Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Заңымен күші жойылды
2 тарау. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi | |
3 тарау. Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
24.12.01 ж. № 276-11; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
2) жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
6) жол жүрiсiне қатысушы - жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;
7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары - жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
8) жол жүрiсiн ұйымдастыру - жолдардағы жүрiстi басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi;
9) жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі - көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі - көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
12) қызмет өңірі - тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін бөлу принципі бойынша көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған аумақ;
13) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) мемлекеттік техникалық байқау - тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;
14) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері, міндетті техникалық байқауды өткізудің нәтижелері, берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;
15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;
16) міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;
17) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік - қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, оның нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат;
18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы - механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар, иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері туралы және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
19) техникалық байқаудың стационарлық желісі - міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
20) техникалық байқаудың ұтқыр желісі - көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлік құралынан тұратын жылжымалы кешен;
20-1) техникалық байқау операторы - міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
21) техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
22) техникалық байқау операторларының тізілімі - техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
24) халықаралық техникалық байқау сертификаты - қатаң есептіліктегі бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттік саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2 тарау. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
- жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
- автомобиль, қалалық жерүсті рельстік көлікте және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi реттеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекіту;
- жол жүрiсiн ұйымдастыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
- көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
- көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретіне мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрлеу және жүргiзу;
- техникалық регламенттердi бекiту;
- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;
- ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
- механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту;
- Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту;
- көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту;
- көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындау;
- өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау;
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред.қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органның құзыреті
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыру;
- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзірлеу;
- алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртібін белгiлеу;
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу.
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
- жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;
- автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық рельстік көлік желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- техникалық регламенттерді әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін айқындау және ұсыну;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 7-1 баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
6) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың қарауына мыналар жатады:
- облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі есептерiн қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
- халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
- тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу;
- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
- аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгізу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- тиiстi аумақ мүдделерiне орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi жүзеге асырылады.
2. 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
11-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3 тарау. Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі, жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртібімен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
- жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға;
- жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жерүстi рельстік көлiк жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға;
- жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға;
- көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге;
- жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға мiндеттi.
2. Автомобиль көлігімен және қалалық жерүстi рельстік көлiкпен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар арнайы қағидалар белгiлей алады және жүктердiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көлік құралдарының жүргiзушiлеріне қосымша талаптар қоя алады.
14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына, мемлекет кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етіледi.
2. Жол жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс.
3. Жол жүрiсiне қатысушылардың:
- заңдармен белгiленген ережелер мен ресiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен еркiн, кедергiсiз жүруге;
- лауазымды адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік органнан жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға;
- қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға;
- қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға;
- жол-көлiк оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп бойынша залалды өтеттiруге;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар.
4. Жол жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын орындауға мiндеттi.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу
1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын («А» санаты) жүргiзуге;
- он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi («В» санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi («С» санаты) жүргiзуге, бұған «Д» санатына жататындары кiрмейдi;
кемінде үш жыл жүргізушілік стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бір жасқа толған адамдарға - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;
- «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын («Е» санаты) жүргiзуге.
2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады.
3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнараты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi білім мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi.
4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртібін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi.
5. Көлiк құралдарының «А» және «В» санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Адамдарды көлік құралдарын жүргізу құқығына емтихандарға жіберу, оларды тапсыру, көлік құралдарын жүргізу құқығына куәліктерді беру тәртібін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.
2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi
1. Көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуына:
1) жүргізуші куәлігінің белгіленген қолданылу мерзімінің бітуі;
2) жүргізуші денсаулығының көлік құралдарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретіндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негіздемелер болып табылады.
Көрінеу психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемістігі, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсіз ісіктер, органның туа біткен кемістігі немесе органнан не бүлінген органның қызметін бұзатын оның бір бөлігінен жүре келе айырылу, олардың көлік құралдарын толыққанды жүргізуге кедергі келтіруі көлік құралдарын жүргізуге жарамдылықты растау үшін медициналық куәландыруға жіберуге негіздемелер болып табылады;
3) жүргізушінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы;
4) көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру негіздеме болып табылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуы уәкілетті органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Көлік құралын жүргізу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейін;
осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - егер көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатудың себептері жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен;
осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.
2. Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету:
- көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiк алуға үмiткер азаматтар мен жүргiзушiлердi мiндеттi түрде медициналық куәландыруды;
- жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және ағымдағы медициналық байқаудан өткізудi;
- жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi;
- жол жүрiсiне қатысушыларды, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ азаматтарды жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн үйретудi қамтиды.
1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi үйлестiрудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
- жол-көлiк оқиғасы болған жерде дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсетудi;
- жол-көлiк оқиғасы болған жерде, медицина ұйымына бара жатқан жолда және медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудi қамтиды.
3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртібін және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қара
24.12.01 ж. № 276-11; 10.06.03 ж. № 433-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-IV (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар
1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі расталуға тиiс.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады.
Жүргiзушi куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік баж алынады.
Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу:
салық төлеушiлер үшiн - Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көлiк құралдары салығын төлегенiн;
Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды бергеннен кейiн жүргiзiледi.
Механикалық көлік құралы мен тіркеменің техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатады:
1) жеңіл, жүк автомобильдері және олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, автобустар, троллейбустар;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелер;
4) ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi және олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда, автобустар, троллейбустар, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатпайды:
1) жабық аумақтарда технологиялық көлік ретінде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді қоса алғанда;
2) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан аз мерзімге әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар, олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер..
ҚР көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттік тiркеудiң Ережелерін қараңыз
4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және керек-жарақтарының конструкциясына өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды өткізу қажет.
5. Жол қозғалысына қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға:
1) көлік құралында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйе, рульдік басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;
2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін шолу мен көрудің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне;
3) адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болғызбайтын қосымша жабдық тетіктері, заттары және көлік құралының бейімделген құрылғылары болуына;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпісіздікті бәсеңдетуді қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.
6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардан қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізеді, оның мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тізілімді жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Техникалық байқау операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген күннен бастап жүзеге асырады.
2. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) дара кәсіпкер үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
5) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат ұсынылады.
3. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган өтінішті оған қоса беріліп отырған құжаттармен бірге ол берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге тізілімге енгізу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі.
4. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйексіздігі;
3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты айдың ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару негіз болып табылады.
5. Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару үшін:
1) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тізілімінен өз еркімен шығару туралы өтініші;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;
3) техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу бұрыс ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса атқару;
5) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау негіз болып табылады.
Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару туралы хабарлама көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жіберіледі.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 19-бап өзгертілді; ҚР 10.06.03 ж. № 433-11 Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 19-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (көрсетілген Заңның 2-бабының редакциясына сәйкес тақырыбы және бірінші бөлігінің қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылады) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік және міндетті техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын әрі жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi мемлекеттік немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.
Мемлекеттік техникалық байқау өткізудiң тәртібі мен мерзiмдерiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган белгiлейдi.
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу:
механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы куәлiк беру үшiн мемлекеттік баждың төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн;
жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшін көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.
2. Көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұратын жеріне қарамастан, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген техникалық байқау операторлары міндетті техникалық байқауды жүргізеді.
Техникалық байқау операторлары жария шарт негізінде қызметтер көрсетеді.
3. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса атқаруға жол берілмейді.
Техникалық байқау операторының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.
4. Техникалық байқау операторы:
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқау өткізуді қамтамасыз етеді;
3) қызмет өңірінде міндетті техникалық байқау өткізудің кестесі туралы халықты хабардар етеді.
4) аудандардың әкімшілік орталықтарында, ауылдық округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады.
Қызмет өңірін айқындау тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Міндетті техникалық байқауды өткізу екі кезеңді: дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды.
Міндетті техникалық байқау өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және оны сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.
Міндетті техникалық байқау өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау жөнінде жұмыстар (тексеру) орындалады.
6. Міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негізінде қолданылу мерзімі көрсетіле отырып міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беріледі.
8. Егер міндетті техникалық байқау өткізудің нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, міндетті техникалық байқау өткізілмеген деп танылады.
Бұл жағдайда механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне ақаулықтар көрсетіле отырып, механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің диагностикалық картасы беріледі.
9. Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі оны қайтадан міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін ұсынады.
Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін қайтадан байқаудан өткізу бірінші міндетті техникалық байқаудан өткізілген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргізіледі.
Бірінші міндетті техникалық байқау өткізілген орталықта механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін қайтадан техникалық байқаудан өткізу кезінде техникалық байқау белгіленген критерийлерге сай болмаған және диагностикалық картада көрсетілген позициялар ғана бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерілетін позицияларды тексеру үшін ғана алынады.
Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде ақаулықтар анықталғаннан кейін механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқауға қайтадан әкелудің ең ұзақ мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.
10. Механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар орындалатын жерді және орындаушыны дербес айқындайды.
«Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 тамыздағы № 1206 Қаулысын қараңыз
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 19-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:
1) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралы салығын төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
2. Жергілікті атқарушы орган құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралының иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынады.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 19-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 19-3-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-3-бап өзгертілді
19-3-бап. Техникалық байқау операторларының құқықтары мен міндеттері
1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруден бас тартуға құқығы бар.
2. Техникалық байқау операторлары:
1) қолданылатын өндірістік үй-жайдың, жабдықтың, материалдық ресурстардың және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) міндетті техникалық байқауды өткізуге біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді жіберуге;
3) міндетті техникалық байқауды өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;
5) механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқау куәліктері бланкілерінің жұмсалуын есепке алуды жүзеге асыруға;
6) байқаудан өткізілген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электронды түрде есепке алынуын жүзеге асыруға;
7) көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттардың (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылуы, көлік құралдарын мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін белгілермен техникалық байқауға ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге;
8) міндетті техникалық байқаудың нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынуға;
9) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы күнтізбелік бес күн ішінде хабарлауға;
10) жергілікті атқарушы органдардың келісуімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін жасауға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
3. Техникалық байқау операторларына:
1) жол жүрісі саласындағы орталық уәкілетті органның келісімінсіз, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге, көлік құралдарын мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін белгілермен техникалық байқауға ұсынуға;
2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне міндетті техникалық байқау өткізуден бас тартуға немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруге;
3) міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық байқауды өткізу шарттарын өзгертуге;
4) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесінен міндетті техникалық байқауды өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 19-4-баппен толықтырылды
19-4-бап. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдары шығарған зауыттар олардың пайдаланылу жағдайларын ескере отырып белгiлейдi.
2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
ҚР 08.05.03 ж. № 414-11 Заңымен; 2006.29.12. № 209-III Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың негiздемелерi мен тәртібі
1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда:
-көлік құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер төндiретiн техникалық ақаулары болса;
- көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмiрi мен көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес келмесе;
тiркеу құжаттары және мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;
- мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса немесе олар белгіленген талаптар мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда тыйым салынады.
2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткізу қабiлетiн арттыру мақсатында көлік және коммуникация саласындағы орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекітілетiн жобалар, схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі қызмет техникалық регламенттермен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларындағы көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға тиiс.
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред.қара) Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.
Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi.
2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн тәртiппен келісілуге және бекітілуге тиiс.
3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрісінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткізу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнің белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi.
4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.
25-бап. Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату
1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала, жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.
2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе уақытша шектеу негiздерi мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қара: Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі
26-бап. ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
27-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |