Қазақстан Республикасының
Кодексі
 
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

(2020.25.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексімен күші жойылды

 

Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы:

2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 211-VІ ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162-ө Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген Кодексті іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді қараңыз

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді

Мазмұны

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

 

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның спорттық медицина мәселелері бойынша құзыреті

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

11-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

 

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау

13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігін аттестаттау

 

4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

 

5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау

21-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсаттар және хабарламалар

21-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

21-3-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

22-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау

22-1-бап. Алып тасталды

 

6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылай қамтамасыз ету көздері

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

 

7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың қағидаттары

28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету

28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары

 

8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары

30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті  ұйымдастыру

9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру

33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі

34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі

 

3-бөлім. Медициналық қызмет

10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері

36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны

37-бап. Медициналық қызметтің түрлері

 

11-тарау. Медициналық көмек

38-бап. Медициналық көмектің түрлері

38-1-бап. Алғашқы көмек

39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

40-бап. Білікті медициналық көмек

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер

43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

47-бап. Стационарлық көмек

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

49-бап. Жедел медициналық көмек

50-бап. Санитариялық авиация

51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек

52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

55-бап. Зертханалық диагностика

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

 

12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар

62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

62-1-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит

62-2-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге құқықты шектеу

63-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама

63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

64-1-бап. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау

 

4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

13-тарау. Фармацевтикалық қызмет

65-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының жүйесі

66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

66-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы

67-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру

68-бап. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау

69-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу

 

14-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

70-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу

71-бап. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу

72-бап. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар)

73-бап. Медициналық бұйымдарды техникалық жағынан сынау

74-бап. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеулер және in vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сынаулар

75-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау

75-1-бап. Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекторат

70-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеу

71-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен  медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу

72-бап. Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер

73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынау

74-бап. Фармакологиялық, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулер

75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау

76-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу

77-бап. Бірыңғай дистрибьютор

77-1-бап. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері

78-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау

79-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою

80-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртiбi

80-1-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат берілген тұлғалар

80-2-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу

80-3-бап. Уәкілетті орган мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасауы

81-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

 

15-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

82-бап. Медициналық бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету

83-бап. Қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау

84-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу

84-1-бап. Жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар

85-бап. Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу

86-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы ақпарат

86-1-бап. Дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеу

86-2-бап. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану

86-3-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету

 

5-бөлім.  Азаматтардың денсаулығын сақтау

16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

88-бап. Азаматтардың құқықтары

89-бап. Балалардың құқықтары

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері

91-бап. Пациенттердің құқықтары

92-бап. Пациенттердің міндеттері

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

95-бап. Дәрігерлік құпия

 

17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

98-бап. Бедеуліктен емделу

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тіндерінің донорлығы

102-бап. Контрацепцияны пайдалану

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

103-1-бап. Химиялық кастрациялау

104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

 

18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету

106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі

107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi

108-бап. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары

109-бап. Алып тасталды

110-бап. Алып тасталды

111-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек

 

19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

 

20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші  адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары

121-бап. Психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау

123-бап. Психиатриялық куәландыру

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау

125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру

127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер

 

21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы

132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі

133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу және байқау

 

22-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек көрсету

135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету

136-1-бап. Мүгедектерге медициналық көмек көрсету

137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету

138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету

138-1-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету

 

23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу

139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі

140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары

141-бап. Эвтаназия

142-бап. Анатомиялық сый

142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

 

6-бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

146-бап. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдерді мемлекеттік тіркеу

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

154-бап. Саламатты өмір салтын қалыптастыру

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

 

7-бөлім. Донорлық және транспланттау

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

 

27-тарау. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау

169-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары

170-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

 

28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету

172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негіздер

173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету үшін негіздер

174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн әкелудiң, әкетудiң тәртiбi

 

8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруы

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау

176-1-бап. Біліктілік санаттарын беру және кері қайтарып алу

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

 

30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру

180-бап. Медициналық зерттеулер жүргiзу

181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар

 

9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау

31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, Ар-намыс кодексі

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

 

9-1-бөлім. Ұлттық алдын алу тетiгiнің негізгі ережелері

31-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi

184-1-бап. Ұлттық алдын алу тетiгі

184-2-бап. Үйлестіру кеңесі

184-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

184-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқықтары

184-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері

184-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату

184-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі

184-8-бап. Алдын ала болу тәртібі

184-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

184-10-бап. Құпиялылық

184-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

 

10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

185-1-бап. Алып тасталды

186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша «салауаттылығы», «салауаттылық», «салауатты», «салауаттылығының», «салауаттылығын», «салауаттылыққа», «салауаттылығына», «салауаттығы», «Салауатты» деген сөздер тиісінше «саламаттылығы», «саламаттылық», «саламатты», «саламаттылығының», «саламаттылығын», «саламаттылыққа», «саламаттылығына», «саламаттылығы», «Саламатты» деген сөздермен, «принциптер», «принциптері», «принциптеріне», «принциптерін», «принцип», «принциптердің», «принципі», «принциптерімен» деген сөздер тиісінше «қағидаттар», «қағидаттары», «қағидаттарына», «қағидаттарын», «қағидат», «қағидаттардың», «қағидаты», «қағидаттарымен» деген сөздермен, «тіркеу деректемесіне», «тіркеу деректеріне», «тіркеу деректерінің», «тіркеу деректемесінің», «Тіркеу деректеріне», «тіркеу деректері», «тіркеу деректерінде» деген сөздер тиісінше «тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасының», «Тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасы», «тіркеу дерекнамасында» деген сөздермен, «тексеріп-қараулардың», «тексеріп- қарау», «тексеріп-қараудың», «тексеріп-қаралуға», «тексеріп-қараудан», «тексеріп-қарауы», «тексеріп-қарауды» «тексеріп-қарауға» деген сөздер тиісінше «қарап-тексерудің», «қарап-тексеру», «қарап-тексерудің» «қарап-тексерілуге», «қарап-тексеруден», «қарап-тексеруі», «қарап-тексеруді», «қарап-тексеруге» деген сөздермен, «көрсетімдер», «айғақтары», «айғақтарсыз», «айғақтар», «айғақтардың» деген сөздер тиісінше «көрсетілімдер», «көрсетілімдері», «көрсетілімдерсіз», «көрсетілімдер», «көрсетілімдердің» деген сөздермен, «өмірді сақтау айғақтары» деген сөздер «тіршілік көрсеткіштері» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

Жалпы бөлім

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) авторландырылған генерик - бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі шығаратын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

 2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

3) анонимдік қарап-тексеру- адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;

5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;

7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;

8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;

9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:

орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;

10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

12) бас миының біржола семуі - бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;

13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі - белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бюджет қаражаты мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдердің тізбесі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды

13-2) биоаналогтық дәрілік препарат (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) - тіркелген биологиялық бірегей дәрілік препараттың немесе референттік дәрілік препараттың әсер етуші затының нұсқасын қамтитын және ол бойынша сапа, биологиялық белсенділік, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша салыстырып зерттеулердің негізінде ұқсастығы (тектестігі) көрсетілген биологиялық дәрілік препарат;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды

13-3) биобанк - ғылыми және медициналық мақсаттар үшін биологиялық материалдарды мамандандырылған сақтау қоймасы;

14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) биологиялық активті қоспалар - тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тамақ өнімінің құрамына қосуға арналған табиғи және (немесе) табиғимен бірдей биологиялық активті заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер;

 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15-1), 15-2), 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-1) биологиялық дәрілік препарат - әсер етуші заты биологиялық көзден өндірілген немесе бөліп алынған және оның қасиеттерін сипаттау мен сапасын бақылау үшін өндірістік процесті және оны бақылау әдістерін бағалай отырып, талдаудың биологиялық және физикалық-химиялық әдістерін ұштастыру қажет болатын дәрілік препарат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-2) биотехнологиялық дәрілік препарат - биотехнологиялық процестердің және рекомбинанттық дезоксирибонуклеин қышқылы технологиясы, биологиялық активті ақуыздарды өндіруді кодтайтын гендердің бақыланатын экспрессиясы, гибридомдық технологиялар, моноклондық антиденелер немесе басқа да биотехнологиялық процестер пайдаланылатын әдістерді қолданудың көмегімен өндірілген дәрілік препарат;

15-3) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-4) бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті баға - бөлшек саудада өткізуді одан жоғары бағамен жүзеге асыруға болмайтын, дәрілік заттың саудалық атауына арналған баға;

 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-5) тармақшамен толықтырылды

15-5) біліктілік санатын беру туралы куәлік - тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-6) тармақшамен толықтырылды

15-6) бірегей дәрілік препарат - қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін растайтын клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық толық зерттеулердің нәтижелерін қамтитын дерекнама негізінде әлемдік фармацевтика нарығында бірінші болып тіркелген және орналастырылған жаңа әсер етуші заты бар дәрілік препарат;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 15-7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15-7) бірлесіп төлеу - дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде олардың орнын толтырудың белгіленген шекті бағасының айырмасын төлеу;

16) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда

16-1) бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы Кодекстің 77-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылды

16-2) гемопоэздік дің жасушалары - организмнің ішкі ортасы тінінің бір бөлігі, адамның өмір сүру процесінде сүйек кемігінде, перифериялық қанда (стимуляциядан кейін) және кіндік қанында болатын, полипотенттілігі бар сүйек кемігінің жасушалары;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 16-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-3) гомеопатиялық дәрілік препарат - Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ фармакопеяларының талаптарына сәйкес немесе олар болмаған жағдайда, гомеопатиялық фармакопеялардың талаптарына сәйкес гомеопатиялық шикізат пайдаланыла отырып, гомеопатиялық технология бойынша өндірілген дәрілік препарат;

17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда

18) дәрілік зат - затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілерімен немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіруге тапсырыс берушімен дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және қолданудың ықтимал қатерінің 1 және 2а қауіпсіздік сыныбының медициналық бұйымдарын (стерильдіктен басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруге; не дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына, ал қолданудың ықтимал қатерінің 1 және 2а қауіпсіздік сыныбының медициналық бұйымдарын (стерильдіктен басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттарды өндірушімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіруге ниеті бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт - бірыңғай дистрибьютор тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен - Қазақстан Республикасының резидентімен жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

18-3) дәрілік затқа арналған шекті баға - дәрілік затты одан жоғары бағамен өткізуді жүзеге асыруға болмайтын баға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-4), 18-5), 18-6), 18-7) және 18-8) тармақшалармен толықтырылды

18-4) дәрілік заттарды өндіруші - дәрілік заттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және дәрілік заттарды өндіруге лицензиясы бар ұйым;

18-5) дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының тізілімі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғалары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурсы;

18-6) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану - жеткілікті уақыт кезеңі ішінде және неғұрлым аз шығындармен пациенттің жеке-дара қажеттіліктеріне сай келетін мөлшерлерде клиникалық көрсетілімдерге сәйкес келетін дәрі-дәрмекпен емдеу;

18-7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін ақпараттық жүйе;

18-8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;

19) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) тармақша өзгертілді; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан әрі - келісімшарттық өндіру) - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарт негізінде өндіру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу (дистрибуция) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көлемдерін шектемей сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен (импорттаумен), әкетумен (экспорттаумен), өткізумен (халыққа өткізуді қоспағанда), тасымалдаумен және жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 21-1) 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды

21-1) дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар (бұдан әрі - тиісті фармацевтикалық практикалар) - дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар;

21-2) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 21-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-3) дәрілік заттың сапасы жөніндегі нормативтік құжат - дәрілік затты тіркеу кезінде оған жүргізілген сараптама негізінде тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік заттың сапасын бақылауға қойылатын талаптарды белгілейтін және дәрілік заттың өзіндік ерекшелігін, талдамалық әдістемелері мен сынауларының сипаттамасын немесе мұндай сынауларға сілтемелерді, сондай-ақ сапа көрсеткіштері үшін қолайлылықтың тиісті өлшемшарттарын қамтитын құжат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) дәрілік заттардың айналысы - дәрілік заттарды әзірлеу, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, сынаулар, клиникалық зерттеулер, сараптау, тіркеу, фармакологиялық қадағалау, сапасын бақылау, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету, босату, өткізу, беру, қолдану, жою процестерін қамтитын қызмет;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда

23) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер - дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер - фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылды

24-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 24-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24-2) дәрілік препараттың қауіпсіздігі - дәрілік препаратты қолдану кезінде адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-1) дәрілік препараттың тиімділігі - профилактикалық, диагностикалық немесе емдік әсерге қол жеткізуді не физиологиялық функцияны қалпына келтіруді, түзетуді немесе түрлендіруді қамтамасыз ететін дәрілік препарат сипаттамаларының жиынтығы;

25-2) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

26) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;

28) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29) дәрілік заттың сапасы - фармацевтикалық субстанция (активті фармацевтикалық субстанция) мен дәрілік препараттың нысаналы мақсатқа сәйкес келуін қамтамасыз ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-1) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның балк-өнімі - соңғы қаптамамен орауды қоспағанда, технологиялық процестің барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дәрілік препарат немесе дайын медициналық бұйым;

30) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды

30-1) дәрілік нысан — дәрілік препараттың оны енгізу, қолдану тәсілдеріне сәйкес келетін және қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай-күйі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды

30-2) дәрілік өсімдік шикізаты - дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын жаңадан алынған немесе кептірілген өсімдіктер, балдырлар, саңырауқұлақтар немесе қыналар не олардың бүтін немесе ұсақталған бөліктері;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31) дәрілік препарат - диагностикалау, емдеу мен профилактика үшін қолданылатын, дәрілік нысан түріндегі дәрілік зат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32) дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік препараттарды дайындаумен, фармацевтикалық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды) сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, олардың сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

32-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

32-2) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

33) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды

33-1) дәрілік шикізат - дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, минералдан, жануардан алынатын заттар немесе химия өнеркәсібі өнімдері;

34) дәстүрлі медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылды

34-1) дезинсекция - адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жәндіктер мен бунақ аяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

34-2) дезинфекция - сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

35) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік саламаттылық жағдайы;

36) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды

36-1) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды

36-2) денсаулық сақтау менеджері - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқару жөніндегі немесе денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлға қызметінің жекелеген бағыттарына басшылық ететін маман;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 36-3) тармақшамен толықтырылды

36-3) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі - біліктілік санаты) - маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагог кадрлардың педагогикалық және кәсіби біліктіліктерінің деңгейін айқындау рәсімі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 37-1), 37-2), 37-3) және 37-4) тармақшалармен толықтырылды

37-1) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37-2) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт - денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі деңгейіне, еңбегінің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 37-3) тармақша жаңа редакцияда

37-3) денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісін концессия объектісінің нысаналы мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарларды өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету мақсаттарында пайдалану;

 37-4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 37-5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

37-5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау - тиісті маман сертификатын бере отырып, медицина жұмыскерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келетінін айқындауға және оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған міндетті рәсім;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі салаларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, білім беру бағдарламаларының, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы;

39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41) тармақша өзгертілді

41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды

42-1) денсаулық сақтау технологияларын бағалау - денсаулық сақтау технологияларының салыстырмалы дәлелденген клиникалық және клиникалық-экономикалық (фармакологиялық-экономикалық) тиімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ оларды қолданудың экономикалық, әлеуметтік және этикалық салдарларын кешенді бағалау;

43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-1) тармақша жаңа редакцияда

43-1) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры - қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 43-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43-2) дератизация - кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шараларының кешені;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 43-3) тармақшамен толықтырылды

43-3) детоксикация - адам организмiнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;

44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

45) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47) тармақша жаңа редакцияда

47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, жыныс жасушалары, ұрпақты болу ағзаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды

47-1) донорлық функция - донордың медициналық зерттеп-қарауды және медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын ерікті актісі;

48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

49) ерікті емделу - науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды

49-1) жағымсыз реакция - организмнің дәрілік (зерттелетін) препаратты қолдануға байланысты және осы дәрілік (зерттелетін) препараттың қолданылуымен ықтимал өзара байланыстың болуы шамаланатын байқаусызда болған, қолайсыз реакциясы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50) тармақша жаңа редакцияда

50) жалған дәрілік зат пен медициналық бұйым - құрамы немесе жинақталуы және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер туралы анық емес ақпаратпен және қолдан жасалған заттаңбамен құқыққа қайшы және әдейі жабдықталған дәрілік зат, медициналық бұйым;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

51) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды

51-1) жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы - жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған ведомстводан тыс кешенді сараптама жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар), қала құрылысы жобаларының қала құрылысы кешенді сараптамасының құрамында жүргізілетін жобалар сараптамасының бөлігі;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 51-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-2) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 51-2) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 51-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-3) жоспарлы медициналық көмек - шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай-күйлер кезіндегі медициналық көмек;

52) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 52-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

52-1) иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) - белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (табуға) арналған дәрілік препарат;

52-2) иммуннологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан әрі - HLA жүйесі) - адам лейкоциттерінде орналасқан және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;

53) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 54-1) тармақшамен толықтырылды

54-1) интеграцияланған академиялық медициналық орталық - білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымын ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен біріктіру;

55) инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

57) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 57-1) және 57-2) тармақшалармен толықтырылды

57-1) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;

57-2) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы - адам мен жануарлардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде алынған және зертханалық зерттеулерге арналған биологиялық сұйықтықтарының, тіндерінің, секреттері мен тіршілік әрекеті өнімдерінің үлгілері, биопсиялық материал, гистологиялық кесінділер, жағындылар, қырындылар, шайындылар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 58) тармақша жаңа редакцияда

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - зерттелетін затты (дәрілік затты) өзіндік ерекшелікті әсерін зерделеу және (немесе) адам денсаулығы үшін қауіпсіздігінің дәлелдемелерін алу мақсатында бағалаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы зерделеу жөніндегі химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік зерттеу немесе зерттеулер сериясы;

59) клиникалық зерттеу - субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін зерттеу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды

59-1) клиникалық хаттама - белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 59-2) тармақшамен толықтырылды

59-2) клиникалық фармаколог - «емдеу ісі», «педиатрия», «жалпы медицина» бейіндері бойынша жоғары медициналық білімі бар, клиникалық фармакология бойынша резидентурадан немесе қайта даярлаудан өткен және клиникалық фармаколог маманының сертификаты бар маман;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 59-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 59-3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-3) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 59-4) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 59-4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-4) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 59-5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-5) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісі) пайдалану - денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, ол концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда техникалық және функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 59-6) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-6) концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету - концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік және (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60) көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті баға - дәрілік заттың саудалық атауына арналған баға, оны одан жоғары бағамен көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға болмайды;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 61) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61) күн сайынғы дәрігерлік конференция - медициналық ұйымның өткен тәуліктердің қорытындысын шығару, клиникалық жағдайларды талқылау және талдау, сондай-ақ ұжымға медицина ғылымы мен клиникалық практиканың жаңа жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатындағы жоспарлы кеңесі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61-1) тармақша жаңа редакцияда

61-1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды

61-2) Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасы - медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасымен (GMDN) үйлестірілген және Қазақстан Республикасында қолданылатын, медициналық бұйымдар түрлерінің жүйеленген номенклатуралық сыныптауышы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 61-3) тармақшамен толықтырылды

61-3) Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімі - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторлары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурсы;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62) тармақша жаңа редакцияда

62) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын ең төмен талаптар жинағы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 62-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

62-1) қайта өндірілген дәрілік препарат (генерик) - әсер етуші заттардың сандық және сапалық құрамы да, дәрілік нысаны да бірегей дәрілік препаратпен бірдей болатын және бірегей дәрілік препаратқа биобаламалылығы биоқолжетімділікті тиісті зерттеулермен расталатын дәрілік препарат. Түрлі тұздар, эфирлер, изомерлер, изомерлер қоспалары, әсер етуші заттың жиынтығы немесе туындылары, егер олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі айтарлықтай ерекшеленбесе, нақ сол әсер етуші зат болып танылады. Заттары тез босап шығатын, ішуге арналған түрлі дәрілік нысандар биоқолжетімділікті зерттеулер шеңберінде нақ сол дәрілік нысан болып танылады;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды

63-2) қолайсыз оқиға (оқыс оқиға) - медициналық бұйымның кез келген жарамсыздығы және (немесе) сипаттамаларының нашарлауы немесе жұмыс істеуінің бұзылуы немесе медициналық бұйымға ілеспе ақпараттың (құжаттаманың) жеткіліксіздігі не дұрыс еместігі, қолдану жөніндегі нұсқаулықта немесе пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілмеген, пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың өліміне немесе денсаулық жағдайының елеулі нашарлауына тікелей немесе жанама түрде алып келген немесе алып келуі мүмкін жанама әсерлер немесе жағымсыз реакция;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 62-3) тармақшамен толықтырылды

63-3) қосалқы зат - фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды) қоспағанда, дәрілік препаратқа қажетті қасиеттер беру үшін оның құрамына кіретін зат;

63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, саламатты өмір сүруіне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбауға қоғамның күш-жігер жұмсауын көрсететін, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтік саламаттылығының кешенді сипаттамасы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды

63-1) қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеу - денсаулыққа әсер ететін және денсаулық сақтау жүйесінің дамуын айқындайтын негізгі факторларды анықтау, осы факторларға мақсатты әсер ету және басқару әдістерін әзірлеу үшін клиникалық-эпидемиологиялық деректер мен өзге де медициналық ақпаратты жинау және қорыту негізінде жүргізілетін зерттеу;

64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 64-1) тармақшамен толықтырылды

64-1) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау - маманның біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білімі мен дағдыларын бағалау рәсімі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65) тармақша жаңа редакцияда

65) маман сертификаты - жеке тұлға біліктілігінің:

клиникалық мамандыққа және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған;

денсаулық сақтау менеджеріне сәйкес келуін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;

67) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

68) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 68-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

68-1) медициналық-биологиялық эксперимент - жай-күйдің пайда болу немесе аурудың даму себептерін, жағдайлары мен тетіктерін анықтау, емдеу және профилактика әдістерін әзірлеу үшін зертханалық жануарларға зерделенетін жай-күйдің немесе аурудың құрылымдық-функционалдық кешенін оңайлатылған нысанда жаңғыртуға (модельдеуге) негізделген зерттеу;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 68-2) тармақшамен толықтырылды

68-2) медициналық білім беру - медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 68-3) тармақшамен толықтырылды

68-3) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік - шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 68-4), 68-5), 68-6), 68-7), 68-8), 68-9), 68-10), 68-11), 68-12) және 68-13) тармақшалармен толықтырылды

68-4) медициналық бұйымдардың айналысы - медициналық бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін жобалау, әзірлеу, жасау, оларды техникалық жағынан сынау, олардың биологиялық әсерін бағалауға зерттеулер (сынаулар), медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың қауіпсіздігіне, сапасына және тиімділігіне сараптама жүргізу, медициналық бұйымдарды тіркеу, өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу, монтаждау, баптау, қолдану (пайдалану), оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату;

68-5) медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар) - медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, олардың таңбалануына және оларға арналған пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға медициналық бұйымдардың сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеулер (сынаулар);

68-6) медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасы (GMDN) - медициналық бұйымдарды сәйкестендіру мақсатында қолданылатын, медициналық бұйымдар түрлерінің жүйеленген номенклатуралық сыныптауышы;

68-7) медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу - қолайсыз оқиғалар (оқыс оқиғалар) туралы ақпаратты жинау, тіркеу, талдау;

68-8) медициналық бұйымдардың түрі - Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасында мақсаты ұқсас, қолдану технологиялары бірдей, конструкциялық белгілері және ортақ цифрлық белгілемесі бар медициналық бұйымдар тобы;

68-9) медициналық бұйымды өндіруші - медициналық бұйымды әзірлеуге және дайындауға жауапты, оны осы тұлға немесе оның атынан басқа тұлға (тұлғалар) әзірлегеніне және (немесе) дайындағанына қарамастан, оны өз атынан пайдалану үшін қолжетімді ететін және оның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі үшін жауаптылықта болатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект;

68-10) медициналық бұйымның қауіпсіздігі - медициналық бұйымды пайдалану кезінде адамның өміріне, денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

68-11) медициналық бұйымның сапасы - медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамалары жиынтығының оны пайдалануға арналған мақсаттарға сәйкестік дәрежесі;

68-12) медициналық бұйымның саудалық атауы - медициналық бұйымның тіркелетін аты;

68-13) медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін және оны пайдалану практикасымен расталған, медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 68-14) тармақшамен толықтырылды

68-14) медициналық зерттеу - мақсаты адамның денсаулығы, аурулар туралы, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы туралы жаңа білімді ғылыми әдістермен алу болып табылатын зерттеу;

69) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 70) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;

71) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;

72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;

73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 74) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 75) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

75) медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

77) медициналық оптика бұйымдары - көздің көру қабілетін түзеу және жарықпен емдеу үшін медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;

78) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

78-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

79) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 79-1) тармақшамен толықтырылды

79-1) мейірбике күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

80) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 80-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 80-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, өнімнің (тауарлардың) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 80-2) тармақшамен толықтырылды

80-2) мемлекеттік фармацевтикалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

81) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерінің (кейбір амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар биологиялық активті қоспалар;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 83) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

83) орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препарат - жиілігі Қазақстан Республикасында ресми айқындалған деңгейден аспайтын, орфандық (сирек кездесетін) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;

84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар - адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 84-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 84-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

84-1) ошақтық дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсаттарында олардың ошақтарында жүргізілетін дезинфекция;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 84-2) және 84-3) тармақшалармен толықтырылды

84-2) өндірістік бақылау - өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

84-3) өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингi - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi анықтауға, әкелiнуiнiң, өндiрiлуiнiң, қолданылуының және өткiзiлуiнiң алдын алуға және жолын кесуге бағытталған iс-шаралар жүйесi;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 84-4) тармақшамен толықтырылды

84-4) өндірушінің уәкілетті тұлғасы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өндіруші өндірген дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға жауап беретін және дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының тізіліміне енген тұлға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 84-5) тармақшамен толықтырылды

84-5) өндірістік алаң - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің бүкіл процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, аумақтық жағынан оқшауланған кешені;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 84-6) тармақшамен толықтырылды

84-6) паллиативтік көмек - терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсері бар және аурулардың профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;

86) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;

87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

89) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;

90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылды

90-1) психологиялық көмек - мыналарға:

адамның психологиялық проблемалардың алдын алуына, оларды шешуіне, өмірдегі қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруіне психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуын оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және оның сапасын арттыруға, оның ішінде адамның жеке мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін жәрдемдесуге;

адамдарды психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы хабардар етуге;

жеке басты дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;

90-2) психологиялық проблема - адамның өзіне, өзінің қызметіне, адамдармен арадағы қарым-қатынастарға, отбасындағы жағдайға және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемаларға қанағаттанбаушылығынан туындаған ішкі күйзеліс жағдайы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 90-3) тармақшамен толықтырылды

90-3) радиофармацевтикалық дәрілік препарат - әсер етуші зат ретінде немесе әсер етуші заттың құрамында, қолдануға дайын күйінде бір немесе бірнеше радионуклидті (радиоактивті изотоптарды) қамтитын дәрілік препарат;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 90-4) тармақшамен толықтырылды

90-4) референттік дәрілік препарат - салыстыру препараты ретінде пайдаланылатын және дәрілік препараттың қасиеттері сол бойынша айқындалатын (нормаланатын) эталон болып табылатын дәрілік препарат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 91) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 91-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

91-1) санаторийлік-курорттық емдеу - адамдар санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болған жағдайларда жүргізілетін қалпына келтіру емінің және (немесе) медициналық оңалтудың түрі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 92) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92) санитариялық-карантиндік бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімнің кіруіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін, адамдар мен жүктерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулығының жай-күйін бақылау;

 93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 93-1) тармақшамен толықтырылды

93-1) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар - халық арасында инфекциялық, паразиттік, кәсіптік және басқа да аурулардың профилактикасы, сондай-ақ Қазақтан Республикасының аумағына халық арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуінің (енгізілуінің) алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар;

94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 94-1) тармақшамен толықтырылды

94-1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу тұрғысынан тексеру;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 94-2) тармақшамен толықтырылды

94-2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 95) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсаттарында қолданылатын шаралар;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 95-1) тармақшамен толықтырылды

95-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 95-2) тармақшамен толықтырылды

95-2) сүйек кемігі - сүйектің кеуекті затында және сүйек-кемік қуыстарында орналасқан орталық қан өндіру органы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 95-3) тармақшамен толықтырылды

95-3) стандартты үлгі - өзінің қасиеттері зерттелетін дәрілік заттың қасиеттерімен салыстырылатын химиялық, физикалық және биологиялық зерттеулерде пайдалануға арналған және тиісінше қолдану үшін жеткілікті тазалық дәрежесіне ие сәйкестендірілген біртекті зат немесе заттардың қоспасы;

96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) - тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 97) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

97) тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға негіздеме;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 98) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

98) тәуелсіз сараптама - көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының деңгейі жөнінде қорытынды шығару мақсатында сыртқы сараптама шеңберінде тәуелсіз сарапшылар жүргізетін рәсім;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 98-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

98-1) тәуелсіз сарапшы - жоғары медициналық білімі бар және уәкілетті орган айқындаған, тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлға;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 99) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 99-1) және 99-2) тармақшалармен толықтырылды

99-1) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 99-2) тармақша жаңа редакцияда

99-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алуды жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 99-3) тармақшамен толықтырылды

99-3) телемедицина - пациент немесе пациентті тікелей зерттеп-қарауды немесе емдеуді жүргізетін дәрігер ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан басқа дәрігердің консультациясын алатын, қашықтықтан консультациялық медициналық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, қаржылық және технологиялық іс-шаралар кешені;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 99-4) тармақшамен толықтырылды

99-4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алуды жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;

100) темекі - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 101) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

101) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдалануға дайындалған шикізат материалы ретінде толық немесе ішінара темекі жапырағынан жасалған өнімдер;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 101-1) тармақшамен толықтырылды

101-1) темекі бұйымдарын тұтыну - адам организмінің никотинге тәуелділігін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынбайтын адамдардың денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;

102) темекі бұйымының ингредиенті - темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;

103) темекі бұйымының қаптамасы - темекі бұйымының белгілі бір қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;

104) темекі бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының бірлігі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 104-1) тармақшамен толықтырылды

104-1) темекіге демеушілік ету - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлемдерді және жарналарды қоспағанда, темекі бұйымдарын сатуды немесе темекі тұтынуды тікелей немесе жанама ынталандырудың нәтижесін немесе ықтимал нәтижесін мақсат тұтып кез келген оқиғаға, іс-шараға немесе жеке адамға салынатын салымның кез келген түрі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 104-2) тармақшамен толықтырылды

104-2) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспектор - тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекцияны жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген және уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізіліміне енгізілген адам;

105) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 105-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 105-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

105-1) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекция (бұдан әрі - фармацевтикалық инспекция) - дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектіні Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті фармацевтикалық практикалары талаптарына оның сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау;

 106) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;

107) туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 107-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 107-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

107-1) тін - құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалардың және жасушааралық заттың жиынтығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 107-2), 107-3), 107-4) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 107-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;

107-3) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;

107-4) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 108-1) тармақшамен толықтырылды

108-1) университеттік клиника - ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері негізінде базасында медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілетін, барлық медициналық көмек түрі көрсетілетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының сенімгерлік басқаруындағы немесе еншілес ұйымы ретіндегі жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйым;

109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 109-1) тармақшамен толықтырылды

109-1) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары - қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау);

109-2) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 110) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 110-1), 110-2), 110-3) және 110-4) тармақшалармен толықтырылды

110-1) фармакологиялық қадағалау - дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және болғызбауға бағытталған қызмет түрі;

110-2) фармакологиялық қадағалау жүйесі - фармакологиялық қадағалау жөніндегі тапсырмалар мен міндеттерді орындау үшін дәрілік препараттардың тіркеу куәліктерін ұстаушылар мен уәкілетті орган ұйымдастыратын, дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылауға, дәрілік препараттардың «пайда-қатер» арақатынасын бағалауда барлық өзгерістерді уақтылы анықтауға, пайдасы қатерінен асып кеткен кезде дәрілік препараттардың қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және ендіруге арналған жүйе;

110-3) фармацевтикалық субстанция (активті фармацевтикалық субстанция) - дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған дәрілік зат;

110-4) формулярлық жүйе - дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға бағытталған, дәрілік формулярлар үшін дәрілік заттарды кезең-кезеңмен бағалау және іріктеу, дәрілік формулярларды қолдау және тиісті нұсқау мен тізбе түрінде ақпарат беру жүйесі;

111) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 111-1) тармақшамен толықтырылды

111-1) фармацевтикалық білім - фармацевтика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 111-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 111-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

111-2) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 112) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 112-1) және 112-2) тармақшалармен толықтырылды

112-1) фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) - отандық дәрілік заттарды шетелде тіркеу және олардың экспорты үшін уәкілетті орган беретін құжат;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 112-2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

112-2) функционалдық оператор - концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, концессия шартының тарапы болып табылмайтын, жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын мемлекеттік заңды тұлға не жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы;

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 112-3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

112-3) халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың барынша қаупін төндіретін адамдар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 113) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;

114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 115) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тамақ өнімін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигиеналық оқытуды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалауды қамтитын қызметі;

116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;

117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;

118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 118-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

118-1) шұғыл медициналық көмек - уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

119) эвтаназия - аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;

120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 121) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

121) эпидемиялық маңызы бар объектілер - Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде өндіретін өнімі және (немесе) қызметі халық арасында тамақтан уланудың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына әкеп соғуы және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 122) тармақшамен толықтырылды

122) ядролық медицина - онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 123) тармақшамен толықтырылды

123) in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын және физиологиялық немесе патологиялық жай-күйге, туа біткен патологияға, белгілі бір клиникалық жай-күйге немесе ауруға деген бейімділікке, тіндердің ықтимал реципиентпен үйлесімділігіне, терапиялық әсерлерге реакцияларды болжауға, терапиялық заттарды таңдауға және (немесе) емді бақылауға қатысты ақпарат алу үшін адамның биологиялық материалдарының үлгілерін in vitro зерттеулері кезінде қолдану үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар, реагенттер, калибраторлар, бақылау материалдары және басқа да бұйымдар.

2. Өзге терминдердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында айқындалады.

 

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-1) 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңына сәйкес 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды

6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«7) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.

2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

 

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

 

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

6) медициналық көмектің қолжетімділігі;

7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;

9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;

10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттар мен технологиялардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін және технологияларды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені енгізу;

12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;

13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;

14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;

16) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қолжетімділігін және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.

 

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) уәкілетті орган;

4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;

2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;

3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;

4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда және шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, медициналық бұйымдар мен медициналық көрсетілетін қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер өткізетін дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) фармацевтикалық инспекция жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

3) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

7) 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;

10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;

12-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-2) тармақша жаңа редакцияда

12-2) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;

13) - 17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;

19) - 22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;

24) - 26) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;

27-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын айқындау;

4) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) денсаулық сақтау саласындағы стандарттар мен регламенттерді әзірлеу және бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру және мониторингілеу;

9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;

10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

12) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;

13) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу, сондай-ақ оларды бақылау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

16) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын тағайындауды келісу;

17) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;

18) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда

20) шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

20-1) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды

20-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 20-3) тармақшамен толықтырылды

20-3) медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту;

21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

22) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-1) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) осы Кодекстің 15-бабының 3-тармағында көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылды

25-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тәртібін айқындау;

25-2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу;

26) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;

27) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды

27-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу;

28) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;

29) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-2) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабардар ету тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

29-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 29-4) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 29-4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 29-5) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 29-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

29-5) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 29-6) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-6) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде тіркелмегендерін гуманитарлық көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;

29-7) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 29-8) тармақшамен толықтырылды

29-8) осы Кодекстің 66-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп тану;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келісу;

33) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

34) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

35) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

36) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

38) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;

39) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы дәрежесін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

41) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

42) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастыру;

43) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

44) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

45) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47) тармақша жаңа редакцияда

47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

48) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49) тармақша жаңа редакцияда

49) медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50) тармақша өзгертілді

50) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

50-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

51) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

52) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

53) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

54) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

55) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

56) халықты профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу;

57) - 58) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

59) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

60) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

61) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

62) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

63) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;

64) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясын, оның жекелеген томдарын немесе жекелеген фармакопеялық құжаттарды (монографияларды) әзірлеу және бекіту;

66) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 66-1) тармақшамен толықтырылды

66-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 66-2) тармақшамен толықтырылды

66-2) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ережені әзірлеу және бекіту;

67) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 67-1) тармақшамен толықтырылды

67-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68) тармақша жаңа редакцияда

68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін айқындау;

69) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды

69-1) қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70) тармақша жаңа редакцияда

70) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібін айқындау;

70-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 70-2) тармақшамен толықтырылды

70-2) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалауды жүргізу тәртібін айқындау;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

71) фармацевтикалық инспекторатты қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу;

71-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

72) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 73) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 73) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 74) - 103) тармақшалармен толықтырылды

74) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

75) 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77) тармақша жаңа редакцияда

77) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

78) клиникалық базалар тізбесін бекіту;

79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту;

80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту;

81) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

82) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;

83) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 83-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 83-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

83-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 83-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

83-2) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 84) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

85) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту;

86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 86-1) тармақшамен толықтырылды

86-1) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 86-2) тармақшамен толықтырылды

86-2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 86-3) тармақшамен толықтырылды

86-3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келісу;

87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;

88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау;

89) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 89-1) тармақшамен толықтырылды

89-1) иондандырушы сәулелену әсерімен байланысты аурулар тізбесін және себептік байланыcын анықтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;

91) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

92) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту;

93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;

94) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;

95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;

96) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін бекіту;

98) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту;

99) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін бекіту;

100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту;

101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту;

102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 102-1) және 102-2) тармақшалармен толықтырылды

102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту;

102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 103) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 103) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122) және 123) тармақшалармен толықтырылды

104) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 105) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

105) медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;

106) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру;

107) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

108) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

109) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту;

110) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 111) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

111) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 112) тармақша жаңа редакцияда

112) дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 113) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

113) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 113-1) тармақшамен толықтырылды

113-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 13-1-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 7) тармақшаларында айқындалған қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

114) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

115) тиісті фармацевтикалық практикаларды әзірлеу және бекіту;

116) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

117) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

118) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындау;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 119) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасауы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

120) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

121) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 122) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

122) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;

2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 122-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

122-1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 122-2) тармақшамен толықтырылды

122-2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 122-3) тармақшамен толықтырылды

122-3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 123) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

123) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 124) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 124) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

124) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 125) тармақшамен толықтырылды

125) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 126) тармақшамен толықтырылды

126) медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 127) тармақшамен толықтырылды

127) созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;

3) регламенттерді әзірлеу және бекіту;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асыру;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымның дамуын қамтамасыз ету және ғылыми қызметті үйлестіру;

9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;

10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

11) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;

13) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу;

14) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау;

2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;

15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;

16) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

17) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;

18) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

22) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

22-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24) 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;

27) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;

28) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы, тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін айқындау;

29) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;

30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;

32) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын келісу;

33) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату мен жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;

34) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

35) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен осы Кодекстің 13-1-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды

38) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ осы тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережені, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;

11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;

3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;

6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;

7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;

8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;

9) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) және 3-8) тармақшалармен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

3-3) денешынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

3-4) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

3-5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;

3-6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;

3-7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;

3-8) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;

5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;

8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;

13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;

15) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

17) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауға жәрдемдеседі;

18-1) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-2) тармақша жаңа редакцияда

18-2) медициналық қызметпен айналысу бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-3) - 18-6) тармақшалармен толықтырылды

18-3) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18-4) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 18-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-6) осы Кодекстің 15-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18-7) және 18-8) тармақшалармен толықтырылды

18-7) тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

18-8) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 18-9) тармақшамен толықтырылды

18-9) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттігі шегінде:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) уақытша бейімдеу мен детоксикациялау бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды осы Кодекстің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дәрілік заттарды сатып алу мен сақтауды, осы Кодекстің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) медициналық бұйымдарды, медициналық емес жабдықты, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

15) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) денсаулық сақтау субъектілерінің фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;

17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.

 

2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның спорттық медицина мәселелері бойынша құзыреті

1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган:

1) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;

4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысады;

5) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;

6) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды;

7) спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша:

1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді;

2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді.

 

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;

4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансферттеу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;

6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;

7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтерді көрсету;

8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;

10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

 

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия

1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.

2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін, оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.

 

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.

7. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiнiң басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен ақпарат алмасу мәселелерi бойынша интеграциясы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.

 

 

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

 

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді

13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.

4) - 6) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама бойынша жүзеге асырылады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

 

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге жатады.

2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

4. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.

Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының және олардың орынбасарларының, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, филиалдары басшыларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) болып табылады.

2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.

3. Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін қараңыз

 

 

4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың

(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама

 

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;

2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;

3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы стандарттар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды

5) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары;

6) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттары.

2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің, профилактика, диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi осы баптың мақсаттарында - көрсетiлетiн қызметтер), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы анық болуға, арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушылардың сеніміне қиянат жасау, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынаулардың нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.

3. Мыналарға:

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;

2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама мақсатында таратуға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан басқа, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесі мен дауысын пайдалануға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) медициналық, фармацевтикалық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда және басқа да ғылыми кеңестерде дәрілік заттарды жарнамалауды қоспағанда, қоғамдық көлікте, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тағамға биологиялық активті қоспалардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) өнеркәсіптік өнімдерге, рецептуралық бланкілерге жарнамалық ақпаратты орналастыруға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сыртқы (көрнекі) жарнамасын орналастыруға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы анық ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерге ақпарат беру мақсатында ұсыну жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындауға уәкілеттік берілген медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;

7) 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін қызметтерін жарнамалауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) жарнамада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамада бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға;

12) дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге;

13) ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық активті қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) жарнамаланатын көрсетілетін қызметке, дәрілік зат пен медициналық бұйымға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;

15) адамның тіндеріне (тіннің бөлігіне) және (немесе) ағзаларына (ағзаларының бөлігіне) қатысты заңсыз мәмілелер жасасу туралы ұсыныстарды жарнамалауға тыйым салынады.

4. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Көрсетілетін қызметтердiң, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын мерзімді баспасөз басылымдарында, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Дәрілік заттардың жарнамасы толық (дәрілік затты пайдалану үшін тиісті шектеулерді қоса алғанда) және анық мәліметтерді қамтуға тиіс, олардың болмауы дәрілік заттарды орынсыз пайдалану немесе тұтынушы үшін қисынсыз қатерге әкеп соғуы мүмкін.

6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

 

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда

5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

 

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

1) медициналық қызметтер көрсету;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

4. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша шешімдер шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оны кері қайтарып алуға құқылы.

5. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген өлшемшарттардан басқа, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде тексерілетін субъектінің тікелей қызметіне байланысты мынадай сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ескеріледі:

алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бастамашылық аудит жүргізу.

 

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталған.

2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететін медициналық қызметтер медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;

2) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, олардың орынбасарлары;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

5. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдар басшылары лауазымдарына Қазақстан Республикасының жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тексеру нәтижесі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама беруге құқылы.

7. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;

2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

3) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттардан көшірмелер түсіруге;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;

5) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жаза қолдануға;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, сыртқы сараптаманы жүргізу үшін уәкілетті орган айқындаған жағдайларды талқылау бойынша комиссия құруға бастамашылық жасауға;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға бастамашылық жасауға;

7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен маман сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;

9) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

8. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы үшін міндетті және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасын және өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін сақтаумақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің сақталуын бақылауға бағытталады.

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі мен таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнім, жабдық, көлік құралдары, топырақ, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері (эпидемиялық маңызы бар объектілер) екі топқа бөлінеді:

1) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер;

2) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге қатысты тек жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізіледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады және:

1) камералдық бақылау жүргізу;

2) өнімді іріктеп алу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

6. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға табыс ететін өнімдер сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс еткен өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерттеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтар), өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері камералдық бақылау объектілері болып табылады.

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) оларды табыс ету тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

7. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары табыс етеді.

Өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс етілген өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтар) табыс етеді.

8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім мен әкелінген өнімге сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шараларды қолданады:

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын, өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, оны жою туралы нұсқама жібереді;

2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу фактілерін көрсете отырып, ақпарат жібереді.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу үшін жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.

Төртінші бөлік 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерді жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде осы баптың 8-тармағында көрсетілген шараларды қолданады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде жүзеге асырады.

11. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен оның орынбасарлары, тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын орынбасарлары;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;

2017.10.02. № 45-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары болып табылады.

12. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының:

2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді:

санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін, қауіпсіздікті куәландыратын құжат болмаған;

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектіні, көлік құралын пайдалану немесе қолдану кезінде);

жалған өнім анықталған;

жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі белгіленбеген, жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі өткен;

жәндіктер, кеміргіштер және олардың сол өнімде болған іздері анықталған;

инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнгенде, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша ол халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасы үшін қауіпті деп танылған кезде Қазақстан Республикасының аумағына, оның ішінде эпидемиялық маңызы бар объектілерге әкелуге, онда қолдануға және өткізуге тыйым салуға;

2) халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған өнімді:

өндіріс объектілері мен технологиялары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген;

өндіріс объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған;

өнімдерді өндірудің технологиялық процесін сақтау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдық, аппаратура, мүкәммал болмаған;

халық үшін қауіп төндіретін, өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар мен олардың негізінде дайындалатын материалдар мен препараттардың мемлекеттік тіркеуі болмаған;

жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған;

тыйым салынған тағамдық қоспалар, ингредиенттер мен шикізаттар пайдаланылған;

инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнген;

мал шаруашылығы өнімін өндіру объектісінде ветеринариялық-санитариялық қорытынды болмаған кезде өндіруге тыйым салуға;

3) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе қолдануды тоқтата тұруға;

4) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыртуға;

5) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санация мен міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын маман қорытындысын алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жекелеген объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;

7) инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды толық санацияны растайтын зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберуге;

8) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге;

9) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінесәйкес тоқтата тұруға;

11) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;

12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін қозғайтын құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға;

14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;

15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;

16) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

18) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

19) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуға құқығы бар.

13. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер шығарады:

1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;

4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:

санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;

халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.

14. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды

21-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсаттар және хабарламалар

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асырады:

1) 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

3) тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік;

5) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) патогендіктің I-IV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат;

7) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады.

3. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметі (пайдаланылуы) басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.

Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары иеліктен шығарылмайды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұрады.

Рұқсат беру құжатының иесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтардың жойылғандығы туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен рұқсат беру құжатынан айыруға (кері қайтаруға) бастамашылық жасайды.

Рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеуге мынадай:

1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған;

2) өтініш беруші дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

3) өтініш беруші заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;

4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

5) өнімге қойылатын талаптарды қамтитын, қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік, өнім құрамының көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуге алып келмейтін жаңа нормативтік құқықтық акт шығарылған жағдайларда қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізбестен жол беріледі.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 21-2-баппен толықтырылды

21-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексерулер нәтижелері туралы актілерге жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.

2. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссияны құрады, оның құрамына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде кіреді.

Апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

3. Шағымды апелляциялық комиссия халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.

4. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жазбаша нысанда беріледі.

5. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

6. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау нәтижелерін қорытуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды.

7. Апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау нәтижелері шағымды сотқа жіберуге кедергі болмайды.

8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгіну сот шешім шығарғанға дейін апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауын тоқтата тұрады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 21-3-баппен толықтырылды

21-3-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат апелляциялық комиссияның мүшелеріне тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау кезінде шағым берген адамның жазбаша рұқсатын алмастан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер апелляциялық комиссия мүшелерінің жария етуіне жатпайды.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға бағытталған.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бастапқы материалдардың, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мыналар дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы және оның орынбасарлары;

2) мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары және олардың орынбасарлары;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік фармацевтика инспекторлары.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

6. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының:

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілерін алып қоюға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға;

5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;

6) заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектiлерге баруға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері жөнінде ақпарат, ведомстволық есептілік алуға құқығы бар.

 

22-1-бап. 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

 

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:

1) бюджет қаражаты;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді уәкілетті орган бекітеді.

3. 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру:

1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) дәрілік заттарды, орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды), сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алуға;

5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;

7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

2. 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

 

7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

 

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.

3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет «электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

 

2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың қағидаттары

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:

1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;

2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

 

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету

1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі.

2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.

3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн туындайды.

4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Медицина қызметкерлеріне осы Кодекстің 37-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсат беріледі.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды

28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары

1. Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингілеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.

2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары:

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдері;

бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;

бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың медициналық ұйымдар бойынша деректері;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып, халықаралық әдіснама негізінде жыл сайын қалыптастырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.

3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

 

8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары

1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:

1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін қорғау;

2) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын қолдану;

4) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары:

1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;

2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмекті мемлекетаралық деңгейде тарту және көрсету;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және шетелдік азаматтарға медициналық көмек көрсету;

4) халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту;

5) әлемдік медицина ғылымына интеграциялану;

6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ақпараттық және зияткерлік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара iс-қимыл;

8) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында ақпарат, технологиялар алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;

10) шекараларды санитариялық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері

1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізін:

1) халықаралық ұйымдарға берілетін міндетті және ерікті жарналар;

2) халықаралық жобалар мен іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;

3) гранттарды тарту мен пайдалану;

4) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.

2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі халықаралық шарттар мен келісімдер болып табылады.

 

 

Ерекше бөлім

 

2-Бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

 

9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру

 

31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы

1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.

3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.

Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

 

32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері

1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;

2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;

3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;

4) апаттар медицинасы ұйымдары;

5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;

6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;

7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

14-1) 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) ұлттық холдингтер;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16) және 17) тармақшалармен толықтырылды

16) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдар;

17) туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істейді.

3. Уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережелерді;

2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін;

4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.

4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.

 

33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау субъектілері:

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;

2) уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың профилактикасы, алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;

5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;

7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты;

8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.

 

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 33-1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

1) осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;

3) медициналық көмектің:

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті;

ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) жедел медициналық көмек;

2) санитариялық авиация;

3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек:

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелер;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың уәкілетті орган белгілейтін нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

бір жасқа дейінгі балаларға патронаж;

жүктілікті байқау және отбасын жоспарлау;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;

кезек күттірмейтін медициналық көмек;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының қабылдауы, консультациясы, оның ішінде қатты аурулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде қабылдауы, консультациясы;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беру;

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмек;

бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациясы;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

5) мыналарға:

әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;

динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;

тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған стационарды алмастыратын медициналық көмек;

6) мыналарды:

шұғыл көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызылған пациенттерді;

әлеуметтік мәні бар ауруларды;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;

динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтитын стационарлық медициналық көмек;

7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

10) мыналар:

патологиялық-анатомиялық ашу;

динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар;

инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.

Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.

6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:

1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісінше өндірістік практика (GMP);

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісінше дистрибьюторлық практика (GDP);

3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісінше дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер ие болады.

 

2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 34-1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі әмбебаптылық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттелушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.

2. Әмбебаптылық қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың кіріс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмектің ең төмен көлемімен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.

3. Қолжетімділік қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу мүмкіндігін білдіреді.

4. Дәлелділік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми деректердің болуын білдіреді.

5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджет өлшемдеріне сәйкес келуін білдіреді.

6. Реттелушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және дәрілік заттардың шекті бағаларын мемлекеттік реттеуді білдіреді.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 34-2-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:

1) аурулардың диагностикасы және оларды емдеу;

2) созылмалы аурулардың асқынуларын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;

3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың зардаптарының алдын алу;

4) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;

5) пациентте өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;

6) аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға медициналық күтім.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 34-3-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

 

35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі

1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.

2. Ақылы медициналық қызметтер:

1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдік қызметтер көрсету;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;

4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;

5) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;

6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;

8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.

3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.

Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:

1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;

2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;

3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;

4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;

6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.

4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.

6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

 

 

3-Бөлім. Медициналық қызмет

 

10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері

 

36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны

Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.

 

37-бап. Медициналық қызметтің түрлері

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:

1) медициналық көмек;

2) зертханалық диагностика;

3) патологиялық-анатомиялық диагностика;

4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;

6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;

7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;

8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;

9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.

 

 

11-тарау. Медициналық көмек

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-бап. Медициналық көмектің түрлері

Медициналық көмектің түрлері мыналар болып табылады:

1) алғашқы көмек;

2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

3) білікті медициналық көмек;

4) мамандандырылған медициналық көмек;

5) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет;

6) медициналық-әлеуметтік көмек.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды

38-1-бап. Алғашқы көмек

1. Шұғыл жағдайлар кезінде оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жүргізетін адамның өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені алғашқы көмек болып табылады.

2. Алғашқы көмек көрсету жөніндегі базалық іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы стандарттарда айқындалады.

 

39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек

1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.

2. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.

 

40-бап. Білікті медициналық көмек

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.

2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер

1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады.

2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары

Медициналық көмек:

1) амбулаториялық-емханалық көмек:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

консультациялық-диагностикалық көмек;

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастыратын көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық авиация;

6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

7) 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8) 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.

 

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:

1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды;

3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы жөніндегі түсіндіру жұмысын қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер көрсетеді.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, олардың тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

 

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

47-бап. Стационарлық көмек

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарлық көмек болып табылады.

2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны стационарды алмастыратын көмек болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49-бап. Жедел медициналық көмек

1. Денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны жедел медициналық көмек болып табылады.

2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел медициналық көмек қызметі құрылады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап жаңа редакцияда

50-бап. Санитариялық авиация

Пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

 

51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек көрсету нысаны.

2. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.

2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.

3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі

1. Паллиативтік көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.

2. Мейірбике күтімі дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), мамандандырылған дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.

3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.

2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар.

3. Халық медицинасы (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы, сондай-ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы.

4. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.

 

55-бап. Зертханалық диагностика

1. Зертханалық диагностика - аурудың (жай-күйдің) болу немесе болмау фактісін пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің түрлерін уәкілетті орган белгілейді.

 

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау барысында мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі және ол тікелей қарап-тексерудің (макроскопиялық зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық-анатомиялық салыстыруларға негізделеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және аурудың диагнозын нақтылау мақсатында жүргізіледі.

Ана және сәби өлімі, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болу жағдайларын қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не осы адамның тірі кезінде берген жазбаша ырық білдіруі болған кезде, мәйітті патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргізілместен, өлімнің болу фактісін куәландыратын уәкілетті орган бекіткен нысандағы құжатты бере отырып, беруге рұқсат етіледі.

Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

 

12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері

 

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;

3) әскери-дәрігерлік сараптама;

4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;

5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) ғылыми-медициналық сараптама;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына сараптама;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) денсаулық сақтау технологияларын бағалау жүзеге асырылады.

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді жеке және заңды тұлғалар - тиісті лицензияның негізінде және (немесе) заңды тұлғалар аккредиттеу туралы куәліктің негізінде жүзеге асырады.

 

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.

2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ішкі сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай бекітеді.

Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомствосы өзінің ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама қызметін құрады.

Осы қызметтің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы бекітеді.

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы:

1) уәкілетті орган, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлар бойынша комиссиялық талқылау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі;

2) тәуелсіз сарапшылар - оларды ішкі және сыртқы сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар тартқан кезде, сондай-ақ шарттық негізде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауыру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтегі, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi, өртке қарсы қызмет органдарындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, прокуратура органдарындағы, мемлекеттік кіріс органдарының экономикалық тергеу қызметіндегі қызметке (бұдан әрi - әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты анықтау үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi - мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.

2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:

1) мыналарды:

шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;

әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;

әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;

арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;

әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;

радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);

мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;

әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;

2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;

3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;

4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;

5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.

Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-дәрігерлік сараптама органдары жүргізеді.

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, ішкі істер органдарындағы және мемлекеттік авиациядағы қызмет үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс, ішкі істер саласындағы орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және Мемлекеттік күзет қызметі бекітеді.

 

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар

1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің процестік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.

2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасында белгіленген.

 

62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалар сараптамасы.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы:

1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітуге жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына арналған зерттеулер, шуылға, дірілге, электр-магниттік өрістер мен физикалық факторларға өлшеу жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.

6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдеріне кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:

1) пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;

2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына;

4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісуге;

5) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

10. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 62-1-баппен толықтырылды

62-1-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит

1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор жүргізеді.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер иелерінің (бұдан әрі - өтініш беруші) өтініштері бойынша, өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері ескеріле отырып жүргізіледі.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепте көрсетіледі.

Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамының алуы эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады.

Тексерулерден босату мерзімдері уәкілетті орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке тұлғалар үшін:

санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;

тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не эпидемиолог-дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не қоғамдық денсаулық сақтау (эпидемиолог) дәрігерінің жоғары біліктілік санатының болуы;

2) заңды тұлғалар үшін штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетін білікті персоналдың болуы.

5. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.

6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады және мыналарды:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;

2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды;

6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығына бағалау жүргізу);

7) аудиторлық есепті жасауды және оны өтініш берушіге табыс етуді қамтиды.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды қамтамасыз етеді және осы баптың 8-тармағында белгіленген тәртіппен қажетті құжаттаманы табыс етеді.

8. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші аудиторға мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;

2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының соңғы жылдағы зерттеп-қарау актілері (олар болмаған кезде соңғылары), халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен, эпидемиялық маңызы бар объектінің тәуекел дәрежесін айқындау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);

3) болған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама және санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылар;

4) объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша табыс етуге міндетті.

10. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен белгіленген нысан бойынша жасалады.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде мынадай жағдайларға жол берілген:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдері бұзылған;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары орындалмаған немесе бұрмаланған;

3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтары, халықтың басқа да санитариялық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделері, санитариялық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылады.

13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар:

1) аудитті кешенді, объективті, сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының, нормативтік техникалық құжаттардың негізінде жүргізуге;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізудің шарт талаптарында көзделгендей белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға міндетті.

 

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 62-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

62-2-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге құқықты шектеу

Орындаушылары:

1) аудиттелетін субъектінің қатысушысы, кредиторы болып табылса;

2) аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылса;

3) олардың аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері болса;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, олардың аудиттелетін субъект алдында ақшалай міндеттемелері немесе аудиттелетін субъектінің солар алдында осындай міндеттемелері болса, аудитордың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 63-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған материалдардың, тіркеу дерекнамасы материалдарының, регламенттелетін сапаға сәйкестікке зертханалық сынаулардың, фармакологиялық қадағалау деректерінің, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеудің негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын, тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі кезеңдерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін, «пайда-қатер» арақатынасын кешенді бағалау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама болып табылады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

 Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың), дәрілік шикізаттың, дәрілік өсімдік шикізатының, дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың балк-өнімдерінің, бірегей дәрілік препараттардың, биотехнологиялық дәрілік препараттардың, иммунологиялық дәрілік препараттардың (иммундық-биологиялық дәрілік препараттардың), қайта өндірілген дәрілік препараттардың (генериктердің), гомеопатиялық дәрілік препараттардың, биоаналогтық дәрілік препараттардың (биоаналогтардың, биотектес дәрілік препараттардың, биосимилярлардың) және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне қойылатын талаптар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қойылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптаманың теріс қорытындысына:

 1) сараптама жүргізу процесінде өтініш берушіге ескертулер берілгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленген мерзімдерде тіркеу дерекнамасының толық жинақталымының ұсынылмауы;

2) өтініш берушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) күтілетін пайданың дәрілік препаратты қолданумен байланысты ықтимал қатерлерге қатынасының қолайлы болып табылмауы;

 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы немесе Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп танылған фармакопеялар регламенттеген немесе бұрын тіркелген аналогтарымен салыстырғанда сапасы мен қауіпсіздігінің неғұрлым төмен көрсеткіштері;

5) дәрілік заттың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған заттар мен материалдардың болуы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) қатты дәрілік нысандардың құрамында консерванттардың болуы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) сараптама сатыларының бірінің теріс нәтижелерін және (немесе) бейінді ұйымдар сарапшыларының теріс қорытындыларын алу;

7) өндірістің нақты жағдайлары мен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің өндірісті және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау нәтижелері бойынша мәлімделген қауіпсіздікті, тиімділік пен сапаны қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келмеуі;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, өндіріс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау мақсатында кәсіпорында (өндірістік алаңда) болуды ұйымдастырудан өтініш берушінің бас тартуы;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды

9) дәрілік заттардың ұтымсыз құрамаларын анықтау;

10) өтініш берушінің дәрілік препараттың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдемеуі;

11) дәрілік препарат сапасының расталмауы;

12) дәрілік препаратты қолданудың тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік препараттың бекітілген жалпы сипаттамасында сипатталған шарттары сақталған кезде «пайда-қатердің» дәлелденген қолайсыз арақатынасы немесе терапиялық тиімділіктің болмауының анықталуы;

13) «пайда-қатердің» қолайсыз арақатынасын көрсететін, фармакологиялық қадағалау деректері бойынша анықталған фактілер, оның ішінде дәрілік препараттың бекітілген жалпы сипаттамасында көрсетілген деректермен салыстырғанда жағымсыз реакцияларды репортациялау жиілігінің едәуір артуы;

14) препараттың сапалық және сандық құрамының мәлімделгенге сәйкес келмеуі немесе нарықта айналыста болу кезеңінде дәрілік препарат сапасының оны тіркеу кезінде мәлімделгенге бірнеше рет сәйкес келмеуі;

15) тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау бойынша міндеттемелерді немесе тіркеу рәсімі шеңберіндегі міндеттемелерді орындамауы;

16) енгізілген өзгерістердің дәрілік препараттың «пайда-қатер» арақатынасына кері әсерін тигізуі негіз болып табылады.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 63-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау

1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу дерекнамасының, сапа жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.

 

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері:

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;

2) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер болып табылады.

2. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды

64-1-бап. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау

1. Тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өтеу тізбелеріне (тізбелерінен) енгізуге (алып тастауға) ұсынылатын денсаулық сақтау технологиялары денсаулық сақтау технологияларын бағалау объектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

 

13-тарау. Фармацевтикалық қызмет

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының жүйесі

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының бірыңғай жүйесіне:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы және оның аумақтық бөлімшелері кіреді.

 

66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

1. Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлерді:

1) дәрілік заттарды өндіруді;

2) медициналық бұйымдарды өндіруді;

3) дәрілік препараттарды дайындауды;

4) медициналық бұйымдарды дайындауды;

5) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді;

6) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді;

7) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді;

8) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қамтиды.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 66-1-баппен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 66-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы

1. Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының талаптарымен белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарымен үйлесімді етіледі және олардың стандарттарының өзгеруі мен Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығының даму ерекшеліктеріне байланысты кезең-кезеңмен жаңартылуға жатады.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясында тиісті құжаттар (монографиялар) болмаған кезде уәкілетті орган таныған, әлемнің жетекші фармакопеяларының ағымдағы басылымдары қолданылады.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жалпы баптарында:

1) фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың), дәрілік заттардың сапасына;

2) реагенттерге, стандартты үлгілерге, олардың сапасын бақылау үшін қолданылатын сынаулардың әдістері мен әдістемелеріне;

3) қаптама материалдарына және контейнерлерге қойылатын жалпы талаптар айқындалады.

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жекеше баптарында фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың), дәрілік заттардың сапасына қойылатын нақты талаптар айқындалады.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді, дайындауды, өткізуді, сақтауды, олардың сапасын бақылауды, оларға сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті талап болып табылады.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу, ресімдеу, келісу, бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының құрылымы, монографиялардың ресімделуі, бөлімдер мен фармакопеялық құжаттардың (монографиялардың) нөмірленуі, символдар, формулалардың жазылуы бойынша уәкілетті орган таныған, әлемнің жетекші фармакопеяларына сәйкес болуға тиіс.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

67-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру

1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сериялап шығару үшін қажет болатын, шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жабдықты, жиынтықтауыштарды сатып алумен және технологиялық процеспен, оның ішінде осы процесс сатыларының біреуін жүзеге асырумен, өндірілген өнімді сақтаумен, өткізумен, сондай-ақ оларға қоса жүретін бақылаудың барлық түрімен байланысты барлық жұмыстардың жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру болып табылады.

2. Дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензияның негізінде жүзеге асырады.

Осы абзац дәрілік заттарды өндіретін ұйымдар, дәріхана қоймалары үшін 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті.

3. Дәрілік затты өндіруші дәрілік заттардың тұрақтылығын зерттеуді, оларды сақтау және қайта бақылау мерзімін белгілеуді уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.

Медициналық бұйымдарды өндіруші медициналық бұйымдардың тұрақтылығын зерттеуді, оларды сақтау мерзімін белгілеуді халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді.

4. Мынадай:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, жабдық пен технологиялық процестерді баптау және іске қосу кезінде сараптама жүргізуге, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіруге және экспортқа өндіруге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру құқығына лицензиясыз;

3) тиісті өндірістік практика мен медициналық бұйымдарды өндіру қағидаларын бұза отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге тыйым салынады.

5. Өндірілген және әкелінетін дәрілік заттар:

1) өзінің құрамында тізбесін уәкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттарды қамтымауға тиіс;

2) дәрілік заттарды өндіруші әзірлеген және сараптама кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымымен келісілген дәрілік заттардың сапасы жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес бақылауға жатқызылуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы (GMP) талаптарынан төмен емес жағдайларда өндірілген және дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде мәлімделген фармацевтикалық субстанциядан (активті фармацевтикалық субстанциядан) өндірілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында экспортқа ғана өндірілетін дәрілік заттар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге және өткізілуге жатпайды.

6. Өндірілген және әкелінетін медициналық бұйымдар медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу мақсаттары үшін медициналық бұйымның сараптамасы кезінде медициналық бұйымды өндіруші ұсынған медициналық бұйымның нормативтік құжатына сәйкес бақылауға жатқызылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында экспортқа ғана өндірілетін медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге және өткізілуге жатпайды.

7. Патенттелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Диагностика жүргізуге немесе емдеуге арналған медициналық бұйымдарды өндіру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды көздеуге және диагностиканың немесе емдеудің алынған нәтижелерін түсіндіру кезінде пайдаланушының қателесу тәуекелін болғызбауға тиіс.

9. Дәрілік заттарды өндіруші штатында Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы (GMP) талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға жауапты болатын, өндірушінің кемінде бір уәкілетті адамының болуын қамтамасыз етеді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап жаңа редакцияда

68-бап. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау

Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Дайындалған дәрілік препараттар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәріханаішілік бақылауға жатады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 69-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

69-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді дәріхана қоймаларында көтерме саудада өткізуге тиісті лицензияны алған не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен медициналық бұйымдар қоймасы арқылы қызметін бастағаны туралы хабардар еткен дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензияны алған не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы қызметін бастағаны туралы хабардар еткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

Осы абзац дәріханалар үшін 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

3. Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті.

Осы абзац дәрілік заттарды өндіретін ұйымдар, дәріхана қоймалары үшін 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын сақтауға міндетті.

Лицензия алған не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабардар еткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын тауарларды көтерме және бөлшек саудада өткізуге рұқсат етіледі.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мынадай:

1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

2) сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындымен расталмаған;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;

4) жарамдылық мерзімі өткен;

5) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз

5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері өткізетін;

 6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады.

Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын, рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталады, осы кезеңде 6-тармақ 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады

6. Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалар жоқ елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Дәріхана пункттері болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу үшін оқытылған медициналық білімі бар мамандарға оларды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Тіркеу куәлігінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және онда өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында шектеусіз қолданылады, айналысқа түседі және пайдаланылады.

 

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

70-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу

1. Дәрілік заттарды әзірлеу жаңа активті заттарды немесе олардың жаңа құрамаларын іздеуді және (немесе) жасауды, фармакологиялық қасиеттерін кейіннен зерделеуді, фармацевтикалық әзірлеуді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру технологияларын әзірлеуді қамтиды.

2. Дәрілік заттарды әзірлеу олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

3. Медициналық бұйымдарды әзірлеу техникалық шешімді іздеуді және (немесе) жасауды, тәжірибелік үлгілерді ойлап табуды, жобалауды, конструкциялауды және сынауды, сондай-ақ медициналық бұйымдарды өнеркәсіптік өндіру технологияларын әзірлеуді қамтиды.

4. Медициналық бұйымдарды әзірлеу олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін халықаралық стандарттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

5. Дәрілік зат пен медициналық бұйымды әзірлеушінің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 71-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

71-бап. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның фармацевтика нарығында болуының құқыққа сыйымдылығын айқындау, оның қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін бағалау және дәрілік затты немесе медициналық бұйымды белгілі бір мерзімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне енгізу рәсімі дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын, мерзімсіз тіркеу куәлігі бұрынғы тіркеу нөмірімен беріле отырып және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізіле отырып, мемлекеттік тіркеудің қолданылу мерзімі өткен дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеудің қолданылуын ұзарту рәсімі дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік қайта тіркеу болып табылады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі ішінде тіркеу дерекнамасына енгізілетін өзгерістерге сараптама жүргізу негізінде жүзеге асырылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Мыналарды:

1) әрбір өндірістік алаңнан дәрілік нысаны, мөлшерленуі, орамы көрсетіле отырып, саудалық атаулары бар дәрілік препараттарды;

2) парафармацевтикті;

3) әрбір өндірістік алаңнан саудалық атаулары бар медициналық бұйымдарды;

4) медициналық бұйымдармен қоса пайдалану үшін медициналық бұйымды өндіруші арнайы шығарғаннан басқа, медициналық бұйымдарға арналған шығыс материалдармен ғана әрекеттесетін осындай шығыс материалдарын;

5) медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған көлік құралының құрамына кіретін медициналық бұйымдарды;

6) дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың балк-өнімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге жатады.

5. Дәрілік заттың саудадағы атауы - дәрілік зат тіркелетін атау.

6. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында айналыста болуға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бірыңғай қағидалар бойынша тіркелуге жатады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-1. Отандық дәрілік заттарды шетелде тіркеу үшін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес уәкілетті орган фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) береді.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды

8-2. Қазақстан Республикасының тиісті өндірістік практикасы (GMP) талаптарынан төмен емес жағдайларда Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өндірілген дәрілік заттар мемлекеттік тіркелуге, қайта тіркелуге және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуге жатады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда

9. Уәкілетті органның шешімі бойынша дәрілік зат немесе медициналық бұйым сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі бойынша тіркелуі мүмкін.

Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімінің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

10. 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда

11. Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізу дәрiлiк затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттiк тіркеудің, қайта тіркеудің және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің міндетті шарты болып табылады.

Өндіріс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен дәрілік затты немесе медициналық бұйымды өндіруші ұйымға бару арқылы жүзеге асырылады.

Дәрілік зат пен медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде оларға сараптама жүргізумен байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді.

Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттарды қамтитын тіркеу дерекнамасы, сондай-ақ дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның үлгілері, үш реттік талдау үшін жеткілікті мөлшердегі фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілері, өзіндік ерекшелікті реагенттер мен шығыс материалдары сараптама ұйымына айрықша жағдайларда және қайтару шартымен ұсынылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда

12. Мыналар:

1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттар;

2) тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар);

3) фармакопеялық дәрілік өсімдік шикізаты;

4) медицина қызметкері берген тағайындамаға сәйкес арнайы талаптар қойылатын, пациенттердің жеке тапсырыстары бойынша тек қана жеке пайдалану үшін дайындалған медициналық бұйымдар;

5) Қазақстан Республикасында экспорт үшін ғана өндірілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды одан әрі өткізу құқығынсыз, олардың көрмелер өткізуге арналған көрмелік үлгілері;

7) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді және (немесе) сынауларды жүргізу үшін келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілері;

8) аурулардың диагностикасы үшін пайдаланылмайтын зертханалық аспаптар;

9) медициналық бұйымдардың құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жинақтауыш заттар;

10) тікелей денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылу орнында дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;

11) мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілері мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу туралы өтінішті дәрілік затты немесе медициналық бұйымды әзірлеуші немесе өндіруші немесе олардың сенім білдірілген тұлғасы береді.

Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды есепке алу және бір жүйеге келтіру уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Дәрiлiк затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттiк тіркеуді, қайта тіркеуді және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган өтініштің негізінде және дәрілік заттың немесе сараптама ұйымының жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілген, медициналық бұйымның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы оң қорытындысының негізінде жүзеге асырады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркегені, қайта тіркегені және оның тіркеу куәлігінің телнұсқасын бергені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес алым алынады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда

15. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытынды берілген және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, өтініш берушіге дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуден бас тартылады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тіркеу куәлігі беріледі.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17. Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы шешім уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кері қайтарып алынуы мүмкін.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18. Дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушы және медициналық бұйымды өндіруші тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі бойында дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу мақсаттары үшін сараптамаға ұсынылған тіркеу дерекнамасына сәйкес келуге тиіс, Қазақстан Республикасының нарығында бар, тіркелген дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі үшін жауаптылықта болады.

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган дәрілік затты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған, мемлекеттік тіркеу туралы өтініште, дәрілік зат сараптамасының материалдарында, сондай-ақ құрамында жаңа химиялық заттар бар дәрілік заттың тіркеу дерекнамасында қамтылған құпия ақпараттың дәрілік зат мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты жыл бойы өтініш берушінің келісімінсіз жария етілуіне және коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуына жол бермейді.

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды

20. Осы баптың 19-тармағында көзделген, құпия ақпаратты коммерциялық мақсаттарда жария етуге және пайдалануға жол бермейтін ережелер:

1) Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес дәрілік затты пайдалануға мәжбүрлі лицензия берілген жеке немесе заңды тұлғаларға;

2) дәрілік затты коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға, өндіруге, импорттауға, экспорттауға немесе таратуға қолданылмайды.

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 21-тармақпен толықтырылды

21. Осы баптың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты жария етуге және пайдалануға мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) егер дәрілік затты жеткізіп беру Қазақстан Республикасында тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болғанда;

2) төтенше жағдайлар кезінде не ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын қорғау қажет болғанда;

3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзатын әрекеттер анықталғанда, өтініш иесінің келісімінсіз сот шешімі негізінде жол беріледі.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап жаңа редакцияда

72-бап. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар)

1. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің мақсаты олардың фармакологиялық белсенділігі мен қауіпсіздігінің дәлелдемелерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.

Медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар) медициналық бұйым материалдарының адам организмімен жанасуы нәтижесінде туындайтын кез келген ықтимал жағымсыз биологиялық қарсылықтың қолайлылығын айқындау үшін жүргізіледі.

2. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді жүргізу тәртібін және клиникаға дейінгі базаларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті зертханалық практикасына (GLP) сәйкес жүзеге асырылады.

Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер материалдарының және оларды жүргізу шарттарының Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті зертханалық практикасы (GLP) талаптарына сәйкестігін бағалау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен фармацевтикалық инспекция шеңберінде жүзеге асырылады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

73-бап. Медициналық бұйымдарды техникалық жағынан сынау

1. Медициналық бұйымдарды техникалық жағынан сынау оларды медициналық бұйымды өндірушінің құжаттамасында көзделген тағайындамаға сәйкес пайдалану кезінде сынаулар нысанында және (немесе) сапасы мен қауіпсіздігін тексеру үшін деректерді бағалау мен талдау нысанында жүргізіледі.

2. Медициналық бұйымдарды техникалық жағынан сынау Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен техникалық сынауларды жүргізуге аккредиттелген ұйымдарда жүргізіледі.

3. Техникалық сынауларды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап жаңа редакцияда

74-бап. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеулер және in vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сынаулар

1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеулер зерттелетін фармакологиялық немесе дәрілік заттың клиникалық және (немесе) фармакологиялық-динамикалық әсерлерін анықтау немесе растау және (немесе) жағымсыз реакцияларды анықтау үшін және (немесе) дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, биотрансформациялануын және шығарылуын зерделеу, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және (немесе) функционалдық сипаттамаларын және (немесе) қауіпсіздігі мен тиімділігін белгілеу үшін медициналық бұйымның қолайсыз оқиғаларын (оқыс оқиғаларын) бағалау мақсатында субъект ретінде адамның қатысуымен жүргізіледі.

Іn vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сынаулар медициналық бұйымның in vitro диагностикасы үшін сәйкестігін белгілеу үшін талдамалық сипаттамаларға, клиникалық тиімділікке (егер қолдану мүмкіндігі болса) жүргізіледі.

2. Клиникалық зерттеулер Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті клиникалық практикасы (GCP) қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Клиникалық зерттеулерді, in vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сынауларды жүргізу тәртібін және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

75-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау

1. Дәрілік заттар тұтынушылық қаптамасына (бастапқы және қайталама) қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен басылған таңбасымен, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен (қосымша парақ) айналысқа түсуге тиіс.

2. Медицина қызметкерлері үшін уәкілетті органның және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының интернет-ресурстарында дәрілік заттың мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган бекіткен жалпы сипаттамасы орналастырылады.

3. Медициналық бұйымдар тікелей медициналық бұйымдарға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға басылған таңбасымен, медициналық бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен немесе пайдалану құжатымен айналысқа түсуге тиіс.

4. Қымбат тұратын орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың шектеулі санын әкелу кезінде стикерлерді пайдалануға жол беріледі.

Тұтынушылық қаптамаға стикерлерді жапсыру уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты және олардың жалпы сипаттамасын жасау мен ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды

75-1-бап. Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекторат

1. Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекторат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспектораттың қызметін үйлестіреді.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестікке сертификаттар (қорытындылар) береді немесе оларды кері қайтарып алады.

3. Фармацевтикалық инспекция мынадай жағдайларда:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектінің сертификат (қорытынды) алуға немесе оның қолданысын ұзартуға арналған өтінімі негізінде, сондай-ақ тиісті фармакологиялық қадағалау практикасына (GVP) сәйкес;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектінің өтініші негізінде, сондай-ақ фармацевтикалық инспекцияны жүргізу бағдарламасына сәйкес дәрілік препараттарды, медициналық бұйымдарды лицензиялау, тіркеу, сараптама жүргізу немесе олардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне байланысты тергеп-тексерулер жүргізу мақсатында;

3) анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растау мақсатында бұрын жүргізілген фармацевтикалық инспекцияның нәтижелері бойынша жүргізіледі.

4. Объектінің мынадай талаптарға сәйкестігі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі:

тиісті өндірістік практикаға (GMP) - үш жылды;

тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP), тиісті зертханалық практикаға (GLP) - бес жылды;

тиісті дәріханалық практикаға (GPP) - алғашқы екі ретте бес жылды құрайды, кейіннен растау кезінде мерзімсіз болады.

5. Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - дәріханалар, тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - дәріханалық (дистрибьюторлық) қоймалар, тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - дәрілік заттарды өндіру жөніндегі ұйымдар, тиісті зертханалық практика (GLP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар, тиісті клиникалық практика (GCP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - клиникалық зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан - дәрілік заттарды тіркеу куәліктерін ұстаушылар фармацевтикалық инспекциялауға жатады.

6. Фармацевтикалық инспекцияны жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 76-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 76-баптың тақырыбы өзгертілді

76-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрiлiк заттар - халықаралық патенттелмеген атауларымен, ал пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайда Қазақстандық ұлттық формуляр шеңберінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органының шешімі негізінде саудалық атауларымен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті орган берген қорытындының (рұқсат беру құжатының) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсаттарында дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар уәкiлеттi орган белгiлегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа:

1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практиканың (GMP);

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісті дистрибьюторлық практиканың (GDP);

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практиканың (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаты бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер, оның ішінде дәрілік препараттарды дайындауға құқығы бар дәріханалар ие болады.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап жаңа редакцияда

77-бап. Бірыңғай дистрибьютор

1. Бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Мыналар:

1) өнім берушілерді таңдау;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру шарттарын жасасу;

3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу;

4) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету;

5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару;

8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі нысаналары болып табылады.

2. Мыналар:

1) сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

4) отандық тауар өндірушілерді қолдау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаттары болып табылады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 77-1-баппен толықтырылды

77-1-бап. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері

Бірыңғай оператор:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталын құруды, дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

3) денсаулық сақтау субъектілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтер көрсетеді;

4) денсаулық сақтау субъектілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

5) мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталына орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

78-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау

1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар уәкілетті орган бекiткен дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауiпсiздiгiн, сапасы мен тиiмдiлiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайларда сақталады және тасымалданады.

2. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзартуға тыйым салынады.

3. Дәрілік заттарды тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дистрибьюторлық практиканың (GDP) немесе тиісті дәріханалық практиканың (GPP) талаптарын сақтауға міндетті.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

79-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою

Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп саналады және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер өз иелігіндегі осындай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жоюға тиіс.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

80-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртiбi

1. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес, уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 80-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.

3. Егер Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар:

1) клиникалық зерттеулер жүргізуге;

2) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге;

3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;

4) медициналық қолдану және сатып алу мүмкіндігімен нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге;

5) оларды одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткiзуге;

6) төтенше жағдайларды болғызбауға және (немесе) олардың салдарын жоюға;

7) инновациялық медициналық технологияларды ендіруге;

8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар беретін және (немесе) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы терең саралаудан өткізген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуына;

9) медициналық бұйымның құрамына немесе құрылғысына кіретін және медициналық бұйымның құрамынан немесе құрылғысынан тыс дербес пайдалануға арналмаған жинақтауыш зат ретінде пайдалануға арналған болса, оларды уәкілетті орган берген қорытындының (рұқсат беру құжатының) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.

4. Уәкілетті орган айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

Гуманитарлық көмекке (жәрдем беруге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар (оның ішінде тіркелмегендері) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін қорытындының (рұқсат беру құжатының) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінеді.

5. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар тәркiленуге және жойылуға жатады.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 80-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 80-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 80-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

80-1-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат берілген тұлғалар

Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен әкелудi:

1) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер;

2) дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар не медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзуді қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер;

3) осы Кодекске сәйкес дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;

4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама жүргізу, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу үшiн дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдiк өндiрушiлер, олардың уәкiлеттi өкiлдiктерi (филиалдары) немесе олардың сенiм бiлдiрiлген жеке және заңды тұлғалары;

5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 80-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

80-2-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану және өзге де коммерциялық емес мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу

1. Егер дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар:

1) жеке тұлғалардың, дипломатиялық корпус қызметкерлерінің немесе халықаралық ұйымдар өкілдерінің жеке пайдалануына;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадаларын және көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;

3) халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған болса, олар Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.

3. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілері Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.

4. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдік өндірушілер, олардың уәкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке және заңды тұлғалары;

3) денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар жүзеге асырады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 80-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

80-3-бап. Уәкілетті орган мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимылы

1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында және 80-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кедендiк шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiле отырып, әкелiнетін дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелгенi туралы уәкiлеттi орган растаған мәлiметтер ұсынылуға тиiс.

2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 81-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

81-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін жеке тұлғалардың емделу курсына қажетті мөлшерде жеке пайдалануы үшін;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін көлік құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дәрі қобдишасының құрамында;

3) көрмелер өткізу үшін уәкілетті органның рұқсаты бойынша әкелінген көрмелік үлгілер;

4) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) немесе клиникалық зерттеулер жүргізу үшін әкелінген медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органмен келісусіз әкетілуі мүмкін.

3. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалдары, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілері Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органның рұқсатынсыз әкетілуі мүмкін.

5. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (активті фармацевтикалық субстанциялардың) және олардың қоспаларының стандартты үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдік өндірушілер, олардың уәкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке және заңды тұлғалары;

3) денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар жүзеге асырады.

 

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 15-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

 

82-бап. Медициналық бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету

1. Медициналық бұйымдарды монтаждауды, жөндеуді, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай жұмыстарды орындауға құқығы бар жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Медициналық бұйымдардың жөндеуден кейінгі қауіпсіздік деңгейі медициналық бұйымдардың техникалық паспортында белгіленген қауіпсіздік деңгейінен төмен болмауға тиіс.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

4. Өлшем құралы болып табылатын медициналық бұйым Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуге жатады және оны Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.

Өлшем құралы болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесін техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

 

83-бап. Қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау

1. Қазақстан Республикасында қолданылатын медициналық бұйымдар қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай сыныптарға және Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасына сәйкес түрлерге бөлінеді.

2. Қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай медициналық бұйымдарды сыныптау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

3. Қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесі бойынша медициналық бұйымдардың сыныбын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу кезінде бекітеді. Әрбір медициналық бұйым бір сыныпқа ғана жатқызылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасын қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

5. Уәкілетті орган медициналық бұйымдар жұмысының негізіне алынған қағидаттарды, құбылыстарды, медициналық әдістемелерді егжей-тегжейлі есепке алуға негізделген өзгерістерді сыныптамаға енгізе алады.

 

84-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу

1. Уәкілетті орган:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

2) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген, дәрілік заттардың адам денсаулығы үшін қауіпті жағымсыз реакциялары анықталған немесе нұсқаулықта көрсетілген елеулі жағымсыз реакциялары немесе төмен терапиялық тиімділік (терапиялық әсердің болмауы) жағдайларының анықталу жиілігі артқан немесе «пайда-қатердің» қолайсыз арақатынасы бар елеулі жағымсыз реакциялардың анықталуына байланысты оны тоқтата тұру және (немесе) басқа елдердің нарығынан кері қайтарып алу туралы ақпарат болған;

3) медициналық бұйымдарды қолдану процесінде оларды қолдану қауіпсіздігіне әсер ететін, конструкциясының, жұмыс істеу қағидатының, өндірістік орындалуының ақаулары анықталған;

4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданудың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне әсер ететін, оларды өндірудің бекітілген процесі бұзылған;

5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануға байланысты пациенттің немесе тұтынушының денсаулығына зиян келтіру туралы деректер болған;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-техникалық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер алынған;

7) тіркеу куәлігін ұстаушы дәрілік зат пен медициналық бұйымды қолдануды тоқтата тұру, тіркеу куәлігін кері қайтарып алу немесе айналыстан алып қою не оның қолданылуын шектеу туралы өтініш жасаған;

8) дәрілік заттар фармацевтикалық инспекция нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті фармацевтикалық практикаларының талаптарына сәйкес келмеген;

9) дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушы фармакологиялық қадағалау жөніндегі міндеттемелерін және медициналық бұйымды өндіруші медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайларда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды, өткізуді немесе өндіруді тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы, сондай-ақ айналыстан алып қою немесе олардың қолданылуын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

84-1-бап. Жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар

1. Қазақстан Республикасының аумағында жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге, әкелуге, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салынады.

2. Жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жойылуға жатады.

3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіргені, сақтағаны, таратқаны, өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалғандығына (сипаттамалары және (немесе) шығу көзі туралы анық емес мәліметтерді ұсыну) жалған өнімді өндіру үшін дайындалған және соған арналған аксессуарлар, бөліктер және материалдар да жатады.

5. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалғандығын болғызбауды және оған қарсы күресті уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші ұйымдармен, денсаулық сақтау субъектілерімен және қоғамдық ұйымдармен бірге жүзеге асырады.

6. Уәкілетті орган жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

 

85-бап. Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу

1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында фармакологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеуді жүргізеді.

2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы халық денсаулығын сақтауды және пациенттердің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында:

денсаулық сақтау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден, тұтынушылардан келіп түсетін, дәрілік заттың жағымсыз реакциялары, медициналық бұйымның қолайсыз оқиғалары (оқыс оқиғалары) туралы хабарламаларды жинауды, талдауды, бағалауды және верификациялауды;

Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу деректерінің негізінде, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін ұстаушылар, медициналық бұйымдарды өндірушілер беретін деректердің, басқа да дереккөздерден алынатын деректердің негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың «пайда-қатер» арақатынасын бағалауды жүргізеді.

3. Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

4. Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеуді денсаулық сақтау субъектілері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер, сондай-ақ дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін ұстаушылар және медициналық бұйымдарды өндірушілер, медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар жүргізеді.

5. Денсаулық сақтау субъектілері жағымсыз реакциялардың, оның ішінде дәрілік препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакциялардың байқалу фактілері туралы, дәрілік препараттың басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы, мөлшерден асыра қолдану, дәріге тәуелділік, теріс пайдалану туралы, дәрілік препарат тиімділігінің болмауы немесе төмен болуы туралы және медициналық бұйымдардың қолайсыз оқиғалары (оқыс оқиғалары) туралы уәкілетті органға жазбаша және уақтылы ақпарат беруге міндетті.

Дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушы және медициналық бұйымды өндіруші уәкілетті органға дәрілік препараттың қауіпсіздігі туралы мәліметтерді толық көлемде ұсынуға, сондай-ақ уәкілетті органға дәрілік препаратты немесе медициналық бұйымды қолдану кезіндегі жағымсыз реакциялардың және (немесе) қолайсыз оқиғалардың (оқыс оқиғалардың) байқалу фактілері туралы уақтылы ақпарат беруге міндетті.

6. Уәкілетті орган дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу туралы шешімдер қабылдау кезінде басқа елдердегі фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу деректерін ескереді.

 

86-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы, мемлекеттік тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттар туралы ақпарат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында беріледі.

 

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 86-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

86-1-бап. Дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеу

1. Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыста болатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу уәкілетті орган бекіткен, дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган жартыжылдықта бір реттен жиілетпей, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды есептеу әдістемесін, баға қалыптастыруға негіз болған деректер туралы ақпаратты көрсете отырып, оларды бекітеді.

3. Уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті бағаны, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаны бекітеді.

4. Уәкілетті орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпаратты есепке алуды және бір жүйеге келтіруді электрондық түрде, енгізілген өзгерістерді ескере отырып және алдыңғы нұсқаларды сақтап, өзінің интернет-ресурсында осы мәліметтерге ашық қол жеткізу мүмкіндігін бере отырып, хронологиялық тәртіппен тұрақты негізде жүргізеді.

Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпарат дәрілік заттарға арналған шекті бағалар бекітілген жылдан кейінгі жылдан бастап бес жыл бойы сақталады.

 

86-2-бап. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану

1. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формулярлық жүйені дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін жүргізіледі.

2. Формулярлық жүйе қауіпсіз, тиімді, экономикалық тұрғыдан қолжетімді дәрілік заттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Формулярлық жүйенің қызметі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Денсаулық сақтау ұйымдары дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын, клиникалық фармакологтарды, клиникалық фармацевтерді даярлауды және дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін ұдайы арттыруды қамтамасыз етеді.

 

86-3-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету

1. Қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәрілік затты немесе медициналық бұйымды әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден бастап тұтынушы қолданғанға дейін ілгерілету процесінде жүзеге асырылатын, адал бәсекелестік пен барлық қатысушы тараптардың жауаптылығына негізделген қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету болып табылады.

2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері, кәсіптік қауымдастықтардың мүшелері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілетудің мынадай шарттарын сақтауға міндетті:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарыққа ілгерілету қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты берілетін ақпараттың толықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге тиіс;

2) пациенттер, фармацевтика және медицина қызметкерлері дәрілік заттар туралы және олардың жанама әсерлері туралы қажетті әрі қолжетімді ақпарат алуға тиіс;

3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарыққа ілгерілету этикалық нормалар сақтала отырып, объективті болуға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс;

4) жарнамадағы мәліметтер мен деректер анық және ғылыми тұрғыдан расталған болуға тиіс.

4. Дәрілік заттарды тағайындайтын медицина қызметкерлеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға қатысуға, сондай-ақ өзі көрсететін қызметтер үшін сыйақы алуға жеке мүдделілік таныту мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін белгілі бір объектілерді ұсынуға тыйым салынады.

Медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайларды қоспағанда, тиісті медициналық көрсетілімдер болған кезде халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрiлiк заттарға рецептілер жазып беруге міндетті.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін объектілердің мамандары дәрілік затты босату кезінде сатып алушыға (пациентке) қолында бар, жазып берілген рецептіге сәйкес келетін дәрілік препараттарды өзіндегі дәрілік заттардың барлығын, олардың құны мен қолдану ерекшеліктерін атап көрсете отырып, ұсынуға міндетті.

5. Күн сайынғы дәрігерлік конференциялар, ғылыми-практикалық конференциялар және (немесе) мамандандырылған семинарлар өткізуді қоспағанда, медициналық ұйымдарда және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер және (немесе) дистрибьюторлар өкілдерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілетуіне тыйым салынады.

 

 

5-Бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау

 

16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері

 

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) денсаулық сақтау құқығына;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;

3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне;

4) медициналық көмектің сапасына;

5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

6) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;

7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;

8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;

9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық саламаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.

 

88-бап. Азаматтардың құқықтары

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) медициналық ұйымды, оның ішінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттармен медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті таңдауға;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өз қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) бірлесіп төлеуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ немесе анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;

8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз са- рапшыларды тарту туралы өтінішхат беруге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) өлгеннен кейін өздерінен тіндерін (тінінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) транспланттау мақсатында алу мүмкіндігі туралы ерікті түрде еркін білдіруіне құқығы бар.

2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексеру жүргізу, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;

2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдер бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және көлемде, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетіледі.

6. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

89-бап. Балалардың құқықтары

1. Әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін алуға құқығы бар.

2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;

2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы бар.

Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

 

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері

1. Азаматтар:

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілікте болуға;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;

5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен емделуге тартылады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады.

4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шаралар жүргiзуге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;

3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялары анықталған, олардың тиімділігі болмаған және (немесе) төмен болған және медициналық бұйымдардың қолайсыз оқиғалары (оқыс оқиғалары) анықталған жағдайларда, уәкілетті органға уақтылы ақпарат беруге;

7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларын жұқтыру қаупі бар қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік жасауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;

10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;

11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;

13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) эпидемиологиялық көрсетілімдер мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) өздері өткізетін дәрілік заттар туралы толық және анық ақпарат ұсынуға;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.

 

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі ескеріле отырып, пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар.

5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.

6. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.

8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.

10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

 

92-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

 

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

1 Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.

2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.

3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды.

4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

 

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

1. Азаматтардың келісімінсіз:

1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;

3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;

4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.

2. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде - медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.

 

2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

95-бап. Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде, оның ішінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы кезінде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде;

2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) азаматта психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік анықталған кезде;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде жол беріледі.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру, мұндай электрондық ақпараттық ресурстар барлау, қарсы барлау қызметімен және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларымен байланысты, берілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпаратты қамтитын жағдайларды қоспағанда, дәрігерлік құпияны жария ету болып табылмайды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қан мен оның компоненттерінің, тіндердің, ағзалардың донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi олардың рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол берiлмейдi.

Қан мен оның компоненттерінің, тіндердің, ағзалардың донорлығына, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың психиканың үнемі бұзылуын, алкогольдік, есірткілік тәуелділікті және тәуелділіктің өзге де түрлерін, агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға бейімділікті қоса алғанда, қоғам үшін қауіпті бұзылу мен аурулардан зардап шегетін адамдардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы дәрігерлік құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникациялар желiлеріне қосуға жол берiлмейдi.

Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

 

 

17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау

 

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Азаматтардың:

1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;

2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді алуға;

3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзаларының тінінің донорлығына;

6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

7) хирургиялық стерилизациялануға;

8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;

9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;

10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тінін, эмбриондарды сақтауға құқығы бар.

2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.

3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

 

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананы тірі туудың және өлі туудың халықаралық критерийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде беріледі.

3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.

 

98-бап. Бедеуліктен емделу

1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге құқығы бар.

2. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Некеде тұратын және некеде тұрмайтын әйел мен ер адамның медициналық араласуға екіжақты хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар. Жалғыз басты әйелдің де медициналық араласуға хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.

2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін пайдалануға болмайды.

5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Қазақстан Республикасынан жыныстық жасушаларды, адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда әкетуге жол берілмейді.

 

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Суррогат ана болу сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша балаға (балаларға) жүкті болуды және, мерзiмiнен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балалар) тууды бiлдiредi.

2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.

3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 101-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығы

1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлары болуға құқығы бар.

2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының, ұрпақты болу ағзалары тінінің кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.

3. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығын жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

 

102-бап. Контрацепцияны пайдалану

1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.

2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі.

 

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық көрсетілімдер мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.

2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.

3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 103-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

103-1-бап. Химиялық кастрациялау

1. Химиялық кастрациялау - медициналық ұйым сот шешімі негізінде жүзеге асыратын, жыныстық құмарлықты азайтатын препараттарды қабылдау.

2. Пайдаланылатын дәрілік препараттың түрін, оны сот белгілеген қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасының қолданылу мерзімі шеңберінде енгізу кезеңділігін, сондай-ақ аталған шараны қолдану тәртібін Бас прокуратурамен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.

 

104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.

Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.

2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік көрсетілімдер бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық көрсетілімдер болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.

3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.

5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

 

18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекет туберкулезбен ауыратын науқастарға:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

2) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

3) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

4) балалар арасында туберкулездің ауыр, қатты өршитін түрлерімен науқастануды төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

 

106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

 

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 107-бап жаңа редакцияда

107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi

1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және ол бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге:

1) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың емдеуден бас тартуы және оны (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) сендірудің барлық әдістерінің оң нәтижесінің болмауы;

2) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түріндегі емдеу режимін бұзуы негіздер болып табылады.

3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға міндетті.

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша қабылдайды.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

108-бап. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары

1. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.

3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.

4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.

 

109-бап. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

110-бап. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 111-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

111-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек

Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.

 

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 112-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

Мемлекет АИТВ жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

2) динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;

3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

4) аурудың сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;

5) АИТВ инфекциясының анадан шаранаға және балаға берілу тәуекелін төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау

1. АИТВ жұқтырған адамдардың білім беру ұйымдарында оқуы қамтамасыз етіледі.

2. АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың жақын туыстарының тұрғын үй және өзге де құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруге жол берілмейді.

АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.

3. Жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған, АИТВ жұқтырған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.

 

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;

3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан шаранаға және балаға жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар ұсыну үшін сенім пунктерін, достық кабинеттерін ашу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) халыққа тері қабаттары мен сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 

115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақысыз негізде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және консультация алуға құқығы бар.

2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға:

1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) прокуратура, тергеу органдарының және соттың сұрау салуы негізінде адамдар;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдар жатады.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын өзге де адамдар АИТВ-ның бар-жоғына зерттеліп-қаралудан өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.

4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.

5. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

 

 

20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші

адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагностикасын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.

3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиатриялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.

 

117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралады.

 

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның психиатриялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу

1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.

3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.

4. Медициналық құралдар мен әдістер ауруды ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Дәрiгер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдiстерi туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудiң ұзақтығы, ықтимал ауруды сезiну, жанама әсерлер туралы және күтiлетiн нәтижелер туралы деректердi психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде бередi. Медициналық құжаттамада берiлген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.

6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісімінсіз ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.

9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.

 

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары

1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:

1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;

2) емдеудің кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен) тартуға;

4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;

5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша, почта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;

6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.

3. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) қосымша тамақ сатып алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер алуға;

3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;

4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;

5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.

Аталған құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында:

1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі - мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін аударылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Ақшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

6. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау

1. Мемлекет:

1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;

2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;

3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.

2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға психиатриялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:

1) психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге жалпы білім беретін және кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;

3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектерді қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.

 

123-бап. Психиатриялық куәландыру

1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттігін және оның түрлерін айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.

2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық қарап-тексеру, зерттеп-қаралатын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.

Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.

5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:

1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;

2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;

3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.

6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.

7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігерлер комиссиясы адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.

9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.

10. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Психиатриялық куәландыру туралы өтiнiш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттiгiн негiздейтiн толық мәлiметтер және ол адамның (не оның заңды өкiлiнiң) психиатр дәрiгерге көрiнуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиiс. Психиатр дәрiгер шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрiгер өтiнiште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенiн анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелдi себеппен бас тартады.

 

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты қарап-тексеруі арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.

3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болады.

4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр- дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 125-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақпен толықтырылды

1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде жол беріледі.

Сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі.

Сот шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайында психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.

Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер болған кезде психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде оларды хабардар етеді.

2. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін.

3. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.

4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен жатқызылады.

5. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін.

7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр-дәрігер қол қояды.

8. Адамның психиатриялық стационарда мәжбүрлеп ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.

2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

9. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы психиатриялық стационардың өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі, оған психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы қоса беріледі.

10. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға жатқызылған адам ауруханаға жатқызылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде ауруханаға жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады. Ауруханаға жатқызу негізсіз деп танылып, жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиіс.

11. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға келіспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы.

 

126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіппен психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады.

2. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясының куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешім Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша шығарылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға жатқызу кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі көрсетілген мән-жайлар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы прокурорға және қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

 

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 127-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

1. Стационарлық психиатриялық көмекті, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда, медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.

2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрігердің пікірінше, оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.

3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп куәландыруды, мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, ауруханаға жатқызылатын адамды қарап-тексеру мақсатында оның қасына бару үшін, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған адам (ауруханаға жатқызылуға тиіс адам) тарапынан айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзету Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

1. Психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке өтініші, оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған пациентті одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша бойынша жүргізіледі.

4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациентті, егер психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы оны осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада жату мерзімін ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер 125-баптың 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшiн - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам үшін психиатр дәрiгердiң қатысуымен дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi негiз болып табылады.

Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi, бірақ әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қорытындыда адамның оны әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкiндiгiнен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабiлеттiлiгiне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы мәселе қоюға негiздiң жоқтығы туралы мәлiметтер де куәландырылуға тиiс.

2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.

3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болып табылады.

5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:

1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;

2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.

 

 

21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға

медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

1. Мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.

 

131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі және пациенттің қалауы бойынша - жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

 

132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі

1. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтауды басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады.

 

133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың:

1) білікті медициналық көмек алуға;

2) наркологиялық ұйымды таңдауға;

3) өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуға;

4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда - жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.

2. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.

3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде ғана шектеуге жол берілмейді.

 

134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу және байқау

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға және байқауға алынуға жатады және оларда уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен демеп емдеуден өтеді.

 

 

22-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

 

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 135-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек көрсету

Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетіледі.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 135-1-баппен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 135-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекіткен тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Осы бапқа сәйкес медициналық көмек:

1) осы Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Осы баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес медициналық көмек көрсеткені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде алуға құқылы.

 

136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету

1. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтар медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Иондандырушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 136-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

136-1-бап. Мүгедектерге медициналық көмек көрсету

Денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау объектілерінің мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімділігі бойынша оларды бейімдеуге жағдайлар қалыптастырады.

 

137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету

1. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген адамдар санаты жатады.

2. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмек алады.

 

138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету

Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.

 

2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 138-1-баппен толықтырылды

138-1-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету

1. Спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшылар спорттық жарыстарға жіберілмейді.

 

 

23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу

 

139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі

1. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану науқастардың жазбаша келісімімен қолданылады.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарға және кәмелетке толмаған адамдарға хирургиялық араласу, қан мен оның компоненттерін құю, диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен жасалады.

2. Медицина қызметкерлері тіршілік көрсеткіштері бойынша хирургиялық араласуға кірісіп кеткен және оны тоқтату пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарып алынуы мүмкін.

3. Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерін құюды, диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдануды кідірту науқастың өміріне қауіп төндіретін, ал науқастың немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, дәрігер немесе консилиум науқасты немесе оның заңды өкілдерін қолданылған шаралар туралы кейіннен хабардар ете отырып, шешім қабылдайды.

 

140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары

1. Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді.

2. Биологиялық өлімді медицина қызметкері мынадай белгілердің жиынтығы негізінде растайды:

1) жүрек қызметінің тоқтауы;

2) тыныс алудың тоқтауы;

3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы.

3. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана:

1) биологиялық өлім расталған;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) консилиум бас миының біржола семуін тіркеген кезде, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде тоқтатылуы мүмкін.

 

141-бап. Эвтаназия

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

142-бап. Анатомиялық сый

1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.

2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.

3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.

4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

 

2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 142-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісін) пайдалануды концессионермен қатар функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.

Мұндай жағдайда концессионердің концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар.

3. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде:

1) концедент құрылған концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша функционалдық операторға береді;

2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындалатын функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

4. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шарты функционалдық оператор туралы ережені, сондай-ақ концессионер мен функционалдық оператордың концессия объектісін бірлесіп пайдалану тәртібін қамтуға тиіс.

5. Функционалдық оператордың осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды концессия объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану басталғанға дейін алуы тиіс.

6. Функционалдық оператор:

1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;

2) концессионермен бірлесіп концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

7. Функционалдық оператор:

1) концессия объектісінің бейінін сақтауға;

2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге;

3) Қазақстан Республикасының экология және еңбек заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауға;

4) концессия объектісіне өз кінәсі бойынша келтірілген залалды өтеуге;

5) концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

 

 

6-Бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

 

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет

 

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне:

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.

 

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы болып табылады және ол:

1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;

2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін қалыптастыру мен жүргізуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде мекендеу факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыздығының критерийлерін) белгілейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.

5. Гигиеналық норматив - зерттеулерде белгіленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту кезінде оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісуге міндетті.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 145-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың негізін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге белгіленетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер құрайды.

2. Санитариялық қағидалар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және мыналарға:

1) объект салынатын жер учаскесін таңдауға;

2) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге;

3) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

4) объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, кондиционерлеуге;

5) шикізатты қабылдауға, сақтауға, қайта өңдеуге (өңдеуге);

6) тамақ өнімін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

7) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

9) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың уыттарын, биологиялық заттар мен материалдарды) қолдану мен пайдалануға, кәдеге жаратуға, тасымалдауға, сақтауға, көмуге және олармен жұмыс істеу шарттарына;

10) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу шарттарына;

11) дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру шарттарына;

12) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

13) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

14) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практикасы, дене бітімінің дамуы, еңбек етуі, демалуы, тамақтануы, сумен жабдықталуы мен медициналық қызмет көрсетілуі шарттарына;

15) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесіне және сабақ режиміне;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) медициналық бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;

17) халықтың бейімделген (балалар тағамы, диеталық емдік және диеталық профилактикалық), емдеу-профилактикалық, қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

18) су көздеріне (шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

19) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

20) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

21) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

22) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

23) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

24) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, бейімделген диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану шарттарына;

25) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыруға, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуге, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты халықты медициналық қарап-тексеруді, профилактикалық егулерді жүргізуге;

27) санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптардан тұрады.

3. Гигиеналық нормативтер зиянды (химиялық, биологиялық) заттардың рұқсат етілетін шекті концентрацияларының, физикалық әсер етулердің; радиациялық әсер етудің рұқсат етілетін деңгейлерінің нормативтерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмірі үшін қолайлы және денсаулығы үшін қауіпсіз тыныс-тіршілігі жағдайларын қамтамасыз етеді.

Гигиеналық нормативтер:

1) жұмыс аймағының микроклиматына, ауа алмасуына, ауасына, өндірістік, тұрғын үй және басқа да үй-жайлардың физикалық факторларына, тұрғын үй құрылысын салу аумағына;

2) өнімнің (тауарлардың) және қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігіне;

3) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға;

4) қоршаған ортаға зиянды заттардың физикалық факторларына рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділеріне;

5) өнімнің, технологиялық жабдықтың, процестің жаңа түрлеріне белгіленеді.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 146-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

146-бап. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу

1. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім тізбеге сәйкес және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

2. Өнімді мемлекеттік тіркеу:

1) халық пен мекендеу ортасына ықпалын сараптамалық бағалау;

2) заттар, өнімнің жекелеген компоненттері құрамының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі нысанасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттарды және өнімдердің жекелеген түрлерін кәдеге жарату мен жою шарттарын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерін болдырмау жөніндегі арнаулы шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.

3. Мемлекеттік тіркелуге жататын өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді.

4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылуға жатады.

5. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

 

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

1. Санитариялық-эпидемиологиялық мони торинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға байқау жүргізудің мемлекеттік жүйесі болып табылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсаттарында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықтың декреттелген тобындағы адамдарды және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда, жерасты жұмыстарында істейтін адамдарды медициналық қарап-тексеруді, профилактикалық егуді, гигиеналық оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжаттарына енгiзiлуге жатады.

3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар - медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге жатады.

4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Гигиеналық оқыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен және гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша халықтың декреттелген тобының инфекциялық және паразиттік ауруларының профилактикасы мақсатында жүргізіледі.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 148-1-баппен толықтырылды

148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау

1. Радиациялық бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады, ол халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтиды.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Радиациялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін тексеру нысанында жүзеге асырылады.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-карантиндік қадағалауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүргізеді.

3. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

 

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.

2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

 

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге алуына, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілікті жүргізуіне жатады. Көрсетілген аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргізуіне жатады.

 

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық көрсетілімдер мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндіктерді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен кезектен тыс міндетті дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Адамның инфекциялық және паразиттік аурулары ошақтарындағы және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарындағы ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны, дератизацияны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және медициналық ұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсаттарында жүргізеді.

 

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

 

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.

2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.

Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.

Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.

 

154-бап. Саламатты өмір салтын қалыптастыру

1. Саламатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен саламатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.

2. Саламатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз етеді.

 

155-бап. Медициналық қарап-тексеру

1. Медициналық қарап-тексерудің негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Медициналық қарап-тексеру міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзiмдiк және ауысымалды болып бөлiнедi.

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеру кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексеру жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.

Ауысымалды міндетті медициналық қарап-тексерулер жеке тұлғада аурудың барын немесе жоғын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігін, шығатын ауысымындағы жұмысқа кәсіптік жарамдылығын айқындау мақсаттарында жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті органмен келісу бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексеругежататын қызметкерлердің осындай қарап-тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.

6. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру жаппай және іріктелген болып бөлінеді.

Жаппай профилактикалық медициналық қарап-тексеру ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен жүргізіледі.

Іріктеп медициналық қарап-тексеру белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

7. Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осындай қарап-тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғыдан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді.

8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай қарап-тексеруге жататын адамдардың профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуі үшін жағдай жасайды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

11. Міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексерудің уақтылы өткізілуі мен оны уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, медициналық қызметтер карсету саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды.

 

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Профилактикалық екпені енгізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, ықтимал жанама әсерлері, олардан бас тарту салдарлары, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді.

Жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.

2. Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

4. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың профилактикасы:

1) мынадай:

саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;

созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі көмек көрсетудің қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру жолымен аурулар қатерінің мінез-құлық факторларының профилактикасын және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекітілген тұрғындардың аурулар қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының - жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына жүргізетін мониторингін;

3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде, өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайтуды;

4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды халыққа медициналық қарап-тексеру жүргізу, оларды дәрігерге ертерек қаралуға уәждеу арқылы анықтауды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;

6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.

2. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттік органдар - өз өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

 

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) психикаға белсенді әсер ететін заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым салуды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері, оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар үлгілерінің жарнамасын шектеуді;

3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды профилактикалық байқауды және есепке алуды;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;

5) нашақорлықпен ауыратындарды ерікті түрде медициналық-санитариялық оңалтуды қамтиды.

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және заңды тұлғалар өздерінің құқықтары шегінде жүзеге асырады.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын қорғауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқығы бар адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізуге, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың таралуының профилактикасы жөніндегі келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;

2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру мен спорт ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, құрамының деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) темекі бұйымының қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қараңыз

10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

11) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қараңыз

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымы зиянының аз екені туралы жалған әсер қалдыратын және жемістердің, жидектердің, кондитерлік өнімдердің дәмі бар деген ұғымды білдіретін өзге де, оның ішінде шет тілдердегі сөз тіркестері болса;

12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Темекі бұйымдарын тұтынуға:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану орындарында;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;

5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында;

7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынуға міндетті.

9. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар - жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебінен жүргізеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар халықтың санитариялық-эпедемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын, жол берілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленбеген темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

11. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынғаны туралы белгілер орналастырылуға тиіс.

13-тармақтың күшіне енетін мерзімін қараңыз

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уәкілетті орган бекіткен темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының ауданы бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық пайызын алуға;

2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;

3) сурет (пиктограмма, графика) және жазулар түрiнде орындалуға тиіс.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Бөлшек саудада:

1) алкоголь өнімін жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға;

2) мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:

сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;

этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды

15. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік етуге және алкогольдік ішімдіктерді имитациялайтын өнімді жарнамалауға тыйым салынады.

Темекіні әкелуді, өндіруді, сатуды және таратуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайырымдылық көмек көрсетуіне жол беріледі.

 

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

1. Темір тапшылығы анемиясы - организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі.

2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;

3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

4) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) қағидаттарымен жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.

Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

 

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда, азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарымен жүзеге асырылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ас тұзын, жемдік тұзды және міндетті түрде байытылуға жататын басқа да тамақ өнімдерін йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

7-Бөлім. донорлық және транспланттау

 

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

 

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 162-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

1. Донорлық функцияны жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы қан мен оның компоненттерінің донорлығы болып табылады.

2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз немесе өтеулі негізде жүргізіледі.

Өтеулі негізде донорларды тарту донорлық функцияны өтеусіз негізде орындайтын донорлар болмаған кезде жүзеге асырылады.

3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:

1) донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу болып табылатын қан донациялау;

2) қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын плазма донациялау.

Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (иммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма (иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады);

3) донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын жасушалар донациялау.

4. Қанды дайындау және қайта өңдеу процесінде:

1) қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлінген құрамдас бөліктері болып табылатын қан компоненттері;

2) қан компоненттерін қайта өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар болып табылатын қан препараттары алынады.

5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

3. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі уәкілетті орган бекіткен, донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зертханалық зерттеулер сапасына бағалау жүргізуді республикалық қан қызметінің референс-зертханасы жүзеге асырады.

2. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға және өткізуге тыйым салынады.

4. Донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттарда қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға донор болуға құқылы.

2. Донор:

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеусіз жүзеге асыруға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қан мен оның компоненттерін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде ақылы донациялауды жүзеге асыруға;

3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;

4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті.

 

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донор уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен міндетті түрде тегін медициналық зерттеп-қараудан өтеді.

2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

 

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Донорлық функция жұмыс күндері орындалған кезде донор орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Егер өтеусіз донациялау болса, онда донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Донор болып табылатын қызметкерді қан мен оның компоненттерін донациялау күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін донациялау күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін донациялау күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді.

Донорға қан мен оның компоненттерін донациялаудың жиынтық санын ескере отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қан немесе оның компоненттерінің аяқталған немесе аяқталмаған донациясын жүзеге асырған донор донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған кезде қан мен оның компоненттерін донациялағаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде оның ақшалай баламасын алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.

 

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

1. Жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында:

1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;

2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға;

4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті.

2. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.

 

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 27-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-тарау. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау

 

169-бап. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау және оларды алу шарттары

1. Адам, адамның мәйiтi немесе жануар тiндердi (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) транспланттау бойынша донорлар болуы мүмкiн.

2. Адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады.

3. Адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.

4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне ықпал ететін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін.

5. Тiрi донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзiнен тiндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаларының бөлiгiн) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиiс.

6. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын адамнан тiндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу осы бапта көрсетiлгендермен қатар, бiр мезгiлде мына шарттарды сақтағанда ғана:

1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімі болған;

2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған;

3) реципиент донордың аға-інісі немесе әпке-сіңілісі (қарындасы) болып табылған;

4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған;

5) ықтимал донор алып қоюға қарсылық білдірмеген жағдайда ғана мүмкін болады.

7. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарып алынуы мүмкін.

8. Адамнан тiндердi (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу, гемопоэздік дің жасушаларын қоспағанда, оның нотариат куәландырған жазбаша келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

9. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.

10. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адам тірі кезінде не оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері ол өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) реципиентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға жол берілмейді.

Егер консилиум тіркеген өлім фактісінің даусыз дәлелдемелері болса, мәйіттен транспланттау үшін тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) алынуы мүмкін.

Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың өлімінің) расталуы негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен беріледі.

11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қамтамасыз ету үшін тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдері қалыптастырылады.

Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің, сондай-ақ тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды

13. Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау донорлықты жүргізу, қан, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жанында құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейтін иммуннологиялық типтеу зертханаларында (HLA-зертханалар) жасалады.

Транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау тіндерді (тіннің бөлігін), ағзаларды (ағзаның бөлігін) алумен, консервациялаумен, дайындаумен, тасымалдаумен және транспланттаумен айналысатын ұйымдардан зерттеуге берілетін жолдама негізінде жүзеге асырылады.

HLA-зертханалар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

 

170-бап. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау тәртібі

1. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді.

2. Денсаулығының жай-күйі бойынша дұрыс шешім қабылдауға қабілетсіз реципиентке тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау оның жұбайының (зайыбының) не жақын туыстарының бірінің немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

Транспланттау жүргізуді кешеуілдету реципиент өміріне қауіп төндіретін, ал осы тармақта көрсетілген адамдар болмаған немесе олардың тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған айрықша жағдайларда транспланттауды жүргізу туралы шешімді дәрігерлер консилиумы, ал оны жинау мүмкін болмаған жағдайда транспланттауды жүзеге асыратын дәрігер медициналық құжаттамаға жазбаларды ресімдеп және ол туралы кейіннен бір тәулік ішінде денсаулық сақтау ұйымының лауазымды адамдарын хабардар ете отырып қабылдайды.

3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.

4. Инфекция жұқтырған тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға тыйым салынады.

5. Тірі донордан тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне енгізілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мамандық бойынша лицензия алған денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.

Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қалыптастырылады.

6. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу және консервациялау денсаулық сақтау ұйымдарында уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

7. Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алудың, дайындаудың, сақтаудың, консервациялаудың, тасымалдаудың, донордан реципиентке транспланттауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

8. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге (тіннің бөліктеріне) және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.

 

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

2. Реципиент:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығы үшін ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

 

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету

 

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 172-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 172-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негіздер

1. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған;

3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде жүзеге асырылады.

2. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегі жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;

4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;

6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкiлеттi орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.

4. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі өткізілетін жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

5. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.

6. Адамның әкелуге және әкетуге арналған тiндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау және тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету үшін негіздер

1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының аумағында қажетті сипаттамалары бар донорлық қан компоненттері болмаған кезде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) шет елде тұратын донордың және Қазақстан Республикасында тұратын реципиенттің тін үйлесімділігін растау үшін НLА-жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиентің иммундық стимуляциясын жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;

4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін (келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) Қазақстан Республикасында тұратын донордың және шет елде тұратын реципиенттің тін үйлесімділігін растау үшін НLА-жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиентің иммундық стимуляциясын жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.

3. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.

5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.

 

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 174-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 174-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн әкелудiң, әкетудiң тәртiбi

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның ағзаларын әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.

 

 

8-Бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет

 

29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

 

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, оладың біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік клиникаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Резидентураның тыңдаушыларын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда лауазымдар атқаруы үшін негіз болып табылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган айқындайды.

7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары саланың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды

175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруы

1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдарымен және медициналық ұйымдармен медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік туралы шарттар жасасуға құқығы бар.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 176-бап жаңа редакцияда (2012 ж. 9 қазанан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау

1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау және оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлықты бағалауды және мамандар біліктілігіне сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кәсіптік даярлықты бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде жүргізіледі.

2. Тиісті сертификаты бар маманның басшылығымен клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберілетін резидентура тыңдаушыларын қоспағанда, тиісті маман сертификаты болмаса, жеке тұлғаның клиникалық практикамен айналысуына тыйым салынады.

Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификатынан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификатталуға жіберу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған шетелдік мамандардың шет елде алған медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктiлiк санатының берілгені туралы куәландыратын құжат маман сертификатына теңестіріледі.

 

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен кодекс 176-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 9 қазанан бастап қолданысқа енгізілді)

176-1-бап. Біліктілік санаттарын беру және кері қайтарып алу

1. Біліктілік санатын беру тиісті біліктілік санатын беру арқылы нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік бере отырып, медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік деңгейін айқындау үшін жүргізілетін ерікті рәсім болып табылады.

Біліктілік санатын беруді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган аккредиттеген, кәсіптік даярлықты бағалауды және денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде жүргізеді.

2. Денсаулық сақтау саласындағы маман уәкілетті орган берген біліктілік санатын беру туралы куәлігі болған кезде маман сертификатын алуға құқылы.

3. Біліктілік санаттарының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін, мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін, мерзімдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

 

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды: «Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей ынта-жігермен және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені дәрігерлік өнерге баулыған адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.».

 

 

30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет

 

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері

1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негізгі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі - ғылыми ұйым) болып табылады.

2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын өзге де ұйымдар болып бөлінеді.

3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметімен айналысуы мүмкін.

 

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру

1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыруды, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіруді, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.

3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асырады.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 180-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

180-бап. Медициналық зерттеулер жүргізу

1. Медициналық зерттеулер тірі адамдар мен жануарларға (зерттеу субъектілеріне), тірі және қайтыс болған адам мен жануардың биологиялық үлгілеріне, сондай-ақ клиникалық-эпидемиологиялық деректерді және өзге де медициналық ақпаратты пайдалану негізінде жүргізілуі мүмкін.

Медициналық зерттеулер медициналық-биологиялық эксперименттерді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді, клиникалық зерттеулер мен қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеулерді қамтиды.

2. Медициналық зерттеулердің мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасауға және адамды клондауға тыйым салынады.

3. Адам эмбрионын немесе адамның шаранасын зерттеу кезінде немесе одан кейін адам эмбрионы немесе адамның ұрығы бұзылатын медициналық зерттеулерге тыйым салынады.

4. Медициналық зерттеулер мынадай талаптар бір мезгілде сақталған:

1) медициналық зерттеулер жаңа ғылыми деректер алуға және оларды практикалық денсаулық сақтауға енгізуге бағытталған;

2) зерттеу субъектісінің мүдделерін қорғау және оның медициналық ақпаратының құпиялылығы қамтамасыз етілген;

3) зерттеу субъектісінің немесе оның заңды өкілінің зерттеуге қатысуға немесе оның биологиялық үлгілерін және медициналық ақпаратын, оның ішінде ғылыми мақсаттарда биобанкті толтыру үшін пайдалануға келісімі алынған;

4) интервенциялық клиникалық зерттеулер уәкілетті органның рұқсатымен жүргізілетін кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

5. Адамдардың мынадай санаттары:

1) кәмелетке толмағандар;

2) жүкті әйелдер;

3) әрекетке қабілетсіз адамдар;

4) медициналық зерттеулерге қатысуы өздерінің оқуымен байланысты жағдайларда білім алушы адамдар;

5) бөгденің көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерлер;

6) әскери қызметшілер;

7) медициналық зерттеулер жүргізілетін медициналық ұйымдардың персоналы;

8) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық зерттеулер, өзге адамдарға жүргізілмейтін және мұндай медициналық зерттеулерге қатысу оларға медициналық зерттеумен байланысты тәуекелдер мен қолайсыздықтардан басым түсетін тікелей пайда әкеледі деп күтуге ғылыми негіздер болған жағдайда ғана жүргізіледі.

6. Медициналық зерттеуге қатысуға келісім алынған кезде кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысына, пациентке немесе ерік білдірген адамға:

1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік зат, медициналық зерттеудің мәні мен ұзақтығы туралы;

2) медициналық технологияның, фармакологиялық немесе дәрілік заттың қауіпсіздік дәрежесі, олардың тәуекелдері туралы және күтілетін тиімділігі туралы;

3) медициналық технологияны, фармакологиялық немесе дәрілік затты қолданудың денсаулықтың жай-күйіне күтілмеген әсері жағдайындағы әрекеттер туралы;

4) денсаулықты сақтандыру шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.

Бұл ретте медициналық зерттеулер басталғанға дейін кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы, пациент немесе ерік білдірген адам зерттеудің кез келген сатысында медициналық зерттеулерден бас тарту мүмкіндігі туралы хабарланған болуға тиіс.

7. Медициналық зерттеулер кез келген сатыда:

1) зерттеулерге қатысушы кәмелетке толмаған адамның, оның заңды өкілінің, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының, пациенттің немесе ерік білдірген адамның талап етуі бойынша;

2) кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз адамның, пациенттің немесе ерік білдірген адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда тоқтатылады.

8. Зерттеуге қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы құжаттарды ресімдеу және биоэтика жөніндегі комиссияның оң қорытындысы медициналық зерттеулер жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.

9. Медициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

 

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 181-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар

1. Биоэтика жөніндегі комиссия медициналық зерттеулер жүргізумен байланысты құжаттарға медициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында оларды жоспарлау кезеңінде, орындалу барысында және аяқталғаннан кейін биоэтикалық сараптама жүргізетін тәуелсіз сараптама органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында Биоэтика жөніндегі орталық комиссия және биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар жұмыс істейді.

3. Биоэтика жөніндегі орталық комиссия мынадай міндеттерді орындау үшін уәкілетті органның жанынан құрылады:

1) қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамыту тұрғысынан биоэтика мәселелері бойынша талдау жүргізу және мамандар мен халықты ақпараттандыру;

2) шетелде өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі және одан көп зерттеу орталықтарында жүргізілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға интервенциялық клиникалық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;

3) жүргізілу үшін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия қорытынды берген және уәкілетті органның рұқсаты берілген медициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;

4) биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың қызметін үйлестіру және олардың қызметінің Биоэтика жөніндегі орталық комиссия бекіткен стандарттарға сәйкестігін бағалау;

5) биоэтика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу.

4. Биоэтика жөніндегі орталық және жергілікті комиссиялар пәнаралық негізде қалыптастырылады және медициналық, гуманитарлық кәсіптердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және құқық саласындағы мамандардан тұрады.

5. Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

6. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялар мынадай міндеттерді орындау үшін медициналық ұйымдардың жанынан құрылады:

1) осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, медициналық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;

2) жүргізілу үшін осы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия қорытынды берген және уәкілетті органның рұқсаты берілген медициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру;

3) Биоэтика жөніндегі орталық комиссияға ол айқындаған тәртіппен жыл сайынғы есепті ұсыну.

7. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы және ол туралы ереже Биоэтика жөніндегі орталық комиссиямен келісу бойынша жергілікті комиссия жанынан құрылатын медициналық ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

8. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиялардың Биоэтика жөніндегі орталық комиссия беретін биоэтикалық комиссиялар қызметінің стандарттарға сәйкестігі сертификаты болған жағдайда медициналық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беруге құқығы бар.

9. Биоэтика комиссиялары қызметінің талаптарға сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімін және оны беру тәртібін Биоэтика жөніндегі орталық комиссия айқындайды.

 

 

9-Бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау

 

31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері,

еңбек қатынастары,ар-намыс кодексі

 

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің:

1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;

3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;

5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;

7) қызметтік тұрғын үй берілуге;

8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;

9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;

10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы қарау болмаған кезде пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.

2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:

1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;

2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;

3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.

4. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде АИТВ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің АИТВ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады.

Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

Қызметтік міндеттерін атқаруы АИТВ-инфекциясы кәсіптік ауруына әкеп соқтыруы мүмкін медицина қызметкерлері мен басқа да қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады.

6. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа алуға;

2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;

3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;

4) халық арасында медициналық білімді және саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) құқық қорғау органдарына денсаулық сақтау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз, оның ішінде әрбір бес жыл сайын біліктілігін арттырудан өту арқылы дамытуға және арттыруға;

7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік даярлығы міндетті бағалауға және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігіне сәйкестігі расталуға жатады.

7. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынады.

2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (жасауына) жол берілмейді

 

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары

1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:

1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;

4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;

9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;

10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;

12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;

13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) өзінің денсаулығын сақтауға ынтымақты жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге тиіс.

4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады.

6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.

7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

 

2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 9-1-бөліммен толықтырылды

9-1-бөлім. Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі ережелері

 

 

31-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі

 

184-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарда (мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға арналған психиатриялық стационарларда (мәжбүрлеп емдеу үшін жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда, жіті бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.

3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.

4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

 

184-2-бап. Үйлестіру кеңесі

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.

2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;

алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.

3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

184-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

1. Мынадай:

1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;

5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

 

184-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;

5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;

6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.

 

184-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері

1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

184-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:

1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;

2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;

3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

 

184-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:

1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;

2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;

3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.

2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.

 

184-8-бап. Алдын ала болу тәртібі

1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.

2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.

3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.

4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.

 

184-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:

уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.

3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

184-10-бап. Құпиялылық

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

184-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

 

 

10-Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

185-1-бап. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақшаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:

1) «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 93-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат);

2) «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 86-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);

3) «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1071-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат);

4) «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 104-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);

5) «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 149-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат);

6) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат);

7) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат);

8) «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат);

9) «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 13, 73-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат);

10) «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 45-құжат);

11) «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 91-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат).

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы қыркүйектің 18-і.

№ 193-ІV ҚРЗ