Өрт қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы
(2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңымен күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен өзгерістер енгізілді
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«меншік нысанына қарамастан», «меншік нысандарына қарамастан,»,«меншік нысандарына қарамастан», «Меншік нысанына қарамастан», «меншік нысанына қарамастан,», «Меншік нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
«өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызметтің органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызмет органдары», «Өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органының», «өртке қарсы қызмет органы» және «өртке қарсы орган», «өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органына», «өртке қарсы қызмет органдарына», «өртке қарсы қызмет объектілері», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерінің, көңіл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көліктің барлық түрлерінің вокзалдары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
4) ерікті өрт сөндіруші - өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын, ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат;
5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;
6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуге тиіс өзге де мүлік;
7) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану;
8) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;
10) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі;
11) өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар;
12) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау -объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
13) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
14) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекеттер;
16) өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-әрекеттер;
17) өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сендіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттердің алдын алудың және оларды сөндірудің өзге де құралдары;
18) сарапшы ұйым - өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым;
19) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі - пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына әкеп соғатын денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары.
2-бап. Қазақстан Республикасының өрт
қауiпсiздiгi саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi принциптерi
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
- ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2-тарау. Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы құзыреті
16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен; 29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметі өрт қауiпсiздiгi саласында:
- мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды;
- өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін белгiлейдi;
өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары штат санының лимитін белгілейді;
қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;
- Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртібін белгiлейдi;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді.
өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді.
өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.
- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін айқындайды;
- мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін нысанды киімнің және арнаулы киім-кешектің үлгілері мен тиесілілік нормаларын белгілейді;
өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттарын тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді.
- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;
- өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi, өрт қауіпсіздігі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзірлейді;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, білімдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;
4-1) халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар етеді;
5) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
6-1) өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекітеді;
7) өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;
8) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) объектілер құрылысына өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келіседі.
12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 16) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
18) сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Орталық мемлекеттік органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құзыреті
Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:
1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн уәкілетті органға бередi;
2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;
3) мемлекеттік органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi.
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:
1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.
3) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі мен құзыреті
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, уәкілетті органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерден, оның ішінде өрт-техникалық оқу орындарынан тұрады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-1 бап өзгертілді
9-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары:
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
2) 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;
7) 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
9) қоныстану аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі ерекше маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.
Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды
9-3-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-4-бап өзгертілді
9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне білім беру және олардың біліктiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:
1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;
3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгізу болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-5 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-5-бап өзгертілді
9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
3. Шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмір разрездерінде, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-6 бап өзгертілді
9-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3-1-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнің және өзге де жұмыскерлерінiң еңбегін құқықтық реттеу
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органдағы, оның ведомствосындағы, аумақтық бөлiмшелердегi және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі соларға сәйкес шектi атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
3-2-тарау. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Заң 3-3-тараумен толықтырылды 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен
3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12- бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:
1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.
3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар
1. Дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.
2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
1) дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды жою;
2) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жатады.
Өртке қарсы ерікті құралымдар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегі іс-әрекеттерге әзірлеуді жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті негізде өзінің іскерлік және моральдық қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердің алдын алумен және (немесе) оларды сөндірумен байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар жеке тәртіппен қабылданады.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізілуін ерікті өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және бастапқы даярлықтан өтеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
4. Өртке дер кезінде ден қою үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.
5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді.
6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15- бап өзгертілді
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттік органдар әзiрлеп, iске асырады.
2009.17.07 № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16- бап өзгертілді
16-бап. Өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады.
Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледі.
Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тарту тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 101 нөмiрi белгiленедi.
Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөніндегі басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкімінiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
Уәкiлеттi органның басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, әуе, темір жол, теңіз және ішкі су көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;
5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін уәкiлеттi орган белгілейді.
16.07.99 ж. № 437-1; 02.07.03 ж. № 454-II; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткізу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау;
- тiзбесiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттауды уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - орта білімнен кейінгі, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөніндегі орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа халықтың құқығы
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық білімдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттік есепке алу
Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттік есепке алуды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулердi үйлестiру уәкiлеттi органына жүктеледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерi
Өнім және оның өмірлік циклінің процестері өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілерді өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтірілуі;
5) өрт автоматикасы жүйесімен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;
6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі;
7) өрттің таралуын болғызбау;
8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектілердің үй-жайларын күтіп-ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтар мен міндеттер
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 24- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 25-бап толықтырылды; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
Ұымдардың:
- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға;
- мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгізуге;
- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.
Ұйымдар:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;
- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;
- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
- өрт сөндiру жөніндегі iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;
- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;
- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына беруге;
- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға;
өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілердегі өртке байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға;
шөптесін өсімдіктерді өртеу және ашық алаңқайларда арнайы от әсерлерін қолдану жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға міндетті.
Өтініш берушілер «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабарламалар беруді жүзеге асырады.
Егер іс-қимылды жүзеге асыру үшінші тұлғаларға зиян келтіру қатеріне байланысты болса, хабарламада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өтініш беруші қабылдаған шаралар қосымша көрсетіледі.
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау
25-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.
Сарапшы ұйым өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзіне меншік құқығымен тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды:
1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды;
2) объектінің өрт қауіпсіздігі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің шығу және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізуді;
4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.
Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.
Қатерлерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.
25-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;
2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.
Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жана редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аккредиттеу үшiн ұйым мынадай құжаттарды:
1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;
2) ұйымға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтініш беруші электрондық құжат нысанында жасаған мәліметтер нысанын;
3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерiн ұсынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Аккредиттеу аттестаттары эленктрондық құжат нысанында беріледі, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды болады және олардың қолданылу мерзiмi бес жыл.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды табыс етеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Аккредиттеу аттестатында:
1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:
1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру негіздері бойынша тоқтатылады.
11. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру
Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу
Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 28-1- баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі және олардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жана редакцияда (бұр. ред. қара)
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртібі
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.
30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау
Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 32-баппен толықтырылды
32-бап. Өтпелі ережелер
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шекті жасқа:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі - елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |