Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 ж. 16 шілдедегі № 242-II Заңы

(2025.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі);

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары

3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары

4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi

6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi

2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН КЕЗДЕ МЕКЕНДЕЙТIН ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ЕТЕТIНҚОЛАЙЛЫ ОРТАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары

8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар

9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау

12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы

3-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТI СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI

14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi

4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ

18-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк басқару органдары

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

20-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органның құзыретi

21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

22-бап. Қалалық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

23-бап. Алып тасталды

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

24-бап. Облыс әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қалалар құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

26-бап. Аудан әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар

4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері

27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауiпсiздiк талаптары

27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар

5-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК НОРМАТИВТЕР

28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі

30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУЫ

31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы

31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

31-3-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау

32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім

33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы

34-бап. Авторлық қадағалау

34-1-бап. Техникалық қадағалау

34-2-бап. Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау

35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар

36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының нұсқамалары

2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ

37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты

38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

39-бап. Алып тасталды

40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мониторингi

8-тарау. АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫҢ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ

41-бап. Қала құрылысы регламенттерi

42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы

43-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары

44-бап. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары

45-бап. Елдi мекендердiң аумақтары

46-бап. Елдi мекендердiң шекарасы (шегi)

47-бап. Елдi мекендердiң бас жоспарлары

47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

48-бап. Елдi мекендердiң аумақтарын аймақтарға бөлу

49-бап. Тұрғын аймақ

49-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі

50-бап. Қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақ

51-бап. Рекреациялық аймақ

52-бап. Инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары

53-бап. Елдi мекеннiң өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары

54-бап. Елдi мекеннiң ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтары

55-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары

57-бап. Қала маңындағы аймақтар

58-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы

59-бап. Резервтегi аумақтар

9-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ

60-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы

60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу

61-бап. Қала құрылысы жобалары

62-бап. Сәулет жобасы

63-бап. Құрылыс жобасы

63-1-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі

64-бап. Алып тасталды

9-1-тарау. Жобалар сараптамасы

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама

64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері

64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері

64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі

64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары

64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар

64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу

64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы

64-9-бап. Сараптама қызметінің тәуелсіздігі

64-10-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар

64-11-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі

3-бөлiм. ҚҰРЫЛЫС

10-тарау. ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

65-бап. Тапсырысшылар мен мердiгерлер

66-бап. Мердiгер таңдау

67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану

68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар

68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер

69-бап. Объектiлердi пайдаланудың кепiлдi мерзiмi

70-бап. Құрылыстағы сапа

71-бап. Объектілердiң қауiпсiздiгiн және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегi меншiк иелерiнiң мiндеттерi

72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi

11-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТIЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ

73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар

74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер

75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi

75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі

76-бап. Алып тасталды

77-бап. Алып тасталды

78-бап. Алып тасталды.

79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы

 

 

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздер тиісінше «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.

 

 

1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.12.04. № 38-III Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) авторлық қадағалау - бұл автордың:

сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне;

сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі құқықтылығы.

1-1) 2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2) адам мекендейтін орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды:

қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті мен жер асты суларын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ олардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілер жиынтығы;

сәулеттік-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл елді мекендер ортасы, ол адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайды;

қолжетімді (кедергісіз) орта - орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты;

ішкі орта - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жанған өнімдерді, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;

3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері - аумақтарды, елді мекеннің, жылжымайтын мүліктің жекелеген объектісінің аумағын пайдаланудың арнаулы ережелері (тәртібі) енгізілмей, жалпыға бірдей қабылданған ережелерге (тәртіпке) ерекшеліктер белгіленбей не оларға толықтырулар енгізілмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкін болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі - объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) антропогендік әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елді мекенге адам қызметінің түрлі ықпал ету нәтижесінде туындаған оң және теріс әсер етулер. Теріс әсер тигізілген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттігі туындайды;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша өзгертілді

4-1) аттестатталған сарапшылардың тізілімі - жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері аттестаттаған және:

объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптама бойынша жұмыстар жүргізу;

үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау;

тапсырыс берушінің атынан жобаларды басқару, техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызметтер көрсету құқығы берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып отыратын бірыңғай тізімі;

5) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5-1) аумақтық көліктік жоспарлау - аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды да қамтиды;

6) аяқталмаған құрылыс - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) бірегей құрылыс объектісі - осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын үйлер, ғимараттар және олардың кешендері;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады;

7) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдік-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы - елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тыс жерде орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) елді мекеннің аумағы - қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекара (ішкі аумағы) шегіндегі кеңістік;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) елді мекеннің бас жоспары - аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-1) тармақша жаңа редакцияда

9-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9-2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар - халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9-3) жасыл екпелер - елді мекендердің аумақтарында қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдік екпелері;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9-4) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы;

10) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;

12) жобалау алдындағы құжаттама - қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама;

13) жобалау құжаттамасы:

аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендіруді, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды);

қала құрылысының жобаларын - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды;

құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулерді қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

сәулеттік түпкі ойы бар сәулет жобасын - жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке жобасын немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектісіне арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бір бөлігін қамтиды;

14) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы - объектінің құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүддесін білдіретін жобаларды сараптаудың міндетті нысаны;

15) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

16) жобалар сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұратын сараптамалық қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді:

үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтиды);

барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не осы ұйымдар жобаның құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын орындау үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша тартқан сарапшылар;

 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

16-2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды

16-3) жобаны басқару - салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;

17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

18) инженерлік инфрақұрылым - адамдардың тіршілік етуі, сондай-ақ өндірістің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызатын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желілерінің жиынтығы;

18-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды

18-2) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіптік немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;

19) көлік инфрақұрылымы - көпір, тоннель және өзге де көлік құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткізгіштерінің, реттеуші белгі беру құрылғыларының, байланыстың, көлік жұмысының инженерлік қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қызмет көрсету, өндірістік және қызмет көрсетуші адамдардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлік объектілерін қамтитын объектілерге заңдарда бекітілген жерлердің кешені бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдарының, су (теңіз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 19-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-2) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді;

20) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

21) қалалық аймақтарға бөлу - елді мекеннің аумағын олардың функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар);

22) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі;

23) қала құрылысы кадастрының есептеу бірліктері - тұтастай Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елді мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтері;

24) қала құрылысының кеңістігі - адамның (ел, аймақ, елді мекен, елді мекен бөлігі халқының) мекендейтін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi - қала құрылысы) - қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;

26) қала құрылысының регламенттері - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда).

Қала құрылысының регламенттері мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленеді. Қала құрылысы регламенттерінің қолданылуы олар үшін белгіленген мерзім шегінде шектеледі;

27) қала құрылысын реттеу аумағы - шегінде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

28) қаупі ықтимал құрылыс объектiлерi - өзінің функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар туындау, жобалануы, салынуы және пайдаланылуы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілетін басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзу қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;

29) қонысаралық аумақтар - елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс жатқан аумақтар;

30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-1) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі - кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің, үлгілік жобалардың және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың электрондық архиві;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 30-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 30-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-2) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан əрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік жəне көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:

республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттер қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға жəне квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын қоса қаржыландыруға жəне (немесе) төлеуге бағытталған республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты да мемлекеттік инвестицияларға жатады;

31) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

32) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол:

жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;

қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын;

үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;

желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;

сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;

конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;

автомобиль және темір жол құрылысын;

технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

32-1) құрылыс объектісі - құрылыс қызметінің түпкі нəтижесі болып табылатын ғимарат, құрылыс жəне олардың кешендері, коммуникациялары;

33) құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;

34) құрылыс өнімінің сапасы (объектінің сапасы) - қызметтің (пайдалануға берудің, пайдаланудың, қолданудың) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) және тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларға жеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы;

35) құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс салу шекарасы;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 35-1), 35-2) және 35-3) тармақшалармен толықтырылды

35-1) құрылыстағы баға белгілеу - құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;

35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі;

35-3) құрылыстың сметалық құны - сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

36) қызыл сызық - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;

36-1) 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

37) макет - жоспарланып отырған аумақтардың, жобаланып отырған объектілердің, олардың жекелеген элементтерінің, сондай-ақ үй-жайлар интерьерлерінің кеңістіктегі өлшемдестігін немесе құрылыстардың ішкі кеңістігін белгілеу мақсатында көлемді нысандағы (түгелдей көрсете отырып немесе шартты түрде) масштабқа қатаң сәйкес келетін етіп орындалған иллюстрациялық (көрнекі) материал. Макет ретінде компьютерлік кеңістіктік модельдеудің бейнематериалдары пайдаланылуы мүмкін;

38) мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;

39) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

40) нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі;

40-1) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі;

42) объектіні кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;

43) объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі;

44) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:

жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;

жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;

жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;

44-2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;

2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 44-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

44-4) реновациялау - адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектілерінің пайдаланылу жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ осындай объектілерді реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін бұза отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу, тұрғызу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін жаңарту жөніндегі шаралардың кешені;

45) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) салынып жатқан объектілерді консервациялау - құрылысы аяқталмаған объект конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының оны салудың уақытша тоқтатылуы кезеңінде сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;

47) санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 47-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 47-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47-1) сараптама қорытындысы - мемлекеттік сараптама ұйымының, сараптама ұйымының немесе айрықша индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының объектілерді салу жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың жəне рұқсат беру құжаттарының (материалдардың, деректердің) шарттарына қабылданған шешімдердің сəйкестігіне (сəйкессіздігіне) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, сондай-ақ қабылданған шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы регламенттерінің жəне техникалық регламенттердің талаптарын, сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы мемлекеттік жəне мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сметалық нормалары мен ережелерін сақтау нəтижесі болып табылатын құжаты;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 47-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

47-2) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан əрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын бірыңғай коммерциялық емес ұйым;

48) сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

49-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілім (бұдан әрі - автоматтандырылған тізілім) - мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, осы Заңға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйенің компоненті;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);

51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) - Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде қолданылатын, мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттардың, ережелердің және басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

51-1) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;

52) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

53) сәулет қызметі (бұдан әрі - сәулет) - объектінің сыртқы және ішкі келбетін жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалау жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;

54) сәулет объектілері - әзірленуіне сәулетшінің қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негізінде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешені, олардың экстерьерлері және (немесе) интерьерлері, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерінің элементтері;

55) сәулет (қала құрылысы) туындысы - қандай да бір сәулет объектісін жасауға немесе қала құрылысы кеңістігін қалыптастыруға бағытталған, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет немесе нобай нысанында белгіленген авторлық ойды қоса алғанда, жеке тұлғалардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық процестің нәтижесі болып табылатын авторлық құқық және автордың (авторлардың) зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ нақты іске асырылған жоба (жобаның бөлігі);

56) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерінің жиілігі жеті және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 56-1), 56-2) тармақшалармен толықтырылды

56-1) сметалық нормалар - қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы;

56-2) сметалық-нормативтік база - материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 56-3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)

56-3) тапсырыс беруші - қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;

57) техногендік әсер ету - халыққа, елді мекендерге не қонысаралық аумақтарға, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін төндірмей немесе қатер төндіре отырып, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауіпті) әсер ету;

58) техногендік зілзалалар - шаруашылық қызметпен байланысты және:

өнеркәсіп, көлік аварияларын және басқа да аварияларды;

өрт, жарылыстар немесе жарылыс қатерін;

биологиялық, химиялық қауіпті немесе радиоактивті заттардың шығарылуын немесе шығарылу қатерін;

үйлердің немесе ғимараттардың, коммуникациялардың кенеттен құлап түсуін;

гидротехникалық немесе тазарту құрылыстарының опырылуын;

электр энергетикасы және коммуникация жүйелеріндегі аварияларды туғызатын тұтқиыл факторлар;

59) техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

60) үй - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;

61) үйлердің (ғимараттардың) инженерлік жабдықтары - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндіріс процестерін инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды

61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 61-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

61-2) үлгілік жоба - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, жобалау кезінде одан әрі бірнеше рет қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 61-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 61-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

62) экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:

құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы);

атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы);

гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі);

биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты.

Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердi:

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк мүдделердi - тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс

Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына Ұлттық кеңістіктік деректер қорын пайдалану;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;

2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, реновациялау және күрделi жөндеу;

5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;

6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;

7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;

8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;

2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды

10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.

 

4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi

Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.

Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғаларға, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының аумағында орындау құқығы заңдарда белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi

Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағы;

2) облыстардың, аудандардың аумақтары;

3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;

4) функционалдық аймақтар;

5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар;

7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:

1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);

2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);

3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);

4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.

 

6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:

1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;

2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді.

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:

1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;

4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;

5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;

6) қала маңындағы аймақтар;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) агломерациялар аумақтары;

7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.

3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;

2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;

3) курорттық қалалар мен кенттер;

4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) әскери қалашықтар, шекара бөлімшелері және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;

6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.

4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;

2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi;

3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;

2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, болуына және жұмыс істеуіне арналған ғимараттар мен құрылысжайлар жатады.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.

 

 

2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және

тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың:

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және аталған жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес елді мекеннің (қоныстың) аумағы шегінде осы жергілікті жерге қатысты мекендеу мен тіршілік етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;

2) демалу мақсаттарына арналған және тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткізу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелердi орналастыру мүмкiндiгi бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлiнше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.

Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде қорғалатын ландшафтық объектiлер мен (немесе) тарихи және мәдени құндылықтарға жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.

8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде заңдарда белгiленген талаптарды қамтамасыз ету ережелерiне негiзделуге тиiс.

Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттік нормативтермен реттелетiн жобалау құжаттамасында көрiнiс табуға тиiс.

2. Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтiк құжаттар) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларына халықты, елдi мекендердi және қонысаралық аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғау жөніндегi шаралар туралы бөлiмдердi қамту мiндеттілігiн көздеуге тиiс.

3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендiк сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елдi мекендер мен аумақтар халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегi кешендi жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

4. Табиғи, техногендiк, антропогендiк сипаттағы әсерлерге ұшыраған елдi мекендерде болып өткен қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестер мониторингiнiң нәтижелері мемлекеттік қала құрылысы кадастрында базалық деңгейде көрсетiледi.

 

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi оның қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген объектілердің жіктелуіне сәйкес жүзеге асырылуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды көздеуге тиiс.

Аталған iс-шаралар әсер етудiң осы түрi үшiн заңдарда белгiленген нормативтерге және (немесе) мүмкiн болатын шектi деңгейге (жүктемеге) сәйкес қарастырылады және орындалады.

2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi жобалау құжаттамасының белгiленген тәртiппен бекітілген талаптарын (шарттарды, шектеулердi) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.

Экологиялық апат аймақтары деп жарияланған өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Аумақтарда қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларында, аумақты дамытудың аймақаралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану, сондай-ақ экологиялық апат және төтенше жағдайлар аймақтарын оңалту шаралары ескерілуге тиіс.

Елді мекендердің бас жоспарларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында және өзге де қала құрылысы құжаттамасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдармен келісілген жобалардың болуы көрсетіле отырып, жоспарланатын аумақтарда бар су қорғау аймақтары мен белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәліметтер болуға тиіс.

Жоспарланатын аумақ үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің қолданыстағы жобалары болмаған жағдайда, аталған қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған тапсырмада бұрын болмаған су қорғау құжаттамасын ауыстыратын арнайы бөлімнің міндеттілігі көзделуге тиіс.

4. Аумақтың және (немесе) объектiнiң жол берiлетiн концентрациялар шегiнен тыс зиянды химиялық, биологиялық заттармен, жол берiлетiн шектi деңгейден тыс радиоактивтi заттармен ластану салдарынан аумақта бұрын туындаған не күтіліп отырған (болжанып отырған), адам өмiрi мен денсаулығына төнетiн қауiп болған жағдайда, қала құрылысы құжаттамасында жобаның мұндай көздердi құрту (жою) жөніндегi шараларды, ластанған аумақтарды (объектiлердi) оңалтудың кешендi шараларын жүргiзе отырып, оларды тоқтатып қоюды, сондай-ақ азаматтардың (халықтың) қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аумақты және объектiнi (объектiлердi) пайдаланудың ерекше режимiн енгізу мүмкiндiгiн көздейтiн жобаның арнаулы бөлiмдерi (бөлiктерi) болуға тиiс.

 

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуге тиіс.

Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалау құжаттамасында көрсетілуге тиіс.

2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.

Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерiн) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.

3. Елді мекендер мен аумақтар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жобалау құжаттамасымен қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғалары және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеті мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қала құрылысының кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.

5. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың бөлімдерінде (бөліктерінде) құжаттардың мынадай түрлері қамтылады:

1) кешенді схемалардың, бас жоспарлардың көліктік бөлімдерін әзірлеу үшін негіздейтін материалдар (жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар, кешенді көліктік схемалар, зерттеулер мен болжамдар) - көлік жүйелерінің жұмысын, жол-көлік оқиғаларының ошақтары мен себептерін зерттеуді, бұрын әзірленген жобалық шешімдерді күтілетін авариялық деңгейі бойынша бағалауды орындайды, көлік жүктемесін қайта бөлу, көше-жол желісін қайта сыныптау, көше-жол желісінің жаңа учаскелерін салу, жол жүрісін шектеу есебінен жол-көлік оқиғаларын азайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) кешенді көлік схемасы - жеке және қоғамдық көлік арасындағы көлік жұмысының көлемдерін бөлуді орындайды, көше-жол желілерін және қоғамдық көлік желілерін, көшеден тыс жылдамдық қозғалысының желілерін дамыту бойынша кешенді шешімдер ұсынады;

3) көше-жол желісінің бас схемасы - аумақтық жоспарлау құжаттарына (аумақтық жоспарлау схемаларына және бас жоспарларға) сәйкес тиімді әрі қауіпсіз көше-жол желісін дамыту міндеттерін іске асырудың қаржылық-экономикалық аспектілерін белгілейді;

4) көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы - магистральдық көше-жол желісінің берілген құрылымын іске асырады, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шартымен көшелердің, жолдар мен тораптық элементтердің, көлденең және бойлық қималардың, тораптардағы жол жүрісі схемаларының орналасатын жерлерін айқындайды. Көшелер мен жолдарды орналастыру үшін қажетті аумақтарды айқындайды;

5) жолдарды жоспарлау жобасы - жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, бөлінген жерлердің (қызыл сызықтардың), резервке қалдырылған аумақтардың шегінде көшелер мен жолдардың негізгі элементтерінің орналасатын жерлерін айқындайды;

6) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы - көше-жол желісін ұйымдастырудың қабылданған жобасы мен көшелерді жоспарлаудың қабылданған жобалары шеңберінде жол жүрісін ұйымдастыру жүйесін қоғамдық көліктің жол жүрісімен өзара байланыстыра отырып, айқындайды.

6. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру үш сатыда жүзеге асырылады:

бірінші сатыда ағымдағы көлік жағдайына зерттеулер жүргізіледі, көлік жағдайының ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзгеру болжамдары орындалады, аумақтың көлік тірегін дамыту мүмкіндіктеріне баға беріледі және бірінші кезегін бөліп көрсете отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастырылады. Бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар қалалар, көлік жағдайы күрделі басқа да қалалар үшін кешенді көлік схемалары әзірленеді;

екінші сатыда зерттеу нәтижелері, тұжырымдамалық ұсыныстар және кешенді көлік схемалары негіздейтін материалдар ретінде ресімделеді және Қазақстан Республикасының және жекелеген өңірлердің (облыстың немесе оның қандай да бір бөлігінің) аумағын аумақтық жоспарлау схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу шеңберінде қаралады. Аумақтық жоспарлау схемаларының және бас жоспарлардың басқа да материалдарымен өзара байланыстырылған жол жүрісін ұйымдастырудың бас схемалары көрсетілген құжаттарды әзірлеудің нәтижесі болып табылады;

үшінші сатыда жол жүрісін ұйымдастыру бас схемаларының негізінде жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемалары әзірленеді.

7. Көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы бас жоспар (аумақтық жоспарлау құжаты), жолдарды жоспарлау жобасы мен жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы арасындағы өзара байланыстырушы буын болып табылады.

8. Жолдарды жоспарлау жобасы жекелеген тораптарда жол жүрісін ұйымдастыру жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.

2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау мынадай:

жол жүрісі қарқындылығының ұлғаю перспективасын ескере отырып, жолдардың қажетті өткізу қабілетін;

жолдарды интеллектуалды көлік жүйелерімен;

қоғамдық көліктің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жүру үшін жекелеген жолақтарды бөлу арқылы;

велосипедтердің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жекелеген велосипед жүретін жолақтарды не велосипед жолдарын бөлу арқылы;

жолдарды трасса бойындағы медициналық-құтқару пункттерімен жарақтандыруды;

жаяу жүргіншілер өткелдерімен;

электрқуаттау станцияларымен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналасқан құрылысжайды, ғимаратты жобалау және салу кезінде тапсырыс беруші:

талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуді;

байланыс құралдарын орналастыру мен қосу мақсатында байланыс операторларына арналған микроклиматты басқару жүйесі (желдету, кондиционерлеу және басқалары) бар жеке үй-жаймен қамтамасыз етеді.

Осындай құрылысжайлар мен ғимараттардың меншік иелері байланыс операторларының тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

 

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөніндегі талаптар

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру заңдарда белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткіштері мен қорғалатын ландшафтық объектiлер деп танылған аумақтар мен объектiлердiң сақталу талаптарына негiзделуге тиiс.

2. Тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда ерекше реттелетiн шекара белгiленедi, оның шегiнде сәулет, Қала құрылысы және Құрылыс қызметін жүргiзуге тыйым салынады немесе шек қойылады.

3. Аталған аймақтар шегіндегі жердi пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткізуге жағдай жасау

1. Елдi мекендер не оның бiр бөлігiн жоспарлау және салу жөніндегі қала құрылысы құжаттамасында (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтiк, өндiрiстiк, рекреациялық, инженерлiк және көлік инфрақұрылымдарының құрамы мен құрылымы анықталуға, сондай-ақ:

1) қоныстандыру түрiн (рөлiн) ескере отырып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлiк жағынан дайындау қажеттi сервитуттар;

2) аумақта кешендi құрылыс салу;

3) халықтың әлеуметтiк, демографиялық және кәсiптiк түрлi топтарының мүдделерiн ескеру;

4) нормативтiк талаптарды (шектеулердi, шарттарды) сақтау;

5) қызмет көрсету саласында бәсекелестiк ортаны дамыту көзделуге тиiс.

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткізуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Елдi мекендерге арналған қала құрылысы құжаттамаларында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдай жасау жөніндегі бөлiмдер мазмұндалуға тиiс.

4. Мемлекеттік нормативтермен белгiленген қызмет көрсету деңгейiн төмендетуге әкеп соғатын халыққа қызмет көрсету объектiлерi мәнiнiң өзгертiлуiне жол берiлмейдi.

5. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу, елдi мекендердi жобалау мен салу кезiнде елдi мекеннiң жоспарлық құрылымымен өзара байланыстырылған және оның барлық қызмет ету аймақтарымен (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), сондай-ақ сыртқы көлік объектiлерiмен байланысты қамтамасыз ететiн көлiк коммуникацияларының және көше-жол торабының бiрыңғай жүйесi көзделуге тиiс.

6. Қонысаралық аумақтарды игеруге (абаттандыруға, құрылыс салуға) арналған жобалау құжаттамасында адамдардың келуiмен байланысты кейiннен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында осы аумақта, инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн тұрақты және қол жеткiзiлетiн жүйе көзделуге тиiс.

7. Инженерлiк инфрақұрылымның магистральды коммуникацияларының, басты ғимараттарының жобалау құжаттамасын әзiрлеу, салу, пайдалану және кейiннен кәдеге жарату кезiнде, сондай-ақ аумақтарды инженерлiк жағынан дайындау жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектес аумақтардың мүдделерiн ескеретiн және аумақ пен халыққа қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң әсер ету мүмкiндiгiн болғызбайтын шешiмдер қабылдануға тиiс.

8. Республикалық, аймақаралық және аймақтық инженерлiк және көлiк жүйелерiнiң бекітілген схемалары жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеуге, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету мен елдi мекендердi жайғастыру жүйесiн дамытуға бағытталған қызметке негiз болып табылады.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Жер учаскелерін пайдалану кезінде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету

Меншік иелерінің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшін (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскені жайғастырудың басқа да түрлерін қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту жəне реконструкциялау үшін жер учаскелерін пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер жер учаскесі елді мекендердің жаңа бас жоспарын бекітуге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізуге байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жататын болса, меншік иесі немесе жер пайдаланушы осы жер учаскесін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғанға дейін елді мекендердің жаңа бас жоспары бекітілгенге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған қала құрылысы талаптарына сəйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.

 

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы

1. Қол жеткiзiлуi заң тәртібімен шектелген немесе мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздерi мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнде белгiленiп отырған болжамды өзгерістерi туралы толық, уақтылы және сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті аудандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады.

3. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекітілгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк органдар жобаланатын объектілер, тiршiлiк ортасының және тiршiлiк ету әрекетінің жай-күйi және мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, оған көзделіп отырған өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

5. Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:

1) тiкелей қатысу;

2) өкілдiгi нысанында;

3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.

6. Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың:

1) заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен күшiн жоюға;

2) заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен шектеу енгізуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ жобалар сараптамасының қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттік нормативтердi бұзудың өзге де фактілері бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.

 

 

3-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

 

14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен:

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) қала құрылысы регламенттерi, сервитуттар немесе өзге де нормативтiк талаптар (шарттар, шектеулер) шегiнде меншiкке сатып алынған не иеленуге, пайдалануға берiлген жер учаскелерiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.

 

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық

1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi.

2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.

3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:

1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;

2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;

3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.

4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.

Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөніндегі мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.

5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:

1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.

6. Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi:

1) қызметiн заңдарға және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өздерiнiң меншiгіндегі (иелiгіндегі, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қолжетімділігін, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға қолжетімділігін көздеуге міндетті.

Тұрғын үй құрылысы шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілері жанында қойылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдары үшін орындар көздеуге міндетті.

 

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;

2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекітілген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) егжей-тегжей жоспарлау жобасының немесе құрылыс салу жобаларының елді мекеннің бекітілген бас жоспарынан ауытқуы жəне оған сəйкес келмеуі;

3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртібінен ауытқу;

4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;

4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) осы заңда мiндеттілігi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;

7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);

8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптілігi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

9) объектіні жобалау, сараптау, салу және кейіннен пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық өндірістің материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолданбау;

10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртібін бұзу;

11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерістер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12) тармақша өзгертілді

12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектігі бар адамдар мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.

2. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.

3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактілері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ осы Заңның 69-бабына сәйкес белгiленедi.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар, сондай-ақ қала құрылысы жобасында бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттер талаптарының, сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы мемлекеттік жəне мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің бұзылуы анықталған жағдайда және анықталған бұзушылықтар сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде жойылмаған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, қала құрылысы жобаларын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Сараптаманың теріс қорытындысы (сарапшылардың айғақтары) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады.

Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы мемлекеттік жəне мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Қала құрылысы жобасында қолданыстағы нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде қала құрылысы жобасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ қала құрылысы жобасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы және мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Анықталған бұзушылықтар және сарапшылардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулер беруге жол берілмейді.

Азаматтық істер, əкімшілік істер, қылмыстық істер, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігін жəне (немесе) дұрыстығын бұзу тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен сот сараптамасымен расталады.

Сот сараптамасы құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізсіз көтерілгендігін растаған жағдайда жобалау құжаттамасын (жобалау-сметалық құжаттаманы) əзірлеген жəне жобаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттерінің жəне техникалық регламенттердің талаптары, мемлекеттік жəне мемлекет-аралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелері бұзылып келісілген жəне берілген сəулет-жоспарлау тапсырмасы, келісілген эскиздік жоба, сондай-ақ жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен кері қайтарып алынуға не күшін жоюға жатады.

 

 

4-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару

 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 301.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

18-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лауазымды адамдар мен мемлекеттік басқару органдары

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын лауазымды адамдар мен мемлекеттік басқару органдары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады.

 

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында:

1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеуді орталық атқарушы органдарға тапсырады, өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін, республикалық маңызы бар қала құрылысы регламенттерін, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, сондай-ақ республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетін қала құрылысының аумақтары мен объектілерінің схемалары мен жобаларын қоса, оның негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;

3-1) - 3-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетiн қала құрылысының аумақтары мен объектiлерiнiң шекарасын белгiлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді

5) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет-құрылыс құжаттамаларын қоспағанда, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын (негізгі ережелерін қоса алғанда), жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді бекітеді;

6) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) жалпы мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар объектiлердi жобалау және салу туралы шешiмдер қабылдайды;

9) - 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілер шығарады;

14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

15) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15-2) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) - 19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

21) Қазақстан Республикасының шетелдегі объектілері мен кешендерін салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды;

22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

24) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органның құзыретiне:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

1-1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды

1-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

1-4) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-5) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы әлеуетін басымдықпен пайдалану туралы заңнамалық актілер талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3 - 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6-1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылды

6-2) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

6-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 6-4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-4) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

6-5) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-6) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру;

6-7) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды

6-8) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

8) 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық ету;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда

11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылды; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-3) тармақша жаңа редакцияда

11-3) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

11-4) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-5) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-6) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;

11-7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылды

11-8) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-9) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11-10) тармақшамен толықтырылды

11-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 11-11) тармақшамен толықтырылды

11-11) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-12) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11-12) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама және қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 11-13), 11-14), 11-15) және 11-16) тармақшалармен толықтырылды

11-13) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;

11-14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

11-15) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасының - егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, дамыту және құрылыс салу схемаларының) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

11-16) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-3) және 12-4) тармақшалармен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға жəне палатаға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

12-4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

12-5) мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысанын бекіту;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-1) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-2) қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

17) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

19) техникалық регламенттердi әзiрлеу;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

19-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

20) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

22) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 22-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

23) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-1) - 23-17) тармақшалармен толықтырылды

23-1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсетудің қағидаларын бекіту;

23-3) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту;

23-4) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23-5) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;

23-6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту;

23-7) техникалық регламенттерді бекіту;

23-8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту;

23-9) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту;

23-10) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23-11) құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту;

23-12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау және іс-қимылдарын үйлестіру;

23-13) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-14) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекiту;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 23-15) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

23-15) қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 23-16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, олардың күшін жою);

23-17) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-18) тармақшамен толықтырылды

23-18) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-19) тармақшамен толықтырылды

23-19) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-20) тармақшамен толықтырылды

23-20) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-21) тармақшамен толықтырылды

23-21) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-22) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-22) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-23) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-23) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-24) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-25) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-25) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-26) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-26) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-27) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-27) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 23-28) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

23-28) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 23-29) тармақшамен толықтырылды; 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 23-29) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23-29) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 23-30) тармақшамен толықтырылды

23-30) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 23-31) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

23-31) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) жатады.

Оларды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

1. Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) облыс әкiмдiгi ұсынатын ведомстволық бағыныстағы әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер аумағының қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының) кешендi схемаларын бекiту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;

4) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4-1) облыс әкімдігі ұсынатын, облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту кіреді.

5) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

22-бап. Қалалық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-1) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) қала әкімдігі ұсынатын қаланы абаттандыру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидаларын бекiту;

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-1) қала әкімдігі ұсынатын, қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) қала әкімдігі ұсынатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережелерін бекіту;

4) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін қорғаудың және күтіп-ұстаудың аумақтық қағидаларын белгілеу кіреді.

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту кіреді.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1- тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қаланың бас жоспарының жобасын мақұлдау;

2) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекіту;

2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту кіреді.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қаланың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда), заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту кiредi.

1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) қала әкiмдiгі ұсынатын қарамағындағы аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлер мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп ұстаудың аумақтық ережелерiн бекіту кiредi.

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

23-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

24-бап. Облыс әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Облыс әкiмдiктерiнiң облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-2) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

 2-3) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлiк коммуникацияларды, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау және күтiп-ұстау қағидаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-1) облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

4) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;

5) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгіндегі бас жоспарларының жобаларына келісім беру;

6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;

7) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін, кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;

10-1) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) облыстық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

13) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

15) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді

17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;

17-2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды

17-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды

17-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-5) тармақшамен толықтырылды

17-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-6) тармақшамен толықтырылды

17-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-7) тармақшамен толықтырылды

17-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

17-8) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 17-9) тармақшамен толықтырылды

17-9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 17-10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

17-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 17-11) тармақшамен толықтырылды

17-11) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;

2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 17-12 тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

17-12) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын астананың немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігіне келісуге енгізу;

18) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

2. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25- бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертілді

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қалалар құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қалалар құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі бас жоспарларды) қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екендігін (мүмкін емес екендігін) айқындау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) ведомстволық бағынысты аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң қалалық қағидаларын қалалық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

8) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

10) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру;

10-1) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдау;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) қалалық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

13) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

15) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

17) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді

18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;

18-2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды

18-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-4) тармақшамен толықтырылды

18-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-5) тармақшамен толықтырылды

18-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-6) тармақшамен толықтырылды

18-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-7) тармақшамен толықтырылды

18-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

18-8) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 18-9) тармақшамен толықтырылды

18-9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 18-10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

18-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 18-11) тармақшамен толықтырылды

18-11) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;

2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 18-12) тармақшамен толықтырылды

18-12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;

19) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді))

21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Астана әкімдігінің қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа:

1) - 2-1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) реконструкцияланатын объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асыру жатады.

2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қала маңындағы аймақ шегінде жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын мемлекеттік қала құрылысы саясатын тұжырымдауға қатысу;

2) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу;

3) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын:

елді мекен халқының жобалық санын айқындау;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

халықты ауызсу көздерімен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлігінде келісу жатады.

2. Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;

2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;

 7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;

2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге енгізу;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;

2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;

 7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 26-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26- бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

26-бап. Аудан әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

1. Аудан әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10) тармақша өзгерді

10) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

16) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

16-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27-бап жана редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана):

сәулет және қала құрылысы;

құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):

сәулет және қала құрылысы;

құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қалалар құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.

 

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды

4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-1-бап өзгертілді

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері

Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.

Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.

 

27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін жобалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Құрылысжайларды жобалау кезінде терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көзделетін бұзушылықтар және рұқсат етілмейтін құрылыс кезіндегі адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендірілуге және ескерілуге тиіс.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс салушы терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуін ескере отырып, жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ғимарат құрылысын жүргізудің түрлі сатыларында олардың орындалуына бақылау және қадағалау жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектілерден белгіленген нормаларға сәйкес қажетті арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиіс.

5. Тапсырыс берушілер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердігерлігінің шартын жасасу кезінде онда техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиіс.

6. Қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектілерінде тапсырыс беруші және мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін болғызбауға міндетті.

7. Ғимараттарды жобалау және салу кезінде мынадай құбылыстарға:

1) ғимараттың тұтастай немесе оның бір бөлігінің опырылып құлауына;

2) жол берілмейтін шамада бүлінуіне;

3) көтергіш элементтердің айтарлықтай бүлінуі салдарынан құрылыстың басқа бөліктерінің немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;

4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелерді есепке алу қажет.

8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:

1) белгілі бір мерзім ішінде көтергіш элементтердің беріктігі қамтамасыз етілетіндей;

2) ғимарат ішінде өрт пен түтіннің пайда болуын және таралуын шектейтіндей;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) адамдарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын авариялық шығу жолдары арқылы дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;

4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауіпсіз кіре алатындай етіп жобалануға және салынуға тиіс.

9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшін, атап айтқанда:

1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлінуі;

2) ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;

3) қауіпті радиацияның сәуле шығаруы;

4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;

5) судың, түтіннің немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлінуі арқылы бұзылуы;

6) ғимарат бөліктерінде немесе ғимараттың ішкі беттерінде ылғалдың болуы салдарынан қауіп төндірмейтіндей болып жобалануға және салынуға тиіс.

10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелін тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиіс.

11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмірі мен денсаулығы үшін жол беруге болмайтын тәуекелді болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиіс.

12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажетті энергияны тұтыну жергілікті климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бірақ адам денсаулығына зиян келтірілмейтіндей етіп жобалануға және салынуға тиіс.

 

27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары

Құрылыс материалдары міндетті қауіпсіздік талаптарының кешенін, оның ішінде экономикалық аспектілер тұрғысынан пайдалануға жарамды етіп ғимараттар салуға мүмкіндік беретін радиациялық және химиялық қауіпсіздік нормаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуге тиіс және оларды пайдалану осы Заңның 27-2-бабында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 27-4-баппен толықтырылды

27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Инженерлік ізденістер нәтижелері дұрыс болуға және құрылыс объектісі параметрлерінің жобалық мәндерін және басқа жобалық сипаттамаларын, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шараларды белгілеу үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.

Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есептік деректер инженерлік ізденістерді орындаушы адаммен негізделуге және объектінің құрылысы мен оны пайдалану процесінде олардың мәнінің өзгеруі туралы болжамды қамтуы тиіс.

Сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының сапасына талдау жəне бағалау жүргізген кезде инженерлік ізденістердің өзектілігін жəне осы нəтижелерді жасаудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістер өндірісінің толықтығына, құрамына, көлеміне, əдістері мен технологияларына сəйкестігін тексеруге міндетті.

2. Объект параметрлері жобалық мәндерінің және басқа да сипаттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шаралар осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс.

Талаптар болмаған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық мәндерінің және сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалау іс-шаралары:

1) зерттеулер нәтижелері;

2) сертификатталған немесе сынамаланған өзге де әдістемелер тәсілдері бойынша орындалған есептер және (немесе) сынақтар;

3) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар және (немесе) техногендік әсерлердің туындауын, оның ішінде қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің қолайсыз ұштасуы кезінде сценарийлерді модельдеу;

4) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің туындау тәуекелдерін бағалау секілді бір немесе бірнеше тәсілдермен негізделуге тиіс.

Негіздеген кезде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуі тиіс.

 

 

5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесi:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметін ұйымдастыруға және өзара қарым-қатынастарын реттеуге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді:

мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;

объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн, коммуникацияларды) жобалау және салу жөнiндегi техникалық регламенттердi;

мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау нормативтерiн;

құрылыстағы өзге де мемлекеттiк бақылау органдарының ведомстволық нормативтерiн;

құрылыста басшылыққа алынатын құжаттарды;

2) техникалық регламенттердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың) талаптарына сәйкес өнімдердің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттарды:

құрылыс нормалары;

құрылыс нормалары және қағидалары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қолдану мерзімімен қосарлас кезеңге қолданылу кезеңіне);

технологиялық карталар;

құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) ерікті түрде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарды:

жобалау және құрылыс салу жөніндегі қағидалар жинағын;

нормативтік-техникалық оқу құралдары;

технологиялық жобалау нормалары;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды;

техникалық регламенттердің және құрылыс нормаларының міндетті талаптарын дамытуға және қамтамасыз етуге тәжірибемен тексерілген ережелерді белгілейтін немесе міндетті нормалармен регламенттелмеген жекелеген дербес мәселелер бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.

3. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға сәйкес қолданысқа енгiзiлген:

1) мемлекетаралық құрылыс нормаларын;

2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;

3) жобалау және құрылыс жөнiндегi қағидалардың мемлекетаралық жинағын қамтиды.

4. Мыналар:

1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;

2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiктерi;

3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;

4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;

5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк нормалау объектiлерi болып табылады.

5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттiк басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жауаптылықта болады.

6. Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдардың келiсiмі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:

1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;

2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;

3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;

4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;

5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;

6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) құрылыстағы баға белгiлеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;

9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;

11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы:

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар;

кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдері;

құрылыс конструкциялары мен бұйымдары;

құрылыс материалдары;

жұмыс жүргізу технологиялары;

құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесінің ақпараттық жүйесін білдіреді.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Алматы қаласының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.

2. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумақтары мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөнiндегi шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, қазіргі барларын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.

Бұл ереже осының алдындағы қолданыстағы ережелерге жаңа талаптардың енгiзілуіне байланысты адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.

Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайлар мен үй-жайларға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.

 

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды:

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау жəне қадағалау жəне мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау жəне қадағалау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау жəне қадағалау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;

2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзірлеушілер жүзеге асырады.

5) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қадағалау мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау жəне қадағалау органының осы Заңның 31-3-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын қадағалау субъектілерінің сақтауын əкімшілік іс жүргізуді қозғамай тексеру жөніндегі қызметі болып табылады.

Мыналар:

1) сəулет, қала құрылысы, құрылыс жəне мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі;

2) Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті жеке жəне заңды тұлғалар қадағалау субъектілері болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде бақылау мен қадағалау мыналарды:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) құрылыс өнімін сертификаттау бөлігінде - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) құрылыс өнімін стандарттау бөлігінде - стандарттау саласындағы уәкілетті органды;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi органды;

3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді

4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды.

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;

2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.

4. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi мен сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының (қызметтерiнiң, лауазымды адамдарының) арасындағы өзара талаптар мен даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы

1. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мыналарды:

1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) ұлттық стандарттарға, техникалық регламенттер мен басқа да нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;

2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).

 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:

1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;

2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Сəулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

8. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

10. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына бұл жөнінде хабарлайды.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 31-2-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мынадай тәртіппен белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге құқылы:

1) өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар;

2) жасанды микроклиматтың арнайы құрылғылары және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілері;

3) әлеуметтік мәні бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және басқалар);

4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;

5) көліктік инфрақұрылым объектілері;

6) сумен жабдықтау және су бұру объектілері;

7) өзге де ғимараттар және құрылысжайлар.

Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржыландыратын объектілерге өзге тең жағдайларда басым тәртіппен барылады.

Салынып жатқан объектіде авариялық ахуал туындаған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары осы объектіге басым тәртіппен барады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 31-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

31-3-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолданады.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы бапта түрлері көзделген тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне қадағалау жүргізу барысында жəне (немесе) нəтижелері бойынша қолданылатын бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.

Жедел ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті хабарлама орындалмаған жағдайда қолданылады.

3. Жедел ден қою шарасы мынадай түрлерді қамтиды:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру;

2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;

3) Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасын жəне (немесе) мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу).

4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы құрылысты «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік нормативтердің жол берілген бұзушылықтарын жəне (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуларды белгілеу кезінде де жедел ден қою шараларын қолданады.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы тексеруді жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісін анықтаған кезде сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді.

7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады жəне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Тексеруді жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуы тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді.

10. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.

11. Тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықты жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданылуы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде тоқтатылады.

12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзу шылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

14. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

15. Жедел ден қою шараларын қолдану жəне оның күшін жою туралы қаулыны жарамсыз деп тану үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

3) мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

16. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 31-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау

1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісі туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша автоматтандырылған тізілім:

1) хабарламаның жасалған күні мен нөмірін;

2) мемлекеттік органның атауын;

3) бақылау мен қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісінің (объектісінің) атауын, оның орналасқан жерін;

4) анықталған бұзушылықтарды және оларды жою туралы талаптарды орындау мерзімі көрсетілген талаптарды;

5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жібереді.

3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.

Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасын орындамағаны үшін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бір жыл ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.

4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:

I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;

II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;

III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшін өтініш берген өтініш иелерінің және осы қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер болуы тиіс.

Жобалау жəне құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмыс істеуге жол берілмейді.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Өндірушілер не өзге де тұлғалар тиісті біліктіліктерін және (немесе) өкілеттіліктерін растайтын құжаттамаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырады.

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу

1. Аккредиттеуге:

жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттауды;

бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

2. Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген аттестаттау орталықтары берілген аттестаттар туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім

1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтер мен деректер енгізіледі.

2. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда

33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы

1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:

1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.

3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:

1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру жүктеледі.

4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

5) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту құқығы беріледі.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.

5-1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Мыналар:

2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;

2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Лауазымдық мiндеттерiне бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру кiретiн, сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.

Лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.

 

34-бап. Авторлық қадағалау

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгерді; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Объектiлердi салу барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;

2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

1) салынып жатқан тиісті объектіге еркін кіруге;

2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

3) авторлық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

4) тапсырыс берушіден және мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;

5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-3. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:

1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;

2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына негізделген өзгерістер енгізу жөнінде шешімдерді уақтылы қабылдауға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) нақты өлшемдерді жүргізе отырып, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

3. 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды

34-1-бап. Техникалық қадағалау

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге;

2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;

4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:

1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз етуге;

2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

3) объектіде осы Заңның 31-1-бабы 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етуге;

4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

5) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды белгіленген мерзімдерде орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7. Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.

Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

8. Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 34-2-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

34-2-бап. Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

1. Құрылысқа тапсырыс беруші:

1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;

3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;

4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Құрылысқа тапсырыс беруші:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;

2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;

3) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;

4) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;

5) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;

6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге;

7) техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жіберуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 34-3-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері

1. Мердігер (бас мердігер) тапсырыс берушіден:

1) жасалған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар ұсынуды;

2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.

2. Мердігер (бас мердігер):

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;

2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруға;

3) атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;

4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;

5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сауалы бойынша орындалып жатқан (орындалған) құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;

6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;

7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;

8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 34-4-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау

1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.

4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.

5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.

6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:

1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;

2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;

3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;

4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;

5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;

6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;

7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;

8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;

9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;

10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне;

2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына;

3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар.

9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар:

1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге;

3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға;

4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға;

5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті.

10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.

11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.

12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады.

14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;

2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда; 2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері жатады.

4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестатталуға тиіс.

3. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:

1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;

3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.

4. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының нұсқамалары

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де мiндеттi талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушiлiкке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерiне (субъектiлердiң атынан өкiлдiк ететiн жауапты адамдарға) нұсқама береді.

2. Нұсқамаларға қол қою құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ғана берiледi.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары заңдарға сәйкес берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.

 

 

2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы

7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

37-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.

2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерi:

1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;

2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;

3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;

4) инвестициялық қызметтi бағалау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7) табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтерді көрсетуі;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8) өңір аумағында объектілердің орналастырылуын мониторингтеу мен есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау кезінде пайдаланылуға тиіс.

3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланады.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

1) республикалық;

2) облыстық;

3) облыстағы аудандық;

4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.

 

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинау, өңдеу, сақтау және беру үшін Жерді қашықтан зондтау, жерүсті түсірілімдері мен байқаулар әдістері, қор деректері, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде алынған ақпарат қолданылады.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер берудің форматы және олардың деректерінің құрылымы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатта белгіленеді.

4. Төменгі деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрлары жоғары деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негізі болып табылады.

 

39-бап. 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мониторингi

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.

Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшiн:

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;

2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;

3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) жер, су кадастрларының және басқа да салалық кадастрлардың, тіркелімдердің және өзге де ақпараттандыру объектілерінің деректері;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің, квазимемлекеттік ұйымдардың деректері бастапқы ақпарат (мәлімет) көздері болып табылады.

 

 

8-тарау. Аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау

 

41-бап. Қала құрылысы регламенттерi

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді

1. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдаланудың қала құрылысы регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзген кезде олардың жай-күйiне енгiзiлген кез келген өзгерістер белгiленген мерзiм шегiнде қолданылып жүрген артықшылықтар берудiң, тыйым салулардың, шектеулер мен өзге де режимдердiң үлгiлерiмен, түрлерiмен және параметрлерiмен сипатталады.

Регламенттердiң көздерi заңдарда белгіленген тәртiппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы болып табылады.

2. Мемлекеттік қала құрылысы регламенттерiнiң сыныптағышы мен олардың көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi деңгейлерде белгiленедi.

3. Мемлекеттік қала құрылысының кадастрын жүргiзуге арналған қала құрылысы регламенттерiнiң жүйесi олардың мынадай үлгiлерiн:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктi функционалдық пайдалануды белгілеуді және (немесе) өзгертуді;

2) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) интенсивтілігiн;

3) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) балансын қамтамасыз етудi;

4) аумақ пен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсер етуiн қамтуға тиiс.

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктердi функционалдық пайдалануды белгiлеу және (немесе) өзгерту мемлекеттік регламенттердiң мынадай түрлерi:

1) аумақты функционалдық белгiлеу және (немесе) өзгерту;

2) жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттарды функционалдық белгiлеу;

3) бар үйлер мен ғимараттарды функционалдық пайдалануды өзгерту арқылы iске асырылады.

5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде аумақтар мен елдi мекендердi дамыту және жайғастыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:

1) игерiлетiн аумақтардың ауқымдары;

2) осы аумақ үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу, рұқсат беру мен шектеулер;

3) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумаққа түсетiн ауыртпалықтар;

4) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумақты немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту мен өзгерту режимдерi;

5) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң жоспарлы құрылымы мен сәулет келбетiн қалыптастыру;

6) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң әлеуметтiк, рекреациялық, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетiлдiру) арқылы көрiнiс табуға тиiс.

6. Аумақты және елдi мекендi дамыту балансы қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:

1) аумақтар мен объектiлердi дамытудың ресурстық жағдайлары;

2) аумақтар мен елдi мекендердiң ортаға байланысты жағдайлары;

3) халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң инженерлiк жағдайлары арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді

7. Аумақтар мен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:

1) экологиялық және санитариялық осал объектiлердi орналастыру;

2) техногендiк қауiп төндіретiн объектiлердi орналастыру;

3) қауiптi табиғи құбылыстар көздерiне қатысты адам мекендейтiн ортаны орналастыру;

4) санитариялық, өртке қарсы және өзге де мiндеттi талаптар;

5) инженерлiк және көлiк жағдайлары арқылы реттеледі.

8. Қала құрылысы регламенттерiнiң мәлiметтерi мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгiзiлуге тиiс.

42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы

1. Аумақты ұйымдастыру және оның кеңiстiгiне өндiргiш күштердi орналастыру Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасында қабылданған шешiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:

1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелеріне сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтiң, республикалық маңызы бар көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi ережелерін;

3) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) табиғи және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң немесе қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайлардың әсерiне ұшыраған ерекше қорғалатын аумақтарды, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдалану немесе пайдалануды шектеу түрлерін қамтиды.

5) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Бас схема:

1) өндiргiш күштердi жайғастыру және орналастыру жүйесiн мемлекеттік реттеудi қамтамасыз етедi;

2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесiн, мақсаты мен сипатын белгiлейдi;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру арқылы әлеуметтiк-экономикалық және шаруашылық даму жөніндегi өңіраралық және салааралық мемлекеттiк мүдделердi үйлестiредi.

4. Бас схеманың негiзгi ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.

5. Бас схеманы әзiрлеу және келiсу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 43-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

43-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:

1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;

2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды айқындайды.

5) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен тапсырысы бойынша әзiрленедi.

Агломерацияларды аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленеді және жергілікті агломерациялар кеңестерімен келісілуге жатады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

4. Тараптар бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде әзiрленген және мүдделi тараптар бекiткен аумақтық дамудың мемлекетаралық схемалары Қазақстан Республикасы мен шектес шет мемлекеттер аймақтарының аумақтарында өзара келісілген (үйлестiрiлген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн негiз болып табылады.

Аймақты дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзiрлеудi, келiсудi және бекітудi, сондай-ақ оларды iске асыруды қатысушы мемлекеттер тарапынан қолдау жөнiнде шаралар қолдану тәртібі халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.

44-бап. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жекелеген өңірлердің (облыстың немесе осы облыстың шекарасынан аумақтық тұрғыдан шықпайтын агломерациялар аумақтарын қоса алғанда, оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасы негiзiнде жүзеге асырылады.

Кешендi схемалар Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және тиiстi аумақтық дамудың аймақаралық схемасына сәйкес әзiрленедi.

2. Аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мемлекеттік қала құрылысы саясатының мақсаттарын сол аймақтың аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық, өндірiстiк-шаруашылық және табиғи-климаттық жағдайларды, оны аймақтарға бөлуді ескере отырып айқындайды, сондай-ақ:

1) жайластыру жүйелерiн жетiлдiрудiң;

2) елдi мекендердi, өндірiстiк, көлік, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың;

3) аумақтарды табиғи және антропогендiк, техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғаудың;

4) қала құрылысы құралдарымен және әдiстерiмен экологиялық жағдайды жақсартудың;

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектiлердi сақтаудың негiзгi бағыттарын белгiлейдi.

Аумақтарды пайдалануға қойылатын шектеулердi ескере отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдаланудың интенсивтілігi анықталады.

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кешендi схемаларда осы өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар қамтылуға тиiс.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

5. Аймақтар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын бекіту осы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

45-бап. Елдi мекендердiң аумақтары

1. Қалалық және селолық елдi мекендердiң кеңiстiк негiзiн жер бетіндегі және (немесе) су бетіндегі белгiленген шекаралар (елдi мекендер шегi) шегіндегі аумақ құрайды.

2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, елдi мекеннiң шекаралары (шегi) шегіндегі жер асты және әуе кеңiстiгi жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағында болады.

3. Елдi мекендердiң аумақтарын пайдаланудың режимi мен тәртібі бекітілген қала құрылысы құжаттамасында белгiленген аймақтарға бөлуге сәйкес белгiленедi.

46-бап. Елдi мекендердiң шекарасы (шегi)

1. Елдi мекеннiң шекарасы (шегi) оның аумағын (қала құрылысы кеңiстiгiн) айқындайды және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен бекітілген осы елдi мекеннiң бас жоспары негiзiнде белгiленедi (өзгертiледi).

2. Елдi мекендер шекаралары (шектерi) жобаларының құрамы, мазмұны мен әзiрлену тәртібі нормативтiк құқықтық актiлерге, мемлекеттік нормативтерге, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның өзге де құжаттарына сәйкес белгiленедi.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ірі және үлкен қалалар шекараларының (шектерiнiң) жобалары аймақтың қала құрылысын жобалаудың кешендi схемалары құрамында әзiрленуi мүмкiн.

Республикалық маңызы бар қалалар, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерiнiң) жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледi.

4. Орта және шағын қалалар, қала үлгiсіндегі кенттер, сондай-ақ селолық елдi мекендер шекараларының (шектерiнiң) жобалары аталған елдi мекендердiң бас жоспарлары құрамында әзiрленуi және келісілуi мүмкiн.

47-бап. Елдi мекендердiң бас жоспарлары

1. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Елдi мекендердiң бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады.

Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елдi мекендер белгiленген тәртiппен бекітілген, қолданыстағы бас жоспарлармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде негiзгi қала құрылысы құжаты ретiнде осы қонысты дамыту мен оған құрылыс салудың белгiленген тәртiппен бекітілген схемасы (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы) болуы мүмкiн. Шағын елдi мекендердiң құрамын, күтiп ұсталуын, дамытудың және оған құрылыс салудың схемаларын әзiрлеу мен келiсу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган анықтайды.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1. Бас жоспарларды әзірлеуге қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.

Бас жоспарлардың бастапқы материалдары барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.

3. Бас жоспарда:

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарды және байланыс желілерін орналастыруды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ескеріле отырып, елді мекеннің аумағын дамытудың негізгі бағыттары;

 2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу;

3) елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;

4) жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар;

5) аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар;

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5-1) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;

6) елдi мекендi тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар белгіленедi.

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Тарихи қала құрылысы жағынан құнды елдi мекендi дамытудың бас жоспары тарихи-сәулеттің iрек жоспары ескерiле отырып әзiрленуге және оған тарихи құрылыс аймақтары мен ескерткiштердi қорғау жобалары қоса тiркелуге тиiс.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Елдi мекеннiң бас жоспары жаңа бас жоспар бекiтiлгенге дейiн не қолданылып жүрген бас жоспарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде енгiзiлген өзгерiстер бекiтiлгенге дейiн қолданылады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды

47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.

2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, ала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді.

Бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасы астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін көзделеді.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.

3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мыналарды белгілейді:

1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлау ұйымдастырудың негізгі бағыттары;

2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар;

2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін, электрқуаттау станцияларын орналастыру, көше-жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою;

4) көшелердің көлденең қималары;

5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

6) жария қала құрылысы шектеулері;

7) инженерлік коммуникациялар жоспары;

8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;

9) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар аумақтары бөлігінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10) байланыс құрылысжайларын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарлары, сондай-ақ байланыс мұқтаждары үшін аумақты резервке қою.

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізілуі мүмкін.

 

48-бап. Елдi мекендердiң аумақтарын аймақтарға бөлу

1. Елдi мекендердiң бас жоспарлары (дамыту және құрылыс салу схемалары) олардың аумақтарын аймақтарға бөлуді көздеуге, жекелеген функционалдық аймақтардың нақты аумағын пайдалану түрлерiн айқындауға, олардың пайдаланылуына шектеу белгiлеуге және:

1) адам мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны;

2) халықтың және өндiрiстiң шектен тыс шоғырлануын болғызбауды;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді

4) тарих және мәдениет ескерткіштері бар аумақтарды қорғауды;

5) аумақтарды антропогендiк, техногендiк процестердiң және төтенше жағдайлардың қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғауды;

6) қолайсыз табиғи құбылыстардың әсерiн азайтуды қамтамасыз етуге тиiс.

2. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстағы ролiне, әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары мен өндiрiстiк-шаруашылық мамандандырылуына қарай қалалар мен селолық елдi мекендердiң аумақтарында функционалдық аймақтардың мынадай түрлерi:

1) тұрғын аймақтар;

2) қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары;

5) өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары;

6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;

7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;

8) режимдiк аумақтар аймақтары;

9) қала маңындағы аймақтар;

10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;

11) резервтегi аймақтар (қала құрылысы ресурстары) белгiленуi мүмкін.

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) рекреациялық аймақтардың аумағы, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының аймақтары бөлінген шекараларда болуға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі ескеріле отырып, жайластырылуға тиіс.

 

49-бап. Тұрғын аймақ

1. Елдi мекеннiң тұрғын аймағы үй жанында жайғастырылған аумақтары бар көп пәтерлi тұрғын үй-жайлар (үйлер) және үй жанындағы учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналады.

2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын үйлерге жапсарластыра салынған (оларға жанастыра салынған) медициналық қызмет көрсететiн, әлеуметтiк-тұрмыстық және мәдени-ағарту мақсаттарына арналған объектiлермен, инженерлiк және көлік инфрақұрылымы объектілерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Тұрғын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің) орналастырылуын ескерусіз көппәтерлі тұрғын ғимараттарды (үйлерді) салуға жол берілмейді.

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып қамтамасыз етілуге тиіс.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Тұрғын аймақта қонақ үйлердi, жер бетіндегі және жер астындағы көлікжайларды, автомобиль көлiгiнiң ашық тұрақтарын, электрқуаттау станцияларын, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметi санитариялық-қорғаныш аймақтарын жасауды талап ететiн, қоршаған ортаға әсер етпейтiн өндірiстiк объектiлердi орналастыруға жол берiледi.

Тұрғын аймақта автомобильдерді қоса алғанда, арнаулы жүріп-тұру құралдары үшін гараждар немесе тұрақтар салуға (орналастыруға) орын беруге жол беріледі.

4. Жекелеген жағдайларда тұрғын аймақтарға елдi мекеннiң шекаралары (шектері) шегінде орналасқан бағбандық және саяжай серiктестiктерi де жатқызылуы мүмкiн.

 

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды

49-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі

1. Елді мекеннің бас жоспарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй салуға арналған жобалау құжаттамасында көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын орналастыруға, кіреберіс жолдарға, тұрақ орындарына, тротуарларға, шағын сәулет нысандарына арналған көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі көзделуге тиіс.

Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі онда орналасқан абаттандыру элементтерімен бірге кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіреді.

2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген үй жанындағы жер учаскесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмесе, онда ол елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақ ретінде айрықша мемлекет меншігінде болады.

3. Кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау және абаттандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелеріне ортақ пайдаланылатын жерлерге қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.

 

50-бап. Қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақ

2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Елдi мекеннiң қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймағы әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу, қоғамдық мекемелердi және олардың кешендерiн, қонақ үйлер мен қонақ үй кешендерiн, iскерлiк және қаржылық белсенділiк орталықтарын, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн, аталған объектiлердiң жанынан ашық көлік тұрақтарын және электрқуаттау станцияларын, жер бетіндегі және жер астындағы көлiкжайларды, санитариялық және экологиялық қорғаныш жөніндегi арнаулы iс-шараларды талап етпейтiн басқа да үйлер мен ғимараттарды орналастыруға арналады.

2. Қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақта орналастыруға рұқсат етiлген объектiлер тiзбесiне тұрғын үй-жайлар (үйлер) енгiзiлуi мүмкiн.

51-бап. Рекреациялық аймақ

1. Елдi мекендердегi рекреациялық аймақтар халықтың демалыс орындарын ұйымдастыру мен жайғастыруға арналған және бақтарды, орманды парктердi, парктер мен саябақтарды, хайуанаттар парктерiн, су тоғандарын, жағажайларды, аквапарктердi, ландшафтық сәулет объектiлерiн, өзге де демалыс және туризм орындарын, сондай-ақ бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттарды қамтиды.

2. Рекреациялық аймаққа елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiнде орналасқан, қорғалатын табиғат объектiлерi енгiзiлуi мүмкiн.

3. Рекреациялық аймақтың аумағына жаңа өнеркәсiптiк, коммуналдық және қойма объектілерiн, рекреациялық аймақтың жұмыс iстеуiне тiкелей байланысы жоқ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды орналастыруға (салуға) және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге жол берiлмейдi.

52-бап. Инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары

1. Елдi мекеннiң инженерлiк және көлік инфрақұрылымдары аймақтары көлік пен байланыс, магистральдық труба құбырлары, инженерлiк қамтамасыз ету желiлерi, инженерлiк жабдықтар коммуникациялары мен құрылыстарын орналастыруға және олардың жұмыс iстеуiне арналады.

Олардың зиянды (қауiптi) әсерiн болғызбау қоныстану аумақтарын (учаскелерiн) және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерге дейiнгi қажеттi қашықтықты, сондай-ақ басқа да міндетті талаптар мен шектеулерді мемлекеттік нормалар мен ережелерге сәйкес сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Пайдалану кезінде адамдардың денсаулығына және олардың мекендейтін ортасына тікелей зиянды әсер ететін коммуникациялар мен құрылыстар елді мекендер шегінен тыс жерлерге орналастырылуға тиіс.

2. Бөлiп берiлген шекаралардағы инженерлiк және көлік инфрақұрылымдары объектiлерiнiң аумағы аталған объектiлердiң техникалық және пайдаланылу сипаттамасы ескерiле отырып абаттандырылуға тиiс. Аумақтарды абаттандыру мен күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер объектiлердiң меншiк иелерiне жүктеледi.

53-бап. Елдi мекеннiң өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Елдi мекеннiң өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары (аудандары) өнеркәсiп орындары мен олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн басқа да өндірiстiк, коммуналдық және қойма объектiлерiн орналастыруға арналады. Қауіпті өндірістік объектілер болмаған кезде өнеркәсiптiк аймақта осы кәсiпорынның авариялық бригадаларының тұруы үшiн тұрғын үй-жайлар орналастыруға жол берiледi.

2. Өндірiстiк (коммуналдық, қойма) объектiлердi, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарын қоныстану аумағына орналастыруға олардың орналасуы мен жұмыс iстеуi халыққа қатер төндірмейтiн, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн және санитариялық-қорғаныш аймақтарын салуды талап етпейтiн жағдайларда ғана жол берiледi. Олай болмаған жағдайда өнеркәсiп аймағын басқаларынан бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиiс.

3. Өнеркәсiп аймағын, сондай-ақ қоныстану аумағына орналасқан өндiрiс объектiлерiнiң аумақтарын абаттандыру мен күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер объектiлердiң меншiк иелерiне жүктеледi.

54-бап. Елдi мекеннiң ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтары

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Елдi мекеннiң шекарасы (шектерi) шегiндегi ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар ауыл шаруашылығын жүргiзуге арналады және елдi мекеннiң бекiтiлген бас жоспарына сәйкес оларды пайдалану түрлерi өзгерген кезге дейiн пайдаланылуы мүмкiн.

2. Егер ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтардың орналасуы және оның жұмыс iстеуi халыққа не қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуi мүмкiн болса, санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиiс.

3. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтарды күтiп ұстау (ал қажет болған жағдайда жердi қайта өңдеу) жөніндегi мiндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жер пайдаланушыға жүктеледi.

55-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiне зираттар, крематорийлер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жер, қоқыстарды (қалдықтарды) бастапқы өңдеу кәсiпорындары, тазалау құрылыстары, жұмыс iстеуi елдi мекеннiң басқа да аймақтарының жұмыс iстеуiмен сыйыспайтын өзге де объектiлер үшiн бөлiнетiн арнаулы мақсаттағы аймақтарды орналастыруға жол берiледi.

2. Аталған объектiлердi қоныстану аумағы мен рекреациялық аумақтан, елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнен бөлiп тұратын санитариялық-қорғаныш аймақтарын салудың қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Арнаулы мақсаттағы аймақты күтiп ұстау жөніндегі мiндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынның меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) жүктеледi.

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объектiлердi орналастыру үшiн режимдiк аумақтардың арнаулы аймақтары, сондай-ақ елдi мекендерде немесе олардан тыс жерлерде ерекше реттелетiн өзге де аумақтар көзделуге тиiс.

Елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар режимдік аумақтардың аймақтары болып табылады.

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Режимдiк аумақтардың жəне оларға іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібін, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

57-бап. Қала маңындағы аймақтар

1. Қала маңындағы аймақтар қала шекарасына (шегiне) жанасып жатқан, осы қаланың аумағын, қала маңындағы аймаққа кiретiн басқа да елдi мекендердi дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш мiндеттерiн орындауға, халық демалатын орындарды, бағбандық және саяжай серiктестiктерiн орналастыруға арналған жерлердi қамтиды.

2. Қала маңындағы аймақтардың шекарасын белгiлеу осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес бекітілген қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде жүзеге асырылады.

58-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді; 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда, тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағының мақсатына қарай оның параметрлері және оған қойылатын талаптар көрсетілген объектілердің жұмыс істеуінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттермен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және жануарлар дүниесі, қоршаған ортаны қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

2. Санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.

3. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер ол арналған объектiлердiң меншiк иелерiне жүктеледi.

59-бап. Резервтегi аумақтар

1. Резервтегi аумақтар елдi мекендердi дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысының ресурстары болып табылады.

2. Резервтiк аумақтар (қала құрылысы ресурстары) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен елдi мекендердiң және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында белгiленедi және бекітіледi.

3. Елдi мекеннiң қала құрылысы ресурстарында белгiленген аумақтары олардың мақсатына сәйкес елдi мекендер мен олардың бөліктерiнiң дамуына қарай ғана резервке алынуға және пайдаланылуға тиiс.

4. Резервтегi аумақтар, егер мұндай пайдаланудың әдiсi мен режимi елдi мекендi немесе оның бөлiгiн жоспарланған перспективалы дамытуға кедергi жасамайтын болса, бекітілген қала құрылысы құжаттамасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.

5. Қала құрылысының ерекше реттелетiн аймақтары шекараларындағы резервтегi аумақтарды пайдалану аталған аймақтар үшiн белгiленген режимге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Резервтегi аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

9-тарау. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы

 

60-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2 тармақ өзгертілді; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тапсырыс беруші (меншік иесі) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:

1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;

2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;

3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;

4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды, балық шаруашылығын жүргізу үшін балық өсіру объектілерін салуды;

5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;

6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;

8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;

9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;

10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;

11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;

12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді;

13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;

14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;

15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялауды;

17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды);

18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;

19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;

20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;

21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.

Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тірек конструкциялары мен қоршау (сыртқы), инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сəулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы жəне санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды əсер етпейтін тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын жəне тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде эскиздік жобаларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу талап етілмейді.

3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

5. Бекіту тәртібі, сондай-ақ бекітілген алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына өзгерістер енгізу осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

6. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын iске асыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды жүргiзудiң ережесi мен тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi.

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуді жүзеге асыру үшін оны әзірлеген жобалау ұйымы тартылады.

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының авторын тарту мүмкін болмаған жағдайда, жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер бойынша айқындалады.

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге тапсырыс берушінің шешімі бойынша негізді қажеттілік туындаған жағдайда, жобалау алдындағы құжаттаманы (ол болған кезде) түзету талап етілмейді.

8. Алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізу, аталған құжаттарға меншік иесі құқығына, сондай-ақ пайдалану және оларды пайдалануды шектеу құқығына кепілдік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлерді және (немесе) оның аумағындағы құрылысты игеру үшін шетелдік заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, осы Заңда, мемлекеттік нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгіленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтерде белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзірленуге тиіс.

Мынадай жағдайларда:

1) тапсырыс берушінің (инвестордың) шешiмi бойынша тапсырыс беруші (инвестор) мынадай мiндеттi шарттар жиынтығын орындаған кезде:

жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, объектінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтағанда;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес тауар берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенде;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде осы қағидадан ауытқуға жол берiледi.

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 60-1-баппен толықтырылды

60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу

1. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар:

1) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен объектілер құрылысын салуға арналған шығындарды жоспарлауды;

2) техникалық-экономикалық негіздемелердің дұрыстығын және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен салынатын объектілер құрылысының сметалық құнының айқындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

2. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар:

1) экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;

2) құрылыс өндірісінің жаңа тиімді технологияларының сметалық нормаларын әзірлеуді;

3) құрылыс материалдарының, бұйымдардың, жабдықтың ағымдағы бағаларын мониторингтеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңартуды қамтиды.

 

61-бап. Қала құрылысы жобалары

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағына және жекелеген аймақтарға өндiргiш күштердi жайластыру мен орналастыруды кеңiстiкте ұйымдастыру, қонысаралық аумақтарды игеру мен жайғастыру, елдi мекендердiң, аумақтарын немесе елдi мекеннiң жекелеген бөлiктерiн дамыту мен оған құрылыс салуды, олар әсер ететiн аймақтарды қоса алғанда, жоспарлау қала құрылысы жобаларының негiзiнде кешендi түрде жүзеге асырылады.

Қала құрылысы жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізілуге жатады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, іске асыру, жаңартып отыру туралы мәліметтер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізіледі.

2. Жобалау мен құрылысқа конкурстар (тендерлер, мердiгерлiк сауда-саттық) өткізудiң ережелерiн, сәулет жобалары мен құрылыс жобаларын жобалауға (сәулеттiк-жоспарлау тапсырмасын қоса алғанда) және әзiрлеуге тапсырмаларды жасау кезiнде бекітілген қала құрылысы жобаларында белгiленген қала құрылысы шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында орындалатын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қала құрылысы жобалары (аумақтарды дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары):

1) жалпымемлекеттік маңызы бар аумақтарды ұйымдастыру және дамытуды жоспарлау жобалары;

2) өңірлік маңызы бар аумақтарды дамытудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;

3) қалаларды (олардың қала маңындағы аумақтарын қоса алғанда не оларсыз) және ауылдық елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;

4) елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендердің немесе жабық түрдегі өзге де объектілердің құрылысын салу үшін қонысаралық аумақтардың қала құрылысын игеру жобалары болып бөлінеді.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларына:

1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;

2) екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары жатады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлаудың жобаларына:

1) облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;

2) аудандар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары жатады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Елді мекендерді дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына:

1) тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын қалалардың бас жоспарлары;

2) тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі қалалардың бас жоспарлары;

3) тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарлары;

4) тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары - даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы);

5) техникалық-экономикалық негіздемелердің құрамындағы ахуалдық жоспарларды және бас жоспарларды немесе ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, қалалардың аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысы игеруінің жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобалары және қолданыстағы бас жоспардың туындысы болатын құрылыс салу жоспарлары) жатады.

 

62-бап. Сәулет жобасы

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара)

1. Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін қамтуға тиіс.

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Сәулет жобасы:

1) тапсырысшы (инвестор) бекiткен, жобалауға арналған тапсырмалар және алаңдарды (трассаларды) таңдау жөніндегi материалдар, инженерлiк iзденулер нәтижелерi, объектiнi инженерлiк қамтамасыз етудiң техникалық талаптары негiзiнде;

2) бекітілген қала құрылысы жобалары мен алдын ала жобалау құжаттамаларына сәйкес;

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді

3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді

3. Құрылыстың жобасын әзiрлеу кезiнде сәулет жобасының шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi.

Сәулет жобаларын өзгерту автордың (авторлардың) келісімiмен не оның (олардың) қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бұл орайда сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқушылық пайда болса, тапсырма берген органмен келiсу талап етiледi.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң құрылысына (реконструкциялауға, қайта жобалауға, қайта жабдықтауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеудi оңайландыру қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобай (нобайлық жоба) түрiнде орындалуы мүмкiн.

 

63-бап. Құрылыс жобасы

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Жаңа үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылыс жобасы (жобалау-сметалық құжаттамасы) объектінің орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзділігін, құрылыс жүргiзу және құрылысы аяқталған объектiні пайдалануға тапсыру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдеу шешімдері мен өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.

Құрылыс жобаларына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және:

2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға;

2) пайдаланылатын объектілерді реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға;

3) авариялық үйлер мен ғимараттарды бұзуды қоспағанда, өз ресурсын тауысқан бөлшектенетін объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға;

4) құрылысы тоқтатыла тұрған аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациядан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да жатады.

2. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген құрылыс жобасының жобалық шешiмдерi мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Құрылыс жобасы:

1) тапсырысшы бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;

2) құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келісілген тiзбесiне сәйкес;

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

Бекiтiлген қала құрылысы және (немесе) сәулет жобалары болған жағдайда құрылыс жобасын әзірлеуге арналған бастапқы құжаттама оларда қабылданған шешімдерге сәйкес келуге тиіс.

4. Осы Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нобай (нобайлық жоба) құрылыс жобасы болып табылады.

5. Бекiтiлген құрылыс жобасына құрылыс-монтаж жұмыстары барысында өзгерістер енгізу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган заңдарда белгiлеген тәртiппен бекiтетiн мемлекеттік, авторлық және техникалық қадағалау жүргiзу жөніндегі мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.

 

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

63-1-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі

1. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.

2. Мемлекеттік сараптама ұйымы құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген сәулет туындыларына мүліктік (айрықша) авторлық құқықтар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен реттеледі.

 

64-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды

9-1-тарау. Жобалар сараптамасы

 

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Объектілердің құрылысы саласындағы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы сараптама ұйымдары жүргізеді және техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

Аумақтарда қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.

Оң сараптама қорытындылары қаралған жобаларды бекіту үшін негіз болып табылады.

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде объектілер құрылысы саласындағы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.

2. Міндетті сараптамаға:

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобалары;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) бюджет қаражаты есебінен немесе осы қаражаттың қатысуымен қаржыландырылатын, сондай-ақ бюджет қаражатының қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміндегі мемлекеттік меншіктің үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен көзделетін, сондай-ақ мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттың қатысуынсыз тұрғызылатын үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.

2-1. 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық жағынан күрделі емес объектілер міндетті сараптамаға жатпайды.

5. Бұрын салалық және ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың оң қорытындылары берілген, құрылыстың бекітілген жеке жобаларын қайта қолдану кезінде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды қайта байланыстыру кезінде қайталама салалық сараптамалар жүргізілмейді, бірақ бұл жобаларды нақты жергілікті жерге және жағдайларға байланыстыру бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтеді.

6. Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы), оның оң қорытындысы болмаса, бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді.

7. Құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі де болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі.

8. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобалардың тапсырыс берушісі сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға құқылы.

9. Тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.

10. Сараптама ұйымдары сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды), оның ішінде шет мемлекеттің тиісті органы берген сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған құжаттары бар шетелдік сарапшыларды тартады.

Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына кіргізуге, сондай-ақ жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысудың өзге де нысанына тартуға жол берілмейді.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сараптама ұйымдары тараптардың бірі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу немесе оның нәтижесін шығару тәртібін бұзған жағдайларда, осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

Тапсырыс беруші жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

12. Тапсырыс беруші сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған бекітілген жобадан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына өзгерістер енгізу қажеттігін анықтаған жағдайда да сараптама жүргізіледі.

Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды

13. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісу тәртібі қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазiргi барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделi жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешендi ведомстводан тыс сараптама жүргiзу қағидаларымен реттеледі.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

14. Тапсырыс берушілер кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың толық жиынтығын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.

Мыналар кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс берушілер болып табылады:

жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;

өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша жергілікті атқарушы органдар.

Қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші осы жоба бойынша сараптама жұмыстарына тапсырыс беруші де болып табылады.

 

64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері

1. Құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына шығындарды жатқыза отырып, сараптамаға тапсырыс берушілер мен сараптама ұйымдары жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, мемлекеттiк сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.

4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.

 

64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері

1. Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді:

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама);

2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) кешенді қала құрылысы сараптамасы - мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;

4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.

2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.

3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.

 

64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік монополияға:

1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;

2) мыналар:

қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;

бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:

ықтимал қауіпті;

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың объектілеріне қолданылмайды.

 

64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары

1. Аккредиттелген сараптама ұйымдары:

осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді;

палата құрылған кезден бастап оның мүшелері (қауымдастырылған мүшелері) болуға міндетті.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшесі (қауымдастырылған мүшесі) болып табылмайды.

2. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, егер:

1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) объектілердің (кешендердің) құрылысы іске қосу кешендері немесе кезек бойынша көзделсе;

2-1) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын салу жеке учаскелерге (кесінділерге) бөлінсе, жергіліктісараптама қорытындыларын бере отырып, жобаға арналған құжаттардың толық жинақталымына тұтастай да, жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) де сараптама жүргізуге құқылы.

Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекіту үшін негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапаларын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ғана талап етілетін жағдайларға, бұл талап қолданылмайды.

3. Міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына осы сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша аккредиттелген сараптама ұйымы да жүргізуі мүмкін.

64-5-баптың 4-тармағы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымдарын қоспағанда, аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Заңда көзделген сараптама қызметінен басқа қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.

 

64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Құрылыс объектілерін жобалау және қала құрылысы жобалары саласында сараптама қызметімен айналысу құқығына аттестат алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, объектілер құрылысына, қала құрылысы жобаларына арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға және аттестаттаудан өтуге тиіс. Аттестаттау рәсімі ағылшын тілінде өткізілуі мүмкін.

2. Үш жыл бойы практикалық сараптама қызметімен айналыспаған аттестатталған сарапшы қайта аттестаттаудан өткеннен кейін ғана сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткенге дейін 3-тармақтың қолданысы тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 3-тармақ аталған Заңның 3-бабының редакциясында қолданылды

3. Сарапшыларды басқа аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалған шарт бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тарту, сондай-ақ сараптама ұйымы басшылығының тапсырмасы бойынша жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) сараптамалар орындау жағдайларын қоспағанда, олар сараптама қызметін жеке-дара жүзеге асыруға құқылы емес.

 

64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу

Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу тізілімдерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жобалардың әртүрлі бөлімдеріне сараптама бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар-жоғы туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

Аттестатталған сарапшылардың тізілімі сарапшының жеке деректері, аттестаттың берілген күні мен нөмірі туралы, мамандануы, білімі және кәсібі бойынша жұмыс өтілі туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ сарапшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы, оның ішінде сарапшыны жосықсыз деп тани отырып аттестатынан айыру туралы мәліметтерді қамтиды.

 

64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы

1. Сараптама ұйымдарының құқықтары мен міндеттері осы Заңда және өз жарғыларында белгіленеді.

2. Сарапшы:

1) сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамында аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысуға;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1) кәсіптік мамандануына сәйкес қала құрылысы жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сарап тама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындысының тұжырымдарында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыны кері қайтарып алуына бастама жасауға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаның бөліміне (бөлігіне) тапсырыс берушілерден және оны әзірлеушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

3) аттестатта көрсетілген кәсіптік мамандануына сәйкес жобалардың жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындыларының түйіндерінде ескертілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайларда, сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алуына бастамашы болуға құқылы. Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшы жасаған жергілікті қорытындылар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тұтастай бекітуге негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады;

4) педагогикалық, ғылыми және (немесе) өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.

3. Сарапшыға:

1) дайындауға сарапшының өзі тікелей немесе жанама қатысқан не жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптама жүргізуге;

2) кәсіпкерлік қызметтің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты өзге де түрлерімен айналысуға;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.

4. Сарапшы:

1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарының біреуінде штатта тұруға;

2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялықты сақтауға және қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге;

3) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, аттестат нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі болуға;

4) өзінің кәсіптік біліктілігін кезең сайын арттырып отыруға;

5) кәсіптік әдепті сақтауға міндетті.

5. Сараптаманың сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда, сараптама ұйымдары мен сарапшылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Сараптама жүргізілгеннен кейін бекітуге ұсынылған сапасыз жобалар үшін сараптама ұйымдары жобалардың тиісті әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады.

 

64-9-бап. Сараптама қызметінің тәуелсіздігі

1. Сарапшылар өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен тәуелсіз болады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құжаттаманы сараптамаға қабылдау, жобаларды қарау, олар бойынша сараптама қорытындыларын дайындау және ресімдеу барысында сарапшылардың немесе сараптама ұйымдарының жұмысына араласуға ешкім де құқылы емес.

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілері сарапшылар мен сараптама ұйымдарының кәсіптік қызметіне араласқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

64-10-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар

1. Сараптама ұйымдарының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуға тиіс.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшы болуға тиіс.

2. Сараптама ұйымдары мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;

2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттардың сараптамаға келіп түскен күні мен сараптама қорытындылары берілген күннің есебін жүргізуге міндетті.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымы:

1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;

2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттар сараптамаға келіп түскен күн мен сараптама қорытындылары берілген күннен бастап есепке алуды жүргізуге міндетті.

 

64-11-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі

1. Палата қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасымен және жарғымен реттеледі.

Кіру жарналарын алуға жол берілмейді.

2. Палатаның жоғары басқару органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады.

3. Палатаны басқарудың атқарушы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) сайлаған басқарма болып табылады.

Палата басқармасының құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның кемінде үш өкілі де кіреді.

4. Палатаның функцияларына:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау;

2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) сарапшылардың біліктілігін арттырудың тұрақты жұмыс істейтін курстарын өткізу;

4) сарапшылар мен сараптама ұйымдары жұмысының оң тәжірибесіне талдау жүргізу, оны қорыту және тарату;

5) сарапшылардың әдеп кодексін әзірлеу және оның сақталуын тексеру;

6) жарғыда көзделген өзге де функциялар жатады.

5. Палата өзінің интернет-ресурсында аккредиттелген сараптама ұйымдары туралы ақпаратты орналастырады.

 

 

3-бөлiм. Құрылыс

10-тарау. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу

65-бап. Тапсырысшылар мен мердiгерлер

1. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға байланысты мемлекеттік сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалау, iздену, сараптау, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiрудi қоса алғанда) қатынастардың негiзгi қатысушылары жобаның (бағдарламаның) тапсырысшы-инвесторы не оның уәкiлдiк берген адамы мен мердiгер (бас мердiгер) болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, отандық және шетелдiк заңды тұлғалар құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары бола алады.

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бiрлескен кәсiпорындарды қоса алғанда) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды орындайтын мердiгерлер бола алады.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Техникалық жағынан күрделі объектілерді, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін және мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдап отыруды енгізу шеңберінде іске асырылатын «пилоттық» жобалар үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісі (инвесторы) объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі инжинирингтік ұйымдарды тарта алады.

Объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

 

66-бап. Мердiгер таңдау

1. Тапсырысшының (инвестордың не оның уәкiлдiк берген адамының) мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстарды орындау үшiн мердiгер таңдауы:

1) егер бұл жоба (бағдарлама) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурс өткiзiлмей;

2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердiң) нәтижелерi бойынша;

3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үмiткерлердiң алдын ала біліктілігi арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурстардың (тендерлердiң) негiзгi қатысушылары:

1) тапсырысшы не оның тапсырысшы өкiлеттiктерi негiзiнде жұмыс iстейтiн уәкiлдiк берген адамы арқылы конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастырушы (өткізушi);

2) конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) - конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткізушiнiң) тұрақты немесе уақытша алқалық жұмыс органы;

3) үмiткерлер - ұйымдастырушыға (өткізушiге) ашық конкурсқа қатысу ниетi туралы өтiнiм берiп, ресми түрде өтiнiш жасаған, конкурсқа (тендерге) қатысуға жiберiлген тұлғалар, сондай-ақ жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға шақыру алған тұлғалар.

3. Мердiгер таңдау жөнінде конкурс (тендер) өткізу туралы шешiм қабылдаған кезде, сондай-ақ жобаны (бағдарламаны) iске асырудың басында тапсырысшының:

1) құрылыс үшiн қажеттi қаржыландыру көздерi немесе жобаны (бағдарламаны) iске асыру үшiн керек етiлетiн уақыт кезеңiнде қажеттi сомаға билiк ету құқығы болуға тиiс. Бұл ереже құрылысты мердiгердiң қаржыландыруы жөніндегі талап конкурс (тендер) ережелерiне енгiзiлген жағдайда қолданылмайды;

2) жер учаскесiне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиiстi құқықтары немесе атқарушы органның оны беру туралы шешiмi болуға тиiс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Егер мердiгерді таңдау жөніндегi конкурс (тендер) шарттарында инвестицияларға негіздемелер жасау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу тапсырыс берушінің мiндетiне кiретіні айқындалса, онда мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзу кезiнде тапсырыс берушіде қажеттi мiндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен, белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялар негіздемесі мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болуы мiндеттi.

5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы мердiгер таңдау жөніндегi ашық конкурс (тендер) ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн жер болып табылады.

6. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, конкурстың (тендердiң) тәртібі мен талаптарын тапсырысшы немесе оның тапсыруымен конкурсты ұйымдастырушы (өткізушi) белгiлейдi.

7. Конкурстарға (тендерлерге) қатысуға:

1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметтi жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен рұқсат етiлмеген жеке және заңды тұлғалар;

2) банкрот деп жарияланған заңды тұлғалар;

3) конкурсты (тендердi) ұйымдастырушылар (өткізушiлер) не оның қазылар алқасының (тендер комиссиясының) мүшелерi болып табылатын тұлғалар;

4) заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелмеген ұйымдар жiберiлмейдi.

8. Тапсырысшының не конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткізушiнiң) және қазылар алқасының (тендер комиссиясының) үмiткерден оның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты мiндеттi түрде берудi талап етуге құқығы жоқ.

9. Мердiгерлiк жұмыстарға өткiзiлген конкурсты (тендердi) өттi деп хабарлау және тапсырысшының қатысушылардың бiрiн жеңiмпаз (жеңiмпаздар) деп бекітуi (тануы) олардың арасында конкурс талаптарында көзделген мердiгерлiк жұмыстарды орындауға шарт жасасуға негiз болып табылады.

10. Тапсырысшы, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) ұйымдастырушы (өткізушi) және конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11. Мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстар тапсырысшы (жобаның немесе бағдарламаның инвесторы) мен ол таңдаған мердiгер (бас мердiгер) арасында жасалатын шарт негiзiнде орындалады.

Мердiгерлiк шартта мердiгер (бас мердiгер) iшкi мердiгерлердiң орындауына бермекшi болып отырған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi мен көлемi мiндеттi түрде көрсетiледi. Бұл орайда бүкiл мердiгерлiк жұмыстардың шартта көзделген құнының (мердiгерлiк бағаның) жинақтап алғанда үштен екi бөлiгiнен астамын iшкi мердiгерлiкке беруге рұқсат етiлмейдi.

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын (көрсетілетін), жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) шекті көлемдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тапсырысшының мердiгер алдындағы және мердiгердiң тапсырысшы алдындағы мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мердiгерлiк шартпен белгiленедi.

13. Мердiгерлiк шартта мердiгердiң қаржылық жауаптылығын анықтайтын, құрылыс объектiсiнiң пайдалануға берiлгеннен кейiнгi тұрақты жұмыс iстеуiнiң кепiлдi мерзiмдерi белгiленедi.

Мердiгерлiк шартта кепiлдi мерзiмдер белгiленбеген жағдайда осы Заңның 69-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген норма қолданылады.

67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану

1. Мердiгерлiк жұмыстарға осы конкурс (тендер) үшiн белгiленген тәртiп пен талаптарды бұза отырып өткiзiлген немесе заңдарға сәйкес өткiзiлмеген конкурстың (тендердiң) нәтижелерiне (жеңiмпазды таңдауға және өзге қорытындыларға) қатысушы (қатысушылар) сот тәртібімен наразылық бiлдiре алады.

2. Конкурстың (тендердiң) нәтижелерiн жарамсыз деп тану тапсырысшы мен жеңiмпаз (жеңiмпаздар) арасында жасалған шарт күшiнiң жойылуына әкеп соғады, ал конкурс (тендер) өткiзiлмедi деп жарияланады.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өткiзiлмедi деп жарияланған конкурс (тендер) өзге мерзiмде қайта өткiзілуi мүмкiн.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 68-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар

1. Құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы бапта белгiленген рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда, объект құрылысы үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді.

Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерде ғана жол беріледі.

Ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған байланыс құрылысжайларын салуға, оның ішінде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған орынға жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарамастан, жер учаскесінің меншік иесімен жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін жалдау шарты болған кезде жол беріледі.

3. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмiнiң қабылданған күнінен бастап құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың және белгiленген тәртiппен жобаны бекiтудiң нормативтiк ұзақтығы ескерiле отырып Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.

5. Жерге тиiстi құқық беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiш берiлген кезден бастап он күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырыс берушіге) оның сол құрылысты жүзеге асыру ниетiне қайшы келетiн Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға мiндеттi.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмi және сәулет-жоспарлау тапсырмасы тапсырыс берушінің белгiленген объектiнi жобалауға тапсырма жасауы үшiн негiздер болып табылады.

Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекiтедi.

Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Жобалауға арналған тапсырма объектiнiң талап етiлетiн параметрлерiн, өзге де бастапқы деректердi қамтуға тиiс.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Көзделiп отырған құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлгенде оның орнықты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелiк) параметрлерiнде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.

Берілген техникалық шарттар тұтынушының жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданыстағы мерзімі ішінде жаңа техникалық шарттарға өзгертілуі мүмкін.

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілермен және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен қосымша келісуге жатпайды.

8. Құрылыс объектiсiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлердiң техникалық шарттар берілген кезде инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) тапсырыс берушінің қатысуы (үлестiк қатысуы) туралы негiзсiз талаптар белгiлеуiне жол берiлмейдi.

Белгiлi бiр елдi мекен немесе құрылыс ауданының инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылымын қамтамасыз етудiң сол кездегi деңгейi тапсырыс беруші сұратқан параметрлерде қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бермеген жағдайда, қосылатын абоненттердiң қосымша жүктемелерiн жабуға арналған инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер жеткiзiп берушiлер (өндiрушiлер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарт және қайтарымдылық негiздерiнде шешiлуге тиiс.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жерге тиісті құқық беру туралы шешiм не тапсырыс берушінің қолында бар жерге құқығы негiзiнде тапсырыс берушіге инженерлiк қамтамасыз ету мен коммуналдық қызметтер көрсету көздерiне қосуға техникалық шарттар және объект құрылысының сәулеттік тұжырымдамасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.

10. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi.

Жаңа объект салу немесе қазіргі бар объектiнi реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтiру) үшiн жер учаскесiн бөлiп беру (телiм беру) талап етiлмейтiн жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиiстi жазба жасалады.

11. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтедi.

Құжаттамаға сараптама осы Заңның 9-1-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-тармақ өзгертілді

12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

Бұл ретте энергия беруші ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын өздерінің желілеріне технологиялық қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етуі талап етілмейді.

13. Құрылыс процесi осы Заңның 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауында және қадағалауында болады.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.

Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшін негіз болып табылады.

15. Жаңа объектiлер салуға және қазiргi бар объектiлердi өзгертуге қажеттi құжаттарды ресiмдеу мен берудiң тәртiбi, мерзiмдерi құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгiленедi.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

16. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ жабдығының және әуе кемелері ұшуының адамдардың денсаулығы мен жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ықтимал теріс әсерлері ескеріле отырып, ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта құрылыс салу «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 68-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер

1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында барлық кезеңдерде, оның ішінде елді мекендердің аумақтарын жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау, сараптау, салу және пайдалану кезеңдерінде әртүрлі процестерді автоматтандыру және рәсімдерді оңайлату үшін ақпараттық жүйелер қолданылуы мүмкін.

2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып табылады.

3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілер қызметін жүзеге асыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануға міндетті.

Өзге жағдайларда субъектілер қызметінің нәтижесі жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қолданылуға жатады.

 

69-бап. Объектiлердi пайдаланудың кепiлдi мерзiмi

1. Құрылыс объектілерiн пайдаланудың кепiлдi мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi.

Өзге де барлық жағдайларда кепiлдi мерзiм салынған объектiнi (тұтастай алғанда құрылыстың күрделi сыныбына немесе жүргiзiлген құрылыс-монтаж жұмыстарының жекелеген түрлерiне сәйкес) пайдаланудың нормативтiк мерзiмiне қарай тапсырысшы мен мердiгер (бас мердiгер) арасында құрылысқа шарт жасасқан кезде белгiленедi, бiрақ объект пайдалануға қабылданған күнiнен бастап екi жылдан кем болмауға тиiс. Кепiлдi мерзiмнiң бұл шегi қосалқы-көмекшi мақсаттағы, азаматтардың жеке пайдалануына арналған уақытша құрылыстар мен ғимараттарға қолданылмайды.

2. Белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде анықталған сәйкессiздiктер мен жолсыздықтар бойынша жауапкершiлiк оларды жою жөніндегі мiндеттемелермен бiрге мердiгерге (бас мердiгерге) жүктеледi.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Белгіленген кепілді мерзімі ішінде, қабылданған конструктивтік, инженерлік немесе технологиялық шешімдерге байланысты анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтар бойынша жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авторлық және техникалық қадағалауға жүктеледі.

3. Егер кепілдi мерзiм iшiнде анықталған сәйкессiздiктер мен жолсыздықтар басқа орындаушылардың (iзденушiлердiң, жобалаушылардың, iшкi мердiгерлердiң, өндiрушiлердiң немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарды берушiлердiң) сапасыз жұмыстарының салдарынан туындаған болса, мердiгер (бас мердiгер) жауапкершiлiктi кiнәлi тұлғаға толығымен немесе ішінара аударуға құқылы.

4. Егер кепiлдi мерзiм iшiнде анықталған сәйкессiздiктер мен жолсыздықтар объектiнi пайдалану және күтiп ұстау ережелерiн сақтамаудан не құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаушыларға байланысты емес мән-жайлардан туындаған болса, орындаушылар жауапкершiлiктен босатылады.

5. Объектiлердi пайдаланудың кепiлдi мерзiмдерiне байланысты жауапкершiлiк шаралары мен дәрежесi жөнiнде даулар мен өзара талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

70-бап. Құрылыстағы сапа

1. Құрылыстың және құрылыс өнiмдерiнiң тиiстi сапасын қамтамасыз етуде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормалар мен ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен реттеледi және көлемдiк, жазықтық және желiлiк күрделi ғимараттардың (құрылыстардың, үйлер мен олардың кешендерiнiң, коммуникациялардың) барлық түрлерiне, соның iшiнде оларға қатысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарға, сондай-ақ құрылыс өнімдерiнiң (объектiлерiнiң) мақсатына қарамастан, оларды жобалау, салу, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндiру) жөніндегі жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) барлық түрлерiне қолданылады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Құрылыс өнімдерiнiң (объектiлерiнiң) қауіпсіздігі мен сапасы:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) құрылыс өніміне арналған техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау;

3) құрылыстағы инвестициялардың негiздемесiне сараптама жүргiзу және жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, техникалық және авторлық қадағалау;

5) жобалау мен құрылыста пайдаланылатын өнімдердi стандарттау;

6) сынақ-талдау зертханаларын аттестаттау мен тiркеу, құрылыста пайдаланылатын өнiмдердi сертификаттау, сондай-ақ жаңа өнімдi, өндiрiс әдiстерiн, құрылыстағы жарақтарды техникалық бағалау;

7) жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет;

8) құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға беру мен қабылдап алуды ұйымдастыру;

9) құрылыс техникасы мен технологиясын жетiлдiру;

10) жер сiлкiну қаупi бар аймақтар объектiлерiне паспорттар беру;

11) пайдаланылып отырған не құрылысы тоқтатылған және өзге де құрылысы аяқталмаған объектiлердiң жай-күйiн тексеру мен байқау, нормативтiк сипаттамаларды қамтамасыз ету мақсатында араласу арқылы қамтамасыз етiледi.

3. Құрылысты салудың (тоқтатып қоюдың) бүкiл кезеңi мен объектiлердiң қызмет (пайдалану) мерзiмi iшiнде меншiк иелерi (тапсырысшылар, иеленушiлер, жалдаушылар, жалға алушылар) олардың сапасының мынадай негiзгi сипаттамаларын:

1) жұмыс жүргiзу мен күтiп ұстауды қоса алғанда, тұрғызу және пайдалану кезіндегі қауiпсiздiгiн;

2) еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiгiн;

3) жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы мен сенiмдiлiгiн;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сапаның негiзгi сипаттамаларын қамтамасыз ету күрделi құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстерге, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жобалауға, дайындауға (өндiруге) және жеткiзiп беруге, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қоюға, объектiлердi пайдалануға, қабылдауға, күтiп ұстау мен пайдалануға, сондай-ақ оларды кейiннен кәдеге жаратуға қатысушы барлық субъектiлердiң мiндетi болып табылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, жобаларды сараптамадан өткізу, құрылыс өнiмiн стандарттау және сертификаттау органдары (қызметтерi, лауазымды адамдары), тапсырысшылар, құрылыс салушылар, iзденушiлер, жобалаушылар, құрылыста пайдаланылатын өнімдi дайындаушылар (өндiрушiлер) мен жеткiзiп берушiлер, жұмыс жүргiзушiлер, аталған өнімнiң (объектілердiң) меншiк иелерi (пайдаланушылары, жалдаушылары, жалға алушылары) өз мiндеттерiне сәйкес құрылыс өнiмiнiң (объектiлерiнiң) сапасын қамтамасыз етушi субъектiлер болып табылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді

71-бап. Объектілердiң қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегi меншiк иелерiнiң мiндеттерi

Меншiк иелерiне объектiлердi пайдалану кезiнде олардың қауіпсіздігін және тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай міндеттер:

1) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жобалау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, түрлендіру және кейін кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiнен өтудiң заңдарда белгiленген тәртібіне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;

2) пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) объектiнi қиратуына және (немесе) бүлдiруiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;

3) объектiнi кейiн кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру жүктеледi.

 

72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi

Пайдаланушыларға (жалдаушыларға, жалға алушыларға) объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиiсiнше сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай мiндеттер:

1) тұтас алғанда объектiнi не оның жалға алынған бөлiгiн пайдалану жөнiнде оларды заңдарда белгiленген ережелерге (тәртiпке, нұсқаулықтарға) не жалдау (жалға алу) шартының талаптарына сәйкес пайдалану;

2) жалдау (жалға алу) шартының талаптары бойынша пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген күтiп ұстау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыру;

3) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтау, түрлендiру, жаңғырту, сондай-ақ объектiнiң сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегі жұмыстарды тек меншік иесінің келісімімен және құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;

4) меншiк иесiн объектiнi пайдалану кезiнде болған оның сипаттамасындағы өзгерістер немесе техникалық авариялар туралы хабардар ету жүктеледi.

 

 

11-тарау. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 73-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар

1. Салынған объектiлердi қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және осы Заңмен реттеледi.

2. Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.

Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.

Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды автомобиль жолдары бойындағы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысына тапсырыс беруші олар толық әзір болған кезде жүргізеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітуге жатады.

Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

6. Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерiне:

1) құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;

2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;

3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;

4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;

5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;

6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;

7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою объектіні түпкілікті тексеріп-қараудан және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмаса, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға жол беріледі. Стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде шығарылатын өнім объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру мен техникалық мәліметтерін енгізу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi негіз болып табылады.

 

74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Егер осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген үй-жайларды (үйдің жекелеген бөліктерін) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі емес санамаланған объектілерді салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірсе не мемлекеттік, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың нормалары:

1) құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті түрде есепке алуына жатады.

Меншік иесі объектілерді өз бетінше тапсырған кезде осы Заңның 60-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің, екінші бөлігінің 4), 11), 13), 16), 17) және 19) тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін атқарушылық геодезиялық түсірілім талап етілмейді.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi

1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.

2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.

3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.

Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.

Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.

5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.

Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды

75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:

1) объектінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне - объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;

2) объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

Сәйкессіздік болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.

Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады.

Бұзушылықтар болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет және қала құрылысы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.

 

76 - 78-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 79-бап өзгертілді

79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы

Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев