Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы

(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу

3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

6-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті

7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау

7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар

8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу

9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім

10-бап. Алып тасталды

11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігін қамтамасыз ету

12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары

13-бап. Өнімдерді сату және пайдалану бойынша шектеулер

4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама

14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау

14-2-бап. Энергия аудиторы

15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама

16-бап. Энергия аудиті

5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау

17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары

18-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім

18-1-бап. Энергия-сервистік шарт

19-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету

6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері

20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты

21-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері

7-тарау. Қорытынды ережелер

22-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзғаныүшін жауаптылық

23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

23-1-бап. Өтпелі ережелер

24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

 

 

 

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кəсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық əл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тəуелді заңды тұлғалар жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының жəне қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім - Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;

4) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша жаңа редакцияда

5-1) нысаналы энергия аудиті - ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды

5-2) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды

5-3) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

6) терможаңғырту - үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;

7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы - үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;

8) шартты отын - техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) экспресс-энергия аудиті - қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

8-2) энергетикалық аудитор (бұдан әрі - энергия аудиторы) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) энергетикалық аудит (бұдан әрі - энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

10) энергетикалық ресурстар - запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);

11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі - энергия тиімділігі) - ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 12-1) - 12-3) тармақшалармен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-1) энергия-аудиторлық ұйым - энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;

12-2) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12-3) энергия-сервистік компания - меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;

13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы - энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;

14) энергия үнемдеу - пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі - энергия менеджменті) - объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

14-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты - сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат;

15) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-1) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) энергия тиімділігі картасы - қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар графиктері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;

18) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) энергия үнемдеуші жабдық - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;

20) энергия үнемдеуші материал - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

 

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу

 

3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;

2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;

3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;

4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;

6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) - 15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17) - 19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) - 6-14) тармақшалармен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекітеді;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;

6-3) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;

6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;

6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-8) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-10) тармақша жаңа редакцияда

6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;

6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-15) тармақшамен толықтырылды

6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-16) тармақшамен толықтырылды

6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-17) тармақшамен толықтырылды

6-17) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;

8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-баптың 9) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;

11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12-1) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

13-1) - 13-3) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-4) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13-5) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13-6) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды

13-7) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекітеді;

14) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылды

15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды

16-3) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16-4) тармақшамен толықтырылды

16-4) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 16-5) тармақшамен толықтырылды

16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 17-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындайды;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

17-4) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;

18) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

6-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру туралы есептерді береді.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

1) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көппәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі мен бекітілуін қамтамасыз етеді;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:

1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;

2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін және электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) энергия аудитінің жүргізілуіне;

4-1) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) осы Заңда және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылсын:

7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне осындай бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі көздерден алынған ақпаратты, оның ішінде:

1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынған;

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды мұндай бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.

5. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол тәсілмен - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;

3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.

Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам ұсынымға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органға қайтарылады.

6. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі ұсынымның өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

7. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

8. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - жылына екі реттен артық емес.

10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекемделген болуға тиіс.

 

 

3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар

 

8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын объектілердің құрылыс жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын есепке алу аспаптарын, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, жалпы үйдің жылу энергиясын және суды есепке алу аспаптарын, пәтер бойынша электр энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде реттеуші аспаптарды, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.

8-баптың 2-тармағы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын, энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігіндегі талаптары жылу энергиясын сағат бойынша орташа 50 кВт-дан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) объектілерге қолданылмайды.

8-баптың 4-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына, тұтыну көлеміне қарай және (немесе) өзге де өлшемшарттар бойынша сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.

 

9-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;

2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;

5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесін қамтиды.

6-1) 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

1) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;

2) күнтізбелік бір жылдағы заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды тұтыну көлемдерін;

3) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының немесе техникалық есептің (бар болған кезде) көшірмесін;

4) жылыту көздерін және есепті кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың жұмсалуын;

5) энергия тұтыну жабдығының тізбесін қамтиды.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына қағаз немесе электрондық жеткізгіште жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде береді.

Бұл ретте жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады.

3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде уәкілетті орган жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді.

 

10-бап. 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігін қамтамасыз ету

1. Жобаланатын және салынатын (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлер, құрылыстар, ғимараттар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша талаптары:

1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы энергетикалық ресурстар шығынының үлестік шамасын сипаттайтын көрсеткіштерді;

2) сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдерге үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігіне ықпал ететін талаптарды;

3) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды;

4) жобалау құжаттамасына енгізілетін және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) кезінде қолданылатын технологиялар мен материалдарға қойылатын, энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін талаптарды қамтуы тиіс.

Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды орындау құрылыс салушыға жүктеледі.

3. Энергия тиімділігі жөніндегі талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:

1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;

3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;

4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;

6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге арналған тапсырмада көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялауы, күрделі жөндеуі) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазіргі бар ғимараттардың, құрылыстардың, құрылыс жайлардың энергия тиімділігі сыныбы және оны қайта қарау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.

Энергия аудитінің қорытындысы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың) кадастрлық паспортына қоса беріледі.

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қазіргі бар үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыда көрсетіледі.

 

12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары

1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында олардың сыныбы мен энергия тиімділігінің сипаттамалары туралы ақпарат болуға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылатын энергия тұтынатын электр құрылғыларының тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленеді.

3. Энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын анықтау Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және оны өндіруші (импорттаушы) жүзеге асырады.

4. Өндірушілер (импорттаушылар) энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес көрсетуге міндетті.

 

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

13-бап. Өнімдерді сату және пайдалану бойынша шектеулер

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында мыналарға:

13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалануға;

2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;

13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) 1,0-ден жоғары дәлдік сыныбы бар электр энергиясын есептеуіштерді коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.

2. Жаңа іске қосылған объектілерде және қолданыстағы объектілердегі электр энергиясын есептеуіштерді ауыстыру кезінде тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыстарын саралап есепке алуға және бақылауға арналмаған электр энергиясын есептеуіштерді пайдалануға тыйым салынады.

 

 

4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарламаға мына қызмет түрлері жатады:

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) заңды тұлғалар жүзеге асыратын энергия аудиті;

 2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабардар етеді.

3. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

1-1) заңды тұлғаның бірінші басшысына берілетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты болуға;

2) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитi және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен кәсіпкерлік субъектілері мынадай талаптарға сай болуға:

1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарлары болуға;

2) штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушысы, оның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес ғылыми дәрежесі бар кемінде бір оқытушысы болуға;

3) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес оқу кабинетіне, компьютерлерге және ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.

 

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды

14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.

14-1-баптың екінші бөлігі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді

Энергия аудиторының сәйкестігін растау «Техникалық реттеу туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

14-2-бап. Энергия аудиторы

1. Энергия аудиторы өз қызметін еңбек шарты негізінде бір ғана энергия-аудиторлық ұйымның құрамында және (немесе) дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады.

2. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ғана энергия аудитін жүргізеді.

3. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы уәкілетті орган бекіткен, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік етуге міндетті.

 

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама

1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу:

1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін;

2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады.

3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.

 

 

16-бап. Энергия аудиті

1. 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.

Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды алынған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытынды болған;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізген және (немесе) олардың өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде төмендеткен;

3) энергия менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған кезде, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде, ал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратындар алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.

5-1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Энергия-аудиторлық ұйымдардың немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының:

өтініш білдірген, қатысушысы, кредиторы энергия-аудиторлық ұйымдар және олардың жұмыскерлері немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторлары болып табылатын тұлғаға;

осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлері (энергия аудиторлары) өтініш білдірген тұлғамен еңбек қатынастарында тұратын немесе өтініш білдірген тұлғаның лауазымды адамдарының, сондай-ақ өтініш білдірген тұлға акцияларының (немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылғанда;

энергия-аудиторлық ұйымның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) өтініш білдірген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайларда энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілігін білдіреді;

осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлерінің (энергия аудиторларының) өтініш білдірген тұлғада жеке мүліктік мүдделері бар болғанда;

энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер энергия-аудиторлық ұйымның және олардың жұмыскерлерінің, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының өтініш білдірген тұлға алдында немесе өтініш білдірген тұлғаның олардың алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мынадай:

1) жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынған;

2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісі (объектілері) болмаған;

3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында ғана тұтынған;

4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, құрылысы және құрылысжайы болып табылған жағдайларда, міндетті энергия аудитін жүргізбейді.

 

 

5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау

 

17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) энергия үнемдеу жабдығын пайдалануды ынталандыру;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы білім беру қызметін және іс-шараларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3) энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру;

4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әдістемелік және нормативтік құқықтық базаны әзірлеуді және дамытуды қаржыландыру;

5) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жарату;

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) оқу орталықтарын құру;

7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының), тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларға ақы төлеуге көмектесу;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) энергия тиімділігі картасы шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

 

18-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім (бұдан әрі - Келісім) уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің арасында ерікті негізде жасалады.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына өтініші Келісім жасауға негіз болып табылады.

Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.

3. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды

18-1-бап. Энергия-сервистік шарт

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін.

Мемлекеттік мекемелер үлгілік энергия сервистік шартқа сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін алты жылдан аспайтын мерзімде энергия сервистік шарттар жасайды.

2. Энергия-сервистік шартта:

1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;

2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;

3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.

Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс.

3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.

 

19-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді орталық және жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды насихаттау;

2) энергия тиімділігі жоғары көрсету жобаларын жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

3) энергия үнемдейтін материалдар мен жабдықтар көрмелерін ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен тұрақты жүзеге асырады.

 

 

6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің

құқықтары мен міндеттері

 

 

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:

1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және оны жүргізеді;

2) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және оны жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеуді және енгізуді жүзеге асырады;

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларынан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруға және жүргізуге қажетті ақпаратты сұратады және алады;

5) уәкілетті органға Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалау мен талдауды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуын талдауды алдыңғы жылмен салыстырмалы талдауды, Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің үлестік шығыстарын және энергияны пайдалану нормативтерін талдауды, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізеді және мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізу қорытындылары бойынша есепті өзінің интернет ресурсында орналастырады;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға жәрдемдеседі;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға талдау жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтерді көрсетеді;

9) энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

10) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар береді.

 

21-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер:

1) мемлекеттік органдарға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша уәкілетті органнан ақпарат алуға құқылы.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.

2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар:

1) электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауға;

2) энергия тұтыну нормативтерінен аспауға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және (немесе) беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, арматураның ақаулығынан, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдаланудан немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамаудан туындаған олардың тікелей ысырабына жол бермеуге міндетті.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Осы Заңда айқындалған тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды энергия тиімділігі бойынша талаптарға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

21-баптың 3-тармағы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заңның 9-бабында көрсетілген ақпаратты беруге және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, энергия аудиті өткеннен кейін бес жыл ішінде, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін энергетикалық ресурстар мен судың тұтыну көлемін өнімнің бірлігіне, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне жыл сайын азайтуды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл ретте меншік құқығында жылжымайтын мүлкі жоқ мемлекеттік мекемелер осы Заңның 9-бабының 1-1-тармағында көрсетілген ақпаратты беруден босатылады.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты адамды тағайындауға міндетті.

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері уәкілетті орган белгілеген энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Энергия-аудиторлық ұйымдар және дара кәсiпкер болып табылатын энергия аудиторлары:

1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға міндетті.

3) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Оқу орталықтары:

1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға;

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға міндетті.

3) 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

22-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзғаныүшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 

2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Өтпелі ережелер

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар энергия аудиторы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң энергия аудиторының сәйкестігін растаудан өтуге құқылы.

 

24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

1. Осы Заң:

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 9) тармақшасын;

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағын;

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын;

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бапты;

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағын;

қуаты 100 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін -2012 жылғы 1 шілдеден бастап, қуаты 75 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, қуаты 25 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын;

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын;

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-баптың 1 және 9-тармақтарын;

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 21-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № ы24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат, 2009 ж., №13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 13-і.

№ 541-IV