Техникалық реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңы

(2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚР Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

5-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

8-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi

8-1-бап. Аккредиттеу жөнiндегi орган

9-бап. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

10-бап. Ақпарат орталығы

11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

13-бап. Зертханалар

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

15-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры

16-бап. Сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елдi анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар

2-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР

17-бап. Жалпы ережелер

18-бап. Техникалық регламенттердiң мазмұны

19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

3-тарау. СТАНДАРТТАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары

21-бап. Ұлттық стандарттар

21-1-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар

21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары

22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi

23-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар

24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

25-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау

25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі

4-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ

26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу

28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

29-бап. Сәйкестiк сертификаты

30-бап. Сәйкестiк белгiсi

31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау

5-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ ЖӨНIНДЕГI ОРГАНДАРДЫ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛАРДЫ АККРЕДИТТЕУ

35-бап. Аккредиттеу

36-бап. Аккредиттеу аттестаты

6-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДЕ БЕЛГIЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

38-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалау объектiлерi

39-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

40-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

41-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

42-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

43-бап. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ, ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗAҢHАМАСЫН САҚТАМАҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

44-бап. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi жауаптылығы

45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

46-бап. Өтпелi ережелер

47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мен қадағалау», «мен қадағалауды» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;

5) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-1) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарт - белгілі бір жəне арнайы пайдалану мақсатында əскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттармен сипаттамаларды белгілейтін, қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын нормативтік-техникалық құжат;

6) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) верификациялау органы - тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауын растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;

7) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттары - тауарды шығарған елді айқындау өлшемшарттарының бірі, соған сәйкес тауар, егер оны өндіруге екі және одан көп ел қатысса, аумағында тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеу (қайта өңдеу) жасалған елден шығарылды деп есептеледі;

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;

10) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;

11) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) мемлекетаралық стандарт - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;

12) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - ұйымдардың стандарттарын және консорциумның стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптауыштарын, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;

17) негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры - мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-1) өнімді айналысқа шығару - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өтеусіз немесе өтеулі негізде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға жинамастан тиеп-жөнелту);

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-2) өнімді каталогтау жүйесі - өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе;

19) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

20) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

21) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

22) өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

23) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

26) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

27) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

29) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

30) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

31) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-1) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;

 32) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

33) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

35) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

36) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

40) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

40-1) стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжат - нормативтік құқықтық актіде сілтеме берілген ұлттық стандарт және техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауышы;

41) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет - бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында ұйымдар базасында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;

44) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) техникалық реттеу - өнімге немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу;

47) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

48) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды

48-1) техникалық хатшылық - көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiшi - техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;

50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51) ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

52) ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;

53) үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды

53-1) үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;

54) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 55) тармақшамен толықтырылды

55) шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы

 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;

 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) - 8-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-2) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді, бекітеді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;

 11-1) 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

13) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде, тауар шығарылған жер туралы сертификаттарды беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауына тексерулердің жүргізілуін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) - 23) тармақшалармен толықтырылды

15) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийiн құру және жүргiзу қағидаларын бекітеді;

16) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

17) техникалық регламенттерді бекітеді;

18) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;

19) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшiн жою тәртiбiн белгiлейді;

20) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;

21) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiтеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтедi;

23) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастырады;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

25) стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды

26) сәйкестікті растау қағидаларын бекітеді.

Стандарттау саласында:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;

4) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi;

6) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

7) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11) мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.

Сәйкестiктi растау саласында:

1) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;

3-1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.

Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізудi;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарттарды əзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою жəне қолданысқа енгізу тəртібін айқындайды.

 

8-1-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi.

Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Ақпарат орталығы

1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;

3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

11-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында ұйымдар базасында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне:

1) бекiтіліп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.

3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.

3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;

6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;

2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;

4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.

 

13-бап. Зертханалар

1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:

1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;

2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;

3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.

3-1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды;

2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры

1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.

Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.

2. 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

 

2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен мазмұн 16-1-баппен толықтырылды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-1-бап жаңа редакцияда

16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сараптама ұйымы, экспортқа және реэкспортқа арналған тауардың шығарылған жері туралы сараптама актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елдi, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Тауарды экспорттау кезінде сараптама ұйымы тауар шығарылған жер туралы сараптама актілерін куәландырмайды және бермейді.

2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.

3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.

Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

5. Егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.

 

 

2-тарау. Техникалық регламенттер

 

17-бап. Жалпы ережелер

1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

6. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

7. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

8. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

18-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны

1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

2. Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

3. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

 

19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды өздерінің құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

5. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

7. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

8. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

11. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

12. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

 

 

3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары

1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен ; 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Ұлттық стандарттар

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.

2. Ұлттық стандарттар:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;

5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.

3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.

4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.

5. Ұлттық стандарттарда:

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;

7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.

6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды

21-1-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар

1. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.

2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

3. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.

4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.

5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 21-2-баппен толықтырылды

21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары

1. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.

2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.

3. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.

4. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды.

5. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi

1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған жағдайда, міндетті болып табылады.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзiледi.

3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.

Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.

4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

23-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Ұйымдардың стандарттарын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.

1-1. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.

Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекіту, тiркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.

2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:

1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;

2) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;

3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.

5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға арналған, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде қолданылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты халықаралық, өңiрлiк стандарттарға, шет мемлекеттердiң стандарттарына және шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарына қолданылмайды.

 

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау

1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.

2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарларын әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстардың жоспарлары ескерiледi.

3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген жоспарлары ресми баспасөз басылымдарында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде жарияланады.

4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тарау 25-1-баппен толықтырылды

25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі

1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.

3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:

1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;

2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.

4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

5. Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;

бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;

каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.

6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.

7. Уәкілетті орган өнімді:

1) өндіруші таратылған;

2) өндіруші өтініш жасаған;

3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.

8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.

 

 

4-тарау. Сәйкестікті растау

26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:

1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;

2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;

3) сәйкестiктi растау жөніндегі орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.

3. Сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.

5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.

 

27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша, оның ішінде мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.

Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желісі бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды

27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.

3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.

5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды

27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу

1. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды уәкілетті органға ұсынады.

3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.

 

28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:

1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;

2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөніндегі кез келген органға жүгiнуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөніндегі органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;

5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:

1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;

4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткізуге;

5) мемлекеттік бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;

6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөніндегі мәлiметтердi көрсетуге;

7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткізудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

8) сәйкестiктi растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерістер туралы хабардар етуге;

9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.

29-бап. Сәйкестiк сертификаты

1. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөніндегі орган бередi.

2. Сәйкестiк сертификатында:

1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;

2) сертификатталған өнiмнiң бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн атауы;

3) оның талаптарына сәйкестiкке сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттің атауы;

4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;

5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;

6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

3. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.

4. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.

Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.

30-бап. Сәйкестiк белгiсi

1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.

4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.

 

31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

1. Егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.

2. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Сәйкестiк туралы декларацияда:

1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;

2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;

3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттің атауы;

4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;

5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;

6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;

7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.

5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.

6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.

7. Сәйкестiктi декларациялау:

1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;

2) сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламенттерде айқындалады.

Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.

Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.

Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.

8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөніндегі органда сақталады.

32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткізуге тыйым салынады.

Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.

3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөніндегі мiндеттеме көзделуге тиiс.

4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткізуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламентте регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады.

2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың ережелері халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.

 

34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.

Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.

2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөніндегі орган шарт негiзiнде жүргiзедi.

3. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35-бап. Аккредиттеу

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

36-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау

 

37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттік бақылау  жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткізудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

 

38-бап. Мемлекеттік бақылау объектiлерi

Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектiлерi болып табылады.

39-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

40-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;

2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік бақылау үшін:

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;

өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;

4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мынадай жағдайларда:

өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;

сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;

өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары және (немесе) шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібінің бұзушылықтарын жою туралы нұсқама беруге;

6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;

7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;

8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға;

9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бас мемлекеттік инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.

Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

41-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) мемлекеттік бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

42-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.

43-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

Егер мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткізуге құқығы бар.

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан

Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы

 

44-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;

2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;

3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

 

 

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

46-бап. Өтпелi ережелер

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.

2. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау саласында сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар «Сертификаттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгiзiлуiне қарай Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, оларды қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың күшi жойылуға тиіс.

4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау жөніндегі органдарға және зертханаларға белгiленген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.

5. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн нақты объектiлерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлігінде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:

1) «Стандарттау туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат);

2) «Сертификаттау туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231-құжат; № 23, 321-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат).

3. Осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары күшін жояды.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев