Қазақстан Республикасының
Заңы

Ақпараттандыру туралы

(2025.07.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы

3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

 

2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

7-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті

7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы

7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі

7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы

7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы

7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті

7-7-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі

7-8-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы

8-бап. Сарапшылық кеңес

9-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi

10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi

11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты

12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы

13-бап. Оператор

13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі

13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті

13-3-бап. Деректерді өңдеу орталығы

13-4-бап. Бұлттық есептеулер

14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет

14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты

15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы

 

3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері

17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері

18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері

18-2-бап. Алып тасталды

19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері

20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну

20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану

 

2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»

21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі

22-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы

23-бап. Алып тасталды

24-бап. Алып тасталды

25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы

27-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы

28-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі

29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы

30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі

30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі

31-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы

 

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі

33-1-бап. Алып тасталды

34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік

36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар

 

6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ

37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту

39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі

40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану

41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату

41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару

42-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар

43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы

44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар

 

7-тарау. Алып тасталды

 

8-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЫНАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ

48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру

49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар

50-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті

51-бап. Алып тасталды

52-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау

 

9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ

53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары

54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру

55-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары

56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды қорғау

 

3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

10-тарау. ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУ

57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар

58-бап. Алып тасталды

59-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу

60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы

 

11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ

61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету

 

12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

63-бап. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау

64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тəртібі

64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі

65-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

66-бап. Өтпелі ережелер

67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандыру - ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;

2) ақпараттандыру - ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

3-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі - ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы - деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

6) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы (бұдан әрі - сыныптауыш) - ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және сипаттауға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) ақпараттандыру объектісін дамыту - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;

6-2) ақпараттандыру объектісін ендіру - автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;

6-3) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру - өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;

6-4) ақпараттандыру объектісін құру - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;

6-5) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;

6-6) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану - ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;

6-7) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі - ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және оның өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;

7) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздік) - электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

8) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;

10) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) ақпараттандыру субъектілері - ақпараттандыру саласында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;

12) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

13) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) - 17) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) ақпараттық жүйенің аудиті - ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеп-қарау;

19) - 22) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

24) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзгертілді

25) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері - ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар, деректерді өңдеу орталықтары, телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет - осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру, уақытша пайдалану) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

26-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

29) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы - экономиканың бағдарламалық қамтылымды, техникалық құралдарды, тұрмыстық электрониканы және оның құрамдастарын жобалаумен, жасаумен және өткізумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты саласы;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-1) ақпараттық қауіпсіздік қатері - ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының пайда болу алғышарттарын жасайтын жағдайлар мен факторлар жиынтығы;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

29-2) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты байқау;

30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы - ақпараттандыру объектілерінің қазіргі бар қауіпсіздік саясатын ықтимал бұзу туралы не ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысы болуы мүмкін, бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын жай-күйі;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-1) тармақша жаңа редакцияда

30-1) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеуші - ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасында тіркелген, ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қосылған ақпараттандыру объектілерін осалдықтарын анықтау үшін зерттейтін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маман;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-2) тармақша жаңа редакцияда

30-2) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы (бұдан әрі - өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы) - ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілерді тіркеуге, анықталған осалдықтарды тіркеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілердің ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған ақпараттандыру объектісі;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-3) тармақша жаңа редакцияда

30-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 30-4) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-4) тармақша жаңа редакцияда

30-4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-5) тармақшамен толықтырылды; 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 30-5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты - ақпараттық қауіпсіздік және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 30-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

30-6) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы - электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация желілері мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 30-7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

30-7) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі - осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

31) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы - ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiрмесін түсіріп алу, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын іркілістер;

31-1) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы - ведомстволық бағынысты ұйымдарға және (немесе) реттелетін басқару саласына қатысты ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден немесе ықпал етуден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе орталық атқарушы органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

32) ақпаратты қорғау құралы - ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған және сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды

32-1) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

33) арнайы сарапшылық кеңесі - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 33-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі - уәкілетті орган айқындаған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 33-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

33-2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды акселерациялау - «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруға дайындау мен оқыту процесі;

34) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайта жариялауға арналған деректер;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

36) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

37) бағдарламалық қамтылым - бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

38) бағдарламалық өнім - әзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамада белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, тауар болып табылатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтылымның бір бөлігі;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды

38-1) биометриялық сәйкестендіру - жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды

38-2) блокчейн - өзара байланысты деректер блоктарының, тұтастығын растаудың берілген алгоритмдері мен шифрлау құралдарының тізбектері базасында деректердің таратылған платформасындағы ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

38-3) бұлттық есептеулер - интернет арқылы есептеу ресурстарының пулдарына сұрау салу бойынша желілік қол жеткізуді ұсынуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;

39) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды

39-1) деректердің таратылған платформасы - құрамбөліктері берілген алгоритмдермен байланысқан, желінің түрлі тораптарында орналастырылған, бір немесе одан көп иеленушісі болуы мүмкін, сондай-ақ деректер ұқсастығының түрлі деңгейіне ие болуы мүмкін технологиялық платформа;

39-2) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 39-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

39-3) деректерді өңдеу орталығы - есептеу ресурстарының және телекоммуникациялық жабдықтың, сондай-ақ деректерді сақтау мен өңдеу жүйелерінің істен шығуға төзімді және іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 39-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

39-4) деректерді өңдеу орталығының ұлттық техникалық аудиті - деректерді өңдеу орталықтарының сенімділігін ерікті түрде бағалау;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 39-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

39-5) деректерді талдау - шешім қабылдау үшін ақпарат пен тұжырымдар алу мақсатында деректерді өңдеу процесі;

40) домендiк ат - Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;

41) еркін бағдарламалық қамтылым - құқық иеленуші пайдаланушыға бағдарламалық қамтылымға қатысты шектеусіз орнату, іске қосу және көшірмесін түсіріп алу, сондай-ақ еркін пайдалану, зерделеу, дамыту және тарату құқығын беретін, ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым;

42) жергілікті желі - телекоммуникациялардың басқа желілеріне қосылу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар және ақпарат беруді және объектінің аумақтық шектелген кеңістігіндегі (үй-жай, ғимарат, құрылыс және оның кешені) желілік құрылғыларға бірлесіп қол жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісінің бір бөлігі;

43) жүйелік-техникалық қызмет көрсету - аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

43-1) зияткерлік робот - қабылданған және танылған сыртқы ортаны ескере отырып, белгілі бір әрекет жасайтын немесе әрекет жасамайтын автоматтандырылған құрылғы;

44) Интернет - электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

45) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі - Интернетке және (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде ақпараттандыру объектілерін қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) интернет-ресурс - бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 46-1) тармақшамен толықтырылды

46-1) интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігі - Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендерде орналастырылатын интернет-ресурстар жиынтығы;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 46-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

46-2) көпфакторлы аутентификациялау - әртүрлі параметрлер комбинациясының, оның ішінде парольдерді немесе аутентификациялық белгілерді (цифрлық сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, бірреттік парольдердің генераторларын және биометриялық сәйкестендіру құралдарын) генерациялаудың және енгізудің көмегімен пайдаланушының шынайылығын тексеру тәсілі;

47) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі - мемлекеттердің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарының мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды

47-1) қорғау бейіні - ақпараттандыру объектілерінің құрамдастары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;

47-2) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;

49) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

51) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектілерін құруға және пайдалануға (іске қосуға), сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидаттар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы;

51-1) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51-2) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 51-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

51-3) осалдық - пайдаланылуы ақпараттандыру объектісі тұтастығының және (немесе) құпиялылығының және (немесе) қолжетімділігінің бұзылуына алып келуі мүмкін ақпараттандыру объектісінің кемшілігі;

52) пайдаланушы - нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

52-1) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

53) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды

53-1) техникалық қолдау - лицензиялық бағдарламалық қамтылымның және техникалық құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық және өзге де қызметтерді көрсету;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 53-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-2) техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектісін құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттамалар жиынтығы;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда

54) ұлттық жасанды интеллект платформасы - деректер жиынтығын жинауға, өңдеуге, сақтау мен таратуға және жасанды интеллект саласында көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған технологиялық платформа;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы - өзіне бекітілген Ұлттық жасанды интеллект платформасының дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

55-1) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 55-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-2) тармақша жаңа редакцияда

55-2) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» - бірыңғай портал арқылы инновациялық қызмет пен инновацияларды қолдау шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Автономды кластерлік қор ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» құруды, дамытуды және қолдап отыруды қамтамасыз етуге уәкілетті ұйым болып табылады;

55-3) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 55-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

55-4) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.

Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей;

56) цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі;

56-1) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 57) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

57) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы деректер;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды

57-1) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау - электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау;

58) «электрондық әкiмдiк» - жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ және электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;

59) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60) электрондық жеткізгіш - ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61) тармақша өзгертілді

61) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъект - мемлекеттік немесе өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алуға өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;

62) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі - мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-1) тармақша жаңа редакцияда

62-1) электрондық өнеркәсіп - тұтынушыларға арналған компьютерлер, компьютерлік перифериялық жабдық, коммуникациялық жабдық, электрондық аспаптар, ғарышқа арналған өлшеу, тестілеу және авиациялық, иррадиациялық-төзімді құрамдастар, электромедициналық және электротерапиялық жабдық, оптикалық аспаптар мен жабдық, магниттік және оптикалық ортаны зерттеуге арналған жабдық сияқты құрылғыларды әзірлеуді, құрастыруды, сынауды және өндіруді, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне арналған тораптар, құрауыштар (интегралды микросхемалар, «активті» және «пассивті» электрондық компоненттер) мен қосалқы бөлшектер өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды

62-2) электрондық өнеркәсіп өнімі - электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 62-3) тармақшамен толықтырылды

62-3) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган - электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

63) «электрондық үкімет» - мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы және жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 64) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

64) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері - мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;

65) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

66) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы - «электрондық үкіметтің» жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

67) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) - өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68) тармақша өзгертілді

68) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы - мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға арналған технологиялық платформа;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

68-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімі (бұдан әрі - платформалық бағдарламалық өнім) - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында әзірленген және орналастырылған бағдарламалық қамтылым;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

69) «электрондық үкіметтің» архитектурасы - тиісті  салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

69-1) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийі - «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтары мен олардан құрастырылған орындалатын кодтарды сақтау орны;

70) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті - «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

71) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 71-1) тармақшамен толықтырылды

71-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі - мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;

72) «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының қорғалуын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде елішілік құндылықты дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай:

1) заңдылық;

2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерiн пайдалану құқықтарының теңдігі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді және олардың міндетті түрде берілуін (ашықтық презумпциясы) қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында жариялы таратылуының не мемлекеттік органдармен берілуінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толымдылығы және анықтығы;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру және беру еркiндiгi;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау;

9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін орталықтандырып басқаруды қамтамасыз ету;

10) Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді.

 

4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады.

2. Осы Заңның күші:

1) ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі, деректерді басқару жөніндегі талаптарға сəйкес мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

3) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту осы Заңның 39-1-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

 

5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері:

1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту;

2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету;

3) «электрондық үкіметті» және «электрондық әкімдікті» дамыту;

4) цифрлық сауаттылықты арттыру;

5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету;

6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, мемлекеттік технологиялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі;

11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу және оларға жедел ден қою;

12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жүйелі негізде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;

13) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетілдіру;

14) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

15) халықаралық ақпарат алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi ақпараттандыру саласында:

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторын, операторды айқындайды;

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекітеді;

4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекітеді;

6-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8) бұлттық есептеулерге басымдық беру саясатын айқындайды.

 

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiтеді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекітеді;

3) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекітеді;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) операторға бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін бекітеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) операторға бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

7) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекітеді;

12) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекітеді;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда

13) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекітеді;

15) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекітеді;

18) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекітеді;

20) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекітеді;

23) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды

24-1) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

25) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізеді;

26) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекiтеді;

28) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

29) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

33) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 35) тармақша өзгертілді

35) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды береді;

36) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

37) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды

42-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

43) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

44) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

45) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы қорытындыны береді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

49) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және оларға қорытындылар береді;

50) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

52) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

53) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

54) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

55) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

56) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

57) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады;

58) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

59) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды

59-1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

59-2) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-3) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

60) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекітеді;

61) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

62) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекітеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 63) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

63) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекітеді;

63-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды

63-2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;

63-3) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 63-4) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 63-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекітеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 63-5) тармақшамен толықтырылды

63-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша «ақылды» қалалар салу әдістемесін (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандартын) бекітеді;

63-6) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 63-7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

63-7) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» басқаруды, жүргізуді, қолдап отыруды, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

64) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды

7-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:

1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлейді;

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді;

4) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;

6) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;

8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;

9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-1) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жібереді;

14) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

14-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

14-2) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастырады;

15) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлейді;

16) домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiтеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін бекітеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

17-2) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

18) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекітеді;

19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекітеді;

20) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келіседі;

20-2) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-3) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 20-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

20-4) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды

7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы:

1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін табу, бағалау, болжамдау, оқшаулау, бейтараптандыру және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерін анықтау фактілері туралы дереу хабар береді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне жатпайтын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;

4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен және ақпараттық қауіпсіздіктің басқа да жедел орталықтарымен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;

6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздіктің қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың зардаптарының алдын алу мен жою әдістері туралы ақпаратты береді;

7) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

9) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

11) деректерді өңдеу орталықтарының ұлттық техникалық аудитін жүргізеді.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды

7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;

2) ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және иеленушілеріне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қауіп-қатерлері туралы хабарлайды;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды

7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:

1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;

2) Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің міндеттері мен функцияларын іске асырады;

3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.

2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-5-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:

1) ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

3) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілерінен келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;

4) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру объектілеріндегі қауіпсіздік қатерлері, осалдық, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;

5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу бойынша ақпараттандыру объектісін пайдаланады, салалық ұйымдардың оған қосылу және оны пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-6-баппен толықтырылды

7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган:

1) электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;

6) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;

7) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымын және өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;

8) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-7-баппен толықтырылды

7-7-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдеседі;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-8-баппен толықтырылды

7-8-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы:

1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;

3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;

4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;

5) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілері туралы осалдықты анықтау платформасында мәліметтер жариялауды қамтамасыз етеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

7) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

8-бап. Сарапшылық кеңес

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сарапшылық кеңесті уәкілетті органның басшысы басқарады және оның құрамына лауазымды адамдар - мемлекеттік орган қызметінің ақпараттандырылуына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, уәкілетті органның, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның және ақпараттандыру саласындағы өзге де ұйымдардың өкілдері аталған органдар мен ұйымдардың келісуі бойынша кіреді.

2. Сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Сарапшылық кеңес ақпараттандыру саласындағы мәселелерді қарайды және ұсыныстарды және (немесе) ұсынымдарды тұжырымдайды.

Сарапшылық кеңестің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі сарапшылық кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнайы сарапшылық кеңес құрады.

Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жұмыс органы болып табылады.

 

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi

Орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды қамтамасыз етеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді және орналастырады;

4) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады;

7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

10) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;

14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

15) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

17) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды

17-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 17-4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-5) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 17-5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-5) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 17-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17-6) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» дамытуға қатысады;

18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Орталық атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде де айқындалады.

 

10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi

Жергiлiктi атқарушы органдар:

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасайды;

2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді және орналастырады;

4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;

8) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;

11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады;

12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;

13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;

14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

15) 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

16-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 16-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 16-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-3) операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 16-4) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 16-4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-4) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 16-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

16-5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

 

11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды.

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 61-бабына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;

3) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім берушілік, қаржылық және өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

6) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлғаларды құру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға, венчурлік қорларға инвестицияларды жүзеге асырады;

7) ақпарат жинауды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асырады;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологиялар трансфертіне деген сұранысты дамытуға жәрдем көрсетеді;

9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын талдауды жүзеге асырады;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы елішілік құндылықты дамытуға жәрдем көрсетеді;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;

12) уәкілетті органға техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар береді;

13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық гранттар беруге сараптамалық қорытынды береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын ынталандыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы

«Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы:

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

3) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) «ақылды» қалалар салу жөніндегі әдістемені (Қазақстан Республикасы «ақылды» қалаларының эталондық стандартын) әзірлейді;

6) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) ақпараттандырудың сервистік моделін дамытуды ұйымдастырады;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті құруды және дамытуды ұйымдастырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін және «электрондық үкімет» архитектурасын құру мен дамытуға арналған техникалық тапсырманың сараптамасын жүргізеді;

11) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізуге қолдау көрсетіп отырады;

13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту, деректерді басқару, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезіндегі жобалық басқару кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді

16) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасын есепке алуды жүзеге асырады;

17) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) уәкілетті органға ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептемесіне сараптамалық қорытынды береді;

19) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын толық емес және өзекті емес мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграциялануына талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;

21) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

22) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23) деректерді, оның ішінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қалыптастыратын ашық деректерді талдауды жүргізеді.

 

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Оператор

1. Оператор:

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу арқылы қызметтер көрсетеді;

5) операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді;

8) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін дамыту және орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-2) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялауды және қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар;

11) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны не дербес деректерді өңдеу туралы «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне немесе олардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне қысқаша мәтіндік хабар түрінде ақпарат жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) деректерді басқару талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

19) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2. Оператор өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.

 

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды

13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі

1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің функцияларына мыналар жатады:

1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;

2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;

3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;

4) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;

6) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;

7) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;

8) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;

9) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қиылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру.

3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өз бюджеті бар, ол мыналардан қалыптасады:

1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);

3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне енгізетін алымдар мен төлемдер;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер.

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында айқындалған өз функцияларын орындауға арналған, осы баптың 12-тармағында айқындалған «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыру, инвестициялық қорлар құру немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысу, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркін дамыту жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма алуға құқылы.

5. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті пайдаланады.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тізбесіне өздері қосқан заңды тұлғалар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылады.

«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға қойылатын талаптар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларымен белгіленеді.

7. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып кіру визасын алады.

8. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыскерлері немесе «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасыларының мүшелері (жұбайы (зайыбы) және олардың жасы он сегізге толмаған балалары) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.

9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өтінішхаты бойынша ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.

10. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі мен оған қатысушыларда әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы және олар құжаттарды сақтауға міндетті, ал тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ол құжаттарды «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне немесе оған қатысушыларға ұсынуға міндетті.

11. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өзі және оған қатысушылар тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, мерзімділігі мен олардың ұсынылу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

12. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады және инвестициялық қорлар құрады немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды

13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті

Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті:

1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

3) ұлттық жасанды интеллект платформасының негізінде жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

4) ашық көздерден алынатын деректерді, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 13-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-3-бап. Деректерді өңдеу орталығы

1. Деректерді өңдеу орталығы жеке тұрған ғимаратта және (немесе) құрылысжайда немесе ғимараттың, құрылысжайдың арнайы жабдықталған бөлігінде орналасуға тиіс.

2. Деректерді өңдеу орталығының істен шығуға төзімді және іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылымы болуға тиіс.

3. Деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

4. Деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өте алады.

 

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 13-4-баппен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-4-бап. Бұлттық есептеулер

1. Бұлттық есептеулерді мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бұлттық есептеулерге басымдық беру саясатына сәйкес қолданады.

2. Бұлттық көрсетілетін қызметтерді берушілер бұлттық көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар өздерінің ресурстарында орналастырған деректердің және (немесе) өзге де ақпараттың мазмұнына жауапты болмайды.

3. Бұлттық көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар бұлттық көрсетілетін қызметтерді берушілердің ресурстарына деректерді және (немесе) өзге де ақпаратты орналастыру арқылы үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзған жағдайда берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды бұғаттау, тоқтата тұру және (немесе) жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

 

14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) - 5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының, платформалық бағдарламалық өнімдердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді;

8) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;

11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады;

13) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13-1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды

17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды

19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

21) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

22) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтардың өзгермеуіне талдау жүргізеді.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды

14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:

1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;

3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;

4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді;

5) ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.

 

15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы

Бірыңғай байланыс орталығы:

1) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

3) «электрондық үкімет» мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді;

5) операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады.

 

 

3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:

1) ақпараттандыру объектілерін жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге және оларға өзгеше түрде билік етуге;

2) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшірмесін түсіру және тарату кезінде оларға иелік ету шарттарын айқындауға;

5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін иелену және пайдалану шарттарын айқындауға құқылы.

2. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:

1) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға;

2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;

3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені тұтастай мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие болады.

4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және оларды таратуға тыйым салуға немесе шектеуге құқылы.

5. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесі осы ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі, сондай-ақ осы ақпараттық жүйе үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі болып табылмаған жағдайда, ақпараттық жүйені пайдалану және электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу тәртібі меншік иелері арасындағы келісімде айқындалады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыруға қажетті иесіздендірілген мәліметтерді операторға береді.

 

17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:

1) ақпараттандыру объектілерін меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге және пайдалануға;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын айқындауға;

3) ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға құқылы.

2. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:

1) ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

3) электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;

4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі сондай-ақ:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін үшінші тұлғалардан сатып алуға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері қосылған ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті.

Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.

3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігінің аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

1. Пайдаланушы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді алуға, пайдалануға, таратуға, тапсыруға, үшінші тұлғаларға беруге, ақпараттық жүйені пайдалануға;

2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысуға құқылы.

2. Пайдаланушы:

1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз етуге;

3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері

Зияткерлік роботтың меншік иесі мен иеленушісі арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.

Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.

 

18-2-бап. 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дәрежесі бойынша:

1) толық автоматтандырылған;

2) ішінара автоматтандырылған болып табылады.

Қызмет көрсету процесінде қағаз құжат айналымын және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын болғызбайтын қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады.

Қызмет көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылған қызмет болып табылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсетілу тәсілі бойынша:

1) ақпараттық;

2) интерактивтік;

3) транзакциялық;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) композиттік;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) проактивті болып табылады.

Пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет болып табылады.

Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе тараптардың өзара ақпарат алмасуды талап ететін келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.

Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін және төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнінде көрсетілетін қызмет транзакциялық көрсетілетін қызмет болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.

Берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет болып табылады.

Қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша қызметтерді алу субъектісінің өтінішінсіз көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.

3. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер өтеулілік сипаты бойынша:

1) өтеулі;

2) өтеусіз болып табылады.

Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлеуді көздейтін көрсетілетін қызмет өтеулі көрсетілетін қызмет болып табылады.

Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлемей көрсетілетін қызмет өтеусіз көрсетілетін қызмет болып табылады.

 

20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қызметтер көрсету субъектілері «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінен көрсетілетін қызметті алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мәліметтерді анық мәліметтер ретінде қабылдайды.

2. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша мынадай:

1) мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетілген кезде - банк шотының сұрау салуда көрсетілген тұлғаға тиесілігі және жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бар-жоғы туралы;

2) жеке және заңды тұлғалар электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынады.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану

1. Жай электрондық қолтаңба кодтарды, парольдерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы адамның қолтаңбасын растаудың электрондық-цифрлық түрі болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шетелдіктермен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалануға құқылы.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелерді және тізбесін уәкілетті орган бекітетін мәмілелерді қоспағанда, мынадай жағдайлар орындалған кезде:

1) мәміле тараптары арасында өзара мәмілелер жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалану туралы жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілсе;

2) мәміле тараптары жазбаша нысандағы өзара келісіммен жай электрондық қолтаңба арқылы өзара жасалған мәмілелердің түпнұсқалығы мен жарамдылығын таныса, мәмілелерге қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның жай электрондық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мәмілелердің қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен мәні бірдей болады.

Осы баптың талаптары пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

 

 

2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

 

 

4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»

 

 

21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі

1. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары:

1) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мәселелерін шешуде қоғамдық бақылауды және халықтың қатысуын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыру мен оны қолдап отыруды қамтамасыз ету;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру;

5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды және оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау) болып табылады.

2. «Электрондық үкімет» жұмыс істеген кезде:

1) мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуі;

2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа мемлекеттік органдардың қол жеткізуі;

3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру;

4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын пайдалану;

5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау және сақтау кезінде қайталануды болғызбау;

6) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі және қорғалуы қамтамасыз етіледі.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы

«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және дамыту «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріліп қамтамасыз етіледі.

 

23-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

24-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді, платформалық бағдарламалық өнімдерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің, платформалық бағдарламалық өнімдердің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дәрежесіне қарай:

1) толығымен автоматтандырылған;

2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.

Құрамына кіретін процестердің барлық операциялары «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы толығымен автоматтандырылған болып табылады.

Құрамына кіретін процестер операцияларының бір бөлігі «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы ішінара автоматтандырылған болып табылады.

 

26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік органның қызметін, мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жүзеге асырылады.

Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету арқылы платформалық бағдарламалық өнімді ұсынуға құқылы.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына меншік құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, платформаның көмегімен жасалатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне немесе иеленушілерге тиесілі деректерге меншік құқығын туындатпайды.

Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру, сондай-ақ деректерді талдау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған деректерді пайдалану деректердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын мемлекеттік функцияларды іске асырудан және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

3. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және олардың «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмыс істеуіне рұқсат ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

27-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттандыру объектісі болып табылады.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілуі мүмкін.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольді немесе биометриялық сәйкестендіруді пайдалана алады.

 

28-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі болып табылады.

2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі:

1) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектінің төлемдер жүргізуге арналған сұрау салуларын беруді;

2) электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектіні электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

3. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтер көрсету шеңберінде төлемдерді қабылдау және жүргізу процестеріне қатыса отырып, осы процестерге қатыстырылған өздерінің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей не банкаралық ақша аударымдары жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциясын қамтамасыз етеді.

 

29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы

1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы болып табылады.

2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілері жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ғана пайдалануға міндетті.

3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерді жалпыға ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілеріне және басқа да телекоммуникациялар желілеріне жалғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің ақпараттандыру объектілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады.

1-1. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ақпараттандыру объектілерін Интернетке қосу ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары - жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы функцияларының іске асырылуын ескере отырып, Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.

4. Мемлекеттік органның электрондық поштасының сыртқы электрондық поштамен электрондық өзара іс-қимылы электрондық хабарларды «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта жіберу арқылы жүзеге асырылады.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды

30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі

1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін ақпараттық жүйе болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген міндеттерді шешу үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесі алған мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді.

3. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің санаттары мыналар болып табылады:

1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бейнебақылау жүйелері;

2) террористік тұрғыдан осал объектілерді бейнебақылау жүйелері;

3) қоғамдық және жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен ішкі істер органдары Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдаланушылар болып табылады.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалануға құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзге де мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

5. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітеді.

 

31-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  1-тармақ өзгертілді

1. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді, платформалық бағдарламалық өнімдерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, «электрондық үкіметтің» архитектурасын жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі болып табылады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасын орналастыру.

Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық құжаттамасының тізбесі «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімді пайдалану үшін «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерге талдау жүргізеді.

4. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы мемлекеттік техникалық қызметтің «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына қол жеткізуін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды айқындау бөлігінде сыныптауышты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу үшін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

5. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы «электрондық үкiметтiң» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына орналастыру және оларды жаңартып отыру мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады.

 

 

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

 

32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншiк нысаны бойынша - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектеулі болып табылады.

2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады.

3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады.

4. Меншiк иесi немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қол жеткiзуге болатын және берілу нысаны мен таратылу тәсiлiне байланысты болмайтын мәлiметтер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда олардың меншiк иесi немесе иеленушісі қолжетімділігін шектеген мәлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын және құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлiнедi.

6. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік құпияларды құрамайтын мәліметтерді қамтитын, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не олардың меншік иесі немесе иеленушісі қол жетімділігін шектеген электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

 

33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі

1. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығының және өзге де мүліктік құқықтардың туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негiздерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленедi.

2. Заңды тұлғаның меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оның мүлкiнiң құрамына кіреді.

3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мемлекет болып табылады.

Мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар олардың құзыретiне сәйкес мемлекеттiк мүлiк құрамында есепке алынуға және қорғалуға жатады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бағдарламалық қамтылымға, ақпараттық жүйелерге және интернет-ресурстарға меншiк құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа меншiк иелері немесе иеленушілері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың көмегімен құрылатын және (немесе) оларда орналастырылған, басқа меншiк иелеріне немесе иеленушілеріне тиесiлi электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын туғызбайды.

Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғаға тиесілі ақпараттандыру объектілерінде құрылымдалған, машина оқи алатын форматта жасалатын және (немесе) орналастырылған өзіне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарды, егер бұл техникалық тұрғыда жүзеге асырылатындай болса, оларды өзге тұлғаға беру мақсатында алып қоюға құқығы бар.

5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртiбiмен немесе ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарды бiрлесiп пайдалану кезiнде өңделетiн электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесiне немесе иеленушісіне тиесiлi болады. Бұл жағдайда жасалатын туынды өнiмнiң тиесiлiгi және пайдаланылуы келісіммен реттеледi.

6. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен билiк етуге құқылы.

7. Жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызылған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен иеліктен шығарылуға жатады.

 

33-1-бап. 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтерді көрсету мақсатында қалыптастырылады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы.

4. Пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануы мен таратуы электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдар жүйелерінің не өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге сұрау салу және сұрау салуды өңдеу нәтижелерін алу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарға үшінші тұлғалардың қол жеткізуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісуімен жүзеге асырылады.

Көрсетілетін төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеке тұлғалар жеке жүгінген кезде (олардың көзінше) цифрлық құжаттар сервисі арқылы қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға ұсынылады.

 

35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік

1. Қолжетiмдiлiгi шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

Мемлекеттік органдар жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың қазақ және орыс тілдерінде құрылуын қамтамасыз етеді.

2. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы ресурстардың меншік иесі айқындайды, оның ішінде олар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында келісімдер жасасу арқылы айқындайды.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Деректерге талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескере отырып жүзеге асырылады. Деректер операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес беріледі.

3. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі болып табылмайтын осы жүйенің иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мен басқа да мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында жасалатын келісім негізінде осы ресурстарға қолжетімділікті ұсынады.

4. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік мынадай тәсілдердің бірімен:

1) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөніндегі сұрау салуды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне электрондық поштаны пайдалана отырып және сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген өзге де тәсілдермен беру арқылы;

2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тікелей өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады.

5. Мыналарды:

1) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді;

2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi;

3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi;

4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, архивтер мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктi шектеуге болмайды.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке және заңды тұлғаларға ашық деректердің интернет-порталы арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндетті.

Ашық деректер, ашық бюджеттер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталдарының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді оператор жүзеге асырады.

2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының масс-медиа саласындағы уәкілетті органға заңның бұзушылықтарын жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желілері арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.

 

36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға бөлінеді.

Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.

Қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға өздеріне қол жеткізуді дербес деректердің субъектісі немесе Қазақстан Республикасының заңдары шектеген электрондық ақпараттық ресурстар жатады.

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кезінде көпфакторлы аутентификациялау қолданылады.

2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне беру кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге келісімі дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы беріледі.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін немесе олардың заңды өкілдерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы автоматты режимде дербес деректер субъектілері немесе олардың заңды өкілдері «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті.

5. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері және дәлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді және толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда

5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.

Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.

Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Электрондық ақпараттық ресурстар деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайдағы немесе деректерді өңдеу орталығындағы электрондық базада жүзеге асырады.

 

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ

 

37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады.

2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне теңестіріледі.

4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

6. Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер:

1) құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өзге де қорғау құралдарын қолдана отырып қорғалуы жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер;

2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерді құру, өнеркәсіптік пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату және қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер аудиті жүргізілмейді.

 

38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

1. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) «электрондық үкімет» архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;

3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) «электрондық үкіметтің» басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда);

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;

6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;

7) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді;

9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың:

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.

3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту

1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.

3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:

1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;

2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:

тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;

оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;

тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.

Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;

3) осы Заңға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;

4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ендіруді;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.

5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен  39-1-баппен толықтырылды

39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі

Арнаулы мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға арналған ақпараттық жүйе мынадай тәртіппен құрылады немесе дамытылады:

1) ақпараттық жүйені құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;

2) ақпараттық жүйені құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырма әзірлеу;

3) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыруға арналған техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;

4) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес ақпараттық жүйені әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру.

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту жағдайларында осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Заңның 39-бабында көзделген нормалар қолданылады.

Арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту шығындары арнайы сарапшылық кеңес қорытындысының негізінде жоспарлайды (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі дербес).

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 40-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосу «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда, техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосуды оның меншік иесі немесе иеленушісі «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес оған мемлекеттік техникалық қызмет берген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуы;

2) электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуы, қорғалуы, олардың іркіліс болған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі;

3) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отырылуын бақылау;

4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне жасалған өтініштер туралы мәліметтердің автоматтандырылған есебін алу, сақталуы және мезгіл-мезгіл архивтелуі;

5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымына техникалық қолдау жасау;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

8) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттардың пайдаланылуын, сондай-ақ оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау);

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын өнім берушінің «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне кепілдікті қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі. Кепілдікті қызмет көрсету «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етіледі.

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 41-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі интеграцияланған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін, сондай-ақ операторды және мемлекеттік техникалық қызметті пайдаланудың тоқтатылу тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып, меншік иесі немесе иеленуші қабылдайды.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Есептен шығарылатын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің электрондық ақпараттық ресурстары, техникалық құжаттамасы және бастапқы кодтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивке тапсырылуға жатады.

4. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды

41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару «электрондық үкімет» архитектурасы негізінде меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді есептен шығаруды мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иесі жүзеге асырады.

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі немесе иеленушiсі, сондай-ақ оператор «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде қамтылатын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды және қажет болған кезде оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың жоғалғаны, түрленгені немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде белгiленген тәртiппен жауапты болады.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмесiн дайындауды қамтамасыз ету «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушiсі немесе оператор үшiн мiндеттi болып табылады.

Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтiк көшiрменi дайындау және сақтау тәсiлi келесi резервтiк көшiрменi дайындағанға дейiн электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 43-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қорғау бейінімен айқындалатын және ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес және ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады.

2. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар

1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, техникалық құжаттамасы және басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.

3. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетіндей етіп интеграциялау дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.

 

 

7-тарау. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЫНАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру

Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыруды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес олардың меншiк иесi немесе иеленушiсі жүзеге асырады.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар

1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар міндетті түрде немесе меншік иесінің немесе иеленушінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне:

1) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

1) платформалық бағдарламалық өнім;

2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы;

3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы;

4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесі;

5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері;

6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады.

3. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өтуі талап етілмейді.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Ақпараттандыру объектілерінің (мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерін қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтарды осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Ақпараттандыру объектілерінің сапасын бағалау мақсатында оларды сынау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

50-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті

1. Ақпараттық жүйелерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердің аудиті жүргізілуі мүмкін.

2. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізуді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

51-бап. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

52-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау

Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ

 

53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары

1. Ақпараттандыру объектілерін қорғау ақпараттандыру объектілерінің сақталуына, оларға құқыққа сыйымсыз түрде және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.

2. Ақпараттандыру объектілерін қорғау:

1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету;

2) қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету;

3) ақпараттандыру субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын iске асыру;

4) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты оларға санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуге, ақпараттың таралып кетуіне және өзге де әрекеттерге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған ықпал етуге жол бермеу;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа және телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуге жол бермеу;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған бұғаттауға жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ақпараттандыру объектілеріне қатысты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған өзге де әрекеттер:

1) электрондық ақпараттық ресурстарды және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау, яғни электрондық ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін әрекеттер жасау;

2) ақпараттандыру объектілерін санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған түрлендiру;

3) электрондық ақпараттық ресурсты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған көшiру;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған жою, жоғалтып алу;

5) құқық иеленушінiң рұқсатынсыз бағдарламалық қамтылымды пайдалану;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) ақпараттық жүйелердiң және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жұмысын бұзу не телекоммуникациялар желiлерінiң жұмыс iстеуiн бұзу;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа және телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізу;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған бұғаттау болып табылады.

4. Ақпараттық жүйелерді қорғау сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады.

 

54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру

1. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды:

1) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - олардың меншік иелері, иеленушілері және пайдаланушылары;

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты - олардың меншік иелері немесе иеленушілері жүзеге асырады.

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:

1) санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбауды;

2) егер мұндай санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;

3) қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарларын барынша азайтуды;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеуді;

5) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан түрлендірілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіруді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына дереу хабарлауды;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимылды;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу үшін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қолжетімділікті беруді қамтамасыз ететін шаралар қолдануға міндетті.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:

1) Интернетке қолжетімділігі жоқ ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына ақпараттандыру объектілерінің қосылуын;

2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл жасау бағдарламасында тіркелген анықталған осалдықтардың жойылуын;

3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының немесе ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметіне қосылуды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.

3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер меншік иелерінің және иеленушілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иелерінің және иеленушілерінің қолдануы үшін міндетті.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен тауар және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет түрінде бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу жүзеге асырылады.

Бұл ретте, сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін:

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;

ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды

3-3. Мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне енген күннен бастап бір жыл ішінде:

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;

ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

4. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

55-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың құқықтық шараларына:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттар;

2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

3) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншiк иесiмен немесе иеленушiсiмен жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер жатады.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына ақпаратқа, электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге (ақпараттың электрондық жеткізгіштеріне) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеу жатады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына:

1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, дайындалған және (немесе) пайдалануға қабылданған, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің немесе иеленушілерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу жатады.

4. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне және мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін төндірмеуге тиіс.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 56-бап өзгертілді

56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

Дербес деректерді қамтитын ақпараттық жүйелердің меншік иелері және иеленушілері, дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі және (немесе) операторы, сондай-ақ үшінші тұлғалар осы Заңға, жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес оларды қорғау бойынша шараларды қолдануға міндетті.

Бұл міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған немесе дербес деректер жиналған кезден бастап және олар жойылғанға не иесіздендірілгенге дейін туындайды.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды

56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды қорғау

1. KZ және (немесе).ҚАЗ домендік аттармен тіркелген интернет-ресурс Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде орналастырылады.

2. Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 

 

3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-тарау. ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУ

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік орган ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу үшін уәкілетті органға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

Инвестициялық ұсыныстарға, қаржылық-экономикалық негіздемелерге ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныс «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма қоса беріліп, қорытындыға енгізіледі.

Шығыстардың есеп-қисабының негіздемесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан бағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады және ақпараттандыру саласындағы қорытындыда көрсетіледі.

3. Инвестициялық ұсынысты уәкілетті орган және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

4. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қорытындылар толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

 

58-бап. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді уәкілетті орган және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.

2. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

 

60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі уәкілетті органның қарауына жыл сайын 1 наурызға дейін енгізеді.

2. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.

3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын қараудан бас тарту:

1) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарының нысаны мен мазмұны осы Заңның және Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

2) құжаттар уәкілетті орган бекіткен белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

 

 

11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ

 

61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты және басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік базасында дамыту;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыстар алу кезіндегі отандық заңды тұлғалардың басымдығы;

3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін және техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының құрылымын дамыту;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығында адал бәсекелестікті қолдау.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөніндегі шаралар мыналар:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру;

2) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыру;

4) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды венчурлық және өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау;

6) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен құру болып табылады.

 

62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету

1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау және қайта даярлау үшін жағдайлар жасайды.

2. Ұйымдар, ұлттық компаниялар, олардың үлестес тұлғалары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік, техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін практика базасы ретінде әрекет етеді.

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын ғылыми қамтамасыз ету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

 

 

12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

63-бап. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру субъектілері халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге кіруге, халықаралық және шетелдік жобалар мен бағдарламаларға қатысуға құқылы.

Мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

3. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық:

1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылдың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға көмек көрсету;

3) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды қамтамасыз ету бойынша шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ кадрлық даму және ғылыми ынтымақтастық;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына шетелдік заңды тұлғалармен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұдайы негізде мониторинг және болжау жүргізу;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қол сұғатын және мемлекеттік қызметтің саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге салаларын бұзатын әрекеттерге тыйым белгілеу;

6) Қазақстан Республикасында және шетелде семинарлар, конференциялар және тренингтер өткізу;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіру тұрғысынан пайдалануға өзара түсіністік негізінде тыйым белгілеу;

8) ақпараттандыру саласындағы жобаларды шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қоғамдық ұйымдармен және қорлармен бірлесіп қаржыландыру және іске асыру нысанында жүзеге асырылады.

4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, институттық қамтамасыз ету және тәжірибе мен білім алмасу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.

 

 

13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-бап жаңа редакцияда

64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау осы Заңның 64-2-бабына сəйкес жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тəртібі

1. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, талдаудың жəне ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтердің негізінде жүзеге асырады.

2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру жəне бақылау субъектісіне əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.

5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту жəне алу фактісін растайтын өзге тəсілмен табыс етілуге тиіс.

6. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;

2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

3) электрондық тəсілмен - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.

10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 64-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі

1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді.

Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.

Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:

1) алдыңғы тексерулердің нəтижелеріне;

2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелеріне;

3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелеріне;

4) мемлекеттік техникалық қызмет мəліметтеріне сəйкес жүзеге асырылады.

2. Мерзімдік тексерулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен жүргізіледі.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.

Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:

1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;

4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;

5) тексеру жүргізу мерзімдері;

6) тексерудің нысанасы;

7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.

Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тағайындайтын тексеру:

1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;

2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген;

3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;

4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;

5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;

6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда жоспардан тыс тексеру болып табылады.

4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:

1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;

2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;

3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:

1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.

6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:

1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган лауазымды адамдарының аумаққа жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына ол аяқталған күні белгі жасауға міндетті.

7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің күні мен нөмірі;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;

5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;

6) тексерудің нысанасы;

7) тексеру түрі;

8) тексеру жүргізу мерзімі;

9) тексеру жүргізу негіздері;

10) тексерілетін кезең;

11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;

12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;

13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы көрсетіледі.

Тексеру жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.

Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:

1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;

3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.

9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.

Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.

Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.

10. Тексеру нəтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.

Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда анықталған бұзушылықтармен танысу жəне оларды жою жөнінде шаралар мен басқа да əрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органда қалады.

11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;

4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;

6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;

7) тексерудің нысанасы;

8) тексеру түрі;

9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;

10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;

11) орындалу мерзімі көрсетілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;

12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;

13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.

Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.

12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.

Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.

Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

13. Тексеру нəтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

14. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:

1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;

2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.

16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігі) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

 

65-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен ақпараттық жүйелері бар және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар және аттестаттау жүргізеді.

2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардан және аттестаттаудан өтеді.

3. 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 24-і.

№ 418-V