Қазақстан Республикасының
 Заңы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы

(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы

3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары

4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері

5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары

6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы

7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері

8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары

9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері

10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру, іске асыру жəне оны бағалау

11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы

12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі

12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі

13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу

15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері

17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері

18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

20-бап. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

21-1-бап. Мемлекеттік қазынашылықтың жəне мемлекеттік қазынашылық органдарының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы құзыреті

22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы

26-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ

27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

31-бап. Жекеше әріптесті айқындау

32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары

33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер

34-бап. Біліктілік іріктеу

35-бап. Жекеше әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау

36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат

37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасы

38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім

39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету

40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау

40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері

41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері

42-бап. Алып тасталды

43-бап. Алып тасталды

44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау

44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері

45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

46-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны

47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім

48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі

49-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату

50-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап етуді біреуге беру және жекеше әріптестің борышын аудару

51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы

51-1-бап. Жекеше әріптесті ауыстыру

6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер

53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы

54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу

7-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

57-бап. Дауларды шешу

58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) әлеуетті жекеше әріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) əлеуетті жекеше əріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу жəне одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кəсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік - осы Заңға сəйкес əзірленген жəне бекітілген жекеше əріптесті айқындау тəртібіне, үлгілік конкурстық құжаттамаға жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің үлгілік шартына сəйкес салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жекеше әріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот - кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы - осы Заңға сəйкес белгіленген құзыретіне сəйкес жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жəне өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) концессиялық шарт (концессия) - мемлекеттік əріптес (концедент) пен жекеше əріптес (концессионер) арасында жасалған жəне осы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін концессионердің тұтынушылардан төлемақы (тұтынушылардан алынатын төлемақы) алуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты;

4) қолжетімділік үшін төлемақы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) мемлекеттік əріптес - Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасқан, мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде өкілеттіктер берілген бір немесе бірнеше мемлекеттік орган немесе мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кəсіпорын жəне (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу жəне одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыру - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтерді қамтитын көрсетілетін қызметтер;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы;

9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;

10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар - тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) сервистік келісімшарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сипаттау көзделетін құжат;

12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы - айрықша мақсаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру болып табылатын, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес бірлесіп құрған заңды тұлға не бірден бір қатысушылары мемлекеттік әріптес және (немесе) жекеше әріптес болып табылатын жұмыс істеп тұрған заңды тұлға;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) тармақшаның күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, материалдық емес жəне материалдық активтерді, оның ішінде жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды жəне олардың кешендерін, коммуникацияларды) жобалау, тұрғызу жəне (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық жəне инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу) арқылы құру жөніндегі қызмет;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіріп жəне тұтынушыларға беріп нысаналы пайдалану жөніндегі немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін оператордың немесе үшінші тұлғалардың мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес нысаналы пайдалануына дайындығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, оған техникалық жəне (немесе) сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызмет;

14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар;

15) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру жəне пайдалану арқылы бір немесе бірнеше əлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) мемлекеттік қазынашылық - орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уəкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-2) мемлекеттік қазынашылық органдары - мемлекеттік қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) оператор - жекеше əріптес болып табылмайтын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптеспен бірлесіп пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

18) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда

20) сервистік келісімшарт - жекеше әріптеске меншік құқығында тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдаланыла отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) тікелей келісім - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында жасалатын жазбаша келісім;

 

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3. Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жекеше əріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу, орындау жəне тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну рəсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан, осы Заңға жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестікті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Егер осы Заңда тікелей өзгеше көзделмесе, осы Заңның жекеше əріптеспен, мемлекеттік əріптеспен жəне (немесе) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартымен байланысты қатынастарды реттейтін ережелер тиісінше концессионерге, концедентке жəне концессиялық шартқа қолданылады.

 

3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;

2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;

3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;

4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары:

1) реттілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;

2) конкурстық қағидаты - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;

3) теңгерімділік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиімді бөлу;

4) нәтижелілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) халық үшін құндылық қағидаты - мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде əлеуметтік инфрақұрылымды жəне халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте ашық қол жеткізу болып табылады.

 

4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);

3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше əріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше əріптестің меншікті қаражатының үлесі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.

Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не оның инфрақұрылымын басқаруды қамтиды.

 

5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары

1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Оператор да мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы бола алады.

 

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті жүзеге асыру тəсілдері

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жүзеге асырылу тəсіліне қарай институционалдық жəне келісімшарттық болып бөлінеді.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы іске асырады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген өзге жағдайларда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəсілі бойынша жүзеге асырылады.

Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк шартын, оның ішінде:

1) концессия шарты;

2) сервистік келісімшарт түрінде жасасу жəне іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында міндеттемелердің жекелеген түрлері, оның ішінде сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, қызметтер көрсету міндеттемелері қамтылуы мүмкін.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру жəне пайдалану, өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді өткізу, өндірілген тауарларды кəдеге жарату, сондай-ақ жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін кейіннен кəдеге жарату жөніндегі жұмыстардың толық циклі қамтылуы мүмкін.

4. Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.

Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде жекеше əріптесті айқындау тəртібі тиісті базалық параметрлер негізінде əзірленеді жəне онда үлгілік конкурстық құжаттама мен мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің үлгілік шарты қамтылады.

 

8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Республикалық жəне жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын айқындау үшін мынадай өлшемшарттардың бірі пайдаланылады:

1) меншік түрі бойынша - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне меншік құқығына (республикалық немесе коммуналдық) қарай не мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түріне қарай республикалық немесе жергілікті жобалар;

2) пайда алушылар бойынша - егер екi жəне одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, республикалық жобалар жəне егер бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, жергiлiктi жобалар.

 

9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:

1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;

3) мемлекеттік бюджет қаражаты;

4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;

5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

6) қолжетімділік үшін төлемақы.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, осындай жобалар әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары болып табылса, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау және су бұру, қалдықтарды басқару объектілерін қоса алғанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілердің кешендері әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жатады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2-тармақтың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындардың өтемақысы жəне (немесе) қоса қаржыландыру көзделмейді.

3. Жобалық қаржыландыруды пайдалана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.

Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 49-бабының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру, іске асыру жəне оны бағалау

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік бастаманың немесе жекеше бастаманың негізінде мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы іске асырылуы мүмкін:

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мыналарды:

мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде - инвестициялық ұсынысты жəне конкурстық (аукциондық) құжаттаманы əзірлеуді немесе үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттаманың негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы бекітуді; немесе

жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде - осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган қалыптастырған және жариялаған тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеуді; немесе

жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің жекеше бастамасы шеңберінде - бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, жоспарлау;

2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;

4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы.

1-1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Іске асыру кезеңі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мониторингі бойынша ақпаратты тапсыру күніне күнтізбелік бір жылдан асатын барлық іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ есепті жыл ішінде аяқталған немесе тоқтатылған мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бағалау жүргізіледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижесі болып табылады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижелерін Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығының есебі келіп түскен кезден бастап оны мынадай мүдделі тараптарға:

мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органға;

коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына;

салалық орталық мемлекеттік органдарға;

республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.

 

11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекеше əріптес, қажет болған кезде, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін нысаналы мақсатына сəйкес пайдалануды (функционалдық пайдалану) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік əріптес, жекеше əріптес жəне оператор арасында жасалған пайдалану шарты негізінде əрекет ететін оператор жүзеге асыра алады.

Функционалдық пайдалану операторға ішінара немесе толық берілген жағдайда, жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің пайдалануға қолжетімділігі мен дайындығын (техникалық жəне (немесе) сервистік қызмет көрсету жəне (немесе) инфрақұрылымды басқару) қамтамасыз етеді.

 

12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі

1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалар сақтаған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына берілуге жататын жағдайларда, олар жекеше әріптестің мүлкінен оқшауландырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепте көрсетіледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылатын жағдайда, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады. Бұл ретте мұндай мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.

 

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды

12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі

1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптес мемлекеттік əріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану тəртібін белгілейді жəне оның сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалануды оператор жүзеге асырса, пайдалану тəртібі мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында немесе бар болған кезде пайдалану шартында айқындалады.

3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.

Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.

 

13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті:

1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу;

2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.

 

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

2. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ олардың туындау ықтималдығын азайту және орын алған тәуекелдердің салдарларын жою жөніндегі қажетті шаралар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бекітіледі.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу тәуекелдерді барынша аз шығынмен озық түрде басқара алатын тарапқа оларды жүктеген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі

1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері

1. Жекеше әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген жағдайларда және тәртіппен төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалауы бойынша пайдалануға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты құқықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген талаптарда жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Жекеше әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің бейінін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін тиісті техникалық жай-күйде мемлекеттік әріптеске беруді қамтамасыз етуге;

2) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

 

17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік әріптес:

1) жекеше әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тараптарымен оның талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;

2) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

6) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын жекеше әріптес не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тарапы бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Мемлекеттік әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне құқықтарды жекеше әріптеске беруге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше маңызды жобалар бойынша қаулысына немесе əрбір жеке мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша мəслихат шешіміне сəйкес шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге тиіс.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау тəртібін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, қоса қаржыландыруды, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын жəне қолжетімділік үшін төлемақыны бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.

 

18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген құқықтары бар.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

 

 

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2) оларға қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің тізбесін бекітеді;

3) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) тармақшаның күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

4-1) жекеше әріптесті айқындау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізе отырып, жекеше бастама негізінде технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы шешім қабылдайды;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) əзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;

5) Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласында:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылық етуді жүзеге асырады;

3) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ республикалық жəне жергілікті ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келіседі;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

7) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-1) салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше əріптесті айқындаудың жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудың тиісті саланың мемлекеттік органы əзірлеген тəртібін келіседі;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды, жекеше əріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспарға, бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде үлгілік конкурстық құжаттама негізінде бекітілетін конкурстық құжаттаманы қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығын тартады;

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының заңдарында ақпаратты қорғау бөлігінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталында жариялайды;

10) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде қалыптастырылатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін жүргізеді және бұл тізбені өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлу және олардың тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік веб-порталын пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;

6) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

21-1-бап. Мемлекеттік қазынашылықтың жəне мемлекеттік қазынашылық органдарының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы құзыреті

Мемлекеттік қазынашылық жəне мемлекеттік қазынашылық органдары:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қабылдауды жəне олардың орындалуын есепке алуды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады жəне оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді;

3) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган:

1) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған шарттардың тізілімін жүргізеді;

2) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің мониторингін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына қатысты жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) жəне тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жүзеге асырады, оның ішінде қажет болған кезде конкурстық құжаттаманы əзірлеу үшін білікті заңды тұлғаларды тартады;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

4) тиісті салада республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады;

5) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жөнінде ақпарат береді және бұл ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;

8) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастырады;

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келіседі;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітетін қағидаларға сəйкес, жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары:

1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебін тыңдайды;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тиісті өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсыныстар енгізеді;

3) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

5) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

7) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;

9) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;

12) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының мақсаттарын, міндеттерін және қызметінің түрлерін мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) жоспарлануы жəне іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сəйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын əзірлеуді үйлестіру жəне бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қорытынды беру;

4) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандарды оқыту;

7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

2) мүдделі тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;

6) жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы электрондық қызметтер көрсетеді.

 

 

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ

 

27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;

2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету нысандарында;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:

1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттарына және мерзіміне беру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.

Қоса қаржыландыру инвестициялардың болжанатын мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша көзделуі мүмкін, бұл ретте қоса қаржыландыру мөлшері инвестициялардың болжанатын мөлшерінің отыз пайызынан аспайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың және (немесе) реконструкциялаудың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес айқындалатын құнынан аспауға тиіс.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Мемлекет кепілгерлігі бюджет заңнамасына жəне осы Заңға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде беріледі.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

Мемлекет кепілгерлігін беру тəртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган жүргізеді.

Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық ақылға қонымды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін жəне (немесе) қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банкрот деп танылған не таратылған жағдайда орындалуға тиіс.

Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

 

28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ведомствоаралық жобалау тобына, талқылауларға, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияға, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға қатысу;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингіне қатысу.

 

29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құру жəне (немесе) пайдалану;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлікті және мүліктік құқықтарды беру;

5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу нысандарында;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.

 

30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары

Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығару (беру);

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;

4) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыру;

6) сервистік қолдау, оның ішінде технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға жəне (немесе) пайдалануға қатысу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.

 

 

5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-бап. Жекеше əріптесті айқындау

1. Жекеше əріптесті айқындау мынадай тəсілдермен жүзеге асырылады:

1) конкурс;

2) тікелей келіссөздер;

3) аукцион.

2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс ашық немесе жабық болуы мүмкін.

Ашық конкурсқа қатысуға əлеуетті жекеше əріптестердің шектеусіз тобы жіберіледі.

Əлеуетті жекеше əріптестердің шектеулі тізбесі қатысуға жіберілетін жабық конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өткізілуі мүмкін.

3. Осы Заңда көзделген жағдайларда жəне тəртіппен жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс бір кезеңдік немесе екі кезеңдік рəсім пайдаланылып өткізілуі мүмкін.

4. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс аукцион нысанында өткізілуі мүмкін. Осы Заңда конкурсты реттеу бөлігінде көзделген ережелер, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тең дəрежеде аукционға қолданылады.

5. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларында:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;

2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше əріптесті айқындаудың жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудың өзгеше тəртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.

Осы тармаққа сəйкес жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша жекеше əріптесті айқындау үлгілік конкурстық құжаттама пайдаланыла отырып, тиісті саланың орталық атқарушы органы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес жүзеге асырылады.

 

32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге:

1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) болуға;

2) төлем қабілеттілігі болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс.

8) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда:

1) әлеуетті жекеше әріптес және оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс;

2) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, осы Заңның ақпарат беру жөніндегі талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат бергені үшін жауаптылық әлеуетті жекеше әріптестің қатысушыларына да (акционерлеріне де) қолданылады.

2. Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленуі мүмкін.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Әлеуетті жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға растау құжаттарын табыс етеді, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында көзделеді.

5. Әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынатындай құжаттарды не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасы бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сай келуіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға жіберілмейді.

Әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы талап қою береді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімдерді алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер

1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:

1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;

2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған болса;

3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген болса;

4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.

2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

 

34-бап. Біліктілік іріктеу

1. Біліктілік іріктеу әлеуетті жекеше әріптестің белгіленген біліктілік талаптарына сай келуін айқындау мақсатында жүргізіледі.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Біліктілік іріктеуді конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес жүргізеді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысушы деп танылады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35-бап. Жекеше әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) осы Заңның 31-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.

2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия құрады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына жібереді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс жобада жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, тұрғызу немесе жаңа материалдық емес активті құру арқылы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жаңа объектісін құру көзделетін жағдайларда өткізіледі, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жаңғырту немесе реконструкциялау көзделетін жобаларда өткізілуі мүмкін. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларын қалыптастыруды біліктілік іріктеуден өткен əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1) техникалық тапсырманы қалыптастыру;

2) екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабархатты жариялау;

3) конкурсты ұйымдастырушының əлеуетті жекеше əріптестерге техникалық тапсырманы беруі;

4) əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық тапсырмаға сəйкес əзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;

5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауы жəне əлеуетті жекеше əріптестермен мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларына жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жобасының талаптарына қатысты мəселелерді талқылау;

6) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;

7) конкурсты ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген əлеуетті жекеше əріптестерге жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңінде мыналар жүзеге асырылады:

1) конкурстық өтінімдерді қарау;

2) конкурс жеңімпазын айқындау;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Бір кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс Заңның осы бабының 4-тармағында көзделмеген жағдайларда өткізіледі жəне мынадай іс-шаралардың өткізілуін қамтиды:

1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;

2) конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат;

3) конкурстық өтінімдерді қарау жəне үздік конкурстық өтінімді айқындау;

4) конкурс (аукцион) жеңімпазын айқындау;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда

36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасы

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және осы Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын ұсынады, онда мынадай ақпарат қамтылады:

1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) əзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері жəне қайта қолдану жобалары негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме не мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің орналасқан жері;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы;

6) үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) нұсқау және салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;

8) конкурстық (аукциондық) өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

9) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

10) конкурстық (аукциондық) өтінімнің мазмұны, конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

12) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні және уақыты;

13) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурстың (аукционның) шарттары.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Конкурстық (аукциондық) құжаттамада осы Заңның 40-бабына сәйкес келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін, конкурстың (аукционның) елеулі шарттары болып табылатын конкурстың (аукционның) шарттары айқындалады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Конкурстық (аукциондық) құжаттама әлеуетті жекеше әріптеске қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайта конкурс (аукцион) өткізген кезде конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мұндай сұрау салу тіркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге түсіндірме береді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізуге құқылы.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім

1. Конкурстық (аукциондық) өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында көрсетілген ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.

3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімі мынадай:

1) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) консорциумға қатысушы бұрын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі және (немесе) сол бір лотқа қатысты осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынған;

2) конкурстық (аукциондық) өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

1) енгізілген конкурстық (аукциондық) өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) өзі енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5. Конкурстық (аукциондық) өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету

1. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді:

1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепілдік ретінде енгізеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасы конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.

3. Әлеуетті жекеше әріптес, егер ол екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысса, конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

2) банк кепілдігі.

Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

1) əлеуетті жекеше əріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда;

2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған əлеуетті жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудан жалтарғанда, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарын конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сəйкес талқылаудан жəне нақтылаудан бас тарту арқылы жалтарғанда не оның ұсыныстары жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылғанда қайтармайды.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызылады.

7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:

1) осы әлеуетті жекеше әріптес өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;

5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау

1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.

3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімді қарайды.

Бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылса, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.

5. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жіберуге тиіс.

Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.

Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.

8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-тармақтың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

9. Осы Заңның 40-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).

10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

40-1-баптың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері

1. Әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінен бір немесе бірнеше міндетті шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын әзірлеу арқылы бастамашылық жасауы жекеше бастама деп танылады.

2. Жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар келісілгеннен және сараптамадан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекітеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Жобаға бастамашылық жасаған əлеуетті жекеше əріптес өзі бастамашылық жасаған жобада жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға міндетті.

Егер біліктілікті іріктеу нəтижелері бойынша конкурсқа екіден кем əлеуетті жекеше əріптес жіберілсе, конкурс өткізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан конкурстың (аукционның) жеңімпазы жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске оның конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті.

 

41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс осы Заңның ережелері ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің шарттары, күні, орны мен уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша нысанда жібереді.

 

42-бап. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

43-бап. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау

Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды

44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері

1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды жəне (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жекеше əріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бағытталған инвестициялық шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелері негізінде не осы Заңда белгіленген жағдайларда тікелей келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша жасалады.

2. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жазбаша нысанда жасалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жазбаша нысанын сақтамау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған кезде оларды мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тіркеуге тиіс.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған əртүрлі шарттардың элементтері қамтылатын шарт болып табылады. Егер осы Заңнан, тараптардың келісімінен немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мəнінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қатынастарына тиісті бөліктерде осы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында элементтері қамтылатын Қазақстан Республикасының шарттар туралы заңнамасы қолданылады.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мазмұны

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары мыналар болып табылады:

1) жобаның мақсаттары, міндеттері, тікелей жəне түпкілікті нəтижелері;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру кезеңі ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісі жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне мүліктік құқықтар;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының инвестициялық жəне операциялық кезеңдерінің мазмұны мен мерзімдері;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары;

5) шығындарды өтеу жəне кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары;

6) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мерзімі;

7) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары арасында тəуекелдерді бөлу;

8) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бекіткен əдістемелік ұсынымдарға сəйкес есептелген жобаның əлеуметтік-экономикалық жəне қаржылық-экономикалық модельдері.

Тараптар барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жасалмаған болып есептеледі.

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мынадай міндетті талаптарды қамтуға тиіс:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының, тараптардың өкілетті өкілдерінің толық атауы;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының тұрған жері (заңды мекенжайы) жəне банктік деректемелері;

3) тараптардың мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының мақсаттарына, оның ішінде инвестициялық жəне пайдалану кезеңдері шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ тəуекелдерді басқару бөлігіндегі құқықтары мен міндеттері;

4) жоба шеңберінде берілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне, көлеміне, сапасына қойылатын талаптар, оның ішінде сапа индикаторларын жəне толық пайдалану əзірлігінің өлшемшарттарын бұзғаны үшін ақаулы ұпайлардың есептемесі;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы шеңберінде өндірілетін тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру жəне бекіту тəртібі;

6) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен енгізілетін, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының болжамды инвестициялары құнының оннан бір пайызы мөлшерінде меншікті қаражатын енгізу жəне қарыз қаражатын тарту бойынша жекеше əріптестің міндеттемелерін қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша дауларды сотқа дейінгі, сотта жəне (немесе) соттан тыс шешу тəртібі;

8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалау өлшемшарттары, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда тұрақсыздық айыбын (міндетті түрде құндық мəнде көрсете отырып) төлеу;

9) егер оператор мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылмаса, операторды айқындау тəртібі, оператор тартылуға тиіс талаптар, оны тартуға жауапты тарап;

10) қоршаған ортаны қорғау жəне жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

11) валюталық компонент бойынша қайта қаржыландыру тетігін қоса алғанда, валюталық тəуекелдерді бөлу тəртібі;

12) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының жауапкершілігі;

13) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту жəне бұзу шарттары, оның ішінде пайда алушылар мен мүдделі тұлғалар үшін теріс салдарды болғызбау немесе барынша азайту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстары мен шығындарын өтеу тəртібі;

14) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;

15) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тəуекелдерінің өту талаптары мен мерзімдері;

16) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының орындалуын мониторингтеу тəртібі, оның ішінде жекеше əріптестің мониторинг жүргізу үшін ақпарат беру тəртібі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асырудың өзге де талаптары қамтылуы мүмкін.

3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген талаптардан басқа, мыналар қамтылуға тиіс:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясын құру тəртібі мен мерзімдері;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының органдарын қалыптастыру тəртібі;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру мен толықтыру тəртібі;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының акционерлері (қатысушылары) арасындағы қатынастар;

5) корпоративтік дауларды шешу тəртібі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының құрылтай шартын тараптар институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарында жасауға тиіс.

4. Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті жекеше əріптес болып табылса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша қолданылатын құқықты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары айқындайды.

5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты қазақ жəне орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша айқындалған өзге де тілдерде қосымша жасалуы мүмкін.

 

47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім

Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісімде мынадай шарттар көзделеді:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының орындалмауына әкеп соқтыратындай елеулі бұзылу жағдайлары туралы мемлекеттік әріптестің жекеше әріптес кредиторларына хабарлау міндеттемесі;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты және (немесе) талап ету құқығын біреуге беру бойынша құқықтарды кепілге беру немесе мемлекеттік әріптестің келісуімен жекеше әріптестің борышын аудару;

3) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша оның орындалмауына әкеп соқтыратындай етіп елеулі бұзған жағдайда, жекеше әріптес кредиторларының жекеше әріптесті ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жекеше әріптестің жаңа кандидатурасын ұсыну құқығы;

4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жекеше әріптесті ауыстыру тәртібі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар.

 

48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімінен аспауға тиіс.

2. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптарына байланысты емес мән-жайлар нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы кідіртілгенде немесе тоқтатыла тұрғанда;

2) мемлекеттік әріптестің және (немесе) мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтатыла тұрғанда;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделмеген талаптарды қоюы нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты шығыстар ұлғайғанда осы Заңның 57-бабының 3-тармағына сəйкес айқындалған органның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының бірінің талап етуі бойынша ұзартылуы мүмкін.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда

49-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша өзгертілуі жəне (немесе) бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптары өзгерістер нəтижесінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының əлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері жақсарған кезде, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына жəне (немесе) көлеміне жəне (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталған кезде, сондай-ақ жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұлғайта отырып, пайдалану кезеңін ұлғайтуға жол беріледі.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджет қаражатын пайдалану бөлігінде мемлекеттік міндеттемелердің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.

5. Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары сараптамалардың оң қорытындылары болған жəне өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобасын сараптауды жəне келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мəселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бəсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.

Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптарын өзгертуге болмайды.

6. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бұзылған не қолданылу мерзімі өткен кезде;

2) жекеше əріптес таратылған (қайтыс болған, əрекет қабілетінен айырылған) кезде;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

7. Мемлекеттік əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:

1) жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;

2) егер жекеше əріптес өзінің дəрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болса;

3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай əрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

8. Жекеше əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік əріптес жəне (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

50-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беру жəне жекеше əріптестің борышын аудару

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беруге жəне жекеше əріптестің борышын аударуға мемлекеттік əріптестің, оператордың жазбаша келісуі болған жəне жекеше əріптестің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға жалпы жəне қосымша (арнаулы) біліктілік талаптарына сай болған жағдайда ғана жол беріледі.

 

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кредиторға кепілге беру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.

3. Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын кредиторға кепілге беруі және осы құқықтардың құнын есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдалануға берілген объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.

 

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды

51-1-бап. Жекеше әріптесті ауыстыру

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекеше əріптес тікелей келісім жасасқан кредитор алдындағы жəне (немесе) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тікелей келісім жасасқан кредиторлармен келісу бойынша жекеше əріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше əріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік əріптестің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.

2. Жекеше әріптес ауыстырылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтар мен міндеттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап жаңа жекеше әріптеске беріледі.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы өз қызметін акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырады, онда мемлекеттік əріптес пен жекеше əріптес жиынтығында дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызына ие болады.

Мемлекеттік жəне жекеше əріптестер құрылтай шарты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасуға құқылы.

Осы Заңда реттелмеген бөлігінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар жəне жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасында реттеледі.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жекеше әріптестің мемлекеттік әріптеске немесе мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) меншік құқықтарын беруі (өтеулі немесе өтеусіз) көзделуі мүмкін.

 

53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында әрекет ететіні жөнінде мәлімет қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының ережелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қайшы келмеуге тиіс.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының арасында қайшылықтар болған жағдайда:

1) егер олар мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ішкі қатынастарға жататын болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының;

2) егер оларды қолдану мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының үшінші тұлғалармен қатынастары үшін мәні болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

 

54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу

1. Мемлекеттік әріптестің не жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуын тоқтатудың шарттары мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалады.

2. Мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына жекеше әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.

Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына мемлекеттік әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.

3. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімінсіз:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе, міндетті енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, оның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығаруына;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын қайта ұйымдастыруға және таратуға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімін алу көзделген өзге де әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

4. Осы бапта көрсетілген жағдайларда келісім беру тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында айқындалуға тиіс.

 

 

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай:

1) жаңа технологияларды, технологиялық процестерді, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды жетілдіру;

2) тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-конструкторлық қондырғыны дайындау, сынақтар (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды қоса алғанда), зерттеулер (зертханалық зертеулерді қоса алғанда) жүргізу;

3) аз сериялы өндірісті (тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті) ұйымдастыру және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру (стартап- компаниялар құруды қоса алғанда) міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.

2. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды бағалау (қайта бағалау) мәселелерін міндетті түрде көздеуге тиіс.

3. Конкурстық комиссия, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және басқа да мүдделі тұлғалар инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты құжаттарды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып қарайды.

 

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Арнаулы экономикалық жəне индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік осы Заңның ережелеріне сəйкес іске асырылады жəне арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнаулы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің өзге де объектілерін құруға жəне пайдалануға бағытталады.

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.

Бұл ретте арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу жекеше əріптестің арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақ аумағында арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру жəне пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыруға негіз болып табылады.

 

 

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

57-бап. Дауларды шешу

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар сотқа дейінгі реттеу міндетті түрде сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен шешіледі.

2. Дауларды шешу кезінде тараптар мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған барлық шараларды қабылдауға тиіс.

3. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сəйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес Қазақстан Республикасының соттарында, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес төрелікте шешуге құқылы, ал жекеше əріптес немесе жекеше əріптестің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма бес жəне одан көп пайызын иеленетін акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, инвестициялардың болжамды мөлшері республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасу жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша дау «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес Халықаралық төрелік орталыққа немесе халықаралық төрелікке жүгіну арқылы да шешілуі мүмкін.

4. Жекеше əріптесті айқындау тəртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.

 

58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

      Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.

№ 379-V