Білім туралы 1999 ж. 7 маусымдағы № 389-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2007.27.07 № 319-III ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2-тарау. Білім беру ұйымдары (9 - 17 баптар)
3-тарау. Білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері (18 - 27 баптар)
4-тарау. Білім беру жүйесін басқару (28 - 35 баптар)
5-тарау. Білім беру процесі субъектілерінің құқықтары (36 - 42 баптар)
мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері
6-тарау. Білім беру экономикасы (43 - 45 баптар)
7-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет (46 - 48 баптар)
8-тарау. Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін (49 бап)
жауапкершілік
9-тарау. Өтпелі ережелер (50 бап)
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылымипедагог кадрлар даярлау нысаны;
2) академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны;
2-1) білім беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары білім берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн білім бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша білім туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар;
3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде білiктілігi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары біліктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
4) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - тиiстi білім беру деңгейiнде олар көрсететiн білiм беру қызметiнiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң біліктілік деңгейiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
5) бакалавр, магистр - жоғары кәсiптiк білімнiң тиiстi білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;
6) гимназия - негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды олардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiп, салаға бөлiп, саралап оқытуды көздейтiн, жалпы орта білім беретiн оқу орны;
6-1) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
7) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландыру; кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiн кәсiптiк білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн сатып алу; конкурстық негiзде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы iске асырылатын, тиiстi мемлекеттік органдар белгiлейтiн біліктi жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары;
8) мемлекеттік білім беру кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық Банкi не жергiлiктi атқарушы орган құратын ұйым;
9) мемлекеттік білім беру мекемесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын білім беру мекемесi;
10) девианттық мiнез-құлық - балалар мен жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемi жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемi кетiп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекеттер жасауы;
11) дистанциялық оқыту (алыстан білім беру) - оқыту нысандарының бірi, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметi мен дамуына нысаналы және әдiстемелi түрде ұйымдастырылған басшылық жасау;
12) қосымша білім беру - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң білімге деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегi қосымша білім беру бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi;
13) доцент, профессор:
тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақ;
жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы беретiн ғылыми атақ;
14) рухани (дiни) білім беру ұйымдары - дiн қызметкерлерiн даярлаудың кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;
14-1) бірыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бірiктiрiлген жалпы орта білім беретiн оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірi;
15) жеке педагогикалық қызмет - жеке нысанда білім беру қызметiн көрсетуге бағытталған қызмет;
16) институт - кәсiптiк жоғары білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
17) интернаттық ұйымдар - белгiлi бір санаттағы азаматтардың жатын орын берiле отырып, білім алу құқығына мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта білім беру жүйесiнiң ұйымдары;
18) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының студенттерiн нақты мамандық бойынша бір жылдық даярлау нысаны;
19) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - олардың тиiстi білім деңгейiнiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
19-1) атаулы стипендия - тиiстi білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi білім алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
20) біліктілік - бiтiрушiнiң білімi туралы құжатында көрсетiлген кәсiптiк қызметтi орындауға немесе білімiн жалғастыруға деген кәсiби даярлығының түрi мен дәрежесi;
20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн білім беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны;
21) колледж - орта кәсiптiк білімi бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндерi бойынша бір мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;
22) лицей - негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды кәсiби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретiн оқу орны;
23) шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретiн мектеп;
23-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқыту үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
24) білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе Қазақстан Республикасында құрылған шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
25) білім беру - қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсiби біліктілігінiң жоғары деңгейiне қол жеткізудi мақсат ететiн үздiксiз тәрбиелеу мен оқыту процесi;
26) бiлім беру гранты - білім алушыларға кәсiптiк білімге төлеу үшiн тегiн берiлетiн нысаналы ақша сомасы;
27) білім беру кредитi - білім алушыларға кәсiптiк білім алуға төлеу үшiн берiлетiн нысаналы кредит;
27-1) білім беру мониторингi - білім беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, білім алушылар контингентiнiң, білім беру ұйымдары желісінiң жай-күйiн және өзгерістер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
28) жалпы білім беретiн мектеп - негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын iске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс iстей алатын үш сатыдан: бастауыш, негiзгi және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім беретiн оқу орны;
28-1) білім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бір бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
28-2) аралық мемлекеттік бақылау - білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бір түрi;
28-3) тексеру - білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның іс-әрекеті;
29) кәсiптiк мектеп - жалпы орта, кәсiптiк бастауыш білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша біліктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны;
30) кәсiптік лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк білімнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын және біліктілігi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны;
31) кәсiп - адамның білімi туралы тиiстi құжаттармен расталған кәсiбiнiң, еңбек қызметiнiң негiзгi түрi;
32) клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiн тереңдетiлген медициналық білім алу нысаны;
33) мамандық - білімi туралы тиiстi құжаттармен расталған белгілi бір қызмет түрi үшiн қажеттi, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжiрибесi арқылы алынған білім, шеберлiк және дағдылар кешенi;
34) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу үшiн берiлетiн ақша сомасы;
35) студенттiк кредит - білім алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн нысаналы кредит;
36) университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын; жоғары кәсiптiк білімi бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлердi қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігiн арттыруды жүзеге асыратын; iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзетiн; өзiнiң қызмет саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны;
37) оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi білімнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын құжат;
38) оқу жоспары - тиiстi білім беру деңгейіндегі оқу пәндерiнiң тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтiн негiзгi құжат;
39) білім беру ұйымының филиалы - білім беру ұйымының одан тыс жерде орналасқан және білім беру бағдарламаларын осы Заңда белгiленген шекте iс жүзiне асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
39-1) штаттағы оқытушы - білім беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы;
40) экстернат - білім алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бірi;
40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы білім беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы білім беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы білім беретiн орта оқу орны;
41) элитарлық білім - ерекше дарынды азаматтар үшiн мамандандырылған білім беру ұйымдарында iске асырылатын білiм беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимiнде білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерi
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдiгi;
2) әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi білімге қол жеткізуi;
3) білім берудiң зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн білім беру процесiнiң үздiксiздiгi;оқу мен тәрбиенiң бірлiгi;
6) білім беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
7) білім берудi басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiгiн кеңейту;
8) білім берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты;
9) білімнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсiптiк бағдарлау;
11) білім беру жүйесiн ақпараттандыру.
2. Бiлім беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бірлестіктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 4-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
4-бап. Азаматтардың білім беру саласындағы құқықтарының мемлекеттік кепiлдiктерi
1. Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесiн дамыту және білім алу үшiн тиiстi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн жалпы орта білім мен кәсiптiк бастауыш білім алуға және егер азамат осы деңгейлердiң (олардың сатыларының) әрқайсысында бірiншi рет білім алатын болса, конкурстық негiзде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттар шегiнде тегiн кәсiптiк орта білім мен кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім алуға кепiлдiк бередi. Білім алушыларға білімнiң тегiн берiлуi мемлекеттік білім беру ұйымдарын ұстауды бюджеттен қаржыландыру, білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн сатып алуды бюджеттен төлеу, не мемлекеттік білім беру гранттарын беру арқылы iске асырылады.
3. Кәсiптiк білім алу үшін конкурстық негiзде берiлетiн мемлекеттік білім беру кредитi мен мемлекеттік студенттiк кредиттi қамтитын мемлекеттік білім беру кредитiнiң жүйесi де құрылады.
Конкурс шарттары мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттердi тиiстi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын меңгеруге мейлiнше қабiлеттi және даярлығы бар азаматтардың алуына кепiлдiк беруге тиiс.
Мемлекеттік емес білім беру кредитiн дамытуды мемлекет салық салу жөнiнен жеңiлдiктер беру арқылы ынталандырады.
4. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың білім алуы кезеңiнде оларды ұстау шығындарын толық немесе iшiнара көтередi.
Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтардың санатына:
жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасыларының балалары;
азаматтардың заңмен айқындалатын өзге де санаттары жатады.
Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
6. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы жалпы білім беретiн мектепке бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегiн оқыту ұйымдастырылады.
7. Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
8. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың орта білім алу құқығын қамтамасыз ету үшiн шағын жинақталған мектептер мен интернаттық ұйымдардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.
9. Мемлекет ерекше дарынды азаматтардың элитарлық білім, оның iшiнде шетелде білім алуына қажеттi жағдай жасайды.
5-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
1. Білім беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбір білім деңгейi үшiн мемлекеттік жалпы мiндеттi стандартқа сәйкес мемлекеттік тiл ретiнде қазақ тілін бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шетел тілін оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс.
3. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тілдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тілдерiнде оқытатын білім беру ұйымдары немесе бөлiмшелерi (сыныптар, топтар және басқалар) құрылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-бап. Білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейi бойынша:
білімнiң мазмұнына;
оқып және тәрбиеленiп жатқандардың оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;
білім алушылардың даярлық қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттары белгiленедi..
2. Тиiстi білім беру деңгейлерiнiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшiн мiндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын:
1) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан білім беру ұйымдарының;
2) білім берудiң түрлi деңгейлерiне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарының;
3) білім беру бағдарламаларының iске асырылуы мен білім беру жүйесiнiң дамытылуын қамтамасыз ететiн білім берудi басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
8-бап. Білім беру жүйесiнiң мiндеттерi
1. Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған білім алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
2. Білім беру жүйесiнiң басым мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) білім беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;
3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттік рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттік тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
6) білім беру ұйымдарының еркiндiгiн, дербестiгiн кеңейту, білім беру iсiн басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
8) еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi біліктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігiн арттыру;
9) жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;
10) алуан түрлi және көп қызметтi білім беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 9-бап өзгертілді; 09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Білім беру ұйымдары
1. Бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң күтiмi мен тәрбие алуын қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымының білім беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен одан айырылған немесе ол жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
3. Білім беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметiн лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.
Білім беру ұйымдарының мәртебесiн растау немесе өзгерту мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
1) мемлекеттік (білім беру мекемелерi және білім беру кәсiпорындары);
2) жеке меншiк болуы мүмкiн.
1) мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;
2) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк және қосымша кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары болып бөлiнедi.
Білім беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
10-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
1. Білім беру ұйымының жарғысында мыналар белгіленуге тиiс:
1) атауы, орналасқан жерi (заңды мекен-жайы);
2) құрылтайшылары;
3) білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны, үлгiсi мен түрi;
4) білім беру ұйымының мiндетi мен қызметi;
5) білім беру процесiнiң мақсаты, iске асырылатын білім беру бағдарламаларының тiзбесi;
6) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі;
7) білім беру процесiн ұйымдастыру (оның iшiнде оқыту және тәрбиелеу тілі (тiлдерi), білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ режимi);
8) білімдi ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау жүйесi, оларды өткізудiң нысандары мен тәртібі;
9) ақылы білім беру қызметiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртібі;
10) білім беру ұйымдары мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң және (немесе) олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң қатынастарын регламенттеу мен ресiмдеу;
11) білім беру ұйымдарына құрылтайшы бекітіп берген меншiк объектiлерiнiң пайдаланылу тәртібі;
12) білім беру ұйымының өз қызмет процесiнде сатып алған меншiгiн қалыптастыру тәртібі;
13) білім беру ұйымын қаржыландыру көздерi, олардың қызметiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
14) кәсiпкерлiк қызметiнiң болуы және түрлерi;
15) құрылтайшының құзыретi;
16) білім беру ұйымының құрылымы, басқару органдарын құру тәртібі, олардың құзыретi және қызметiн ұйымдастыру тәртібі;
17) бiлім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң штатын толықтыру тәртібі, еңбекке ақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
18) бiлім беру ұйымының қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібі;
19) білім беру ұйымының жарғысын өзгерту тәртібі.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымының жарғысында алқалы басқару органдары, олардың құрылу тәртібі мен құзыретi көзделуге тиiс.
3. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметiне қатысты және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
4. Білім беру ұйымының жарғысын оның құрылтайшылары бекітедi.
11-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
1. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдары құрылтайшыларының келісімiмен құрылады.
3. Құрылтайшылар таратылатын білім беру ұйымдарының білім алушыларына басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтап шығу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді және толықтырылды
12-бап. Білім беру қызметiн лицензиялау
1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) білім беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс.
2. Білім беру ұйымдарының филиалдары олар үшiн лицензияға жеке қосымшалар берiле отырып, білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы Ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға табыс етiлуге тиiс.
3. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Халықаралық және шетелдiк оқу орындары немесе олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдары Қазақстан Республикасының оқу орындары сияқты шартпен және сондай тәртiппен лицензиялануға тиiс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн белгіленген үлгiдегi арыз;
2) лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
4) мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) жұмыс бабындағы оқу жоспарлары;
6) штаттағы оқытушылардың бар екенiн растайтын құжат;
7) дербес оқу-материалдық базасының бар екендiгiн растайтын құжаттар.
6. Кәсiптiк мектептердiң, кәсiптiк лицейлердiң, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру қызметiн олар үшiн жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негiздерде жүргiзiледi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7. Лицензиардың қажет болған жағдайда лицензияны беру, оның қолданылуын тоқтата түру мәселелерiн алқалы түрде және жария қарау үшiн консультациялық-кеңесшi орган құруға құқығы бар.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқығы бар.
Лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға:
көрсеткiштердiң білім беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптарымен белгiленгеннен төмендеп кетуi;
білім беру сапасының мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттарына сәйкес келмеуi негiз болады.
Лицензиядан айыруға:
лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
лицензиатқа өзiнiң жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына соттың тыйым салуы;
лицензияның қолданылуын лицензиар тоқтатқан себептердiң жойылмауы;
лицензиаттың лицензия алу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат беруi негiз болып табылады.
9. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 13-бап толықтырылды; 09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Білім беру ұйымдарына білім алушылар мен тәрбиеленушiлердi қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
1. Азаматты білім беру ұйымына қабылдау кезiнде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиямен, қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
Қабылдау тәртібі тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдау ережелерiне сәйкес белгiленедi.
2. Осы аумақта тұратын және тиiстi сатыда білім алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн бастауыш жалпы, негiзгi жалпы және орта жалпы білім беру сатыларындағы білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш білім беретiн білім беру ұйымдарына қабылдаудың тәртібін құрылтайшы белгiлейдi.
3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім алу үшiн білім беру ұйымдарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың білім алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiп, неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.
Конкурс:
1) ағымдағы жылғы бірыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
2) кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
3) осы Заңның 35-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына ағымдағы жылғы берілген сертификаттар баллдарының негізінде өткізіледі.
Білім беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға конкурс өткiзiлген кезде:
1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылардың;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандығының олар жеңiмпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңiмпаздарының басым құқығы болады.
Білім беру гранттары мен кредиттерiн алуға арналған конкурсты өткізу кезiнде көрсеткiштер бірдей болған жағдайда медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк білімi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.
4. Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім алу үшiн жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.
5. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;
2) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;
4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн қабылдау квотасы көзделедi.
6. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
Мамандықтардың және арнаулы немесе шығармашылық емтихандар еткізу тәртібінiң тiзбесi Yлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi.
7. Рухани (дiни) білім беру ұйымдарына қабылдау орта білімi бар азаматтар арасынан жүзеге асырылады.
8. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім берудiң мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау мамандандырылған мемлекеттік оқу орындарында және басқа да мемлекеттік оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Мамандықтардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Білім беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртібін осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде құрылтайшы белгiлейдi және ол білім беру ұйымының жарғысында бекітіледi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
1. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметi мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім беру стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды мiндеттi мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
3. Білім беру ұйымдары білім алушыларды аралық аттестаттаудың нысандарын, тәртібін және мерзiмдiлiгін таңдауда дербес болады.
4. Білім беру ұйымдарында тәртiп білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, педагогтардың адамдық қадiр-қасиетін өзара құрметтеу негiзiнде сақталады. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға жол берiлмейдi.
5. Кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң ата-аналарына және өзге де заңды өкiлдерiне білім беру процесiнiң барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерiм бағаларымен танысу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
6. Оқу орындарында оқыту төмендегiдей нысандарда: күндiзгi, сырттай, кешкi оқу, дистанциялық оқыту және экстернат нысандарында жүзеге асырылуы мүмкiн.
Білім алудың әртүрлi нысандарын ұштастыруға жол берiледi.
7. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталуға тиiс.
8. Білім беру ұйымдарында нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшылықты насихаттауға, милитаристiк және де халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпы танылған принциптерiне қайшы келетiн өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.
9. Әскерге шақырылуға дейiнгi және шақырылу жасындағы оқушы жастардың негiзгi жалпы білім беру базасындағы бастапқы әскери даярлығы - жалпы білім беретiн оқу орындарында (арнаулы оқу орындарын қоспағанда), кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарында, ал студенттердің әскери даярлығы жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру
Оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгізу, педагогикалық қызметкерлердiң біліктілігiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Білім алушылардың кәсiптiк практикасы
1. Білім алушылардың кәсiптiк практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлiгi болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиiстi ұйымдарда жүргiзiледi және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесiнде алған білімдi бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжiрибенi меңгеруге бағытталған.
2. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмi мен мазмұны білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгiленедi.
3. Білім беру ұйымдары кәсiптiк практиканы өткізу үшiн шарттық негiзде практика базасы ретіндегі ұйымдарды анықтайды, олармен келісілген практиканы өткізудiң бағдарламаларын және күнтiзбелiк кестесiн бекiтедi.
Шарттарда білім беру ұйымдарының, практика базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың мiндеттерi белгiленедi.
4. Кәсiптiк практикаға жұмсалатын шығындарды білім беру ұйымдары мен практика базасы болып табылатын ұйымдар қарастырады.
Бұл шығындардың мөлшерi жасалған шарттарда белгіленедi.
5. Практиканы дайындау мен өткізу үшiн білім беру ұйымдарының және практика базасының басшылары жауапты болады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Білім туралы құжаттар
1. Лицензиясы бар, мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жалпы білім беру (мектепке дейiнгiнi қоспағанда) мен (немесе) кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен азаматтарға білім және (немесе) біліктілік деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттар бередi.
2. Тиiстi білім деңгейi туралы мемлекеттік үлгiдегi құжат келесi деңгейдегi білім беретiн ұйымдарда білім алуды жалғастырудың қажеттi шарты болып табылады.
Кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білімi туралы құжаттарында көрсетiлген біліктілігіне, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімi туралы құжаттарында көрсетiлген ғылыми дәрежелерiне сәйкес азаматтардың кәсiптiк қызметпен, оның iшiнде білім деңгейiне біліктілік талаптары қойылатын қызметпен айналысуға құқығы бар.
Кәсіби қызметпен айналысуды мақсат еткен медициналық білімі бар азаматтар үшін осы бапта аталған құжаттардан басқа, маман сертификаты болуы қажет.
3. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға белгіленген үлгiдегi анықтама берiледi.
4. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын бiтiргенi туралы құжаттардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде танылуы тиiстi халықаралық шарттар (келісімдер) негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Шетелдiк білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негiзiнде танылады.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау тәртібін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған жағдайда азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған білімi туралы құжаттарының Қазақстан Республикасында танылуы және тиiстi куәлiктер берiлуi білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 17-бап толықтырылды; 09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестiктер
Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметi субъектiлерiнiң мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған олардың бірлестiктерi бiлдiре алады.
3-тарау. Білім беру бағдарламалары мен
білім деңгейлері
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 18-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
18-бап. Білім беру бағдарламалары
1. Білім беру бағдарламалары тиiстi деңгейлер мен олардың сатыларының білім беру мазмұнын айқындайды. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретiн (негiзгi және қосымша) және кәсiптiк (негiзгi және қосымша) болып бөлiнетiн білім беру бағдарламалары iске асырылады.
2. Жалпы білім беретiн бағдарламалар жеке адамның жалпы мәдениетiн қалыптастыру, жеке адамды қоғамдағы өмiрге бейiмдеу мiндеттерiн шешуге, кәсiптi, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшiн негiз жасауға бағытталған.
3. Кәсiптiк бағдарламалар тиiстi кәсiбилiгi мен біліктілігi бар жұмысшылар мен мамандар даярлауға, білім алушылардың кәсiптiк және жалпы білім деңгейiн дәйектi түрде арттыруға бағытталған.
4. Негiзгi жалпы білім беретiн бағдарламалар мен негiзгi кәсiптiк бағдарламалар тиiстi мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттарының негiзiнде әзiрленедi.
5. Қосымша білім беретiн бағдарламалар азаматтардың, қоғамның, мемлекеттiң білімге және мәдениетке деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында iске асырылады.
Қосымша білім беру бағдарламаларына:
1) тиiстi мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттарынан тыс жалпы білім беру және кәсiби даярлық жүргiзiлетiн білім беру ұйымдарында;
2) қосымша білім беру ұйымдарында;
3) жеке педагогикалық қызмет арқылы iске асырылатын әртүрлi бағыттағы білім беру бағдарламалары жатады.
6. Ерекше дарынды білім алушылардың әлеуеттi мүмкiндiктерiн мейлiнше толық дамыту үшiн дарынды балаларға арнап мамандандырылған мектептерде iске асырылатын білім беру бағдарламалары әзiрленедi.
7. Азаматтардың жекелеген санаттары үшiн психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң даму ерекшелiктерi мен әлеуеттi мүмкiндiктерi ескерiлген арнаулы білiм беру бағдарламалары әзiрленедi.
8. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудiң жаңа мазмұнын енгізу үшiн білім беру ұйымдарында (эксперименттiк алаңдарда) эксперимент тәртібімен iске асырылатын білім беру бағдарламалары әзiрленуi мүмкiн.
19-бап. Білім берудiң балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша дамыту бағдарламалары
1. Білім берудiң қосымша дамыту бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда iске асырылады.
2. Мемлекет мемлекеттік мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметтерiне қол жеткізудi қамтамасыз етедi.
3. Мектептен тыс ұйымдар балалардың жеке басының дамуына, кәсiптiк бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегiне, олардың қабiлеттерiн iске асыруына, қоғам өмiрiне бейiмделуiне, азаматтық сана-сезiмiнiң, жалпы мәдениетінің, салауатты өмiр салтының қалыптасуына, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасайды.
4. Мектептен тыс ұйымдарға балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студиялары;
жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен базалары;
балалардың музыкалық, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; ынта-ықыластары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер; балалар парктерi, стадиондар, галереялар және басқа да ұйымдар жатады.
5. Мектептен тыс ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тиiстi ережемен белгiленедi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Арнаулы білім беру бағдарламалары
1. Арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары iске асырады.
2. Дамуында түрлi ауытқулары мен кенжелеушiлiгi бар, емделуге және психологиялық-педагогикалық тұрғыда түзелуге, диагноз қоюға мұқтаж балалар үшiн арнаулы ұйымдар (оңалту орталықтары, бала бақшалары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) құрылады.
3. Ұзақ емделуге мұқтаж адамдар үшiн, сондай-ақ әдеттегi білім беру ұйымдарында оқытуға кедергiсi болатын даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдер үшiн толық мемлекет қамтамасыз ететiн арнаулы түзету ұйымдары ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспiрiмдер бұл ұйымдарға ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келісімiмен ғана психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар арқылы жiберiледi.
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдердi кәсiптiк даярлауға мемлекет жәрдемдеседi.
4. Девианттық мiнез-құлықты адамдар үшiн адамгершiлiк сипатта ерекше ұсталатын білім беру ұйымдары мен арнаулы білім беру ұйымдары құрылады, олар тәрбиелеу мен оқытуды, әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз етедi және оларды мемлекет толық қамтамасыз етiп отырады.
Балалар мен жасөспiрiмдердi арнаулы ұйымдарға жiберу аудан, қала әкiмдерi жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия арқылы, ал ерекше режимде ұстау ұйымдарында сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
21-бап. Жалпы және кәсiптiк білім беру
1. Iске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсiптiк білiм беру болып бөлiнедi.
1) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;
2) жалпы бастауыш білім беру;
3) жалпы негiзгi білім беру;
4) жалпы орта білім беру;
5) жалпы қосымша білім беру кiредi.
Жалпы білім берудiң әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиiстi жалпы білім беру бағдарламасымен белгiленедi.
1) кәсiптiк бастауыш білім беру;
2) кәсiптiк орта білім беру;
3) кәсiптiк жоғары білім беру;
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру;
5) қосымша кәсiптiк білім беру кiредi.
Кәсiптiк білім берудiң әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиiстi кәсiптiк бағдарламамен белгіленедi.
Білім беру бағдарламаларының үздiксiздiгi мен сабақтастығы принципi негiзiнде мынадай білім деңгейлерi белгiленедi:
1) мектепке дейiн тәрбиелеу мен оқыту;
2) орта білім беру;
3) кәсiптiк жоғары білім беру;
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Мектепке дейiн тәрбиелеу мен оқыту
1. Мектепке дейiнгi тәрбие отбасында және (немесе) мектепке дейiнгi ұйымда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жетi) жасқа дейiнгi мектеп жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабiлеттерiн дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажеттi түзету жасауды жүзеге асырады.
3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау мiндеттi және ол отбасында, мектепке дейiнгi ұйымның мектеп алдындағы топтарында немесе жалпы білім беретiн мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптарында жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберiнде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегiн жасалады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Орта білім беру
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегiн орта білім алуға кепiлдiк берiледi. Орта білiм алу мiндеттi.
2. Мемлекеттік күндiзгi жалпы білім беретiн оқу орындарынан он алты жасқа дейiнгi балаларды шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше мәрте бұзғаны үшiн білім беру басқармасы органдарының шешiмi бойынша ерекше жағдайларда ғана жол берiледi. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімiмен қабылданады.
3. Орта білім үздiксiз білім беру жүйесіндегі негiзгi деңгей болып табылады және жалпы, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім берудi қамтиды. Орта білім берудiң мiндеттілiгi мен оған қол жеткізудi қамтамасыз ету үшiн мемлекет орта білім беру ұйымдарының сақталуына және дамуына жәрдемдеседi.
4. Жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-4 сыныптар), негiзгi (5-9 сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар) жалпы орта білім беретiн оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Мектептiң бірiншi сыныбына балалар алты немесе жетi жастан бастап қабылданады.
Аталған сатылар бірге немесе дербес жұмыс iстей алады. Олар тиiсiнше жалпы бастауыш, негiзгi жалпы, жалпы орта білім берудi iске асырады. Жалпы білім беретiн оқу орнының мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi және жоғары сатыларының білім беру бағдарламалары сабақтас болып табылады, әрбір келесi бағдарлама алдыңғысына негiзделедi.
5. Жалпы орта білімнiң көп нұсқалылығына, білім берудiң ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға жалпы орта білім беретiн ұйымдардың әралуан түрлерi мен үлгiлерiн: жалпы білім беретiн мектеп, гимназия, лицей, мектеп-гимназия, мектеп-лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткiзiледi.
6. Кәсiптiк бастауыш білім кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлерде негiзгi жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша біліктi еңбек қызметкерлерiн (жұмысшыларды, қызметкерлердi) даярлауға бағытталған.
Кәсiптiк мектепте оқу мерзiмi - екi-үш жыл, кәсiптiк лицейде - үш жыл, ерекше күрделi кәсiптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшiн - төрт жылға дейiн болады.
Жекелеген кәсiптер бойынша кәсiптiк бастауыш білім беру қысқартылған оқыту мерзiміндегі жалпы орта білім беруге негiзделуi мүмкiн.
Кәсiптiк оқыту білім беру қызметiн жүзеге асыру құқығына белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған кезде, тiкелей өндiрiсте, оқу-өндiрiстiк комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу-өндiрiстiк құрылымдарда жүзеге асырылуы мүмкiн.
7. Кәсiптiк орта білім колледждерде, училищелерде негiзгi жалпы білiм беру базасында конкурстық негiзде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсiптiк орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Колледжде, училишеде оқу мерзiмi - үш-төрт жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білімi бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетiлген бағдарламалар бойынша кәсiптiк орта білім алуына болады.
Тиiстi лицензиясы болған жағдайда колледждерде, училищелерде жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білім беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.
Кәсiптiк орта білімi бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған мерзiмде ақылы негiзде екiншi кәсiптiк орта білім ала алады.
Колледждер мен училищелерде ұқсас мамандықтар бойынша республикалық оқу-әдiстемелiк бірлестiктер құрылады.
8. Кәсiптiк бастауыш немесе кәсiптiк орта білім берудiң кәсiптiк білім беру бағдарламалары шегiнде алынатын кәсiптiк білімнiң бейiнi ескерiле отырып, жалпы орта білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарты iске асырылады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Кәсiптiк жоғары білім беру
1. Кәсiптiк жоғары білімдi орта білімi бар азаматтар алады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн кәсiптiк жоғары білім алуға құқығы бар.
2-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында жоғары кәсіптік білім алу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық негізде ие болуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының мынадай түрлерi белгiленедi: университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).
Жоғары оқу орындарының филиалдары мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi білім беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асырады.
Білім алушылардың мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi білім беру стандарттарының жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер жөніндегі оқу бағдарламаларын меңгеруi филиал құрған жоғары оқу орындарында жалғастырылады.
Жоғары оқу орындарында тиiстi лицензиялары болған жағдайда жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білімнiң білім беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.
4. Бірыңғай оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының құрамына жоғары оқу орнының құрылымдық бірлiктерiнiң немесе заңды тұлға мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бөлiмшелер кiре алады.
Медициналық білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған жағдайда ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.
5. Қазақстан Республикасында кәсiптiк жоғары білімнiң мынадай құрылымы белгiленедi:
1) қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға біліктілік пен "бакалавр" академиялық дәрежесiнiң берiлуiмен расталатын, оқу мерзiмi төрт жылдық жоғары базалық білім (бакалавриат);
қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға біліктілік нен "магистр" академиялық дәрежесiнiң берiлуiмен расталатын, оқу мерзiмi: жоғары базалық білім негiзiнде - екi жылдық; жоғары арнаулы білім негiзiнде бір жылдық жоғары ғылыми-педагогикалық бiлім;
2) тиiстi мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім беру стандарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда,қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен адамға "кәсiптiк жоғары білімi бар маман" тиiстi біліктілігiнiң берiлуiмен расталатын, оқү мерзiмi кемiнде төрт жылдық жоғары арнаулы білім.
Медициналық білім берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқу мерзiмi жетi жыл болады және соңғы оқу жылы интернатура нысанында ұйымдастырылады.
Интернатурадан өтпеген бiтiрушiлер клиникалық практикаға жiберiлмейдi.
Университеттер мен академиялар білім беру саласындағы орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, кәсiптiк жоғары білім берiлетiн нақты мамандықтар бойынша кадрлар даярлау құрылымын белгiлейдi.
6. Кәсiптiк орта білімi бар азаматтар жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтар жөнiнде жоғары кәсiптiк білім алуға құқылы.
Кәсiптiк жоғары білімi бар азаматтар ақылы негiзде жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша екiншi кәсiптiк жоғары білім алуға құқылы.
Кәсiптiк жоғары білім берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
7. Жоғары оқу орны өзiнiң ғылыми қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
8. Жоғары оқу орнының тәрбиелеу мiндеттерi студенттердiң, оқытушылар мен қызметкерлердiң бірлескен оқу, ғылыми, шығармашылық, өндiрiстiк қызметiмен iске асырылады.
11.06.01 ж. № 207-II; 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру
1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім үздiксiз білім беру жүйесiнiң жоғары сатысы ретiнде біліктілігi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлауды көздейдi.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi арнаулы жоғары білімi немесе "магистр" академиялық дәрежесi бар біліктi мамандықтағы азаматтар алады.
2. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау жоғары оқу орындарының клиникалық ординатурасында, ассистентура-тағылымдамасында адъюнктурасында және докторантурасында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер қызметiне, iзденушiлiкке ауыстыру, шығармашылық демалыстар беру нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шетелдік жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысанында оқытуға жіберу жолымен жүзеге асырылады.
3. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмi күндiзгi оқу нысанында - үш жылдан, сырттай оқу нысанында - төрт жылдан, магистр дәрежесi бар адамдар үшiн тиiсiнше екi және үш жылдан аспауға тиiс.
Ассистентура-тағылымдамада тағылымдамадан өту мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша - екi жылдан, сырттай оқу нысаны бойынша үш жылдан аспауға тиiс.
Докторантурада болу мерзiмi - үш жылдан, докторлық диссертация әзiрлеу үшiн аға ғылыми қызметкер қызметiне ауыстыру екi жылдан аспауға тиiс.
4. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім туралы ереженi Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
27-бап. Қосымша кәсiптiк білім беру
1. Кәсiптiк білім берудiң әрбір сатысының шегiнде қосымша кәсiптiк білім берудiң негiзгi мiндеттерi технологиялар мен өндiрiсте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды ұдайы арттыруды ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшiлердiң, мамандардың біліктілігiн үздiксiз арттыру, еңбек нарығы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша мамандықтар алу арқылы кәсiби білімдi, дағдылар мен iскерлiктi тереңдету және кәсiби мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.
2. Қосымша кәсiптiк білім берудiң негiзгi нысандары біліктіліктi арттыру мен кадрларды қайта даярлау болып табылады.
3. Қосымша кәсiптiк білім берудiң оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдары, сондай-ақ нысанасы білім беру қызметi болып табылатын тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi бар өзге де заңды тұлғалар бекiтедi және iске асырады.
4. Қосымша кәсiптiк білім беру бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Білім беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігiн арттыру кемiнде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4-тарау. Білім беру жүйесін басқару
28-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң білім беру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім берудi дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
2) білім берудi дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлейдi және оларды iске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2-1) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және болашақтағы қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн құрады;
3) жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестердiң кәсiптiк білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және кәсiптiк жоғары білімi мен жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімi бар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарда кәсiптiк орта білімi бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;
3-1) мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл бойы ауылдық жерде одан әрі жұмыс істеу шарты негізінде медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін квота белгілейді;
4) білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша білім беру жүйесiнiң қызметiн осы Заңға сәйкес реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
4-1) мемлекеттік білім беру гранты, мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттiк кредиттер туралы ережелердi бекiтедi;
4-2) білім берудiң жалпыға бірдей мiндеттi мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу, бекіту тәртібін және оның қолданылу мерзiмдерiн айқындайды;
4-3) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
4-4) біліктілік талаптарын және білім беру қызметiн лицензиялау тәртібін бекiтедi;
4-5) мемлекеттік үлгiдегi білім туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды берудiң тәртібін айқындайды;
4-6) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінiң кепiлдiк берiлген мемлекеттік нормативiн бекiтедi;
4-7) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын, сондай-ақ Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
4-8) жеке адамның тәрбиесiне, білім алуына және кәсiби қалыптасуына зор үлес қосқан мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы шешiм қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгiзедi;
5) бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) білім беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;
6-1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекітеді;
7) мемлекеттік атаулы стипендияны белгiлейдi;
8) «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiтедi.
11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
орталық атқарушы органның құзыретi
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы мынадай мiндеттердi атқарады:
1) білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, олардың білім беру саласындағы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк игiлiктердiң минимумын алуын қамтамасыз етедi;
1-1) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асырады, білім беру саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
1-2) ұсынылатын білім беру қызметiн көрсетудiң сапасына талдау жасайды және әдiстемелiк әрi әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
3) білім беру ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3-1) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асырады, білім беру сапасын бағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық және технологиялық нормаларды қабылдайды;
3-2) білім беру мониторингiн және білім берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, білім берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережесін бекiтедi;
3-3) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үлгілік (базистік) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын қоспағанда, білім берудiң барлық деңгейлерiнiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
3-4) сырттай, кешкi және экстернат нысанында білім алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
3-5) жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат бередi;
4) медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда, жалпыға бірдей мiндеттi білім берудiң мемлекеттік стандарттарын бекiтедi;
4-1) аралық мемлекеттік бақылау өткізудiң ережесін бекiтедi;
5) білім беру мен ғылым саласында нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
6) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарындағы оқу жылының басталу және аяқталу уақытын белгiлейдi;
7) білім беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерi бойынша сыныптардың (топтардың) санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес толықтырылуын айқындайды;
8) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бойынша кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн белгiлейдi;
8-1) білім алушылардың үлгерiмiне, оларды аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға ағымдағы бақылау жүргiзудiң нысанын әзiрлейдi және тәртібін бекiтедi;
8-2) бірыңғай ұлттық тестiлеудi және кешендi тестiлеудi өткізудiң ережелерi мен технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
8-3) санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға алып келетiн аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шектi санын бекiтедi;
8-4) техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiптiк дайындық деңгейiн растаудың және біліктілік берудiң тәртібін әзiрлеп, бекiтедi;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
9) білім беру қызметiн жүзеге асыру құқығына:
жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң негiзгi білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және кәсiптiк орта білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
дiни білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға лицензия бередi;
9-1) білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекiтедi;
9-2) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
9-3) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда), кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк орта білім беру және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
10) жалпы орта білім беретiн республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi, шығармашылық сайыс негiзiнде оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарын дайындау мен басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және білім беру ұйымдарына оқу әдебиеттерiн таңдаудың тетiгiн жасайды;
10-1) жалпы орта білім беретiн республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;
11) білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттердi, соның iшiнде электрондық жеткiзгiштегi әдебиеттердi пайдалануға рұқсат етедi;
11-1) мектептен тыс республикалық маңызы бар iс-шаралар өткізудi ұйымдастырады;
12) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
12-1) жалпы білім беру пәндерi бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылардың және кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын өткізудi ұйымдастырудың ережесін бекiтедi;
13) денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қоспағанда, бюджет қаражаттары есебінен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
14) білім беру ұйымдарына, магистратураға, аспирантура мен докторантураға оқуға қабылдаудың жалпы тәртібін және үлгi ережелерiн, сондай-ақ білім беру қызметтерiн ақылы көрсету шартының үлгiлiк нысанын бекiтедi;
14-1) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;
14-2) күндiзгi оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бекiтедi;
14-3) осы Заңның 14-бабында көзделген нысандар бойынша оқыту ережелерiн бекiтедi;
15) ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары мен кәсiпорындарының құрылтай құжаттарын бекiтедi;
16) білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттарының, ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджет және қаржы тәртібінiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
16-1) білім алуды аяқтамаған азаматтарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
16-2) білім беру қызметiнде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
16-3) білім деңгейі (сатысы) және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланктеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбекке ақы төлеудiң мемлекеттік нормативтерi туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
18) бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың белгiленген тәртiппен қаржыландырылуын жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
19-1) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесін бекiтедi;
20) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
21) салалық көтермелеу жүйесiн жасайды және бекiтедi;
21-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау ережесін бекiтедi;
22) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігiн арттыруды жоспарлайды және ұйымдастырады;
23) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзiп, өз құзыретi шегiнде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды;
24) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
24-1) білім туралы құжаттарды нострификациялау тәртібін белгiлейдi;
25) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
22.11.99 ж. № 484-1; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың білім беру саласындағы құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар ұсынған білім берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi, олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;
2) ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы шешім қабылдайды;
3) білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүрiп-тұруы туралы шешiм қабылдайды.
2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
1) білім берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекітуiне енгiзедi;
2) азаматтарға кәсiптiк бастауыш білім берудi қамтамасыз етедi;
3) кәсiптiк орта білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi;
4) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім берудi - қамтамасыз етедi;
5) дарынды балаларға мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;
5-1) білім және (немесе) біліктілік деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланктеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады, олармен жалпы негізгі және жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарын қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта білім беретiн, арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жас өспiрiмдер мектептерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6-1) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім берудің негізгі бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады;
7) бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;
8) кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда), сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беретiн білім беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
9) мiндеттi жалпы орта білім беретiн ұйымдар үшiн, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткізудi ұйымдастырады;
10) облыс ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткізудi қамтамасыз етедi;
11) балаларға спорт бойынша қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;
12) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
13) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
14) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
15) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
17) кәсiптiк орта білім беретiн ұйымдардың бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
18) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) білім берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекітуiне енгiзедi;
2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта білім алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
3) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта білім берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
4) азаматтардың кәсiптiк бастауыш білім алуын қамтамасыз етедi;
5) азаматтардың кәсiптiк орта білім алуын қамтамасыз етедi;
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн білім беру ұйымдарын, мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрады, қайта құрады және таратады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта білім берудiң негiзгi білім беру бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ оларды мемлекеттік аттестаттауды жүргiзудi ұйымдастырады;
9) кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;
10) білім алушылардың бірыңғай ұлттық тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
11) мiндеттi жалпы орта білім беретiн мекемелер үшiн, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламаларын iске асыратын мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткізудi ұйымдастырады;
12) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін әрі кәсіптік мектептерді және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
14) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;
15) дарынды балаларға мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім берудi қамтамасыз етедi;
16) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткізудi қамтамасыз етедi;
17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
18) дамуында проблема бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
19) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
20) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
24) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) білім берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi орта білім берудi қамтамасыз етедi;
3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта білім алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
4) арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім беру ұйымдарын құрады, қайта құрады және таратады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, арнайы, мамандандырылған және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
7) мiндеттi жалпы орта білім беретiн мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткізудi қамтамасыз етедi;
8) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша білім берудi қамтамасыз етедi;
9) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізудi ұйымдастырады;
10) белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
13) білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
14) ауылдық жердегi білім беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
15) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:
1) мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі ауылдық (селолық) жерде білім алушыларды мектепке дейiн және керi тегiн жеткізудi ұйымдастырады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 32-бап өзгертілді
32-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Білiм беру ұйымдарының құзыретi
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында, тиiстi үлгiдегi білім беру ұйымдары туралы Үлгi ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесiн жүзеге асыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
1-1. Білім беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар етедi.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы уәкiлеттi басқару органдарымен келісім бойынша өз орынбасарларын тағайындайды және қызметiнен босатады. Оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі білім беру ұйымының жарғысымен белгiленедi.
3. Білім беру ұйымының құзыретiне мынадай мiндеттер жатады:
1) жарғының жобасын әзiрлеу;
2) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекіту;
3) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестелерiн әзiрлеу және бекіту;
4) осы Заңда және тиiстi үлгiдегi білім беру ұйымдары туралы Yлгi ережеде өзгеше көзделмесе, білім алушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн білім беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес қалыптастыру;
Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарының білім алушылар контингентiн қалыптастыру тиiстi үлгiдегi Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес бірыңғай ұлттық тестiлеудiң, кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары конкурсының негiзiнде жүзеге асырылады;
5) білім беру процесi мен білім беру технологияларының әдiстемелерiн, оның iшiнде дистанциялық білім беру технологияларын пайдалану және жетiлдiру;
6) бірыңғай ұлттық тестiлеудi және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша біліктіліктi берудi қоспағанда, білім алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;
8) өздерiнiң қаржы қаражаты шегiнде және республикалық нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген шектеулердi ескере отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердiң жалақысы мен лауазымдық айлықақысының ставкаларын белгiлеу;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақыларына үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық берудiң тәртібі мен мөлшерiн белгiлеу;
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кадрлардың біліктілігiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
10) білім беру ұйымдарын нормативтiк талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жарақтау мен жабдықтау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерiн тарту;
12) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары бөлiмшелерiнiң және медициналық ұйымдардың жұмыс iстеуiне қажеттi жағдайлар жасау, олардың жұмыстарына білім алушылардың, тәрбиеленушiлер мен қызметкерлердiң денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатында бақылау жасау;
13) білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қосымша жеңiлдiктер мен материалдық қамтамасыз ету түрлерiнiң уақытылы берiлiп отыруын қамтамасыз ету;
14) тәрбиеленушiлер мен білім алушылардың күтiмi мен тұру жағдайларының белгiленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
15) қоғамдық өзiн-өзi басқару, қоғамдық бірлестiктер органдарының қызметiне жәрдемдесу;
16) құрылтайшылар мен мүдделi адамдарға қаржылық және материалдық ресурстардың түсуi мен жұмсалуы туралы есеп беру;
17) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагог қызметкерлерiне тиiстi оқу орнының доцентi және профессоры академиялық атақтарын беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органының алдында доцент және профессор ғылыми атақтарын беру туралы өтiнiш жасау.
18) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
34-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары білім беру ұйымының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) кеңестер және басқа да нысандар болып табылады, олардың жұмысын ұйымдастыру ережелерiн, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
3. Білім беру ұйымын тiкелей басқаруды меңгерушi, директор, ректор немесе өзге де басшы жүзеге асырады.
4. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
5. Білім беру ұйымы басшысының мәртебесi, білім беру ұйымының алқалы органдарының құрамы, өкiлеттiгi, сайлау тәртібі және қызметi, олардың арасындағы өкiлеттiктiң ара-жiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және олардың жарғыларымен бекітіледi.
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң қызметтерiн білім беру ұйымдары iшіндегі немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) қызметтермен қоса атқаруға рұқсат етiлмейдi.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдары, олардың филиалдары (бөлiмдерi) басшыларының қызметтiк мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 35-бап өзгертілді; 09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 150-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттiң азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын білім беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім берудi мемлекеттік басқару органдары оны өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектiлерi:
1) негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметi;
2) білім алушылардың тиiстi білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негiзгi түрлерi:
1) аралық мемлекеттік бақылау;
2) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
3) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
4) білім беру ұйымдарын аккредиттеу;
5) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
6) білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
5. Аралық мемлекеттік бақылау:
1) тиiстi сатыдағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын білім алушылардың меңгергенiн тексеру мақсатында жалпы орта білім беретiн білім беру ұйымдарында;
2) білім алушылардың кәсiптiк жоғары білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандартының әлеуметтiк-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейiндi пәндер циклына кiретiн жекелеген пәндердi игергенiн олар екiншi курсты бiтiргеннен кейiн (медициналық оқу орындарында - үшiншi курсты бiтiргеннен кейiн) тексеру мақсатында кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындаған тәртiпте аралық мемлекеттік бақылаудан қайтадан өтуге құқығы бар.
Аралық мемлекеттік бақылаудан екiншi рет өтпеген студенттер мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерiнiң иелерi мемлекеттік білім беру гранты мен кредитi бойынша білім алуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан екiншi рет өтпеген ақылы бөлiмдердiң студенттерi ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылардың саны Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Аралық мемлекеттік бақылау жүргiзудiң ережелерiн Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Қазақ тілінде және орыс тілінде оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері жыл сайын бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға жіберіледі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырудан босатылады.
Білім беру гранттарын алу құқығы конкурсына қатысу үшін халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына сертификат Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы комиссиясының шешімі негізінде беріледі. Сертификаттардың баллдары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен шкала бойынша білім алушының жылдық бағасын аудару жолымен белгіленеді.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарын өткен жылдарда бітірушілердің, сондай-ақ бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырмаған, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқығандардың, ана тілінде (қазақ тілінен және орыс тілінен басқа) оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітірушілердің, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілердің кешенді тестілеуді Yлгілік қабылдау ережелеріне сәйкес тапсыруға құқықтары бар.
7. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, білім берудi мемлекеттік басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткiзедi.
Білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшiн көзделген тәртiппен білім беру ұйымының құрамында өткiзiледi.
Алғашқы мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бірiншi бiтiруiнен кейiн бір жылдан кешiктiрiлмей;
3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейiн өткiзiледi.
8. Жоғары оқу орындарын акредиттеу олардың өтiнiштерi бойынша мемлекеттік аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 35-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-1-бап. Қазақстан Республикасының білім туралы
заңнамасының сақталуын бақылау
1. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын сақтауын бақылау уәкілетті органдардың тексерулері нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін уәкілетті орган жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде бақылаушы органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
3. Жоспарлы тексеру мемлекеттік аттестаттаулар аралығында бір рет жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
5. Білім беру ұйымдарын тексеру уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.
6. Тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргізу мерзімін, объектісін, тексерудің нысанасын уәкілетті орган бекітеді. Тексеруге білім беру және ғылыми ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
7. Тексеру ұзақтығы жеті күннен аспауға тиіс. Негізді себептер болған кезде тексеру мерзімдері ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он күннен аспауға тиіс.
8. Тексеруші адамдар тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпарат сұратуға, тексеру нысанасына қатысы бар құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы.
9. Тексеру жүргізу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактілердің дұрыстығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
10. Комиссия әзірлеген тексеру қорытындылары туралы анықтамамен тексерілген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып, ұйымның мөрін басуға тиіс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерімен тұтастай немесе жекелеген позициялар бойынша келіспейтіні туралы жазба жасауға құқылы.
Білім беру ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкіндігі болмаған жағдайда комиссия төрағасы анықтамада тиісті жазба жасайды.
Анықтаманың бір данасы тексерілген ұйымда қалады.
2006.04.07. № 150-III ҚР Заңымен 35-2-баппен толықтырылды
35-2-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын
ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.
2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі есепке алудың деректерін, білім беру мониторингінің деректерін және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды.
5-тарау. Білім беру процесі субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері
09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім беру ұйымын және қабылдау шарттарына сәйкес білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
Білім алушылар тiлек бiлдiрген жағдайда білім беру ұйымы олармен тараптардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлетiн оқу шартын (келісім-шартын) жасасуға мiндеттi.
Азаматтар ақылы оқуға түскен кезде білім беру ұйымы олармен білім беру қызметiн ақылы көрсету шартын жасасуға мiндеттi.
2. Білім алатын азаматтар білім алушылар немесе тәрбиеленушiлер болып табылады.
Білім алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар, тағлымдамадан өтушiлер, аспиранттар, адъюнктер және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетiн адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:
1) мемлекеттік жалпы мiндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
2) Білім беру ұйымы кеңесiнiң шешiмiмен жалпы мiндеттi мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары, жеделдетiлген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша білім беру қызметiн пайдалануға, білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;
4) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен оқу орнына қайта қабылдануға және біреуiнен екiншiсiне, бір мамандықтан екiншiсiне немесе оқудың бір нысанынан екiншiсiне, мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттік оқу орнына ауысуға;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен білім беру ұйымдары кiтапханаларының ақпараттық ресурстарын тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен халықты жұмыспен қамту саласының жағдайы туралы ақпарат алуға және кәсiби-диагностикалық зерттеуден өтуге;
8) өз пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;
9) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң:
1) жергiліктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметке шақырылудан кейiнге қалдырылуға құқығы бар.
4-1. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген мерзiмге және тәртiппен академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.
5. Білім беру ұйымдарында негiзгi жұмысынан қол үзбей (сырттай, кешкi және дистанциялық оқу нысандары бойынша) оқитын азаматтарға, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында көзделген реттердi қоспағанда, жұмыс берушiлер жалақысын сақтап және сақтамай ақы төленетiн және ақы төленбейтiн қосымша демалыстар, жұмыстан бос күндер беруi де мүмкiн.
6. Меншiк нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарын бiтiрушiлердiң келесi деңгейдегi білім беру ұйымына түсу кезiнде және жұмысқа орналасу кезiнде құқықтары тең болады.
7. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік стипендиялар төленедi.
Мемлекеттік атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мейлiнше дарынды аспиранттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша білім алушы студенттерiне жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
Жеке және заңды тұлғалар белгiлейтiн атаулы стипендиялар кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушылар мен тәрбиеленушiлердi білім беру ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi.
9. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Мемлекет жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн балалар үйлерiн, интернаттық ұйымдар, сондай-ақ отбасылық үлгiсіндегі балалар үйлерiн және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылатын отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарын, Жасөспiрiмдер үйлерiн құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйлерi мен интернаттық ұйымдарда тәрбиеленедi, оларды мемлекет толық қамтамасыз етiп отырады.
11. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да жеңiлдiктер берiледi.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттік жалпы мiндетті білім беру стандарттары көлемiнде білімдi, шеберлiк пен практикалық дағдыларды меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
13. Білім алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және дене бiтiмiн өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi.
14. Білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға білім беру ұйымының жарғысында, не шартта (келісім-шартта) көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
37-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау
1. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесi білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң ауыруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бiтiмiн жетілдiру, салауатты өмiр салтын ынталандыру жөніндегі қажеттi шаралардың орындалуы қамтамасыз етiледi.
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi, сабақ режимi мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсыныстары негiзiнде әзiрленген білім беру ұйымдары бекiтетiн ережелермен айқындалады.
3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығына үнемi бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттерге орындар бередi.
4. Мектепке дейiнгi және орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтiп тұруға мiндетті.
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесi білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тамақтануы мен белсендi демалысы үшiн ұзақтығы жеткiлiктi үзiлiс жасалуын көздеуге тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдар және білім беру ұйымдарының басшылары білім беру ұйымдарында ақылы тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн жағдай жасайды. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледi.
6. Білім беру ұйымдарында оқудың, тәрбиелеудiң, еңбек ету мен демалудың салауатты және қауiпсiз жағдайларын жасау үшiн жауапкершiлiк олардың басшылары мен құрылтайшыларына жүктеледi.
38-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:
1) білім беру ұйымын баланың қалауын, жеке басының бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып таңдауға;
2) ата-аналар комитеттерi арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгерiмi, тәртібі және оқу жағдайлары жөнiнде ақпарат алуға;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнiнде консультациялық көмек алуға құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:
1) балаларға өмiр сүруi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшiн дамытуын, адамгершiлiк жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты (жетi) жастан бастап жалпы білім беретiн мектепке беруге;
3) білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға;
4) балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге мiндеттi.
09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен 39-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
39-бап. Педагогикалық қызметпен айналысу құқығы
1. Білім беру ұйымдарында тиiстi кәсiптiк білімi бар азаматтардың педагогтiк қызметпен айналысу (оқыту және тәрбиелеу) құқығы бар.
2. Тиiстi кәсiптiк білімi жоқ азаматтарға педагогтiк қызметпен (жоғары оқу орындарын қоспағанда) айналысу құқығы қажеттi мамандар болмағанда ғана білім беру ұйымы кеңесiнiң шешiмi бойынша берiледi.
3. Білім беру ұйымдарындағы педагогтiк қызметке сот үкімімен оған тыйым салынған адамдар жiберiлмейдi.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары өздеріндегі бар қаражат шегінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет есебінен сыйлықақылар мен ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдердің мөлшерлерін дербес айқындай алады.
4. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне біліктілігi жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкiлетті органы берген тиiстi диплом болған жағдайда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтары үшiн, ғылым кандидатына бір айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторына екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгіленедi.
5. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн нормативтік оқу жүктемесі аптасына:
1) жалпы білім беретiн оқу орнының бастауыш сатысы үшiн - 20 сағаттан;
2) жалпы білім беретiн оқу орнының негiзгi және жоғары сатылары, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдары үшiн - 18 сағаттан;
3) мектепке дейiнгi ұйымдар, жалпы білім беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптары үшiн - 24 сағаттан;
4) мектептен тыс ұйымдар үшiн - 18 сағаттан (балалардың, жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнде - 24 сағаттан) аспайтын етiп белгiленедi;
5) мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мемлекеттік тапсырысты және мемлекеттік білім беру кредитiн анықтау кезiнде студенттер мен оқытушылардың орташа арақатынасы (бір оқытушыға келетiн студенттердiң орташа саны) тиiсiнше күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1, ал медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1, кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1 және сырттай оқу нысаны үшiн 32:1 болуын негiзге ала отырып есептеледi.
Мемлекеттік білім беру мекемелерiнде педагог қызметкерлерге арналған нормативтiк оқу жүктемесiн білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Заңда белгiленген шекте реттеп отырады.
6. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, сыныпқа басшылық жасағаны үшiн, дәптерлердi, жазба жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн қосымша ақы және Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген басқа да ақылар төленедi.
7. Өз қаражаты есебiнен Еңбекке ақы төлеу жөніндегі ереженi тиiстi оқу орындары (құрылтайшылар) айқындайды.
8. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi олардың құрылтайшылары немесе соған уәкiлдiк берiлген адам айқындайды.
ҚР 22.11.99 ж. № 484-1; 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ; (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 41-бап өзгертілді және толықтырылды
41-бап. Білiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың әлеуметтік кепiлдiктерi
1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi білім беру ұйымдарының жарғыларымен, iшкi тәртiп ережелерiмен және қызметтiк нұсқаулықтармен айқындалады.
2. Педагогтiк қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлер болып есептеледi.
3. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерiнiң:
1) кәсiптiк қызмет үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлуге;
2) білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi стандарты сақталған жағдайда педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың тәсiлдерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
3) ғылыми зерттеулер тақырыбын және олардың нәтижелерiн педагогикалық практикада пайдалану нысандарын еркiн таңдауға;
4) оқу орнын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
5) жұмыстан қол үзе отырып, құрылтайшының қаражаты есебiнен бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерiнiң біліктілігiн арттыруға;
6) санатын көтеру, қызметiнде өсу мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
7) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру мекемелерiнiң педагог қызметкерлерi мен оларға теңдестiрiлгендер үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күнге; әдiстемелiк қызмет орындарының қызметкерлерi, мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күнге ақы төленетiн демалыс алуға;
8) жеке педагогикалық қызметке;
9) өзiнiң кәсiптiк абыройы мен қадiр-қасиетiн қорғауға;
10) білім беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерiнiң білім беру және экономикалық қызметiнiң көзi болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдiстемелiк еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпарат технологиялары және басқалар) нысанындағы интеллектуалдық меншiгiн меншiктiң басқа түрлерiмен бірдей қорғауға;
11) білім беру ұйымы әкiмшілiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасауға;
12) педагогикалық қызметтегi табыстары үшiн материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметтi атақтармен, белгiлермен және грамоталармен марапатталуға құқығы бар.
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерiнiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй алуға;
2) ауылдық (селолық) жерлерде тұрып жұмыс iстейтiндер - жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн мөлшерде коммуналдық қызмет көрсету мен отын шығындары бойынша жеңiлдiктер (ақшалай өтемдер) алуға;
3) жеке меншігінде малы барлардың жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етілуге құқығы бар.
4-1. Селолық жерде жұмыс iстейтiн білім берудiң педагогикалық қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша, қызметтердiң осы түрлерiмен қала жағдайында айналысатын педагогикалық қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленуi мүмкiн.
5. Педагог қызметкерлердi олардың негiзгi қызметiне тән емес қызметтердi атқаруға қызметкерлердiң өз келісімiнсiз тартуға жол берiлмейдi.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қосымша ақы төленедi.
1) білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тиiстi мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлiк және дағды алуын қамтамасыз етуге;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке және шығармашылық қабiлеттерiн ашып, оны дамытуына жәрдемдесуге;
3) өз біліктілігiн арттыруға;
3-1) кемiнде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;
4) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
5) білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
6) салауатты өмiр салтын жүргізiп, оны білім алушылар, тәрбиеленушiлер арасында насихаттауға мiндеттi.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершiлiгi
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі. Еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымының басшысы:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мiндеттердi орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандартының талаптарын орындамағаны;
4) тәрбиеленушiлердiң, білім алушылардың және білім беру ұйымы қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезіндегі өмiрi мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметінiң жай-күйі, соның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
6-тарау. Білім беру экономикасы
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 09.07.04 ж. № 597-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
1) жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білім алуына - мемлекеттік білім беру мекемелерiн ұстауды бюджеттен қаржыландыру;
2) кәсiптiк орта білім алуына - 10-11 (12) сыныптардың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезеңiнде бір оқушыға шаққанда бюджеттік қаржыландыру;
3) кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім алуына - мемлекеттік білім беру тапсырысы мемлекеттік кепiлдiктердiң негiзi болып табылады.
2. Мемлекет жыл сайын білім беруге, оның басымдығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлерi бойынша жалпыға бірдей мiндеттi мемлекеттік стандарттармен белгiленген талаптарды сақтау арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн ақшалай және заттай нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Шағын жинақталған мектептердi қаржыландыру iсiнде білім алушылар санына қатысы жоқ шығындар ескерiлуге тиiс.
Өзге қаржылық және материалдық түсiмдердi, оның iшiнде валюталық түсiмдердi мемлекеттік білім беру мекемелерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
5. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру қызметін сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аттестаттаудан өткен кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн мемлекеттік емес ұйымдар конкурстық негiзде мемлекеттік білім беру кредитiн немесе гранттарын алған адамдарды оқуға қабылдау жолымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға қатыса алады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау мен дамыту бюджет қаражаты мен осы Заңда белгiленген өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
1-1. Түзеу мекемелерiнде мiндеттi жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім беру үшiн үй-жайларды ұстауға және жарақтандыруға байланысты шығыстарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
2. Білім беру ұйымдарының мүлiктi өз жарғыларында белгiленген тәртiппен иеленуге және пайдалануға құқығы бар.
3. Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн мемлекеттік ұйымдардың құрылымын өзгерту мен оларды жекешелендiру, білім беру қызметiнiң бейiнi сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын қолдау мақсатында оларға мемлекеттік білім беру ұйымдарының босатылған үйлерi мен тиiстi материалдық базасы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып, жекешелендiру жолымен берiлуi мүмкiн.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 45-бап өзгертілді; 2006.04.07. № 150-III ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
45-бап. Білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік қызметi
1. Білім беру ұйымдары жарғыға сәйкес кіріс келтіретін қызметпен айналыса алады.
Қызмет көрсетулердің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Білім беру ұйымы осы қызметтен түсетін кірісті бөлу тәртібін өз жарғысына сәйкес дербес белгілейді.
2. Ақылы қызмет көрсетулерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетуге болмайды.
3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мынадай:
1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
2) арнаулы курстар мен пән циклдарын қосымша оқыту;
3) жекелеген білім алушылармен оқу жоспары бойынша сағат санынан тыс пәндер бойынша жеке тәртіппен қосымша сабақтар өткізу;
4) оқушылардың пәндерді қосымша тереңдетіп зерделеуі (мемлекеттік жалпы міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс);
5) балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған қосымша дене шынықтыру-сауықтыру бағдарламалары;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, соның ішінде мектеп жанындағы лагерьлерде ұйымдастыру;
7) үйірме қызметін ұйымдастыру (базистік оқу жоспары шеңберінен тыс);
8) білім алушылар арасында спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу, төрешілік жасау, медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
9) мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру;
10) кәсіптік бастауыш білімі бар мамандарды қайта даярлау;
11) музыкалық аспаптарды, техникаларды және басқа да жабдықтарды пайдалануға беру;
12) мемлекеттік білім беру мекемелерінің энергиялық қондырғылары мен қазандықтарынан берілетін жылу энергиясын жіберу;
13) оқу-қосымша, оқу-тәжірибе, қосалқы учаскелер мен шаруашылықтардың өнімдерін өндіру және сату;
14) оқу-әдістемелік әдебиетті сату;
15) білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету;
16) Интернет-байланыс қызметін көрсету бойынша ақылы қызмет көрсетулер ұсынуға құқылы.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы қызмет көрсетулерінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Мемлекеттік емес білім беру ұйымының білім беру қызметін, соның ішінде білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары шегінде іске асырғаны үшін ақы алуға құқығы бар.
5. Ақылы қызмет көрсетулерді ұсынудың тәртібі мен шарттары білім беру ұйымы мен білім алушының (оның заңды өкілдерінің) арасында жасасылатын ақылы қызмет көрсетулер шартында белгіленеді, оның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді.
6. Жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік ретінде қарастырылады, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
7-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Халықаралық ынтымақтастық
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары және халыкаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымдарының өз жұмыстарының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, білім саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу орындарын, шетелдiк білім беру ұйымдарының филиалдарын құру халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келісімдер негiзiнде, сондай-ақ білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың арасындағы шарттардың (келісімдердiң) негiзiнде жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған білім беру ұйымдарының жарғыларын құрылтайшы елдердiң Үкiметтерi (уәкiлеттi органдары) бекiтедi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық оқу орындарының және басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, шетелдiк оқу орындары филиалдарының білім беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланады.
Бұл білім беру ұйымдарын аттестаттауды құрылтайшылар құратын бірлескен комиссиялар өткiзедi.
5. Аталған білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары бiтiрушiлерге: 1) егер олардағы оқу процесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандарттары негiзiнде ұйымдастырылса, Қазақстан Республикасында қабылданған;
2) егер оқу процесi тиiстi мемлекеттердiң білім беру бағдарламалары бойынша жүргiзiлсе, сол мемлекетте қабылданған білім беру туралы құжаттар бередi. Бұл жағдайда білім туралы алынған құжаттар Қазақстан Республикасында нострификациялануға тиiс.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттердің зайырлы оқу орындарында оқуға, даярлануға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлаудан және тағлымдамадан өтуге құқығы бар. Бұл құқық білім алушылармен, білiм беру ұйымдарымен, өзге де заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық шарттар мен нысаналы бағдарламаларға сәйкес жасалатын тiкелей шарттар бойынша iске асырылады.
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда, келісімдерде белгіленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттар бойынша білімге және педагогтiк қызметпен айналысуға құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II Заңымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Шетелдегi қазақ диаспорасының білім алуға деген қажеттерiн қанағаттандыру
1. Мемлекет шетелдегi қазақ диаспорасының білім алуға деген қажеттерiн қанағаттандыруға жәрдемдеседi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.
3. Шетелдегi қазақ диаспорасына арналған білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
48-бап. 09.07.04 ж. № 597-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-тарау. Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік
49-бап. Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Білім беру саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
50-бап. Осы Заңды күшiне енгізу
1. 40-баптың 1999 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлетiн 4-тармағын қоспағанда, осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiледi.
2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын және осы Заң күшіне енгізілгенге дейін стипендия алуға құқығы бар білім алушылар оқу орнын бітіргенге дейін бұл құқығын бұрынғы тәртіппен сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
| Н. Назарбаев |