Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы
2002 ж. 17 қаңтардағы № 284-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2025.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2021 жылғы 23 ақпандағы № 11-VII Заңын қараңыз (Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар

2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқару

4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы

5-бап. Каботаж

5-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдалану

6-бап. Лицензиялау

7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру

8-бап. Сәйкестікті растау

1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

8-1-бап. Жалпы талаптар

8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары

8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру

8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар

8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру

2-тарау. Кеме

9-бап. Кемеге меншiк құқығы

10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртібі

11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы

12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру

13-бап. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру

14-бап. Кеме құжаттары

15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау

3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi

17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi

18-бап. Мемлекеттік органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттік тiркеу

18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу

18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару

18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен шығару

18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме

19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тарту

20-бап. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының өзгертiлуi

21-бап. Кемелердi мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық

4-тарау. Кеме экипажы

22-бап. Кеме экипажының құрамы

23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы

24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар

25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы

26-бап. Кемедегі еңбек қатынастары

27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы

28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi

28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау)

5-тарау. Кеме капитаны

29-бап. Кеме капитаны

30-бап. Кеме капитанының құқықтары

31-бап. Кеме капитанының міндеттері

6-тарау. Теңіз порты

32-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi мен түрлерi

33-бап. Теңiз порты режимiнiң сақталуы

34-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану

35-бап. Теңiз портында көрсетiлетiн қызметтер

36-бап. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жауапкершiлiгi

37-бап. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету

38-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану кезіндегі шектеулер

7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау

39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

40-бап. Теңiз портының капитаны

41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау

41-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді теңіз портында мемлекеттік бақылау мен қадағалау

41-2-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

42-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру

43-бап. Кеменi кiдiрте тұру

43-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі

44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс

7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері

44-2-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері

8-тарау. Теңіз лоцмандары

45-бап. Кемелердi лоцмандық алып өту

46-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту

47-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту

48-бап. Кеме лоцманы мен капитанының жауапкершiлiгi

49-бап. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк үшiн жауапкершiлiк

9-тарау. Суға батқан мүлік

49-1-бап. Суға батқан мүлік туралы хабарлау, суға батқан мүлік жатқан жерді анықтау және оны белгілеу

50-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнің аластауы

51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi аластауы

51-1-бап. Суға батқан мүліктің меншік иесінің жауапкершілігі

52-бап. Келтiрiлген шығындарды порттың теңiз әкiмшiлiгiнің толық өтеттiру құқығы

53-бап. Суға батып, кездейсоқ аласталған мүлiк (олжа)

10-тарау. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты

54-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты

54-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау

55-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының нысаны

56-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмді шарт

57-бап. Чартердiң мазмұны. Чартер бойынша құқықтар беру

58-бап. Чартер мен коносаменттiң арақатынасы

59-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

60-бап. Кеменi ауыстыру

61-бап. Кеменiң жүк тиеуге дайын екендiгi туралы хабарлау

62-бап. Жүк тиеу орны

63-бап. Кеменiң берiлу мерзiмi

64-бап. Сталиялық уақыт

65-бап. Контрсталиялық уақыт

66-бап. Демерредж

67-бап. Диспач

68-бап. Тасымалдаушының кеменi контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзуге жөнелту құқығы

69-бап. Тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу

70-бап. Кеменiң кiдiртiлгенi үшiн залалдарды өтеу

71-бап. Кеменi жалдаушының талап етуiмен жүзуге мерзiмiнен бұрын жөнелту

72-бап. Жүктi буып-түю және таңбалау

73-бап. Палубалық жүк

74-бап. Қауiптi жүк

75-бап. Жүктi ауыстыру

76-бап. Бөгде жүктi түсiрiп тастау

77-бап. Жүкке қоса жүретiн құжаттар

78-бап. Теңiз жүкқұжатын беру

79-бап. Коносамент беру

80-бап. Коносаменттiң түрлерi

81-бап. Коносаменттiң мазмұны

82-бап. Коносаменттегi ескертпелер. Коносаменттiң дәлелдеу күшi

83-бап. Коносамент даналарының көп болуы

84-бап. Коносамент беру

85-бап. Жүкке билiк ету құқығы

86-бап. Тасымалдаушының жүкке қатысты мiндеттерi

87-бап. Жүк тасымалдаудың мерзiмi мен маршруты

88-бап. Кеменiң белгiленген портқа кіруiне кедергiлер

89-бап. Тараптардың жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

90-бап. Тасымалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

91-бап. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

92-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмағандықтан олардың тоқтатылуы

93-бап. Жүктi алуға құқығы бар тұлға

94-бап. Жүктi сақтауға өткізу

95-бап. Жүктi алушыға берген кездегi төлемдер. Жүктi ұстап қалу құқығы

96-бап. Жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру

97-бап. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме

98-бап. Жүктердi тасымалдау кезіндегі төлемдер

99-бап. Жалдау ақысының мөлшерi

100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы

101-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату

103-бап. Жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгінiң мөлшерi

104-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу

105-бап. Жауапкершiлiктi шектеу құқығын жоғалту

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi

107-бап. Жүкті толассыз тасымалдау

108-бап. Жөнелтушi мен кеменi жалдаушының жауапкершiлiгi

11-тарау. Теңіз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты

109-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының анықтамасы

110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының нысаны

111-бап. Багаж және каюталық багаж

112-бап. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы

113-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезеңдерi

114-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту

115-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартының өзгертiлуi

116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

117-бап. Тасымалдаушының багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi

118-бап. Багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме

119-бап. Сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтуi бойынша багажға билiк ету

120-бап. Тасымалдаушының кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе кеменiң кешiгiп келгенi үшiн жауапкершiлiгi

121-бап. Нақты тасымалдаушы

122-бап. Жолаушылар тасу кестесі

123-бап. Мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру

12-тарау. Кемені экипажымен жалдау (тайм-чартер) шарты

124-бап. Тайм-чартердiң мазмұны

125-бап. Кеменi қосалқы жалдау (субтайм-чартер) шарты

126-бап. Тайм-чартер бойынша кеменің теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

127-бап. Кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану және оны қайтару жөніндегі мiндеттерi

128-бап. Кеменi жалдаушының жүк иесi алдындағы жауапкершiлiгi

129-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң бағыныстылығы

130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуы

131-бап. Жалдау ақысын төлеу

132-бап. Құтқару жөніндегі қызметтер көрсетiлгенi үшiн төленетiн сыйақы

13-тарау. Кемені экипажсыз жалдап алу шарты (бербоут-чартер)

133-бап. Бербоут-чартердiң мазмұны

134-бап. Кеменi қосалқы жалдау шарты (суббербоут-чартер)

135-бап. Бербоут-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

136-бап. Бербоут-чартер талаптары бойынша кеме экипажын жасақтау

137-бап. Кеменi жалдаушының кеменi пайдалану және оны қайтару жөніндегі мiндеттерi

138-бап. Кеменi жалдаушының үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiгi

139-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар

140-бап. Кемесiмен жалданушыға жалдау ақысын төлеу

141-бап. Кеменi алып қоюға жол бермеу

142-бап. Кеменi сатып алу

143-бап. Сатып алынған кеменің кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiк

14-тарау. Сүйретіп жүзу шарты

144-бап. Сүйретiп жүзу шарты

145-бап. Сүйретiп жүзу шарты тараптарының мiндеттерi

146-бап. Теңiзде сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

147-бап. Портта сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

148-бап. Мұз қатқан жағдайда сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

15-тарау. Көлік экспедициясының, теңіз агенттігін жүргізудің, теңіз делдалдығының шарттары

149-бап. Көлiк экспедициясының шарты

150-бап. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты

151-бап. Теңiз делдалдығының шарты

16-тарау. Жалпы авария

152-бап. Жалпы авария ұғымы және оны бөлу принциптерi

153-бап. Кеменiң паналайтын орынға кіруi туғызған шығыстар

154-бап. Кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар

155-бап. Жалпы қауіпсiздiк үшiн кемені кiдiртуден туындаған шығыстар

156-бап. Кеменi жүзуге жарамсыз деп тану немесе кеменiң рейстi жалғастырудан бас тартуы салдарынан туындаған шығыстар

157-бап. Құтқаруға жұмсалған шығыстар

158-бап. Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөніндегі шаралардан туындаған шығыстар

159-бап. Құтқару жөнiнде шаралар қолданудан туындаған зияндар

160-бап. Жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының зақымдануынан немесе жойылуынан, жалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген зияндар

161-бап. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан туындаған зияндар

162-бап. Жалпы авария деп танылмайтын зияндар (жеке авария)

163-бап. «Ескiнің орнына жаңа үшiн» шегерiмдер

164-бап. Диспаша және диспашерлер

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдар

166-бап. Диспаша жасау үшiн алым

167-бап. Диспашаны түзету және оған дауласу

168-бап. Диспашаның орындалуы

17-тарау. Кемелер соқтығысқан жағдайда зиянды өтеу

169-бап. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк

170-бап. Жауапкершiлiктi жоққа шығаратын мән-жайлар

18-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдаудан және теңіздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан келтірілген залал үшін жауапкершілік

171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi

172-бап. Екi немесе одан да көп кеме иелерiнiң ортақ жауапкершiлiгi

173-бап. Кеме иесiнiң толық жауапкершiлiгi

174-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгiн шектеу

175-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiктен босатылуы

176-бап. Жауапкершiлiктi шектеудің мiндеттi қоры

177-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру немесе қаржымен қамтамасыз ету

178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою

19-тарау. Кемелерді және басқа да мүлікті құтқару

179-бап. Құтқару туралы шарттар

180-бап. Шарттардың жарамсыздығы немесе олардың өзгертiлуi

181-бап. Құтқарушының, кеме иесiнiң және кеме капитанының мiндеттерi

182-бап. Сыйақы төлеу шарттары

183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi

184-бап. Арнаулы өтем

185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi

186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуi

187-бап. Адамдарды құтқару

188-бап. Құтқару шартын орындау кезiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы

189-бап. Құтқару операцияларын тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдары

190-бап. Мүдделi тұлғаның құтқару операцияларына тыйым салуының салдары

191-бап. Кемелердiң белгiлi бір иеленушiге тиесiлi болуы

192-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз ету

193-бап. Алдын ала төлем

194-бап. Мемлекеттік органдардың құтқару операцияларына қатысуы

20-тарау. Теңіз талаптары бойынша жауапкершілік мөлшерін шектеу

195-бап. Теңiз талаптары бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн шектеуге құқығы бар тұлғалар

196-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi

197-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң қолданылмауы

198-бап. Жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi

199-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша жауапкершiлiктiң мөлшерi

200-бап. Талаптарды бірiктiру

201-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры

202-бап. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу

21-тарау. Кемеге теңіз кепілі. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасы

203-бап. Орындалуы кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер

204-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың басымдықпен қанағаттандырылуы

205-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандырудың кезектiлiгi

206-бап. Кемеге теңiз кепiлінiң тоқтатылуы

207-бап. Талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы

208-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi ұстап қалуға құқық

209-бап. Кеме ипотекасын белгiлеу

210-бап. Кеме ипотекасының нысанасы

211-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу

212-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеудiң тәртібі

213-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптарды басымдықпен қанағаттандыру

214-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi

215-бап. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарды басқаға беру

216-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сақталуы

217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тіркеудің өзгертiлуi

218-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың негiздерi

219-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату тәртібі

220-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың салдары

221-бап. Кеме ипотекасының тоқтатылуы

22-тарау. Кемені тұтқындау

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi

223-бап. Теңiз талабы

224-бап. Тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кеме

225-бап. Тұтқындалған кеменiң иесiн қорғау

23-тарау. Теңіздегі наразылық

226-бап. Теңiздегi наразылық

227-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме

228-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме

229-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жiберiлген тұлғаға кеме журналының берiлуi

230-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау

24-тарау. Актілер, кінә қою және талап қою. Талап қою мерзімі

231-бап. Теңiзде жүк тасымалдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыру

232-бап. Кiнә қою

233-бап. Кiнә қою мен талап қою құқығын беру

234-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі

235-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi

236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi

237-бап. Өзге талаптар бойынша талап қою мерзiмi

238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi

238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі

239-бап. Жалпы мерзiмдердiң қолданылуы

25-тарау. Қолданылатын құқық

240-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты айқындау

241-бап. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар

242-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы

243-бап. Суға батқан мүлiкке құқық

244-бап. Жалпы авария

245-бап. Кемелер соқтығысқан жағдайда туындайтын қатынастар

246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар

247-бап. Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар

248-бап. Кеменi және өзге де мүлiктi құтқарудан туындайтын қатынастар

 

 

2005.02.06. № 55-III ҚР (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды

 

Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) авариялық жағдай - кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) авариялық жарна - жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшін жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесін төлеуді қамтамасыз ету ретінде алушы оған жүкті берген кезде енгізуге міндетті болатын ақша сомасы;

2) алушы - жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкілетті тұлға;

3) арнаулы персонал - экипаж мүшесі болып табылмайтын, кеменің мақсатына байланысты бортта үнемі болатын адам (теңіздің тірі ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлері, жұмысшылар және басқалар);

4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені жалдаушының иеленуіне және пайдалануына кемемен жалданушы келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, белгілі бір мерзімге беруге міндеттенетін жалға кеме беру (алу) шартының түрі;

5) дағдылы маршрут - теңіз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретін маршрут;

6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшін төленетін ақы;

7) диспач - кемені жалдаушыға кемеге жүк тиеуді сталиялық уақыт біткенге дейін аяқтағаны үшін төленетін сыйақы;

8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеуді және оларды жалпы теңіз кәсіпорнына қатысушы тараптар арасында бөлуді қамтитын, диспашер жасайтын құжат;

9) диспашерлер - теңіз құқығы саласында білімі мен тәжірибесі, бар, диспашаны анықтау жөнінде есеп жасайтын тұлғалар;

10) есеп айырысу бірлігі - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгілейтін бірлігі;

11) жалдау ақысы - жүкті тасымалдағаны үшін алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берілетін сыйақы;

12) жалпы теңіз кәсіпорны - мүлік (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебінен өтелуге тиіс;

13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетілген, не тасымалдаушының келісімімен теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлік құралдарын, жануарларды және өзге де жүкті ілесе алып жүруді жүзеге асыратын тұлға;

14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екіден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;

15) жолаушылық куәлік - жолаушылардың кемеге алуға жол берілетін ең көп саны туралы мәліметтер бар кеме құжаты;

16) жөнелтуші - теңіз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;

17) жүзбелі бұрғылау қондырғысы - теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру жөніндегі бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелі құрылыс);

18) жүк таситын кеме - жолаушы кемесі болып табылмайтын, жүктерді тасымалдауға арналған кеме;

19) инцидент - нәтижесінде зиян келтірген немесе сондай зиян келтірудің елеулі және тікелей қаупі төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгілі дәрежеде ұқсас бірқатар оқиғалар;

20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;

21) каюталық багаж - жолаушының белгіленген мөлшер мен көлем шегінде өзімен бірге алып жүретін, жинақы буып-түйілген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркін орналастырылатын заттары;

21-1) кәсіби диплом - кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;

22) кеме - сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзбелі құрылыс;

23) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

24) кеме иесі - кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;

25) кеме ипотекасы - мемлекеттік тіркелуге жататын теңіз кемесінің, ішкі суда жүзетін кеменің, «өзен-теңізде» жүзетін кеменің, сондай-ақ жасалып жатқан кеменің тиісті тізілімде тіркелген шарт негізінде туындайтын ипотекасы;

25-1) Кеме қатынасының тіркелімі - кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

24) кеме иесі - кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;

26) кемелерді лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелерді алып өту;

27) кемемен жалданушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме беретін тарабы;

28) кемені жалдаушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме берілетін тарабы;

29) кеменің меншік иесі - Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;

30) кеменiң сыйымдылығы - кеменің текше метрмен не текше футпен есептелетін, оның жүк үй-жайларының көлеміне қарай тасымалдауға жүк мөлшерін қабылдай алатын мүмкіндігі;

31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;

32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиеліп тұратын уақыт кезеңі;

33) қауіпті жүк - өзіне тән қасиеттеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуіне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк;

34) лоцман - кемені арқанға байлайтын, зәкірге қоятын және портта кемелердің орнын ауыстыратын жерге қауіпсіз жеткізу саласында белгілі бір білімі мен дағдылары бар маман;

35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметі;

36) мұнай құйылатын кеме - мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау және сақтау үшін жасалған немесе бейімделген жүк кемесі;

37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүкті немесе оның бір бөлігін тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;

38) өткізу коносаменті - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бір бөлігін басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиіс екендігі көзделеді;

39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңіз жағындағы eң алыс нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленетін Қазақстан Республикасының ішкі сулары;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды

39-1) порт құралдары - халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы;

40) портта сүйрету - порт айдынында, соның ішінде кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні портқа кіргізу не оны порттан шығару үшін сүйрету және маневрлерді орындау;

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

41) сауда мақсатында теңізде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүкті кемемен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын әскери кемелерді және шекара корабльдерін, катерлерін қоспағанда, кемелерді өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;

42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсіз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңі;

43) суббербоут-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасуға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге иелену және пайдалану үшін беруге міндеттенеді;

44) субтайм-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кемені немесе бірнеше кемені сыйақы алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге беруге міндеттенеді;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

44-1) суға батқан мүлікті аластау - суға батқан мүлікті шығарып алуды не оны қайраңнан алуды немесе белгіленген теңіз дәліздерінің шегінен тысқары жерге ығыстыруды не оны жоюды қоса алғанда, суға батқан мүлік тудыратын қауіпті болғызбауға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-қимылдар, сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілген іс-қимылдардың жиынтығы. Суға батқан мүлікті аластау суға батқан мүлікті тасымалдау және сақтау жөніндегі ілеспе жұмыстарды да қамтиды;

45) сүйреткіш кеме - басқа кемелерді және жүзбелі құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтіруге арналған кеме;

46) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келісілген ақыға (жалдау ақысы) кемені жалдаушыға кемені және кеме экипажы мүшелерінің көрсететін қызметтерін жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін уақытқа кемені жалдау шарты;

48) тасымалдау қағидалары - жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде теңіз көлігінің қызметін реттейтін, уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;

49) тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдері мен жүктердi тасымалдау жөнiндегі қызметті көрсететiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген кеме иесі;

50) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

51) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

52) теңіз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;

53) теңіз жүкқұжаты - жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау кезінде ресімделетін тасымал құжаты;

53-1) теңіз оқу-тренажер орталығы - теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

54) теңіз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелерінде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңіз көлігі қызметінің өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешені;

55) теңіз талабы - кемелерді сауда мақсатында теңізде жүзуді көздеп пайдалануға байланысты мәлімделетін талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);

56) теңіз терминалы - жүктерді тиеуге (түсіруге), оларды сақтауға, теңіз көлігінің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтіруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың, инженерлік құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;

57) теңіз терминалының операторы - теңіз портындағы терминалға меншік немесе өзге де заңды негіздерде құқығы бар тұлға;

57-1) теңiзде сүйрету - кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бір қашықтыққа сүйрету;

57-2) теңiздегi наразылық - кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi;

58) уәкiлеттi орган - сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 58-1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

58-1) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы - жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста теңізде тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін және уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

59) чартер - теңіз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау шартының бір түрі, бұл жағдайда жөнелтушіге бүкіл кеме, оның бір бөлігі немесе кеменің белгілі бір жайы беріледі;

59-1) шағын көлемді кеме - балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

60) шетелдік сыныптау қоғамы - кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды, сондай-ақ теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен уәкілетті орган таныған шетелдік ұйым.

 

2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды

2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану

Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) нақты қарарларын және ұсынымдарын қолдану жөнінде сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң:

1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде;

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) iшкi суда жүзу кемелерiне, «өзен-теңiзде» жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезінде;

3) Каспий теңізінде жүзуді жүзеге асыратын шағын көлемді кемелерге қолданылады.

2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туын көтерiп жүзушi корабльдерге, катерлерге және басқа да кемелерге қолданылмайды.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқару

1. 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:

1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;

2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2012.10.07. № 35-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекіту;

3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

6) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

9) - 10-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

11) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) - 15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

16) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

18) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

20) - 31-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 31-2) тармақшамен толықтырылды

31-2) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсiн және оны қорғауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекiту;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 31-3) тармақшамен толықтырылды

31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

32) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет етеді.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

3. Уәкілетті органның құзыретiне:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру, оның ішінде халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2012.10.07. № 35-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзірлеу;

2-2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

3) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекіту;

5-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;

6-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

7) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

8) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

9-1) кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;

10) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

11) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) нысанды киім (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киім (погонсыз) киiп жүру тәртібін бекіту;

13) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

14) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 15) тармақша өзгертілді

15) кеме кітабындағы кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 16)-47) тармақшалармен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

17) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру;

18) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

19) уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;

 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;

21) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

22) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

23) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

23-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін айқындау жатады.

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

23-2) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын бекіту;

24) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

25) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

26) су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

27) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;

29) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

30) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

31) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 32) тармақша өзгертілді; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;

33) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

34) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

35) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

36) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

37) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;

38) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

39) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

40) өз құзыреті шегінде тексерулердің нәтижелері бойынша актілер жасау және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының, су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізу;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

40-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, теңіз және шағын көлемді кемелерді тексеріп қарауды жүргізу;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

42-1) жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (оларды пайдалануды) тоқтата тұру жəне оған тыйым салу;

43) заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүліктер мен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;

44) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

45) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

46) мемлекеттік органдарға авариялық жағдайлардың және көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

47) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтырылды

48) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидасын бекіту;

49) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағиданы бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды

49-1) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту;

50) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

51) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекіту;

52) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту;

53) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;

54) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 54-1) және 54-2) тармақшалармен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

54-1) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк беру тәртiбiн бекіту;

54-2) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiктiң нысанын әзiрлеу және бекiту;

55) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)

55-1) теңіздегі кеме қатынасы аясында навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 55-2) - 55-26) тармақшалармен толықтырылды

55-2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55-3) тармақша жаңа редакцияда

55-3) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту;

55-4) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 55-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

55-5) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 55-6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

55-6) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 55-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55-7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетелдік сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 55-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

55-8) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау;

55-9) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды бекiту;

55-10) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;

55-11) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту;

55-12) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;

55-13) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;

55-14) жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 55-15) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

55-15) теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту;

55-16) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

55-17) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;

55-18) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;

55-19) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арнағлан базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;

55-20) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысанын және оны жүргізу тәртібін бекіту;

55-21) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту;

55-22) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту;

55-23) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау;

55-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту;

55-25) мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 55-26) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

55-26) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 55-27) - 55-31) тармақшалармен толықтырылды

55-27) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін бекіту;

55-28) кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық қорытындының нысанын бекіту;

55-29) 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

55-30) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту;

55-31) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту;

55-32) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

55-33) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

55-34) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 55-35), 55-36), 55-37) және 55-38) тармақшалармен толықтырылды

55-35) порт құралдарын күзетуді бағалау туралы есеп пен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді мақұлдау;

55-36) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту;

55-37) порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау;

55-38) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 55-39), 55-40), 55-41), 55-42) және 55-43) тармақшалармен толықтырылды

55-39) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекіту;

55-40) басқа мемлекеттердің аумағында кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;

55-41) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту;

55-42) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту;

55-43) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын бекіту;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 55-44) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

55-44) теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 55-45) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

55-45) суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 55-46) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

55-46) суға батқан мүлікті аластау қағидаларын бекіту;

56) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектілерін салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:

1) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;

2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

3) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу жатады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне:

1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2) жүзуге тыйым салынған жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту;

4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлеу жатады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы

1. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының мәртебесін уәкілетті орган халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кемелері (танкерлер, құрғақ жүк кемелері, паромдар, контейнер тасушылар) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда береді.

2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы:

1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, стратегиялық, гуманитарлық және арнайы жүктерді теңіз арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетеді;

2) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде құтқару операцияларына және кемелерден мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға шарттық негізде қатысады;

3) қазақстандық сауда флотын дамыту жөнінде шаралар қолданады;

4) ұлттық теңіз көлігі мамандарын даярлауға қатысады;

5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.

 

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

5-бап. Каботаж

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер жүзеге асырады.

5-баптың екінші абзацы 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелер каботажды шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен берген рұқсат негізінде жүзеге асырады.

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

5-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдалану

Каспий теңізінің қазақстандық секторында осы Заңның 5-бабының ережелерін ескере отырып, қазақстандық кеме иелерінің шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарларын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару операцияларын жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға берілген рұқсат негізінде пайдалануына жол беріледі.

Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып беріледі.

 

6-бап. Лицензиялау

Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде лицензиялануға тиiс.

 

7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру

1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртібі тараптардың келісімiмен белгіленедi.

2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:

1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;

2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелі;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4) суға батқан мүлікті аластағаны үшін кеменің меншік иесінің не кеме иесінің жауапкершілік тәуекелі жатады.

Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.

Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

8-бап. Сәйкестікті растау

1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.

 

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды

1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

8-1-бап. Жалпы талаптар

1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңізде жүзетін қалыпта ұстауға, кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері:

1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер және су жолдарындағы құрылыстар;

2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестері болып табылады.

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.

 

8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

3. Егер сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.

4. Әрбір кеме корпусы сәйкестендіру нөмірімен таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.

5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей түрде әзірленуге тиіс.

6. Негізгі рульдік басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиіс.

7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталуға тиіс, онда өрт туындау және бату қаупіне ерекше назар аударылуы керек.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

8. Жағалау объектілерін жобалау, орналастыру, салу және пайдалану жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 8-3-тармақ өзгертілді

8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлері мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерін және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.

3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.

Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:

1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;

2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;

3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.

 

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 8-4-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру

1. Навигациялық орталықтың кемелерге қызмет көрсетуі мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшін жүзіп келе жатқан кемелер және бортында сырқаты ауыр адамдар бар кемелер;

2) кесте бойынша жүзіп келе жатқан паромдар мен жолаушылар кемелері;

3) тез бүлінетін жүктері бар кемелер;

4) сүйретіп келе жатқан объектілері бар сүйреткіш кемелер;

5) қауіпті жүктері бар кемелер;

6) желілік кемелер;

7) өтінімдер келіп түскен уақытқа сәйкес өзге де кемелер.

2. Кемелерді радиолокациялық алып өтуді навигациялық орталық кеменің өтінімі бойынша кез келген көрінетіндей жағдайда жүзеге асырады.

3. Радиолокациялық алып өту тәртібі радиолокациялық алып өту басталғанға дейін теңіз портының капитанымен келісіледі.

4. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісі (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) теңіз порты капитанының рұқсатымен жүзеге асырылады.

5. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймағына келгенге дейін теңізден жүзіп келе жатқан кемелер осы аймақтағы жүрісті реттейтін навигациялық орталықпен ультрақысқа толқындарда радиобайланыс орнатады.

6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме:

1) кеменің типін, атауын және мемлекеттік тиесілігін (туын);

2) аймаққа келу уақытын;

3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын;

4) межеленген портын;

5) өлшем куәлігі бойынша жалпы сыйымдылығы мен негізгі мөлшерлерін;

6) нақты шөгуін;

7) жүктің түрі мен санын;

8) кеменің радиолокациялық стансасының жай-күйі туралы мәліметтерді;

9) жүзу және маневр жасау қауіпсіздігіне әсер ететін бар шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды.

7. Кемелер жүзіп келе жатқанда, егер басқа арна көрсетілмесе, өздері аймағында болатын навигациялық орталықтың жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады.

8. Навигациялық орталықтың кемелермен радиоалмасуы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш тәулік бойы сақталады. Егер авариялық ахуалдар немесе авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін сақталады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-5-баппен толықтырылды

8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар

1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жəне күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында жəне аумақтық теңізде жүзу, зəкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зəкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы жəне қонуы (су бетіне қонуы) жəне басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.

2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды.

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді - республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.

3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 8-6-баппен толықтырылды

8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру

1. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушінің Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізеді. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кеме пайдаланылатын аудан мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі.

Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап-тексеру кемені пайдалану кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кезінде:

1) кеме билеті;

2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік;

3) техникалық куәландырудан өткендігі;

4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;

5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;

6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;

7) орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;

8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;

9) отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамдылығы;

10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;

11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкестігі;

12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;

13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;

14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады.

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына қатер төндіретін жағдайларда, уəкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы баптың 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде қадағалау актісі ресімделеді.

Аумақтық бөлімшенің шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүргізген лауазымды адамдары шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіндегі, нұсқамадағы жəне қадағалау актісіндегі жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 жəне 15-тармақтармен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (оларды пайдалануды) тоқтата тұру жəне оған тыйым салу осы бапта көзделген жедел ден қою шараларына жатады.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, осы бапқа сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

5. Уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша қадағалау актісін ресімдейді.

Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.

Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

8. Шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.

10. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі.

Уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданылуы тоқтатылады.

11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі.

13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген шағын көлемді кемені қарап-тексеру нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған лауазымды адамға, мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

3) уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.

 

 

2-тарау. Кеме

 

9-бап. Кемеге меншiк құқығы

1. Кемелер:

1) мемлекеттiң;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының;

3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн.

2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртібі

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кеменің өз атауы болуға тиіс.

Меншік иесі кеменің атауын береді және өзгертеді.

Кемелерге бірдей атаулар беруге жол берілмейді.

2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

3. Спутниктік байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмірін беру тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.

2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге мiндеттi.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бірiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 11-бап 3-1-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:

1) мемлекеттiң;

2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі кемелерге;

3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт жарамды болатын уақытша куәлiк берген кезден бастап осындай құқықты пайдаланады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:

1) қазақстандық жалға кеме алушыға;

2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.

 

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-бап толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру

Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кемені жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде, мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркеліп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрып, шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

13-бап. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенімгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенімгер басқарушыға беруге құқылы.

Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келісімiнсiз сенімгер басқаруға беруге болмайды.

Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенімгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.

2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кеменi сенімгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

14-бап. Кеме құжаттары

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Кеменің уәкілетті орган тізбесін, жүргізу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс.

Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс.

2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.

3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.

 

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау

1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн.

2. Кемелерді техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.

Бұл ретте кемелерді куәландыру жөніндегі өкілеттіктер және оларды шетелдік сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкілетті орган мен шетелдік сыныптау қоғамдары арасындағы келісімдерде айқындалады.

Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменің жекелеген элементтеріне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады.

3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзушi кемелермен бірдей негiзде куәландырудан өткізуге құқылы.

 

 

3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi

1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бірiнде:

1) Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде;

2) кеме кiтабында;

3) бербоут-чартер тізілімінде;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады.

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады.

Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеу (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және аталған тізілімнен осындай кемені шығару, оның пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген тұлғаның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 16-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Мемлекеттік тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.

Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.

3-1. 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тiркеледi.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi.

Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 5-тармақтың үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

6. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 7-тармағы толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың қолданылу мерзімін әрбір екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге тiркеледi.

Кемелердің тіркелу мерзімін ұзарту Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 8-тармағы толықтырылды

8. Теңiз кемелерiн мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.

9. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын халықаралық тасымалдаулар, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, оның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі.

Егер кемелер шет мемлекеттердің кемелер тізілімдерінде тіркелген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың жасалғанына жиырма жылдан асса, олар Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатпайды.

 

17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi

Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.

 

22.10.04 ж. № 601-II (бұр. ред. қара); 2005.02.06. № 55-III (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр. ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді

18-бап. Мемлекеттік органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттік тiркеу

Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттік тiркеу Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу

Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.

 

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды

18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерістер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;

4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды

18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару

Бербоут-чартер тізілімінен:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды

18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен шығару

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен:

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

2) конструкциялық жағынан күйреген;

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған;

6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде сол кемеде қызметін жүзеге асыру фактісі анықталған кеме шығарылуға жатады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды

18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме

Егер қалыпты жағдайларда кеме туралы соңғы хабарлама келіп түскен жерден бастап межеленген портқа барғанға дейін қажетті мерзімнен екі есе асатын мерзім ішінде кемеден ешқандай хабар келіп түспесе, кеме хабарсыз жоғалып кеткен болып саналады. Кемені хабарсыз жоғалып кеткен деп тану үшін қажетті мерзім кеме туралы соңғы хабар алынған күннен бастап бір айдан кем болмауға тиіс, әскери іс-қимыл жағдайларында алты айдан кем болмауға тиіс.

 

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тарту

Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден:

1) мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған;

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған кемені қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінген;

2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасында көзделген талаптар сақталмаған;

3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының өзгертiлуi

Кеменi мемлекеттік тiркеу порты кеменiң меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Кеменi мемлекеттік тiркеу портының өзгертiлуiн мемлекеттік тiркеу Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

21-бап. Кемелердi мемлекеттік тiркеу ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық

Кеменi мiндеттi мемлекеттік тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме тiзiлiмдерiнiң бірiнде белгіленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлау мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылықты мойнына алады.

 

 

4-тарау. Кеме экипажы

 

22-бап. Кеме экипажының құрамы

1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа да адамдары мен кеме командасы кiредi.

2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшiлерi, механиктер, электр механиктерi, радиомамандар мен дәрiгерлер енедi. Уәкiлеттi орган басқа мамандарды да кеменiң командалық құрамына енгізуi мүмкiн.

3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатқызылмайтын адамдардан тұрады.

 

23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы

1. Әрбір кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлейдi.

3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 24-бап өзгертілді; 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар

1. Кәсіби дипломдары, кәсіби дипломдардың растамалары, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері, медициналық қорытындылары бар адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң лауазымдарын атқаруға жiберiледi.

Кеме экипажының мүшелері жеңілдік рұқсатының негізінде сол лауазым бойынша тиісті кәсіби дипломы жоқ лауазымды атқаруға алты айдан аспайтын мерзімге жіберіледі.

2. Кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын порттың теңіз әкімшілігі береді.

3. Теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерін теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары береді.

4. Кәсіби дипломдардың растамалары кәсіби дипломдардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды.

 

25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 25-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіруі мүмкiн.

ҚР 2010.28.12. № 369-IV Заңның 2-бабына сәйкес 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің қолданылуы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды;

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің қолданысы 2025 ж. 1 қаңтар - 2027 ж. 31 желтоқсан аралығында тоқтатылды

Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды уəкілетті орган халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес айқындайды.

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-бап. Кемедегі еңбек қатынастары

Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.

 

27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажы мүшелерiнiң:

1) еңбек шартының қолданылу мерзiмi бiткен;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен еңбек шарты бұзылған;

3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен кеме капитаны қызметтiк міндеттерiн атқарудан шеттеткен;

4) кеме апатқа ұшыраған;

5) кемеден тыс емдеудi талап ететiн аурумен ауырған;

6) кеме иесiнiң банкроттық, кеменi сату немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгертуi салдарынан өзiнiң кеме экипажының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен еңбек шарттарында көзделген мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған;

7) экипаж мүшелерiнiң келісімiнсiз кеме соғыс қимылдары аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда отанына оралуға құқығы бар.

2. Кеме экипажы мүшесiнiң тiлегi бойынша:

1) өзi тұратын мемлекетке;

2) өзi кемеге жұмысқа алынған портқа;

3) еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген басқа пунктке қайтып оралуы жүзеге асырылады.

3. Кеме иесi отанына оралтуды тиiсiнше әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келісімi бойынша, көлiктiң өзге де түрлерiмен жүзеге асырылады.

4. Отанына оралу шығындарын кеме иесi көтередi.

Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралу шығындары:

1) оралу орнына дейiнгi жолақы құнын;

2) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, экипаж мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi тамағы мен тұрағының құнын;

3) егер қажет болса, экипаж мүшесi денсаулық жағдайы бойынша отанына оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi экипаж мүшесiнiң емделу құнын;

4) отанына оралу орнына дейiн отыз килограмм багаж алып жүруді;

5) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, кеме экипажының мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi еңбек шарты бойынша төлемдi қамтиды.

5. Экипаж мүшесiнiң отанына оралуын туғызған себептер оның еңбек мiндеттерiн орындау кезіндегі өз кiнәсiнен туындаған жағдайда не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда оның отанына оралуына жұмсалған шығындарды кеме иесiнiң өтеткiзiп алуға құқығы бар.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi

1. Кеме иесi экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды:

1) қауiпсiз еңбек жағдайларымен;

2) денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен;

3) құтқару құралдарының болуымен;

4) азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықтаумен;

5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн орындармен қамтамасыз етуге мiндеттi.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға мiндеттi.

3. Кеме ұшыраған оқиғаның салдарынан экипаж мүшесiнiң мүлкi жойылған немесе зақымданған жағдайда кеме иесi экипаж мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Кеме ұшыраған оқиғаға кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 28-бап 4-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

4. Кеме иесі өзінің кемесімен болған авариялық жағдай туралы хабарлама алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы теңіз порты капитанына хабарлауға, сондай-ақ өзінің кемесімен болған авариялық жағдайды тергеу кезінде жәрдем көрсетуге міндетті.

2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Кеме иесі:

1) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың жасақталуын;

2) кеме экипажының әрбір мүшесінде оның біліктілігін растайтын құжаттардың болуын;

3) кеме экипажы мүшелерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін;

4) құжаттаманың, оның ішінде медициналық қорытындылардың, кеме экипажы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың капитан каютасында немесе қозғалыс бөлмесінде сақталуын;

5) кеме экипажы мүшелерінің өз құқықтарымен және міндеттерімен, кеменің сипаттамаларымен және құрылғыларымен таныс болуын;

6) авария жағдайында кеме экипажының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге міндетті.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Кеме иесі шет мемлекеттің портында кемесінің ұсталғандығы туралы өзіне мәлім болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы порттың теңіз әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жазбаша хабарлауға міндетті.

Хабарда:

1) кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, порт немесе оның тіркелген орны, кеменің тіркеу нөмірі, типі және сыныбы, тоннажы);

2) кеменің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы;

3) жүктің түрі мен мөлшері;

4) ұсталған уақыты, күні мен мән-жайы;

5) ұстау себебі, сондай-ақ кемені ұстауға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау)

1. Білім беру ұйымдары және теңіз оқу-тренажер орталықтары теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды уәкілетті органның хабарламасынан кейін жүзеге асырады. Хабарламаға уәкілетті орган айқындаған уәкілетті ұйымның оң қорытындысы қоса беріледі.

Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.

2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын қараңыз

 

 

5-тарау. Кеме капитаны

 

29-бап. Кеме капитаны

1. Кеме капитанына кеменi басқару, соның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, кемедегi тәртiптi сақтау, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде шаралар қолдану жүктеледi.

2. Кеме иесi, жүк иесi немесе олардың заңды өкiлдерi болмағанда, кеме, жүк немесе жүзу жөнiнен қажеттi мәмiлелер жасалған кезде, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою жасалған жағдайда кеме капитаны кеме иесi мен жүк иесiнiң өкiлi болып табылады.

3. Кеме капитанының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi болатын ерекше жағдайларда (қайтыс болуы, ауыруы және өзге де жағдайларда) кеме капитанының мiндеттерi кеме иесiнiң тиiстi өкімі алынғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.

 

30-бап. Кеме капитанының құқықтары

Капитан өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) кемедегi барлық адамдар орындауға тиiстi өкiм беруге;

2) кеменiң опат болу қатерi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық шараларды қолданғаннан кейiн, экипаж мүшелерiнiң кемеден кетуiне рұқсат етуге;

3) экипаж мүшелерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көтермелеудi қолдануға және жаза қолдануға;

4) экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;

5) кеменiң және (немесе) ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды, соның iшiнде жұқпалы аурулар жұқтырады деп сезiк келтiрiлген адамды мiндеттi түрде оқшаулауға;

6) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстауға және оны Қазақстан Республикасының кеме кiретiн бірiншi портындағы құзыреттi органдарға беру үшiн арнайы бейiмделген орында ұстауға;

7) егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, Қазақстан Республикасының азаматын, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасы болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды шет мемлекеттiң құзыреттi органдарына беруге;

8) қажет болған жағдайда азаматтың өсиетiн куәландыруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариаттың куәландыруына теңестiрiледi. Өсиеттi куәландырған кеме капитаны өсиет куәландырылған күннен бастап он күн iшінде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк тууына қарай куәландырылған өсиеттiң бір данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша нотариустың сақтауына беруге мiндеттi;

9) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдарына сәйкес куәлар қойған қолдың шын өз қолдары екенiн куәландыруға құқылы.

 

31-бап. Кеме капитанының міндеттері

1. Кеме капитаны:

1) осы Заңның 129-бабына сәйкес кеме иесi мен кеменi жалдаушының өкiмдерiн орындауға;

2) егер көмек көрсету өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрiлмей жасалатын болса, теңiзде апатқа ұшыраған адамға көмек көрсетуге;

3) кемелер соқтығысқан жағдайда, егер қолданылатын шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданып, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлауға;

4) кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген кезде көрсету мүмкiн болмаса, мұндай жағдайды кеме иесiне хабарлап, ең жақын портқа кіруге немесе ондай адамды ең жақын портқа жеткізу жөнiнде шаралар қолдануға; кеме шетелдiк портқа кiрген немесе әлгiндей адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне де хабарлауға;

5) шығатын порт немесе баратын порт ауданында не кеме жүрiп өтуге тиiстi ауданда соғыс қимылдары жүрiп жатқан жағдайларда, сондай-ақ соғыс қаупi бар өзге де жағдайларда кемедегi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, кеменiң опат болуы мен басып алынуын болғызбау, кеме құжаттарының, жүктiң және өзге де мүлiктiң сақталуы жөнiнде барлық шараларды қолдануға;

6) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

7) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қолданғаннан кейiн кемеден ең соңынан кетуге;

8) қажет болған жағдайда 30-баптың 6) тармақшасында аталған адамды анықтау материалдарын берiп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзіп жүрген басқа кемемен Қазақстан Республикасына жiберуге;

9) iс жүзiне асыруға болатын жағдайда кеме шет мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн оның құзыреттi органдарына 30-баптың 7) тармақшасында аталған адамды өзiнiң оларға беру ниетi және оны берудiң себептерi туралы хабар жiберуге, сондай-ақ аталған органдарға қолда бар дәлелдемелердi беруге;

10) кеме Қазақстан Республикасының портында болған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда, ол туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

11) алыста жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгілерi байқалған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес анықтау органының функцияларын атқаруға;

12) кеме журналына азаматтың туу немесе қайтыс болу фактілері туралы жазба жасауға;

13) азамат қайтыс болған жағдайда жұбайына (зайыбына) не жақын туыстарының бірiне хабарлауға, сондай-ақ өлген адамның кемедегi мәйiтi мен мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етiп, оларды Қазақстан Республикасының кеме кiретiн алғашқы портының капитанына тiзбеге сәйкес беруге;

14) карантиндiк немесе ерекше қауiптi жұқпалы ауру деген сезiк болған жағдайда өлген адамның немесе жануардың мәйiтiн зарарсыздандыру жөнiнде шаралар қолдануға;

15) өлген адамның мәйiтiн сақтау және отанына жiберу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда өлген адамның мәйiтiн жерге көмуге немесе оны кремациялап, күл салынған сауытты оның отанына жiберуге мiндеттi.

Кеме ұзақ уақыт бойы ашық теңiзде жүзуге тиiс болып және өлген адамның мәйiтiн сақтау мүмкiн болмаған ерекше жағдайда, өлген адамның мәйiтi тиiстi акт жасалып, теңiз ғұрыптарына сәйкес теңiзге тасталуы керек.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға және Кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес кеме не оның экипажы бірiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн:

бір тәулiк iшiнде порт капитанына авариялық жағдай туралы мәлімдеме мен техникалық акт;

үш тәулік ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзiндi-көшiрмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн ұсынуға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды

17) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларында анықталған ластанулар туралы хабарлауға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларының ластануына алып келген немесе осындай ластану қатерін туғызған, өз кемесімен болған оқыс оқиға туралы хабарлауға міндетті.

Оқыс оқиға:

мұнайдың, зиянды заттардың және құрамында осылар бар сулардың кез келген себеппен және кез келген түрде және қаптамада кемеден ағуына немесе ықтимал ағуына;

соқтығысуды, қайраңға отырып қалуды, өртті, жарылысты, конструкцияның бұзылуын, жүктің суға батуын және жылжуын қоса алғанда, кеменің қауіпсіздігіне әсерін тигізетін, сондай-ақ руль тетігінің, күш қондырғысының, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің зақымдалуын немесе бұзылуын қоса алғанда, теңізде жүзу қауіпсіздігінің нашарлауына және жүзуді қамтамасыз ету үшін басқа кеменің қосымша көмегінің қажеттігіне алып келетін, ұзындығы 15 метр немесе одан ұзын кеменің зақымдалуына, сынып қалуына немесе аварияға ұшырауына алып келетін кез келген жағдайда хабар беріледі.

2. Кеме капитаны осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мiндеттердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

 

 

6-тарау. Теңіз порты

 

32-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi мен түрлерi

1. Теңiз портының құқықтық мәртебесi осы Заңмен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 35-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Теңiз порттары мемлекеттік меншiкте, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.

Халықаралық маңызы бар теңiз портының мәртебесiн уәкілетті орган айқындайды.

«Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 Қаулысын қараңыз

3. Теңiз порттары жалпыға ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады және мақсатына қарай - сауда порттары және мамандандырылған порттар (балық, мұнай және басқалар) болып бөлiнедi.

4. Теңiз порты үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ бұл учаскелердi алып қою Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

5. Мемлекеттік маңызы бар, Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайтын теңiз порттарын салу, реконструкциялау үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Жергілікті атқарушы органдар теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындайды.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Теңiз порты режимiнiң сақталуы

Теңiз портында болған уақытта кеменiң экипажы Қазақстан Республикасының портта жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi.

Теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы) тиісті мемлекеттік органдардың (көлік, шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін олардың теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

 

34-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану

Теңiз портындағы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) үй-жайлардың иелерi өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен қажеттi ғимараттар, құрылыстар және (немесе) үй-жайлар бередi және қызмет көрсетедi.

 

35-бап. Теңiз портында көрсетiлетiн қызметтер

1. Теңiз порты жүк тиеудi (түсiрудi) және кемелерге олардың келу кезектiлiгi тәртібімен қызмет көрсетудi, жүкпен көлiктiк-экспедиторлық және қойма операцияларын, көлiктің басқа түрлерiнен жүктi теңiз көлiгiне ауыстырып тиеудi және керiсiнше iстеудi, теңiз кемелерi жолаушыларына қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауды жүзеге асырады.

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды

2. Тиеу-түсiру жұмыстарын және өзге де техникалық операцияларды теңiз терминалының операторы жүзеге асыра алады.

Мемлекеттік меншiктегі теңiз порттарында теңіз терминалдарының кемiнде екi операторы болуы міндетті.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

3. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн уәкілетті орган айқындайды. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтеріне баға (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы.

Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі немесе тиісті саланың уәкілетті органы (навигациялық қызметтер көрсетуге қатысты) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында айқындалған тәртіппен белгілейді.

4. Тiзбеге енбейтiн мiндеттi қызмет көрсетулер үшiн төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Тіркеу портының акваториясында жүзу кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелер (бортында қауіпті жүктері бар кемелерді және шығарылғанына жиырма жылдан асқан кемелерді қоспағанда) үшін, олардың маневр операцияларын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін рульді бұру құрылғысы және кеме капитанының осы порт акваториясында жүзу тәжірибесі кемінде он екі ай болған кезде сүйретіп жүзу қызметтерін пайдалану міндетті болмайды және ол осы порттың (теңіз терминалы операторымен) әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

 

36-бап. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жауапкершiлiгi

1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi), сондай-ақ оны өз қарамағына қабылдап алған кезiнен бастап, берген кезiне дейiн берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.

2. Теңiз портына (теңiз терминалының операторына) техникалық операциялар салдарынан келтiрілген залал, оларға:

1) жүк жоғалтылған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалтылған немесе кем шыққан жүк құнының мөлшерiнде;

2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған мүлiктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құны мөлшерiнде өтеледi.

3. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жүк берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн жауапкершiлiгi шартта белгіленедi.

 

37-бап. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету

1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырғаны үшiн өзiне тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында жүктердi ұстап қалып, оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен сатуға құқылы.

2. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) контейнерлердi және (немесе) тасымалдаушыға немесе жөнелтушiге тиесiлi емес, өзге де сол сияқты тасымалдау және буып-түю құралдарын, осы құралдарды жөндеуге немесе жетiлдiруге жұмсалған шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, сатуға құқығы жоқ.

 

38-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану кезіндегі шектеулер

Соттардың немесе өзге де құзыреттi органдардың жалпыға ортақ пайдаланудағы теңiз порты мүлкiне тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануы мұндай мүлiктi пайдаланудың әдеттегi тәртібін қамтамасыз етуге тиiс.

 

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Порттың теңiз әкiмшiлiгi уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Порттың теңіз əкімшілігі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Кəсіпкерлік кодекске жəне осы Заңға сəйкес бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Порттың теңіз əкімшілігі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыру барысында осы Заңға сəйкес жедел ден қою шараларын қолдана алады.

Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау кемені осы Заңның 41 жəне 41-1-баптарына сəйкес қарап-тексеру арқылы жүзеге асырылады.

2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1) Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, бербоут-чартер тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргiзудi және кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн, тиiстi кеме құжаттарын берудi;

2) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, теңiзде жүзу кiтапшаларының тізілімдерін жүргізуді және оларды беруді, сондай-ақ кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын беруді, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұруды, алып қоюды;

4) кеме құжаттарын, дипломдарды, біліктiлiк куәлiктерiн және дипломдар мен біліктiлiк куәлiктерiне растамаларды тексерудi;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

5) кемелердiң портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі туралы талаптардың сақталуына бақылау және қадағалау жасауды;

6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеудi;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

7) лоцмандық қызмет көрсету жұмысына және кемелер жүрiсiн басқару жүйесiне бақылау және қадағалау жасауды;

8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) суға батқан мүлiктi аластауға рұқсаттар берудi;

10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттар берудi;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

11) уәкілетті орган бекiткен Қағидаларға сәйкес уәкілетті органды авариялық жағдай туралы хабардар ету, кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

12) мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi;

 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

13) порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау және қадағалау жасауды;

14) өртке қарсы бақылау жасауды;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауды, іс жүргізуді;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

16) осы Заңда көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануды;

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

17) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

40-бап. Теңiз портының капитаны

1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

2. Теңіз порты капитанының лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізуші дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

3. Порт капитанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

4. Теңiз портының капитаны өз құзыретi шегiнде:

2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 4-тармақтың 1) тармақшасы толықтырылды

1) порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға, соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға;

2) портта тұрған кеменi порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқару iсiне қатыстыру үшiн тартуға;

3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

4) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық алып өтiлуiн белгiлеуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда кеменi қарап тексеруге;

6) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердiң жойылуын тексеру мақсатында кемеге бақылаушылық тексеру жүргiзуге;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеменiң портқа кіруi мен одан шығуы туралы шешiмдер қабылдауға;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.

5. Теңiз портының капитаны:

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)

1) теңiзге шығатын кемелерге бақылау және қадағалау жасауды жүзеге асыруға;

2) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге;

3) осы Заңда белгiленген жағдайларда кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тартуға;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) суға батқан мүлiктi аластау үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 41-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Теңізге шығатын кемелерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:

1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;

2) кеменің негізгі сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуін;

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)

3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын;

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын тексереді.

 

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме алты айда бір реттен жиілетпей міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.

Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені қарап-тексереді.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме:

1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген;

2) порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай өткен;

3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, теңіз портына жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;

4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған;

5) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған;

6) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін Қазақстан Республикасы танымаған ұйым берген;

7) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған;

8) Кеме қатынасының тіркелімінен немесе шетелдік сыныптау қоғамынан кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайтыны туралы жазбаша ақпарат болған;

9) кеменің алдыңғы кіру портында ұсталғандығы туралы ақпарат болған;

10) уәкілетті органнан кеменің адам өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы туралы ақпарат болған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.

Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.

Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді. Нұсқама екі данада жасалады, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі.

4. Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізеді.

Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 41-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді теңіз портында мемлекеттік бақылау мен қадағалау

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Теңізге шығатын кемелерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:

1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;

2) кеменің негізгі сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуін;

3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені қарап-тексереді.

3. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеме:

1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген;

2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оны соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген өзге кезең өткен;

3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, портқа жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;

4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған;

5) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған;

6) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған;

7) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін уәкілетті орган танымаған ұйым берген;

8) порттың теңіз әкімшілігінің немесе шет мемлекеттердің теңіз биліктерінің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын сақтау, теңізде адам өмірін сақтау және теңіз ортасын ластанудан қорғау жөніндегі нұсқамасы орындалмаған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.

4. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып, кемені қарап-тексеру актісі жасалады, ол екі данада жасалып, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі.

5. Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын анықталған кемшіліктердің жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізуі мүмкін.

Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.

6. Анықталған кемшіліктерді теңіз портында жою мүмкін болмаған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемеге, егер кеменің теңіз портына қауіпсіз жетуі үшін қажетті жағдайлар айқындалатын болса, басқа теңіз портына өтуге рұқсат береді. Бұл ретте порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы келесі кіру теңіз портының және ту мемлекетінің құзыретті органы бұл туралы хабардар етілгеніне көз жеткізуге тиіс.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 41-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

41-2-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі

1. Егер бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі теңізде жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, порттың теңіз əкімшілігінің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.

2. Тексеру жүргізуді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша қолданылатын бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.

3. Жедел ден қою шараларына порт құрылысжайын (айлағын) пайдалануды тоқтата тұру жатады.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

5. Порттың теңіз əкімшілігі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуын анықтаған кезде қадағалау актісін ресімдейді.

Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба жасалады жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.

Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.

10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Порттың теңіз əкімшілігі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданылуы тоқтатылады.

11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

12. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.

Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

3) порттың теңіз əкімшілігінің өзінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

42-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1. Әрбір кеме теңіз портынан шыққанға дейін порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамының осыған рұқсатын алуға міндетті.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) кеме техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде;

2) тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiне, кемедегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда;

3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

4) тиісті мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) нұсқамасы болғанда;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

5) теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.

 

43-бап. Кеменi кiдiрте тұру

1. Теңiз портының капитаны құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүзетiн жолдар мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты немесе өзге де зиян келтiрiлуiне байланысты туындаған талабы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнің, жүк иесiнiң мiндеттемелерi қамтамасыз етілгенге дейiн кiдіртіп қоюы мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында тiзiп келтiрiлген талаптар бойынша кеменi кідiрте тұру туралы өкiм, ресми түрде жұмыс күндерi емес деп қаралатын күндердi қоспағанда, жетпiс екi сағат бойы күшiнде болады. Аталған мерзiм iшiнде кеменi құзыреттi органдар тұтқындамаған жағдайда, ол дереу босатылуға тиiс.

3. Кеменi негiзсiз кiдiртуден келтiрiлген залал үшiн кiдiртiп қоюды талап еткен адам жауапты болады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 43-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.

2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін және теңіздегі құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.

6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырысты хатпен;

3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 44-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс

Каспий теңізінің жағалауында жəне қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.

 

 

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-1-тараумен толықтырылды

7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

 

44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Халықаралық және аумақтық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.

2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, авариялық жағдайды болашақта болғызбау және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.

Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді.

4. Тізбесі Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген авариялық жағдайлардың жекелеген түрлерін кеме иелері тергеп-тексереді. Тергеп-тексеру аяқталған соң кеме иесі материалдарды уәкілетті органға және порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.

5. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.

6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді авариялық жағдай болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.

7. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді оқудан өтеді.

8. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.

9. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлеріне қарамастан жүргізеді.

10. Тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне араласуына жол берілмейді.

 

44-2-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері

1. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:

1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге жататын дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;

2) авариялық жағдай болған жерге және кемені пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орнын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және авариялық жағдайға себеп болған немесе туындауына ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;

3) кемедегі объективті бақылау аспаптары немесе ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғы деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдар жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;

4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және авариялық жағдайға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авариялық жағдайдың себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;

5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авариялық жағдайды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;

6) кеме капитанымен және (немесе) кеме иесімен келісу бойынша авариялық жағдай оқиғасы болған жерге жүзу жолында кемеде болуға құқылы.

2. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

 

 

8-тарау. Теңіз лоцмандары

 

45-бап. Кемелердi лоцмандық алып өту

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1. Кемелердi лоцмандық алып өту уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Теңiз лоцмандары ретiнде жұмысқа Қазақстан Республикасының азаматтары, олар уәкiлеттi орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда, жiберiлуi мүмкiн.

3. Уәкiлеттi орган кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей ақпарат етiп жеткізеді.

4. Айдындары шектес теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық алып өту тәртібін теңiз порттарының капитандары белгiлейдi.

 

46-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Кемелердi лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасына сәйкес мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттарын қоспағанда, кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту аудандарында кеме лоцмансыз жүзудi жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттары туралы ақпарат теңiз порттарына жалпыға бірдей мәлiмет ретiнде мiндеттi түрде жеткiзiледi.

 

47-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту

1. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны кемеге лоцман алуға құқылы.

2. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес аудандарда теңiз портының капитаны:

1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;

2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда кеме капитанына теңiз портының капитаны оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды.

 

48-бап. Кеме лоцманы мен капитанының жауапкершiлiгi

Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кеме басқаруға жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде кеме капитаны кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында ол лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы. Кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етуге тиiс.

 

49-бап. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк үшiн жауапкершiлiк

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Лоцман қызметкерi болып табылатын ұйымның кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн жауапкершiлiгi осындай қызмет көрсету үшiн төленетiн ақының он есесiне тең сомамен шектеледi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Егер тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк салдарынан кемеге келтiрiлген залалдар лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны дәлелденсе, лоцман қызметкерi болып табылатын ұйым толық көлемiнде жауапты болады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

3. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн кiнәлi лоцман кемелердi лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда біліктiлiк дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.

 

 

9-тарау. Суға батқан мүлік

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

49-1-бап. Суға батқан мүлік туралы хабарлау, суға батқан мүлік жатқан жерді анықтау және оны белгілеу

1. Авариялық жағдайдың салдары болып табылатын суға батқан мүлікке мыналар жатады:

1) суға батқан немесе қайраңға отырған кеме;

2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объектіні қоса алғанда, суға батқан немесе қайраңға отырған кеменің кез келген бөлігі;

3) теңізде кемеден жоғалған және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объект;

4) егер кемеге немесе басқа да мүлікке көмек көрсету жөнінде шаралар енді қолданылмайтын болса, суға батуға немесе қайраңға отыруға шақ қалған не суға бататын немесе қайраңға отыратын кеме.

2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында авариялық жағдайда суға батқан кеменің меншік иесі мен капитаны порттың теңіз әкімшілігіне суға батқан мүлік туралы мәліметтерді уәкілетті орган көздеген тәртіппен дереу хабарлауға міндетті.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 50-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

50-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнің аластауы

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бір жыл iшінде суға батқан мүлікті аластау қағидаларына сәйкес осындай мүлікті аластау ниетi бар екенiн ең жақын теңiз портының капитанына хабарлауға тиiс.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктің меншiк иесiнің өтiнiшiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi аластаудың мерзiмiн белгiлейдi. Суға батқан мүлiктің меншiк иесiнiң рұқсат алған кезден бастап бір жыл iшiнде оны аластауды жүзеге асыруға құқығы бар.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер суға батқан мүлiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне немесе теңiздi ластау арқылы залал келтiру қатерiн төндiрсе, не судағы биологиялық ресурстар кәсіпшiлiгiн жүзеге асыруға, порт қызметiне және порттағы жұмыстарға кедергi келтiрсе, суға батқан мүлiктің меншiк иесi оны теңiз порты капитанының талабы бойынша және ол белгiлеген ақылға қонымды мерзiмде аластауға мiндеттi.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз болған жағдайда теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктi аластау үшiн белгiленген мерзiмдер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмет жариялайды. Егер бұл орайда суға батқан кеменiң туы белгiлi болса, теңiз портының капитаны кеме тиесiлi мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық тұлғасына тиiстi хабар жiбередi.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мәлiмдеме жасамаған немесе мүлiктi белгіленген мерзімде аластамаған жағдайда мұндай мүлiктi құрайтын заттар иесiз деп танылады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

Ескерту. Осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумақтық суларында суға батқан кеменің иесі не кеменің меншік иесі суға батқан мүліктің меншік иесі болып табылады.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 51-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi аластауы

1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнің, егер:

1) суға батқан мүлiктiң иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бір жыл iшiнде анықталмаса;

2) меншiк иесi осы Заңның 50-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi оны аластау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдар қолданса;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың өлiмiне, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектілеріне зиян келтiруге халықты едәуiр материалдық шығынға ұшыратуға және оның тiршiлiк жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзалаларды немесе апаттарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес суға батқан мүлiктi аластауға құқығы бар.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда суға батқан мүлiктi аластау мүлiктiң меншiк иесiнiң есебiнен жүзеге асырылады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер суға батқан мүлiк аласталған кезден бастап бір жылдан аспайтын уақыт өтсе, оның меншiк иесi суға батқан мүлікті аластауға жұмсалған шығындарды өтегеннен кейiн, суға батқан, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аласталған мүлікті талап етуi мүмкiн.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

51-1-бап. Суға батқан мүліктің меншік иесінің жауапкершілігі

1. Суға батқан мүліктің меншік иесі, суға батқан мүлікке:

1) соғыс қимылдары, дұшпандық әрекеттер, азаматтық соғыс, көтеріліс немесе болмай қалмайтын және еңсерілмейтін дүлей құбылыс салдарынан;

2) залал келтіру ниеті бар үшінші тұлғалардың қасақана әрекетімен (әрекетсіздігімен);

3) оттарды немесе кемеден тысқары жерлердегі басқа да навигациялық құралдарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған, олардың тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан залал келтірілген жағдайларды қоспағанда, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау, белгілеу және оны аластау шығыстары үшін жауапты болады.

2. Сол бір авариялық жағдайдан туындаған, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға байланысты суға батқан мүліктің меншік иесі жауапкершілігінің мөлшері мынадай тәртіппен есептелетін жалпы сомамен шектеледі:

сыйымдылығы қоса алғанда 2000 тіркелімдік тоннадан аспайтын кеме үшін - 1,51 миллион есептік бірлік;

сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннадан асатын кеме үшін осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген сомаға мынадай сома қосылады:

2001-ден 30000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға - 604 есептік бірлік;

30001-ден 70000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға - 453 есептік бірлік;

және 70000 тоннадан астам әрбір тоннаға - 302 есептік бірлік.

3. Жалпы сыйымдылығы 300 тіркелімдік тонна және одан астам кеменің меншік иесі суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыруға не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілікті өзге де қаржылық қамтамасыз етуді беруге міндетті.

4. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіретін кеменің бортында суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлігі болуы міндетті.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерге суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті порттың теңіз әкімшілігі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша береді.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

52-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің және порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіру құқығы

1. Мыналардың:

1) суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу кезінде келтірілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің;

2) осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстар бойынша порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіруге құқығы бар.

2. Келтірілген шығыстарды өтеу:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, аласталған суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома есебінен жүзеге асырылады, қалған сома суға батқан мүліктің меншік иесіне беріледі;

2) егер суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға жұмсалған шығыстарды жаппаса, суға батқан мүліктің меншік иесінің есебінен жүзеге асырылады.

Келтірілген шығыстарды өтеуден алынған қаражат мемлекет кірісіне есепке жатқызылады.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 53-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

53-бап. Суға батып, кездейсоқ аласталған мүлiк (олжа)

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе ашық теңiзде сауда мақсатында теңiзде жүзуге байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде суға батып, кездейсоқ аласталған мүлiк Қазақстан Республикасының ең жақын теңiз портына өткiзiлуге тиiс. Теңiз әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында осындай мүлiкке қатысты көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

 

10-тарау. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты

 

54-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты

1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi белгiленген портқа жеткізуге және жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (алушыға) беруге мiндеттенедi, ал жөнелтушi немесе алушы жүктi тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге және жүктi қабылдап алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты жүктi теңiз арқылы тасымалдау үшiн бүкiл кеменi, оның бір бөлiгiн немесе кемедегi белгілi бір жайларды (чартер) беру талабымен, сондай-ақ мұндай талап қойылмай жасалуы мүмкiн.

 

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 54-1-баппен толықтырылды

54-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау

Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.

 

55-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының нысаны

Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты коносаментпен, чартермен, теңiз жүкқұжатымен ресiмделедi. Коносаменттiң, чартердiң, теңiз жүкқұжатының нысаны тасымалдау ережелерiмен белгіленедi.

 

56-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмді шарт

1. Жүк тасымалдауды үнемi жүзеге асыру қажет болған жағдайда тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші жүкті теңіз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттар жасаса алады.

Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келісілген көлемде табыс етуге мiндеттенедi.

Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалданатын жүктi табыс етудiң басқа да талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де талаптары белгiленедi.

2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттағы келісілген жүктi тасымалдау талаптары, егер тараптар өзгеше келісімге келмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына енгiзiлген болып есептеледi.

Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының талаптары жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптарына қайшы келген жағдайда жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының ережесi қолданылады.

3. Коносаментке енгiзiлмеген жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптары, үшiншi тұлға үшiн, егер ол кеменi жалдаушы болмаса, мiндеттi болмайды.

 

57-бап. Чартердiң мазмұны. Чартер бойынша құқықтар беру

1. Чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, жүктiң тегi мен түрiне сiлтеме, жалдау ақысының мөлшерi, жүктiң тиелген порты, тиелген орны, сондай-ақ кеменің баратын порты немесе бағыты көрсетiлуге тиiс. Тараптардың келісімi бойынша чартерге өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

2. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде кеменi жалдаушы тасымалдаушының келісімiмен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша үшiншi тұлғаға өз құқығын беруге құқылы. Кеменi жалдаушы, сондай-ақ ол өзiнiң құқығын берген үшiншi тұлға, егер чартерде өзгеше көзделмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындамағаны үшiн тасымалдаушының алдында ортақ жауапкершiлiкте болады.

 

58-бап. Чартер мен коносаменттiң арақатынасы

Чартер шартының тарабы болып табылмайтын тасымалдаушы және алушы арасындағы қатынастар коносаментпен айқындалады. Егер коносаментте чартердiң талаптарына сiлтеме жасалса, олар алушы үшiн мiндеттi болады.

 

59-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Тасымалдаушы дер кезiнде, рейс басталғанға дейiн кеменi теңiзде жүзетiн жағдайға келтiруге: кеменiң жүзуге қауіпсіздігін және техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, кеменi тиiстi деңгейде жарақтауға, оны экипажбен жасақтауға және не қажеттiнiң бәрiмен жабдықтауға, сондай-ақ трюмдер мен кеменiң басқа да жүк тасымалданатын жайларын жүктi тиiсiнше қабылдауды, тасымалдауды және сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiп қоюға мiндеттi.

2. Егер жүктi тасымалдау коносамент негiзiнде жүзеге асырылса немесе коносамент чартерге сәйкес берiлiп, тасымалдаушы мен кеменi жалдаушы болып табылмайтын коносамент ұстаушының арасындағы қатынасты реттейтiн болса, тараптардың осы баптың 1-тармағына қайшы келетiн келісімi жарамсыз болады.

 

60-бап. Кеменi ауыстыру

Жүк белгiлi бір кемеде тасымалдануға тиiс болған жағдайда, оны тиеу басталғаннан кейiн пайда болған техникалық қажеттердің салдарынан жүктi қайта тиеудi қоспағанда, жүк кеменi жалдаушының немесе жөнелтушiнiң келісімiмен ғана басқа кемеге тиелуi мүмкiн.

 

61-бап. Кеменiң жүк тиеуге дайын екендiгi туралы хабарлау

1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушыға немесе жөнелтушiге, егер ол кеменi жалдаушы болып көрсетiлсе, кеменің жүк тиеуге дайын екенiн немесе белгiлi бір уақытта дайын болатынын жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабар кеме тиеу портында немесе осы порт үшiн әдеттегi күту орнында тұрған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген хабар берудің күнi мен сағаты тараптардың келісімiмен, ал келісім болмаған жағдайда - осы порттағы үрдiстермен белгiленедi.

3. Кеме хабарда көрсетiлген уақытта жүк тиеуге дайын болмаған жағдайда, осыған байланысты кеменi жалдаушыға келтiрiлген залалды тасымалдаушы өтеуге тиiс.

 

62-бап. Жүк тиеу орны

1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушы көрсеткен жүк тиелетiн орынға кеменi қоюға мiндеттi. Кеменi жалдаушы жүктi тиеу үшiн қауiпсiз және жарамды, кеме жүзетiн күйiнде тұра алатын орынды көрсетуге тиiс. Егер кеменi жалдаушы көрсеткен орын жүк тиеуге жарамсыз болса немесе бірнеше кеменi жалдаушы жүк тиеуге әртүрлi орын көрсетсе, тасымалдаушы кеменi сол портта әдетте пайдаланып жүрген жүк тиеу орнына қоюға құқылы, бұл туралы кеменi жалдаушыға алдын ала ескертедi.

Кеменi жалдаушы өз есебiнен кеменi басқа жүк тиеу орнына қоюды талап етуге құқылы.

2. Желілік қатынаста жүк тасымалдау кезінде жүк тиелетiн орынды тасымалдаушы белгiлейдi. Егер жүк тиеу аталған порт үшiн әдеттен тыс орында жүргiзiлсе, тасымалдаушы жөнелтушiге жүк тиелетiн орын туралы хабарлайды.

 

63-бап. Кеменiң берiлу мерзiмi

Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi чартерде келісілген мерзiмде беруге мiндеттi. Кеме аталған мерзiмде берiлмеген жағдайда кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тартып, зияндардың өтелуiн талап етуге құқылы.

 

64-бап. Сталиялық уақыт

1. Сталиялық уақыт тараптардың келісімiмен, мұндай келісім болмаған жағдайда - тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдермен белгiленедi.

2. Сталиялық уақыт жөнелтушiге, кеменi жалдаушыға кеменiң жүк тиеуге дайын екенi туралы хабар жiберiлгеннен кейiнгi келесi күннен бастап жұмыс күндерiмен, сағаттарымен және минуттарымен есептеледi.

3. Тасымалдаушыға байланысты себептер бойынша не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан немесе жүктің сақталуына қауiп төндiретiн немесе оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлардың салдарынан жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiлмейдi.

Кеменi жалдаушыға байланысты себептер бойынша жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiледi.

4. Жүк тиеу сталиялық уақыт есептеле бастағанға дейiн басталған жағдайда жүк тиеуге нақты кеткен уақыт сталиялық уақытқа есептеледi.

5. Осы бапта белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады.

 

65-бап. Контрсталиялық уақыт

1. Контрсталиялық уақыттың ұзақтығы тараптардың келісімiмен, ал ол болмаған жағдайда - жүк тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдерiмен белгiленедi.

2. Контрсталиялық уақыт сталиялық уақыт аяқталған кезден бастап күнтiзбелiк күндермен, сағаттармен және минуттармен есептеледi.

3. Контрсталиялық уақытқа жексенбi және ресми белгiленген мерекелiк күндер, портта жұмыс iстемейтiн деп жарияланған уақыт, сондай-ақ еңсерiлмейтiн күш немесе жүктің сақталуына қатер төндiретiн не оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлар туғызған жүк тиеудегi үзiлiстер де кіреді. Тасымалдаушыға байланысты себептермен жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт контрсталиялық уақытқа енгiзiлмейдi.

4. Осы бапта, сондай-ақ осы Заңның 66-68-баптарында белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады.

 

66-бап. Демерредж

Демерредж тараптардың келісімiмен, ал мұндай келісім болмаған жағдайда - тиiстi портта әдетте қабылданған ставкаға сәйкес белгiленедi. Мұндай ставкалар болмаған жағдайда демерредж кеме мен оның экипажын күтiп-ұстауға жұмсалған шығыстармен анықталады.

 

67-бап. Диспач

Тараптардың келісімiмен диспач белгiленуi мүмкiн. Мұндай келісім болмаған жағдайда диспач мөлшерi демерредждiң екiден бірi мөлшерiнде есептеп шығарылады.

 

68-бап. Тасымалдаушының кеменi контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзуге жөнелту құқығы

1. Егер бүкiл келісілген жүк тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша кемеге тиелмесе де, тасымалдаушының контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн кеменi жүзуге жөнелтуге құқығы бар. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады.

2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, жүктi қабылдау мен салып қою кеменi белгiленген мерзiмнен астам уақыт ұстауы мүмкiн болғанымен, тасымалдаушының сталиялық немесе контрсталиялық уақыт аяқталғанға дейiн, мұндай уақыт туралы келісім болған кезде, жеткiзiлген жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

3. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, тасымалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн, мұндай уақыт туралы келісім болған жағдайда, жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар, кейiн ол кiдiртiлiп берiлуi салдарынан кемеге тиiстi түрде және қалған жүк үшiн зиян келтiрiлмей кемеге кешiктiрiлiп қана тиелуi мүмкiн. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады.

 

69-бап. Тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жүктi қабылдау уәкiлеттi органға дереу хабарлана отырып, порттың теңiз әкiмшiлiгiнің өкiмiмен уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн, уәкілетті орган тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсуi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi.

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi аралас тасымалда немесе тiкелей теңiз қатынастарында және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы жүктi жөнелтушiлерге дереу хабарлайды.

 

70-бап. Кеменiң кiдiртiлгенi үшiн залалдарды өтеу

Кеменiң контрсталиялық уақыттан артық кiдiртiлгенi үшiн жөнелтушi, кеменi жалдаушы, егер кеменiң кiдiртiлуi тасымалдаушыға байланысты емес себептерден болса, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеуге мiндеттi.

 

71-бап. Кеменi жалдаушының талап етуiмен жүзуге мерзiмiнен бұрын жөнелту

Кеменi жалдаушыға жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда тасымалдаушы кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер барлық жүк тиелмесе де, кеменi жүзуге жөнелтуге мiндеттi. Мұндай жағдайда тасымалдаушы толық жалдау ақысына құқығын сақтап қалады.

 

72-бап. Жүктi буып-түю және таңбалау

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Тасымалдау кезінде жүктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін ыдысқа салуды және буып-түюді қажет ететін жүктер, оның ішінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес буып-түйілген қауіпті жүктер тасымалдау үшін жарамды ыдысқа салынып және буып-түйіліп берілуге тиіс. Ыдыс және қаптама техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Жөнелтушi жүктi тиiсiнше таңбалап, тасымалдаушыға ол туралы қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. Жүк айрықша назар аударуды қажет ететiн жағдайда жөнелтушi жүктiң қасиеттерi мен оны қарап-ұстаудың тәртібін тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.

 

73-бап. Палубалық жүк

1. Тасымалдаушының тек тасымалдаушы мен жөнелтушiнiң арасындағы келісімге сәйкес қана палубада жүк тасымалдауға құқығы бар.

2. Тасымалдаушы мен жөнелтушi жүктiң палубада тасымалдануы тиiс немесе мүмкiн екендiгi туралы келісімге келген жағдайда, тасымалдаушы мұндай келісімге қол жеткiзiлгенi туралы коносаментте немесе жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы оны көрсетпеген жағдайда, ол жүктi палубада тасымалдау туралы келісімнiң жөнелтушiмен жасалғаны туралы дәлелдеуге тиiс. Тасымалдаушының коносаментті адал жолмен иемденген үшiншi тұлғаға қатысты, соның iшiнде алушыға қатысты мұндай келісімге сiлтеме жасауға құқығы жоқ.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелердi бұза отырып, палубада жүк тасымалданған жағдайда, тасымалдаушы палубада жүк тасымалдау туралы келісімге сiлтеме жасай алмайды және жүктi тек қана палубада тасымалдау салдарынан жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) немесе оның кешiктiрiлiп жеткiзiлгенi үшiн жауапты болады. Бұл орайда осы Заңның 102-бабында көзделген ережелер қолданылуға жатпайды.

Тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы Заңның 104 және 105-баптарына сәйкес айқындалады.

4. Егер жүктi трюмде тасымалдау туралы келісім болса, жүктi палубада тасымалдау осы Заңның 105-бабына сәйкес тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу құқығын жоғалтуға әкеп соғатын әрекетi (әрекетсiздiгi) деп қарастырылады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 74-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

74-бап. Қауiптi жүк

1. Қауiптi жүктi тапсыру кезiнде оның атауы туралы терiс мәлiметтер берiлiп, тасымалдаушының сырттай қарау арқылы оның қасиеттерiне көз жеткізуi мүмкiн болмаған жағдайда, тасымалдаушы жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды және зарарсыздандыруды соның есебiнен кез келген уақытта жүзеге асыруға құқылы.

Жөнелтушi тасымалдаушының алдында оған осындай жүктi тиеу салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады. Қауiптi жүктi тасымалдағаны үшiн жалдау ақысы қайтарылуға жатпайды. Жалдау ақысы төленбеген жағдайда тасымалдаушы жөнелтушiден оның құнын толық көлемінде өндірiп алуға құқылы.

2. Қауіпті жүкті тасымалдауға арналған кемеде шетелдің сыныптаушы қоғамы берген қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болуы тиіс.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болмаған жағдайда, теңіз көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

3. Егер тасымалдаушының келісімiмен кемеде тұрған қауiптi жүк кемеге, кемедегi адамдарға және жүкке қатер төндiрсе, тасымалдаушы мән-жайларға қарай, жалпы авария жағдайларын қоспағанда, жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды немесе зарарсыздандыруды жүзеге асыруға құқылы.

Тасымалдаушының қауiптi жүкпен кеменiң нақты жүрiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар.

 

75-бап. Жүктi ауыстыру

Чартерде тегi немесе түрi айқындалған жүк тек тасымалдаушының келісімiмен ғана өзге тектегi немесе түрдегi жүкпен ауыстырылуы мүмкiн.

 

76-бап. Бөгде жүктi түсiрiп тастау

1. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен, оның бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бір жайлары берiлген жағдайда жөнелтушi кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан жөнелту портында, жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда - кез келген кіру портында бөгде жүктi түсiрiп тастауды талап етуге құқылы.

2. Жүк кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан уақтылы түсiрiлмеген жағдайда кеменi жалдаушының жалдау ақысын тиiсiнше азайтуды, сондай-ақ кеменi жалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеудi талап етуге құқығы бар.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

77-бап. Жүкке қоса жүретiн құжаттар

Жөнелтушi, жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық сертификат, кеден декларациясы және өзге де құжаттар) тасымалдаушыға беруге мiндеттi.

Жөнелтушi мұндай құжаттардың уақтылы берілмегенi, дұрыс немесе толық болмауы салдарынан келтiрiлген зияндар үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.

 

78-бап. Теңiз жүкқұжатын беру

Жөнелтушi тасымалдаушыдан коносаменттiң орнына теңiз жүкқұжатын берудi талап етуге құқылы. Осы Заңның, тауарға билiк жасау құжаты ретiнде коносаментке қатысты, 80-бабын, 81-бабының 2-тармағын, 83, 84-баптарын және 85-бабының 2-тармағын қоспағанда, теңiз жүкқұжатына осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады.

 

79-бап. Коносамент беру

1. Жүктi тасымалдау үшiн қабылданғаннан кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен жөнелтушiге коносамент беруге мiндетті.

Коносамент, жөнелтушi қол қойған, осы Заңның 81-бабы 1-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетiлген деректер болуға тиiстi құжаттың негiзiнде жасалады.

2. Жөнелтушi тасымалдаушыға коносаментке енгізу үшiн табыс етiлген деректердiң дұрыстығына кепiлдiк бередi және мұндай деректердiң дұрыс еместiгi салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген залал үшiн жауапты болады. Тасымалдаушының жөнелтушiге залалдарды өтеттiрiп алуға құқығы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының жөнелтушiден өзге тұлға алдындағы жауапкершiлiгiн жоймайды.

 

80-бап. Коносаменттiң түрлерi

Коносамент белгiлi бір алушының атына (атаулы коносамент), жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына (ордерлiк коносамент), не ұсынушыға берiлуi мүмкiн. Жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына берiлгенi туралы көрсетiлмеген ордерлiк коносамент жөнелтушiнiң бұйрығына берiлген болып есептеледi.

 

81-бап. Коносаменттiң мазмұны

1. Коносаментке мынадай деректер енгiзiлуге тиiс:

1) тасымалдаушының атауы және оның тұратын жерi;

2) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес тиеу портының атауы және тасымалдаушының тиеу портында жүктi қабылдаған датасы;

3) жөнелтушiнiң атауы және оның тұратын жерi;

4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес түсiру портының атауы;

5) егер алушыны жөнелтушi көрсеткен болса, алушының атауы;

6) жүктің атауы, жүктi бірдейлендiруге қажеттi негiзгi таңбалар, тиiстi жағдайларда жүктiң қауiптi сипатын немесе ерекше қасиеттерiн көрсету, орынның немесе заттардың саны және жүктiң массасы немесе оның өзгеше түрде көрсетiлген саны. Бұл орайда барлық деректер жөнелтушi қалай ұсынса солай көрсетiледi;

7) жүктiң сыртқы жай-күйi және оның буып-түйiлуi;

8) алушы төлеуге тиiс мөлшердегi жалдау ақысы немесе жалдау ақысын олардың төлеуге тиiс екенiн өзге де түрде көрсету;

9) коносаменттiң берiлген уақыты мен орны;

10) егер коносамент біреуден көп болса, олардың түпнұсқаларының саны;

11) тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет етушi адамның қойған қолы. Кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушының атынан қол қойылған деп есептеледi.

Тараптардың келісімi бойынша коносаментке өзге де деректер енгiзiлуi мүмкiн.

2. Жүк кеме бортына тиелгеннен кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен оған борт коносаментiн бередi, онда осы баптың 1-тармағында көзделген деректерге қосымша, жүктiң белгiлi бір кеменiң немесе кемелердiң бортында екендiгi, сондай-ақ жүктiң тиелген датасы көрсетiлуге тиiс.

3. Тасымалдаушы кеме бортына жүк тиелгенге дейiн жөнелтушiге тасымалдау үшiн қабылданған жүкке коносамент немесе сол жүкке қатысты өзге де тауарға билiк жасау құжатын берген жағдайда жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша борт коносаментiнiң орнына сондай құжатты қайтаруға мiндеттi.

4. Тасымалдаушы бұрын берiлген кез келген құжатты толықтыру арқылы, егер осылайша толықтырылған құжатқа борт коносаментiнде болуға тиiс деректердiң бәрi енгiзiлген болса, жөнелтушiнiң борт коносаментiне қойған талаптарын қанағаттандыра алады.

 

82-бап. Коносаменттегi ескертпелер. Коносаменттiң дәлелдеу күшi

1. Коносаментте жүктiң атауына, оның негiзгi таңбаларына, орындар немесе заттар санына, жүктің массасына немесе санына қатысты деректер болып, тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берген басқа тұлға мұндай деректердiң нақты қабылданған немесе тиелген жүкке сәйкес еместiгiн бiлген немесе жеткiлiктi негiздер бар деп есептеген, борт коносаментiн беру кезiнде не тасымалдаушының немесе басқа да осындай тұлғаның аталған деректердi тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тасымалдаушы немесе басқа да осындай тұлға коносаментке аталған деректердiң дәл еместігiн, жорамалдардың негiздемесiн немесе тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiктiң болмағанын нақты көрсететiн ескертпе енгізуге тиiс.

2. Тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берушi басқа тұлға коносаментте жүктiң сыртқы жай-күйiн көрсетпесе, коносаментте жүктiң тиiстi сыртқы жай-күйi көрсетiлген деп есептеледi.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жол берiлетiн ескертпе енгiзiлген деректердi қоспағанда, егер өзгеше дәлелденбесе, коносамент тасымалдаушының жүктi тасымалдау үшiн қабылдауы коносаментте сипатталғандай етiп куәландырылады. Егер коносамент жүктiң коносаменттегi сипатталуын негiзге ала отырып адал әрекет еткен үшiншi тұлғаға берiлсе, тасымалдаушының өзгеше дәлелдеуiне жол берiлмейдi.

 

83-бап. Коносамент даналарының көп болуы

Жөнелтушiнiң тiлегi бойынша оған коносаменттiң бірнеше данасы (түпнұсқалары) берiлуi мүмкiн, әрi олардың әрқайсысында қолда бар коносамент түпнұсқаларының саны көрсетiледi. Ұсынылған коносамент түпнұсқаларының бірiншiсiнiң негiзiнде жүк берiлгеннен кейiн оның қалған түпнұсқалары күшiн жоғалтады.

 

84-бап. Коносамент беру

Коносамент мынадай ережелер сақтала отырып берiледi:

1) атаулы коносамент атаулы өткізу жазбалары бойынша немесе талапты басқаға беру нысанына қойылатын ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлуi мүмкiн;

2) ордерлiк коносамент атаулы немесе бланкiдегi өткізу жазбасы бойынша берiлуi мүмкiн;

3) коносамент ұсынушыға жай ғана тапсыру арқылы берiлуi мүмкiн.

 

85-бап. Жүкке билiк ету құқығы

1. Жөнелтушiнiң жүктi алушыға бергенге не осындай құқықты алушыға немесе үшiншi тұлғаға бергенге дейiн оған билiк етуге құқығы бар.

2. Жөнелтушiнiң кеме кеткенге дейiн жөнелтiлетiн жерiнде жүктi керi қайтаруды, жүктi аралық портта берудi немесе оны, осы Заңның 89 және 91-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, жөнелтушiге берiлген барлық коносамент түпнұсқаларын көрсеткен немесе тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған кезде, тасымалдау құжатында көрсетiлген алушыдан басқаға берудi талап етуге құқығы бар.

 

86-бап. Тасымалдаушының жүкке қатысты мiндеттерi

1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау үшiн қабылдаған кезден бастап оны берген кезге дейiн тиеудi, тасымалдауды және түсiрудi тиiстi түрде жүзеге асыруға және жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүкке оның ерекше қасиеттерiне қарай жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында аталған тиiсiнше назар аударып қарау талап етiлетiн жағдайда, тасымалдаушы жүктiң осындай нұсқауларға сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды бұза отырып жасалған шарттар жарамсыз болады.

 

87-бап. Жүк тасымалдаудың мерзiмi мен маршруты

Тасымалдаушы жолаушыны, багаж бен жүктi тараптардың келісімiмен белгiленген мерзiмде және маршрут бойынша апарылатын портқа (пунктке) жеткізуге мiндеттi. Мұндай келісім болмаған жағдайда ақылға қонымды мерзiмде және әдеттегi маршрут бойынша жеткiзiлуге тиiс.

 

88-бап. Кеменiң белгiленген портқа кіруiне кедергiлер

1. Тасымалдаушыға байланысты емес себептердiң салдарынан кеме баратын портына кiре алмаған жағдайда, тасымалдаушы бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не мұндай тұлға тасымалдаушыға белгiлi болса, жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлғаға дереу хабарлауға мiндеттi.

2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап ақылға сыйымды мерзiм iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитанының пiкiрiнше, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлға үшiн неғұрлым тиiмдi болып көрiнуiне қарай, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бірiнде түсiріп кетуге не жүктi жөнелтiлген портына қайтаруға құқылы.

3. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап үш тәулiк iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бірiне түсiрiп кетуге және жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаға бұл туралы хабарлауға құқылы. Кеме капитаны өзi алған өкiмдi кемедегi басқа жүктердің иелерiне залал келтiрмей орындай алмайтын болған жағдайда да солай iстеуге құқылы.

4. Тасымалдаушы жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өкімін күткен жағдайда, тасымалдаушының осындай күтуге байланысты шығыстарын, сондай-ақ кеменiң нақты жүріп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтеткiзiп алуға құқығы бар.

 

89-бап. Тараптардың жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы екiншi тарапқа зияндарды өтемей, кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн:

1) кеменi немесе жүктi басып алу қатерiн төнгiзетiн соғыс қимылдары мен өзге де iс-әрекеттер;

2) жөнелтiлетiн орынның немесе баратын орынның қоршауға алынуы;

3) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптарына байланысты емес себептермен кеменiң кiдiртiлуi;

4) төтенше сипаттағы жағдайлар кезiнде кеменi мемлекеттік қажеттерге тарту;

5) тасымалдануға тиiс жүктi жөнелтiлетiн жерден алып шығуға немесе баратын жерiне жүктi алып кіруге тыйым салынған мән-жайлар туындаған кезде ол шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген мән-жайлар, егер кеме қысқа мерзiмге кiдiртiледi деп көзделсе, екiншi тарапқа зияндарды өтемей жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.

Осы тармақта көзделген мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы жүктi түсiруге жұмсалған шығыстарды көтермейдi.

2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы, сондай-ақ рейс кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген кез келген мән-жайлардың бірi туындауы салдарынан, оны орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл орайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға жүкке жұмсалған барлық шығыстарын, соның iшінде оны түсiруге жұмсалған шығыстарын, сондай-ақ кеме нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтейдi.

 

90-бап. Тасымалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

Тиелген жүктің құны жалдау ақысы мен тасымалдаушының жүк бойынша басқа да шығыстарын жаппайтын, ал жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме жөнелтiлер алдында жалдау ақысын толық енгiзбеген не қосымша қамтамасыз етiп бермеген жағдайда тасымалдаушының кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға толық жалдау ақысының екiден бір бөлiгiн, ал босқа тұрып қалу болған жағдайда - босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығыстарын өтеуге тиiс. Жүктi түсiру жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.

 

91-бап. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы

1. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы:

1) егер жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн бас тартса не кеме рейске шыққанға дейiн аталған жәйттердің қайсысы бұрын туындаса, толық жалдау ақысының екiден бірiн, босқа тұрып қалу болған жағдайда - тасымалдаушы жүк есебiнен жасаған және шығыстар жалдау ақысының сомасына енгiзiлмеген босқа тұрып қалу үшiн төленетiн ақыны;

2) егер жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бірiнен кейiн болса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бір рейске жасалса, толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды;

3) бірiншi рейс үшiн толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бірiнен кейiн бас тартса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бірнеше рейске жасалса, қалған рейстер үшiн жалдау ақысының екiден бірiн төлеген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы.

Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан жағдайда тасымалдаушы, егер жүктi түсiру тiптi кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiртетiн болса да, жүктi жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға беруге мiндеттi.

Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан рейс кезiнде бас тартқан жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес кеме кіруге тиiстi немесе қажеттiлiкке қарай кiрген портта ғана жүктің берiлуiн талап етуге құқылы.

2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы толық жалдау ақысы, бос тұрып қалғаны үшiн ақы төленген, тасымалдаушының жүк есебiнен жасалған және жалдау ақысы сомасына енгiзiлмеген шығыстары өтелген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тасымалдаушы жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер бұдан тасымалдаушыға және басқа жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға залал келтiрiлмейтiн болса ғана, жүктi белгiленген портқа жеткiзгенге дейiн беруге мiндеттi.

 

92-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмағандықтан олардың тоқтатылуы

1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты, егер оны жасағаннан кейiн және кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн тараптарға байланысты емес мән-жайлар салдарынан:

1) кеме опат болған немесе күшпен басып алынған;

2) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған;

3) жеке-дара анықталған жүк жойылған;

4) жүктi тиеу үшiн жөнелтушi теңiз портына өткiзгеннен кейiн және жөнелтушi тиеу үшiн басқа жүктi тапсырып үлгiрмеген, тектiк белгiлерi анықталған жүк жойылған болса, тараптардың бірi екiншi тарапқа шарттың тоқтатылуы туғызған залалдарды өтеу мiндетiнсiз тоқтатылады.

2. Тасымалдау жөніндегі мiндеттеменi осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар бойынша рейс кезiнде орындау мүмкiн болмағандықтан ол тоқтатылған жағдайда, құтқарылған және сақтауға немесе алушыға өткiзiлген жүктiң саны негiзге алына отырып, тасымалдаушыға кеменiң нақты жүзiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысы төленедi.

 

93-бап. Жүктi алуға құқығы бар тұлға

1. Тасымалдануы коносамент негiзiнде жүзеге асырылатын жүктi тасымалдаушы түсiру портында коносаменттiң түпнұсқасын:

1) атаулы коносаменттiң түпнұсқасын - коносаментте аталған алушыға немесе коносамент атаулы өткізу жазбасы бойынша немесе талапты басқаға беру үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлген тұлғаға;

2) ордерлiк коносаменттiң түпнұсқасын - бұйрығына коносамент жасалған тұлғаға, коносаментте өткізу жазбалары болған жағдайда - өткізу жазбаларының үзiлiссiз қатарындағы соңғы аталған тұлғаға немесе соңғы бланкiлiк жазбасы бар коносаменттi ұсынушыға;

3) ұсынушыға арналған коносаменттiң түпнұсқасын - коносаменттi ұсынушыға бередi.

2. Жүк тасымалдау теңiз жүкқұжаты негiзiнде немесе өзге де құжат негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайда, тасымалдаушы жүктi осындай құжатта аталған алушыға немесе жөнелтушi көрсеткен алушыға беруге құқылы.

 

94-бап. Жүктi сақтауға өткізу

1. Жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бір бөлiгi берiлген жағдайда, егер түсiру портында алушы жүктi талап етпесе немесе одан бас тартса не жүк белгiленген уақытта түсiрiле алмайтындай етiп оны қабылдауды кешiктiрсе, тасымалдаушы жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның есебiнен жүктi сақтауға өткiзіп, бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға, сондай-ақ алушы тасымалдаушыға белгiлi болса, соған хабарлауға құқылы.

2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, тасымалдаушы жүктi түсiрудi және сақтауға өткізудi, егер сталиялық және контрсталиялық уақыт iшiнде жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өзге өкімі түспесе, сталиялық және контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзеге асырады. Тасымалдаушының жүктi сақтауға өткізу үшiн жұмсаған уақыты босқа тұрып қалған уақыт ретiнде қарастырылады.

3. Кеменiң түсiру портына келген күнiнен бастап екi ай iшiнде сақтауға өткiзiлген жүк талап етiлмеген және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлға тасымалдаушыға жүктi тасымалдағаны үшiн тиесiлi төлемдердi төлемеген жағдайда тасымалдаушы жүктi белгiленген тәртіппен сатуға құқылы. Талап етiлмеген тез бүлiнетiн жүк, сондай-ақ сақтауға кететiн шығыны өз құнынан асып түсетiн жүк аталған мерзiм бiткенге дейiн, бірақ ерте дегенде жүктi жеткізу мерзiмiнде сатылуы мүмкiн.

4. Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен жүктi сақтауға және сатуға кеткен шығыстар шегерiлiп, жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға берiледi.

Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi және жүктi сақтау мен сатуға кеткен шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiрiп алуға құқылы.

 

95-бап. Жүктi алушыға берген кездегi төлемдер. Жүктi ұстап қалу құқығы

1. Алушы өзiне жүк берiлген кезде тасымалдаушы жүк есебiнен шығарған шығыстарды өтеуге, кеменiң жүк түсiру портында босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ жалдау ақысын төлеуге және бұл коносаментте немесе негiзге алына отырып жүк тасымалы жүзеге асырылған басқа құжатта көзделсе, кеменiң жүк тиеу портында босқа тұрып қалғаны үшiн төлем енгізуге мiндеттi, жалпы авария жағдайында авариялық жарна енгізуге немесе тиiсiнше қамтамасыз етiп беруге мiндеттi.

2. Тасымалдаушы осы баптың 1-тармағында көзделген сомалар төленгенге немесе қамтамасыз етiп берiлгенге дейiн жүктi ұстап қалуға құқылы.

Алушыға тиесiлi емес қоймаға жүктi сақтауға өткiзген ретте, бұл туралы қойма иесiне дереу хабарлаған жағдайда тасымалдаушы жүктi ұстап қалу құқығын сақтайды.

3. Жүк алушыға берiлгеннен кейiн, егер тек тасымалдаушы өзiне байланысты емес себептер бойынша жүктi ұстап қалу құқығын жүзеге асыра алмай қалғанда болмаса, тасымалдаушы жөнелтушіден немесе кеменi жалдаушыдан алушы төлемеген сомаларды талап ету құқығынан айрылады.

4. Жүктi ұстап қалатын тасымалдаушының талабы жүктiң құны есебiнен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген көлемде және тәртiппен қанағаттандырылады.

5. Жүктi сатудан түскен сома алушыға осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi сома мен жүктi сатуға байланысты шығыстар шегерiле отырып берiледi.

Жүктi сатудан түскен сомалар осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi соманы төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiріп алуға құқылы.

 

96-бап. Жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру

Жүк нақты жоғалған немесе жоғалды, кем шықты не зақымданды (бүлiндi) деп жорамалданған жағдайында алушы мен тасымалдаушы бір-бірiне жүктi алушыға бергенге дейiн жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiне тексеру жүргiзуге мүмкiндiк беруге мiндеттi. Жүктi қарап шығуға немесе жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды қарап шығуды немесе тексерудi талап еткен тарап көтередi. Алушының талап етуi бойынша жүргiзiлген жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру нәтижесiнде жауапкершiлiгi тасымалдаушыға жүктелетiн жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) анықталған жағдайда, жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды тасымалдаушы көтередi.

 

97-бап. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме

1. Жүк берiлгенге дейiн немесе оның берiлуi кезiнде алушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы тасымалдаушыға жазбаша нысанда мәлiмдеме жасалмаған және жүк жоғалғанының, кем шыққанының немесе зақымданғанының (бүлiнгенiнің) жалпы сипаты көрсетiлмеген жағдайда, жүк өзге дәлелдер болмаған кезде коносамент талаптарына сәйкес алынды деп есептеледi.

2. Жүктiң жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн) оны әдеттегi әдiспен қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, алушы жүк берiлгеннен кейiн үш күн iшiнде тасымалдаушыға мәлiмдеме жасауы мүмкiн.

3. Егер алушы жүктi беру кезiнде тасымалдаушымен бірге жүктi қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерсе, ол осы баптың 1-тармағында аталған мәлiмдеменi жасамауға құқылы.

 

98-бап. Жүктердi тасымалдау кезіндегі төлемдер

Тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi жөнелтуші немесе кеменi жалдаушы төлейдi. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының және тасымалдаушының арасындағы келісімде көзделген жағдайларда және бұл туралы деректер коносаментке енгiзiлген кезде төлемдердi алушыға аударуға жол берiледi.

 

99-бап. Жалдау ақысының мөлшерi

1. Жалдау ақысының мөлшерi тараптардың келісімiмен белгiленедi. Тараптардың келісімi болмаған жағдайда жалдау ақысының мөлшерi жүктi тиеу орнында және жүктi тиеу кезiнде қолданылатын ставкалар негiзге алына отырып есептеп шығарылады.

2. Жүк кемеге жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп мөлшерде тиелген жағдайда жалдау ақысының мөлшерi тиiсiнше ұлғайтылады.

3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннiң орнына кемеге басқа жүк тиелiп, оның тасымалданғаны үшiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп болған жағдайда, жалдау ақысы шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленедi.

4. Шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленетiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жүктiң тасымалдағаны үшiн төленетiн жалдау ақысынан кем болған жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жалдау ақысы төленедi.

 

100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы

1. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы алынбайды немесе қайтарылуға тиiс. Жоғалған жүк құтқарылған жағдайда, тасымалдаушының кеме жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар.

Кеменің iс жүзiнде жүрiп өткен қашықтығы үшiн жалдау ақысын есептеу кезiнде жолдың кеме жүк алып өткен бөлiгi мен кеменiң келісілген рейсiнiң бүкiл жолының ұзақтығымен арақатынасы есепке алынады.

2. Жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) табиғи қасиеттерiнiң немесе жөнелтушiге байланысты себептердiң салдарынан болған жүктер үшiн жалдау ақысы толық төленедi.

 

101-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Тасымалдаушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ жүктi қабылдаған кезден бастап берген кезге дейiн оның жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жауапты болады.

2. Егер жүк түсiру портына жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген, тараптардың келісімiмен белгiленген мерзiмде, мұндай келісім болмаған жағдайда - салыстырмалы мән-жайлар кезінде талап етiлетiн мерзiмде жүк берiлмесе, тасымалдаушы жүктiң жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алған деп танылады.

3. Тасымалдаушыға жүктің жоғалуына байланысты талап мәлiмдеуге құқығы бар тұлға, егер жүк түсiру портындағы жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға осы баптың 2-тармағында белгiленген жүктi беру мерзiмi бiткеннен кейiн жүк күнтiзбелiк отыз күн iшінде берiлмесе, жүктi жоғалған деп есептей алады.

4. Осы Заңның 105-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың келiсуiмен тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босатуға немесе оның жауапкершiлiгi мөлшерiн шектеуге жол берiлмейдi.

 

102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату

1. Егер жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүлiну) немесе мерзiмiн өткiзiп алу:

1) еңсерілмейтiн күш;

2) теңiздегi және басқа да кеме жүзетiн сулардағы қауiптер немесе кездейсоқтықтар;

3) теңiзде адамдарды немесе мүлiктердi құтқару жөніндегі шаралар;

4) тасымалдаушының кiнәсiнсiз шыққан өрт;

5) мемлекеттік органдардың iс-әрекеттерi немесе өкiмдерi (ұстау, тұтқындау, карантин және басқалар);

6) соғыс қимылдары;

7) жөнелтушiнiң немесе алушының әрекетi (әрекетсiздiгi);

8) жүктiң, оның қасиеттерiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi немесе табиғи кемуi;

9) жүктiң ыдыстары мен буып-түйiлуiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi;

10) жүктi таңбалаудың жетiспеушiлiгi немесе көмескiлiгi;

11) теңiз портының жұмысын толық немесе iшiнара тоқтатуды не шектеудi туғызған ереуiлдер немесе өзге де мән-жайлар;

12) тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң кiнәсiнсiз туындаған өзге де мән-жайлар салдарынан болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

2. Жүк баратын портына:

1) жүк қойылатын жарамды жайларда, жөнелтушiнiң пломбалары бұзылмай;

2) жолда ашылған iзi жоқ жарамды ыдыста;

3) жөнелтушiнiң немесе алушының өкiлi бірге келген жағдайда;

4) тасымалдаушының кiнәсi жоқ екенiн дәлелдейтiн өзге де мән-жайлар болған кезде, егер алушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) тасымалдаушының кiнәсiнен болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

 

103-бап. Жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгінiң мөлшерi

1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген залалды:

1) жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалған немесе кем шыққан жүктiң құны мөлшерiнде;

2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған (бүлiнген) жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;

3) тасымалдауға бағасы жарияланып өткiзiлген жүк жоғалған жағдайда жүктің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.

2. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туғызғаны анықталған залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жүктi тасығаны үшiн өндіріп алынған жалдау ақысын, егер ол жүктің құнына кірмесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) қайтарып бередi.

3. Тасымалдауға өткiзiлген жүктiң құны оның сатушы шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы негiзге алына отырып, ал шот болмаған немесе шартта бағасы көрсетiлмеген жағдайда - мән-жайлар (жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес жүк түсiрiлген немесе түсiрiлуге тиiс болған жердегi және сол күнгi) салыстырыла отырып, әдетте сондай тауарлардан алынатын баға негiзге алына отырып анықталады.

4. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн өтелуге тиiстi сомадан жүк иесi жасауға тиiс болған, бірақ жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан жасалмаған жүк тасымалына жұмсалған шығыстар (жалдау ақысы, баж және басқалар) шегерiледi.

 

104-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу

1. Жүктiң тегi мен түрiн, сондай-ақ құнын жүк тиелгенге дейiн жөнелтушi жарияламаған және коносаментке енгiзiлмеген жағдайда, тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi, қай соманың жоғары екендiгiне қарай, орын үшiн 666,67 есептiк бірлiктен немесе жүк түсiрудiң басқа бірлiгiнен не жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған жүк брутто массасының бір килограмы үшiн екi есептiк бірлiктен аспауға тиiс.

2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес төленуге тиiс жалдау ақысы мөлшерiнен аспауы керек.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тасымалдаушы өтеуге тиiс жалпы сома осындай жауапкершілік туындаған жүкке қатысты оның толық жоғалғаны үшiн осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген жауапкершiлiк шегiнен аспауы керек.

4. Жүктi тасымалдауға контейнер немесе арнаулы құрылғы (тұғырық немесе өзгелерi) пайдаланылатын жағдайда, осындай құрылғымен тасымалданғандар ретiнде орындар саны немесе түсiру бірлiктерi болып коносаментте тiзiп келтiрiлген орындар саны немесе жүк түсiру бірлiктерi есептеледi. Өзге жағдайларда, мұндай құрылғы жүктiң орны немесе бірлiгi болып есептеледi.

5. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптары өздерiнiң келісімiмен осы баптың 1-3-тармақтарында көзделгендерден асып түсетiн жауапкершiлiк шектерiн белгiлей алады.

 

105-бап. Жауапкершiлiктi шектеу құқығын жоғалту

Егер тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткізу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны тасымалдаушының қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе, оның осы Заңның 104-бабында көзделген жауапкершілiктi шектеуге құқығы жоқ.

 

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Осы тараудың тасымалдаушы жауапкершiлiгi жөнiнде белгiленген ережелерi нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асырған жүк тасымалы үшiн жауапкершiлiгiне де қолданылады.

2. Егер жүктi немесе оның бір бөлiгiн тасымалдауды нақты тасымалдаушы жүзеге асырғанның өзiнде де, осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес бүкiл тасымалданған жүк үшін тасымалдаушы жауапты болады.

3. Тасымалдаушы өзiне осы тарауда көзделмеген мiндеттемелердi алғанда немесе осы тарауға сәйкес берiлетiн құқықтардан бас тартқанда негiз болатын келісім, нақты тасымалдаушыға, ол бұған жазбаша нысанда келісім берген жағдайда ғана қолданылады.

4. Тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы жауапты болған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады.

5. Тасымалдаушының және нақты тасымалдаушының тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткізу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы тарауда көзделген шектi жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауға тиiс.

 

107-бап. Жүкті толассыз тасымалдау

1. Тасымалдаушы жүктiң бір бөлiгiн тасымалдауды тасымалдаушы емес, басқа тұлға жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделетiн толассыз коносамент беретiн жағдайда, толассыз коносаментте тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жүк басқа тұлғаның қарауында болып, ол жүктiң бір бөлiгiн тасымалдауды жүзеге асырған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуы үшiн тасымалдаушының жауапты болмайтыны көзделуi мүмкiн. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалуын, кем шығуын немесе зақымдануын (бүлiнуiн) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуын осындай мән-жайлар туғызғанын дәлелдеу мiндетi тасымалдаушыға жүктеледi.

2. Жүк тасымалдаудың бір бөлiгiн жүзеге асырушы тұлға жүк өзiнiң қарауында болған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi туралы осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жауапты болады.

 

108-бап. Жөнелтушi мен кеменi жалдаушының жауапкершiлiгi

Егер зиянның өз кiнәсiнен немесе әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн өздерi жауап беретiн тұлғалар кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндар үшiн жөнелтушi мен кеменi жалдаушы жауапты болады.

 

11-тарау. Теңіз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты

 

109-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының анықтамасы

Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны және жолаушы өткiзген жағдайда багажды баратын портына (пунктiне) апаруға және багажды жолаушыға немесе алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүргенi, ал багажды өткiзген жағдайда багажды алып жүргенi үшiн де ақы төлеуге мiндеттенедi.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының нысаны

Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты - билетпен, ал багаж өткiзiлген кезде багаж квитанциясымен де ресiмделедi. Билет пен багаж квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекiткен Тасымалдау қағидаларында белгiленедi.

 

111-бап. Багаж және каюталық багаж

1. Жолаушының баратын портқа (пунктке) багаж және каюталық багаж алып жүруiне құқығы бар.

2. Егер теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының талаптары бойынша автокөлiк құралдарын тасымалдау жүзеге асырылса, автокөлiк құралдарына салынған багаж да каюталық багаж деп саналады.

 

112-бап. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы

1. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы тараптардың келісімiмен белгiленедi.

2. Жолаушының жол жүргенi және оның багажды жалпыға ортақ пайдаланылатын көлiкпен алып жүргенi үшiн төленетiн ақыны тасымалдаушы белгiлейдi.

3. Жолаушының:

1) бөлек орын беру құқығынсыз өзiмен бірге - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық жол қатынастарында бес жасқа дейiнгi бір баланы тегiн алып жүруге;

2) жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларға Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға;

3) бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға халықаралық жол қатынасында билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға;

4) өзiмен бірге белгiленген норма шегiнде каюталық багажды тегiн алып жүруге;

5) багажды тасымалдауға белгiленген ақы төлеп өткізуге құқығы бар.

 

113-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезеңдерi

1. Жолаушылар мен багажды тасымалдау мынадай кезеңдердi қамтиды:

1) жолаушыға және оның каюталық багажына қатысты - жолаушыны кеме бортына отырғызу, одан түсiру, сондай-ақ жолаушының және каюталық багаждың кеме бортында болу кезеңi. Жолаушы мен багажды тасымалдауға, егер оның құны билет құнына енгiзiлсе немесе егер қосымша тасымалдау үшiн кеменi тасымалдаушы жолаушының билiгiне берсе, жағалаудан су жолымен кемеге не, керiсiнше, жағалауға жеткізу кезеңi енгiзiледi;

2) кемеге немесе баратын порттың (пункттiң) айлағына (вокзалына) жеткізу үшiн жолаушы өткiзетiн каюталық багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi каюталық багажды қабылдаған кезден бастап, оны кеме бортындағы немесе баратын порттағы (пункттегi) жолаушыға бергенге дейiнгi кезең;

3) багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi багажды жағалауда не кеме бортында қабылдаған кезден бастап, багажды жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiнгi кезең.

2. Жолаушыға қатысты тасымалдауға жолаушы теңiз вокзалында, айлағында немесе өзге де порт ғимаратында болған кездегi кезең енгiзiлмейдi.

 

114-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту

1. Жолаушы кеме кеткенге дейiн, сондай-ақ рейс басталғаннан кейiн, жолаушыларды отырғызу немесе түсiру үшiн кеме кiрген кез келген портта теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тартуға құқылы.

2. Тасымалдаушы теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан өзiне байланысты емес мынадай мән-жайлар туындаған кезде:

1) соғыс қимылдары және кеменi басып алу қатерiн төндiретiн өзге де iс-қимылдар;

2) жөнелту портының (пунктiнiң) немесе баратын портының (пунктiнiң) қоршауға алынуы;

3) кеменi мемлекеттік қажеттерге тарту;

4) кеме опат болған немесе оны басып алған;

5) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда;

7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда бас тартуға құқылы.

3. Осы бапта көзделген мән-жайлар туындаған кезде теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткізуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.

4. Жолаушы теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан кеме кеткенге дейiн бас тартқан жағдайда оған жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген соманың бәрi, ал рейс басталғаннан кейiн - жолаушыны тасымалдау жүзеге асырылмаған қашықтыққа бара-бар мөлшерде жол жүруi және багажды алып жүруi үшiн төленген соманың бір бөлiгi қайтарылады.

5. Жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген ақыны қайтару уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.

 

115-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартының өзгертiлуi

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Егер жөнелту портындағы (пунктiндегi), межелі порттағы (пункттегi) немесе жолаушы тасымалдау маршрутымен жүрiп келе жатқан жолдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға байланысты емес басқа да мән-жайлардың салдарынан тасымалдаушы кеменiң кетуiн кiдiрте тұруға, жолаушыны тасымалдау маршрутын, жолаушыны отырғызу және (немесе) түсiру орнын өзгерту қажет болса, осындай әрекеттер жасауға құқылы.

Осы тармақта аталған жағдайларда тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткізуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелердiң жолаушының теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту құқығына қатысы жоқ.

 

116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Егер зиян жәбірленушiнің қасақана пиғылы немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi салдарынан туындайтын мән-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауапкершiлiктi мойнына алады.

Егер тасымалдаушы басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан кеме өз иеленуiнен шығып қалғанын дәлелдесе, ол келтiрiлген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн кеменi құқыққа қарсы иеленiп алған тұлғалар жауапты болады. Кеменiң өз иеленуiнен құқыққа қарсы алып қойылуына тасымалдаушының кiнәсi болған жағдайда тасымалдаушыға да, кеменi иеленiп алған тұлғаларға да жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн.

2. Егер жолаушының өрескел абайсыздығы оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себеп болғанын не оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себепшi болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жауапкершiлiктен iшiнара босатылуы мүмкiн.

 

117-бап. Тасымалдаушының багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi

1. Егер багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жолаушы багажының жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауап бередi.

2. Тасымалдау кезiнде багажға келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртiппен өтеледi.

3. Егер ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен, асыл заттардан жасалған бұйымдар, әшекей заттар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар, оларды тұтас күйінде сақтауға келiскен тасымалдаушының сақтауына өткiзiлмесе, тасымалдаушы мұндай құндылықтардың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) жауап бермейдi. Сақтауға өткiзiлген құндылықтар үшiн тасымалдаушы толық көлемiнде жауапты болады. Шартта жауапкершiлiктiң осы Заңның 104-бабында белгiленгенiнен артық шектi мөлшерi көзделуi мүмкiн.

 

118-бап. Багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме

1. Жолаушы мынадай мерзiмдерде тасымалдаушыға немесе оның агентiне:

1) каюталық багаж жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жағдайда - жолаушы түскенге дейiн немесе түскен кезде;

2) багаж жоғалған, кем шыққан жағдайда - жолаушы түскен күннен немесе багаж берiлуге тиiс болған кезден бастап он бес күн iшiнде;

3) багаж зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның берiлген кезiнде;

4) багаж немесе каюталық багаж байқалмайтындай зақымданған (бүлiнген) жағдайда - ол берiлгенiнен бастап он бес күн iшiнде жазбаша нысанда мәлiмдеме жiберуге тиiс.

2. Жолаушы осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, жолаушы өз багажын зақымданбаған күйiнде алды деп саналады.

3. Егер багажды алу кезiнде тасымалдаушы жолаушымен бірге багажды қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерiп, ол туралы тиiстi акт жасаса, жолаушының жазбаша нысандағы мәлiмдемесi талап етiлмейдi.

 

119-бап. Сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтуi бойынша багажға билiк ету

Егер жолаушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды алмаған болса, тасымалдаушы оны билетке сәйкес жолаушыны тасымалдау аяқталған теңiз портына өткізуге құқылы.

Мұндай багажды сақтау мен оған билiк ету тәртібі тасымалдау ережелерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

 

120-бап. Тасымалдаушының кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе кеменiң кешiгiп келгенi үшiн жауапкершiлiгi

Егер тасымалдаушы кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе оның кешiгiп келуi тасымалдаушыға байланысты емес мән-жайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушыларды тасымалдаушы кеменi жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе кеменiң баратын портқа (пунктке) кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы жолаушыға кiдiрiстiң әрбір сағаты үшiн билет құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бірақ ол жолаушының жол жүруi үшiн төлеген және оның багажды алып жүруi үшiн төлеген ақысының елу процентiнен аспауы керек.

 

121-бап. Нақты тасымалдаушы

1. Жолаушы тасымалдау немесе тасымалдаудың бір бөлiгін жүзеге асыру нақты тасымалдаушыға тапсырылған жағдайда, тасымалдаушы бүкiл жолаушы тасымалы үшiн осы тарауда белгiленгендей жауапты болады. Бұл орайда нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты осы тарауда көзделген құқығы мен мiндетi болады.

2. Нақты тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты өз мiндеттерi (өкiлеттiктерi) шегiнде әрекет еткен нақты тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн тасымалдаушы жауапты болады.

3. Нақты тасымалдаушының қосымша мiндеттерi жазбаша нысанда жасалған келісімде белгiленедi.

4. Егер жауапкершiлiктi тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы мойнына алған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады.

 

122-бап. Жолаушылар тасу кестесі

Жолаушылар тасымалдайтын кемемен жолаушылар тасымалдауды кесте бойынша тасымалдаушы ұйымдастырады.

Жолаушылар тасымалдау кестесiн өзгерту тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

 

123-бап. Мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру

Жолаушылар тасымалдау тиiстi шарт жасала отырып, мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай тасымал үшiн төленетiн ақы, соның iшiнде жолаушы мен оның багажын алып жүру үшiн төленетiн ақы тараптардың келісімiмен белгiленедi.

 

12-тарау. Кемені экипажымен жалдау (тайм-чартер) шарты

 

124-бап. Тайм-чартердiң мазмұны

Тайм-чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, оның техникалық және пайдаланылу деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

 

125-бап. Кеменi қосалқы жалдау (субтайм-чартер) шарты

1. Тайм-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушының тайм-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан субтайм-чартер жасасуға құқығы бар. Субтайм-чартер жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан тайм-чартердi орындаудан босатпайды.

2. Субтайм-чартерге осы тарауда көзделген ережелер қолданылады.

 

126-бап. Тайм-чартер бойынша кеменің теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

1. Жалға кеме беруші кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзу жағдайына келтiрiп қоюға - тайм-чартерде көзделген кемені жалдау мақсаттары үшін кеменің (оның корпусының, двигателiнің және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, кеме экипажын жасақтау және кеменi тиiсiнше жарақтандыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Кемесiмен жалданушы да тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi ішінде кеменi теңiзде жүзу жағдайында ұстауға, кеменi және өзiнiң жауапкершілігiн сақтандыруға, сондай-ақ кеме экипажы мүшелерiн ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге мiндеттi.

 

127-бап. Кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану және оны қайтару жөніндегі мiндеттерi

1. Кеменi жалдаушы кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн олардың тайм-чартерде белгiленген мақсаттары мен талаптарына сәйкес пайдалануға мiндеттi. Кеменi жалдаушы кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты шығыстарды төлейдi.

Жалдап алынған кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану нәтижесiнде алынған кiрiстер кеменi жалдаушының меншiгi болып табылады, бұған осы Заңның 132-бабына сәйкес кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында бөлiнетiн құтқарудан түскен кiрiстер қосылмайды.

2. Тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, ол қандай күйде алынған болса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi.

3. Кеменi уақтылы қайтармаған жағдайда кеменi жалдаушы кеменi кiдiрткенi үшiн тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы мөлшеріндегі соманы немесе, егер ол тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы ставкасынан асып түссе, жалдау ақысының рыноктық ставкасына сәйкес соманы төлейдi.

 

128-бап. Кеменi жалдаушының жүк иесi алдындағы жауапкершiлiгi

Кеме жүк тасымалдау үшiн кеменi жалдаушыға берiлген жағдайда, кеменi жалдаушы өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға, чартерлерге қол қоюға, коносаменттер, теңiз жүк құжаттарын беруге құқылы. Бұл жағдайда кеменi жалдаушы осы Заңның 101-108-баптарының нормаларына сәйкес жүк иесiнің алдында жауапты болады.

 

129-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң бағыныстылығы

1. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушының кеменi басқаруға, соның ішінде кеменi жүргiзуге, кемедегi iшкi тәртiпке және кеме экипажының құрамына қатысты өкіміне бағынады.

2. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi үшiн кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға қатысты өкімі мiндеттi болады.

 

130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуы

Егер зиян кеменi жалдаушының кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, кеменi жалдаушы кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн жауапты болмайды.

 

131-бап. Жалдау ақысын төлеу

1. Кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға тайм-чартерде көзделген тәртiппен және мерзiмде жалдау ақысын төлейдi. Теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан кеменiң пайдалануға жарамсыз болған уақыты үшiн кеменi жалдаушы жалдау ақысы мен кемеге жұмсалатын шығыстарды төлеуден босатылады.

Кеменi жалдаушының кiнәсiнен кеме пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, кеменi жалдаушының кемесiмен жалданушыға келтiрген шығындарын өтегенiне қарамастан, кемесiмен жалданушының тайм-чартерде көзделген жалдау ақысына құқығы бар.

2. Кеменi жалдаушы жалдау ақысын төлеудiң мерзiмiн күнтiзбелiк он бес күннен астам уақытқа өткiзiп алған жағдайда, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыға ескертпестен одан кеменi алып қоюға және мерзiмiн өткiзiп алуынан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар.

3. Кеме опат болған жағдайда тайм-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн жалдау ақысы төленуге тиiс.

 

132-бап. Құтқару жөніндегі қызметтер көрсетiлгенi үшiн төленетiн сыйақы

Тайм-чартердің қолданылуы бiткенге дейiн құтқару жөнiнде көрсетілген қызметтер үшін кемеге тиесілi сыйақы, құтқаруға жұмсалған шығыстар мен кеме экипажына тиесiлi сыйақы үлесi шегерiле отырып, кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында тең үлесте бөлiнедi.

 

13-тарау. Кемені экипажсыз жалдап алу

шарты (бербоут-чартер)

 

133-бап. Бербоут-чартердiң мазмұны

Бербоут-чартерде тараптардың атауы, кеме атауы, оның сыныбы, туы, техникалық және пайдалану деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), оған жұмсалатын отын мөлшерi, жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

 

134-бап. Кеменi қосалқы жалдау шарты (суббербоут-чартер)

1. Бербоут-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушы бербоут-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан суббербоут-чартер жасасуға құқылы. Суббербоут-чартердi жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан бербоут-чартердi орындаудан босатпайды.

2. Осы тарауда көзделген ережелер суббербоут-чартерге қолданылады.

 

135-бап. Бербоут-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету

1. Кемесiмен жалданушы кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзетiн жағдайына келтiрiп қоюға - бербоут-чартерде көзделген кеменi жалдау мақсаттары үшiн кеменiң (оның корпусының, двигателiнiң және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Кеменi жалдаушы бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi iшiнде кеменi теңiзде жүзетiн жағдайда ұстауға мiндеттi, бұл орайда кеменің жасырын кемшiлiктерiн жою кемесiмен жалданушының мiндетi болып табылады.

 

136-бап. Бербоут-чартер талаптары бойынша кеме экипажын жасақтау

Кеме экипажын жасақтауды кеменi жалдаушы жүзеге асырады. Кеменi жалдаушы кеме экипажын бұрын осы кеменiң экипаж мүшелерi болмаған адамдардан немесе бербоут-чартердің талаптарына сәйкес, бұрын осы кеме экипажының мүшелерi болған адамдардан жасақтауға құқылы. Кеме экипажын жасақтау әдiсiне қарамастан, кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушыға бағынады.

 

137-бап. Кеменi жалдаушының кеменi пайдалану және оны қайтару жөніндегі мiндеттерi

1. Кеменi жалдаушы кеменi пайдалануды бербоут-чартердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырады және оны пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, соның iшiнде кеме экипажының мүшелерiн ұстауға арналған шығыстарды да көтередi.

2. Бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, өзi қандай күйде алса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi.

 

138-бап. Кеменi жалдаушының үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiгi

Кемеден аққан мұнайдан теңiздiң ластануы келтiрген залалды және қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптарын қоспағанда, кеменi жалдаушы кеменi пайдалануға байланысты туындайтын талаптар бойынша үшiншi тұлғалар алдында жауапты болады.

 

139-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар

Егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндарды кеменi жалдаушы көтередi.

 

140-бап. Кемесiмен жалданушыға жалдау ақысын төлеу

1. Кемесiмен жалданушыға кеменi жалдаушы тараптар келiскен ставка бойынша бір ай бұрын жалдау ақысын төлейдi. Егер кеменiң жарамсыздығы кеменi жалдаушының кiнәсiнен болмаса ғана, кеменi жалдаушы кеменің теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан пайдалануға жарамсыз уақыт үшiн кемеге жалдау ақысы мен шығыстар төлеуден босатылады.

2. Осы Заңның 141-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен артық өткiзiлiп алған жағдайда, кемесiмен жалданушының кеменi жалдаушыдан кеменi ескертусiз алып қоюға және кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алғандықтан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар.

3. Кеме опат болған жағдайда жалдау ақысы бербоут-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге дейiн немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн төленуге тиiс.

 

141-бап. Кеменi алып қоюға жол бермеу

Осы Заңның 142-бабында белгiленген ережелерге сәйкес, кеменi сатып алу шартымен жасалған бербоут-чартер бойынша жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен астам өткiзiлiп алған жағдайда, егер мұндай мерзiмiн өткiзiп алу кеменi жалдаушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыдан кеменi алып қоюға құқығы жоқ, бірақ кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алу келтiрген зияндарды өндiрiп алуға құқылы.

 

142-бап. Кеменi сатып алу

Егер кеменi жалдаушы бербоут-чартер бойынша өз мiндеттемелерiн орындап, осы Заңның 140-бабының 1-тармағына сәйкес ең соңғы жалдау ақысын төлесе, кеменi жалдаушы кеменi сатып алатын талаппен жасалған бербоут-чартер бойынша, бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн кеме кеменi жалдаушының меншiгiне өтедi.

 

143-бап. Сатып алынған кеменің кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiк

Егер кеменi жалдаушы кеменiң кемшiлiктерi кеме өзiне берiлгенге дейiн, немесе ол берiлгенге дейiн туындаған себептерге байланысты пайда болғанын дәлелдесе, кеменi жалдаушы сатып алған кеменің кез келген кемшiлiктерi үшiн, соның iшiнде байқалмайтын кемшiлiктерi үшiн кемесiмен жалданушы жауапты болады.

 

14-тарау. Сүйретіп жүзу шарты

 

144-бап. Сүйретiп жүзу шарты

Сүйретiп жүзу шарты бойынша бір кеменің иесi сыйақы алып, екiншi кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бір қашықтыққа не порт айдынында маневрлер жасау үшiн, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйретiп жүзуге мiндеттенедi.

 

145-бап. Сүйретiп жүзу шарты тараптарының мiндеттерi

Сүйретіп жүзу шартының әрбір тарабы өз кемесiн немесе өзге де жүзбелi объектiнi сүйретiп жүзуге жарамды күйге алдын ала келтiрiп қоюға мiндеттi.

 

146-бап. Теңiзде сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

1. Теңiзде сүйретiп жүзу сүйретiп жүзушi кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.

Теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады.

2. Теңiзде сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келісіммен теңiзде сүйретiп жүзудi басқару жөніндегі мiндеттi сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң капитанына жүктей алады. Бұл жағдайда теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады.

 

147-бап. Портта сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

1. Портта сүйретiп жүзу сүйретуге алынған кеме немесе өзге де жүзбелi объект капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.

Портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады.

2. Портта сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келісіммен портта сүйретiп жүзудi басқару жөніндегі мiндеттi сүйретiп жүзушi кеменiң капитанына жүктеуге құқылы. Бұл жағдайда портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады.

 

148-бап. Мұз қатқан жағдайда сүйретiп жүзу кезіндегі жауапкершiлiк

Мұз қатқан жағдайда сүйретіп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрілген залал үшiн, егер залал сүйретiп жүзушi кеме иесiнiң кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, ол жауапты болмайды.

 

 

15-тарау. Көлік экспедициясының, теңіз агенттігін жүргізудің, теңіз делдалдығының шарттары

 

149-бап. Көлiк экспедициясының шарты

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

1. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және уәкілетті орган бекiткен Теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады.

2. Көлiк экспедициясының шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы алып және екiншi тараптың (клиенттiң, жүктi жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен экспедиция шартында белгiленген, жүк тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, соның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi.

 

150-бап. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты

1. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты теңiз агентi мен кеме иесi арасында жасалған көлiк экспедициясының шарты болып табылады.

2. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты бойынша теңiз агентi сыйақы алып және кеме иесiнiң есебiнен жүк тасымалдауға байланысты, шартта белгiленген қызмет көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға мiндеттенедi. Шартта белгiленген өкiлеттiктер шегiнде теңiз агентi өз атынан және кеме иесiнiң атынан:

1) кеменiң портқа келуiне, кеменiң портта болуына және кеменің порттан шығуына байланысты қажеттi iс-әрекеттердi орындайды;

2) кеменiң портта болуына байланысты төленуге тиiстi сомаларды төлейдi;

3) кеменi жабдықтауды және оған портта қызмет көрсетудi ұйымдастыруда кеме капитанына көмек көрсетедi;

4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын жасасады;

5) жүктiң құжаттарын ресiмдейдi;

6) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша кеме иесiне тиесiлi соманы алады;

7) шартқа сәйкес өзге де iс-әрекеттердi жасайды.

3. Теңiз агентi кеме иесiнiң келісімiмен өзiне осындай әрекеттер жасауға уәкiлдiк берген екiншi тараптың пайдасына да заңдық және өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

4. Шартты орындау мақсатында теңiз агентi кеме иесiнің алдында теңiз субагентiнiң әрекеттерi үшiн жауапты болып қала отырып, басқа тұлғалармен теңiз агенттiгiн жүргiзу шарттарын жасасуға құқылы. Егер теңiз субагентi сенім бiлдiрудi беру негiзiнде әрекет етпесе ғана, теңiз субагентiнiң кеме иесi атынан үшiншi тұлғалармен мәмiлелер жасасуға құқылы емес.

5. Теңiз агентi:

1) кеме иесiнің мүдделерiн көздейтiн және теңiз агенттiгiн жүргiзу практикасына сәйкес қызметтi адал жүзеге асыруға;

2) өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет етуге;

3) кеме иесiне оның талап етуiмен тапсырмалардың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;

4) жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн кiдiртпей кеме иесiне беруге;

5) қаражаттың жұмсалу есебiн жүргiзуге;

6) кеме иесiне тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, тапсырмалардың орындалуы туралы, егер тапсырмалардың сипаты бойынша бұл талап етiлсе, есеп беруге мiндеттi.

6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi:

1) кеме агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартына сәйкес әрекеттер жасауға жеткiлiктi қаражат беруге;

2) теңiз агентiне оның жұмсаған шығыстарын өтеуге;

3) егер теңiз агентi кеме иесiнiң атынан және өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет жасаса, теңiз агентi әрекеттерiнің салдары үшiн жауапты болуға;

4) теңiз агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартында белгiленген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;

5) теңiз агентiнің шартқа сәйкес орындағандарының бәрiн кiдiртпей қабылдауға мiндеттi.

7. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты белгiсiз мерзiмге жасалған жағдайда, тараптардың әрқайсысы шартты бұзатындығы туралы екiншi тарапқа шарт бұзылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей хабарлап, мұндай шартты бұзуға құқылы.

 

151-бап. Теңiз делдалдығының шарты

1. Теңiз делдалдығының шарты бойынша, делдал (теңiз брокерi) сенім бiлдiрушiнiң тапсыруы бойынша оның атынан және соның есебiнен кемелердi сатып алу-сату, кемелердi жалдап алу, сүйретіп жүзу шарттарын, сондай-ақ теңiздегi сақтандыру шарттарын жасасқан кезде теңiз делдалдығының шартында белгiленген сыйақы үшiн делдалдық қызметтер көрсетуге мiндеттенедi.

2. Теңiз брокерi, егер тараптар оған уәкiлеттiк берсе, шарттар жасасқан кезде екi тараптың өкiлi болуға құқылы. Бұл орайда теңiз брокерi тараптардың әрқайсысына өзiнiң екiншi тарапқа да өкiлдiк жасайтынын хабарлауға және делдалдық қызметтердi көрсеткен кезде екi тараптың да мүдделерiн көздеп әрекет жасауға мiндеттi.

 

16-тарау. Жалпы авария

 

152-бап. Жалпы авария ұғымы және оны бөлу принциптерi

1. Теңiздегi ортақ iске жалпы қауiпсiздiк және мүлiктi жалпы қауiптен сақтау мақсатында жасалған теңiз арқылы тасымалдау ережелерiне сәйкес теңiздегi ортақ iс аяқталған күнi және сол жерде кеменің, жүктiң және жалдау ақысы құнына мөлшерлес етiп кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнетiн зияндар және (немесе) шығыстар жалпы авария деп танылады.

Жалпы авария деп танылатын залалдарға:

1) құтқару жөніндегі шаралардың қолданылуы туғызған залалдар;

2) жүктiң, отынның, жабдықтау заттарының зақымдануы немесе жоғалуы, жалдау ақысының ысырабы туғызған залалдар;

3) кеменің, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануы туғызған залалдар жатады.

Жалпы авария деп танылатын шығыстарға:

1) кеменің паналайтын жерге кіруi туғызған шығыстар;

2) кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар;

3) жалпы қауiпсiздiк үшiн кеменi кiдiрте тұру туғызған шығыстар;

4) кеменi жүзуге жарамсыз деп танудың немесе кеменің рейстi жалғастырудан бас тартуының салдарынан туған шығыстар;

5) құтқаруға жұмсалған шығыстар;

6) қоршаған ортаға нұқсан келтiрудi болғызбау жөніндегі шаралар туғызған шығыстар жатады.

Жалпы аварияға жатқызылған шығыстардың орнына жұмсалған кез келген қосымша шығыстар (алмастырушы шығыстар) жалпы авария деп танылады. Алмастырушы шығыстар теңiздегi ортақ iске қатысушылардың қайсыбіреуi алған үнемге қарамастан, жол берiлмеген шығыстар мөлшерiнде ғана өтеледi.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң тiкелей салдары болып табылатын залалдар ғана жалпы авария деп танылады.

3. Тасымалдау ережелерiне сәйкес, жалпы авария кеме, жүк және жалдау ақысы арасында олардың теңiздегi ортақ iстiң аяқталған күнi мен орнындағы құнына мөлшерлес бөлiнедi.

4. Бір немесе бірнеше кеме басқа бір кеменi немесе басқа кемелердi сүйретiп не итеріп жүзген, олардың бәрi құтқару операциясына емес, коммерциялық қызметке қатысқан жағдайда да теңiздегi ортақ iс орын алады. Егер кеме басқа кемеден немесе басқа кемелерден жай бөлiнiп кету нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда болса, басқа кемемен немесе басқа кемелермен бірге жалпы қауiпке ұшырамайды. Бөлiнiп кету жалпы авария актiсi болып табылатын жағдайда, теңiздегi ортақ iс жалғастырыла бередi.

 

153-бап. Кеменiң паналайтын орынға кіруi туғызған шығыстар

1. Жазатайым оқиғаның немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн осындай кірудi немесе оралуды қажет еткен басқа бір төтенше мән-жайдың салдарынан кеменiң портқа немесе өзге де бір паналайтын жерге кіруi не кеменiң портқа немесе өзге де жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады.

2. Кеменiң паналайтын орынға кіруiне немесе оның жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылатын жағдайда, оған кеменiң осындай орыннан жүк немесе жүктің бір бөлiгiн алып шығуына байланысты шығыстар да жатады.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар кезiнде кеменің паналайтын орынға кіруi немесе оның жүк тиеу орнына оралуы салдарынан рейстің ұзартылуына байланысты кеме экипажының мүшелерiне жалақы мен жабдықталым төлеуге, отын мен жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады.

4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген ережелер тиiсiнше кеменiң кiрген және оған жөндеу жүргiзу мүмкiн болмаған паналау орнынан басқа портқа немесе басқа жерге орын ауыстыруына жұмсалған шығыстарға қатысты, сондай-ақ кеменi уақытша жөндеуге, оның сүйретіп жүзуге алынуы мен рейстің ұзартылуына байланысты шығыстарға қатысты қолданылады.

 

154-бап. Кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар

Жүк тиеу орнында, кеме кiрген орында немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн кеме паналаған орында кемеге уақытша жүргiзiлген жөндеуге не жалпы авариялық құрбандықтар салдарынан болған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылады. Рейстi аяқтау үшiн қажеттi кездейсоқ зақымдарды уақытша жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылып, егер мұндай зақымдарды жою жүргiзiлмеген болса, ол әлгi алдын алу шығыстарының мөлшерiнде ғана өтеледi.

 

155-бап. Жалпы қауіпсiздiк үшiн кемені кiдiртуден туындаған шығыстар

1. Жазатайым оқиғалар салдарынан әлдебір портта немесе орында кеменi кiдiртіп қоюдан туындаған, кеме экипажына жалақы және жабдықталым төлеуге жұмсалған шығыстар немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн не осындай жазатайым оқиғалар немесе басқа да төтенше оқиғалар келтiрген зақымдарды жою үшiн жұмсалған басқа да төтенше шығыстар, егер мұндай жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса, жалпы авария деп танылады. Жалпы аварияға жатқызылмаған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстарды қоспағанда, осындай кiдiрту кезiнде туындаған отынға, жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар мен порттың шығыстары жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтеледi.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қайсыбір жазатайым оқиғаға немесе рейс кезiнде орын алған өзге де төтенше жағдайға байланысты емес зақымдарды жою салдарынан кеменi кiдiрту туғызған шығыстарға қолданылмайды. Тiптi зақымдарды жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса да, мұндай шығыстар жалпы авария деп танылмайды.

 

156-бап. Кеменi жүзуге жарамсыз деп тану немесе кеменiң рейстi жалғастырудан бас тартуы салдарынан туындаған шығыстар

Кеме жүзуге жарамсыз деп танылған немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқан жағдайда кеме жүзуге жарамсыз деп танылғанға немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқанға дейiн не жүктi түсiру аяқталмаған жағдайда жүктi түсiру аяқталғанға дейiн (сақтауға, сақтандыруға, кеме экипажының жалақысына және оның жабдықталымына, отынға, жабдықтау заттарына, порт шығыстарына) жұмсалған шығыстар ғана жалпы аварияға жатқызылады.

 

157-бап. Құтқаруға жұмсалған шығыстар

1. Егер құтқару осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған мақсатта жүзеге асырылса, теңiздегi ортақ iске қатысушы тараптар құтқаруға жұмсаған шығыстар, құтқару шарт негiзінде немесе өзге де түрде жүзеге асырылғанына қарамастан, жалпы авария деп танылады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған шығыстарда құтқару үшiн берiлетiн сыйақы қамтылады, оның мөлшерiн анықтаған кезде осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар ескерiледi.

Құтқарушыға кеме иесi осы Заңның 184-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төлейтiн арнаулы өтем жалпы авария деп танылмайды.

 

158-бап. Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөніндегі шаралардан туындаған шығыстар

Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөніндегі шаралардан туындаған шығыстар, егер олар мына жағдайлардың бірiнде немесе бәрiнде:

1) жалпы қауiпсiздiк мақсатында жүзеге асырылған операцияның бөлiгi ретiнде, бірақ оны теңiздегi ортақ iстен тыс тарап қолданған болып, сол тарапқа құтқарғаны үшiн сыйақыға құқық берiле қалған жағдайда;

2) осы Заңның 153-бабында аталған мән-жайлар кезiнде кеменi портқа кiргiзу не кеменi порттан немесе орыннан шығару жағдайында;

3) осы Заңның 153-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде кеменi портта немесе орында кiдiрту жағдайында жасалса, жалпы аварияға жатқызылады. Кемеден ластаушы заттар ағуы немесе төгiлуi iс жүзiнде орын алған жағдайда, осыған байланысты қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөніндегі қажеттi қосымша шаралардан туындаған шығыстар жалпы авария деп танылмайды;

4) жүктi түсiруге, қоймаға салуға немесе қайта тиеуге байланысты шығыстар, егер аталған операцияларға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылса, жалпы аварияға жатқызылады.

 

159-бап. Құтқару жөнiнде шаралар қолданудан туындаған зияндар

Осы Заңның 152-бабында аталған белгiлер болған жағдайда, атап айтқанда:

1) жүктi кеме бортынан сыртқа лақтырғанда келтiрiлген зияндар, сондай-ақ жалпы қауiпсiздiк үшiн жасалған құрбандықтар салдарынан, атап айтқанда, жүктi лақтыру үшiн ашылған люктер немесе сол үшiн жасалған басқа да тесiктер арқылы трюмге судың кіру салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар;

2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар, соның ішінде кеменi сол мақсатпен жағаға шығарып тастау немесе жанып жатқан кеменi суға батыру iсiн жүргiзуден болған зияндар;

3) кеменің қайраңға өзi шыға алу-алмауына қарамастан, кеменi қайраңға әдейi отырғызу арқылы кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар;

4) кеменi қайраңнан шығару кезiнде кеме двигателiнің басқа да машиналары мен қазандарының зақымдануынан кемеге келтiрiлген зияндар;

5) жүктi, отынды немесе жабдықтау заттарын кемеден лихтерлерге қайта тиеу арқылы қайраңда қалған кеменi жеңiлдетуге, лихтерлердi жалдауға және оларды кемеге қайта тиеуге жұмсалған төтенше шығыстар, сондай-ақ осының салдарынан келтiрiлген басқа да зияндар жалпы авария деп танылады.

 

160-бап. Жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының зақымдануынан немесе жойылуынан, жалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген зияндар

1. Егер аталған операцияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылған жағдайларда, жүктің, отынның не жабдықтау заттарының кемедегi орнынан ауыстырып қою, кемеден түсiру, кемеге қайта тиеу мен орналастыру нәтижесiнде, сондай-ақ оларды сақтау нәтижесiнде келтiрiлген зақымдануынан немесе жойылуынан болған шығындар, жалпы авария деп танылады.

2. Жүктiң жоғалуынан туындаған жалдау ақысының ысырабы, жүктiң жоғалуы жалпы аварияны бөлу тәртібімен өтелетiн жағдайларда, жалпы авария деп танылады. Бұл орайда кеме иесi алу мақсатында шығарып, бірақ құрбандық салдарынан жүзеге асырылмаған шығыстар жалдау ақысынан шығарып тасталады.

 

161-бап. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан туындаған зияндар

1. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан болған жалпы аварияны құрайтын зияндар зақымданған немесе жоғалған нәрсенi жөндеу, түзету немесе ауыстыру құны негiзге алына отырып анықталады. Бұл орайда осы Заңның 163-бабына сәйкес, «ескiнiң орнына жаңа үшiн» шегерiмi жасалады.

2. Кемеге жөндеу жүргiзiлмеген жағдайда, кеменің зақымдануынан болған зиян кеменiң зақымдану салдарынан кемiген құнына және кеме жөндеу құнынан аспайтын сметаға сәйкес сомамен анықталады.

 

162-бап. Жалпы авария деп танылмайтын зияндар (жеке авария)

1. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында белгiленген, жалпы авария белгiлерiне жатпайтын зияндар, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған зияндар жеке авария деп танылады. Мұндай зияндар кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнбеуге тиiс және оларды зардап шеккендер көтередi немесе олардың келтiрiлгенi үшiн жауаптылар көтередi.

2. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған белгiлерi болған күннiң өзінде де:

1) сауда мақсатында теңiзде жүзу ережелерi мен үрдiстерi бұзыла отырып, кемеде тасылып келе жатқан, борттан лақтырылып тасталған жүктің құны;

2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты түтiннiң немесе қызудың әсер етуi салдарынан келтiрiлген зияндар;

3) кеменiң теңiздегi қауiп салдарынан бұрын бұзылған немесе iс жүзiнде жойылған сынықтарын немесе бөлiктерiн шауып тастаудан келтiрiлген зияндар;

4) жүзiп келе жатқан кеме двигательдерiнiң жұмысын немесе двигательдерiнiң, басқа да машиналарының, қазандарының өзге де жұмысын тездетуден келтiрiлген зияндар;

5) рейс ұзақтығын ұлғайту салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар немесе ысыраптар (кiдiрiстен, бағаның өзгеруiнен болған және басқа зияндар) жалпы авария деп танылмайды.

 

163-бап. «Ескiнің орнына жаңа үшiн» шегерiмдер

1. Жасалған уақыты он бес жылдан аспайтын кеменi жөндеу кезiнде ескi материалдар немесе кеменiң бөлiктерi жаңаларымен ауыстырылған жағдайда, осы Заңның 161-бабына сәйкес жалпы аварияға жатқызылатын жөндеу құны, осы баптың 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жөндеу құнының үштен бір бөлiгiне кемiтiледi.

2. Соқтығысуға кемелердiң бірi кiнәлi болған жағдайда жалпы авария деп танылатын кеменiң уақытша жөндеу құнынан, сондай-ақ азық-түлiктiң, жабдықтау заттарының, зәкiрлердiң және зәкiр шынжырларының құнынан «ескiнің орнына жаңа үшін» шегерімдер жасалмайды.

3. Кеменi құрғақ докта, стапельде жөндеу және кеменің орнын ауыстыру қажеттiгi туғызатын шығыстар толығымен жалпы аварияға жатқызылады.

4. Мұның алдындағы корпусты бояу мен жабу жалпы авария актiсiне дейiнгi соңғы он екi айда орын алған жағдайда да кеменi жөндеу кезiнде оны тазалауға, бояуға және корпусын жабуға жұмсалған шығыстар елу процент мөлшерiнде жалпы авария деп танылады.

5. «Ескiнің орнына жаңа үшiн» шегерiмдердi қолдану үшiн кеменiң жасалған уақыты оны жасау аяқталған жылдың 31 желтоқсанынан бастап, жалпы авария актiсiнiң күнiне дейiн есептеледi. Кеменi оқшаулауға, оның құтқару және басқа шлюпкаларына, байланыс құралдарына, навигациялық аспаптары мен жабдықтарына, машиналары мен қазандарына қатысты олардың нақты жасалған уақыты есепке алынады.

 

164-бап. Диспаша және диспашерлер

Мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша жалпы аварияны анықтау диспашерлердің диспаша жасауына әкеп соғады.

 

165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдар

1. Жалпы аварияны бөлудi талап ететiн тарап мәлiмделген зияндар шын мәнiнде жалпы авария деп танылуға тиiс екенiн дәлелдеуге мiндеттi.

2. Диспаша жасауда мүдделерi қозғалуы мүмкiн тұлға диспашерге теңiздегi ортақ iс аяқтағанға дейiн бір жыл iшiнде өтеудi талап ететiн ысыраптары немесе шығыстары туралы жазбаша нысанда өтiнiш бередi.

Мұндай өтiнiш берiлмеген немесе мұндай өтiнiш туралы сұрау салудан кейiн он екi ай iшiнде тұлға мәлiмделген талапты негiздеу мақсатында дәлелдемелердi не мүлiктiң құны туралы деректердi табыс етпеген жағдайда, диспашер өзiнде бар ақпарат негiзiнде диспаша жасауға құқылы. Бұл орайда диспашаға оның көрiнеу дұрыс болмауы негiзiнде ғана дау туғызылуы мүмкiн.

3. Диспаша жасалып жатқан кезде шешу үшiн арнаулы білімдер (кеме жүргiзу, кеме жасау, кемелердi жөндеу, кемелер мен жүктердi бағалау, сондай-ақ өзге де арнаулы білiмдер) талап етiлетiн мәселелер туындаған жағдайда, диспашер өзi тағайындаған сарапшыға тиiстi қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Мұндай қорытындыны диспашер басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды.

4. Диспаша жасаудың негiзiне алынған материалдар танысу үшiн ашық болуға тиiс және диспашер мүдделi тұлғалардың талап етуi бойынша оларға материалдар деректерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн солардың есебiнен беруге мiндеттi.

 

166-бап. Диспаша жасау үшiн алым

Диспаша жасалғаны үшiн алым алынады, ол диспашаға енгiзiлiп, барлық мүдделi тұлғалардың арасында олардың жалпы аварияға қатысу үлесiне бара-бар бөлiнедi.

 

167-бап. Диспашаны түзету және оған дауласу

1. Диспашалар тiзiлiмiнде диспаша тiркелгеннен кейiн ондағы есептеулерден табылған қателердi диспашер өз бастамасымен немесе араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалардың өтiнiшi бойынша диспашаға оның құрамдас бөлiгi болып табылатын қосымша (аддендум) жасау арқылы түзетуi мүмкiн.

2. Араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалар диспаша немесе оған аддендум алынған күннен бастап алты ай iшiнде, бұл туралы диспашерге оған талап-арыздың көшiрмесiн жiберу арқылы мiндеттi түрде хабарлай отырып, диспашерге сотта дау айта алады.

3. Диспашер сотта диспаша туралы даудың қаралуына қатысуға және iстiң мәнi бойынша түсiнiктеме беруге құқылы немесе, егер талап етiлсе, міндеттi.

4. Диспаша туралы дауды қарайтын сот диспашаны күшiнде қалдыруы, оған өзгерістер енгізуi немесе оның күшiн жойып, диспашерге сот шешiмiне сәйкес жаңа диспаша жасауды тапсыруы мүмкiн.

 

168-бап. Диспашаның орындалуы

Осы Заңның 167-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмде диспашаға дау айтылмаған немесе дау айтылып, бірақ сот күшiнде қалдырған жағдайда, ол бойынша өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.

 

17-тарау. Кемелер соқтығысқан жағдайда

зиянды өтеу

 

169-бап. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк

1. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.

2. Кемелердiң соқтығысуы лоцманның кiнәсiнен, соның iшiнде мiндеттi лоцмандық алып өту кезiнде болған жағдайда жауапкершiлiк нақ сол тәртiппен анықталады.

3. Кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан да көп тараптың кiнәсiнен болған жағдайда, келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк олардың әрқайсысы кiнәсiнiң деңгейiне мөлшерлес анықталады. Тараптардың әрқайсысы кiнәсiнің деңгейiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, соқтығысудың мән-жайлары негiзге алына отырып, жауапкершiлiк олардың арасында тең бөлiнедi.

4. Кеме иелерi зардап шегушiлер немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар алдында азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.

Келтiрiлген зиянды бірлесiп өтеген кеме иесi зардап шегушiге зиян келтiрушiлердің әрқайсысынан осы зиян келтiрушi кiнәсiнің деңгейiне сәйкес келетiн мөлшерде зардап шегушiге төленген өтем үлесiн талап етуге құқылы.

 

170-бап. Жауапкершiлiктi жоққа шығаратын мән-жайлар

1. Кемелердің соқтығысуы кездейсоқ соқтығысу, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан соқтығысу жағдайында зиян келтiрiлуiне тараптардың кiнәсi болмаған немесе соқтығысу себептерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тараптардың бірде-біреуiнiң зиянның өтелуiн талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi келтiрген зиянға тәуекел етедi.

2. Кемелер немесе олардың бірi соқтығысу кезiнде зәкiрде тұрған немесе өзге бір әдiспен бекітілген жағдайда да осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қолданылады.

 

18-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдаудан және

теңіздің кемелерден аққан мұнаймен

ластануынан келтірілген залал үшін

жауапкершілік

 

171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi

1. Осы Заңның 175-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеме иесi қауiптi жүктi тасымалдау салдарынан және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан оқыс жағдай туындаған кезден бастап зардап шегушi тұлғаға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапты болады.

2. Мыналар:

1) қауiптi жүктің кемеде және кеме сыртында азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруi;

2) қауiптi жүктiң салдарынан мүлiктiң кемеде немесе кеме сыртында жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi);

3) қауiптi жүк келтiрген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген қоршаған ортаның ластануынан болған залалдар, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;

4) ескерту шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал болып табылады.

3. Мыналар:

1) мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, кемеден мұнайдың ағуы немесе төгiлуi салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген залал, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк;

2) алдын алу шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал жүк немесе өз отыны ретiнде тасымалданатын кемеден аққан мұнайдың теңiздi ластауынан келтiрiлген залал болып табылады.

 

172-бап. Екi немесе одан да көп кеме иелерiнiң ортақ жауапкершiлiгi

Екi немесе одан да көп кеме қатысқан оқыс жағдай салдарынан ластанудан залал келтiрiлген ретте, оқыс жағдайға қатысы бар барлық кеме иелерi, егер мұндай кеме иелерi осы Заңның 175-бабының негiзiнде жауапкершiлiктен босатылмаса, ластанудан болған барлық залал үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.

 

173-бап. Кеме иесiнiң толық жауапкершiлiгi

Кеме иесi, егер:

1) ластанудан болған залал оның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе;

2) ол осы Заңның 176-бабында көзделген жауапкершiлiктi шектеу қорын құру жөніндегі талапты орындамаған болса, толық көлемiнде жауапты болады.

 

174-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгiн шектеу

1. Кеме иесiнiң қауiптi жүк тасымалдауға байланысты жауапкершiлiгiнiң мөлшерi бір оқыс жағдайға қатынасы бойынша жалпы сомамен шектеледi, ол мынадай тәртiппен есептеп шығарылады:

1) сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн он миллион есептiк бірлiк;

2) сыйымдылығы екi мың тоннадан асатын кеме үшiн осы тармақтың 1) тармақшасында аталған сомаға сыйымдылығы әрбір келесi тоннасы үшiн, жалпы сомасы жүз миллион есептiк бірлiктен аспайтын жағдайда:

екi мың бір тоннадан елу мың тоннаға дейiн - бір жарым мың есептiк бірлiк;

елу мың тоннадан астам - үш жүз алпыс есептiк бірлiк қосылады.

2. Кеме иесi бір оқыс жағдайға қатынасы бойынша теңiздiң мұнаймен ластануынан келтiрiлген залал үшiн өз жауапкершiлiгiн кеме сыйымдылығының әрбір тоннасына шаққандағы бір жүз отыз үш есептiк бірлiктiң жалпы сомасымен шектеуге құқылы. Бұл орайда жалпы сома он төрт миллион есептiк бірлiктен аспауы керек.

 

175-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiктен босатылуы

1. Егер залал:

1) соғыс қимылдарының, дүлей зiлзалалардың салдарынан;

2) үшiншi тұлғалардың қасақана әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен);

3) кеме сыртындағы навигациялық құралдардың тиiсiнше жұмыс iстемеу салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдесе, кеме иесi қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздің мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болмайды.

2. Кеме иесi, зардап шеккен тұлғаның қасақана немесе өрескел абайсыздығынан залал келтiрiлгенiн дәлелдеген жағдайда зиянды өтеу мөлшерi кемiтiлуi мүмкiн немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін.

3. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi.

 

176-бап. Жауапкершiлiктi шектеудің мiндеттi қоры

1. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау үшiн кеме иесi өз жауапкершiлiгiнің шегiне тең жалпы сомада жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға мiндеттi.

Жауапкершiлiктi шектеу қоры өзiнен шығасы ақшаны сот атына депозит жағдайларында орналастыру немесе банк кепілдiгiн беру не сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржылық қамтамасыз ету арқылы құрылуы мүмкiн.

2. Кеме иесiнің қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі шығыстары оған жауапкершiлiктi шектеу қорына қатысты басқа кредиторларда қандай құқықтар болса, сондай құқықтар бередi.

3. Сақтандырушының немесе мiндеттемелердi қаржымен қамтамасыз етiп берушi тұлғаның не кеме иесiнiң осы бапта көзделген ережелерге сәйкес жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға құқығы бар. Қордың құрылуы кеме иесiне қатысты зардап шегушiнің құқығына қолданылмайды.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған жауапкершiліктi шектеу қорына осы Заңның 202-бабында жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу туралы белгiленген ережелер қолданылады.

Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеу жөніндегі талаптар басқа талаптар алдында мұндай талаптардың жиынтық сомасы осы Заңның 174-бабының 1-тармағында белгiленген жалпы сомадан аспайтын шамада басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

5. Кеме иесi жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда залалды өтеу туралы талаптар бойынша өндiрiп алуды кеме иесiнiң өзге мүлкiне қолдануға жол берiлмейдi. Бұл орайда соттың қауiптi жүктердi тасымалдау мен теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануына, оның iшiнде тыйым салуына болмайды.

 

177-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру немесе қаржымен қамтамасыз ету

1. Қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесi ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын осы Заңның 174-бабына сәйкес анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде қаржымен қамтамасыз етiп беруге мiндеттi.

2. 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеменi мемлекеттік тiркеу органы бередi.

 

178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою

1. Кеме иесiне, сақтандырушыға немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлғаға ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сотта жауапкер ретiнде болатын сақтандырушы немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлға, банкроттық және таратылу жағдайларын қоспағанда, соттың iс қарауы барысында кеме иесi жасайтын кез келген қарсылықты табыс етуге құқылы. Ластанудан болған залалды қасақана әрекеттер салдарынан кеме иесi келтiрген жағдайда, сот кеме иесiн тең жауапкер ретiнде тартуы мүмкiн.

 

19-тарау. Кемелерді және басқа да

мүлікті құтқару

 

179-бап. Құтқару туралы шарттар

Кеме капитанының кеме иесi атынан құтқару операцияларын жүзеге асыру үшiн құтқару туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Кеме капитанының немесе кеме иесiнiң мұндай шарттарды кеме бортындағы мүлiк иесiнiң атынан жасасуға құқығы бар.

 

180-бап. Шарттардың жарамсыздығы немесе олардың өзгертiлуi

Шарт немесе оның кез келген талаптары, егер:

1) шарт қауiптiң шамадан тыс әсерiмен немесе ықпалымен жасалып, оның талаптары әдiлетсiз болса;

2) шартта көзделген ақы нақты көрсетiлген қызметтерге қатысты шамадан тыс жоғары немесе төмен болса, жарамсыз деп танылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

 

181-бап. Құтқарушының, кеме иесiнiң және кеме капитанының мiндеттерi

1. Қауiптi жағдайда тұрған кеме иесiне немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiк иесiне қатысты құтқарушы:

1) құтқару операцияларын iстiң мән-жайлары бойынша қамқорлықпен және сақтықпен жүзеге асыруға;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде шаралар қолдануға;

3) iстiң мән-жайларынан туындаған қажеттiлiк кезiнде басқа құтқарушылардан көмек сұрауға;

4) қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны немесе оның иесi не қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi басқа құтқарушылардың қатысуын талап еткен кезде, егер бұл құтқарушы сыйақысының мөлшерiне әсер етпейтiн болса, және мұндай талап заңсыз деп танылмайтын болса, оған келiсуге мiндеттi.

2. Қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны және оның иесi немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi құтқарушыға қатысты:

1) құтқару операциялары барысында онымен ынтымақтасуға;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбау туралы немесе азайту туралы тиiстi қамқорлық көрсетуге;

3) кеме немесе басқа да мүлiк қауiпсiз орынға жеткiзiлгеннен кейiн, егер мұны құтқарушы талап етсе, оны қабылдауға мiндеттi.

 

182-бап. Сыйақы төлеу шарттары

1. Мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзiп, құтқару операцияларын жүзеге асырған құтқарушының сыйақы алуға құқығы бар.

2. Осы Заңның 184-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, егер құтқару операцияларының оң нәтижесi болмаса, сыйақы төленбейдi.

 

183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi

1. Құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы мөлшерi мынадай өлшемдер ескерiле отырып белгiленедi:

1) кеменің немесе басқа да мүлiктің құтқарылған құны;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбаудағы немесе азайтудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;

3) құтқарушылар қол жеткiзген табыстың дәрежесi;

4) қауiптiң сипаты мен дәрежесi;

5) кеменi, басқа да мүлiктi және адамдарды құтқарудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;

6) құтқарушылар жұмсаған уақыт және жасалған шығыстар мен келтiрiлген зияндар;

7) жауапкершiлiк тәуекелi мен құтқарушылар немесе олардың жабдықтары ұшыраған өзге де тәуекелдер;

8) қызметтер көрсетудiң жылдамдығы;

9) кемелердiң немесе құтқару операцияларына арналған басқа да жабдықтардың болуы мен пайдаланылуы;

10) құтқарушы жабдықтарының дайындық жағдайы, мұндай жабдықтардың тиiмдiлiгi және құны.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген сыйақыны кемеге және басқа да мүлiкке барлық мүдделi тұлғалар кеме мен басқа да мүлiктiң тиiстi құтқарылған құнына бара-бар төлейдi.

3. Сыйақы төлеуге байланысты төленуге тиiстi зияндар мен сот шығындарын қоспағанда, сыйақының мөлшерi құтқарылған кеменiң және басқа да мүлiктің құнынан аспауға тиiс.

4. Осы Заңның 184-бабында көзделген арнаулы өтем анықталғанға дейiн кеменің және басқа да мүлiктiң ең жоғары құтқарылған құны мөлшерiнде сыйақы белгiлеуге жол берiлмейдi.

 

184-бап. Арнаулы өтем

1. Қоршаған ортаға залал келтiру қатерiн төндiрген кемеге (не оның жүгiне) қатысты құтқару операцияларын жүзеге асырған және осы Заңның 183-бабына сәйкес сыйақы алуға құқығы жоқ құтқарушы кеме иесiнен осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшерде арнаулы өтем төлеудi талап етуге құқылы.

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар болып, құтқарушы өзi жүргiзген құтқару операцияларының нәтижесiнде қоршаған ортаға залалды болғызбаған немесе азайтқан жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес құтқарушыға кеме иесi төлейтiн арнаулы өтем оған жұмсалған шығыстардың ең көп дегенде отыз пайызына дейiн көбейтiлуi мүмкiн. Сот немесе төрелік осы Заңның 183-бабының 1-тармағында көзделген критерийлердi ескере отырып, арнаулы өтемнiң мөлшерiн құтқару операциясының барысында құтқарушы жасаған шығыстардың толық сомасына дейiн көбейтуге құқылы.

3. Арнаулы өтем мөлшерi анықталған кезде, осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 8)-10) тармақшаларында көзделген өлшемдер ескерiле отырып, құтқарушының құтқару операцияларын жүзеге асыру кезiнде жасаған нақты шығыстары мен құтқару операциясында ақылға сыйымды пайдаланылған жабдықтар мен персонал үшiн төленген ақы ескерiледi.

4. Құтқарушының осы Заңның 183-бабына сәйкес алуы мүмкiн сыйақысынан арнаулы өтем асып түсетiн жағдай мен мөлшерде ғана сондай өтем төленедi.

5. Егер құтқарушы қоршаған ортаға залалды өзiнiң салақтығы салдарынан жоя алмаса немесе азайта алмаса, арнаулы өтем толық төленбейдi немесе iшiнара төленедi.

 

185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi

Сыйақыны бірнеше құтқарушы арасында бөлу, осы Заңның 183-бабында белгiленген өлшемдер ескерiле отырып, олардың әрқайсысының құтқару операциясына қатысу деңгейiне мөлшерлес жүргiзiледi.

 

186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуi

1. Құтқару операциясын жүзеге асыру үшiн төленетiн сыйақыны кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлу құтқару операциясын жүзеге асыруға байланысты кеме иесi мен кеме экипажының мүшелерi жұмсаған шығыстар шегерiлгеннен кейiн мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) сыйақы мөлшерiнің бестен үшi кеме иесiне тиесiлi болады, бестен екiсi кеме экипажы мүшелерiнің арасында бөлiнедi;

2) кеме экипажы мүшелерiне тиесiлi үлес осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес олардың арасында құтқару операциясын жүзеге асыру кезіндегі қатысу дәрежесiне және әрқайсысының жалақысына мөлшерлес бөлiнедi.

Айрықша мән-жайлар болған ерекше жағдайларда сыйақыны бөлудің өзге де тәртібі қолданылуы мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер құтқару операцияларын кәсiби қызмет ретiнде жүзеге асыратын кемелердің мұндай операцияларды жүргiзгенi үшiн алатын сыйақысын бөлуге қолданылмайды.

 

187-бап. Адамдарды құтқару

1. Құтқару операцияларын жүргiзу кезiнде құтқарылған адамдардан сыйақы төлеудi талап етуге жол берiлмейдi.

2. Адамдарды құтқару қажеттiгiн туғызған оқиғаға байланысты қызмет көрсетуге қатысқан құтқарушылардың кеменi және (немесе) басқа да мүлiктi құтқарғаны не қоршаған ортаға залалды болғызбағаны немесе азайтқаны үшiн құтқарушыларға тиесiлi сомадағы үлеске құқығы бар.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын уәкілетті орган, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайталауды) өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын теңізде құтқару-үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды

Ескертпе. Осы баптың мақсаттары үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған кемелердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздеу және құтқару үшін қолданылатын жұмыстар құтқару операциясы болып табылады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

188-бап. Құтқару шартын орындау кезiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы

Көрсетiлген қызметтер үшiн жасалған шығыстар құтқару шартын тиiсiнше орындау кезiнде туындаған шығыстардың мөлшерiнен асып түспеген жағдайда сыйақы төленбеуге тиiс.

 

189-бап. Құтқару операцияларын тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдары

Құтқару операцияларын тиiстi түрде жүзеге асырмаған құтқарушыға оның кiнәсiнiң дәрежесiне қарай (қосымша құтқару операцияларын жүзеге асыру қажеттiгiнiң, құтқару операцияларын жүргiзу кезіндегі қиындықтардың және басқаларының туындауы) арнаулы өтем төлеуден толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.

 

190-бап. Мүдделi тұлғаның құтқару операцияларына тыйым салуының салдары

Кеме иесiнiң және (немесе) қауiптi жағдайда тұрған кеме капитанының немесе қауіптi жағдайда тұрған өзге де мүлік иесiнiң тыйым салуына қарамастан жүргiзiлген құтқару операциялары аталған тұлғалардың құтқарушыға немесе үшiншi тұлғаларға сыйақы төлеу жөніндегі мiндеттемелерiне әкеп соқпайды.

 

191-бап. Кемелердiң белгiлi бір иеленушiге тиесiлi болуы

Осы тарауда белгiленген ережелер, құтқарылған кеме мен құтқару операцияларын жүзеге асырушы кеме белгiлi бір кеме иесiне тиесiлi болған жағдайда да қолданылады.

 

192-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз ету

1. Құтқарушының талап етуi бойынша сыйақы және (немесе) арнаулы өтем төлеуге жауапты тұлға өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынады.

2. Құтқарылған кеме иесiнің, жөнелтушi (алушы) құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етудi енгiзгенге дейiн, құтқарылған жүктi беруге құқығы жоқ.

3. Құтқарылған кеме мен басқа да мүлiктi құтқарушының келісімiнсiз, мұндай кеме мен мүлiктi құтқару операциялары аяқталғаннан кейiн бастапқы жеткiзiлген теңiз портынан немесе орыннан тиiсті кемеге немесе мүлікке құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етiп бергенге дейiн ауыстырылуға болмайды.

 

193-бап. Алдын ала төлем

Құтқарушы құтқару кезiнде өзi жұмсаған шығыстарды өтеу есебiне алдын ала төлем төлеудi талап етуге құқылы. Ол төленген жағдайда құтқарушының талаптарын кейiнгi қамтамасыз ету тиiсiнше төмендейдi.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 194-бап жаңа редакцияда

194-бап. Мемлекеттік органдардың құтқару операцияларына қатысуы

1. Мемлекеттік органдар осы тарауда белгiленген қағидаға сәйкес құтқару операцияларына қатысады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құтқару операцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың сыйақы алуға құқығы жоқ.

 

20-тарау. Теңіз талаптары бойынша жауапкершілік мөлшерін шектеу

 

195-бап. Теңiз талаптары бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн шектеуге құқығы бар тұлғалар

1. Кеме иесi мен құтқарушы жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талаптары бойынша шектеледi. Бұл орайда құтқару операцияларын жүзеге асыру жөнінде, соның iшiнде осы Заңның 196-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар бойынша тiкелей қызмет көрсететiн тұлға құтқарушы болып табылады.

2. Осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талабы, әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар жауап беретiн тұлғаға қойылған жағдайда, сол тұлға жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес шектеледi.

3. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша төлейтiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес шектелген теңiз талаптары бойынша сақтандырылған жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауы керек.

 

196-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi

1. Осы Заңның 197-бабында белгiленген ережелер сақталған жағдайда мынадай теңiз талаптары бойынша:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) адамның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне не мүлiктiң жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты, соның iшiнде кеме бортында не кеменiң пайдаланылуына немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты болған порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүретiн жолдардың және навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты қойылатын талаптар;

2) жолаушыларды, багаж бен жүктердi теңiз арқылы тасымалдау кезiнде жеткізу мерзiмiн өткiзiп алуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар;

3) шарттан туындамаған, қайта кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты құқықтарды бұзу салдарынан келтiрiлген өзге де залалды өтеу туралы талаптар;

4) залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар келтірген залал үшін жауапты тұлғадан гөрi, осындай шаралар келтiрген келесi залал үшiн жауапты тұлға ол жөнiнде осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес өз жауапкершiлiгiн шектей алатын тұлғаның талаптары бойынша жауапкершiлiк шектеледi.

2. Егер талаптар керi талап ету тәртібімен немесе шарттан немесе өзгеше түрде туындаған кепiлдiктер негiзiнде қойылса да, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптар жауапкершiлiктi шектеуге жатады.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптар, залал үшiн жауапты тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақыға қандай дәрежеде қатысты болғанына қарай жауапкершiлiктi шектеуге жатпайды.

 

197-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң қолданылмауы

1. Осы тарауда белгiленген ережелер:

1) кеме иесi мен жолаушы Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

2) кеме иесi, құтқарушы және зардап шегушi Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

3) еңбек мiндеттерi кемеге немесе құтқару операцияларына байланысты кеме иесi қызметкерлерiнің немесе құтқарушының өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы немесе олардың күтiмiнде болуға құқығы бар адамдарға өтеу туралы;

4) құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы, соның iшiнде осы Заңның 183-бабына сәйкес арнаулы өтем немесе жалпы авария бойынша жарна төлеу туралы;

5) теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан болған залалды өтеу туралы;

6) қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы;

7) ядролық залалы өтеу туралы;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) суға батқан мүлікті аластауға байланысты;

9) кемеден жүктi аластауға, жоюға немесе зарарсыздандыруға байланысты талаптарға қолданылмайды.

2. Залал үшiн жауапты тұлғаның, егер залал оның әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны, қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасалғаны дәлелденсе, жауапкершiлiктi шектеуге құқығы жоқ.

 

198-бап. Жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi

1. Осы Заңның 199-бабында көрсетiлгеннен өзгеше және белгiлi бір оқиғадан туындаған талаптар бойынша жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi былайша есептеп шығарылады:

1) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша:

сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - екi миллион есептiк бірлiк;

сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшін сыйымдылықтың әрбір келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:

екi мың бір тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - сегiз жүз есептiк бірлiк;

отыз мың бір тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - алты жүз есептiк бірлiк;

жетпiс мың тоннадан жоғары - төрт жүз есептiк бірлiк қосылады.

2) басқа да кез келген талаптар бойынша:

сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - бір миллион есептiк бірлiк;

сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшiн сыйымдылықтың әрбір келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:

екi мың бір тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - төрт жүз есептiк бірлiк;

отыз мың бір тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - үш жүз есептiк бірлiк;

жетпiс мың тоннадан жоғары - екi жүз есептiк бірлiк қосылады.

2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша есептеп шығарылған сома, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осындай талаптарды толық төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа талаптар бойынша есептеп шығарылған сома азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша төленбеген қалдықты төлеу үшiн пайдаланылады, ол басқа талаптармен қатар бара-бар негiзде қанағаттандырылады.

3. Кемеден әрекет етпейтiн немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушы өзiне немесе өзiне қатысты құтқару жөнiнде қызмет көрсетудi ұсынатын құтқарушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi кеме сыйымдылығының екi мың тонна болуы негiзге алына отырып есептеп шығарылады.

4. Сыйымдылығы үш жүз тоннадан аспайтын кеме үшiн жауапкершiлiк мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар бойынша сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнiң алтыдан бірiне тең сомада есептеп шығарылады.

 

199-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша жауапкершiлiктiң мөлшерi

1. Кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша, егер олар бір оқыс жағдай нәтижесiнде пайда болса, кеме иесi жауапкершiлiгiнiң мөлшерi әрбір жолаушыға шаққанда жүз жетпiс бес мың есептiк бірлiкке тең сомамен шектеледi. Бұл орайда есеп айырысу жолаушылық куәлiкте көрсетiлген жолаушылар санына сәйкес жүргiзiледi.

2. Осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар:

1) теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шарты бойынша;

2) тасымалдаушының келісімiмен тасымалдау жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүзеге асырылатын автокөлiк құралдарымен, жануарлармен бірге жүру үшiн зардап шегушi қойған немесе оның атынан қойылған талаптар болып табылады.

 

200-бап. Талаптарды бірiктiру

1. Осы Заңның 198-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бір оқиғадан туындаған барлық талаптар жиынтығына:

1) кеме иесiне, сондай-ақ әрекетiне (әрекетсiздiгiне) кеме иесi жауапты болатын тұлғаға;

2) осы кемеде құтқару жөнiнде қызмет көрсететiн кеме иесiне, осы кемеден әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздігі) үшін кеме иесi немесе құтқарушы жауапты болатын тұлғаға;

3) құтқару жөнiнде қызмет көрсетiлетiн, кемеде емес немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн құтқарушы жауапты болатын тұлғаға қолданылады.

2. Осы Заңның 199-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бір оқиғадан туындауы мүмкiн барлық талаптардың жиынтығына, кеме иесiне, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн кеме иесi жауапты болатын тұлғаға қолданылады.

 

201-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры

1. Жауапкершiлiгi жүктелуi мүмкiн тұлға, сол тұлғаның жауапкершiлiгi шектелген талап бойынша, оған талап қою берiлген сотта жауапкершiлiктi шектеу қорын құруы мүмкiн.

2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры жауапкершiлiкке әкеп соққан оқиға күнiнен бастап, осындай қор құрылған күнге дейiн осы Заңның 198 және 199-баптарына сәйкес есептеп шығарылатын сома мөлшерiнде құрылады. Жауапкершіліктi шектеу қоры жауапкершiлiктi шектеуге негiз болған талаптарды ғана төлеуге арналады.

3. Жауапкершiлiктi шектеу қоры сот атына депозит жағдайларында ақша енгізу не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржымен қамтамасыз етудi ұсыну арқылы құрылуы мүмкiн.

4. Бірнеше кеме иелерiнiң немесе құтқарушылардың белгiлi бір оқиғадан туындаған талаптары бойынша жауапкершiлiктi шектеуге құқығы болған жағдайда, осындай тұлғалардың бірi құрған жауапкершiлiктi шектеу қоры барлық кеме иелерi немесе құтқарушылар құрған деп есептеледi.

 

202-бап. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу

1. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу мәселелерi осындай қор құрылған сотта шешiледi.

2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры талаптардың белгiленген сомаларына бара-бар талаптары бар тұлғалардың арасында бөлiнедi.

3. Жауапкершіліктi шектеу қорын бөлуге дейiн, талабы бойынша жауапты тұлға немесе оның сақтандырушысы осы қорға талап бойынша өтем төлеген жағдайда, мұндай тұлға осы тарауда белгiленген нормалар негiзiнде оның төлеген сомалары шегiнде өтем алған тұлға ие бола алатын құқықтарды иеленедi.

4. Жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, залалдың өтелуiн талап ететiн ешбір тұлғаның мұндай қорды құрған тұлғалардың қандай да бір басқа мүлкi есебiнен осындай талапты қанағаттандыруға құқығы жоқ. Бұл орайда сот кеменiң тұтқындалуы мен залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралардың күшiн жоюға тиiс.

 

21-тарау. Кемеге теңіз кепілі. Кеме немесе

жасалып жатқан кеме ипотекасы

 

203-бап. Орындалуы кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер

1. Кемеге теңiз кепiлiмен:

1) кеме капитанына және кеме экипажының басқа мүшелерiне олардың кеме бортындағы жұмысы үшiн тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға, соның iшiнде қайтаруға арналған шығыстарға және кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерi атынан әлеуметтiк сақтандыру бойынша төленетiн жарналарға;

2) құрғақта немесе суда кеменi пайдалануға тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге;

3) кеменi құтқару үшiн сыйақыға;

4) осы Заңда көзделген алымдарды төлеуге, сондай-ақ лоцманның қызмет көрсетуi үшiн төлемге;

5) кемемен тасымалданатын жүктен, контейнерлерден, багаждан, каюталық багаждан және жолаушылардың заттарынан басқа, кеменi пайдалану кезiнде өзге де мүлiктiң жоғалуы немесе зақымдануы салдарынан келтiрiлген нақты залалды өтеуге қатысты кеме иесiне қойылатын талаптар қамтамасыз етiледi.

2. Егер осындай талаптар:

1) кемелердiң ластануынан келтiрiлген залал немесе теңiз арқылы қауіптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiру;

2) ядролық отынның, оның өнiмдерi мен қалдықтарының радиоактивтiк қасиеттерiнiң әсер етуi не олардың радиоактивтiк қасиеттерiнің қауiптi қасиеттерiмен ұштаса отырып әсер етуi салдарынан туындаса, осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлмейдi.

3. Кеменi конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) өткізу арқылы соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату жағдайын қоспағанда, кемеге меншiк құқығы ауысқан, оның тiркелуi өзгертiлген немесе кеменің туы ауыстырылған жағдайда кемеге теңiз кепiлi күшiн сақтап қалады.

 

204-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың басымдықпен қанағаттандырылуы

Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптар, осы Заңның 220-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

 

205-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандырудың кезектiлiгi

1. Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар олардың аталған тармақтағы кезектiлiк ретi бойынша қанағаттандырылады. Кемеге теңiз кепiлi құқығын беретiн құтқару операциялары жүзеге асырылардан бұрын туындаған, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген басқа да барлық талаптардың алдында кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары қанағаттандырылады.

2. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар әрбір кезек шегiнде талаптардың мөлшерiне бара-бар қанағаттандырылады.

3. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген, кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары кезектiлiк шегiнде осындай талаптардың туындаған уақытына керi тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. Талап құтқару операциясы аяқталған кезде туындады деп есептеледi.

 

206-бап. Кемеге теңiз кепiлінiң тоқтатылуы

1. Егер аталған мерзiм бiткенге дейiн кеме мәжбүрлеу тәртібімен сатылмаған болса, кемеге теңiз кепiлi осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың туындаған күнiнен бір жыл өткен соң тоқтатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм:

1) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап қойған экипаж мүшесiнiң кемеден босатылу кезiнен бастап;

2) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 2)-5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап туындаған кезден бастап есептеледi.

Аталған мерзiм тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кезеңге тоқтатыла тұрады.

 

207-бап. Талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы

1. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы сонымен бірге кемеге теңiз кепiлi талабы құқығын басқаға беруге немесе оған құқықтың ауысуына әкеп соғады.

2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптардың және теңiзде сақтандыру шарты бойынша кеменің меншiк иесiне тиесiлi сақтандыру төлемiн төлеу туралы талаптардың кемеге теңiз кепiлi құқығы бар тұлғаға ауыстырылуына жол берiлмейдi.

 

208-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi ұстап қалуға құқық

1. Кеменi жасауға, сондай-ақ кеменi жөндеуге, соның iшiнде оны реконструкциялауға байланысты туындайтын талаптарды қамтамасыз ету үшiн кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгер) мұндай кеменi, пайдаланылмаған материалдардың қалдықтарын және тапсырысшы тиiстi сомаларды төлегенге дейiн өздерiнiң қолындағы тапсырысшының басқа да мүлкiн ұстап қалуға құқығы бар.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеменi ұстап қалуға құқық, егер бұл тек оның тұтқындалуының салдары болмаса, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының (мердiгердiң) иелiгiнен кеме немесе жасалып жатқан кеме шығып қалған кезден бастап тоқтатылады.

3. Кеме немесе жасалып жатқан кеме мәжбүрлеп сатылған жағдайда кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгердiң) осы Заңның 220-бабының 4-тармағына сәйкес әлгiндей кеменi сатудан алынған сома есебiнен өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар.

 

209-бап. Кеме ипотекасын белгiлеу

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 209-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеме ипотекасы ақша мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеменiң меншiк иесi (кепiл берушi) мен кредитор (кепiл ұстаушы) арасында осы Заңның 211 және 212-баптарына сәйкес, мемлекеттік тiркелуге тиiстi шарт жасасу арқылы белгiленедi.

2. Кеменiң меншiк иесiнiң келісімiмен, оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар тұлға да кеме ипотекасының кепiл берушiсi болуы мүмкін.

 

210-бап. Кеме ипотекасының нысанасы

1. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, кеме ипотекасы нақ сол меншiк иесiне жататын кеме сияқты кеменiң керек-жарағына, сондай-ақ кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.

Кеме ипотекасы жалдау ақысына қолданылмайды.

2. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, жасалып жатқан кеменiң ипотекасы оны жасауға арналған және кеме жасау ұйымы орналасқан жерде жатқан және таңбалау арқылы немесе өзге де әдiспен анық бірдейлендiрiлген материалдар мен жабдықтарға, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша жасалып жатқан кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.

3. Егер екi немесе одан да көп кеме не жасалып жатқан кеме ипотека нысанасы болса, жеке алғанда әрбір кеменiң мiндеттеменi қамтамасыз ету мөлшерi туралы келісім болмаған жағдайда, мұндай кемелер мiндеттеменi толық мөлшерiнде қамтамасыз етушi болады.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 211-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

211-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу

1. Кеме ипотекасы нақ сол кеме тiркелген тiзiлiмде тiркеледi.

2. Осы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге құқық уақытша берiлген шетел кемесiнiң ипотекасын, сондай-ақ шетелдiк алушы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды.

3. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркеледi.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

212-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеудiң тәртібі

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркегеннен кейiн кепiл берушiнің өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2015 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште:

1) кеменi (кеменiң атауы, порт немесе оның тiркелген орны, кеменiң тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, тоннажы) немесе жасалып жатқан кеменi (кеме жасалу жүзеге асырылып жатқан орын, жасалу нөмiрi, кеменiң үлгiсi, кильдiң ұзындығы және басқа негiзгi өлшемдер, тiркелiм нөмiрi) бірдейлендiретiн деректер;

2) ипотекаға кепiл берушiнiң есiмi мен мекен-жайы;

3) ипотекаға кепiл ұстаушының есiмi мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;

4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгiлегенде, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келісімi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбір кеме қамтамасыз ететiн мөлшер;

5) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетiлуге тиiс.

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт осындай шартта аталған құжаттармен қоса берiледi.

Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган, егер кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт не осындай шартқа қоса берiлетiн құжаттар кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу талаптарына сай келмесе, оны мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш алынған күнi тiркеледi.

Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне, осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште аталған барлық мәлiметтер енгiзiледi.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган кепiл берушi мен кепiл ұстаушыға, Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде бар жазбаларға сәйкес кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу белгiленген үлгiдегi куәлiк беруге тиiс.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен алым алынады.

6-1. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркелетiн Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi, кеме кiтабы немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмi мен тiркеу органына берiлуге тиiстi құжаттар ашық болып табылады және мүдделi тұлғаның олардан үзiндi жазбалар мен осындай құжаттардың көшiрмелерiн алуға құқығы бар.

8. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде кеме құжаттарына ол туралы қандай да бір жазбалар енгізу талап етiлмейдi.

 

213-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптарды басымдықпен қанағаттандыру

1. Орындалуы кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер бойынша талаптар, 203-баптың 1-тармағында және 220-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге де барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

2. Осы Заңның 220-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында ешқандай талаптар басымдықпен қанағаттандырылмауға тиiс.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 214-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

214-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi

1. Егер ипотека белгiленген кеме кепiл берушiнiң басқа талаптарын қамтамасыз ететiн тағы бір ипотеканың нысанасына айналса, одан кейiнгi кепiл ұстаушының талаптары оның алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан кейiн қанағаттандырылады. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген мұндай талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi ипотеканың мемлекеттік тіркелген күнiмен белгiленедi.

2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың осы баптың 1-тармағында көзделген қанағаттандырылу кезектiлiгi кепiл берушi мен кепiл ұстаушының келісімiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келісім Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

 

215-бап. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарды басқаға беру

1. Кепiл ұстаушы талапты басқаға беру арқылы негiзгi мiндеттеме бойынша кредитордың құқықтарын беру туралы ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес, өзiнiң кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы.

2. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықты басқаға берген жағдайда ол тiркелген Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiм не басқаға берiлген датасы туралы және пайдасына берiлген басқа тұлғаның атауы мен мекен-жайы туралы жазба енгiзiледi.

 

216-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сақталуы

Кепiл берушi ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сақтау және күтiп ұстау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға мiндеттi. Егер осындай мiндеттi орындамау кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң едәуiр құнсыздануына әкеп соқса, кепiл ұстаушы оны мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн мәжбүрлеу тәртібімен сатуға құқылы.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 217-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тіркеудің өзгертiлуi

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 217-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптар қанағаттандырылмаған не барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келісімi болмаған жағдайда порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң, осы Заңның 219 және 220-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарып тастауға не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алынған жазбаға өзгерiс енгізуге құқығы жоқ.

2. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлімiнен шығарып тастау (ерiктi сату жағдайларын қоспағанда) мiндеттi болып табылған жағдайларда, тiркеу органы кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiсiнше шаралар қолдану үшiн кепiл ұстаушыларға кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алдағы уақытта шығарып тасталатыны туралы хабарлама жолдауға тиiс. Олардың келісімi алынбаған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiстi тiзiлiмдерден ақылға қонымды кезең бiткеннен кейiн, бірақ кепiл ұстаушыларға хабарланған соң кем дегенде үш айдан кейiн шығарылып тасталады.

 

218-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың негiздерi

Кепiл берушi борышты төлеу жөніндегі мiндеттеменi орындамаған жағдайда, ипотека салынған кеме немесе жасалып жатқан кеме тұтқындалған кеменiң немесе тұтқындалған жасалып жатқан кеменiң тұрған орнында сот шешiмiнiң негiзiнде сатылуы мүмкін.

 

219-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату тәртібі

Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

220-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың салдары

1. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, кеменiң немесе жасалып жатқан кемінiң барлық тiркелген ипотекалары, кепiл ұстаушылардың келісімiмен сатып алушы өз мойнына алғандарын қоспағанда, барлық кепiлдер және басқа да кез келген түрдегi ауыртпалықтар кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты қолданылуын тоқтатады.

2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің тұтқындалуына және кейiнгi сатылуына байланысты шығыстар бірiншi кезекте олардың сатылуынан алынған сомалар есебiнен төленедi. Мұндай шығыстар өзiне, атап айтқанда, кеменi тұтқындау кезiнен кеменi және кеме экипажының мүшелерiн ұстауға жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ осы Заңның 203-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жалақыны, басқа да сомалар мен шығыстарды қамтиды. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған соманың қалдығы осы тарауға сәйкес тиiстi талаптарды қанағаттандыруға қажет болуына қарай бөлiнедi. Барлық тұлғалардың қойған талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома, егер ол қалса, кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң меншiк иесiне қайтарылады және еркiн аударылуы мүмкiн.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Суға батқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз ортасын ластанудан қорғау мақсатында, оны судан аластауды порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан аластауға жұмсалған шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптар қанағаттандырылғанға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi.

4. Өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кеменi ұстап қалатын кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымы (мердiгер) оны мәжбүрлеу тәртібімен сату үшiн беруге мiндеттi.

Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар болған жағдайда кеме жөндеу ұйымында мұндай құқық аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн пайда болады.

5. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы болған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде осындай сатып алушының атына тiркелуге тиiс. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде тiркелген және мұндай кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы шетелдiк азамат немесе шетелдiк заңды тұлға болған жағдайда, кеменi тiркеу органы не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу органы осындай сатып алушыға кеменiң Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан шығарып тасталғаны туралы немесе кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын шет мемлекеттiң тиiстi тiзiлiмiнде тiркеу мақсатында, жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарып тасталғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi.

 

221-бап. Кеме ипотекасының тоқтатылуы

1. Кеме ипотекасы:

1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме тоқтатылған;

2) кеме немесе жасалып жатқан кеме конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) арқылы сатылған жағдайларда, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмай шыққан жағдайда;

3) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепiл ұстаушысы теңiздегi сақтандыру шартына сәйкес, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің опат болуына байланысты тиесiлi сақтандыру төлемiне өз талабын жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, кеме немесе жасалып жатқан кеме опат болған жағдайларда тоқтатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы дәлелдемелер табыс етiлген кезде, тiркеу органы тиiстi кемелер тiзiлiмiне немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тоқтату туралы жазба жасайды.

 

 

22-тарау. Кемені тұтқындау

 

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi

1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiртiп қою немесе оның жүрiс-тұрысын шектеу болып табылады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңiз талабы бойынша ғана кеме тұтқындалуы мүмкiн.

3. Теңiз талабын қамтамасыз ету мақсатымен, басқа мемлекеттiң сотында қаралуға тиiс теңiз талабы туралы тиiстi шарттың талаптарына қарамастан, кеменiң тұтқындалуы мүмкiн.

4. Теңiз талаптарына жатпайтын талаптар бойынша кеме:

1) кеме иесiнің банкротқа ұшырауы немесе кеме иесiнiң - заңды тұлғаның таратылуы;

2) қылмыстық iс бойынша тәркiлеудiң қамтамасыз етiлуi жағдайларында ғана тұтқындалуы мүмкiн.

5. Бұл тарау осы Заңда көзделген теңiз порты капитанының кеменi теңiз портынан шығаруға рұқсат беруден бас тарту, кеме мен жүктi кiдiртiп қою құқықтарын қозғамайды.

6. Осы тарауда реттелмеген, кеменi тұтқындаудан туындайтын құқық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 

223-бап. Теңiз талабы

Мыналар:

1) кеменi пайдалану кезiнде залал келтiрiлуiне;

2) кеменi пайдаланумен тiкелей байланысты құрғақта не суда азаматтың өмiрi мен денсаулығына залал келтiрiлуiне;

3) құтқару операциясын немесе құтқару туралы шартты жүзеге асыруға;

4) егер мұндай талап Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан, Қазақстан Республикасының заңынан немесе шарттан туындайтын болса, залалды болғызбау немесе азайту жөнінде шаралар қолдануға жұмсалған шығыстарға, соның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген залалға, сондай-ақ осындай шаралар келтiрген немесе келтiруi мүмкiн залалға;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) суға батқан мүлікті аластауға жұмсалған шығыстарға;

6) кеменi пайдалану туралы шартқа;

7) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына немесе теңiзде жолаушылар тасымалдау шартына;

8) кемедегi жүктің немесе багаждың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне);

9) жалпы аварияға;

10) лоцмандық алып өтуге;

11) сүйретiп жүзуге;

12) тамақ өнiмдерiн, материалдар, отын, запастар, жабдықтар, соның iшiнде кеменi пайдалану немесе оны күтіп ұстау үшiн қажеттi контейнерлер беруге;

13) кеменің жасалуына, жөнделуiне, жаңғыртылуына немесе қайта жабдықталуына;

14) теңiз портында алынатын алымдар мен төлемдерге;

15) кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерiне тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға;

16) кемеге қатысты жұмсалған шығыстарға;

17) сақтандыру сыйлықақысына;

18) теңiз агентiнiң, теңiз брокерiнiң сыйақысына;

19) кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы дауға;

20) кеменiң меншiк иелерi арасындағы кеменi пайдалану мен пайданы бөлу туралы дауға;

21) кеменi сатып алу-сату шартынан туындайтын дауға байланысты мәлiмделген кез келген талап теңiз талабы болып табылады.

 

224-бап. Тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кеме

1. Теңiз талаптары бойынша:

1) тұтқынға алынатын кезге қарай кемеге меншiк құқығы үшiншi тұлғаларға берiлген;

2) кеменi өзге кеме жалдаушы жалдап алған жағдайларда кеменi тұтқынға алуға жол берiлмейдi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер кемеге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқыққа қатысты қолданылмайды.

 

225-бап. Тұтқындалған кеменiң иесiн қорғау

1. Сот кеменi тұтқынға алудың немесе оның бұрынғы тұтқынға алынуының ұзартылу талабы ретiнде кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға кеменi тұтқынға алу салдарынан келтiрілуi мүмкiн зияндарға байланысты сот айқындай алатын көлем мен жағдайларда қамтамасыз етудiң берiлуiн мiндеттеуге құқылы. Бұл ереже осы Заңның 223-бабының 15) тармақшасында көзделген талап бойынша кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқынға алудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға қатысты қолданылмайды.

2. Тұтқындалған кеме иесiнің талап етуi бойынша кеменi тұтқынға алған немесе кеменiң тұтқынға алынуын болғызбау үшiн талаптың өзгеше қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданған сот талап етуi бойынша кеме тұтқынға алынған немесе қамтамасыз етiлген тұлғаның кеменiң тұтқынға алуынан келтiрілген зиян үшін жауапкершiлiк мөлшерiн анықтауға құқылы.

 

23-тарау. Теңіздегі наразылық

 

226-бап. Теңiздегi наразылық

1. Кеме жүзiп жүрген немесе тоқтап тұрған уақытта кеме иесiне мүлiктiк талаптар қою үшiн негiз бола алатын оқиға орын алған жағдайда, кеме капитаны дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге тиiс.

2. Теңiздегi наразылықта оқиғаның мән-жайы мен оны туғызған себептер жөнiнде толық ақпарат, соның iшiнде залал туралы және залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпарат болуға тиiс.

 

227-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме

1. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме:

1) Қазақстан Республикасының портында - нотариуске;

2) шетел портында - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнің лауазымды адамына немесе тиiстi мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен шет мемлекеттiң құзыреттi лауазымды адамына берiледi.

2. Егер оқиға:

1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде;

2) кеме жүзiп жүрген кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiледi.

Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кіруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.

4. Егер мұндай құқық тиiстi халықаралық шартта көзделсе, шетел кемелерi капитандарының өз кемесi туын көтерiп жүзіп жүрген мемлекеттiң консулдық мекемелерiне теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге құқығы бар.

 

228-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме

Оқиға салдарынан кемедегi жүкке залал келтiрiлген жағдайда, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме люктер ашылғанға дейiн берiлуге тиiс. Теңiздегi наразылық мәлiмденгенге дейiн кемедегi жүктi түсiруге аса қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.

 

229-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жiберiлген тұлғаға кеме журналының берiлуi

1. Кеме капитаны теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiлген тұлғаға кеме немесе кеменiң капитаны теңiз портына келген, сондай-ақ оқиға портта орын алған болса, оқиғаның өзi болған кезден бастап жетi күн iшiнде танысу үшiн кеме журналын және кеме журналынан үзiндi жазбаны өзi куәландырып беруге мiндеттi.

2. Кеме журналы жойылған (жоғалған) жағдайда кеме журналының жойылуының (жоғалуының) мән-жайы мен себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде баяндалуға тиiс.

 

230-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау

Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеменi қабылдауға уәкiлеттi тұлғалар кеме капитанының мәлiмдемесi, кеме журналының деректерi, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiнен сұрастыру негiзiнде теңiздегi наразылық туралы акт жасайды.

 

24-тарау. Актілер, кінә қою және талап қою. Талап қою мерзімі

 

231-бап. Теңiзде жүк тасымалдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыру

1. Тасымалдаушының, жөнелтушiнің, алушының және жолаушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады. Шет ел порттарында аталған мән-жайлар сол портта қолданылатын ережелерге сәйкес куәландырылады.

2. Коммерциялық акт:

1) жүктiң немесе нақты багаждың атауы, массасы немесе орындарының саны және тасымалдау құжатында көрсетiлген деректер арасындағы сәйкессiздiктi;

2) жүктiң немесе багаждың жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн);

3) құжатсыз жүк немесе багаж, сондай-ақ жүксiз немесе багажсыз құжаттар табылғанын;

4) тасымалдаушыға ұрланған жүктiң немесе багаждың қайтарылғанын куәландыру үшiн жасалады.

3. Актiлердiң нысандары, оларды жасау тәртібі және акт жасауды талап етпейтiн мән-жайларды куәландыру тәртібі уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен белгiленедi.

 

232-бап. Кiнә қою

Кiнә қою тәртібімен дауларды сотқа дейiнгi реттеу талап қоюдың мiндеттi шарты болып табылады.

 

233-бап. Кiнә қою мен талап қою құқығын беру

1. Кiнә қою мен талап қою құқығын, мұндай құқықты жөнелтушiнiң алушыға беруi немесе керiсiнше жағдайларды, сондай-ақ жөнелтушiнің немесе алушының экспедиторға немесе сақтандырушыға беретiн жағдайларын қоспағанда, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға беруге жол берiлмейдi.

2. Кiнә қою мен талап қою құқығының берiлуi коносаменттегi немесе өзге де тасымалдау құжатындағы басқа біреуге (теңiз жүкқұжаты, чартер) беру түріндегі жазбамен куәландырылады.

 

234-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі

1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қою тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қойылуы мүмкiн.

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Кiнәрат жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға және жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады.

3. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туралы кiнә қоюға, тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қоюға құқықты растайтын құжаттар және жөнелтілген жүктің мөлшерi мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары (теңiз жүкқұжаты, коносамент, чартер) түпнұсқасында көрсетiледi.

 

235-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi

1. Кiнә қою оның алынған күнiнен бастап бір ай мерзiмде қаралуға тиiс.

2. Бір құжат бойынша көлiктiң әр түрiнiң тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын тасымал жөнiндегі кiнә қоюға қатысты - үш ай iшiнде. Егер кiнә қою қабылданбаса немесе осы бапта белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, арызданушының талап қою құқығы пайда болады.

 

236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi

1. Тасымалдаушыға теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қою тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкiн.

2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi бір жыл, жолаушы мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай.

3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша аталған мерзiм:

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) жүктiң жоғалуынан және жетіспеуінен болған залалды өтеу туралы талаптар бойынша - жүк берiлуге тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң;

2) жүктiң зақымданғаны (бүлiнгенi), жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзіліп алынғаны үшiн залалды өтеу, тасымалдау ақысын қайтарып беру немесе өндiрiп алу туралы талаптар бойынша - жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмеген болса, ол берiлуге тиiс күннен бастап;

3) кеменің берiлмегенi немесе оның дер кезiнде берiлмегенi үшiн залалдарды өтеу, демерредж бен диспач төлеу туралы талаптар бойынша - жүк тасымалдау басталған немесе тасымалдана бастауға тиiс болған айдан кейiнгi ай бiтетiн күннен бастап;

4) басқа жағдайлардың бәрiнде - талапты беруге негiз болған оқиға басталған күннен бастап есептеледi.

 

237-бап. Өзге талаптар бойынша талап қою мерзiмi

1. Сүйретiп жүзу шартынан, теңiз агенттiгiн жүргiзу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден және жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi:

1) сүйретіп жүзу шартынан, теңіз агенттігін жүргізу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден және бербоут-чартерден туындайтын талаптар бойынша - талап қою құқық пайда болған күннен бастап;

2) жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша - диспаша алынған күннен бастап есептеледi.

2. Осы Заңның 169-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген керi талаптар бойынша талап қою мерзiмi бір жылға тиiстi сома төленген күннен бастап есептеледi.

 

238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi

Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi зардап шегушi мұндай залал келтiрiлгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жылдан соң бiтедi.

Бұл орайда залалды өтеу туралы талап қоюды:

1) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап алты жылдан кейiн;

2) теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптары бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап он жылдан кейiн беруге болмайды.

 

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 238-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі

Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және белгілеуге байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі суға батқан мүлікті аластау қағидаларында айқындалған тәртіппен суға батқан мүліктің қауіптілігі айқындалған күннен бастап үш жылды құрайды.

Авариялық жағдай болып, салдарынан мүлік суға батқан күннен бастап алты жыл өткеннен кейін талап қойылмайды.

Егер авариялық жағдай бірқатар оқиғалардан тұрса, онда алты жылдық мерзім осы оқиғалардың бірінші күнінен бастап есептеледі.

 

239-бап. Жалпы мерзiмдердiң қолданылуы

Осы Заңда талап қою мерзiмдерi белгiленбеген талаптар бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген талап қою мерзiмiнің жалпы мерзiмi қолданылады.

 

 

25-тарау. Қолданылатын құқық

 

240-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты айқындау

1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң танылған үрдiстерi негiзiнде айқындалады.

2. Осы Заңда көзделген шарт тараптардың келісімiмен таңдап алынған елдiң құқығымен реттеледi.

Шарт тараптарының тұтас шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдап алуына болады.

Шарт тараптарының келісімiмен құқық таңдау тасымалдаушыны жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, жүктiң немесе багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктен не оның жауапкершiлiгiн шектеуден босатпайды.

3. Шарт тараптарының шартқа қолданылуға тиiстi құқық туралы келісімi болмаған жағдайда:

1) теңiз тасымалы шартында - тасымалдаушы;

2) теңiзде агенттiк ету, тайм-чартер және бербоут-чартер шартында кеме иесi;

3) сүйретiп жүзу шартында - сүйретiп жүзетiн кеменiң иесi;

4) теңiз делдалдығы шартында - сенімгер;

5) теңiз сақтандыру шартында - сақтандырушы болып табылатын тарап құрылған, тұрғылықты жерi немесе қызметiнiң негiзгi орны бар елдiң құқығы қолданылады.

 

241-бап. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар

1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ олардың пайда болуы мен тоқтатылуы осы кеме мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша айқындалады.

2. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелмеген жасалып жатқан кемеге құқық, егер кеменi жасау туралы шартта өзгеше көзделмесе, кеменi жасауға қабылдаған немесе кеме жасалып жатқан елдiң заңымен айқындалады.

 

242-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы

1. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы мен кеменi пайдалануға байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме туы елiнiң заңымен айқындалады.

2. Егер кеме иесi мен шетелдiктер болып табылатын кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтiн шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы қатынастар кеме туы елiнің құқығымен реттеледi.

Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы еңбек қатынастарына қатысты қолданылуға тиiс құқықты еңбек шарты тараптарының таңдауы кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтарын шектеуге, тараптардың келісімi болмаған кезде құқығы қолданылуға тиiс елдiң заңдарында белгiленген еңбек жағдайларының нашарлауына және кепілдiктердiң бұзылуына әкеп соқпауға тиiс.

 

243-бап. Суға батқан мүлiкке құқық

1. Iшкi теңiз суларында немесе аумақтық теңiзде суға батқан мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ суға батқан мүлiкке байланысты туындайтын қатынастар аумағында мүлiк суға батқан елдiң құқығы бойынша айқындалады.

2. Ашық теңiзде суға батқан кемеге, ондағы жүк пен өзге де мүлiкке меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар кеме туы елiнiң құқығы бойынша айқындалады.

 

244-бап. Жалпы авария

1. Жалпы авариядан туындайтын қатынастар тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келісімi болмаған жағдайда, жалпы авария туғызған оқиғадан кейiн портында кеме рейсiн аяқтаған елдiң құқығымен реттеледi.

Белгiлi бір елдiң азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдары болып табылатын адамдар арасындағы жалпы авария бойынша қатынастарға сол елдiң құқығы қолданылады.

2. Егер жалпы авария Қазақстан Республикасында бөлiнетiн болса, оны бөлу тәртібі осы Заңның 16-тарауына сәйкес реттеледi.

 

245-бап. Кемелер соқтығысқан жағдайда туындайтын қатынастар

1. Кемелердiң iшкi теңiз суларында және аумақтық теңiзде соқтығысуынан туындайтын қатынастар аумағында соқтығысу болған елдің құқығымен реттеледі.

2. Кемелердiң соқтығысуы ашық теңiзде болған және дау Қазақстан Республикасының сотында қаралатын жағдайда осы Заңның 17-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.

3. Бір мемлекеттiң туын көтерiп жүзiп жүрген кемелердің соқтығысуы жағдайында туындайтын қатынастарға, кемелер соқтығысқан жерге қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.

 

246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар

Теңiздiң кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгiленген ережелер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалға;

2) олар қай жерде қолданылса да, мұндай залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі ескерту шараларына қолданылады.

 

247-бап. Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар

Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгіленген ережелер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында, соның iшiнде аумақтық теңiзде келтiрiлген залалға;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде, соның iшiнде аумақтық теңiзде қоршаған ортаның ластануынан келтiрiлген залалдан өзге залалға, егер мұндай залал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетiн кеменiң бортында тасымалданатын қауiптi және зиянды заттардан келтiрiлген болса;

3) олар қай жерде қолданылса да, залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі ескерту шараларына қолданылады.

 

248-бап. Кеменi және өзге де мүлiктi құтқарудан туындайтын қатынастар

1. Кеменi және өзге де мүлiктi аумақтық суларда құтқарудан туындайтын қатынастарға қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келісімi болмаған жағдайда, аумағында құтқару орын алған елдің құқығы қолданылады, ал егер құтқару ашық теңiзде жүзеге асырылса және дау Қазақстан Республикасында қаралса, осы Заңның 19-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.

2. Құтқарушы және құтқарылған кемелер бір мемлекеттiң туын көтерiп жүзген жағдайда, құтқару қайда орын алғанына қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.

3. Құтқарған кеме иесiнiң, оның капитанының және кеме экипажының басқа мүшелерiнiң арасында сыйақыны бөлуде кеме туы елiнiң құқығы қолданылады, ал, егер құтқару кемеден жүзеге асырылмаған болса, құтқарушы мен оның қызметкерлерi арасындағы қатынастарды реттейтiн шартқа күшiнiң ықпалы болатын заң қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев