Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы
2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2008.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                           (1 - 3 баптар)
2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы       (4 - 17 баптар)
         саласындағы мемлекеттік реттеу
3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы       (18 - 20 баптар)
         саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және
         заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама                    (21 - 23 баптар)
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)               (24 - 30 баптар)
         іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
6-тарау. Қорытынды ережелер                                       (31 - 32 баптар)
 

Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайын белгілейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат;

2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi;

3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы;

4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;

5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;

6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметi;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кеміргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;

8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерi;

9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн көбiрек төндiретiн адамдар;

10) жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам аурулары;

11) жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат;

12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер;

13) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекше режимiн көздейтiн шаралар;

14) улану - тiршiлiк ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуi кезiнде туындайтын адам аурулары;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) тәуекелді бағалау - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізетін, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды өндіру мен әкелуге ғылыми негізделген баға беру;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

15) мерзiмдi медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйiн ширақ қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгiлерiн дер кезiнде анықтау, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жүргiзiлетiн халықтың денсаулығын қарау;

16) қауіптілігi ықтимал химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар;

17) алдын ала медициналық қарау - жұмысқа алынатын және оқуға түсетiн адамдар денсаулығының жай-күйiн анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында қарау;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

18) халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген, оларды қолдану немесе пайдалану кезiнде адамның денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн өнiмнiң түрлерi;

19) азық-түлiк шикiзаты - тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын, өсiмдiктен, жануардан алынатын, микробиологиялық, минералды және жасанды түрдегi шикiзат;

20) санитарлық паспорт - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiнің, көлiк құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретiн құжат;

21) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы ережелер мен нормативтердi әзiрлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметi;

22) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

23) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

24) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы - тiршiлiк ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық денсаулығының жай-күйi;

25) санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр аумақтағы халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйi;

26) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тiршiлiк ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтiң, өнiмдердiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат;

27) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйiн қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындаудың мемлекеттік жүйесi;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдері кешені, сондай-ақ өнімдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектілерінің санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында жобаларды сараптау;

29) санитарлық-карантиндiк бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттiк ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптілігi ықтимал заттар мен өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, адамдар мен жүктердiң мемлекеттік шекара арқылы өтуiн бақылау;

30) әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг - халық денсаулығының жай-күйi мен қоршаған орта объектiлерiн бақылаудың, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттік жүйесi;

31) адамның тiршiлiк ету ортасы (бұдан әрi - тiршiлiк ету ортасы) - табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, адамның тiршiлiк ету жағдайын белгiлейтiн ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

32) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

33) тiршiлiк ету ортасының факторлары - тiршілік ету ортасының адамға және (немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер ете алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтiк және өзге де факторлары;

34) iндет - жұқпалы аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану деңгейiнен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы;

35) эпидемиологиялық маңызды объектiлер - шығаратын өнiмi және (немесе) қызметi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн объектiлер.

2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің мiндеттерi мен принциптерi

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi мен принциптерi:

1) азаматтардың денсаулығын сақтауға, тiршiлiк етудiң қолайлы жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің профилактикалық сипаты, тiршiлiк ету ортасы факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуiнiң алдын алу;

3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық;

4) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды орындау және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын мiндеттi түрде сақтауы;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететiн iс-шаралардың ғылыми-практикалық негiздiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк;

7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын бұзуы салдарынан адамның немесе бiр топ адамдардың денсаулығына келтiрген залалын өтеу мiндеттiлiгi болып табылады.

2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы мемлекеттік реттеу

4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi

Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттік органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн бiртұтас жүйе болып табылады.

1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына:

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, оның Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы аумақтық бөлiмшелерi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлiмшелерi жатады.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн ұйымдар:

1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) Мемлекеттік шекарада, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік ұйым;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары;

4) обаға қарсы мемлекеттік мекемелер болып табылады.

5-бап. Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ және 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының жұмыстар мен қызметтер орындағаны үшiн түсетiн қаражаттар;

3) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;

4) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2) орталық атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылықты жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуiне және таралуына санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін белгiлейдi;

4) Қазақстан Республикасының аумағында iндет пайда болған кезде халықтың өмiр сүруiнiң және шаруашылық қызметiн жүргiзудiң ерекше жағдайлары мен режимдерiн белгiлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi;

6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;

7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ шаруашылық  қызметтеріне арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу, сондай-ақ өндіру, қолдану және тарату тәртібін айқындайды;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) оларға қарсы алдын ала егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін белгілейді.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның

құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныс енгізеді;

3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларды айқындайды;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды;

6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметін регламенттейтін санитарлық ережелерді және нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

7) жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін белгілейді;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу, есептілік тәртібін және құжаттамалар нысанын белгілейді;

9) халықтың декреттелген топтарын жұмысқа тұру және жұмысқа жіберу кезінде міндетті алдын ала медициналық тексеру тәртібін және оларды өткізу кезеңділігін белгілейді;

10) алдын ала және мерзімді медициналық тексеріп-қарау міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін белгілейді;

11) медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды;

12) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

13) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;

14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігіне және тиісті құжат бере отырып, тәуекелді бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді;

15) санитарлық паспорт беру, оны есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды;

16) актілер, хаттамалар, қаулылар, нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді;

17) адамдардың жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулармен науқастану және улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеруінің тәртібін белгілейді;

18) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды

7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы мемлекеттік органның құзыретi

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

2) жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне бақылау жүргізеді;

4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысады;

6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайды;

7) мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртіптік жаза қолданады;

9) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;

11) гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекітеді;

12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілейді;

13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар береді;

14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қояды;

15) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасайды және жүргізеді;

17) өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келіседі;

18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізеді;

19) салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

20) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құрады;

21) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялайды;

22) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастырады;

24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;

25) жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асырады;

26) тәуекелдерді бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған әдістерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;

27) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде таниды;

28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындайды;

29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

7-2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы,

 көліктегі және тиісті аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi:

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакция (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады;

3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, автомобиль, теңіз, темір жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;

5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды іске асырады;

7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;

8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;

9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;

10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;

11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;

12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;

13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

16) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды және тиісті аумақта олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

17) тиісті аумақта жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

18) өнімге, тауарларға, процестерге және көрсетілетін қызметтерге өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тиісті аумақта міндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қорытындылар береді;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

19) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, есепке алудың және есептілік нысандарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

20) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды жүргізеді;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

21) тиісті аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді)

22) тиісті аумақта профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8-бап өзгерді (бұр. ред. қара)

8-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi

1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:

1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;

3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;

5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

10) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;

12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

13) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым өз құзыретi шегiнде:

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;

5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;

7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:

1) республиканың түрлi өңiрлеріндегі жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;

2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;

3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;

4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;

5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;

6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;

7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;

8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

4. Обаға қарсы мемлекеттік мекемелер:

1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;

2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;

3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөніндегі iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;

4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;

5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

 

10-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басшылары қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары медициналық білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің

лауазымды адамдарының мемлекеттік

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

объектілеріне тексеру жүргізуi

1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:

1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;

3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.

2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:

1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;

3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;

4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;

5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;

6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.

4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

 

 11-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;

3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

4) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде:

елдi мекендер құрылысын, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыруды,салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлауға;

жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарының, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөлiп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге жасалған келісім-шарттар;

шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерінің, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнiмдердің, биологиялық, дәрi-дәрмектiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi мен ауыз су құйылып, салынатын орауыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен техникалық шарттардың жобалары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарауға және беруге;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулар әкелу мен таратудан, адамның денсаулығына қауіптілігi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асыруға;

7) балаларға арналған тауарларға, тамақ қоспаларына олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгiн қарауға және қорытындылар беруге;

8) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемелерi мен оқу режимдерiн қарауға және ол жөнiнде қорытындылар беруге;

9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактілерін қарау үшiн жеке адамдарды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;

10) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;

11) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;

12) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;

13) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;

14) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;

15) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;

16) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шикiзаттың, өнiмнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;

17) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

18) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бiлуiне аттестаттау жүргiзуге;

19) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшiн өнiмнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң үлгiлерiн көруге және iрiктеу жүргiзуге құқылы.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  бап екінші бөлікпен толықтырылсын

Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.

 

12-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:

1) мемлекеттік органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;

2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;

3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;

4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі өтiніштерiн қарауға және тиiстi шаралар қабылдауға;

6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде белгiлi болған ақпаратқа қатысты дәрiгерлiк құпияны сақтауға мiндеттi.

13-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері

1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:

1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;

3) профилактикалық және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлердiң қаулысын;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді   (бұр. ред. қара)

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы, әкiмшiлiк жауапқа тарту, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, шаруашылық қызметтi тоқтата тұру  , адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулысын;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және санитарлық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым шығарады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Актiлердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.

3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен ұйғарымдарының орындалмауына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

14-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды

адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке немесе заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына не сотқа шағымдануы мүмкiн.

15-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау:

нормативтiк құқықтық актiлердiң негiздемесi бойынша бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi және олардың әзiрленуiн бақылауды;

нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi), сараптауды, бекіту мен жариялауды;

нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеудi, қолдану практикасын қорытындылауды, қолданылуын бақылауды;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрыңғай деректер банкiн түзу мен жүргiзудi;

санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.

3. Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Мемлекеттік органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты өздерiнiң нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу мен бекіту кезiнде оларды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсуге мiндеттi.

5. Нормативтiк-техникалық сипаттағы санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер мемлекеттік тiркеуге жатпайды.

16-бап. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттік тiркеу

1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың мынадай жекелеген түрлерi:

1) халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн, өндiрiске алғаш рет енгiзiлген және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негiзiнде дайындалған материалдар мен препараттар (бұдан әрi - заттар);

2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнген, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын тағамдық қоспалар, бояғыштар, бұйымдар мен материалдар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында мемлекеттік тiркеуге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттік тiркеу:

1) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiнің халық пен тiршiлiк ету ортасы үшiн қауiптiлiгiн сараптамалық бағалау;

2) заттар құрамының, өнiмдердің жекелеген компонентiнiң санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн белгiлеу;

3) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн халық пен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болдырмау жөніндегі арнаулы шараларды, соның iшiнде оларды кәдеге асыру мен жою жағдайларын әзiрлеу негiзiнде жүргiзiледi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Осы баптың 1-тармағында аталған заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттік тiркеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен жүргiзiледi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң тiзiлiмi мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.

17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер:

1) өндiрiстiк, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын күтiп-ұстау мен пайдалануға және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау шарттарына;

2) құрылыс салуға жер учаскесiн таңдауға;

3) объектiлердi жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

4) өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдерге;

5) жеке және тұрмыстық мұқтаждарға арналған тауарларға және оларды өндiру технологияларына;

6) тамақ өнiмдерiне, оларды өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және сатуға;

7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмге;

8) халықтың қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрi-дәрмек заттары мен материалдарын қолдануға;

10) шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына;

11) қалалық және селолық елдi мекендердегi, өнеркәсiп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндiрiстiк, тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың ауасына;

12) топыраққа, қалалық және селолық елдi мекендердiң, өнеркәсiп алаңдарының аумақтарын күтiп-ұстауға;

13) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;

16) адамға әсер етудiң физикалық факторларының көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;

17) балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, оқыту және өндiрiстiк практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен қызметтердi ұйымдастыруға, шикiзаттың жаңа түрлерiне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, ион сәулелерiнің көздерiне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрi-дәрмек заттарына, орайтын және полимерлiк материалдарға, парфюмерлiк-косметикалық, полиграфиялық өнiм мен кеңiнен тұтынылатын басқа да тауарларға әзiрленетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, техникалық шарттарға, рецептiлерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.

3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердәі және

заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

18-бап. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы:

1) адамның және оның келешек ұрпағының денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн факторлары бар қолайлы тiршiлiк ету ортасына;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенiмдi ақпаратты, соның iшiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын уақтылы алуға;

3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі iс-шараларға қатысу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер құруға;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі хаттармен, шағымдармен, өтiнiштермен мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінуге және олардың шешiлуін талап етуге;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардың, жеке кәсiпкерлердің және заңды тұлғалардың кінәсінен олардың денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға;

6) денсаулығының нашарлау себептерiн анықтау үшiн қажеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын талап етуге және алуға құқықтары бар.

2. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мiндеттерi:

1) өзiнiң денсаулығын және айналасындағы адамдардың денсаулығын күту, өз балаларына гигиеналық тәрбие беру және оларды салауатты өмiр сүруге үйрету жөнiнде қамқорлық жасау;

2) басқа азаматтардың денсаулығын сақтау мен қолайлы тiршiлiк ету ортасына құқықтарын бұзуға әкеп соғатын iс-әрекеттердi жүзеге асырмау;

3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау.

19-бап. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аумақтың, объектiнің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi туралы уақтылы сенiмдi ақпарат алуға;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға;

3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер жүргiзу жөнiнде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен ұйымдарына жүгінуге құқылы.

2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметке сәйкес:

1) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзуге;

2) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;

3) орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің және өнiмдердің өндiрiлуi, тасымалдануы, сақталуы және халыққа сатылуы кезiнде қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

4) өз құзыретi шегiнде өндiрiстiк бақылау жасауды, оның iшінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргiзуге, жұмысты орындау мен қызмет көрсету кезiнде, сондай-ақ өнiмдi өндiру, тасымалдау, сақтау және сату кезiнде санитарлық ережелердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауiп төндiретiн авариялық жағдайлар, өндiрiстің тоқтауы, технологиялық процестердiң бұзылуы туралы жаппай және топтық жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулар пайда болған жағдайда халықты, жергіліктi атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар етуге;

6) қызметкерлердi кәсiби және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге және кәсiби даярлығы бар мамандардың жұмыс iстеуiне рұқсат беруге;

7) зертханада зерттеулер жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды тұлғаларына өнiмдердің, шикiзаттың, тауарлардың, өндiрiстiк ортаның сынамаларын iрiктеп алуға мүмкiндiк беруге;

8) халықтың декреттелген тобының қатарындағы адамдарды, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және түрлi ауру көздерiн таратушыларды, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдi медициналық қараудан өтпегендердi жұмысқа жiбермеуге және жұмыстан шеттетуге;

9) тауарлардың, өнiмдердің, шикiзаттардың санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес еместiгi анықталған жағдайда оларды сатуға рұқсат бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалануға немесе кәдеге асыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдауға;

10) санитарлық паспорты болуға;

11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты есепке алу және есептiлiк құжаттамасын тексеруге беруге;

12) шаруашылық және өзге де қызметтi, егер ол халықтың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса, тоқтата тұруға мiндеттi.

20-бап. Өндiрiстiк бақылау

1. Өндiрiстiк бақылауды өндiрiсте және өзге де өндiрiстiк-шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн адамдар жүргiзедi және ол өнiмдi өндiру, сақтау, тасымалдау мен сату жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету процесiнде санитарлық ережелердiң сақталуы мен санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралардың орындалуына зертханада зерттеулер мен сынақтар жүргiзудi қамтиды.

2. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын адамдар оның уақтылы, толық және сенiмдi жүзеге асырылуына жауапты болады.

4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама

21-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзедi және:

1) тiршiлiк ету ортасы объектiлерiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуiн кешендi түрде бағалау;

2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың шығу және халықтың улану себептерi мен жағдайларын зерттеу;

3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде қабылданған шешiмдердің санитарлық ережелерi мен гигиеналық нормативтерiнің талаптарына сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн шешедi.

22-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу

1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе ұйғарымдары бойынша әрi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша сараптама жүргiзу үшiн олар қаржыландыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттама берiледi.

3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сапасы мен объективтiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатын қорытынды бередi.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары сараптама объектiсiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеуге қажеттi материалдарды сұратып алуға құқығы бap.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  6- тармақпен толықтырылды   

6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жарамсыздығы сөзсіз тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты болған жағдайда жүргізілмейді.

Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.

 

23-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тексеру мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары бередi.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды:

атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық апат аймақтарындағы объектiлердi және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестерi бар объектiлердi орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;

өндiрiстiк күштердi, қалалар мен селолық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердің техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына;

функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектiлер учаскесiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;

рұқсат етiлген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитарлық қорғалатын аймақтар мен санитарлық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;

шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлi тобына медициналық қызмет көрсету режимiнің нормативтiк-техникалық құжаттамасының жобаларына;

шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;

халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;

санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын материалдарға, кәсiби, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәлiметтерге;

топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру жөніндегі материалдарға;

жаңа өнiмдерге, технологияларға;

жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халық денсаулығы үшiн қауiптiлiгi ықтимал және (немесе) маңызды басқа да объектiлерге берiледi.

5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу

1. Жұқпалы, паразиттiк аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгізудi, өндiрiстiк бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулердi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөніндегі iс-шаралар жүргiзiледi.

2. Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар аумақтарды дамытудың, халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң әзiрленiп отырған бағдарламаларына, сондай-ақ осы саладағы аймақтық бағдарламаларға енгiзiлуге тиiс.

3. Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиiс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделедi.

4. Айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн созылмалы жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысынан уақытша шеттетiлуi тиiс.

25-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде халық денсаулығына қауiп төндiретiн жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиiс.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды тиісті аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзеді.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.

26-бап. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.

2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

27-бап. Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi

1. Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртібі мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.

4. Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.

28-бап. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгізудiң шарттары

1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.

2. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).

4. Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртібін және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

29-бап. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттік есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттік есебiн жүргiзу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.

30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар

1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Төтенше iндет жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының шешiмiмен бюджет қаражаты есебiнен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау iс-шаралары жүргiзiледi.

3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.

6-тарау. Қорытынды ережелер

31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.

32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 132-құжат).

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

Н. Назарбаев