Қазақстан Республикасының
кодексі

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
(2021.02.01. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексімен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «зерттеу мен пайдалану», «зерттеу және пайдалану саласындағы», «зерделеу және пайдалану», «зерделеу мен пайдалану» деген сөздер «зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды, 150-баптың 2) тармақшасындағы «, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы» деген сөздер «саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді

Мазмұны

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздерi

5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптерi

6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi

7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi

8-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi

11-бап. Табиғат пайдаланушылар

12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары

 

2-тарау. Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттерi

13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

14-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

15-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi

 

3-тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы құзыретi

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыретi

17-1-бап. Алып тасталды

17-2-бап. Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның құзыреті

18-бап. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретi

19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi

19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi

20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi

20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi

 

2-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсердi бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит

21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау

 

4-тарау. Экологиялық нормалау

22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты

23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi

24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерi

25-бап. Эмиссиялар нормативтерi

26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерi

27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері

28-бап. Эмиссиялар нормативтерін айқындау тәртібi

29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйінің өзге де нормативтерi

 

5-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу

30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестіктi растау объектілері мен рәсімi

31-бап. Алып тасталды

32-бап. Экологиялық таңбалау

33-бап. Техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес

34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану

34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы халықаралық стандарттар және ұлттық стандарттар

 

6-тарау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

35-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

36-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

37-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi

38-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi

39-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi

40-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау

41-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету

43-бап. Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерi

44-бап. Алып тасталды

 

7-тарау. Экологиялық сараптама

45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi

46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерi

48-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар

49-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi

49-1-бап. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі

50-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдерi

51-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

52-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының құқықтары

53-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы

54-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сырттан сарапшылар тарту

55-бап. Алып тасталды

56-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi

57-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы

57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы;

57-2-бап. Қоғамдық тыңдаулар өткізу

58-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібi

59-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру

60-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

61-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы

62-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары

63-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісi тапсырыс берушісінің құқықтары мен міндеттері

64-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру

65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібi

66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы

67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерін пайдалану

 

8-тарау. Экологиялық рұқсаттар

68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi

69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

70-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұны

71-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап етілетін объектілердің санаттары

72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін табыс етілетін материалдар

73-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізілетін табиғат пайдалану шарттары

74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қарау және беру мерзімдері

75-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін негіздер

76-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзімдерi

77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу тәртібi

79-бап. Кешенді экологиялық рұқсат

 

9-тарау. Экологиялық аудит

80-бап. Экологиялық аудит

81-бап. Экологиялық аудит түрлері және оны жүргізу үшін негіздер

82-бап. Экологиялық аудитті жүргізу

83-бап. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім

84-бап. Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктерi

85-бап. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар

86-бап. Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тәртібi

87-бап. Экологиялық аудитор

88-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым

89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы

90-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтары

91-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымдардың міндеттерi

92-бап. Экологиялық аудитті жүргізу құқығын шектеу

93-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттерi

94-бап. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудитi

 

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

94-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері

94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар

94-3-бап. Алып тасталды

94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу

94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары

94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері

94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі

94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар

94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар

94-11-бап. Мониторинг рәсімі

94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар

 

3-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу

10-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерi

95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi

96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

98-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндеттi төлемдер

103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру

104-бап. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру

105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктерi

106-бап. Алып тасталды

107-бап. Экологиялық сақтандыру

 

11-тарау. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау

108-бап. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібi

109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісi

110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі

 

4-Бөлім. Экологиялық бақылау

12-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

111-бап. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты мен түрлерi

112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

113-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеттерi

114-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың бағыттары

115-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру

116-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

117-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

118-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттерi

 

13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

120-бап. Алып тасталды

121-бап. Алып тасталды

122-бап. Алып тасталды

123-бап. Алып тасталды

124-бап. Алып тасталды

125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

126-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібi

126-1-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

126-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

127-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргiзу кезiнде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

 

14-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау

128-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары

129-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібi

130-бап. Табиғат пайдаланушының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерi

131-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге қойылатын талаптар

132-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру

133-бап. Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есеп пен есептілік

134-бап. Табиғат пайдаланушының ішкі тексерулердi ұйымдастыруы

 

15-тарау. Қоғамдық экологиялық бақылау

135-бап. Қоғамдық экологиялық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi

136-бап. Ақпараттық және өзге де өзара іс-қимыл

 

5-Бөлім. Экологиялық мониторинг пен кадастрлар

16-тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi

137-бап. Мемлекеттік экологиялық мониторинг

138-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі және оның міндеттерi

139-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесi

140-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұны

141-бап. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингi

142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi

143-бап. Мониторингтің арнайы түрлерi

144-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері мен байқау желілерi

145-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу негіздерi

145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау

145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

146-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру

 

17-тарау. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу

147-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін есепке алуды жүргізудің міндеттері мен принциптерi

148-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін есепке алуды жүргізудің тәртібі және олардың тізілімдерi

 

18-тарау. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары

149-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесi

150-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны

151-бап. Ақпарат беру

 

19-тарау. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік Кадастры

152-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры

153-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттерi

154-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу

155-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

20-тарау. Зиянды зaттapды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры

156-бап. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры

157-бап. Көмудің мемлекеттік кадастрының мазмұны

158-бап. Көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу

 

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі

158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры

158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі

158-4-бап. Валидация және верификация

 

21-тарау. Экологиялық ақпарат

159-бап. Экологиялық ақпарат

160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі

161-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

162-бап. Ұлттық экологиялық атлас

163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу

164-бап. Субъектілердің экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге қатысты құқықтары мен міндеттерi

165-бап. Экологиялық ақпарат берудің мерзімдері мен тәртібi

166-бап. Алып тасталды

166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама

167-бап. Алып тасталды

 

22-тарау. Алып тасталды

 

6-Бөлім. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары

23-тарау. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтары деп жариялау ұғымы және тәртібi

173-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала

174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялаудың тәртібi

175-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау

 

24-тарау. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктерi

176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық режим

177-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен адамдарға келтірілген зиянды өтеу

178-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық жағдайдың мониторингi

179-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимнің қолданысын тоқтату

180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимдi бұзушылық үшін жауаптылық

 

 

7-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық

25-тарау. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру

181-бап. Экологиялық білім беру мен ағартудың, мамандардың біліктілігін арттырудың мақсаты және негізгі міндеттерi

182-бап. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің ұйымдастырушылық негіздерi

183-бап. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру

184-бап Экологиялық білім беру мен ағартуды мемлекеттік қолдау

 

26-тарау. Экологиялық ғылыми зерттеулер

185-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерi

186-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің негізгi бағыттары

187-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізуге қойылатын талаптар

 

27-тарау. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

188-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен деңгейлерi

189-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

190-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізi

191-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін халықаралық жауапкершілік

192-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетігi

193-бап. Халықаралық шарттар

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

8-Бөлім. Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

28-тарау. Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлерi

195-бап. Экологиялық талаптарды әзірлеудің және бекітудің тәртібi

196-бап. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегi экологиялық талаптар мен міндеттемелердi есепке алу

197-бап. Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлға банкрот болған, қайта ұйымдастырылған және таратылған кездегi экологиялық талаптарды есепке алу

 

29-тарау. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар

198-бап. Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

199-бап. Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектілерді пайдалануға беру мен пайдалану кезіндегі жауапкершілігi

199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар

 

 

30-тарау. Шаруашылық және өзге де қызмет түрлері бойынша экологиялық талаптар

200-бап. Елді мекендерді жобалауға және салуға қойылатын экологиялық талаптар

201-бап. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

202-бап. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа даобъектілерді салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар

203-бап. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

204-бап. Автомобиль және өзге де көлік құралдарын жасау мен пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

205-бап. Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

206-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар

207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

 

31-тарау. Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

208-бап. Алып тасталды

209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

210-бап. Елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу мен пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

211-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

212-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін және сауықтыру мақсатындағы жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

213-бап. Орман қорының жерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

214-бап. Су қорының жерін аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

215-бап. Босалқы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

216-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар

217-бап. Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

32-тарау. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар 

218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

221-бап. Алып тасталды

222-бап. Су асты кабельдері мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

223-бап. Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегi экологиялық талаптар

 

33-тарау. Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

224-бап. Су объектілерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

225-бап. Сарқынды суды ағызып жіберу кезіндегi экологиялық талаптар

 

34-тарау. Ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар 

226-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесуді жүзеге асырған кезіндегі экологиялық талаптар

227-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

228-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын ұйымдастыру кезіндегі экологиялық талаптар

229-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезіндегi экологиялық талаптар

230-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін орман тұқымдары мен екпе материалдарды дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

231-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсірген кезде мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

232-бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында орманды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

233-бап. Жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

234-бап. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру кезіндегі экологиялық талаптар

235-бап. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

35-тарау. Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

236-бап. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

237-бап. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желілерін, каналдарды, бөгеттерді, өзге де құрылыстар мен объектілерді орналастыру, жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсімдіктерді өртеу кезіндегі экологиялық талаптар

239-бап. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезінде қойылатын экологиялық талаптар

240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар

240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

241-бап. Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, аңшылықты ұйымдастыру кезіндегі экологиялық талаптар

242-бап. Су жануарларын аулауды қоса алғанда, балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар

243-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

244-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар

245-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі экологиялық талаптар

246-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

247-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгілеу кезіндегі экологиялық талаптар

248-бап. Жануарлар дүниесін биотехнология өнімдерінің зиянды әсерінен қорғау

 

36-тарау. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, өсімін молайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайда өсіріп-өндіру, шектеулі шаруашылық тұрғыда пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар

249-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі

250-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

251-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін пайдалану

252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

 

37-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар

253-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

254-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда елді мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарына және жұмыс істеуіне байланысты емес құрылыстар орналастыру кезіндегі экологиялық талаптар

255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар

 

38-тарау. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

256-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекаралары

257-бап. Пайдалану режимін шектеу

258-бап. Су қорғау аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

259-бап. Сақтық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

260-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау

261-бап. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

262-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

263-бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

264-бап. Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар

265-бап. Мұнай-газ құбырларын жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

266-бап. Жағалаудағы жарақтандыру базалары мен жағалау инфрақұрылымы объектілеріне арналған экологиялық талаптар

267-бап. Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар

268-бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар

269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі

 

39-тарау. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар

270-бап. Радиоактивті қалдықтар мен материалдарды трансшекаралық ауыстыру

271-бап. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

272-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар

273-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

274-бап. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру мен пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар

275-бап. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі

276-бап. Елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және мұнай операциялары кезіндегі радиациялық қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыру

277-бап. Металл сынықтарына радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

278-бап. Радиациялық авариялар кезінде іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі

279-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қадағалау мен бақылау

 

40-тарау. Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру және оларды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

280-бап. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

281-бап. Қоршаған ортаны зиянды және бақыланбайтын биологиялық әсерден қорғау

282-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі

 

41-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптар

283-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы

284-бап. Иесіз қалдықтар

285-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы

 

41-1-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері

285-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар

285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары

285-3-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы

285-4-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері

285-5-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауаптылығы

285-6-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

285-7-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуы

 

42-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар 

286-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтары мен олардың түрлері

287-бап. Қауіпті қалдықтарды сыныптау

288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты

290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар

291-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

291-1-бап. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар

292-бап. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар

293-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

293-1-бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар

294-бап. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау

296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп

297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру

297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі

 

43-тарау. Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар 

298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары

299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары

300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар

301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар

302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар

303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар

304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен мониторинг

306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері

 

44-тарау. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

307-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу

308-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін жіктеу

309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

 

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

310-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың негізгі принциптері

311-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

312-бап. Алып тасталды

313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу

314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар

314-1-бап. Алып тасталды

315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу

316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу және оның мемлекеттік кадастры

317-бап. Алып тасталды

318-бап. Озонды бұзатын заттарды өндірістік бақылау

 

9-Бөлім. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу

46-тарау. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу

319-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері

320-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

321-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі

322-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі

323-бап. Экологиялық дауларды шешу тәртібі

 

47-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

324-бап. Өтпелі ережелер

325-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі

326-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер», «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер тиісінше «өсімдіктер мен жануарлар», «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 


ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

 

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;

2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;

3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;

4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;

5) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi өсімдіктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;

6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;

7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) валидация (детерминация) - валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауы;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) верификация - валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның қондырғы паспортындағы қондырғы операторлары және олардың есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есептерінде қамтылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі туралы және жүзеге асырылатын шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын растауы;

10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;

11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылды

11-1) гидрологиялық мониторинг - су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі;

11-2) диспергенттер - табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы;

12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12-1) жобалардың экологиялық сараптамасы - қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен инженерлік қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдер мен есептеулердің сараптамалық бағасы, ол мыналардың:

жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.

13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;

14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау - кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;

16) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;

18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;

20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) қайталама шикізат - тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;

21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

21-1) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;

22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;

23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;

25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;

26) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;

27) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;

30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды

30-1) қалдықтарды уақытша сақтау - өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды

30-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату - органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтарды олардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында термиялық өңдеу процесі;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды

30-3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі - қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

31) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;

32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

33) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34) қауiптi қалдықтар - құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;

35) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, олармен жұмыс iстеу қағидаларының, оларды бақылау әдiстерiнiң, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;

36) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер ете алатын қасиеттері бар заттар;

37) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) қондырғы - парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі немесе өзара бірыңғай технологиялық процеспен байланысты және бір өндірістік алаңда орналастырылған парниктік газдар шығарындылары стационарлық көздерінің тобы;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39) қондырғы операторы - меншігінде немесе өзгедей заңды пайдалануында қондырғысы бар жеке немесе заңды тұлға;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40) қондырғы паспорты - пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, қондырғының географиялық орналасқан жері және оның операторының қызмет түрлері туралы деректерді қамтитын құжат;

41) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;

42) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;

44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

45) қоршаған ортаға эмиссияларға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бөлiгi;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды

45-1) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі - нақты уақыт режимінде деректерді беру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен онлайн-байланысы бар, ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссияларды өндірістік экологиялық бақылау жүйесі;

46) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

48) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсері;

49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;

50) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетін, жер қойнауын және жерасты суларын ластауды болдырмайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерді қоспағанда, белгiленген нормативтерден артық қауiптi химиялық заттармен ластанған жер бетiнiң шектеулi учаскелерi және су объектiлерiнiң учаскелерi;

51) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған орта жай-күйінің сипаттамасы;

52) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;

53) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;

54) мекендеу ортасы - қандай да бір организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң тұрпаты немесе орны;

55) мемлекеттік бақылау жасау желісі - қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді қадағалауға, оның метрологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық, агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған қадағалаудың стационарлық және жылжымалы пункттер, зертханалар, орталықтар жүйесі;

56) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 56-1) тармақшамен толықтырылды

56-1) нормативтен тыс эмиссиялар - қоршаған ортаға экологиялық рұқсатпен белгiленгеннен артық эмиссиялар;

57) озонды бұзатын заттар - өз бетінше немесе қоспада болатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын не осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;

58) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;

59) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын озонды бұзатын заттарды қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

59-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 59-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

59-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 59-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

59-3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілер (импорттаушылар) арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы бекіткен шарт;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 59-4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

59-4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

60) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;

61) өндiрiс пен тұтынудың орнықты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды

61-1) өз бетінше эмиссиялар - жылжымалы көздерден болатын эмиссияларды қоспағанда, экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссиялар;

62) парниктік газдар - атмосфераның табиғи және (немесе) антропогендік түрде шығатын, жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оның шығу көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктері;

63) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

64) парниктік газдарды түгендеу - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көлемін айқындау;

65) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры - парниктік газдар шығарындылары көздерін, олар шығарған шығарындылар мөлшерін, сондай-ақ қондырғы операторы үшін белгіленген шекара шегіндегі парниктік газдар сіңірулері мөлшерін есепке алу жүйесі;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 65-1), 65-2), және 65-3) тармақшалармен толықтырылды

65-1) парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары -тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне немесе шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру мерзіміне қондырғы операторы әзірлейтін құжат;

65-2) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу - Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының көміртегі бірліктерін айналымнан жыл сайынғы алып қою (есептен шығару);

65-3) парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі - парниктік газдар шығарындыларының орын ауыстырылмайтын көзі немесе пайдаланылуы үшін тіркелген қалыпты қажет ететін парниктік газдар шығарындыларының ауыстырылатын көзі;

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 65-4) тармақшамен толықтырылды

65-4) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті - парниктік газдар шығарындыларының өнімнің бірлігіне арақатынасының көрсеткіші;

66) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен жинақталуы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттарды қамтитын қалдықтар;

67) сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен жүргізілу барысы, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы;

68) сарқынды сулар - өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен қосымша қоспа (кір) қосылған сулар. Атмосфералық жауын-шашын түскен сәтте елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан, көшелерге су себу кезінде немесе одан кейін ағатын сулар, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған сулар да сарқынды сулар болып есептеледі;

69) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;

70) сұйық қалдықтар - сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;

71) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

72) табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер;

73) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;

74) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңданудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

75) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық және сапалық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;

76) таза даму тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері жоқ елдер аумағында парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары қаржыландыратын, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тетігі;

77) тәуелсіз ақпарат беруші - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласында жобалық тетіктерді есепке алу, мониторингтеу және іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

78) тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;

79) тұтыну қалдықтары - өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);

80) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны авариялық ластайтын немесе ластауы мүмкiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi;

81) шығарындылар квоталарымен сауда - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің нарықтық тетігі шеңберінде парниктік газдар шығарындылары квоталарын сатып алу және сату;

82) шығарындыларды азайту бірлігі - бірлесіп жүзеге асыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;

83) шығарындылардың сертификатталған азайту бірлігі - таза даму тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;

84) шығарындыларды ішкі азайту бірлігі - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің ішкі жобаларын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген, парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің көлемін айқындау мақсатында қолданылатын көміртегі бірлігі;

85) экологиялық ағарту iсi - қоғамда экологиялық мәдениет негiздерiн қалыптастыру мақсатында экологиялық бiлiмді, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйi, экологиялық қауiпсiздiк туралы ақпаратты тарату;

86) экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;

87) экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларын, адамгершілік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бетінше бiлiм алуының және дамуының үздiксiз процесi;

88) экологиялық (жасыл) инвестициялар - бірліктердің белгіленген мөлшерін беруден, Парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін басқарудан алынған қаражатты парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңірілуін арттыруға бағытталған жобаларға, бағдарламаларға және іс-шараларға инвестициялау;

89) экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара іс-әрекет ететін организмдердiң және олар мекендейтiн тіршіліксіз ортаның өзара байланысты жиынтығы;

90) экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, оның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;

91) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтарының қорғалуының жай-күйi;

92) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;

93) экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;

94) экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;

95) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды;

96) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде қадағалау мен бағалау;

97) экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi;

98) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

99) экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау;

100) экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;

101) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 102) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

102) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру;

103) экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың әсері салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;

104) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - ел экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде қоршаған ортаға эмиссияларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, олардың уақыт бiрлiгiндегі немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiндегі немесе басқа да көрсеткiштердегі шамалары;

105) эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.

4. Қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

 

3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегінде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледі.

2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

 

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздерi

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздері:

1) адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;

2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау;

3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;

4) қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;

5) өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;

7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру мақсатындағы жаhандық әріптестік;

10) қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптерi

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-1) - 7-4) тармақшалармен толықтырылды

7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;

7-2) парниктік газдарды түгендеуді;

7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;

7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;

8) қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайталама ресурстар ретiнде пайдаланудың басымдығы;

12) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

 

6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды;

2) экологиялық нормалауды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;

5) экологиялық рұқсаттар беруді;

6) мемлекеттік экологиялық бақылауды;

7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру жүйесін;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-1) - 7-4) тармақшалармен толықтырылды

7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;

7-2) парниктік газдарды түгендеуді;

7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;

7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;

8) мемлекеттік экологиялық мониторингті;

9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;

10) экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.

2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару:

1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлауды;

2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттік бақылау жасауды;

3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беруді және шарттар (келісімшарттар) жасасуды;

4) табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуді ұйымдастыруды;

5) табиғи ресурстардың мониторингі мен кадастрларын жүргізуді;

6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгілеу мен квоталар бөлуді;

7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды;

8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.

 

7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi

1. Жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсімдіктер; жануарлар дүниесі, тірі организмдердің гендік қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиіс.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері айрықша қорғалуға тиіс.

 

8-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

1. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, білім беру, туризм мен рекреация нысанасы ретінде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған орта объектілерінің жиынтығы.

2. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектілерін пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

 

9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, құру тәртібі, қорғау режимінің түрі, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

 

10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi

1. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.

2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.

3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

5. Табиғат пайдалану түрлеріне:

1) жерді пайдалану;

2) суды пайдалану;

3) орманды пайдалану;

4) жер қойнауын пайдалану;

5) жануарлар дүниесін пайдалану;

6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;

7) қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.

6. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

7. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.

 

11-бап. Табиғат пайдаланушылар

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.

2. Табиғат пайдаланушылар:

1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);

2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

 

12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары

1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.

2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.

2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.

4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.

5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билік ете алмайды.

6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

 

 

2-тарау. Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттерi

 

13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Жеке тұлғалардың:

1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;

2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы бейбіт жиналыстарға, референдумдарға қатысуға;

2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, арыздар, сұрау салулар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;

9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;

10) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.

2. Жеке тұлғалар:

1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;

2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;

3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;

4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

 

14-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;

4) экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;

5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;

6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен келісімдер жасауға, олар үшін шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға;

9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;

10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;

11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;

12) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім шығаруды талап етуге;

13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.

2. Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;

2) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

 

15-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктеріне:

1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп ұстау;

4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізу жатады.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы құзыретi

 

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

2) 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

4-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындайды, сондай-ақ акционер (құрылтайшы) ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын құруға қатысуға, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

4-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекітеді;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды

4-3) аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;

5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) мыналарды:

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;

қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын;

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын;

қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн айқындайды;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) мыналарды:

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;

қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн;

парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін белгілейді;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жобаларды іске асыру кезінде алынған парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру бірліктерінің бөлігін басқа елдердің тізіліміне беруді және (немесе) оларды квоталардың белгіленген мөлшер резервіне немесе Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне беруді шектеу туралы шешім қабылдайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;

1-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

1-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды

1-4) құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды

1-5) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

1-6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-7) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-8) тармақшамен толықтырылды

1-8) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-9) тармақшамен толықтырылды

1-9) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;

3) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биоәртүрлілікті сақтау, жердің шөлейттенуі мен жұтаңдауы саласындағы қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекітеді немесе келіседі;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерін әзiрлейдi;

7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгілейді;

8-1) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

8-3) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

9) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

9-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

9-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс береді;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;

11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келісімшарттарды) өз құзыреті шегінде келіседі;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

13) 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекітеді;

15) қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингін және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіреді;

16) Табиғи ресурстар кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізеді;

17) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

18) Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына жіберудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

19) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

20) Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 20-1) - 20-3) тармақшалармен толықтырылды

20-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

20-2) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 20-4) тармақшамен толықтырылды

20-4) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды

21-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;

22) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

24) ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін әзірлейді және олардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды

24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды

24-2) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;

25) әр түрлі дәрежедегі полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;

26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

26-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

26-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-3) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiн, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін әзірлейді және бекітеді;

27) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды

27-1) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

28) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

28-1) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 28-2) - 28-8) тармақшалармен толықтырылды

28-2) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;

28-3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;

28-4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 28-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

28-6) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;

28-7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

28-8) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 28-9) тармақшамен толықтырылды

28-9) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 28-10) тармақшамен толықтырылды

28-10) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 28-11) тармақшамен толықтырылды

28-11) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидатын әзірлейді;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 28-12) тармақшамен толықтырылды

28-12) спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 28-13) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

28-13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 28-14), 28-15), 28-16), 28-17), 28-18) және 28-19) тармақшалармен толықтырылды

28-14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды әзірлейді және бекітеді;

28-15) энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

28-16) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

28-17) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

28-18) аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді;

28-19) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29) тармақша өзгертілді

29) мыналарды:

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін;

мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;

қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;

табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;

қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тізбелерін, нысандарын және мерзімін;

парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;

сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;

қондырғы паспортының нысанын;

парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;

парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;

жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;

көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;

эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;

қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;

ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;

парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;

парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;

қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;

өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін;

қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;

индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын;

индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын;

парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;

жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;

мыналар:

қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;

қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын;

мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын;

қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;

қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;

тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша өзгертілді

30) мыналарды:

қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;

өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібін және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәрт;

кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;

озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;

озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртiбiн;

аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн;

жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;

мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;

шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін;

экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;

31) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің жұмысын жетілдіреді;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;

33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

34) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер, меморандумдар жасасады;

35) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

36) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 36-1) - 36-4) тармақшалармен толықтырылды

36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;

36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;

36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;

36-4) 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 38-1) - 38-6) тармақшалармен толықтырылды

38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;

38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;

38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;

38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-7) тармақшамен толықтырылды

38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 38-8) тармақшамен толықтырылды

38-8) мыналарды:

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;

сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;

қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 38-9) тармақшамен толықтырылды

38-9) апелляциялық комиссияны құрады;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 38-10) тармақшамен толықтырылды

38-10) апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

 

17-1-бап. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-2-бап. Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган:

1) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;

2) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілік нысаны мен оны ұсыну мерзімін айқындау арқылы түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асырады.

 

18-бап. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

6) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;

10) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары (бұдан әрі - жергілікті өкілді органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;

4) жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды;

5) өз құзыреті шегінде табиғат пайдалану ережелерін қабылдайды, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді;

6) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:

1) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекітеді;

2) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекітеді;

3) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) объектілер салу жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысының негізінде өз құзыреті шегінде жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) тыйым салады немесе рұқсат береді;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қоспағанда, өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;

5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;

7) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

8) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін бөледі;

10) қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз етеді;

11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

12) қалдықтардың пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлейді;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

14) тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;

16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды

17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 20-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:

1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;

3) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн әдiстемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады;

4) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектiлер арасындағы тарифтердiң мөлшерi мен оларды бөлу тәртiбiн айқындайды;

5) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

2-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау

саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсердi бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит

 

21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

 

4-тарау. Экологиялық нормалау

 

22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты

1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.

2. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесіндегі эмиссиялар нормалануға жатпайды.

 

23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi

1. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:

1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;

2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;

3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері:

топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары;

аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;

ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері;

табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері;

4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.

3. Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралыжануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.

4. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.

 

24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерi

1. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.

2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.

3. Қоршаған орта сапасының әртүрлі нысаналы көрсеткіштері:

1) қоныстану аумағы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) шөл және шөлейт аудандар;

5) су объектілері үшін белгіленуі мүмкін.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.

5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу:

1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізілуін;

2) экологиялық қауіпсіздікті және халық денсаулығы үшін қатерді азайтуды;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.

 

25-бап. Эмиссиялар нормативтерi

1. Эмиссиялар нормативтеріне:

1) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;

2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері;

4) 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.

2. Эмиссиялар нормативтері аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс және жол берілетін шекті шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде есептеледі.

3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажетті техникалық іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

 

26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерi

1. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері өнеркәсіптің нақты процестері мен салалары үшін ең озық қолжетімді технологиялар енгізу негізінде белгіленеді.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редацияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітеді және ол кешендi экологиялық рұқсаттардың негiзi болып табылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редацияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітеді.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редацияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редацияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері

1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссиялардың әрбір стационарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады.

2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру кезінде шығарындылардың станционарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Белгіленген ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі І, ІІ, және ІІІ санаттардағы объектілері үшін - табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге, ІV санаттағы объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес немесе егер өтінімде сұралып отырған мерзім көрсетілмесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді.

 

28-бап. Эмиссиялар нормативтерін айқындау тәртібi

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редацияда

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жекелеген құжаттар (эмиссиялар нормативтерінің жобалары) түрінде негізделеді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін эмиссиялар нормативтерін әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редацияда (бұр.ред.қара)

3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы және жақын орналасқан қоныстану аумақтарындағы қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу мақсаттарын негізге ала отырып, есептеу және (немесе) аспаптық жолмен айқындалады.

4. Эмиссиялар нормативтерін есептеу арқылы айқындау әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редацияда

5. Эмиссиялар нормативтерін белгілеу кезінде эмиссиялардың сандық және (немесе) сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді жобаның тапсырыс берушісімен немесе жобалау ұйымымен шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редацияда

6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациялары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында айқындалады.

 

29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйінің өзге де нормативтерi

1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері белгіленеді.

2. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері және оларды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады.

 

 

5-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу

 

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редацияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi  растау объектiлерi мен рәсiмi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында айқындалады.

 

31-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

32-бап. Экологиялық таңбалау

1. Экологиялық таңбалаудың міндеттері:

1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді сатып алудан (пайдаланудан) қорғау;

2) өнімдердің барлық түрлерін өндіру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезінде қоршаған ортаның ластануын болдырмау;

3) жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістердің және өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) экологиялық қауіпсіз технологиялық процестерді, жабдықтарды және өндірістерді енгізу;

5) елге экологиялық қауіпті өнімдер мен технологиялардың әкелінуін болдырмау;

6) отандық өнімнің экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.

2. Өндірілу кезінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсері неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететін өнім экологиялық таңбалау объектісі болып табылады. Экологиялық таңбалау объектісі өнім өндіру процесі мен қолданылатын технологияларды қамтиды.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру және балық аулау өнімін, жабайы өсетін өсімдіктерден алынған өнімді және оларды қайта өңдеу өнімдерін, оның ішінде тамақ өнімін өндірушілер «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таңбалауды ерікті негізде жүзеге асырады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өндiрушiлер, осы баптың 2-1-тармағында аталғандарды қоспағанда, өз өнiмiн сәйкестiгi расталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Экологиялық таза өнім стандарттарын, экологиялық таза өнім белгісінің нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді.

 

33-бап. Техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзірлейді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және қолдану жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану

1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуі:

1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізген және мұндай енгізуді растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға мемлекеттік экологиялық бақылау жиілігін қысқартуы;

3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерін пайдалану арқылы ынталандырылады.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 34-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы халықаралық стандарттар және ұлттық стандарттар

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган стандарттау саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындығы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын ұлттық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен халықаралық стандарттарды және ұлттық стандарттарды  басшылыққа алады.

 

 

6-тарау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

Қоршаған ортаға әсердi бағалау көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдануын, бүлiнуiн және сарқылуын) болғызбау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм болып табылады.

 

36-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жобаланып жатқан объектілердің перспективалық қызметі осы Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған  ортаға әсерін бағалауға жатады.

4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi

1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау кезеңдерi ескерiле отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);

2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);

3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең).

3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3-кезеңдерiнде осы Кодекстiң 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.

 

38-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының дәйектілігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

39-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін  әсері;

2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда, атмосфералық ауаға;

2) жер үсті және жер асты суларына;

3) сутоғандары түбінің беткі жағына;

4) ландшафттарға;

5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;

6) өсімдіктер дүниесіне;

7) жануарлар дүниесіне;

8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;

9) халық денсаулығының жай-күйіне;

10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі.

3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.

 

40-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редацияда

1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет бағалаудың маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып - 4 санатқа бөлiнедi.

I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлерi, жоғарыда көрсетілген қауіптілік сыныптарының қызмет түрлерінен сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызу, сондай-ақ кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жатады.

II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жатады.

III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.

2. Әртүрлі санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

 

41-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттама:

1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушінің деректемелерін;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жоспарланып отырған қызметті іске асыру қажеттігі негізделген өтінішті (арызды), инвестициялар негіздемесін, техникалық-экономикалық негіздемені (жобаны), жұмыс жобасының бекітілген бөлігін, түсіндірме жазбаны;

3) қоршаған орта компоненттерінің қызметті іске асырғанға дейінгі не қазіргі кездегі жай-күйінің сипаттамасын;

4) жобаның жазбасын, оған қоса:

бүкіл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңінде қойылатын талаптардың сипаттамасын;

жоспарланып отырған қызметтің қоршаған орта элементтеріне ықтимал әсерлерінің түрлері қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикізаттың және алынатын ресурстардың көлемі мен оның қосындыларының құрамымен бірге көрсетіле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтері мен санын қоса алғанда, өндірістік процестердің негізгі сипаттамаларын;

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;

6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негізгі себептеріне нұсқауды;

7) қызметтің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерінің сипаттамасын;

8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған ортаға беймәлім әсерлерін;

9) экологиялық тәуекелді және халықтың денсаулығына төнетін тәуекелді бағалауды;

10) экологиялық мониторинг жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді болдырмау, азайту үшін көзделетін шаралардың сипаттамасын;

11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерін және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерін;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылды

11-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесін;

11-2) қалдықтарды басқару бағдарламасының негіздемесін;

12) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негіздемесін;

13) ықтимал тәуекелдерді және келтірілген залалдарды өтеуді ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;

14) хаттамалармен ресімделген және жоспарланып отырған қызметтің экологиялық аспектілерін қоғамдық талқылау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды қамтитын қоғамдық пікірді есепке алу жөніндегі материалдарды;

15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезіндегі кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетіспеушілігін көрсетуді;

16) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері жөніндегі негізгі қорытындыларды қамтиды.

2. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық зардаптары туралы мәлімдеме әзірлеп, табыс етеді, ол осы қызметті іске асыруға болатыны туралы шешім әзірлеуге негіз болады.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әрбір кезеңіндегі құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.

 

42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде тиісті жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу процесінде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

 

43-бап. Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерi

Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

 

44-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

7-тарау. Экологиялық сараптама

 

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 45-бап жаңа редацияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45-бап. Экологиялық сараптама түрлері

Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік экологиялық сараптама;

2) қоғамдық экологиялық сараптама;

3) жобалардың экологиялық сараптамасы.

 

46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

Экологиялық сараптама:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;

2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.

 

47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерi

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға:

1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

5) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) жоюдың тәсілі мен орны көрсетіле отырып, тауарларды, сондай-ақ тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігін көздейтін, жою кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды жою мүмкіндігі туралы материалдар;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

7) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;

8) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады.

11) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілетін жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды.

2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi.

Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады.

Осы баптың 1-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.

Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері IІІ санатқа жатады.

Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің жіктеуішіне сәйкес жіктелмейтін, қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы IV санатқа жатады.

 

48-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағыларға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Осы баптың 4-тармағының талаптары құрылысы жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілердің аумағында жоспарланып отырған ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) қолданылмайды.

 

49-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы электрондық нысанда:

1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң және жоспарлардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы ұсынады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында көрсетілген объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды

49-1-бап. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі

1. II, III және IV санаттардағы объектілерді салу жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

Жобалардың экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бір бөлігі болып табылады.

2. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында табиғат пайдаланушылардың құрылыс, шаруашылық қызметі кезеңіне арналған эмиссиялардың нормативтері қамтылады.

3. ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу кезеңінде эмиссиялардың нормативтерін қамтитын ведомстводан тыс кешенді сараптама бөлімі табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімінде есепке алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ведомстводан тыс кешенді сараптама органдарына жібереді.

5. Жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды қайтадан алу ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қайтадан ұсынылған жобалар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама осы Кодекстің 49-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар топтамасын ұсынған кезден бастап:

I санаттағы объектілер үшін қырық бес жұмыс күні;

II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні;

III және ІV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тіркелген күннен бастап I санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін - бес жұмыс күнінен аспайтын, II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтаруға жатады.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер болған кезде сарапшылар оларды ұсынған тұлғаға мұндай ескертулерді:

I санаттағы объектілер бойынша - жиырма бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жояды;

IІ санаттағы объектілер бойынша - он бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жояды;

III және IV санаттардағы объектілер бойынша - жеті жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жояды.

Ескертулер жойылмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерде мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.

Бұрын жіберілген ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамындағы жобалар бойынша жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

 

51-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдарды қамтиды.

3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болып табылатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын іске асыруды банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз қаржыландыруына тыйым салынады.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы I, II және III санаттардағы объектілер үшін - қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі ішінде, IV санаттағы объектілер үшін - мерзімсіз қолданылады.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыруды (қайтарып алуды) оны берген орган табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші немесе келісімі негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 

52-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының құқықтары

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының:

1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;

2) сарапшылық бөлімшелерінің, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін ұйымдастыруға;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу әдістерін айқындауға;

5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтін, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;

6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жіберілген, оны түзету қосымша зерттеулерді, іздестіру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлуді қажет ететін құжаттар мен материалдарды пысықтау үшін қайтаруға;

7) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;

8) 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратуға;

10) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектілер туралы мәліметтерді банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.

2. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.

Сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.

 

53-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы білімі бар және экологиялық сараптама жүргізуге қажетті жеткілікті тәжірибесі бар және мемлекеттік экологиялық сараптама органы белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартылған адам мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.

Сараптама ұйымдарының бірінде штатта тұратын, жобалардың белгілі бір бөлімі (бөлігі) бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы болып табылады.

2. Экологиялық сараптама жасалуға тиісті құжаттама тапсырыс берушінің өкілі немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектісін әзірлеуші, сондай-ақ тапсырыс берушімен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы өзі жасаған сараптама үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Сарапшының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге байланысты қызметіне мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.

5. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкімшілік тәртіппен қорғалуға тиіс, ал мұндай жолсыздықтарға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

6. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды осы Кодекстің 50-бабында белгіленген мерзім шегінде ұсынуды талап етуге;

2) экологиялық сараптама жүргізуге мамандарды қосымша тартуға;

3) сараптама жұмысын, әдіснамасын ұйымдастыруды жетілдіру, оны жүзеге асыру тәртібі мен принциптері жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі жөнінде, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қоса тіркелетін ерекше пікір қалыптастыруға құқығы бар.

7. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы:

1) мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенді, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негізінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгіленген мерзімі мен тәртібін сақтауға;

5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың дәлелді қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;

6) сараптама жасалатын объектілерді одан әрі қарауға қабылдамаған не оларды негіздейтін материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын объективті бағалап, дәлелді түрде негіздеуге;

7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзінің құпия құжаттарға қатысты әрекеттерін олардың иесімен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

 

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді

54-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сырттан сарапшылар тарту

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшін басқа мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтініш жасауға құқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

55-бап. 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

56-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан консультациялық-кеңесші органдар болып табылатын және өздері туралы ережелерге сәйкес әрекет ететін мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері құрылады.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың персоналдық құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының басшылары бекiтедi.

3. Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жоғары оқу орындарының ғалымдары, практик-мамандар мен жұртшылық өкілдері мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестеріне мүше бола алады.

4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерінің қарауына:

1) экологиялық сараптама жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделі проблемаларын талқылау;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерге қатысты қорытындыларын қарау жатады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

57-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы табиғат пайдаланушы оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруы үшін табиғат пайдаланушыға жіберіледі.

4. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен даулауға құқылы.

5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды

57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы

Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы:

қоғамдық тыңдаулар өткізу;

қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;

қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;

мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;

мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу;

қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 57-2-баппен толықтырылды

57-2-бап. Қоғамдық тыңдаулар өткізу

1. Қоғамдық тыңдаулардың мынадай:

1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;

3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;

4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.

2. Жоспарланған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін жұртшылықты хабардар ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге шарттық негізде қоғамдық бірлестіктерді тартуға құқылы.

3. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын межеленіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсіміне және интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ хабардар етудің өзге де тәсілдерін пайдалана отырып осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

4. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

58-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібi

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктер келіссөздер жолымен не сот тәртібімен қаралады.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері бойынша келіспеушіліктерді кез келген мүдделі тараптың, оның ішінде белгіленіп отырған қызметке тапсырыс берушінің, жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган келіссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы келіспеушіліктердің нысанасы бола алмайды.

 

59-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

60-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

1. Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.

Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.

3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі іске асырылған жағдайда мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бірлестіктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкін.

 

61-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы

1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы - қоғамдық бірлестіктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш беріледі және сараптама комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылады.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінен қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге қажетті құжаттар мен материалдар сұратуға;

2) сараптама жүргізу үшін сарапшылық комиссия құруға;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергілікті атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;

2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықтың хабардар етілуін және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзірлеуде қоғамдық пікірдің есепке алынуын қамтамасыз етуге;

3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

62-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары

1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргізуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінің өкілі;

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектісін әзірлеушінің өкілі;

3) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің аталған тапсырыс берушісімен немесе оны әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жеке тұлға;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің аталған тапсырыс берушісімен немесе оны әзірлеушімен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкілі.

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.

4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық экологиялық сараптама объектісі жөнінде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тіркелетін ерекше пікір білдіруге құқығы бар.

Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы:

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;

2) экологиялық сараптама объектісі бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының объективтілігі мен негізділігін, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделі жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстардың ескерілуін қамтамасыз етуге;

3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәліметтердің құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлік меншіктің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

63-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісi тапсырыс берушісінің құқықтары мен міндеттері

1. Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің жеке немесе заңды тұлғасы қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс беруші болып табылады.

2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс берушінің:

1) белгіленіп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтердің қорғалуына;

2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткізуге;

3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткізілетін қоғамдық тыңдауға және өзге де іс-шараларға қатысуға;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсіндірмелері мен түсініктемелерін беруге құқығы бар.

3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісі:

1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажетті құжаттар мен материалдарды беруге;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге міндетті.

 

64-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру

Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің өз қаражаттары;

2) ерікті қайырмалдықтар, өтеусіз негізде ұсынылған гранттар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.

 

65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібi

1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргізу туралы өтініш тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу туралы өтінішті оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектісінің қызметі жоспарланып отырған жергілікті атқарушы органдарға береді.

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтініште:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;

2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметінің сипаты;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі туралы мәліметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері көрсетілуге тиіс.

4. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға міндетті. Көрсетілген мерзім ішінде қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартылмаса, ол тіркелді деп есептеледі.

5. Егер:

1) бұрын осы объектіге қатысты екі рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргізілсе;

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қамтитын болса;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бірлестіктің қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметі көзделмесе;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің белгіленіп отырған мемлекеттік экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтінішті тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

6. Жергілікті атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерін дәлелді түрде негіздей отырып, жазбаша хабарлайды.

 

66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы

1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрінде ресімделеді.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:

1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;

2) тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің атауы мен орналасқан жері;

3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштің жергілікті атқарушы органда тіркелгені туралы мәліметтер;

4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері;

5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесінде пайдаланылған басқа да құжаттардың тізбеленіп көрсетілуі;

6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерінің құрамы;

7) сараптама нәтижелерінің баяндалуы;

8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі тапсырмалардың сипаты;

9) қоғамдық экологиялық сараптама процесінің, оның ішінде жұртшылықпен, тапсырыс берушімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы;

10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиіс.

3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды;

2) тапсырыс берушінің қоршаған ортаға әсерге жүргізген  бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөніндегі сипаттама;

3) жұртшылықтың әртүрлі топтарының белгіленіп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелеріне жасалған шолу;

4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектісін іске асыруға экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жол беруге болатыны жөніндегі пікірі;

5) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушіге, сараптама объектісін іске асыруға байланысты шешімдер қабылдайтын мемлекеттік органдарға және заңды тұлғаларға берілетін ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.

4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды.

5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:

1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге берілген өтінішті тіркеген жергілікті атқарушы органға;

2) осы объектінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға;

3) жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісіне;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісін іске қосуға байланысты шешімдер қабылдайтын органдарға;

5) бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.

 

67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерін пайдалану

1. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бір ай ішінде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзінің түсіндірмелерін мемлекеттік экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жіберуге міндетті.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қаралуға тиіс. Қарау нәтижелері қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергілікті атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгіленіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі шешімдер қабылдаған кезде де ескерілуі мүмкін.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде де ескерілуі мүмкін.

 

 

8-тарау. Экологиялық рұқсаттар

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді

68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi

Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар:

1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

2) кешенді экологиялық рұқсаттар беріледі.

Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.

Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттың нысанасы болып табылмайды.

 

69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен  (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға осы баптың 2-1-тармағында айқындалған тәртіппен не мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бір мезгілде беріледі.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне олардың өтінімдеріне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы болған кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат осы Кодекстің 72, 74, 75-баптарында және 77-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беріледі.

3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Өз меншігінде өндірістік объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:

1) бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбір объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтінім бере алады;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) әртүрлі облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан әрбір объектінің орналасқан жері бойынша өтінім беруге тиіс.

5. Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесінде жүретін болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етілмейді.

 

70-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұны

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:

1) табиғат пайдаланушы және ол жүргізіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәліметтерді;

2) рұқсаттың қолданылу мерзімін;

3) табиғат пайдалану шарттарын, оның ішінде олардың барлық көздері бойынша эмиссиялардың нормативтерін;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) рұқсаттың қолданылуы кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын, белгіленген үлгідегі құжаттар жиынтығы болып табылады.

5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

71-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап етілетін объектілердің санаттары

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушыларға рұқсат берілетін объектілер І, II, III және IV болып төрт санатқа бөлінеді.

2. І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныпты объектілері жатады.

II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныпты объектілері жатады.

III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныпты объектілері жатады.

IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныпты объектілері жатады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері IV санатқа жатады.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты І санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, ІІ санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІІІ санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІV санат объектілеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. I санаттағы объектілердің аумағында орналасқан II, III және IV санаттардағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган береді.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 

 

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қажетті құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. І, ІІ және ІІІ санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құжаттар топтамасы мыналарды қамтиды:

1) рұқсат алуға өтінім;

2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

3. Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтінімді;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған өтiнiмнің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

73-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізілетін табиғат пайдалану шарттары

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат берген органдар қабылдайды.

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізуге тыйым салынады.

4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.

 

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 74-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 74-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қарау және беру мерзімдері

1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Шаруашылық және өзге де қызметтің I, II және III санаттарындағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсат беретін орган өтінімді оның толықтығы тұрғысынан қарайды.

Өтінім белгіленген мерзім ішінде қарауға қабылданады не ұсынылған құжаттардың жеткіліксіз болуы салдарынан қабылданбайды.

Өтінім қабылданбаған кезде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері уәжді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:

1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаттағы объектілері үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің II және III санаттардағы объектілері үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

3) шаруашылық және өзге де қызметтің IV санаттағы объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат немесе уәжді бас тарту беріледі.

 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

75-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшiн негiздер

1. Табиғат пайдаланушыға I, II және III санаттардағы объектiлерге мынадай шарттар сақталған кезде:

1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынылған;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келген және I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз еткен кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiледі.

2. Егер табиғат пайдаланушы қажетті өтінімді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін ұсынса, оған IV санаттағы объектіге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілуге тиіс.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап жаңа редакцияда

76-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзiмдерi

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгергенге дейiнгі, бiрақ I, II және III санаттардағы объектілер үшін он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

2. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгерген жағдайларды қоспағанда, мерзімсіз негізде беріледі.

 

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап өзгертілді; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:

1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болған;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.

2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер табиғат пайдаланушыға рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы бұзушылыққа жол берілген объект бойынша тоқтатыла тұрады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты берген орган оның күшін жаңа рұқсат берілген күннен бастап не табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жояды.

5. Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушының атауы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда, сондай-ақ осындай эмиссияға рұқсат берілген обектіге (обектілерге) қатысты оның (олардың) меншік иесі ауысқан жағдайда, бұл қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктемені ұлғайтуға алып келмейтін кезде күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

2. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;

2) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

5) қайта ресімделетін эмиссияға рұқсат берілген табиғат пайдалану обектісіне (объектілеріне) қатысты оған (оларға) меншік құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі.

 

79-бап. Кешенді экологиялық рұқсат

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерін сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын біртұтас құжат болып табылады.

Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Табиғат пайдаланушылар Қоршаған ортаның ластануын кешенді бақылау және болдырмау жөніндегі Еуропа бюросының анықтамалықтарына енгізілген, ұсынылатын технологиялардың кез келгенін де таңдай алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Кешенді экологиялық рұқсат осы Кодекстің 70-бабында көрсетілген ақпаратпен қатар мыналарды:

1) шикізат пен энергияны үнемді пайдалану шарттарын;

2) қалдықтарды басқару жүйесін;

3) қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану жөніндегі іс-әрекеттер мен шараларды;

4) ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мерзімдері мен шарттарын қамтуға тиіс.

5. Кешенді экологиялық рұқсат осы рұқсатта көрсетілген қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген кезге дейін қолданылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Кешендi экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

9-тарау. Экологиялық аудит

 

80-бап. Экологиялық аудит

1. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетін субъект болып табылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға әсер ету туралы есептілігіне талдау жасау жолымен жүргізіледі.

Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау нысанасы болып табылмайды.

3. Экологиялық аудитті жүргізу кезінде:

1) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған есептіліктің дұрыстығын тексеру;

2) өндірістік-технологиялық процестің экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау;

3) өндірістік мониторинг пен бақылау жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау;

4) қызметкерлердің біліктілік деңгейін бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкін.

4. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетін субъектілер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негізінде туындайды.

 

81-бап. Экологиялық аудит түрлері және оны жүргізу үшін негіздер

1. Міндетті аудит және бастамашылық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады.

2. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты міндетті экологиялық аудит жүргізуге:

1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінен қоршаған ортаға келтірілген, құжат бойынша расталған елеулі залал;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөліп шығару түрінде қайта ұйымдастыру;

3) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы негіз болып табылады.

3. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының және экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемі ескеріле отырып, аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі.

4. Мүдделі жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушілер болуы мүмкін.

 

82-бап. Экологиялық аудитті жүргізу

1. Экологиялық аудит экологиялық аудитті жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушімен және аудиттелетін субъектімен келісіледі. Экологиялық аудит жүргізуді жоспарлау кезінде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекіткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудитті жүргізу жоспарының үлгілік нысанын басшылыққа алады.

2. Экологиялық аудитті жүргізудің сатылары мыналар:

1) аудиттелетін субъектімен алдын ала танысу;

2) аудит жүргізу жоспарын әзірлеу;

3) қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

4) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал жүргізу;

5) арнайы зерттеулер көлемін айқындау;

6) арнайы зерттеулер жүргізу;

7) экологиялық тәуекелдерді айқындау;

8) экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып табылады.

3. Экологиялық аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу үшін экологиялық аудитор аудиттелетін субъектінің ерекшеліктерімен алдын ала танысады.

4. Қажетті ақпаратты жинау мен жүйелеу аудиттелетін субъектіде және өзге де ұйымдарда жүргізіледі. Ақпарат құрамына:

1) қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты талаптары;

2) аудиттелетін субъект орналасқан ауданның картасы және карта-схемасы;

3) егер бар болса, аэрофотосуреттердің нәтижелері;

4) аудиттелетін субъектіні басқарудың әкімшілік құрылымы;

5) егер бар болса, аудиттелетін субъектідегі қоршаған ортаны қорғау қызметі туралы ереже;

6) экологиялық рұқсат;

7) аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебі;

8) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі есептілік;

9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның соңғы үш жылда тексерулер жүргізуі туралы хаттамалардың көшірмелері;

10) егер бар болса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламасы;

11) апатты жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары;

12) қабылданған толықтырулармен қоса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаға әсер етуін бағалау;

13) шығарындыларды, төгінділерді түгендеу жөніндегі ағымдағы кезеңдегі есеп;

14) жол берілетін шекті шығарындылар мен төгінділердің, қалдықтарды орналастырудың ағымдағы кезеңде қолданыста болатын нормативтерінің жобалары;

15) субъект қызметінің экологиялық-экономикалық аспектілері туралы деректер;

16) бұған дейінгі экологиялық аудиторлық есептердің көшірмелері;

17) аудиттелетін субъектінің әсері болатын аудандағы мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері;

18) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді.

5. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал жүргізу құжаттаманың аудиттелетін субъектінің нақты жай-күйіне сәйкес келуін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

6. Қарап тексеру барысында:

1) аудиттелетін субъектінің жоспар-схемаға және жалпы технологиялық сипаттамаға сәйкес келуі;

2) аудиттелетін субъектінің құжаттамасында қоршаған ортаға әсер ету көздері көрсетілуінің толымдылығы;

3) аудиттелетін субъектінің ықтимал әсер ету аумағының жай-күйі;

4) қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы құжаттамаға енгізілмеген мән-жайлардың болуы;

5) өндірістік объектілерде есепке алу және өзге де қажетті құжаттаманың болуы мен толымдылығы;

6) объектіні пайдалану процесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық талаптардың сақталуы;

7) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға тиіс.

7. Аудиттелетін субъектінің қызметкерлеріне сауал қою барысында:

1) қоршаған ортаны қорғау үшін мәні бар мәселелер бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейі;

2) есептілік құжаттаманы жүргізудің объективті болуын растау үшін қажетті ақпарат;

3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу жағдайлары және оларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы мәліметтер;

4) аудиттелетін субъектінің болашақта шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асыруы кезінде экологиялық талаптардың бұзылу ықтималдығы;

5) қоршаған ортаны қорғауды жетілдіру жөніндегі инженерлік бастамалардың болуы анықталуға тиіс.

8. Арнайы зерттеулерді экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар мынадай жағдайда:

1) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі  есептілікті растау қажет болғанда;

2) қоршаған ортаға әсердің құжаттамаға енгізілмеген көздері анықталғанда;

3) аудиттелетін субъекті қызметінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулық жағдайына теріс әсер ету салдарлары туралы мән-жайлар болғанда жүргізеді.

9. Қажет болғанда, зерттеулер:

1) шығарындылар (төгінділер) көздерінде жүргізілетін өлшеулерді, қалдықтар үлгілерін зерттеуді;

2) аудиттелетін субъектінің ықпалды әсер ету аймағында қоршаған ортаның ластануын өлшеулерді;

3) аудиттелетін субъектінің ықпалды әсер ету аймағында өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, экожүйелердің және халық денсаулығының жай-күйін зерделеуді қамтиды.

10. Арнайы зерттеулерді жүргізу үшін қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын аккредиттелген зертханалар тартылуға тиіс.

11. Аудиттелетін субъектінің экологиялық тәуекелдерін айқындау:

1) құжаттама мен есептердің байқалатын ағымдағы жай-күйге сәйкестігін талдау;

2) аудиттелетін субъект қызметінің өсімдіктерге, жануарлар дүниесіне, экожүйелерге және халық денсаулығының жай-күйіне ықтимал салдарларын бағалау, соның ішінде қоршаған орта сапасының бұзылуынан туындаған аурулар мен өлім-жітім жағдайларын талдау;

3) қоршаған орта үшін теріс салдарларға әкеп соғуы мүмкін аудиттелетін субъектідегі авариялық жағдайлардың ықтималдылығын немесе технологиялық регламенттен өзге де ауытқуларды айқындау жолымен жүргізіледі.

12. Аудиттелетін субъектінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу:

1) осы сияқты объектілер үшін пайдаланылатын ең үздік қолжетімді технологияларды;

2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жақсарту жөніндегі ықтимал шараларды;

3) өндірістік экологиялық бақылауды жетілдіру тәсілдерін;

4) экологиялық нормативтер мен талаптарды өзгерту жөніндегі ұсыныстарды зерделеу негізінде жүргізіледі.

 

83-бап. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім

1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 81-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар белгіленген кезден бастап бір ай мерзім ішінде қабылдайды.

2. Міндетті аудит жүргізу туралы шешім міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды түрінде ресімделеді.

3. Міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. Қорытындыда:

1) аудиттелетін субъектінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы;

2) аудиттелетін субъектінің орналасқан жері;

3) аудиттелетін субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен байланысты қоршаған орта үшін ықтимал тәуекелдердің сипаты;

4) міндетті экологиялық аудитті жүргізуге негіз;

5) міндетті экологиялық аудиттің қорытындысын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету мерзімі көрсетілуге тиіс.

5. Міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды аудиттелетін субъектінің басшысына жолданады.

 

84-бап. Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктерi

1. Міндетті экологиялық аудит аудиттелетін субъект міндетті  экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу үшін міндетті экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудитті жүргізу негіздемесімен, аудиттелетін субъектіге тән экологиялық проблемалармен және өзге де аспектілермен танысады.

 

85-бап. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар

1. Экологиялық аудиторлық есеп міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша:

1) экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның құқықтылығын растайтын мәліметтерді;

2) аудиттелетін субъект туралы жалпы ақпаратты;

3) экологиялық аудитті жүргізу негіздемесін;

4) экологиялық аудитті жүргізудің жоспарын;

5) жинақталған ақпарат тізбесін және оған шолуды;

6) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал қою нәтижелерін;

7) арнайы зерттеулердің нәтижелерін;

8) экологиялық тәуекелдерді бағалауды (сандық және сапалық тұрғыдан);

9) экологиялық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі ұсынымдар тізбесін;

10) аудиттелетін субъектінің қоршаған орта үшін қауіпсіздік дәрежесі, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құжаттама мен есептілікті жүргізудің дұрыстығы туралы тұжырымдарды қамтуға тиіс.

2. Бастамашылық экологиялық аудит есебінің нысаны экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта белгіленеді.

3. Бастамашылық экологиялық аудиттің есебі құпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттің есебіндегі мәліметтерді жария ету құқығына аудиттелетін субъект ғана ие болады.

 

86-бап. Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тәртібi

1. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және аудиттелетін субъектінің басшысына жібереді.

2. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін аудиттелетін субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтің теріс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, экологиялық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады.

3. Міндетті экологиялық аудит барысында аудиттелетін субъектілердің экологиялық есептілігінде дұрыс емес фактілер анықталған жағдайда, аудиттелетін субъект экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің есептілігін экологиялық аудит ұсынымдарына сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі өзге де шараларды қолдануға және бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге тиіс.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір ай мерзімде оны қарауға міндетті.

5. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аудиттелетін субъектінің экологиялық талаптарды және қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшін пайдаланады.

6. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебін қараудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

1) аудиттелетін субъектінің қызметін тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгінуге;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерістер енгізуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқс шарттарының (келісімшарттардың) және табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге;

3) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерістер енгізу ұсынымдарын беруге құқылы.

7. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебі бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

87-бап. Экологиялық аудитор

1. Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

2. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы.

 

88-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Экологиялық аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздігін анықтау мен бағалауға бағытталған, олардың шаруашылық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.

I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

2. Шетелдік экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметті тиісті экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған кезде ғана жүзеге асыра алады.

3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы

1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың және мемлекеттік органдарда экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.

Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін жарғысының негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.

2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:

1) экологиялық аудиторлардың қызметін материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

2) экологиялық аудиторлық қызметтің жүзеге асырылуына кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.

4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар экологиялық аудиторлық қызметті дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырған жағдайда олар мүшелікке қабылданады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде экологиялық аудиторлар палатасына қабылдаудан бас тартуға болмайды.

5. Экологиялық аудиторлар палатасынан шығару:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған;

2) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және нормаларын өрескел не бірнеше рет бұзған;

3) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтыны анықталған жағдайларда;

4) экологиялық аудиторлар палатасының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

6. Экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатын, экологиялық аудиторлық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады.

 

90-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтары

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:

1) экологиялық аудитті жүргізудің әдістерін дербес айқындауға;

2) экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті құжаттаманы алуға және тексеруге;

3) экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген адамдардан басқа әртүрлі кәсіп мамандарын шарттық негізде тартуға;

4) аудиттелетін субъект экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда, экологиялық аудитті жүргізуден не экологиялық аудиторлық есепті беруден бас тартуға құқылы.

 

91-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымдардың міндеттерi

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:

1) осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудитті жүргізудің мүмкін еместігі жөнінде хабарлауға;

2) аудиттелетін субъектіден алынған, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу процесінде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) аудиттелетін субъектіге экологиялық аудит нәтижесінде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталғаны туралы хабарлауға;

4) экологиялық аудиторлық есептердің, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу кезінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға міндетті экологиялық аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы жөнінде хабарлауға;

6) экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті.

 

92-бап. Экологиялық аудитті жүргізу құқығын шектеу

Экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың:

1) осы экологиялық аудиторлық ұйым немесе экологиялық аудитор өзінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;

2) орындаушылары аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъекті акцияларының он және одан да көп процентін (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын жағдайда;

3) орындаушыларының аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар болса;

4) егер, экологиялық аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың аудиттелетін субъекті алдында немесе аудиттелетін субъектінің олардың алдында ақшалай міндеттемелері болса, экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.

 

93-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттерi

1. Аудиттелетін субъект:

1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешімді дербес қабылдауға;

2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға;

3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік құқықтық актілермен танысуға;

4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жайлар туралы ұсыныстар, ақпарат алуға;

5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудитті жүргізу шартының талаптарын бұзған жағдайда олардың қызмет көрсетуінен бас тартуға құқылы.

2. Аудиттелетін субъект:

1) міндетті экологиялық аудиттің жүргізілуін ұйымдастыруға;

2) экологиялық аудитті уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;

3) экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға қажетті толық әрі дұрыс құжаттаманы және өзге де ақпаратты ұсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсініктемелер беруге;

4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептілікті және экологиялық аудитті жүргізуге қажетті өзге де құжаттарды табыс етуге;

5) егер экологиялық аудитті жүргізу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметін шектемеуге;

6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпарат алу үшін өз атынан үшінші тұлғаларға жазбаша сауал жіберуге;

7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтер көрсетуіне ақы төленуін қамтамасыз етуге;

8) экологиялық аудитті жүргізу шарты бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті.

 

94-бап. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудитi

1. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті бастамашылық аудит болып табылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Экологиялық менеджмент жүйелерi аудитiнiң нәтижелерi бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқарудың енгiзiлген жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн растайтын құжатты ала алады.

 

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен кодекс 9-1-тараумен толықтырылды

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

 

94-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) қондырғы операторларына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;

2) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерінің нарықтық тетіктерін белгілеуді;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қондырғы операторларын әкімшілендіруді қамтиды.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (1 - 3, 5 - 8-тармақтар 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар

1. Қондырғы операторларының мынадай шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмастан, қондырғыларды пайдалануына тыйым салынады.

2. Парниктік газдардың шығарындыларына квоталар Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында көрсетілген көлемге сәйкес ол күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктері мемлекеттік тізіліміндегі қондырғы операторының есебіне жазылады.

3. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жылдың бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға расталған парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын ұсынады.

Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары мен қондырғы паспорты осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қондырғы операторының есеп-шоты талап етілетін құжаттар ұсынылғанға дейін бұғаттауға жатады.

4. Қондырғы операторы ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес парниктік газдарды түгендеу туралы өткен жылға арналған верификацияланған есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтыруға міндетті.

5. Қондырғы операторына тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында белгіленген, сондай-ақ осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда алынған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды көлемнен асыруға тыйым салынады.

Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген бар квоталарды өз қондырғыларының арасында дербес бөлістіруге құқылы.

6. Қондырғы операторы, осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес берілген квоталарды қоспағанда, квоталар бірліктерін сатуға немесе сатып алуға құқылы.

7. Осы баптың 1-тармағының сақталуын бақылау тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қондырғыларға және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын әкімшілендіру субъектілерінің қондырғыларына қатысты ғана жүзеге асырылады.

8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес өтелуге жатады.

 

94-3-бап. 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-4-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту

1. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлеген жылдың басынан және оның қолданылу кезеңінде қондырғының қуаттылығы ұлғайған және (немесе) парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көздері енгізілген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемін алу үшін өтініш жасайды.

2. Қондырғының операторы, оның атауы не ұйымдық-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымын тиісті өзгерістер енгізілгендігі туралы хабардар етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді.

Парниктік газдардың шығарындылары бойынша міндеттемелер қондырғының жаңа операторына өтеді.

3. Қондырғы операторы таратылған жағдайда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың пайдаланылмаған көлемі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.

4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

94-5-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына бөлінген және берілген квоталар 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген саны мен көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тиісті кезеңге әзірленеді.

2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында реттелетін қызмет салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және қондырғылар үшін бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемімен бірге қондырғылардың тізбесі белгіленеді.

3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары мыналар:

1) жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу;

2) осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квоталар беру;

3) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде пайдаланылуы осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілік субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;

4) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін беру;

5) аукцион шартымен квоталарды сату үшін квоталар резервінің көлемін қамтиды.

4. Қондырғыларды Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізу және одан шығару Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және квоталардың Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген саны мен көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Квоталар көлемінің резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген квоталар көлемінің резерві қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымына сатуды ұйымдастыру үшін беріледі.

Резервтегі парниктік газдарға квоталарды сатудан алынған қаражат мемлекеттік бюджеттің кірісіне түседі.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

94-6-бап. Әкімшілендіру субъектілері

1. Әкімшілендіру субъектілері мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындылары жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін баламасын құрайтын қондырғы операторлары болып табылады.

2. Осы Кодекстің 94-2, 94-4 және 94-11-баптары, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.

3. Әкімшілендіру субъектілері ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейінгі мерзімде Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес өткен жылға арналған парниктік газдарды түгендеу туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтырады.

Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептері верификациялауға жатпайды.

4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде пайдаланылуы осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағы талаптарына дөп түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес квоталауға жатады.

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-7-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

94-7-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетігі

1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетігі:

1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерінің, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;

2) парниктік газдарды сіңіру бірліктерінің, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерінің, шығарындыларды азайту бірліктерінің саудасын;

3) парниктік газдар шығарындыларына шектеуі және (немесе) азайтулары бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.

2. Көміртегі бірліктерін сатуды және сатып алуды:

қондырғы операторлары;

парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы жүзеге асырады.

3. Квоталар бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржаларында жүргізіледі.

Қондырғы операторы квоталарды мәміле жасалған күнгі квотаның биржалық белгіленім деңгейінен төмен емес бағамен сатып алу-сату шарты бойынша тікелей сату (сатып алу) арқылы өткізуге құқылы.

Қондырғы операторы квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізудің қорытындысы бойынша мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ қондырғы операторларына парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-9-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне енгізілген көміртегі бірліктері Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың және көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларына сәйкес ішкі сауда нарығында айналымда болады.

2. Сертификатталған азайту бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауданың мақсаттарында пайдаланылуы және мемлекеттік белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен басқа елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.

4. Квоталар бірліктері тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылуы шегінде бір есепті жылдан басқа есепті жылға көшірілуі мүмкін.

Пайдаланылмаған квоталар бірліктерінің көлемі келесі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына көшірілмейді және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне қайтарылуға жатады.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар

1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Бұл ретте, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптардың қолданысына түсетін қондырғыларға қатысты парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар жүзеге асырыла алмайды.

2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:

1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);

2) ауыл шаруашылығында;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;

4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;

5) жердің тозуының алдын алуда;

6) жаңартылатын энергия көздерінде;

7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;

8) көлікте;

9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;

10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.

3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 94-11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

94-11-бап. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің рәсімі

1. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғының орындалуға міндетті парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын әзірлейді.

2. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары валидациялауға жатады.

3. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі жоқ болған жағдайда, қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жататын өзінің әдістемесін әзірлеуге құқылы.

 

94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.

3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

 

 

3-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу

 

10-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерi

 

95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi

Мыналар:

1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

2-1) 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;

6) экологиялық сақтандыру;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері болып табылады.

 

96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.

2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:

1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;

2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын;

3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын алатын және оларды болғызбайтын;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;

6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім мен ағарту ісіне ықпал ететін;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.

3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкін.

4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

 

98-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.

2. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.

6. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.

2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау

Өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) іске асырудан қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың негізінде, табиғат пайдаланушы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында айқындалған эмиссиялар нормативтерінің шегінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды.

 

102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндеттi төлемдер

Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

 

103-бап. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

104-бап. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер бере алады.

 

105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктерi

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.

2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгіленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.

 

106-бап. 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

107-бап. Экологиялық сақтандыру

1. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Ерікті экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.

 

 

11-тарау. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау

 

108-бап. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібi

1. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, жер қойнауын заңсыз пайдаланудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес тікелей немесе жанама әдiстермен айқындалады.

 

109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісi

1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары бірінші кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады.

3. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

4. Залалды тура әдіспен экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

5. Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

 

110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі

1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады.

2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.

 

 

4-Бөлім. Экологиялық бақылау

 

12-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау,молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

 

111-бап. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты мен түрлерi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылаудың мынадай түрлері қолданылады:

1) экологиялық бақылау;

2) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау;

4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі бақылау;

5) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау;

6) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау.

 

112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

5) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

7) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;

11) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

12) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

13) көлікті бақылау органдары болып табылады.

 

113-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеттерi

Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай міндеттерді:

1) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшін қызмет етеді.

 

114-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың бағыттары

Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;

2) қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуіне;

3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) - 8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;

10) қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келісімшарттық талаптардың сақталуына;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде авариялық және өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына;

16) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың көмілуіне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;

17) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18) су сапасы нормативтерінің сақталуына;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

19) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның ішінде көлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезінде техникалық регламенттердің, нормативтердің, ережелер мен өзге де талаптардың сақталуына;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;

21) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

22) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде радиоактивті және өзге де экологиялық жағынан қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар істеу ережелерінің сақталуына;

24) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25) экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;

26) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерінің сақталуына;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

28) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

29) тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;

30) өндірістік экологиялық бақылау нормалары мен ережелерінің сақталуына;

31) Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

32) қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерінің сақталуына;

33) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің міндеттілігі туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;

34) міндетті экологиялық аудит жүргізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;

35) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

36) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерінің сақталуына;

37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

38) озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

39) өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

40) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының осы Кодексте айқындалған талаптарды орындауына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

115-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру

1. Мемлекеттік экологиялық бақылау:

1) қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөніндегі статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметі туралы деректерін талдау;

2) табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргізу;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

3) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік экологиялық бақылау шаралар кешенін, оның ішінде:

1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды;

2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;

3) қызметтің перспективалық жоспарларын, нақты іс-шаралар мен қажетті кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткіштерді әзірлеу мен енгізуді;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуді;

5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) талдама бақылаудың деректерін және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;

7) мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері қызметінің перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың іске асырылуын талдауды;

8) мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері қызметінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етуді қамтиды.

 

116-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;

Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгiленген тәртiппен нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк куәлiктермен не сәйкестендіру карталарымен, омырау белгiлерiмен және белгiленген үлгiдегi мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етiледi.

Нысанды киім (погонсыз) киiп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның қызметіне араласуға жол берілмейді.

4. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш көрсету немесе зорлық іс-әрекет жасау арқылы қатер төндіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерін барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті және солар бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына және сотқа шағым жасауға болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.

 

117-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) табиғат пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;

2) тексерілетін объектілерде, оның ішінде әскери және қорғаныс объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз болуға;

3) жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар алуға арналған өлшеу аспаптары мен жабдықтарды алып кіруге, қажет болғанда мамандарды және жұртшылық өкілдерін тарта отырып, қажетті өлшеу жұмыстарын жүргізуге, сынамалар (оның ішінде тауарлар мен материалдардың үлгілерін) алуға және оларға талдау жасауға;

4) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулар нәтижелерін және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;

7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге;

9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылардың іс-әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін жәрдемдесуін сұрап, прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.

11) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнаулы құралдарды (арнайы байланыс құралдарын, фото-бейне аппаратураларды, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

 

118-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттерi

Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері бар фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған ақпарат құпиялылығын сақтауға;

6) қызметтік әдеп ережелерін сақтауға міндетті.

 

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 119-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 119-бап өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 119-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары

1. Мемлекеттік экологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін ендірген табиғат пайдаланушылардың объектілерінде жүргізілмейді.

«Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 бірлескен бұйрығын, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі тексерістің нәтижелері туралы актіні қараңыз

 

120-бап - 124-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін ендірген табиғат пайдаланушыларға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректерді талдау жолымен жүргізеді.

2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

3. Бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) оған бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хатты ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді.

4. Ақпараттық хат жөнелту және алу фактілерін растайтын тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуге тиіс.

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ақпараттық хатта алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) курьерлік не пошта қызметімен;

3) электрондық тәсілмен - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.

5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты алған бақылау субъектісі, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып ұсынуға міндетті.

Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі ақпараттық хатты жіберген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ақпараттық хат табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 126-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

126-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбi

Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыз оларға жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа беріледі.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 126-1-баппен толықтырылды

126-1-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

1. Табиғат пайдаланушы апелляциялық комиссияға тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауы туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

Апелляциялық комиссияның құрамына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде кіреді.

2. Шағымды апелляциялық комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексерулер нәтижелері туралы актісіне шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.

3. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жазбаша нысанда беріледі.

4. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

5. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексерулер нәтижелері туралы актілерге шағымдарды қарау нәтижелерін қорытуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды.

6. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуі сот шешім шығарғанға дейін апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауын тоқтата тұрады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 126-2-баппен толықтырылды

126-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат апелляциялық комиссияның мүшелеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізген тексерулер нәтижелері туралы актілерге шағымды қарау кезінде шағым берген адамның жазбаша рұқсатын алмастан, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер апелляциялық комиссия мүшелерінің жария етуіне жатпайды.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

127-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргiзу кезiнде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

1. Табиғат пайдаланушыға қатысты құпия ақпарат табиғат пайдаланушының жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға берілмейді. Ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және халықаралық шарттарда айқындалады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік экологиялық инспектор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген құпия ақпарат беруді қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.

 

 

14-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау

 

128-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары

1. Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

2. Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаттары:

1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететін өндірістік процестерді реттеу аспаптарына қатысты шешімдер қабылдау үшін ақпарат алу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) табиғат пайдаланушының өндірістік процестерінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуін мейлінше азайту;

4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

5) тосын жағдайларға жедел кідіріссіз ден қою;

6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерінің неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершілігін қалыптастыру;

7) кәсіпорындардың экологиялық қызметі және халықтың денсаулығы үшін қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;

8) экологиялық талаптарға сәйкестіктің деңгейін арттыру;

9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің өндірістік және экологиялық тиімділігін арттыру;

10) инвестициялау және кредит беру кезінде экологиялық тәуекелдерді есепке алу болып табылады.

 

129-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібi

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Өндірістік экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзірлеген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде табиғат пайдаланушы жүзеге асырады.

2. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі, оның мерзімділігін, ұзақтығы мен өлшемдер жиілігін айқындау критерийлері, пайдаланылатын аспаптық немесе есептік әдістер белгіленеді.

3. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндірістік факторлар деңгейін, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемін өлшеу негізінде және (немесе) есептеу негізінде жүзеге асырылады.

 

130-бап. Табиғат пайдаланушының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерi

1. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушының:

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап отыру үшін ең аз қажетті көлемде өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

2) өзінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қабылданған талаптарға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге;

3) өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және персоналдың оны жүргізу үшін жауапкершілігін дербес айқындауға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) кеңейтілген өндірістік экологиялық бақылауды ерікті негізде жүргізуге;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарға сәйкес ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға құқығы бар.

2. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушы:

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;

2) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын іске асыруға және нәтижелерін құжаттауға;

3) рәсімдік талаптарды ұстануға және алынған деректердің сапасын қамтамасыз етуге;

4) өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қолдануға;

5) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген тәртіппен ұсынуға;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;

7) қауіпсіздік техникасын сақтауға;

8) жүзеге асырылатын өндірістік экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтілігін растау үшін мемлекеттік экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

9) жұртшылықтың өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептік деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

10) мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерін және өзге де материалдарын ұсынуға міндетті.

 

131-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге қойылатын талаптар

1. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын табиғат пайдаланушы әзірлейді.

2. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:

1) өндірістік мониторинг процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі;

2) өндірістік мониторинг пен өлшеулерді жүзеге асыру кезеңі, ұзақтығы және жиілігі;

3) өндірістік мониторингті жүргізуде пайдаланылатын әдістер туралы мәліметтер;

4) сынамаларды іріктеп алу нүктесі және өлшеулер жүргізу орны;

5) деректерді есепке алуды жүргізудің, талдаудың және хабарлаудың әдістері мен жиілігі;

6) ішкі тексерулердің жоспар-кестесі және олардың сақталмауына ден қоюдың ішкі аспаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі;

7) аспаптық өлшеулердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері;

8) тосын жағдайлардағы іс-қимыл хаттамасы;

9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін қызметкерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы;

10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері көрініс табатын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

 

132-бап. Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру

1. Өндірістік мониторинг өндірістік экологиялық бақылаудың белгіленген кезеңділікпен толық деректер алу үшін орындалатын элементі болып табылады.

2. Өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру шеңберінде операциялық мониторинг, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі орындалады.

3. Операциялық мониторинг (өндірістік процесс мониторингі) табиғат пайдаланушының қызмет көрсеткіштері оны тиісті жобалық пайдалану және осы өндірістің технологиялық регламентінің талаптарын сақтау үшін орынды деп есептелетін ауқымда тұрғанын растау үшін технологиялық процестің параметрлерін қадағалауды қамтиды. Операциялық мониторингтің мазмұнын табиғат пайдаланушылар айқындайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Эмиссиялардың санын, сапасын және олардағы өзгерістерді байқау не қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі арқылы байқау қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі болып табылады.

5. Әсер ету мониторингін жүргізу, ол Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының және қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қадағалап отыру үшін қажет болған жағдайларда өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына енгізіледі.

6. Әсер ету мониторингі мынадай жағдайларда:

1) табиғат пайдаланушының қызметі сезімтал экожүйеге және халықтың денсаулығына әсер ететін болса;

2) технологиялық объектілерді пайдалануға беру кезеңінде;

3) қоршаған ортаға авариялық эмиссиялардан кейін міндетті болып табылады.

7. Әсер ету мониторингін табиғат пайдаланушы жеке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша басқа да табиғат пайдаланушылармен бірге жүзеге асыруы мүмкін.

8. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда

9. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингін «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалар жүзеге асырады.

10. Өндірістік мониторингтің деректері Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйін бағалау үшін пайдаланылады.

 

133-бап. Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есеп пен есептілік

Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес ішкі есепті жүргізеді, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша кезеңдік есептер беруді қалыптастырады және ұсынады.

 

134-бап. Табиғат пайдаланушының ішкі тексерулердi ұйымдастыруы

1. Табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын тұрақты ішкі тексеру және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін экологиялық және өзге де рұқсаттардың талаптарымен салыстыру жөнінде шаралар қолданады.

2. Ішкі тексерулерді еңбек міндеттеріне қоршаған ортаны қорғау мәселелері және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар кіретін қызметкер (қызметкерлер) жүргізеді.

3. Ішкі тексерулер барысында:

1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуы;

2) қоршаған ортаны қорғауға қатысты өндірістік нұсқаулықтар мен ережелерді ұстану;

3) экологиялық және өзге де рұқсат талаптарын орындау;

4) өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелері бойынша есеп пен есептілікті жүргізудің дұрыстығы;

5) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері көрініс табатын өзге де мәліметтер бақыланады.

4. Ішкі тексеруді жүзеге асыратын қызметкер (қызметкерлер):

1) алдыңғы ішкі тексеру туралы есепті қарауға;

2) қоршаған ортаға эмиссия жүзеге асырылатын әрбір объектіні қарап тексеруге;

3) қажет болған жағдайда, басшыға тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді түзету жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптарды, оларды жою мерзімдері мен тәртібін қамтитын жазбаша есеп жасауға міндетті.

 

 

15-тарау. Қоғамдық экологиялық бақылау

 

135-бап. Қоғамдық экологиялық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi

1. Қоғамдық экологиялық бақылау жұртшылықты мемлекеттің экологиялық проблемаларына тарту мақсатында жүргізіледі.

2. Қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу тәртібін қоғамдық бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес айқындайды.

 

136-бап. Ақпараттық және өзге де өзара іс-қимыл

1. Жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысы және оның нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуге тиіс.

2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жекелеген тексерулер нәтижелерінің және жылдық есептіліктің жариялануын қамтамасыз етеді.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ынтымақтасу және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру үшін жарғыларында қоғамдық экологиялық бақылау функциясы көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды.

4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерікті негізде тартуы мүмкін.

 

 

5-Бөлім. Экологиялық мониторинг пен кадастрлар

 

16-тарау. Қоршаған орта мен  табиғи ресурстар мониторингi

 

137-бап. Мемлекеттік экологиялық мониторинг

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) - табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, олардың жай-күйін байқаудың кешенді жүйесі.

2. Атмосфералық ауа, жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік экологиялық мониторинг объектілері болып табылады.

 

138-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі және оның міндеттерi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы мемлекеттік уәкілетті органдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.

3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің принциптері:

1) бірыңғай ұйымдық, әдістемелік, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негізінде жұмыс істеу;

2) қолданыстағы мемлекеттік және өзге де мониторинг жүйелерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану болып табылады.

4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері:

1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердің жай-күйі туралы, антропогендік әсер ету көздері, тіршілік ету ортасының халық денсаулығына әсер ететін факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;

2) қоршаған ортаның жай-күйін, антропогендік әсер ету деңгейлерін, биосфера жай-күйінің көрсеткіштерін, экожүйелердің функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;

3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешімдері мен өткізілетін іс-шаралардың тиімді болуына талдау жүргізу үшін деректермен қамтамасыз ету болып табылады.

5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелері мен мониторингтің кіші жүйелерінің базасында қалыптасады.

6. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес табиғи объектілерге зерттеу жүргізуге және мониторинг түрлерін (кіші жүйелерді) ұйымдастыруға міндетті.

 

139-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкіне берілетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингінің, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жүзеге асыратын өндірістік мониторингтің нәтижелеріне негізделеді.

2. Бағдарламалық құралдар жүйесі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ жүйелері мен кіші жүйелерінің деректер банктері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ете отырып, ақпараттың бірыңғай әдістемелік негізде жинақталуын, өңделуі мен сақталуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге тиіс.

3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде ақпарат алмасу табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбелерге, нысандар мен мерзімдерге сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

140-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұны

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұнын мониторингтің мынадай кіші жүйелері:

1) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;

2) табиғи ресурстар мониторингі;

3) мониторингтің арнайы түрлері құрайды.

2. Жұмыс істеу процесінде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің кіші жүйелеріне мониторингтің басқа да түрлері енуі мүмкін.

 

141-бап. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингi

1. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:

1) атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;

2) атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;

3) су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;

4) топырақ жай-күйінің мониторингі;

5) метеорологиялық мониторинг;

6) радиациялық мониторинг;

7) трансшекаралық ластаулар мониторингі;

8) фондық мониторинг.

2. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

3. Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі - Қазақстан Республикасының елді мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. Мемлекеттік бақылау бекеттерінің санын және оларды әрбір нақты елді мекенде орналастыруды халық саны, жер рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде айқындайды.

4. Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі - атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерінен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.

5. Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі - жер үсті және жер асты сулары сапасының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.

6. Топырақ жай-күйінің мониторингі - елді мекен жерлерінде, суармалы аумақтар мен ауыл шаруашылығы алқаптарында топырақтың техногендік ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.

7. Метеорологиялық мониторинг - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардың туындау ықтималдығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстінің физикалық параметрлеріне, метеорологиялық, оның ішінде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешенді жүйесі. Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде климаттың және Жердің озон қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады.

8. Радиациялық мониторинг - қоршаған ортаның объектілері мен аумақтардың техногендік және табиғи радиоактивті ластануына бақылау жасау жүйесі.

9. Трансшекаралық ластану мониторингі - трансшекаралық сулар мен ауаның трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді болғызбау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.

10. Фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.

 

142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi

1. Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:

1) жер мониторингі;

2) су объектілері және оларды пайдалану мониторингі;

3) жер қойнауы мониторингі;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі;

5) таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі;

6) орман мониторингі;

7) жануарлар дүниесі мониторингі;

8) өсімдіктер дүниесі мониторингі.

2. Табиғи ресурстар мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жер мониторингі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілген байқаулар жүйесін білдіреді.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Су объектiлерi мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Жер қойнауының мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды басқаруды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарын бағалау, алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында жинақталады.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі - табиғи процестердің қалыпты өтуі мен қоршаған ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелеріне әсерін зерттеу үшін бақылау жасау жүйесі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингінің деректері Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрында қорытылады.

7. Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі - шөлейттену мен оның зардаптарына және таулы экожүйелердің жай-күйіне бақылау жасау.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Орман мониторингiнің деректері Мемлекеттік орман кадастрында жинақталады.

9. Жануарлар дүниесінің мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру мен пайдалану және биологиялық әралуандықты сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын бақылау, бағалау және болжау жүйесі болып табылады. Жануарлар дүниесі мониторингінің деректері Жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрында қорытылады.

10. Өсімдіктер дүниесінің мониторингі өсімдіктер дүниесін зерттеу, қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мақсатында олардың объектілері жай-күйінің бағалануын бақылау жүйесін білдіреді.

 

143-бап. Мониторингтің арнайы түрлерi

1. Мониторингтің арнайы түрлеріне:

1) әскери-сынақ полигондарының мониторингі;

2) «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі;

3) парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;

4) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;

5) климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі;

6) төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала аймағының мониторингі;

7) ғарыштық мониторинг жатады.

2. Әскери-сынақ полигондарының мониторингі - әскери, оның ішінде зымырандық техниканы сынақтан өткізуден, жабық және қолданыстағы полигондар аумақтарында бейбіт мақсаттарда ядролық жарылыстар жасаудан туындайтын қоршаған ортаның ластануына бақылау жасау жүйесі.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi - «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі - парниктік газдардың атмосфераға шығарылатын шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды және олардың көздеріне бақылау жасау және есепке алу жүйесі.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйіне, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындаудың мемлекеттік бақылау жасау жүйесі. Мониторингті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.

6. Климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі - климаттың өзгерістері мен Жердің озон қабатының динамикасына, олардың жай-күйін кешенді бағалау мен болжауға бақылау жасау.

7. Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала аймағының мониторингі - төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Ғарыштық мониторинг - Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Осы баптың 2, 4, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мониторингтің арнайы түрлерiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 

144-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері мен байқау желілерi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мониторингін жүргізу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:

1) жергілікті (өндірістік мониторинг және елді мекендердің нақты учаскелерінің, су тоғандары мен өзендердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі);

2) өңірлік (өңірлердің физикалық-географиялық және экономикалық ерекшеліктерін, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйі мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететін табиғи және техногендік факторлар кешенін ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер шегіндегі мониторинг);

3) республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттік мәні бар ірі өңірлер мен жекелеген объектілерді бөліп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын мониторинг).

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн байқау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеше байқау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдауды аккредиттелген талдамалық зертханалар және (немесе) автоматтық байқау пункттері жүзеге асырады.

3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің шеңберінде бақылау желілерін құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

 

145-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу негіздерi

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі:

1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті әдістемелік база;

2) қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын нормативтерді, оған антропогендік әсер ететін нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешімдерді шығару және қабылдау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін негіз болып табылатын экологиялық қауіпсіздік нормаларын әзірлеу және белгілеу;

3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің, оның құрылымдық бөлімшелері мен элементтерін құру және жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті талаптарды, ережелер мен рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қолданысқа енгізу;

4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін әдістемелік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;

5) ақпараттық жүйелердің құрылымдарын, деректер базасының жүйелерін, жіктеуіштерді, деректер сөздіктерін және құжаттардың біріздендірілген нысандарын әзірлеу;

6) техникалық қамтамасыз ету;

7) талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да бөлімшелерді аккредиттеуді ұйымдастыру негізінде жұмыс істейді.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 145-1-баппен толықтырылды

145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау

1. Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның ішінде желіге бөлінген жер учаскелері мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады әрі жекешелендіруге жатпайды.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

Жаңадан ашылатын байқау пункттерінің орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі. Көрсетілген байқау пункттерінің қызметін тоқтату Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне кіретін стационарлық байқау пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 145-2-баппен толықтырылды

145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік бақылау жасау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бюджет қаражаты есебінен құрылады және жұмыс істейді.

Мемлекеттік байқау желісінде жүзеге асырылатын, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын - ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақпарат ұсынады.

 

146-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қаржыландыру:

1) мониторингтің республикалық деңгейін жасауға және оның жұмыс істеуіне қолдау көрсетуге;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мониторингтiң және оның кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға;

3) мониторингтің аумақтық деңгейін жасауға және оның жұмыс істеуіне қолдау көрсетуге, оны дамыту мүддесі үшін ғылыми-техникалық өнімді жасауға арналып көзделеді.

 

 

17-тарау. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу

 

147-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін есепке алуды жүргізудің міндеттері мен принциптерi

1. Қоршаған ортаның ластану учаскелері мен объектілерін мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген нормативтерден жоғары деңгейде зиянды, оның ішінде шығу тегі табиғи заттармен ластанған қоршаған орта учаскелері мен объектілерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді жүйелі түрде айқындау мен бекіту болып табылады.

2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алудың деректері олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігінің, зерделенуінің, пайдаланылуының және рекультивациялануының дәрежесін сипаттайды.

3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алуды арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша табиғат пайдаланушылар және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын деректердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

148-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерін есепке алуды жүргізудің тәртібі және олардың тізілімдерi

1. Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көздері, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлану көлемі, ластану учаскелерінің тиесілігі және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жинақталатын деректер банкі болып табылады.

2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады. Мемлекеттік тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

18-тарау. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары

 

149-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесi

1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетінің бірыңғай жалпы мемлекеттік кешенді есебін жүргізу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының барлық түрлерін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе ретінде құрылады және жүргізіледі.

2. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы болып табылады.

3. Қоршаған ортаның құрамдас бөліктері: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады.

4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың жай-күйі мен оларды пайдалану есебі деректерінің негізінде табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізеді.

5. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары жүйесінде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, әрбір есепке алынған кадастрлық объектіге оның жай-күйі туралы цифрлы түрдегі құжаттамалық мәліметтер қамтылады.

6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі принциптері:

1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының біртұтастығы;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі болып табылады.

 

150-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны

Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мына есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мына арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады:

1) мемлекеттік жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

2) мемлекеттік су кадастры бойынша (жер үсті және жер асты су көздері, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғаусаласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейні және әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

3) мемлекеттік орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша - жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде.

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

151-бап. Ақпарат беру

1. Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберінде алынған объектілерді есепке алу мен тіркеудің нәтижелерін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтеусіз береді.

2. Кадастрлардың бірыңғай жүйесіне енгізілген объект туралы деректерде:

1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объект паспорты және статистикалық ақпарат;

2) объектілердің кеңістіктегі жағдайы туралы картографиялық материал және аумақтарды кешенді бағалау үшін қажетті басқа да деректер қамтылуға тиіс.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

19-тарау. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік Кадастры

 

152-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры

1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Қалдықтардың мемлекеттік кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі (олардың кеңістіктегі орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлері, олардың шығу көздері мен физикалық-химиялық қасиеттері (халыққа және қоршаған ортаға қауіптілігі ескеріле отырып), компоненттік құрамы, сандық және сапалық көрсеткіштері, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізінде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бірегей мәліметтер жиынтығы болып табылады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Барлық қалдық түрлері және қалдықтарды орналастыру объектілері Қалдықтардың мемлекеттік кадастрында есепке алынуға тиіс.

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.

 

153-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттерi

1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешімдерді бағалау, болжау, әзірлеу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттік кешенді есебін жүргізу мақсатында жүргізіледі.

2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізудің негізгі міндеті жалпы мемлекеттік, өңірлік және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелерді және деректер банкін қалдықтар, оларды өңдеудің қасиеттері мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

154-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу

1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттаманы:

1) қауіпті қалдықтардың паспортын;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті;

3) 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мыналарды:

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесін бөлу туралы шешімін;

жер учаскесі орналасқан жер бойынша өздерінің құзыреті шеңберінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері растаған, жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың берілгені туралы анықтаманы;

қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін;

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін ұсынады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды толтыру нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы жыл сайын ұсынылады.

Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы қайтадан ұсынылады.

 

155-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайын ақпараттық шолу жасайды.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылады.

 

 

20-тарау. Зиянды зaттapды, радиоактивті қалдықтарды көму мен

сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры

 

156-бап. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - көмінділердің мемлекеттiк кадастры) жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілері мен орындарының барлығы бойынша мiндеттi болып табылады.

2. Көмудің мемлекеттік кадастрын жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешім қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйіне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Көмінділердің мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

4. Көмудің мемлекеттік кадастрының есебіне зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.

 

157-бап. Көмудің мемлекеттік кадастрының мазмұны

1. Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады және:

1) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің жалпы сипаттамасын: орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мен жер қойнауы мониторингін бақылау желісінің болуын және орналасуын;

2) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типін, қабатты-коллектор жатқан жердің тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектік коэффициентін, төсеніштік және бөгесіндік су қысымының сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткіштерді;

3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнімнің атауын, нәтижесінде өнім жасалатын технологиялық өндірістер немесе процестерді, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты компоненттерінің болуын, өрт шығу-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығы, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың активтілігі және басқа да сипаттамалар), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын қамтиды.

2. Көмудің мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және жер қойнауына ағызылатын сарқынды сулар үшін жеке жүргізіледі.

 

158-бап. Көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу

1. Табиғат пайдаланушылар есеп беретін жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша жыл сайын осы Кодекстің 157-бабының 1-тармағында аталған мәліметтердің екі данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердің негізінде Көмудің мемлекеттік кадастрын жасайды.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу кезінде:

1) табиғат пайдаланушылардан мәліметтердің уақтылы түсуін бақылауды;

2) материалдарды жинауды, олардың есебін, жүйеленуі мен сақталуын;

3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасауды және оның жұмыс істеуін;

4) Көмудің мемлекеттік кадастрын дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді.

 

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен кодекс 20-1-тараумен толықтырылды

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

 

158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі

1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты көлемін айқындауға қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.

2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есептілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қондырғылар паспортында ұсынылатын деректерге негізделеді.

3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.

 

158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.

2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.

 

158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі

1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің негізгі функциялары айналымға енгізілген, сақтауда жатқан, берілген, сатып алынған, жойылған және айналымнан алынған көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық тізілімдермен деректер алмасу болып табылады.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдарды реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы қалыптастырады және жүргізеді.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 158-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

158-4-бап. Валидация және верификация

1. Валидация және верификация жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Валидация және верификация жөніндегі орган валидацияның және верификацияның дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.

3. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті, мониторинг жоспарын және қондырғы паспортын қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша ұсынады.

Валидация және верификация қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының валидациясын және верификациясын валидация және верификация жөніндегі сол бір орган жүргізе алмайды.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Валидация және верификация, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

21-тарау. Экологиялық ақпарат

 

159-бап. Экологиялық ақпарат

1. Экологиялық ақпарат:

1) қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі;

2) қоршаған ортаға әсер ету факторлары, оның ішінде оның ластануы туралы;

3) қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер ете алатын бағдарламалық, әкімшілік және өзге де шаралар;

4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;

5) қоршаған ортаны қорғау жөнінде жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар және оларды қаржыландыру;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер ете алатын қызмет, оның ішінде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға қатысты есептер, талдаулар мен өзге де мәліметтер;

7) қоршаған орта жай-күйінің халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне және тіршілік жағдайларына, мәдениет объектілеріне, ғимараттар мен құрылыстарға әсер етуі туралы мәліметтер мен деректерді қамтиды.

2. Экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық, дыбыс бейнелі немесе өзге де нысанда көрсетілуі мүмкін.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 160-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі

1. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі - ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.

2. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған ақпаратты ұсынады.

3. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.

Табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:

1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;

2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;

3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;

5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;

6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемақылар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 161-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

161-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады және экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми-зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.

3. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұсынады.

4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына:

1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;

2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;

4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;

5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;

6) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi;

7) қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;

8) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;

9) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;

10) Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама;

11) Ұлттық экологиялық атлас;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер;

13) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері;

14) мемлекеттiк экологиялық мониторингтің деректері;

15) экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;

16) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің факторлары және оны қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат;

17) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар кіреді.

 

162-бап. Ұлттық экологиялық атлас

1. Экологиялық ақпаратты жүйелі және көрнекі түрде беру мақсатында картографиялық материалдардың кешенді ғылыми-анықтамалық жинағы - Ұлттық экологиялық атлас жасалады.

2. Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

 

163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу

1. Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

2. Жалпыға бірдей қолжетімді экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәліметтер мен деректерге қол жеткізу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:

қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады.

 

164-бап. Субъектілердің экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге қатысты құқықтары мен міндеттерi

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпаратты қамтитын жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуге құқығы бар.

2. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды адамдар немесе жария шарттың негізінде халыққа қоршаған ортаға қатысы бар қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпаратқа, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткізуді ұсынуға міндетті.

3. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмірі мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге міндетті.

4. Жеке және заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардан, егер оны басқа нысанда беруге негіз болмаса, сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат алуға құқылы.

 

165-бап. Экологиялық ақпарат берудің мерзімдері мен тәртібi

2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Экологиялық ақпарат беру және оны беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленеді.

2. 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау рәсіміне және жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қамтамасыз етіледі.

4. Сұратылған экологиялық ақпарат мемлекеттік органда болмаған жағдайларда алынған сауал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде құзыретті мемлекеттік органға жіберіледі.

 

166-бап. 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 166-1-баппен толықтырылды

166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама

1. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады.

2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамада мынадай:

1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы;

2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;

3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы;

4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.

3. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қағидаларға сәйкес Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады.

 

167-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

167-бап. 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

22-тарау. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-Бөлім. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары

 

23-тарау. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай

немесе экологиялық зілзала аймақтары деп жариялау ұғымы және

тәртібi

 

173-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала

1. Төтенше экологиялық жағдай - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестері нәтижесінде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйіне қауіп төндіретін тұрақты теріс өзгерістер болатын аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал.

2. Экологиялық зілзала - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестері нәтижесінде халықтың денсаулығының едәуір нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерістері болған аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал.

3. Халықтың денсаулығына төнетін қауіп деп қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиілігінің артуы түсініледі.

4. Халық денсаулығының едәуір нашарлауы деп қоршаған ортаның ластануынан туындаған денсаулықтың өмірмен сыйыспайтын орны толмас бұзылуының, өлім себептері құрылымы өзгерулерінің және ерекше өзіндік аурулардың пайда болуының артуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиілігінің едәуір артуы түсініледі.

5. Аумақтарды төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарына жатқызу экологиялық ахуалды нашарлататын көздер мен факторларды анықтау және экологиялық қолайсыздық деңгейін тұрақтандыру мен азайту, қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің әсер ету деңгейін төмендету, табиғи ресурстарды қалпына келтіру және халықтың денсаулығына әсер ету салдарларын мейлінше азайту жөнінде негізделген шұғыл шаралар әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.

 

174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялаудың тәртібi

1. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала болу ықтималдығы болжанатын аумақты зерттеу мақсатында комиссия құрылады.

2. Жергілікті атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) экологиялық ахуалының қолайсыздығы болжанатын аумақта тұратын тұрғындардың;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдар депутаттарының;

3) қоғамдық бірлестіктердің өтініштері негізінде комиссия құруға бастамашы болуға құқылы.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Комиссияның құрамына жергілікті өкілді органдардың депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және басқа да мүдделі жеке және заңды тұлғалар кіреді.

4. Комиссия:

1) аумақтың экологиялық жай-күйін;

2) қолайсыз экологиялық ахуалдың туындау себептерін;

3) қандай да бір тозу деңгейіне ұшыраған аумақтардың шекараларын;

4) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайдың залалын, нашарлау мүмкіндігін;

5) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайды жою жөніндегі қажетті шараларды;

6) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепші болған факторларды жою мақсатында оны жоюға қажетті құралдарды;

7) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепші болған шаруашылық және өзге де қызмет түрлерін айқындау мақсатында материалдарды жинау мен талдауды жүзеге асырады.

5. Қолда бар материалдар жеткіліксіз болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органға қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

6. Аумақты зерттеу материалдары мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындысымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі.

7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында аумақты төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймағы деп тану немесе танымау туралы тұжырым болуға тиіс.

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындылары, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары негізінде аумақ:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен - төтенше экологиялық жағдай аймағы;

2) Қазақстан Республикасының заңымен - экологиялық зілзала аймағы деп жарияланады.

9. Осы баптың 8-тармағында тізбеленген нормативтік құқықтық актілерде:

1) экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтарының шекаралары;

2) экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймағы деп жариялау мерзімдері;

3) экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтарының құқықтық режимі;

4) тиісті аумақтағы қолайсыз экологиялық жағдайды тұрақтандыру және деңгейін азайту жөніндегі шаралар не оларды әзірлеу қажеттігіне сілтеме;

5) азаматтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккендер санатына жатқызу тәртібі және оларды әлеуметтік қорғау шаралары көрсетіледі.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Табиғи ресурстарды молайту, қоршаған ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес сараланған түрде әзiрленедi және жүзеге асырылады.

 

175-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау

1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлердің қосымша немесе көмекші түрлерін пайдалана отырып, критерийлердің басты түрлерінің негізінде жүргізіледі.

2. Аумақтардағы экологиялық ахуалды бағалау критерийлері - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

3. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын айқындау экологиялық қолайсыз жағдайдың неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 

 

24-тарау. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық

зілзала аймақтарындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктерi

 

176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық режим

1. Белгілі бір аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зілзаланың құқықтық режимі белгіленген жағдайда мынадай шаралар:

1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепші болған объектілер қызметін тоқтату не шектеу;

2) табиғи ресурстарды қалпына келтіру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде жедел шаралар;

3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшін міндетті түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауіпті жерлерден көшіру;

4) карантин белгілеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

5) ауырған, өлім-жітімге ұшырау қаупі туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу;

6) келудің және кетудің ерекше режимін белгілеу, көлік құралдарының қозғалысын шектеу;

7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс істеп тұрған, қызметі төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты емес кәсіпорындар мен басқа да объектілерді кеңейтуге уақытша тыйым салу;

8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшін тамақ өнімдерін бөлудің ерекше тәртібін енгізу;

9) жоғары экологиялық қауіп төндіретін объектілерді салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салу;

10) жиынтық қасиеттері және (немесе) жай-күйінің ерекшеліктері осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкін ерекше қауіпті (химиялық, радиоактивті, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгілеу;

11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салу;

12) адамдарға, өсімдіктерге, жануарлар дүниесіне және басқа табиғи объектілерге жоғары экологиялық қаупі бар кез келген басқа да қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгізілуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық режимді және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

 

177-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен адамдарға келтірілген зиянды өтеу

Төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зілзаланың салдарынан зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздеріне келтірілген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

 

178-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық жағдайдың мониторингi

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумағында, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберiнде қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйiне арнайы бақылаулар мен зерттеулер жүргiзiледi.

2. Бақылау және зерттеу объектілері:

1) төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зілзаланың туындауына әкеп соқтырған факторлар;

2) төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймағы аумағындағы қоршаған ортаның және халықтың денсаулығына әсер ететін келеңсіз өзгерістер болып табылады.

 

179-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимнің қолданысын тоқтату

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық жағдайдың қалыпқа түсуін куәландыратын зерттеу материалдарының негізінде төтенше экологиялық жағдай аймақтарында құқықтық режимнің қолданысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, ал экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимнің қолданысы - Қазақстан Республикасы заңымен тоқтатылуы мүмкін.

 

180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимдi бұзушылық үшін жауаптылық

Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарында құқықтық режимнің бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

 

7-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық

білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық

ынтымақтастық

 

25-тарау. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың

біліктілігін арттыру

 

181-бап. Экологиялық білім беру мен ағартудың, мамандардың біліктілігін арттырудың мақсаты және негізгі міндеттерi

1. Экологиялық білім беру мен ағартудың мақсаты орнықты даму принциптеріне негізделген азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын және қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру, экологиялық ағарту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру орнықты дамуға арналған білім жүйесінің бір бөлігі ретінде дамиды.

3. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру саласындағы негізгі міндеттер:

1) экологиялық білім берудің мазмұнын өзекті ету, білім беру ұйымдарын қазіргі заманғы оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы экологиялық білім берудің сапасын жақсартуды;

2) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалар мен іс-шараларды дамытуды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін кәсіби кадрлар даярлауды қамтиды.

 

182-бап. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің ұйымдастырушылық негіздерi

1. Экологиялық білім беру және ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті мемлекеттік органдар, білім беру, мәдениет және ғылым ұйымдары, табиғат қорғау мекемелері, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бірлестіктер, жекелеген жетекші педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.

2. Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау мақсатында білім беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жанынан өңірлік кеңестер (орталықтар) құрылады. Өңірлік кеңестердің (орталықтардың) құрамына осы баптың 1-тармағында аталған ұйымдар мен тұлғалардың өкілдері кіруі мүмкін.

 

183-бап. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру

1. Үздіксіз және кешенді экологиялық білім беру жүйесі білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды.

2. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектілерді қазіргі оқу пәндеріне кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

3. Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым міндеттерінің бірі ретінде танылады.

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіби білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

 

184-бап Экологиялық білім беру мен ағартуды мемлекеттік қолдау

1. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуі үшін білім беру саласында ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын айқындау;

2) экологиялық білім беру мен ағартудың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында білікті мамандар даярлау;

4) экологиялық білім беру мен ағарту жөніндегі оқу және әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі бағдарламаларды және іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөнінде экологиялық білім беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қолдау шаралары:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде бiлiм беру ұйымдарында экологиялық бiлiм берудi (экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмыстар мен iс-шараларды) қаржыландыруды;

2) мемлекеттік органдардың мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға белсене қатысуын;

3) орнықты даму үшін білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік тапсырыс беруді;

4) экологиялық білім беру мен ағарту саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде экологиялық бiлiм беру мен ағарту, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды қамтамасыз етудi қамтиды.

 

 

26-тарау. Экологиялық ғылыми зерттеулер

 

185-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерi

1. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелерді жақсарту, қалпына келтіру, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайту, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

2. Экологиялық ғылыми зерттеулердің міндеттері:

1) қоршаған ортаның жай-күйін ғылыми тұрғыдан бағалау және болжау;

2) ғылыми негізделген экологиялық нормативтерді, стандарттар мен талаптарды әзірлеу;

3) табиғи ресурстарды кешенді және ұтымды пайдалануды негіздеу;

4) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік реттеу мен басқаруды қамтамасыз ету үшін ғылыми ұсынымдар әзірлеу;

5) экологиялық тұрғыдан тиімді ресурстарды сақтау технологияларын ғылыми тұрғыдан негіздеу, әзірлеу және енгізу болып табылады.

 

186-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердің негізгi бағыттары

1. Қоршаған ортаны қорғау саласын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін ғылыми зерттеулердің мынадай түрлері:

1) аумақтардың әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуының кешенді мемлекеттік, өңірлік, жергілікті ғылыми негіздемелерін әзірлеу;

2) экологиялық жүйелердің антропогендік әсерге тұрақтылығын зерттеу және экологиялық тәуекелдерді айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

3) қоршаған ортаға антропогендік жүктемелер деңгейін және экологиялық жүйелер мен ландшафттардың бүліну дәрежесін бағалау;

4) қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми негізделген нормативтік құжаттар әзірлеу;

5) экожүйелер мен ландшафттарға антропогендік әсер ету шегінің аймақтық деңгейлерін айқындау;

6) қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсер етуін анықтау;

7) республика аумағын экологиялық шиеленісу дәрежесі бойынша аудандарға бөлу және саралау;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеуге байланысты зерттеулер;

9) қоршаған ортаға эмиссияларды тазарту жөніндегі әдістерді және технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер;

10) шикізатты кешенді пайдалану, қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жөніндегі зерттеулер;

11) экологиялық тиімді және ресурсты сақтаудың жаңа технологияларын іздестіру, оларды ғылыми-техникалық негіздеу және енгізу жөніндегі зерттеулер;

12) қоршаған ортаның жай-күйін бағалауды әзірлеу мен ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу және олардың антропогендік және табиғи факторлар әсерінен өзгеруін болжау;

13) қоршаған ортаға антропогендік немесе табиғи факторлардың әсер етуінің теріс салдарларын болғызбау немесе бәсеңдету әдістерін ғылыми негіздеу;

14) көп жылғы байқаулар мен жедел бақылау негізінде экожүйелер мен объектілер жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне экологиялық мониторингтің нәтижелерін жүйелі зерделеу және жинақтау;

15) қоршаған орта жай-күйінің мониторингін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;

16) қоршаған ортаға эмиссияларға, табиғи ресурстарды пайдалануға арналған лимиттерді (квоталарды) әзірлеу және ғылыми негіздеу;

17) климаттың өзгеруін кешенді зерттеу және оның Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғи ресурстарына әсерін бағалау;

18) озон қабатының жай-күйін, оның бүліну және қалпына келу процестерін зерттеу, озон қабатына адам қызметінің әсер етуін болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу;

19) табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің проблемаларын зерттеу, табиғат қорғау іс-шараларының экономикалық тиімділігі мен оған жұмсалатын шығындарды бағалау әдістерін әзірлеу және осы іс-шараларды ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу;

20) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының экологиялық индикаторларын әзірлеуге және ғылыми негіздеуге қатысу;

21) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерін орындауына байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу;

22) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Іргелі және қолданбалы ғылыми экологиялық зерттеулер бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

 

187-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізуге қойылатын талаптар

1. Экологиялық ғылыми зерттеулерді осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми ұйымдар жүргізеді.

2. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын міндетті түрде орындаған жағдайда, халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.

 

 

27-тарау. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау

және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

 

188-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен деңгейлерi

1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы мынадай:

1) адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау;

2) орнықты дамуға қол жеткізу;

3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерін қорғау;

4) трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау;

5) еркін халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негізінде дамыту және қолдау;

6) төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету;

7) трансшекаралық және өңірлік экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану;

8) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негізделеді.

2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым міндеттері жаhандық, трансшекаралық, өңірлік және екіжақты негізде шешіледі.

 

189-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:

1) халықаралық міндеттемелерді адал орындау;

2) мемлекеттердің өз табиғи ресурстарын игеруге деген егеменді құқығын құрметтеу;

3) орнықты дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық дамудың интеграциясы;

4) басқа мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына келтірілетін залалдың алдын алу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жауапкершілігі;

5) алдын ала сақтанушылық және алдын ала ескеру шараларын қабылдау;

6) халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу;

7) қоршаған ортаға ықтимал елеулі трансшекаралық әсері бар қызмет жөнінде алдын ала хабарлау және өзара консультациялар алысу;

8) жаhандық, өңірлік, ұлттық және жергілікті деңгейлерде жұмсалатын күш-жігердің өзара бірін-бірі толықтыруы;

9) қоршаған ортаны ластауға байланысты шығындар үшін ластаушының жауапкершілігі принциптеріне негізделеді.

 

190-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізi

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығының экономикалық негізін:

1) халықаралық ұйымдарға төленетін міндетті және ерікті жарналар;

2) халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;

3) трансшекаралық әсердің салдарынан келтірілген залал үшін жауапкершілік;

4) табиғи ресурстарды бірлесіп пайдалануға арналған құрылыстарды пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды пайдаланылатын табиғи ресурстарға үлестік қатысу принципіне орай өтеу;

5) бір мемлекеттің басқа мемлекетке Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген өз табиғи ресурстарының үлесін (үлесінің бір бөлігін) өтемақылық негізде беруі құрайды.

 

191-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін халықаралық жауапкершілік

Экологиялық құқық бұзушылықтар, шектес мемлекеттердің қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына келтірілген залал, халықаралық шарттардың міндеттемелерін сақтамағаны үшін халықаралық жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес қолданылады.

 

192-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетігi

1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жөніндегі міндеттемелерге сәйкес мынадай халықаралық және трансшекаралық рәсімдерге:

1) экологиялық ақпараттың деректерін алмасу;

2) келісілген талаптар мен стандарттар негізінде қоршаған ортаның бірлескен мониторингін жүргізу;

3) халықаралық маңызы бар биологиялық түрлер мен табиғи объектілерді анықтау және сақтау;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық реттеу нысанасы болып табылатын белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға алдын ала негізделген келісім алу;

5) қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қатер төндіретін белгілі бір қызмет түрлеріне қатысты арнаулы рұқсаттар беру;

6) қоршаған ортаға әсерді бірлесіп нормалау және оларды қолданудың тиімділігін бағалау;

7) қоршаған ортаға әсерді трансшекаралық бағалау;

8) трансшекаралық әсердің ықтимал қаупі болған кезде төтенше жағдайлар туралы хабарлау;

9) трансшекаралық әсердің қаупі болатын төтенше жағдайлар кезінде басқа мемлекеттердің сұрауы бойынша көмек көрсету, оған қоса тиісті бірлесіп назар аудару жоспарларын әзірлеу;

10) халықаралық міндеттемелердің орындалғаны туралы ұлттық баяндамалар әзірлеу және ұсыну;

11) арнайы уәкілетті халықаралық ұйымдар жүргізетін халықаралық шарттар жөніндегі міндеттемелердің сақталуын бағалау;

12) басқа мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын қолдану рәсімдеріне қатысуын көздейді.

2. Халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық негізінде осы баптың 1-тармағында аталған қажетті рәсімдерді әзірлейді.

3. Халықаралық ынтымақтастық тетігінің тиімді жұмыс істеуін және осы баптың 1-тармағында аталған рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдар өз құзыреттеріне сәйкес мемлекетаралық органдар құруға бастамашы болуға құқылы.

 

193-бап. Халықаралық шарттар

1. Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретінде болады.

2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледі.

3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды іске асыру:

1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу мен бекітуді;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органды айқындауды;

3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиімділігіне тұрақты талдау жүргізуді қамтуы мүмкін.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

8-Бөлім. Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру

кезіндегі экологиялық талаптар

 

28-тарау. Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер

 

194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлерi

1. Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгіленеді.

2. Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;

2) табиғи ресурстарды пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;

4) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;

5) радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;

6) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;

7) өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар;

8) әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.

 

195-бап. Экологиялық талаптарды әзірлеудің және бекітудің тәртібi

1. Экологиялық талаптар осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыру ережелерінің жекелеген бөлімдері түрінде қабылдануы мүмкін.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық талаптарды әзірлеу кезінде мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкін.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жер ресурстарын, жер қойнауын, жерасты және жерүстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша белгiленедi.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгіленеді.

5. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу, радиоактивті материалдарды пайдалану, ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру және пайдалану, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде оларды жобалауға және, орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленеді.

 

196-бап. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегi экологиялық талаптар мен міндеттемелердi есепке алу

1. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Кәсіпорындарды және өзге де объектілерді жекешелендіру кәсіпорынды және өзге де объектіні жекешелендіру жоспарында көзделуге тиісті экологиялық жай-күйді тексерудің нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен жүзеге асырылады.

 

197-бап. Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлға банкрот болған, қайта ұйымдастырылған және таратылған кездегi экологиялық талаптарды есепке алу

1. Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы іс қозғалған кезде міндетті экологиялық аудит жүргізіледі.

Табиғат пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы істі жүргізу кезінде міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін есепке алу қамтамасыз етіледі.

2. Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін есепке ала отырып және оларды бөлу балансында (бөліну немесе бөліп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру кезінде) және өткізу балансында (бірігу нысанындағы қайта ұйымдастыру кезінде) көрсете отырып жүргізіледі.

3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

29-тарау. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар

 

198-бап. Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

1. Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріздерді, гидротехникалық құрылыстарды, көлік және байланыс объектілерін, технологиялық процестерді, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектілерді жобалау кезінде:

1) қоршаған орта сапа нормативтерінің сақталуы;

2) қауіпті қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;

3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиімді шараларының қолданылуы;

5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуі тиіс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың;

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.

 

199-бап. Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектілерді пайдалануға беру мен пайдалану кезіндегі жауапкершілігi

1. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актісі бойынша жүргізіледі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді залалсыздандыру және кәдеге жарату жөніндегі қоршаған ортаны қорғау нормативтерін қамтамасыз ететін жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жерді рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөніндегі жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға тыйым салынады.

3. Шаруашылық және өзге де объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:

1) өзіне бөлінген аумақта жұмысты экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізу;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу және бүкіл қызметі бойынша мемлекеттік органдарға белгіленген есептілікті беру үшін жауаптылықта болады.

3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Табиғат пайдаланушы әрбір объектіде:

1) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға жауап беретін арнайы бөлімше құруға не қызметкерді тағайындауға;

2) қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін, қоршаған ортаны және мүлікті қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауіпсіз тәсілмен жүргізуге және жабдықтарды қауіпсіз жай-күйде ұстауға;

3) барлық қызмет түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісілген, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеп, бекітуге тиіс. Нормативтік-техникалық құжаттар жаңа үлгілік ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестерді, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгізу кезінде де қайта қаралуға тиіс;

4) жұмыс учаскелерінде (объектілерінде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшіліктерді жоюдың мерзімдерін көрсетіп, техникалық және экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйін жазатын тексеру журналдарын жүргізуге тиіс.

5. Экологиялық қауіпті объектілердегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі табиғат пайдаланушы әзірлеген арнайы ережеде белгіленуге тиіс.

6. Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зілзалалар мен табиғи катаклизмдердің нәтижесінде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөніндегі іс-қимылдар жоспары болуға тиіс.

7. Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөніндегі шамасы жететін барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнінде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға міндетті.

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ шаруашылық және өзге де объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы анықталған кемшіліктердің белгіленген мерзімдерде жойылуын бақылауға тиіс.

9. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған авариялар жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған аварияларды техникалық тексеру және есепке алу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес тексеріледі. Ерекше жағдайларда ірі техникалық аварияларды және экологиялық зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшін комиссия тағайындалады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екі сағат ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

 

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен кодекс 199-1-баппен толықтырылды

199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қолданылуын негіздейтін жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табыс етілетін, технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.

Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау туралы және техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетілуге тиіс.

3. Мынадай:

1) қолданылуы осы Кодексте немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;

2) қолданылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатармен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін технологиялар экологиялық қауіпті деп танылады.

4. Мынадай:

1) нормативті пайдаланылу мерзімі аяқталған;

2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;

3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында олардың залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықта түзілетін техника мен жабдық экологиялық қауіпті деп танылады.

5. Мемлекеттік экологиялық сараптама технологияларды, техника мен жабдықты экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда олар экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілуге жатады.

Экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологияларды, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады.

 

 

30-тарау. Шаруашылық және өзге де қызмет түрлері бойынша экологиялық талаптар

 

200-бап. Елді мекендерді жобалауға және салуға қойылатын экологиялық талаптар

1. Қалаларды және басқа да елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, халықтың өміріне, еңбек етуі мен демалуына мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

2. Қалалар және басқа да елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде оларды санитарлық тазарту, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулі табиғат пайдалану режимі қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және қорғау аймақтары құрылуға тиіс.

3. Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсіптік объектілер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің, нормалардың, қала құрылысының талаптары және өзге де талаптар ескеріле отырып орналастырылуға тиіс.

 

201-бап. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

1. Кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілер орналастырылатын жерлерді айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарттары мен ережелері сақтала отырып, аталған объектілер қызметінің экологиялық салдарлары ескеріліп жүргізіледі.

2. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру кезінде күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгіленеді.

 

202-бап. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа даобъектілерді салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салған және реконструкциялаған жағдайда) оң қорытындылары болған кезде және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыстардың құнын қоршаған ортаға залал келтiре отырып өзгертуге жол берiлмейдi.

2. Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жерді қалпына келтіру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс.

3. Жоба бекітілгенге дейін және нақты жер учаскесі бөлінгенге дейін объектілерді салуға, реконструкциялауға тыйым салынады.

 

203-бап. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану белгіленген экологиялық талаптар ескеріліп және экологиялық тұрғыдан негізделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс. Аталған объектілерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуге тиіс.

2. Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін ауыл шаруашылығы қызметінің зиянды әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін орындауға міндетті.

 

204-бап. Автомобиль және өзге де көлік құралдарын жасау мен пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін автомобиль және өзге де көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтауға, шуыл деңгейін және қоршаған ортаға өзге де теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

 

205-бап. Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

1. Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауіпсіз түрде шығаруды қамтамасыз ететін шешімдерді, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.

Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.

2. Жылу электр станцияларының іргелес аумақтың ауа бассейнінің жай-күйіне зиянды әсерін шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбір энергетика ұйымы (және оның әрбір ластаушы көзі) үшін жылу электр станциясының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау көрсеткіштері (секундына грамм есебімен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебімен) белгілеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргізіледі.

Бақылау көрсеткіштерін (секундына грамм есебімен) есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөніндегі тиісті іс-шараларды әзірлеу жылу электр станциялары жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнімділігін негізге ала отырып (жоспарлы жөндеуді, резервке шығаруды ескере отырып) жүргізіледі.

3. Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезінде тиісті өңірлердің электр энергиясына нақты қажеттігі, аумақтың сейсмикалығы мен объектіні орналастыруға арналған жердің рельефі, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулі түрдегі теріс өзгерістерді болғызбауды қамтамасыз ететін ормандар мен жерлерді сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын тиімді қорғау жөніндегі шаралар толық ескерілуге тиіс.

4. Жобалану және салыну үстіндегі электр станциялары үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезіне қарай қамтамасыз етілуге тиіс.

 

206-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгіленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектілері мен әскери қызметке қолданылады.

 

207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

1. Жерді, жер қойнауын, суды, орманды және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Табиғи экологиялық жүйелердiң, тiрi организмдер генетикалық қорының жойылу қатерін, қоршаған ортаның, халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi басқа да өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

 

 

31-тарау. Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

208-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйі қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу критерийі физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесінің көрсеткіштеріне негізделеді.

3. Жердің химиялық ластану деңгейін айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi - жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

210-бап. Елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу мен пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу жерді бағалаудың экологиялық критерийлері негізінде жүзеге асырылады.

2. Елді мекендердің жерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезінде ластаушы заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға өту мүмкіндігі және олардың халық денсаулығына тікелей әсер етуі ескеріледі.

3. Төтенше экологиялық жағдайдағы аймақ үшін экологиялық ахуалдың одан әрі нашарлауына әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимі белгіленеді.

 

211-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді аймақтарға бөлу кезінде экологиялық қауіпсіздік және жерді ұтымды пайдалану қамтамасыз етіледі.

2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік және өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін, аталған жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары ескеріле отырып, аймақтар белгіленедi

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру кезінде өз шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескеріледі.

4. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру кезінде олардың химиялық заттармен жерлерді бағалаудың экологиялық критерийлерінде белгіленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейіне жатқызылған жер консервациялануға тиіс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

 

212-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін және сауықтыру мақсатындағы жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалану режимі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

2. Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезінде санитарлық қорғаныш аймақтары белгіленеді.

 

213-бап. Орман қорының жерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

1. Орман қорының жерін пайдалану режимі Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстерімен реттеледі.

2. Жерді орман қоры санатына жатқызу кезінде аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде өсімдіктердің жай-күйін экологиялық критерийлер деп есептеген жөн.

3. Орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдаланылмайтын орман қоры жеріндегі ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің санатына ауыстырылуы мүмкін.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол беріледі.

5. Орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру кезінде жерді бағалаудың экологиялық критерийлеріне сәйкес жердің жай-күйінің шөпті және сүректі өсімдіктерге әсер етуін көрсететін экологиялық көрсеткіштерді ескерген жөн.

 

214-бап. Су қорының жерін аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Су қорының жерін аймақтарға бөлу кезінде су объектілерін қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етіледі.

2. Су қоры жерінің құрамындағы жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының келісімі бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін және жер учаскесінің негізгі нысаналы мақсатына қайшы келмейтін, жердің ластануы мен тозуына және тиісінше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.

3. Су қорының жерін басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде:

1) су объектісінің жұмыс істеуі тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткіштері едәуір өзгерген;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне жатқызылған;

3) елді мекендердің шекаралары (шектері) экологиялық ахуалдың өзгеруіне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол беріледі.

4. Су қорғау белдеулеріне бөліп берілген жер елді мекендер мен өнеркәсіп жерінің санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленеді.

 

215-бап. Босалқы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Босалқы жерді аймақтарға бөлу кезінде келеңсіз өзгерістер байқалған алаңдарды және зерттелетін аумақтағы тозу дәрежесі әртүрлі учаскелерді бөлудің кеңістікті әркелкілігі ескеріледі.

2. Экологиялық жүйелердің тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледі. Экожүйелердің тозуын бағалау жерді бағалаудың экологиялық критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.

3. Босалқы жер басқа жер санатына одан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сол орында санатына ауыстырылатын жердің шекаралары белгіленгеннен кейін ғана ауыстырылуы мүмкін. Босалқы жерді басқа жер санатына ауыстыру кезінде жер учаскесін осындай жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес таңдау алдын ала жүзеге асырылады.

4. Бұзылған жерді босалқы жер санатынан ауыстыру қалпына келтіру және жердің сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырғаннан кейін мүмкін болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Ядролық қаруды сынау жүргізілген жер учаскелері босалқы жер құрамынан ядролық қаруды сынау зардаптарын жою және кешенді экологиялық тексеру жөніндегі барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болған кезде ғана меншікке немесе жер пайдалануға берілуі мүмкін.

 

216-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар

1. Оңтайлы жер пайдаланудың негізгі экологиялық талаптары:

1) ұсынылып отырған жердің қайта түлетілуі және жерді қайта бөлу салдарларын ғылыми негіздеу және болжау;

2) барлық санаттағы жердің ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бірыңғай мемлекеттік саясатты негіздеу және іске асыру;

3) жердің нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі құнарлы жерді сақтау;

4) экологиялық негізделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерін қалыптастыру және орналастыру;

5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтіп ұстау және жерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;

6) жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

7) жерге түгендеу жүргізу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерді анықтау;

8) жердің өнімділігін арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесіне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерін сақтау және күшейту;

9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.

2. Кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін беру аталған объектілер қызметінің экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын ескеріп, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молайтудың және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

3. Ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты емес объектілерді салу мен тұрғызу үшін ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жарамсыз, топырағының бонитет балы ең төмен жер бөлінуге тиіс.

 

217-бап. Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Табиғат пайдаланушылар жерді пайдалану кезінде:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуі, қолжетімді озық технологияларды енгізуі;

2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуіне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшін оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуі;

3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалатын жерде жүргізу талаптарын сақтауы тиіс.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Табиғат пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, геологиялық барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде:

1) иеленіп отырған жер учаскелерін оларды одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға;

2) жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға;

3) бүлінген жерді қалпына келтіруді жүргізуге міндетті.

3. Бүлінген жерді қалпына келтіру бағытын таңдау кезінде:

1) жер учаскесінің үстіңгі жағының бүліну сипаты;

2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары;

3) ауданның даму перспективалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, объектіні орналастырудың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері;

4) қара топырақты жердің таралу және үдемелі ауыл шаруашылығы аймағында бүлінген жердің негізгі көлемін жыртылатын жер алқаптары ретінде қалпына келтіру қажеттігі;

5) кені алынған бос жерде су тоғандарын және аршылған жыныстар мен байытылған қалдықтар үйінділерінде сәндік бақ-парк кешендерін құруды қоса алғанда, елді мекендерге тым жақын орналасқан бүлінген жерді бақ, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етіп қалпына келтіру қажеттілігі;

6) өндірістік объектінің аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсіз шұңқырлар мен үйінділерді жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскесін абаттандыру;

7) пайдаланылатын жер учаскесіндегі жыралар мен су шайған жерлерді топырақпен жабу немесе тегістеу;

8) міндетті түрде аумақты көгалдандыру ескерілуге тиіс.

4. Жер учаскелері өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшін пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге:

1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге;

2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсіптік кәсіпорындар жағына 1,5 процент еңісі бар жерлерде сыйымдылықтың түбінен алғанда екі метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсіз сүзгіш топырағы болуға;

3) елді мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға;

4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай жерлерде орналасуға;

5) инженерлік қарсы сүзгі қорғанышы, периметрі бойынша қоршауы мен көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар кірме жолдары болуға;

6) жер учаскесінен шығатын жер үсті және жер асты ағыны ашық су объектілеріне қосылмауға тиіс.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жаңа технологияларды енгізуге, жерді мелиорациялау және топырақтың құнарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге және өзге де талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тыйым салынады.

6. Радиоактивті және химиялық ластануға ұшыраған жерді пайдаланудың, күзет аймақтарын белгілеудің, осы жерде тұрғын үйлерді, өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді сақтаудың, оларда мелиорациялық және техникалық жұмыстар жүргізудің тәртібі радиациялық және химиялық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейлерінің нормативтері ескеріле отырып айқындалады.

7. Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар:

1) жерді су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивті және химиялық заттармен ластанудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның ішінде биогендік ластанудан, сондай-ақ басқа да теріс әсерлерден сақтау;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жерді карантинді объектілерді, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдерді жұқтырудан, олардың таралуынан, арамшөптердің, бұталардың және шіліктердің басып кетуінен, сондай-ақ жердің жай-күйінің нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;

3) ластанудың, оның ішінде биогендік ластанудың және жердің қоқыстануының салдарларын жою;

4) мелиорацияның қол жеткізілген деңгейін сақтау;

5) бүлінген жердің құнарлылығын қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, жерді айналымға уақтылы енгізу;

6) топырақтың құнарлы қабатын кейіннен жердің құнарлылығын қалпына келтіруді жүргізу кезінде пайдалану үшін алу мен сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

8. Елді мекендер жерінде көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға тыйым салынады.

 

 

32-тарау. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 218-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз

1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмiн қамтуға тиіс.

 

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар:

1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жердің тұтастығын сақтау мақсатында, техникалық, технологиялық, экологиялық және энономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, кен орындарын әзірлеудің арнаулы әдістерін қолдану;

3) жердің техногендік шөлейттенуін болғызбау;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;

6) жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;

8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсілді қоса алғанда басқа да әдістерді пайдалану, ішкі үйінділер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикізатты өндіру мен өңдеудің қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлінетін жердің аумағын азайту;

10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндіріс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздігінен жануын болғызбау;

11) сіңірме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау;

12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның ішінде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттерді қолдану;

13) бұрғылау ерітінділерін тазалау және қайталап пайдалану;

14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз тәсілмен жою;

15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесінде мұнай кәсіпшілігі сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негізгі экологиялық талаптар болып табылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды:

1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды;

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды.

3. Жер қойнауын пайдаланушы:

1) жұмыстарды жүргізудің халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негізделген неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ал көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды да қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.

 

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиіс:

1) ұңғымалар мен тау-кен өндіру конструкциялары беріктігі, технологиялылығы және экологиялық қауіпсіздігі жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиіс;

2) дизельді-генератор және дизельді жетегі бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезінде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс;

3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезінде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесінде аумақтың құнарлылығын кейіннен қалпына келтіру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;

4) уытты заттардың табиғи объектілерге көшуін болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуге тиіс;

5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;

6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар кезінде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесінде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшін, пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөніндегі жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуге тиіс;

7) бұрғылау ерітінділерін көмірсутегі (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негізінде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) жану мүмкіндігін немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгінділер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша көміледі;

9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргізіледі;

10) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;

11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның ішінде өздігінен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға тиіс;

12) қызметі жер асты суы объектілерінің жай-күйіне зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар су объектілерінің ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға міндетті;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді

13) ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суы объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілер салуға жол берілмейді;

14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргізілгеннен кейін беретін оң қорытындылары болған кезде жол беріледі;

15) өнеркәсіптік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін ағызып жіберу Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жүргізілуге тиіс;

16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келісімшарттық аумақтар шегінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

17) пайдаланудан шығарылған суды сіңірме ұңғымаларға айдау жүргізілетін ауданда жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшімен жүйелі зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиіс.

2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде:

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін сақтауға;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ағызылатын судың химиялық құрамын «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзінің немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;

3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгіленген режимінің бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектісі туралы шұғыл ақпаратты беруге міндетті.

3. Мыналарға:

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдалану объектілерін салуға және (немесе) орналастыруға бөлінген учаскелердің шегінен тыс жерде өсімдік және топырақ қабатын бүлдіруге;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өндіріс қалдықтарын жерүсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызуға;

3) егер жерасты сулары объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер ететін болса, жерді сарқынды сумен суландыруға;

4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерітінділер мен материалдарды жіберуге;

5) өнеркәсіптік, емдік минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сіңірме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдік мақсаттарға жарамды немесе сол үшін пайдаланылатын су тұтқыш жиектерді ластайтын көздер болуы мүмкін жағдайларда оларды бұрғылауға;

6) сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарында сіңірме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға;

7) құрамында радиоактивті заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сіңірме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады.

4. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдік қасиеттері бар жерасты су объектілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгіленеді.

 

221-бап. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

222-бап. Су асты кабельдері мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Әрбір нақты объектіні салу мен пайдалануға арналған трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жерлерді таңдау қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді азайту мақсатында баламалы негізде жүргізілуге тиіс.

2. Құбыр трассасына немесе су асты кабельдеріне бес жүз метрден жақын арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарына және пневматикалық және басқа да қуатты толқындар (сейсмикалық дабыл) тудыру көздерімен сейсмикалық барлауға тыйым салынады.

3. Құбырлар мен су асты кабельдері трассаларын кесіп өтетін жолмен сейсмикалық косты сүйреуге және балық аулау кемелеріне тралмен балық аулауға тыйым салынады.

4. Салынуға тиіс құбырлар мен соған ілеспе инженерлік құрылыстарды жобалау:

1) олардың беріктігінің, қауіпсіздігінің, олардың техникалық жай-күйін қорғау мен бақылаудың жоғары деңгейі;

2) кездейсоқ ахуалдарға жедел ден қою мүмкіндігі;

3) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жеделдігі мен сапасы;

4) қоршаған ортаға теріс әсердің неғұрлым аз болуы қамтамасыз етілуге тиіс.

5. Жобада міндетті түрде құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің талаптарына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамалық құжаттарына сәйкес келетін дербес «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі болуға тиіс.

6. Жобалау-сметалық құжаттамалардың толықтығы мен дұрыстығына тапсырыс беруші мен жобаны әзірлеуші жауап береді.

7. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8. Құбыр төсеу жобаларында құрылыстарды салған және кейіннен пайдаланған кезде оларды қорғау жөніндегі шаралар көзделу қажет. Құрылыстың әрбір кезеңінде және көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген өнімдері тасымалданатын құбырды пайдаланған кезде қоршаған ортаны, сондай-ақ тәуекелі жоғары объектілерге жататын құбырларды қорғау жөнінде шаралар қабылдануға тиіс.

9. Құбырлардың кеме жүзетін өзендермен және каналдармен қиысу орындары жағалауларда навигациялық белгілермен белгіленеді. Навигациялық белгілер магистральдық құбыр салған кезде Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес орнатылады.

10. Құбырлардың зақымдану ықтималдығын болғызбау үшін оларды төсеудің кез келген түрінде күзет аймағы:

1) су асты өтпе жолдарының бойымен - өтпе жолдардың шеткі сызықтарының осінен әрбір жағынан жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтар арасында орналасқан, су үстінен түбіне дейінгі су кеңістігінің учаскесі түрінде;

2) өнімді тасымалдауға дайындаудың технологиялық қондырғыларының, басты және аралық, қайта айдайтын және құятын насос станцияларының, резервуарлық парктердің, компрессорлық және газ бөлетін станциялардың, өнім өлшейтін тораптардың құятын және ағызатын эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнімдерін қыздыратын пункттердің айналасында - аталған объектілер аумағы шекараларының жан-жағынан жүз метр қашықтықта орналасқан тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі түрінде белгіленеді.

11. Күзет аймақтарын, оның құрамына кіретін коммуникациялар мен объектілерді қоса, құбырлардың нақты жағдайының материалдары оларды аудандық жер пайдалану карталарына енгізу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдар мүдделі заңды тұлғаларға олардың сұраулары бойынша құбырлардың орналасқан жері туралы мәліметтер береді.

12. Құбырлардың күзетілетін аймақтарында олардың қалыпты пайдаланылуының бұзылуына не бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін іс-әрекет жасауға:

1) навигациялық айырым белгілерін, бақылау-өлшеу пункттерінің орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;

2) кабель байланысының қызмет көрсетілмейтін пункттерінің люктерін, қақпалары мен есіктерін, тораптық арматуралар тораптарының қоршауларын, катодтық және сорғыту қорғаныс қондырғыларын, желілік және қарап көруге арналған құдықтар мен басқа да желілік қондырғыларды ашуға, крандар мен жылжытқыштарды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбырлар телемеханикасы құралдарын қосуға немесе ажыратуға;

3) қоқыс үйінділеріне айналдыруға, қышқылдар, тұздар мен сілтілер ерітінділерін төгуге;

4) жағалауларды бекітетін құрылыстарды, су өткізетін қондырғыларды, құбырларды бұзылудан, ал іргелес аумақтар мен айналадағы жерді тасылатын өнімдердің авариялық жайылып төгілуден сақтайтын топырақтан жасалған немесе өзге құрылыстарды (қондырғыларды) бұзуға;

5) зәкір тастауға, түсірілген зәкірлермен, шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен және тралдармен өтуге, түбін тереңдететін және топырағын аршитын жұмыстар жүргізуге;

6) от жағуға және ашық немесе жабық от көздерін орналастыруға тыйым салынады.

13. Құбырлардың күзетілетін аймақтарында магистральдық құбыр желісі меншік иесінің жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмысты атқаруға, оның ішінде ұңғымалар, шурфтар орнатумен және топырақ сынамасын алумен байланысты геологиялық-түсіру, геологиялық-барлау, іздеу, геодезиялық және басқа іздестіру жұмыстарына, сондай-ақ жару жұмыстарын жасауға тыйым салынады. Құбырлардың күзетілетін аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жүргізетін ұйым Жару жұмыстары кезіндегі қауіпсіздіктің бірыңғай ережелерінде көзделген тиісті материалдарды табыс еткеннен кейін ғана беріледі.

14. Құрамында күкіртті сутегі бар мұнай және су авариялық жағдайда төгілген кезде оларды дереу жинау және сол жерде залалсыздандыру немесе көмуге алып кету керек.

15. Газ-, мұнай-, конденсат құбырлары қиылысатын темір және су жолдарына, автомобиль жолдарына, жыраларға және басқа да табиғи кедергілерге, бұрылыс бұрыштарына, адамдар көп жиналуы мүмкін пункттерге, газ-, мұнай-, конденсат құбырлары технологиялық тораптарына тиісті қауіпсіздік белгілері мен жазбалар қойылады. Аталған жерлер үшін жобада шығарындылардың қауіптілігін болғызбайтын немесе азайтатын қосымша іс-шаралар көзделуге тиіс.

 

223-бап. Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегi экологиялық талаптар

1. Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай немесе барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.

2. Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, өзінің келісімшарт аумағында теңіз ластанған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының кінәсі болмаса да, қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген залал мен шығындар үшін жауаптылықта болады.

 

 

33-тарау. Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

224-бап. Су объектілерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

1. Су объектілерінде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген суды ортақ пайдалану ережелерін сақтауға міндетті.

3. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектілер қызметінің экологиялық салдарлар ескеріле отырып жүргізіледі.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттiк органының (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатқызылған объектілерге) оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.

 

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 224-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жер асты суларын алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес берілетін арнайы су пайдалануға рұқсат негіз болып табылады.

2. Тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде жерасты суларын алу мен пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

3. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын барлауды, тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізу кезінде өз есебінен жерасты суларының кен орындарын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және қолда барын жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және кезеңдік бақылау құралдарын жаңғыртуға, жерасты суларын ұтымды пайдалануда және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

4. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар шарттарында көзделмеген мақсаттар үшін немесе осы шарттарды бұза отырып жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

5. Жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) олардың кен орындарын пайдалану арнайы су пайдалануға рұқсат шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс.

6. Жерасты суларын барлауды, тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін табиғат пайдаланушылар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:

1) ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер есебінен судың мүлдем жоғалуын болғызбауға және оның сапалық қасиеттерінің жойылмауына қол жеткізілетін, жерасты суларын ұтымды барлау, тарту және (немесе) пайдалану;

2) су тұтқыш жиектерінің ластану ықтималдығын болғызбау;

3) әртүрлі су тұтқыш жиектердегі судың араласып кету және бір жиектерден екіншіге ағып кету ықтималдығын, егер бұл жобада көзделмесе, болғызбау;

4) жерасты суларын бақылаусыз реттелмей шығаруға жол бермеу, ал авариялық жағдайларда су ысырабын жою жөніндегі шараларды шұғыл қолдану;

5) құрамында пайдалы құрауыштар бар жерасты суларын кешенді пайдалану;

6) атмосфералық ауаны, жерүсті қабатын, ормандарды, суларды және басқа да табиғи объектілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды су пайдалануға байланысты жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау;

7) жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) пайдалану процесінде жарамсыз күйге келтірілген жер учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары кешенін жүргізу.

7. Табиғат пайдаланушы гидрогеологиялық ұңғымаларды, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе жоюға тиіс.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жерасты су объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануы қажет және бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға хабарлауға тиіс.

9. Ашылған жерасты су тұтқыш жиектері олардың ластануын болғызбайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс.

10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су тұтқыш жиектері ашылған кезде бұрғылау мен цемент ерітінділерін дайындау (өңдеу) үшін қолданылатын химиялық реагенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген уыттылық сипаттамасы болуға тиіс.

11. Қазақстан Республикасының Су кодексінде және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждық үшін пайдалануға жол берілмейді.

12. Жерасты суларының су тартуларын су реттегіш құрылғылармен, су өлшегіш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай оларды пайдалануға беруге тыйым салынды.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне зиянды әсерлердің шекті жол берілетін нормативтерін сақтауға міндетті.

14. Жерасты су объектілерін пайдалануға байланысты су тартуларды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде олардың жерүсті су объектілеріне және қоршаған ортаға зиянды әсерін (аумақты су басуын, жердің шөлейттенуін, батпақтануын, топырақтың көшуі мен шөгуін) болғызбайтын шаралар көзделуге тиіс.

15. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында:

1) жерасты су объектілерінен тартылатын және оларға ағызылатын судың бастапқы есебін қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді;

2) су тарту және су ағызу құрылысжайларын су шығындарын өлшегіш құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздігінен ағатын ұңғымаларға реттегіш құрылғылар орнатады;

3) жерасты сулары кен орындарының ағымдағы игерілуіне бақылауды, ұңғымалардың жұмысына жедел бақылауды және технологиялық режимнің орындалуына бақылауды кен орындарын әзірлеудің бекітілген жобасына немесе технологиялық схемаға сәйкес жүргізеді. Бақылаудың кезеңділігі әзірлеу жобасында (технологиялық схемада) белгіленеді;

4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жерасты суларын пайдалану туралы бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.

16. Осы баптың 1-5, 7, 11-13 және 15-тармақтарының талаптары пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларына қолданылмайды.

 

225-бап. Сарқынды суды ағызып жіберу кезіндегi экологиялық талаптар

1. Табиғи су объектілерін сарқынды суды ағызып жіберу үшін пайдалануға осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаға эмиссияға тиісті экологиялық рұқсат бар болған кезде сарқынды суды жер үсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызып жіберуге жол беріледі.

Бұл ретте сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне ағызуға - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия немесе келісімшарт болған кезде жол беріледі.

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сарқынды суларды жинағыштары және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн жерлердi рекультивациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Жинақталған сарқынды суды кәдеге жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске ауыстырудың басқа әдістерін қолданудың мүмкін еместігі негізделген кезде жаңа жинақтауыш-буландырғыштар құруға (қолданыстағыларын кеңейтуге) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты бойынша жол беріледі.

Жобаланған (пайдалануға жаңадан берілетін) өндірістік сарқынды суларды жинақтауыш-буландырғыштарға:

1) сүзгіге қарсы экранның болуы;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық шешімдерге сәйкес нормативтік-тазартылған сарқынды суды орналастыру талаптары қойылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Табиғат пайдаланушы ластаушы заттардың сарқынды суда белгіленген шоғырлану нормативтерін асыра немесе сарқынды судың құрамына экологиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды. Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс. Беткі су айдынына ағызылатын су мөлдір, бояусыз, иіссіз болуға, құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын шоғырлануларда адамның денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды заттар болмауға тиіс. Ағызылатын судың температурасы Цельсий бойынша 30 градустан аспауға тиіс.

5. Ағызылатын суда бетон мен металды бүлдіріп-бұзатын заттар болмауға тиіс.

6. Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейіне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су көлемін есептеу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналын жүргізуге тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан жинақтауыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне және сарқынды су жинақтауыштарға ағызуға тыйым салынады.

 

 

34-тарау. Ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

226-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесуді жүзеге асырған кезіндегі экологиялық талаптар

Мемлекеттік орман қоры санатындағы ормандарда бағалылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелерді реконструкциялаумен байланысты ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғана жүргізіледі.

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 227-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

227-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырған кезде орман пайдаланушылар:

1) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтін, ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектілердің жай-күйіне теріс әсерді болдырмайтын немесе оны шектейтін және жануарлар дүниесі мен олардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүргізуге;

2) ағаш сүрегін дайындаған кезде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаларда көзделген техника мен технологияны пайдалана отырып, ормандарды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;

3) ағашы кесілетін жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудің белгіленген мерзімі аяқталған соң кесілмеген және дайындалған ағаш сүректерін қалдырмауға;

4) ағаш сүрегін дайындаумен бір мезгілде кеспеағаш аймағын кесілген ағаштардың қалдықтарынан тазартуды жүргізуге;

5) мемлекеттік орман қорының орман пайдалануға бөлінген учаскелерінде ағаштың заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын өзгедей бұзуға жол бермеуге;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса алғанда, ағашы кесілген алаңның екі еселенген мөлшерінен астам алаңға ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;

7) ағашы кесілген жерлерде және өздерінің қызметі нәтижесінде өскіндері жойылған, ағаш пен бұта өсімдіктері құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебінен жүзеге асыруға;

8) ормандардың санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі ережелерді сақтауға;

9) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

10) мемлекеттік орман иеленушілерді мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін оларға бөліп берген учаскелерінде орман зиянкестері мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингін жүргізу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерін анықтау үшін қажетті ақпаратты беріп тұруға міндетті.

 

228-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын ұйымдастыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын жүргізу ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетін арттыру ағаш кесудің ғылыми негізделген жүйесін іске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-гендік негізде тұрақты ормандық тұқым базасын жасау және оны тиімді пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтіп-баптау үшін ағаш кесу мен санитарлық ағаш кесуді қоса алғанда, орманды күтіп-баптау, орман шаруашылығы мақсатында жол салу, басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын өткізу нәтижесінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шараларды орман мекемелері мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргізеді.

 

229-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезіндегi экологиялық талаптар

1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттік орман қорының ағашы кесілген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтіру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнімділігін арттыру, мемлекеттік орман қоры жерлерінің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Орман өсірудің мақсаты бұрын орман өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар орман өсіру жағдайлары мен экономикалық мақсатқа сәйкестігі ескеріле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзімде өнімділігі жоғары және төзімді екпелер жасауды қамтамасыз ететін тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

4. Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі жұмыстар көлемі мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.

 

230-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін орман тұқымдары мен екпе материалдарды дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сатуға және егу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың ұлттық стандарттарға, техникалық шарттарға және орман тұқым шаруашылығы жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін айқындауды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.

3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қалыптастыру, оларды мемлекеттік орман қоры учаскелерінде пайдаланудың режимін белгілеу мемлекеттік-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.

 

231-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсірген кезде мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсірген кезде мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

232-бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында орманды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткізуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

233-бап. Жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2. Пайдалануына мемлекеттік орман қоры учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге және орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуге қатысуға міндетті.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

234-бап. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.

2. Табиғи өсіп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшін басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерінің шекарасын бойлай ені жиырма метр болатын күзет аймақтары белгіленеді.

3. Күзет аймағы шегінде мемлекеттік орман қоры учаскесінің жай-күйіне кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынады.

 

235-бап. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектілерді қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерін азайтуға арналған.

2. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулердегі қорғаныштық екпелерде, қорғаныштық екпелер жасау жобаларына сәйкес орманды күтіп-баптау үшін кесуге, санитарлық кесуге, бағалылығы төмен екпелерді, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелерді реконструкциялауға байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол беріледі.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қорғаныштық екпелерді күзетуді, қорғауды және пайдалануды, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жер пайдаланушылар өздері орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

 

 

35-тарау. Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

236-бап. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар

1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.

2. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезінде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңінде мазалауға, жануарлардың тіршілік ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.

 

237-бап. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желілерін, каналдарды, бөгеттерді, өзге де құрылыстар мен объектілерді орналастыру, жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Кәсіпорындар, құрылыстар мен басқа да объектілер орналастырылатын орын, сондай-ақ жануарлар дүниесінің жай-күйіне әсер ететін және әсер етуі мүмкін жаңа техниканы, технологияны, материалдар мен заттарды енгізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіледі.

2. Жануарларды және олардың тіршілік ету ортасын қорғау құралдарымен қамтамасыз етпей объектілерді пайдалануға беруге және технологияларды қолдануға тыйым салынады.

3. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру және олардың жаңаларын енгізу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлерді мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектілерін пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетін жерлерді айқындау, туристік маршруттарды әзірлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің тіршілік ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерін сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Кәсіпорындар, құрылыстар мен басқа да объектілер салу мен реконструкциялау жобаларын экологиялық сараптамадан өткізу кезінде олардың жануарлар дүниесінің жай-күйіне, тіршілік ету ортасына, жануарлардың өріс аудару жолдарына және көбею жағдайларына әсері міндетті түрде ескеріледі.

5. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесінің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін кез келген қызметті жүзеге асырған кезде жануарлардың тіршілік ету ортасының, көбею жағдайлары мен өріс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта, оның ішінде жануарларға қауіпті препараттарды, химиялық заттар мен қоспаларды сақтау, тасымалдау, қолдану, қалдықтарды жинап қою, жою, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ағаш дайындау және басқа жұмыстар жүргізген кезде, сондай-ақ электр желілері мен көлік құралдарын пайдалану кезінде жануарлардың қырылуын болдырмауға арналған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

6. Темір жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желілерін, сондай-ақ каналдарды, бөгеттерді және өзге гидротехникалық құрылыстарды жобалау мен салу кезінде жануарлардың өріс аудару жолдарының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.

7. Жануарлардың көбею жерлерінде жоғары шуыл көздері болып табылатын жару және басқа да жұмыстар жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен шек қойылады.

8. Су объектілерінде гидротехникалық және басқа құрылыстарды пайдалану, су объектілерінің гидрологиялық режимі мен олардан су тұтыну режимін, сондай-ақ жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының жай-күйіне әсер ететін және әсер етуі мүмкін басқа да қызметтерді белгілеу жануарлар дүниесін қорғау талаптары, балық және аң шаруашылығы мүдделері ескеріле отырып жүзеге асырады.

 

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 238-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсімдіктерді өртеу кезіндегі экологиялық талаптар

Қамыстарды шабу мен құрғақ өсімдіктерді немесе оның қалдықтарын өртеуге жабайы фаунаның сақталуы жөніндегі іс-шаралар әзірлене отырып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсаттарына сәйкес шаруашылыққа қажетті жағдайда ғана жол беріледі.

 

239-бап. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезінде қойылатын экологиялық талаптар

1. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезінде жеке және заңды тұлғалар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану ережелерін сақтауға және жануарлардың ауыруы мен қырылуын болдырмауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

2. Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтері әзірленуге тиіс.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жануарлардың қырылуын және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да химиялық препараттардың қолданылуы шектелетін немесе оған тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган бекіткен пестицидтердің тізіміне енгізілген пестицидтерді қолдануға рұқсат етіледі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Пестицидтерді осы баптың 4-тармағында аталған тізімге енгізуге уыттылық зерттеулер, олармен жұмыс істеуге гигиеналық регламенттеу жүргізілгеннен, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгіленгеннен және осы пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін жол беріледі.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарда ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар болған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша уыттылық зерттеулерін жүргізіп, соның негізінде осы минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар бойынша экологиялық нормативтер белгіленеді.

8. Мыналарға:

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру індеті және басқа аурулары болған жағдайларда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша улы химикаттар мен басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін жарғыш құрылғыларды, улы химикаттар мен басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып аулауға;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорық режимі аймақтарында;

өріс аудару және көбею кезеңінде жануарлар жаппай топтасатын жерлердегі белгі қойылған тыныштық аймақтарында, сондай-ақ жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерде;

жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің белгі қойылған тіршілік ету және қолдан өсіру орындарында қолдануға;

3) ауыл шаруашылығы және басқа да алқаптарда топыраққа сіңірілмеген және жабайы жануарлардың қоректенуі мүмкін уланған тұқымдарды жер бетінде қалдыруға тыйым салынады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарын пестицидтермен улы химикаттармен және басқа да химиялық препараттармен ластанудан қорғау мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің қазіргі бар жағалауларынан екі километр шегінде:

1) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы тозаңдату тәсілін қолдануға;

2) пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен, улы химикаттармен толтыру алаңдарын және қой тоғытуға арналған әуіттер орнатуға тыйым салынады.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 240-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жол беріледі.

2. Будандастырылған жануарларды үйреншікті ортаға интродукциялауға тыйым салынады.

3. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға тыйым салынады.

4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 240-1-баппен толықтырылды

240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілетін рұқсат бойынша жол беріледі.

Жануарларды Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

241-бап. Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, аңшылықты ұйымдастыру кезіндегі экологиялық талаптар

Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, сондай-ақ аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 242-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

242-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.

3. Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

4. Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

243-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі.

2. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі.

3. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

 

244-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар

1. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

2. Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.

3. Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін ережелер бойынша жүзеге асырылады.

 

245-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауылшаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Жануарлар санын реттеу қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

 

246-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:

1) жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану;

2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жануарларды аулаудың белгіленген қағидаларын, нормаларын, нормативтерін, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;

4) бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру;

5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру;

7) аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау;

8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану.

 

247-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгілеу кезіндегі экологиялық талаптар

Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді.

 

248-бап. Жануарлар дүниесін биотехнология өнімдерінің зиянды әсерінен қорғау

Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.

 

 

36-тарау. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, өсімін молайту, еріксіз және

жартылай ерікті жағдайда өсіріп-өндіру, шектеулі шаруашылық тұрғыда пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар

 

249-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі

1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (шағын түрлерін, популяцияларын) қамтиды.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.

3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.

 

250-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының азаюына немесе тіршілік ету ортасының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол берілмейді.

2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуының өздеріне белгілі болған немесе анықталған жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

3. Дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан жануарлардың жаппай ауруы, оларға қырылу қаупі төнген жағдайларда, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.

4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларды қоспағанда, оларды алып қоюға тыйым салынады.

5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:

1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қоныс аударту;

3) қолдан өсірілген жануарларды тіршілік ету ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.

6. Осы баптың 5-тармағында аталған іс-шаралар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ олардың айналасында осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.

8. Шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы мен көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, бөлініп берілетін учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

 

251-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін пайдалану

1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану жануарларды тіршілік ету ортасынан алып қоймай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір орынға баруға және белгілі бір мерзімге шектеу енгізуге құқылы. Көрсетілген шектеулер туралы мәліметтер аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал тиісті жерлерде ескерту қалқалары қойылады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар мекендеу ортасынан алып қойылған, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері дара нұсқаларының санына сәйкес келетін, қолдан өсіру жолымен алынған жануарларды белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады.

 

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 252-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері еріксіз (шағын торларда және вольерлерде ұстау) және жартылай ерікті (табиғи тіршілік ету ортасына жақын жағдайлары бар саябақтарда және басқа учаскелерде ұстау) жағдайларда қолдан өсірілуі мүмкін.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жеке және заңды тұлғаларға, олар мынадай:

1) жануарларды ұстау үшін жағдайлардың, оған қоса белгіленген тәртіппен бөліп берілген, вольерлермен, шағын торлармен және басқа да құрылыстармен жабдықталған учаскелері мен үй-жайлары бар болу;

2) зоотехникалық, ветеринариялық және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың қажетті көлемде орындалуы;

3) зоологиялық, зоотехникалық, ветеринарлық бейіндегі мамандар, ал азаматтарда жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдысы болу;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсатының болу талаптарын сақтаған кезде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге рұқсат етіледі.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге берілген рұқсатта орындалуы міндетті талаптар, сондай-ақ жануарлар түрлері бойынша жеке-дараларының барынша көп саны көрсетіледі. Егер жеке және заңды тұлғалар рұқсат талаптарын орындамаса, алты ай ішінде үш ескертуден кейін рұқсат кері қайтарылып алынуы немесе оның күші жойылуы мүмкін.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін мамандандырылған зоологиялық питомниктерде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау мен өсіру осы питомниктер туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлардың иелері осы жануарларға алынбайтын сақина тағуға немесе оларды таңбалау жүргізуге және оларға паспорты болуға міндетті.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгенге жатқызылған жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаты бойынша ғана осы жануарларды Қазақстан Республикасының шегінде сатып алуға, сатуға және алмастыруға құқылы.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Меншігінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгенге жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық сауда мақсатында пайдалануы мүмкін.

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Егер жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін түрлерімен халықаралық сауда мемлекетке экологиялық және (немесе) экономикалық залал келтіретіндей болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл саудаға шектеу енгізуге құқылы.

 

 

37-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар

 

253-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жай-күйін сақтау мен жақсарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша осы аумақтарға арналған Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы үшін белгіленгенге қарағанда неғұрлым қатаң экологиялық нормативтер әзірлеуі және енгізуі мүмкін.

 

254-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда елді мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарына және жұмыс істеуіне байланысты емес құрылыстар орналастыру кезіндегі экологиялық талаптар

Экологиялық жай-күйді жақсарту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға залалды болдырмау мақсатында елді мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсатына және жұмыс істеуіне байланысты емес құрылыстар орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде осы аумақтарға арналған экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

 

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 255-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерлерді болғызбау үшін табиғат пайдаланушы:

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен:

технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде қажетті алаңдардың саны мен орналасуын, сондай-ақ табиғат пайдаланушының қызметі кезінде автокөліктің жолдан шығу қажеттілігін;

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ бойынша қосалқы технологиялық жолдардың схемасын;

өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге арналған алаңдарды орналастыру мен жабдықтауды;

жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта ағаштар мен бұталарды кесу және тамырымен жұлуды келісуі;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ шекараларын анық белгілеу мақсатында аншлагтар орнату арқылы шекараларды затпен айқындауы;

3) химиялық және радиоактивті материалдарды тасымалдауды олардың қоршаған ортаға түсуіне жол бермейтін арнайы ыдыстармен ғана жүзеге асыруы;

4) технологиялық жолдардың жабындысын жол бетінің бұзылуын, оның өте қатты шаң басуын, тасымалдау кезінде химиялық және радиоактивті заттардың төгілу қаупінің артуын болғызбайтын жағдайда ұстауы;

5) үйінділерді рекультивациялауды, технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде пайдаланылған құрылыс материалдарының қалдықтарын тасып әкетуді немесе бөлінген орындарға көмуді жүргізуі қажет.

2. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында:

1) елді мекендер, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен мелиорацияның, энергетиканың, көлік және байланыстың тұрақты объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін, санаторийлер, демалыс үйлерін, тамақтану пункттерін, қонақүйлер, мемлекеттік қорық аймағының мақсаттары мен жұмыс істеуіне байланысты емес өзге де объектілер мен ғимараттар орналастыруға және салуға;

2) табиғи ландшафтың өзіне тән бейнесін өзгертуге, экологиялық жүйенің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін жұмыстар жүргізуге;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивті материалдарды көмуге;

4) жергілікті жер рельефінің ойыстарын өнеркәсіптік және өзге де ластанған суларды төгу үшін пайдалануға;

5) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдануға, қоршаған ортаға зиянды физикалық ықпал етулерді жүзеге асыруға;

6) тұрақтар ұйымдастыру, шатырлар құру, алау жағу үшін көзделген орындардың шегінен тысқары жерде осындай әрекет етуге;

7) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан тысқары және сол үшін арнайы көзделген орындардан тысқары жерде механикалық көлік құралдарының жүруіне және тұруына, үй жануарларын айдауға;

2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жергілікті флора мен фаунаға жат өсімдіктерді және жануарларды интродукциялауға;

9) медицинада және басқа мақсаттарда пайдаланылатын өсімдіктерді өнеркәсіптік дайындауға;

10) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның арнаулы рұқсатынсыз жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға, ағаштар мен бұталарды кесуге, қосалқы орман материалдарын дайындауға және шөп шабуға;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс жердегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақпен жүруге;

12) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ және мемлекеттік қорық аймағының аумағы бойынша қалдықтардың (желмен, жауын-шашынмен) көшуін болғызбайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинап қоюға;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтағы, арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.

3. Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мақсатында қоршаған орта жай-күйінің өндірістік мониторингінің бағдарламасын жыл сайын жасауды және оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз ету қажет, онда:

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтан жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;

3) қоршаған ортада қызмет барысында пайда болатын ластаушы заттардың шоғырлануын тоқсан сайын бақылау;

4) іс-шаралардың нақты мерзімі және оны орындаушылар, аяқтау және есептілік нысаны көзделуге тиіс.

 

 

38-тарау. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік

қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

 

256-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекаралары

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

257-бап. Пайдалану режимін шектеу

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде функционалдық аймақтарға бөлу негізінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметке толық тыйым салынған және жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер енгізілген қорық учаскелері белгіленеді.

2. Қорық аймағында мынадай пайдалану режимі белгіленеді:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) теңізде балықтардың қалыпты уылдырық шашуын және олардың жас өркендерінің ширауын қамтамасыз ету үшін 1 сәуірден 15 шілдеге дейінгі кезеңде Жайық пен Еділ өзендері сағасындағы аудандарда Еділ өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен және Жайық өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен 50 километр шеңберде, сондай-ақ 1994 жылы 1 қаңтардағы жағалау сызығынан ені 15 километр белдеуде жоғарыда аталған атыраулар бойындағы кеңістікте және одан әрі шығысқа қарай Жем өзеніне дейін құрылыс және геофизикалық жұмыстар жүргізуге, ұңғымаларды сынауға және кеменің жүзуіне тыйым салынады. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша балық аулауды және оны тасымалдауды, навигациялық жағдайды бақылау құралдарын қоюды, ауыстыруды, алуды және тексеруді жүзеге асыратын кемелердің жүзуіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жол беріледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде мұнай өндіру процесі жабдықтармен, химиялық реагенттермен, жанар-жағар және басқа материалдармен, азық-түлікпен дербес қамтамасыз етуге көшірілуге тиіс. Мұнай өндіру процесіндегі қалдықтарды кейіннен тыйым салу кезеңі аяқталғаннан кейін шығарып тастау үшін оларды жинақтау мен сақтауды қамтамасыз ететін барлық шаралар қабылдануға тиіс;

3) құстарды ұя салатын жерлерінде (қамыс нуларында, құмдауытты жағалау қойнаулары мен аралдарда) сақтау мақсатында осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде құрылыс жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ұңғымаларды сынауға тыйым салынады;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа мерзімдерде құрлық - теңіз шекарасындағы қамысты нулардың (табиғи биологиялық сүзгілердің) шегінде жұмыстар жүргізу жыл маусымы ескеріле отырып, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерімен реттеледі;

5) Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін қазан айынан бастап мамыр айын қоса алғанда мұнай операцияларын жүргізу олардың шоғырланған жерлерінен 1852 метр (1 теңіз милі) алыс қашықтықта жүзеге асырылуға тиіс. Итбалықтардың шоғырланған жерлерін анықтау үшін жатақ ауыстыру ескеріле отырып, барлық ықтимал шаралар қабылдануға тиіс;

6) құстар мен каспий итбалығына теріс әсер етуді болдырмау үшін, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарды алдын ала хабардар ете отырып ғылыми-зерттеу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуден басқа жағдайларда, олардың белгіленген мекендеу және көбею жерлерінің үстімен әуе көлігінің 1 километрден төмен биіктікте ұшуына тыйым салынады.

 

258-бап. Су қорғау аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Каспий теңізінің жағалауы бойынша су қорғау аймағының ені теңіздің соңғы он жыл ішіндегі орташа-көпжылдық деңгейі белгісінен 2000 метрге тең, минус 27,0 метрге тең қашықтықта қабылданады.

Елді мекендер шегіндегі су қорғау аймақтарының шекаралары жағалау аймақтарын су объектілерінің қоқыстануы мен ластануын болғызбайтын міндетті инженерлік немесе орманмелиорациялық абаттандыру (жақтаулар, құламалар, орман бұталары белдеулері) жүргізіле отырып, оларды жобалау мен салудың нақты жағдайларына негізделіп белгіленеді.

2. Су қорғау аймағы шегінде:

1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, арнаулы техникаларға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын, қалдықтарды орналастыру орындарын елді мекендер шегінен тысқары жерге орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

3) осы жұмыстар қоршаған ортаны қорғау және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс, түбін тереңдететін және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кабельдер, құбырлар мен басқа да коммуникациялар тартуға, бұрғылау, ауылшаруашылық және өзге де жұмыстарға тыйым салынады.

 

259-бап. Сақтық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сақтық аймақта мұнай операцияларын жүргізу «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сақтық аймағы шегінде қалдықтарды көму полигондарын салуға тыйым салынады.

 

260-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарын, нақты және перспективалық су пайдалануды ескере отырып, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Осы ауданның теңізге қарайғы ені теңіздің соңғы он жылдағы орташа көпжылдық деңгейінен 3,9 километрден (2 мильден) кем болмауға тиіс.

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарының құрамында бөлінетін жағалау бойындағы құрлық белдеуі шекараны айқындау бөлігінде де, қорғау режимі бөлігінде де Каспий теңізінің су қорғау аймағына сәйкес келеді.

 

261-бап. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағының нақты тіркелген шекарасы болмайды және ол шамамен акваторий шегінде минус 29 метр абсолютті белгіден құрылықтағы минус 26 метрге дейін жетеді.

2. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде:

1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникаларға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын елді мекендер шегінен тысқары жерде орналастыруға және салуға, қалдықтарды орналастыру орындарын ұйымдастыру мен жайластыруға, сондай-ақ судың сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

3) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалары болмаса, құрылыс, түбін тереңдететін және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кабельдер, құбырлар мен басқа да коммуникациялар тартуға және бұрғылау, ауылшаруашылық және өзге де жұмыстарға тыйым салынады.

 

262-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

1. Топырақты қазып алумен және басқа жерге апарумен байланысты жұмыстарға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін арнаулы рұқсат болған кезде жол беріледі.

2. Құрылыстарды салу, монтаждау және оларды қайта бөлшектеу ластаушы заттардың барлық түрлерін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған кезде жер қойнауын пайдаланушы оларды өз балансына қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.

4. Мұнай операцияларының барлық сатысында қоршаған ортаға эмиссия олар үшін белгіленген ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне жол берілетін шекті нормативтерінен аспауға тиіс.

5. Ұңғымаларды пайдалану кезінде, авариялық ахуалдың қауіп төндіру жағдайларын қоспағанда, флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады.

6. Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутегін алау етіп жағу барынша азайтылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген әдіс, экологиялық сараптама қорытындысында қоршаған ортаға неғұрлым қауіпсіз деп танылған жағдайда, оны түтінді шлейфтің сейілуіне ықпал ететін табиғи қолайлы жағдайларда ғана қолдану қажет, бұл ретте, алау қондырғыларының конструкциясы көмірсутегілердің толық жануын қамтамасыз етуге тиіс. Ұңғымалар құстардың өріс аудару жолдарына орналастырылған жағдайда, орнитофаунаға залалды болғызбау үшін ұйымдастыру-техникалық шаралар қабылдануға тиіс.

7. Мұнай операцияларын жүргізген кезде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген принциптер мен әдістерге сәйкес бақылануға тиіс.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде, ластанбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйелерінің сулары мен қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша төгілетін балласт суларды қоспағанда, сарқынды суларды төгуге және қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Судың бақылау жақтауы шегінен тыс төгілуі нәтижесіндегі температурасы соңғы үш жыл ішіндегі төгу кезеңіндегі орташа айлық су температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары көтерілмеуге тиіс.

9. Бұрғылау қалдықтарын оларды залалсыздандыру жөніндегі алдын ала операцияларсыз жер қойнауына айдауға тыйым салынады және ол мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаға сәйкес жүзеге асырылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Бекітілген жобалық құжаттарда көзделген, қыртыс қысымын сақтау арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі ілеспе мұнай газын нормадан тыс жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштен артық айдауға тыйым салынады.

10. Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен қоспаларды) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі барлық операциялар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде, арнайы полигонда жүзеге асырылуға тиіс. Аталған операциялар полигон құрылысының бұрғылау жұмыстары басталар кезге қарай аяқталуын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілер және оларға қызмет көрсететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғымен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану кезінде және жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар болғанда медициналық және тамақ қалдықтарын инсинерациялауға жол беріледі.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

13. Суда жүзетін және су маңдарындағы құстардың ұя салатын орындарын бұзуға, сондай-ақ бекіре балықтарының уылдырық шашу орындарына баруына кедергі орнатуға тыйым салынады.

14. Су тарту құрылыстары балық қорғау құрылғыларымен жарақтандырылған жағдайда ғана теңізден су тартуға жол беріледі. Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғылары жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғылар орнатылуға тиіс.

15. Мұнай өндіру жөніндегі жұмыстарды бастар алдында жер қойнауын пайдаланушының қаржылай қаражаты есебінен Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағында уылдырық шашылуын қорғау және бағалы кәсіпшілік балықтарын молайту жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қоршаған ортаны, сондай-ақ итбалықтардың тіршілік ету ортасын қорғау жөнінде кешенді бағдарламалар көзделуге тиіс.

16. Көліктің бағыттары олардың теңіз сүт қоректілеріне, балықтар мен құстарға әсерін болдырмайтындай немесе оны азайтатындай етіп таңдалуға тиіс.

17. Арнаулы талаптар қолданылатын аймақта жобада көзделмеген темір жолдарды, автомобиль жолдарын төсеуге және магистральдық құбырларды тартуға тыйым салынады.

18. Таяз суларда жұмыс жүргізу үшін жоғары өнімді түптік топтасу мен уылдырық шашудың сақталуын қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылуға тиіс. Қажет болған жағдайда, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу кезінде топырақ-өсімдік жамылғысының тұтастығын және сол жердегі биоценоздарды барынша аз бұзатын жалпақ шынжыртабанды, қысымы төмен шиналармен, ауа жастықшаларымен жүретін арнаулы көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.

19. Бұрғылық және тампонаждық сұйықтар құрамында техникалық жобада келісілмеген заттар қолданылмауға тиіс. Өзге заттарды пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оларды қолдануды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келіседі.

20. Бұрғылау қондырғылары Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерімен жарақтандырылуы қажет.

21. Энергия қондырғылары іштен жану двигательдерімен немесе қосарлы отын (дизельді отын-газ) турбиналарымен жарақтандырылуға тиіс.

22. Теңізде барлау жүргізудің алдында, қоршаған ортаға әсерді толық көлемінде бағалауды қоса алғанда, жұмыс жобасы әлемдік тәжірибе ескеріле отырып әзірленуге тиіс. Көзделіп отырған шаруашылық қызмет жүргізілетін, бұрын зерделенген ауданның қазіргі жай-күйін талдау қоршаған ортаға әсерді бағалау табыс етілгенге дейін кемінде төрт жыл бұрын жүргізілген далалық зерттеу нәтижелеріне негізделуге тиіс.

23. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде, теңіз акваторий мен жағалау аймақтарының айрықша осал учаскелерінде барлау жүргізуден бас тартуды қоса алғанда, балама нұсқаларды талдау міндетті элемент болып табылады.

24. Су қорғау аймағында және теңіздің жағалау бойындағы тереңдігі 5-10 метрге дейінгі таяз сулы учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылау сыртқы желілерден электр жетекті бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұрғылау дизельді отыны және дизельді жетегі бар генератордан бұрғылау қондырғысымен жүргізілсе, онда мұндай қондырғылардан тазартылмаған шығарынды газдардың атмосфераға шығуы барынша төмендетілуге тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 25-тармақпен толықтырылды

25. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттер орналастырылуға тиіс.

 

263-бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Геофизикалық операциялар жүргізу кезінде:

1) сейсмикалық толқындардың жару көздерін және ихтиофауна мен олардың тіршілік ету ортасына зиянды әсер ететін параметрлері бар пневматикалық көздерді пайдалануға;

2) қауіпсіздігі құжаттармен немесе тәжірибелік геофизикалық жұмыстар негізінде расталмаған аппаратуралар мен әдістерді қолдануға;

3) теңізде сейсмикалық шығанақтардың бөлініп қалуы мен су ағызып кетуін болдырмау үшін оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды су түбімен сүйретуге тыйым салынады.

2. Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында қазан айынан мамыр айына дейінгі кезеңде сейсмикалық жұмыстар мен өзге де шаруашылық қызметті жүргізу аралдағы және мұздақтардағы жатақтарда итбалықтардың шоғырланған жерінен кемінде бір теңіз милі қашықтығында сейсмикалық бөліктер бөліп беру арқылы үйлестіріледі. Итбалықтардың көп шоғырланған жерлерін анықтау үшін, жатақтардың жиі орын ауыстырылатыны ескеріле отырып, алдын ала авиациямен шолып ұшу көзделуге тиіс.

3. Сейсмикалық барлау процесінде балықтарды жұмыс аймақтарынан үркітіп кетіру құралдарын пайдалану көзделуі мүмкін.

 

264-бап. Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ұңғымаларды бұрғылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген озық принциптер мен әдістер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

2. Келісімшарттық аумақ шегінде теңіз бұрғылау платформаларын орналастыруға арналған орындар балық аулау кәсіпшілігі, балықтардың бағалы түрлерін және су кәсіпшілігінің басқа да объектілерін сақтау және өсімін молайту үшін перспективалық маңызы бар теңіз аудандарын барынша сақтау мүмкіндігі ескеріле отырып таңдалуға тиіс.

3. Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген талап жасанды аралдарда жүргізіліп жатқан бұрғылау жұмысына қолданылмайды.

4. Теңізде мұз қатқан қиын жағдайларда болжанған төтенше қысыммен және күкіртсутегінің өте жоғары мөлшерімен қалың тұз астындағы өнім беретін қабатты ашуға және ұңғымаларды сынауға тыйым салынады.

5. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы экожүйесінің тұрақты тіршілігін қамтамасыз ету үшін теңізде барлау мен өндіруді жобалау кезінде бұрғылық негіздер салу, ұңғымаларды сынау мен кемеде жүзу барынша шектеледі.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Теңізде өндіру бойынша мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау және өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.

 

265-бап. Мұнай-газ құбырларын жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Мұнай-газ құбырларын және оларды сүйемелдеу объектілерін теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағында жобалау мен салу олардың ең жоғары ауытқу шегі ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.

2. Мұнай-газ құбырларындағы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мұнай-газ құбыры тұтастығының бұзылу ықтималдығына байланысты тәуекелдердің бағалануы ескеріле отырып жүргізілуі қажет.

3. Мұнай-газ құбырларын салу кезінде теңіз түбі бұзылу көлемінің барынша аз болуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықтар қолданылуға және қалқыма заттардың су қабатында таралуын тұмшалайтын технологиялар мен әдістер пайдаланылуға тиіс.

4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай-газ құбырларын жылжымалы мұздардан, кемелер зәкірінен және техногендік сипаттағы басқа да сыртқы әсерден зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін тереңдікте тарту міндетті болып табылады.

5. Мұнай-газ құбырларының бойымен құбырдың шеткі сызықтарының осінен әрбір жағынан бес жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтықтар арасында орналасқан, су үстінен түбіне дейінгі су кеңістігінің учаскесі түрінде күзет аймағы белгіленуге тиіс.

6. Мұнай-газ құбырларын гидрологиялық сынау кезінде суды ағызу Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шекарасынан тысқары жерде жүргізілуге тиіс.

 

266-бап. Жағалаудағы жарақтандыру базалары мен жағалау инфрақұрылымы объектілеріне арналған экологиялық талаптар

1. Порттар мен айлақтарды қоспағанда, жағалаудағы базаларды, оның ішінде жанар-жағар май материалдары қоймаларын, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станцияларын салу, қолда бар инфрақұрылымдар пайдаланыла отырып, Каспий теңізі жағалауының су қорғау аймағынан тысқары жүзеге асырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген су қорғау аймағында объектілер салуға және жұмыстар орындауға жол беріледі.

2. Жарақтандыру айлақтары мен базаларының аудандары, жарақтандыру, техникалық қызмет ету мен май құю жөніндегі операциялар қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен халық денсаулығын қамтамасыз ететін барлық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылатындай етіп жоспарлануға тиіс.

3. Жағалау инфрақұрылымы объектілері жұмыс істеуін аяқтап, олар қайта бөлшектелгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жерді рекультивациялау жүргізілуге тиіс.

 

267-бап. Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Каспий теңізіне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің кездейсоқ кіруін болғызбау үшін бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдық пен аппаратураны, сондай-ақ кемелерді экологиялық тексеруден өткізбей пайдалануға тыйым салынады.

2. Су көлігімен орын ауыстырудың барлық түрлері жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы құрамында табыс етілуге тиіс. Егжей-тегжейлі жобалау сатысында және жұмысты ұйымдастыру кезінде кемелердің жүзу бағыттарының маусымдар бойынша кестесі белгіленуге және ол картографиялық материалдарда көрсетілуге тиіс. Орын ауыстыру бағыттары таңдалған кезде, мұз қату жағдайларын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ балықтардың бағалы түрлерінің уылдырық шашу және өріс аудару кезеңдері мен орындары, итбалықтардың жатақтары, құстардың ұя салуы ескерілуге тиіс.

3. Барлық кемелер отынды жабық алып жүру жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыстарды жинайтын ыдыстармен жабдықталған, ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғыларда жарақталған болуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлерде және арнаулы ыдыстарда жүзеге асырылуға тиіс.

5. Кемелердің, басқа да жүзуші құралдардың, теңіз бұрғылау қондырғылары мен платформаларының корпустары қазіргі заманғы сертификатталған коррозияға қарсы материалдармен жабылуға тиіс.

6. Теңізде кемелерге май құю отынның және жанар-жағар май материалдарының төгілуі мен ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің көмегімен жүргізілуге тиіс.

7. Кемелерден шығатын шу мен діріл санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларда, гигиеналық нормативтерде белгіленген шудың жол берілетін шекті деңгейінен аспауға тиіс.

8. Арнаулы мақсаттағы кемелердің құрылыс жабдықтары шу мен діріл деңгейін азайтуға арналған құралдармен жабдықталуға тиіс.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Көмірсутектерді және өзге де қауіпті заттарды Каспий теңізі акваториясында танкермен тасымалдау үшін қосарлы корпусты танкерлер пайдаланылады.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуға тиіс. Су объектілеріне кемелерден мұнайды, зиянды заттар мен құрамында олар бар суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрлерін тастауға тыйым салынады.

11. Кеменің жүзу режимі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша белгіленеді.

 

268-бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар

1. Теңіздегі мұнай операциялары, барлау, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды, минералдық және (немесе) ауыз суды барлау объектілерін консервациялау немесе жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сынау аяқталғаннан кейін ұңғымалар консервацияланатын жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оны консервациялау жөніндегі жұмысты жүргізуге, жұмыс қайта басталатын кезге дейін бұрғылау негіздерінің сақталуын және ұңғымалардың берік бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Үйінді негізден (су асты бермадан немесе аралдан) бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде жер қойнауын пайдаланушы олардың берік бекітілуін және көмірсутегілермен және өзге де химиялық заттармен ықтимал ластанудан тазартуды алдын ала жүргізе отырып, жасанды негіздің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Аралды (берманы) су шайып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы негізді түбегейлі тегістегенге дейін оны қадамен немесе қалқымамен белгілеуге және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз карталарына түсіру үшін оның координаттарын жер қойнауын зерттеу жөніндегі, ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

4. Кез келген үлгідегі платформадан бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде олардың конструкциялары толық қайта бөлшектенуге және жойылуға, ал берік бекітілген ұңғымалардың шығып тұрған шеттері балық аулауға және кемеде жүзуге кедергі келтірмеуі үшін түбінен кесіп тасталуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Пайдаланудан шығарылған қазба үйінділері аралдарын жою туралы шешім, жою жөніндегі жұмыстардың қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалаудың негізінде қабылдануға тиіс.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Су басып қалған және батып кеткен ескі ұңғымаларды консервациялау мен жою қоршаған ортаға әсерді бағалау қамтылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамадан, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткен жобалар бойынша орындалуға тиіс. Бұл ретте, міндетті түрде мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспары әзірленіп, бекітілуге тиіс. Жұмыстарды қажетті жабдықтармен, мамандармен, көліктермен және мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспарына сәйкес авариялық ахуалды болдырмау мен оларға ден қою жөніндегі өзге де құралдармен қамтамасыз етпей жүргізуге жол берілмейді.

 

269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында міндетті түрде мемлекеттік экологиялық мониторингті жүзеге асырады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына келеңсіз әсерді болдырмау мақсатында, мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаның жыл сайынғы өндірістік мониторингін (климаттық маусымдар бойынша) жүргізуге міндетті.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мұнай операцияларының әрбiр кезеңiнің (геофизикалық зерттеулер, инженерлік - геологиялық іздестірулер, бұрғылау, құрылыс, жайластыру, пайдалану, жою және өзгелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарында өндірістік мониторинг жүргізу көзделуге тиіс, онда:

1) мұнай операцияларының әрбір кезеңінде өндірістік объектілердегі қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей зерттеулер;

2) ластану көздерінің мониторингі;

3) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;

4) қоршаған ортаны авариялық ластау салдарының мониторингі қамтылады.

4. Қоршаған ортаның мемлекеттік экологиялық және өндірістік мониторингі мына параметрлерді:

1) Каспий теңізінің мәртебесі (режимі) бойынша әртүрлі учаскелерінде судың, сондай-ақ су түбіндегі шөгінділердің физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша ластану деңгейін;

2) Каспий теңізінің белгілі бір учаскелерінде (ашық теңізде, шығанақтарда, сағалық учаскелерде, теңізге құятын өзендерде, мұнай операцияларын жүргізетін аудандарда сынамаларды іріктеп алудың бақылау нүктелерінде) атмосфера - су бөліну шекарасында ластаушы заттардың балансы мен түрленуін және олардың су түбі шөгінділерінде (тұнбаларда) жинақталуын;

3) табиғи циркуляциялық процестерді, гидрометеорологиялық көрсеткіштерді (судың температурасын, ағысын, желдің жылдамдығы мен бағытын, атмосфералық жауын-шашынды, атмосфералық қысымды, ауаның ылғалдығын) байқауды қамтуға тиіс.

5. Жер қойнауын пайдаланушы қажет болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап етуімен қоршаған ортаның жай-күйіне қосымша зерттеулер жүргізуге тиіс.

6. Жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаның жай-күйін қадағалаудың түрлері мен әдістерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындайды.

7. Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс.

8. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылуға тиіс.

9. Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік мониторинг нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беруге міндетті.

 

 

2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-тарау. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар

 

270-бап. Радиоактивті қалдықтар мен материалдарды трансшекаралық ауыстыру

1. Өңдеу үшін басқа мемлекеттерге әкетілген Қазақстан Республикасының өз радиоактивті қалдықтарын қоспағанда, радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму мақсатында басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады. Радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізбей радиоактивті қалдықтар мен материалдарды жер бетіне және жер қойнауына көмуге (орналастыруға) тыйым салынады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасына радиоактивті материалдарды, радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген, құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары радиоактивті заттар бар жартылай фабрикаттарды, шикізатты, жинақтаушы бұйымдарды әкелу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебіне алынуға жатады.

3. Радиоактивті материалдарды трансшекаралық ауыстыру кезінде табиғат пайдаланушы халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті. Бұл ретте:

1) табиғат пайдаланушы межелі мемлекеттің рұқсаты және алдын ала хабардар етілуі, сондай-ақ келісімі бойынша ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті;

2) транзит мемлекеттері арқылы трансшекаралық ауыстыру нақты пайдаланылатын көлік түрлеріне сәйкес келетін халықаралық міндеттемелерді орындау шартымен жүзеге асырылуға тиіс;

3) пайдаланылған отынды немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму үшін оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 60 градус межелі орынға жөнелтуге тыйым салынады.

 

271-бап. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті материалдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол берілетін шекті деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы байқалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар бұл туралы атом энергиясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына кідіріссіз түрде хабарлауға тиіс.

3. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезінде табиғат пайдаланушылар:

1) радиоактивті материалдарды пайдалану мерзімі ішінде оларға әсер етуі мүмкін барлық факторларды бағалауды;

2) радиоактивті материалдардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды;

3) азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, радиоактивті материалдардың сипаттамасы мен оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың берілуін;

4) Қазақстан Республикасының халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормалары мен ережелерін ескере отырып, халық денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық, оның ішінде авария салдарынан болатын радиациялық әсерді шектеу шараларын;

5) радиоактивті қалдықтар түзілуінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

 

272-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының аумағында түзілетін радиоактивті қалдықтар олардың ықтимал қауіптілігі болуы мүмкін уақыт кезеңі ішінде халық пен қоршаған ортаның радиациядан қорғалуын қамтамасыз ететіндей түрде көмілуге тиіс.

2. Радиоактивті қалдықтарды орналастыру радиоактивті қалдықтардың түзілуіне алып келетін қызметтің кез келген түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және техникалық құжаттамада көзделуге тиіс. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау мен көму тәртібі және оларды ұйымдастыру осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезінде табиғат пайдаланушылар:

1) өздігінен жүретін тізбекті ядролық реакцияларды болғызбауды және жылудың көп бөлінуінен қорғауды;

2) радиациялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларына сәйкес тиісті қорғау әдістерін қолдану арқылы халықтың және қоршаған ортаның тиімді қорғалуын;

3) радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтаумен байланысты болуы мүмкін биологиялық, химиялық және басқа да тәуекелдердің есебін;

4) көму объектісінің орналасқан жеріне, конструкциясы мен құрамына қатысты есеп құжаттарының сақталуын;

5) радиоактивті материалдарға санкциясыз қол жеткізуді бақылау мен шектеу, сондай-ақ радиоактивті заттардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуын болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

 

273-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ережелерге және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау ережелері жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қауіпсіздік, физикалық жағынан қорғалу шараларын, оқиғалар мен аварияларға жол бермеу жөніндегі келісілген шаралар жүйесін, буып-түюге, таңбалауға және көлік құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың салдарын тұмшалау жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.

 

274-бап. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру мен пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыруға қатысты ұсыныстар енгізуге жергілікті мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.

Ядролық қондырғыларды немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру туралы мәселенің қаралуы үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген, осындай қондырғыны немесе объектіні салу қажеттігінің негіздемесі, сондай-ақ оларды орналастыруға арналған алаңдардың балама нұсқалары қамтылуға тиіс материалдарды табыс етеді.

Материалдар:

1) ядролық қондырғы немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объекті орналастырылуы мүмкін аудандағы қоршаған ортаның сипаттамасын;

2) объектілерді салу, пайдалануға беру, пайдалану, пайдаланудан шығару және жабу жөніндегі жоспарланған жұмыстардың адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалауды;

3) қоршаған ортаға теріс әсерді төмендететін іс-шараларды;

4) қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары міндетті түрде ескерілген мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық сараптамалардың оң қорытындысын қамтуға тиіс.

2. Ядролық қондырғыларды және объектілерді салу туралы шешімді аумағында ядролық қондырғы және (немесе) объекті салу жоспарланатын жергілікті өкілді органдар келіскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

3. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін және жер қойнауын беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыруға қатысты шешімдер қабылдау кезінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған қосымша іс-шаралар көзделуге тиіс. Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың көлемі мен тәртібін әрбір нақты жағдайда ғылыми-экономикалық негіздемелер негізінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

5. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

6. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдалануға қабылдау жобада көзделген өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы объектілермен бір кешенде жүзеге асырылуға тиіс.

7. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдаланудан шығару және радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қойманы жабу тәртібі атом энергиясын пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес жобада көзделуге тиіс. Шығыстарды қаржыландыруды ядролық қондырғының немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектінің иесі жүзеге асырады.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қойманы жабу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және аталған іс-қимылдар басталғанға дейін екі жылдан кешіктірмей пайдаланушы ұйымның немесе осы салада маманданған ұйымның назарына жеткізіледі.

9. Ядролық қондырғы немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объекті орналасқан жерлерде санитарлық-қорғаныш аймағы және бақылау аймағы белгіленеді.

Аймақтардың көлемдері мен шекаралары жобада ядролық энергияны пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес белгіленеді. Санитарлық-қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүзеге асырылады.

10. Параметрлері мен кімге тиесілі екеніне қарамастан, санитарлық-қорғаныш аймағында, бағбандық және бақшалық жер учаскелерін орналастыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қоса алғанда, тұрғын үй ғимараттарын, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорттық-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға (салуға) тыйым салынады.

11. Санитарлық-қорғаныш аймағында орналасқан жерлер мен су айдындарын өнімдерге радиологиялық бақылауды міндетті түрде жүргізу шартымен шаруашылық мақсатында пайдалануға болады.

 

275-бап. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі

1. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленеді.

2. Көмір радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген мөлшер шегінен аспаған кезде кез келген мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Радиоактивтілігі радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларында және санитарлық ережеде көзделген деңгейден жоғары көмір, радиациялық қауіпсіздік нормалары сақталу шартымен карьердің ішкі үйіндісіне жинақталып, көмілуге тиіс.

 

276-бап. Елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және мұнай операциялары кезіндегі радиациялық қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыру

1. Радиациялық бақылауды ұйымдастыру радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген нормативтік шамаларынан асуына жол бермеуін, сондай-ақ халыққа дозалық жүктемені төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуді өзіне міндет етіп қояды.

2. Елді мекен пункттерінің, тұрғын үй-тұрмыстық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, демалыс және рекреация аймақтарының, бағбандық серіктестіктерінің құрылысына жер учаскелері бөлініп берілген кезде, міндетті іздестіру жұмыстары көлеміне бөлініп берілген учаске аумағындағы сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу енгізілуге тиіс. Нәтижелері құрылысқа учаске таңдау жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.

3. Тұрғын үй объектілері пайдалануға берілген кезде сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық мөлшерінің қуаты - әрбір пәтерде, ал радонның шоғыры әрбір кіреберістің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өлшенеді. Радонның жол берілетін шоғырлануы асып кеткені анықталған жағдайда зерттеу үйдің барлық пәтерлерінде жүргізіледі.

4. Сыртқы гамма-сәуленің дозалық қуатын өлшеу жер бетінен немесе үй-жай еденінен 1 метр биіктікте жүргізіледі.

5. Радонның баламалық тепе-тең көлемді белсенділігінің болуын бақылау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның әдістемелік нұсқауларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған басқа да әдістемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Пайдалануға берілетін құрылыс объектілеріндегі өлшеулердің нәтижелері радиациялық тексеру актісі түрінде ресімделіп, оның бір данасы объектіні пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне тіркеледі. Өлшеулерді өткізу үшін жауапкершілік объект құрылысын жүзеге асыратын және оны пайдалануға ұсынатын ұйымға жүктеледі.

7. Үй-жайлардағы гамма-фонды және радонның мөлшерін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін, қажеттілігін, көлемі мен мерзімдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілдерін міндетті түрде қатыстыра отырып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының комиссиясы айқындайды.

8. Табиғат пайдаланушы құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетика шикізаты кен орнын игеруді бастағанға дейін олардың радиациялық қауіптілік деңгейі мен пайдаланылу шарттары туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс. Қорытындыны геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша пайдалы қазбаларды радиациялық-гигиеналық бағалау бөлімі қамтылатын, кен орындарын игеру жобасының негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган береді.

9. Табиғат пайдаланушының радиациялық бақылау қызметі кен орындарын игеру жөніндегі жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, радиациялық бақылау нәтижелері құжатпен ресімделеді.

10. Өнімнің радиациялық сапасы аккредиттелген зертханалар орындаған зертханалық зерттеулер негізінде мемлекеттік бақылау органдарының қорытындысымен расталады. Өнімнің сапасын растаудың тәртібі мен кезеңділігі кен орындарын игеру жобаларының сараптамасы кезінде белгіленеді.

 

277-бап. Металл сынықтарына радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1. Металл сынықтарын өндірістік радиациялық бақылау:

1) дайындау ұйымына түсетін барлық металл сынықтарын оның радиоактивті ластануын не онда оқшау гамма-сәуле көздерінің болуын анықтау мақсатындағы радиациялық бақылауды;

2) металл сынықтарының тобына немесе бөліктеріне жақын жерде радиациялық фонның артуы анықталған кезде гамма-сәуле дозасының қуатын өлшеуді;

3) металл сынығының альфа- және бета-активті радионуклидтермен беткі ластануының бар-жоғын іріктеп тексеруді;

4) металл сынығы топтарын тасуға арналған бос көлік құралына радиациялық тексеру жүргізуді, сондай-ақ жүк тиелген көлік құралының үстіндегі гамма-сәуле дозасының қуатын өлшеуді қамтиды.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Өндірістік радиациялық бақылау жүргізу әдістемесі санитариялық қағидаларда айқындалады.

 

278-бап. Радиациялық авариялар кезінде іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі

1. Радиоактивті материалдарды тасымалдағанда төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары және техникалық регламенттер сақталуға тиіс.

2. Авариялық рәсімдер авария болған жағдайда жүк құрамының қоршаған ортамен өзара іс-әрекеті салдарынан басқа қауіпті заттардың пайда болу ықтималдығын ескеруге тиіс.

 

279-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қадағалау мен бақылау

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қадағалау мен бақылау Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

40-тарау. Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды,

генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру және оларды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 280-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

280-бап. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында:

1) өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;

2) оларды қолданудың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын немесе оны пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған химиялық заттарды өндіруге және пайдалануға шектеу қойылады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға жатады.

Бөлінетін газдарды кешенді тазаламайынша жойылуы қиын органикалық ластауыштарды және құрамында хлор бар қалдықтарды жоюға арналған технологияларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте бөлінетін газдарды кешенді тазалау тазартылған бөлінетін газдарда диоксиндер мен фурандардың 0,1 нг/м3 аспайтын концентрацияда болуын қамтамасыз етуге тиіс.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Азық-түлікті немесе мал азықтарын өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды пайдалануға тыйым салынады.

 

281-бап. Қоршаған ортаны зиянды және бақыланбайтын биологиялық әсерден қорғау

Ықтимал қауіпті биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында:

1) өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;

2) оларды қолданудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы;

3) генетикалық түрлендірілген өнімдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат берген тізбе шеңберінде ғана пайдаланылуы қамтамасыз етілуге тиіс.

 

282-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі

1. Генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында мынадай талаптар сақталуға тиіс:

1) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдердің қайдан шығатынын және қайда түсетінін айқындайтын жүйелер мен рәсімдерді меңгеруге тиіс;

2) қоршаған ортаға әдейі шығаруға арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына олардың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге тиіс;

3) тағамға, жемге немесе өңдеуге арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өнімде болуы мүмкін генетикалық түрлендірілген организмдердің ерекшеліктерін сипаттап, өнімнің тек тағам, жем ретінде немесе өңдеу үшін пайдаланылуға тиістілігі туралы декларация ұсынуға тиіс;

4) генетикалық түрлендірілген организмдерден алынатын тағам және жем өнімдеріне қатысты табиғат пайдаланушылар сатып алушыларды өнімнің генетикалық түрлендірілген организмдерден алынғаны туралы хабардар етуге тиіс;

5) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану туралы ақпаратты бес жыл бойы сақтауға және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша табыс етуге тиіс.

2. Ауыл шаруашылығының табиғат пайдаланушылары өз өнімін сатып алушыға оның генетикалық түрлендірілген өнім сатып алатынын таңбалау арқылы хабардар етуге және өз өнімін ұсынатын сатып алушылардың тізілімін жүргізуге тиіс.

3. Мемлекеттік органдар барлық генетикалық түрлендірілген тағам өнімдері мен жемге арналған таңбалау туралы қолда бар ережелерді таратады. Генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын немесе олардан құралған немесе алынған барлық тағам өнімдері мен жемдер таңбалануға тиіс. Таңбалаудың мақсаты тұтынушыларды өнімнің немесе жемнің нақты қасиеттері туралы хабардар ету болып табылады.

4. Генетикалық түрлендірілген организмдерді таңбалау жүйесі түпкі тамақ өнімінде генетикалық түрлендірілген дезоксирибонуклеидтерді немесе белоктарды табу мүмкіндігіне негізделеді.

 

 

41-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптар

 

283-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы

1. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

2. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін.

3. Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.

Бөгде ұйымдардан қабылданатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер ұлттық стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс және қалдықтардың меншік иесі оларды берген кезден бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді. Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын ұлттық стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

 

284-бап. Иесіз қалдықтар

1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады.

2. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы.

Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.

Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады.

4. Жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу және олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.

6. Сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қалдықтар оларды қалдырған меншік иесінің иелігіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену мерзімі өткендіктен меншікке сатып алынуы мүмкін.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Осы баптың ережелеріне сәйкес пайдалы құрауыштар алына отырып қайта өңделуге жататын иесіз қалдықтар мемлекеттік не жеке меншікке айналдырылғаннан кейін қалдықтар ретінде қаралмайды.

 

285-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы

1. Қалдықтар орналастырылған жер учаскелерінде жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзгерген кезде қалдыққа меншік құқығы туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шешіледі.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік меншік объектілері жекешелендірілген кезде, егер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы кәсіпорындарды жекешелендіру шарттарында өзгеше көзделмесе, қалдықтарға меншік құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды жою, жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелер жаңа меншік иесіне ауысады.

 

 

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 41-1-тараумен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

41-1-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері

 

285-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар

1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануды;

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану жөніндегі талап автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды;

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасуды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде ақша енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.

2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) өндірушілерге, өндірілген майлар, полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалары, аккумулятор батареялары бөлігінде, оларды өндіру үшін сәйкесінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлар, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумулятор батареяларының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда;

2) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, одан тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген полимерлік, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалары, орауға арналған және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) оралған, аралас материалдардан жасалған орама бөлігінде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) автомобиль көлігі құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға, тауарларды жеке пайдалану үшін бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттаған кезде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

5) импорттаушыларға, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары оралған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар, аралас материалдардан орама бөлігінде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

6) өндірушілерге, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізілген, преформалардан жасалған полимер орама бөлігінде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

7) импорттаушыларға, өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде өз қызметінде негізгі құралдар, материалдар, шикізат, қосалқы бөлшектер (құрауыштар) ретінде жалпы шаруашылық мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын және өткізуге арналмаған (арналған), әкелінген өнім (тауарлар) оралған, әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар, аралас материалдардан орама бөлігінде;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

8) импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік өтеусіз көмек ретінде әкелінген тауарлар оралған, әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар бөлігінде қолданылмайды.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 285-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны:

1) жеке және заңды тұлғаларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын қоспағанда), аталған қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайларда, бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

1-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеуге жібереді;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін:

оларды шығарушыларды мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру;

жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде оларға шығарушы ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға жібереді.

Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларында:

қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын шығарушыларға қойылатын талаптар;

өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын шығарушыларға қойылатын талаптар;

пайдаланудан шығып қалған көлік құралының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік алу құқығын көздейтін құжат ұсынылған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға шығарушы ұсынған жеңілдіктің шарттары, оның ішінде мөлшерін айқындау тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

2-1) Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімдерді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру арқылы ынталандыруға жібереді.

Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін ынталандыру қағидаларында:

қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, кәбілді-өткізгіш өнім шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

кәбілді-өткізгіш өнім өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

кәбілді-өткізгіш өнім өндірушілерге қойылатын талаптар;

өнімге және технологиялық процестерге қойылатын талаптар;

қаржыландыру шарттары мен тәртібі белгіленеді.

Кәбілді-өткізгіш өнімнің (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі талаптар - ұлттық стандарттарға, олар болмаған кезде мемлекетаралық стандарттарға сәйкес айқындалады;

3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға;

4) Қазақстан Республикасының аумағында олар үшін залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілер жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін жинауды, беруді ұйымдастыруға;

5) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге, жарнама қызметін, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы білім беру зерттеулерін, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға;

6) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйе деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыруға және жүргізуге;

7) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіруге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, электрлік қуаттау станцияларының желісін құруға және дамытуға;

9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) өңдеу саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қаржыландыруға;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де қызметке арналған төлемақы түрінде жібереді.

 

285-3-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы

1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы жинау және аталған төлемдерді осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен басқару арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, пайдалануға және (немесе) кәдеге жаратуға қатысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып табылады.

2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы жинауға қатысты айрықша құқыққа ие және аталған төлемдерге осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен иелік етуге және оларды басқаруға тиіс.

 

285-4-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері

1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне:

1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы өндірушілермен (импорттаушылармен) шарт жасасуы;

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына өндірушілер (импорттаушылар) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін аударатын төлемақыны жинау;

3) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақыны дұрыс есептеуіне, толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) артық төленген сомалар расталған жағдайда өндірушілер мен импорттаушылардың өтініштері негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы белгілеген тәртіппен жүргізілетін артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтардың жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстардың бір бөлігіне өтемақы алуға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің құжаттарды дұрыс ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есепті ұсыну;

5) автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін қалыптастыру, бекіту, жүргізу;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) автомобиль көлігі құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін тіркеу және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

7) мемлекеттік органдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары саласында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

8) қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу, қалдықтарды және қайталама ресурстарды сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу;

9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес олар бойынша іс жүргізу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған кезде, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мұндай құқық бұзушылықтар бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті;

10) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қағидаттарын іске асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпараттан кәдеге жарату төлемін есептеу үшін деректер алуға құқылы;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10-1) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10-2) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасынкәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды

10-3) осы Кодекстің 285-2-бабында көзделген бағыттарға сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде өзінің банктік шотына түскен ақшаны жіберу;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де өкілеттіктер жатады.

2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын осы Кодекстің 285-2-бабына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау тарифтері бойынша жеке және заңды тұлғалар төлейтін қаражат есебінен өзін-өзі ақтамайтын мақсаттарға жұмсалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақы қаражатын пайдалану басымдығын қамтитын қызметін дамыту стратегиясына сәйкес жұмсауды жүргізеді.

 

285-5-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауаптылығы

1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасамаған, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде ақша енгізбеген немесе уақтылы енгізбеген өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2. Осы баптың 1-тармағының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу бөлігіндегі талаптары қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын мақсатсыз пайдаланғаны, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін пайдаланбағаны және (немесе) тиісінше пайдаланбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

285-6-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы:

1) өз қызметін дамыту стратегиясын және инвестициялық саясатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

2) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, заласыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыдан түсетін ақшаны шоғырландыру үшін өлшемшарттар мен екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.

 

285-7-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау

1. Осы Кодекске сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау өндірушілер (импорттаушылар) мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.

2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады.

 

 

42-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 286-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 286-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың түрлері

1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2. Осы тараудың күші:

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) техногендік минералдық түзілімдерге;

2) радиоактивті қалдықтарға;

3) беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға) қолданылмайды.

 

287-бап. Қауіпті қалдықтарды сыныптау

1. Мына заттардың:

1) жарылғыш заттардың;

2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың;

3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың;

4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың;

5) қышқылданатын заттардың;

6) органикалық пероксидтердің;

7) улы заттардың;

8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың;

9) жұқтырушы заттардың;

10) коррозиялаушы заттардың;

11) экоуытты заттардың;

12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті қалдықтарға жатқызылады.

2. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:

1) Жасыл - G индексі;

2) Янтарь түсті - А индексі;

3) Қызыл - R индексі.

3. Қалдықтарға код белгілегенде қалдықтар пайда болатын сала, жинау (көму) тәсілі, кәдеге жарату немесе регенерация тәсілі, ықтимал қауіпті құрамдас элементтері, қауіптілік түрі, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика салалары ескеріледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтар сыныптауышы негізінде жүргізіледі.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қалдықтар сыныптауышында тиісті қалдық болмаған, сондай-ақ өндіріс технологиялары өзгерген немесе өзге шикізаттық ресурстарға көшкен не қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін жағдайларда, қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оған код белгілеуді табиғат пайдаланушы қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесіне сәйкес айқындайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Осы бапқа сәйкес қалдықтарды қауіптіліктің белгілі бір деңгейіне және белгілі бір код белгілеуге жатқызуды табиғат пайдаланушы өз бетінше немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Табиғат пайдаланушы осы баптың 5-тармағына сәйкес қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларға код белгілеуді айқындаған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғат пайдаланушының өтініші бойынша қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесіне сәйкес қалдықтар сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

 

288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесіне енгізілген өндіріс және тұтыну қалдықтары энергетикалық кәдеге жаратуға ұшырамайды.

2. Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қалдықтарды сақтау орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Қалдықтарды уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.

Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін алты айдан аспайтын мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинауға арналған.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтаудың жобалық құжаттамада белгіленген шарттары мен мерзімдері (бірақ алтын айдан аспайтын) бұзылған жағдайда, мұндай қалдықтар түзілген кезінен бастап орналастырылған болып танылады.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсаттарында оларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың қалдықтарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.

Қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында әкелуге тыйым салынады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.

6. Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7. Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы мүмкін.

8. Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 288-1-баппен толықтырылды

288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен әзірлейді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.

3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:

1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;

2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;

3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

8. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты

1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді.

2. Қауіпті қалдықтардың паспорты:

1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға;

2) Янтарь және Қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады.

3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер:

1) қалдықтардың атаулары;

2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен деректемелері;

3) қалдықтардың шығу көздері;

4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі;

5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы;

6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері;

7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары;

8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;

10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс.

4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар түзілген кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Міндетті бөлімдерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын арттыратын қосымша ақпараттың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға жатады. Жаңартылған паспорт он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қалдықтардың осы партиясының (партия бөлігінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде ұсынылады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Жүк алушы алынған қалдықтар партиясын өңдеу кезінде, оны басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы партияға (партия бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге, сондай-ақ жаңа паспортты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге міндетті.

9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.

10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.

11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.

13. «Қосымша ақпарат» бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге де ақпарат көрсетіледі.

 

290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде:

1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды ескеру;

3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық құжаттама әзірлеу қажет.

2. Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.

 

291-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;

Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобаларын қалдықтарды орналастыратын меншікті объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді;

2) ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізуге;

3) қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге;

4) қалдықтар орналастырылған объектілердің аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге;

5) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге;

6) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;

7) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді айқындау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде) және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындылары болған кезде арнайы (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және өзге де) зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.

3. Қалдықтарды орналастыру объектілерінің меншік иелері, сондай-ақ иеленуінде және пайдалануында қалдықтарды орналастыру объектілері бар адамдар осы объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуге міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың және су қорғау аймақтарының аумақтарында, ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

5. Егер пайдалы қазбалар жатқан жерлерге ластану қатері және тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігіне қатер төндірген жағдайларда, пайдалы қазбалар жатқан және тау-кен жұмыстары жүргізілетін жерлерге қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

 

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 291-1-баппен толықтырылды

291-1-бап. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар

1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалану қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің «Өнеркәсіптік шығарындылар туралы (ластануды кешенді болғызбау және оны бақылау туралы)» 2010/75/ЕО Директивасына баламалы болуға тиіс.

2. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салуға және пайдалануға арналған шығындарды өтеу жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын индекстеуді ескере отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалармен сатып алуы арқылы жүзеге асырылады.

3. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізілген және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған жаңа, бұрын пайдалануда болмаған техникалық құрылғылар мен қондырғыларды және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымды қолданатын энергия өндіруші ұйымдар жіберіледі.

 

292-бап. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, сақтауды, ұдайы әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумағын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

3. Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта пайдалану, полигондарда орналастыру жөніндегі қажетті инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін көздеуге тиіс.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетін белгіленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншік иелерінің есебінен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

5. Жергілікті атқарушы органдар:

1) қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын бөлек жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

2) қалдықтарды уақытша сақтау және өңдеу орындарына тұрақты тасымалдауды және оларды полигондарға орналастыруды ұйымдастыру;

3) органикалық қалдықтарды бөлек жинауға және оларды пайдалануға ынталандыру;

4) құрылыс қалдықтарының тікелей құрылыс алаңдарында немесе арнаулы орында қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөліп алуды, сондай-ақ қоқыстарда және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеуді ұйымдастыру;

5) қалдықтардың бір түрін екінші бір түрімен немесе арнаулы қоспалармен араластыруға тыйым салуды белгілеу;

6) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуға жол бермеу;

7) қалдықтардың меншік иелерінің қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі өз міндеттемелерін осы қалдықтарды қайта өңдейтін объектілердің иелеріне беруі үшін жағдайлар жасау;

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің иелері үшін қалдықтарды әкету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

8) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу туралы дәйекті ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға уақтылы беру жүйесін ұйымдастыру арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету арнайы белгілермен және спутниктік навигациялық жүйелермен жарақтандырылған, арнайы жабдықталған көлік құралдарымен жүзеге асырылады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйымның ақпараттық жүйесіне көліктің қозғалысы туралы навигациялық ақпаратты беруге міндетті.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыру мен жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйым жүзеге асырады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға, көлік құралдарының боялуына, олардың айырым белгілеріне және жабдықталуына, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

 

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 292-1-баппен толықтырылды

292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың меншік иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу саласындағы ұлттық стандарттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қалдықтар санатына өткен мынадай материалдармен және өнімдермен: шиналармен, электрондық және электр жабдығымен, орамамен, қағазбен, пайдаланылған маймен, химиялық ток көздерімен, құрамында сынап бар қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді. Қалдықтар саласындағы ұлттық стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

 

293-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қызмет процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың құралуының тоқтатылуына немесе қысқартылуына және (немесе) олардың қауіптілік деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, шектеледі немесе оған тыйым салынады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастары: электрондық және электр жабдығы, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзгедей қауіпті құрауыштар бөлек жиналуға және мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс.

3. Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасын таңбалауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде жыл сайын беруге міндетті.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған орындарға, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу болған кезде шахталардың, кеніштердің және көліктік еңістердің суланбаған жерасты тау-кен қазбаларында орналастыруға рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуге жатады.

6. Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді.

7. Қауіпті қалдықтардың меншік иелері болып табылатын немесе

осындай қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандырылуға жатады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 293-1-баппен толықтырылды

293-1 бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталуға тиіс.

2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналында жүргізілуге тиіс.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтардың меншік иесін ауыстыруға тыйым салынады.

4. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар кадастрын жүргізу Қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.

 

294-бап. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуға тиіс.

2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда:

1) қауіпті қалдықтар тасымалдау мақсатында тиісті түрде орап-буылған және таңбаланған болса;

2) арнайы жабдықталған және арнаулы белгілермен жарақтандырылған көлік құралдары бар болса;

3) қауіпті қалдықтардың паспорты және тасымалданатын қауіпті қалдықтардың саны, оларды тасымалдау мақсаты мен межелі орны көрсетілген, қауіпті қалдықтарды тасымалдау мен беруге арналған құжаттама бар болса;

4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде қойылатын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасымалдауға жол беріледі.

3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау мақсатында буып-түю және таңбалау тәртібі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленеді.

4. Қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады.

5. Қалдықтар көлік құралына тиелген және қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға оларды қабылдап алған кезден бастап олар белгіленген жерде көлік құралынан түсірілгенге дейін осы көлік құралы тиесілі көлік ұйымы немесе адам олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

 

295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаттары үшiн Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар тобы қауiптi болып есептеледі.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары - мемлекеттерге және өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған дамушы елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады.

4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты табыс етуге міндетті.

5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап-буу, таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес оралып-буылуға, таңбалануға және тасымалдануға тиіс.

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 296-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп

1. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауға және сақтауға міндетті.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс.

4. Қалдықтардың меншік иелері өзінің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметі туралы жыл сайынғы есебін Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

5. 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Қалдықтар саласындағы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс етіледі.

 

297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру

1. Қалдықтардың құралу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) процесінде қалдықтарды кәдеге жарататын, оларды жинау мен дайындауды, кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату үшін жабдықтар жасап шығаруды ұйымдастыратын, қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға пайлық үлеспен қатысатын шаруашылық қызмет субъектілерінің қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту және қауіптілік деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларын ынталандыру жүзеге асырылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды кәдеге жаратуға және олардың құралу көлемін азайтуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды.

 

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 297-1-баппен толықтырылды

297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі

1. Тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру процесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішінара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін операциялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады.

2. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Қалдықтар саласындағы заңнаманың талаптары қайталама шикізатқа қолданылмайды.

 

 

43-тарау. Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді

сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар

 

298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін жобалау құжаттамасында белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі.

2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.

3. Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары:

1) мемлекеттік экологиялық сараптамадан;

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге жатады.

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.

Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау орындары оларды қайта өңдегенге, кәдеге жаратқанға, ұзақ мерзімді сақтау орнына немесе полигонға әкеткенге не осындай операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін оларды он екі айдан аспайтын мерзімге қауіпсіз жинауға арналады.

Осындай техногендік минералдық түзілімдердің уақытша сақтау шарттарымен мерзімдері бұзылған жағдайда, бұлар түзілген кезден бастап олар орналастырылған деп танылады.

5. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті объектілер болып табылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.

 

299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары

1. Қалдықтар орналастырылатын әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне жатқызылуға тиіс:

1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;

2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) 3-сынып - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.

2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қауіпсіз қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы мүмкін.

2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтардың полигондарына орналастыруға тыйым салынады.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала қайта өңдемей көмуге тыйым салынады.

4. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау критерийлері былайша айқындалады:

1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;

2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету;

3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы;

4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер;

5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына қойылатын шектеулер;

6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады.

6. Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға тиіс.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелермен жабдықталуға тиіс. Сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзгіге қарсы экранмен жарақтандырылуға тиіс. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

7. Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуға тиіс.

8. Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

9. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуге тиіс.

10. Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорын құрады.

Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

12. Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

13. Полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар

1. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады:

1) сұйық қалдықтар;

2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар;

3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар;

4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары;

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;

6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар;

7) пестицидтер;

8) қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар;

9) тармақшаның қолданысы 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9) - 19) тармақшалармен толықтырылды; 2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы;

10) тармақшаның қолданысы 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды

10) макулатура, картон және қағаз қалдықтары;

11) құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар;

12) тармақшаның қолданысы 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды

12) шыны сынықтары;

13) түсті және қара металдар сынықтары;

14) 2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) литий, қорғасын-қышқыл батареялары;

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) электрондық және электр жабдықтары;

17) 2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды

18) құрылыс материалдарының қалдықтары;

19) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды

19) тамақ қалдықтары.

2. Қабылдау критерийлерін орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 302-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар

Коммуналдық қалдықтар полигондарында мынадай өнеркәсіптік қатты және шлам тектес қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады:

1) хлор өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:

синтетикалық каучук, хлор, каустика өндірісінің құрамында сынап пен оның қосындылары бар графитті шламы;

метанол, оргшыны өндірісінің құрамында метанол бар қалдықтары;

монохлорсірке қышқылының құрамында гексахлоран, метанол, трихлорбензол бар тұздар өндірісінің шламдары;

ДДТ, уротропин, цинеб, мыстың үш хлорфеноляты, тиурам-Д тасымалы үшін пайдаланылған қағаз қапшықтар;

мыстың үш хлорфеноляты өндірісінің құрамында үш хлорфенол бар шламдары;

пластополимерлер өндірісінің құрамында бензол мен дихлорэтан бар пайдаланылған катализаторлары;

құрамында хлоропрен бар коагулюм және омега полимерлері;

үшхлорбензол қалдықтары, тыңайтқыштар өндірісінің құрамында гексахлоран, үшхлорбензол бар қалдықтары;

2) хром қосындыларын өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:

натрий монохроматы және хлорлы натрий өндірісінің шламы, калий биохроматы өндірісінің құрамында алты валентті хром бар қалдықтары;

3) сода өндіру жөніндегі өнеркәсіптің құрамында мырышы бар мырыш күйігі қалдықтары;

4) жасанды талшық өндірісінің қалдықтары:

құрамында диметилтерефталат, терефтал қышқылы, мырыш, мыс бар шламдар;

капролактамды сүзуден қалған, құрамында капролактам бар қалдықтар;

метанолиз қондырғысының құрамында метанол бар қалдықтары;

5) сырбояу өнеркәсібінің қалдықтары:

сыр мен эмаль қабықтары, құрал-жабдықтарды тазалау кезіндегі құрамында мырыш, хром, ерітінділер, тотықтырғыш майлар бар қалдықтар; құрамында мырыш пен магний бар шламдар;

6) химиялық-фотография өнеркәсібінің қалдықтары:

гипосульфит пен сусыз сульфит өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;

магниттік сырдың, коллодийдің, бояулардың құрамында бутиллацетат, толуол, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;

7) пластмасса өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;

8) азот өнеркәсібінің қалдықтары:

коксты газды тазалау қондырғысынан алынған шлам (шайырлар) және синтез бен компрессия цехының құрамында канцерогенді заттар бар пайдаланылған майлары;

моноэтаноламинді айдаудан қалған, құрамында моноэтаноламин бар текшелі қалдық;

9) мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің қалдықтары:

майларды, парафинді тазалаудан қалған, құрамында хром мен кобальт бар алюмосиликатты адсорбент;

құрамында отыз проценттен астам күкіртті қышқыл бар қышқыл гудрондар;

кокс алудың және жартылай коксты газдандырудың құрамында фенол бар фустары мен фусты-шайырлы қалдықтары;

құрамында хром бар пайдаланылған катализаторлар;

құрамында майлар бар пайдаланылған саз;

алкилфенолды құю қондырғыларынан алынған сүзу процесінің құрамында мырыш бар қалдықтары;

10) машина жасау қалдықтары:

құрамында хром бар төгінділердің хромды шөгіндісі;

құрамында циан бар төгінділердің цианды шөгіндісі;

органикалық байластырғыштағы құрамында хром бар стерженьді қоспалар;

вакуумды сүзгілерден, гальвандық цехтарды ыдырату станцияларынан кейінгі құрамында мырыш, хром, никель, кадмий, қорғасын, мыс, хлорофос, тиокол бар шөгінді;

11) медицина өнеркәсібінің қалдықтары:

синтомицин өндірісінің құрамында бром, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;

байыту қалдықтары мен құрамында ауыр металдардың тұздары бар шламдар.

 

303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар

1. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары орналасатын жерлерде:

1) полигон шекарасынан тұрғын үй және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтыққа;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;

3) геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға;

4) учаскедегі су басу, ойысу, шөгу немесе сел жүру қатеріне;

5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға қатысты талаптар ескерілуге тиіс.

2. Полигонның сипаттарына және метеорологиялық жағдайларға қарай:

1) полигон бойына судың кенеттен келуін бақылау;

2) қалдықтарды көму орнына жер беті және (немесе) жер асты суларының келуін болдырмау;

3) ласталған суды және сүзінді суды сарқынды сулар үшін белгіленген нормативтерге дейін жинау және өңдеу көзделуге тиіс.

3. Қоқыс газды жинау, өңдеу мен пайдалану қоршаған ортаға залалды немесе оның нашарлауын және халықтың денсаулығы үшін тәуекелді барынша азайтатын тәсілмен жүргізілуге тиіс.

4. Қалдықтарды көму полигондарының жұмыс істеу салдарларын:

1) иістер мен шаңдардың эмиссиясын;

2) жел айдап тарататын материалдарды, қосындылар мен аэрозольдарды;

3) шу мен қозғалысты;

4) құстарды, паразиттер мен жәндіктерді;

5) өрттерді барынша азайту үшін шаралар қабылдануға тиіс.

5. Қалдықтарды орналастыру полигоны ластың учаскеден қоғамдық жолдарға және жақын маңдағы аумаққа шығарылмайтындай етіп жабдықталуға тиіс.

6. Полигон учаскеге басқа тұлғалардың еркін кіруінен қорғалуға тиіс. Әрбір техникалық құралға бақылау жасау және оған қол жеткізу жүйесі құралдардың заңсыз пайдаланылуын анықтайтын және оған кедергі келтіретін шаралардың бағдарламасын қамтуға тиіс.

7. Қалдықтарды орналастыру полигондарын басқаруды полигонды пайдалануға техникалық құралдары бар және полигон қызметкерлерін кәсіби және техникалық біліммен және тренингпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

8. Жол берілетін әсер ету деңгейі қалдықтарды көму полигоны жобасының негізінде полигон орналасқан жердегі өзіндік гидрогеологиялық жағдайларды назарға ала отырып, экологиялық рұқсатта айқындалуға тиіс.

9. Полигонға Қазақстан Республикасының Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген жеке тіркеу нөмірі беріледі. Полигон иесі полигонға қабылданатын қалдықтардың есебін жүргізуге арналған құжат айналымы жүйесін әзірлеуге тиіс.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

11. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға орналастырылатын қалдықтардың түрлері мен саны туралы және жоспарлы бақылаудың нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.

 

304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

1. Қалдықтарды полигонға тапсыратын қалдықтардың меншік иесі полигонның иесіне қалдықтарды белгілі бір түрге жатқызуды растайтын және қауіпті қалдықтар паспортының көшірмесімен қауіпті қалдықтарға ілесіп жүретін, олардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы дұрыс ақпаратты табыс етуге міндетті.

2. Полигондардың иелері қалдықтардың осы полигонға орналастыруға рұқсат етілген және оларды орналастыру құқығы экологиялық рұқсатпен расталған түрлерін ғана полигонға қабылдауға құқылы.

3. Полигонның иесі қалдықтар қабылдаудың мынадай рәсімдерін сақтайды:

1) қауіпті қалдықтардың паспортын қоса алғанда, қалдықтар құжаттамаларын тексеру;

2) қалдықтарды кіреберісте және орналастырылатын жерде көзбен шолып қарап тексеру;

3) қалдықтар құрамын қалдықтардың меншік иесі табыс еткен құжаттамадағы жазбамен салыстыру;

4) шығарылған жерін, әкеліну күнін, шығарушысын немесе жинаушысын бірдейлендіруді, ал қауіпті қалдықтар бар болғанда - олардың полигондағы нақты орналасу орнын көрсете отырып, орналастырылған қалдықтардың саны мен сипаттамасының есебін жүргізу;

5) полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін қалдықтардың әрбір тобына дозиметрлік бақылау жүргізу қажет.

4. Полигонның иесі учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғанын жазбаша растауды тұрақты түрде қамтамасыз етуге және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

5. Қалдықтардың түсетін массасын анықтау үшін қабылдау пункттерінде өлшеуіш аспаптары орналастырылады.

 

305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен мониторинг

1. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізілгені туралы есеп береді.

2. Полигонның иесі бақылау және мониторинг нәтижесінде анықталған, қоршаған ортаға қолайсыз әсер туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге, сондай-ақ қабылданылатын түзету шараларының сипаты мен мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс.

3. Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды аккредиттелген зертханалар орындауға тиіс.

4. Сүзінді су мен жер бетіндегі судың сынамасы репрезентативті пункттерде іріктелуге тиіс. Сүзінді суды іріктеу мен оның көлемін және құрамын өлшеуді жүзеге асыру учаскенің сүзінді су құралатын әрбір пунктінде жеке орындалуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі жүргізіледі.

6. Іріктеу мен талдауды жүзеге асырудың жиілігі қоршаған ортаға эмиссия рұқсатына қоса берілетін мониторинг бағдарламасында негізделеді.

7. Өлшенетін параметрлер мен талданатын заттар орналастырылатын қалдықтардың құрамына қарай түзетіледі.

8. Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс. Параметрлер су сапасындағы бұрын анықталған өзгеріске кепілдік беру үшін индикативтік көрсеткіштерді қамтуы мүмкін.

 

306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері

1. Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бөлігін) жабуға экологиялық рұқсат алынғаннан кейін ғана жол беріледі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жергілікті жерде қорытынды қарап тексеруді жүргізгеннен, полигонның (полигонның бөлігінің) иесі берген барлық ақпаратты бағалағаннан және оны полигонды жабудың мақұлданғаны туралы хабардар еткеннен кейін ғана қалдықтарды көму жөніндегі полигон (полигонның бөлігі) жабылған деп қаралуы мүмкін. Бұл ретте полигонның иесі экологиялық рұқсаттың талаптарын орындаудан босатылмайды.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін - жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізеді. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды тарату қорынан түседі.

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Полигондарды рекультивациялау полигон орналасқан аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары ескеріле отырып, полигон бойында қалдықтарды тұрақтандыру, полигон еңістерін эррозияға қарсы қорғау және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Полигондарды рекультивациялауға қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді. Рекультивациялауға қойылатын ұлттық стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Полигонның иесі жобаның шарттарына сәйкес полигонды (полигонның бір бөлігін) рекультивациялауды орындағаннан кейін және орындалған жұмыстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен қабылдау комиссиясының актісімен қабылданғаннан кейін полигон иесі қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді тоқтатады.

 

 

44-тарау. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

 

307-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу

1. Радиоактивті қалдықтарға одан әрі пайдалануға келмейтін, кез келген агрегаттық күйдегі мынадай заттар:

1) құрамындағы радионуклид Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген деңгейден асып кеткен материалдар, бұйымдар, жабдық, биологиялық туынды объектілер;

2) пайдаланылған, өңдеуге келмейтін ядролық отын;

3) өзінің ресурсын тауысқан немесе зақымданған радионуклидті көздер;

4) құрамындағы радионуклид Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейден асып кеткен, жер қойнауынан алынған және үйінділерге және жер қыртыстарына қоймаланған тау жыныстары, кендер, кендерді байыту мен сілтісіздендірудің қалдықтары жатады.

2. Радиоактивті қалдықтардың агрегаттық жай-күйі, шығарылған жері, радиоактивтілік деңгейі, радионуклидтің жартылай ыдырау кезеңі оларды жіктеудің негізі болып табылады.

3. Радиоактивті қалдықтар агрегаттық жай-күйі бойынша сұйық және қатты болып бөлінеді.

Сұйық радиоактивті қалдықтарға органикалық емес заттардың ерітінділері, сүзгі материалдарының пульттері, органикалық сұйықтар жатады.

Қатты қалдықтарға бұйымдар, машиналардың және тетіктердің бөлшектері, материалдар, биологиялық объектілер, радиоактивті сәулелердің таусылған көздері жатады.

4. Егер қалдықтар құрамындағы радионуклидтердің үлестік активтілігі бақылауға жататын радиоактивті материалдарға арналған радиациялық қауіпсіздік нормаларымен регламенттелген мәндерден артық болса, ал белгісіз радионуклидті құрамдағы үлестік активтілік:

1) бета-сәулелену радионуклидтері үшін - килограмына жүз килобеккерелден;

2) альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандыларды қоспағанда) үшін - килограмына он килобеккерелден;

3) трансуранды радионуклидтер үшін - килограмына бір килобеккерелден артық болған кезде қалдықтар радиоактивтіге жатады.

5. Радиоактивті қалдықтар құралу көздері бойынша былайша жіктеледі:

1) тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары;

2) зерттеушілік және энергетикалық ядролық қондырғылардың қалдықтары;

3) ядролық жарылыстардың қалдықтары;

4) пайдаланылмайтын радиоактивті сәулелену көздері және қызмет мерзімі аяқталған көздер.

6. Қатты радиоактивті қалдықтар радиоактивтілік деңгейі бойынша былайша жіктеледі:

1) активтілігі төмен қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан кем; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден кем; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан кем қалдықтар;

2) активтілігі орташа қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - мыңнан он миллионға дейінгі; альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандықтарды қоспағанда) үшін - жүзден бір миллионға дейінгі; трансурандық радионуклидтер үшін - оннан жүз мыңға дейінгі қалдықтар;

3) активтілігі жоғары қалдықтар - өзіндегі үлестік активтілік (килограмына килобеккерелден): бета-сәулелену радионуклидтері үшін - он миллионнан астам; альфа-сәулелену радионуклидтері үшін (трансурандықтарды қоспағанда) - бір миллионнан астам; трансурандық радионуклидтер үшін - жүз мыңнан астам қалдықтар.

 

308-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін жіктеу

1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын табиғи (табиғаттық) немесе жасанды алаңдар, ыдыстар немесе үй-жайлар радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне жатады.

2. Қалдықтар кейіннен алып кету ниетінсіз орналастырылатын пункттер радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне жатады.

3. Радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері:

1) табиғи радионуклидтері басым геологиялық барлау, тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу қызметтерінен;

2) табиғи радионуклидтері басым ядролық энергетикадан, ядролық жарылыстар мен радиоизотопты өнімдерден радиоактивті қалдықтарды қабылдауы бойынша бөлінеді.

4. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері радиоактивті қалдықтарды жинау алаңының ауқымы бойынша оқшау және өңірлік болып бөлінеді. Бір объектінің немесе бір ауданның қалдықтарын орналастыруға арналған пункттер - оқшау пункттерге, ал екі және одан көп объектілердің және (немесе) аудандардың қалдықтарын орналастыруға арналған пункттер өңірлік пункттерге жатады.

 

309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар

1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

2. Жобада:

1) радиоактивті қалдықтардың құралу көздері, радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің болжамдалатын әрекеті радиусындағы қоршаған ортаға радиоактивті әсер етудің басқа да көздері, олардың сандық және сапалық сипаттамалары;

2) ұйымдық құрылымы, өндірістік радиациялық бақылау жүргізудің көлемі мен тәртібі;

3) халыққа дозалық жүктеменің есептері, радиоактивті қалдықтардың болжамдалатын әрекеті радиусындағы барлық радиация көздерінің қоршаған ортаға әсерінің жол берілетін және бақыланатын деңгейлері және бағалауы көрсетілуге тиіс.

3. Жобада сақтау және (немесе) көму пункті салынатын орынды халықтың тәуекел тобына дозалық жүктеме бағалауы қамтылатын, қоршаған ортаға әсер ескерілген арнайы іздестірулер мен экономикалық бағалаулар негізінде баламалық нұсқалар қатарынан таңдау негізделуге тиіс.

4. Геодезиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және гидрометеорологиялық іздестірулерді қоса алғанда, инженерлік іздестірулер:

1) пункт құрылысы орналасатын орынды таңдау және оны табиғи және техногендік факторларының қолайсыз әсерінен инженерлік қорғау;

2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар негіздемелерін қамтамасыз етуге тиіс.

5. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің жобаларында дезактивациялаудан немесе басқа да қызметтен кейін бүлінген жерлерді рекультивациялау көзделу қажет.

6. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінің айналасында шекаралары Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін санитарлық қорғаныш аймағы белгіленеді.

7. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін:

1) тұрғын үй құрылысы аумақтарында;

2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда;

3) активті карст аймақтарында;

4) шөгулер, сел тасқындары мен қар көшкіндері және басқа да қауіпті геологиялық процестер аймақтарында;

5) батпақты жерлерде;

6) ауыз судың жер асты көздерінен су алынатын аймақтарда;

7) курорттардың санитарлық күзет аймақтарында;

8) қалалардың жасыл аймақ аумақтарында;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

10) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың жер асты және жер беті көздері санитарлық күзет аймақтарының І, II, III белдеулері, су құбырларын тазалау құрылыстарының, магистральдық су тасу аумағында;

11) су бөлу аумағында;

12) ормандар, орман саябақтары және басқа жасыл екпелер өсірілген немесе өсіруге арналған, қорғаныш және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын және халықтың демалу орындары болып табылатын жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

8. Құрылысқа жер учаскесін таңдау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

1) минералдануы бойынша ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтауға жарамсыз ызасулардың болуы;

2) араласушы тау жыныстарының жоғары сорбцион-сыйымдылығы;

3) жер асты сулары айтарлықтай тереңдікте жатуы (алпыс және одан көп метр);

4) ызасудың радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері түбінен төрт метр алыс деңгейі;

5) сулы жиектер болып табылмайтын және төмен жатқан сулы жиектермен гидравликалық байланысы жоқ геологиялық қабаттардың болуы;

6) опырылмалы тектониканың және қарқынды жарықшақтықтың болмауы, сейсмикалық қауіпті опырылуға дейінгі арақашықтықтың қырық километрден астам болуы;

7) төгінділер құрауға, шөгуге, құлауға өте төмен сезімталдықтың болуы;

8) эрозияның болмауы;

9) геоморфологиялық тұрақтылық;

10) іргетастың қатты және өте тығыз топырақты және тау жынысты болуы;

11) іргетастың мықтылығы он метрден асатын, су өтпейтін тау жынысты болуы;

12) жергілікті жердің бес проценттен аспайтын еңісті шағын қыратты болуы;

13) жақын жердегі жер асты және жер үсті суларының су жинау тоғанына дейінгі немесе жер үстіндегі су көздеріне дейінгі арақашықтықтың төрт шақырымнан алыс болуы;

14) жерді іс жүзінде пайдаланудың айтарлықтай экономикалық тиімділік бермеуі, сонымен қатар жерді әлеуетті пайдаланудың танылған бағасының жоқтығы;

15) төрт шақырым арақашықтықта мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтардың жоқтығы;

16) бұл жердің туристік құндылығының жоқтығы және оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары сирек келуі.

9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген шарттардың бірі сақталмаған кезде:

1) суды аз өткізетін және сорбцион-сыйымдылық материалдарынан (полиэтиленнен, бетоннан, керамикадан, саздан, цеолиттен) жасалған инженерлік кедергілер жасау;

2) жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының пункттерді айналып өтуін қамтамасыз ететін сорғының жүйелерін жасау жолымен қоршаған ортаны радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пунктінің зиянды әсерінен қорғау жөнінде немесе оны табиғи және техногендік факторлардан қорғау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс.

10. Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі төмен қалдықтары үшін радиоактивті қалдықтарды аэрация аймағынан төмен және сорбцион-сыйымдылық қасиеттері неғұрлым жоғары (радионуклидтердің пункттен тыс таралу ықтималдығын болдырмайтын) басқа тау жыныстары арасында орналастыра отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін.

11. Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі орташа қалдықтары үшін де саздан, цеолиттен және радионуклидті сорбциондайтын басқа материалдардан жасалған техникалық кедергілерді қосымша орната отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін.

12. Су өткізбейтін жыныстардан немесе басқа материалдардан жасалған табиғи немесе жасанды төсеніш болған кезде рельефтегі табиғи ойпауыттар активтілігі төмен қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды ұзақ мерзімге орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

13. Сұйық қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Сұйық қалдықтар қоршаған ортадағы болбыр тау жыныстардың ылғалдылығына дейін сорғытылуға немесе қатайтылуға тиіс.

14. Активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері үшін міндетті түрде күзету іс-шаралары мен белгі беру құралы, белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері үшін белгі беру құралынсыз күзету іс-шаралары көзделеді.

15. Дозалық жүктеменің есебі және халықтың радиациялық қорғалуы жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу халықтың тәуекелді топтары бойынша дозаның есебі негізінде жүзеге асырылады. Халықтың тәуекелді тобы халықтың осы тобына радиоактивті заттар жететін тәуекелді жолды талдау және анықтау негізінде айқындалады.

16. Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалады.

17. Қоршаған ортаға авариялық радиоактивті ластану әсерінен келтірілген залал рекультивациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қорғаныш шараларын орындауға арналған іс-шаралардың құны бойынша бағаланады.

 

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

 

310-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың негізгі принциптері

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау мынадай принциптерге негізделеді:

1) климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсіту;

2) атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттік реттеудің міндеттілігі;

3) климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы;

4) климатты және Жердің озон қабатын қорғау әдісінің ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі.

 

311-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

312-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу

1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.

Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді транзиттеуді қоспағанда, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады.

 

314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді әкелу және әкету, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

2. Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуді, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуді, монтаждауды, оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:

1) өнімге «озон қабатын бұзады» деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға;

2) олардың қауіпсіз сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз етуге;

3) тауарға ілеспе құжаттамада, өнімде бар заттарды қоса алғанда, озонды бұзатын заттардың атауы мен санын көрсетуге;

4) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату және (немесе) залалсыздандыру мақсатында жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қойылған немесе тыйым салынған озонды бұзатын заттар тізбесіне енгізілген, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады.

 

314-1-бап. 2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 315-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 315-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен есепке алынуға жатады.

2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алуға қызметтің мынадай түрлері:

1) озонды бұзатын заттарды өндіру;

2) озонды бұзатын заттарды әкелу және әкету;

3) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету жатады.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу және оның мемлекеттік кадастры

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес реттелетін озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді ұйымдастырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін:

сатып алушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін және болжамды қолдану салаларын көрсете отырып, озонды бұзатын заттардың әкелінген, әкетілген және өткізілген санын есепке алуды жүргізеді;

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.

3. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады.

 

317-бап. 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

318-бап. Озонды бұзатын заттарды өндірістік бақылау

1. Атмосфераға озонды бұзатын заттар шығарындыларының көздері бар заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жыл сайынғы түгендеу жүргізу жолымен өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

2. Экологиялық қызметтерді ұйымдастыру туралы және озонды бұзатын заттарға өндірістік бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ озон бұзатын заттарды түгендеу нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледі.

 

 

9-Бөлім. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу

 

46-тарау. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу

 

319-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады.

 

320-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

321-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі

1. Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.

2. Мыналардың:

1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) табиғи ресурстарды заңсыз және ұтымсыз пайдаланудың;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) өз бетінше эмиссиялардың;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) нормативтен тыс эмиссиялардың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

3. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі осы Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

5. Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.

6. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Жер бетінің, жер қойнауының және жерасты суларының ластануын болғызбайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерге қалдықтарды нормативтен тыс орналастыру жағдайлары және ластаушы заттарды нормативтен тыс ағызу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Химиялық заттардың жер бетіне, жер қойнауына және жерасты суларына түсуін болғызбайтын қорғаныш құрылыстарымен шектелген өндірістік алаңдарға түсу немесе оларға сарқынды судың төгілу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған және шекті жол берілетін эмиссиялар нормативтерінен асып кетуіне әкелмейтін, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларынан, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларынан ауытқу жағдайлары, оның ішінде газды жағу сценарийлерінің және (немесе) кестелерiнің өзгеруі өз бетінше және нормативтен тыс эмиссиялар ретінде қаралмайды.

 

322-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі

1. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.

2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян

келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.

4. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.

5. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.

6. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.

7. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

 

323-бап. Экологиялық дауларды шешу тәртібі

1. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді.

2. Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы экологиялық даулар келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.

 

 

47-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

324-бап. Өтпелі ережелер

1. Табиғат пайдаланушылардың осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алған табиғат пайдалануға арналған рұқсаттары қанша мерзімге берілсе, сонша мерзім ішінде қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары табиғат пайдалануға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін экологиялық рұқсаттар алуға міндетті.

3. Қалдықтарды көму полигондарының және қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларының иелері 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде полигонды осы Кодекстің 43-тарауында көзделген экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жоспарларын әзірлеуге және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс.

4. Табиғат қорғауды жобалауға, экологиялық сараптама саласындағы нормалауға және жұмыстарға, экологиялық аудиторлық қызметке лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда қайта рәсімдеуге міндетті. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін бұл лицензиялар жарамсыз деп есептеледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодекске сәйкес лицензиялауға жатпайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензияның қолданысы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады.

Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына табиғат пайдаланушылар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін табыс еткен материалдар бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін табыс етілген материалдар толық болған және олар осы Кодекстің талаптарына сәйкес болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы қарайды және береді және олар берілген мерзім ішінде қолданыста болады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің бірінші ұлттық жоспары 2013 жылға бекітіледі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтардың иелері және меншік иелері қаржыландыру көздерін айқындай отырып, оларды 2025 жылға дейін жою жөніндегі бағдарлама әзірлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақ қолданысқа енгізілген немесе осы қалдықтарды меншікке немесе иелікке сатып алған күннен бастап үш ай мерзім ішінде ұсынуға тиіс.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Осы Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына және 94-5-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына бөлінген және берілген квоталар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды

10. Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті верификациялауды валидацияны (детерминацияны) және верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады.

2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Осы Кодекстің 94-2, 94-4, 94-7 және 94-9-баптарының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

2017.05.04. № 56-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Мыналардың:

осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 9), 10) және 12) тармақшаларының қолданысы 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 18) және 19) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

 

325-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі

Осы Кодекс ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру мен пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

 

326-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Экологиялық сараптама туралы» 1997 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 67-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);

2) «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат);

3) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 54-құжат; 2004 ж. № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат).

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 9-ы.

№ 212-III ҚРЗ