Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Реснубликасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 59-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «қорытындымен» деген сөз «есеппен» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 60-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "кәсіпқой аудиторды" деген сөздер "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат):
229-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"229-бап. Жекеше нотариустардың және аудиторлық ұйымның
құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың
өкілеттіктерді теріс пайдалануы";
бірінші бөліктегі "немесе жекеше аудиторлардың" деген сөздер ", аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар):
495-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "тәуелсіз аудитордың қорытындысын" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат, № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат, № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат):
1) 173-баптың он төртінші бөлігі алып тасталсын;
2) 183-баптағы "аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан" деген сөздер "аудитор" біліктілік куәлігінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"184-бап. Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық
есепті жасауы
Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы, -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) мынадай мазмұндағы 184-1, 184-2-баптармен толықтырылсын:
"184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -
аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға бір реттен артық уақтылы табыс етпеуі, -
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасауға немесе оларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-2-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға
байланысты бұзушылықтар
Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы, -
аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға
көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі";
бірінші абзацта:
"Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексеріліп жатқан адамның" деген сөздер "Аудиторлық ұйымға аудиттелетін субъектінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"барысында" деген сөзден кейін "көрінеу" деген сөзбен толықтырылсын;
"қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 571-баптың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің 2) тармақшасы "178," деген цифрдан кейін "184-1, 184-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
жиырма үшінші абзацтағы "177" деген цифрдың алдынан "175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)," деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма төртінші абзац алып тасталсын;
жиырма бесінші абзац "184" деген цифрдан кейін ", 184-1 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
отыз бірінші абзацтағы "184," деген цифр алып тасталсын;
3) тармақшадағы "184," деген цифр алып тасталсын.
5. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
196-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "қорытындының" деген сөз "есептің" деген сөзбен ауыстырылсын.
6. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 129-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Аудиторды немесе аудиторлық" деген сөздер "Аудиторлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 138-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы және 4-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық ұйымдардың мамандары" деген сөздер "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 140-баптың 17) тармақшасындағы "аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын.
7. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат):
1) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкі, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";
1) тармақшадағы ", банк қызметіне аудит" деген сөздер алып тасталсын;
2-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудиті" деген сөздер алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағында:
б) тармақшасы алып тасталсын;
в) тармақшасында "не банк қызметіне аудит жүргізетіндей" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "(аудитордың)" деген сөз алып тасталсын;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргізуге уәкілетті екендігін растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.";
бірінші бөліктегі "(аудитор)" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банктер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы есептерді және активтер мен шарттық міндеттемелердің жіктелімі (провизияның қалыптастырылуы) туралы мәліметтерді аудиторлық ұйым осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес ондағы берілген мәліметтерді растағаннан кейін жариялайды.";
1-тармақта:
"Бухгалтерлік есепті және есеп беруді, бастапқы құжаттарды және банк қызметі туралы басқа да ақпарат аудитін" деген сөздер "Банк аудитін" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтағы "аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде" деген сөздер "аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 58 және 59-баптар алып тасталсын.
9. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):
1) 7-баптың 6-тармағында:
екінші бөліктегі "тәуелсіз аудиторлық тексерістен", "тәуелсіз аудиторлық тексеріс" деген сөздер "тәуелсіз аудиттен", "тәуелсіз аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 17-1-бапта:
1-тармақтағы "аудиторды" деген сөз "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "мұндай тексеру міндетті" деген сөздер "аудит міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру мүдделі" деген сөздер "аудит мүдделі" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат):
8-баптың 3-тармағындағы "тәуелсіз аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Басқа да ақпараттың аудиті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерді және зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алу жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөніндегі талаптардың орындалуын тексеруді де қамтиды.
Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.";
3) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
"59-1-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігінің және басқа да ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Басқа да ақпараттың аудиті зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және зейнетақы активтерін инвестициялау мен бағалау жөнінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды орындауын тексеруді қамтиды.
Ілеспе қызметтерді жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.".
12. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар):
1) 46-баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі "тексеру комиссиясы (тексеруші) және (немесе) аудитордың ол бойынша қорытындылары" деген сөздер "тексеру комиссиясының (тексерушінің) ол бойынша қорытындысы және (немесе) аудиторлық ұйымның есебі" деген сөздермен ауыстырылсын; "және (немесе) аудитордың қорытындылары" деген сөздер "қорытындысын және (немесе) аудиторлық ұйымның есебін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 58-баптың 5-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есебі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "байланысы жоқ кәсіби аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "жылдық немесе өзге де қаржылық есептемелерге заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудиторлық тексеру" деген сөздер "қаржылық есептемелерге заңнамалық актілерімен міндетті түрде жылдық аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын; "осындай тексеру міндетті болған кезде" деген сөздер "аудит міндетті болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.
13. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
7-баптың 7) тармақшасында:
"(аудиторлардың)" деген сөз алып тасталсын;
"Тексеру нәтижелері", "тексеру нәтижелері" деген сөздер тиісінше "Аудиторлық есеп", "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат) мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;
3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;
4) аудитор - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;
6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептілігі мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;
8) аудиттелетін субъект - қаржылық есептілігі және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға;
9) аттестаттау - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы;
10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы;
11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп;
12) серіктес - аудиторлық ұйымның аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және оның нәтижелеріне дербес жауапты болатын өкілі;
13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптар белгілейтін ішкі құжаттары;
14) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Аудиторлық қызмет
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.
2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады:
1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер;
2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;
3) ішкі аудит;
4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру;
5) ұйымның статистикалық есептілігін жасау;
6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру;
8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;
9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;
10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;
11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету;
12) Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық есептілік аудитіне ілеспе өзге де қызмет түрлері.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.
3. Аудиторлық ұйымдарға өз қызметінің бейініне жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және
аудиттің стандарттары
1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби құзыреттілік;
құпиялылық;
адалдық;
ұйымдардың стандарттарын және Әдеп кодексін сақтау;
аудиторлық қызметтің халықаралық аудиторлық практикаға сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де принциптері.
2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Аудит және оның түрлерi
1. Аудиттің түрлері мыналар:
1) міндетті;
2) бастамашылық.
2. Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайда жүргізіледі.
Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.
3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.
7-бап. Уәкілетті органның құзыретi
Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган:
1) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді, ал қаржылық ұйымдардың міндетті аудитіне қатысты біліктілік талаптарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді;
2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;
3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;
4) аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін бекітеді;
5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оны кері қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді;
8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;
9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
11) кәсіби ұйымдарды тексеруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы сақталмаған жағдайларда кәсіби ұйымдарға ескерту жасайды;
13) кәсіби ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды;
14) басқа мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
8-бап. Аудитор
1. Аудитор аудиторлық қызметті бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
9-бап. Аудиторлық ұйым
1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесі Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымға мүшелігімен расталса немесе оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс.
5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.
6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша лицензиясы кері қайтарып алынған аудиторлық ұйымға жетекшілік еткен аудитор лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.
8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
10-бап. Кәсіби ұйымдар
1. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі уәкілетті орган бекіткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлікпен расталады. Аккредиттеу туралы куәліктің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші бар.
2. Кәсіби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізінде жұмыс істейді.
3. Кәсіби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларымен айқындалады.
4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіптік ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Кәсіби ұйымдардың саны аккредиттеуге өтініш берерден үш ай бұрын аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлар жалпы санының кемінде бестен бірін және аудиторлық ұйымдар жалпы санының кемінде бестен бірін құрауға тиіс. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі бола алады.
Аудиторлардың - кәсіби ұйымдар мүшелерінің ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.
5. Аудитор немесе аудиторлық ұйым кәсіби ұйымның құрамынан шығарылған жағдайда, мұндай аудитордың немесе аудиторлық ұйымның кәсіби ұйымның шешімімен белгіленген мерзімде, бірақ шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзім ішінде кәсіби ұйымға кіруге құқығы жоқ.
11-бап. Кәсіби ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi
1. Кәсіби ұйымдар:
1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттары талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін талдауға, қорытуға және таратуға;
4) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесін білдіруге;
5) өздерінің қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
6) аудиторлық ұйымдардың рейтингін өткізуге және оларды мерзімді баспа басылымдарында жариялауға;
7) бухгалтерлік есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттерді, әдістемелік ұсынымдар мен мерзімді баспа басылымдарын әзірлеуге, шығаруға және таратуға;
9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтің өзге де мәселелері бойынша ұсынымдар беруге;
10) сапаға жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексін бұзуға жол берген тұлғаларды кәсіби ұйымнан шығаруға құқылы.
2. Кәсіби ұйымдар:
1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) аккредиттеуді алған сәттен бастап үш ай ішінде Біліктілік комиссиясының құрамына өз өкілдерін жіберуге;
3) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
4) Әдеп кодексін әзірлеуге және оны қабылдауға;
5) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
6) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және оны бекітуге;
7) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөнінде курстар өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге;
8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
9) Біліктілік комиссиясына "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
12-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
1. Кәсіби ұйым, егер:
1) өз мүшелерінің сапасын сыртқы бақылауға міндетті тексеру жүргізбесе;
2) өз өкілдерін белгіленген мерзім ішінде Біліктілік комиссиясының құрамына жібермесе;
3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай бір жыл ішінде кәсіби ұйымға мүше он аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы кері қайтарылып алынса;
4) соңғы үш жыл ішінде Аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (қатарынан екі реттен артық) бұзса;
5) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;
6) уәкілетті органның ескерту жасаған себебі үш ай ішінде жойылмаса, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.
2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
13-бап. "Аудитор" біліктілігін беруге кандидаттарды
аттестаттау
1. Жоғары білімі бар және соңғы бес жыл еңбек стажының кемінде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында істеген адамдар аттестаттауға жіберіледі.
2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады.
"Аудитор" біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясы белгілеген тәртіппен жіберіледі.
14-бап. Біліктілік комиссиясы
1. Біліктілік комиссиясын оның құрылтайшылары болып табылатын кәсіби ұйымдар құрады және ол ереже негізінде жұмыс істейді.
2. Біліктілік комиссиясы ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
3. Біліктілік комиссиясының құрамы кәсіби ұйымдардың өкілдерін тең жіберу арқылы оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу құқығымен құрылады. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның және уәкілетті органмен келісім бойынша басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері байқаушылар ретінде кіре алады.
4. Біліктілік комиссиясының төрағасы болып кәсіби ұйымдардың алқалы басқару органдарының ұсынуы бойынша комиссия мүшелерінің арасынан аудиторлық қызметпен айналысатын аудитор төрт жыл мерзімге кезекпен сайланады.
5. Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді кәсіби ұйымдар тең көлемде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
6. Біліктілік комиссиясы аудиторлар тізілімін жүргізеді.
7. Біліктілік комиссиясы шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға "аудитор" біліктілігі берілген не "аудитор" біліктілік куәлігінің күші жойылған адамдар туралы ақпаратты табыс етуге міндетті.
15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою
1. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күшін Біліктілік комиссиясы:
1) дербес:
"аудитор" біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттауға жіберу үшін берілген мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;
сот тәртібімен аудитор әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
үш ай ішінде кәсіби ұйымға кірмеген;
сот клиентке көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп берді деп таныған;
аудиторлық қызметпен айналысуға сот тыйым салған жағдайда жояды;
2) кәсіби ұйымның ұсынысы бойынша:
Біліктілік комиссиясы өзіне қатысты тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған аудитор тексерудің сапалы жүзеге асырылуы үшін барлық қажетті құжаттарды бермеген;
аудит стандарттары мен Әдеп кодексінің талаптары сақталмаған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзған жағдайда уәкілетті органның ұсынуы бойынша жояды.
2. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы шешім кәсіби ұйымдарға хабарланады және Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
3. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күші жойылған адамдар қайта аттестаттауға кем дегенде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
4. Біліктілік комиссиясының "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы шешіміне аудитор сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін:
1) сапаға сыртқы бақылау жүргізу үшін кедергі жасау, жалтару, тиісті жағдайлар жасамау немесе белгіленген мерзімдерде сапаның сыртқы бақылауынан өтпеу;
2) осы Заңның және аудиторлық қызмет саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамау;
3) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жоюы;
4) кәсіби ұйымнан шығару;
5) лицензиаттың жазбаша өтініші;
6) қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қызметін жүзеге асырмау негіздеме болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себебін көрсете отырып, оны алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
3. Лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) аудиттелетін субъектіге көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп берген;
2) осы Заңның және аудиторлық қызмет саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталмаған жағдайларда кері қайтарып алуды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.
5. Лицензия кері қайтарып алынған немесе қолданылуын тоқтатқан жағдайда лицензияны кері қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде аудиторлық ұйымдар уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес лицензиясы кері қайтарылып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кем дегенде бір жыл өткеннен кейін қаралады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасауға болады.
17-бап. Аудит жүргізу шарты
1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.
2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көзделеді.
3. Міндетті аудит және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметін жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
18-бап. Аудиторлық есеп
1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің жасалуы мен өзге де ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және (немесе) серіктестің және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.
2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады және (немесе) серіктесі куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады.
Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі.
Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
"Аудитор" біліктілік куәлігі бар немесе бухгалтерлер мен аудиторлардың шетелдік кәсіби ұйымының мүшелігінде тұратын аудиторлық ұйымның өкілі серіктес болып табылады.
3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады.
19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
2. Сапаны ішкі және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлері болып табылады.
Сапаны ішкі бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым өз мүшелеріне қатысты үш жылда бір рет жүзеге асырады.
3. Сапаны сыртқы бақылауды жүргізудің ережесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті кәсіби ұйымдар әзірлейді.
Сапаны сыртқы бақылауды аудитті жүзеге асырушы аудиторлар ғана жүргізе алады.
4. Аудиторлық ұйым кәсіби ұйымның қорытындысына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлар:
1) аудиттелетін субъектінің аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
2) аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға;
3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2. Аудиторлар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) үш жылда кемінде бір рет кәсіби ұйымдарда біліктілігін арттыру курсынан өтуге;
3) бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектіге беруге;
4) "аудитор" біліктілік куәлігін алғаннан кейін үш ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге және өзінің кіргені туралы Біліктілік комиссиясына хабарлауға міндетті.
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргізу әдістерін дербес анықтауға;
2) аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;
3) осы Заңның 24-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлі бейіндегі мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға;
4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық есепті беруден бас тартуға;
5) аудиттелетін субъектінің қаржы-шаруашылық қызметтеріне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүліктің нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.
2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) сапаны сыртқы бақылауды жүргізу үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ аудиторлық ұйымның аудиторына, аудиторлық ұйымның қызметкерлеріне қатысты тағайындалған тексеру кезінде жәрдемдесуге;
3) мемлекеттік тіркелуден кейін үш ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
4) кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққаннан кейін бір ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
5) осы Заңның 24-бабында көрсетілген мән-жайлардың салдарынан аудит жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға;
6) бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектіге беруге;
7) өздері мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
8) аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
9) Лицензиялау ережесіне сәйкес уәкілетті органға есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты беруге міндетті.
3. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез келген үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді.
22-бап. Аудиторлық қызметті сақтандыру
1. Аудиторлық ұйымдар аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
жауапкершілігi
Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
24-бап. Аудит жүргізу құқығын шектеу
Аудиторлық ұйымдардың:
осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті жүзеге асырушы оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
өздерімен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзінің қызмет бейіні бойынша соңғы үш жылда қызметтер көрсеткен ұйымдарға;
орындаушылары аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетін субъекті акцияларының он және одан да астам процентін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;
аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар орындаушылардың;
егер, аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, аудит жүргізуіне тыйым салынады.
25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары
Аудиттелетін субъект:
аудиторлық ұйымнан аудит жүргізуге қатысты заңнаманың талаптары туралы қажетті ақпарат алуға;
аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
аудиторлық ұйымнан қаржылық есептіліктің, басқа да ақпарат пен өзге де құжаттардың заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы ақпарат алуға;
аудиторлық ұйым шарт талаптарын бұзған жағдайда оның көрсететін қызметінен бас тартуға құқылы.
26-бап. Аудиттелетін субъектінің міндеттерi
1. Аудиттелетін субъект:
аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргізуі үшін жағдай жасауға, қажетті құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірме және түсінік беруге;
егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиісті мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;
аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жолдауға міндетті.
2. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
27-бап. Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігi
1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген қаржылық есептілік пен өзге де ақпараттың толымдылығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.
2. Міндетті аудит жүргізуден жалтарған не оны жүргізуге кедергі жасаған, не оны жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.
28-бап. Дауларды қарау
Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
29-бап. Өтпелі ережелер
1. Дара кәсіпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.
2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген "аудитор" біліктілік куәлігі жарамды болады.
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
15. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 770-құжат):
1) 41-баптың 6-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-бапта:
1-тармақта:
"жылдық" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
"байланысты емес кәсіби аудитор" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "жылдық немесе өзге де қаржы есебіне міндетті аудиторлық тексеру" деген сөздер "жылдық қаржылық есептілігінің аудитін міндетті түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "есебіне аудиторлық тексеру" деген сөздер "есептілігіне аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "есебіне аудиторлық тексеру" деген сөздер "есептілігіне аудит" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай тексеру жүргізуден" деген сөздер "аудит жүргізуден" деген сөздермен ауыстырылсын, "ондай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.
16. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат):
1) 3-бапта:
жиырма бірінші абзацтағы "және уәкілетті аудитор" деген сөздер алып тасталсын;
отыз екінші абзац алып тасталсын;
2) 10-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 14-баптағы "немесе уәкілетті аудитордың" деген сөздер алып тасталсын;
4) 16-баптың 3-тармағындағы "кірістері" деген сөз "оның қызметінің кірістері" деген сөздермен, "және уәкілетті аудитор куәландырған жылдық қаржы есебін" деген сөздер "жылдық қаржы есебін және аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есепті" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтық өкілеттігі бар аудиторлық ұйым жүргізеді.";
"2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігі мен басқа да ақпаратын тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды. Басқа да ақпараттың аудиті бухгалтерлік есепте сақтандыру резервтерін көрсетудің дұрыстығын, осы Заңның 46-бабында көрсетілген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуын, мәмілелер жасауға шектеулердің сақталуын тексеруді қамтиды.
Ілеспе қызметтер жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуге тиіс.";
3-тармақта:
"Уәкілетті аудитор" деген сөздер "Аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қорытындының" деген сөз "аудиторлық есептің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 24-баптың 2-тармағындағы "уәкілетті аудитордың" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің" деген сөздермен ауыстырылсын, "қорытындысы" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін" деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы "және уәкілетті аудиторлардың" деген сөздер алып тасталсын;
9) 57 және 58-баптар алып тасталсын;
10) 74-баптың 4-тармағындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
17. «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат):
1) 27-баптың 2-тармағындағы "аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар" деген сөздер "аудиторлық қызметті жүзеге асырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-бапта:
1-тармақта:
"жылдық" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
"байланысы жоқ кәсіби аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "аудиторлық тексеруді" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын, "мұндай тексеру міндетті", "мұндай тексеру мүдделі" деген сөздер "аудит міндетті", "аудит мүдделі" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
1) 12-баптың 6-тармағындағы "аудитор", "аудиторлар" деген сөздер тиісінше "аудиторлық ұйым", "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 2-тармағындағы "аудиторлар палаталары" деген сөздер "кәсіби аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 35-баптың 4-тармағындағы "тәуелсіз аудитор" деген сөздер "аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат):
21-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "(аудитор)" және "(аудитормен)" деген сөздер алып тасталсын.
20. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат):
23-бапта:
1-тармақта:
"жылдық" деген сөзден кейін "қаржы" деген сөзбен толықтырылсын;
"байланысты емес аудитор" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын, "ондай тексеру өткізуден" деген сөздер "аудит жүргізуден" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.
21. «Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат):
1) тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «аудиторлар мен», «аудитормен немесе», «аудиторды және», «аудитордың немесе», «аудитордың және», «аудиторды немесе», «жеке кәсіпкер ретінде аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлар және», «аудиторларды немесе», «аудиторларға және», «аудитор және», «аудитор немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-баптың 4) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
3) 3-бапта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді және 5-баптың 2-тармағындағы "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Аудитор және аудиторлық" деген сөздер "Аудиторлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "жүзеге асыратын аудитор немесе аудиторлық ұйым" деген сөздер "жүзеге асыратын аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшаның қолданысқа енгізілу мерзімін 2-баптан қара
5) 15-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
42-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "аудитор" деген сөз "аудиторлық ұйым қызметкері" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы ", қаржылық ұйымдардың аудитін" деген сөздер алып тасталсын;
2) 10-баптың 7) тармақшасындағы "және банктерге аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-баптың 9) тармақшасындағы "және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 21-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 5-сі.
№ 139-III ҚРЗ