Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 2-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

287-бапта:

тақырыбындағы «Су» деген сөз «Балық ресурстарын және басқа да су» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «Балықты және өзге де» деген сөздер «Балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;

б) тармағы «не» деген сөзден кейін «балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 147-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу

1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -

мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, -

әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 298-1-бапта:

тақырыбындағы «қорларын» деген сөз «ресурстарын және басқа да су жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлігіндегі «су жануарларын пайдаланудың басқа да» деген сөздер «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

«тыйым салынған мерзімдерде» деген сөздердің алдынан «әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылып, «балықты өнеркәсіптік жолымен аулау және» деген сөздер алып тасталсын;

«сондай-ақ» деген сөзден кейін «балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 299-бапта:

тақырыбындағы «су қоймаларын бекіту, пайдалану мен қорғау» деген сөздер «су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацындағы «су қоймаларын бекіту, пайдалану мен қорғау» деген сөздер «су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 304-баптың бірінші бөлігіндегі «жанды» деген сөз «биологиялық» деген сөзбен, «жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 306-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі «жанды» деген сөз «биологиялық» деген сөзбен, «жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) мынадай мазмұндағы 306-2-баппен толықтырылсын:

«306-2-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу

1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу -

таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен тоқсанға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз оннан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз қырықтан жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 541-баптың бірінші бөлігі:

«147» деген цифрлардан кейін «, 147-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

«306-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «306-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;

8) 565-2-бап «147-1-бабында» деген сөздерден кейін «(бірінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

екінші абзац:

«143» деген цифрлардан кейін «, 147-1 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;

«298-1 (екінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын;

тоғызыншы абзац:

«283 (бірінші, үшінші бөліктері)» деген сөздердің алдынан «147-1 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;

«306 (екінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын;

отызыншы абзац «217» деген цифрлардан кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын.

3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат):

1) 23-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы «, балық шаруашылығын жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;»;

3) 107-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (оның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.»;

4) 112-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «қорлары» деген сөз «ресурстары» деген сөзбен ауыстырылсын.

4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 239-баптың 9-тармағының бірінші абзацындағы «Балықтардың және басқа» деген сөздер «Балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 242-бапта:

тақырыбындағы «Су жануарларын аулауды қоса алғанда, балық» деген сөздер «Балық» деген сөзбен ауыстырылсын;

мәтін бойынша «су айдындарын (учаскелерін)», «су айдындарының (учаскелерінің)» деген сөздер тиісінше «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «алқаптар мен су жануарларының тіршілік ету» деген сөздер «алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «Өндірістік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау» деген сөздер «Балық аулау» деген сөздермен ауыстырылсын.

5-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 73-баптың 11-тармағының 3) тармақшасы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 120-баптың 4-тармағы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 137-баптың 7-тармағы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 140-бап «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 267-баптың 4-тармағы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 273-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 356-баптың 1) тармақшасы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 368-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 388-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 399-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 426-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 439-баптың 2-тармағы «ауыл шаруашылығы өнімдерін» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 63-тараудың тақырыбы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 448-бапта:

мәтін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін», «ауыл шаруашылығы өнімдерін» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақтың үшінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші абзацы «ара шаруашылығының» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 450-баптың мәтіні «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 481-баптың 4-тармағы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

2) аншлаг - балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің және (немесе) учаскелердің атаулары мен шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды белгілейтін маңдайша жазу;

3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

4) аңшы куәлігі - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры - жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) учаскелері;

6) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама;

7) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану, жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаруашылық қызметтің түрі;

8) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

9) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылық ұйымдастыру негізінде берілетін, аңшылық шаруашылықтарының аңшылық алқаптары өнімділігінің, күзет және өсімін молайту іс-шаралары сипатының белгілері бойынша сыныптамалық бөліну бірлігі;

10) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

11) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

12) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

13) балық өсіру - сирек кездесетін және құрып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін және (немесе) кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды түрде молайту және өсіру жөніндегі акваөсіру бағыты;

14) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;

15) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік басқарудың бассейндік принципі (бұдан әрі - бассейндік принцип) - уәкілетті орган әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мен өріс аудару ерекшеліктері ескерілген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың біртұтас жүйесі;

16) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

17) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін түгендеу, паспорттандыру жөніндегі іс-шаралар кешені, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алдын ала бағалау, сондай-ақ олардың негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректеріне жыл сайынғы түзету жасалатын балық-су-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын әзірлеу;

18) балық шаруашылығы субъектісі -қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

19) балықтың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

20) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

21) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін белгіленген нысандағы құжат;

22) биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға, балықтардың жалпы жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға және жануарлар дүниесінің басқа да объектілерін алып қоюға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті шаруашылық және өзге де қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды;

23) биологиялық-экономикалық тексеру - жануарлар дүниесі объектілерін жол берілетін алып қоюды айқындау әрі аңшылық және балық шаруашылықтарын ұтымды жүргізу мақсатында аумақ пен акваторияны биологиялық және экономикалық бағалау;

24) жалпы жол берілетін ауланым - жылдық кәсіпшілік қорынан алып қоюдың ағымдағы жай-күйіне және осы қор үшін қабылданған пайдалану стратегиясына сәйкес келетін оның ғылыми негізделген мөлшері;

25) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары);

26) жануарлар дүниесі - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;

27) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың негізінде табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды мекендеу ортасынан айыру (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);

28) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар дүниесі объектілерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;

29) жануарлар дүниесін қорғау - жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені;

30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

31) жануарлар дүниесін орнықты пайдалану - жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесінің түрлік сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсімін молайту мен қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті сақталатын тәсілдер арқылы пайдалану;

32) жануарлар дүниесін пайдалану - жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың пайдалы қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану;

33) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалану құқығын беретін белгіленген нысандағы құжат;

34) жануарлар дүниесін пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;

35) жануарлар дүниесі ұшырамай қалмайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен жойылмайтын қалдықты зиян;

36) жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесі объектілерінің бір түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердің сан алуандығы;

37) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасы - жануарлар дүниесінің объектілері табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін табиғи орта;

38) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркіндік жағдайында жануарлар дүниесі объектілерінің орнықты тіршілік ету және өсімін молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған қызмет;

39) жануарлар дүниесі объектісі - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;

40) жануарларды будандастыру - озық шаруашылық пайдалы белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

41) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу саласынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген немесе өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;

42) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;

43) жолдама - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жануарлар дүниесі объектілерін алу мақсатында бару үшін жеке тұлғаға берілетін құжат;

44) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы;

45) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;

46) кәсіпшілік қоры - өз бетінше кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;

47) кездейсоқ ауланым - рұқсаттамаларда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;

48) криоконсервіленген жыныс клеткалары - жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөлу мақсатында немесе басқа да ғылыми-зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралы жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;

49) қорықшы - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызмет қызметкері;

50) қорықшы куәлігі - жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

51) қорықшылық қызмет - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар  дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі;

52) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;

53) паспорттандыру - аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, алаңдарын, жай-күйін, жануарлар дүниесінің түр құрамын, ластану көздерін және өзге де сипаттамасын айқындауға мүмкіндік беретін олардың есебі;

54) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;

55) сервитут - аңшылық және балық шаруашылығының қажеттері үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;

56) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;

57) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

58) сүзу - жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;

59) ұйық (ұйықтық учаске) - кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар өзен және өзге де ағынды су айдыны учаскесі;

60) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын бекітіп беруге дейін жүргізілетін жануарлар дүниесі мен олар мекендейтін ортаның шекараларын белгілеу, алаңын есептеу, жай-күйін анықтау;

61) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.»;

3) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

«6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі

Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

5) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер;

6) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері кіреді.

6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.»;

) 8-бапта:

мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешім қабылдайды;

6-2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін алып қою туралы шешім қабылдайды;

6-3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;»;

«7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квотаны бөлу тәртібін белгілейді;»;

«8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін бекітеді;»;

13) тармақша «және оларды басқа санаттарға ауыстырады» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«14-1) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын сатып алуға төлемақы белгілейді, оның мөлшері балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделері ескеріле отырып анықталады;

14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу тәртібін айқындайды;»;

«15-1) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру тәртібін бекітеді;

15-2) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекітеді;»;

17) тармақша алып тасталсын;

23) тармақшадағы:

«және аумақтық органдардың» деген сөздер «орган мен аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ұйымдардың» деген сөзден кейін «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

«25) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi

1. Уәкілетті орган:

1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлейді;

3) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;

4) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін бекітеді;

5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

7) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

8) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

9) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;

10) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;

11) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді;

12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;

13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерін бекітеді;

14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;

15) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;

16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін айқындайды;

17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;

18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;

19) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;

20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің тізбелерін айқындайды және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстырады;

21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін белгілейді;

22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

23) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізеді және басып шығаруды қамтамасыз етеді;

24) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;

25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекітеді;

26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды және оның мониторингін жүргізеді;

27) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, сондай-ақ жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;

30) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді жүзеге асырады;

31) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;

32) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;

33) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;

34) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;

35) жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;

36) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;

37) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау ретінде) қолдануға арналған рұқсаттар береді;

38) бақылау үшін аулауды, интродукциялау мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;

39) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;

40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

43) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізеді;

44) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын белгілейді;

45) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметрі бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісім беруді жүзеге асырады;

46) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісім беруді жүзеге асырады;

47) сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсат береді;

48) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;

49) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

51) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;

7) 10-баптың 2-тармағында:

2) тармақша «жөніндегі» деген сөзден кейін «өздеріне» деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөледі.»;

8) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

«11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.

2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бағалармен өтемді негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.

4. Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;

9) 12-баптың 1-тармағында:

«әсер ететін» деген сөздер «әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«келтірілген зиянды» деген сөздер «келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 13-баптың 7) тармақшасына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

11) 14-бапта:

3-тармақта:

3) тармақшасы «жануарлардың» деген сөздің алдынан «уәкілетті органның рұқсатынсыз» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшасындағы «моторын» деген сөз «двигательдерін» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақшасы «аппараттарының» деген сөзден кейін «итбалықтар,» деген сөзбен толықтырылсын;

7) тармақшасы «түрлерін» деген сөзден кейін «, олардың жұмыртқаларын» деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақшадағы «алуға тыйым салынады.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге тыйым салынады.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.»;

12) 15-баптың 3-тармағы «түрлерін» деген сөзден кейін «, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 17-баптың 2-тармағы «құрылыстарын» деген сөзден кейін «пайдалану,» деген сөзбен толықтырылсын;

14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

15) 19-бапта:

2-тармағындағы «мемлекеттік бюджеттің қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

«І және II қосымшаларына енгізілген жануарлар түрлері» деген сөздер «І қосымшасына түрлері енгізілген жануарлар,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«еріксіз жағдайларда» деген сөздер «еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгізілген, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлері әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.»;

«5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.

6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;

16) 20-бапта:

тақырыбындағы «Жабайы жануарларды» деген сөздер «Жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақтағы «жануарлар түрлерін» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;

17) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

«20-1-бап. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына балықтар жіберу

1. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына балықтар жіберу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.»;

18) 21-бапта:

1-тармақтағы «тоғандарында» деген сөз «айдындарында» деген сөзбен, «аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Дүлей» деген сөз «Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.

4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.»;

19) 22-бапта:

1-тармақта:

5) тармақша «нормативтерді» деген сөзден кейін «және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін» деген сөздермен толықтырылсын;

7) тармақшадағы «әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін балық шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.»;

2-тармақтағы «мемлекеттік бюджеттің қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)» деген сөздер «жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 24-баптың 2) тармақшасындағы «сүтқоректілерін» деген сөз «сүтқоректілерін алып қоюды» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi

1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.

2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:

1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.

Көрсетілген мерзімдер биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезеңіне қарай белгіленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.»;

22) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Рұқсат беруден:

1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;

2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.»;

23) 27-бапта:

1-тармағының 5) тармақшасындағы «жануарлар дүниесі объектілерін» деген сөздер «жануарлар дүниесін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргізуге;»;

10) тармақшадағы «жасамауға міндетті.» деген сөздер «жасамауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«11) мыналарды жүзеге асыру үшін:

бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;

ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;

әуесқойлық (спорттық) аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;

12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

13) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалау шекараларын белгілермен және аншлагтармен белгілеуге;

14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;

15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;

16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге міндетті.»;

24) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жануарларды алып қою квотасы - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін, мелиорациялық, эксперименттік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілі бір мерзімге белгілеген жануарларды алып қою лимитінің бөлігі.

Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулап алудың жалпы лимитіне кірмейді.»;

25) 33-баптың 2-тармағындағы «аң шаруашылығы ұйымымен» деген сөздер «аңшылық шаруашылығы субъектісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 34, 35 және 37-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«34-бап. Балық аулау түрлері

1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кәсіпшілік балық аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;

4) бақылау үшін аулау;

5) мелиорациялық аулау;

6) өсімін молайту мақсатында аулау;

7) эксперименттік аулау.

2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.

Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Уәкілетті орган белгілеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.

3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Ғылыми-зерттеу үшін аулау кез-келген уақытта және жануарлар дүниесін пайдалануға уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде бүкіл су айдындарында кез-келген аулау құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Ғылыми-зерттеу үшін аулау көлемін уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тиісті ғылыми ұйымның әрбір ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша аулау квотасының шамасын негіздеуі негізінде белгілейді.

Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.

5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.

8. Эксперименттік аулау - балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау ережелерінде айқындалады.

35-бап. Балық аулау құқығы

1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;

2) уәкілетті органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде беріледі.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық және эксперименттік аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде беріледі.

3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

«37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу құқығын беру

1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы уәкілетті органмен келісілген шешімінің, уәкілетті орган мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу шартының негізінде беріледі.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берусіз балық шаруашылығын жүргізуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін алады.

3. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілеріне бекітіп беру мерзімі өткен кезде олардың осы аумақтар мен акваторияларды қайта бекітіп алуына басымдығы болады.»;

27) 38-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.»;

5-тармақтың 5) тармақшасындағы «аңшылық шаруашылығы ұйымдарымен» деген сөздер «аңшылық шаруашылығы субъектісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 39-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары.

Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге олар сәйкес келген жағдайда балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің құрамына енгізілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемесі болған кезде акваөсіру мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін.

Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.»;

4-тармақта:

3) тармақшада:

«балық аулау кәсіпшілігі» деген сөздер «балық шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ұйықтар» деген сөзден кейін «(ұйықтық учаскелер)» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақшадағы «ойылған жерден» деген сөздер - «жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан» деген сөздермен, «балық пен балық аулау құралдарын» деген сөздер «балықты» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) мұз қатқан кезеңде балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті органның келісімінсіз көлік және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен баруға;»;

мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;

10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;

11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органмен келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынады.»;

5-тармақта:

7) тармақшадағы «жағдайларында балық аулауға тыйым салынады.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;

9) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлері мен тәсілдерін қолданумен, сондай-ақ ұясы рұқсаттарда көзделгендерден кем мөлшердегі аулау құралдарымен;

10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;

11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;

12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;

13) балық ресурстары және басқа да су жануарлары шоғырланған жерлерде және өрістеу жолдарында олардың көбейетін кезінде;

14) жарылғыш және уландыратын заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;

15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.»;

29) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

«39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.»;

30) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi

1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.

Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.

Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттандыру, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру негізінде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады.

Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз соларға бекітіп беріледі.

Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз қайта бекітіп беріледі.

Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.

Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.

2. Бекітіп беру:

1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.

3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қосымша шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыруды және балық шаруашылығын ұйымдастыруды өткізбей-ақ - алдыңғы тексерулер материалдарының негізінде қайта бекітіп беріледі.

4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.»;

31) 45-бапта:

3) тармақшадағы «бұзылуы болуы мүмкін.» деген сөздер «бұзылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болуы мүмкін.»;

32) 47-бапта:

1-тармақта:

«молайту және» деген сөздерден кейін «орнықты» деген сөзбен толықтырылсын;

«мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен, «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«қорғау және өсімін молайту жөніндегі» деген сөздер «қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта «қорғау және өсімін молайту жөніндегі» деген сөздер «қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

33) 49-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «органдары» деген сөз «бөлімшелері» деген сөзбен ауыстырылсын;

34) 50-баптың 5) тармақшасындағы «аңшы куәлігі» деген сөздер «аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;

35) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«51-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

6. Ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - тиісті облыстың (бассейннің) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.»;

36) 52-бапта:

тақырыбындағы «уәкілетті және аумақтық органдар лауазымды адамдарының» деген сөздер «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «уәкілетті және аумақтық органдар лауазымды адамдарының» деген сөздер «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақшадағы «су тоғандарының (учаскелерінің) аумақтарында және» деген сөздер «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;

7-2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;»;

2-тармақта:

бірінші абзацтағы «уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «лауазымды адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;»;

3-тармақта:

«уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «лауазымды адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

«нысанды» деген сөздің алдынан «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;

37) 53-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «және аумақтық органдар», «және аумақтық органдардың» деген сөздер тиісінше «орган және оның аумақтық бөлімшелері», «органның және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 54-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «және аумақтық органдардың» деген сөздер «органның және аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

39) 55-бапта:

2-тармақтың 6) тармақшасындағы «нысанды киім» деген сөздер «айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «нысанды киіммен» деген сөздер «айырым белгілері бар нысанды киіммен» деген сөздермен ауыстырылсын;

40) 56 және 58-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау

1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі.

2. Қорықшылардың:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейіннен оларды жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, уәкілетті органға не сотқа міндетті түрде беру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;

2) қорықшы қызметінің айырым белгілері бар арнаулы киімін киюге, атыс қаруын алып жүруге құқығы бар.

3. Қорықшылар бекітіп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.»;

«58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

7-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):

1) 10-баптың 2-тармағында:

2) тармақша «жабдықтарының» деген сөзден кейін «, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) жасанды түрде балық өсіру және балық өнімін өңдеу;»;

2) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;».

8. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж. № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):

1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары;

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;

6) табиғат қорғау ұйымдары;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.»;

2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

«6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.»;

3) 7-бапта:

4) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

«6-2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту;»;

7) тармақшадағы «ынтымақтастық жатады.» деген сөздер «ынтымақтастық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

4) 8-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

6) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы «ережесін бекіту» деген сөздер «ережесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:

«республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібін;

осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін;

осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;»;

19) тармақшадағы «әзірлеу және бекіту жатады.» деген сөздер «әзірлеу және бекіту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

«20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

5) 9-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6) 17-баптың 2-тармағы «кезінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын тарату кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 20-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.»;

8) 40-баптың 1-тармағында:

бірінші абзацындағы «аумағында» деген сөзден кейін «, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

6) тармақшасындағы «мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен рұқсат етілетін, әуесқойлық балық аулауды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;

9) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

«43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері

1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.

2. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жол беріледі.»;

10) 69-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда - уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулауға, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулауға, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялауға, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа жинауға;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Кешенді зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың мөлшерлі көлемінің биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.»;

11) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын, 6-тармағының 8) тармақшасын және 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 21-і.

№ 242-IV