Аудиторлық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы

(2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2015.02.08. № 342-V ҚР Заңын қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы

3-бап. Аудиторлық қызмет

3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері

4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары

5-бап. Аудит және оның түрлерi

6-бап. Алып тасталды

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау

8-бап. Аудитор

9-бап. Аудиторлық ұйым

10-бап. Кәсiби ұйымдар

11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру

13-бап. «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау

13-1-бап. Кәсіби кеңес

13-2-бап. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті

14-бап. Біліктілік комиссиясы

15-бап. «Аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою

16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау

17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт

18-бап. Аудиторлық есеп

18-1-бап. Алып тасталды

18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды

18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері

19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi

20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi

21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру

23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi

24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу

25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары

26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi

28-бап. Дауларды қарау

29-бап. Өтпелi ережелер

30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

 

 

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

 

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

2) аккредиттеу - осы Заңда көзделген кәсіби ұйымдардың құқықтылығын уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы;

3) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі;

4) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында тексеру;

5) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

6) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;

7) аудиторлық қызмет - осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитін жүргізу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі - кәсіби кеңес) - кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым;

8) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;

9) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

10) Әдеп кодексі - аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;

11) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;

12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті - жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері - бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;

13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит - бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;

14) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын аудиторлық есеп;

15) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

16) өзге ақпарат аудиті - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;

17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды - өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17-1) практикамен айналыспайтын сарапшы - аудиторлық ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе жұмыскері болып табылмайтын және кәсіби кеңес органдарында тағайындалғанға дейін және олардағы жұмыс кезеңінде онымен азаматтық-құқықтық қатынаста кемінде күнтізбелік бір жыл болмаған жеке тұлға;

18) салықтар бойынша аудит - уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит;

19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды - салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды - аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды;

21) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

22) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі - аудит стандарттары) - Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Аудиторлық қызмет

1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Аудиторлық ұйымдар мынадай қызметтерді де көрсете алады:

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер;

 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;

3) ішкі аудит;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;

7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру;

8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;

9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржылық-шаруашылық қызметті және қаржылық жоспарлауды талдау, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе қызметтерді көрсету бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ оларды тарату;

11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету;

12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

 

2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін жағдайлар жасау аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.

2. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері:

1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;

2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау;

3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.

 

4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және аудиттің стандарттары

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:

тәуелсіздік;

объективтілік;

кәсіби құзыреттілік;

құпиялылық;

адалдық;

ұйымдардың стандарттарын сақтау;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.

Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Өзге ақпарат аудиті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5-бап. Аудит және оның түрлерi

1. Аудиттің түрлері мыналар:

1) міндетті;

2) бастамашылық.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Міндетті аудитке:

акционерлік қоғамдар;

қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;

инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;

банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

астық қабылдау кәсіпорындары;

сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар;

«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;

мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;

2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.

Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.

Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

 

6-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті орган:

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) тармақша өзгертілді

1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;

2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-4) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;

5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды;

7) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;

9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкілін жібереді;

9-2) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-3) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) - 12) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;

14) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 15) тармақшамен толықтырылды

15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;

16) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 17) тармақшамен толықтырылды

17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

18-3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды;

19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

8-бап. Аудитор

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.

 

9-бап. Аудиторлық ұйым

1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.

Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.

Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.

3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

4, 5-тармақтардың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.

8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

 

10-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қараңыз

10-бап. Кәсіби ұйымдар

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.

2. Кәсіби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізінде жұмыс істейді.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.

Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерінің ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.

5. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

11-бап. Кәсіби ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi

1. Кәсіби ұйымдар:

1) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) аудиторларға кандидаттарды оқыту жөніндегі курстарды өткізуге;

3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін талдауға, қорытуға және таратуға;

4) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесін білдіруге;

5) өздерінің қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;

6) аудиторлық ұйымдардың рейтингін өткізуге және оларды мерзімді баспа басылымдарында жариялауға;

7) бухгалтерлік есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;

8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттерді, әдістемелік ұсынымдар мен мерзімді баспа басылымдарын әзірлеуге, шығаруға және таратуға;

9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтің өзге де мәселелері бойынша ұсынымдар беруге;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) сапаға жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексін бұзуға жол берген тұлғаларды кәсіби ұйымнан шығаруға;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 11) тармақшамен толықтырылды

11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.

2. Кәсіби ұйымдар:

1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға;

2) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;

4) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың өткізілуін қамтамасыз етуге, олар аяқталғаннан кейін курстардан өткені туралы сертификаттар беруге;

6) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерістер туралы он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға;

9) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.

 

12-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қараңыз

12-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру

1. Кәсіби ұйым, егер:

1) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бір жыл ішінде Аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (қатарынан екі реттен артық) бұзса;

5) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себепті үш ай ішінде жоймаса;

7) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 

13-бап. «Аудитор» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жіберіледі.

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аттестаттаудан өткен адамдар «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады.

«Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа реакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Аттестаттау бойынша емтиханнан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.

 

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13-1-бап. Кәсіби кеңес

1. Кәсіби кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құрылтайшылары бекіткен жарғыға сай әрекет етеді.

2. Кәсіби кеңестің мүлкі міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдардан, кәсіби ұйымдардан біржолғы немесе тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және кәсіби кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін көздер есебінен қалыптастырылады.

3. Кәсіби кеңеске оның құрылтайшылары берген мүлік кәсіби кеңестің меншігі болып табылады.

Кәсіби кеңес құрылтайшыларының кәсіби кеңестің мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.

4. Кәсіби кеңестің басқармасы (бұдан әрі - басқарма) кәсіби кеңестің жоғары басқару органы болып табылады, оның қарауына Қазақстан Республикасының заңдарында, кәсіби кеңестің жарғысында және кәсіби кеңестің ішкі құжаттарында айқындалған, кәсіби кеңестің қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жатады.

5. Басқарма құрамына:

1) кәсіби ұйымдардан - саны бірдей;

2) уәкілетті органнан (басқарма төрағасы болып табылатын, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша басшы немесе оның орынбасары);

3) аудитке қатысты мәселелер бойынша - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамынан;

4) «Астана» халықаралық қаржы орталығынан;

5) жоғары оқу орындарынан және (немесе) ғылыми ұйымдардан өкілдер;

6) сондай-ақ «аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар тәуелсіз директор кіреді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Басқарма мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс, бұл ретте кәсіби ұйымдар өкілдерінің саны басқарма мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайтынын құрауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.

7. Басқарма өкілдеріне сыйақы төленбейді.

8. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:

1) кәсіби кеңестің мүлкін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, кәсіби кеңестің ішкі құжаттарын бекіту;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кəсіби кеңестің атқарушы органдарына ұсынылған кандидатураларды бекіту;

3) кәсіби кеңес қызметінің жарғылық мақсаттарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;

4) аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында кәсіби кеңес қызметінің бағытын айқындау;

5) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын келісу;

6) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарды бекіту;

7) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін келісу;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті ұсынған, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхаттар бойынша ұсынымдарды қарау және беру;

9) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің қызметіне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін келісу;

10) кәсіби ұйымдарға, аудиторлық ұйымдарға және аудиторларға қатысты өтініштерді қарау;

11) кәсіби кеңестің қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту;

12) кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

13) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылатын бақылау нәтижелерін оларға қарсылық болмаған және (немесе) апелляциялық комиссияның шешімі болған жағдайларда қарау және келісу.

Басқарма кәсіби кеңес қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.

9. Кәсіби кеңес филиалдар мен өкілеттіктер құруға құқылы емес.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті, Біліктілік комиссиясы, атқарушы алқалы орган, басқарма бекіткен өзге де органдар кәсіби кеңестің атқарушы органдары болып табылады.

11. Кәсіби кеңес уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметі туралы жылдық есептілікті басқарма оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

12. Төраға басқаратын атқарушы алқалы орган кәсіби кеңестің қызметіне ағымдағы басшылықты кәсіби кеңестің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

13. Кәсіби кеңестің және атқарушы органдардың қызметі туралы мәліметтер ашық және қолжетімді болуға тиіс.

 

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-2-бап. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің құрамына аудит жүргізу саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, практикамен айналыспайтын кемінде екі сарапшы үш жылға дейінгі мерзімге кіреді жəне/немесе аудит жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, «аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылмаған, практикамен айналыспайтын сарапшылар кіруі мүмкін.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің басқарма бекіткен, кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру;

2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне сапаны сыртқы бақылауды жүргізу;

3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін басқармаға келісуге ұсыну;

4) уәкілетті орган бекіткен, аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарына сәйкес аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібін басқармамен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

5) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін кәсіби кеңестің интернет-ресурсында орналастыру;

6) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7) басқармаға аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхат ұсыну;

8) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайтын, сапаны бақылау жөніндегі комитет аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізген кезде алған мәліметтер жария етілуге жатпайды.

 

14-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда

14-бап. Біліктілік комиссиясы

1. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның өкілі және кәсіби ұйымдардан саны бірдей өкілдер кіреді, бұл ретте Біліктілік комиссиясының құрамы оның мүшелерінің тақ санынан құралуға тиіс. Біліктілік комиссиясының құрамына практикамен айналыспайтын сарапшылар да кіруі мүмкін.

2. Аудит жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар аудитор Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайланады.

Біліктілік комиссиясының төрағасы Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік даусымен үш жыл мерзімге сайланады. Сол бір адам қатарынан екі рет төраға болып сайлана алмайды.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайлана алмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және басқармамен келіседі, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қоры шығарған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

5. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган Біліктілік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға құқылы.

 

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. «Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру

«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға жібереді және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

«Аудитор» біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны электрондық нысанда ресімдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайтаруға міндетті.

Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт

 1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аудит жүргізуге және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шартта: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Аудиттелетін субъектіге міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерді, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетілетін (берілетін) мәліметтерді қоспағанда, аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.

Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.

Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

18-бап. Аудиторлық есеп

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады.

Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі.

Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады.

 

18-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды

18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды

1. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.

 

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды

18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.

2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.

 

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi

1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының, Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бағытталған және ол тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.

Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына және ұйымдар стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.

Сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.

Бұл ретте кəсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінде сапаны сыртқы бақылаудан өткен аудиторлық ұйымдар үшін кəсіби ұйымның жұмыс органында сапаны сыртқы бақылаудан өту талап етілмейді.

3. Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау:

1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым алынған жағдайда;

2) аудиторлардың және (немесе) аудиторлық ұйымдардың жұмыс нәтижелерімен келіспеген жағдайда;

3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;

4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен жолданымдарға сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.

Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым бойынша сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылауды жүргізу қажеттілігі туралы шешім жолданымда жазылған нақты деректер қаралғаннан кейін шығарылады.

4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды тексерілетін аудиторлық ұйым төлейді.

Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды жолданымды жіберген жеке немесе заңды тұлға төлейді. Уәкілетті органға жолданым беру жолданымды жіберген тұлғаны сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге арналған шығыстарды төлеуден босатпайды. Бұл ретте жолданымда жазылған фактілер расталған жағдайда, шығыстарды төлеуді тексерілетін аудиторлық ұйым жүргізеді, ал жолданымды жіберген тұлғаға төлем қайтарылады.

5. Кәсіби ұйымдар аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізеді.

6. Аудиторлық ұйым сапаны сыртқы бақылау нәтижелеріне кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға құқылы.

Кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясының қызметі басқарма айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен міндеттерi

1. Аудиторлар:

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) кәсіби ұйымға кіруге;

2) аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға;

3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Аудиторлар:

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларының талаптарына сәйкес аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өтуге және аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификаттар алуға;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;

3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылы (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына хабарлауға міндетті.

 

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi

1. Аудиторлық ұйымдар:

1) аудит жүргізу әдістерін дербес анықтауға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажетті құжаттаманы сұратуға және тексеруге;

3) осы Заңның 24-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлі бейіндегі мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) аудиттелетін субъектінің қаржы-шаруашылық қызметтеріне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүліктің нақты бар-жоғын тексеруге;

2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) прокуратура, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа қорытындылар беруге құқылы.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен  (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Аудиторлық ұйымдар:

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне немесе уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;

3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;

4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық қүпияны жария етпеуге;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.

Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;

 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 9-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-2) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

12) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетуге (беруге) міндетті.

3. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез келген үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді.

 

22-бап. Аудиторлық қызметті сақтандыру

1. Аудиторлық ұйымдар аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігi

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді

24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу

Аудиторлық ұйымдардың:

осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін жүзеге асыратын оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;

өздерімен соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;

соңғы үш жылда осы Заңның 3-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және (немесе) 3) тармақшаларында аталған (бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілетін қызметтер ұсынылған ұйымдарға;

орындаушылары аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетін субъекті акцияларының он және одан да астам процентін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;

аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар орындаушылардың;

аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;

жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуіне тыйым салынады.

Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.

 

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

1. Аудиттелетін субъект:

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;

2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;

3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;

4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.

2. Аудиттелетін субъект:

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитке, өзге ақпарат аудитіне жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;

3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар секілді аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.

4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.

 

26-бап. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

27-бап. Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігi

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың, сондай-ақ өзге ақпарат толықтығы мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2. Міндетті аудит жүргізуден жалтарған не оны жүргізуге кедергі жасаған, не оны жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс ететін қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.

 

28-бап. Дауларды қарау

Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

29-бап. Өтпелі ережелер

1. Дара кәсіпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.

2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «аудитор» біліктілік куәлігі жарамды болады.

 

30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев