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету
1. Гауптвахтада ұстау немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды өтеуден босатылатын адамдар тұратын жерлерiне немесе жұмысына дейiн тегiн жолақымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жолда жүргенде азық-түлiкпен немесе ақшамен қамтамасыз етiледi.
2. Қажеттi маусымдық киiмi, аяқкиiмi мен оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар мемлекеттік қаражат есебiнен киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз етiледi. Оларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде бiр жолғы ақшалай жәрдемақы берiлуi мүмкiн.
3. Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етудi, бiр жолғы ақшалай жәрдемақы берудi, сондай-ақ жолына ақы төлеудi жазаны атқарушы мекеме жүзеге асырады.
4. I және II топтағы мүгедектердi, жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдердi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босату кезiнде жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың туыстарын не өзге адамдарды алдын ала хабардар етедi.
5. Түзеу мекемелерiнен босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтiмге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар тұратын жерiне туыстарына немесе алып кетуге келген өзге адамға не түзеу мекемесi қызметкерiне ертiп жiберiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 178-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара)
178-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдесу
Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, сондай-ақ әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдеседi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 178-1-баппен толықтырылды
178-1-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылау
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен - ішкі істер органдары, ал әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі айқындайтын тәртіппен әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі (бұдан әрі - уәкілетті органдар) жүзеге асырады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық байқау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген органдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде жеке есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды.
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам бақылаудан жалтарған жағдайда уәкілетті орган оның тұратын жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
4. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның осы Кодекстің 178-2-бабында көрсетілген міндеттердің бірін дәлелді себепсіз екі реттен артық орындамауы оның міндеттерді орындаудан қасақана жалтаруы болып табылады.
5. Егер, шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылық не сол үшін оған әкімшілік қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе міндеттерді орындаудан қасақана жалтарса, уәкілетті орган сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының өтелмеген қалған бөлігін атқару туралы ұсыным енгізеді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 178-2-баппен толықтырылды (1 тармақтың 9 тармақшасы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 178-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың міндеттерi
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар:
1) тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өтуге;
2) ішкі істер органдары белгілеген уақытта тұрғылықты жерінен кетпеуге;
3) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты жерін, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға;
4) жұмыстан және оқудан бос уақытта ішкі істер органдары белгілеген жерлерге бармауға;
5) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
6) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды немесе мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолдануға;
7) ішкі істер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажетті түсініктер мен өзге де құжаттарды беруге;
8) ішкі істер органдарына шақырту бойынша келуге міндетті. Дәлелді себептерсіз келмеген кезде, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам күштеп әкелінуі мүмкін;
9) тұрғылықты жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында да және одан тыс жерлерде орналасқан мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Көрсетілген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін тапсырылады.
Бұл ретте, аталған тұлғалар ішкі істер органына салық органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын тапсырады.
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды:
1) алкоголизмге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өтуді;
2) жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді;
3) отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің міндеттері Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарымен белгіленеді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 179-бап өзгертілді
179-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, аса қауiптi қайталап жасаған қылмысы үшiн, сондай-ақ экстремизмнiң белгілерi бар қылмыстары үшін, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшiн жазаларын өтеушi немесе қасақана жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға екi және одан да көп рет сотталған адамдарға, егер олардың жазасын өтеу кезіндегі мiнез-құлқы өздерiнiң түзелу жолына қасақана түскiсi келмейтiндiгiн және қоғам үшiн қауiптi болып қала беретiндiгiн дәлелдесе, әкiмшiлiк қадағалау тағайындалады.
180-бап. Iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдар жөніндегі материалдарды әзiрлеу және ресiмдеу
1. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi жазалау мерзiмi аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын тағайындау қажет адамдарды анықтайды.
2. Түзеу мекемесiнiң бастығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын осы Кодекстiң 179-бабында аталған адамдар жөнiнде әкiмшiлiк қадағалау тағайындау туралы сотқа ұсыныс жолдайды.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату алдында әкiмшiлiк қадағалау тағайындалған адамдар жөнiнде түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қадағалауға алынушының өзi таңдаған тұратын жерi бойынша iшкi iстер органына сотталушының барып жететiн уақытын көрсете отырып, әкiмшiлiк қадағалау тағайындау туралы судьяның қаулысын жiбередi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 180-1-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 180-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
180-1-бап. Туберкулездің төңірегіндегілерге қауіп туғызатын, жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босату
1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, туберкулездің төңірегіндегілерге қауіп туғызатын, жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан адамдар босатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емделуге жатады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты жаза мерзімі аяқталардан кемінде бір ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа ұсыныс жібереді.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы хабарлама туберкулезді емдейтін мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымына және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.
8-Бөлім. Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау
24-тарау. Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 181-бап өзгертілді; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 181-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Сынақ мерзімі ішінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды олардың әскери бөлімдерінің командованиесі жүзеге асырады.
2. Шартты түрде сотталғандар әскери бөлімдердің командованиесіне өзінің жүріс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 182-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 182-бап өзгертілді; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысын пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
1. Пробациялық бақылау - бұл сынақ мерзімі кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып, шартты түрде сотталғандарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің жұмысы.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тарту тәртібін түсіндіреді.
Қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Шартты түрде сотталған адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
4. Білім алуға, мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем беру шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары болып табылады.
5. Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар жәрдем береді.
6. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген іс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады.
8. Шартты түрде сотталған адамдар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне айына екі рет, ал күшейтілген пробациялық бақылау кезінде төрт рет, сондай-ақ шақыру бойынша келуге мiндеттi. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.
9. Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
10. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 183-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 183-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылау мерзімінің есептелуі
1. Сынақ мерзiмi және пробациялық бақылау мерзімі сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.
2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына пробациялық бақылау тоқтатылады және ол қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебiнен шығарылады.
3. Сотталған адамды мiндеттi әскери қызметке шақырған жағдайда жергілікті әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, ал қажет болған жағдайларда қызмет өткеретін орны бойынша шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру үшін талап етілетін өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне шартты түрде сотталған адамды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң - оның әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіруді жариялау туралы қаулысы шыққан кезден бастап тоқтатылады және сот шешімі бойынша қайта басталады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауапкершілігі
1. Шартты түрде сотталған адам өзіне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген), дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, сотталушыға сот жүктеген міндеттерді орындамаған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі сынақ мерзімін ұзарту және күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу, бірақ бiр жылдан аспайтын уақытқа белгілеу туралы сотқа ұсыным енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа сынақ мерзімін ұзарту және бір жылға дейін күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу туралы ұсыным жібереді.
3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыным жіберіледі.
4. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне тiркелу үшiн келмеген кезден бастап он бес күннен астам уақыт iшiнде орналасқан жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған адам деп танылады.
5. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын зақымдаған (бүлдірген) жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі тиісті акт жасайды.
Электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) жағдайда сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен материалдық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қосымша
Сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктер
тiзбесi
Сотталушы мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығында тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен нәрселер тәркiленуге жатпайды:
1. Егер сотталушы мен оның отбасы тұрақты тұрып жатса, тұрғын үйi, пәтерi немесе олардың жекелеген бөлiктерi.
2. Тәркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi.
3. Негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда шаруашылық құрылыстары мен саны оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп.
4. Кезектi ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым.
5. Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер:
а) киiлiп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киiм-кешек, асхана сервизi, қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан құнды нәрселер тәркiленуi мүмкiн;
б) сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi шамалы жиhаз;
в) балалардың барлық керек-жарақтары.
6. Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда - азық-түлiк өнiмдерi мен жалпы сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшердегi ақша.
7. Ас дайындауға және отбасының тұрғын-жайын жылытуға арналған отын.
8. Сотталушының кәсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi мүкаммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар), бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкаммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды.
9. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары.
10. Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.