Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық
іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат):
242-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік «бағалау» деген сөзден кейін «, одан әрі пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «бағалау» деген сөзден кейін «, одан әрі пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
60-баптың 1-тармағы «сатудан» деген сөзден кейін «немесе одан әрі пайдаланудан» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек қана заңды күшіне енген сот актісі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық, Кеден кодекстерінде және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізілуі мүмкін.";
екінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат):
1) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;";
2) 150-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша "тұрғылықты жері", "тұрған жері" деген сөздерден кейін тиісінше ", тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер", ", салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер талапкерге белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не, егер талапкерге бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер белгілі болса, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері;";
бірінші бөлікте:
"бойынша" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сот орындаушысының өтінімі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті, өтінімді өтініш қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті.";
екінші бөлік "адамдарға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қарау нысанасы оның түсіндіру туралы өтінімі болған жағдайларда сот орындаушысына" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі, немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;";
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттері туралы мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер істің материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшірмелері, егер оның ішінде талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің тұрған жері және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың көшірмелері іс материалдарында бар болса, қоса тіркеледі.";
5) мынадай мазмұндағы 240-4, 240-5, 240-6-баптармен толықтырылсын:
"240-4-бап. Сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу
және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегi
шығыстарды өтеткізу туралы ұсыныстарын қарау
1. Судья сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекетті жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұсынысын сотқа келіп түскен күннен бастап он күн ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының ұсынысы келіп түскені туралы хабардар етеді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынысын қарап, ұйғарым шығарады.
Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі.
2. Соттың атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекетті жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу мәселесі жөніндегі ұйғарымына жеке шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Соттың атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұйғарымы негізінде атқару парағы жазылады.
4. Атқару санкциясын өндіріп алу туралы және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен орындалатын болады.
240-5-бап. Сот орындаушысының шешімді орындау кезіндегi
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу процесіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) не осындай іс-әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкін. Шағым іс-әрекет жасалған (іс-әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскедегі аудандық сотқа беріледі.
Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгіну сотқа шағымды беру мен оны соттың қарауға қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот өндіріп алушыны, борышкерді және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді, алайда олардың келмей қалуы шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.
3. Сот шағымды негізді деп тауып, сот орындаушысы іс-әрекетінің күшін жою немесе оны жарамсыз деп тану туралы не сот орындаушысының жіберілген қателікті толық көлемде жоюға міндеттілігі туралы не өндіріп алушының немесе борышкердің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын өзгеше тәсілмен қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
Егер аталған іс-әрекеттерді тек қана сот орындаушысы жасай алатын болса, сот шешімде мерзім белгілеуі мүмкін, шешім сол мерзім ішінде орындалуға тиіс.
4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсіздік) сот орындаушысының өкілеттігі шегінде заңға сәйкес жасалғанын және өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.
Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Егер сот шешімде өзгеше мерзім белгілемесе, шешімнің орындалғаны туралы сотқа, өндіріп алушыға немесе борышкерге сот шешімін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.
240-6-бап. Шешімді орындаған кезде басқа тұлғалардың
құқықтарын қорғау
1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салу ісін жүргізу кезінде мүліктің борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесілі болуына қарамастан тыйым салудың күшін жоюға негіз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердің немесе басқа тұлғалардың мүлікке тыйым салудың күшін жою туралы өтінішін осы Кодекстің 240-5-бабында көзделген тәртіппен қарайды. Осындай өтініш тыйым салынған мүлікті сатқанға дейін берілуі мүмкін.
Сот өндіріп алу қолданылған мүліктің тиесілігіне байланысты азаматтық құқық туралы басқа тұлғалар мәлімдеген дауды талап қою бойынша іс жүргізу ережелері бойынша қарайды.
2. Мүліктің меншік иелері немесе мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де негіз бойынша иелік ететін тұлғалар мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар қоя алады.
3. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндіріп алушыға қойылады.
4. Егер мүлікке тыйым салу мүлікті тәркілеуге байланысты жүргізілсе, сотталған адам және республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті тиісті орган жауапкер ретінде тартылады. Талап қою талаптары негізді деп танылған жағдайда, егер тәркіленуге тиіс мүлік республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органда тұрған болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшін не өтеусіз берген болса, онда ол мүлік заттай түрде қайтарылуға тиіс. Бұл жағдайда республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органнан басқа аталған ұйымдар іске қатысуға тартылады және оларға мүлікті қайтару жөнінде міндет жүктеледі.
Егер мүлікті тәркілеуге байланысты тыйым салу жүргізілген мүлік сатылған немесе қайта өңдеуге жіберілген болса, мүлікті сатудан түскен сома талапкерге өтеледі.
5. Судья осы баптың бірінші бөлігіндегі аталған мүдделі тұлғалардың өтінішіне қарамастан, мән-жайды белгілеп, мүлікке тыйым салудың күшін жоюға міндетті.";
6) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
"Қосымша
Атқару құжаттары бойынша өндіріп алуды қолдануға болмайтын
мүліктердің тізбесi
Борышкерге меншік құқығы негізінде тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлестері болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы тұлғаларға қажетті мүліктердің мына түрлеріне атқару құжаттары бойынша өндіріп алуды қолдануға болмайды:
1. Yй жасауының заттары, аспаптар, киім-кешектер:
а) аң терісі және басқа да бағалы киім-кешектерді қоспағанда (егер ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ету үшін оны алмастыра алатын өзге киім-кешек бар болса), пайдаланылып жүрген киім-кешек, аяқ киім, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ас үй және асхана аспаптары, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар асхана сервиздері, заттары;
б) борышкерге және оның отбасы мүшелеріне қажеттігі шамалы жиhаз (әрбір адамға бір төсек пен бір орындықтан, отбасына бір үстел, бір шкаф және бір сандық);
в) балаларға арналған барлық керек-жарақтар.
2. Егер борышкердің негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшін жаңа астыққа дейін қажет көлемдегі тағам өнімдері, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті сандағы үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тағам өнімдері және жалпы сомасы жалақының ең төменгі мөлшеріне тең немесе одан аз мөлшердегі ақша.
3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
4. Борышкер соттың үкімімен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердің кәсіби қызметін жалғастыруына қажетті құрал-сайман (оның ішінде оқу құралдары мен кітаптар).
5. Мүгедектердің жүріп-тұруына әдейі арналған көлік құралдары.
6. Борышкер наградталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де жүлделер.".
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 521-бапта:
бірінші абзацтағы "соттардың және басқа органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "азаматтарға", "үшке дейінгі", "онға дейінгі" деген сөздер тиісінше "жеке тұлғаларға", "бірден үшке дейінгі", "бестен онға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 522-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац "анықтаушының" деген сөзден кейін ", сот орындаушысының" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "елуге дейінгі" деген сөздер "оннан елуге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыптағы "Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті басқа да" деген сөздер "Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті басқа да" деген сөздер "Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 528-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі, лауазымды адамдарға оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.";
6) 620-баптың 12) тармақшасындағы "лауазымды адамдары жүзеге асыра алады." деген сөздер "лауазымды адамдары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) сот отырысы кезінде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.";
7) 635-баптың екінші бөлігіндегі "ic қозғалған адам туралы мәліметтер" деген сөздер "ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "сот орындаушылары" деген сөздерден кейін ", сот приставтары" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 651-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері;";
10) 713-баптың екінші бөлігі "сату" деген сөзден кейін "немесе одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар):
1) 17-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында:
"сақтау, бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
"оны сатудан түскен" деген сөздер "ол сатылған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 518-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "соттарға;" деген сөзден кейін "прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезінде сот орындаушыларына;" деген сөздермен толықтырылсын;
тақырыбы "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
"оны сатудан бюджетке ақша түсімдерінің" деген сөздер "ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
489-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарына билік ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оларды өткізу, одан әрі пайдалану, кәдеге жарату немесе жою жолымен жүргізіледі.".
8. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
95-баптың үшінші бөлігінің екінші сөйлемі "сатылуы" деген сөзден кейін "немесе одан әрі пайдаланылуы" деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасындағы "бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал" деген сөздер "сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Атқарушылық іс жүргізу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.".
10. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы "соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөнінде" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақша "кезінде" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды
тағайындау тәртібi
1. Сот приставтарының бөлімшелерін:
1) уәкілетті органның аудандардағы, қалалардағы және қалалар аудандарындағы аумақтық бөлімдеріндегі (бұдан әрі - аумақтық бөлімдер), облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарындағы (бұдан әрі - аумақтық органдар) - атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады.
2. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсіби даярлығын арттырумен айналысады;
3) сот приставтары қызметінің тәжірибесін жинақтап қорытады, соның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
4) сот приставтары қызметінің статистикалық есебін жүргізумен айналысады;
5) басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарының орындалуын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
6) сот приставтарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.
4. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдерде сот приставтарын тиісті аумақтық органдардың басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Сот приставтары бөлімшелерінің штат санын тиісінше уәкілетті органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін штат саны шегінде бекітеді.";
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын және құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтатуын талап етуге;";
2) тармақша "құқық бұзушыны" деген сөздердің алдынан "және сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде осындай іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға;";
5) тармақша "үй-жайында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде аумақтық органның басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының басшысына хабарлауға міндетті.
Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады.";
6-тармақта:
"тізбесі заңдарда белгіленген тәртіппен бекітіледі" деген сөздер "тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау
1. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді.
Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.".
11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағы "органдарының" деген сөзден кейін ", өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 70-баптың 6-тармағында:
бірінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
1) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде салық қызметі органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы және атқарушылық іс жүргізу органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.";
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
ерекшеліктерi
1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі, сондай-ақ сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі және олардың нөмірлері жөніндегі ақпаратты сұратып алу туралы және борышкердің банктегі ақшасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкция берген қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады.
2. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейінгі операциялық екі күннен кешіктірмей сотқа (сот орындаушысына) қажетті мәліметтерді жіберуге міндетті. Мәліметтер ақша өндіріп алу жүргізілетін тұлғалардың банк шоттарының бар екені туралы не олардың жоқ екені туралы деректерді қамтуға тиіс; банк шоттары бар болған кезде банк шоттарының барлық қажетті реквизиттері және осы банк шоттарында жатқан қалдықтардың мөлшері көрсетілуге тиіс. Сот орындаушысына жіберілетін мәліметтерде тыйым салу қолданылған ақша сомасы да көрсетілуге тиіс.
3. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәліметтерді алғаннан кейін ақша өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) анықтайды және сондай банкке (банктерге) тиісті атқару құжатын не оның сот мөрімен расталған көшірмесін қоса тіркей отырып нұсқау жібереді.
4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақша өндіріп алынуға тиіс тұлғаның банк шотында ақшаның бар екені туралы мәлімет бар болса, онда сот орындаушысының тиісті атқару құжаты қоса тіркелген нұсқауы тікелей тиісті банкке орындау үшін ұсынылады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің тұрған жері және олардың бірінші басшыларының деректері көрсетілген банктердің тізімін тоқсан сайын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның назарына жеткізеді. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған тізімді жергілікті соттар мен сот орындаушыларының назарына жеткізеді.".
13. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерінің қызметтік іс-әрекетіне, заңнамалық актілермен тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерінің іс-әрекетіне заңға қайшы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
3) 6-бап "құжаты" деген сөзден кейін "және сот орындаушысының осы заңның 10-бабына сәйкес ерікті орындау үшін белгілеген мерзімінің өтуі" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-баптың екінші бөлігіндегі "құжаттарын" деген сөз "құжаттарының орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мерзімді өндіріп алу туралы атқару құжаттарын қоспағанда, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі ай мерзімде аяқталуға тиіс.";
6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. Атқару құжаты не оның көшірмесі тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі. Сонымен бір мезгілде орындауды қамтамасыз ету шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасы негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқару санкциясы өндіріп алынуға тиіс атқару құжаттары бойынша орындауды қамтамасыз ету шараларының күші санкцияны өндіріп алғаннан кейін ғана жойылуға тиіс. Атқару құжатының орындауға берілу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының ол бойынша іс жүргізу тоқтатылған атқару құжатын орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.";
1-тармақтың 2) тармақшасы "жоқ болса" деген сөздерден кейін "және оның мүліктерін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермеген кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекет өндіріп алушы болып табылатын атқару құжаты сотқа қайтарылады.";
8) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5-баптармен толықтырылсын:
"28-1-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мұрагерлік
Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, талаптан бас тартылған, борыш ауысқан) жағдайда сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мұрагерімен ауыстыру туралы ұйғарым шығару жөнінде ұсыныс жіберуге құқылы. Құқықтық мұрагер үшін ол атқарушылық іс жүргізуге кіріскенге дейін жасалған барлық іс-әрекеттер борышкер үшін міндетті болатындай дәрежеде міндетті болады.
28-2-бап. Атқарушылық іс жүргізуге тараптар өкілдерінің
қатысуы
1. Жеке тұлғалар атқарушылық іс жүргізуге дербес немесе өкілдері арқылы қатыса алады. Атқарушылық іс жүргізуге жеке тұлғаның өзінің қатысуы оны өз өкілі болуы құқығынан айырмайды. Егер атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзі ғана орындай алатын міндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезінде өкіл арқылы әрекет етуге құқылы емес.
2. Ұйымдардың атқарушылық іс жүргізуге қатысуы олардың өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен және құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін органдары не аталған органдардың өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым атынан өкілдік ететін адамдардың өз лауазымдық жағдайлары мен өкілеттіктерін растайтын құжаттары болуға тиіс.
3. Өкілдің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхатпен куәландырылады.
28-3-бап. Өкілдің өкілеттіктерi
1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын өкіл атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді өкілдік берушінің атынан жасауға құқылы.
2. Өкілдік беруші беретін сенімхатта өкілдің мынадай іс-әрекеттер жасауға:
1) атқару құжатын ұсынуға және кері қайтарып алуға;
2) өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруге (қайта сенім білдіруге);
3) сот орындаушысының іс-әрекеттеріне шағым жасауға;
4) ұйғарылған мүлікті (соның ішінде ақшаны) алуға;
5) бітімгершілік келісім жасасуға өкілеттіктері арнайы ескертілуге тиіс.
28-4-бап. Өкіл бола алмайтын адамдар
1. Он сегіз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта болатын адамдар атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды.
2. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар, өкілді органдардың депутаттары, атқарушылық іс жүргізу органдарының және сот аппаратының қызметкерлері, тиісті ұйымдардың уәкілі немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге олардың қатысу жағдайларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды.
Адам, егер мүдделері өзі өкілдік ететін адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол атқарушылық іс жүргізу органының қызметкерімен туыстық қатынаста болса, өкіл бола алмайды.
28-5-бап. Заңды өкілдер
1. Атқарушылық іс жүргізуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін заңды өкілдері - олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары қорғайды, олар өз өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарын табыс етеді.
Заңды өкілдер іс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулері бар өкілдік берушіге тиесілі барлық сондай іс-әрекеттерді өкілдік берушінің атынан жасайды.
2. Сот хабарсыз кетті деп таныған адам қатысатын атқарушылық іс жүргізуге оның өкілі ретінде, хабарсыз кеткеннің мүлкі басқаруға берілген және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл ретінде тағайындалған адамдар қатысады.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиіс атқарушылық іс жүргізу бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаған болса, өсиетті орындаушы немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушы мұрагердің өкілі ретінде қатысады.
4. Заңды өкілдер атқарушылық іс жүргізуге қатысуды өздері өкіл ретінде таңдап алған басқа тұлғаға тапсыруы мүмкін.";
9) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселені аумақтық бөлім басшысы шешеді, бұл жөнінде тиісті дәлелді қаулы шығарылады.
Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселені сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде аумақтық бөлім басшысы бекітетін тиісті дәлелді қаулы шығарылады.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Борышкердің қолма-қол ақша сомалары, соның ішінде борышкер кассасының сейфінде сақталатын және осы кассаның оқшауланған бөлмесінде немесе борышкердің өзге де бөлмелерінде сақталатын ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесілі екендігі анық белгілі болса, табылғаннан кейін дереу алып қойылуға тиіс.";
3-тармақ "сол қалпында" деген сөздердің алдынан "сатпай" деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:
"Борышкердің басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, өндіріп алу борышкердің атқару құжаты бойынша құны өндіріп алу мөлшерінен асатын мүлкіне қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мүлікті сатқаннан кейін түскен сома, атқару құжаты бойынша өндіріп алынған сомалар мен орындау жөніндегі шығыстар шегеріле отырып, борышкерге қайтарылады.";
11) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Борышкердің басқа тұлғалардағы ақшалай сомалары мен
басқа мүлкінен өндіріп алу
1. Борышкердің басқа тұлғалардағы ақшалай сомаларынан, сондай-ақ басқа мүлкінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы оларға тыйым салады және мәжбүрлеп орындатуға шаралар қолданады.
2. Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алуды сот орындаушысы инкассолық өкім ұсыну арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкімге атқару құжаттарының түпнұсқасы не олардың сот мөрімен расталған көшірмелері қоса тіркеледі.
3. Борышкердің банк шотында теңге түріндегі ақшалай сомалары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған валюта айырбастаудың төлем жасалатын күнгі нарықтық бағамын қолдана отырып, сот орындаушысы теңгемен есептеп ұсынған инкассолық өкімдер негізінде өндіріп алу борышкердің банк шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
4. Инкассолық өкімді кері қайтарып алу аумақтық атқарушылық іс жүргізу органы басшысының жазбаша келісімімен жүргізіледі.";
1-тармақтағы "банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің" деген сөздер "борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Заңның 35-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқару құжаты бойынша өндіріп алудың мөлшерінен асып түсуі мүмкін.";
14) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлікке өндіріп алуды қолдану кезінде сот орындаушысы оның борышкерге тиесілі екендігін, шынайы құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүліктің кімге тиесілі екенін анықтау қиын болған және бұл мүлік борышкерге тиесілі деп жорамалдауға негіз болған жағдайда, сот орындаушысы оның тиесілігі анықталғанға дейін мүлікке уақытша тыйым салуға құқылы. Бұл ретте, борышкер, егер мүлік оған тиесілі болмаса, алып қойылған мүліктің тиесілігін анықтайтын қажетті дәлелдерді сот орындаушысына беруге міндетті.";
"бағаланған сомасында" деген сөздер "соңғы жарияланған бағасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте мүлік тыйым салудан босатылады.";
16) 50-бап "сатылады" деген сөзден кейін "немесе пайдаланылады" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 57-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде," деген сөздер "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоныс аударту атқару құжатында көрсетілген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүліктерінен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Борышкердің мүлкін сақтау үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады, оның аяқталуына қарай аталған мүлік иесіз мүлікті сату үшін белгіленген тәртіппен сатылады.";
19) 75-баптың 1-тармағындағы "өндіріп алушы немесе мемлекет" деген сөздер "шығын шеккен тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Атқару санкциясы
1. Атқару құжаты толық орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он проценті мөлшерінде борышкерден немесе атқару құжаттары бойынша мүліктік емес сипаттағы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жібереді. Егер борышкер атқару құжатын өзіне сот орындаушысы осы Заңның 10-бабына сәйкес белгілеген мерзімде толық көлемде орындаса, сондай-ақ атқару құжаты бойынша өндіріп алынған соманың он проценті мөлшерінде өндіріп алынуға тиіс атқару санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, атқару санкциясы өндіріп алынбайды.
2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.";
21) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
"9-1) атқару құжаттарын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғаларының қабылдауына кідіріссіз кіруге;";
"10-1) мүлікке оның кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін осы Заңның 46-бабының 1-тармағында көзделген ережелерді сақтай отырып уақытша тыйым салуды қолдануға;";
22) 86-1-баптың 1) және 4) тармақшалары "сот орындаушыларына", "сот орындаушыларының" деген сөздерден кейін тиісінше "және сот приставтарына", "және сот приставтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"87-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай іс-әрекет жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде сотқа беріледі.";
24) мынадай мазмұндағы 89-баппен толықтырылсын:
"89-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерлерін
әлеуметтік қорғау шаралары
Атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамдардың отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын-жай алуға құқылы.".
14. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 23-құжат):
16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;".
15. «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат):
21-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;".
16. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат):
43-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарына;".
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 22-сі.
№ 147-III ҚРЗ