ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне:
1) 193-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «су шаруашылығы құрылыстары» деген сөздер «су шаруашылығы құрылысжайлары жəне гидротехникалық құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Стратегиялық» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, стратегиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 16-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасындағы «су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша жасанды құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «тұйық су айдындарына,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 43-баптың 2-тармағының тоғызыншы бөлігіндегі «, су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уəкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «саласындағы уəкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасының күші 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
4) 44-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін, мемлекеттік орман қоры жерлерін, балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты орналастыруға жəне оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда, орташа көпжылдық сабалық деңгейде су кемерінен бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру су қорғау аймақтары мен белдеулері, сондай-ақ оларды шаруашылық мақсатта пайдалану режимі белгіленгеннен кейін не Қазақстан Республикасы Су кодексінің 87-бабында көзделген су объектілерін қорғау ерекшеліктері ескеріліп жүзеге асырылады.»;
5) 97-баптың 2-тармағындағы «тұйық су айдындары,» деген сөздер алып тасталсын;
6) 98-бапта:
8-тармақтың үшінші абзацындағы «су ресурстарын пайдалануды реттеу жəне қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекциямен» деген сөздер «су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі тиісті бассейндік су инспекциясымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 107-баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жерүсті су объектілері, су қорғау аймақтары мен белдеулері алып жатқан жерлер, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар алып жатқан жерлер;»;
6) тармақшадағы «су айдындары,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 109-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Су объектілері алып жатқан жерлерді, су қорғау аймақтары мен белдеулерін, сондай-ақ елді мекендердің өзге де функционалдық аймағына кіретін су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар алып жатқан жерлерді пайдалану режимі Қазақстан Республикасының су заңнамасымен реттеледі.»;
9) 122-баптың 2-тармағы бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 132-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«132-бап. Су қорының жері ұғымы жəне оның құрамы
«Жерүсті су объектілері алып жатқан жер, сондай-ақ жерүсті су объектілерінің су қорғау белдеулеріне жəне ауызсумен жабдықтаудың су тарту құрылысжайларының санитариялық қорғау аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады.»;
11) 133-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«133-бап. Су қорының жеріне жəне су шаруашылығы құрылысжайлары алып жатқан жер учаскелеріне меншік құқығы»;
2-тармақтағы «су қоры жерінің құрамындағы» деген сөздер алып тасталсын;
12) 134-бапта:
тақырыптағы «Су айдындары жағалауынан» деген сөздер «Жерүсті су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар, ішкі сулар, мұздықтар, батпақтар» деген сөздер «жерүсті су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «су қорғау аймақтары мен су объектілерінің жағалаулары бойынша белдеулер үшін» деген сөздер «жерүсті су объектілерінің жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 135-бапта:
тақырыптағы «жерінің» деген сөз «жəне су қорғау аймақтары жерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісім» деген сөздер «су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер учаскелерін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ су қорғау аймақтары алып жатқан жер учаскелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 145-баптың 2-тармағында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган;»;
бесінші абзацтағы «орган болып табылады.» деген сөздер «орган;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы жəне оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«орман шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган;
балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті орган;
су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті орган болып табылады.».
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 1-баптың 2-тармағындағы «су объектілерін» деген сөздер «су қорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 4-тармағы 11) тармақшасындағы «сақталуына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол бермеуді жəне Қазақстан Республикасының Су кодексінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.»;
2) 138-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) су қорын қорғау жəне пайдалану саласында;»;
3) 139-бап 23) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) су қорын қорғау жəне пайдалану саласында жүзеге асырылады.»;
4) 144-баптың 8-тармағы «таралу» деген сөзден кейін «, вегетациялық кезеңде суармалы егіншілік үшін су объектілерінің жойылу жəне (немесе) ластану, қоқыстану, су ресурстарының сарқылу» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 112-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;
2) 143-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер алып тасталсын;
3) 160-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «объектілерінің» деген сөз «объектілері мен су ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 163-баптың 2-тармағындағы «өзендердің, көлдердің, теңіздердің, су қоймаларының, арналардың, өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
5) 166-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы «өзендерде, көлдерде (теңіздерде), су қоймаларында, арналарда жəне өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
6) 171-баптың 2) тармақшасындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 213-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «өндірілген» деген сөз «алынған» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «өндірілген» деген сөз «алынған» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 220-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
9) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-бап. Суды алу жəне (немесе) пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар
Арнаулы су пайдалану тəртібімен жерүсті жəне жерасты суларын алу жəне (немесе) пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында көзделген арнаулы су пайдалануға рұқсаттың шарттарына сəйкес, сондай-ақ осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс.»;
10) 222-бапта:
2-тармақтағы «жасанды су объектілерін» деген сөздер «құрылысжайларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 223-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде қызметті жүзеге асыру жөніндегі экологиялық талаптар
1. Жерүсті су объектілеріндегі жəне олардың су қорғау белдеулеріндегі шаруашылық қызметке қойылатын талаптар осы Кодексте реттелмеген бөлікте Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
2. Су қорғау аймағының шегінде:
1) су объектілерінің жəне олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен жəне құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа жəне реконструкцияланатын ғимараттарды, құрылысжайларды (селге қарсы, көшкінге қарсы жəне су тасқынына қарсы ғимараттар мен құрылысжайларды қоспағанда) жəне олардың кешендерін жобалауға, салуға жəне пайдалануға беруге;
2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, арнаулы техникаға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын жуу орындарын, қалдықтарды орналастыру орындарын орналастыруға жəне салуға, сондай-ақ судың сапасына жағымсыз əсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
3) құрылыс, түбін тереңдету жəне жару жұмыстарын жүргізуге (селге қарсы, көшкінге қарсы жəне су тасқынына қарсы жұмыстарды қоспағанда), пайдалы қазбаларды өндіруге, кəбілдер, құбыржолдар жəне басқа да коммуникациялар тартуға, бұрғылау, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жəне өзге де жұмыстарды жүргізуге, осы жұмыстар қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
3. Елді мекендер шегінде су қорғау аймағының шекаралары оларды жағалау аймағын су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болғызбайтындай етіп, міндетті түрде инженерлік немесе орман-мелиорациялық жайластыра отырып (парапеттер, бөгеттеу, орман-бұталы белдеулер) жоспарлау мен салудың нақты жағдайлары негізге алына отырып белгіленеді.»;
12) 225-баптың 4-тармағындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 235-баптың 2-тармағындағы «пайдалану жəне қорғау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 270-баптағы «2-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 273-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 278-баптың 11-тармағындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 397-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 398-бапта:
тақырыптағы жəне 6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «Теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «Теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «Теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
«су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші бөліктегі «жəне ішкі су айдындарында» деген сөздер алып тасталсын;
екінші, төртінші жəне бесінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер тиісінше «Теңізде жəне Қазақстан Республикасының», «теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «Теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
1) жəне 3) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында жəне» деген сөздер «теңізде жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 4-қосымшаның 2-тармағының 8) тармақшасындағы «су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидромелиорациялық жүйелерді» деген сөздер «су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 5-тармағындағы «көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны» деген сөздер «су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны (жыл сайын)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағында:
7-1) тармақша алып тасталcын;
мынадай мазмұндағы 7-5) жəне 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-5) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау жəне жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге жəне оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен субсидиялайды;
7-6) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру ұйымдарының сарқынды суларды тазарту құрылысжайлары кешендерін салу жəне реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге жəне оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялайды;».
7. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік «аумақтарда бар» деген сөздерден кейін «жерүсті су объектілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспарланатын аумақ үшін белгіленген жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, көрсетілген қала құрылысы жобаларын əзірлеуге арналған тапсырмада жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу жөніндегі арнаулы бөлімнің міндеттілігі көзделуге тиіс.»;
2) 31-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларын;»;
3) 44-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «сақтаудың негізгі бағыттарын белгілейді.» деген сөздер «сақтаудың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғаудың негізгі бағыттарын белгілейді.»;
4) 47-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;»;
5) 47-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары;»;
6) 68-бапта:
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Су объектісінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында объект салу үшін əзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тəртіппен келісілуге жатады.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумақтарында жоспарланса, жұмыстарды жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тəртіппен келісілуге жатады.».
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-3-баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 1-2) тармақшасындағы «ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте су электр станциясының меншік иесі (иеленушісі) су тораптары арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясын бекітілген графиктен тыс ағызылған судың уақыты, ұзақтығы мен шығыстары туралы хабардар етуге міндетті.».
9. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-баптың 2-тармағындағы «арналарды, бөгеттерді жəне өзге де су шаруашылығы құрылыстарын» деген сөздер «су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың 1-1-тармағындағы «, ішкі су айдындарында» деген сөздер алып тасталсын;
3) 39-баптың 5-тармағының 1) жəне 12) тармақшаларындағы «бөгеттердің», «арналардың» деген сөздер тиісінше «су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың», «каналдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 40-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының жəне (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады, ол балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне мерзімдерде су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті органның жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
2-1-тармақтағы «бүкіл су объектісін пайдалану» деген сөздер «бүкіл су объектісін, оның бір бөлігін (бөліктерін) пайдалану жəне оған билік ету құқығы берілмей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сəйкес арнаулы су пайдалануға рұқсатты талап ететін су ресурстарын алып қою» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағының 17-17) жəне 17-18) тармақшалары алып тасталсын;
2) 9-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 11-баптың 6-тармағындағы «су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6) тармақшасындағы «қолайсыз əсерін жою» деген сөздер «зиянды əсерінің алдын алу жəне жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың жерлері, су объектілері жəне (немесе) олардың учаскелері Қазақстан халқына тиесілі жəне иеліктен шығарылуға жатпайды.»;
2-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 43-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар» деген сөздер «гидротехникалық құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 48-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар» деген сөздер «гидротехникалық құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-4) тармақшасындағы «жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының» деген сөздер «жерүсті жəне жерасты су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-баптың 6-2-тармағындағы «пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот осы затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін.»;
2) 134-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «жүйелері мен құрылысжайларын» деген сөздер «құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 2-тармағындағы «жүйелері мен құрылыстарының» деген сөздер «құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 87 жəне 101-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
87. | Ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау | Ұйымның гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаты |
»;
«
101. | Су объектілерінің жай-күйіне əсер ететін құрылысжайларды жəне басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды жəне салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу | Су объектілерінің жай-күйіне əсер ететін құрылысжайларды жəне басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды жəне салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу |
».
16. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 1-тармағы «сумен қамтамасыз етуде» деген сөздерден кейін «, ирригациялық жəне (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалануда, жөндеуде жəне реконструкциялауда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-бап «сумен қамтамасыз ету,» деген сөздерден кейін «ирригациялық жəне (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалану, жөндеу жəне реконструкциялау,» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
11) тармақшадағы «апандар», «малды аялдатуға», «қойларды тоғытуға арналған ыдыстар», «құрылыстар» деген сөздер тиісінше «қазбатоғандар», «мал иіруге», «қой тоғытқылар», «құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) қазбатоған - құрғақ жерлерде жаңбыр немесе жерасты суларын жинау жəне сақтау үшін қазылған жəне ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға арналған шұңқыр, ор, шурф, қазаншұңқыр;»;
2) 13-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «апандарға» деген сөз «қазбатоғандарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
18. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын» деген сөздер «жерүсті жəне жерасты су объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 13) тармақшасының екінші бөлігінде:
«каналдар арқылы су беру» деген сөздерден кейін «, суару үшін су беру» деген сөздермен толықтырылсын;
«пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
бірінші абзацтағы «су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 2-1), 2-2) жəне 2-3) тармақшалар «каналдар арқылы су беру» деген сөздерден кейін «, суару үшін су беру» деген сөздермен толықтырылсын;
1. Осы Заң 2025 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасының күші 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін, балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты орналастыруға жəне оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары айқындалғаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық мақсатта пайдаланылу режимі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Жағалау жиегін айқындау тəртібі су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының келісуі болған кезде жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының 2-тармағында тыйым салынбаған мақсаттар үшін беруге қолданылмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттар үшін берілген жерлердің нысаналы мақсатын кейіннен өзгертуге жол берілмейді.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 9 сәуір
№ 179-VIII ҚРЗ