Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 Қаулысы
(2014.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 16.01.03 ж. № 30 (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.01.2007 ж. № 71 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдаланудың тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) паспорт - сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
2) техникалық шарт - автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
2) жол органы мен әкімшілік полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға болған жерде, сол сияқты медициналық мекемеге бара жатқан жолда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органынан, әкімшілік полицияның бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
6) жол органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүруді қамтамасыз ететін көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.
7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың іс-әрекеттері жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі, қозғалыста үзілістердің пайда болуына ықпал етпеуі, көлік құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою бойынша қолдарынан келетін шаралар қабылдауға немесе ол туралы жол органына немесе әкімшілік полицияның бөлімшесіне дереу хабарлауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде оны пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етеді және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермейді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен 10-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-1. Концессияға немесе Ұлттық оператордың сенімгерлік басқаруына берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерлер жол органына тұрақты жер пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіге уақытша жер пайдалануға бөлінеді.
Тұрақты жер пайдалануға жерлер автомобиль жолдарына, автомобиль көлігінің объектілеріне және жол шаруашылығы, жер үсті және жер асты ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды жөндеу, дамыту объектілеріне, сондай-ақ автомобиль жолдарының жолақ бөліктерін белгілеу үшін беріледі.
Қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) уақытша жер пайдалануға жер құрылыс материалдары карьерлерін, резервтерді, құрылыс жасақтарының базаларын игеруге, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын жинауға арналған орындарға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық жобада көзделген мерзімді ескере отырып анықталады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды
10-2. Автомобиль жолдарының бойында сәндік және қардан қорғайтын екпе ағаштарды (шарбақтар) орналастырған кезде жер төсемі жиегінен жолдың барлық санаттары үшін қашықтық қар түсу көлеміне байланысты қабылданады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда әкімшілік полицияның бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі.
Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полицияның бөлімшелерін хабардар етеді.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға арналған міндетті келісулер
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) жол органымен:
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына;
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне;
ескерткіштер қоюға, қоршау орнатуға, сәнді екпелерді отырғызуға;
көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге;
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және жол бойындағы белдеуінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен:
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнатуға;
оларға кіру үшін кірме жолдар қажет болған кезде жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде орналастыруға;
республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кірме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға.
2) әкімшілік полицияның бөлімшелерімен:
автомобиль жолдарында бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 12-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 12-1-тармақ жаңа редакцияда
12-1. Жол органы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор келісуді өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүруі көлiк саласындағы уәкілеттi орган беретін арнайы рұқсат бойынша (шетел мемлекеттері үшін кіру және шығу рұқсатынан басқа) ғана жүзеге асырылады. Жолмен жүру осы көлік құралдарының жүруі арқылы жолдарға және жол құрылыстарына тигізетін залал үшін толық өтем төленген соң жүзеге асырылады. Осы өтем кіруіне, шығуына және транзитпен өтуіне халықаралық рұқсаттар үшін алынатын төлем есепке алынбастан төленеді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда
16. ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін жолдардың барлық санаттары үшін қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін таяу жердегі автожанармай құю станциялары барлық санаттары үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобильге жанармай құю станциясының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдар көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.
20. Ескерткіштерді I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 100 метр қашықтыққа, ал IV-V санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 50 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі.
21. Жаңадан құрылатын бағбандар серіктестіктерін I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кем дегенде 50 м және IV-V санаттағылар үшін - кемінде 25 м қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
22. Автомобиль жолдарының бойына инженерлік коммуникациялар төсеу елді мекендерде автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 25 метр жерде және олардың шегінен тыс жерлерде кемінде 50 метр жерде жүргізілуі тиіс.
Коммуникацияларды төсеу кезінде жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру жұмыстары жұмысты орындаушы ұйымның қаражаты мен материалдарының есебінен жүргізіледі. Оларды не жол органдары, не инженерлік коммуникацияларды төсеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым жүзеге асырады.
Автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде жол бойындағы жолақта орналасқан және орын ауыстыруға жататын коммуникациялар қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұйымның қаражаты есебінен жайластырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.10.06. № 591 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді
23. Жол органынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;
3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;
4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін;
5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.
Жұмыстарды елді мекендердің шекарасында жүргізу болжанған жағдайларда жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты да қажет.
ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды
23-2. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 23-3-тармақ өзгертілді
23-3. Республикалық маңызы бар жалпы ортақ пайдаланымдағы жолдарға кірме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгілерді орнатудың және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршаудың схемасын;
6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 23-4-тармақпен толықтырылды
23-4. ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді
25. Шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жол органы өкілінің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілінің қатысуымен, кейіннен осы Тәртіптің 13-тармағында белгіленген тәртіппен рұқсаттар ресімделе отырып орындалады.
Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органы мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және ол екі жақты актімен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
4. Жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органы автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
жолдар мен автомобиль жолдарындағы құрылыстардың жай-күйі туралы дұрыс ақпаратты ұйымдастыруға;
жолдарды қыста ұстаудың жоспарына сәйкес қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартуға және төсемнің тайғақтығына қарсы шаралар қолдануға;
қозғалысқа қатысушыларды қауіпті метеорологиялық құбылыстар (тайғақ мұз, тұман, күшті жел, бұрқасын, қар көшкіні), табиғи (жер сілкінуі, сел тасқыны, су басу, көшкін, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендік (көлік авариялары, апат жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге;
қауіпті метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабілеті жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық шараларды жүргізу кезінде қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға;
қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға;
әкімшілік полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға;
авариялар, автомобиль апаты, табиғи зілзалалар жағдайларында мүмкін болатын дәрігерге дейінгі медициналық жәрдемді қамтамасыз етуге және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайы бойынша болса, оған қызметтік тексеру жүргізуге;
әкімшілік полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізуге;
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Темір жолдар арқылы өткелдерді, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды жол органы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 29-тармақ жаңа редакцияда
29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 30-тармақ жаңа редакцияда
30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органы жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ жаңа редакцияда
31. Жол органының қызметкерлері жол элементтерін зақымдайтын немесе ластайтын көлік құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын автомобиль жолының жүріс бөлігінен заңнамасында белгіленген тәртіппен шығаруды талап етуге құқығы бар.
5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 32-тармақ өзгертілді
32. Автомобиль жолдарында:
көлемдік өлшемдері, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксіз біліктегі салмағы рұқсат етілетіндерден артық немесе жол белгілерінде көрсетілгендерден асып түсетін көлік құралдарының, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруіне;
жол органының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, әкімшілік полиция бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу жұмыстары мен басқа жұмыстар жүргізуге;
жолдарды, жол құрылыстарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын, жасыл желекті және басқа да жол жайластыруларын зақымдауға;
көлік құралдарының, ауылшаруашылығы және басқа да техниканың белгіленбеген және ол үшін жабдықталмаған жерлерде жолға кіруіне, шығуына және олар арқылы өтуіне;
көліктің барлық түрінің бөлгіш жолаққа шығуына және онда тоқтап тұруына;
оқыту мақсатымен рұқсат етілмеген жолда жүруге;
шынжыр табанды көліктің, дөңгелектерінің шашағы, бұдыры, шынжыры және тағы басқалары бар машиналар мен механизмдердің жүруіне;
жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін болатын жұмыстарды орындауға, көлік құралдарын жөндеуге және майлауға, көлікті тазалауға және жууға (қажет болған жағдайда бұл жұмыстар арнайы жабдықталған орындарда, ал ерекше жағдайларда жол жағасында орындалады; қалған қоқыстарды материалдарды және басқа да заттарды жүргізушілер немесе көлік құралдарының иелері дереу тазалауы тиіс);
жолдың жүру бөлігін, шетін, көпірлерді, құбырларды, арықтарды, кәріздік және суағар қондырғыларды және жолдың жолақ бөлігін құрылыс материалдарымен, ауылшаруашылығы өнімдерімен және басқа да заттармен ластауға және бөгеуге, сондай-ақ, жолды және оның жолақ бөлігін ластайтын жүкті тиісті буып-түюсіз тасымалдауға, жүкті жолдың жүру бөлігінде тиеуге және түсіруге;
малды жол арқылы арнайы бөлінген жерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы кезінде және жеткіліксіз көрінетін жағдайда айдап өтуге, малды төсемі жетілдірілген жолмен айдауға және оларды жолдың жолақ бөлігінде жаюға;
жолдың жолақ бөлігінің шегінде белгіленбеген жерде лагерь, шатырлы және басқа да демалыс қалашықтарын тұрғызуға, сауда жасауға;
автомобиль жолдарының, көпірлердің жүру бөлігінде серуендеуге, 50 метрден жақын қашықтықта шомылуға, кір жууға, көпірде, көпірдің тіреулері мен мұз кескіштері қасында тұрып балық аулауға;
көпірдің астына қайық стансаларын орнатуға, қайық пен салды көпір тіреулеріне байлауға;
ағаш көпірлерде және ағаш төселген көпірлерде шылым тартуға, жолдың жолақ бөлігінде және ағаш көпірлерге 100 метрден жақын жерде от жағуға;
жолдың жолақ бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаусыз тез тұтанғыш және жанғыш материалдарды (жалпы зат сақтауға рұқсат болғанның өзінде) сақтауға;
жолақ бөлікте құрғақ шөпті өртеуге;
сымдардың үзілуі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақтандырғыш қондырғыларсыз автомобиль жолдарының жоғары вольтты электр желісімен қиылысуына;
қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай өнімдері құбыры, су құбыры, газ құбыры, канализация және басқалар) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға;
автомобиль жолдарын су басуына және жолдың жолақ бөлігінің батпақтануына әкеп соқтыратын сортаң топырақты жерлерді шаюға, жол жырасын арық ретінде, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға;
канализациялық, өндірістік, мелиорациялық және ағынды суларды су бұрғыш құрылыстар мен резервтерге жіберуге;
2,5 км аз қашықтықта өзендерінің жайылмалары мен су бұруларда, көпірлерден жоғары және төмен құм мен қиыршық тас өндіру кеніштерінің өндірісіне және арналарды тереңдетуге;
жол жырасының сыртқы жиегінен, топырақ алынған жердің шетінен немесе төсемнің табанынан 1 метрден жақын жер жыртуға;
шлюздерді, бөгеттерді және басқа мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды салуға тиым салынады.
6. Жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ жаңа редакцияда
33. Жол органы әкімшілік полициямен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Жол қозғалысына қатысушылар үшін авариялық жағдай тудыратын және олар туындаған кезде жолдар бойынша жүруді шектеу немесе қысқа мерзімге жабу талап етілетін қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1) шыны тәрізді жұқа қабыршақты мұз түріндегі көктайғақ;
2) көрінудің 50 метрге дейін төмендеуі кезіндегі тұмандар;
3) орташа жылдамдығы секундына 20 метр және екпіні секундына 25 метр және одан астам күшті жанама және дауылды желдер;
4) жылдамдығы секундына кемінде 15 метр қатты жел соғатын, үлкен қар массасын үйетін, көру қашықтығын 50 метрге дейін төмендететін боран (құйындар, борандар, қарлы борандар);
5) жауын-шашынның түсу қарқындылығы сағатына 1,5 мм астам күшті қар жаууы;
6) қар көшкінінің, көшкіннің, сел және су ағындарының көшуі.
35. Қозғалысты шектеу немесе қысқа уақытқа тоқтату үшін күшті жел көтерілетіні туралы ескертулердің, күн сайынғы ауа райы жөніндегі болжамдардың деректері, қар көшкіні немесе оның алдын алу мақсатында үйінді жіберілетіні, жолдың және жол құрылыстарының бұзылуы жөніндегі ескерту негіз болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
36. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органы не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.
Қозғалысты шектеу немесе тоқтату үшін жүк көтеру қабілетіне сынақтар және тиісті құзыретті ұйымдардың қорытындылары негіз болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жол органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
40. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде жол белгілерін, қоршауларды және басқа техникалық құралдарды жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болатын жұмыстарды жүргізуші ұйым орнатады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, кедергілерді жинап алады, жолдардың жол жамылғысын және инженерлік жайластырылуын қалпына келтіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ жаңа редакцияда
44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді әкімшілік полиция бөлімшелері қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. Жол органы, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 46-тармақ жаңа редакцияда
46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органымен келісілген техникалық шарттар мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Өз бетімен автомобиль жолдарының жанасу және қиылысу орындарын жасаған, автомобиль жолдарының, құрылыстарының және жайластыру құралдарының бүлінуіне жол берген, сондай-ақ өз бетімен жұмыс жасауға, құрылыстар салуға және орнатуға жол берген ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірген материалдық залалды өтейді. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне рұқсатсыз құрылыс салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оны жүзеге асырған тұлғаның бұзуына не оның есебінен бұзуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес жол шаруашылығына келтірілген залалы өтеу есебіне алынған қаражат автомобиль жолдарының маңыздылығына байланысты тиiстi бюджетке есептеледі.
48. Жолдың жолақ бөлігін және бақыланатын аймағын өз бетімен пайдалану, оларды заңсыз пайдаланған кезіндегі жұмсалған шығындары өтелместен тоқтатылады.
49. Жолдың жолақ бөлігіндегі ағаштарды және басқа да жасыл желектерді кескені және зақымдағаны үшін кінәлілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 50-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
50. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт беруіңізді сұраймын.
Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Егер жұмыстар елді мекендердің шекараларында көзделген жағдайда:
____________________________________________________________________ берілген жергілікті атқарушы органдардың
(күні) (рұқсат берген органның атауы)
№ _______ рұқсат-құжаты.
Күні _______ Алушы _____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_______________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
_______________________________________________________________________________________________________
атауы, қолы)
ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар салуға техникалық шартты беруіңізді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) _____________________________________________________________________,
Жұмыс өндірісінің түрі __________________________________________________________________________________,
Мекенжайы ____________________________________________________________________________________________.
Күні _______ Алушы ____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_______________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
_______________________________________________________________________________________________________
атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құрудың: ақылы жаңа автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да құрылыстарды (бұдан әрі - автомобиль жолдары) салуды ұйымдастырудың; бар автомобиль жолдарын қайта жаңартудың немесе жөндеудің (бұдан әрі - қайта жаңарту), сондай-ақ оларды басқару мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Жүргені үшін ақы алынатын автомобиль жолдары ақылы автомобиль жолдары болып табылады.
3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттің меншігі болып табылады. Ақылы жолдарды құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органы енгізеді.
4. Мемлекет ақылы автомобиль жолын уәкілетті органның тұрғысында шарт жасау арқылы автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыруға құқығы бар меншіктің түрлі нысандарындағы ұйымдарға 30 жылға дейін мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беруі мүмкін. Шарттың нақты мерзімі жолды құруға жұмсалған барлық қаражаттың қайтарылуы тиіс екендігі принципі негізінде белгіленеді.
2. Ақылы автомобиль жолдарын құру туралы шешім қабылдау
5. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Стратегиялық талдау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі, ал жергілікті маңызы барларды - облыстардың әкімдері әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ұсыныс жолдардың (учаскелердің) тізбесін, олардың ұзындығын, салудың, қайта жаңартудың мерзімдерін және қаржыландыру көздерін қамтиды.
6. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құру шарттары мыналар болып табылады:
жол қозғалысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін шаралар кешені жүргізілетін бағытта жалпы пайдаланылатын автомобиль жолымен жүруді қамтамасыз ету;
ақылы автомобиль жолында көлік пайдалану жағдайының деңгейі мен жол қозғалысына қатысушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.
7. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолын салуды (қайта жаңартуды), пайдалануды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және салынған қаржының қайтарылымдығын қамтамасыз етуге қабілетті ұйымдарды (жеке тұлғаларды) таңдап алу мақсатында конкурс өткізіледі.
Конкурсты өткізу туралы ережені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі бекітеді.
8. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын жасауға және пайдалануға арналған шарттарды Көлік және коммуникациялар министрлігі, жергілікті маңызы барларды - Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісім бойынша облыс әкімі жасасады.
Ақылы автомобиль жолдарының жасалуына және пайдаланылуына бақылау жасауды жасасылған шарттарға сәйкес мемлекеттік жол органдары жүзеге асырады.
3. Ақылы автомобиль жолдарын салуды (қайта жаңартуды) және пайдалануды қаржыландыру
9. Ақылы автомобиль жолдарын құруды қаржыландыру мына көздеудің:
Жол қорының;
мемлекеттік инвестициялардың;
мемлекеттің кепілдігімен сатуға шығарылатын заемдар мен облигациялардың;
жолдар мен көпірлерді салуға, қайта жаңартуға немесе күрделі жөндеуге мүдделі аудандар беретін жәрдемақылардың;
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражатының;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
10. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды қаржыландыру тиісті Жол қоры мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Жүргені үшін ақы алу және жиналатын қаржыны пайдалану
11. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақының мөлшерін (ставкасын) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша, ал жергілікті маңызы бар жолдар бойынша - облыс әкімдерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
12. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақы осы жолдармен жүруді жүзеге асыратын көлік құралының иелерінен (пайдаланушыларынан) алынады.
13. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы енгізуді Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер көлік құралдарының иелері (пайдаланушыларымен) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарына кірген кезде ұлттық валюта - теңгемен жүргізеді. Көлік құралдарының жолда жүруі үшін ақыны қолма-қол ақша аударып есептеу бойынша қабылдауға рұқсат етіледі.
14. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін төлем ақыны, жүргені үшін ақы жинау пункттерінде, ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым алады.
Көлік құралдарының жүргені үшін ақы жинау пункттері арнайы құралдармен (шлагбаум, еске сақтау мүмкіндігі бар кассалық аппарат орнатуға арналған бөлме ақша сақталатын сейф және басқалар) жабдықталады.
15. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін алынатын ақша, күн сайын есепке алыну үшін, жолдың маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық Жол қорына өткізіледі және Қазынашылық органдарының тиісті банктік шоттарына жинақталады.
16. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы алуды қамтамасыз ету, ақылы автомобиль жолына кіреберісінде жүру мен ақы төлеу тәртібі туралы ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және аталған жолдардың жоғары тұтыну сапасын жасау үшін жауапкершілік осы жолдарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жүктеледі.
17. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүруі үшін белгіленген ставкаларға сәйкес жиналатын қаражат Жол қорына түседі және одан:
қарыздар бойынша, заем бойынша проценттерді өтеуге, облигацияларды өтеуге және ақылы автомобиль жолын салуға, қайта жаңартуға жұмсалған қаражатты өтеуге (мемлекетке, жергілікті бюджеттерге және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға);
ақылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге;
ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын салуға және пайдалануға жасалған шарттар бойынша шығыстарға жұмсалады.
5. Ақылы автомобиль жолдарын жобалауға, салуға
(қайта жаңартуға) және пайдалануға қойылатын талаптар
18. Салынатын және қайта жаңартылатын ақылы автомобиль жолдары қойылатын параметрлері мен жайластырылуының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына және халықаралық автомобиль жолдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
19. Ақылы жолдарда автомобиль көлігінің неғұрлым аз кідіруін қамтамасыз ететін жүру ақысын төлеуге арналған арналы құрылғылар көзделуі тиіс.
20. Ақылы автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту) кезінде орындаушы жүргізілетін жұмыс сапасын бақылауға қосымша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі тарапынан сапаны инспекциялық бақылау жүзеге асырылады. Оны жүргізудің тәртібі мен инспекторлардың құқықтары шартпен айқындалады.
21. Пайдалану кезеңінде және шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жолдың көлік пайдалану көрсеткіштері осы сыныптағы жолдарға жол саласында қолданылып құжаттарда қойылған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жолдардың көрсеткіштеріне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 Қаулысымен бекітілген
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерін пайдаланудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын орналастыруға берілген жерлер автомобиль жолының жерлері (көлік жерлері) болып танылады. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары және олардың алып жатқан жерлері мемлекеттің меншігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 2-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолақ бөлігінен тыс жатқан, жолдарды дамыту перспективасы жағынан оларды кеңейту және қайта жаңарту үшін қажетті, жерлерді айрықша пайдалану режимінен жер белдеуі автомобиль жолдарының бақыланатын аймағы деп аталады.
3. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жеріне топырақ төсемі, көлік айырымы, жол өтпелері, жасанды құрылыстар, жол жанындағы резервтер және өзге де жолға қызмет көрсету құрылыстары, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үйлері, қар тоқтататын және сәндік көшеттер орын алған жерлер жатады.
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына, түрлі деңгейдегі көлік айырымдарына, сондай-ақ жол және көлік қызметтерінің үйлері мен ғимараттарына берілген жердің ені белгіленген автомобиль жолдарына жер беру нормалары бойынша анықталады.
4. Автомобиль жолдарының мұқтажы үшін сондай-ақ жолға тікелей жанасып жатпайтын, бірақ олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет: тұрғын үйлерге, құрылыс және жалтыр мұзға қарсы қолданылатын материалдар сақталатын орындарға, тұрақты және уақытша кеніштерге, асфальтбетон зауыттарына, орман питомнигіне, май құю станцияларына, тамақтану және демалыс пункттеріне және басқа құрылыстарға қажетті жерлер пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Автомобиль жолдарының мұқтажына арналған жерлер автомобиль жолдары қарауындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірген органға тұрақты немесе уақытша пайдалануға беріледі.
Тұрақты жер пайдалануға автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жолдың қалыпты жұмыс етуіне және пайдаланылуына қажет жол жағдайы мен жайластыру элементтеріне, сәндік және қар тоқтататын көшеттерге, орман питомниктеріне, желілік үйлер мен жол қызметінің ғимараттарына, өндірістік базаларға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға сервистік қызмет көрсету үшін қажетті жанар-жағармай құятын станцияларға, тамақтану пункттеріне, демалыс пункттерін және басқа да ғимараттарға арналған жерлер беріледі.
Қысқа мерзiмге (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (5 жылдан 49 жылға дейiн) уақытша пайдалануға жерлер құрылыс материалдары кенішіне, резервтерге, құрылыс отрядтарының базаларына, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын қоюға арналған орындарға және тағы басқаларға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі уәкілетті орган бекіткен техникалық жобамен анықталады.
Уақытша жер пайдалану мерзімін техникалық жобаның негізінде жерді беру туралы шешім қабылдаған орган белгілейді және ол осы органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірген қарамағында автомобиль жолдары бар органдар:
жерлерді оның негізгі мақсатты арналуына сәйкес - автомобиль жолдарын дамытуға және жайластыруға, ал жерді уақытша пайдалану кезінде - жер учаскесін беру шартына немесе жалдау шартына (жерді уақытша ақысыз пайдалануға беру шартына) сәйкес пайдалануға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) және шараларды орындауға;
сату немесе басқа біреуге беру мақсатында жердің құнарлы қабатын қазып алуға жол бермеуге;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазып алынатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға және пайдалануға;
уақытша пайдаланылған жерлерді қайтарудың мерзімдерін сақтауға;
орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткіштерін және жер учаскесіне орналасқан мемлекеттің қорғауындағы басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік органдарға жер туралы заңдарда белгіленген жерді пайдалану туралы мәліметтерді уақытылы ұсынуға;
басқа жер иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
жол құрылыс материалдарын жинап қою мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмудің ережелерін сақтауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Автомобиль жолдарының мұқтажына жер беру, оларды пайдалану және құрылыс салу»Жер туралы«Қазақстан Республикасының Заңымен» және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
2. Автомобиль жолдарының бойында құрылыстар
салу және жер учаскелерін пайдалану
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеуiнің шегінде, олардың перспективалық құрылысына, қайта жаңартылуына және жөнделуіне жағдай жасау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бүлінуін болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келіспестен:
жергілікті маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 100 метрден кем қашықтыққа;
халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 200 метрден кем қашықтыққа елді мекендерді, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды және басқа да объектілерді жобалауға және құрылысын салуға тыйым салынады.
Осы аймақта жер учаскелері автомобиль жолындағы қозғалысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған үйлер мен құрылыстарды салуға ғана берілуі мүмкін.
9. I-III санаттардағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын елді мекендерді айналып өтіп төсеген кезде жердің қабатының жиегінен құрылысқа дейінгі ара қашықтық кем дегенде 200 м болады.
10. Автомобиль жолдарын мемлекеттік орман қоры жерлерінде төсеген кезде автомобиль жолдарының бойында жолдың әр жағындағы ені кемінде 250 м, құрайтын қорғаныс белдеуі бөлінуі тиіс.
11. I-III санаттардағы автомобиль жолдарының топырақ төсенішті жиегінен сәндік көшеттерге дейінгі қашықтық кем дегенде 25 м, IV-V санаттардағы жолдар үшін -15 м, қар тоқтату көшеттеріне дейін қар жиналуының көлеміне қарай белгіленеді.
12. Жол жиегіндегі оларды автомобиль жолдарын су басуға және жолақ бөліктің батпақтануына әкеп соқтыратын ауылшаруашылығы дақылдарын суару және суды резервтерге ағызу үшін суландырғыштар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
13. Жалпы пайдаланудағы I-III санатты автомобиль жолдарының бойына тұрақты тамақтану және демалыс пункттерін топырақ төсемінің жиегінен 100 метрден жақын жерге орналастыруға рұқсат етілмейді.
14. Автомобиль жолының жолақ бөлігінен 2,5 шақырымнан жақын қашықтықтағы өзендер жайылмасынан, көпірлер және басқа құрылыстар орналасқан жерлердің жалпы таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас) дайындайтын кеніш өндірісіне жерлер беруге тыйым салынады.
15. Жолдың жолақ бөлігінен ені 30 м белдеуді атмосфера мен топырақтың улы заттармен үнемі ластануының ең жоғары шектеулі деңгейінен асып түсетін аймақ ретінде ауыл шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына жер берудің ерекшеліктері
16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу үшін әдетте, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі.
Орман қоры жерлерінен жер учаскелерін беру көбіне ағашсыз алаңдар немесе бұталы өсімдік және бағасы төмен бұталар өсетін алаңдардың есебінен жүргізіледі.
17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге жер беру және алу заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да жол құрылыстарын су объектілерінде және су жағасындағы белдеулерге (аймақтарға) орналастыру кезінде міндетті түрде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі органдарымен және балық қорын қорғау мен санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен қосымша келісім жасалады.
19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға жер беру кезінде қосымша жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың қорытынды шешімін алу қажет.
20. Жер учаскелерінің автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге беруге және алуға мүдделі жол органдары көзделіп отырған автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту немесе жөндеу орындарын алдын ала келісу туралы, оны салудың мүмкін болатын нұсқаларын, жол белдеулерінің шамамен алғандағы мөлшерлерін, сондай-ақ жерді пайдалану мерзімін көрсете отырып, тиісті мемлекеттік атқарушы органға өтінішпен барады.
Өтінішке:
автомобиль жолы трассасын орналастыру нұсқаларының техникалықэкономикалық салыстырмасы және таңдап алынған неғұрлым оңтайлы нұсқа;
сұралынып отырған жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар бойынша алаптар тұрғысындағы пайдаланылуы;
жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық басқару органының таңдап алған учаскеде қазба байлықтарының жоқтығы туралы қорытындысы, ал олар болған жағдайда - жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органының осы учаскеде құрылыс салуға рұқсаты;
жоспар-картографиялық материал және топырақтың және геоботаникалық зерттеулердің деректері қоса беріледі.
21. Автомобиль жолдары өтуінің болжалған вариантын жерге қарап таңдап алу:
су қорғау, экологиялық және басқа шарттар мен талаптар;
топырақтың құнарлы қабатын қазып алу қажеттігі, оның қуаттылығы, пайдалану мақсаты;
уақытша пайдалануға берілген, бүлінген жерлерді қайта өңдеуге қажеттігі, оларды жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жерді пайдаланушыларға қайтарып берудің шарттары;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің зияндары мен шығындарының мөлшері көрсетілетін актімен рәсімделеді.
Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшін алу кезінде меншік иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі.
22. Автомобиль жолының жерлері арқылы өтуінің варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейіннен жер беру шарттары жерлерді алу көзделген жер учаскелерінің иелерімен және жерді пайдаланушылармен, тиісті жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделіп отырған жер берілуі мүдделерін қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келісіледі.
23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуін алдын ала келісу жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады.
24. Тиісті атқарушы орган автомобиль жолының өтетін жерін жергілікті жерлерге бекіткенге дейін жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба белгіленген тәртіппен бекітіледі, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетін жолдың титулдық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі орган тиісті атқарушы органға автомобиль жолы өтетін жердің алдын ала келісілген нұсқасына жер алу және жерді осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнінде өтініш жасайды.
Өтінішке:
автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетін жерін таңдау жөнінде алдын ала келісу материалдары;
автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды, жер беруді, жерді қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтің қолайсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» бөлімі;
жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын жерді алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы міндеттеме қоса беріледі.
26. Тиісті атқарушы орган жерді қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешім қабылдайды.
4. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіруді жер учаскесі берілетін жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және жер учаскелері алынатын жер иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың қатысуымен жерге орналастыру органдары жүзеге асырады.
28. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру автомобиль жолына берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерінің, жерді пайдаланушылардың жерінен белгіленген үлгідегі таңбалармен шектеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бөлінген белдеуінің жол органдары, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде - жол органы;
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.
Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды
13. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) қосымша жаңа редакцияда
Жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру тәртібіне
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.
Күні _______ Алушы _____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_______________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
_______________________________________________________________________________________________________
атауы, қолы)