Қазақстан Республикасының
Заңы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы
(2024.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
3-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ
8-бап. Алып тасталды
8-1-бап. Тіркелген тариф және аукциондық баға
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) аукциондық баға - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда
1-1) аукциондық сауда-саттық - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
1-2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-3) тармақша жаңа редакцияда
1-3) басым тұтынушылар - құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - уәкілетті орган айқындаған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі - ауқымы шағын объект) - жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалып тастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
7) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы - электр энергиясын өндіруге арналған, жаңартылатын энергия көздері пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдық;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi - жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1) тармақша өзгертілді
8-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері - электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері;
9) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-2) тармақша жаңа редакцияда
9-2) қайталама энергетикалық ресурстар - электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-3) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 9-6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-6) резервтік қор - электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
9-7) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-8) тікелей тұтынушылар - жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
10) тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) өнеркәсіптік кешен - өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) шекті аукциондық баға - электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;
12) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) электр энергиясын жинақтау жүйесі - электр энергиясын жинақтауға, сақтауға және беруге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, онымен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
14) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Биоотын өндіру және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының биоотын өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасымен реттеледі.
3. Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде туындаған, осы Заңмен реттелмеген қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасымен реттеледі.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері:
пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-2-тармақ өзгертілді
3-2. Осы Заңның басым тұтынушыларға қатысты ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға ар қылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі, ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акция ларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі.
Тұлғалар тобы бірыңғай басым тұтынушы ретінде қарастырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу экономиканың энергияны қажетсінуін және қоршаған ортаға электр және жылу энергиясын өндіру секторының әсерін азайту және электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлесін ұлғайту үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) жаңартылатын энергия көздерi секторын дамытудың нысаналы көрсеткiштерiн ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн орналастыру жоспарын бекiтудi және iске асыруды;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды белгілеуді;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) нетто-тұтынушыларға қолдау шараларын ұсынуды;
2) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қазақстандық кадрларды даярлау мен оқытуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасауды;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтиды.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен қағидаттары
1. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып энергия өндіруді ынталандыру;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін бірыңғай электр энергетикасына, жылу жүйесіне, электр және жылу энергиясының нарығына тиімді ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының парник газдары шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға жәрдемдесу.
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қағидаттары болып табылады:
1) энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік;
2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы субъектілер мүдделерінің теңгерімі;
4) генерация құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін дамыту жөніндегі міндеттемелерге қол жеткізу;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-1) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудан түсетін кірістерінің жеткіліксіз болуы салдарынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекітеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді әрі электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;
5-1) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-2) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7) және 5-8) тармақшалармен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басым тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеуі мен қайта бөлуінің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5-4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-4) басым тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасатын жерін келіседі;
5-5) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-6) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
5-7) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-8) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;
6) 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-4) тіркелген тарифтерді бекітеді;
8) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) - 10-1) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-3) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-4) - 10-7) тармақшалармен толықтырылды
10-4) 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-6) - 10-8) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 10-9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-9) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату тәртібін айқындайды;
11) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;
12) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-1-бап. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылатын, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін резервке қояды және береді;
3-2) 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері берген электр энергиясының көлемі туралы электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған мәліметтерді ай сайын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ұсынуға міндетті.
2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Басым тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады.
Басым тұтынушылар жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарттар жасасуға міндетті.
Басым шартты тұтынушылар қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган мен жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан:
қаржы-есеп айырысу орталығы мен энергия өндіруші ұйым арасындағы сатып алу-сату шарттары бойынша - осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, шарт жасасу күніне қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша;
өзі не қаржы-есеп айырысу орталығы энергия өндіруші ұйыммен жасасқан сатып алу-сату шарттары бойынша - осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша электр энергиясының жоспарлы көлемін сатып алуға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алынған электр энергиясына «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ақы төлеуге міндетті.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолдау жүзеге асырылатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
4-3. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Басым тұтынушының құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:
1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ай сайын электр энергиясы берілген айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей оны шығарудың, желілерге жіберудің тәулік сайынғы нақты көлемдері туралы ақпарат беруге;
2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға;
3) өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға тәуліктік және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын беру кестелерін ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1. Белгіленген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелік оператор белгілеген, электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының жұмыс режимдерін сақтауға міндетті.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Су қоймаларымен жарақтандырылған гидроэлектр станциялары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін су режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкіміне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулік ішінде реттеуді жүзеге асыруға міндетті.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 6-3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым не онымен бір тұлғалар тобына кіретін және бір өңірдегі энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өздерін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге қоса мынадай материалдар мен құжаттарды:
1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өздерін аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды:
1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Басым тұтынушы құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
3-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау
8-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1-бап. Тіркелген тариф және аукциондық баға
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттардың қолданысы тоқтатылғанға дейін, бірақ шарттар жасалған күннен бастап он бес жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер және аукциондық бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын индекстеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қолдау көзделген жаңартылатын энергия көздерінің түріне, жобаны қаржыландыру құрылымына және экономикалық негізділігіне қарай тіркелген тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, жыл сайын индекстелуге жатады.
3. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша:
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізуге құқылы.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер, шартты тұтынушылар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында (бұдан әрі - жалпы шығындар) бөледі.
Тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтынуының тиісті үлесі (бұдан әрі - тікелей тұтынушылар мен өнеркәсіптік кешендердің шығындары) ретінде айқындалады.
Жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне тиесілі, жалпы шығындар мен тікелей тұтынушылардың және өнеркәсіптік кешендердің шығындарының айырмасы ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар олардың арасында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын жоспарлы сатып алу үлесіне барабар бөлінеді.
Бұл ретте осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды басым тұтынушыға бөлмейді.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Басым тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері электр энергиясын өндірудің жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде аз кезеңдегі көлемінің) өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштен:
1) Қазақстан Республикасында есеп айырысу жылында электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемінің нақты үлесінен;
2) есеп айырысу жылында қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қайта есептеуді жүргізеді және оның тиісті үлесін басым тұтынушыға қайта бөледі.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Егер басым шартты тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оның электр энергиясының үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі, бірақ ол 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатуды жүзеге асырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттарының қолданылу мерзіміне 2020 жылы басым шартты тұтынушы мен басым шартты тұтынушының құрамына кірген шартты тұтынушылар қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясының нақты көлеміне тең ең төмен шамадан аз болмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуға жататын электр энергиясының ең төмен шамасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттары қолданысының тоқтатылуына қарай электр энергиясының тиісті көлеміне пропорционалды азайтылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Басым тұтынушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жылына бір рет тікелей тұтынушылар мен оның құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендер арасында дербес бөледі.
3 - 4-2. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4-3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері уәкілетті органды, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және оның орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Уәкілетті орган кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, осы субъектінің өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.
5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады.
6. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ нетто-тұтынушыларға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ нетто-тұтынушылар энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады.
9 - 11. 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы энергия беруші ұйымның желілеріне тұтынушы ретінде қосылған кезде онымен электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын жасасуға міндетті.
2. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Нетто-тұтынушы өзіне қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифі бойынша электр желісінен есепті кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне, нақ сол кезең ішінде электр желісіне өзі берген көлемді шегере отырып, ақы төлейді.
Электр желісіне есепті кезең ішінде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемі электр желісінен нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлемінен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатуы нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілеріне қосу, электр және (немесе) жылу энергиясын беру кезіндегі қолдау
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан салынған объектілер, сондай-ақ пайдалануға берілу мерзіміне қарамастан, қайта жаңартылған объектілер кернеу класына немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілерінің ең жақын нүктесіне қосылады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйым және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйым электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасауға міндетті. Бұл ретте жасалатын шартта жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымның және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйымның шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы көзделеді.
2. Энергия беруші ұйым кернеу класына немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін электр немесе жылу желілерінің ең жақын нүктесінің кедергісіз және кемсітушіліксіз анықталуын және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілердің қосылуын қамтамасыз етеді.
3. Энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің өткізу қабілеті шектелген жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірген электр энергиясын беруге басымдық берілуі тиіс. Бұл талап Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды жүйелік оператордың жою кезеңдеріне қолданылмайды.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне электр энергиясын беру-тұтынудың тәуліктік диспетчерлік кестелерін қалыптастыру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын беру оларға басым тәртіппен қосылады.
Бұл басымдық қуат нарығына қатысатын жаңартылатын энергия көздері объектілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін қолдау және дамыту туралы заңнамасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуді жүзеге асырмайтын жаңартылатын энергия көздері объектілеріне қолданылмайды.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, соның ішінде ауқымы шағын объектілерді қосу үшін жұмыс істеп тұрған электр желілерін кеңейткен және реконструкциялаған жағдайда тиісті шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифтеріне қосылады.
6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желілеріне қосу нүктесіне дейінгі желілерді салуға, желіге қосуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желісіне қосу нүктесіне дейін энергия беруге және берілетін энергияны өлшеуге байланысты шығындар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің меншік иесіне жүктеледі.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
11-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілді
11-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін нормалары аукциондық бағаны қолдану туралы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасаған шарттарға қатысты ғана қолданылады.
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан шарттарына осы Заңның 7-1-бабы 9-тармағының күші қолданылады.
Осы Заңның 9-бабы 8-тармағының күші жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты олардың жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғаннан кейін қолданысын тоқтатады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 4-і.
№ 165-ІV ҚРЗ