ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша
өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 160-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2-3) тармақшасында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 741-баптың екінші бөлігінің 2-3) тармақшасында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 9-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесі меншік иесінің өтініші бойынша оған осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тəртіппен жер учаскесінің өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін.»;
2) 44-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады.»;
3) 49-2-баптың 1-тармағы «елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету,» деген сөздерден кейін «жеке тұрғын үй салу,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
153-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын,» деген сөздер алып тасталсын.
4-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацында: «тұрғын үйге ақы төлеуге арналған» деген сөздер «тұрғынжайға ақы төлеуге арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
5-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасында ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі - Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын ерекше құқықтық мəртебесі бар екінші деңгейдегі банк.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде: «тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 3), 3-1) жəне 3-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банктердің жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары жəне олар бойынша есепке жазылған сыйақы туралы мəліметтерді шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға ұсынуы;
3-1) өз депозиторларының жəне кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін жəне (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған жəне (немесе) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктің, банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) жəне уəкілетті органның осындай банктің активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, оның қызметі туралы ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынуы;
3-2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктің, уақытша əкімшіліктің (уақытша əкімшінің) немесе банктің тарату комиссиясының жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мəліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша мəліметтерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жəне банк-агенттерге Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынуы;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 51-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2-2) тармақшасында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«есепке жатқызуға арналған» деген сөздерден кейін «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктік шоттардағы» деген сөздер «банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 61-11-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «арнайы резерв қаражатының есебінен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-5 жəне 5-6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау:
ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау;
тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кəсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен жүзеге асырылады.
5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті
Тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында:
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
2) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кəсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын жəне квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу əдістемесін əзірлейді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
4) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кəсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын жəне квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу əдістемесін əзірлейді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
9-тармақтың 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
1-4) жəне 1-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) бірыңғай республикалық электрондық база - осы Заңға сəйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мəліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
1-5) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер жəне қазыналық кəсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:
«1-6) ведомстволық тұрғынжай қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғынжай комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан əрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;»;
21) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне жəне» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-2) тармақша алып тасталсын;
26) тармақшадағы «, жесір» деген сөз алып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасының оныншы - он жетінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«41-1) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары - бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды мемлекеттік қолдау үшін осы Заңда айқындалатын шаралар кешені;»;
44-1), 44-2) жəне 44-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы - осы Заңда айқындалған тəртіппен ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мəліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
44-2) тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде жəне осы Заңға сəйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
44-3) тұрғын үй төлемдері - тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ осы Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;»;
мынадай мазмұндағы 44-4) тармақшамен толықтырылсын:
«44-4) тұрғын үй төлемдерін алушылар - тұрғын үй төлемдерін алатын арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері мен əскери қызметшілер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) аталған қызметкерлер мен əскери қызметшілердің отбасы мүшелері;»;
2) 7-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін» деген сөздер «уəкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 8-1-бапта:
«Қазақстан Республикасының тұрғын» деген сөздер «1. Қазақстан Республикасының тұрғын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің дербес деректерге, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратқа, мəліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын жұмыскерлері оларды жоғалтқаны, бергені немесе өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.»;
4) 10-2-бапта:
9-тармақтың 4) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-2) жəне 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) осы Заңда көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін үйлестіруді жəне оған əдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
1-3) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асырады;»;
9-2) жəне 10-1) тармақшалар алып тасталсын;
10-12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
9-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші абзацы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10-14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-32), 10-33), 10-34), 10-35) жəне 10-36) тармақшалармен толықтырылсын:
9-тармақтың 4) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«10-32) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
10-33) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
10-34) тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою жəне мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
10-35) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалға алу ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;
10-36) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тəртібін əзірлейді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
5) 10-3-баптың 2-тармағында:
8) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 5) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 16-2) жəне 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-2) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мониторингті жүзеге асырады;
16-3) тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін ақпараттық, консультациялық, əдістемелік көмек көрсетеді;»;
9-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 10-7 жəне 10-8-баптармен толықтырылсын:
«10-7-бап. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі
1. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі:
1) бірыңғай республикалық электрондық базаны жүргізуді жəне жаңартып отыруды;
2) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыруды, жүргізуді жəне жаңартып отыруды;
3) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-8-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру;
2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын-жай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру;
4) тұрғын үй сертификаттарын беру жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) жəне 4) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті атқарушы органдар іске асырады.»;
7) 13-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) жəне 8) тармақшалары алып тасталсын;
9-тармақтың екінші бөлігі «тұрғынжайда» деген сөзден кейін «елу пайыз немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 14-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе осы Заңға сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын береді.»;
9) 21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғынжай иесінің отбасы мүшелері деп үнемі бірге тұратын жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы немесе қамқоршылығындағы) танылады.
Жұбайының (зайыбының) тұрғынжай иесімен бірге тұратын ата-аналары, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балалардың отбасылары өзара келісу бойынша ғана тұрғынжай иесінің отбасы мүшелері деп танылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
9-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға уəкілетті орган айқындаған тəртіппен кейіннен жалға берілетін жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға құқылы.»;
11) 24-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «1) -5) тармақшаларында» деген сөздер «1), 2), 3), 4) жəне 11) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 25-баптың 3-тармағындағы «1) - 5) тармақшаларында» деген сөздер «1), 2), 3), 4) жəне 11) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 13) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 29-баптың 4-тармағындағы «67-бабына» деген сөздер «69-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 9-тараудың тақырыбындағы «тұрғын үй немесе», «тұрғын үй беру» деген сөздер тиісінше «тұрғынжай немесе», «тұрғынжай беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 15) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
15) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою жəне мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру
1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кəсіпорындар тұрғынжайға мұқтаж адамдардың тізімдерін жүргізеді жəне тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерін жəне соңғы жиырма төрт айда мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күнін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайлардан басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, əскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
2. Осы баптың 4,5,6 жəне 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар аталған мекемелердің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.
Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берудің міндетті шарты олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғынжайдың болмауы болып табылады.
Мемлекеттік мекемелер беретін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайлар болып табылады.
3. Мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы кəсіпорындардың жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі жəне қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
4. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының, Премьер-Министрінің жəне Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін жəне оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдардың осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де адамдарға пайдалануға беріледі.
5. Ведомстволық тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған, осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.
6. Осы елді мекендегі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайлары тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жəне тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының кадрларында тұрған қызметкерлерге (жұмыскерлерге) қызмет өткеру (еңбек қатынастары) кезеңіне беріледі.
7. Астананың тұрғын үй қорын есепке алу жəне күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.»;
16) 68-бап 11) тармақшасындағы «отбасылар жатады.» деген сөздер «отбасылар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) асырауында кəмелетке толмаған балалары жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кəсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір əйелдер (тұл ер адамдар) жатады.»;
9-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп тану
1. Кəмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, егер:
1) бірыңғай республикалық электрондық базаға жəне «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
2. Кəмелеттік жасқа толуы туралы талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Мұндай адамдарды əскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді əскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдаушы (қосымша жалдаушы) сияқты негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп таныла алмайды.
4. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес коммуналдық меншікке береді.»;
9-тармақтың 18) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 10-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
9-тармақтың 19) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 71 жəне 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы
1. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына сəйкес осы елді мекенде тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жəне олардың отбасы мүшелерінің «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сəйкес дербес деректерін жинауға жəне өңдеуге келісімін алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уəжді бас тартуды жібере отырып, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды жəне өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының азаматына, қандасқа электрондық пошта арқылы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы оның абоненттік нөміріне мəтіндік хабар түрінде жіберіледі.
2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеу талап етіледі. Көрсетілген талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
3. Жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тəрбиешімен, баланы қабылдайтын ата-аналармен шарт жасасқан күннен бастап үш ай ішінде баланы жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың бастапқы есепке қойылған жері бойынша не заңды өкілінің нақты тұратын жері бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға міндетті.
Баланы қабылдайтын отбасы бала асырап алудың, қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың, патронаттық тəрбиенің күші жойылғаннан кейін жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарына, медициналық немесе басқа да ұйымға қайтарған жағдайда, балалар асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға, патронаттық тəрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-анаға берілгенге дейін олар тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде қалпына келтіріледі.
Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар облыс шегінде тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдың бастапқы күні сақтала отырып, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
Тұрғылықты жері ауысқан кезде жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою осы баптың 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кəсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік кəсіпорынның мүліктік кешені мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жағдайда, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері ретінде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кəсіпорынның жұмыскерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері деп танылады.
5. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
6. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
3) мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
5) ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректер болған;
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған жəне жекешелендірген;
7) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.»;
9-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
20) 73-бапта:
тақырып жəне 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару:
1) осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған;
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кеткен;
3) мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік кəсіпорындағы еңбек қатынастарын тоқтатқан;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған;
5) тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер ретінде анық емес деректерді қамтитын құжаттар жəне (немесе) мəліметтер ұсынған;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
7) соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған;
8) соттың заңды күшіне енген шешімімен хабарсыз кетті деп танылған;
9) қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кəмелетке толғанынан кейін;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
4) толық емес отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар;
6) жесір əйелдер (тұл ер адамдар) балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 21) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
21) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес, кіріс деңгейіне жəне тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады.
Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың құқықтары тең деп танылады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір əйелдердің (тұл ер адамдардың) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі.
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын əлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды.
3. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы Заңның 68-бабының 10) тармақшасында айқындалған санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар бір жылдан кешіктірмей тұрғынжайлармен қамтамасыз етеді.
4. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды.»;
22) 75-бапта:
4-тармақ «азаматтарға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудің осы бапта белгіленген нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тұрғынжайға мұқтаждығын анықтау мақсатында олардың меншік құқығындағы тұрғынжайларының жеткіліктілігін бағалауға қолданылмайды.»;
23) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға, қарттарға, денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тілегі ескеріле отырып төменгі қабаттардан, лифтілері бар көппəтерлі тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екінші қабаттан жоғары емес қабаттан беріледі.»;
9-тармақтың 24) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
24) 77 жəне 78-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кəсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
1. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалатын тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік мекемеде сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
2. Мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалған тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік кəсіпорында сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
3. Осы Заңның 67-бабының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін мемлекеттік мекемеге мемлекеттік органдардың тұрғынжайға мұқтаж адамдарының тұрғын үй комиссиясы бекіткен тізімдерін жібереді. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаж адамдардың мемлекеттік орган ұсынған тізімдері негізінде қабылданады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында ай сайын жарияланады.
Соңғы жиырма төрт айдағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың талап етуі бойынша танысу үшін беріледі жəне ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар тізімдерінің нысандары:
бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою күнін;
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасының түрі мен берілген күнін қоса алғанда, оны алу негіздерін қамтиды.
3. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жəне уəкілетті органға бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына қолжетімділікті ұсынуға міндетті.»;
25) 90-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«90-бап. Уақытша болмаған жалдаушыға тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалану»;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайда немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайда осы Заңның 86-бабына сəйкес тұрғынжай өзінде сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы жалға берушінің жазбаша келісімі бойынша тұрғынжайдың сақталу мерзіміне тұрғынжайға қосымша жалдау (уақытша тұрғызу) шарты бойынша уақытша тұрғындар кіргізуге құқылы.»;
екінші бөлікте:
«мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзіне сақталатын тұрғын үйге» деген сөздер «өзіне сақталатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйді», «қорындағы тұрғын үй жалға алушыға» деген сөздер тиісінше «тұрғынжайды», «қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай жалға алушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «басқа тұрғын үй» деген сөздер «басқа тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған басқа тұрғынжай» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 95-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тану салдарынан жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
Жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кəмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) жəне отбасының кəмелетке толған қалған мүшелерiнiң келiсiмiмен жалға берушіден бұрын жасалған жалға алу (қосымша жалға алу) шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына өзін жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған (қаза тапқан), заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған, заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған не соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған жағдайларда, жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасының жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген кəмелетке толған кез келген мүшесіне нақ осындай құқық тиесілі болады.
Жалға алушының (қосымша жалға алушының) ауысуы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді.»;
27) 98-бапта:
1-тармақтағы «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды қоспағанда, коммуналдық» деген сөздер «Коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «пəтерлері жекешелендірілмейтін (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй)» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың 28) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
28) 98-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар жалғыз тұрғынжайы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ипотека нысанасы болып табылғанда жəне Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сəйкес жергілікті атқарушы орган сатып алғанда Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»;
9-тармақтың 29) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
29) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей шығару негіздері
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан, егер:
1) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды үнемі қиратса немесе бүлдірсе;
2) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұру (болу) шарттарын үнемі бұзу арқылы басқа адамдардың өздерімен бір тұрғынжайда немесе бір көппəтерлі тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермесе;
3) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері дəлелді себептерсіз тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;
4) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса жəне олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы мүмкін емес деп танылса;
5) адам тұрғынжайға өз бетімен басып кіріп алса;
6) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;
7) мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алуды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы), жалға алушының (қосымша жалға алушының) жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, меншік құқығындағы тұрғынжайды сатып алса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға жол беріледі.
Мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды сатып алған жағдайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы), жалдаушының (қосымша жалдаушының) жұбайы (зайыбы) он екі ай ішінде сатып алынған тұрғынжайды иеліктен шығаруға не мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды қайтарып беруге міндетті;
8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3-тармағында жəне 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) жəне 114-бабында көзделген негіздер туындаса;
9) осы Заңның 85 жəне 86-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын жаңа мерзімге қайта жасасудан жергілікті атқарушы органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай бойы жалтарса;
10) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері жалға берушінің жазбаша келісімінсіз тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тұрғынжайға тұрғындарды кіргізсе не оған уақытша тұрғындарды тұрғызса;
11) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарын үнемі бұзса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға жол беріледі.»;
30) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «жұмыскерлері» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.».
10. «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-2) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-5) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «лицензиясы бар банк» деген сөздер «лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет қатысатын тұрғын үй құрылысы жинақ банкі ұлттық даму институты мəртебесіне ие, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның лицензиясы бар, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға уəкілетті екінші деңгейдегі банк болып табылады.»;
3-тармақ «банктерін» деген сөзден кейін «, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін де жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында жəне 2-тармағы бірінші бөлігінің 6-2) тармақшасында көзделген қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган берген лицензияның негізінде ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі ғана жүзеге асыруға құқылы.».
12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағында:
27-3) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-6) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 31-баптың 1-тармағында:
12-тармақтың 12) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайларын салуды жəне олардың берілуін ұйымдастырады;»;
16-2) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-5) тармақшадағы «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
56-баптың 2-тармағы «аумақтардың» деген сөзден кейін «жəне оларға іргелес жатқан аумақтардың» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе «дара кəсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздерден кейін «, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың жəне кəсіби медиаторлардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) депозитор - қатысушы банкпен банктік шот жəне (немесе) банктік салым шартын жасасқан не пайдасына салым енгізілген жеке тұлға, оның ішінде дара кəсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат жəне кəсіби медиатор;»;
8) тармақша алып тасталсын;
3) 7-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац «ұйым» деген сөзден кейін «өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мəліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді» деген сөздер «активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, осындай банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) қызметі туралы, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2 жəне 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уəкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ уəкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиясы туралы мəліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.»;
«4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізеді жəне банкті (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіргені жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
5) 11-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «қатысушы банк куəлігін алған» деген сөздер «депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қосымша жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты жəне осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда төленетін қатысушы банктердің біржолғы төлемдері;»;
7) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «қатысушы банк куəлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
5-1) тармақшадағы «жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мəліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді» деген сөздер «қатысушы банктің активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтерді қоса алғанда, өз қызметі туралы, оның ішінде банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мəліметтерді жəне құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қатысушы банктің атауы өзгерген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.»;
9) 15-баптың 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізілімінен ол туралы ақпаратты алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
4. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға жəне жүргізуге арналған лицензиядан уəкілетті органның айыруы, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негізі бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу не басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтаруға міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес қайтаруға міндетті.»;
10) 16-бапта:
1-тармақтағы «банк активтері мен міндеттемелерін жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде» деген сөздер «төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктің активтері мен міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағына сəйкес басқа банкке (басқа банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған қатысушы банктің мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.»;
11) 17-бапта:
«жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттерін» деген сөздер «теңге мен шетел валютасындағы депозиттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сыйақыны» деген сөзден кейін «осы Заңда көзделген кепілдік берілген өтем сомалары шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«қайтару» деген сөз «депозиторларға қайтару» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Талап ету құқықтары заңды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдарға өтетін депозиторлардың депозиттері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылмайды.»;
12) 22-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың бесінші абзацындағы «пайдаланылуы мүмкін» деген сөздер «пайдаланылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағында көзделген мақсаттар үшін арнаулы резервтің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым шығыстарды өзінің жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегінде меншікті активтері есебінен көтереді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жалғыз акционері меншікті активтерінің қаражатын пайдаланудың осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектен асатын өзге мөлшерін белгілеуге құқылы.»;
13) 23-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты жəне осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тəртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған, сондай-ақ жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.».
15-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік мекемелердің, əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жəне ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ғана ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-11) тармақшамен толықтырылсын:
«3-11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне;».
16. «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бап мынадай мазмұндағы 19-14) тармақшамен толықтырылсын:
«19-14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде астанаға бірыңғай сəулеттік келбет беруге бағытталған көппəтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды жəне қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;».
17-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
17. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің;».
18-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
18. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында:
«тұрғын үй құрылысы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«банктік шоттардағы» деген сөздер «банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 98-баптың бірінші бөлігінің 18-3) тармақшасында: «тұрғын үй құрылысы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«банктік шоттардағы» деген сөздер «банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
19-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 33) тармақшасы «іске асыру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-7-бабында көзделген қызметті жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын.
20-тармақ 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
20. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 31, 32, 33, 34 жəне 35-тармақтармен толықтырылсын:
«31. Меншікті бағалы қағаздарының эмиссиясы (акцияларды қоспағанда).
32. Шетел валютасымен айырбастау операциялары.
33. Сенімгердің мүддесіне орай жəне тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқарудың сенімгерлік операциялары.
34. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу жəне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне əлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сенімгердің мүддесіне орай жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары.
35. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сенімгердің мүддесіне орай жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары.».
21. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша «ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтары 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақшада:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«арналған» деген сөзден кейін «ұлттық даму институты мəртебесіне ие» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктік шоттар» деген сөздер «банктік шот» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінің 2-2) тармақшасында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігінде:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғынжайға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы» деген сөздер «ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 4 жəне 5-тармақтарын, 7-тармағының 1), 2) жəне 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы жəне он жетінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші жəне он екінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 6), 8), 10), 13), 15), 17), 18), 19), 20), 21), 24), 28) жəне 29) тармақшаларын, 11-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші абзацтарын жəне 2) тармақшасын, 12-тармағы 2) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 15, 17, 18, 19 жəне 20-тармақтарын, 21-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші жəне он төртінші абзацтарын, 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мəліметтерді бірыңғай республикалық электрондық базаға енгізу үшін ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде беруге міндетті.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы қолданысқа енгізілген кезге дейін жүзеге асырады.
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар кəмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жəне кəмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды жекешелендіруге құқылы.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайларға да қолданылады.
4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өздеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайларда жалдау шарты бойынша тұратын жұмыскерлері, оның ішінде еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерлері, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кəсіпорындарда немесе осы ұйымда кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе не еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына;
2) жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін жəне оны жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сəйкес келмеуіне;
3) зейнеткерлікке шығуға байланысты тоқтатылса, еңбек өтіліне қарамастан, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жекешелендірген Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жекешелендіруге құқылы.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы 4), 5) жəне 6) тармақшаларының талаптарына сəйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алу құқығын сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қараша
№ 138-VIII ҚРЗ