Қазақстан Республикасының  Заңы
 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2006.20.02. № 30-ө Өкімін қара

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат):

1) 50-баптың 1-тармағы "әділет органына" деген сөздерден кейін ", тіркеу орны бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:

"54-1. Сырттай байқау

Сырттай байқау рәсімін сот:

борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету;

әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау;

борышкердің - қаржылық жай-күйіне және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу;

кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне және олардың қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау;

негізгі құралдарды иеліктен шығару, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасауға бақылау жасау мақсатында енгізуі мүмкін.

Сырттай байқауды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

3) 56-баптың 2-тармағындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

501-баптың 22) тармақшасындағы "кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады." деген сөздер "кезде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

"23) конкурстық басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктері шегінде конкурстық іс жүргізу мүддесінде талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.".

3. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақшаның бірінші абзацында:

"және соттан тыс тарату рәсіміне" деген сөздер ", соттан тыс тарату рәсіміне және сырттай байқауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

"конкурстық басқарушылардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

"1-1) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;";

"4-1) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, олардың қайта ұйымдастыру жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына бақылау жасау мақсатында сот енгізетін рәсім;";

7) тармақшадағы "банкроттық рәсімінің" деген сөздер "сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

15-1) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлемге қабілетсіз және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған-іс-шаралар кешені;";

2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік саласындағы заң актілерімен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады.";

3) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Егер:

кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;

өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

4) 5-баптың 3-тармағындағы "қылмыстық заңдарында" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 6-баптың 2, 3-тармақтарындағы және 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 9-бапта:

4-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.

Аталған шарт осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бес жыл бойы қолданылады;";

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

"6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.";

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар:

1) өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүддесіне нұқсан келтіретін не басқаларға артықшылық беретін әрекеттер жасаған, басшыны жұмыстан босату үшін негіз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған;

2) өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайларда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.

Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша борышкердің істерін және мүлкін басқарудан шеттету Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Лицензияны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша сот тәртібімен жүргізілуі мүмкін.";

7) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негізделген деп танылған талаптары енгізіледі.

Борышкерден ақша сомасын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.";

8) 10-1-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды;";

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде және оны соттан тыс тарату рәсімінде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметін, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

5) тармақша:

"қалыптастырады" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;

"рәсімінде" деген сөзден кейін "және оңалту рәсімінде" деген сөздермен толықтырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"6) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісімен жасайтын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуін қарайды;";

мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"6-1) дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін белгілейді;

6-2) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімі мен соттан тыс тарату рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;";

7) тармақша "туралы" деген сөзден кейін "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;";

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) оңалтушы басқарушының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;";

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;";

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;";

14) тармақшадағы "жоспарын" деген сөз "жоспарының жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"15) осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;";

18) тармақшадағы "оңалтуды және конкурстық басқарушылардың" деген сөздер "оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20)-24) тармақшалармен толықтырылсын:

"20) білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлау ережесін бекітеді;

21) сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін бекітеді;

22) өз құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асырады;

23) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкімшісінің өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады;

24) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

9) 12-бапта:

1-тармақтағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 3) тармақшасындағы "оңалту немесе" деген сөздер алып тасталсын;

10) 13-баптың төртінші абзацы алып тасталсын;

11) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Борышкер уәкілетті органға өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.";

12) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "борышкер мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы өтініш берген жағдайлардан басқа," деген сөздер алып тасталсын;

13) 20-бап алып тасталсын;

14) 22-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.";

4-тармақ "борышкерге" деген сөзден кейін "және уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;

15) 25-бап алып тасталсын;

16) 28-бапта:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) борышкер мүлкінің меншік иесі (оған уәкілеттік берілген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердің мүлкіне билік ету құқығынан айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкілетті органның өтініші бойынша сот іс жүргізу циклын, оның ішінде үздіксіз іс жүргізуді қолдауға және мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті ең төменгі ағымдағы төлемдерді жүргізуге уәкілетті тұлғаларды анықтауға құқылы;";

2) тармақша "аралық соттардың" деген сөздерден кейін ", салық органдарының, сондай-ақ борышкердің мүлкіне қатысты оның меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) акцияларды, борышкердің мүлкіндегі үлестерді иеліктен айыруға тыйым салынады.";

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жеріндегі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге мерзімді басылымдардың бірінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 29-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлімдемесіне

борышкердің жауабы";

1-тармақтағы ", салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер алып тасталсын;

18) 31-баптың 1-тармағындағы ", салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер алып тасталсын;

19) 36-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасындағы "жүгінгенде шығарылады." деген сөздер "жүгінгенде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

"6) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу жаңартылған күннен бастап он күннен кешіктірілмейтін мерзімде оңалту мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкілетті орган мәлімдегенде шығарылады.";

2-тармақта:

2) тармақшадағы ", ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы" деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақшадағы "туралы нұсқаулар болуға тиіс." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) борышкердің лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, сондай-ақ борышкердің мөрін конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беру туралы нұсқаулар болуға тиіс.";

3-тармақтың бірінші бөлігінде:

"ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің бірінде немесе өзге де мерзімді басылымда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

"жеті" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

20) 40-бапта:

тақырыбындағы "Сот және" деген сөздер алып тасталып, "әкімшілік" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақтағы ", төленуі кейінге қалдырылған мемлекеттік баж жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, барлық сот шығыстары мен" деген сөздер алып тасталсын;

21) 41-баптағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

22) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

"3-1-тарау. Сырттай байқау

41-1-бап. Сырттай байқау

1. Кредитордың не уәкілетті органның өтініші бойынша сот:

1) сырттай байқау рәсімін қолдануға келісім білдірген кемінде үш кредитор, оның ішінде өтініш беруші болған кезде;

2) борышкер төлемге қабілетсіз болған кезде, борышкерге қатысты үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге сырттай байқау рәсімін енгізуі мүмкін.

Сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымында уәкілетті органға үш күн мерзімде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны көрсетіледі.

Сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

2. Сырттай байқау әкімшісі болып банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер тағайындалады.

Осы Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар сырттай байқау әкімшісі болып тағайындала алмайды.

3. Сырттай байқау әкімшісі:

1) өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүддесіне нұқсан келтіретін не басқаларға артықшылық беретін әрекеттер жасаған, басшыны жұмыстан босатуға негіз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған;

2) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайларда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.

Сырттай байқау әкімшісін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шеттету Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Лицензияны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша сот тәртібімен жүргізілуі мүмкін.

4. Сырттай байқау енгізілген кезде мынадай салдарлар туындайды:

1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсімі шегінде ғана қойылуы мүмкін;

2) борышкердің лауазымды тұлғаларына өздеріне тиесілі акцияларды, борышкер мүлкіндегі үлестерін иеліктен айыруына тыйым салынады.

5. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтініш берген кезде кредитор салық қызметінің тиісті органына хабарлама жібереді.

41-2-бап. Кредиторлар комитетін құру

1. Сырттай байқау кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкімшісі құрады және оны уәкілетті орган бекітеді.

2. Кредиторлар комитетінің құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ салықтық берешегі болған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор кіруі мүмкін.

3. Өтініштері бойынша сырттай байқау рәсімі енгізілген кредиторлар, талаптардың мөлшеріне қарамастан, кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

4. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.

41-3-бап. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктерi

Кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне:

1) сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылау;

2) борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;

3) сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелерін және іс-әрекеттерін анықтау мен талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы Заңда белгіленген өзге де іс-шаралар туралы уәкілетті органмен келісілген келісім жасау;

4) уәкілетті органға сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттері жөнінде шағымдану;

5) сырттай байқау рәсімін ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтініш жасау жатады.

41-4-бап. Сырттай байқау әкімшісінің өкілеттіктерi

1. Сырттай байқау әкімшісі:

1) сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініш жасауға;

2) түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізуге;

3) борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап етуге;

4) сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олардың тұрған жерінде танысуға;

5) сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтауға, борышкерден оларды азаматтық заңдарда белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап етуге;

6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзінің міндеттерін орындауын талап етуге;

7) осы Заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.

2. Сырттай байқау әкімшісі:

1) борышкерге қатысты өз іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісуге;

2) борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнінде шаралар қолдануға;

3) әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтауға және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап етуге;

4) борышкердің кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануын талап етуге;

5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.

41-5-бап. Сырттай байқау әкімшісінің жауапкершілігi

Сырттай байқау әкімшісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

Әкімшілік шығыстарды және сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдерді қаржыландыру шарттары сырттай байқау енгізілгенге дейін оны қолдануға келісім білдірген кредиторлар арасында жасалатын келісіммен айқындалады.

41-7-бап. Борышкердің міндеттерi

Борышкер:

1) сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгізу туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруға;

2) сырттай байқау әкімшісінің талабы бойынша:

сырттай байқау енгізілгенге дейін жасалған, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелерге, сондай-ақ құны борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын басқа да мәмілелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметі туралы ақпарат ұсынуға;

борышкердің қаржылық жай-күйін нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді бұзу жөнінде шаралар қабылдауға;

3) сырттай байқау әкімшісімен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлік есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерісті, қайта ұйымдастыру жүргізуді, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелердің, сондай-ақ борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын мүлікті сатып алу немесе иеліктен айыру жөніндегі мәмілелердің жасалуын келісуге міндетті.

41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

Сырттай байқау:

1) сырттай байқау мерзімі біткен;

2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткізілген жағдайларда сот сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін бекіткен кезде тоқтатылады.";

23) 43-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) борышкердің төлем қабілетін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігі туралы аудиторлық есеп;";

4-тармақ "құрады" деген сөзден кейін "әрі бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;

24) 44-баптың 2-тармағы "санация," деген сөзден кейін "мүлікті (активтерді) сауда-саттық жүргізу арқылы сату," деген сөздермен толықтырылсын;

25) 45-баптың екінші сөйлеміндегі "құжаттармен: шарттармен, есептермен, экономикалық негіздемелермен және т.б." деген сөздер "шарттармен, есептермен, экономикалық негіздемелермен және басқа да құжаттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 46-бапта:

1-тармақта:

"заңдарға қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттер" деген сөздер "оңалту жоспарына сәйкес іс-әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

"және т.б." деген сөздер "және өзге де шараларды қолдану" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Оңалту жоспарында көзделген мүлікті (активтерді) сату сауда-саттық жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

3-тармақ "(өсімпұлдарды, айыппұлдарды)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды" деген сөздермен толықтырылсын;

27) 47-бапта:

2-тармақ "жүзеге асырылады" деген сөздердің алдынан "кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

"3. Кредиторлардың өтініштері және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 71-73-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Оңалту рәсімі енгізілгенге дейін туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін жүргізіледі.";

28) 48-баптағы "үш күн" деген сөздер "бес күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 50-баптағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

30) 51-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"2-1) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсімін қолдану және кредиторлар талаптарын білдіру тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;";

"3-1) кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар алдындағы берешекті өтеу бөлігінде оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы сотқа өтініш жібереді;";

"3-2) кредиторлар талаптарының тізілімін түзеді және жүргізеді;";

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі кез келген мәмілелерді жасайды;";

31) 53-бапта:

1-тармақта:

"кредиторлар комитетінің келісімімен" деген сөздер алып тасталсын;

2) тармақшаның екінші сөйлемі алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Оңалтушы басқарушының өтінішіне уәкілетті органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының есебі қоса беріледі. Есептің нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Оңалту рәсімін одан әрі жүргізу орынсыз болған жағдайда уәкілетті орган оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.";

32) 54-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Сот борышкерді банкрот деп таныған және конкурстық іс жүргізу тағайындалған жағдайда оңалту кезеңінде пайда болған берешек сомасы осы Заңның 75-бабында белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.";

33) 57-баптың 2-тармағы "оңалтуды басқарушымен" деген сөздерден кейін "уәкілетті орган және" деген сөздермен толықтырылсын;

34) 65-бапта:

2-тармақта:

"алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.";

35) 67-баптың 4) тармақшасындағы ", ал банк және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындайды" деген сөздер алып тасталсын;

36) 69-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөліктегі "үш күн" деген сөздер "бес күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік "тағайындау" деген сөзден кейін ", есепке алу және тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы "өткізілген конкурстық массаның" деген сөздер "кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 70-бапта:

1-тармақта:

1) тармақша "он күннен" деген сөздердің алдынан "ол тағайындалған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

1-2) тармақшада:

"бір апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "борышкердің банкроттығы туралы шешім қабылданған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде" деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақшадағы "хабарлайды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ екінші кезектегі кредиторлардан уәкілетті өкілді сайлау үшін олардың жиналысын (конференциясын) ұйымдастырады;" деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақшадағы "(шаруашылық серіктестерінің лауазымды адамдарын, басшыларды, қатысушыларды (құрылтайшыларды), негізгі компанияны және т.б.)" деген сөздер "(борышкердің лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) түгендеуді жүргізеді;";

38) 71-баптың 1-тармағында:

екінші бөліктегі "және т.б." деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.";

39) 71-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"71-1 -бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершілігi

Өз өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

40) 72-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

41) 73-баптың 1-тармағындағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

42) 74-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Конкурстық массаға:

1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;

2) ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлік: ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыларда туындаса немесе мәмілелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Тарату комиссиясы аталған мүлікті Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына сәйкес ипотекалық облигацияларды ұстаушы кредиторлармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне береді;

3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты енгізілмейді.";

43) 75-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "кредиторлар комитеті бекіткен" деген сөздер "кредиторлар комитетінің конкурстық басқарушымен келісімі арқылы айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

44) 76-бапта:

1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Кредитордың белгіленген мерзімде жазбаша келісімін ұсынбауы мүлікті заттай алудан бас тартуы деп танылады.";

5-тармақтағы "қанағаттандырылғанға дейін" деген сөздер "тізілімге енгізілгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

45) 77-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Егер азаматтың жасы жетпістен асса, онда тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жыл болады.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Банкроттың мүлкі жетіспеуіне байланысты бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары азаматтық заңдарда белгіленген тәртіппен өтеледі.";

46) 78-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі "қалған сомалары" деген сөздерден кейін "(айыппұлдар, өсімпұлдар, индекстеу және басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

47) 82-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "талаптарды қарау және талаптар тізілімі мен оларды қарау нәтижелерін бекіту кезінде" деген сөздер алып тасталсын;

48) 83-баптың 1-тармағында:

бірінші сөйлемдегі "түгендеу мен" деген сөздер алып тасталсын;

екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

"Бағалаушыны тарту үшін қаражат жетіспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен мүлікті баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.";

49) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргізу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.

Сауда-саттық жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

50) 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Егер банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезге дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.";

51) 87-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "мүмкін" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

52) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Сот іс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкінің меншік иесіне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.";

53) 94-бапта:

1-тармақтағы ", салық немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақта:

"бір апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта:

бірінші бөліктегі "және кредиторлар комитетінің" деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

"бір апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

"ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы "жүргізуді" деген сөз "ұйымдастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

54) 95-бапта:

2 және 3-тармақтардағы "(уәкілетті орган)", "(уәкілетті органның)" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкілдік етуге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тізілімі мен қорытынды есептің жасалуын ұйымдастырады.";

екінші бөліктегі "сатады" деген сөз "сатуды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

55) 97-баптың 1-тармағы "құрады" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөзбен толықтырылсын;

56) 107-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы  қаңтардың 10-ы. № 115-III ҚРЗ