Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 желтоқсандағы № 339-I Заңы

(2025.06.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2025.02.01. № 150-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары

3-бап. Қару түрлері

4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару

5-бап. Азаматтық қару

6-бап. Қызметтік қару

7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар

1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы талаптары

7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi

7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары

7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары

2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау

8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры

9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау

3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру

4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер

13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және өзге де субъектілердің қаруды сатып алу құқығы

14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы

16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері

17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

18-бап. Қаруды қолдану құқығы

19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту

20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою

5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы

21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру

22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау

23-бап. Қаруды сату немесе беру

24-бап. Қаруды марапаттап беру

25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі

27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою

6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі

28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті

29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті

7-тарау. Қорытынды ережелер

30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау

30-1-бап. Тексеру жүргізу тəртібі

31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік

33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру

 

 

Осы Заң ның аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.

Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет - қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;

2) белгі беру қаруы - дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын қару;

3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделетін қару;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) криминалистикалық талаптар - азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) қару - конструкциясы жағынан тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар.

Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі - конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) қару айналымы - қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) қаруды коллекциялау - Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау - қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері - атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды

6-4) қаруды экспонаттау - Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7) қару жасап шығарушы - қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) қаруды пайдаланушы - қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9) қаруды иелену - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

10) қару иесі - қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

11) қару өндірісі - қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін зерттеу, әзірлеу, жасап шығару, сынақтан өткізу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар жасап шығару;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

12) лақтырылатын қару - нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған, адамның бұлшық етінің күші пайдаланыла отырып лақтырылатын қару (лақтырылатын серпінді қару), сондай-ақ механикалық энергия пайдаланыла отырып, лақтырылатын снарядтармен нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған қару (лақтырылатын атыс қаруы);

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) лақтырылатын снаряд - зақымдайтын, салмақ түсіретін және тұрақтандыратын элементтерден тұратын құрылғы немесе лақтырылатын атыс қаруынан лақтыру нәтижесінде қашықтықта орналасқан нысананы механикалық зақымдауға арналған зақымдау қасиеттері бар зат;

13) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрі - патрондар);

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) оқсыз атылатын қару - мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;

14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебінен бағытты қозғалыс алатын қару;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

15) суық қару - нысананы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен тікелей зақымдауға арналған қару;

16) электрлі қару - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.

 

2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-бап. Қару түрлері

Өзінің бағытталған мақсаты бойынша қару:

1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару;

2) азаматтық қару;

3) қызметтік қару болып бөлінеді.

 

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады.

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады.

 

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

5-бап. Азаматтық қару

Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары коллекциялау, экспонаттау, өзін-өзі қорғау, спортпен, аң аулаумен шұғылдану мақсатында, сондай-ақ білім беру және мәдениет ұйымдары білім беру және мәдени мақсаттарда пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы (оқсыз атылатын қаруды қоспағанда) оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс.

Азаматтық қару былайша бөлінеді:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) өзін-өзі қорғау қаруы:

тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;

газды қару - газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;

электрлі қару - зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;

2) спорттық қару:

ойық ұңғылы атыс қаруы;

тегіс ұңғылы атыс қаруы;

сұқпа суық қару;

лақтырылатын қару;

үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары пневматикалық қару;

3) аңшылық қару:

ойық ұңғылы атыс қаруы;

тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 миллиметрден аспайтын атыс қаруы;

аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы;

үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару;

сұқпа суық қару;

4) белгі беретін қару;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) оқсыз атылатын қару.

 

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-бап. Қызметтік қару

Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген және өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады.

Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады.

Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады.

Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар

1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде:

1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының;

2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының;

3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының;

4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйесіндегі» қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, лақтырылатын серпінді қарудың, ұрып-уататын қару мен ұрып-уату және лақтырылатын әсері бар қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген заттардың;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) 90 миллиметрден астам ұштары батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан автоматты түрде шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және бекітілетін пышақтардың;

7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың;

8) зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қарудың;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

10) криминалистикалық талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың;

11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондарының;

12) зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) шығыс өлшемдері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;

14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады.

2. Мыналарға:

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 мм-дан асатын спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, инъекциялауға байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, адырнасының керілу күші 14 кг-дан асатын лақтыратын снарядтарды, лақтырылатын қаруды сақтау және алып жүру рұқсатынсыз спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға;

2) калибрлі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды азаматтардың иемденіп алуына;

3) қызметтік және азаматтық қаруға дыбыссыз атуға және түнде көздеуге арналған тетіктер орнатуға;

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге;

2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) азаматтардың - бейбіт жиналыстарға және басқа да бұқаралық жария іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне;

6) қаруды қоғамдық орындарда ашық (қабына салынбаған күйде) алып жүруге;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қаруды басқа адамға беруге;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) азаматтардың калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын иеленуіне;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-3) елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда атыс, газды, электрлі, пневматикалық, лақтырылатын және оқсыз атылатын қаруды (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда) қолдануға;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) қаруды ұлттық киімге жабдық ретінде рұқсатсыз тағынуға;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) Қазақстан Республикасының аумағында атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макеттердің айналымына;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) тиісті тіркеусіз 90 миллиметрден астам сұқпа суық қарудың айналымына тыйым салынады.

 

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды

1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi

Техникалық реттеу объектілеріне: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны өндіру, жинау, қайта жасау, жөндеу, өткізу (сату), сатып алу, коллекция жинау, экспонаттау, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.

 

7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Азаматтық және қызметтік қару тікелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтім жасау кезінде қарудың осы түрі (типі) үшін белгіленген арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Жарақат салатын, сәулелі дыбыспен және газбен әсер ететін тиісті патрондары бар тегіс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттері мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

3. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 

7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

Азаматтық және қызметтік қарудың патрондары өзінің өлшемі, пішіні, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгісі, жұмыс істеу қауіпсіздігі, сондай-ақ оқ-дәрі газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткіштері бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

 

7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары

1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру, жинау және қайта жасау кезінде жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін сақтау және қауіпсіздіктің сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету талап етіледі.

Егер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргізілуге тиіс.

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұза отырып өткізуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.

 

 

2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Кадастр) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады.

Кадастр азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілер тізбесі негізінде басып шығарылады, олар туралы мәліметтер Кадастрға енгізіліп және одан алып тасталып отырады. Қарудың айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган кадастр әзірлейді, оны бекітеді және шығарады.Кадастрға сұқпа суық қару мен лақтырылатын қару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шет елге әкетілетін бірен-саран дана азаматтық қару туралы мәліметтер енгізілмейді.

Кадастрға өзгерістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін үш айдан аспайтын мерзім өткенде енгізіледі.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың сәйкестігі міндетті расталуға жатады.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы үшін негіз болып табылады.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді.

Сертификаттау туралы ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі № 434-1 Заңы қараңыз

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, иелену және экспонаттау лицензиялануға жатады.

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Лицензия беруден бас тарту негіздері:

1) өтініш берушінің қажетті мәліметтерді бермеуі не оның теріс мәліметтер беруі;

2) қару өндірудің қауіпсіздігі жағдайларын, қаруды есепке алу мен оның сақталуын қамтамасыз етудің мүмкін еместігі не осы жағдайлардың қамтамасыз етілмеуі;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.

Лицензия беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген органдар өтініш берушіге бас тарту себептерін түсіндіре отырып, бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Өтініш беруші лицензия беруден бас тартуға не өтінішті қарау мерзімдерінің бұзылуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамау лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 

4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер

Қазақстан Республикасының аумағында қаруды иемденіп алуға:

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің;

2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдардың;

3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың;

4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - қару берушілер-заңды тұлғалар);

5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;

7) спорттық ұйымдардың;

 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) білім беру ұйымдарының;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарының (кинематографиялық ұйымдардың, театрлардың, цирктердің, музейлердің);

9) Қазақстан Республикасы азаматтарының;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) шетелдіктердің;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  11) тармақшамен толықтырылды

11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және өзге де субъектілердің қаруды сатып алу құқығы

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ атылады.

 

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 14-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды иеленуге құқығы бар.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.

Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.

Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы қаруды штаттағы қызметкерлерге олардың өз міндеттерін атқаруы кезеңіне береді. Қару қызметкерлер тиісті даярлықтан өткен соң беріледі. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылға жарамдылығы жөнінен мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп отыруға міндетті және оларда қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты болуға тиіс.

4. Даярлық бағдарламасының мазмұны мен тексеру өткізу тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.

Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштер, аэрозольды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қару тіркеуге жатпайды.

Белгі беретін, оқсыз атылатын қаруды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштерді, аэрозольды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қаруды Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай өнім беруші заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.

Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көрсетілген тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

Аңшы куәлігі бар, жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) аңшылық атыс қаруы:

ойық ұңғылы - екі бірліктен;

тегіс ұңғылы - екі бірліктен;

2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару - екі бірліктен аспауға тиіс.

Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, электрлі қаруды ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.

Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзімге беріледі.

Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.

Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Қаруды иемденіп алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтінішті, денсаулық сақтау сала сындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдерінің жоқ екені туралы медициналық қорытынды мен азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуге даярлау және қайта даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін, медициналық қарап-тексеруден өту тәртібін, сондай-ақ оның мерзімділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газды пистолеттер мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иеленетін адамдар қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуіне тұрғылықты жерінде тексеруден өтуге міндетті.

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.

 

16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қару иелерінің:

1) белгіленген тәртіппен сатып алынған қару мен оның патрондарын меншіктенуге;

2) қару алып қойылған немесе ол ерікті түрде тапсырылған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен оның құнының өтемақасын алуға;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен қаруды сатуға, сыйға тартуға мұраға қалдыруға не уақытша пайдалануға беруге;

4) атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты болған жағдайда суық қаруды сақтауға және алып жүруге құқығы бар.

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қару иелері:

1) 15-баптың 1-тармағының 3-абзацында келтірілгендерді қоспағанда, меншігіндегі қаруды ішкі істер органдарында тіркетуге және қайта тіркетуге;

2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;

3) қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) заңдарға сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағында және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттама беруге;

5) азаматтық қару иесі қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері осы қаруды бір ай мерзімде қайта тіркетуге немесе комиссиялық саудаға өткізуге;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге;

6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.

 

17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Қару пайдаланушылардың:

1) өздеріне берілген құқыққа сәйкес қару сақтауға, сақтау мен алып жүруге;

2) қаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша пайдалануға құқығы бар.

2. Қару пайдаланушылар:

1) қаруды арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;

2) қару мен оның патрондарын тасымалдаудың белгіленген тәртібін сақтауға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) пайдаланылып жүрген қару мен оның патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)

4) қару мен оның патрондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Қаруды пайдаланушылар - заңды тұлғалар:

1) қаруды арнайы жабдықталған қоймаларда (қару-жарақ бөлмелерінде) атуға жарамсыз күйде сақтауға;

2) оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін жеке сейфтерде сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттаманы ұсынуға міндетті.

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қаруды пайдаланушы жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы қарап тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қызметтік және азаматтық қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге міндетті.

 

18-бап. Қаруды қолдану құқығы

1. Өмірін, денсаулығын және меншікті қорғау үшін нақты қару түрін сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдардың қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында және қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны қолдануға құқығы болады.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Ерекше жарғылық міндеттері бар ұйымдардың қызметкерлері қаруды табиғатты, табиғи ресурстарды, меншікті күзету, хат-хабарды және арнаулы жөнелтімдерді жеткізу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңдарда жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өзін қорғау үшін қолдануға құқылы.

3. Қару қолданбас бұрын ол қарсы қолданылатын адамға бұл жайында нақты ескерту жасалуға тиіс.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Әйелдерге, мүгедектік нышандары айқын адамдарға, жас шамасы айқын немесе белгілі кәмелетке толмағандар топтасып және (немесе) қарулы шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайлардан басқа кезде оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.

5. Қару қолданудың барлық жағдайларында маңайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін шаралар қолдану, ішкі істер және прокуратура органдарына хабарлау қажет.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсаттарында қаруды қолдану қағидаларын қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту

1. Ішкі істер органдары, егер адамның:

1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3) сот орындаушысының енгізген ұсынуы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.

Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.

2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.

Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.

Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтатуды:

1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;

2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2025.02.01. № 150-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;

7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) азаматтық және қызметтік қару азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) азаматтық және қызметтік қарудың иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырылмаған;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды

13) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде қару иелері туралы, ресімделген медициналық қорытындылар, сондай-ақ болған кезінде қаруды иеленуге болмайтын қару иесінде анықталған аурулар туралы мәліметтер алмасу мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Ішкі істер органдары осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттар беруден бас тартады.

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Осы баптың талаптары марапаттық қаруға қолданылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою

Қару мен оның патрондарын:

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) ішкі істер органдары мынадай жағдайларда:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге және жөндеуге, олармен сауда жасауға, қаруды иемденіп алуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензия, сондай-ақ қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат немесе қаруды иесіне тіркеу болмағанда;

белгіленген тәртіппен көрсетілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрғанда немесе одан айырылғанда;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауiпсiздiк талаптарын, қаруды беру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау және қолдану қағидаларын бұзғанда;

мүлікті мұраға қалдыру мәселесі шешілгенге дейін қару иесі қайтыс болғанда;

2) аң, балық аулау, табиғат және табиғи ресурстарды қорғау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын органдар өздерінің құзыреті шегінде азаматтардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын бұзуын тыйған жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;

3) экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып алып қоюды жүргізеді.

Марапаттау қаруын азаматтардан сақтау, тасу және пайдалану ережелерін бұзуға жол бергені үшін ішкі істер органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алып қояды.

Қару мен оның патрондарын алып қою тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондай-ақ тәркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға не азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалар арқылы өткізілуге жатады.

 

 

5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді

21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру

Қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

Қару мен оның патрондарын өндіретін заңды тұлғалар өндіру қауіпсіздігін, оған бақылау жасауды, шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, оның есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүркігіштерді, аэрозольдық және өзге де құрылғыларды қоспағанда, жасаған әрбір қарудың жеке нөмірі болуы тиіс.

Жауынгерлік қол атыс қаруы және оның патрондары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ғана беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларына сәйкес басқа мемлекеттерге беру үшін жасалады.

22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау

1. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен осы қызмет түріне лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасауға лицензияны қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға ғана береді.

2. Қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды жүзеге асыратын ұйымдар:

1) сатылатын қаруға сәйкестілік сертификатына ие болуға;

2) иемденіп алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ 10 жыл бойы есептік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) иемденіп алуға лицензия талап етілмейтін қаруды қоспағанда, сатып алушыдан (заңды тұлғадан) қарудың сол түрін сатып алуға лицензиясын көрсетуді талап етуге;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) сатып алушының лицензиясында немесе рұқсатында тіркелуге тиіс, сатылатын азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуге, сондай-ақ аңшы куәлігінде аңшылық суық қаруды тіркеуге;

5) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарына сатылған қызметтік және азаматтық қару мен оның сатып алушылары туралы ай сайын мәлімет беріп отыруға;

6) олардың сақталуын және сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

7) сатылған қызметтік және азаматтық қарудан атылған оқтар мен гильзаларды мемлекеттік оқ-гильза қоймасына табыс етуге;

8) қызметкерлердің қару айналымы туралы заңдарды білуін қамтамасыз етуге міндетті.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қарудың аталған түрін иеленуге рұқсатын көрсетпеген жеке және заңды тұлғаларға қаруды сатуға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қаруды не азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға тыйым салынады.

Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасау:

1) күзет іс-шараларын жүргізу үшін қажет болатын мерзімге Мемлекеттік күзет қызметінің талап етуі бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасаумен айналысатын заңды тұлға, қарудың аталған түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иелену, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау керек-жарақтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иелену, әкелу, әкету және олармен сауда жасау, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға:

1) спорт, аң және балық аулау керек-жарақтары мен аталған қаруға қосалқы бөлшектерді қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуға;

2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), ойын-сауық мекемелерінің, өзге де тауар түрлерімен сауда жасау жүзеге асырылатын сауда объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілерінің, қонақүйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, вокзалдардың, станциялардың, метрополитен желілерінің, порттардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың аумақтарында қару мен оның патрондарын сақтауға және олармен сауда жасауға арналған үй-жайды орналастыруға;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына, арнайы жабдықталған қоймаға (қару-жарақ бөлмелерінде) қоюға тыйым салынады.

5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға берілген лицензия азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату үшін құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейді.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  6-тармақпен толықтырылды

6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.

 

23-бап. Қаруды сату немесе беру

1. Осы Заңға сәйкес қару иемденіп алуға құқығы бар субъектілер өздері заңды негізде иеленіп отырған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қару сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.

2. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде меншік құқығында иеленіп отырған қаруды оларға сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға немесе қаруды коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  4-тармақпен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Осы Заңның 12-бабының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды иеленуге рұқсаты бар субъектілерге бере алады.

 

24-бап. Қаруды марапаттап беру

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қару болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган береді.

Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы Заңмен Қазақстан Республикасы аумағында айналымға тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.

2. Марапаттық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда аталған қару ішкі істер органына өткізіледі.

3. Марапаттық қару ішкі істер органдары қаруды тиісінше қайта тіркеп, қайта жасағаннан кейін сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган беретін қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

 

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетелдіктердің Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының аумағында туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істермен келген, Қазақстан Республикасы аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің азаматтық қаруды өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасынан оны иемденіп алған күннен бастап жеті күн ішінде әкететін жағдайда жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.

3. Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкелуге, иемденіп алуға және әкетуге рұқсат етіледі. Бұл орайда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органда аталған қару міндетті түрде тіркелуге тиіс.

4. Шетелдіктер аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиiс.

5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер және әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.

7. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасынан қару мен оның патрондарын әкету мерзімдерін бұзуы мәселе заңда белгіленген тәртіппен шешілгенге дейін оны алып қоюға әкеп соғады.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктердің өздері әкелген азаматтық қаруды сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою

1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі.

2. Заңды және жеке тұлғаларға өздері тауып алған немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, иесі болып табылмайтын адамдар берген атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қару дереу ішкі істер органдарына тапсырылуға тиіс.

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қаруды коллекциялауға және экспонаттауға ішкі істер органдарынан тиісті лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар.

Азаматтық және қызметтік қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде экспонаттауға тыйым салынады.

4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

 

6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:

1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін белгілейді;

4) - 6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

7) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті

1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:

1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) мыналарға:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;

азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді;

4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;

4-1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7), 8) тармақшалармен толықтырылды

7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) мыналарды:

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын;

азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын;

азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;

азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8-2) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекітеді;

8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;

8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды;

8-5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары тексерулер нысанында жүргізеді.

Тексеру жүргізу тəртібі осы Заңның 30-1-бабына сəйкес жүзеге асырылады.

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Тексеру:

1) тексеруді тағайындау туралы акт;

2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау негізінде жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдарының:

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сəйкес бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) Қазақстан Республикасының аумағында қаруды əзірлеу, жасау, жөндеу, оның саудасы, коллекциялау, экспонатқа қою, сақтау, пайдалану жəне жою орындарында оны қарап-тексеруді жүргізуге;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Заң күшіне енгенге дейін иеленген және заңды негіздерде иелерінің қолындағы қаруды қоспағанда, осы Заңның 7-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен өтеусіз алып қоюға және жоюға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) құжаттарды (мəліметтерді) тексеру нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сəйкес жəне мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;;

4) белгіленген қағидаларды бұзушылықтар анықталған кезде, бұл бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар беруге;

5) қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға және оларды ішкі істер органдарына жауапты сақтауға тапсыруға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) аудио-, фото- жəне бейнетүсіруді жүзеге асыруға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары заңды тұлғаларға - тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару мен оның патрондарының иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруға міндетті.

4. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде топтарға бөлу, тексеру парақтарын толтыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлау талап етілмейді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдары тексеруді тағайындау жəне оның нəтижелері туралы жасалған актілерді ведомстволық есепке алуды жүргізеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:

1) мынадай:

осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған;

осы Заңның 30-1-бабында белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеру жүргізу үшін келген азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;

2) өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай- ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органның лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізілетін жекелеген əрекеттерін азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті орган лауазымды адамының қызметіне кедергі келтірмей аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тексеру нəтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Бақылау субъектісі тексеру жүргізу кезінде:

1) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамына тексеру нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;

3) тексеру аяқталған күні тексеру нəтижелері туралы актінің жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың алынғаны туралы белгі қоюға;

4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мəліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

5) тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сəйкес зиянды жəне қауіпті өндірістік əсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

30-1-бап. Тексеру жүргізу тəртібі

1. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады.

2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдары азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін (объектілерін) тексерген кезде:

1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куəлігін ұсынады.

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің нөмірі мен күні;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уəкілетті адамының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;

5) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сəйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

9) тексерілетін кезең;

10) бақылау субъектісінің осы Заңның 30-бабының 6 жəне 7-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;

11) ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уəкілеттік берілген лауазымды адамының қолтаңбасы, ішкі істер органының мөрі;

12) заңды тұлға басшысының не оның уəкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

3. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді жəне бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

4. Тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі жəне (немесе) ұзақ мерзімді сараптамалар жүргізу, халықаралық шарттар шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу жəне өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адамның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.

Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нəтижелерін, шетелдік мемлекеттік органдардан ақпаратты алған жəне адамның тұрған жері анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі жəне ұзартудың себебі көрсетіледі.

Уəкілетті орган тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны тапсырғаны туралы хабарламамен бірге ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.

5. Бақылау субъектісіне не оның уəкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

6. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған не ішкі істер органының азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті лауазымды адамының бақылау объектісіне кіруіне кедергі келтірілген, тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мəліметтер ұсынылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес шаралар қабылданады.

7. Тексеру нəтижелері бойынша ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

Бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нəтижелері туралы актінің жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына) танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер жасау үшін беріледі, екінші данасы ішкі істер органдарында қалады.

8. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің күні, нөмірі, уақыты жəне жасалған орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

4) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

5) мемлекеттік органдардың, ведмостволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;

6) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сəйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

7) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;

9) бақылау субъектісінің немесе оның уəкілетті адамының тексеру нəтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нəтижелері бойынша ескертулердің жəне (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;

10) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.

9. Тексеру жүргізу кезінде азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

10. Тексеру қорытындысы бойынша бақылау субъектісінің азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген міндеттерді орындамау жəне (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайларда, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына жəне қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болғызбау жөніндегі шараларды, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.

11. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

1) нұсқаманың күні, уақыты жəне жасалған орны;

2) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан бақылау субъектісі өкілінің лауазымы (бар болған кезде);

4) тұрған жерін көрсете отырып, бақылау объектісі;

5) тексеру нəтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;

6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі жəне анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;

7) бақылау субъектісінің немесе оның уəкілетті өкілінің нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

8) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.

12. Тексеру нəтижелері туралы актіні жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамы жəне бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы) не оның уəкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі не оның уəкілетті өкілі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

13. Тексеру нəтижелері туралы акті бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ішкі істер органының азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті лауазымды адамы қайтадан тексеру тағайындайды.

15. Егер қайтадан тексеру жүргізу нəтижесінде бақылау субъектісінің азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау жəне (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

16. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі не оның өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

Ішкі істер органдары тексеру нəтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, əкімшілік əсер ету шараларына ескертулерді жəне (немесе) қарсылықтарды қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уəжді жауап беруге тиіс.

17. Тексеру нəтижелері туралы актіге жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

18. Жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот жарамсыз деп таныған тексеру нəтижелері туралы акт жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзуының дəлелі бола алмайды.

19. Тексерулерді ұйымдастыруға жəне жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуларға:

1) тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;

2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

3) ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексеруді тағайындау;

4) осы бапта көзделген тексеру жүргізу мерзімін бұзу жатады.

 

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

 

32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру

Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев