Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу маселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат, 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).
Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.
Мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың көлік қызметтері нарығының жұмыс істеуін, олардың сапасын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығының, көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар жиынтығы.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.
Тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті.
Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.
Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.«;
2) 2-баптың төртінші бөлігіндегі «қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, техникалық-технологиялық және санитарлық қалыптар ережелерін сақтау тәртібі белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарына қатысушылардың бәріне міндетті болып табылатын көліктің тиісті түрлерінде қолданылып жүрген қалыптық құжаттармен айқындалады» деген сөздер «адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың бірінші бөлігі «лицензиялау,» деген сөзден кейін «техникалық реттеу,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11 -баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «сертификаты» деген сөз «сәйкестікті растау саласындағы құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Көлік құралдарына қойылатын талаптар
Көлік құралдары көлік саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген адам өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келуге, сәйкестікті растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Көлік құралдарының сәйкестігін растау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары әкелінбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.»;
екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бесінші бөліктегі «экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластауына жол бермеуді, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының нормативтері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлікте:
«қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қажетті шаралардың бәрін жүзеге асыруға міндетті айналадағы» деген сөздер «қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Айналадағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншілес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізуге мердігер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесі бар ұйымдар;
2) барлау - мұнай іздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
геологиялық-геофизикалық зерттеулерді;
құрылымдық бұрғылауды;
іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
3) блок - мұнай операцияларын жүргізу үшін мердігерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретінде белгіленген жер қойнауының учаскесі;
4) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
5) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңіздері (көлдері) алабында іргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;
6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) келісім-шарт - мердігер мен құзыретті орган арасында мұнай операцияларын жүргізуге арналған шарт;
8) келісім-шарттық аумақ - мердігер келісім-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргізуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
9) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмірсутектерінің бір немесе бірнеше табиғи шоғырлары;
10) кен орындарын әзірлеудің оң тәжірибесі - мұнай операцияларын жүргізу кезінде ұтымды, қауіпсіз, тиімді және қажетті болып саналатын мұнай операцияларын жүргізудің жалпы қабылданған әлемдік практикасы;
11) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегі көмірсутектердің жағдайлары, ұңғымалардың өнімділігі туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөніндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларын сынау;
12) коммерциялық табу - келісім-шарт аумағында әзірлеу үшін рентабельді бір немесе бірнеше кен орнын табу;
13) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және мұнай операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік реттеумен, келісім-шарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;
14) магистральдық құбыр - мұнайды мердігердің құбырынан көліктің басқа түріне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейін тасымалдауға арналған желілік бөліктен және онымен іргелес жатқан жер үсті объектілерінен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлік құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
15) мердігер - құзыретті органмен мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
16) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикі мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектері;
17) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
18) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңізде және басқа да ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);
19) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;
20) мұнай мен газдың жер асты қоймалары мен резервуарларын салу және (немесе) пайдалану - жер асты мұнай және газ қоймалары мен резервуарларын салумен және (немесе) пайдаланумен байланысты кез келген жұмыстар;
21) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердің, көлдердің және басқа да ішкі су айдындарының шектерінде жүргізілетін барлау, өндіру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ теңіздегі мұнай операциялары;
22) мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Yкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, осы Заңда белгіленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
23) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша мердігерлер құратын немесе белгілейтін, келісім-шартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін мердігер мемлекет алдында мүліктік жауапкершілікте болады;
24) өндіру - мұнайды жер үстіне шығарумен байланысты кез келген операциялар және соның ішінде:
жер асты және жер үсті өнеркәсіптік жабдықтары мен құрылыстарын салу мен пайдалануды, оның ішінде мұнайды өндіру орнынан мердігердің құбырынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін;
мұнайды жер үстіне шығаруды, пайдалану ұңғымаларында жұмыс процесін ұйымдастыруды және демеп отыруды;
мұнайды өңдеуді және механикалық қоспалар мен қабаттағы судан тазартуды;
мұнайдан ілеспе құрамдарды алуды, сондай-ақ табиғи газды және ілеспе газды кәдеге жаратуды;
жер асты қабаттарында бұрғылау шөгіндісін кәдеге жаратуды қамтиды;
25) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
26) стратегиялық серіктес - мердігерді таңдау үшін, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісім-шарттар жөніндегі жобаларды іске асыру жөнінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негізінде ұлттық компания құзыретті органмен келісе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестіктері);
27) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмірсутектерін сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын, майлы газды, құрғақ газды, ілеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектері және сұйық немесе газ тектес көмірсутектерімен бірге алынған көмірсутекті емес газ;
28) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - табиғи және ілеспе газды технологиялық қажеттіктер үшін пайдалану және (немесе) оны тауарлы өнімге дейін дайындау мақсатында оны кен орнында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;
29) теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңіздерінің (көлдерінің) түбі;
30) теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең үздік тәжірибе - теңізде мұнай операцияларын жүргізуде теңізді ластаудың ең төменгі деңгейін жасайтын не теңізді ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика;
31) теңіздегі мұнай операциялары - теңізде жүзеге асырылатын барлау, өндіру;
32) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің биологиялық ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге қабілетті, теңізде немесе оның жағалауында жұмысты жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе зиян не залал келтіретін немесе келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістердің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің алуан үлгілерінің пайда болуы;
33) теңіздік ғылыми зерттеулер - теңізде мұнай операцияларын жүргізу салдарларын зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
34) теңіздік қорғау аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, адамдардың, теңіздің биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңіздегі басқа да қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында теңіз құрылыстарының айналасында белгіленетін аймақтар;
35) теңіздік құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелі жабдықтарды қоса алғанда, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;
36) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасы аумағының шектерінде немесе бір бөлігі, сондай-ақ басқа не іргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттің заңдық құзырындағы аумақта немесе теңізде орналасқан кен орны;
37) шикі мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгілі сұйық көмірсутектерін қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын кез келген көмірсутектері;
38) ішкі су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үсті су объектілері.»;
2) 2-баптың 1-тармағы», сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздіктің (бұдан әрі - қауіпсіздік) жалпы талаптарын белгілейді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерді бекітеді.»;
4) 6-баптың 1-тармағының 11-тармақшасындағы «бекіту енеді.»деген сөздер «бекіту;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге талдау жасау және оларды бағалау;
13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын техникалық регламенттерді әзірлеу;
14) техникалық регламенттерде белгіленген, мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру енеді.»;
5) 30-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай операцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын мердігер кен орындарын игерудің оң практикасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргізу процесінде меншікті жоюға қатер төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау мақсатында қолданыстағы нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге және барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.»;
6) 30-4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Табиғи газды өндіру кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар мен нормалар орындалуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өлшеу жабдықтары мен құралдары қолданылуға тиіс.»;
7) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай
тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде қауіпсіздік белгіленген нормаларды сақтау, адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін орындау, жерүсті және жерасты құрылыстары мен жабдықтарын салу мен пайдаланудың қауіпсіз шарттарын жасау, сондай-ақ ықтимал аварияларды болғызбау арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Мұнай, сондай-ақ оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде мердігер пайдаланатын жабдық және өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Мұнайды төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
5. Мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін жеткізілетін мұнай осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге тиіс.
6. Мұнай тасымалдау әуе, теміржол, құбыр, теңіз, өзен және автомобиль көліктерінде қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға және мұнайдың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.»;
8) 36-3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жүргізілетін операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге және мұнайдың өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды сақтауға;";
6) тармақшадағы «мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға» деген сөздер «техникалық регламенттерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «егер бұл қызметтер көрсету мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сай болған жағдайда,»деген сөздер алып тасталып, «мұнай операцияларын» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда,»деген сөздермен толықтырылсын;
10) 45-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Су асты труба құбырлары мен кабельдерін орнату, тарту мен пайдалану кезінде қауіпсіздік пен айналадағы ортаны қорғау ережелеріне» деген сөздер «мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Авариялық-құтқару жұмыстары - ол жапа шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және жолаушылардың, жүктің, теңдеме жүк пен почтаның әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар заңды тұлға.
Авиация қауіпсіздігі - ол авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актілерінің алдын алу және оларды болдырмау арқылы қамтамасыз етілетін авиацияның қалыпты және қауіпсіз қызметі.
Авиация қызметіне заңсыз қол сұғу - авиацияның қалыпты және қауіпсіз қызметіне қол сұғу арқылы адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесінің күшпен басып алынуына немесе қуылып кетуіне әкеп соқтыратын немесе осындай зардаптардың туындау қаупін төндіретін құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік.
Авиациялық жұмыстар - жеке шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, экспедициялар мен тағы басқаларға қызмет көрсетудегі) тапсырыс берушілердің технологиялық және өндірістік процестерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, халыққа медициналық көмек көрсету, табиғи зілзала, авариялар мен апаттар зардаптарын жою үшін авиация құралдарымен атқарылатын мамандандырылған операциялар.
Авиациялық оқиға - әуе кемесі ұшуды орындау мақсатында пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметшілерінің қалыпты қызмет атқару жағдайының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған және адамдардың қаза табуына, елеулі зақымдарға, әуе кемесінің қирауына немесе мүлдем істен шығуына әкеп соқтыратын оқиға.
Авиациялық тосын оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесі пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметкерлерінің қалыпты қызмет атқаруының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған, бірақ авиациялық уақиғаға әкеп соқтыра қоймаған оқиға.
Авиация сала ретінде - ол қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамға жағдай жасауға және оның әуе кеңістігін пайдалануына бағытталған ұйымдардың барлық түрі.
Қазақстан Республикасының авиациясы эксперименттік, мемлекеттік және азаматтық авиация болып бөлінеді.
Азаматтық авиация - эксперименттік авиация мен мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін және мынадай мақсаттарда:
а) жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктер мен почтаны тасымалдауда (әуе тасымалдары);
б) авиациялық жұмыстарды орындауда;
в) оқытып-үйрету, спорттық, мәдени-ағарту іс-шараларын жүргізуде, техникалық шығармашылықты дамытуда;
г) әуе кемесін пайдаланушының жеке қажеттерін қанағаттандыруда;
д) іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, табиғи зілзала болған жағдайларда жәрдем көрсетуде пайдаланылатын авиация.
Көрсетілген мақсаттарда ақы алу немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация деп танылады.
Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын әрі көрсетілген мақсаттарда ақысыз және жалдаусыз пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация деп танылады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерінде белгіленген талаптарға пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Апатқа ұшыраған әуе кемесі - ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымдалған, немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ амалсыздан аэродромнан тысқары жерге қонған әуе кемесі.
Аса жеңіл авиация - ең үлкен массасы екі мың жеті жүз килограмнан аспайтын аса жеңіл ұшу аппараттарын, спорттық мақсаттағы және әуесқойлық конструкциядағы басқа да әуе кемелерін, аэростаттық аппараттар мен көмекші құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация.
Аэродром - әуе кемелерінің ұшып-көтерілуін, қонуын, рульдеуін, аялдауын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленіп, жабдықталған жер немесе су учаскесі.
Аэродром жарамдылығының сертификаты - аэродромдарды пайдалану жарамдылығының нормаларына аэродромның сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйым.
Әуежай - әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін аэродромы, аэровокзалы, басқадай ғимараттары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені.
Әуежайдың бақыланатын аумағы - әуежайдың, аэродромның ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс алаңы және кіруді авиациялық қауіпсіздік қызметі бақылайтын жанасып жатқан аумақ, қызметтік ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.
Әуежай қызметі - жеке және заңды тұлғалар әуе тасымалдарын, әуежайларда авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүзеге асыратын қызмет.
Әуе жолы - әуе кемелерінің ұшуына арналған және әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылармен бақыланатын дәліз түріндегі әуе кеңістігі.
Әуе кемесі - жер (су) бетінен шағылысқан ауамен өзара әрекеттесуден өзгеше ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты.
Әуе кемесімен жалданушы (фрахтовщик) - бір сапарда немесе бірнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді, почтаны тасымалдау және басқа мақсаттар үшін бір немесе бірнеше әуе кемесінің толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып екінші жаққа (әуе кемесін жалдаушыға) беретін әуе тасымалдаушысы.
Әуе кемесін жалдаушы (фрахтователь) - бір немесе бірнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді, почтаны тасымалдау немесе басқа мақсат үшін бір немесе бірнеше әуе кемесінің толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып жалға беруге әуе тасымалдаушысымен тиісті шарт жасасқан жеке немесе заңды ұлға.
Әуе кемесінің ұшуы - ұшып көтерілу алдындағы зымыраудан (тік көтерілген кезде - жер немесе су бетінен ажыраудан) бастап зымырауының соңына (ұшып-қону алаңын аялдаусыз босатуына) дейінгі немесе тік қонған кезде жер (су) бетіне табан тірегенге дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігінде әуе кемесінің қозғалып жүруі.
Әуе навигациясы - бағдарламалық траектория бойынша әуе кемесін ұшыру туралы қолданбалы ғылым.
Әуе тасымалдаушысы - көлік құралдарын иеленуге меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздері бар, ақысы төленетін немесе жалдау бойынша жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
Біртұтас авиациялық іздестіру-құтқару қызметі (БАІҚҚ) - иелігінде әуе кемелері бар министрліктердің, ведомстволар мен авиакомпаниялардың авиациялық іздестіру және құтқару қызметтері, авиациялық-құтқару және парашюттік қызметтері.
Жолаушы - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес әуе көлігін пайдаланатын кез келген тұлға.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі - Қазақстан Республикасының құрлықтық және сулы аумағының, оның ішінде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңістігі.
Қатер төнген әуе кемесі - өзіне немесе оның бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және тұрған жері беймәлім әуе кемесі.
Мемлекеттік авиация - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарамағындағы, сондай-ақ Үкіметтің шешімі бойынша басқа да мемлекеттік органдарының қарамағында болатын авиация.
Навигациялық жүйелер - жұмыс істеу принциптері әр алуан бірнеше борттық құрылғылардың, сондай-ақ борттағы және жердегі жабдықтарды бірлесе пайдалануға негізделген құралдардың жиынтығы болып табылатын навигациялық құралдар.
Навигациялық құралдар - ұшақты ұшыру мақсатында қажетті ақпарат алып отыруға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құрылғылар.
Пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Тексеру жүргізу - авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында оқиға себебін анықтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, ақпарат жинау мен талдауды, қорытындылар әзірлеуді қамтитын процесс.
Уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
Ұшу жарамдылығының нормалары - әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған компоненттеріне қойылатын талаптар.
Ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкілетті орган үлгі сертификаты негізінде берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Үлгі сертификаты - әуе кемесінің, авиациялық двигатель үлгісінің және жаңа үлгідегі әуе винтінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын, уәкілетті орган берген құжат.
Халықаралық әуежай - ішінде кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылаулар ұйымдастырылып, халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететін әуежай.
Халықаралық әуе тасымалы - тасымалдау жұмысын атқарған кезде, тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болған-болмағандығына қарамастан, жөнелтілу пункті мен бару пункті:
а) екі немесе одан да көп мемлекет аумағында орналасқан;
б) егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуе тасымалы.
Халықаралық ұшу - әуе кемесі шет ел мемлекеті шекарасын кесіп өту кезіндегі әуе кемесінің ұшуы.
Чартерлік шарт - әуе кемесімен жалданушы және әуе кемесін жалдаушы арасында жасалатын әуе кемесін жалдау шарты.
Эксперименттік авиация - авиация және басқа техника саласында тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргізуге арналған авиация.»;
2) 5-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекет, Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздер «адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың бесінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) мынадай мазмұндағы 31-3-баппен толықтырылсын:
«31-3-бап. Әуе кемелері мен олардың жабдықтарының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы
техникалық реттеу
Техникалық реттеу объектілері:
1) әуе кемесі және оның жабдықтары;
2) әуе кемесін және оның жабдықтарын жобалау процесі;
3) әуе кемесін жасау және оның жабдықтарын өндіру процесі;
4) әуе кемесін және оның жабдықтарын пайдалану процесі;
5) әуе кемесін және оның жабдықтарын тасымалдау және сақтау процесі;
6) әуе кемесін және оның жабдықтарын өткізу процесі;
7) әуе кемесін және оның жабдықтарын кәдеге жарату және жою процесі болып табылады.
Әуе кемелері мен олардың жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық реттеу саласындағы негізгі талаптар техникалық регламенттерде белгіленеді.»;
6) 46-баптың үшінші бөлігінде «қолданылып жүрген заңдарға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 71-баптың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
8) 89-баптың екінші бөлігіндегі «заңымен» деген сөз «заңдарымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 90-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «заңында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 99-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшін жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және сарқынды суларды көму үшін жер асты инженерлік құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
3) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге жасалатын келісім-шартқа қосымша;
4) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
5) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;
6) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі;
7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
9) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
10) жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндіруге, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Үкімет шешімі бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
13) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берілген келісім-шарттық аумақ шегіндегі жер қойнауына иелік ету және оны пайдалану құқығы;
14) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарда осындай үлесті иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншік үлесін иеленуі;
15) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
16) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
17) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология ретінде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;
18) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, келісім-шарт күшінің толық мерзіміне арнаған жоспарларының жиынтығы;
19) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта көзделген қызмет үшін де ілеспе ретіндегі өзге де қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
20) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының күнтізбелік жылға арналған барлау, өндіру жөніндегі тау-кен жұмысының көлемі мен даму бағытын қамтитын іс-әрекеттерінің жоспары және қаржылық шығындары;
21) келісім-шарт - құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт;
22) келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
23) келісім-шарттың шеңберінде құқықтарды шоғырландыру Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттағы консорциумға қатысушылардың бірінің осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлесінің шамасы;
24) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлігі;
25) кен орындарын игерудің оң іс-тәжірибесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тиімді деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық іс-тәжірибе;
26) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);
27) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндіру;
28) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасау ниетінсіз, жеке меншіктегі, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;
29) коммерциялық табу - келісім-шарттық аумақта өндіру үшін экономикалық жарамды бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
30) қазақстандық мазмұн - жылдары бойынша:
қазақстандық кадрларды міндетті оқыту бағдарламаларын және олардың біліктілігін арттыруды іске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиіс шетелдік қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбір санат бойынша жеке проценттік мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөліп, қазақстандық кадрлар келісім-шартты орындаған кезде қолданылған;
тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да иемденіп алынған Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін қайта бөлу мүмкіндігі бар проценттік мазмұн;
31) қазақстандық өндіруші - Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
32) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасының аумағындағы тікелей өндірісі (орындалуы);
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;
34) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
35) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажет қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
36) мердігер - құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
37) минералдық шикізат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикізаты және басқалар) жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі;
38) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сорттауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндіру жөніндегі жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық еріту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін түрі;
39) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;
40) модельдік келісім-шарт - келісім-шарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін және келісім-шарттар жасау кезінде үлгі ретінде пайдаланылатын типтік келісім-шарт;
41) өндіру - минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
42) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін (соның ішінде шипалы балшық) материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзілім;
43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалану - кен орнын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
44) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
45) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес барлау, өндіру, бірлескен барлау жүргізу және өндіру, не жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығы;
46) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
47) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге, кен орындарын іздестіруге, барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;
48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдық, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;
49) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемі және оларды иемденіп алудың тәсілдері мен мерзімдері;
50) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жасалатын келісім-шарттардың ажырамас бөлігі не сервитут ресімделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;
51) теңізді ластау - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін не зиян келтіруге қабілетті, теңізде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын немесе залал келтіретін не залал келтіруге қабілетті материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістің теңіз аясына келіп түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің алуан үлгілерінің пайда болуы;
52) техногендік минералдық түзілімдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;
53) техногендік су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша билік етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді өткізу үшін мүлде жойылуы қажет су;
54) іздестіру-бағалау жұмыстары - табылған объектінің жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
55) іздестіру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен кендік нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға беріп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
56) экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтары қорғалуының жай-күйі.»;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жер қойнауын пайдалану саласында өнімнің, оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
11) тармақша «жер қойнауын» деген сөздердің алдынан «техникалық регламенттерді қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге талдау жүргізу және оларды бағалау.»;
5) 8-3-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 45-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Осы Заңның 45-1-бабының 4-тармағына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;";
7) тармақшадағы «мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «белгіленген стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат, № 23, 142-құжат, 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
апат - аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала;
зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат;
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар;
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді;
төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;
төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«техникалық регламенттерді бекітеді;";
он бірінші абзацтағы «мемлекеттік инспекцияны» деген сөздер «мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың екінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы «нормативтерді, стандарттар мен ережелерді» деген сөздер «техникалық регламенттерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
«табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, оның ішінде авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттерді әзірлейді.»;
4) 12-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«техникалық регламенттер әзірлейді және оларды әзірлеуге қатысады;";
5) 14-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.»;
6) 25-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы», жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы» деген сөздер алып тасталсын;
7) 26-баптың екінші бөлігіндегі «алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының жекелеген түрлері» деген сөздер «жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«стандарттар» деген сөз «техникалық регламенттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды;
жол жүрісі - адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
жол жүрісі қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрісіне қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі;
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жол-көлік оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
жол жүрісіне қатысушы - жүргізуші, жүргінші, көлік құралының жолаушысы, мал айдаушы ретінде жүріс процесіне тікелей қатысатын адам;
жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
жол жүрісін ұйымдастыру - жолдардағы жүрісті басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар мен өкім жүргізетін іс-қимылдар кешені;
жол-көлік оқиғасы - көлік құралдарының жол бойында жүрісі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, ғимараттар, жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірген оқиға;
көлік құралы - адамдарды, жүкті немесе үстіне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
механикалық көлік құралы - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретін көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады;
тіркеме - двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Бұл ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады.»;
2) 5-баптың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;";
3) 6-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық регламенттерді бекіту;";
4) 7-бап мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«техникалық регламенттерді әзірлеу.»;
5) 16-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар»;
1-тармақтағы «стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына» деген сөздер «техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін ережелер мен рәсімдерге сәйкес міндетті түрде сертификатталуға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі расталуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Механикалық көлік құралы мен тіркеменің техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.»;
4-тармақтағы «қайта сертификаттауды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жол қозғалысына қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға:
1) көлік құралында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйе, рульдік басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;
2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін шолу мен көрудің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне;
3) адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болғызбайтын қосымша жабдық тетіктері, заттары және көлік құралының бейімделген құрылғылары болуына;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпісіздікті бәсеңдетуді қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардан қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.»;
7) 20-баптың 2-тармағындағы», стандарттардың» деген сөз алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;"
алтыншы абзацтағы «стандарттардың талаптары» деген сөздер «белгіленген талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 23-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген стандарттармен» деген сөздер «техникалық регламенттермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «стандарттарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтік құқықтық құжаттар» деген сөздер «техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормалар, ережелер, стандарттар және басқа да нормативтік құжаттар талаптарына» деген сөздер «жүрісінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «белгіленген ережелерге, стандарттарға, техникалық және басқа да нормативтік құжаттарға» деген сөздер «техникалық регламенттерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
7. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (жеке еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;
қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;
мемлекеттік өрт бақылау - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі;
өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;
өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;
өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;
өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары;
өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;
өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;
өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;
өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;
өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;
уәкілетті орган - өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
4) 9-1-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және, өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық регламенттерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";
5) 9-5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - уәкілетті органның басшысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - уәкілетті органның аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының барлық санаттағы мамандары жатады.»;
6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.»;
7) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау және
сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау және сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады»;
8) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу
объектілерi
Өнім және оның өмірлік циклінің процестері өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілерді өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтірілуі;
5) өрт автоматикасы жүйесімен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;
6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі;
7) өрттің таралуын болғызбау;
8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектілердің үй-жайларын күтіп-ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.».
8. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
аз қалдықты технология - өнімдер бірлігін шығару кезінде осы өнімдерді алудың қолданылып жүрген тәсілдерімен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнімдерді шығару процесі;
аудиттелетін субъект - экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған қалдықтар;
қалдықтарды орналастыру объектісі - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйінділері мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар;
қалдықтардың қауіптілік сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесі бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткіші;
қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат;
қалдықтардың түрі - ортақ белгілері бар қалдықтардың жиынтығы;
қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмілуіне байланысты қызметтің барлық түрлері;
қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуін ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмілуіне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
қауіпті қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауіпті қасиеттері бар (уыттылық, жарылыс қаупі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауіп төндіруі мүмкін қалдықтар;
қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
қоршаған орта - табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы;
қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) - қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою;
қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық;
қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені;
қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңнамамен қорғалатын құрамдас бөліктері;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі қызметі;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері;
қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту;
қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетін шекті нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы;
ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шекті нормативтері - атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі;
өндіріс қалдықтары - өнімдерді шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезінде пайда болған және, техногендік минералдық түзілімдер мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қоса алғанда, тиісті өндірісте қолдануға қажетті бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;
өндірістік экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептілік және өзге де ішкі әкімшілік шараларды қамтитын нормативтік-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшін қабылдайтын шаралар жүйесі;
стратегиялық объект - іске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тікелей байланысты сараптама объектici;
табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;
табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негізінде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндіріспен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект;
табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
трансшекаралық объект - іске асырылуы екі немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі ықтимал сараптама объектici;
тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесінде өзінің тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар;
шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, астаудың ең көп массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді;
экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеру;
экологиялық аудитке тапсырыс берушілер - мүдделі жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар;
экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы;
экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай;
экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;
экологиялық қауіпті объект - іске асырылуы ауқымы әрі ұзақтығы бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ететін немесе әсер етуі ықтимал және халықтың өмірі мен денсаулығына ерекше қауіп төндіретін сараптама объектісі;
экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі;
экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер және ондай қызметке тыйым салу.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді.»;
4) 10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «ережелер» деген сөз «ережелерді техникалық регламенттер негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі үшін пайдаланылатын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
6) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық
реттеу
43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу
объектілерi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу объектілеріне Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе оның аумағына әкелінетін, экологиялық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, табиғи ресурстарды молайтуға және ұтымды пайдалануға, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклінің процестеріне қауіп төндіруі мүмкін өнім жатады.
44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнім мен оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
Техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, нарыққа орналастырылған өнімнің айналымына, сондай-ақ өнімді осы талаптарды бұзу арқылы жобалауға, өндіруге, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, кәдеге жаратуға және жоюға тыйым салынады.
45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау
Техникалық регламенттерге сәйкестікті анықтау үшін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жүзеге асырылады.
Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын өнімді сәйкестікті растау саласындағы тиісті құжатсыз өткізуге тыйым салынады.»;
7) 48-баптың бірінші бөлігіндегі «қоршаған орта сапасының нормативтері ескерілуге» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіпсіздіктің міндетті талаптары сақталуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 60-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-3-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қойылатын
талаптар
1. Қауіпті қалдықтар түзілетін шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) осы қалдықтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызылуын растауға;
2) қалдықтарды олардың түріне қарай жою, кәдеге жарату немесе қайта пайдалану жөнінде іс-шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға;
3) қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді қамтамасыз ететін, қоршаған ортаның ластануын болғызбайтын жүйелерді құруға және енгізуге;
4) қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерін ескере отырып, қалдықтардағы зиянды металдар мен басқа заттардың болуы жөніндегі белгіленген нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
5) қалдықтарды қайта пайдаланудың жоғары дәрежесіне қол жеткізу және олардың жиналуы мен өңделуіне жауапты қызметкердің денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды болғызбау қажеттігіне байланысты қалдықтарға түзілген жерлерінде сұрыптау жүргізуге тиіс.
2. Жеке және заңды тұлғалардың қауіпті қалдықтар түзілетін процестегі қызметіне:
1) қалдықтармен жұмыс істеудің адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген кезде шектеу;
2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптар бірнеше рет (екі реттен көп) бұзылған жағдайда тыйым салынуы мүмкін.
3. Қалдықтардың түріне байланысты оларды уақытша сақтау мерзімі қалдықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелі барынша аз болатындай етіп белгіленеді.
4. Қалдықтардың түріне байланысты оларды тасымалдау шарттары мен құралдары олардың сақталуын және адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
5. Қалдықтардың түріне байланысты оларды тасымалдау және сақтау құралдары қалдықтардың шығу ықтималдығын болғызбайтындай герметикалық болуға және техникалық регламенттерде белгіленген сақтандыратын таңбалық деректері мен белгілері болуға тиіс.
6. Қалдықтардың көмілген жерлері және көму әдістері қоршаған ортаға (жерүсті және жерасты суларына, топыраққа, ауаға) қалдықтардың құрамындағы ластаушы заттардың ену ықтималдығын болғызбауға тиіс.
7. Қалдықтарды кәдеге жарату қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелін барынша азайтып, қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін әдістермен жүзеге асырылуға тиіс.
8. Қалдықтарды сақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарға қатысатын қызметкер қалдықтардың сипаты, зиян келтірудің ықтимал тәуекелі және жеке бастың қауіпсіздігі мен кәсіпорынның басқа да қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етілуге тиіс.
9. Табиғат пайдаланушылар өндірістік қалдықтармен байланысты мәселелерді шешуге және қалдықтардың қауіпсіздігін, оларды сақтау, тасымалдау, көму мен кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін талаптар мен нормаларды сақтауға тиіс.»;
9) 85-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
9. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - заң актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтік құқықтық актілер;
4) заңнама - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі;
8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі - олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістері мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтіндерінің жиынтығы;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
10) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі;
11) нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;
13) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны;
14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау;
15) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнамада белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар).»;
2) 2-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «нормалар мен» деген сөздер алып тасталсын;
3) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;».
10. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
араласу деңгейі - жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар қолданылады;
әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы;
бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;
иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру;
қызметшілер - тікелей иондаушы сәулелендіру көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгіленген нормалардан жоғары радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі;
радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі;
радиациялық қорғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;
радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру;
табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері;
техногендік өзгертілген радиациялық орта - адам қызметінің нәтижесінде өзгерген табиғи радиациялық орта;
техногендік радиациялық фон - сол жердің табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткіштердің деңгейлерін шегеріп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер деңгейі.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
3) 6-баптың бірінші бөлігінде:
2-тармақшадағы «және бекіту» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу.»;
4) 7-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
3. Радиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттері шегінде радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер негізінде бекітеді және қабылдайды.»;
5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етілуіне өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиісті ұйымдарда радиациялық қауіпсіздік талаптарын, нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтерді, радиациялық қауіпсіздік ережелерін, құрылыс нормалары мен ережелерін, еңбек қорғау ережелерін, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.»;
6) 9-баптың 1 -тармағы «саласында белгіленген» деген сөздерден кейін «радиациялық қауіпсіздік талаптарын,»деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Халықтың табиғи сәулелену көздерінен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган олар үшін белгілеген нормалардан аспауға тиіс.»;
13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Медициналық процедуралар жүргізу кезінде
азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету
1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргізілген кезде азаматтарды (пациенттерді) қорғаудың тиісті құралдары пайдаланылады. Пациенттің сәуле алу дозасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
2. Медициналық процедуралар жүргізілген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерінің ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат беріледі. Азаматтың (пациенттің), эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық зерттеулерді қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар.
3. Иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы процедуралар жүргізетін медициналық ұйым, егер осындай себептік байланыс сот тәртібімен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өміріне келтірілетін ықтимал теріс әсер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшін медициналық ұйым осындай процедураларды жүргізген кезде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітеді.
5. Иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарында жұмысқа жіберілген мамандардың біліктілігіне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібіне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгіленеді.
6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшін радиоактивтік заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын әдістерге (әдістемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етіледі.»;
9) 14-бап «сондай-ақ» деген сөзден кейін «техногендік» деген сөзбен толықтырылсын;
10) 16-баптың бірінші абзацындағы «Радиациялық авариялар тууы мүмкін» деген сөздер «Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
11. «Ecipткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат):
1) 6-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптарды бұзған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға;";
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың әрбір сериясы үшін тұтыну бумаларын таңбалау бірыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.»;
3) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «заңдарына сәйкес берілетін лицензия мен сертификат» деген сөздер «заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия және сәйкестікті растау саласындағы тиісті құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-баптың 5-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 21-баптың 4-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 24-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7) 26-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8) 30-баптың 1 және 2-тармақтарында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9) 38-баптағы «заң актілерімен» деген сөздер «заңдарымен» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;
2) белгі беру қаруы - дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын қару;
3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделетін қару;
4) криминалистік талаптар - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендіру және заңсыз қолдан жасау мүмкіндігін болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;
5) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;
6) қару айналымы - қаруды өндіру, құрастыру, қайта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оны Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
7) қару жасап шығарушы - қаруды әзірлеуге, өндіруге, өткізуге, жөндеуге, сатып алуға лицензиясы бар ұйым;
8) қаруды пайдаланушы - қару иесінен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;
9) қаруды иемденіп алу - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде алу;
10) қару иесі - лицензияның немесе қару иемденіп алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсаттың негізінде қаруды иеленген жеке немесе заңды тұлға;
11) қару өндірісі - қаруды зерттеу, әзірлеу, жасап шығару, сынақтан өткізу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару;
12) лақтырылатын қару - нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып, қозғалысқа түсетін қару;
13) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрі - патрондар);
14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебінен бағытты қозғалыс алатын қару;
15) суық қару - нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару;
16) электрлі қару - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.»;
2) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзін-өзі қорғау қаруы:
тегіс ұзын ұңғылы, оның ішінде, жарақат салып әсер ететін патрондары бар атыс қаруы;
жарақат салатын, газбен және сәулелі дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы;
газды қару - газ пистолеттері, револьверлер және олардың патрондары, оның ішінде жарақат салып әсер ететіндері, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозолды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған басқа да құрылғылар;";
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) криминалистік талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондары;
9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қару және оның патрондары.»;
4) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы
талаптары
7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi
Техникалық реттеу объектілеріне: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны өндіру, жинау, қайта жасау, жөндеу, өткізу (сату), сатып алу, коллекция жинау, экспонаттау, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.
7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік қару тікелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтім жасау кезінде қарудың осы түрі (типі) үшін белгіленген арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Жарақат салатын, сәулелі дыбыспен және газбен әсер ететін тиісті патрондары бар тегіс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттері мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Азаматтық және қызметтік қарудың патрондары өзінің өлшемі, пішіні, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгісі, жұмыс істеу қауіпсіздігі, сондай-ақ оқ-дәрі газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткіштері бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның
патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік
талаптары
1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру, жинау және қайта жасау кезінде жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін сақтау және қауіпсіздіктің сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету талап етіледі.
Егер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргізілуге тиіс.
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұза отырып өткізуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.»;
5) 8-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарудың айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган кадастр әзірлейді, оны бекітеді және шығарады.»;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
сәйкестігін растау
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің сәйкестігі міндетті расталуға жатады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы үшін негіз болып табылады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді.»;
7) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.»деген сөздер «қамтамасыз етуге;»деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.»;
8) 19-баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «тапсырмаса жойылады.»деген сөздер «тапсырмаса;»деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) азаматтық және қызметтік қару азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистік талаптарға сәйкес келмесе жойылады.»;
9) 20-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген» деген сөздерден кейін «қауіпсіздік талаптарын,»деген сөздерімен толықтырылсын;
10) 22-баптың 3-тармағындағы «стандартқа» деген сөз «азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-баптың 4-тармағындағы «жағдайларына қойылатын талаптарды» деген сөздер «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «және оны бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
10) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекітеді.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
8) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін әзірлейді.»;
14) 32-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
13. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Төртінші абзац 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы;
2) заңдық метрология - метрологияның техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі;
3) мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызметі;
4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;
5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы;
6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу;
7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі;
8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;
10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;
11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);
13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;
14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;
15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;
16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;
18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;
20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);
21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;
22) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы;
24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны;
25) шама бірлігінің эталоны - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.»;
Үшінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 5-бапта:
2-тармақтың 13) тармақшасындағы «аккредиттеуді және лицензиялауды» деген сөздер «лицензиялауды және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.»;
4) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.»;
5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік
құжаттар
Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.»;
екінші бөлік «пайдалануда» деген сөзден кейін «және сақтауда» деген сөздермен толықтырылсын;
«және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын» деген сөздер алып тасталсын;
7) 22-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны.».
14. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын және өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын ұйым;
2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
3) азық-түліктік қауіпсіздік - сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі;
4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;
5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;
8) астық қолхаты - астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік;
9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;
12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені;
13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және онымен сауда жасауға қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
15) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;
16) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;
17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;
19) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;
21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттік органдардың алуан түрлі дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабілеті;
22) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға;
23) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
24) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту - оның бір бөлігін сату және жаңа егіннің астығы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің белгіленген көлемін және қажетті сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егіннің астығын сатып алу;
25) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары;
26) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бір астық қабылдау кәсіпорнынан басқасына тасу;
27) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық;
29) уәкілетті орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
1) тармақшадағы «қауіпсіздігі мен» деген сөздер «қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «қалыптастыру болып табылады.»деген сөздер «қалыптастыру;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.»;
3) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;";
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді бекітеді.»;
6) тармақша «астық» деген сөзден кейін «қауіпсіздігі мен» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу;";
6) 6-1-баптың 10) тармақшасындағы «астық өндірушілерге сертификаттық қызметтер» деген сөздер «техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөніндегі қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы «Астық» деген сөзден кейін «қауіпсіздігі мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс.»;
2-тармақ «Астық» деген сөзден кейін «қауіпсіздігі мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сертификатынсыз» деген сөз «паспортынсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.»;
10) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне
қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестікті растау
Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.
2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және агрохимикаттардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.
9-5-бап. Астықты өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушылары астық өндірісін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осындай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жоятын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға міндетті.
9-6-бап. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты сақтау оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетін астық қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекел түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.
9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты тасымалдау оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.
9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен одан әрі пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны одан әрі пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңдегі астық оның партиясының көлемі көрсетіле және астыққа қол жеткізуді болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесі өтейді.»;
11) 10-баптың 14) тармақшасындағы «астық өндірушілерге сертификаттық қызмет көрсету жөнінде» деген сөздер «техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөнінде қызметтер көрсету бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 24-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «астықтың» деген сөзден кейін «қауіпсіздігін және» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астықты сақтау кезінде техникалық регламенттерде белгіленген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды, қауіпсіздік талаптарын бұзғаны;».
15. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «көрсету болып табылады.»деген сөздер «көрсету;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) техникалық регламенттерді бекітеді.»;
7) тармақшадағы «бекіту және қолданысқа енгізу» деген сөздер алып тасталсын;
18) тармақшадағы «аттестаттау жатады.»деген сөздер «аттестаттау;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) техникалық регламенттерді әзірлеу жатады.»;
4) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
27-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Үйлер, ғимараттар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін жобалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Ғимараттарды жобалау кезінде өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көзделетін бұзушылықтар және рұқсат етілмейтін құрылыс кезіндегі адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендірілуге және ескерілуге тиіс.
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс салушы жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ғимарат құрылысын жүргізудің түрлі сатыларында олардың орындалуына бақылау жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектілерден белгіленген нормаларға сәйкес қажетті арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиіс.
5. Тапсырыс берушілер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердігерлігінің шартын жасасу кезінде онда техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиіс.
6. Қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектілерінде тапсырыс беруші және мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін болғызбауға міндетті.
7. Ғимараттарды жобалау және салу кезінде мынадай құбылыстарға:
1) ғимараттың тұтастай немесе оның бір бөлігінің опырылып құлауына;
2) жол берілмейтін шамада бүлінуіне;
3) көтергіш элементтердің айтарлықтай бүлінуі салдарынан құрылыстың басқа бөліктерінің немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;
4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелерді есепке алу қажет.
8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:
1) белгілі бір мерзім ішінде көтергіш элементтердің беріктігі қамтамасыз етілетіндей;
2) ғимарат ішінде өрт пен түтіннің пайда болуын және таралуын шектейтіндей;
3) авариялық шығу жолдары арқылы адамдарды дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;
4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауіпсіз кіре алатындай етіп жобалануға және салынуға тиіс.
9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшін, атап айтқанда:
1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлінуі;
2) ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;
3) қауіпті радиацияның сәуле шығаруы;
4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;
5) судың, түтіннің немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлінуі арқылы бұзылуы;
6) ғимарат бөліктерінде немесе ғимараттың ішкі беттерінде ылғалдың болуы салдарынан қауіп төндірмейтіндей болып жобалануға және салынуға тиіс.
10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелін тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиіс.
11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмірі мен денсаулығы үшін жол беруге болмайтын тәуекелді болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиіс.
12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажетті энергияны тұтыну жергілікті климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бірақ адам денсаулығына зиян келтірілмейтіндей етіп жобалануға және салынуға тиіс.
27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары
Құрылыс материалдары міндетті қауіпсіздік талаптарының кешенін, оның ішінде экономикалық аспектілер тұрғысынан пайдалануға жарамды етіп ғимараттар салуға мүмкіндік беретін радиациялық және химиялық қауіпсіздік нормаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуге тиіс және оларды пайдалану осы Заңның 27-2-бабында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.»;
5) 28-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды;";
6) 58-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік нормативтермен» деген сөздер «техникалық регламенттермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 64-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Жобалар сараптамасын» деген сөздер «Жобалардың техникалық регламенттерге сәйкестігіне сараптама жасауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы»(объектілерінің)»деген сөзден кейін «қауіпсіздігі мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық регламенттерде және құрылыс өнімдеріне арналған стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау;";
тақырыбы «Объектілердің» деген сөзден кейін «қауіпсіздігін және» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац «олардың» деген сөзден кейін «қауіпсіздігін және» деген сөздермен толықтырылсын.
16. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;
2) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) автомобиль жолының ұзындығы - километрлік белгілер бойынша нақты (жергілікті жерде) көрсетілген, объектілердің немесе елді мекендердің арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
5) ақылы автомобиль жолдары - жоғары, қауіпсіз жылдамдықты қамтамасыз ететін, сапасы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін басқа жолмен баламалы түрде ақысыз жүру міндетті болатын, пайдаланылғаны үшін ақы алынатын жоғары сапалы автомобиль жолдары;
6) ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;
7) жол бойындағы белдеулер - көлік қозғалысының және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгіленетін, автомобиль жолдарына бөлінген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелері;
8) жолға бөлінген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиісті құрастырмалы элементтері мен инженерлік құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдік орман екпелерін отырғызу және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлік жерлері;
9) жол қызметі - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет;
10) жол қызметін басқару - жолдардағы жүрісті ұйымдастыруға және қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негізінде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, күтіп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
11) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары;
12) көше (көшенің көлік жүретін бөлігі) - қалалар немесе өзге де елді мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы;
13) ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.»;
2) 3-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі.»;
3) 7-баптың 2-тармағындағы «стандарттары мен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-баптың 2-тармағындағы «нормалар мен стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 6) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.»деген сөздер «жүзеге асыру;»деген сөздермен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді бекіту жатады.»;
6) 12-баптың 2-тармағының 22) тармақшасындағы «басқару жатады.»деген сөздер «басқару;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жатады.»;
1-тармақтағы «белгіленген нормалар мен стандарттарды сақтау, сертификатталған материалдар, аспаптар, жабдықтар мен өлшеу құралдарын пайдалану принциптерінде» деген сөздер «белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етілген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «және мемлекеттік нормативтерді» деген сөздер алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
19-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау және жөндеу) мен пайдалану процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейін жолды реконструкциялау мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешімдері:
1) көлік құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауіпсіз қозғалысын;
2) жүргізушілердің көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауіпсіз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткі қабатына қажетті жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның ішінде қорғағыш жол ғимараттарымен қажетті жайластырылуын;
6) жол және автокөлік қызметтерін қажетті ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиіс.
3. Өндірістік базаларды, жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезінде атмосфералық ауадағы, су объектілеріндегі және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көріністеріне, жолдағы объектілерге және тарихи-мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау қажет.
Орман екпелерін (жол бойындағы) отырғызу қандай да бір басқа қауіп-қатердің туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен біркелкі көруін бұзуға жәрдемдесуге тиіс.
5. Жолдарды жобалау кезінде жол белгілерін оларды орнататын орындар мен орнату әдістерін көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгілеу схемасын әзірлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және
жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргізу әдістерін және механикаландыру құралдарын таңдау кезінде тиісті санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті нормаларын сақтау қажеттігі ескерілгені жөн.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жасыл екпелерді сақтау немесе оларды қалпына келтіру қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргізілетін орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргізу кезінде ұдайы тексерілуге тиіс.
4. Жер төсемін тұрақтандыру мерзімі құрылыстың белгіленген мерзімінен едәуір асып кететін күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етіледі.
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттермен белгіленеді.
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Жолдардың жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейіне сәйкес келуге тиіс.
Жол жиегіндегі белдеулердің ені жолдың осы түрі үшін белгіленген нормалардан кем болмауға тиіс.
Ақпараттық көрсеткіштер мен белгілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жолдардың құрамы өңірдің климаттық ерекшеліктері мен көліктік-пайдалану жүктемесін ескере отырып, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Автомобиль жолдарының және қалалар мен елді мекендер көшелерінің жүргіншілер бөлігі, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерінің, сондай-ақ бөлуші белдеулердің, жер төсемінің жиектері мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Жол жамылғыларында есептік жылдамдықты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті беткі қабат болуы керек.
Жүргінші бөліктің жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлік құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиіс.
Қыс кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін және оны тиісті шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етілуі қажет.
3. Жол-көлік оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргізу орындарындағы көлік құралдары кідірістерінің алдын алу үшін жұмыстарды жүргізетін орындарда қоршау қондырғыларын, белгілер және таңбалар орнату көзделуі, сонымен бірге олардың тәуліктің кез келген уақытында көрініп тұруы қамтамасыз етілуі керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгілер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері) тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрініп тұруға және ажырататындай болуға тиіс.
4. Жол қозғалысы, жолға күтім жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, діріл және ауа мен судың ластану деңгейін автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптар негізінде тиісті шаралармен шектеп отырған жөн.
19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік
талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсеріне төзімді болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөліктері мен қоспалар жол берілетін нормадан аспауға тиіс.».
17. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерін алатын және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
2) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттеріне арналған арнаулы жүктерді тасымалдау;
3) әлеуметтік мәні бар қатынастар - әлеуметтік мәнін:
облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастарда жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;
4) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік;
5) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздігінен жүрмейтін тіркемелі көлік құралы;
6) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлерді) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленуші және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негізінде осы вагондарды (контейнерлерді) пайдалана отырып, тасымал процесін жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
7) жолаушы - жол жүру құжаты (билеті) бар және поезбен жол жүретін жеке тұлға;
8) жөнелтуші - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерін жөнелтетін және тасымалдау құжаттарында көрсетілген ұлға;
9) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік;
10) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті алушы тұлға;
11) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан артық мүлік;
12) жүк жөнелтуші - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтуші тұлға;
13) жүк жөнелтілімі - бір темір жол көлігі жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
14) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де көлік құралдары;
15) клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметін пайдаланатын тұлға;
16) контейнер - жүктерді тасымалдауға арналған бірнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлік жабдығы;
17) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсіру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кірме жолдарына жалғасатын кірме жолдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде иелік ететін тұлға;
18) кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тікелей немесе басқа да кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар;
19) кірме жолдардың қызметтері - кірме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
20) қауіпті жүктер - өздеріне тән қасиеттеріне қарай адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүліктердің бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтірілуіне себеп болуы мүмкін жүктер;
21) қол жүгі - жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
22) локомотивтік тартқыш операторы - локомотивті күтіп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететін және локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлік құралының (локомотивтің) иесі;
23) локомотивтік тартқыштың қызметтері - темір жолдар бойынша тартқыш көлік құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
24) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар;
25) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық жағынан қажетті өзге де объектілерді қамтитын магистральдық темір жол инфрақұрылымы;
26) магистральдық темір жол желісінің қызметтері - магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
27) магистральдық темір жол желісінің операторы - мемлекет магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету және тасымалдау процесін басқару үшін құрған ұйым;
28) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар жиынтығы;
29) ортақ пайдаланылатын кірме жолдар - тасымалдау ережелеріне сәйкес, тасымалдау процесіне қатысушыларға тиесілі және багажды, жүктерді, жүк-багажды тиеу (түсіру), сұрыптау, сақтау жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын темір жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлінген темір жолдар;
30) пайдалану құжаттамасы - темір жол көлігі мен жабдығын пайдалану тәртібін белгілейтін құжаттама;
31) станциялық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар;
32) тармақ иеленуші - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;
33) тасымалдануға болатын мерзім - тез бүлінетін багаждың, жүктің, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлікте) көрсетілген деректер негізге алынып, жолда болуының барынша шекті мерзімі;
34) тасымалдау - багажды, жүктерді, жүк-багажды жөнелту пунктінен межелі пунктіне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартқыш операторының өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
35) тасымалдау ережелері - тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының қызметін және өзара қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
36) тасымалдау құжаттары - ресімделуі арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темір жол көлігі жүкқұжаты);
37) тасымалдау процесі - тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
38) тасымал процесінің қатысушысы - темір жол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға, соның ішінде тармақ иеленуші, контрагент және клиент;
39) тез бүлінетін багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететін багаж, жүк, жүк-багаж;
40) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының темір жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;
41) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілері (тар және кең табан магистральдық, станциялық, кірме жолдар);
42) темір жол көлігі - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі;
43) темір жол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы;
44) темір жол көлігінің қажетіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желісіндегі және басқа ғимараттар, темір жол станциялары, қорғаныштық орман екпелері және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелері;
45) темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігін, темір жол көлігі құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері;
46) темір жол қатынасы - ол мына түрлерді:
халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдауды;
облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарындағы жөнелту және межелі пункттері арасындағы тасымалдауды;
ауданаралық (қалааралық) - бір облыс шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдауды;
ішкі - қала (аудан) ішінде және қала маңында тасымалдауды қоса алғандағы жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
47) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеуді, өткізу қабілетін қамтамасыз ететін және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді қабылдау, беру жөніндегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жолдық дамуы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетін пункт;
48) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасында көлік кешені қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
49) Ұлттық темір жол компаниясы - Үкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, магистральдық темір жол желісін күтіп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсететін акционерлік қоғам;
50) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін тасымалдаушы;
51) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлік экспедициясы шартының негізінде тасымал төлеушісі ретінде көрсетілуі мүмкін, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсететін тұлға.»;
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;";
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Сәйкестікті растау
1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.»;
1-тармақта:
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) темір жол көлігіндегі техникалық реттеу объектілеріне және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерді бекіту;
18) темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту жатады.»;
2-тармақта:
4) тармақшадағы», техникалық пайдалану ережелерін» деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақша алып тасталсын;
5) 16-баптың 2-тармағындағы «темір жол желісінің операторы» деген сөздерден кейін «қауіпсіздік талаптарына және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары»;
7) 30 және 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Жалпы ережелер
1. Темір жол көлігі, темір жолдар, темір жол станциялары, вокзалдар және темір жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы өзге де объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттер де белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Қозғалыс қауіпсіздігі адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеуіне жағдайлар жасауға, магистральдық темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтады, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз eтіледі.
4. Темір жолдармен қиылысатын немесе оларға тікелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін олардың меншік иелері мен иелері ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
31-бап. Темір жол көлігі мен жабдықтарының нарықтағы айналымы
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдықтары, егер олар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келмесе немесе тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соқтыратын болса, онда оларды нарықта өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
2. Темір жол көлігі мен жабдықтарын Қазақстан Республикасының нарығына орналастыратын тұлға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестікті растау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
3. Темір жол көлігі мен жабдықтарында қауіптілік және қауіпсіз пайдалану шарттары туралы қажетті сақтандыру жазбалары немесе белгілері болуға тиіс.
4. Темір жол көлігі мен жабдығын нарықта орналастырушы тұлға таралып кеткен темір жол көлігі мен жабдықтарының қауіпсіздік талаптарын бұзушылық орын алған болса, ол туралы және оларға қолданылған шаралар туралы уәкілетті органдарды дереу хабардар етуге міндетті.
5. Дайындаушыдан, импортқа шығарушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан темір жол көлігі мен жабдықтарының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған тұлға оларды нарықта орналастырмауға тиіс.»;
8) мынадай мазмұндағы 31-1 - 31-5-баптармен толықтырылсын:
«31-1-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын жобалау кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігінің объектілері, сондай-ақ қауіпті жүктерді өндіру, тиеу, түсіру (түсіріп алу), сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектілер елді мекендерден, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардан, жеке ғимараттар мен құрылыстардан уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес қажетті қашықтықта аулақ орналасуға тиіс.
2. Жобалау темір жол көлігі немесе жабдығы жобасының темір жол көлігі мен жабдығының жеке түрлеріне арналған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Темір жол көлігі мен жабдығын жобалау кезінде олардың өмірлік циклінің барлық сатысындағы, соның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (істен шығу және сыртқы әсер), қызметкердің қателіктері мен рұқсат етілмейтін пайдалану кезіндегі барлық мүмкін болатын қауіп-қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
4. Темір жол көлігінің, оның тежегіш жабдығының құрылғысы, тежегіш жабдықтарды ауамен қамтамасыз ету қондырғысы, сигнализация және байланыс қондырғылары бақылау-өлшегіш пен электр жабдығын пайдаланудың бүкіл кезеңінде адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Темір жол көлігі мен жабдығының барлық түрлері үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қызметтің белгіленген мерзім (белгіленген ресурс) ішінде өрт, жарылыс, тікелей машинадан, будан немесе басқа да материалдардан туындаған қызып кету қаупі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рұқсат етілген нормаларынан аспауға тиіс.
6. Жұмысқа және техникалық күтім жасауға арналған барлық аймақтарға қауіпсіз кіру құралдары (баспалдақтар, өтпе жолдар) қамтамасыз етілуі қажет.
31-2-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіру кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінің жобалық құжаттаманың, осы Заңның және темір жол көлігі мен жабдығының нақты түрлеріне арналған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде дайындаушы жобалық құжаттамамен айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл шаралар кешенін орындауға және қауіпсіздікке қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінде немесе одан кейін Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып толық көлемде жүргізілуге тиіс.
31-3-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалану (монтаждау
және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Тасымалдау процесімен байланысты темір жолдар, темір жол станцияларының аумақтары, вокзалдар және тасымалдау процесіне қатысушы басқа да объектілер қауіптілігі жоғары аймақ болып табылады және олардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес сигналдық қоршаулары болуға тиіс.
2. Пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезінде темір жол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық сипаттамаларды сақтауға қойылатын барлық қажетті талаптар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасында берілуге тиіс.
3. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалануды (монтаждауды және жөндеуді) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
4. Тартқыш көлік құралының (локомотивтің) иесі локомотивті тартқыш қызметін көрсету кезінде оның жарамды жай-күйін, соның ішінде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Магистральдық және маневр жасайтын тепловоздардың зиянды заттары мен пайдаланылған газдарының шығарындылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәннен аспауға тиіс.
6. Темір жол көлігі мен жабдығы өз міндеттерін орындауға, реттеуге және техникалық қызмет көрсетуге, осы операцияларды орындау кезінде адамдарды қауіп-қатерге ұшыратпауға тиіс.
7. Темір жол көлігі мен жабдығын басқару жүйелері жұмыстың барлық көзделген режимінде және пайдалану жағдайларында оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Басқару қондырғысы жеңіл ажыратылуға тиіс, ал қажет болған жағдайларда жазбалармен, нышандармен немесе басқа әдістермен белгіленуі керек.
Темір жол көлігі мен жабдығы олардың толық және қауіпсіз тоқтатылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ететін қажетті жабдықпен, қондырғымен жабдықталуға тиіс.
Басқару жүйесі, егер шұғыл тежеу және авариялық тоқтату (ажырату) жабдықтарын пайдалану қауіп-қатердің алдын алатын немесе азайтатын болса, оларды қамтуға тиіс.
9. Темір жол көлігі мен жабдығының жүйесін орталықтан басқару пульті жүйенің кез келген бөлігін пайдаланудың бұзылуы туралы ақпаратты бейнелейтін құралдармен, сондай-ақ авариялық тоқтату (сөндіру) құралдарымен жабдықталуға тиіс.
10. Темір жол көлігі мен жабдығын басқарудың таңдалған режимінде авариялық тоқтатудан (сөндіруден) басқа, басқарудың басқа да барлық режимдеріне қатысты басымдық болуға тиіс.
11. Қоректендіру көзінің және басқару сызбасының бұзылуы қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соқтырмауға тиіс.
31-4 бап. Темір жол көлігі мен жабдығын тасымалдау және
сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдығын тасымалдау және сақтау процесінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге, оның қауіпсіздігіне ықпал ететін техникалық сипаттамаларды сақтауға қойылатын барлық қажетті талаптар, оның ішінде буып-түюге, консервациялауға, тасымалдау мен сақтау шарттарына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімі, жай-күйін қайта куәландыру мерзімі бойынша нұсқаулар, сақтау мерзімі өтіп кеткен жекелеген элементтерді, бөлшектерді, тораптарды ауыстыру темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамаларында келісілуге тиіс.
2. Темір жол көлігі мен жабдығының нақты түрлерін тасымалдау және сақтау қауіпсіздігінің талаптары темір жол көлігі саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді.
3. Буып-түю мен консервациялау үшін қолданылатын материалдар мен заттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Тиеуді, түсіруді, тасымалдауды және қоймаға қоюды белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып оқыған қызметкер жүргізуге тиіс.
31-5-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын кәдеге жарату және
жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жеке немесе заңды тұлға темір жол көлігі мен жабдығын кәдеге жаратуды және жоюды темір жол көлігінің әрбір түріне арналған техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.».
18. «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 320-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авиамаршрутқа арналған куәлік - авиациялық маршрутты пайдалану құқығына берілген құжат;
2) авиациялық қызмет көрсетулер - азаматтық авиацияның жолаушылардың, багаждың, жүктің және почтаның әуе тасымалдарын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты қызмет көрсетулері;
3) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - үстінде авиатасымалдар пункттері арасындағы әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетінің географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамалар құрастырылымы;
4) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері, олардың жабдығы, жинақтаушы бұйымдары, двигательдері, тренажерлері және азаматтық әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету құралдары;
5) авиация персоналы - авиациялық бағдардағы кәсіби даярлығы бар, ұшуды ұйымдастыру, әуе кемелерінің қозғалысын басқару, әуе кемелеріне қызмет көрсету, авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі, сондай-ақ тасымалдарды, ұшу қауіпсіздігін немесе авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
6) азаматтық авиация - мынадай мақсаттарда:
а) жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау (әуе тасымалдары);
б) авиациялық жұмыстарды орындау;
в) оқу, спорт, мәдени-ағарту шараларын жүргізу, техникалық шығармашылықты дамыту;
г) әуе кемесі пайдаланушысының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру;
д) іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей апаттар бола қалған жағдайда көмек көрсету мақсатында пайдаланылатын авиация;
7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) азаматтық әуе кемесі - азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген әуе кемесі;
9) әуе еркіндігі - тұрақты халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бір мемлекет екінші мемлекетке немесе мемлекеттерге жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау үшін өз аумағында ұшу мен қонуды жүзеге асыруға беретін тасымалдау құқығы;
10) әуе тасымалдары - жеке және заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерімен жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау жөніндегі қызметі;
11) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат;
12) тұрақты емес (чартерлік) рейс - тұрақты авиатасымалы болып табылмайтын коммерциялық әуе тасымалы;
13) тұрақты рейс - бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс;
14) уақытша басқару - әуежай пайдаланушыдағы лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны кері қайтарып алу кезінде енгізілетін басқару;
15) уәкілетті орган - азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясат жүргізуді, азаматтық және эксперименттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, оны үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
16) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларына жауап беретін азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі;
17) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, азаматтық әуе кемесінің және авиациялық қызметтер мен (немесе) жұмыстардың адам өмірі мен денсаулығына қатерсіз ұшуды орындауға қабілеттілігін айқындайтын кешенді сипаттамасы.»;
7-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17)-22) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу;
18) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын сертификаттау және беру тәртібін бекіту;
19) азаматтық авиация саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияны қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
20) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
21) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
22) азаматтық авиация саласындағы техникалық регламенттерді бекіту.»;
2) тармақша «қауіпсіздік ережелерінің және» деген сөздерден кейін «адам өмірі, денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
8) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін сертификаттау және оларды пайдаланушының сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын беру;";
«17) техникалық регламенттерді әзірлеу;";
26-1), 26-3), 26-7), 26-8) және 26-9) тармақшалар алып тасталсын;
4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Азаматтық авиация саласындағы сәйкестікті растау
Сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
19. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жарна - тасымалдаушыға жүк берген кезде жалпы авария жағдайындағы шығыстарды өтеу үшін оның жалпы авариялық шығыстардағы үлесін төлеуді қамтамасыз ету ретінде алушы тасымалдаушыға енгізуге міндетті болатын ақша сомасы;
2) алушы - жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкілетті тұлға;
3) арнаулы персонал - экипаж мүшесі болып табылмайтын, кеменің мақсатына байланысты бортта үнемі болатын адам (теңіздің тірі ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлері, жұмысшылар және басқалар);
4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені жалдаушының иеленуіне және пайдалануына кемемен жалданушы келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, белгілі бір мерзімге беруге міндеттенетін шарт;
5) дағдылы маршрут - теңіз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретін маршрут;
6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшін төленетін ақы;
7) диспач - кемені жалдаушыға кемеге жүк тиеуді сталиялық уақыт біткенге дейін аяқтағаны үшін төленетін сыйақы;
8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеу және оларды жалпы теңіз кәсіпорнына қатысушы тараптар арасында бөлу;
9) диспашерлер - теңіз құқығы саласында білімі мен тәжірибесі, бар, диспашаны анықтау жөнінде есеп жасайтын тұлғалар;
10) есеп айырысу бірлігі - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгілейтін бірлігі;
11) жалдау ақысы - жүкті тасымалдағаны үшін алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берілетін сыйақы;
12) жалпы теңіз кәсіпорны - мүлік (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебінен өтелуге тиіс;
13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетілген, не тасымалдаушының келісімімен теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлік құралдарын, жануарларды және өзге де жүкті ілесе алып жүруді жүзеге асыратын тұлға;
14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екіден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
15) жолаушылық куәлік - жолаушылардың кемеге алуға жол берілетін ең көп саны туралы мәліметтер бар кеме құжаты;
16) жөнелтуші - теңіз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
17) жүзбелі бұрғылау қондырғысы - теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру жөніндегі бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелі құрылыс);
18) жүк таситын кеме - жолаушылар тасымалдамайтын кеме (құрғақ жүк, құйылатын жүк таситын, көліктік рефрижератор, мұзжарғыш сүйреткіш, итермелегіш, құтқарушы, техникалық флот, кабельді, арнаулы мақсаттағы және басқа да жолаушылар тасымалдамайтын кеме);
19) инцидент - нәтижесінде зиян келтірген немесе сондай зиян келтірудің елеулі және тікелей қаупі төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгілі дәрежеде ұқсас бірқатар оқиғалар;
20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;
21) каюталық багаж - жолаушының белгіленген мөлшер мен көлем шегінде өзімен бірге алып жүретін, жинақы буып-түйілген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркін орналастырылатын заттары;
22) кеме - сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзбелі құрылыс;
23) кемеге теңіздегі кепіл - осы Заң негізінде онда аталған мән-жайлар туған кезде пайда болатын кеме ипотекасы;
24) кеме иесі - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін тұлға;
25) кеме ипотекасы - мемлекеттік тіркелуге жататын теңіз кемесінің, ішкі суда жүзетін кеменің, «өзен-теңізде» жүзетін кеменің, сондай-ақ жасалып жатқан кеменің тиісті тізілімде тіркелген шарт негізінде туындайтын ипотекасы;
26) кемелерді лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелерді алып өту;
27) кемемен жалданушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме беретін тарабы;
28) кемені жалдаушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме берілетін тарабы;
29) кеменің меншік иесі - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
30) кеменің сыйымдылығы - порттардағы есеп айырысуға және флоттың статистикалық есебін жүргізуге қызмет ететін, Қазақстан Республикасының кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгіленетін сыйымдылық;
31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиеліп тұратын уақыт кезеңі;
33) қауіпті жүк - өзіне тән қасиеттеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуіне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк;
34) лоцман - кемені арқанға байлайтын, зәкірге қоятын және портта кемелердің орнын ауыстыратын жерге қауіпсіз жеткізу саласында белгілі бір білімі мен дағдылары бар маман;
35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметі;
36) мұнай құйылатын кеме - теңіз кемелері үшін тұтану температурасы Цельсия бойынша алпыс градус және одан да төмен, ішкі суларда жүзетін кемелер үшін Цельсия бойынша елу бес градус және одан да төмен, Рейд бойынша бу қысымы атмосфералық қысымнан төмен шикі мұнайды және мұнай өнімдерін құйып тасымалдауға арналған кеме;
37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүкті немесе оның бір бөлігін тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
38) өткізу коносаменті - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бір бөлігін басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиіс екендігі көзделеді;
39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңіз жағындағы eң алыс нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленетін Қазақстан Республикасының ішкі сулары;
40) портта сүйрету - порт айдынында, соның ішінде кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні портқа кіргізу не оны порттан шығару үшін сүйрету және маневрлерді орындау;
41) сауда мақсатында теңізде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүкті кемемен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелерді қоспағанда, кемелерді өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсіз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңі;
43) суббербоут-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасуға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге иелену және пайдалану үшін беруге міндеттенеді;
44) субтайм-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кемені немесе бірнеше кемені сыйақы алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге беруге міндеттенеді;
45) сүйреткіш кеме - басқа кемелерді және жүзбелі құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтіруге арналған кеме;
46) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;
47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келісілген ақыға (жалдау ақысы) кемені жалдаушыға кемені және кеме экипажы мүшелерінің көрсететін қызметтерін жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін уақытқа кемені жалдау шарты;
48) тасымалдау ережелері - жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде теңіз көлігінің қызметін реттейтін, көліктегі уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;
49) тасымалдаушы - кемеге меншік немесе өзге де заңды негіздерде құқығы бар, жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
50) теңіздегі қарсылық - кеме жүзіп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында кеме иесіне мүліктік талаптар қоюға негіздеме бола алатын мәлімдемесі;
51) теңізде сүйрету - кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні белгілі бір қашықтыққа сүйрету;
52) теңіз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;
53) теңіз жүкқұжаты - жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау кезінде ресімделетін тасымал құжаты;
54) теңіз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелерінде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңіз көлігі қызметінің өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешені;
55) теңіз талабы - кемелерді сауда мақсатында теңізде жүзуді көздеп пайдалануға байланысты мәлімделетін талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);
56) теңіз терминалы - жүктерді тиеуге (түсіруге), оларды сақтауға, теңіз көлігінің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтіруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың, инженерлік құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;
57) теңіз терминалының операторы - теңіз портындағы терминалға меншік немесе өзге де заңды негіздерде құқығы бар және тиеу-түсіру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырушы тұлға;
58) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруды, қызметті үйлестіру мен реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
59) чартер - теңіз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау шартының бір түрі, бұл жағдайда жөнелтушіге бүкіл кеме, оның бір бөлігі немесе кеменің белгілі бір жайы беріледі.»;
2) 4-баптың 2-тармағының 15) тармақшасындағы «қабылдау жатады.»деген сөздер «қабылдау;»деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 16)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) теңіз кемелерін жіктеу ережелерін бекіту;
17) теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі ережелерді бекіту;
18) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ережелерді бекіту;
19) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында техникалық регламенттерді бекіту жатады.»;
3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Сәйкестікті растау
1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
8-1-бап. Жалпы талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңізде жүзетін қалыпта ұстауға, кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектілері:
1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестері болып табылады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын
кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және
су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу,
реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Егер сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Әрбір кеме корпусы сәйкестендіру нөмірімен таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей түрде әзірленуге тиіс.
6. Негізгі рульдік басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталуға тиіс, онда өрт туындау және бату қаупіне ерекше назар аударылуы керек.
8-3-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын
кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілер мен су
жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер мен сауда мақсатында теңізде жүзу процесімен байланысты теңіздегі құрылыстар қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және теңіздегі құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді пайдалану адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етпеуге тиіс.»;
5) 15-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган белгілеген» деген сөздер «техникалық регламенттерде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 42-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында;";
7) 59-баптың 1-тармағы «кеменің жүзуге» деген сөзден кейін «қауіпсіздігін және» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдау кезінде жүктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін ыдысқа салуды және буып-түюді қажет ететін жүктер тасымалдау үшін жарамды ыдысқа салынып және буып-түйіліп берілуге тиіс. Ыдыс және буып-түю техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкес болуға тиіс.»;
9) 196-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «азаматтың» деген сөз «адамның» деген сөзбен ауыстырылсын.
20. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті;
2) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету - атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін шудың, тербелістің, иондаушы сәуленің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуі;
3) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берілетін шекті нормативі - атмосфералық ауаға шу, тербеліс, электромагниттік және басқа да физикалық әсер ететін әрбір көз үшін белгіленетін және зиянды физикалық әсер ету атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейлерінің артуына әкеп соқпайтын норматив;
4) атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейі - атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативі, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер жасалмайтын ең жоғары деңгейін көрсетеді;
5) атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуін болғызбауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
6) атмосфералық ауаның ластануы - зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе онда пайда болуы;
7) атмосфералық ауаның мониторингі - атмосфералық ауаның жай-күйін, оның ластануын бақылау жүйесі, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйіне, оның ластануына баға беру мен болжам жасау;
8) атмосфералық ауаның сапасы - атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық нормативтерге сәйкестігі дәрежесін көрсететін физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы;
9) атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануы - физикалық көзі толық немесе ішінара бір мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аумақтың шегінде орналасқан және теріс ықпалы басқа мемлекеттің юрисдикциясындағы аумақта байқалатын атмосфералық ауаның ластануы;
10) атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативі - атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын көрсететін және адамның денсаулығына зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі;
11) атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп құрамын көрсететін және қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі;
12) ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті мөлшерде шоғырлануы - асып кетуі адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бір немесе бірнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер ету көрсеткіші;
13) жол берілетін шекті шығарынды нормативі - зиянды (ластаушы) заттың атмосфералық ауаға шығарылу нормативі, ол атмосфералық ауаны ластаудың жылжымалы және тұрақты көзі үшін сол көзде атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтері, экологиялық жүйелерге түсетін жол берілетін шекті (қауіпті) ауыртпалық, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да экологиялық нормативтер сақталған жағдайда шығарындылардың үлестік нормативтері ескеріле отырып белгіленеді;
14) зиянды (ластаушы) зат - химиялық немесе биологиялық зат не атмосфералық ауаның құрамында болатын және жол берілетін шекті нормативтерден асып түсетін белгілі бір шоғырлану түрінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін сондай заттардың қоспасы;
15) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жер төңірегіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың қордалануына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар;
16) парник газдары - әрі табиғи тектес, әрі антропогенді тектес, инфрақызыл сәулені жұтатын және қайта сәулелендіретін газ тәрізді құрамдағы атмосфералар;
17) шығарынды - жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттың түсуі;
18) шығарындының үлестік нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар жүрісінің бір өлшеміне шаққанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарудың ең көп массасының нормативі, ол шығарындылардың жылжымалы, тұрақты көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленеді.»;
2) 6-баптың 9) тармақшасындағы «белгілеу жатады.»деген сөздер «белгілеу;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) техникалық регламенттерді бекіту жатады.»;
3) 7-баптың 16) тармақшасындағы «бекіту жатады.»деген сөздер «бекіту;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) техникалық регламенттерді әзірлеу жатады.»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өздері үшін белгіленген шекті жол берілетін нормативтен асып кететін атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететін көздері бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.»;
5) 16-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 27-баптың 12) тармақшасындағы «орындауға міндетті.»деген сөздер «орындауға;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) атмосфералық ауаға таралатын зиянды заттар шығарындыларының белгіленген жол берілетін шекті нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.».
21. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1, 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестің режимінен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың салдарларынан қорғалуының жай-күйі;
4) уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
«3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер
1. Қауіпті өндірістік объектілерге мынадай:
1) тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градус құрайтын заттар;
2) жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өз-өзінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын заттар;
3) жанғыш - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын заттар;
4) тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын заттар;
5) уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар заттар:
асқазанға енгізілген кезде бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін өлтіретін орташа доза;
теріге енгізген кезде бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін өлтіретін орташа доза;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін мөлшердегі;
6) жоғары уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар заттар:
асқазанға енгізілген кезде бір килограмм салмаққа қоса алғанда кемінде 15 миллиграмнан келетін өлтіретін орташа доза;
теріге енгізген кезде бір килограмм салмаққа қоса алғанда кемінде 50 миллиграмнан келетін өлтіретін орташа доза;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда кемінде 0,5 миллиграмнан келетін мөлшердегі;
7) қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар, соның ішінде су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын заттар:
балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында орташа өлімге әкеп соғатын мөлшерге литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
дафнииге қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектілер жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерге сонымен қатар мынадай:
1) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе судың қайнау температурасы кезінде 115 Цельсий градусынан жоғары температурада жұмыс істейтін техникалық құрылғы;
2) қара және түсті металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар;
3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау (соның ішінде теңіз шельфтері мен ішкі тоғандарындағы), жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар;
4) құрамында адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары;
5) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;
6) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері;
7) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары;
8) радиоактивті және ионды сәулелену көздері;
9) қару-жарақ пен олардың оқ-дәрілерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сақтау және кәдеге жарату жатады.
4-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптарын белгілеу және орындау;
2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін растау рәсімдерінен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жіберу;
3) қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өндірістік қадағалау;
5) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жасау;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге ұйымды аттестаттау;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өнеркәсіптік қызметкерді, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиіс.»;
2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттерді бекітеді;";
3) тармақшада:
«салааралық» деген сөз алып тасталсын;
«өнеркәсіптік қауіпсіздік» деген сөздердің алдынан «техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 17)-27) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) техникалық регламенттерді әзірлейді немесе келіседі;
18) өндірістік қадағалау тиімділігін, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілерде авария салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
19) жұмыстың қауіпті түрлерін жүргізген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның ішінде шетелдік) қолдануға, дайындауға рұқсаттар береді;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізеді;
21) қауіпті өнеркәсіптік объектілерді есепке алуды жүзеге асырады;
22) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазіргі заманғы техникалық растаудың жүргізілуін бақылайды;
23) ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды және олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
24) әскерилендірілген тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқақты тоқтату қызметтері мен құралымдарының қызметіне басшылық жасайды;
25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргізуді келіседі;
26) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізеді;
27) өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды аумақтық бөлімшелерге береді.»;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келіседі.»;
тақырыбындағы және бірінші абзацтағы «Жеке тұлғалардың», «жеке тұлғалар» деген сөздер «Жұмыскерлердің», «жұмыскерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымның әкімшілігін қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;";
3) тармақшадағы «нұсқама алуға және оқуға» деген сөздер «оқытуға және нұсқама алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Қауіпті өнеркәсіптік объектіге ие жеке және заңды
тұлғалардың міндеттерi
Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
4) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуін, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келісілуін, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргізілуін қамтамасыз етуге;
5) әрі қарай пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізуге;
6) белгіленген талаптарға сай келетін лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;
7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбауға;
8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік қадағалауды ұйымдастыру тәртібі туралы және оны жүзеге асыруға уәкілетті жұмыскерлер туралы мәліметтерді ұсынуға;
9) авариялардың туындау себептеріне талдау жүргізуге, авариялардың және олардың зардаптарының алдын алуға, оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
10) уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және жұмыскерлерді авариялар туралы дереу хабардар етуге;
11) авариялардың есебін жүргізуге;
12) мемлекеттік инспекторлар берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуды жою жөніндегі ұйғарымды орындауға;
13) қауіпті өндірістік объектінің қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
14) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне авариялар, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
15) қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қаупіне байланысты декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;
16) мемлекеттік органдарға, азаматтарға қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
17) тексерудің тағайындалғаны туралы құжатты және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде осы Заңмен жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектілерге кедергісіз кіргізуге;
18) өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
19) осы Заңмен айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;
20) жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
21) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
23) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын құруға;
24) аварияның зардаптарын оқшаулау және оларды жою үшін материалдық резервтер мен қаржы ресурстарының болуы;
25) жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда қорғану және әрекет ету әдістерін оқытуға;
26) қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда қадағалау, хабарлау, байланыс және іс-әрекетті қолдау жүйелерін жасауға және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
27) қауіпті заттардың өнеркәсіптік объектіде болуы осы Заңның қосымшасына сәйкес декларациялану үшін негіз болып табылатын, олардың тасымалданатыны туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне үш тәулік бұрын хабарлауға;
28) қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
29) қауіпті өндірістік объектілердің құрылысына, оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға, жоюға (соның ішінде таратуға) арналған жобаларды уәкілетті органмен келісуге;
30) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде уәкілетті орган өкілінің қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге міндетті.»;
7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау
1. Міндетті декларациялануға осы Заңның қосымшасына сәйкес қауіпті заттар әзірленетін, өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектілер, қара және түсті металл қорытпалары мен осы қорытпалар негізіндегі балқымалары, кен, геологиялық барлау, бұрғылау (оның ішінде теңіз шельфтері мен ішкі су қоймаларында), пайдалы қазбаларды игеру және байыту жөніндегі жарылыс жұмыстары, жер асты жағдайындағы жұмыстар, радиоактивті және ионды сәулелену көздері, қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары, қару-жарақ және оқ-дәрілер жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі - декларация) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзірленеді, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәліметтерді:
1) қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;
2) қауіпті әсер ету факторларын (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
3) қауіпті факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;
4) қауіптілік пен тәуекелге талдауды;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;
6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
7) қызметкерлерді авария жағдайында іс-әрекетке дайындауды;
8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерінің схемасын;
9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесі; адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиіс.
4. Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады. Декларацияны әзірлеу ережесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Декларация ондағы өндірістік қауіпсіздік мәліметтері өзгерген немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген кезде өзгерістер пайда болған кезден бастап үш ай ішінде нақтыланады.
6. Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы бекітеді.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның иесі декларациядағы мәліметтердің уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Декларация уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сараптамадан өткізіледі.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол міндетті түрде қайтадан сараптамадан өткізілуге тиіс.
8. Декларация екі данада сараптама қорытындысымен бірге жоба құрамында немесе жеке құжатпен уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Бір данасы уәкілетті органда, бір данасы қауіпті объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады.
9. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.»;
8) мынадай мазмұндағы 4-2-тараумен толықтырылсын:
«4-2-тарау. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның
ішінде шетелдік) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру
14-8-бап. Қайта жасалған техникалық құрылғыларға,
материалдарға қабылдау сынақтарын жүргізу
1. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын қайта құрылған, оның ішінде шетелде өндірілген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қабылдау сынақтарына жатады.
Қабылдау сынақтарын уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар жүргізеді.
2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсатты уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.
3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат алу үшін аттестатталған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:
1) сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;
2) сынақ бағдарламасы мен әдістемесін ұсынады.
4. Тәжірибелік үлгілерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізілуге тиіс.
5. Уәкілетті органмен келісім бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізілуі мүмкін. Сынақтардың көлемі мен оны жүргізу тәртібін аттестатталған ұйым айқындайды.
6. Шетелде өндірілген техникалық құрылғылар, материалдар үшін үлгілерге қабылдау сынақтарын жеткізуші елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргізуіне жол беріледі. Мұндай сынақтарды жүргізу уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
7. Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары мен нормаларына сәйкестігі туралы акт, кемшіліктерінің болуы немесе болмауы, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, өнімнің осы түрін Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнінде ұсыныстар беріледі.
14-9-бап. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға
рұқсат беру
1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар ілеспе хатты;
2) дайындаушының сериялық өндіру кезінде өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытындыны ұсынады.
2. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзім ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Толық емес деректер ұсынылған жағдайда өтініш берушіден қосымша мәліметтер сұратылады. Бұл жағдайда қарау мерзімі олардың келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.
Уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында дайындауға рұқсат береді.
3. Ұсынылған өтінім өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге негізделген бас тарту беріледі.
14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,
материалдарды қолдануға рұқсат беру
1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың мақсаты мен қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар ілеспе хатты;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады.
2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган оларды қолдануға рұқсат береді.
3. Пайдалану процесінде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда оларға берілген рұқсат кері қайтарып алынады.
4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектілері үшін қолданылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген және кері қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды.
14-11-бап. Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш
материалдарды қолдануға рұқсат беру
1. Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкілетті орган сынақтар кешенін өткізгеннен кейін береді, ол:
1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларға сәйкес келуіне бақылау сынақтарын;
2) өндірістік жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;
3) өндірістік сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелеріне байланысты бір немесе екі кезеңде жүргізуді қамтиды.
2. Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кәсіпорынның, сараптама ұйымының және уәкілетті органның өкілдері енгізілуге тиіс.
3. Өтінім беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) тәжірибелік партияны сынау актісін;
2) жарылғыш материалдардың сәйкестік сертификатын ұсынады.
14-12-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасауға:
1) қауіпті өндірістік объектілерді салудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.
Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда міндетті түрде қайта сараптама жүргізілуге тиіс;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) өндірістік қауіпсіздік декларациясы;
4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар қауіпті өндірістік объект иесінің қаражаты есебінен жүргізеді.
3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижесі болып табылады.
14-13-бап. Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында
жұмыстар жүргізуге аттестаттау
1. Ұйымдар:
1) декларацияланатын объектілерде жұмыстар жүргізу;
2) техникалық құрылғылардың, технологиялардың және материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар беру;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу;
4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру құқығына аттестатталуға тиіс.
2. Аттестаттау үшін ұйым мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
4) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы түсіндірме жазбаны табыс етеді.
3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган қарау нәтижесі бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелді шешім ұйымға шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде беріледі.
6. Аттестатты беруден мына себептер бойынша:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмағанда;
2) ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкін.
Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган өз шешімімен аттестаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұрады.
Аттестат сот тәртібімен:
1) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған;
2) аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;
3) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш берген;
4) қолдану мерзімі аяқталған жағдайда кері қайтарылады.
8. Аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды.
Уәкілетті орган берілген және кері қайтарылып алынған аттестаттардың тізбесін жүргізеді.»;
9) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
«Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
2002 жылғы 3 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңына
Қосымша
Олардың өнеркәсіптік объектіде болуы декларациялау
үшін негіз болып табылатын қауіпті заттардың шекті
сандары
Қауіпті зат атауы | Қауіпті заттың шекті саны (т) |
Аммиак | 10 |
Аммоний нитраты (аммоний нитраты немесе олардың құрамында салмағы бойынша аммоний нитратынан азоттың болуы 28 % артық болатын аммоний қоспалары, сондай-ақ ондағы аммоний нитратының шоғыры салмағының 90 % асатын аммоний нитратының сулы ерітінділері) | 1250 |
Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ олардың құрамында аммоний нитратының болуы салмағынан 28% артық болатын күрделі тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен және (немесе) калиймен бірге келеді)) | 5000 |
Акрилонитрил | 200 |
Хлор | 10 |
Этилен оксиді | 50 |
Цианды сутек | 20 |
Фтор сутегі | 50 |
Күкірт сутегі | 50 |
Күкірт диоксиді | 200 |
Күкірт үшоксиді | 75 |
Қорғасын алкилдері | 50 |
Фосген | 0,75 |
Метилизоцианат | 0,15 |
Хлорпикрин | 0,55 |
Бромметил | 15 |
Металлил хлориді | 20 |
Тұз қышқылы | 40 |
Азот қышқылы | 25 |
Тұтанғыш заттар | 200 |
Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында бар жанғыш сұйықтықтар | 2500 |
Технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральды құбыржолы бойынша тасымалданатын жанғыш сұйықтықтар | 200 |
Тотыққыш заттар | 200 |
Жарылғыш заттар | 25 |
Уытты заттар | 200 |
Уыттылығы жоғары заттар | 20 |
Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар | 200 |
Егер қауіпті өндірістік объектілер арасындағы қашықтық 500 метрден кем болса, қауіпті заттың жиынтық саны есептеледі.
Егер бірдей санатты қауіпті заттардың бірнеше түрі қолданылса, онда олардың жиынтық шекті саны мына шартпен анықталады:
n
i = 1
мұнда m (і) - қолданылатын зат саны, M (і) - осы тізбеге сәйкес барлық і үшін 1-ден n-ге дейін сол заттың шекті саны.».
22. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
2) арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
4) ерекше қауіпті зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейім, экономикалық, экологиялық залал келтіретін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген зиянкестер мен өсімдіктер аурулары;
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
6) зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
7) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау - уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бағытталған қызметі;
8) өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
9) өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
11) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;
12) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
13) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері - пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
15) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі;
16) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі;
17) уәкілетті орган - жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері;
22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.»;
2) 5-баптың 4) тармақшасындағы «ынтымақтастық енеді.»деген сөздер «ынтымақтастық;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекіту кіреді.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;";
18) тармақшадағы «пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 2) тармақшасындағы «талаптарды мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көліктік бақылау органдарының келісімімен уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-5-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;";
6) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
19-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю жөніндегi
талаптар
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнімді сақтау, тасу және өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті қасиеттерінен қорғау үшін арнайы лайықталуға тиіс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердің (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсеріне төзімді болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуір бөлігінің бөлінуін;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлінуін;
3) басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттардың түзілуін тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиіс.
19-7-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімінде белгіленген тиімді және қауіпсіз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) техникалық регламенттердің талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.
3. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
19-8-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) таңбалау жөніндегi
талаптар
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) орамын таңбалау:
1) телефонның, факстың, телекстің нөмірін және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтініш берушінің (жеткізушінің, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердің) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтің (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;
3) пестицидтің (улы химикаттың) номиналды мөлшерін (салмағын немесе көлемін);
4) шығару партиясы нөмірінің белгіленуін;
5) дайындалған (шығарылған) күнін;
6) қауіптілік қасиеттерінің және адамға, қоршаған ортаға және мүлікке әсер ету сыныптарының белгілерін (пиктограммаларын);
7) өнімді қауіпсіз сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі ұсыныстарды қамтуға тиіс.
2. Таңбалау өшірілмейтін анық әріптермен немесе нышандармен түсіріледі.
19-9-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау осы үшін арнайы арналған экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай келетін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Қоймалар үрлейтін және тартатын желдеткіштерімен жабдықталады. Тартатын желдеткіш құрғақ сүзгіш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметінің органдары зерттеп болғаннан кейін пестицидтерді (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейін ғана жол беріледі.
4. Сақталынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшері қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиіс.
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар әзірлеуді, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-зпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
19-10-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасу үшін пайдаланылған көлік құралдарымен тамақ өнімдерін, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және көлік құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылуға тиіс емес.».
23. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің) Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - індет ошағы белгіленген аумақ;
2) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
5) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама;
6) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
7) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
8) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану;
9) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды заңнамада белгіленген тәртіппен Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
10) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімі - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
11) ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;
12) ветеринариялық препаратты байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, препарат әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;
13) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі;
14) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеруі;
15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
16) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
17) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
19) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және әдістемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды), олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
20) жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
21) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да өнімдер;
22) жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
23) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, сіңірілетін түрде құрамында қоректік заттар бар және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдік, жануар, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнімдер;
24) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минерал заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын, органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
25) карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
26) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар;
27) сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
23) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
29) эпизоотия - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
30) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
31) эпизоотия ошағы - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;";
6) тармақша «өнімдер мен шикізаттың» деген сөздерден кейін «қауіпсіздігіне және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
8) тармақшадағы «ережелер мен нормативтерді» деген сөздер «ережелерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы «бекіту кіреді.»деген сөздер «бекіту;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
23) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау кіреді.»;
5) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға
арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп
қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.
24-2-бап. Ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Қазақстан Республикасының аумағында жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалдануға тиіс.
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауіпсіздігін барлық сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде заңнамада көзделген тәртіппен сақтау мерзімдері және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнімдегі заттардың қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерден аспауға тиіс.
3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етілмейді.
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын нарыққа орналастыру кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын нарыққа орналастыру кезінде өндірушілер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс.
2. Мынадай:
1) осы Заңның және ветеринария саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін;
2) бүлінудің анық белгілері бар;
3) олардың шығарылу тегін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты мемлекеттік тірекелуі туралы ақпараты жоқ;
4) берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін және оларға қатысты олардың шығарылу тегін растайын құжаттардың жалғандығы туралы негізделген күмәні бар;
5) белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көздемеген мәліметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараттары жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын нарыққа шығаруға болмайды.
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен олардың бұдан әрі пайдаланылуына немесе кәдеге жаратылуына, жойылуына сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрі пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемі көрсетіліп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иісі күшті шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнімге тән емес рең беретін бояғышпен жарамсыздандырылуға тиіс.»;
6) 29-баптың 4-тармағындағы «нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және олар» деген сөздер «нормативтер ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді және» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроэкологиялық аймақ - ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру жағдайлары бойынша біртекті немесе дақылдардың экологиялық талаптары бойынша жақын аумақ;
2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
3) аттестаттау туралы куәлік - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген, мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын куәландыратын құжат;
4) ауыл шаруашылық өсімдіктері - дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;
5) байқаудан өткізуші - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сортты егістерін сынақтан өткізу құқығына аттестаттаған жеке адам;
6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау;
7) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым;
9) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;
10) жерге егіп бағалау - тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау;
11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;
12) кондициясына жеткізілмеген тұқым - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым;
13) сорт ауыстыру - тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы;
14) сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;
15) сортқа тәнділік - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші;
16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
18) сорттық сынақ - сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін сынақтан өткізу мен бағалау;
19) сорттық тазалық - негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы;
20) суперэлиталық тұқымдар - бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар;
21) тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар;
22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі;
23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы;
24) тұқымдар тобы - тиісті құжатпен (байқаудан өткізу актісімен, тұқымның аттестатымен, тұқым куәлігімен, тұқымның кондициялылығы туралы куәлікпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесімен, карантиндік сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен немесе импорттық карантиндік рұқсатпен) расталған, шығу тегі мен сапасы жөнінен біртектес тұқымның белгілі бір мөлшері;
25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
26) тұқым куәлігі - тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат;
27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы;
28) тұқым өндірушілер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
29) тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
30) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен; аттестатталған заңды тұлға;
31) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердің және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені;
32) тұқым сарапшысы - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргізу құқығына аттестатталған маманы;
33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау;
34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттіктер мен тұқымдық егістіктердің өзара байланысты топтары, оларда белгілі бір реттілікпен, сұрыптау және өсіріп-өндіру жолымен сортты молықтыру процесі жүзеге асырылады;
36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары;
38) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.»;
2) 4-баптың 12) тармақшасындағы «төмендету арқылы жүзеге асырылады.»деген сөздер «төмендету;»деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) техникалық реттеу - саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету;
15) тұқым шаруашылығы саласында қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) техникалық регламенттерді бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) техникалық регламенттерді әзірлейді;";
12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолда бар мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
13) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;";
2-тармақтағы «мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.»;
3-тармақта:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасында» деген сөздердің алдынан «Гендік инженерия (генетикалық түрлендірілген) негізінде алынған сорттардың тұқымдарын қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «жұмыстары үшін» деген сөздерден кейін», сондай-ақ мемлекеттік сорт сынақтарын жүргізу үшін бір мезгілде сортты беру шартымен өндірістік жағдайда сынақ жүргізу мақсатында (Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сортын сынақтан өткізудің оң нәтижелері болған кезде)»деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «сынақтар өткізуге арналған» деген сөздерден кейін», сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттың талаптарына» деген сөздер «техникалық регламенттерде және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-баптармен толықтырылсын:
«23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Тұқымдық сараптау нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиіс.
Сараптама жүргізуге және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесі төлейді.
23-2-бап. Тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы
ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұқымдардың қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклі процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дәйекті ақпарат беруге міндетті.»;
25. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудамен өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;
2) біртұтас деректер базасы - мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы;
3) компаундирлеу - белгіленген сападағы мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше компонентті араластыру;
4) кондициялық емес мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі;
5) мұнай беруші - өз шикі мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретін мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар;
6) мұнай өнімдері базасы - мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы;
7) мұнай өнімдерін бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнімдерін жеке және заңды тұлғаларға одан әрі қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту);
8) мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу - мұнай өндірушілердің, берушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларынан өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнімдерін одан әрі қайта сату мақсатында өткізуі (жөнелтуі);
9) мұнай өнімдерін өндіру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешені;
10) мұнай өнімдерін өндірудің ең төменгі көлемі - мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымдары мен басқа да шикізат көздерінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің уәкілетті орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі;
11) мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткізуді жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы;
12) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;
13) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін белгіленген нысандағы құжат;
14) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, осы Заңмен белгіленген құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) ілеспе жүкқұжат - жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жүру жолында мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнімдерін босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат.»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеуді;";
4) тармақша «мұнай өнімдерінің» деген сөздерден кейін «қауіпсіздігі мен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекеліне талдау мен бағалауды жүргізеді;
14) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
15) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
бірінші абзацтағы «Стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «Техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда» деген сөздер «өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және метрология жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;";
6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы
саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар
1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері: бензин, дизель отыны, мазут және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу процестері, мұнай өнімдерін компаундирлеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы болып табылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдықтар мен техникалық құралдар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Өндірістік аймақтар мен үй-жайлардың ауа ортасында мұнай буларының шоғырлануы техникалық регламенттерде белгіленген шекті жол берілетін нормалардан аспауға тиіс.
5. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және тарату жөніндегі объектілерді жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдері ескерілуге тиіс.»;
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті нормативтік құжаттарға» деген сөздер «тиісті техникалық регламенттерге және өлшем бірлігін қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дизель отыны, мазут техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда, оларға тұнбалар мен қоспалар енгізуге жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1 Мұнай өңдейтін зауыттар өндіретін мұнай өнімдері осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.»;
8) 10-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «келісуге міндетті.»деген сөздер «келісуге;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.»;
9) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «көрсетілетін қызметтері сертификатталған» деген сөздер алып тасталсын;
10) 14-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болуға тиіс.
5. Мұнай өнімдерін тасымалдау мұнай өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, олардың шығындары белгіленген шекті нормадан аспауы керек.».
26. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) денсаулық сақтау стандарты - медициналық және дәрігерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейтін құжат;";
2) 5-баптың 6) тармақшасындағы «медициналық стандарттар» деген сөздер «денсаулық сақтау стандарттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы», сертификаттаудың және стандарттаудың» деген сөздер «және сәйкестікті растаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
8) тармақша «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздердің алдынан «техникалық регламенттерді қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";
15) тармақша «медициналық,»деген сөздің алдынан «денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) техникалық регламенттерді әзірлейді.»;
5) 12, 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сәйкестікті растау
1. Өнімдердің, процестердің, қызмет көрсетулердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
13-бап. Денсаулық сақтау стандарттары
1. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті болып табылады.
2. Денсаулық сақтау стандарттары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды, оларды реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 44-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «заттарды сертификаттау» деген сөздер «заттардың сәйкестігін растау» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автобус - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлік құралы;
2) автовокзал - жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, жүргізушілерді медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлік пункттер және ана мен бала бөлмесі кіретін құрылыстар кешені;
3) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені;
4) автомобиль көлігі - негізгі қызмет аясы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдың үздіксіз процесін, сондай-ақ автокөлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдары сақталатын құрылыстар);
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы;
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін құрылыстар кешені;
10) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерінде белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;
11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;
12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;
13) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, шағын шағын автобустарды пайдалана отырып, аралық пункттерде жолаушылар отырғызбай, бастапқы және соңғы пункттер арасында жүзеге асыратын, біржолғы (тұрақты емес) сипаттағы тасымалдар;
14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
15) жолдама парақ - автокөлік құралының жұмысын есепке алуға арналған, тасымалдаушы автокөлік құралының жүргізушісіне беретін құжат;
16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
18) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;
19) қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар екі немесе бірнеше облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
20) қалааралық облысішілік автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар бір облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
21) қалалық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушы қаланың белгіленген шекаралары шегінде жүзеге асыратын тасымалдар;
22) қала маңындағы автомобильмен тасымалдау - қалалық тасымалдауға жатпайтын және тасымалдаушылар қаланың немесе өзге де елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін қашықтығы елу шақырымға дейінгі маршруттарда жүзеге асыратын тасымалдар;
23) қол жүгі - салмақ және көлем өлшемдері Автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;
24) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
25) такси - Автомобиль көлігімен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;
26) тексеру - шаруашылық субъектілерінің Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;
27) уәкілетті орган - көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлі мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
29) шағын автобус - жасаушы завод жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етіп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус.»;
2) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздер «техникалық регламенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағындағы «сертификаттау» деген сөз «техникалық реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану ережелерін бекітеді;
11) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;";
13), 14), 16) тармақшалар алып тасталсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сәйкестікті растау
1. Автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының, автокөлікке арналған жабдықтардың, олардың өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 2-2-тараумен толықтырылсын:
«2-2-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздіктің
жалпы талаптары
19-12-бап. Жалпы ережелер
1. Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілері:
автомобиль көлігі болып табылады, оған:
1) автобустар;
2) шағын автобустар;
3) жеңіл автомобильдер;
4) жүк автомобильдері;
5) автомобиль тіркемелері;
6) ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер;
7) арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);
8) арнаулы автомобильдер (әр түрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын);
9) автомобиль көлігін жобалау;
10) автомобиль көлігін шығару (жөндеу);
11) автомобиль көлігін тасымалдау және сақтау;
12) автомобиль көлігін кәдеге жарату және жою кіреді.
2. Автокөлік құралдары адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін болса немесе оларды тиісті дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезінде солардың қауіпсіздігі мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестігі расталуға тиіс автомобиль көлігін орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлігін орналастыратын тұлға:
1) тұтынушының ықтимал тәуекелдерді бағалауы және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынуға;
2) автомобиль көлігін сату кезінде таңдау бақылауын жүргізуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
3) автомобиль көлігінің адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру тәуекелі болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиімді ескерту, сондай-ақ автомобиль көлігін қайтарып жіберетіндей қажетті іс-шаралар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) таратылып қойған автомобиль көлігінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөніндегі өзі қабылдаған шаралар туралы тиісті мемлекеттік бақылау органдарына дереу хабарлауға;
5) шығарушыдан, уәкілетті өкілден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан автомобиль көлігінің осы Заңның және техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлігін сатпауға міндетті.
5. Автомобиль көлігінде қажетті ескерту жазбалары немесе қауіптілік және қауіпсіз пайдалану шарттары туралы белгілер болуға тиіс.
6. Пайдалану құжаттамасындағы қауіпсіздік талаптары осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптардан төмен болмауға тиіс.
19-13-бап. Автокөлік құралдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Автокөлік құралдарын жобалау кезінде өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (бұзылулар мен сыртқы әсерлер), персоналдың болжамды қателері және пайдалануға болмайтын кезіндегі бүкіл ықтимал қауіптер сәйкестендірілуге тиіс.
2. Пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқауды (нұсқаманы) және паспортты (немесе формулярды) әзірлеу автокөлік құралдарын жобалаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
19-14-бап. Автокөлік құралдарын шығару кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Шығару кезінде автокөлік құралдарының дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет.
2. Автокөлік құралдарын шығару кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шаралар кешенін орындауға және қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер автокөлік құралдарын дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Автокөлік құралдарын шығару кезінде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келісіледі және ол техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін тәуекелден аспауға тиіс.
19-15-бап. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау процесінде олардың сақталуын, олардың қауіпсіздігі көзделетін техникалық сипаттамаларды сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажетті талаптар, оның ішінде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімдері, жай-күйін қайта куәландыру, сақтау мерзімі аяқталған жеке элементтерді, бөлшектерді, тораптарды ауыстыру мерзімдері бойынша нұсқаулар автокөлік құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиіс.
2. Автокөлік құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерін тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Консервациялау үшін қолданылатын материалдар мен заттар қауіпсіз болуға тиіс.
19-16-бап. Автокөлік құралдарын кәдеге жарату және жою
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жеке және заңды тұлғалар автокөлік құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етеді:
1) автокөлік құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шаралары қабылдануға тиіс;
2) пайдалану процесінде уытты заттармен, радиоактивті аэрозольдармен ластанған автокөлік құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезінде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттеріне қарай арнайы ерітінділермен (әдістермен) залалсыздандыру жөніндегі міндетті өңдеуден өткізілуге тиіс;
3) автокөлік құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңін өткізетін персоналдың қажетті біліктілігі болуға, олар тиісті оқудан өтуге және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға тиіс.».
28. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;
2) ауыр қол еңбегі - ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
3) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
4) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жай-күйі;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;
8) еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары - еңбек процесінде қызметкердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының жиынтығы;
9) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;
10) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
11) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
12) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар;
13) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны;
14) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
15) зиянды өндірістік фактор - оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
16) кәсіби ауру - қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
17) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
18) қауіпті (ерекше қауіпті} еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
19) қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе мүлдем айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
20) қызметкерлер өкілдері - қызметкерлері уәкілеттік берген кәсіптік одақтардың және олардың бірлестіктерінің органдары, ал олар болмағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;
21) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік фактордың әсері;
22) өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
23) өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
24) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбектің қауіпсіз жағдайларына нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
25) өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
26) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру ic-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
27) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
28) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі және одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.»;
2) 5-баптың 1) тармақшасындағы», мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды» деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-баптың 1-тармағындағы «сақтауға бағытталған» деген сөздерден кейін «қауіпсіздік талаптарынан,»деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тамақтандыру рациондарын, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 6-1), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жұмыс берушілердің ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;";
«13) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді.»;
6) 10-баптың 7) тармақшасындағы «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 14-баптың 1-тармағындағы «еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына» деген сөздер «еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 19-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;";
9) 20-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ережелер мен нормативтердің талаптарына» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс.
Ұйым аумағында жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайларда қозғалуға тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдарында және ішкі су тоғандарында жұмыстар жүргізуі үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс уақытында жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи және жасанды жарық беру, сондай-ақ желдету қауіпсіз еңбек жағдайларына сәйкес болуға тиіс.
7. Жұмыскерлер зиянды еңбек жағдайлары бар (шаң-тозаңдалған, газдалған және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.
8. Жұмыс орындарындағы шу және тербеліс деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға тиіс.
9. Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуге тиіс.»;
1-тармақтағы «Мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелері мен нормаларының» деген сөздер «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелері мен нормаларының» деген сөздер «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «гигиеналық нормативтерге» деген сөздер «нормаларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздік талаптары
Қауіпсіздік талаптары адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерде белгіленеді.».
29. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсаттары үшін абоненттік номер немесе бірдейлендірілген код бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан байланыс қызметін пайдаланушы;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (телефон нөмірлері, электрондық почтаның мекен-жайы), биллингтік мәліметтер және абонентке көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, сұрыптауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді (тапсыруды) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;
4) арнаулы және фельдъегерлік байланыс арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;
5) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құраушы бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар және металл бұйымдар;
6) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникацияның әмбебап қызметін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы;
7) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
8) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
9) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
10) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;
11) байланыс құралдары - телекоммуникация хабарламаларын не почта жөнелтілімдерін түзу, өңдеу, беру немесе қабылдау үшін пайдаланылатын техникалық және бағдарламалық құралдар;
12) байланыс қызметтері - почта жөнелтілімдері мен арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
13) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі;
14) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметін алатын және немесе заңды тұлға;
15) байланыс операторы - байланыс қызметін көрсетуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
16) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпорациялық телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері;
17) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс жерсеріктері орбиталық позицияларының ресурстары;
18) байланыстың басым операторы - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы;
19) желіаралық қосу - телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу қызметін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;
20) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефондық қосылысты уақытпен есепке алу) - телекоммуникацияның жергілікті желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефондық қосылысты есепке алудың әдістері технологиясының жиынтығы;
21) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - радиожиілік спектрін пайдалануға берілетін рұқсат, оны тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралдарды қолдана отырып пайдалану үшін береді;
22) жоғарғы жиілікті құрылғылар - телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда электромагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
23) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жер асты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
24) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
25) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және трафик транзиті мен басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық байланыс қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
26) қалааралық телефон байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын қосатын байланыс жолы;
27) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефондық қосылыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс;
28) қосу қызметін көрсету - әрекеттес желілердің пайдаланушылары арасында қосуды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс операторларының байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
29) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын қосатын жердегі (кәбілдік, соның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе жерсеріктік байланыс жолы;
30) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;
31) почта байланысы - почталық және арнаулы жөнелтілімдерді түзу, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
32) почта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
33) радиобақылау - радиосәуле таратуларды техникалық бақылауды орындау арқылы бөгеуілдерінің деңгейі жол берілетіндей радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасауды, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдерінің стандарттары мен нормаларын бұзылушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
34) радиожиілік органдары - жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар;
35) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
36) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
37) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
38) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
39) телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі;
40) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне қосу - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттесуді ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосуды іске асыру және ақпарат беру мүмкін болады;
41) телекоммуникацияның әмбебап қызметтері - уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оны кез келген елді мекенде байланыс қызметінің кез келген пайдаланушысына белгілі бір мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
42) телекоммуникацияның жергілікті желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған, коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, шағын станциялардан, жинақтағыштардан), желілік-кәбілдік құрылғылардан (қосқыш жолдардан және арналардан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан (терминалдардан) тұратын техникалық құралдардың жиынтығы. Телекоммуникацияның жергілікті желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және селолық болып бөлінеді;
43) телефондық қосылыс қызметіне уақытына қарай ақы төлеу жүйесі (бұдан әрі - қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі) байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлемдер сомасы:
тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыдан;
уақытына қарай құрамдас бөліктен - жергілікті телефондық қосылыстардың берілгені үшін тарифтеу бірлігіндегі іс жүзіндегі ұзақтығына байланысты төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
44) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;
45) трансляция - телевизия және радио бағдарламаларын тарату үшін таратушы радиоэлектрондық құралдарды, кәбілдік желілер мен радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдалана отырып, ақпарат тарату процесін жүзеге асыру;
46) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;
47) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында қосу және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
48) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
49) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;
50) фельдъегерлік байланыс - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, соның ішінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі;
51) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен қосатын байланыс жолы;
52) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
53) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс;
54) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абонент жолдарына қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
55) электр байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.»;
2) 5-баптың 6) тармақшасы «байланыстың» деген сөзден кейін «қауіпсіздігін,»деген сөзбен толықтырылсын;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
1) тармақшадағы «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;";
5) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік стандарттарды, пайдалану ережелерін және радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды» деген сөздер», радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылар келтіретін индустриялық бөгеуілдер деңгейі техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың индустриялық радиобөгеуілдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған нормативтік құжаттарда белгіленген нормалардан төмен болмауға тиіс.»;
7) 12-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы «және ұлттық стандарттарға» деген сөздер алып тасталсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау»;
бірінші бөліктегі «міндетті сертификатталуға» деген сөздер «сәйкестігі расталуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
30. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айлақ - кемелердің қауіпсіз кіруіне арналған құрылғылары бар және кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс;
2) арқандап байлау - кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуі және кемені осыларға бекіту жөніндегі іс-қимылдар;
3) дебаркадер - жолаушылар кемелерін немесе жүк кемелерін арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелі айлақ;
4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлінетін шығындарының есебі;
5) диспашерлер - ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны айқындау жөніндегі есепті жасайтын адамдар;
6) жағалау белдеуі - судың жиегінен бастап өзеннің, табиғи су-қоймасының (көлдің) түпкі жағалауына қарай, жасанды су қоймалары суының жобалық деңгейінен бастап ені 20 метр жер белдеуі;
7) жолаушы - тасымалдаушымен шарт қатынастарында тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетілген не жүк тасымалдау шарты бойынша, тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралын, жануарларды және өзге де жүкті алып жүретін адам;
8) жол жұмыстары - ішкі су жолдарындағы су түбін тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбін тазарту, іздестіру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтіп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар;
9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік - Кеме қатынасы тіркелімінің ережелеріне сәйкес берілетін Кеме қатынасы тіркелімінің негізгі құжаттарының бірі;
10) кеме - кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылғы, оның ішінде «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме, паром, су түбін тереңдетуші және су түбін тазартушы снарядтар, жүзбелі кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар;
11) кеме жолы - белгілі бір көлемдегі кемелердің кедергісіз жүзуіне жол берілетін шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететін навигациялық жағдайдың белгілері қойылған ішкі су жолдарындағы су беті;
12) кеме жүргізу - ішкі су жолдарымен жүзуді жүзеге асыратын кемені басқаруға байланысты қызмет;
13) кеме иесі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемені өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға;
14) кеме кітабы - Мемлекеттік кеме тізіліміне енбеген кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат;
15) кеме қатынасы - ішкі су жолдарында жүктерді, жолаушылар мен олардың багаждарын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреуге, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, балық аулау және өзге де кәсіпшілік, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстар, кемелерді лоцмандық алып өту, құтқару операциялары, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, санитарлық және басқа да бақылау, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу, спорттық, мәдени және өзге де мақсаттар үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;
16) Кеме қатынасының тіркелімі - ішкі суларда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
17) кеме қатынасы шлюзі - кемені судың бір деңгейінен екінші деңгейіне көтеруге немесе түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс;
18) кемелерді лоцмандық алып өту - кемелердің ішкі су жолдарының аса күрделі учаскелері бойынша қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін қызмет;
19) кеменің меншік иесі - кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
20) киль - кеменің негізгі ұзына бойы созылған элемент, ол кеменің түбін бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейін тартылып, оны екі симметриялы бөлікке бөледі;
21) көліктік жүкқұжат - тікелей су және аралас қатынастарда жүк тасымалдау кезінде ресімделетін тасымалдау құжаты;
22) куәландыру - кеменің арналуы мен жіктелімінің расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес кеменің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында кемені қарап шығу;
23) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары (бұдан әрі - ішкі су жолдары) - навигациялық белгілермен немесе өзге де тәсілдермен белгіленген және кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
24) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі (бұдан әрі - ішкі су көлігі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі;
25) қарап шығу - уәкілетті органның объектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруі;
26) қауіпті жүк - өзінің қасиеттері мен ерекшеліктеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың болуына, өрттің шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жүк;
27) лоцман - кемені арқандап байлау, зәкірге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауіпсіз алып жүру саласындағы белгілі бір білімі мен дағдысы бар маман;
28) Мемлекеттік кеме тізілімі - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат;
29) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкін болатын уақыт кезеңі;
31) «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңіз және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрі белгіленген тәртіппен пайдалануға жіберілген кеме;
32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені;
33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгінің өңделуін немесе рейске жөнелтуді күтіп тұратын, сондай-ақ қажетті операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердің келуі мен онда тұруы үшін қызмет ететін су бетінің шектеулі учаскесі;
34) рейдтер - кемелердің зәкір салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктерді қайта тиеуге арналған кеме жолы шегінен тыс порт акваториясының бөлігі;
35) рейс - белгілі бір уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдаудың көліктік процесі;
36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгілерді көтеруге және түсіруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы;
37) тасымалдаушы - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздермен иеленуші, жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
38) тез бүлінетін жүк - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететін жүк;
39) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;
40) теңізші паспорты - шетелдерге жүзетін қазақстандық кемелерде немесе шетелдік кемелерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
41) техникалық қадағалау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексеруді қамтитын кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметінің құрамдас бөлігі;
42) тұру пункті - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгілінде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткізу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесі мен су беті объектісінің акваториясы;
43) уәкілетті орган - ішкі су көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, ішкі су көлігі қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
44) уәкілетті органның кәсіпорны - қызмет көрсететін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру негізгі міндеті болып табылатын ішкі су көлігінің мемлекеттік кәсіпорны.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ішкі су көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;";
3) 7-баптың 1-тармағындағы «жекелеген қызмет» деген сөздер «техникалық реттеу қызметінің жекелеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;";
6) 14-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік стандарттар» деген сөздер «ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «кеме қатынасы қауіпсіздігін» деген сөздер «ішкі су көлігі саласындағы қауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кеме жасау өнімдерін шығару және кемелерді жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тіркелімі беретін сәйкестік құжаты болуға тиіс.»;
8) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3 және 15-4-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу
1. Ішкі су көлігі саласындағы қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Кеме қатынасының қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ішкі су көлігі саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, ішкі су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегі авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Мыналар:
1) ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігінің кемелері, порттар, жағалаудағы объектілер және құрылыстар;
2) ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту);
3) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды пайдалану;
4) ішкі су көлігі кемелерін сақтау;
5) ішкі су көлігі кемелерін тасымалдау және тіркеп тарту;
6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу объектілері болып табылады.
15-2-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігінің кемелеріне,
порттарға, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
2. Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде жағдайда қауіпті жүкті жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), қабылдайтын алушы (жүк алушы) аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін
жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен
құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта
жаңарту) кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ішкі су көлігінің қауіпсіздігіне байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды дайындау процессінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Әрбір кемеде корпусына жазылатын сәйкестендіру нөмірі таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.
5. Кеме адамдардың борт жиегінен құлау тәуекелін мейлінше төмендететіндей етіп әзірленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.
6. Негізгі рульдік басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатеріне баса назар аударылуға тиіс.
15-4-бап. Ішкі су көлігі жолдарындағы ішкі су көлігi
кемелерін, порттарды, жағалаудағы объектілер мен
құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Кеме қатынасы процесімен байланысты ішкі суда жүзетін кемелер, ішкі су жолдарындағы порттар, жағалаудағы объектілер және құрылыстар қауіптілігі жоғары аймақ болып табылады және Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Ішкі суда жүзетін кемелерді, ішкі су жолдарындағы порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.».
31. «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық белсенді заттар - жануарлар мен адам ағзасының физиологиялық функцияларының өзгеруіне әкелетін және дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын әртүрлі тектегі заттар;
2) биоэквиваленттік - олардың бірдей тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенім артуға мүмкіндік беретін, бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізгеннен кейін бірдей биожетімділігін (жылдамдығы мен сіңірілу дәрежесін) растайтын екі дәрілік заттың салыстырмалы сипаттамасы;
3) гомеопатикалық дәрілік заттар - дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнаулы технология бойынша дайындалған немесе өндірілген, құрамында өсімдік, жануар, минерал текті заттардың мөлшері тым аз, бір немесе көп құрамдас дәрілік заттар;
4) дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро - және балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар.
Аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын парафармацевтикалар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура) дәрілік заттарға теңестіріледі;
5) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын анықтауға әрі жолын кесуге және фармацевтикалық қызметті Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдар кешені;
6) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
7) дәрілік заттарды орау - дәрілік заттар айналымы процесін, оларды бұзылу мен жойылудан қорғау жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдар немесе құралдар жиынтығы;
8) дәрілік заттарды дайындау - дәрігерлердің рецептілері бойынша дәріханаларда дәрілік түрлерді дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанциялар алумен, дайындалған дәрілік заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
9) дәрілік заттарды жіктеу - физикалық-химиялық, уыттылық, фармакологиялық немесе өзге де теңдес қасиеттері бойынша дәрілік заттарды жекелеген топтарға жүйелеу немесе бөлу;
10) дәрілік заттарды сақтау мерзімі - дәрілік заттар сақталудың белгілі бір шарттары жағдайында талдамалық нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетін уақыт кезеңі;
11) дәрілік заттарды сертификаттау - дайындаушыға (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелді болмайтын органның дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы;
12) дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқару, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
13) дәрілік заттардың бөлшек саудасы - мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, халыққа өткізумен (әкетуден басқа) байланысты фармацевтикалық қызмет;
14) дәрілік заттардың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік заттарды қолдануға болмайтын күні;
15) дәрілік заттардың көтерме саудасы - көлемі шектелмей, мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен және өткізумен (дәрілік заттарды халыққа өткізуді қоспағанда) байланысты фармацевтикалық қызмет;
16) дәрілік заттардың қауіпсіздігі - адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты жол беруге болмайтын тәуекелдің жоқтығы;
17) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
18) Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты;
19) дәрілік заттардың саудалық атауы - дәрілік зат тіркелетін патенттелген атау;
20) дәрілік заттар өндірісі - шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар сатып алумен, технологиялық процеспен, соның ішінде оның сатыларының бірінде жүзеге асырумен - өндірілген өнімді сақтаумен, өткізумен, сондай-ақ оларды бақылаумен қатар жүретін барлық түрлерімен байланысты, дәрілік заттарды топтап шығару үшін қажетті жұмыстардың бүкіл жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет;
21) дәрілік затты жасаушы - дәрілік затқа құқығы Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сәйкес қорғау құжаттарымен қорғалған жаңа дәрілік зат жасаушы жеке немесе заңды тұлға;
22) дәрілік затты мемлекеттік тіркеу - дәрілік заттың фармацевтика нарығында болу қажеттігін, оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының бағалануын айқындау рәсімі және дәрілік затты белгілі бір мерзімге Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының мемлекеттік тізіліміне енгізу;
23) дәрілік заттың балк-өнімі - соңғы ораудан басқа, дәрілік препарат дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатысынан өткен мөлшерленген дәрілік зат;
24) дәрілік заттың сапасы - дәрілік заттың мақсаты бойынша әрекет етуші қабілетіне әсер ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;
25) дәрілік заттың сараптамасы - физикалық-химиялық, клиникаға дейінгі сынаулар, клиникалық зерттеулер өткізу жолымен дәрілік затты қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркеуге ұсынылған дәрілік заттың нормативтік құжаттарын зерделеу;
26) дәрілік заттың сәйкестік сертификаты - бірдейлендірілген дәрілік заттың техникалық регламенттер, стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетіндігін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;
27) дәрілік заттың тиімділігі - аурудың клиникалық көріністеріне (дертті жай-күйіне) және себептеріне дәрілік заттың әсер ету деңгейінің сипаттамасы;
28) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;
29) дәрілік өсімдік шикізаты - құрамында биологиялық белсенді заттар бар және дәрілік зат ретінде, сондай-ақ дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын өсімдіктердің бөліктері (тамырлары, түп тамырлары мен түбірлері, шөбі, гүлдері, жемісі мен тұқымдары, сабақтары, қабығы, жапырақтары);
30) дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік зат;
31) дәрілік субстанция - дәрілік препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын дәрілік заттар;
32) дәрілік түр - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі;
33) дәрілік формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейіні ескеріле отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың тізбесі;
34) дәріхана, алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медицина техникасы және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды сертификаттау және сынау жөніндегі зертханалар, дәрілік заттар өндіру жөніндегі ұйымдар - фармацевтикалық қызмет объектілері;
35) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
36) жалған дәрілік зат - құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша түпнұсқаға немесе дайындаушының қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, заңға қайшы және әдейі қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат;
37) жаңа дәрілік зат - мемлекеттік тіркеуден кейін медициналық қолдануға және өндіруге алғаш рет рұқсат етілген дәрілік зат;
38) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын мемлекеттік стандарттар мен ережелер жинағы;
39) қайта өндірілген дәрілік зат (генерик) - құрамы мен сапалық көрсеткіштері, қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінен бірегей дәрілік затпен бірдей және бірегей дәрілік затқа қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін айналымға түскен дәрілік зат;
40) қосалқы заттар - өндіру мен дайындау процесінде дәрілік түрлердің нақты қасиеттеріне қол жеткізу үшін қажетті органикалық немесе органикалық емес болмыстағы заттар;
41) медициналық жабдықтар - емдеу, диагностикалау және қалпына келтіру ic-шараларында, сондай-ақ науқасты күту кезінде пациентке және медициналық қызметкерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған медициналық техника;
42) медициналық иммунобиологиялық препараттар - жұқпалы және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, иммунологиялық әдістердің көмегімен басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттары, иммундық жүйе арқылы емдік әрі профилактикалық әсерін тигізетін (алу тәсіліне қарамастан) қан препараттары;
43) медициналық құралдар мен аппараттар - диагностикалау, емдеу, алдын алу, қалпына келтіру және ғылыми мақсаттармен адам ағзасының жай-күйі туралы ұқсас және (немесе) цифрлық түрдегі ақпарат алуға, жинауға, талдауға және көрсетуге, мүшелердің, сондай-ақ жүйелердің бөлек немесе өзара үйлескен функцияларын түзетуге арналған медициналық техника;
44) медициналық құрылғылар - мынадай:
ағзаның белгілі бір функционалдық жүйесіне немесе мүшесіне (мүшелер тобына) тұтастай немесе таңдап ықпал етуге арналған қандай да бір түрінің энергиясын генерациялайтын;
адам мүшесі мен тініне механикалық ықпал етуге арналған аспаптарды іске қосатын;
ағзаның белгілі бір функцияларын аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау, емдеу, қалпына келтіру, сондай-ақ оларды түзету мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде өзгертетін немесе қолдайтын медициналық техника;
45) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігін материалдары, бекітетін таңғыштар мен құралдар, көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзалар, диагностикалық реагенттер;
46) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тиімділігі - профилактикалық, диагностикалық және (немесе) емдік әсер жетістігін қамтамасыз ететін сипаттамалар жиынтығы;
47) медициналық техника - аурулардың профилактикалық, диагностикалау, емдеу, медициналық сауықтыру, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін жекелеген, кешенді немесе жүйелі түрде медициналық мақсатта қолданылатын аппараттар, жабдықтар, аспаптар, құрылғылар, соның ішінде сериямен өндірілетін протездер мен импланттар;
48) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздік сыныбы - бұйымдарды пайдаланатын пациенттердің, қызметкердің және өзге де адамдардың денсаулығына зиян тигізетін ықтимал қауіп-қатер деңгейіне байланысты белгілі бір сыныпқа жатқызылған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жиынтығы;
49) негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттар - нормативтік құжаттар талаптарына сай келетін, қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша қолданыстағы ұқсастарының алдында басымдықтары бар, ауруларды емдеу кезінде мейлінше жиі қолданылатын дәрілік заттар;
50) парафармацевтиктер - құрамында емдік мөлшердегі дәрілік заттар бар биологиялық белсенді қоспалар;
51) патенттелген дәрілік заттар - пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасымен қорғалатын бірегей дәрілік заттар;
52) серия - бір технологиялық цикл нәтижесінде алынған бір текті дәрілік заттың белгілі бір саны;
53) серия нөмірі - өндірістік және бақылау операцияларының серияны өзіндік түрде сәйкестендіруге және толық тізбектілігін анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық, әріптік немесе әріптік-цифрлық белгілеу;
54) фармакологиялық зат - өзіндік белгіленген фармакологиялық белсенділігі бар, клиникалық сынаулар объектісі болып табылатын биологиялық белсенді зат немесе биологиялық белсенді заттар қоспасы;
55) фармакопеялық құжат - дәрілік заттарға, оларды сынау көрсеткіштері мен әдістеріне қойылатын талаптардың кешенін белгілейтін құжат;
56) фармацевтикалық қызмет - денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді, дәрілік заттардың өндірісін, жасалуын, жойылуын және өткізілуін (бөлінуін) қамтитын қызмет;
57) фармацевтикалық тексеру актісі - дәрілік заттар айналымы саласындағы субъект қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы жасайтын құжат.»;
2) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дәрілік заттар айналымы саласындағы техникалық реттеу;";
3) 5-бап мынадай редакциядағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) дәрілік заттар айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тиімділігіне, қауіпсіздігі мен сапасына сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген дәрілік заттарды алып қою ережесін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) дәрілік заттар айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді.»;
1-тармақтағы «міндетті сертификаттауға» деген сөздер «сәйкестігін міндетті растауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сертификаттауды» деген сөз «сәйкестігін растауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрілік заттар өндіруді техникалық регламенттерге және оларды өндіруді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес дәрілік заттарды өндіру құқығына лицензия алған дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
1-тармақ «қаріптермен» деген сөзден кейін «мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «тәртібін мемлекеттік орган айқындайды» деген сөздер «тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрілік заттар айналымға мемлекеттік орган бекіткен, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен бірге түсуге тиіс.
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың мәтінін жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 27-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дәрілік заттарды уақытша сақтау қоймасында техникалық регламенттермен белгіленген дәрілік заттарды сақтауға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, алаңдар, арнайы жабдықтар, жиhаздар, мүкәммал, өртке қарсы жабдықтар, құралдар болуға, сондай-ақ уәкілетті органның берген рұқсаты болуға тиіс.»;
10) 31-баптағы», Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеуден өтпеген» деген сөздер «мемлекеттік тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарға қойылатын қауіпсіздіктің жалпы
талаптары
32-1-бап. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және
олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу
Осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден өтпеген медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымына тыйым салынады.
32-2-бап. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың айналымына тыйым салу немесе оны
тоқтата тұру
Уәкілетті орган мынадай себептердің негізінде:
1) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дәрілік заттар айналымы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;
2) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану процесінде конструкциясының ақауы, оларды қолдану қауіпсіздігіне ықпал ете алатын әрекет ету тетіктері, өндірістік орындау анықталса;
3) пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян тигізу мүмкіндігі немесе оларды пайдаланудың тиімсіздігі туралы алынған деректерді зерттеу, талдау және бағалау негізінде;
4) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдану қауіпсіздігіне ықпал ете алатын, өндірістің бекітілген технологиялық процесін бұзу анықталса, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымына тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкін.
32-3-бап. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу және қайта жіктеу
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бұйымды пайдаланатын пациенттердің, қызметкерлердің және өзге де тұлғалардың денсаулығына ықтимал тәуекелдің зиян келтіру дәрежесіне қарай қауіпсіздік сыныптарына бөлінеді.
Қауіпсіздік сыныптарының әрқайсысы медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың топтары мен типтерін қамтиды.
2. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережелерін уәкілетті орган әзірлейді.
3. Өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздік сыныбына жатқызылуын өзі дербес анықтайды.
4. Егер тіркелген медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздік сыныбын қайта анықтауға негіздер пайда болса, өндірушінің мемлекеттік тіркеуден кейін кемінде екі жыл өткен соң қайта жіктеу рәсімін жүргізуге құқығы бар.
5. Уәкілетті орган медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жұмысының негізіне алынған принциптердің, құбылыстардың, медициналық әдістемелердің егжей-тегжейлі есептеріне негізделген жіктеудің қосымша түрлерін енгізе алады.
32-4-бап. Диагностика немесе емдеу жүргізуге арналған
медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды өндіруге қойылатын талаптар
Диагностика немесе емдеу жүргізуге арналған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуын көздеуге және диагностиканың немесе емдеудің алынған нәтижелерінің түсіндірілуі кезіндегі пайдаланушының қателесу тәуекелін болғызбауға тиіс.
Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
32-5-бап. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдар туралы ақпарат
1. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар олардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпараты бар медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі (медициналық техниканы пайдалану жөніндегі басшылық) нұсқаулықпен бірге жүруге тиіс.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты (медициналық техниканы пайдалану жөніндегі басшылық) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес әзірлеуші жасайды.
2. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
32. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс icтeуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
3) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
4) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;
5) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;
6) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
7) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
8) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жүргізілетін қатынастары жүйесі;
9) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
10) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес керекті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
12) қосалқы қызметтер көрсету - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
13) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
14) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
15) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кB және одан жоғары электр беру желілері;
16) өңірлік электр желілік компания - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым;
17) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесіндегі шамадан ауытқуы;
18) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
19) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
20) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
21) ұлттық электр желісі - жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;
22) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;
23) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
24) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызметі;
25) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласы;
26) электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;
27) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда жүргізу операторы және электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;
28) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар тұтынушының кінәсі болмаса да энергиямен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
29) электр энергиясын беру - энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;
30) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;
31) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесі;
32) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот - сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
33) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер;
34) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;
35) электр энергиясының спот - сауда-саттығы (бұдан әрі - спот - сауда-саттық) - операциялық тәуліктерден бір күн бұрын және соның ішінде режимдерде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда жүргізу;
36) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме тұтынушылар, өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастар жүйесі;
37) электр энергиясының теңгерімділігі - электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергетикасы;
38) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылыстар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
39) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
40) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндірілген және (немесе) сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
41) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым.»;
1-тармақтың 2) тармақшасы «электр энергетикасы кешенінің» деген сөздерден кейін «қауіпсіз,»деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы «тиімді» деген сөзден кейін», қауіпсіз» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді қамтиды.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;";
5) тармақша «электр және жылу энергиясын» деген сөздердің алдынан «техникалық регламенттерді қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «техникалық пайдалану» деген сөздердің алдынан «техникалық регламенттерді қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің
жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезіндегі ұйымдастырушылық іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Электр жабдықтары, электр және жылу желілері, электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
Электр энергиясының сапасын бағалау тәртібі электр энергиясын беруге арналған шарттарда белгіленеді.
4. Мыналар:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен барынша ауытқуы;
кернеу жиілігінің ауытқуы;
кернеудің өнеркәсіптік жиілігінен кернеу артуының рұқсат етілетін ұзақтығы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
5. Магистральдық және тарату құбырларында жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған жылу энергиясының параметрлері ұсталынатын температура кестесіне, желілік судың қауіпсіз және сапалық сипаттамалары көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр
қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну
кезінде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар
мен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуге тиіс.
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігі расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.
4. Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиіс.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;";
5) тармақшадағы «нормативтік техникалық құжаттардың» деген сөздер «техникалық регламенттердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат):
1) кіріспесіндегі «көрсетілетін қызметтің,»деген сөздер алып тасталсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актіде», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актіні», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актіге», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін», «техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің» деген сөздер тиісінше «техникалық регламенттерде», «техникалық регламенттер» «техникалық регламенттердің», «техникалық регламенттерді», «техникалық регламент», «техникалық регламенттермен», «техникалық регламенттерге», «техникалық регламентте», «техникалық регламентті», «техникалық регламентке», «техникалық регламенттерін», «техникалық регламенттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін, сәйкестікті растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгілі бір салада белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
Алтыншы абзац 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) аккредиттеу жөніндегі орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) аккредиттеу саласы - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі;
5) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
6) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
7) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;
8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;
Он екінші абзац 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) инспекциялық тексеру - аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарын сақтауына жүргізетін тексеру;
10) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;
11) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;
12) мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт;
13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;
14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;
15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
16) міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;
17) негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
18) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;
19) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;
20) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;
21) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
22) өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
23) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;
24) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
25) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;
26) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;
27) сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі;
28) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
29) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
30) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
31) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі;
32) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
33) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;
34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация;
35) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;
36) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
37) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
38) стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
40) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;
41) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;
42) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган;
43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы;
44) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;
45) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;
46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;
47) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры мемлекеттік органдардың техникалық регламенттерінің, стандарттарының және өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;
48) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
49) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;
50) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган;
51) ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
52) ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;
53) үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
54) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.»;
4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
саудадағы техникалық кедергілерді жою;
2) стандарттау саласында:
отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;
табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.»;
Екінші және үшінші абзацтар 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;";
8) тармақшадағы «стандарттау» деген сөз «тауар шығарылатын елді анықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтің,»деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) техникалық регламенттерді бекіту;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;";
Жетінші және сегізінші абзацтар 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;";
мынадай редакциядағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.»;
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификат береді және оның тәртібін белгілейді;";
13) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
3) тармақшадағы «ережелері мен» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жоспарлары мен бағдарламаларын» деген сөздер «жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге асырады;";
төртінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді;";
2) тармақшадағы «аккредиттеуді» деген сөз «аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «және аккредиттеу аттестатының» деген сөздер», аккредиттеу аттестатының, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың» деген сөздермен ауыстырылып, «белгілейді» деген сөзден кейін «және оларды шығаруды ұйымдастырады» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 8-баптың 8) тармақшасындағы», көрсетілетін қызмет» деген сөздер алып тасталсын;
Тоғызыншы тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
1. Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) аккредиттеу мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) аккредиттеу аттестатын үш жыл мерзімге береді;
3) аккредиттеу аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұрады.
Аккредиттеу аттестатының қолданылуының тоқтата тұруына негіз болған себептер жойылған кезде немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған кезде аккредиттеу органының өтініші бойынша аккредиттеу аттестатының күші сот шешімімен жойылады;
4) инспекциялық тексеруді жүзеге асырады.»;
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі»(немесе)»деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы», көрсетілетін қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
6-тармақ «органдар» деген сөзден кейін «және сарапшы-аудиторлар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.»;
1 және 2-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «қайтарып алынуына,»деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Зертхана осы зертханаға бекітілген аккредиттеу саласында көзделген объектілер бойынша сынақ жүргізу шартын сәйкестікті растау жөніндегі бір ғана органмен жасауға құқылы.»;
12) 14-баптың 2-тармағындағы», көрсетілетін қызметті» деген сөздер алып тасталсын;
тақырыбындағы «стандарттау» деген сөз «тауар шығарылатын елді анықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сай онымен жасалған шарт (келісім-шарт) негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар шығарылатын елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Стандарттау» деген сөз «Taуap шығарылатын елді анықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 17-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.»;
15) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «1.»деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.»;
5-тармақта:
1) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтің,»деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшадағы «сапа менеджменті жүйелері мен экологиялық менеджментті» деген сөздер «менеджмент жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «ерікті негізде» деген сөздер алып тасталсын;
19) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдардың стандарттарын осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді.
Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Ұйымдардың стандарттарының қолданылу сипаты ерікті түрде болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.»;
«және өңірлік стандарттар» деген сөздер «өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қайшы келмеуге» деген сөзден кейін», сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге тиіс.»;
«тұтынуда болған,»деген сөзден кейін «көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген,»деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздер «техникалық регламенттерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 31-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
24) 32-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «өнімді» деген сөзден кейін «әкелуге және» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігіндегі», көрсетілетін қызметтің» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
26) 35-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
27 тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
27) 36-бапта:
1-тармақтың екінші абзацындағы «Уәкілетті орган» деген сөздер «Аккредиттеу жөніндегі орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «аккредиттеу жөніндегі орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау үшін:
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;";
2-тармақтың бірінші бөлігі «инспекторлардың» деген сөзден кейін «және олардың орынбасарларының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы», көрсетілетін қызметтің» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы», көрсетілетін қызметтің» деген сөздер алып тасталсын;
30) 46-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі», көрсетілетін қызметтің» деген сөздер алып тасталсын.
1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасын, 33-тармағы 3) тармақшасының алтыншы және он екінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасын, 27) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 29-ы
№ 209-III ҚРЗ