ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 62-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

1) 541-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы заңнамалық актіcінде белгіленеді.»;

2) 738-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«738-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде ақшалай талапты өзгеге беру

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасында белгіленеді.

Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы тараудың ережелері мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыру мəмілелеріне қолданылады.»;

3) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:

5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;

4) 741-баптың екінші бөлігінде:

5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;

5) 883-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы заңнамалық актілерінде жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.».

2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 33-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман жəне су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жəне оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мəмілелеріне, оның ішінде кепілге салуға, сондай-ақ жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау жəне пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қолданылмайды.»;

2) 36-бапта:

1-тармақтың сегізінші абзацындағы «, оның ішінде концессия шартының» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, оның ішінде концессиялық жобаларды» деген сөздер алып тасталсын;

3) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жер учаскесі қызметтік жер телімі тəртібімен жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау жəне пайдалану үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруіне жол берілмейді.»;

4) 48-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше əріптестерге;»;

5) 114-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігі объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».

3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:

1) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28-6) жəне 28-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«28-6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сəйкес сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу жөнінде қызметтер көрсету бөлігіндегі қызметін бақылауды жəне реттеуді жүзеге асырады;

28-7) бюджеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету жəне қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру жəне субсидия төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;

2) 135-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) бюджеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органдармен келісу бойынша уəкілетті орган айқындайтын қағидаларға сəйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету жəне қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру жəне субсидия төлеу;».

4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацындағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын.

5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:

1) 74-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өзге жағдайларда мемлекеттік-жекешелік əріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəсілі бойынша жүзеге асырылады.

Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу жəне іске асыру арқылы, оның ішінде:

1) концессиялық шарт;

2) сервистік келісімшарт түрінде іске асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарының жекелеген түрлері (концессиялық шарт, сервистік келісімшарт) бойынша жекеше əріптеспен, мемлекеттік əріптеспен жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартымен байланысты қатынастарды реттейтін құқық нормалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей өзгеше көзделмесе, тиісінше концессионерге, концедентке жəне концессиялық шартқа немесе сервистік келісімшартқа қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары міндеттемелердің жекелеген түрлерін, оның ішінде мүлікті сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, өтеулі қызметтер көрсету міндеттемелерін қамтуы мүмкін.»;

2) 99-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-6), 2-7) жəне 2-8) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-6) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;

2-7) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу жəне жаңарту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2-8) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді жəне оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді;»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) Бизнестің цифрлық картасын əзірлеу жөніндегі əдістемені əзірлейді жəне бекітеді;»;

3) 169-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салулар, тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру жəне өткізу кезіндегі сатылас келісімдерді не мемлекеттік-жекешелік əріптестік, кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын келісімдерді қоспағанда, егер нарық субъектісінің (субъектілерінің) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесі жиырма пайыздан аспаса, сатылас келісімдерге қолданылмайды.»;

4) 274-баптың 1 жəне 3-тармақтарындағы «, оның ішінде концессиялық жобаны» деген сөздер алып тасталсын;

5) 284-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген жəне (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жəне (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ өте маңызды объектілерге немесе жалпыелдік маңызы бар жобаларға бағытталған инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешенін білдіреді.»;

6) 286-баптың 5-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылады.».

6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

125-баптың 2-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің үшінші абзацы «Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына,» деген сөздерден кейін «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерді,» деген сөздермен толықтырылсын.

7. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне:

1) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

«41-1-бап. Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі

1. Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі - орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар функцияларының сыныпталған тізбесі.

Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың функциялары мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне енгізілуге тиіс.

Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу тəртібін, сондай-ақ оның құрылымын мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

2. Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі электрондық форматта қалыптастырылуға жəне мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қолжетімді болуға тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қалыптастыру процесін цифрландыруды жəне автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі осы Кодекстің 41-бабының 2-тармағында көзделген функциялар сыныптамасына сəйкес мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша қалыптастырылады жəне бəсекелес ортаға берілген функцияларды қамтиды.

3. Мемлекеттік органдар жаңа функцияны мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне енгізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерін қабылдаған кезде немесе қызметті функционалдық талдау қорытындылары бойынша функцияны алып тастауды қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік органдардың басшылары жаңа функцияларды мемлекеттік функциялар тізіліміне уақтылы енгізу немесе оларды алып тастау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

2) 47-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) заңды тұлғаларға трансферттер беру;»;

5-тармақтағы «аутсорсингті, мемлекеттік тапсырманы жəне мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру» деген сөздер «аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, заңды тұлғаларға трансферттер беру жəне мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақ «органдардың» деген сөзден кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақтың 2) тармақшасындағы «функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілім» деген сөздер «, қандай нормативтік құқықтық актімен бəсекелес ортаға берілгені көрсетілген функциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

«49-1-бап. Орталық атқарушы органдардың функцияларын заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бəсекелес ортаға беру

1. Орталық атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бəсекелес ортаға беріледі.

2. Заңды тұлғалардың трансферттерді пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;

4) 53-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Орталық жəне (немесе) жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті органға жыл қорытындысы бойынша мониторинг нəтижелерін ұсынады.

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтер негізінде, мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі шеңберінде орталық жəне (немесе) жергілікті атқарушы органдардың парафискалдық төлемдерге алып келетін функцияларын бөліп көрсете отырып, бəсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін жүргізеді.».

8. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 7-бап мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

«63-1) бюджеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті органдармен келісу бойынша əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджет қаражатын жоспарлау жəне бөлу қағидаларын, медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін əзірлейді жəне бекітеді;»;

2) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«66-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік

1. Денсаулық сақтау объектілерін құру жəне пайдалану осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру нəтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (бұдан əрі - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісі) пайдалану - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану, ол денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқын далған тəртіппен жəне талаптарда техникалық жəне функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін.

3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсету - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық жəне ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы жəне (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік жəне (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсету - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің нысаналы мақсатына сай пайдалану, оның ішінде тауарларды өндіру жəне (немесе) жұмыстарды орындау жəне (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалану.

5. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор - жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін айқындайтын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылмайтын, мемлекеттік заңды тұлға не мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы.

6. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалануды жекеше əріптеспен қатар денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.

Мұндай жағдайда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін жекеше əріптестің шығындарды өтетуге жəне кірістер алуға құқығы бар.

7. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптестің құруы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптестің денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануы көзделетін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасуды көздейтін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру кезінде:

1) мемлекеттік əріптес құрылған мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша денсаулық сақтау саласындағы функционалдық операторға береді;

2) жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

3) жекеше əріптесті таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілгенге дейін айқындалатын денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

8. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптестің құруын жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптестің денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор туралы ережелер, сондай-ақ жекеше əріптес пен денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін бірлесіп пайдалану тəртібі қамтылуға тиіс.

9. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай қызмет үшін көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін нысаналы мақсатына сай пайдалану басталғанға дейін алуға тиіс.

10. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған, мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген талаптарда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген тəртіппен жəне талаптарда жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптеспен бірлесіп пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

11. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің бейінін сақтауға;

2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге жəне (немесе) жұмыстарды орындауға жəне (немесе) қызметтерді көрсетуге;

3) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне өз кінəсінен келтірілген залалды өтеуге;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген тəртіппен мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптеспен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

12. Денсаулық сақтау объектілерін құруды жəне пайдалануды көздейтін ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша əлеуетті жекеше əріптестерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тəжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тəжірибесінің) болуы туралы қосымша (арнаулы) біліктілік талабы қойылады.»;

3) 69-бапта:

5-1-тармақтағы «нысаналы жарна қаражаты» деген сөздер «трансферттер» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

«5-2. Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бөлінген, ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражаты бюджетке қайтарылуға жатпайды.».

9. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

9-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді

1) 21-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес салынатын жəне қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызуға жататын, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік əсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты;

жер қойнауын пайдаланушылардан жəне мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша алынған қаражаттың жалпы сомасы туралы ақпаратты;»;

2) 29-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары жергілікті бюджетке осы іс-шаралар жоспары əзірленген жəне бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде келіп түскен, қоршаған ортаға жағымсыз əсер үшін төлемақы, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік əсер ету нормативтерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес салынатын жəне қоршаған ортаға жағымсыз əсер ететін объектінің тұрған жері бойынша есепке жатқызылуға жататын айыппұлдар, жер қойнауын пайдаланушылардан жəне мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша алынған қаражаттың сомаларынан кем емес көлемдегі бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.

Қоршаған ортаға жағымсыз əсер үшін төлемақының, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік əсер ету нормативтерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес салынатын айыппұлдардың, жер қойнауын пайдаланушылардан жəне мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша алынған қаражаттың келіп түскен сомаларынан қалыптастырылатын жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жіберілетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.».

10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

9-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Республикалық маңызы бар қалада, астанада қалалық рельсті көлікті мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар есебінен дамыту кезінде көлік кəсіпорнының осы қарызды өтеуге жəне оған қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын уəкілетті орган бекітеді.»;

11. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 5-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

2) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жəне концессиялар туралы» деген сөздер алып тасталсын;

3) 51-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінде:

5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;

2-тармақтағы «нысаналы жарна қаражатын» деген сөздер «трансферттерді» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 74-1-баптың 2-тармағындағы «нысаналы жарна қаражаты» деген сөздер «трансферттер» деген сөзбен ауыстырылсын.

12. «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

4-2-бап алып тасталсын.

13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

«3-2. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мəслихаттарының құзыретіне жатады.»;

2) 13-баптың 1-тармағындағы «немесе мəслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады» деген сөздер «, мəслихат шешімі бойынша не «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 жəне 18-баптарында белгіленген жағдайларда көпшіліктік тыңдаулар өткізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

14. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 30-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«30-2) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан əрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік жəне көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:

республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттер қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға жəне квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын қоса қаржыландыруға жəне (немесе) төлеуге бағытталған республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты да мемлекеттік инвестицияларға жатады;».

15. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 1-2) тармақшасындағы «, оның ішінде концессия шарттарының» деген сөздер алып тасталсын;

2) 4-бапта:

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін берілуі мүмкін.»;

7-тармақ «реконструкциялау,» деген сөзден кейін «жөндеу,» деген сөзбен толықтырылсын;

3) 5-бапта:

1-тармақтағы «жəне концессиялар туралы» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, оның ішінде концессия шарттарының» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «, оның ішінде концессия шарты» деген сөздер алып тасталсын;

4) 5-2-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «концессионердің» деген сөз «жекеше əріптестің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) жəне пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақыдан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.»;

5) 7-баптың 1-тармағындағы «, оның ішінде концессияға» деген сөздер алып тасталсын;

6) 12-баптың 2-тармағының 14-1), 16) жəне 39) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«14-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу жəне күтіп-ұстау кезінде көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар мен материалдар сапасына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сараптама жүргізуін ұйымдастыру;»;

«16) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тəртібі мен талаптарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелер мөлшерін əзірлеу;»;

«39) халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін əзірлеу, диагностикалау жəне паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру;»;

7) 13-бапта:

1-1-тармақтың бірінші бөлігінің 5-1) тармақшасындағы «облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жəне» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтың 2) жəне 2-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу жəне күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тəртібі мен талаптарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелер мөлшерін əзірлеу;»;

8) 17-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;

9) 30-баптың 1) тармақшасы «инвестициялық жобаларды» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдігімен берілетін мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын.

16. «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) тақырып «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне» деген сөздерден кейін «жəне Түркі инвестициялық қорына» деген сөздермен толықтырылсын;

2) кіріспе «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне» деген сөздерден кейін «жəне Түркі инвестициялық қорына» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 1-бапта:

1-тармақ «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан əрі - АИИБ)» деген сөздерден кейін «жəне Түркі инвестициялық қорының (бұдан əрі - ТИҚ)» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ:

«ЕҚДБ-ны, АДБ-ны құру туралы келісімдерге» деген сөздерден кейін «, ТИҚ-ты құру туралы келісімге» деген сөздермен толықтырылсын;

«тиісінше ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ, АИИБ» деген сөздерден кейін «, ТИҚ» деген сөзбен толықтырылсын;

4) 2-баптың 1-тармағы:

«құру туралы келісімдердің» деген сөздерден кейін «, құру туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;

«АИИБ-ға» деген сөзден кейін «, ТИҚ-қа» деген сөзбен толықтырылсын;

5) 3-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі «келісімдердің,» деген сөзден кейін «ТИҚ-ты құру туралы келісімнің,» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «33-бабы VI тарауының» деген сөздерден кейін «, ТИҚ-ты құру туралы келісімнің IV тарауы 15-бабының» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ «АИИБ-ның» деген сөзден кейін «, ТИҚ-тың» деген сөзбен толықтырылсын;

5-тармақ «АИИБ-ның» деген сөзден кейін «, ТИҚ-тың» деген сөзбен толықтырылсын;

6) 4-бап «АДБ-ны құру туралы келісімдердің,» деген сөздерден кейін «ТИҚ-ты құру туралы келісімнің,» деген сөздермен толықтырылсын.

17. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың мəтініндегі «, оның ішінде концессия шарттары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

2) 5-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Магистральдық теміржол желісіне жатпайтын теміржолдар жеке пайдалану объектілері бола алады жəне жеке меншікте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары негізінде жеке меншікте бола алады.

3. Жекеше əріптеске мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржолдарға жəне теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарының қолданылу мерзімінде иелену мен пайдалану құқығы беріледі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржолдар жəне теміржол көлігі объектілері мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін магистральдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.»;

3) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес белгіленеді.»;

4) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше əріптеспен мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.»;

5) 18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржолдарға жəне теміржол көлігі объектілеріне бөлінген жерлер жатады.»;

6) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінəсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына алып келген вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.»;

7) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кірме жолдардың магистральдық жəне станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше əріптестің келісімімен жүзеге асырылады.

Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе жекеше əріптес кірме жолдарды магистральдық жəне станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».

18. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«38) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты шеңберінде мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген, мемлекетке берілетін объект құнына сəйкес сомадағы облигация;»;

2) 18-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзімі ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін кемсітуге алып келетіндей етіп өзгертуге жол берілмейді не инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.».

19. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

13-бап мынадай мазмұндағы 23-22) тармақшамен толықтырылсын:

«23-22) тасымалдаушылардың əлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартын бекітеді;».

20. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 9-баптың 2, 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау жəне салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;

«3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт жəне одан жоғары өңіраралық жəне (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары өздері жұмыс істеп тұрған кезеңде жекеше əріптестің уақытша иеленуінде жəне пайдалануында болады жəне олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт жəне одан жоғары өңіраралық жəне (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.»;

2) 19-1-баптың 5-тармағында:

15) тармақшадағы «электр энергиясын кепілдікпен берушілерден» деген сөздер «энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшадағы «электр энергиясын кепілдікпен берушілер» деген сөздер «энергиямен жабдықтаушы ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.

21. «Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың бірінші бөлігінің 24-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«24-2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді;»;

2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қорғанысқа бөлінген бюджет қаражатының, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;

3) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша жекеше əріптеске шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген жəне қорғаныс мұқтажын қамтамасыз етуге жəне жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды.»;

4) 15-1-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше əріптеске иеліктен шығарылуы мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағына сəйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің инвестициялық шығындары мен құны өтемақысының жиынтық көлемі жекеше əріптестің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауға тиіс.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен бағалауға жатады.»;

5) 22-баптың 2-тармағында:

мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:

«5-5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті  органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жəне оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;

26-26), 26-27) жəне 26-28) тармақшалар мынадай  редакцияда жазылсын:

«26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау жəне пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-27) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша жекеше əріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-28) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін əзірлейді;»;

6) 24-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.»;

2-1-тармақ алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.».

22. «Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

6-8-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен жəне шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.

2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.».

23. «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

13-1-бап алып тасталсын.

24. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 10-1) тармақшасы жəне 6-баптың 2-тармағының 6-1) тармақшасы алып тасталсын;

2) 68-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Осы Заңның 40-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 12) тармақшасының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».

25. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

5-баптың 3-тармағындағы «көрсету» деген сөз «ұсыну республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,» деген сөздермен ауыстырылсын.

26. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:

6) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сəйкес бірінші, екінші жəне үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;»;

2) 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді;

Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сəйкес бірінші, екінші жəне үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;»;

3) 98-баптың бірінші бөлігінде:

17) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатынан» деген сөздер «трансферттерден» деген сөзбен ауыстырылсын;

19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;».

27. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жəне «Назарбаев Қоры» мəртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 5-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес бюджет қаражаты;»;

2-1-тармақтағы «нысаналы салым» деген сөздер «бюджет» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Мемлекеттік мүлік тізілімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік мүлік тізілімінде дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтерді көрсету дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мемлекеттің мүліктік құқықтарының туындауына алып келмейді.»;

2) 6-бапта:

3-тармақтың 1) тармақшасы «даму стратегияларын» деген сөздерден кейін «, оларды іске асыру туралы есептерді» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Университеттің, Зияткерлік мектептердің жəне Қордың қамқоршылық кеңестерінің құзыретіне мыналар жатады:

1) жылдық жəне орта мерзімді бюджеттерді бекіту;

2) Университеттің, Зияткерлік мектептердің жəне Қордың ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен оларды іске асыру туралы есептерді мақұлдау;

3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сəйкес Университеттің, Зияткерлік мектептердің жəне Қордың ұзақ мерзімді даму стратегияларын іске асыру туралы есептердің нысандарын бекіту;

4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органмен келісілген, дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну тəртібін бекіту;

5) Университеттің, Зияткерлік мектептердің жəне Қордың атқарушы органдарының сандық құрамын айқындау, олардың басшылары мен мүшелерін немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамдарды сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университеттің, Зияткерлік мектептердің жəне Қордың жарғыларына сəйкес өзге де өкілеттіктер.»;

3) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін нысаналы салым түрінде алынған бюджет қаражаты қамқоршылық кеңестің шешімімен дербес білім беру ұйымының жылдық бюджетін бекіту арқылы қайта бөлінуі жəне (немесе) кейінгі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.».

28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 4-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Егер «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жəне «Назарбаев Қоры» мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері дербес білім беру ұйымдарына қолданылады.»;

2) 10-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Агломерация құрамына кіретін əкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлкін меншік иесі өзінің аумағында жоба іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне осы əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының өтінішхаты негізінде береді.»;

3-тармақта:

бірінші абзацта:

«берілуі» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мүліктің агломерацияны дамыту мақсатында берілуі» деген сөздермен толықтырылсын;

орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) агломерация құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі өзінің аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның өтінішхаты негізінде агломерацияны дамыту мақсаттары үшін меншікке беріледі.»;

3) 14-бап мынадай мазмұндағы 26-6) тармақшамен толықтырылсын:

«26-6) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік кəсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы жəне ішкі қарыз алу құрылымы туралы мəліметтерді есепке алуды жəне бақылауды қамтамасыз етеді;»;

4) 17-бапта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда жəне тəртіппен агломерациялар құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне агломерацияны дамыту мақсаттары үшін беру туралы шешім қабылдайды;»;

5) 18-бапта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»;

мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:

«24-2) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда жəне тəртіппен агломерациялар құрамына кіретін коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне агломерацияны дамыту мақсаттары үшін беру туралы шешім қабылдайды;»;

6) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Стратегиялық объектілерді жəне жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті немесе мемлекетке ғана тиесілі болуы мүмкін мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты, мүлікті сенімгерлік басқару шарты жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.»;

7) 79 жəне 120-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша беру

Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісі операторға өзінің функционалдық қызмет көрсетуін жүзеге асыру үшін өтеусіз пайдалануға конкурссыз берілуі мүмкін.»;

«120-1-бап. Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығару

Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығару «Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады.»;

8) 140-баптың 2-тармағында:

бірінші бөлікте:

«қоспағанда, республикалық мемлекеттік кəсіпорындардың» деген сөздер «қоспағанда, мемлекеттік кəсіпорындардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді» деген сөздер «нормативі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші жəне бесінші бөліктер алып тасталсын;

161-бабы 2-тармағының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 сəуірге дейін осы Заңның 2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылды, 2025 ж. 1 сəуірден бастап 2025 ж. 1 шілдеге дейін осы Заңның 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылды

9) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Білім беру, халықты əлеуметтік қорғау, дене шынықтыру жəне спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында мемлекеттік мекемелер, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар жəне мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.»;

10) 184-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын əзірлеуге, олардың іске асырылуының нəтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептердің уақтылы ұсынылуына жəне олардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.»;

11) 185-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын əзірлеуге, олардың іске асырылуының нəтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептердің уақтылы ұсынылуына жəне олардың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауапты болады.»;

12) 186-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену жəне пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уəкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мөлшерде дивидендтерді (кірісті) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдайды.»;

үшінші бөлік алып тасталсын;

13) 198-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік мүлік құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалдаудағы не мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.»;

14) 199-баптың 2-тармағында:

бірінші бөлік «есептер» деген сөзден кейін «, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну қағидаларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша дербес білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі бекітеді.

Мемлекеттік мүлік тізілімінде дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымдарының мүлкі туралы қосымша мəліметтерді көрсету дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мемлекеттің мүліктік құқықтарының туындауына алып келмейді.»;

15) 213-баптың 3-тармағындағы, 215-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі жəне 3-тармағындағы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» деген сөздер «Арнаулы мемлекеттік қорға» деген сөздермен ауыстырылсын.

29. «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кəсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық əл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тəуелді заңды тұлғалар жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының жəне қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;».

30. «Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

96-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;».

31. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 53-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы Заңның 1-қосымшасы 3-жолы 3 жəне 4-бағандарының 9-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.»;

31-тармақтың 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) 2-қосымша мынадай мазмұндағы 87-17-жолмен толықтырылсын:

«

87-17.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік

Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1 және 2-тармақтарының күші қолданылмайды

».

32. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

10-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы жəне 3-1-тармағы алып тасталсын.

33. «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

33-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеуді немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына конкурстық құжаттама мен бизнес-жоспарлардың сараптамасын жүзеге асыру құзыретін ресми тану рəсімі;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) əлеуетті жекеше əріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу жəне одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кəсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

1-2) бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік - осы Заңға сəйкес əзірленген жəне бекітілген жекеше əріптесті айқындау тəртібіне, үлгілік конкурстық құжаттамаға жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің үлгілік шартына сəйкес салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы - осы Заңға сəйкес белгіленген құзыретіне сəйкес жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жəне өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) концессиялық шарт (концессия) - мемлекеттік əріптес (концедент) пен жекеше əріптес (концессионер) арасында жасалған жəне осы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін концессионердің тұтынушылардан төлемақы (тұтынушылардан алынатын төлемақы) алуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік əріптес - Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасқан, мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде өкілеттіктер берілген бір немесе бірнеше мемлекеттік орган немесе мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кəсіпорын жəне (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу жəне одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;»;

33-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

7) тармақша «қолдап отыру бойынша» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-1) жəне 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«13-1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, материалдық емес жəне материалдық активтерді, оның ішінде жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды жəне олардың кешендерін, коммуникацияларды) жобалау, тұрғызу жəне (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық жəне инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу) арқылы құру жөніндегі қызмет;

13-2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіріп жəне тұтынушыларға беріп нысаналы пайдалану жөніндегі немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін оператордың немесе үшінші тұлғалардың мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес нысаналы пайдалануына дайындығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, оған техникалық жəне (немесе) сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызмет;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру жəне пайдалану арқылы бір немесе бірнеше əлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) жəне 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-1) мемлекеттік қазынашылық - орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уəкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы;

16-2) мемлекеттік қазынашылық органдары - мемлекеттік қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері;»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) оператор - жекеше əріптес болып табылмайтын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жекеше əріптеспен бірлесіп пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

18) жəне 19) тармақшалар алып тасталсын;

2) 2-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жекеше əріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу, орындау жəне тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну рəсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан, осы Заңға жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестікті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Егер осы Заңда тікелей өзгеше көзделмесе, осы Заңның жекеше əріптеспен, мемлекеттік əріптеспен жəне (немесе) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартымен байланысты қатынастарды реттейтін ережелер тиісінше концессионерге, концедентке жəне концессиялық шартқа қолданылады.»;

3) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) халық үшін құндылық қағидаты - мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде əлеуметтік инфрақұрылымды жəне халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру;»;

4) 4-баптың бірінші бөлігінің 2) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);»;

«5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше əріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше əріптестің меншікті қаражатының үлесі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;»;

5) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Оператор да мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы бола алады.»;

6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті жүзеге асыру тəсілдері

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жүзеге асырылу тəсіліне қарай институционалдық жəне келісімшарттық болып бөлінеді.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы іске асырады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген өзге жағдайларда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəсілі бойынша жүзеге асырылады.

Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк шартын, оның ішінде:

1) концессия шарты;

2) сервистік келісімшарт түрінде жасасу жəне іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында міндеттемелердің жекелеген түрлері, оның ішінде сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, қызметтер көрсету міндеттемелері қамтылуы мүмкін.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру жəне пайдалану, өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді өткізу, өндірілген тауарларды кəдеге жарату, сондай-ақ жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін кейіннен кəдеге жарату жөніндегі жұмыстардың толық циклі қамтылуы мүмкін.

4. Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.

Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде жекеше əріптесті айқындау тəртібі тиісті базалық параметрлер негізінде əзірленеді жəне онда үлгілік конкурстық құжаттама мен мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің үлгілік шарты қамтылады.»;

7) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Республикалық жəне жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын айқындау үшін мынадай өлшемшарттардың бірі пайдаланылады:

1) меншік түрі бойынша - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне меншік құқығына (республикалық немесе коммуналдық) қарай не мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түріне қарай республикалық немесе жергілікті жобалар;

2) пайда алушылар бойынша - егер екi жəне одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, республикалық жобалар жəне егер бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, жергiлiктi жобалар.»;

8) 9-бапта:

2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындардың өтемақысы жəне (немесе) қоса қаржыландыру көзделмейді.»;

4-тармақта:

бірінші бөлік алып тасталсын;

үшінші бөліктегі «46-бабы 1-1-тармағының» деген сөздер «49-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 10-бапта:

тақырыптағы «жəне іске асыру» деген сөздер «, іске асыру жəне оны бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде - инвестициялық ұсынысты жəне конкурстық (аукциондық) құжаттаманы əзірлеуді немесе үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттаманың негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы бекітуді; немесе»;

мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 жəне 6-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Іске асыру кезеңі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мониторингі бойынша ақпаратты тапсыру күніне күнтізбелік бір жылдан асатын барлық іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ есепті жыл ішінде аяқталған немесе тоқтатылған мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бағалау жүргізіледі.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижесі болып табылады.

5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижелерін Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.

6. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығының есебі келіп түскен кезден бастап оны мынадай мүдделі тараптарға:

мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органға;

коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына;

салалық орталық мемлекеттік органдарға;

республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.»;

10) 11-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жекеше əріптес, қажет болған кезде, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы.»;

«3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін нысаналы мақсатына сəйкес пайдалануды (функционалдық пайдалану) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік əріптес, жекеше əріптес жəне оператор арасында жасалған пайдалану шарты негізінде əрекет ететін оператор жүзеге асыра алады.

Функционалдық пайдалану операторға ішінара немесе толық берілген жағдайда, жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің пайдалануға қолжетімділігі мен дайындығын (техникалық жəне (немесе) сервистік қызмет көрсету жəне (немесе) инфрақұрылымды басқару) қамтамасыз етеді.»;

11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жекеше əріптес мемлекеттік əріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану тəртібін белгілейді жəне оның сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалануды оператор жүзеге асырса, пайдалану тəртібі мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында немесе бар болған кезде пайдалану шартында айқындалады.»;

12) 15-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз етеді.»;

13) 17-бапта:

1-тармақтың 2) жəне 6) тармақшалары алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше маңызды жобалар бойынша қаулысына немесе əрбір жеке мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша мəслихат шешіміне сəйкес шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге тиіс.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау тəртібін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, қоса қаржыландыруды, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын жəне қолжетімділік үшін төлемақыны бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»;

14) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

«4-2) əзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;»;

15) 20-бапта:

тақырыптағы «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «Бюджет саясаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзац, 4) жəне 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласында:»;

«4) республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ республикалық жəне жергілікті ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келіседі;»;

«7-1) салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше əріптесті айқындаудың жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудың тиісті саланың мемлекеттік органы əзірлеген тəртібін келіседі;»;

9) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды, жекеше əріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспарға, бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде үлгілік конкурстық құжаттама негізінде бекітілетін конкурстық құжаттаманы қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығын тартады;»;

мынадай мазмұндағы 11-4), 11-5) жəне 11-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«11-4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік веб-порталын пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

33-тармақтың 15) тармақшасының он бірінші жəне он екінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

11-5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеуді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 8) тармақшасына сəйкес сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады жəне аккредиттеу туралы куəліктен айыру туралы шешім қабылдайды;

11-6) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеуді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 8) тармақшасына сəйкес сараптама жүргізуді жүзеге асыратын адамдарды аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;

16) 21-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

17) 3-тарау мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1-бап. Мемлекеттік қазынашылықтың жəне мемлекеттік қазынашылық органдарының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы құзыреті

Мемлекеттік қазынашылық жəне мемлекеттік қазынашылық органдары:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қабылдауды жəне олардың орындалуын есепке алуды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады жəне оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді;

3) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;

18) 23-баптың 3) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына қатысты жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) жəне тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жүзеге асырады, оның ішінде қажет болған кезде конкурстық құжаттаманы əзірлеу үшін білікті заңды тұлғаларды тартады;»;

«10) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітетін қағидаларға сəйкес, жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;»;

33-тармақтың 19) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

19) 25-баптың 4) жəне 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады, оның ішінде қажет болған кезде конкурстық құжаттаманы əзірлеу үшін аккредиттелген заңды тұлғаларды тартады;»;

«8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары шеңберінде жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уəкілеттік берілген заңды тұлғаны аккредиттелген тұлғалар қатарынан айқындайды;»;

20) 26-баптың 2-тармағында:

3) тармақшадағы «республикалық» деген сөз «жоспарлануы жəне іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сəйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын əзірлеуді үйлестіру жəне бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қорытынды беру;»;

33-тармақтың 21) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

21) 3-тарау мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:

«26-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу

1. Аккредиттеу мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына конкурстық құжаттама мен бизнес-жоспарларды консультативтік сүйемелдеу жəне (немесе) оларға сараптама жүргізу бойынша заңды тұлғалар көрсететін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган өз жанынан құрылған аккредиттеу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде аккредиттеуді жүргізеді.

3. Заңды тұлға мынадай біліктілік талаптарына сай келгенде:

1) төлемге қабілетті болса, банкроттық рəсіміне не таратуға жатпаса, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс болса, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс болса;

2) салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мерзімі өткен берешегі болмаса;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмесе;

4) штатында халықаралық қаржы ұйымдары əзірлеген жəне (немесе) таныған халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы маман сертификаты бар кемінде екі маман болса;

5) штатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласында кемінде бес жыл консультациялық немесе сараптамалық қызметтер көрсету тəжірибесі бар кемінде үш маман болса, аккредиттелуге жатады.

Аккредиттелетін заңды тұлғаның маманы осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген талаптарға бір мезгілде сай келуі мүмкін.

4. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган мынадай жағдайларда:

1) белгіленген талаптарға сай келмейтін өтінім берілгенде;

2) аккредиттеуден өту үшін заңды тұлға ұсынған құжаттардың анық еместігі анықталғанда жəне (немесе) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мəліметтердің) анық еместігі немесе толық еместігі анықталғанда;

3) заңды тұлға белгіленген біліктілік талаптарына сай келмегенде;

4) аккредиттеуді алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болғанда;

5) егер заңды тұлға немесе оның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенде, аккредиттеуден бас тартады.

5. Уəкілетті орган мынадай жағдайларда:

1) аккредиттеуден өту немесе тоқтатыла тұрған аккредиттеу туралы куəліктің қолданылуын қайта бастау үшін заңды тұлға ұсынған құжаттардың жəне (немесе) ұсынылған құжаттардағы деректердің (мəліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

2) аккредиттелген заңды тұлғаның сол бір жобаны консультативтік сүйемелдеу жəне сараптау бойынша қызметтер көрсету фактісі анықталғанда;

3) егер аккредиттеу туралы куəліктің қолданысын тоқтата тұруға алып келген мəн-жайлар кейінгі алты ай ішінде жойылмаса;

4) егер аккредиттелген заңды тұлға немесе оның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;

5) аккредиттелген ұйымның біліктілік талаптарға сай келмеуі туралы ақпарат берілмеген немесе уақтылы берілмеген кезде, аккредиттеу туралы куəліктен айыру (кері қайтарып алу) туралы шешім қабылдайды.»;

22) 27-бапта:

2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Мемлекет кепілгерлігі бюджет заңнамасына жəне осы Заңға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде беріледі.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

Мемлекет кепілгерлігін беру тəртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган жүргізеді.

Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық ақылға қонымды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін жəне (немесе) қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банкрот деп танылған не таратылған жағдайда орындалуға тиіс.

Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.»;

23) 29-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құру жəне (немесе) пайдалану;»;

24) 30-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыру;»;

8) жəне 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету;

9) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға жəне (немесе) пайдалануға қатысу;»;

25) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«31-бап. Жекеше əріптесті айқындау

1. Жекеше əріптесті айқындау мынадай тəсілдермен жүзеге асырылады:

1) конкурс;

2) тікелей келіссөздер;

3) аукцион.

2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс ашық немесе жабық болуы мүмкін.

Ашық конкурсқа қатысуға əлеуетті жекеше əріптестердің шектеусіз тобы жіберіледі.

Əлеуетті жекеше əріптестердің шектеулі тізбесі қатысуға жіберілетін жабық конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өткізілуі мүмкін.

3. Осы Заңда көзделген жағдайларда жəне тəртіппен жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс бір кезеңдік немесе екі кезеңдік рəсім пайдаланылып өткізілуі мүмкін.

4. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс аукцион нысанында өткізілуі мүмкін. Осы Заңда конкурсты реттеу бөлігінде көзделген ережелер, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тең дəрежеде аукционға қолданылады.

5. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларында:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;

2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше əріптесті айқындаудың жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудың өзгеше тəртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.

Осы тармаққа сəйкес жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша жекеше əріптесті айқындау үлгілік конкурстық құжаттама пайдаланыла отырып, тиісті саланың орталық атқарушы органы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес жүзеге асырылады.»;

26) 32-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «енгізілмеген;» деген сөз «енгізілмеген болуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақшасы жəне 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;

27) 35-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) осы Заңның 31-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:

«4. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс жобада жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, тұрғызу немесе жаңа материалдық емес активті құру арқылы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жаңа объектісін құру көзделетін жағдайларда өткізіледі, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жаңғырту немесе реконструкциялау көзделетін жобаларда өткізілуі мүмкін. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларын қалыптастыруды біліктілік іріктеуден өткен əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.

5. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1) техникалық тапсырманы қалыптастыру;

2) екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабархатты жариялау;

3) конкурсты ұйымдастырушының əлеуетті жекеше əріптестерге техникалық тапсырманы беруі;

4) əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық тапсырмаға сəйкес əзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;

5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауы жəне əлеуетті жекеше əріптестермен мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларына жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жобасының талаптарына қатысты мəселелерді талқылау;

6) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;

7) конкурсты ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген əлеуетті жекеше əріптестерге жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі.

6. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңінде мыналар жүзеге асырылады:

1) конкурстық өтінімдерді қарау;

2) конкурс жеңімпазын айқындау;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.

7. Бір кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс Заңның осы бабының 4-тармағында көзделмеген жағдайларда өткізіледі жəне мынадай іс-шаралардың өткізілуін қамтиды:

1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;

2) конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат;

3) конкурстық өтінімдерді қарау жəне үздік конкурстық өтінімді айқындау;

4) конкурс (аукцион) жеңімпазын айқындау;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.»;

28) 37-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) əзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері жəне қайта қолдану жобалары негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме не мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;»;

29) 39-баптың 2 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасы конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.»;

«5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

1) əлеуетті жекеше əріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда;

2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған əлеуетті жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудан жалтарғанда, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарын конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сəйкес талқылаудан жəне нақтылаудан бас тарту арқылы жалтарғанда не оның ұсыныстары жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылғанда қайтармайды.»;

30) 40-1-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жобаға бастамашылық жасаған əлеуетті жекеше əріптес өзі бастамашылық жасаған жобада жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға міндетті.

Егер біліктілікті іріктеу нəтижелері бойынша конкурсқа екіден кем əлеуетті жекеше əріптес жіберілсе, конкурс өткізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.»;

3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

31) 42-бап алып тасталсын;

32) 44-1-баптың 2 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жекеше əріптес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды жəне (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес жүзеге асырады.»;

«4. Жекеше əріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бағытталған инвестициялық шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;

33) 45-бапта:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған кезде оларды мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тіркеуге тиіс.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған əртүрлі шарттардың элементтері қамтылатын шарт болып табылады. Егер осы Заңнан, тараптардың келісімінен немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мəнінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қатынастарына тиісті бөліктерде осы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында элементтері қамтылатын Қазақстан Республикасының шарттар туралы заңнамасы қолданылады.»;

34) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«46-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мазмұны

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары мыналар болып табылады:

1) жобаның мақсаттары, міндеттері, тікелей жəне түпкілікті нəтижелері;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру кезеңі ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісі жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне мүліктік құқықтар;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының инвестициялық жəне операциялық кезеңдерінің мазмұны мен мерзімдері;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары;

5) шығындарды өтеу жəне кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары;

6) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мерзімі;

7) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары арасында тəуекелдерді бөлу;

8) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бекіткен əдістемелік ұсынымдарға сəйкес есептелген жобаның əлеуметтік-экономикалық жəне қаржылық-экономикалық модельдері.

Тараптар барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жасалмаған болып есептеледі.

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мынадай міндетті талаптарды қамтуға тиіс:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының, тараптардың өкілетті өкілдерінің толық атауы;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының тұрған жері (заңды мекенжайы) жəне банктік деректемелері;

3) тараптардың мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының мақсаттарына, оның ішінде инвестициялық жəне пайдалану кезеңдері шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ тəуекелдерді басқару бөлігіндегі құқықтары мен міндеттері;

4) жоба шеңберінде берілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне, көлеміне, сапасына қойылатын талаптар, оның ішінде сапа индикаторларын жəне толық пайдалану əзірлігінің өлшемшарттарын бұзғаны үшін ақаулы ұпайлардың есептемесі;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы шеңберінде өндірілетін тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру жəне бекіту тəртібі;

6) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен енгізілетін, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының болжамды инвестициялары құнының оннан бір пайызы мөлшерінде меншікті қаражатын енгізу жəне қарыз қаражатын тарту бойынша жекеше əріптестің міндеттемелерін қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша дауларды сотқа дейінгі, сотта жəне (немесе) соттан тыс шешу тəртібі;

8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалау өлшемшарттары, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда тұрақсыздық айыбын (міндетті түрде құндық мəнде көрсете отырып) төлеу;

9) егер оператор мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылмаса, операторды айқындау тəртібі, оператор тартылуға тиіс талаптар, оны тартуға жауапты тарап;

10) қоршаған ортаны қорғау жəне жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

11) валюталық компонент бойынша қайта қаржыландыру тетігін қоса алғанда, валюталық тəуекелдерді бөлу тəртібі;

12) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының жауапкершілігі;

13) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту жəне бұзу шарттары, оның ішінде пайда алушылар мен мүдделі тұлғалар үшін теріс салдарды болғызбау немесе барынша азайту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстары мен шығындарын өтеу тəртібі;

14) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;

15) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тəуекелдерінің өту талаптары мен мерзімдері;

16) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының орындалуын мониторингтеу тəртібі, оның ішінде жекеше əріптестің мониторинг жүргізу үшін ақпарат беру тəртібі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асырудың өзге де талаптары қамтылуы мүмкін.

3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген талаптардан басқа, мыналар қамтылуға тиіс:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясын құру тəртібі мен мерзімдері;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының органдарын қалыптастыру тəртібі;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру мен толықтыру тəртібі;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының акционерлері (қатысушылары) арасындағы қатынастар;

5) корпоративтік дауларды шешу тəртібі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының құрылтай шартын тараптар институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарында жасауға тиіс.

4. Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті жекеше əріптес болып табылса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша қолданылатын құқықты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары айқындайды.

5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты қазақ жəне орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша айқындалған өзге де тілдерде қосымша жасалуы мүмкін.»;

35) 48-бапта:

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен сот шешімімен» деген сөздер «осы Заңның 57-бабының 3-тармағына сəйкес айқындалған органның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының бірінің талап етуі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 49 жəне 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«49-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша өзгертілуі жəне (немесе) бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптары өзгерістер нəтижесінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының əлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері жақсарған кезде, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына жəне (немесе) көлеміне жəне (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталған кезде, сондай-ақ жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұлғайта отырып, пайдалану кезеңін ұлғайтуға жол беріледі.

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджет қаражатын пайдалану бөлігінде мемлекеттік міндеттемелердің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.

5. Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары сараптамалардың оң қорытындылары болған жəне өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобасын сараптауды жəне келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мəселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бəсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.

Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптарын өзгертуге болмайды.

6. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бұзылған не қолданылу мерзімі өткен кезде;

2) жекеше əріптес таратылған (қайтыс болған, əрекет қабілетінен айырылған) кезде;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

7. Мемлекеттік əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:

1) жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;

2) егер жекеше əріптес өзінің дəрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болса;

3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай əрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

8. Жекеше əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік əріптес жəне (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

50-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беру жəне жекеше əріптестің борышын аудару

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беруге жəне жекеше əріптестің борышын аударуға мемлекеттік əріптестің, оператордың жазбаша келісуі болған жəне жекеше əріптестің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға жалпы жəне қосымша (арнаулы) біліктілік талаптарына сай болған жағдайда ғана жол беріледі.»;

37) 51-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жекеше əріптес тікелей келісім жасасқан кредитор алдындағы жəне (немесе) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тікелей келісім жасасқан кредиторлармен келісу бойынша жекеше əріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше əріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік əріптестің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.»;

38) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы өз қызметін акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырады, онда мемлекеттік əріптес пен жекеше əріптес жиынтығында дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызына ие болады.

Мемлекеттік жəне жекеше əріптестер құрылтай шарты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасуға құқылы.

Осы Заңда реттелмеген бөлігінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар жəне жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасында реттеледі.»;

39) 56-баптың 1 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Арнаулы экономикалық жəне индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік осы Заңның ережелеріне сəйкес іске асырылады жəне арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнаулы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің өзге де объектілерін құруға жəне пайдалануға бағытталады.»;

«4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу жекеше əріптестің арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақ аумағында арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру жəне пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыруға негіз болып табылады.»;

40) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«57-бап. Дауларды шешу

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар сотқа дейінгі реттеу міндетті түрде сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен шешіледі.

2. Дауларды шешу кезінде тараптар мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған барлық шараларды қабылдауға тиіс.

3. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сəйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес Қазақстан Республикасының соттарында, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес төрелікте шешуге құқылы, ал жекеше əріптес немесе жекеше əріптестің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма бес жəне одан көп пайызын иеленетін акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, инвестициялардың болжамды мөлшері республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасу жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша дау «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес Халықаралық төрелік орталыққа немесе халықаралық төрелікке жүгіну арқылы да шешілуі мүмкін.

4. Жекеше əріптесті айқындау тəртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.».

34. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 5-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын, агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын талқылау;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) əлеуметтік маңызды объектілерге жатпайтын жəне оң рентабельділік пен өтімділіктің алғышарттарының болуын болжайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды талқылау;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді, бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерін, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді талқылау;»;

2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, даму жоспарларын жəне бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жəне ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нəтижесінде азаматтар үшін теріс салдарды жəне қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіру фактілерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.».

35. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кəсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық əл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тəуелді заңды тұлғалар жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының жəне қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;».

2) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «тікелей жəне» деген сөздер алып тасталсын;

3) 4-баптың 4) тармақшасындағы «тікелей,» деген сөз алып тасталсын;

4) 10-баптың 1-1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесінде,» деген сөздер алып тасталсын;

5) 12-бапта:

1-тармақтың 7) тармақшасындағы «байланысты гранттарды» деген сөздер «заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, байланысты гранттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;»;

4-тармақта:

5) тармақша «бюджет қаражатын,» деген сөздерден кейін «оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді,» деген сөздермен толықтырылсын;

14-1) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:

«22-2) ревизиялық комиссия мүшелерін лауазымға тағайындауды жəне оларды лауазымнан босатуды келіседі;»;

24-1) тармақша алып тасталсын;

6) 14-баптың 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің» деген сөздер алып тасталсын;

7) 15-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бюджет шығыстарымен өзара байланыстыра отырып, мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдайды;»;

8) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «97» деген цифрлар «116» деген цифрлармен ауыстырылсын;

9) 22-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «тікелей жəне» деген сөздер алып тасталсын;

10) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау

1. Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тəртіппен республикалық бюджет жобасын, нақтыланған республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады.

2. Республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау республикалық бюджет жобасы шығыстарының елдің жалпыұлттық басымдықтарына, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жəне орталық мемлекеттік органдардың өзге де құжаттарын бағалау нəтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сəйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.

3. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау нəтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджет жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жəне Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісіне ұсынылады.

Нақтыланған республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау нəтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджет жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жəне Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісіне ұсынылады.

4. Алдын ала бағалау нəтижелері ұсынымдық сипатта болады.»;

35-тармақтың 11) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

11) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

«27-1-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын алдын ала бағалау

1. Ревизиялық комиссиялар Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тəртіппен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын алдын ала бағалауды олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады.

2. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жоспарланатын шығыстардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына, шығыстардың, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер түрінде берілетін қаржыландыру көлемі ескеріле отырып қалыптастырылатын шығыстардың басым бағыттарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нəтижелеріне, жергілікті атқарушы органдардың есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есебіне ревизиялық комиссиялар берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сəйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын алдын ала бағалау нəтижелері жергілікті бюджет жобасы ревизиялық комиссияға енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жəне тиісті мəслихатқа ұсынылады.

Нақтыланған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын алдын ала бағалау нəтижелері жергілікті бюджет жобасы ревизиялық комиссияға енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жəне тиісті мəслихатқа ұсынылады.

4. Алдын ала бағалау нəтижелері ұсынымдық сипатта болады.»;

12) 28-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімдерді,» жəне «тікелей жəне» деген сөздер алып тасталсын;

13) 29-баптың 3-тармағының 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органдардың өздерінің даму жоспарларында жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында, оның ішінде алдыңғы кезеңдердегі құжаттарында жəне бюджеттік бағдарламаларында көзделген нысаналы индикаторларға жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізуін;

3) бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттерді жəне кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды;»;

14) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ревизиялық комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес, ревизиялық комиссия төрағасының ұсынуы жəне Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мəслихаты бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады.».

36. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ашық бюджеттердің интернет-порталы - бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау нəтижелерін жəне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жəне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;»;

2) 16-баптың 3-тармағында:

3) тармақшада:

оныншы абзацтағы «бағдарламалардың жобаларына» деген сөздер «бағдарламаларға» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды;»;

4) тармақшаның екінші абзацындағы «стратегиялық жоспарын» деген сөздер «даму жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нəтижелерін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес жариялануға жататын материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына жəне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.».

37. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына:

1) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының жəне қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуын қамтамасыз ету

1. Мемлекет қор активтерінің жəне қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуына кепілдік береді.

2. Қор активтерінің жəне қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатының сақталуы:

1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;

3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;

4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу;

5) жыл сайынғы тəуелсіз аудитті жүргізу;

6) қордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрақты қаржылық есептілікті ұсынуы;

7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.»;

2) 18-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) денсаулық сақтау субъектілерінің əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін бөлінетін бюджет қаражаты;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотта жинақталады жəне тек қана мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:

1) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне одан əрі ақы төлеу үшін қордың мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударымдар;

2) қаржы құралдарына орналастыру;

3) аударымдардың жəне (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жатқызылған өзге де қаражатты қайтару.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражаты мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады.

Осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары жəне денсаулық сақтау субъектілерінің əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін трансферттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотқа есепке жатқызылады.»;

6-тармақтың бірінші абзацындағы «нысаналы жарна» деген сөздер «бюджет» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 36-баптың 2-тармағындағы «нысаналы жарна» деген сөздер «бюджет» деген сөзбен ауыстырылсын.

38. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

12-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 17) тармақшасындағы «бюджеттік өтінімін», «бюджеттік өтінімді» деген сөздер «бюджеттік сұранымын», «бюджеттік сұранымды» деген сөздермен ауыстырылсын.

39. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

23-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Терминдер мен анықтамалардың мағынасын түсіндіретін нормалар заңнамалық актілерде пайдалану ыңғайлы болуы мақсатында жекелеген құрылымдық элементтерде қамтылуы мүмкін.».

40-тармақ 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

40. «Лотереялар жəне лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

14-бап:

«дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін,» деген сөздерден кейін «өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жəрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Креативті индустрияларды дамытуға жəрдемдесетін заңды тұлға лотереяны жəне лотерея операторын ілгерілетуді өзі ұйымдастыратын жəне (немесе) қаржыландыратын жобалар немесе іс-шаралар шеңберінде қамтамасыз етеді.».

41. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

27-бапта:

10-тармақтың үшінші бөлігінде:

5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;

11-тармақтың екінші бөлігіндегі «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын.

42. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

6-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкін салық салу үшін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші болып табылады.».

43. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 5-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) бəсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың;»;

2) 8-бапта:

13) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер бөлігінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітуді жəне бекітілген бағдарламасына өзгерістер енгізуді су қорын пайдалану жəне қорғау саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобаларын, оларға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;»;

3) 9-баптың 2), 2-1), 2-2) жəне 2-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, бəсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уəкілетті органмен бірлесіп бекітеді жəне оған өзгерістер енгізеді;

2-1) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уəкілетті органға жібереді;

2-2) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тəртіппен уəкілетті органға жібереді;

2-3) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру жəне тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уəкілетті орган айқындайтын тəртіпке сəйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі жəне табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады;»;

4) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тарифті айқындау.»;

5) 15-бапта:

22-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тарифті айқындау тəртібі;»;

24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тарифті айқындау.»;

6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тарифті айқындау

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобасын қарау кезінде тариф реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға, сондай-ақ мемлекеттік əріптес пен жекеше əріптес салған инвестициялардың қайтарылуын жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сəйкес салынған инвестициялардың кірістілік деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты, бекітілген инвестициялық бағдарлама негізінде тарифті айқындау тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.

3. Тарифті айқындау мемлекеттік-жекешелік əріптестік субъектісінің немесе уəкілетті органның бастамасымен жүргізіледі.

4. Тарифтің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік əріптестік субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламаны жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын іске асыру мерзімінен аспайтын кезеңге белгіленеді.»;

7) 25-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тариф индекстеу əдісімен белгіленген кезде жəне жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілерден күнтізбелік отыз күн бұрын олардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.».

44. «Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) жəне 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын агломерациялар тізбесінде жəне құрамында айқындалған аумақтар шегінде агломерациялар аумағында жаңа объектілер салуды қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдайды;

2-2) агломерация аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы шешім қабылдайды;

2-3) агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу туралы келісім негізінде агломерацияны дамыту мақсаттары үшін өткізілген объектілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес аумағында объект өткізілген жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне береді;»;

2) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу туралы келісім негізінде жүзеге асырылады жəне жаңа объектілер салу арқылы агломерацияны дамыту мақсаттарына жол беріледі.

Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау тəртібін, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есептілікті жасау мен ұсыну тəртібін жəне агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мəселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды өңірлік саясат жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.».

45. «Ғылым жəне технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыруға арналған грант - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде берілетін қаражат;»;

мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) ғылыми зерттеулерге арналған грант - қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру үшін өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде берілетін қаражат;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника жəне өндіріс салаларында жаңа білім алуға жəне оны қолдануға, нəтижелерді коммерцияландыруды жəне осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама əзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;»;

2) 11-баптың 2-тармағында:

бірінші бөлік «құқығына негізделген» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.»;

3) 34-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.

2. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) базалық қаржыландыру;

2) гранттық қаржыландыру;

3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру;

4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.»;

4) 36-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «коммерцияландыруға» деген сөзден кейін «ғылыми зерттеулерге арналған грант жəне ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыруға арналған грант түрінде» деген сөздермен толықтырылсын.

46. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 5) тармақшасы «, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 3-баптың 14) тармақшасындағы жəне 6-баптағы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» деген сөздер «Арнаулы мемлекеттік қордан» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 7-баптың 8-тармағындағы «Сақтандыру агенттері» деген сөздер «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру агенттері» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сату;»;

5) 29-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

47. «Жылу энергетикасы туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«34) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі - тұтынушылардың (тұрмыстық қажеттіліктер үшін жылу энергиясын пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;».

48-тармақ 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді

48. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы жəне реттеліп көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 4-тармағының 24) тармақшасы он бесінші абзацының екінші сөйлемі алып тасталсын.

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 48-тармағын;

2) 2025 жылғы 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 1) тармақшасын;

3) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 40-тармағын;

4) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 2) тармақшасын, 33-тармағы 1) тармақшасының үшінші жəне он үшінші абзацтарын, 15) тармақшасының он бірінші жəне он екінші абзацтарын, 19) жəне 21) тармақшаларын;

5) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабы 2-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:

1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 сəуірге дейін осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. Білім беру, халықты əлеуметтік қорғау, дене шынықтыру жəне спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу жəне бағалау, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында мемлекеттік мекемелер, Қарулы Күштердің спорт, мəдениет, əуежай қызметі саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар жəне мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.»;

2) 2025 жылғы 1 сəуірден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. Білім беру, халықты əлеуметтік қорғау, дене шынықтыру жəне спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында мемлекеттік мекемелер, Қарулы Күштердің спорт, мəдениет, əуежай қызметі саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар жəне мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.».

3. Осы Заңның 1-бабының 33-тармағы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бастамашылық жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларына қолданылады деп белгіленсін.

Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін бастамашылық жасалған концессиялық жобаларды іске асыру «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бекітілген конкурстық (аукциондық) құжаттамаға сəйкес жүзеге асырылады.

4. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 наурыз

№ 172-VIII ҚРЗ