Қазақстан Республикасының
Заңы
Концессиялар туралы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2025 жылғы 15 наурыздағы № 172-VIII Заңымен күші жойылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы
3-бап. Концессияның негiзгi принциптерi
4-бап. Концессияны қолдану салалары
5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы
5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
6-бап. Концессионерге жер учаскелерiне құқықтар беру
7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері
2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiктерi
9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
10-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi
10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының өкiлеттiктерi
14-бап. Концессионерлердiң қызметiн мемлекеттiк қолдау
3-тарау. ОБЪЕКТIЛЕРДI КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
15-бап. Объектiлердi концессияға беру тәртiбi
17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны
18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету
18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер
19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу
21-бап. Концессия шартының мазмұны
21-1-бап. Концессия шартының түрлері
22-бап. Концессия шартының нысаны
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзiмi
24-бап. Концессия шартын тоқтату
25-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi
26-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi
26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер
26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім
26-3-бап. Концессионерді ауыстыру
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге» деген сөздер тиісінше «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;
3) жекешелік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот - кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) концессия шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды концессионер орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) концедент - Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;
6) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) - концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру - концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негiздеме) - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
12) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым - концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым;
14) концессия объектiсi - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
15) концессия объектісін құру - Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу;
16) концессия объектісін пайдалану - концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;
17) концессия объектісін реконструкциялау - жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар;
18) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
19) 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
22) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24) тармақша жаңа редакцияда
24) тiзбе - орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) тікелей келісім - осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады.
Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы концессия «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Концессияның негізгі принциптерi
Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:
1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;
2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) еркін бәсекелестікке;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) барлық әлеуетті концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) концессиялық жобаны іске асыру үшін концессионердің инвестицияларды жүзеге асыруына;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) халық үшін концессиялық жобаның құндылығына негізделеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап жаңа редакцияда
4-бап. Концессияны қолдану салалары
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық саласындағы (аясындағы) туристік қызмет, әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы
1. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын және жылжитын мүлік, концессия объектілері бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты айрықша құқықтар концессия шартында көзделген тәртіппен концессионердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беріледі.
2. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия обьектілерінде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс обьектілері және концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар мемлекеттік меншікке беріледі.
3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердiң концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiмi мен өзге де табыстары оның меншiгi болып табылады.
5. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде кепiл нысанасы бола алмайды.
6. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде иелiктен шығарылуға жатпайды.
7. Егер концессия шартында өзгеше белгіленбесе, концессионер өзiне концессия шарты бойынша иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелiн көтереді.
8. Концедент концессиялық жобаны қоса қаржыландырған және (немесе) концедент концессионерге инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеген кезде, концессия объектісі мемлекеттік меншікке беріледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот концессионер инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.
2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.
3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, концессионердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.
Концессионер кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін концессия шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.
6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру
Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері
1. Мыналар:
1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;
4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемі шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу;
5) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды.
3. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы әлеуметтік маңызды санатқа жатқызылатын концессиялық жобаларға қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелерінің негізінде айқындалады.
1-1 тарау. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-1) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекітеді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;
7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:
конкурстық (аукциондық) құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын, концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;
4) 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді;
6) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа (аукционға) қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;
7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-5) - 7-10) тармақшалармен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидаларын бекітеді;
7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
7-7) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
7-11) концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдарды айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
7-12) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу қағидаларын бекітеді;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншікке жататын, орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тізбесін келіседі;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
4) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
6) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
7-1) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылды
7-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
7-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;
7-4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;
7-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне:
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) концессиялық жобаны консультациялық қолдап отыруды, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері
Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
5) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының өкілеттіктерi
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына берілетін салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың (аукционның) ұйымдастырушысы болады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) шешімі негізінде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты (аукционды) өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;
3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-2) тармақша жаңа редакцияда
3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан:
конкурстық (аукциондық) құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
концессионер таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілген кезде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-3) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арқылы коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiседi;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың (аукционның) ұйымдастырушылары болады;
6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
7) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты (аукционды) өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Концессионерлердiң қызметiн қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдаудың мынадай бір немесе бірнеше түрлерi ұсынылады:
1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;
2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың берiлуi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) концессиялық жобаның іске асырылу барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;
7) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік меншікке берілуге жатпайтын концессия объектісі құрылған кезде, концессионерге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс.
3-тарау. ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
2) концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу;
3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.
2. Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру концессионерге мемлекет кепілгерлігін берудің міндетті шарты болып табылады.
15-1-бап. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 15-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 15-2-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.
3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс (аукцион) өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс (аукцион) өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Тізбені қалыптастыру
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті концессионерлерге мынадай ақпаратты:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды және оларды бағалау тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты;
3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) концессия шартының жобасын;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде елішілік құндылық жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) концессия объектісінің құны көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқауды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен соңғы мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) әлеуетті концессионердің концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде ұсыну құқығына тиісті нұсқауды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндіру сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кеш емес);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынуға міндетті.
15) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттама үшін конкурстық (аукциондық) құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен, бiрақ конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей өтініш жасауға құқылы. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенін көрсетпей, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiруді хабарлауға мiндеттi.
Қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық (аукциондық) құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн - әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтiнiмдерде ескеруі үшiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында дереккөздерін көрсетпестен, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге дереу жіберіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын біліктілік талаптары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;
3) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған болуға;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.
Меншікті қаражат деп әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі, олар концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген болуға тиіс;
6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс;
7) азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) және құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) болуға тиіс.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;
2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетінін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға құжаттар ұсынады, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.
Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға әлеуетті концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті концессионердiң аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, мұндай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мұндай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты ұсынбауға құқылы.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетінін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
2) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өзін конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік орган болып табылатын конкурстарды (аукциондарды) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;
2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.
Әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайда қайтармайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:
1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;
3) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;
4) концессия шарты күшіне енген;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионер таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның жұмыскері конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды (аукциондарды) дайындау жөнінде сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың (аукционның) нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті концессионері мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, өткізілетін конкурсқа (аукционға) қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы бап талаптарының бұзылуын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессиялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу
1. Концессионер таңдау концессиялық жобалар бойынша конкурс (аукцион) өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Республикалық меншікке жатқызылған және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
Коммуналдық меншікке жатқызылған және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін - кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал конкурс (аукцион) қайта өткізген кезде кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын міндетті түрде жариялайды. Конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратта концессия объектілері, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтер, конкурс (аукцион) жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар; конкурс (аукцион) өткізілетін орын, уақыт және күн туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Концессиялық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Тиісті конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, бұл мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комиссия конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.
Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеді деп есептеледі.
Бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
4. Комиссия келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келіссөздер барысында, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
5. Конкурс (аукцион) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Конкурс (аукцион) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы және комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.
6. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан пайдалануға келмейтін болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.
7. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.
8. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде, құрылатынын конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген, конкурстың (аукционның) жеңімпазы құрған заңды тұлғамен концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктері ұсынылған жағдайда) концессия шартын жасасады.
9. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
10. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионер таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері
1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.
2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы және конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi;
комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы;
осы Заңның 20-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шартында:
1) концессия объектiсi туралы мәлiметтер, оның сипатталуы, оның ішінде мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет мерзімі, берілетін концессия объектісінің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтер;
2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы талаптар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар туралы талаптар;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердi қажеттi мөлшерде және сапада ұсынуы мақсатында объектiге реконструкция жүргiзудiң шарттары мен көлемi;
4) концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi;
5) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi, көздерi мен шарттары;
7) қызмет түрлерi (концессия шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) жұмыстар (көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапа стандарттары;
9) концессия шартының қолданылу мерзiмi;
10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгі жөніндегі талаптар;
12) объектіні қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаларды қоса алғанда, тараптардың концессия объектісін беру тәртібі мен шарттары және оның сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлікті беруге негіз болатын құқықты көрсете отырып, көрсетілген мүлікті берудің тәртібі мен шарттары;
13) тараптардың жауапкершiлiгi;
14) концессия шартын өзгерту және тоқтату талаптары;
15) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi;
16) концеденттiң концессия шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi;
17) концессионердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау критерийлері, олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайту тәртiбi;
18) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемi, мерзiмдерi мен шарттары;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) елішілік құндылық жөнiндегi мiндеттемелер;
20) концессионердiң жыл сайын, сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беру жөнiндегi мiндеттемелерi;
21) тәуекелдердің тараптар арасында бөлінуі;
22) концессия шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту шарттары мен мерзімдері;
23) концеденттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер;
24) концессия объектісін құру (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды орындау, оны пайдалануға беру мерзімі, сондай-ақ осы мерзімді ұзарту тәртібі;
25) концессия шартын орындау, атап айтқанда, концессия шарты шеңберінде белгілі бір іс-қимылды орындауға, ақшаны жинауға және бөлуге, өзге төлемдерді концессия шартына сәйкес көлемде және тәртіппен жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқықтар мен міндеттерді орындауға келісім беру үшін тартылатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
26) концессия шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
27) концессия шарты бойынша дауларды шешу тәртібі;
28) концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тараптар шығыстарының орнын толтыру тәртібі қамтылуға тиіс.
2. Концессия шартында, сондай-ақ:
1) концессия шарты тараптары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері;
2) концессия шартында көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты табыстардың концедент пен концессионер арасында бөлінуі;
3) концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру үшін концессионер тартатын ұйымды және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) үшін концессионер тартатын мердігерді (бас мердігерді) және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшаман толықтырылды
4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тәртібі мен талаптары;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшаман толықтырылды
4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
3. Концессия шартына тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптары ол қолданылатын бүкіл мерзімде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүдделерінде концессия шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе концессия шартын бұзу жағдайы көзделуге тиіс, бұл ретте концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалатын осындай жағдайлардың толық тізбесі қамтылуға тиіс.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда:
1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде;
2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде;
3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде туындаған шығыстарды және (немесе) шығындарды және (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тәртібі, мерзімдері және талаптары концессия шартында айқындалады.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Концессионер концессия шарты бойынша өз құқықтарын концеденттің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
Концессия шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кепілге беру концессия шартының талаптарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Концессионердің кредиторға концессия шарты бойынша өзінің құқықтарын кепілге беруі және аталған құқықтар құнын есепке алу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Пайдалануға берілген концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу концессия шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.
Концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беруге немесе борышын ауыстыруға, өзіне (өздеріне) концессионердің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға (тұлғалар) осы Заңның 18-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, концеденттің келісімімен жол беріледі.
Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру және (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тәртіппен конкурс (аукцион) өткізбей жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Концессия шартының түрлері
1. Концессия шарты мынадай түрлерде жасалады:
1) концессия объектісін кейіннен мемлекет меншігіне бере отырып, концессионердің концессия объектісін құруын көздейтін концессия шарты;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) концессионердің концессия объектісін құруын және концессионердің концессия объектісін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін денсаулық сақтау саласындағы концессия шарты;
2) концессионер мен концеденттің концессия объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен қызметін көздейтін концессия шарты;
3) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін реконструкциялау және пайдалану мақсатында концессионерге сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді көздейтін концессия шарты;
4) концессионердің меншігіндегі концессия объектісін концедентке не ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді, оның ішінде концессия объектісін концеденттің сатып алу құқығымен беруді көздейтін концессия шарты.
2. Концессия шарты осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың бір немесе бірнеше түрінің элементтерін қамтуы, сондай-ақ концессия объектісін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін.
3. Концессия шартында мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін жеке меншікке иеліктен шығаруға бағытталған талаптар қамтылмауға тиіс.
22-бап. Концессия шартының нысаны
1. Концессия шарты жазбаша нысанда жасалады.
2. Концессия шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзімi
1. Концессия шарты отыз жылға дейінгі мерзімге жасалады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Концессия шарты, орындалу мерзімі қосымша келісім жасалған күні басталған, тараптардың мiндеттемелерi орындалған жағдайда, қосымша келісім жасасу арқылы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде тараптардың келiсiмiмен айқындалатын қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкiн.
Өз міндеттерін тиісінше орындаған концессионерге конкурссыз (аукционсыз) негізде жаңа келісім жасасу құқығы беріледі.
3. Жаңа мерзімге концессия шартын жасасу кезінде тараптар келісімі бойынша шарт талаптары өзгертілуі мүмкін.
24-бап. Концессия шартын тоқтату
Концессия шарты міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен қатар:
1) концессия шартының бұзылуына немесе қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне;
2) концессионердің таратылуына;
3) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе концессия шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Концеденттің құқықтары мен міндеттерi
1. Концедент:
1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келіссөздер жүргізуге;
2) концессионердің кінәсінен концессия объектісінің жай-күйі нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) концессионердің жедел қызметіне және концессия шартын іске асыру барысына араласпастан, концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тәуелсіз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде концессионерге концессия объектісіне құқықтарды беруге;
2) концессия шарттарының жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге;
3) концессия шартында көзделген және концессионердің концессия объектісіне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
4) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жыл сайын есептік ақпарат беріп отыруға;
5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) концессия объектiлерiн үшiншi тұлғалардың құқықтарынан босатып немесе әлеуетті концессионерлерге осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылатын конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген ауыртпалықтарымен және шектеулерімен беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Концессионердің құқықтары мен міндеттерi
1. Концессионер:
1) концессия объектісіне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес берiлетiн инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;
3) концессия шартын орындауға байланысты келтірілген шығындардың өтемін алуға;
4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге;
5) егер концессия шартына енгізілген өзгеріс концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концессионер:
1) концессия объектілерінің бейінін сақтауға;
2) шартта көзделген жұмыстарды жүргізуге (қызметтерді көрсетуге);
3) концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыруға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн концессия объектісін концессия шартын жасасқан кезде болған ауыртпалықтар мен шектеулерді ескере отырып және концессия шартының талаптарына сәйкес тиісті техникалық жай-күйде концедентке беруге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгіленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) концессия шарты шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларда концессиялық жобаны қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы шот ашуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.».
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер
1. Жекешелік концессиялық міндеттемелерді концессионер концессия шартында көрсетілген талаптармен қабылдайды.
2. Концедент жекешелік концессиялық міндеттемелердің сақталуын бақылауды концессия шартында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім
1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары концессиялық жобаны іске асыру мерзімі барысында тараптардың өзара іс-қимыл жасасу шарттарын айқындайтын тікелей келісім жасауға құқылы.
2. Тікелей келісімде мынадай талаптар:
1) концессия шартын бұзуға әкеп соғуы мүмкін, концессия шарты бойынша міндеттемелерді елеулі бұзу жағдайлары туралы концессионердің кредиторларын концеденттің хабардар ету міндеттемесі;
2) концеденттің келісімімен концессионердің концессия шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі және (немесе) талаптарын басқаға беруі немесе борышты аударуы;
3) концессионер концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін концессия шартының талаптары бойынша оны бұзуға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда және (немесе) концессионер кредиторлармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін осындай шарттардың талаптары бойынша концессионердің осындай шарттар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы туралы талап қоюға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда, концессионер кредиторларының концессионерді ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жаңа концессионердің кандидатурасын ұсыну құқығы;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионерді ауыстыру тәртібі;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионер кредиторларының уақытша басқарушыны тағайындау, сондай-ақ уақытша басқарушыны тағайындау тәртібін, оның өкілеттігінің көлемі мен мерзімін айқындау құқығы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге жағдайлар көзделеді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 26-3-баппен толықтырылды
26-3-бап. Концессионерді ауыстыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Концессионер кредитор алдындағы және (немесе) концессия шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, концедентпен және кредитормен келісу бойынша концессионерді ауыстыруға жол беріледі, ол концессионерді ауыстыру мақсатында концеденттің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша құқықтар мен міндеттер концессионерді ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап концессия шарты бойынша жаңа концессионерге беріледі.
3. Концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
27-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионер акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгіленген мерзім өткенге дейін өзінің күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 167-III ҚРЗ