Астық туралы
2001 ж. 19 қаңтардағы № 143-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы

2-тарау. АСТЫҚ РЫНОГЫН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУ

3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттiк басқарудың мақсаттары

4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті

6-2-бап. Агенттің функциялары

6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау

6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор

7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау

7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау

9-бап. Астық тасу

2-1-тарау. Астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

9-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi

9-2-бап. Сәйкестікті бағалау

9-3-бап. Астықтың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

9-4-бап. Астыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптары

9-5-бап. Алып тасталды

9-6-бап. Астықты сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

9-7-бап. Астықты тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

3-тарау. АСТЫҚ ӨНДIРУ МЕН САТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

10-бап. Мемлекеттiк қолдаудың нысандары

4-тарау. Алып тасталды

4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу

12-1-бап. Алып тасталды

12-2-бап. Алып тасталды

12-3-бап. Алып тасталды

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi

13-1-бап. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу

14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi

15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөнiндегi шығындарының орнын толтыру

16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)

16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

6-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi

18-бап. Алып тасталды

19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу

20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

21-бап. Алып тасталды

22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру)

24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның өкiлеттiктерi

25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру

27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру

28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

29-бап. Алып тасталды

30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия

31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

32-бап. Алып тасталды

33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату

6-1-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

33-1-бап. Алып тасталды

33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі

7-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫН ТАРАТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АСТЫҚ ҚОЙМАЛАРЫН (ЭЛЕВАТОРЛАРДЫ, АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТТЕРІН) ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi

35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi

36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану

37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi

38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi

8-тарау. АСТЫҚ ҚОЛХАТТАРЫ

39-бап. Астық қолхаты

39-1-бап. Астық қолхатын беру тәртiбi

40-бап. Алып тасталды

40-1-бап. Алып тасталды

41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру

41-1-бап. Астық кепілі кезінде құқықтарды жүзеге асыру тәртібі

41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату

41-3-бап. Алып тасталды

41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

9-тарау. Қорытынды ережелер

42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.

 

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «беру арқылы», «берілген» деген сөздер тиісінше «шығару арқылы», «шығарылған» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сәйкестікті растау», «Сәйкестікті растау» және «сәйкестігін растау» деген сөздер тиісінше «сәйкестікті бағалау», «Сәйкестікті бағалау» және «сәйкестігін бағалау» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;

2-1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;

5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;

6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған астықты бір көлік түрінен екіншісіне қайта тиеуге арналған техникалық құрылысжайларды қоспағанда, астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық құрылысжай;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7-1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;

7-2) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - белгілі бір уақыт сәтінде астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және тіркеуші ақпараттық жүйеде көрініс тапқан өзге де мәліметтер;

7-4) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша 10-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1) тармақша жаңа редакцияда

10-1) астық қолхаты - шығару кезінде айқындалған көлемде және сапада астық қабылдау кәсіпорнынан астық алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын, құжатсыз борыштық эмиссиялық емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) астық қолхатын ұстаушы - тізілімде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқықтарға ие тұлға;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) астық нарығы жөніндегі оператор - астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;

12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша 13-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

13-1) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша 13-2) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

13-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13-4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша 13-5) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара)

13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;

14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) астықтың резервтік қоры - табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түліктік астықпен кепілдендірілген түрде қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қажет болған кезде ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдаланылатын азық-түліктік астық қоры;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) астықтың резервтік қорын басқару - астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға және өткізуге бағытталған қызметі;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі құжаттардың, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;

18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) бұйрық - астық қолхатын ұстаушыға тиесілі астыққа қатысты белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылғанын көрсете отырып, астық қабылдау кәсіпорны немесе астық қолхатын ұстаушы тізілімде қалыптастыратын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды

18-2) жеке шот - тізілімде қамтылған, астық қолхаты бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-3) жеке шоттан үзінді - бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші тіркеуші ақпараттық жүйеде қалыптастыратын және тіркелген тұлғаның белгілі бір уақыт сәтіне астық қолхаты бойынша құқығын растайтын электрондық құжат;

20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;

21) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) клиент - тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті тұлға;

22) 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24) - 26) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды

26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

27) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды

28-1) тіркеуші - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 28-2) тармақшамен толықтырылды

28-2) тіркеуші ақпараттық жүйе - астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 28-3) тармақшамен толықтырылды

28-3) тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы - Интернет желісінде орналастырылған, тізілім деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 29) тармақша жаңа редакцияда

29) уәкiлеттi орган - құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiруді және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

 

2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу

 

3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары

Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;

2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) астық өткізу рыногын кеңейту;

4) астық сапасын қамтамасыз ету;

5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау;

6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру;

7) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара)

8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз ету болып табылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді

4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары

Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу:

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  2) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;

2-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидалардың сақталуын бақылау;

4-2) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды

4-3) астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;

5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру;

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

9) алып тасталды

10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

2-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады;

4-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

5) - 7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

6-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

9) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

12) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

15) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) астық нарығы жөніндегі операторды айқындау;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-3) тіркеушіні айқындау;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

2-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

3-1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді

4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

7) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

9) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлеу және бекiту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекет аралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) мынадай:

астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;

астықты сақтау;

астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;

астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12-1) мыналарды:

астық нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын;

астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын;

мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлеу және бекіту;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды

12-2) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін әзірлеу және бекіту;

13) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

16), 17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

18) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

19) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

20) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

23) - 30) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

31) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын бекiту және әзірлеу;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

32) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлеу және бекіту;

32-1) - 32-3) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 32-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32-4) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 32-5) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 32-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

32-5) тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 32-6) тармақшамен толықтырылды

32-6) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 32-7) тармақшамен толықтырылды

32-7) астық нарығы жөніндегі операторға астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда

6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен пестицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті бағалау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

11) - 17) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;

17-2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

17-3) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

17-4) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;

17-5) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-6) тізілім деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

17-7) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

17-8) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-9) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 17-10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-10) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

17-11) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

17-12) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

17-13) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17-14) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:

1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

2) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сандық-сапалық есепке алуды жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;

3) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

4) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

 

6-2-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-3-баппен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-3-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-3-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау

Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

2020.21.12. № 390-VI ҚР Заңымен 6-4-баппен толықтырылды

6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор

Астық нарығы жөніндегі оператор:

1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз етеді;

3) астық сатып алуды жүзеге асырады;

4) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізуді қамтамасыз етеді;

5) тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға қатысады;

6) азық-түліктік астық сатып алу және жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларға және қолданылып жүрген стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) астық қабылдау кәсiпорындарына қабылдау және тиеп жiберу кезiнде астық сапасының көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.

 

7-1-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

7-2-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Заңымен

8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

9-бап. Астық тасу

1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.

2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Кез келген көлік түрімен тасымалдауға жататын астық партиясымен осы көлік түрімен жүк тасу қағидаларына сәйкес оның техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар бірге жүреді.

4. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды

2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi

Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.

 

9-2-бап. Сәйкестікті бағалау

Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.

 

9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және тыңайтқыштардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.

 

9-5-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

9-6-бап. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Астықты сақтау оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетін астық қоймаларында жүзеге асырылады.

2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекел түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.

 

9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Астықты тасымалдау оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.

 

9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен одан әрі пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.

2. Сараптама жасауға және оны одан әрі пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңдегі астық оның партиясының көлемі көрсетіле және астыққа қол жеткізуді болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.

3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесі өтейді.

 

 

3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгерді

10-бап. Мемлекеттік қолдаудың нысандары

Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен арзандату;

2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;

3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

4) - 5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;

8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге жәрдемдесу;

9) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;

11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;

12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;

15) 2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.

 

 

4-тарау. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу

 

12-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

12-2-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

12-3-бап. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi

1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.

Заңды тұлға бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензия алуға құқылы.

Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.

3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі жөнiнде қызмет көрсетуге;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында «астық қабылдау кәсiпорны», «астық қоймасы», «астық қабылдау пунктi», «элеватор» деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.

 

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды

13-1-бап. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу

1. Тізілімді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құқық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тіркеуші қалыптастырады және жүргізеді.

Астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу тәртібі, тізілімге қолжетімділікті беру тәртібі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.

Тізілімге деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін тиісті уәкілетті органдар белгілейді.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.

Тізілімді пайдаланушылар үшін оның деректеріне қолжетімділікті тіркеуші тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Тізілім деректерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін пайдаланады.

4. Тіркеушінің функциялары:

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) тіркеуші ақпараттық жүйе арқылы тізілім деректерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;

2) клиенттің жеке шотын ашу;

3) жеке шот бойынша жекелеген операцияларды тіркеу;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеуші ақпараттық жүйеге қосылған мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) тіркеуші ақпараттық жүйені пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi

Астық қабылдау кәсiпорны:

1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;

2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) астық сақтау шартының талаптарына сәйкес және астық қолхатын ұстаушының бұйрығы негізінде осы Заңның 31-бабында көзделген және осы астық қолхаты бойынша астықты сақтағаны үшін берешегінің болмауы жағдайларын қоспағанда, сақтаулы астықтың тиісті көлемін босату жолымен астық қолхатын өтеуге;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) астықты қабылдауды кезек тəртібімен жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте басымдыққа тыйым салынады.

4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру

1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Астық қабылдау кәсiпорнының:

1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;

2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)

1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жолғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.

Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі белгілейді.

Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.

3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.

4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.

Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.

Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындаушы орталықта жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың астық қолхаттарын шығаруға құқығы жоқ.

 

 

6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:

1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ тiзiлiм деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);

3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.

4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.

 

18-бап. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ұн және жарма өнімін, құрама-жем, нан-бөлке, макарон өнімдерін өндіру және өткізу, майлы тұқымдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, кірме жолдар қызметтерін, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау бойынша қызметтер көрсету;

2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.

2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) астықты, астық қалдықтарын және астық сақтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде алынатын өзге де мүлікті өткізу;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) астық қалдықтарын сақтау бойынша қызметтер көрсету.

Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Астық қабылдау кəсiпорындарының:

1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.

 

20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.

2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.

3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

 

21-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

Астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, олардың мемлекеттік кіріс органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 

23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.

 

24-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

24-1-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді

25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға:

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;

2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.

3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республиккасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

27-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:

1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

 

29-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комисия

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.

Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы.

3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:

1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);

2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;

3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.

4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:

1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;

2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;

3) уәкілетті орган - жиырма бес процент.

5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:

1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;

2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;

3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;

4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.

6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.

Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

 

31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды.

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:

1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;

3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;

4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

3. Уақытша әкiмшiлiк:

1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.

4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

32-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:

1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;

2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.

2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:

1) астық қабылдау кәсіпорнының шығарылған астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;

2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.

4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) тиісті жергілікті атқарушы органға астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;

2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.

Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.

 

 

2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-1-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

 

33-1-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап өзгертілді

33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі

1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.

2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды:

1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;

3) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беруді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.

8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату

және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі

 

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 34-бап өзгертілді

34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi

1. Астық қабылдау кәсiпорны:

1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).

2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi

Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:

1) банкрот болған;

2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

3) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.

 

36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.

2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келісімiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi

1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Астық қабылдау кәсiпорны астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кемінде екi ай қалғанда тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау үшін тіркеушіні мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тілдерінде бұл туралы хабарландыру беруге тиіс.

3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот шешімінің, төрелік шешімнің орындау тәртiбiмен алған адам бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдау-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiнде белгiленген мөлшерде жауапты болады.

Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.

 

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын, оның iшiнде оның банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.

2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.

3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылуға тиiс:

1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;

3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;

7) жетiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.

 

 

8-тарау. Астық қолхаттары

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-бап. Астық қолхаты

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Астық қабылдау кәсіпорны астықты сақтауға қабылдағанын растау ретінде астық қолхатын шығаруға арналған бұйрық негізінде тіркеуші ақпараттық жүйеде астық қолхатын шығарады.

2. Астық қолхатында мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:

1) астық қолхатының нөмірі;

2) астықты сақтауға қабылдаған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

3) астықты сақтауға тапсырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;

4) кепіл ұстаушылар (астық қолхаты бойынша астық кепілі кезінде) болып табылатын заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;

5) астық түрі, оның сандық және сапалық сипаттамалары;

6) оған дейін астық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілген күн;

7) астық қолхаты шығарылған күн.

3. Астық қабылдау кәсіпорындарына астық қабылдау кәсіпорнының техникалық сыйымдылығынан асып түсетін астық көлеміне астық қолхаттарын шығаруға тыйым салынады.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-1-баппен толықтырылды; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 39-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-1-бап. Астық қолхатын шығаруға қойылатын талаптар

1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына шығарылады. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне шығарылатын астық қолхаттарының саны тізілімде қалыптастырылатын және астық қабылдау кәсіпорны мен астықтың иесi қол қоятын астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Астық қабылдау кәсіпорны астықты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде астық қолхаттарын шығарады.

 

40-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

40-1-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда

41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру

1. Астық қолхатын ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсіпорнының орналасқан жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.

2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушы немесе астық қабылдау кәсіпорны тізілімде қалыптастыратын астық қолхатын өтеуге арналған бұйрық негізінде жүргізіледі. Астық берілгеннен кейін астық қолхаты Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өтеледі.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41-1-бап. Астық кепілі кезінде құқықтарды жүзеге асыру тәртібі

1. Астық қолхатын ұстаушы кредитор алдындағы міндеттеме мөлшеріндегі борышты өтеген кезде кепіл ұстаушы ауыртпалықты (кепілді) алып тастауға арналған бұйрықты тізілімде тіркеуге міндетті.

2. Астық қолхаты бойынша астық кепілімен қамтамасыз етілген мiндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кепiл ұстаушы астықты өндiрiп алуға өтініш жасауға құқылы.

 

ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-2-баппен толықтырылды

41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кепiл ұстаушы астық кепiлімен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сатуға және кепiл берушiнің басқа кредиторлары алдындағы өзiнiң талаптарын басымдықта жабуға құқылы.

Кепiл ұстаушының талабын кепiлге салынған астықтың құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты мәжбүрлеп соттан тыс тәртiппен сату арқылы жүргiзiледi.

Кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепіл берушiге кепiл туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында және бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.

Сауда-саттық туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннен кейін өткізіледі.

2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:

1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;

2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) үшінші кезекте кепіл ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;

2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) төртінші кезекте астықты сатудан қалған сома астық қолхатын ұстаушыға қайтарылады.

3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.

 

41-3-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 41-4-баппен толықтырылды

41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

9-тарау. Қорытынды ережелер

 

42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев