Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Заңы
(2025.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау
7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты
7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна
2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi
9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес
14-бап. Туристiк ақпарат орталығы
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсовод
4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «туристік ұйымдарының», «туристік ұйымдарды», «туристік ұйымдардың», «Туристік ұйымдардың», «туристік ұйымға», «Туристік ұйым», «туристік ұйым», «Туристік ұйымдар», «туристік ұйымдар», «туристік ұйымдары» деген сөздер тиісінше «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара);
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алып тасталды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) гид - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;
2-1) - 3) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) туризм - туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) туризм инфрақұрылымы - туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) туристендіру картасы - туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар;
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) туристік агент (бұдан әрі - турагент) - турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі - турагенттік қызмет) - жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) туристік көрсетілетін қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер, экскурсоводтар;
16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;
22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;
25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;
26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;
29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) экскурсовод - Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсиялық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады:
1) туроператорлар;
2) турагенттер;
3) тармақша 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары;
4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер;
5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
6) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары.
2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Туристiк индустрия
1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлiк қызметiн көрсету;
5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;
7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.
5-бап. Туристiк ресурстар
Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау
1. Қазақстан Республикасында туризм:
3) субъектілік қағидат бойынша;
4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады.
2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды.
3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады.
5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты
1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.
2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна
1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетелдіктер үшін туристік жарна болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары деп танылады.
Шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу
8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң принциптерi
Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi
1. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтыңмжүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған туристiк индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.
2. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң басым бағыттары:
1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту;
6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
3. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;
2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;
8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі - арнаулы шот) аударылуға жататын ақша сомасын бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;
15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
16) - 20) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1) - 20-4) тармақшалармен толықтырылды
20-1) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 20-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін туристерді тасымалдау жөніндегі туристік қызметтер көрсету қағидаларын қоспағанда, туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-6) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-7) тармақшамен толықтырылды
20-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-8) тармақшамен толықтырылды
20-8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-9) тармақшамен толықтырылды
20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-10) тармақшамен толықтырылды
20-10) туристендіру картасын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-11) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-13) тармақшамен толықтырылды
20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-14) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-14) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-15) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-15) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-16) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-16) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-17) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 20-17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-18) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-18) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-19) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-21) тармақшамен толықтырылды
20-21) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-22) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-22) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-23) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-23) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-24) тармақшамен толықтырылды
20-24) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-25) тармақшамен толықтырылды
20-25) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Респуб-ликасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
13) туристік ақпарат орталығын құрады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-2) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидті қоспағанда, гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды; 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-5) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-6) тармақшамен толықтырылды
13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды
13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-9) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-10) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-12) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-12) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-13) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-13) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субтектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
3) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдем көрсетедi;
6) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат бередi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. Туризм жөніндегі кеңес
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Туризм жөніндегі кеңес уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.
1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.
4. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Туристік ақпарат орталығы
Туристік ақпарат орталығы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
1. Туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілері тізбесіне енгізілген, туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.
синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;
туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады.
4. Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференциялар беріледі.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-3-баппен толықтырылды
14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері
Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:
1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;
3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді;
5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;
7) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
2-тармақтың бірінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта мыналар қамтылуға тиіс:
туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер;
турагенттің туроператор атынан туристермен мәмілелер жасауға өкілеттіктері;
турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі;
туристік маршруттың сипаттамасы;
туристік өнім туралы анық ақпарат және туристік өнім туралы ақпарат бермегені немесе анық емес ақпарат бергені үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауаптылығы.
Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуге тиіс болғанына немесе кімнің көрсеткеніне қарамастан, туристерге туристік өнімге кіретін қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды;
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 15-3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
1. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтің, экскурсоводтың, туризм нұсқаушысының, турагенттің қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
2. Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберетін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.
3. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны жіберетін өтініш берушілер хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді және туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызмет көрсету шартының елеулі талаптары уәкілетті орган бекіткен туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартта белгіленеді.
2. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.
4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;
2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
7. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс.
10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Туристiң кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады.
18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
1. Туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға саяхат жасау кезiнде дүлей күштiң ықпалы салдарынан туристке келтiрiлген залал үшiн жауап бермейдi.
3. Жолаушыларды көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдаған кезде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристке жөнелтiлетiн және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн) беруге мiндеттi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4 -тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристің төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристің отбасын өз есебінен жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
5. Өлшеуге берiлмеген жүктi тасымалдау, оның сақталу жауапкершiлiгi туристке жүктеледi. Егер туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктiң жөнелтпе құжатын берсе, бiрақ олар дұрыс ресiмделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандай да бiр басқа себептермен ұсыну мүмкiн болмаса, тасымалдау шарты күшiнде қалады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6.Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулi түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерiстердiң сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес тiркелген, туристік қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалардың атауларын пайдалана алмайды.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың бірлестіктері
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 20- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік индустрияның өзге де тұлғалары өздерiнiң кәсiптiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
Қазақстан Республикасының азаматтары туристердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, туризмді дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласында тиiстi лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсовод
Қазақстан Республикасының азаматы ғана гид, туризм нұсқаушысы, экскурсовод бола алады.
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
24-бап. Туристiң құқықтары
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:
1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдарының жәрдемдесуiне;
7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткiзуiне құқығы бар.
Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
25-бап. Туристiң мiндеттерi
Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;
4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi, олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшiншi елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9 тармақ өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезінде сақтандыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Турагент туристік өнімді өткізу кезінде:
шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;
шетелге шығатын туриске сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде, сақтандыру полисін беруге міндетті.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартында туристерге медициналық көмектің ақысын төлеу және уақытша болатын елде (жерде) тікелей сақтандыру жағдайы басталған кезде олардың шығыстарын өтеу көзделуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің болуы туралы талапты белгілеуге құқылы.
4. Шығу туризмі саласындағы туроператор шетелге шығатын туристі «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәуекелдерден сақтандыруға міндетті.
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 27-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператор-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.
27-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері
1) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар;
2) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар;
3) шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын турагенттер;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметін атқару болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің кәсіпкерлік қызметті және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға, қарыздар алуға, үшінші тұлғалардың қарыздары бойынша кепілгер болуға, мүлікті кепілге беруге құқығы жоқ.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметі осы Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген мөлшерде аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым есебінен қаржыландырылады.
5. Туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің пайда алушылары болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;
Уәкілетті орган айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды жүзеге асырады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда осы субъектінің кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілері болмаған кезде ол енгізген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;
банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі енгізген банк кепілдігін осы субъектіге қайтаруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, осы субъект жүйеге кірген кезден бастап үш жылдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері үшін аударымдарды келесі күнтізбелік жылға есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.
27-3-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелері
1. Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушыларға мынадай міндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік шартын жасасу;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен уәкілетті орган бекіткен сомада ақшаны аудару жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің осы бапта санамаланған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне және уәкілетті органға жүктеледі.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласындағы туристік қызметтерді көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жай анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке арналған лицензияның (лицензияға қосымшаның) қолданысын тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;
2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;
5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі қабылданған шешім туралы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін бір тәулік ішінде хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-11 Заңымен 28-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 28-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-1-бап жаңа редакцияда
28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.
Мыналар талдау үшін ақпарат көздері болып табылады:
ресми статистикалық ақпарат;
мемлекеттік органдардың ақпараты;
дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;
ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның ақпараты;
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;
туристік қызмет субъектілерінен келіп түсетін ақпарат.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
29-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |