Мемлекеттік сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 16 мамырдағы № 321-II Заңы
(2007.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2007.21.07 № 303-III ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды ашық конкурс тәсілімен (10 - 17 баптар)
3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа тәсілдермен (18 - 23 баптар)
4-тарау. Арнаулы ережелер (24 - 27 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 32 баптар)
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билiгіндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында өнiм берушiлерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың шешімдерiн тура және (немесе) жанама түрде белгілеуге және (немесе) олар қабылдайтын шешiмдерге, оның ішiнде негiзгі ұйымның акцияларын (үлестерiн) иелену құқықтарын жүзеге асыруға байланысты шешiмдерге, шарттарға ықпал етуге мүмкiндiгi бар тұлғалар (акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметін реттеуді өздеріне берiлген өкілеттік шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың өзiне қатысты осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
2) ықтимал өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - осы ықтимал өнiм берушi қабылдайтын шешiмдi анықтауға және (немесе) шешiмге, оның iшiнде шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге тiкелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзi жөнiнде сол ықтимал өнiм берушiнiң осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік монополия - шаруашылық жүргізудi тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде жүзеге асыратын, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсiздiк, құқық тәртібі, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсiздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптiк кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан мақсатқа сай болмайтын жағдайларда жүзеге асырылатын қызмет саласы. Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерінiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билiгіндегі ақшаның есебiнен, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасы - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер белгілі бір тауар рыногында қалыптасқан бағалар деңгейiнен едәуір төмен бағамен ұсынылатын, ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) тапсырыс берушi - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар. Тапсырыс берушi конкурстың бастамашысы болып табылады;
6) конкурс - тапсырыс берушiнiң тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуына бағытталған және ықтимал өнiм берушiлер арасында ашық та адал бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттік сатып алуды жүргiзу әдiсi;
7) конкурстық құжаттама - конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі қамтылатын, конкурстық өтiнiмдi дайындау үшiн ықтимал өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
8) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету - конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi табыс ететiн ақша кепiлi немесе банк кепiлдiгi;
9) бiртектi тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
10) конкурсты ұйымдастырушы - тапсырыс берушi немесе осы Заңға сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адам;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 11-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) мерзiмдi баспасөз - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, өткізілуге дайындалып жатқан және өткiзілген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
12) өнiм берушi - тапсырыс берушiмен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта келісім-шарт жасасушы агент ретiнде әрекет ететiн жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе) тұлға;
13) ықтимал өнiм берушi - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен мемлекеттік сатып алу процесiне қатысатын жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе) тұлға;
14) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн, мемлекеттік сатып алу процесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн құқықтық реттеу принциптерi
Мемлекеттік сатып алу процесiн құқықтық реттеу:
1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық ықтимал өнiм берушiлердiң мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуына тең мүмкiндiк беру;
3) ықтимал өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
4) мемлекеттік сатып алу процесiнiң жариялылығы принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Мемлекеттік сатып алу процесi
Мемлекеттік сатып алу процесi:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруды;
2) өнiм берушiнi таңдауды, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды қорытады және әзiрлейдi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
3) мемлекеттік сатып алу процесiнiң үйлестiрiлуi мен мониторингiн жүзеге асырады;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 3-1-тармақшамен толықтырылды
3-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті субъектiлердiң Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөніндегі есептіліктiң нысанын, оны жасау мен табыс етудiң тәртібін әзiрлейдi;
6) әдiстемелiк материалдарды, үлгiлiк конкурстық құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi, мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша конкурстарды ұйымдастырушыларға консультациялық көмек көрсетедi;
7) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушiлер мен конкурс комиссияларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын бұза отырып қабылдаған шешiмдерiн қайта қарау немесе олардың күшiн жою жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары бұзыла отырып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану жөнiнде соттарға талап қою iсiн жүргiзедi;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолданады;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-1-тармақшамен толықтырылды
9-1) тапсырыс берушiлерге және конкурсты ұйымдастырушыларға, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысына өз құзыретiндегі мәселелер бойынша орындалуға мiндеттi ұйғарымдар енгізедi;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-2-тармақшамен толықтырылды
9-2) конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушiнiң іс-әрекеттеріне шағым жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуды тиiстi тексеру жүргізу кезеңiне, бірақ күнтiзбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-3-тармақшамен толықтырылды
9-3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-4-тармақшамен толықтырылды
9-4) тапсырыс берушiлерден қажеттi есептіліктi, ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-5-тармақшамен толықтырылды
9-5) ұсынылған есептілік деректердің дұрыстығын тексередi;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-6-тармақшамен толықтырылды
9-6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша тапсырыс берушілер орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-7-тармақшамен толықтырылды
9-7) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн бақылайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-8-тармақшамен толықтырылды
9-8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткiзiлген кезде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берiлiп, ол конкурс қорытындысына ықпалын тигiзген жағдайда және егер өткiзілген конкурс конкурстың жеңiмпазын айқындауға және шарт жасасуға алып келмесе - конкурсты жарамсыз деп тану туралы шешiмдер қабылдайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-9-тармақшамен толықтырылды
9-9) сараптамалар мен консультациялар өткізуге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын тартады;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 9-10) тармақшамен толықтырылды
9-10) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi органның ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтегi жариялылық
1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, өткiзiлуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтердi конкурсты ұйымдастырушы мерзiмдi баспасөзде жариялайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысандар мен мерзiмдерде уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Уәкiлеттi орган ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттік сатып алу процесiне өзiнiң қатысуын жоспарлауы үшiн мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мерзiмдi баспасөзде ұдайы жариялап отырады және (немесе) жалпыға жететiн телекоммуникациялық желiлерге (Интернет және басқалар) орналастырады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегi ақша есебiнен сатып алуды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттi
субъектiлердің мемлекеттік тiзiлiмi
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өз билiгіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектiлердiң мемлекеттік тiзілімiне енгiзiлуге тиiс.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгіндегі ақша есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектілердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізудің және одан шығарудың тәртібiн уәкiлеттi орган белгілейдi.
7-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiне байланысты шектеулер
1. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысатын ықтимал өнiм берушiнiң лауазымды немесе сенім бiлдiрген адамының жақын туыстарының (ата-анасы, ерлi-зайыптылар, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе жекжаттарының (ерлi-зайыптылардың аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы және балалары) мемлекеттік сатып алу процесiне байланысты тапсырыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiруге құқығы жоқ.
2. Ықтимал өнiм берушiнiң және (немесе) оның конкурстық құжаттаманы дайындау бойынша тапсырыс берушiге консультациялық қызметтер көрсеткен қызметкерiнiң көрсетiлген консультациялық қызметтерге байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
3. Ықтимал өнiм берушi мен оның аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы бапта көрсетiлген негiздер бойынша конкурстық өтiнiм қабылданбай тасталған кезде конкурстың қорытындылары туралы хаттамада оның қабылданбау негiздемелерi көрсетiледi, олар осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушiге хабарланады.
8-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын біліктілік талаптары
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi, осы Заңның 20-бабында және 21-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) кәсіптiк біліктілігi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң тиiстi рыногында кемінде бір жыл жұмыс тәжiрибесі болуға;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлеттілігi болуға;
4) төлем қабiлетi болуға, таратылуға жатпауға, оның мүлкiне тыйым салынбаған болуға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылып қоймаған болуға тиiс;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік сатып алу туралы соңғы екi жыл iшiнде жасалған шарттардағы өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негізiнде жауапқа тартылмаған болуға тиiс.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесi болуының қажеттiгi туралы талаптар осы Заңның 27-бабына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне және ықтимал өнiм берушілер болып табылатын жағдайларда мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына қолданылмайды.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға кәсіпкерлiк қызметпен айналыспайтын ықтимал өнiм беруші - жеке тұлғалар өздері осындай ықтимал өнім берушi - жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесiлі тауарларды тапсырыс берушіге сату мақсатында қатысқан кезде, осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, олардың білiктілік талаптарына сай болуы талап етiлмейдi.
2. Ықтимал өнiм берушi өзiнiң осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн конкурсты ұйымдастырушыға аттестаттардың, куәлiктердiң, патенттердiң, лицензиялардың, сертификаттардың, дипломдардың және анықтамалардың көшiрмелерiн табыс етедi.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен мiндеттi аудит өткізу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi де табыс етедi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ықтимал өнiм берушi, оған біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берiлген жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап бiр жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуға жiберiлмейдi.
Табыс етiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы конкурстық комиссияның ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын қарауы кезiнде анықталады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ықтимал өнiм берушiлердің дәйектемесiз ақпарат ұсынған анықталған барлық фактілері туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар өнiм берушiлердiң мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны туралы сотқа талап-арыздар ұсынған кезде олардың талап-арыздары қанағаттандырылған жағдайда, олар сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның мекен-жайына белгiленген тәртiппен расталған сот шешiмiнің көшiрмесiн жiбере отырып, оны хабардар етуге мiндеттi.
Бiлiктілік талаптары бойынша дәйектемесiз ақпарат ұсынған ықтимал өнiм берушiлер туралы, сондай-ақ соңғы екi жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде жауапқа тартылған ықтимал өнiм берушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi органның WEB-сайтына орналастырылады.
4. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгiлеуге құқығы жоқ. Ықтимал өнiм берушi өзiне қойылатын біліктілік талаптарына жатпайтын ақпаратты табыс етпеуге құқылы.
9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi
1. Мемлекеттік сатып алу мына тәсiлдердiң бiрiмен:
1) ашық конкурс;
2) жабық конкурс;
3) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау;
4) бiр көзден сатып алу;
5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Ашық және жабық конкурстар екi кезеңдi рәсiм пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттік сатып алуды осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында аталған тәсiлдермен жүзеге асыру үшiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия құрады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, конкурстық комиссияны құру мен оның қызметiнiң тәртібін, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн және солар бойынша шарттар жасасу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсiпорындар қаржы жоспарын бекiткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекiтедi, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлi мен мерзiмдерi көрсетiледi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жыл сайын, бiрiншi сәуiрден кешiктiрмей, бюджеттердiң (бизнес-жоспарлардың) негiзiнде, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекiтедi, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлi мен мерзiмдерi көрсетiледi.
Тапсырыс берушi мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгеннен кейiн оны жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға табыс етедi.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
5. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмде республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданбаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі келесi жылдың бiрiншi тоқсанына белгiлейтiн тiзбе бойынша ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында мемлекеттік сатып алу көлемiнен осы шарт бойынша аспайтын көлемде тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер олардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер жаңа қаржы жылының басына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетi бекітілмеген болса, осы баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша мемлекеттік сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға да құқылы.
Құрылыстағы ұзақ мерзiмдi мердiгерлiк жұмыстарға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге жасалған шарттар, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды сатып алу туралы шарттар бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттар жасасудың тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейдi.
6. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес тапсырыс берушi таңдайды.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды ашық
конкурс тәсілімен жүзеге асыру
10-бап. Ашық конкурсты ұйымдастыру
1. Осы Заңда сатып алуды жүзеге асырудың өзгеше тәсiлi көзделген жағдайларды қоспағанда, ашық конкурс мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi тәсiлi болып табылады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi.
Тапсырыс берушi бюджет (бизнес-жоспар) бекітілгеннен кейiн келесi жылға қажеттi және бекітілген бюджетте (бизнес-жоспарда) көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурс өткізу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны анықтауға құқылы.
Тапсырыс берушi мемлекеттік орган немесе мемлекеттік мекеме болған жағдайда, басқа мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменiң конкурсты ұйымдастырушы болып белгiленуi мүмкiн.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкімі жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкімінiң бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуiн қоспағанда, тиiстi бюджеттердiң деңгейлерi бойынша өзiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлей алады.
Мемлекеттік кәсiпорындар мен акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар өздерiнiң аффилиирленген заңды тұлғалары үшiн бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттік кәсiпорындар және өзi құрылтайшысы (уәкiлеттi орган) болып табылатын заңды тұлғалар үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелерден басқа, бiрнеше тапсырыс берушi бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiнде бiрыңғай конкурс өткiзе алады. Бұл орайда бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
11-бап. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру (хабарлама)
1. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудаа (хабарламадаа) мынадай мәлiметтер:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) жорамалданып отырған мемлекеттік сатып алудың көлемi, атауы және тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу және қызметтердiң көрсетiлу орны;
3) тауарлар жеткізудiң, жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) конкурстық құжаттама алу орны мен тәсiлдерi, сондай-ақ оған төлем жасаудың реквизиттерi;
5) конкурстық өтiнiмдер табыс етiлетiн орын мен соңғы мерзiмi, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күнi мен уақыты;
6) конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн басқа да қажеттi ақпарат болуға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцмяда (бұр. ред. қара)
2. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей мерзімді баспасөзде мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиiс.
Хабарландырулар бiр мезгiлде уәкiлеттi органның WEB-сайтында жариялануы мүмкiн.
Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда қайтадан ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.
12-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал өнiм берушiге мынадай ақпарат:
1) ықтимал өнiм берушi өзiнiң қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн табыс етуге тиiстi құжаттарға қойылатын талаптар;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
2) техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер сипатталған жазбалар мен олардың талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын тауардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу немесе қызметтердiң көрсетiлу орны;
5) тауарлар жеткізудiң, жұмыстар орындаудың немесе қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
6) төлем талаптары және мемлекеттік сатып алу туралы үлгi шарт;
7) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау негiзделетiн бағадан басқа, барлық өлшемдердiң сипаттамасы, соның iшiнде мұндай әрбiр өлшемдердiң салыстырмалы мәнi, конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасы;
8) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң балама сипаттамаларына жол берiлсе, баламалы конкурстық өтiнiмдерге баға беру мен салыстыру тәсiлiнiң тиiстi нұсқамасы мен сипаттамасы, шарттың ережелерi немесе конкурстық құжаттамада айтылған басқа да талаптар;
9) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң өз құнынан басқа, бағаның басқа элементтердi (тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды және т.б. төлеуге арналған шығыстарды) қамтуға тиiс екендiгiне не тиiс еместiгiне нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтiнiмнiң бағасын есептеу әдiстемесi;
10) конкурстық өтiнiмнiң бағасы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды және конкурстық өтiнiмдердiң бағасын салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
11) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мен табыс етудiң тіліне қойылатын талаптар;
12) конкурстық өтiнiмдi енгізу талаптары, мазмұны мен қамтамасыз ету нысаны;
13) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқама;
14) конкурстық өтiнiмдер беру тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күніндегі жергiлiктi уақыт бойынша он бес сағаттан кешiктiрмей) және олардың қолданылу мерзiмi;
15) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмнiң бiр бөлiгiн ұсыну құқығына тиiстi нұсқау, онда конкурстық өтiнiм бар конверттердi тiкелей ашу сәтiнде сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы көрсетiледi;
16) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал өнiм берушiлердiң солардың көмегiмен түсiндiрме сұрата алатын тәсiлдерi және конкурсты ұйымдастырушының сол кезеңде ықтимал өнiм берушiлермен ашық нысанда өткiзiлетiн және хаттамаланатын кездесу өткізу ниетi туралы хабарламасы;
17) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (бiрақ конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткен кезден бастап екi сағаттан кешiктiрмей);
18) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
19) конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушының өкiлдiк етуге ол уәкiлеттттiкк берген лауазымды адамдары туралы мәлiметтер;
20) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi енгізу талаптары, оның нысаны, көлемi мен тәсiлi;
21) отандық тауар өндiрушiге - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру талаптары мен тәртібі көрсетiлген конкурстық құжаттаманы табыс етуге мiндеттi.
2. Бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiнде конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бiртектi тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрiн сатып алу жөнiнде конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бұл орайда конкурс жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр лоты бойынша анықталады.
3. Құрылыс мерзiмi алты айдан асатын құрылыс объектiлерiне мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу өткiзiлген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада сатып алу үшiн көзделген ең жоғары соманы көрсетуге құқылы.
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткенi үшiн конкурстық құжаттаманың көшiрмесiне нақты жұмсалған шығындардан аспайтын, ал жабық конкурс өткiзiлген жағдайда оны жiберу үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiп пен талаптар бойынша ақы алуға құқылы.
Егер конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме болса, мұндай ақы тиiстi бюджет кiрiсiнiң есебiне аударылады.
5. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама ережелерiне түсiндiрме беру туралы сұрау салып жүгiнуге құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмеуi керек. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап үш күн мерзiм iшiнде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенiн көрсетпестен, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiге осындай түсiндiрменi хабарлауға мiндеттi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей өз бастамасымен немесе ықтимал өнiм берушiнiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгiзiлген өзгерістердiң мiндеттi күшi болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы берген барлық ықтимал өнiм берушiлерге олар туралы дереу хабарлайды. Бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiлердiң бұл өзгерістердi конкурстық өтiнiмдерде есепке алуы үшiн конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiне түсiндiрме беру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта ықтимал өнiм берушiлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында табыс етiлген конкурстық құжаттамаға түсiндiрме беру туралы сауал салу көздерi көрсетiлмеген сауалдардыы, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама конкурстық комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлерге дереу жiберiледi.
8. Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгi негiзiнде жасалады.
Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекiтедi.
13-бап. Конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу, табыс етiлу, өзгертiлу және керi қайтарып алыну мерзiмi
1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi желiмделген конвертке салып конкурсты ұйымдастырушыға табыс етуге мiндеттi.
Ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге, сондай-ақ өзiнiң осы Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы өткiзетiн кездесуге қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс берушi және конкурстық комиссия конкурстың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiнде мiндеттеме алмайды.
2. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiнуге құқылы. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы және оның конкурстық өтiнiмiнiң мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi бiткен соң аяқталады.
4. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуге немесе керi қайтарып алуға құқылы. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
5. Конкурстық өтiнiм берудiң ең соңғы мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн берiлген конкурстық өтiнiм ашылмайды және ол ықтимал өнiм берушiге қайтарылады.
14-бап. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн керi қайтарып алмайтынына немесе өзгертпейтiнiне кепiлдiк беретiн нысанда, тәсiл мен жағдайларда мәлiмделген жалпы соманың бiр процентiнен үш процентiне дейінгі мөлшерде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізуге, сондай-ақ оның конкурстық өтiнiмi жеңiп шықты деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мiндеттi. Бұл ретте конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету мөлшерi барлық конкурсқа қатысушылар үшiн бiрдей болуға тиiс.
2. Ықтимал өнiм берушiлер, егер:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) олар шағын кәсіпкерлік субъектілерi болып табылатын және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің көлемі құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) олар Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдар болса және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;
2) мемлекеттік сатып алу нысанасы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер, талдамалар жүргiзу болса;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) олар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысса;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) олар қайталама рыноктағы тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысушы жеке тұлғалар болып табылса;
2005.12.04. № 35-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдар болып табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
3. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) банк кепiлдiгi түрiнде берiлуi мүмкiн.
4. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиiс.
5. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер ықтимал өнiм берушi:
1) конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде анықтала отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаспаса;
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және талаптарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi табыс еткен ықтимал өнiм берушiге қайтарылмайды.
Бұл орайда, мемлекеттік сатып алу мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет кiрiсiне немесе, егер ол конкурсты ұйымдастырушы болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебiне аударылады.
6. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiге енгiзiлген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету келiп түскен кезiнен бастап мынадай жағдайларда:
1) конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткен;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшiне енген;
3) конкурстың жеңiмпазы анықталмай, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерi тоқтатылған;
4) конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық өтiнiм керi қайтарып алынған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейдi деп, конкурстық өтiнiм қабылданбаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) басқа ықтимал өнiм беруші конкурстың жеңiмпазы болып айқындалған жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi.
15-бап. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақыт пен орында ашады. Конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен тұратын жерiн, олар ұсынған бағаны, егер олар құжат арқылы көрсетiлсе, конкурстық өтiнiмдердi керi қайтарып алуды және өзгертудi, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасын жасайды.
Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының конкурстық комиссиясының мүшелерi және хатшысы қол қойған көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысушы ықтимал өнiм берушiлерге берiледi, қатыспағандарға - олардан сауал салу алынған күннен бастап екi жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салыстыру және конкурс қорытындыларын шығару
1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде:
1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден олардың конкурстық өтiнiм беруiне байланысты түсiндiрмелер сұратуға құқылы;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ықтимал өнiм берушілердiң конкурстық өтінімдеріндегі мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға құқылы;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берiлмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтiнімiн бағалау кезiнде осы ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алумен байланысты барлық шығыстары ескеріледi.
2. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi, егер онда конкурстық өтiнiмнiң мәнiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн конкурстық өтiнiм ретiнде қарайды.
1) осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi біліктілік талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнiм берушi, осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен талаптарда конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбесе;
3) осы конкурстық өтiнiм, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмесе;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы конкурстық өтiнiмдi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу өз мүддесiне орай жүзеге асырылатын тұлға берсе;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімiнің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
Объектiлердi салуға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бір жылдан асатын тауарларды сатып алуға конкурс өткiзiлген кезде, егер конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімінің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн көзделген сомадан артық болған жағдайда да оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтінiмiнің бағасы демпингтiк болып табылатын жағдайда, конкурстық комиссия оның конкурстық өтiнiмiн қабылдамауға құқылы. Конкурстық өтiнiмнің демпингтік бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Егер конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм берсе, конкурстық комиссия конкурс өтпедi деп таниды.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алуға конкурс өткізу кезiнде, егер қайсыбiр лот бойынша біліктілік талаптарына сай келмейтiн екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм бермесе, конкурстық комиссия осы лот бойынша конкурс өтпедi деп таниды.
Егер конкурстық құжаттама талаптарына сай келетiн екiден кем конкурстық өтінім ұсынылған болса да конкурстық комиссия конкурсты өтпей қалды деп таниды.
5. Егер конкурс тұтас алғанда немесе қайсыбiр лот бойынша өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi конкурсты ұйымдастырушыға:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткізудi;
2) екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып, конкурс өткізудi ұсынуға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерге баға берiп, оларды салыстырады және мынадай өлшемдердi ескере отырып, ең төменгі баға негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтінімдi айқындайды:
1) 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
3) тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды аяқтау немесе қызметтердi көрсету мерзiмдерi;
4) тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары;
5) төлем талаптары;
6) тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге кепiлдiк беру талаптары;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 7) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
7) мейлiнше жоғары экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн басқа да өлшемдер (қосымша инвестициялар, жұмыспен қамтуды ынталандыру, технологияны беру мен басқару, ғылыми және өндiрiс кадрларын даярлау), сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердiң тиісті рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
8) осы Заңның 26-бабына сәйкес отандық тауар өндiрушiлердi - ықтимал өнiм берушiлердi қолдау;
9) ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік деректерi.
7. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы консультациялық қызметтер көрсетудi тарту болатын жағдайда:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
3) ықтимал өнiм берушiнiң осы қызметтер көрсету рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
4) ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік деректерi, беделi, сенімдiлiгi, кәсiптiк құзыретi iрiктеу өлшемдерi болып табылады.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған коверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Конкурстың қорытындылары осы Заңның 17-бабына сәйкес отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 10-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн уәкiлеттi органға табыс етедi.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде конкурс нәтижелерiн оның атауын, жеңiмпазы мен оның мекен-жайын, конкурс жеңiмпазы ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауын және бiрлiгiнiң бағасын көрсете отырып, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мерзiмдi баспасөзде жариялау жолымен барлық қатысқан ықтимал өнiм берушiлерге хабарлайды.
17-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттама ресiмдеуге мiндеттi, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерi және жеңiмпаз анықталатын талаптар көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен орналасқан жерi;
3) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік деректерi туралы немесе осындай деректердiң жоқ болуы туралы;
4) әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы және басқа да негiзгi жағдайларының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалаудың мазмұны және оларды салыстыру;
6) конкурстық өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн көрсету;
7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, себептерiн көрсету;
8) конкурстық құжаттамаға түсiндiрме беру туралы сауалдардың, оларға қайтарылған жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
9) мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiс болған мерзiм (конкурс жеңiмпазы хабарламаны алған кезден бастап үш жұмыс күнiнен аспауыы керек).
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) егер конкурс өткен жағдайда, - сатып алуға бөлiнген сома.
Конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнiм беруші конкурстың қорытындылары мерзiмдi баспасөзде жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн iшiнде конкурстың қорытындылары бойынша уәкiлеттi органға шағым жасауға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл ақпаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтер болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртіппен беріледi.
3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа
тәсілдермен жүзеге асыру
18-бап. Жабық конкурс
1. Жабық конкурс уәкiлеттi органның келісімi бойынша, тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер олардың күрделi немесе мамандандырылған сипатта болуы себебiмен ықтимал өнiм берушiлердiң конкурсты ұйымдастырушыға алдын ала мәлiм шектеулi санында ғана болған жағдайларда өткiзiледi.
2. Жабық конкурс өткізу туралы хабарлама сатып алынатын тауарлары, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерi бар барлық ықтимал өнiм берушiлерге осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiберiлуге тиiс.
Хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
3. Жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
19-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн толық тұжырымдау, олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын және ықтимал өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрау не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе талдамалар жасау қажет болған;
3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс жеңiмпазды анықтауға жеткiзбеген жағдайларда өткiзiледi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты ұсыныстарды ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық құжаттама негiзiнде сұрату; ықтимал өнiм берушiлер конкурстық құжаттамаға сәйкес бағасын көрсетпей табыс еткен бастапқы конкурстық өтiнiмдердi қарау; ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік деректерiн қарау; қажет болған жағдайда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi біліктілік талаптарына сай келетiн ықтимал өнiм берушiлермен талқылау;
2) ықтимал өнiм берушiлер табыс еткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамалары негiзiнде конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының өзгерістер енгізуi; конкурстың бiрiншi кезеңiнен өткен ықтимал өнiм берушiлердiң түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi табыс етуi; олардың бағасы мен бағалық ұсыныстарын және бағалау өлшемдерiн ескере отырып салыстыру, конкурс қорытындыларын шығару кезеңдерiнiң жиынтығы болып табылады.
3. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бастапқы конкурстық құжаттамада осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 7) - 9) тармақшаларында айтылған ақпарат болмауы мүмкiн.
4. Ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтару құқығын жоғалтпай, түпкi конкурстық өтiнiмдi табыс етпеуге құқылы.
5. Конкурстық комиссия түпкi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурстың қорытындыларын шығарады.
6. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын ашық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 18-бабында көзделген нормалар қолданылады.
20-бап. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды ппайдалана отырып ттаңдау
1. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау тапсырыс берушi үшiн егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң елеулi маңызы жоқ, нақтылы бар тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жүргiзiледi, бұл орайда баға шешушi талап болып табылады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау, осы тармақтың екiншi бөлiгінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемдері құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштiң екі мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдауға құқылы.
3. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын пайдалана отырып таңдау әдiсiн қолдану мақсатында қаржы жылы iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгенен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
4. Тапсырыс берушi кем дегенде екi аффилиирлендiрiлмеген ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын сұратады және белгiленген мерзiмде түскен барлық баға ұсыныстарын қарайды. Тапсырыс берушi ең төмен баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алады.
21-бап. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу
1. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу конкурсты қолданбай сатып алуды бiлдiредi және:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер табиғи монополияның субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана нақтылы болған немесе қандай да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң баламасы жоқ болған жағдайда осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге қатысты айрықша құқықтары болған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер белгiлi бір тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісiнде ғана болған немесе балама болмаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттік монополия субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана болған;
2) дүлей зiлзалалар (жер сiлкiну, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, iндеттер мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен ормандарды аурулардың және зиянкестердiң зақымдануы туғызған төтенше жағдайлардың, сондай-ақ өнеркәсiп, көлiк авариялары мен басқа да авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар шығаратын (шығару қатерi бар) өрттер, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, бөгеттердiң бұзылуы, тiршiлiк етудiң электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелеріндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше жағдайлардың салдарынан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сол тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге конкурс өткізу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жедел қажеттiктер туындаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жабдықтар, технологиялар, жұмыстар немесе көрсетiлетiн қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде нақ сол тапсырыс берушiде бiрыңғайлау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен сыйымдылығын қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындайттыынн;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) конкурс өтпей қалды деп танылған және (немесе) тапсырыс берушi қолданған, осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға алып келмеген жағдайларда ғана жүргізiледi. Бұл ретте осы ереже конкурс жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) сатып алғанда сттратегиялық маңызы зор тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер берушiнi осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) коммуникациялар, тетiктер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдар жол жүрiп бара жатқанда сынған, iстен шыққан әрі оларды дереу қалпына келтiру талап етілген жағдайда акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар уәкiлеттi органға кейiннен мiндеттi түрде күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде хабарлай отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi конкурстың қорытындылары шығарылғанға дейiнгi кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ғана жүргiзiледi.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 8)-тармақшамен толықтырылды
8) кепiл берушi - Қазақстан Республикасының азаматы ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетсiз болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын сатып алады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Егер мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнің қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің екi мың еселенген мөлшерiнен, ал акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен артық болса, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органның келісімi бойынша жүзеге асырады. Табиғи монополия субъектiлерінің немесе белгілi бiр тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетiн қызметтерiн сатып алуы уәкiлеттi органның келісімiн талап етпейдi.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң бiртекті түрлерiн, егер олардың тіптi бiреуінің мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң:
1) мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен;
2) акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болса, сатып алудың жылдық көлемiн қаржы жылы iшiнде бөлшектеуге жол берілмейдi.
Осы баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушілер мемлекеттік монополия субъектілерiнен осы субъектiлер мемлекеттік монополия субъектiлерi ретiнде айқындалған бөлiгiнде көрсететiн қызметтердi ғана сатып алуға құқылы. Бұл ретте уәкілеттi органның келісімi талап етiлмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
3. Бiр көзден меемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия осындай ықтимал өнiм берушiден тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң осы ықтимал өнiм берушi ұсынып отырған бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұратады.
Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етілмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
4. Бiр көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ықтимал өнiм берушi, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды келiсудің тәртібін, сондай-ақ бұл жағдайларда өтiнiштердi қарау үшін қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейдi.
5. Бiр көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия сатып алу туралы хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпараттар:
1) бiр көзден мемлекеттік сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы болуға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу процесінде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес тауар биржаларында жүргiзіледi.
Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген қандай да бір бiртектi тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен, ал мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң екі мың еселенген мөлшерден аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарында өзге ең төменгі көлем белгіленбесе, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.
23-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазы - ықтимал өнiм берушiге хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес типтiк шарттың негізiнде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны оларға жiбередi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Конкурстың жеңiмпазы оның конкурстық өтiнiмiн жеңiп шықты деп тану туралы хабарламаны және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы шартқа қол қоюға немесе тапсырыс берушiнi келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмi конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар енгізуге жол берілмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлiгінде өзгерістер енгізуге жол берiледi.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған ықтимал өнiм берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердің бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескерiле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнiм берушінің екі жақты келісімi бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерістер енгізiлуi мүмкiн.
5. Тапсырыс берушi өнiм берушiден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудi талап етуге құқылы және өнiм берушi бұл қамтамасыз етудi ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде және тәртiппен енгізуге мiндеттi.
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттаа тараптардың оны орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн айыппұл санкциялары көзделуге тиiс.
24-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алудың ерекше талаптары
Мемлекеттік сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше тәртiп белгiлеу талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. Осындай сатып алуды жүргiзудiң ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Мемлекеттік меншiкке билік етуге уәкiлеттi мемлекеттік органның көрсетілетін қызметтердi сатып алуының ерекше талаптары
Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөніндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық міндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше тәртiппен жүргiзіледi.
25-бап. Жеке адамдар үшiн мемлекет кепiлдiк берген көрсетiлетiн
қызметтердi сатып алудың ерекше талаптары
Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде мемлекет кепiлдiк берген қызметтер көрсетушiнi таңдау құқығы тiкелей жеке адамға берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен белгiленген баға (тарифтер) бойынша жеке адам таңдаған өнiм берушiден осы қызметтердi мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi жүзеге асырады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу арнайы тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асырудың арнайы тәртібін, ақпараттық жүйеге жол берудің ерекшелігін, номенклатураны, көлемдердi және мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ақпараттық жүйелер арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті тапсырыс берушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру мемлекеттік монополия болып табылады.
26-бап. Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау тааллааппттааррыы
1. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлердiң жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау кезiнде басымдығы болады, оның тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру талабы конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
3. Егер мемлекеттік сатып алудың нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын (көрсетiлетiн) жұмыстар (қызметтер) болса, тапсырыс берушi отандық (қазақстандық) шикiзат пен материалдарды, жергiлiктi (қазақстандық) еңбек және өндiрiс ресурстарын пайдалана отырып, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетудi) талап етуге құқылы. Мұндай талап конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
27-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi ұйымдарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезiнде конкурсты ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және (немесе) тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Бұл орайда мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдарындағы мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының елу бiр процентiнен кем болмауға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдар қатыстырылатын конкурс өткізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде олардың арасынан өнiм берушіні таңдау, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 16-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы осы Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес жалпы негiздерде конкурсты қайтадан өткізуге құқылы.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы және олардың көлемiн (процентпен көрсеткенде) Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгiлеп отырады.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң сол ұйымдарынан конкурстық өтiнiмдер түспеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы сатып алуды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жалпы негiзде жүзеге асыруға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды; 2005.23.12 № 108-III; 2006.04.07. № 150-III ҚР Заңдарымен 27-1-бап өзгертілді
27-1-бап. Сатып алынуы мемлекеттік сатып алу нысанасы
болып табылмайтын тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетiн қызметтер
1. Мыналар:
1) жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстар;
2) жалақы, жәрдемақылар, iссапар шығыстары және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
3) ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторларына төленетiн авторлық сыйақы;
4) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңiмпаздары болып белгіленген акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы конкурстың нәтижесiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
5) өкiлдiк шығыстар (өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында жүргізiлетін ресми қабылдауларды өткізу, сондай-ақ басқарманың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты есебiнен қамтылатын органдардың, директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына қатысушыларды ресми қарсы алу және акционерлер жиналысын өткізуге арналған, келiссөздер кезiнде оларды көлiкпен қамтамасыз ету, буфет (фуршет) қызметiн көрсету жөніндегі, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар);
6) көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысуға қажетті шығыстар, сондай-ақ көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
7) қызметкерлердi шет елдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру;
8) кепіл, кепiлдiк және қаржылық қызметтердi тарту туралы шарттар бойынша мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсiлдерi;
8-1) мүлікті лизингтік қызметті жүзеге асыру шеңберінде лизингке беру мақсатымен сатып алу;
9) лизингке беру, факторинг, франчайзинг, комиссия шарты бойынша сыйақы төлеу, сенімгерлiк басқару, бюджет қаражатынан төлем жасау бөлігінде тiкелей субсидия алушыға субсидия беру;
10) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi сатып алу, қаржылық қызметтер (сақтандыру қызметтерiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржылық қызметтердi тартуын қоспағанда);
11) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусіз негiзде ұсынатын гранттар қаражатын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге де рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты жұмсау;
12) мемлекеттік білім тапсырысы;
13) медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемi;
14) саудаларға (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар, мүлiктi (активтердi):
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарына сәйкес сот орындаушылары жүргiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес өткiзiлетін;
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес өткiзілетiн;
мемлекеттік мүлікті жекешелендiру кезіндегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша өткiзілетiн саудаларда (аукциондарда) сатып алу;
15) бағалы қағаздарды сатып алу;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлық қызметi;
17) банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi жасауға байланысты тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі қызметi;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргiзу;
20) ұйымдардың жарғылық капиталына инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялық қорының қызметi, сондай-ақ осы ұйымдардың мұндай инвестициялау жүзеге асырылғанға дейiн оларға осы Заңның күші қолданылмаған жағдайда тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
21) Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес (6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда) адвокаттар көрсететін заң көмегi үшiн ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсетiлген заң көмегi үшін ақы төлеу және мұндай жағдайларда қорғау мен айыпталушының немесе сезiктінің таңдау құқығы болмаған кезде қылмыстық iстер бойынша адвокаттық қызмет көрсетілуiне байланысты шығыстарды өтеу;
22) жасалатын нотариаттық iс-әрекеттер үшiн ақы төлеу;
23) мемлекеттік органдардың актілерi негізiнде жер учаскелерiн беру үшін ақы төлеу;
24) акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада өткізу мақсатында сатып алуы;
25) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) мемлекеттік награлаларды, депутаттың омырауға тағатын белгісін, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық), Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, акциздік маркаларды, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды әзiрлеу үшін ақы төлеу;
27) статистикалық деректердi өңдеу жөніндегі қызметтердi сатып алу;
28) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың инновациялық қызметтi қаржыландыру жөніндегі шешiмдi қабылдау мақсатында инновацияларға тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу жөніндегі қызметтердi сатып алуы;
29) ұйымдардың Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметінің негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетін қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша сатып алуы;
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді
30) жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды орындау кезiнде:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдемдесуге келісім берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтік үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті сатып алуы;
жасырын кәсіпорындар мен ұйымдар құруы;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы білімi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы;
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды
31) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Халықаралық кеңесі мүшелерінің қызметтерін қоса алғанда, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушiлер осы Заңның 3-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптерiн басшылыққа алуға мiндетті.
28-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тапсырыс берушi жүзеге асырады.
29-бап. Конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң және конкурстық комиссияның iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасау
1. Мемлекеттік сатып алу процесiн жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары бұзылған жағдайда, ықтимал өнiм берушi мемлекеттік сатып алу процесiнiң өткiзiлуi барысында конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң немесе конкурстық комиссияның iс-әрекетi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы. Бұл орайда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн таңдау шағым жасалу объектiсi болмайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары бұзылған жағдайда, уәкiлеттi орган конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң немесе конкурстық комиссияның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға дейiнгi шешiмдерiн жарамсыз деп тануға және мемлекеттік сатып алу процесiн тоқтатуға құқылы.
Бұл орайда, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалып, күшiне енсе, уәкiлеттi орган осы мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнуге мiндеттi.
Мемлекеттік сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
31-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу ттуралы заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., №17-18, 216-құжат; 1998 ж., № 23, 415-құжат; 1999 ж., № 23, 932-құжат.) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
| Н. Назарбаев |