Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-II
Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2007.15.05. № 252-III ҚР Заңымен күші жойылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                             (1 - 3 баптар)
2-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау                     (4 - 11 баптар) 
         саласындағы мемлекеттік басқару
3-тарау. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға                 (12 - 16 баптар)
         қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
4-тарау. Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі           (17 - 20 баптар)
         және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Еңбек қауіпсіздігін және                                   (21 - 23 баптар)
         еңбекті қорғауды ұйымдастыру
6-тарау. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі               (24 - 33 баптар)
         және еңбекті қорғау туралы заңдарының
         сақталуын бақылау
7-тарау. Қорытынды ережелер                                         (34 - 35 баптар)
 
 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауіпсiздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерiн белгілейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;

2) ауыр қол еңбегі - ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;

3) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

4) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жай-күйі;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық  бөлімшелер) - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;

8) еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары - еңбек процесінде қызметкердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының жиынтығы;

9) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;

10) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;

11) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;

12) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар;

13) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны;

14) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

15) зиянды өндірістік фактор - оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

16) кәсіби ауру - қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;

17) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

18) қауіпті (ерекше қауіпті} еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

19) қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе мүлдем айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

20) қызметкерлер өкілдері - қызметкерлері уәкілеттік берген кәсіптік одақтардың және олардың бірлестіктерінің органдары, ал олар болмағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;

21) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік фактордың әсері;

22) өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;

23) өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

24) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбектің қауіпсіз жағдайларына нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;

25) өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

26) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру ic-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

27) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

28) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі және одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiлeнce, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрi орындауы міндеттi.

3. Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актілерінде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау деңгейiнен төмен болмауға тиiс.

2-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

саласындағы мемлекеттік басқару

4-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау

Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

5-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;

3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;

6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;

11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;

12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;

14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.

6-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:

1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;

3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;

4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;

7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;

8) мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;

9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

7-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтiк талаптар

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіздік талаптарынан, ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.

2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі талаптарды орындауға мiндеттi.

3. Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекітуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгі бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;

3) еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудің тәртібін белгілейді;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат берудiң және мемлекеттік статистика жүргізудiң тәртібін айқындайды;

5) еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргізудi қамтамасыз етедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

 

9-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкiлеттi орган:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мониторинг өткізеді;

4) басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкiлдерiмен еңбек қауiпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестірудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тамақтандыру рациондарын, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

6) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) жұмыс берушілердің ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға дер кезiнде және объективті тергеу жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

10) еңбектің физиологиялық негізделген нормаларын әзірлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

11) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдарымен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етудiң тәртібін белгiлейдi;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды

13) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді.

10-бaп . Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi

Аумақтық бөлімшелер:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздiгі және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурудың себептерiне талдау жүргізедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;

3) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен тергейді;

4) уәкiлетті орган бeкіткeн ережелерге сәйкес ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен адамдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша біліміне тексеру жүргізеді;

5) өндірістік мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның құрамына қатысады;

6) қызметкерлердiң, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерiнiң еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі өтініштерiн қарайды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша кәсіподақтармен және жұмыс берушiлердің бiрлестіктерiмен өзара iс-қимыл жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру

Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсатқа шығыстаp шығармайды.

Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауiпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледi. Қаражат көлемi жеке және (немесе) ұжымдық шарттарда белгіленедi.

3-тарау. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға

қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері

12-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi

Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.

Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс iстегенi үшiн берiлетін жеңiлдiктер мен өтемақылар көрсетiлуге тиiс.

Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.

13-бап. Қызметкерлерді мiндеттi медициналық тексерулер

1. Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс.

2. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс.

3. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi.

4. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

14-бап. Қызметкерлердің еңбек қызметi процесiндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдiктерi

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ұйымдардағы, әрбiр жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

2. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

3. Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды.

4. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс.

5. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келісімi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.

15-бап. Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қорғау

1. Ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.

2. Әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстардағы өндiрiстердiң, кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша уәкілеттi орган бекiтедi.

3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес орташа айлық жалақысы сақтала отырып, қолайсыз өндiрiстiк факторлары жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.

16-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн тексеру

1. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқаулық берудi, білімдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.

2. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудың, нұсқаулық берудiң, бiлімдерiн тексерудiң тәртібі мен мерзiмi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.

3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша білімдерiн мiндеттi тексеруден өткiзе отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндетті түрде өтедi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, нұсқаулық беруден және бiлімдерiн тексеруден алдын ала өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

4. Өндiрiс ұйымдарының басшы қызметкерлерi мен еңбек қауіпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемiнде үш жылда бiр рет тиiстi жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде бiліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерiн тексеруден өтуге мiндеттi.

4-тарау. Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі

және еңбектІ қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

17-бап. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары

Қызметкердің:

1) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбекті қорғауға;

2) жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы, өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

3) өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс орнына;

4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

5) өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсiздігіне және еңбектi қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өтiніш жасауға;

6) еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;

7) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкiлiне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби даярлыққа;

9) шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өтетуге;

10) ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

11) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.

18-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi

Қызметкер:

1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;

2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;

3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.

19-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары

Жұмыс берушінің:

1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;

3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.

20-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

1. Жұмыс беруші:

1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

2) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;

3) қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;

4) өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге;

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөлуге;

7) өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;

8) өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өткізуге;

11) өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киімдi және аяқ киімдi жөндеумен қамтамасыз етуге;

12) уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғaу жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiне, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуына тексерулер жүргiзуi үшiн, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды зерттеуi үшiн кедергiсiз өткізуге;

13) уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;

14) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын қабылдауға және орындауға;

15) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;

16) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткізуге, сондай-ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология орнатқаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткізуге;

17) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге;

18) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тергеудi қамтамасыз етуге;

19) пайдаланудағы негiзгi қорлардың бәрiн еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiне сәйкес келтіруге;

20) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға;

21) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етуге;

22) авариялық жағдайдың өрiстеп кетуiн және зақым келтiретін факторлардың басқа адамдарға әсерiн болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауға;

23) егер жазатайым оқиға басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрмейтiн және авариялық жағдайдағы жай-күйге соқтырмайтын болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеу басталғанға дейiн оқиға болған сәттегi жағдайды сақтауға, ал оны сақтау мүмкiн болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды белгiлеп алуға (схемасын жасауға, соның iшiнде суретке, бейнетаспаға түсiрудi пайдалануға);

24) өндiрiсте болған топтық (екi және одан да көп адам) жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттік органдарға хабарлауға;

25) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.

2. Ұйымның қызметi мен жұмыс түрлерiнiң ерекшелiгi, аса жоғары қауіп көздерінің бар болуы ескерiле отырып, жеке еңбек не ұжымдық шарттарда жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуі мүмкiн.

5-тарау. Еңбек қауіпсіздігін және

еңбекті қорғауды ұйымдастыру

21-бап. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау қызметі

1. Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады.

2. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.

22-бап. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды

22-1-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары

1. Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.

4. Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс.

Ұйым аумағында жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайларда қозғалуға тиіс.

5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдарында және ішкі су тоғандарында жұмыстар жүргізуі үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.

6. Жұмыс уақытында жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи және жасанды жарық беру, сондай-ақ желдету қауіпсіз еңбек жағдайларына сәйкес болуға тиіс.

7. Жұмыскерлер зиянды еңбек жағдайлары бар (шаң-тозаңдалған, газдалған және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.

8. Жұмыс орындарындағы шу және тербеліс деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға тиіс.

9. Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуге тиіс.

23-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптар

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берiлмейдi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.

3. Өндірістік объектілер уәкілетті орган белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс.

4. Өндiрiстік мақсатта салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.

5. Мыналарға:

1) мемлекеттік сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткiзiлмеген, бекітілген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын қолдануға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздік талаптары

Қауіпсіздік талаптары адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерде белгіленеді.

 

6-тарау. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау туралы заңдарының

сақталуын бақылау

24-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады.

25-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Осы Заң мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-1- баппен толықтырылды

25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігi

және еңбекті қорғау туралы заңнамасын сақтау

жөніндегі тексерулер, олардың түрлері мен нысандары

1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.

2. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.

3. Жоспардан тыс тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.

Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болмайды.

4. Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі елеулі болғанда мемлекеттік органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

 

26-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметiнiң кепiлi

Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретiне сәйкес қызмет мiндеттерiн орындауына тексеру жүргiзуге жiбермеу, жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі қызметi туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрiнде кедергi жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

27-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары

Мемлекеттік еңбек инспекторларының:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында кәсiпорындарға кедергiсiз баруға;

2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;

3) жұмыс берушiлерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсiнiктемелер алуға;

4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кiнәлi заңды, лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

5) қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);

6) жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киімдi, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөніндегі ережелердi, нормалар мен нұсқаулықтарды бiлуiн тексеруден, медициналық (алғашқы немесе мерзiмдi) куәландырудан өтпеген, тиiстi арнаулы киімдi, арнаулы аяқ киімдi пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге;

8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушiлердiң мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактілері бойынша ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиiстi құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

28-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi

Мемлекеттік еңбек инспекторлары:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезiнде және сапалы тексерулер жүргiзуге;

3) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштерiн жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтiрудi және талдауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;

6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;

7) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактілері туралы өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органды және басқа да мемлекеттік органдарды хабардар етуге;

8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу фактілері туралы, соның iшiнде жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған (тыйым салынған) кезде материалдар әзiрлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жiберуге;

9) азаматтардың, ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі арыздарын, өтiнiштерi мен ұсыныстарын дер кезiнде қарауға;

10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында біліктiлiк талаптарына сәйкес қажеттi әзiрлiгi болуға;

11) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде алған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтерді, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге мiндеттi.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторларының осы бапта тізіп көрсетілген міндеттерінен басқа:

1) уәкілетті органды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;

2) уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және тоқсан сайын уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен    бап 2 екінші бөлікпен толықтырылды

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторларының осы бапта тізіп көрсетілген міндеттерінен басқа:

1) уәкілетті органды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;

2) уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және тоқсан сайын уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

 

29-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi

1. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарын бұзушылықтың белгiлi болуына қарай, мемлекеттік бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актiлер шығарады:

1) нұсқама:

Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы;

еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлерге аттестаттау жүргізу туралы;

өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде профилактикалық жұмыстар жүргiзу туралы;

жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды және тұтастай ұйымдарды қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата түру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.

2. Актiлердiң нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.

3. Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін лауазымды, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

30-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

Мемлекеттік инспектордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органның жоғары тұрған лауазымды адамына немесе сотқа шағымдануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік еңбек инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актiлердiң орындалуын тоқтата тұрмайды.

31-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының жауапкершiлiгi

Мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

32-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылау

1. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсiподақ органы тағайындайтын, ал ол болмаған кезде - қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын еңбектi қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.

2. Еңбектi қорғау жөнiндегі қоғамдық инспектордың:

ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерінiң сақталуын тексерудi жүзеге асыруға;

тексерудiң қорытындысы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдардың, келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерiнiң анықталған бұзушылықтарын жою туралы лауазымды адамдардың атына ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды дер кезiнде жоймаған жағдайда материалдарды қарау және оларға ықпал ету шараларын қолдану үшiн уәкiлеттi органға беру туралы ұйымның кәсiподақ органына ұсыныс жасауға;

ұйымның лауазымды адамдарынан қоғамдық инспекторға жүктелген функцияларды орындауға қажеттi тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты алуға;

өндiрiсте болған жазатайым оқиғаларды тергеу жөнiндегі комиссияға және ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға құқығы бар.

33-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтары

Қызметкерлер өкiлдерiнiң:

жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауына қоғамдық бақылау жасау арқылы қызметкерлердiң жұмыс берушiлер алдындағы еңбектi қорғауға арналған құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауiпсiздiгiн жасауы жөнiнде келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуға;

өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргiзетiн кешендi тексерулерге қатысуға;

жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы ақпарат пен түсiнiктеме алуға, соның iшiнде жазбаша түрде алуға;

жұмыс берушiлердiң келісімдерде, ұжымдық шарттарда көзделген еңбектi қорғау бөлiгіндегі мiндеттемелердi орындауын тексерудi жүзеге асыруға;

өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;

еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға, өзiнiң ұсыныстарын енгізуге;

Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбектi қорғау бөлiгiндегі ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiсте болған жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлер мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаппен тиiстi мемлекеттік органдарға өтiнiш жасауға;

еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылуына, келісімдер мен ұжымдық шарттар, сондай-ақ жеке еңбек шарттары мiндеттемелерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау бөлiгiнде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;

қызметкердiң өтiнiшi бойынша еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты қызметкерлердiң мертiккен немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрген зиянды өтеуге арналған құқықтарын қорғау үшiн және қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтары кемсiтiлген басқа да жағдайларда талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

7-тарау. Қорытынды ережелер

34-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

"Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 40-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 23, 931-құжат);

"Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 41-құжат).

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

Н. Назарбаев