"Мемлекеттік сатып туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 569-II
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1) кіріспеде "мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілi акционерлік қоғамдардың" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың шешімдерiн тура және (немесе) жанама түрде белгілеуге және (немесе) олар қабылдайтын шешiмдерге, оның ішiнде негiзгі ұйымның акцияларын (үлестерiн) иелену құқықтарын жүзеге асыруға байланысты шешiмдерге, шарттарға ықпал етуге мүмкiндiгi бар тұлғалар (акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметін реттеуді өздеріне берiлген өкілеттік шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың өзiне қатысты осындай құқығы болатын кез келген тұлға;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік монополия - шаруашылық жүргізудi тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде жүзеге асыратын, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсiздiк, құқық тәртібі, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсiздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптiк кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан мақсатқа сай болмайтын жағдайларда жүзеге асырылатын қызмет саласы. Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;";
3) тармақшада "мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және" деген сөздермен ауыстырылсын; "есебiнен" деген сөзден кейін ", осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
3-1) конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасы - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер белгілі бір тауар рыногында қалыптасқан бағалар деңгейiнен едәуір төмен бағамен ұсынылатын, ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы;
5) тармақшадағы "мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар, сондай-ақ" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мерзiмдi баспасөз - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, өткізілуге дайындалып жатқан және өткiзілген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын мерзiмдi баспасөз басылымдары;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 9-1) - 9-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті субъектiлердiң Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;";
"9-1) тапсырыс берушiлерге және конкурсты ұйымдастырушыларға, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысына өз құзыретiндегі мәселелер бойынша орындалуға мiндеттi ұйғарымдар енгізедi;
9-2) конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушiнiң іс-әрекеттеріне шағым жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуды тиiстi тексеру жүргізу кезеңiне, бірақ күнтiзбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы;
9-3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасайды;
9-4) тапсырыс берушiлерден қажеттi есептіліктi, ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
9-5) ұсынылған есептілік деректердің дұрыстығын тексередi;
9-6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша тапсырыс берушілер орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
9-7) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн бақылайды;
9-8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткiзiлген кезде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берiлiп, ол конкурс қорытындысына ықпалын тигiзген жағдайда және егер өткiзілген конкурс конкурстың жеңiмпазын айқындауға және шарт жасасуға алып келмесе - конкурсты жарамсыз деп тану туралы шешiмдер қабылдайды;
9-9) сараптамалар мен консультациялар өткізуге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын тартады;";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi органның ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.";
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi
өз билігіндегi ақша есебiнен сатып алуды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттi
субъектiлердің мемлекеттік тiзiлiмi
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өз билiгіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектiлердiң мемлекеттік тiзілімiне енгiзiлуге тиiс.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгіндегі ақша есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектілердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзудің және одан шығарудың тәртібiн уәкiлеттi орган белгілейдi.";
1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
бірiнші абзац "өнiм беруші" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 20-бабында және 21-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсіптiк біліктілігi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң тиiстi рыногында кемінде бір жыл жұмыс тәжiрибесі болуға;";
5) тармақшадағы "сот жауапқа тартпаған" деген сөздер "заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негізiнде жауапқа тартылмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "қолдау жасалатын шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне" деген сөздер "шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне және ықтимал өнiм берушілер болып табылатын жағдайларда мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға кәсіпкерлiк қызметпен айналыспайтын ықтимал өнiм беруші - жеке тұлғалар өздері осындай ықтимал өнім берушi - жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесiлі тауарларды тапсырыс берушіге сату мақсатында қатысқан кезде, осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, олардың білiктілік талаптарына сай болуы талап етiлмейдi.";
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "толық емес немесе" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ықтимал өнiм берушiлердің дәйектемесiз ақпарат ұсынған анықталған барлық фактілері туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар өнiм берушiлердiң мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны туралы сотқа талап-арыздар ұсынған кезде олардың талап-арыздары қанағаттандырылған жағдайда, олар сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның мекен-жайына белгiленген тәртiппен расталған сот шешiмiнің көшiрмесiн жiбере отырып, оны хабардар етуге мiндеттi.
Бiлiктілік талаптары бойынша дәйектемесiз ақпарат ұсынған ықтимал өнiм берушiлер туралы, сондай-ақ соңғы екi жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде жауапқа тартылған ықтимал өнiм берушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi органның WEB-сайтына орналастырылады.";
4-тармақта:
екiншi бөлiкте "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар, сондай-ақ" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер олардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер жаңа қаржы жылының басына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетi бекітілмеген болса, осы баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша мемлекеттік сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға да құқылы.
Құрылыстағы ұзақ мерзiмдi мердiгерлiк жұмыстарға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге жасалған шарттар, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды сатып алу туралы шарттар бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттар жасасудың тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейдi.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тапсырыс берушi бюджет (бизнес-жоспар) бекітілгеннен кейiн келесi жылға қажеттi және бекітілген бюджетте (бизнес-жоспарда) көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурс өткізу туралы шешiм қабылдауға құқылы.";
3-тармақта:
бесiншi бөлiкте "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiкте "акционерлік қоғамдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 4) тармақшасы ", сондай-ақ оған төлем жасаудың реквизиттерi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей мерзімді баспасөзде мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиiс.
Хабарландырулар бiр мезгiлде уәкiлеттi органның WEB-сайтында жариялануы мүмкiн.
Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда қайтадан ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.";
1-тармақтың 2) тармақшасы "қоса алғанда," деген сөздерден кейiн "ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"үш процентi мөлшерiнде" деген сөздер "бiр процентiнен үш процентiне дейінгі мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету мөлшерi барлық конкурсқа қатысушылар үшiн бiрдей болуға тиiс.";
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) олар шағын кәсіпкерлік субъектілерi болып табылатын және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің көлемі құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 3) тармақшадағы "қатысса" деген сөзден кейiн нүктелі үтір қойылып, ", конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi." деген сөздер алып тасталып, 4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) олар Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдар болса және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;";
"4) олар қайталама рыноктағы тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысушы жеке тұлғалар болып табылса, конкурстық өтінімдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.";
6-тармақтың 5) тармақшасындағы "қабылданбаған" деген сөзден кейiн нүктелі үтiр қойылып, "жағдайларда бес жұмыс күнi ішінде қайтарып бередi." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) басқа ықтимал өнiм беруші конкурстың жеңiмпазы болып айқындалған жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi.";
11) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi "мүшелерi" деген сөзден кейiн "және хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) ықтимал өнiм берушілердiң конкурстық өтінімдеріндегі мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға құқылы;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтiнімiн бағалау кезiнде осы ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алумен байланысты барлық шығыстары ескеріледi.";
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) осы конкурстық өтiнiмдi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу өз мүддесiне орай жүзеге асырылатын тұлға берсе;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімiнің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Объектiлердi салуға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бір жылдан асатын тауарларды сатып алуға конкурс өткiзiлген кезде, егер конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімінің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн көзделген сомадан артық болған жағдайда да оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтінiмiнің бағасы демпингтiк болып табылатын жағдайда, конкурстық комиссия оның конкурстық өтiнiмiн қабылдамауға құқылы. Конкурстық өтiнiмнің демпингтік бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
4-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер конкурстық құжаттама талаптарына сай келетiн екiден кем конкурстық өтінім ұсынылған болса да конкурстық комиссия конкурсты өтпей қалды деп таниды.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткізудi;";
6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерге баға берiп, оларды салыстырады және мынадай өлшемдердi ескере отырып, ең төменгі баға негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтінімдi айқындайды:";
1) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша ", сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердiң тиісті рыногындағы жұмыс тәжiрибесi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "конкурстық комиссияның мүшелерi" деген сөздер "конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың екiншi бөлiгi "бағасын көтере отырып," деген сөздерден кейiн "егер осы Заңда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) егер конкурс өткен жағдайда, - сатып алуға бөлiнген сома.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнiм беруші конкурстың қорытындылары мерзiмдi баспасөзде жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн iшiнде конкурстың қорытындылары бойынша уәкiлеттi органға шағым жасауға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл ақпаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтер болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртіппен беріледi.";
14) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау, осы тармақтың екiншi бөлiгінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемдері құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштiң екі мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдауға құқылы.";
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер белгiлi бір тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісiнде ғана болған немесе балама болмаған;
1-2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттік монополия субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана болған;";
3) тармақша "технологиялар" деген сөзден кейін ", жұмыстар деген сөзбен; "технологиямен" деген сөзден кейін ", жұмыстармен" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) конкурс өтпей қалды деп танылған және (немесе) тапсырыс берушi қолданған, осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға алып келмеген жағдайларда ғана жүргізiледi. Бұл ретте осы ереже конкурс жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;";
5) тармақшада "белгілейдi." деген сөз "белгiлеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мына мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) коммуникациялар, тетiктер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдар жол жүрiп бара жатқанда сынған, iстен шыққан әрі оларды дереу қалпына келтiру талап етілген жағдайда акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар уәкiлеттi органға кейiннен мiндеттi түрде күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде хабарлай отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған;
7) күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi конкурстың қорытындылары шығарылғанға дейiнгi кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ғана жүргiзiледi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнің қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің екi мың еселенген мөлшерiнен, ал акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен артық болса, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органның келісімi бойынша жүзеге асырады. Табиғи монополия субъектiлерінің немесе белгілi бiр тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетiн қызметтерiн сатып алуы уәкiлеттi органның келісімiн талап етпейдi.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң бiртекті түрлерiн, егер олардың тіптi бiреуінің мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң:
1) мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен;
2) акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болса, сатып алудың жылдық көлемiн қаржы жылы iшiнде бөлшектеуге жол берілмейдi.
Осы баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушілер мемлекеттік монополия субъектілерiнен осы субъектiлер мемлекеттік монополия субъектiлерi ретiнде айқындалған бөлiгiнде көрсететiн қызметтердi ғана сатып алуға құқылы. Бұл ретте уәкілеттi органның келісімi талап етiлмейдi.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етілмейдi.";
4-тармақта:
"өнiм берушi" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды келiсудің тәртібін, сондай-ақ бұл жағдайларда өтiнiштердi қарау үшін қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейдi.";
16) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу процесінде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес тауар биржаларында жүргiзіледi.
Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген қандай да бір бiртектi тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен, ал мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң екі мың еселенген мөлшерден аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарында өзге ең төменгі көлем белгіленбесе, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.";
1-тармақ "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейін "типтiк шарттың негізiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмi конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттік сатып aлу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар енгiзуге жол берілмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлiгінде өзгерістер енгізуге жол берiледi.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған ықтимал өнiм берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердің бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескерiле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнiм берушінің екі жақты келісімi бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерістер енгізiлуi мүмкiн.";
18) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Мемлекеттік меншiкке билік етуге уәкiлеттi
мемлекеттік органның көрсетілетін қызметтердi
сатып алуының ерекше талаптары
Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөніндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық міндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше тәртiппен жүргiзіледi.";
19) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
"25-1-бап. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу арнайы тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асырудың арнайы тәртібін, ақпараттық жүйеге жол берудің ерекшелігін, номенклатураны, көлемдердi және мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ақпараттық жүйелер арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті тапсырыс берушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру мемлекеттік монополия болып табылады.";
20) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдар қатыстырылатын конкурс өткізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде олардың арасынан өнiм берушіні таңдау, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 16-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы осы Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес жалпы негiздерде конкурсты қайтадан өткізуге құқылы.";
21) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап. Сатып алынуы мемлекеттік сатып алу нысанасы
болып табылмайтын тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетiн қызметтер
1. Мыналар:
1) жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстар;
2) жалақы, жәрдемақылар, iссапар шығыстары және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
3) ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторларына төленетiн авторлық сыйақы;
4) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңiмпаздары болып белгіленген акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы конкурстың нәтижесiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
5) өкiлдiк шығыстар (өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында жүргізiлетін ресми қабылдауларды өткізу, сондай-ақ басқарманың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты есебiнен қамтылатын органдардың, директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына қатысушыларды ресми қарсы алу және акционерлер жиналысын өткізуге арналған, келiссөздер кезiнде оларды көлiкпен қамтамасыз ету, буфет (фуршет) қызметiн көрсету жөніндегі, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар);
6) көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысуға қажетті шығыстар, сондай-ақ көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
7) қызметкерлердi шет елдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру;
8) кепіл, кепiлдiк және қаржылық қызметтердi тарту туралы шарттар бойынша мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсiлдерi;
9) лизингке беру, факторинг, франчайзинг, комиссия шарты бойынша сыйақы төлеу, сенiмгерлiк басқару, бюджет қаражатынан төлем жасау бөлігінде тiкелей субсидия алушыға субсидия беру;
10) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi сатып алу, қаржылық қызметтер (сақтандыру қызметтерiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржылық қызметтердi тартуын қоспағанда);
11) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусіз негiзде ұсынатын гранттар қаражатын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге де рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты жұмсау;
12) мемлекеттік білім тапсырысы;
13) медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемi;
14) саудаларға (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар, мүлiктi (активтердi):
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарына сәйкес сот орындаушылары жүргiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес өткiзiлетін;
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес өткiзілетiн;
мемлекеттік мүлікті жекешелендiру кезіндегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша өткiзілетiн саудаларда (аукциондарда) сатып алу;
15) бағалы қағаздарды сатып алу;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлық қызметi;
17) банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi жасауға байланысты тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлік басқару жөніндегі қызметi;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргiзу;
20) ұйымдардың жарғылық капиталына инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялық қорының қызметi, сондай-ақ осы ұйымдардың мұндай инвестициялау жүзеге асырылғанға дейiн оларға осы Заңның күші қолданылмаған жағдайда тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
21) Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес (6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда) адвокаттар көрсететін заң көмегi үшiн ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсетiлген заң көмегi үшін ақы төлеу және мұндай жағдайларда қорғау мен айыпталушының немесе сезiктінің таңдау құқығы болмаған кезде қылмыстық iстер бойынша адвокаттық қызмет көрсетілуiне байланысты шығыстарды өтеу;
22) жасалатын нотариаттық iс-әрекеттер үшiн ақы төлеу;
23) мемлекеттік органдардың актілерi негізiнде жер учаскелерiн беру үшін ақы төлеу;
24) акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада өткізу мақсатында сатып алуы;
25) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) мемлекеттік награлаларды, депутаттың омырауға тағатын белгісін, мемлекеттік сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық), Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, акциздік маркаларды әзiрлеу үшін ақы төлеу;
27) статистикалық деректердi өңдеу жөніндегі қызметтердi сатып алу;
28) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың инновациялық қызметтi қаржыландыру жөніндегі шешiмдi қабылдау мақсатында инновацияларға тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу жөніндегі қызметтердi сатып алуы;
29) ұйымдардың Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметінің негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетін қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша сатып алуы;
30) жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды орындау кезiнде:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдемдесуге келісім берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтік үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті сатып алуы;
жасырын кәсіпорындар мен ұйымдар құруы;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы білімi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтердi сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушiлер осы Заңның 3-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптерiн басшылыққа алуға мiндетті.".
2-бап. Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастар бойынша осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттерге қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер осы Заңға сәйкестендiрiлгенге дейін олардың осы Заңға қайшы келмейтiн тұстары ғана қолданылады.
3-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
|
|
|
| Н. Назарбаев |