ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық

регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша

 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

16-баптың 23) тармақшасы «педагогін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1-баптың 1-тармағының 235) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«235) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін, спортта дəрігерлік жəне функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық жəне медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті жəне спорт гигиенасын қамтитын медицина саласы;».

3. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8 жəне 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары

Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) туристік қызметке жəрдемдесу жəне оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) туристік қызметтің басым бағыттарын қолдау;

3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;

4) туристер мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жəне олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігі, құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың заңды мүдделері мен мүлкін қорғау.

9-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері

1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

2) қоршаған ортаны қорғау;

3) туристерге тəрбие, білім беруге жəне оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған туристік индустрияны дамыту;

5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттің жəне Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;

6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту;

7) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;

8) туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесін ескеру, табиғи жəне тарихи-мəдени мұраларын қорғау;

9) туристік индустрияға инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау жəне дамыту;

2) ішкі жəне халықаралық туризм қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;

3) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік жəне экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;

4) жаңа жұмыс орындарын ашуға жəне халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесу;

5) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жəне олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуы;

6) ішкі жəне əлемдік туристік нарықтарда туристік өнімді ілгерілету;

7) елдің туристік ресурстарын ұтымды жəне тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.»;

2) 11-бапта:

4), 11), 12), 13), 14), 15), 20-1), 20-6), 20-10), 20-21), 20-24) жəне 20-25) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 20-26) тармақшамен толықтырылсын:

«20-26) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес туристік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;».

4. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

24-баптың 1-тармағының 17-1) тармақшасындағы жəне 25-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасындағы «аккредиттелген республикалық» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

3-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері жəне қағидаты»;

1-тармақтағы «Туристі міндетті сақтандырудың» деген сөздер «Осы Заңның негізгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Заңның негізгі міндеттері:»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Осы Заңның негізгі қағидаты сақтандырылушының мүліктік мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.».

6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

5-баптың бірінші бөлігінің 63) тармақшасындағы «бастауыш» деген сөз «олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін жəне спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Дене шынықтыру жəне спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

5-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5-2) бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адам - тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған, өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін, өзіне-өзі күтім жасау жəне (немесе) жүріп-тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты бөгде адамның күтіміне жəне көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды бірге алып жүру жəне оларға көмек көрсету жөніндегі қызметтерді спорттық іс-шараларға (аудандық, облыстық, республикалық жəне халықаралық) бару кезінде шарт негізінде көрсететін жеке адам;»;

17) тармақшадағы «республикалық (өңірлік)» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

17-1) тармақшада:

«құрама командасынан» деген сөздер «ұлттық командасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан)» деген сөздер алып тасталсын;

18) жəне 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«18) жоғары дəрежелі спортшы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының мүшесі болып табылатын спортшы;

19) жоғары жетістіктер спорты - Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген ұлттық спорт түрлері мен спорт түрлері;»;

22) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері» деген сөздер «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

«24-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;»;

25) тармақшадағы «спорт түрін» деген сөздер «спорттың басым түрін» деген сөздермен ауыстырылсын;

29-2), 29-3), 30) жəне 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«29-2) олимпиадалық спорт түрлері - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;

29-3) паралимпиадалық емес спорт түрлері - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, Халықаралық паралимпиада комитеті немесе халықаралық спорт федерациялары дамытатын спорт түрлері;

30) Паралимпиадалық ойындар - Халықаралық паралимпиада комитеті ұйымдастыратын, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында, сондай-ақ интеллектуалдық дамуы бұзылған спортшы адамдар арасында өткізілетін халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар;

30-1) паралимпиадалық спорт түрлері - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;»;

33) тармақшада:

«жоғары спорттық нəтижелерге» деген сөздер «жоғары жетістіктер спортында жоғары нəтижелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жас жəне жасөспірім жастағы» деген сөздер «жасөспірім жастағы, юниор жəне жас» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 33-1) жəне 34-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«33-1) спортта тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер (бұдан əрі - допинг) - Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның жəне Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дəрілер) мен əдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды жəне (немесе) əдісті пайдалану немесе пайдалануға əрекеттену;»;

«34-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының командалары - халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын, жоғары жетістіктер спортына жатпайтын спорт түрлері бойынша спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;»;

35), 35-1), 35-2), 36), 37) жəне 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары - жоғары жетістіктер спорты бойынша халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;

35-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалары - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;

35-2) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командалары - жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық жəне халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жүзеге асыратын жəне қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар ұжымдары;

36) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде тіркелген мəліметтерді қамтитын тізілім;

37) спорт түрі - жаттығу ортасы, сайысу əрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы жəне бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгілері болып табылатын спорттың құрамдас бөлігі;

38) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасына басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына жəне əлем чемпионаттарына, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға жəне басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретін жаттықтырушы;»;

39) тармақша алып тасталсын;

40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«40) спорттық əдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар жəне спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;»;

мынадай мазмұндағы 41-4), 43-1) жəне 43-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«41-4) спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары - дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін əзірлеген жəне бекіткен спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлыққа қойылатын ең төмен талаптардың жиынтығы;»;

«43-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін, спортта дəрігерлік жəне функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық жəне медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті жəне спорт гигиенасын қамтитын медицина саласы;

43-2) спорттық медицина жəне оңалту ұйымы - спортта дəрігерлік жəне функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық жəне медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті жəне спорт гигиенасын қоса алғанда, спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін ұйым;»;

44-1) жəне 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«44-1) спорттың басым түрлері - Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азиялық, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген жəне оларда жоғары спорттық нəтижелері бар спорт түрлері жəне ұлттық спорт түрлері;»;

«47) спортшы - таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын жəне спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам;»;

48) тармақшадағы «республикалық (өңірлік)» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері жəне қағидаттары

1. Осы Заңның негізгі мақсаттары дене шынықтыру мен спортты дамыту, спортпен айналысатын салауатты жəне бəсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады.

2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тəртіпті сақтау;

2) дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;

3) ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес жəне сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту;

4) дене шынықтыру мен спортты, бейімдік дене шынықтыру мен спортты, спорттық медицинаны қолдау жəне ынталандыру;

5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеке жəне заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

6) дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасау;

7) дене шынықтыру, спорт жəне спорттық медицина саласындағы зерттеулер үшін ғылыми базаны дамыту;

8) мектеп спортын, студенттік спортты жəне еңбек ұжымдарында дене шынықтыруды дамыту.

3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) барлық жеке адамдар үшін дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың теңдігі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;

2) халықтың əртүрлі жас топтарына дене тəрбиесін берудің үзіліссіздігі мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың еріктілігі;

4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыруға бағытталуы;

5) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;

6) кемсітушілікке тыйым салу жəне қатігездікті, зорлық-зомбылықты жəне адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;

7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетістіктер спортының басымдығы;

8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жəрдемдесу.»;

3) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «саласындағы» деген сөзден кейін «қоғамдық» деген сөзбен толықтырылсын;

4) 7-бапта:

1) жəне 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;

1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады жəне іске асырады;»;

1-2) тармақшада:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

1-4) тармақшадағы «ақша қаражатын» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-5) тармақшамен толықтырылсын:

«1-5) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтыру шылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;»;

4) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жəне олардың қатысуын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;»;

6) тармақшадағы «кадрларды» деген сөз «мамандарды» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) тармақшада:

«аккредиттелген республикалық» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, оның ішінде ардагер спортшылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;

8) тармақшада:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

14) тармақшадағы «республикалық жəне өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

15) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

18-1), 18-2) жəне 19) тармақшалар алып тасталсын;

22) тармақшада:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

23) тармақшадағы «аккредиттелген республикалық федерациялардың» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

30) тармақшада:

«аккредиттелген республикалық» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«құрама жəне штаттық құрама» деген сөздер «ұлттық жəне штаттық ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының жəне облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;

32) тармақшада:

«дене шынықтыру-спорт ұйымдарында» деген сөздер «дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«шамасын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«33) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын жəне спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады;»;

34) жəне 35) тармақшаларда:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

36) тармақшада:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

39) тармақшадағы «республикалық аккредиттелген» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

44) тармақша алып тасталсын;

44-1) тармақшадағы «ақша қаражатын» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;

49-1) тармақша алып тасталсын;

52) тармақша «төлемінің» деген сөзден кейін «өлшемшарттары мен» деген сөздермен толықтырылсын;

56) тармақшада:

«құрама командаларын» деген сөздер «ұлттық командаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды)» деген сөздер алып тасталсын;

62) тармақша «тізбесін» деген сөзден кейін «жəне өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тəртібін» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:

«62-1) жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін жəне оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тəртібін айқындайды;»;

63) жəне 64) тармақшалар алып тасталсын;

65-4) жəне 65-7) тармақшалардағы «ақша қаражатын» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 65-12), 65-13), 65-14), 65-15), 65-16), 65-17), 65-18), 65-19), 65-20), 65-21), 65-22), 65-23), 65-24) жəне 65-25) тармақшалармен толықтырылсын:

«65-12) спорттың ойналатын түрлері бойынша кəсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекітеді;

65-13) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;

65-14) əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уəкілетті органымен, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;

65-15) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жəне аттестаттауды жүзеге асырады;

65-16) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін əзірлейді жəне бекітеді;

65-17) спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды жəне реконструкциялауды ұйымдастырады;

7-тармақтың 4) тармақшасының алпыс бесінші абзацы 2026 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі

65-18) осы Заңның 44-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында жəне 2-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдайды;

65-19) еңбек жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

65-20) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

65-21) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

65-22) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне жəне спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;

65-23) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекітеді;

65-24) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді;

65-25) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;

5) 8-бапта:

1-тармақта:

2) тармақшада:

«республикалық жəне (немесе) жергілікті аккредиттелген» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық жəне (немесе) жергілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, оның ішінде ардагер спортшылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;

2-1) тармақшада:

«аккредиттелген республикалық» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, оның ішінде ардагер спортшылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командаларын даярлауды жəне олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық жəне халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;»;

10) тармақшадағы «өңірлік жəне» деген сөздер алып тасталсын;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана команда ларының құрамдарын қалыптастырады жəне бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) жəне 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

16-2) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен, өңірлер бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;»;

7-тармақтың 5) тармақшасының он жетінші абзацы 2026 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі

«17-1) осы Заңның 44-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шараларды қабылдайды;»;

20-3) тармақшадағы «республикалық аккредиттелген» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;»;

20-5) тармақша алып тасталсын;

20-6) тармақшадағы «дəрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің» деген сөздер «спорттық медицина жəне оңалту ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-10), 20-11) жəне 20-12) тармақшалармен толықтырылсын:

«20-10) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;

20-11) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

20-12) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалар командаларының құрамдарын қалыптастырады жəне бекітеді;»;

6) 10-бапта:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, жаттығу орталықтары, спорттық даярлау орталықтары, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, спорт лигалары, спорт секциялары, əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, дене шынықтыру мен спортты дамытуды жүзеге асыратын ведомстволық спорт қоғамдары мен қоғамдық бірлестіктер, дене шынықтыру орталықтары;»;

6) тармақшадағы «өзге де мамандар жатады.» деген сөздер «өзге де мамандар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10) жəне 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті;

8) Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті;

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті;

10) Қазақстанның Арнаулы олимпиадасы;

11) допингке қарсы ұйымдар жатады.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сəйкес спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асырады.»;

7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу

1. Ұлттық жəне жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.

2. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.

3. Олимпиадалық жəне олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.

4. Ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға тиіс.

5. Паралимпиадалық жəне паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.

6. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға жəне (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті тануға тиіс.

7. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация «ұлттық» деген мəртебемен аккредиттеледі.

8. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «ұлттық» деген мəртебе беріледі.

9. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы спорт түрі (түрлері) бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға тиіс.

10. Жергілікті атқарушы органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «жергілікті» деген мəртебе беріледі.»;

8) 12-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «республикалық жəне өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сəйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе Қазақстан Республикасының командалары үшін өнер көрсетуге құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге;

5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының нышандарын пайдалануға барлық құқықтарды иеленуге;»;

2-тармақта:

бірінші абзацтағы «республикалық жəне өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды əзірлеуге жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға бекітуге ұсынуға;

4) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) əзірлеуге жəне бекітуге;»;

5) тармақшада:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;»;

21) тармақшадағы «республикалық (өңірлік)» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

«24-1) спорт түрлері бойынша спортшылардың əрбір жас тобы үшін оқу-жаттығу процесінің əдістемелік құралдарын дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əзірлеуге;»;

4-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;»;

13) тармақшадағы «республикалық (өңірлік)» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 13-бапта:

3-тармақта:

6) тармақшадағы «облыстың» деген сөз «дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша алып тасталсын;

5-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

6-тармақтағы «республикалық» деген сөз «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «, сондай-ақ белгіленген тəртіппен бөлінетін бюджет қаражаты» деген сөздер алып тасталсын;

10) 13-1-бапта:

3-тармақта:

6) тармақшадағы «облыстың» деген сөз «дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша алып тасталсын;

5-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

6-тармақтағы «республикалық» деген сөз «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «, сондай-ақ белгіленген тəртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен» деген сөздер алып тасталсын;

11) 13-2-бапта:

3-тармақта:

6) тармақшадағы «облыстың» деген сөз «дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне облыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша алып тасталсын;

5-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

6-тармақтағы «республикалық (өңірлік)» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бөлінетін бюджет қаражаты» деген сөздер алып тасталсын;

12) 14-баптың 3-тармағында:

«құрама командаларынан» деген сөздер «ұлттық командаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардан)» деген сөздер алып тасталсын;

13) 15-бапта:

2-тармақта:

екінші бөліктегі «нашар» деген сөздер «уақытша əлсіреген» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектігі бар (тəндік немесе психикалық денсаулық жағдайында тұрақты ауытқулары бар) білім алушылар мен тəрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру жəне спорт əдістері мен құралдарын пайдалана отырып, бейімдік дене шынықтыру жəне спорт топтарында немесе жалпы топта айналысады.»;

алтыншы бөлік «мектеп-интернат-колледждерінің» деген сөздерден кейін «жəне спорт саласындағы техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде жəне спорт саласындағы техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене тəрбиесі сабақтары оған бөлінген оқу сағаттары шеңберінде таңдалған спорт түрі (түрлері) бойынша оқу-жаттығу процесі нысанында өткізіледі жəне мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатта дене тəрбиесі пəні ретінде көрсетіледі.»;

5-тармақ «мектептер базасында» деген сөздерден кейін «білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган əзірлеген жəне бекіткен мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларына сəйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 19-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшылар оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға жəне халықаралық спорттық жарыстарға бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адаммен бірге барады.

Тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға жəне халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шығыстарды өтейді.»;

6-тармақтың екінші бөлігінде:

«құрама командаларын» деген сөздер «ұлттық командаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды)» деген сөздер алып тасталсын;

15) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық жəне республикалық жарыстар өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жəне олардың қатысуын ұйымдастырады.»;

16) 24-баптың 1-тармағындағы «аккредиттелген республикалық федерациялар əзірлейтін жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекітетін дене шынықтыру-спорт ұйымдарына арналған спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сəйкес» деген сөздер «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары негізінде оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ететін» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 25-баптың 1-тармағындағы «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларына» деген сөздер «спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 26-бапта:

тақырыптағы «құрама» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақта:

«құрама жəне штаттық құрама» деген сөздер «ұлттық жəне штаттық ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар), спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама командалары» деген сөздер алып тасталсын;

«іс-шараларға» деген сөз «жарыстарға» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

«құрама командаларына» деген сөздер «ұлттық командаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларға)» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақта:

«штаттық құрама» деген сөздер «штаттық ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы құрама» деген сөздер «Қазақстан Республикасы ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақта:

орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;

«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың» деген сөздер «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;

«құрама» деген сөз алып тасталсын;

5-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

«спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама командалары» деген сөздер «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 29-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

20) 31-бапта:

тақырыптағы жəне 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері» деген сөздер «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 жəне 4-тармақтардағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 36-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Спорттық іс-шаралар дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен жарыстар, оқу-жаттығу жиындары түрлерінің тізбесіне жəне олардың сыныптамасына сəйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық жəне өңірлік күнтізбелеріне енгізіледі.»;

22) 37-баптың 1-тармағындағы «республикалық» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

23) 38-бапта:

1-тармақтағы «аккредиттелген республикалық» деген сөздер «аккредиттелген ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «республикалық жəне (немесе) өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

10-тармақтағы «Спорт» деген сөз «Аккредиттелген спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 42-баптың 2-тармағында:

«Қазақстан Республикасы құрама» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар)» деген сөздер алып тасталсын;

25) 43-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы «қалпына келтіруді қамтиды.» деген сөздер «қалпына келтіруді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) жəне 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) спортшыны оқу-жаттығу процесіне жəне жарыстарға жіберу туралы шешімді;

6) спортшының дене шынығуы жəне функционалдық қасиеттерін жəне спорттық нəтижесін арттыруды;

7) спорт гигиенасын;

8) оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

9) спортшының психологиялық дайындығын қамтиды.»;

26) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

«43-1-бап. Ұлттық спорттық медицина жəне оңалту ұйымы

Ұлттық спорттық медицина жəне оңалту ұйымы спортшыларды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина мен оңалту саласындағы заманауи технологияларды енгізу жəне тарату мақсатында мемлекеттік кəсіпорын нысанында құрылады.

Ұлттық спорттық медицина жəне оңалту ұйымы:

1) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) спорттық іс-шараларға қатысқан уақытта спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының спортшыларын спорт дəрігерлерімен, массаж жасаушылармен жəне спорттық медицина жəне оңалту саласындағы өзге де мамандармен қамтамасыз етеді;

3) спортшыларды, оның ішінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының спортшыларын медициналық зерттеп қарауды, кешенді функционалдық тестілеуді жүргізеді;

4) спортшыларды жоғары жетістіктер спортымен айналысуға жіберуді жүзеге асырады;

5) спорттық медицина жəне оңалту, емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады жəне олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

6) спортшыларға консультация беруді, оларды диагностикалауды, емдеуді, оңалтуды жəне қалпына келтіруді жүзеге асырады;

7) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының спортшыларын дəрілік заттармен, биологиялық белсенді қоспалармен, фармакологиялық заттармен қамтамасыз етеді;

8) спортшылардың тиімділігін, физикалық тұрғыдан жұмыс қабілетін арттыруға жəне жылдам қалпына келуіне ықпал ететін диагностикалау жəне емдеу, алғашқы көмек, оңалту əдістерін əзірлейді, енгізеді жəне жетілдіреді;

9) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командалары спортшыларының дене шынықтыру даярлығын талдау бойынша кешенді ғылыми топтарды, сондай-ақ олардың қызметін бақылауды ұйымдастырады;

10) спорттық жарақат алған жəне ауырған спортшыларды емдеуді жəне медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

11) осы Заңға сəйкес өзге де функцияларды орындайды.»;

27) 44-1-баптың екінші бөлігінде:

3) тармақшадағы «республикалық жəне өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы «республикалық немесе өңірлік» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

28) 44-2-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасындағы «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама жəне штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың спорт түрлері бойынша құрама командаларының» деген сөздер «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының)» деген сөздер «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 45-бапта:

тақырыпта:

«құрама командалары» деген сөздер «ұлттық командалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар)» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақта:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

«, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына жəне клубтық командалардың жетекшілеріне» деген сөздер алып тасталсын;

3, 4 жəне 5-тармақтарда:

«құрама командаларының» деген сөздер «ұлттық командаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)» деген сөздер алып тасталсын;

30) 46-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жəне Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру жəне спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері жəне (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша əлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылардың материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар.

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жəне Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру жəне спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері жəне (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша əлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылардың материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар.»;

31) 49-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;

2) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

3) бұқаралық спорт;

4) спорттық инфрақұрылымды дамыту.»;

32) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

«49-1-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуы

1. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуге құқылы.

Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлеріне мыналар жатады:

1) халыққа арнаулы спорттық мүкəммалды, спорттық мүкəммалды, дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт құрылысжайларын ұсыну, іс-шаралар, оның ішінде спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру жəне өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;

2) спорттық медицина саласында қызметтер көрсету;

3) іс-шаралар: спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру жəне өткізу.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес пайдаланылады.»;

33) 50-1-баптың 3-тармағында:

1) жəне 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жоғары жетістіктер спортын дамыту;

2) жоғары жетістіктер спортын, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты қолдау жəне ынталандыру;»;

4) тармақша «əлеуметтік салада» деген сөздерден кейін «, оның ішінде спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

34) 51-баптың 3-тармағындағы «айқындау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарын орналастыру» деген сөздер «айқындауды, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарын орналастыруды жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

35) 55-бапта:

«құрама командалары» деген сөздер «ұлттық командалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар)» деген сөздер алып тасталсын.

2-бап.

1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 4) тармақшасының алпыс бесінші абзацын жəне 5) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Аккредиттелген спорт федерациялары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз қызметін осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруге тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 сәуір

№ 183-VIII ҚРЗ