Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.31.01. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1- 16 баптар)
2-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік (17- 19 баптар)
құқықтық актілер
3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер (20- 25 баптар)
4-тарау. Сәйкестікті растау (26- 34 баптар)
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және (35- 36 баптар)
зертханаларды аккредиттеу
6-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық (37- 43 баптар)
актілерде белгіленген талаптардың сақталуын
мемлекеттік бақылау мен қадағалау
7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды (44- 45 баптар)
адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (46- 47 баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенiн ресми танитын рәсiм;
2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргiзу ережелерiне сәйкес берiлетiн, сәйкестiктi растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгiлi бiр салада белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
3) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;
4) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң үйлесiмiн ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы;
5) үйлестiрiлген стандарт - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт;
6) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;
7) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiшi техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;
8) мемлекеттік стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қоры - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттерi шегiнде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;
10) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
11) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгін растау жүзеге асырылатын рәсiм;
12) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестерi;
13) мүдделi тараптар - қызметi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
14) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар;
15) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi;
16) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiрмағыналы тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
17) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;
18) инспекциялық тексеру - сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;
19) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) өнiмнiң стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне сынақ жүргізетiн зертхана, соның iшiнде мемлекеттік органдар зертханасы;
20) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;
21) ұлттық стандарт - шет мемлекеттiң стандарттау жөніндегі уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгі қол жеткiзе алатын стандарт;
22) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжат - стандарттау жөніндегі қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;
23) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт осы Заңға және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
24) аккредиттеу саласы - сәйкестiктi растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестiктi растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн бекiтіліп берiлген объектiлердiң тiзбесi;
25) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;
26) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсiм;
27) сәйкестiктi растау жөніндегі орган - сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
28) негiзге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудiң белгiлi бiр саласына арналған жалпы ережелерi бар стандарт;
29) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсiм;
30) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
31) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;
32) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
33) стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөніндегі тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;
34) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;
35) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттарды есепке алу құжаты;
36) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;
37) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестігін куәландыратын құжат;
38) сертификаттау - сәйкестiктi растау жөніндегі орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;
39) стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекітілген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;
40) ұйым стандарты - ұйым бекiткен стандарт;
41) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
42) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi;
43) техникалық кедергi - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi;
44) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;
45) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектiге қатысты арнаулы білімi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға;
46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;
47) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi мемлекеттік орган;
48) көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөніндегі iшкi қызметiнiң қорытындылары;
49) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы;
50) сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған маман.
2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық
реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.
4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары
мен принциптерi
1. Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары:
1) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
5) өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру болып табылады.
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
5) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;
9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;
13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестiктi растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
техникалық реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту;
5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекіту;
6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту;
7) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;
8) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретi шегiнде қабылдау, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, олардың күшiн жою;
9) сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгiлеу;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi;
5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;
8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
11) сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;
12) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеу аттестатын бередi, оның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады, өткізу сатысында өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тартады.
Аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылмаған жағдайда немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының күшiн уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша сот қана жоя алады. Стандарттау саласында:
1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекітудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгізудiң тәртібін белгiлейдi;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерi мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгiлейдi;
4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi;
6) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.
Сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында:
1) мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен жұмыстарды жүргiзудiң ережелерiн белгiлейдi;
2) заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады;
3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының нысандарын белгiлейдi;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық
реттеу саласындағы құзыретi
Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізудi;
3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;
8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм, көрсетiлетiн қызмет жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық
реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер
1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.
2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi.
Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:
1) техникалық реттеу саласындағы қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерістер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі екi жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы;
3) техникалық реттеу саласындағы әзiрленiп жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
11-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтіліп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерістердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мен тұтынушылардан, мемлекеттік органдардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және (немесе) бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
2. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың құқық қабiлеттілігi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң өтуiне немесе осы Заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.
3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге, көрсетiлетiн қызметке инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) сәйкестiктi растау рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн шарт жасасу жағдайларында құзыреттi ұйымдарды, сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, өнiм, көрсетiлетiн қызмет немесе қызмет түрлерi бойынша техникалық сарапшыларды тартуға;
3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
3) сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiне сай берiлген сәйкестiк сертификаттары, тiркелген сәйкестiк туралы декларациялар жөнiнде және объектiлердi сертификаттаудан бас тарту туралы мәлiметтер беруге;
4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар сәйкестiктi мiндеттi растау ережелерiн бұзғаны және сәйкестiк сертификатын заңсыз бергенi, сәйкестiк туралы декларацияларды заңсыз тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.
1. Зертханалар - меншiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi).
2. Сәйкестiктi растау мақсатында сынақ жүргiзу жөніндегі зертханалардың құқық қабiлеттілігi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң бiтуiне, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қайтарып алынуына, күшi жойылуына және жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.
3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерістер енгізу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын дайындайды;
2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.
15-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қоры
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде құрады.
2. Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.
3. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.
16-бап. Сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сай онымен жасалған шарт (келісім-шарт) негізiнде өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.
2. Стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар халықаралық және өңiрлiк стандарттау жөніндегі жұмыстарға қатысуға құқылы.
3. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және зертханаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
4. Стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын, оларды даярлау мен аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік
құқықтық актілер
17-бап. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
4. Процестерге қойылатын техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
5. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
7. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
8. Техникалық реттеу саласында:
1) өнеркәсiптiк және өндiрiстiк қауiпсiздiк;
2) үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға iргелес аумақтарды пайдалану қауiпсiздігі;
3) өрт қауiпсiздiгi;
4) биологиялық қауiпсiздiк;
5) электромагниттiк үйлесiмдiлiк;
6) экологиялық қауiпсiздiк;
7) ядролық және радиациялық қауiпсiздiк;
8) химиялық қауiпсiздiк;
9) электр қауiпсiздiгi;
10) ақпарат қауiпсiздiгi;
11) уыттылық қауiпсiздігі;
12) өлшемдердiң бiрлiгi;
13) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi;
14) балалар тағамының қауiпсiздігі;
15) механикалық қауiпсiздiк бағыттарындағы нормативтiк құқықтық актiлер қабылданады.
18-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актіні қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
19-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.
3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу бағдарламасының жобасын жасап, бекіту үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеудiң бекітілген бағдарламасы бекітілген күнiнен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.
4. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
5. Егер техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
Жобаның көшiрмесi берiлгенi үшiн төлем алынады, оның мөлшерi оны дайындауға жұмсалған шығындардан аспауға және барлық өтiнiм берушiлер үшiн бiрыңғай болуға тиiс.
7. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
8. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.
9. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
10. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.
11. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
12. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер
20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.
21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.
3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөніндегі қажеттi талаптар;
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;
7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) сапа менеджментi жүйелерi мен экологиялық менеджменттi енгізудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.
6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, ерiктi негiзде тең дәрежеде қолданылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жiктеуiштерi
1. Экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуге және код қоюға жатады.
2. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн әзiрлеу мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi.
3. Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және оларға өзектi сипат берудi жүзеге асырады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргізедi.
4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оларға код қою жүйесiн құру мен оның қызметiне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар
1. Ұйымдар стандарттарын осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн ұйымдар өздерi дербес әзiрлейдi және бекiтедi.
Ұйымдар стандарттарын әзiрлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару тәртібін оларды бекiтетiн ұйымдар осы Заңның 4-бабының ережелерiн ескере отырып, дербес белгiлейдi.
Ұйымдар стандарттары қолдану үшiн ерiктi сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.
2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.
Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекіту, тiркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.
24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін.
2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретiнде қолдану үшiн:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;
2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келісімдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келісім-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық және өңiрлiк стандарттар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен келісілуге тиiс.
6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарымен және стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.
7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
25-бап. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізіндегі стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекітіледi.
2. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi.
3. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың бекітілген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады.
4. Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.
26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген
талаптарға сәйкестігін растау
1. Өнiм, процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.
2. Өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:
1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;
2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;
3) сәйкестiктi растау жөніндегі орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.
3. Сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.
27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау
1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.
2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:
1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық тексеру) болады және сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.
Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, сондай-ақ iзгiлiк көмек желісі бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.
28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:
1) осы өнiм үшiн техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;
2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөніндегі кез келген органға жүгiнуге;
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;
5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:
1) өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық тексеру жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;
4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткізуге;
5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;
6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөніндегі мәлiметтердi көрсетуге;
7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткізудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
8) сәйкестiктi растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерістер туралы хабардар етуге;
9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
1. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөніндегі орган бередi.
1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;
2) сертификатталған өнiмнiң бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн атауы;
3) оның талаптарына сәйкестiкке сертификаттау жүргiзiлген техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң атауы;
4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;
5) өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;
6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
3. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.
4. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.
Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.
4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.
31-бап. Сәйкестiк туралы декларация
1. Егер бұл техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.
2. Сәйкестiк туралы декларацияны Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретiнде тiркелген дайындаушылар (орындаушылар) қабылдауға құқылы.
3. Сәйкестiк туралы декларацияда:
1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;
2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;
3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң атауы;
4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;
5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;
6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;
7) техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.
5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.
6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.
1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;
2) сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.
Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.
Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.
Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.
8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөніндегі органда сақталады.
32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары
1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi өткізуге тыйым салынады.
Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.
3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөніндегі мiндеттеме көзделуге тиiс.
4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.
33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану
1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға сәйкес танылады.
2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде белгiленсе, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөніндегі орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгін ерiктi растау жүргiзуге дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды мiндеттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы емес.
5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және
зертханаларды аккредиттеу
35-бап. Аккредиттеу
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
1) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар;
2) зертханалар болып табылады.
3. Субъектiлердi аккредиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен заңды тұлғалардың өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.
1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектiнiң сәйкестiктi растау жөніндегі нақты жұмыстарды орындауға құқылы екенiн ресми тану фактiсiн куәландыратын құжат болып табылады.
Уәкiлеттi орган берген аккредиттеу аттестаты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.
Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
Аккредиттеу аттестатының нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Аккредиттеу аттестатымен бiрге мiндеттi қосымша ретiнде аккредиттеу саласын белгiлейтiн құжат берiледi, онда өтiнiм берiлген қызмет саласындағы жұмыстардың нақты түрлерi көрсетiледi.
3. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi аяқталса, оның қолданылуы тоқтатылады.
Мынадай жағдайларда, егер:
1) инспекциялық тексеру кезiнде аккредиттелген субъектiнiң қызметiнде оның белгiленген аккредиттеу саласында сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау біліктілігiне күмән тудыратын қиғаштықтар анықталса;
2) аккредиттеу субъектiсi аттестат алған кезде көрiнеу жалған ақпарат берсе, аккредиттеу аттестатының күшi жойылады.
4. Аккредиттеу жөніндегі шетелдiк органдар берген аккредиттеу аттестатын немесе оған балама құжаттарды уәкiлеттi орган жасалған халықаралық шарттарға сәйкес таниды.
6-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық
актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік
бақылау мен қадағалау
37-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау мен қадағалау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткізудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.
38-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектiлерi
Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектiлерi болып табылады.
39-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;
4) облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды
3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау:
жылына бір реттен жиі емес жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтар нысанында жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.
40-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) тексеру тағайындалғаны туралы нұсқаманы және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде осы Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшiн кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау үшiн өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынау (талдау, өлшеу) жүргiзуге шыққан шығындарды бюджет қаражаты есебiне жатқыза отырып, жүргiзуге;
4) егер өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiде көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;
5) мынадай жағдайларда:
өнiм техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сай келмеген;
сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) болмаған;
өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
6) өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;
7) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;
8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға;
9) дайын өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Бас мемлекеттік инспекторлардың нұсқамаға қол қою құқығы болады.
Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
41-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
42-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
43-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары
Егер мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткізуге құқығы бар.
7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды
адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
РеспубликасыныҢ техникалық реттеу саласындағы заңнамасын
сақтамағаны үшін жауаптылығы
44-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.
45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгi үшін;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
46-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заңға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының және 15-бабы 1-тармағының күшi сақталады.
"Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағында көзделген актiлер мен құжаттардың ережелерi осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген мақсаттарға сәйкес бөлiгiнде ғана мiндеттi сақталуға тиiс. Өнiмге арналған техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау мүмкiндiгiн көздейтiн, олармен үйлестiрiлген стандарттарды қолданысқа енгізуге байланысты осы өнiмге арналған техникалық шарттарды мемлекеттік тiркеудiң күшi белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
2. Техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау саласында сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енгiзiлуiне қарай Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, оларды қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың күшi жойылуға тиіс.
4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау жөніндегі органдарға және зертханаларға белгiленген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.
5. Техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн нақты объектiлерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлігінде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат);
2) "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231-құжат; № 23, 321-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат).
3. Осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары күшін жояды.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.Ә. Назарбаев |