Техникалық реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңы

(2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VІ Заңымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

5-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

8-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi

8-1-бап. Алып тасталды

8-2-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері

9-бап. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

10-бап. Ақпарат орталығы

11-бап. Алып тасталды

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

13-бап. Зертханалар

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

15-бап. Алып тасталды

16-бап. Сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елдi анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар

2-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР

17-бап. Жалпы ережелер

18-бап. Техникалық регламенттердiң мазмұны

19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

3-тарау. СТАНДАРТТАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20 - 25-1-баптар. Алып тасталды

4-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ

26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу

27-3-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру

28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

29-бап. Сәйкестiк сертификаты

30-бап. Сәйкестiк белгiсi

31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау

5-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ ЖӨНIНДЕГI ОРГАНДАРДЫ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛАРДЫ АККРЕДИТТЕУ

35-бап. Аккредиттеу

36-бап. Аккредиттеу аттестаты

6-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДЕ БЕЛГIЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

38-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалау объектiлерi

39-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

40-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

41-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

42-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

43-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ, ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗAҢHАМАСЫН САҚТАМАҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

44-бап. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi жауаптылығы

45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

46-бап. Өтпелi ережелер

47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мен қадағалау», «мен қадағалауды» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

4-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

5-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) верификациялау органы - тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауын растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;

7) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттары - тауарды шығарған елді айқындау өлшемшарттарының бірі, соған сәйкес тауар, егер оны өндіруге екі және одан көп ел қатысса, аумағында тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеу (қайта өңдеу) жасалған елден шығарылды деп есептеледі;

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

9-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) көрсетілетін қызмет - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;

11) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

11-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда

13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;

17) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

17-2) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

17-3) өзара байланысты стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарт;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-1) өнімді айналысқа шығару - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өтеусіз немесе өтеулі негізде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға жинамастан тиеп-жөнелту);

18-2) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

20) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

21) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

22) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

26) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

27) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

29) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

30) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

31) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-1) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;

 32) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

33) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

35) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

36) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

38) - 42) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;

44) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) техникалық реттеу - өнімге немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу;

47) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

48) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 48-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48-1) техникалық хатшылық - көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі, көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

49) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

51) - 55) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы

 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою болып табылады.

2) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Стандарттау жөніндегі ұлттық орган;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;

9) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау;

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) - 8-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-2) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

3-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

8-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді, бекітеді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;

 11-1) 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

13) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде, тауар шығарылған жер туралы сертификаттарды беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауына тексерулердің жүргізілуін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) - 23) тармақшалармен толықтырылды

15) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

17) техникалық регламенттерді бекітеді;

18) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;

19) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшiн жою тәртiбiн белгiлейді;

20) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiтеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтедi;

23) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастырады;

25) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды

26) сәйкестікті растау қағидаларын бекітеді.

Сәйкестiктi растау саласында:

1) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;

3-1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.

Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізуді;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;

7) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;

9) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

8-1-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

8-2-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері

Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;

3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi.

Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Ақпарат орталығы

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ақпарат орталығы консультация жасау және мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелермен, стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелермен өзара іс-қимыл Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі ақпарат орталығы арқылы жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

11-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.

3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;

6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;

2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;

4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.

 

13-бап. Зертханалар

1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:

1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;

2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;

3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.

3-1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, өзгерту, олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қажет болған жағдайда, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда тиісті бөлімшелер мен қызметтерді құрады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.

15-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.

Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.

2. 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

 

2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен мазмұн 16-1-баппен толықтырылды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-1-бап жаңа редакцияда

16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сараптама ұйымы, экспортқа және реэкспортқа арналған тауардың шығарылған жері туралы сараптама актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елдi, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Тауарды экспорттау кезінде сараптама ұйымы тауар шығарылған жер туралы сараптама актілерін куәландырмайды және бермейді.

2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.

3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.

Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

 

 

2-тарау. Техникалық регламенттер

 

17-бап. Жалпы ережелер

1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

6. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

7. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакция

8. Егер өнім өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылса, техникалық регламенттердің талаптары орындалды деп есептеледі.

Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйеге келтіруді Стандарттау жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Өнім өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

 

18-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны

1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

2. Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

3. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 7-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

7. Техникалық регламенттерде өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.

 

19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

5. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

7. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

8. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

11. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

12. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

 

 

3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер

 

20 - 25-1-баптар. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

4-тарау. Сәйкестікті растау

26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Өнiм (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:

1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;

2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;

3) сәйкестiктi растау жөніндегі орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.

3. Сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.

5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.

 

27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікке жүзеге асырылады.

 Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.

Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желісі бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды

27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.

3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.

5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды

27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу

1. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды уәкілетті органға ұсынады.

3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 27-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

27-3-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру

1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруді техникалық хатшылық көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

2. Көлік құралын жасаушы көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа жібереді.

3. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша құжаттарды қарау олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

4. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік беріледі.

 

28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:

1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;

2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөніндегі кез келген органға жүгiнуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;

5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:

1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;

4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткізуге;

5) мемлекеттік бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;

6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөніндегі мәлiметтердi көрсетуге;

7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткізудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

8) сәйкестiктi растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерістер туралы хабардар етуге;

9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.

29-бап. Сәйкестiк сертификаты

1. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөніндегі орган бередi.

2. Сәйкестiк сертификатында:

1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;

2) сертификатталған өнiмнiң бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн атауы;

3) оның талаптарына сәйкестiкке сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттің атауы;

4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;

5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;

6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

3. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.

4. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.

Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.

30-бап. Сәйкестiк белгiсi

1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.

4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.

 

31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

1. Егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.

2. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Сәйкестiк туралы декларацияда:

1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;

2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;

3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттің атауы;

4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;

5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;

6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;

7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.

5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.

6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.

7. Сәйкестiктi декларациялау:

1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;

2) сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламенттерде айқындалады.

Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.

Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.

Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.

8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөніндегі органда сақталады.

32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткізуге тыйым салынады.

Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.

3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөніндегі мiндеттеме көзделуге тиiс.

4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламентте регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады.

2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы баптың ережелері халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жобаларды іске асыруға қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.

 

34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.

Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.

2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөніндегі орган шарт негiзiнде жүргiзедi.

3. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35-бап. Аккредиттеу

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

36-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау

 

37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттік бақылау  жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткізудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

 

38-бап. Мемлекеттік бақылау объектiлерi

Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектiлерi болып табылады.

39-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

40-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;

2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік бақылау үшін:

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;

4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мынадай жағдайларда:

өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;

сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;

өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары және (немесе) шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібінің бұзушылықтарын жою туралы нұсқама беруге;

6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;

7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;

8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға;

9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бас мемлекеттік инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.

Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

41-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) мемлекеттік бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

42-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.

43-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

Егер мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткізуге құқығы бар.

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан

Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы

 

44-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;

2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;

3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

 

 

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

46-бап. Өтпелi ережелер

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.

2. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау саласында сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар «Сертификаттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгiзiлуiне қарай Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, оларды қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың күшi жойылуға тиіс.

4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау жөніндегі органдарға және зертханаларға белгiленген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.

5. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн нақты объектiлерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлігінде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:

1) «Стандарттау туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат);

2) «Сертификаттау туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231-құжат; № 23, 321-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат).

3. Осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары күшін жояды.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев