Атмосфералық ауаны қорғау туралы
2002 ж. 11 наурыздағы № 302-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы (4 - 8 баптар)
мемлекеттік басқару
3-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті (9 - 18 баптар)
ұйымдастыру
4-тарау. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерінің (19 - 20 баптар)
мемлекеттік есебі
5-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау (21 - 25 баптар)
6-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың атмосфералық ауаны (26 - 27 баптар)
қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 30 баптар)
Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат жөніндегі азаматтар құқықтарын iске асыруға бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті;
2) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету - атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін шудың, тербелістің, иондаушы сәуленің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуі;
3) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берілетін шекті нормативі - атмосфералық ауаға шу, тербеліс, электромагниттік және басқа да физикалық әсер ететін әрбір көз үшін белгіленетін және зиянды физикалық әсер ету атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейлерінің артуына әкеп соқпайтын норматив;
4) атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейі - атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативі, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер жасалмайтын ең жоғары деңгейін көрсетеді;
5) атмосфералық ауаны, қорғау - атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етуін болғызбауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
6) атмосфералық ауаның ластануы - зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе онда пайда болуы;
7) атмосфералық ауаның мониторингі - атмосфералық ауаның жай-күйін, оның ластануын бақылау жүйесі, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйіне, оның ластануына баға беру мен болжам жасау;
8) атмосфералық ауаның сапасы - атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық нормативтерге сәйкестігі дәрежесін көрсететін физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы;
9) атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануы - физикалық көзі толық немесе ішінара бір мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аумақтың шегінде орналасқан және теріс ықпалы басқа мемлекеттің юрисдикциясындағы аумақта байқалатын атмосфералық ауаның ластануы;
10) атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативі - атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын көрсететін және адамның денсаулығына зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі;
11) атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп құрамын көрсететін және қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі;
12) ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті мөлшерде шоғырлануы - асып кетуі адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бір немесе бірнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер ету көрсеткіші;
13) жол берілетін шекті шығарынды нормативі - зиянды (ластаушы) заттың атмосфералық ауаға шығарылу нормативі, ол атмосфералық ауаны ластаудың жылжымалы және тұрақты көзі үшін сол көзде атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтері, экологиялық жүйелерге түсетін жол берілетін шекті (қауіпті) ауыртпалық, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да экологиялық нормативтер сақталған жағдайда шығарындылардың үлестік нормативтері ескеріле отырып белгіленеді;
14) зиянды (ластаушы) зат - химиялық немесе биологиялық зат не атмосфералық ауаның құрамында болатын және жол берілетін шекті нормативтерден асып түсетін белгілі бір шоғырлану түрінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін сондай заттардың қоспасы;
15) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жер төңірегіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың қордалануына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар;
16) парник газдары - әрі табиғи тектес, әрі антропогенді тектес, инфрақызыл сәулені жұтатын және қайта сәулелендіретін газ тәрізді құрамдағы атмосфералар;
17) шығарынды - жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттың түсуі;
18) шығарындының үлестік нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар жүрісінің бір өлшеміне шаққанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарудың ең көп массасының нормативі, ол шығарындылардың жылжымалы, тұрақты көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленеді.
2-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты атмосфералық ауаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
мемлекеттік басқару
4-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi
Атмосфералық ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi:
1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы;
2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшiн орны толмас зардаптарына жол бермеу;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және оған зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттік реттеу;
4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және анықтығы;
5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-бап өзгерді (бұр. ред. қара)
5-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретiне:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру;
3) экономикалық ынталандыру жүйесiн қалыптастыру және атмосфералық ауаны ластайтын шығарындыларды азайтудың тетiгiн енгізу;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) 9) тармақша өзгертілді
9) атмосфералық ауаны қорғау саласында ақпарат берудiң және мемлекеттік статистиканы жүргiзудiң тәртібін белгiлеу;
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) техникалық регламенттерді бекіту жатады.
7-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының құзыретiне:
1) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) атмосфералық ауаны қорғау саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингiн ұйымдастыру және оны жүргiзудi қамтамасыз ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
6) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайтуды экономикалық ынталандыру тетіктерін қолдануды ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
8) экологиялық ақпаратқа жол ашып беру және атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиiстi iс-шаралардың орындалуы туралы халыққа хабарлап отыру;
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздердi мемлекеттік есепке алу тәртібін белгiлеу;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын нормалау жекелеген кәсiпорындар мен елдi мекендер үшiн шығарындыларды нормалаудың мерзiмдерiн белгiлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
14) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап 15) тармақшамен толықтырылды
15) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап 16) тармақшамен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) атмосфералық ауаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекіту ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) техникалық регламенттерді әзірлеу жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) атмосфералық ауаның ластанғаны үшiн (аудандар мен қалалар бөлiнiсiнде) төлемдер ставкаларын, бiрақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен базалық ставкалардан төмен емес деңгейде, белгiлейдi;
2) жергiлiктi бюджеттер құрамында атмосфералық ауаны қорғау және сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттарын тыңдайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) атмосфералық ауаны ластауды азайту мақсатымен елдi мекендердегi көлiктер легiн реттейдi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) тиiстi аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) - 8) тармақшалармен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) экологиялық ақпаратқа жол ашады және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиісті іс-шаралардың орындалуы туралы халықты хабардар етеді;
5) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
6) көлік немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаруды азайту жөнінде шараларды жүзеге асырады;
7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарымен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын бөледі;
8) желдің бағытын ескеріп және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерінде қала құрылысында атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын айқындап, реттейді.
3-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі
қызметті ұйымдастыру
9-бап. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары және оны қорғау жөніндегі iс-шаралар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Өздері үшін белгіленген шекті жол берілетін нормативтен асып кететін атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететін көздері бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
3. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады.
4. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
10-бап. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етудi экологиялық нормалау
Химиялық, физикалық, биологиялық және радиациялық факторлардың адамдарға, жануарлар мен өсiмдiктерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өзге де объектiлерге әсер етуiнің қауiпсiздiгiн және (немесе) зиянсыздығының өлшемдерiн анықтау мақсатында, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйiн бағалау мақсатында атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерi мен оған физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерi белгiленедi.
11-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету нормативтерi
1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын мемлекеттік реттеу мақсатында шығарындылардың үлестiк нормативтерi және жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерi белгiленедi.
2. Шығарындылардың үлестiк нормативтерiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздердiң жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар үшiн атмосфералық ауаны қорғаудың технологиялық нормативтерiн әзiрлеу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттік органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi.
3. Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттік реттеу мақсатында атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi белгiленедi.
4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтерi және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, оларды анықтау әдiстерi және өздерi үшiн белгiленген көздердiң түрлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бекітіледi.
5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Зиянды (ластаушы) заттарды мемлекеттік тiркеу, жол берiлетiн шығарындылар мөлшерiне берiлген рұқсаттарды тiркеу және нақты жасалған шығарындыларды тiркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
12-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар
1. Адамның денсаулығы мен тектiк қорына, қоршаған ортаға келтiрiлуi мүмкiн зиянның алдын алу мақсатында жаңа техникаға, технологияға, материалдарға, заттарға және атмосфералық ауаға зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да өнiмге арналған стандарттармен атмосфералық ауаны қорғау талаптары белгiленедi.
2. Егер жаңа техникаларды, технологияларды, материалдарды, заттарды және басқа да өнiмдi енгізу, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды қолдану атмосфералық ауаны қорғаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарына сай келмесе, оларға тыйым салынады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағында отын өндiру мен пайдалануға Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен жол берiледi.
4. Жағылған кезде тиiстi аумақта атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын жекелеген отын түрлерiн пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және экономикалық жағынан негiзделген шектеу енгізуi, сондай-ақ отынның және басқа да энергия көздерiнің экологиялық қауiпсiз түрлерiн өндiру мен қолдануды ынталандыруы мүмкiн.
5. Адамның өмiрi, денсаулығы үшiн және қоршаған орта үшiн қауіптiлiк дәрежесi анықталмаған заттарды атмосфералық ауаға шығаруға тыйым салынады.
6. Атмосфералық ауаның жай-күйiн өзгертуге бағытталған не оның жай-күйiн уақытша нашарлатуға әкеп соғатын кез келген уақытша iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен берген рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
14-бап. Шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау мен пайдалану кезіндегі атмосфералық ауаны қорғау талаптары
1. Шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау мен пайдалану кезiнде, сондай-ақ қалалық және өзге де қоныстарды салу кезiнде атмосфералық ауа сапасы нормативтерiнің экологиялық, санитариялық-гигиеналық, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жобалау мен орналастыру кезiнде, сондай-ақ қалалық және өзге де қоныстарды салу мен реконструкциялау кезiнде атмосфералық ауа ластануының фондық деңгейi және оның сапасының өзгеру болжамы ескерiлуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Елдi мекендерде атмосфералық ауаны қорғау мақсатында шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнiң санитариялық-қорғаныш аймақтары белгiленедi. Мұндай санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн жаңғырту және реконструкциялау жобаларында зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға шығарылуын шығарындының жол берiлетiн шектi нормативiне дейiн азайту және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес зарарсыздандыру жөніндегі iс-шаралар көзделуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiн орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісіледi.
6. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын жүзеге асыратын жаңа және (немесе) реконструкцияланған шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн пайдалануға берген кезде шығарындылардың үлестiк нормативтерiн, жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерiн және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс.
15-бап. Көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару және пайдалану кезiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын реттеу
1. Шығарындыларында зиянды (ластаушы) заттардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шығарындылардың үлестiк нормативтерiнен асып кететiн көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығаруға және пайдалануға тыйым салынады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, жергілiктi атқарушы органдар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың елдi мекендерге, демалыс және туризм орындарына кiруiне шектеу енгiзiп, көлiк құралдарының жүрiсiн реттей алады.
4. Көлiк құралдары мен өзге де жылжымалы құралдар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен шығарындылардың үлестiк нормативтерге сәйкестiгi жөнiнен мiндеттi түрде тексерiлiп отыруға тиiс.
16-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, уытты заттар мен пестицидтердi сақтау, көму, зарарсыздандыру және өртеу кезiнде зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын реттеу
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Ұйымдар мен елдi мекендердiң аумақтарында, сондай-ақ орналастырылу полигондарында өндiрiс және тұтыну қалдықтарын, атмосфералық ауаны ластайтын уытты заттар мен пестицидтердi сақтау, көму және зарарсыздандыру, сондай-ақ мұндай қалдықтарды өртеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелер негiзiнде жүргiзiледi.
2. Жеке және заңды тұлғалар атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды жинап қоятын немесе көметiн арнаулы орындарға, сондай-ақ мұндай қалдықтарды шикiзат ретiнде пайдаланатын басқа да шаруашылық немесе өзге де қызмет объектiлерiне уақтылы апарылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Атмосфералық ауаны ластайтын өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын жердi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары бөледi және ол жергiлiктi өкiлдi органдармен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының және азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен келісілуге тиiс.
17-бап. Атмосфералық ауа жай-күйiнiң адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн өзгеруi кезiнде халықты қорғау жөніндегі iс-шаралар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қалалық және өзге де қоныстарда желдiң бағытын ескерiп, қала құрылысында және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын реттеп отырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердi жүргiзу тәртібін, оның iшiнде тиiстi болжамдарды әзiрлеу мен берудi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiнiң ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
3. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығару көздерi бар заңды тұлғалар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжамдарын алған кезде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту жөнiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аталған iс-шаралардың жүргiзiлуi мен тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ететiн аумақтық бөлiмшелерiмен келісілген iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың авариялық шығарылуы туғызған атмосфералық ауаның өзгеруi кезiнде және ол адамның өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына сәйкес халықты қорғау жөнiнде шұғыл шаралар қолданылады.
18-бап. Атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануы
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу көздерiнен атмосфералық ауаны трансшекаралық ластаудың алдын алу және зардаптарын жою мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын азайту жөніндегі iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де шараларды жүзеге асырады.
4-тарау. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету
көздерінің мемлекеттік есебі
19-бап. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерiнiң мемлекеттік есебi
1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылатын көздерi және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу көлемi мен құрамы, оған зиянды физикалық әсер етудiң түрлерi мен мөлшерi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттік есепке алынуға тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тиiстi аумақтарда атмосфералық ауаны қорғау саласында статистикалық байқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттік статистика органдары белгiлейдi.
20-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерiнiң есебiн жүргiзу
1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерiнiң есебiн жүргiзедi.
2. Мемлекеттік есепке алынуға және нормалануға тиiс атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздер, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету көздерi, зиянды (ластаушы) заттардың тiзбелерi, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң тiзбесi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздерiнiң есебiн жүргiзу нәтижелерi туралы деректер негiзiнде белгiленедi.
5-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы
Бақылау
21-бап. Атмосфералық ауа мониторингi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.
2. Атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингi Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингiнiң бiртұтас мемлекеттік жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi атмосфералық ауаның өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асыруға тиiстi ұйымдардың тiзбесiн белгiлейдi.
22-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды;
2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын;
5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру:
1) атмосфералық ауаға қарқынды әсер ететін табиғат пайдаланушылар қызметінің экологиялық нәтижелілігін бағалау;
2) тексерілетін объектілер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзірлеу және зертханалық-талдау деректерін және атмосфералық ауаға әсер ету, шаруашылық қызметі ықпалынан оның өзгеруі туралы өзге де ақпараттар жинау жолымен мемлекеттік органдардың, табиғат пайдаланушылардың арасындағы өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылатын атмосфералық ауаға теріс әсер етуді азайту мен жою жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің зертханалық-талдау бақылауы қызметтерінің деректері атмосфералық ауаның сапасын айқындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны ластайтын көздерден сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік материалдарын, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің зертханалық-талдау бақылауы қызметінің атмосфералық ауаға әсер ету туралы деректерін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің табиғат қорғау қызметі және тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жоюы туралы мәліметтерді талдау;
2) тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы өтініштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексеру жүргізу кезінде үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - атмосфералық ауаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірмезгілде бірнеше субъектілерді тексеру;
кешенді - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін тексеру.
Тексерулердің өзге түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері шығаратын тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде мынадай актілерді:
1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актісін;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы;
3) нұсқаманы;
4) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарады.
Кәсіпкерлік субъектінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзімі өткеннен кейін жеті күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына, оның аумақтық бөлімшелеріне табыс етуге тиіс.
23-бап. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
1. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның куәлiгi бар аттестатталған зертханалар жүргiзедi.
3. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздерi бар заңды тұлғалар атмосфералық ауаны қорғауды, оның сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды жүргiзуге жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiне және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына табыс етiлiп отырады.
24-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының құқықтары
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының:
1) меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып) кiруге, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулардың нәтижелері мен өзге де материалдарды танысу үшін сұратып және тегін алуға;
2) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуын және тазалау құрылыстарының жұмысын, осындай шығарындыларды бақылау құралдарын тексеруге;
3) атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен iс-шаралардың орындалуын, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар талаптарының сақталуын тексеруге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қажетті лицензиялардың, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының бар-жоғын, табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияларда белгiленген талаптардың сақталуын және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім-шарттар) мен берiлген рұқсаттардың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою туралы нұсқамалар беруге немесе ұсыныстар енгізуге;
5) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң белгiленген нормативтерiнiң сақталуын тексеруге;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;
7) экологиялық қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағына атмосфералық ауа сапасының нормативтерiн бұза отырып әкелудiң (әкетудiң) жүзеге асырылуына, сондай-ақ олардың транзитiне (одан әрi тасымалдануына) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
8) сот органдарына Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап арыз беруге;
9) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарауға, тиiстi органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге;
10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуына және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттардың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға, егер мұндай рұқсаттардың талаптары сақталмаса, тиiстi құқықтық рәсiмдi қолдана отырып, олардың күшiн жоюға, бұл жағдайда рұқсат иесiне алдағы уақытта оның күшi жойылатыны туралы алдын ала хабарланады;
11) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi тұлғалардан осы зиянды өз еркiмен өтеудi талап етуге не сотқа талап қоюға;
12) тұрақты және жылжымалы көздер, оның iшiнде көлiк құралдары жүзеге асыратын атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын өлшеу iсiн жүргiзуге;
13) тиiстi қаржы-кредит ұйымдарына экологиялық талаптарды бұзып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар енгізуге;
14) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуын жою туралы жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нұсқамалар шығаруға құқығы бар.
16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi, оларға бағыныстылық тәртібімен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының мiндеттерi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының мемлекеттік инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарында белгiленген әзiрлiк деңгейiнде болуға;
2) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) тиiстi аумақта атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттарда көзделген басқа да талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасауға;
6) қоршаған табиғи ортаға атмосфералық ауаны ластау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң мөлшерiн негiздеуге;
7) мемлекеттік органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарды бұзу фактілері туралы өз құзыретi шегiнде хабарлап отыруға;
8) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылғандығы туралы материалдарды дайындауға және құқық қорғау органдарына жiберуге;
9) атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу кезiнде ұйымдарға жәрдем көрсетуге;
10) ұйымдарға Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган тiзбесiн белгiлейтiн нормативтердi әзiрлеу жөнiнде құжаттама беруге мiндеттi.
6-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың атмосфералық
ауаны қорғау саласындағы құқықтары
мен міндеттері
26-бап. Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтары
1. Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң:
1) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы туралы, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластайтын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздер туралы анық ақпарат алуға;
2) атмосфералық ауаны қорғау және оны қаржыландыру жөніндегі iс-шараларды өткiзуге қатысуға;
3) атмосфералық ауаның сапасына зиянды әсер етуi мүмкiн, жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет мәселелерiн талқылауға қатысуға;
4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын талқылауға және оларда оның сапасын жақсарту туралы өз ұсыныстарын енгізуге;
5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтардың, бостандықтардың немесе заңды мүдделердiң бұзылуы немесе бұзылу қатерінің төнуі туралы және атмосфералық ауаның ластануынан өмірге, денсаулыққа және мүлiкке келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюға;
6) нормативтердi, ережелердi және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу процесiнде оларды талқылауға қатысуға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіп пен талаптар бойынша атмосфералық ауаны ластайтын және оған зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнiң есептерiмен танысуға құқығы, сондай-ақ олардың аумағына кiруге құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгерді
3. Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне бағыныстылық ретi бойынша немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
27-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты және жылжымалы көздерi бар жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты және жылжымалы көздерi бар жеке және заңды тұлғалар:
1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн немесе қатер төндiретiн не адамдардың денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтiрген атмосфералық ауаның ластануы туғызған авариялық шығарындылар туралы ақпаратты авариялық шығарындылар салдарынан зақымдануы мүмкiн ұйымдарға және мемлекеттік органдарға дереу берiп отыруға;
2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдарға атмосфералық ауаны қорғау мәселелерi бойынша дер кезiнде, толық және дұрыс ақпаратты белгiленген тәртiппен берiп отыруға;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының есебiн жүргiзудi және жол берілетiн шектi шығарындылардың нормативтерi мен атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуге;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететін шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу орындарын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсуге;
5) атмосфералық ауаның ластану деңгейiн азайту мақсатында қалдығы аз және қалдықсыз технологияны енгізуге;
6) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын ұстап қалу, кәдеге жарату, зарарсыздандыру, оларды жол берiлетiн шектi шығару нормативiне жеткенге дейiн қысқарту жөніндегі iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды авариялық шығарудың алдын алу мен жою жөніндегі, сондай-ақ оның ластану зардаптарын жою жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға;
8) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және олардың көздерiн есепке алуды жүзеге асыруға, атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуына бақылау жүргiзуге;
9) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын тазарту мен бақылауға арналған құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану ережелерiн сақтауға;
10) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнің санитариялық-қорғаныш аймақтары режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
11) шаруашылық және өзге де қызмет объектiсiнің тиiстi аумағынан атмосфералық ауаны ластайтын қалдықтардың осындай қалдықтар жинап қойылатын немесе көмiлетiн арнаулы орындарға, сондай-ақ осындай қалдықтарды шикiзат ретiнде пайдаланатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiне уақтылы апарылуын қамтамасыз етуге;
2004.20.12. N 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12) тармақша өзгертілді
12) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының нұсқамаларын орындауға ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) атмосфералық ауаға таралатын зиянды заттар шығарындыларының белгіленген жол берілетін шекті нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
28-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянды өтеу
Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.
29-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 1981 жылғы 12 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1981 ж., № 25, 482-құжат; 1984 ж., № 36, 447-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |