Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық
сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45 құжат):

1) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің

кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір айдан үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

2. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

2) мынадай мазмұндағы 114-1-баппен толықтырылсын:

"114-1-бап. Клиникалық сынақтар жүргізудің және

профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және

медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен

құралдарын қолданудың тәртібін бұзу

1. Медицина қызметкерінің клиникалық сынақтар жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

3) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және

есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық

беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз

беру не қолдан жасау

1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өліміне әкеп соқтырған әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 5-6, 31-құжат; № 8; 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын

сақтамау және оны сапасыз көрсету

1. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарғa оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы сертификатты тоқтата тұрып немесе кері қайтарып алып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

2) мынадай мазмұндағы 85-1, 85-2-баптармен толықтырылсын:

"85-1-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық

туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін

бұзуы

1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

85-2-бап. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік

заттарды өткізу ережелерін бұзуы

1. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

3) Мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:

"177-1-бап. Шығындарды өтеу ережелерін бұзу

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ережелерін бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

4) 322-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық

қызмет

1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде көрсету, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Заңда белгіленген тәртіппен берілген тиісті құжаттарсыз халық медицинасымен (емшілікпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -

тиісті емші дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерінің сыйақы алу мақсатымен дәрілік заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгілі бір дәріхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жіберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

5) 324-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу

1. Дәрілік және оларға теңестірілген заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

фармацевтикалық қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпіс, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тіркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік және оларға теңестірілген заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

қызметін тоқтата тұрып, тікелей құқық бұзушылық объектілері және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

тікелей құқық бұзушылық объектілері және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға әкеп соғады.";

6) 325-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"325-бап. Медициналық қызмет көрсетуді дәйексіз жарнамалау

Мұндай қызмет түріне лицензиясы және оны жарнамалауға медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган берген рұқсаты жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету жарнамасын, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының жарнамасын таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

7) мынадай мазмұндағы 328-1-баппен толықтырылсын:

"328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық

қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу

кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар

ұсынуы

1. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар, оның ішінде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

8) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

"380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және

(немесе) анықтаманы заңсыз алу

1. Ауруды өтірік сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

9) 381-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

10) 516-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"516-бап. Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары,

сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе қате

аударма жасау

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысында органға (лауазымды адамға) куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтар беруі, сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрінеу қате аударма жасауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргізу кезінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Егер куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ерікті түрде, уәкілетті орган (лауазымды адам) іс бойынша шешім шығарғанға дейін өздері берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлімдесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.";

11) 541-баптың бірінші бөлігінде:

"80-86" деген цифрлар "80-84, 86" деген цифрлармен ауыстырылсын;

"318-322" деген цифрлар "318-321, 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 543-баптың бірінші бөлігі "311," деген цифрлардан кейін "328-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

13) мынадай мазмұндағы 557-2-баппен толықтырылсын:

"557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау

жөніндегі мемлекеттік орган

1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 85, 85-1, 322 (бірінші, екінші және бесінші бөліктері) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.".

14) 571-бап «177,» деген цифрлардан кейін «177-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

15) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он бірінші абзацында:

«85,» деген цифрлар алып тасталсын;

«322» деген цифрлардан кейін «(үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;

«(екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздер алып тасталсын.

3. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):

1) 25-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарының сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.«.

4. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):

1) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Кәсіби қызметпен айналысуды мақсат еткен медициналық білімі бар азаматтар үшін осы бапта аталған құжаттардан басқа, маман сертификаты болуы қажет.";

2) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

"3-1) мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл бойы ауылдық жерде одан әрі жұмыс істеу шарты негізінде медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін квота белгілейді;";

3) 30-бапта:

3-3) тармақша "білім берудің" деген сөздердің алдынан "медициналық және фармацевтикалық білім берудің үлгілік (базистік) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша "жалпыға" деген сөздің алдынан "медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"13) денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қоспағанда, бюджет қаражаттары есебінен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;".

5. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат; 2005 ж., № 24, 121-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 7-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "хабардар етуге міндетті." деген сөздер "хабардар етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушіні оның еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.";

2) 8-баптың 2-тармағының 15) тармақшасындағы "жүргізуге міндетті." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен профилактикалық, алдын ала және міндетті медициналық тексерулерден өткізілуге тиіс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.«;

3) 48-баптың 2-тармағы «Жүкті әйелдерді» деген сөздерден кейін «және бір жасқа дейінгі баланы емізетін аналарды» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1071-құжат):

1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті түрде емделуден жазбаша бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі босатылғанға дейін бір ай бұрын материалдарды сотқа жібереді.«;

2) 8-баптағы «заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):

1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне сонымен бірге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның мөлшерін айқындау жатады.";

2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:

"14-2) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;";

3) 31-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы «және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі» деген сөздермен толықтырылсын.

8. «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):

18-баптың 1-тармағының 4-1) және 8) тармақшалары тиісінше «мемлекеттік» және «ғылыми» деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

9. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

1) 1-бапта:

Мынадай мазмұндағы 6-1) және 14-1)-тармақшалармен толықтырылсын:

"6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;";

"14-1) тәуекелді бағалау - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізетін, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды өндіру мен әкелуге ғылыми негізделген баға беру;";

15) тармақшадағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақшадағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдері кешені, сондай-ақ өнімдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектілерінің санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында жобаларды сараптау;";

32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"32) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

2) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 6-бапта:

1) тармақшадағы "әзірлейді" деген сөз "айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8) - 12) тармақшалармен толықтырылсын:

"8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ шаруашылық  қызметтеріне арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу, сондай-ақ өндіру, қолдану және тарату тәртібін айқындайды;

10) оларға қарсы алдын ала егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;

11) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

12) пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін белгілейді.";

4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның

құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныс енгізеді;

3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларды айқындайды;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды;

6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметін регламенттейтін санитарлық ережелерді және нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

7) жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін белгілейді;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу, есептілік тәртібін және құжаттамалар нысанын белгілейді;

9) халықтың декреттелген топтарын жұмысқа тұру және жұмысқа жіберу кезінде міндетті алдын ала медициналық тексеру тәртібін және оларды өткізу кезеңділігін белгілейді;

10) алдын ала және мерзімді медициналық тексеріп-қарау міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін белгілейді;

11) медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды;

12) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

13) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;

14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігіне және тиісті құжат бере отырып, тәуекелді бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді;

15) санитарлық паспорт беру, оны есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды;

16) актілер, хаттамалар, қаулылар, нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді;

17) адамдардың жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулармен науқастану және улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеруінің тәртібін белгілейді;

18) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді.";

5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

"7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы мемлекеттік органның құзыретi

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

2) жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне бақылау жүргізеді;

4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысады;

6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайды;

7) мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртіптік жаза қолданады;

9) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;

11) гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекітеді;

12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілейді;

13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар береді;

14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қояды;

15) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасайды және жүргізеді;

17) өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келіседі;

18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізеді;

19) салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

20) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құрады;

21) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялайды;

22) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастырады;

24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;

25) жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асырады;

26) тәуекелдерді бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған әдістерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;

27) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде таниды;

28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындайды;

29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;";

6) 7-1-бапта:

тақырыбындағы "7-1" деген цифрлар "7-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

тақырыбындағы және бірінші абзацтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

"14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;

15) тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.";

7) 8-бапта:

11) тармақшадағы "әзірлеуге қатысады" деген сөздер "әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) тармақшадағы "бағдарламаларды іске асыруға қатысады" деген сөздер "өңірлік бағдарламаларды іске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшадағы "және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеуді" деген сөздер алып тасталсын;

19) тармақшадағы "жүргізуге қатысады" деген сөздер "жүргізуді ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"23) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;";

мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

"24) өз құзыреті шегінде тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.";

8) 9-бапта:

1-тармақта:

10) тармақша "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздердің алдынан "зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

"13) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.";

2-тармақта:

1) тармақша "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздердің алдынан "зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.";

4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

"6) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.";

9) 10-бапта:

1-тармақта:

үшінші, төртінші абзацтардағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын және алтыншы абзацтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттік шекарадағы уәкілетті органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттік шекарадағы мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтағы "мамандары уәкілетті болып табылады." деген сөздер "мамандары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

"халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.";

3-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ "заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен келісім бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

10) 11-баптың 1) тармақшасындағы "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 13-баптың 2-тармағындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 15-бапта:

1-тармақтың бесінші абзацындағы «жүргізуді қамтиды.« деген сөздер «жүргізуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.«;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.";

4-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 16-бапта:

3-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ "Қазақстан Республикасында" деген сөздерден кейін "тіркелген және" деген сөздермен толықтырылсын;

14) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

15) 27-баптың 2, 3 және 5-тармақтарындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).";

17) 29-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган» және «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган», «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуге ерекше мәртебесі мен құқын тану рәсімі;

2) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнаулы қызметтің болуы заңмен көзделіп, осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлімшелердің, бөлімдер мен мекемелердің жиынтығы;

3) бейінді маман - клиникалық бейіндегі белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық білімді медицина қызметкері;

4) дәрігерлік қызмет - жоғары медициналық білімді, тиісті сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;

5) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы;

6) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;

9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ісін мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер органдары;

10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

11) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

12) емдеу - ауруларды жоюға және (немесе) бетін қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

13) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;

14) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

15) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заң аяғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;

16) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіби медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;

17) медициналық қызметтер көрсету - профилактикалық, диагностикалық емдеу немесе оңалту бағыттылығы бар медициналық қызметкерлердің нақты адамға қатысты іс-қимылы;

18) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган - аумақтық бөлімшелері бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

19) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді орындау бойынша бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру;

20) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтің әртүрлі салалары жай-күйінің деңгейін, сапасын және дәрежесін анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

21) медициналық ұйымдар - негізгі қызметі халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;

22) профилактика - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың пайда болуының (және олардың асқынуының) алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;

23) тәуелсіз сараптама - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін рәсім;

24) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке немесе заңды тұлға;

25) тәуелсіз сарапшылардың деректер банкі - тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру үшін мәртебесі және құқықтық өкілеттігі бар, белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке және заңды тұлғалардың тізілімі;

26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

27) халықтық медицина (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы тәжірибелік мәліметтердің, сондай-ақ емшілік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурудың алдын алу мен емдеу үшін іс жүзінде қолдану.";

2) 3-баптың 2-тармағында:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;";

4) тармақша "медициналық" деген сөзден кейін "және фармацевтикалық" деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақтың 3) тармақшасы 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады

3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханаларды қоспағанда, жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тыйым салынады.";

4) 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің денсаулық сақтау

саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;

5) медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

6) осы Заңда белгіленген, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;

7) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялануының тәртібін бекітеді;

8) халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің, аттестаттаудың, сертификаттаудың және стандарттаудың тәртібін айқындайды;

10) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды;

12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетуді сатып алудың тәртібін айқындайды;

13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанын бекітеді;

14) бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібін айқындайды;

15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесі мен шарттарын айқындайды.";

6) 7 және 7-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның

құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді;

5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

6) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды;

8) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекітеді;

9) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарды бекітеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

11) медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

12) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

13) медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін бекітеді және олардың жарнамасына рұқсаттар берудің тәртібін айқындайды;

14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгі штаттарын және штат нормативтерін; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

15) медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу, емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі және психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіреді;

17) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды;

18) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды, оның ішінде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың тәртібін айқындайды;

19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

20) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде дәрілік заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

22) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

23) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды береді және лицензиялауға қатысады;

24) конкурстық негізде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

25) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады;

26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тарифтерін қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдістемесін айқындайды;

27) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

28) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен қызметтер сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді.

7-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау

жөніндегі мемлекеттік органның құзыретi

Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

1) өз құзыреті шегінде медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар қабылдайды;

2) медициналық қызметтер көрсету саласын бақылауды жүзеге асырады;

3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттар сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптаманың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

4) дәрілік заттарды қоспағанда, медициналық қызметтердің, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасын бақылауды жүзеге асырады;

5) медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптарының және лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан науқастарға дәрілік заттардың белгіленуін бақылауды жүзеге асырады;

7) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады;

9) әртүрлі бейіндегі мамандар арасынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады;

10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;

11) денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;

12) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсету және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

13) медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік санатын беруге емтихан өткізеді;

14) дәрілік құралдарды қоспағанда, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының денсаулық сақтау практикасында қолданылуына рұқсаттар беру мен бақылауды жүзеге асырады;

15) клиникаға дейінгі және клиникалық базалар тізбесін бекітеді;

16) жеке тұлғаларға халық медицинасымен (емшілікпен) айналысуға куәліктер береді;

17) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындайды;

18) азаматтардың көрсетілген медициналық көмек сапасы мәселелері бойынша шағымдарын қарайды

19) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілеріне әкімшілік жазалар қолданады;

20) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізуді үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;

21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.";

7) 8-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшадағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;";

4) тармақшадағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

"6-1) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;";

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;";

11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"11-1) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасын, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда, медициналық қызметті; дәрілік заттарды дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;";

8) 9-бапта:

6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"6) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асырады;";

"8) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;";

11-1) тармақша алып тасталсын;

9) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

"9-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы

мемлекеттік бақылау

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтарды жоюға және мемлекеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.

2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін белгіленген стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында халыққа медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын объектілерге (қызметтік куәлік бойынша) кедергісіз баруға;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы денсаулық сақтау субъектілеріне нұсқамалар беруге;

3) денсаулық сақтау субъектілерінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

4) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға;

5) аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, маманды аккредиттеу туралы куәлікті және оның сертификатын қайтарып алуға, денсаулық сақтау субъектілеріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру және медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын кері қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;

6) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті орындауына жатады және оларға жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен шағым жасала алады.

4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексерулердің мынадай түрлерін жүргізуге құқылы:

1) жоспарлы тексеру - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралығы ескеріле отырып жүргізілетін алдын ала жоспарланған тексеру;

2) жоспардан тыс тексеру - халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті жою мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына, жоғары тұрған органның тапсырмасына дереу ден қоюды талап ететін, қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізілетін тексеру;

3) қарсы тексеру - тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен шарттық міндеттемесі не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкілдігіне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектілігін анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртіппен жүргізілетін тексеру;

4) рейдтік тексеру - бірнеше денсаулық сақтау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру;

5) бірлескен тексеру - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша бірнеше бақылаушы органның денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеруі.";

10) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

1. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады және ерікті сипатта болады.

2. Белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар аккредиттеу субъектісі бола алады.

3. Денсаулық сақтау, аккредиттеу, аттестаттау, лицензиялау субъектілерінің қызметіне сараптама жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу үшін белгіленген тәртіппен тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.";

11) 13-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "құжаттамасын қамтиды." деген сөздер "құжаттамасын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) аккредиттеу стандарттарын қамтиды.";

12) 14-бапта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар;

2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;";

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;";

13) 15-баптың 2-тармағындағы "Тиісті бейіндегі" деген сөздер "Осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бейіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"17-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін

денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:

мемлекеттік медициналық мекемелер - жеке қаржыландыру жоспары бойынша;

мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде;

алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.";

15) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Шығындарды өтеу медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

16) 19-бапта:

тақырып пен бірінші абзац "медициналық" деген сөзден кейін "және фармацевтикалық" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік мекемелері қызметінің негізгі және қосымша түрлері олардың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалады.";

17) 20-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;";

3-тармақтың 3) тармақшасында "денсаулық сақтау ұйымдарының" деген сөздер "медициналық ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"21-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін көмек.

2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

19) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.";

20) 23-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.«;

2-тармақтағы «амбулатория-емхана» деген сөздер «алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.";

22) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"26-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары

Медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетілуі мүмкін:

1) жедел медициналық көмек;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

3) консультациялық-диагностикалық көмек;

4) стационарлық көмек;

5) стационарды алмастыратын көмек;

6) санаторий-курорттық емдеу.";

23) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау немесе өмірге төнген қатерді жою үшін аса шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек көрсету нысаны.";

24) 28-бап алып тасталсын;

25) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:

"28-1-бап. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызмет көрсету кешенін:

1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және емдеуді, сондай-ақ жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;

2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды және аурулардың профилактикасын;

3) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау;

4) халықтың сумен қауіпсіз қамтылуы және тиімді тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті мынадай мамандар: учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер көрсетеді.

3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргізіледі.

4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

28-2-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

26) 29-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.";

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

"5. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі стационарлық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған санының (шектелген көлемдерінің) шегінде көрсетіледі.";

27) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.";

28) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Санаторий-курорттық емдеу - табиғи-климаттық, физиотерапиялық және басқа да емдеу факторларын пайдалана отырып, профилактика және медициналық оңалту жөніндегі медициналық көмек көрсету нысаны.";

29) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:

"32-1-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады және салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және азаматтардың салауатты өмірімен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды.

Салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның үйлестіруі және әдістемелік басшылығы аясында денсаулық сақтау субъектілері қамтамасыз етеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың профилактикасы және халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды басқа да мүдделі министрліктермен, халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.";

30) 33-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөлікте "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган беретін" деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

31) 34-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтен түскен қаражаттарды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

32) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

"34-1-бап. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік

мекемелердің ақылы қызметтер көрсету тәртібi

1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс, сондай-ақ медициналық емес сипаттағы ақылы қызметтерді санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер көрсетеді.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер ұсынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылады.";

33) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

"5-1-тарау. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру

 

34-2-бап. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру

1. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруды - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді-денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау субъектілері:

1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;

2) диагностиканың, профилактика мен емдеудің әдістерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген дәрілік заттарды қолдануды;

3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзірлікті;

4) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсіби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөніндегі профилактикалық медициналық іс-шараларды жүргізуді;

5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;

6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды;

7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен сабақтастықты;

8) салауатты өмір салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;

9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді, денсаулық сақтау және мемлекеттік статистика салаларындағы уәкілетті органдар белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша есептер тапсыруды;

10) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мінез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсініктер бойынша көрінген адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.";

34) 35-бапта:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) медициналық қызметтер көрсету сапасының сараптамасы;";

3) тармақша алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.";

35) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"36-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.

2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медицина сарапшылары жүргізеді.

3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптамаға:

1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін анықтау;

2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау;

3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау;

4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау;

6) лицензиямен белгіленген медициналық көмек түрлерінің сәйкестігін анықтау;

7) сапасыз медициналық қызметтер көрсетудің себептерін анықтау, оларды жою және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөнінде шараларды қабылдау кіреді.

4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

36) 38-бап алып тасталсын;

37) 39-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

38) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медицина ұйымдарында сот сараптамасы органдары жүргізеді.";

39) 42-бапта:

1-тармақтағы "биологиялық сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу" деген сөздер "биологиялық, клиникаға дейінгі сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "сараптама комиссиялары" деген сөздер "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Сараптаманы дәрілік затты әзірлеуге және өндіруге тікелей қатыспаған, уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.";

40) 44-бапта:

1-тармақтың төртінші абзацындағы "органдары" деген сөз "органдары жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзац алып тасталсын;

2-тармақтың 5) тармақшасындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

41) 47-бапта:

1-тармақтағы "айқындауды" деген сөз "қалыптастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.";

42) 48-баптың 3-тармағы «куәлік» деген сөзден кейін «, маманның сертификаты» деген сөздермен толықтырылсын;

43) 49-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы интернатурадағы, ординатурадағы, аспирантурадағы оқу аяқталғаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін колледждегі оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі. Біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. Маман кезекті біліктілік емтиханына медициналық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл ішінде біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.";

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.";

44) 51-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

"кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермелеуге;";

3-тармақтың бірінші абзацындағы "өтемақылар беріледі" деген сөздер "әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

45) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек

қатынастары

1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды.

3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.".

11. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат):

13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктерi

1. Мыналарға:

1) алкоголь өнімдерін;

2) ана сүтін жасанды алмастырушыларды;

3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

2. Темекіні және темекі өнімдерін жарнамалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңнамасымен реттеледі.

3. Дәрілік заттарды жарнамалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасымен реттеледі.

4. Медициналық қызметтер көрсету жарнамасына, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының жарнамасына, оларға лицензия мен (немесе) рұқсат болмаған, сондай-ақ оларды жарнамалауға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген рұқсат болмаған кезде, жол берілмейді.

5. Қызметтік қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.".

12. «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

1) 1-бапта:

2) тармақшадағы "дәріхана пункті, дәріхана дүңгіршегі" деген сөздер "алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пункті" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы "(витаминдер, витамин тәрізділер, макро және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және басқалар)" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) биоэквиваленттік - олардың бірдей тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенім артуға мүмкіндік беретін, бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізгеннен кейін бірдей биожетімділігін (жылдамдығы мен сіңірілу дәрежесін) растайтын екі дәрілік заттың салыстырмалы сипаттамасы;";

8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын анықтауға әрі жолын кесуге және фармацевтикалық қызметті Қазақстан Республикасының дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдар кешені;";

14) тармақша 21-2) тармақша болып есептеліп, мынадай редакцияда жазылсын:

"21-2) медициналық иммунобиологиялық препараттар - жұқпалы және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, иммунологиялық әдістердің көмегімен басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттары, иммундық жүйе арқылы емдік әрі профилактикалық әсерін тигізетін (алу тәсіліне қарамастан) қан препараттары;";

мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

"14) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын бұйымдар;";

мынадай мазмұндағы 21-1), 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:

"21-1) дәрілік формуляр - тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейінін ескере отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін тізбесі;";

"21-3) медициналық техника - аурулардың профилактикалық, диагностикалау, емдеу, медициналық сауықтыру, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін жекелеген, кешенді немесе жүйелі түрде медициналық мақсатта қолданылатын аппараттар, жабдықтар, аспаптар, құрылғылар, соның ішінде сериямен өндірілетін протездер мен импланттар;

21-4) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;";

30) тармақшадағы "және ұйымдарға" деген сөздер алып тасталсын;

36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"36) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

2) 4-баптың 2) тармақшасындағы "қызмет түрлерін" деген сөз "қызметтерді" деп жазылсын;

3) 5-бапта:

5) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекітеді;";

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;";

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"8-1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін тауарлар мен қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін айқындайды;

8-2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;";

4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті орган:

1) дәрілік заттар айналымы саласында азаматтардың денсаулығын сақтаудың біртұтас мемлекеттік саясатын жүргізеді және іске асырады;

2) фармацевтика ғылымын дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды және бекітеді;

3) дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

4) фармацевтика қызметін жүзеге асыратын мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды;

5) дәрілік заттардың адам денсаулығына нормативтік құжаттарда көрсетілмеген қауіпті жанама әсері анықталған жағдайда, оларды мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алудың тәртібін айқындайды;

6) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды жасау ережелерін бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын бекітеді;

8) Халықаралық фармакопеялардың жекелеген стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына арналған фармакопеялық құжаттарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды тану туралы шешім шығарады;

9) дәрілік заттарды негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттарға жатқызудың тәртібін айқындайды;

10) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты қамтамасыз ету үшін негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізімін бекітеді;

11) оларды амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекітеді;

12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін тауарлар мен қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді;

13) дәрілік заттарды алып қою мен жою ережесін әзірлейді;

14) дәрілік заттарға рецепт беру, оларды есепке алу және босату ережелерін бекітеді;

15) бірегей дәрілік заттың атауын бекітудің тәртібін айқындайды;

16) дәрілік заттарды дәрігердің рецептімен және рецептісіз босатылатын дәрілік заттар тізбесіне жатқызу өлшемдерін айқындайды;

17) халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишасының құрамын бекітеді;

18) дәрілік заттар мониторингінің тәртібін айқындайды;

19) тәуелсіз сараптама жүргізу, соның ішінде лицензиялау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестілік тәртібін айқындайды;

20) дәрілік заттар айналымы саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуын және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Мемлекеттік органның функциялары

Мемлекеттік орган:

1) дәрілік заттар айналымы саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

2) дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, сондай-ақ дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кейіннен кері қайтарып алып, мемлекеттік тіркеудің қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы дәрілік заттарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

3) дәрілік заттар айналымы саласында дәріханалық және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде шаралар қабылдайды;

4) дәрілік заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъект қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы фармацевтикалық зерттеу актісін жасайды;

6) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

7) дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу мен әкетуді келісуді жүзеге асырады;

8) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қосылған құн салығынан босатуға жататын денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін тауарлардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауды жүзеге асырады;

9) дәрілік заттарға, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және баға белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

10) дәрілік заттарды өндіруге және көтерме сатуға байланысты қызметке және денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке: өндіруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткізуге, пайдалануға, жоюға, лицензиялар береді, оларды кері қайтарып алады және қолданылуын тоқтата тұрады;

11) фармацевтикалық қызметте біліктілік талаптарының және оны лицензиялау ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

12) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілерді аккредиттеуді жүзеге асырады;

13) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің біліктілік деңгейге сәйкестігіне тәуелсіз сарапшылық бағалауды жүргізу үшін заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізеді;

14) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды бес жылда бір рет кезеңділікпен кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;

15) фармацевтикалық қызметкерлерге біліктілік санатын береді;

16) дәрілік заттар жарнамасына рұқсат беруді жүзеге асырады және оның жүзеге асырылуын бақылауды жүргізеді;

17) дәрілік заттар айналымы саласында сараптама жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;

18) дәрілік заттар айналымы саласындағы мониторингті жүзеге асырады;

19) фармацевтикалық білімі бар мамандар қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады;

20) дәрілік заттарды сынауды және (немесе) зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тізбесін айқындайды;

21) консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құрады;

22) фармацевтикалық қызмет мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

23) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі фармакопеялық құжаттарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды бекітеді, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінің технологиялық регламенттерін келіседі, олардың есепке алынуы мен жүйеленуін жүргізеді;

24) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";

6) 8-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) уәкілетті органмен келісім бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін әрі жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;";

2-тармақта:

2) тармақшадағы "дәріхана пункттерінің, дәріхана дүңгіршектерінің" деген сөздер "алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) дәрілік заттарды дайындауға және бөлшек саудамен өткізуге байланысты фармацевтикалық қызметке лицензия береді және кері қайтарып алады және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады.";

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

"3. Бюджет қаражаты есебінен дәрілік заттарды бір орталықтан сатып алған жағдайда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары конкурсты ұйымдастырушылар болып белгіленеді.

4. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін тауарлар мен қызметтер көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырады.";

7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап. Дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік

бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның

лауазымды адамдары

1. Дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;

3) тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;

4) тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттік фармацевтика инспекторлары.

2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілетті орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымды адамдарды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

6. Тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттік фармацевтика инспекторларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

8) 10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "фармацевтикалық қызмет түрлері" деген сөздер "фармацевтикалық қызметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) дәрілік заттардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға;";

10) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

"Өндіру жағдайларын бағалау дәрілік затты мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушінің есебінен өндіруші кәсіпорынға бару арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.";

11) 14-1-бапта:

1-тармақтағы "ережелер мен нормаларды" деген сөздер "стандарттардың, ережелер мен нормалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші абзацтағы "Мемлекеттік бақылау" деген сөздер "Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ анонимдік хабарларды қоспағанда, оның ішінде халықтың денсаулығы мен ұлттық қауіпсіздікке қауіпті дереу жоюды талап ететін шағымдар, өтініштер және басқа да ресми қатынастар түрлері бойынша тексерулер;";

12) 15-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы "стационарлық емделу, төңірегіндегілер үшін қауіп төндіретін аурулардан емделу кезінде" деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Дәрілік заттар азаматтардың жекелеген санаттарына және аурулар түрлері бойынша тегін және жеңілдікті шарттармен беріледі. Аурулар түрлерінің, азаматтар санаттарының және дәрілік заттардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.";

13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Клиникаға дейінгі сынаулар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі.";

14) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Клиникалық сынаулар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі.";

15) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулер мен (немесе) сынауларды:

1) зерттелетін дәрілік зат тек балаларды емдеуге ғана арналған немесе клиникалық сынаулардың мақсаты кәмелеттік жасқа толмағандарды емдеуге арналған дәрілік затты неғұрлым дұрыс мөлшерлеу туралы деректерді алу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәмелеттік жасқа толмағандарға жүргізуге тыйым салынады. Соңғы жағдайда дәрілік заттарды клиникалық сынауларды кәмелеттік жасқа толмағандарға жүргізу алдында олар кәмелеттік жасқа толған азаматтарға жүргізілуге тиіс. Дәрілік заттарды клиникалық сынауларды кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға жүргізген кезде, олардың заңды өкілдерінен жазбаша келісім алу қажет. Заңды өкілдері жоқ кәмелеттік жасқа толмағандарға дәрілік заттарды клиникалық сынауларды жүргізуге тыйым салынады;

2) қажетті ақпарат дәрілік заттарды жүкті әйелдерге клиникалық сынаулар кезінде ғана алынатын және жүкті әйел мен ұрыққа зиян келтіру қаупі мүлдем жоқ кезде ғана жүкті әйелдерге арналған дәрілік заттарды клиникалық сынаулар жүргізу жағдайларын қоспағанда, жүкті әйелдерге;

3) әскери қызметшілерге;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар мен тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдарға;

5) психикасы бұзылғандарды (ауруларды) емдеуге арналған дәрілік заттарды психикасы бұзылғандарға (ауыратындарға) клиникалық сынауларды қоспағанда, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға жүргізуге тыйым салынады.";

16) 21-бапта:

1-тармақ "ұйымдарында" деген сөзден кейін "уәкілетті орган бекіткен тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

2 және 3-тармақтарда "Дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер", "дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер" деген сөздер тиісінше "Денсаулық сақтау субъектілері", "денсаулық сақтау субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 24-бапта:

тақырыбында "нұсқаулықтар" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Дәрілік заттар айналымға уәкілеттік орган бекіткен, оларды қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен қоса түсуге тиіс.

Мамандар үшін дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық мамандандырылған баспасөз басылымдары мен электрондық тасығыштарда орналастырылады.

Тұтынушылар үшін дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық (қосымша-аннотация) дәрілік заттың орамына салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың мәтінін жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

2-тармақ "қысқартылмай" деген сөзден кейін "тұтынушылар үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

12-тармақтың 18) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады

18) 26-баптың 2-тармағында:

"дәріхана пункттерінде, дәріхана дүңгіршектерінде," деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттерінде дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуға жол беріледі.";

19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

"26-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін

көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету

1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету бекітілген дәрілік формулярға сәйкес және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттар тізімінің шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атаулармен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.";

20) 28-бапта:

3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, функционалдық өлшемдері бойынша ұқсас үлгісі жоқ медициналық техникамен жарақтандыруға арналса, мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жол беріледі;";

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.";

6-тармақтың 4) тармақшасындағы "жүзеге асыра алады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) медициналық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.";

7-тармақта ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құжаттар" деген сөздер алып тасталсын;

21) 30-баптың 2-тармағында "мемлекеттік органды және оның аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді" деген сөздер "мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мәліметтер береді" деген сөздермен ауыстырылсын.

22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

32-бап. Дәрілік заттардың жарнамасы

1. Дәрілік заттардың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.

2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы жарнамалауға оларды өндіруге және (немесе) өткізуге лицензия, сондай-ақ олардың жарнамасына рұқсат болмаған кезде жол берілмейді.

3. Дәрігерлердің рецептілері бойынша босатылатын, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бap дәрілік заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырыла алады.

4. Дәрілік заттардың жарнамасында басқа дәрілік заттармен салыстыру, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстыру, оның ішінде дәрілік заттың құрамы, жасау тәсілі, тұтыну қасиеттері, құны (бағасы), қолданудың болжамды нәтижелері, зерттеулер мен сынаулардың нәтижелері сияқты сипаттамаларына қатысты жаңылыстыру болмауға тиіс.

5. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттардың жарнамасына;

2) дәрігердің рецепті бойынша босатылатын дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында таратуға;

3) балаларға арналған дәрілік заттардан басқа, дәрілік заттардың жарнамасында балаларды, олардың бейнесі мен даусын пайдалануға;

4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда дәрілік заттың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

5) плакаттар, стендтер, жарық таблолар, билбордтар, транспаранттар, афишалар мен жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға;

6) дәрілік заттар туралы ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға тыйым салынады.".

13. «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 13, 73-құжат):

1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым мен білім, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;";

2) 7-баптың тақырыбындағы "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

3) 11-баптың үшінші бөлігіндегі "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

4) 16-баптың екінші бөлігіндегі "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздер алып тасталсын.

14. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «, мемлекеттік органдардан» деген сөздер алып тасталсын.

15. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат):

1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;".

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы, 12-тармағының 18) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

3. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап стационарлық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дәріханалық киоскілердің, дәріханалық пункттер мен дәріханалардың қызметіне тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.

№ 171-III ҚРЗ