Ветеринария туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңы
(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«ветеринариялық қадағалау», «ветеринариялық қадағалауды», «ветеринариялық қадағалаудың», «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық инспекторлар», «ветеринариялық инспекторлары», «ветеринариялық инспекторларының», «ветеринариялық инспекторларымен», «ветеринариялық инспекторларын», «ветеринария инспекторларын», «ветеринариялық инспекторларды», «Ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспектор», «ветеринариялық инспектордың», «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторда», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторын», «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық инспекторлар», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлары», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспектор», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторда», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларға» деген сөздермен ауыстырылды
«базарларда», «базарлардағы», «Базарларда», «Базарлардағы», «базардағы», «нарықтардағы», «нарыққа» деген сөздер тиісінше «ішкі сауда объектілерінде», «ішкі сауда объектілеріндегі», «Ішкі сауда объектілерінде», «Ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектісіне», деген сөздермен ауыстырылды
«өнімдерге» деген сөз «өнімдер мен шикізатқа» сөздермен ауыстырылды
«мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер», «басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк» деген сөздер тиісінше «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық бақылау», «ветеринариялық бақылауды», «ветеринариялық бақылауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды
3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бақылау аймағы - буфер (қорғаныш) аймағы пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) буфер (қорғаныш) аймағы - жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;
6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) ветеринариялық паспорт - электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ветеринариялық препараттар мыналар:
жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру - жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;
25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;
29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-1) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері - өндірудің (жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірудің, дайындаудың (мал союдың), сақтаудың, қайта өңдеудің) технологиялық циклінің екі жəне одан да көп процесін (сатысын) жүзеге асыру қызметіне кіретін өндіріс объектілері (ұйымдары);
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
29-2) жануарларды карантиндеу - диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, əкелінген, сатып алынған, əкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;
30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;
32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары;
34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) компартмент - сауда мақсатында ветеринариялық бақылау мен қадағалау, профилактика және биологиялық қауіпсіздік шаралары қолданылатын бір немесе бірнеше ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие, биологиялық қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі бар бір немесе бірнеше мал өсіру шаруашылығы жануарларының субпопуляциясы.
Компартментке зарарсыздандырылуына кепілдік беретін технологиялық сатылардан өткен, жануарлардан алынатын өнім ғана сақталатын немесе қайта өңделетін объектілерді қоспағанда, аумақтарында аталған мал өсіру шаруашылықтарында ұсталатын жануарларды сою, осындай жануарлардан алынған жануарлардан алынатын өнімді қайта өңдеу мен сақтау жүзеге асырылатын объектілер жатуы мүмкін;
37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
38-1) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
39-1) мониторинг - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, оларды талдауды, бағалауды және болжауды қамтитын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйін байқаудың мемлекеттік жүйесі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-2) тармақша жаңа редакцияда
39-2) өңірлендіру - жануарлардың субпопуляциясы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді ветеринариялық бақылау мен қадағалау, олардың профилактикасы, жойылуы және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылатын жұқпалы ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие болатын жұқпалы ауру бойынша мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) мәртебесін айқындау процесі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 39-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-3) процессингтік орталық - функцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 40) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);
42) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;
42-1) тіркеу - ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілер туралы дара нөмірлері бойынша деректер қорында бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, заттар (құралдар) мен нысандар туралы ақпаратты енгізу рәсімі;
42-2) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43) ішкі сауда объектілері - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;
44) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды
44-1) шұғыл шаралар - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда айқындалған тәртіппен жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;
45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-1) тармақша жаңа редакцияда
45-1) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі - эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат;
46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, нормаларды және ветеринариялық нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс-шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткізуде негізсіз шектеулерге жол бермеуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу кіреді.
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) - 16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) - 18-18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
1-1) уәкілетті орган;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді, тіркеу сынақтарынан өткізуді ұйымдастыру және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар беру;
15) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
21) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
23) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) аумақты компартментке бөлу туралы, өңірлендіру туралы шешім шығару;
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу және қадағалау туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34) тармақша жаңа редакцияда
34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;
36) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекіту;
40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
43) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
46) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-5) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;
46-6) жаңадан жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларды келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46-8) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-9) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 46-9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-10) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-11) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-12) тармақшамен толықтырылды
46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-13) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-14) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-15) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-16) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-17) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-18) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-19) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-20) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 46-20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-20) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-21) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-22) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-23) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 46-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 46-24) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 46-25), 46-26), 46-27), 46-28), 46-29) және 46-30) тармақшалармен толықтырылды
46-25) ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-26) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
46-27) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекіту;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 46-28) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-28) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-29) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-30) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу;
2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 46-31) тармақшамен толықтырылды
46-31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото- және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 46-32) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
46-32) ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 46-33) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
46-33) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау кіреді.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
1. Мыналар:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
2) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде бекітілген өкілдерінің болуына жол беріледі.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер болып табылады.
3. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар ветеринария саласындағы мынадай қызметті:
1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасын, оларды емдеуді;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімшелер құра алады.
4. Мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
5. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7), 4-8) және 4-9) тармақшалармен толықтырылды
4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
4-2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4-4) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4-5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
4-6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
4-7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
4-8) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 4-9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-9) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
10-2) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7) және 11-8) тармақшалармен толықтырылды
11-1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-2) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
11-4) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
11-6) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-7) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-8) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
13) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
16) 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
17-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды
17-4) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-5) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-7) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылды
11-1) - 11-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
11-5) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
11-7) - 11-9) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 11-10) тармақшамен толықтырылды
11-10) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
13) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
15) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
17) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
21) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
25) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
32) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды
32-2) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 32-3) тармақшамен толықтырылды
32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 32-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-4) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 32-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 32-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) - 8) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
11) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-1) - 11-7) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) - 17) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) - 20-2) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-4) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-5) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-6) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-7) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 20-8) тармақшамен толықтырылды
20-8) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне мыналар кіреді:
1) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
2) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;
3) - 6) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
8) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
9) -14) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
16), 17) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мынадай функцияларды:
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функцияларын;
шұғыл шаралар жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық ауруларының диагностикасына технологиялық байланысты қызметке:
зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;
дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою жатады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
эпизоотиялық мониторингті;
Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін;
микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметтің лицензияланатын түрлерін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда ветеринариялық пункттерімен құрылады.
Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу)
1. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
1) ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезінде жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, біліктілік, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқтата тұрады.
2. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған негіздер алты ай ішінде жойылуға тиіс.
3. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асыралады:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың, себептердің белгіленген мерзімдерде жойылмауы;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуының соңғы екі жыл ішінде бірнеше рет (екі реттен артық) тоқтатыла тұруы;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;
4) соңғы екі жыл ішінде лицензиялық қызметтің жүзеге асырылмауы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
4. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату
1. Осы Заңда көзделмеген, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының күші ветеринария саласындағы мынадай екінші санаттағы рұқсаттарға қолданылмайды:
1) мемлекеттік тіркелуімен жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәлігі;
2) ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәлігі.
4. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар және (немесе) оларға қосымшалар иелерінің осы қолданылуы тоқтатыла тұрған, жүзеге асырылуына ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсат және (немесе) оған қосымша берілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы;
2) жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайтадан анықталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісі өндірісінің процесіндегі жүйелі іркілістің (соңғы он екі ай ішінде екі реттен артық) салдары болып табылатын және жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтардың анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
6. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның оларға берілген қолданылу мерзімінің өтуі;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттің (операцияның) толық көлемде жасалуы;
3) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу);
4) жеке тұлға қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
5) өтініш берушінің ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауы;
6) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу тәуекелінің жоғары болуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу талап етілетін қызмет түрлерін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жол берілмейді.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 12-3-баппен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша негізінде жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
4) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткізу;
5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасайды.
3. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке және заңды тұлғалар өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері бойынша ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар
1. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы хабардар етуге жатады.
2. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұл туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті.
3. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің:
1) ветеринария саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі, немесе техникалық, немесе кәсіптік білімі болуға;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен, жемшөпті өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйыммен еңбек қатынастары болуға міндетті.
Хабарламаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
4. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
1) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеудің анықталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталуы;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімімен алты айға тоқтатыла тұрады.
5. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген кезден бастап жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олардың жойылғанын тексереді және соның нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хабарламаның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды не хабарламаның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда
1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жəне тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне, осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізуді және оларды табыс етуді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды
6-4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуын бақылау мен қадағалауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды көздейді.
2-1. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ішкі сауда объектілерінде;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
2. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тергеп-тексеру, тексеру жəне профилактикалық бақылау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының және олардың тамақтан улануының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарауды жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлаған;
2) эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізілген;
3) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен әкетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің партиясында анықталғаны туралы нотификациялар, хабарлар, хабарламалар келіп түскен;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Облыс аумағында орналасқан екі жəне одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді уəкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Екі жəне одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағын қамтитын тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.
4. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жəне Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардың жұқпалы ауруларының өршуіне, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден əкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі құқығын құрайтын актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау осы Заңға сəйкес:
1) тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізетін сауда базарларында;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде жəне (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
3) карантиндік аймақтарда жəне қолайсыз пункттерде, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтарда күн сайын жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жəне (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызған жағдайларды қоспағанда, жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жергілікті атқарушы органдардың жəне олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау осы Заңда айқындалған тəртіппен жылына кемінде екі рет бару арқылы жүргізіледі.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, бақылау жəне қадағалау субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді
7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелерін уəкілетті органның ведомствосы жəне оның аумақтық бөлімшелері есепке алуға тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау актісі тексеру нәтижелері туралы актілерді тіркеудің арнайы журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау уəкілетті орган ведомствосының, уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға бағытталған қызметі болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлардың өмірі мен саулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Осы бапта көзделген, тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жəне тергеп-тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сəйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша қолданылатын бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сəйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді əкелуге, əкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, (орын ауыстыруға), өндіруге, қолдануға жəне өткізуге тыйым салу, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;
2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (оны кері қайтарып алу), тоқтату;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу, оларды тоқтата тұру;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою жəне жою;
5) көлік құралын тоқтату жəне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстау.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына жəне 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау жəне көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.
5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) жəне 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық инспектор жедел ден қою шарасын қолдануды тікелей жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
11. Тергеп-тексеру актісінде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
14. Жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау жəне қадағалау субъектісі қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
10) ішкі сауда объектілері;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
11) процессингтік орталық.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз кіруіне;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге;
2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде:
фото- және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға;
өзге де техникалық құралдарды (жабдықтар, аспаптар, өлшем құралдары, құрылғылар, құралдар және өзге де техникалық құралдар) оларды пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтарға және өзге де құжаттарға сәйкес пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану ақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актiлер:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқама;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
ауру жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде жəне (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жəне Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, әкетілуі және транзиті тиісті аумақтардың індеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген шектес мемлекеттердің шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген кезең мен тәртіп бойынша міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінен экспорт, импорт және транзит еліндегі індеттілік жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетуді болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру тəртібі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сəйкес жүзеге асырылады.
Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау құжаттық, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Құжаттық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді əкелуге (əкетуге) немесе транзиттеуге рұқсаттардың болуын; ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сəйкестігін, шектеулер мен тыйымдардың болмауын растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Физикалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеруді (қарап-тексеруді); орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға, ашып көрсетілген құжаттарда көрсетілген деректерге сəйкестігін, оның ішінде ілеспе құжаттарда көрсетілмеген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің болуын жоққа шығару жəне үйлеспейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің бірлесіп орын ауыстыруын болғызбау мақсатында тексеруді; көлік құралының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін қажетті белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сəйкестігін бақылауды; орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режимін бақылауды; ораманың жəне таңбалаудың белгіленген талаптарға сəйкестігін бақылауды қамтиды. Жете тексеру (қарап-тексеру) нəтижелері бойынша тиісті акт жасалады.
Зертханалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру (қарап-тексеру) кезінде көрінетін органолептикалық өзгерістер анықталған жəне жануар лардың жұқпалы ауруларын жоққа шығару жағдайларында зерттеулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Көрсетілген бақылау түрлерін жүзеге асыру нəтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты: рұқсат беру (өткізу) туралы; қозғалысты тоқтата тұру туралы; əкелуге тыйым салу туралы; қайтару туралы шешімдердің бірі қабылданады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден əкелу кезін қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импорты кезінде оның түпкілікті межелі пунктінде сынамалар алуды жəне ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні толық жете тексере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жүргізіледі.
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісе отырып ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау міндетті болып табылады.
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға:
1) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жіберілетін ветеринариялық құжаттарға сәйкестігін тексеру;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
6. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуі міндетті.
2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
4. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақтың, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексін, осы Заңды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтай отырып, импорттаушы елдердің құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтау тұрғысынан жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сəйкестігін; экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға жəне қағидаларға сəйкестігін; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен ветеринарлық есепке алу есебін жүргізуді жəне ұсынуды; ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруды; жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіріп-өсіру, дайындау (мал сою), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды, техникалық регламенттерді сақтауды; биологиялық қалдықтарды кəдеге жаратуды жəне (немесе) жоюды растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жүргізу туралы шешімді осы Заңның 14-1-бабының 5-1-тармағына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау нəтижелері бойынша осы Заңға, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес құжаттар жасалады, сондай-ақ осы Заңға сəйкес жедел ден қою шаралары қабылданады.
Бақылау жəне қадағалау субъектілері құжаттарда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Экспорттаушыларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау импорттаушы елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
Экспорттаушылар болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері импорттаушы елдердің талаптарын сақтау тұрғысынан оларды алдын ала хабардар етпестен, жылына кемінде екі рет инспекциялауға, осы объектінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерінің қауіпсіздігін мониторингтеуге жатады. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне импорттаушы елдердің талаптарына сəйкес жүргізіледі жəне зертханалық мониторингті, клиникалық мониторингті (тек жануарларды əкеткен кезде), ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің дұрыстығына жəне айналымдағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді таңбалаудың дұрыстығына мониторингті қамтуға тиіс.
Инспекциялау аяқталғаннан кейін экспорттаушы болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің басшылығына анықталған сəйкессіздіктер туралы мəліметтер жəне мерзімдерін көрсете отырып, оларды түзету жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар беріледі.
Субъектілер ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Инспекциялауды жүзеге асырған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор инспекциялау аяқталғаннан кейін жүргізілген инспекциялау туралы есепті қалыптастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ғана өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етіледі.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеу қолданылатын кезеңде ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті тіркеу сынақтары өткізілуге тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткізуді, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар өндіру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға міндетті.
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға
арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп
қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауіпсіздігін барлық сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтау мерзімдері және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде техникалық регламенттерге, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сəйкес оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнімдегі заттардың жəне ветеринариялық препараттар құрамдас бөлiктерiнің қалдықтары техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде белгіленген нормативтерден аспауға тиіс.
3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етілмейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-5-бап өзгертілді
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезінде өндірушілер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның, техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарына сəйкес келмейтін;
2) бүлінудің анық белгілері бар;
3) олардың шығарылу тегін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тіркелуі туралы ақпараты жоқ;
4) берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін және оларға қатысты олардың шығарылу тегін растайын құжаттардың жалғандығы туралы негізделген күмәні бар;
5) белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде көзделген мəлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараты жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрі пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемі көрсетіліп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иісі күшті шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнімге тән емес рең беретін бояғышпен жарамсыздандырылуға тиіс.
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
8) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;»;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;
13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буфер (қорғаныш) аймағын қоса алғанда, індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып әзірленетін және қолданылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі ескеріле отырып анықталатын ғылыми деректерге, жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың, компартменттің болуы, өңірлендіру ескерілуге тиіс.
4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 26-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) буфер (қорғаныш) аймағы;
4) қолайсыз аймақ;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған өзге де аймақтар.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аумақты аймақтарға, компартмент пен олардың шекараларына бөлу және өңірлендіру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi орган шектеу іс-шараларын белгілейді.
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін уәкілетті орган белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген эпизоотиялық мониторингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Ветеринариялық нормативтерді уәкілетті орган бекітеді және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті орган бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:
1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейдi.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
4-1) - 6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау және қадағалау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың
біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиіс.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың және жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуге тиіс.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;
3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және қазақстан республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасын бұзғаны yшін жауаптылық
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
2) мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
3) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) импорттаушы ел өкілдерінің ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бір бөлігін инспекциялауын және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүйесінің аудитін қоса алғанда, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыру және жүргізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруды, жүргізуді және күтіп-бағуды қамтамасыз етуге арналған шығыстар.
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіру үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға арналған шығыстар.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
2) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама;
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне есепке жатқыза отырып беру, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2) ветеринарияда пайдаланылатын, Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға жатпайтын микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референцияларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын олардың көлемінен асыра жүргізу (өтініш жасалған жағдайда);
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мал дәрiгерлiгi туралы» 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; № 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |